Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 11

Total number of words is 4150
Total number of unique words is 2203
32.4 of words are in the 2000 most common words
45.5 of words are in the 5000 most common words
52.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сұрапыл соғыс менің де өмірді өлімге қию жөніндегі обадай тəбетімді
тойтарып тастаған еді. Тарс етіп атылған мылтық даусы енді менің
кеудемнен есалаң долы қуанышты ақтармайтын болғалы не заман!
Биыл көктем шығысымен біздің баққа екі үй қояны үйір болып
алды. Бəрінен де оларға менің Мэриімнің қызыл қалампыр гүлі аса
ұнаған болса керек, соның сойдиған сабағын ғана қалдырып,
жапырағын түгел сыпырып жеп қойды.
— Сен соларды құртпасаң болмас, — деді Мэри. Баттасқан майы əлі
кетпеген өзімнің ұсақ колибрлі мылтығымды, қашаннан бері жатқан
бесінші санды бытырамен оқталған патрондарымды тауып алдым да,
кешке қарай үйдің сыртқы есігінің алдындағы басқышта күтіп отырып,
қояндар əдеттегіше жайылуға келген сəтте екеуін бір оқпен атып
алдым. Сосын олардың түбітті мүрдесін кəдімгі кəрі сиреньнің түбіне
апарып көмдім, соларды аяғаннан болар, ішімнің қатты ашығанын
сездім.
Шамасы, мен кəдімгі кінəсіз қантөгістен қарайып қалған болсам
керек. Адамның бойы бəріне де үйренеді. Адам өлтіруге де, мүрдені
бальзамдау кəсібіне де, астыртын арамзалық істер шеберлігіне де
үйренесің — дар ағаш та, айтулы атауыз қышқаш та сенің əдеттегі
құрал-сайманына айналады.
Балалар ұйқыға жатқан соң мен:
— Шамалы қыдырып, бой жазып келейін, - дедім. Бұдан екі-үш күн
бұрын болса, Мэри:
— Қайда, неге? — деп қазбалап сұраған болар еді, қазір енді:
— Кеш ораласың ба? — дей салды.
— Жоқ, кеш оралмаймын.
— Мен сені күтпеймін, ұйқым келіп тұр, — деді ол. Өзі қалаған
беймəлім жолға түскен менің Мэриім, сірə, бұл сапар əлгі жолмен
менен озып кеткен тəрізді. Мен болсам, жаңағы үй қояндарын ойлап
əлі көңілім қобалжып, жаным жапа шегуде. Мүмкін, əдетте бірдеңені
жойып жіберген адамның кейін өзі бірдеңе жасап, сол арқылы өзінің
ішкі жан дүниесінің байырғы мажырасын күйін, тепе-тендік күйін
қалпына келтіруге талпынуы, бəлкім, табиғи да болар. Əлде мені
итермелеген осы болар ма?
Дэнни Тейлор тұрған сасық күркені мен тастай қараңғыда сипалап
жүріп əзер таптым. Оның төсегінің жанындағы табақшада бықсып
білте шам жанып түр. Дэнни əбден жүдеп, қу сүйегі қалыпты — бетаузы омсырайып балқыған қорғасындай бір түрлі күлгін-көгіс тартып
кетіпті, сауыс-сауыс көне көрпе астында талайдан бері жуынбақ түгіл
жүзіне су тимеген адам жатқан ыбырсыған лас бөлменің қолқа қабар,
қоңырсыған сасық иісінен менің жүрегім айнып, құсуға аз-ақ қалдым.
Оның бақырайып ашық жатқан көзі көмескіленіп, күңгірт тартқан Мен
есеңгіреп жатқан адамның есалаң сандырағын естірмін деп күткен
едім.. Оның мен білетін бұрынғы Дэнни Тейлордай əрбір сөзін қадапқадап анықтап айтқан даусы құлағыма келгенде, шынымен-ақ мен
шошып кеттім.
— Ит, сен неге келдің?
— Саған көмектескім келеді.
— Мұның бекершілік екенін, сен не, білмейсің бе?
— Сен қатты ауырып қалыпсың ғой.
— Оны мен өзім білмейді дейсің бе? Білгенде қандай, бəріңнен де
артық білемін. — Ол төсектің іргесіне қолын созып, одан үштен екіге
жуығы босаған "Қарт орманшы" ішімдігінің шөлмегін суырып алды.
— Ішесің бе? — деді.
— Жоқ, Дэнни, мынауың қымбат виски ғой.
— Менің достарым бар.
— Мұны саған берген кім?
— Онда сенің шаруаң болмасын, Ит, — шөлмектің аузынан ұрттады
да, ол қиналса да, қолқасына кептелген кекірікті сыртқа шығармай
тежеп қалды. Жүзіне лезде қан жүгіре бастады. Ол масаттана күлді. —
Досым маңызды іс жөнінде əңгіме қозғай беріп еді, бірақ мен оны сазға
отырғыздым. Ол сөзін бастай бергенде мен сылқ етіп сілейдім де
қалдым. Маған бірер жұтымның жетіп жатқанынан ол бейхабар болса
керек. Ит, сен де бір шаруаға байланысты əңгімелесуге келіп пе едің?
Онда тезірек есім танғанша ішіп алайын.
— Дэнни, сен мені жақсы көресің бе? Маған сенесің бе? Тіпті, зəредей
болса да мені жақсы көресің бе?
— Əрине, жақсы көремін, бірақ егер алғаусыз адал шынымды айтар
болсам, мен маскүнеммін, ал маскүнемдер бүл жалғанда бəрінен де
вискиді жақсы көреді.
— Егер мен ақша тапсам, сен емделер ме едің?
Бəрінен де менің үрейімді ұшырғаны оның лезде есін жиып, еңсесін
көтеріп, өзің бұрынғыдай еркін ұстай қалғаны.
— Итен, менің иə деуіме де болар еді. Бірақ сен олардың,
маскүнемдердің, қандай халық екенін білмейсің. Мен ақшаны алам да
ішіп қоямын ғой.
— Ал егер мен оны тікелей емханаға төлесем ше?
— Саған айтылды ғой. Мен ізгі ниет, ыстық ықыласпен-ақ баруын
барамын, бірақ бірер күннен соң одан қашып кетемін. Маскүнемнің
сөзінде пəтуа болмайды, Ит. Қанша айтса да сен соны түсінбейсің! Мен
келісем, көнем, қажетінің бəрін істеймін, бірақ кейін бəрібір қашып
кетемін.
— Дэнни, сенің шынымен осы пəледен құтылғың келмей ме?
— Иə, сірə, құтылғым келмейтін болар. Менің көңілімнің не
қалайтынын, əрине, сен өзің де білесің, — ол шөлмекті қайта аузына
апарды, ішкілік зардабының қас қағымда тарағаны мені қайта қайран
қалдырды. Ол лезде бəз-баяғы Дэнни қалпына қайта түсіп қойған жоқ,
оның түйсінуі ғана емес, бүкіл сана-сезімі мейлінше ширығып,
саралана түскені соншалық, тіпті менің айтылмаған ойымды оқып
отырғандай болды. — Əуре болмай-ақ қой, — деді ол. — Енді онша
ұзаққа бара қоймас. Ішімдік бастапқыда сергітеді де, соңынан сілеңді
қатырып, мəңгіртеді. Сен екінші кезеңін көрмей тұрып, кететін
боларсың деп ойлаймын. Қазір мен соның бəрінің дəл солай боларына
онша сене де бермеймін. Оқталып от алуға əзір тұрғанда, əрине, сен
сене де қоймайсың, — сол сəтте оның балауыз шамның жарығы
шалып, жылтыраған жасқа толы жанары менің өңменімнен өтіп, оқтай
қадалды. — Итен, — деді ол — сен мен үшін емханаға төлеуді айтасың,
сенің ондай ақшаң жоқ қой, Итен.
— Табамын, Мэри ағасынан қалған мұра алды.
— Сол ақшаны сен маған бермексің бе?
— Иə.
— Тіпті мен маскүнемдерге сенбе деп айтсам да ма? Тіпті, егер мен
ақшаны алуға келісемін де, артынан жүрегіңді жаралап, жаныңды отқа
саламын деп сені алдын ала ескертсем де ме?
— Дэнни, сен онсыз да менің жан жүрегімді жаралап, жай тапқызбай
жүрсің. Сен менің түсіме кірдің. Біз екеуміз бұрынғыдай сендердің
мекенжайларында жүр екенбіз. Есінде ме?
Ол шөлмекті тағы қолына алды да, іле қайта төмен түсіріп, былай
дейді:
— Жоқ, жоқ, тұра тұр — кейін. Итен, сенбе, маскүнемге əсте сенбе.
Ол.. жоқ өліктей болып үрейді ұшырған кездің өзінде де менің
айлалыға алдырмас мыстан ақыл-ойым сыбысын сездірмей ақырын
айласын жалғастыра береді жəне соның бəрін саған қарсы жүргізеді.
Нақ қазір, дəл осы мезетте мен бір кезде сенің досың болған жанмын.
Қалжырап қалдым деп мен саған өтірік айттым. Қалжырап қалғаным
рас, бірақ қалжырап қалсам да, шөлмек жөніндегінің бəрі жадымда.
— Мен сенің сөзіңді бөлейін, тұра тұр, — дедім, — əйтпесе сенің
менен күдіктенетін түрің бар. Бұл шөлмекті саған кім əкеп берді?
Бейкер ме?
— Иə.
— Сені бірдеңеге қол қойсын деген ғой?
— Иə, бірақ сол сəтте мен есім кетіп есеңгіреп қалдым, — мырс етті
де, шөлмекті қайта аузына апарды, балауыз шамның жарығы шалғанда
шөлмек мойнына іркіле қалған тарыдай тамшыны көрді. Ол əлденені
ынтыға күткендей əлгі сол тамшыны тамсана жұтты.
— Дэнни, мен сенімен сол жөнінде сөйлескім келіп еді. Оған не
керек болған екен -сендердің шалғындарың ба?
— Иə.
— Сен неғып оны осы уақытқа дейін сатпай жүрсің?
— Мен саған айттым ғой деймін. Əрине, менің мына мінезқұлқымды, жүріс-тұрысымды джентльмендік деуге болмаса да, ол
менің қолымда, менің меншігім болып тұрғанда мен əлі де
джентльменмін.
— Дэнни, сатпа оны! Одан айрылып қалма!
— Ал одан саған келіп-кетері не? Неге сатпасқа?
— Мəртебең биік болуы үшін!
— Менде бұрынғы мəртебе қайда, одан қалғаны тек баяғы өзімшіл
өркөкіректік қана.
— Жоқ, бар əлі. Менен ақша сұрағанда, сенің қысылыпқымсынғаның айтпай аңғарылып тұрады. Бұл ар-ұяттың айғағы емей
немене?
— Жоқ-ə. Бұл менің қулығым ғой. Саған айтылды емес пе —
маскүнемдер керемет сұрқия келеді. Сен өзің қымсынған соң, мені де
ақша сұраудан қысылып тұр деп ойлағансың ғой. Мен əсте ұялған да
қызарған емеспін. Турасын айтсам, менің тек ішкім ғана келді.
— Дэнни, сен оны сатпа, ол деген — аса құнды жер. Бейкер бəрін
біледі. Əйтпесе ол саудаласпаған да болар еді.
— Сонда оның құндылығы неде?
— Қала маңында əуежай — аэродром салуға болатын қолайлы
бірден-бір жазық аймақ сол ғана.
— Түсінікті.
— Дэнни, егер сен шамалы шыдасаң, жаңа өмірді саған содан
бастауға болады. Олардың арбауына түсіп қалма. Емделіп, айығып
шығасың, алдыңнан ұйыған өз ұяң қарсы алады.
—Ұясыз жұмыртқа. Бəлкім, жасыл шалғынды сатып, ақшасын ішкен
жөн болар, сонда... "Дүлей дауыл бұрқанып, бұтақтар тұрды шайқалып,
сары ауыз шымшық балапан, көк шөпте жатты шырмалып..." деуге
болар, — барлыққан даусын көтеріп əндеткен болды да, ол өзі күліп
жіберді. — Итен, біздің шалғын саған да қажет болып тұр ма? Сен
мұнда сол үшін келіп пе едің?
— Мен сенің сауыққаныңды қалаймын.
— Мен былай да саумын.
— Дэнни, менің айтқанымды тыңдашы. Қайдағы бір қаңғыған
қайыршының ойына келгенін істеуіне болады. Алайда сен жалаңаяқ та,
сорлы да емессің ғой, өйткені сенің қолыңда біздің кенттің бір топ
алысты болжайтын азаматтары ырқынан тыс ықыласы кетіп, ынтық
болып отырған аса қажет əрі құнды бір нəрсе бар.
— Тейлорлардың мекенжайы. Жоқ, мен олардың арбауына
алдырмаймын. Мен де көргенмін, — ол шөлмекке ерекше емірене
қарады.
— Дэнни!.. Аэропорт - əуежай салуға бірден бір қолайлы жер сол деп
айттым ғой саған! Олар үшін бұл — басты тұтқа, негізгі тірек. Онсыз
бəрі құрдым, бəрі қараң. Не сол араға салу керек, не төбелерді қопару
керек, ал бұл дегенің қисапсыз қымбатқа түседі.
— Демек, олар менің ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда
болды ғой, ендеше, оларды əлі де сарсаңға салып, сандалтайын əбден,
бəлем.
— Дэнни, сен ұмытпа! Меншігі, мал-мүлкі бар адам — асыл шөлмек.
Сені қажетті күтімге алып бақылап отыратын қолайлы бір мекемеге
орналастырса, бəрінен дұрысы да, адамгершілікке лайығы да сол
болар еді деген əңгімені мен өз құлағыммен естідім.
— Олай жасауға батылдары бармайды.
— Барады. Оны айтасың, мұны мейірімділік деп көкиді. Мұндай
жағдай қалай жасалатынын сен өзің де білесің ғой. Өзің білетін кəдімгі
қазы сенің құқықтық қабілетіңнен айрылғаның жөнінде шешім
қабылдап, үкім шығарады. Сосын саған қамқоршы тағайындайды, ал
оның кім болатынын мен айтпаса да білетін сияқтымын. Мұның бəрі
онша арзанға түсе қоймайды, міне, шығынды өтеу үшін, əрине, сенің
меншікті шалғын жерің сатылады, ал енді оны кімнің сатып алатынын,
кəне, сен өзің ойлап тапшы.
Дэннидің көзі жалт-жұлт етіп, мені аузын ашып, аңырып тыңдап
қалды. Сосын теріс айналды.
— Итен, сен мені қорқытып, зəремді алмақсың ғой, бірақ мұның
бейсауат айтылған əңгіме болды. Келсең, сен таң азанмен мен тұяқ
серіппей сілейіп жатқанда, айнала жер-жиһанның бəрі запыран
құсықтай жасыл түспен малынып жатқанда кел. Ал қазір қолымдағы
мынау қажыр-қайратымды үш есе арттырып жіберді, — ол қолындағы
шөлмекті көтеріп алып, бейнебір семсердей ерсілі-қарсылы сілтей
бастады, көзі шелдей сығырайып, жанары балауыз шамның жарығы
шалып, жылт-жылт етті. — Ит, мен саған айтпадым ба? Меніңше,
айттым ғой деймін. Маскүнемнің ақыл-ойы айрықша алабөтен
жаралған - залым да зұлым болып жаралған.
— Əйтсе де соның бəрі қалай болатынын мен саған алдын ала
ескерттім.
— Оның рас. Мен сенің айтқаныңа қосыламын. Айтқаныңның бəрі
иланарлықтай уəжді болып шықты. Бірақ сен қорқытудың, үркітудің
орнына, қайта осы менің бойымда бұйығы бұғып жатқан бəлекет
ібілісті оятып алдың-ау деп күдіктенем. Кімде-кім маскүнем —
дəрменсіз мақұлық деп ойласа, сол барып тұрған дөкір, кеще. Маскүнем
ерекше жаралған мақұлық, оның мүмкіндіктері де өзгелерден мүлдем
ерекше. Мен өзімді-өзім қорғай аламын, нақ қазірдің өзінде біреумен
айқасуға алақаным қышып-ақ жатыр.
— Жарайсың! Менің талайдан бері сенен осыны естігім келіп жүр
еді.
Ол шөлмекті маған қарай бұрды да, оның мойын жағына қарауылы
бардай мылтықша кезеніп, көздеді.
— Мэридің ақшасын маған қарызға бересің бе?
— Берем.
— Кепілдіксіз-ақ бересің бе?
— Иə.
— Оны қайтып алуың мыңның біріндей екіталай екенін біле тұрсаң
да бересің бе?
— Иə.
— Маскүнем залымдықтың қандайынан болса да қаймықпайды, Ит.
Мен саған сенбеймін, — ол өзінің кезерген ернін жалап қойды, — сонда
ақшаны менің қолыма бересің бе?
— Қашан əмір етсең, əзір болады.
— Беруге болмайды деп мен саған айттым ғой.
— Ал мен берем.
Бұл сапар ол басын шалқайтқанда, шөлмектің түбінен көлемді
көпіршік көрінді. Шөлмекті аузынан айырғанда жанары бұрынғыдан
бетер жалт-жұлт етіп, ұшқындап тұрды, бірақ ол жемтігін арбаған
жыланның көзіндей сұсты да суық еді.
— Осы аптаның ішінде əкелесің бе?
— Иə, əкелемін.
— Сəрсенбіде.
— Жарайды.
— Ал қазір қалтаңнан екі доллар табыла ма?
Менің қалтамда барының өзі де сол — бір доллар қағаз ақша мен
елу, екі жиырма бес центтік, екі он центтік, бес жəне үш меннилік ұсақ
ақша болатын. Мен соның бəрін оның созған алақанына аудара
салдым.
Ол вискиді тамшысын қалдырмай тауысып ішті де, бос шөлмекті
еденге лақтырып жіберді.
— Мен сені бұрында ақылдылар санатына қоспаушы едім, Ит.
Емдеудің тек бастапқы кезеңінің өзіне ғана бір мың доллардай қажет
екенін сен білесің бе?
— Мейлі, бола берсін!
— Қызық ойын болды. Əйтсе де бүл шахмат емес, Ит, покер — карта
ойыны ғой. Бір уақта мен картаны тəп-тəуір ойнаушы едім-ау, тіпті
əйгілі құмарпаз деуге де болар. Сен менің шалғынымды қарыздың
өтеуіне кепілдікке қояды дегенге бəс тігесің ғой. Ал сенің екінші
жүрісте бəске тігерің — шамамен мың доллардай, міне, соған түскен
мөлшердегі виски мені өмірем қаптырып, əуежай аспаннан түскендей
сенің қолыңа көшеді.
— Соны айтуға қалай аузың барады, Дэнни, ұялмайсың ба?
— Ал мен ұялатын мұнда түкте жоқ. Мен саған ескерттім емес пе?
— Менің саған деген ізгі ниетіме сен шынымен сенбейсің бе?
— Жоқ. Бірақ мен... мен бəрін сенің қалауыңдай етіп істеуіме болады.
Ит, менің бала кезім есінде бар шығар. Ал мен сені ұмыта алам ба?
Қазылық қасиет сенің бойыңда бала күнінде байқалатын. Жарайды,
енді. Менің аңқам кеуіп қалды. Шөлмек сарқылды. Кетем. Сонымен,
мың доллар.
— Жақсы.
— Сəрсенбіде, нақтылай күйде.
— Əкелем.
— Ешқандай міндеттеме де, ешқандай тілхат та — ештеңе де
болмайды. Ит, мені бұрынғыдай екен деп ойлап, əлек болма. Өйткені
менің мына құрбым бақалшағыма дейін шағып, күйретіп, іске алар
түгімді қалдырған жоқ. Енді намыста, ар-ұятта түкте жоқ. Сенің
аңғалдығыңа адал көңіліммен рақаттана бір күлермін, одан басқа
дəнеңе жоқ, дəметпей-ақ қой.
— Менің сенен өтінерім, тастап, байқап көрші!
— Ит, оған уəде беруіме болады. Бірақ сол маскүнемнің уəдесі неге
тұратынын сен өзің де түсінген шығарсың. Алып кел ақшаны, əкел
қалам десең, осында қалағаныңша қалуыңа да болады. Менің үйім —
сенің үйің. Ал мен кеттім. Сонымен, сəрсенбіге дейін ғой, Ит. — Ол
төсегінен тұрып, көрпесін қабырға жаққа, еденге ысырып тастай салды
да, теңселе басып күркесінен тысқа шықты. Шалбарының шынжыр
ілгектері қаусырылмай қала берді.
Балқыған балауыз шам ерітіндісінің табақшаға қалай ұйып тоңазып
жатқанынан көз алмай оңаша аялдаған күйі мен бір сəт отырып
қалдым. Оның айтқанының жаны бар — мен бəске тіккен бір нəрседен
басқасының бəрі дұрыс. Ол соншалықты өзгеріп кеткен жоқ қой! Сол
қираған сынықтардың арасында бір жерде Дэнни де болуға тиіс. Мен
сол Дэнни Тейлорды мынау өзінен етек кесті аластайды деген өресіз
ойды əсте мойындағым келмейді. Менің оны жақсы көретінім күмəнсіз,
иə, мен оның айтқанын екі етпей орындауға əзірмін. Оған бұрыннан-ақ
əзір едім. Алыстан менің құлағыма оның жанұшыра шыңғырған ащы да
асқақ даусы естілді:
Жүйткі кеме — самғаған ақ шағала,
Желкенді жай, толқынды тіл — арала.
Ханзаданың көңілі астан-кестен,
Туған жері, аруы қарсы ала ма?!
Осылай өзіммен-өзім бейжай біраз оңаша отырған соң, балауыз
шырақты өшірдім де үйге қайттым. Бас көшедегі өзінің полиция
машинасында Вилли əлі ұйықтамай, бəз қалпы ояу отыр екен.
— Ит, сіз осы қыдырымпаз болып кеттіңіз ғой, — деді ол.
— Кейде өзі солай болады ғой!
— Əлбетте! Көктем! Жас жүректі жай таптырмас.
Мэри де сол миығынан күлгендей жымиған күйі əлі ұйықтап жатыр
екен, бірақ мен ақырын келіп, жаймен жанына жантая бергенімде
оянған сыңай танытып сəл қимылдады. Тұла бойымды ақпанғы аяздай
қарып, бүкіл ішкі сарайымды сірескен сеңдей құрсаған, жан дүниемді
əлі де сүліктей сорған қаңтардай қатыгез жабырқау жадау жанымды
жай тапқызбады. Мэри қырындап жатты да, жас шөптің жасаң иісі
аңқыған бүкіл денесімен мені құшағына алып, құшырлана қысты да,
енді мен оны қажетсінгендей сезіндім. Жанды жабырқатқан жадау
көңіл енді кем-кемдеп көншитінін мен білдім, бірақ тап осы сəтте Мэри
маған аса зəру еді, мен ынтығым үзілген іңкəр едім. Ол əбден ұйқыдан
оянды ма, əлде жоқ па, оны мен білмеймін, бірақ менің оған деген
зарығуым мен құштарлығымды мейлі ұйқылы-ояу жатса да, оның
ұққанына зəредей күмəн келтіруге болмас еді.
Содан соң оның ұйқысы ашылып кетті де ол:
— Сенің қарның да ашқан шығар, — деді.
— Иə, айдай сұлу Елена.
— Саған не берейін?
— Пияз қосылған сэндвич, жоқ, екеу! Қара нан жəне пиязбен.
— Онда маған да сол керек, əйтпесе қақалып қалармын.
— Əлдебір өз тəбетің тілеп тұрмағандай?
— Тілегенде қандай, тілеп-ақ тұр!
Ол төменге түсіп, біраздан кейін сэндвичтерді, бір құты сүт пен екі
стакан алып келді.
Пияз аюдай ақырған ащы екен.
— Мэри сұлу, — деп сөз бастадым мен.
— Алдымен аузыңдағыны шайнап болып алсаңшы.
— Сен анада осы менің не істеп жүргенімді білгім келмейді деп шын
айттың ба?
— Иə-ə.
— Ендеше, былай. Мен бір істі қолға алуға ұйғардым. Маған мың
доллар керек.
— Əлгі Бейкер мырзаның айтқан ақыл-кеңесі бойынша ма?
— Иə, солай деп айтуға да болар. Бірақ онда менің өз үлесім, өз
ойымда бар.
— Жарайды, онда чек жазып бер.
— Жоқ, бауырым. Мен сенің өзің алғаныңды жəне нақты ақшалай
алып бергеніңді қалаймын. Банкке жаңа жиһаз немесе кілем, əйтпесе
тағы бірдеңе сатып алайын деп едім дей салуыңа болады.
— Бірақ менің ештеңе сатып алғым жоқ қой.
— Бəрібір.
— Құпия ма?
— Соны қалаған сенің өзің емессің бе?
— Иə, оның рас. Солай болғаны дұрыс. Иə, оһ, ауызды өртеп кеткен
мынау өзі неткен ашулы пияз еді! Ал Бейкер мырза мұны мақұлдай ма?
— Егер қолынан келсе, оның өзі де осылай істеген болар еді.
— Ақша қашан керек?
— Ертең.
— Мына пиязды мен жемеймін. Онсыз да иісі аңқып тұрған шығар?
— Сен менің асылымсың.
— Сенің Маруллоң менің көңілімді алаңдата береді.
— Ол неге?
— Əй де жоқ, шəй де жоқ, біздің үйге жетіп келді. Кəмпит əкелді.
— Жаратқанның жарлығын жан біле ме?
— Қойшы, тəңірге тіл тигізбе. Пасха əлі біткен жоқ.
— Бітті. Сағат бірден ширек асты.
— Ой-ой-ой! Ұйықтау, ұйықтау керек қой.
— Ұйықтасақ, ал ұйықтайық... ал егер ұйықтап жатқанда түс кірсе
ше? Бұл Шекспир...
— Саған тек қалжың керек.
Бірақ мен қалжыңдаған жоқпын. Сылтау-себебін сірə да ойламасам
да, тіпті кей-кейде осы мен неге соншама азапқа түсіп, əлек бола берем
деп өзімнен ежіктеп сан сұрасам да, жанымды жадатқан жабырқау арожданым да əлі де жазықсыз жапа шеккізіп, жəбірлеуін əсте қояр емес.
Адам бəріне де көнеді, бірақ ол үшін оған уақыт керек. Сонау есте жоқ
ерте кездерде менің оқ-дəрі жасайтын зауытта цехтарға
нитроглицерин тасушы болып істегенім бар. Онда ақшаны өте жақсы
төлейтін, өйткені нитроглицерин — қатерлі зат. Бастапқы кезде менің
аяғымды аттап басуға зəрем ұшатын, ал бір апта, екі апта өткен соң
етім үйреніп кетті, жұмыстың бəрі бір жұмыс. Мен мына азық-түлік
дүкенінің сатушысы қызметіне де үйренісіп кеттім емес пе, бұдан
артық не деуге болады! Үйреншікті ісің жаныңа жақын, əманда өзіне
тартып тұрады, ал жаңалық, əдетте керісінше жатырқап, көңілге
түйткіл тастайтыны айтпаса да аян.
Қараңғыда мен көз алдымнан көлбеңдеп өтіп жатқан қызыл даққа
тесіле отырып, өз бойымдағы əдетте ар-ұят деп аталатын қадау
қасиетті өзімше таразылап тексеріп көрдім, алайда оның кеселді
тұстарын таба алмадым. Сосын мені белгіленген бағыттан ауытқы
немесе компас бойынша тоқсан градусқа шұғыл бұрылып кете алар ма
едім деген сауалдар қаумалай бастады, сонда қалаған жағдайда солай
жасай алатыным белгілі болды, бірақ менде ондай ой да, ниетте
болған емес.
Мен өзгеше бір ұғымда, жаңаша бір өлшеммен тіршілік етіп
жатқандаймын, оның мəні мен сəнінің өзі де, міне, осында еді. Бейнебір
сенің бұған дейін бейжай бұйығы жатқан бұлшық еттерің кенет
ұйқысынан оянғандай немесе тап өзің бала күнінде түсіңде көргендей
көлбеңдеп көкте ұшып жүргендей сезінесің. Мен көбіне өткенде болған
алуан-алуан оқиғаларды, сахна қойылымдарын, əңгіме-дүкендерді жиіжиі ой елегінен қайта өткізіп, екшеп-елеп отырамын, сонда əрдайым
алғашқы қойылымда аңдамай, менің назарыма ілінбей қалған көптеген
соны жəйттерді, тың тұстарды байқаймын. Əрине, бұлар солардың
мəн-мағынасына өзіндік үлес қосары күмəнсыз.
Маруллоның бір уыс мəмпəси салған дорбасын көтеріп, біздің үйге
күтпеген жерден келе қалуын Мэри əнтек іс деп біледі, ол ондай
оғаштықты айтпай таниды. Бұл жөнінен оның мұрнының шүйіне
сенуге əбден болады. Мен болсам, оның бұл келісін өзімнің оған деген
айнымас адалдығыма төлем-сыйлық деп санаймын. Алайда Мэридің
сұрағы бұрын мен елемейтін, құлаққа ілмейтін қайсыбір жəйттерді
ойлануға мəжбүр етті. Марулло менің өткеніме сыйлық берген жоқ,
қайта ол мені алдын ала марапаттап жатыр. Мен оған пайдалы
болғандықтан ғана Марулло мені қажетсініп, маған көңіл бөліп отыр.
Мен оның жұмыс жөніндегі ақыл-кеңесін, Сицилияға байланысты
екеуміздің арамызда болған əңгімені есіме алдым. Байқаймын,
əлдеқалай ол тіреуінен, өз сенімінен айрылып, жалтақтап қалған
сияқты. Бірдеңе менен керектей, менен бірдеңе дəмететіндей сыпайы
бар. Тəсіл тауып, мұны байқап көруге де болады. Айталық, бұрын
бермек түгіл көрсетуге қимайтын бірдеңені сұрау керек, егер есеңді
қайтармай, қолыңды қақпай бере салатын болса, онда, демек, оның
əлденеге қатты алаңдап, əлек болып жүргенін аңғартады. Енді
Маруллоны былай қоя тұрып, Марджимен айналысамыз. Марджи —
бір кезде сəнге айналған есімге қарап, оның жас шамасы жөнінде де
болжауға болады. "Марджи! Менің түсіме енген арулар патшасы
Марджи! Бердім саған барша əлемді!.."
Төбеде жүзген қызыл дақтың аясында мен Марджиға қатысты сахна
көріністерін өз жанымнан ештеңе қоспай, қаз-қалпында бəрін қайта
есіме түсіріп, көз алдымнан көгендеп өткізіп шықтым. Ұзақ уақыт,
бəлкім, екі жылдай болар ма екен, бұрын менің көп сөзіне құлақ аса
бермейтін жан дегенде жалғыз жарымның Янг-Хант бикем деген
сырлас құрбысы болатын. Содан соң ол кенет Марджи Янг- Хант болып
шыға келді де, кейін кəдімгі Марджиге айналды. Бəлкім, ол пасха
алдындағы қасиетті жұмада маған, менің дүкеніме соғып кеткен де
болар, бірақ ол менің мүлде есімде жоқ. Ал сол күні ол өзін айрықша
айғақтап, таныстырғандай болды. Оған дейін, шынын айтар болсақ,
шамасы, біз бір-бірімізді елемегенге ұқсаймыз. Алайда əлгі жұмадан
кейін ол үнемі осында жүргендей шаужайласып, шашадан басып қылт
еткеннен қалмайтын болып алды. Сонда оған не керек? Əлде бұл бар
болғаны не істерін білмей, іші пысып еріккен əйелдің қиқарлық
қиястығы ғана ма? Əлде оның алыстан орағытар шытырман тұзағы
бар ма? Былай қарағанда ол маған мəртебелі өзін осылайша
таныстырып, бұдан былай біліп, назарында ұстап жүрсін деп əдейі
ескерткен сыңайы болып та көрінуі ықтимал Екінші мəрте картамен
бал ашқанда ол пəлендей бір арам ойсыз кəдімгі кəнігі сиқыршыларға
тəн судыраған сылдыр сөзбен-ақ құтылып кетем деп ойласа керек.
Сірə, сол араға күтпеген бір қырсық килігіп, бəрінің астан-кестенін
шығарып жіберген болар. Ал оны соншалықты ширықтырып,
шымбайына батар оған Мэри алабөтен ештеңе айтқан жоқ, мен босаболмаса да одан аулақпын. Əлде жылан жайлы айтқаны ойдан
шығарылмаған болғаны ма? Егер олай болса, кəдімгі қарапайым, тіпті
ақиқаттан алшақ кетпейтін түсінік болар. Яки соның өзі өзгенің ойын
айтпай тани білетін айрықша қабілеті бар, тумысы бөлек, түйсігі дара
жаралған нəзік сезімді жан болар. Тумысымнан бергі менің түбегейлі
терең өзгере бастаған жаңару шағымда оның тап болуының өзі сол бір
шикілдеу пікірді куəландырады-ау дей тұрсақ та, бірақ бұл сонымен
қатар кəдімгі күтпеген кездейсоқтықтың нақ өзі болуы да ықтимал
ғой? Əйтсе де əй де жоқ, шəй де жоқ, оны аяқ астынан Монтокке не
айдады, неғып кезбе саудагермен ұшыраса қалды, неғып бəрін
Маруллоға ақтара салды? Бұл əйелді абайсызда андамай бірдеңе айтып
қойыпты дегенге де əсте иланудың өзі неғайбыл Біздің үйдің
шатырындағы кітап тұрған шкафтардың ішінде өмірбаян жазылған бір
кітап бар, кім еді, əлгі, иə, иə, Беринг болар? Жоқ. Барановтың, 1800
жылдардың бас кезіндегі Аляскадағы орыс губернаторы Александр
Барановтың өмірбаяны. Ұмытпасам, соның ішінде бал ашып,
сиқыршылық жасағандары үшін Аляскаға жер аударылғандар жөнінде
де айтылған болса керек. Бұл ақылға сыймайтын, тек сирек кездесетін
оқиға, мұндайды ойдан шығару да оңай емес. Сол кітапты қайтадан бір
қарап шыққан жөн болар. Əлде осы тап қазір-ақ үйдің шатырына
шықсам ба екен, Мэриді оятып алып жүрмес пе екенмін деп те
ойладым.
Сол заматта өзіміздің ескі емен басқыштардың сықыр-сықыр
еткенін менің құлағым шалды, бір, екі, үш... демек, бұл ауа райының
құбылуына орай үй құрылысының табиғи шөгуі емес. Бəлкім,
ұйқысырап төсектен тұрып жүрген Эллен болар.
Мен, əлбетте, қызымды жанымдай жақсы керемін, əттең қызымыз
жүгініп кеткен жөнсіз пысық, тіпті бар ма, жарық дүниеге осы күйінде
туғандай пысық та өзгені көре алмайтын қызғаншақ əрі жатырқауды
білмейтін үйірсек. Оның інісінен қызғанбайтыны кемде-кем. Кейде
маған солай қарайтыны айдан анық байқалып тұрады. Менің ойымша,
жыныстық қатынас мəселелері оны ерте алаңдата бастаған тəрізді.
Əкелер жағы, шамасы, мұны қашанда сезетін болар. Тіпті ол бесіктен
белі шықпай жатып, еркектің жыныс мүшесіне ерекше ықылас
аударатынын байқап қалғанда біз қатты қысылушы едік. Сосын ол
бүкіл ынта-ықыласымен кемелдену, кəмелетке толу құпиясын
зерделеуге шүйілді. Журналдар бетінде жарыса жазылып жататын
қыздардың періштедей моп-момын момақандығы оның бойында
болмақ былай тұрсын, тіпті оған елесін де көрсетпеген сыңайлы. Оның
шыныдай шытынаған шырт мінезінен біздің үйдің іші қазандай
қайнап, қабырғаларына дейін тыныштық таппайтын. Сонау орта
ғасырларда бой жетіп, əлібұлыққа (кəмелетке) тола бастаған
қыздардың бойына арам пиғылды əртүрлі азғырушы жын-шайтан үйір
болады дегенге жұрт сенетін болған дегенді менің оқығаным бар еді,
мен енді өз басым соны үзілді-кесілді теріске шығара алмаған болар
едім. Бір кездері біздің үйде құйыршық та пайда болды деп қалжыңдап
та жүрдік. Кенет қабырғадағы суреттер құлап түсіп, ыдыс-шыныаяқтар
күлпарша боп қирайтынды шығарды. Үйдің шатырының астында
бірдеңе тынымсыз тоқылдап, төменгі қабатта ел көшкендей астанкестен болады да жатады. Оның не ғаламат екені беймəлім — бірақ бұл
əдеттен тыс əнтек жайттер менің назарымды аударып, көңілімнің
құштарлығын қытықтады да, мен енді қалт жібермей Элленің ізін
бағып, оның сыбысын сездірмей келіп, ғайыптан зым-зия жоғалып
кететін құпия жүрістерін қадағалай бастадым. Ол түн торыған аңнан,
мысықтан аумайтын. Дегенмен бізді алаңдатып əуреге салған əлгі
салдыр-күлдірдің, тықыр-тықырдың, түрлі тоқылдың бəрінің оған
қатысы жоқ екеніне көзім жетті, əйтсе де ол жоқ кезде ондай оғаш
ештеңе болмағаны да анық. "Ошақ иесі" (домовой) үйге келген кезде
оның елең қылмай қиялмен қиянды шолып, тапжылмай отыра беруі де
ықтимал əйтсе де істің оның қатысынсыз болуы екіталай. Сонау ертеерте заманда Хоулилердің ескі үйінде елес — біздің қарақшы арғы
аталарымыздың бірінің рухы тұрыпты дегенді бала күнімде естігенім
бар-ды, бірақ айтуларына қарағанда, ол өзі бүкіл үйді əрлі-берлі кезіп,
аралап, əдеттегіше күрсіне күңіренгеннен басқа ондай оғаш ештеңе
істемейтін парасатты, тəуір елес-рух болғанға ұқсайды. Жүргенде оның
көзге шалынбайтын салмағынан басқыштар сықырлайды. Əлдекімнің
ақтық сəтін алдын ала ескерткендей тоқылдатып қабырғаны қағады,
соның бəрін аса инабаттылықпен, əйтсе де заманының əдептілік
салтына орай істейді екен. Ал "ошақ иесінің" құлқы мүлдем басқа ол—
қаскөй, ызақор, зұлым, кекшіл. Тек қымбаттары ғана болмаса, оның
қолына арзан заттар əсте ілікпейді. Сосын ол зым-зия ғайып болды.
Мен шынымды айтсам, соған онша нана қойғаным да жоқ. Ол біздің
отбасымыздың əзіл-оспағының ақ құлағы болатын, бірақ қалжың
қалжыңмен де "ошақ иесі" ошақ иесі ғой, міне, енді əйнегі күлпарша
болған суретті, фарфор шыныаяқтың сынықтарын өз көздеріңізбен
көрулеріңізге болады.
Бізді алаңдатуын ол қойған соң, Эллен тап қазіргідей ұйқысырап,
түсінде кезуді шығарды. Мен оның баспалдақпен ақырын асықпай
абайлап басып төмен түсіп бара жатқан аяқ тықырын анық естідім. Сол
мезетте менің Мэриім терең бір күрсінді де, əлдене деп өзінше
күбірледі, қапылыста ұйтқи соққан жел төбеге түскен бұтақтар мен
жапырақтардың көлеңкесін шайқап, көлбең-көлбең еткізді.
Мен жаймен төсектен тұрып, дəл солай жаймен желбегейімді кидім.
Өйткені ұйқысырап жүрген айғарақтарды шошытып алуға
болмайтыны өзгелер сияқты маған да аян еді. Менің сөзіме қарап, мені
өз қызын өзі жек көреді екен деп ойлап і а қалуға болар, алайда бұл —
түбегейлі қате. Мен оны жақсы көремін, бірақ, сонымен бірге одан
сескенемін, өйткені оның болмысындағы, мінез-құлқындағы көп
жəйттердің қыр-сырына түсіне бермеймін.
Егер біздің баспалдақтың қабырға жоқ шетімен жүрсе, онда
басқыштар сықырламайды. Оның сырын мен сонау жасөспірім көзімде,
мауыққан мысықтай түнгі жорық-жортуылдан үйге оралған шақта-ақ
ашқан едім. Егер Мэриді ұйқысынан оятқым келмесе, мен сол ашқан
жаңалығымды əлі күнгеше пайдаланамын. Ол қазір де есіме түсті —
абайсызда əлдеқалай сүрініп кетпеу үшін мен қабырғаны қолыммен
сипалап отырып, сыбысымды шығармай баспалдақпен төменге түстім.
Көше бет жақтан терезеге бөлменің төріндегі алагеуіммен астасып,
сырттағы шамның алашабыр əлсіздеу жарығы түсіп түр екен. Бірақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 12
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.