Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 01

Total number of words is 4039
Total number of unique words is 2293
32.4 of words are in the 2000 most common words
44.2 of words are in the 5000 most common words
51.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БІРІНШІ БӨЛІМ
I тарау
II тарау
III тарау
IV тарау
V тарау
VI тарау
VII тарау
VIII тарау
IX тарау
X тарау
ЕКІНШІ БӨЛІМ
XI тарау
XII тарау
XIII тарау
XIV тарау
XV тарау
XVI тарау
XVII тарау
XVШ тарау
ХІХ тарау
XX тарау
МЕН АМЕРИКАНЫ СҮЙЕМІН
XXI тарау
БІРІНШІ БӨЛІМ
I тарау
Сəуірдің алтын шапақ аптаған аппақ таңы оятқанда Мэри Хоули
төсегінде аунап түсіп, бұрылып күйеуіне қарап еді, ол шынашағымен
екі езуін шықшытына дейін созып, құрбақаны бейнелеп жатыр екен.
— Əжуаланып жатырсың ба, Итен? — деді ол. — Тағы да ескі əніңе
басып, сайқымазақ дарыныңды танытып жатырсың ба?
— Тышқан-ау, тышқан, маған күйеуге шықшы!
— Ұйқыдан көзіңді ашып үлгермей əжуалыққа əзір тұратының-ай?
— Жаңа күн бізге жыл сыйлайды, міне, қарашы, арайлап таң да атып
келеді.
— Əне, сөйтеді - ескі əуенінен айнымайды. Ал бүгін қасіретті де
қасиетті ұлы жұма екені сенің есіңде бар ма?
Ол жаймен күбірледі:
— Оңбаған арамза рүмдіктер əмір еткен бойда Голгофаның (жазалау
орны) етегіне тізіліп сапқа тұра қалды.
— Сайқымазағыңды қойшы. Дүкенді он екіде жабуға Марулло
рұқсат ете ме?
— Сүйікті менің гүлім-ау, Марулло — католик жəне де ол италиялық
қой. Турасын айтқанда, ол қарасын да көрсетпейді. Мен дүкенді он
екіде, үзілістің алдында жабамын да, сосын жазалау аяқталғанша
қайтып ашпаймын.
— Сен ертеде ел кезген діншіл пірəдарлардың (пилигрим — ел
кезген діншіл-пірəдар (дəруіш) сөзін айтып отырсың. Мұның
жарамайды.
— Сандырақ, шыбыным. Бұл - менің айнымай анама тартқан жағым.
Бұл - менің сүйегіме біткен, бойыма сіңген қарақшылық үні. Өлім
жазасы деген өлім жазасы, білсеңіз.
— Олар əсте де қарақшылар емес. Сенің ата-бабаң - кит аулаушы
байырғы теңізшілер, сонау құрлықты конгресс дүрлеп тұрған заманда
олардың бұған белгілі бір құжаты болған деп сенің өзің айтқансың.
— Олар атқылап опат қылған кемедегілер бұларды қара ниет
қарақшылар деп атаған. Ал əлгі рүм солдаттары өлім жазасын - өлім
жазасы деген.
— Міне, сен енді шытынап, ызалана бастадың. Маған сенің бəрінен
де сайқымазақ қалжыңбас көзің көбірек ұнайды.
Иə, мен қалжыңбас əжуамын. Оны кім білмейді?
Ылғи да сен менің айтқан сөзімді əдейі бұрмалап шатастыра бересің.
Сенің мақтан етуіңе əбден болады: діндар-дəруіштер (пилигрим) —
отаршылдар мен кит аулайтын кеме шкиперлары — бəрі бір ұядан
ұшқан, бір отбасынан тарағандар.
— Ал олардың да бірдеңелері бар шығар?
— Несі? Түсінбедім.
— Мүмкін, менің ата-бабаларым сонау бір кезде өздері бəрін билептөстеген мына кенттегі жарбиған италиялық жаман дүкенде істейтін
əлдебір жаман сатушыны жарық дүниеге əкелгендерін мақтан ететін
болар?
— Сен қарапайым сатушы емессің. Турасын айтқанда, дүкеннің
меңгерушісі іспеттісің — бүкіл есеп-қисапты өзің жүргізесің, түскен
ақшаны банкке өзің өткізесің, бəріне өзің тапсырыс бересің.
— Оның рас. Өзім сыпырамын, өзім қоқысты шығарамын,
Маруллоның алдында құрдай жорғалаймын, тіпті мен əлдеқалай
сүмелек мысық болсам, маған Маруллоның алдында тышқан аулау
міндеті де жүктелген болар еді.
Жанына келіп ол иығынан құшақтады.
— Кел одан да əзілдесіп ауыздың дəмін алып алайық, - деді ол —
Қасіретті жұмада ондай-мұндайды айтпай-ақ қоялық, ол орынсыз
болады. Жарамайды. Мен сені жанымдай жақсы көремін.
— И-иə, — деді ол, сəл мүдіріп бір пəстен кейін. — Сендердің
бəріңнің айтатын əндерің біреу, бұл саған, əйтсе де анадан туған
лыпасыз қалпыңда əйелі бар еркектің құшағында жатуға айрықша
құқық береді екен деп дəмеленбей-ақ қой.
— Мен саған балалар жөнінде айтайын деп едім.
— Түрмеге түсіп пе?
— Сен тағы да қылжаққа айналдырасың?
— Жоқ, жарайды, олай десең, олардың өздері-ақ айтып берер.
— Ал сен ше?..
— Марджи Янг-Хант бүгін маған тағы да бал ашып береді.
— Кофенің шамбасымен бе? Марджи Янг-Хант, көрдің бе қандай
керемет, бəріне күлкі сыйлайды, ажарымен арбайды...
— Əсілі, мен қызғаншақ болсам... əдетте жігіт əжептəуір қызға
қарамағансып, əдейі қиқарланса, бұл оның жөгілігі деген сөз бар.
— Сенің əлгі қызың сол ма? Ол бір емес, екі мəрте байға тиген.
— Екінші күйеуі қайтыс болған.
— Жарайды, одан да тамағымды ішейін. Сен соның желбуаз
мылжыңына сенесің бе?
— Əйтсе де бал ашқанда Марджи менің ағам жөнінде бəрін айтып
берді ғой. "Ең жақын туысқандарыңның біреуі" дегені есінде ме?
— Егер тамақты дереу дастарқанға əкеп қоймаса, менің де ет жақын
туысымның біреуінің бөкседен төмен жұмсақ жеріне əжептəуір соққы
тиетін болады.
— Қазір, міне əкеле жатырмын. Құймақ па?
— Мейлі, құймақ-ақ болсын! Неге осы Ұлы жұма деп аталады? Оның
нендей ұлылығы бар?
— Мəссаған! - деді ол - Саған тек қыңыр тартып, қылжақтай берсең
болғаны!
Итен Аллен Хоули асүйдің терезесі жақтағы бұрышынан сығылысып
барып өткенде кофе құйылып, табақшаға салынған құймақ пен кепкен
нан үстел үстінде əзір тұрған еді.
— Бойым жеңіл, көңілім жай, - деді ол — Əйтсе де неге Ұлы жұма?
— Көктем, - ол пеш жақтан үн қатты.
— Көктемгі жұма ма?
— Көктемгі абыр-сабыр əбігерлік... Сені де абыржытып əлекке
салып жатқан, міне, сол ғой. Қалай, балалар тұрды ма?
— Əрине, тұрды, аялда! Маубас немелер. Жүр, барып оятып,
жостыртып жондарын тілейік!
— Сенің қырсығың қысқан кезде, алла сақтасын, аузыңа келгенді
айтасың, əйтеуір үзілісте үйге келесің бе?
— Жоқ-қ, келмеймін.
— Неге?
— Əйелдер. Сол кезде жолығуға солармен уəде байласқанмын.
Мүмкін, сенің Марджиің де соғып қалуы...
— Қойшы, Итен! Сен неге қайдағыны айтасың? Марджи —
шынымен көңілдес дос. Ол қажет болса, қыңқ етпей өзінің соңғы
жейдесін шешіп беруге бар.
— Солай де? Ал оның үстінде сол көйлегі бар ма екен?
— Тағы да сен өзіңнің бəз-баяғы дəруіштік əуеніңе ойыса бастадың.
— Мен онымен туысқан екеніме бəс тігуге бармын. Онда да
қарақшылар қаны бар.
— Сайқымазағыңды қойшы осы. Міне, тізім, — ол оның төс
қалтасына бір парақ қағазды тыға салды, — онда жазылған көп нəрсе
бар. Байқа, ұмытып кетпе, алда пасха келе жатыр. Жиырма шақты
жұмыртқа ала келуді де ұмытпа. Тезірек жинал, əйтпесе кешігіп
қаласың.
— Өзім білем, «қырсыққанда қымыран іриді», бақандай бір
алушыдан айырылып қалып, Маруллоны жиырма цент пайдадан
қағып жүруім ықтимал Ал бірден жиырма жұмыртқа неге керек?
— Бояуға. Аллен мен Мэри-Элленге қайтсеңдер де əкеліңдер деп
тапсырыпты. Жарайды, сенің кететін уақытың болды.
— Кеттім, түймедақ гүлім менің. Тек рұқсат етші, жоғарыға шығып,
Аллен мен Элленнің жонын бір жостыртып кетейін.
— Сен оларды керім еркелетесің, Итен! Əйтсе де олай етуге
болмайды ғой!
— Қош, қош, биліктің бекбикесі, — деді ол, темір торлы есікті тарс
еткізіп жапты да, алтынмен апталып, күмістей жарқыраған жасыл
таңға шықты.
Ол əкесі мен атасынан қалған сыры кетсе де, сыны кетпеген əлі де
сымбатты ескі үйге сəл аңырып қарады, үй ақ сырмен боялған,
салтанатты сыртқы есіктің жоғарғы маңдайша жағында жарты шеңбер
түрінде иілген сəнді терезесі бар, дуалдың төбемен түйісер тұсындағы
сыртқы ернеуі Роберт Адамның1 мəнерінде жасалған арнаулы
өрнектермен əшекейленген жəне де төбесіне "Жесірдің жолы"
тартылған Үй жасыл бақтың төрінде, діңі құшақтаса екі құлаш
жетпейтін енді-енді бүршік жарған жүз жылдық алып жұпаргүлдің
аясында тұр. Шегіршінді көшесіндегі шегіршін ағаштарының қау боп
өскен қалың бұтақтары ар жағындағы ағаштармен құшақтаса айқасқан
алақанын жаңа жайған балапан жапырақтардан түскен жарық сəуле
банктің үйінен енді-енді асып, ескі айлақтан тұзсіңді иодтың иісін
кентке қарай есе қуалап, газ зауыттың аршылған ақ күмістей
жалтыраған мұнарасына келіп шағылысты.
Азанғы Шегіршінді көшесінде қыбырлап көзге түсер жалғыз тірі
жан - Бейкер мырзаның жирен-сары сеттері — банкирдің иті ғана.
Жирен-сары Бейкер ауық-ауық аңырып тұра қалып, шегіршін діңінің
"мəлім қатын" тіміски иіскеп қойып, асықпай тротуармен маңғаз басып
кетіп бара жатты.
— Қайырлы таң, мырза. Мен Итен Аллен Хоулимін. Біз сізбен сонау
бір кездерде қажетімізді қатар тұрып өтедік-ау деймін.
Жирен Бейкер тұра қалып, оның амандық-саулығына желкілдеген
жирен құйрығын жаймен бұлғақтатып жауап берді.
Итен оған:
— Ал мен аңырып өзімнің мына ескі үйіме қарап тұрмын. Бұрынғы
кезде үй салуды білген ғой, - деді.
Жирен-сары мойнын бұрып, қабырғасын артқы аяғымен енжар ғана
бірді-екілі мəрте осып-осып жіберді.
— Əйтсе де солардың ақшасындай ақша барда бұл істің қандай
қулық-сұмдығы бар? Барлық теңіздер мен мұхиттардан ауланған жанжануарлардың майы мен спермет тұрғанда. Сіз сперметтің не екенін
білесіз бе?
Жирен-сары ит күрсіне қыңсылады.
— Шамасы, білмейсіз-ау. Бұл — кашалоттың шекесінің — бас
сүйегінің ішінде болатын мөлдір түсті, райхан гүлдей ғажап жұпар иісі
бар майға ұқсаған зат. "Моби Дикті" оқы, төбетім. Менің саған берер
кеңесім сол Сеттер жаға жолдың жиегіндегі ат байлайтын шойын
кермеге артқы аяғын көтерді.
Итен кетіп бара жатып оған бұрылып:
— Бұл кітап жайлы пікіріңді айтарсың. Бəлки, менің ұлым сенен де
бірдеңе алар, ол əлгі "спермет" деген сөзді дұрыс жаза да алмайды,
тіпті жалғыз сол сөз болса, бір сəрі...
Итен Аллен Хоулидің ескі үйінен екі оралым (квартал) өткеннен
кейін Шегіршінді көше тіп-тіке Бас көшеге барып құйылады. Бірінші
оралымның дəл ортасында Эргарлар үйінің алдындағы енді-енді түлеп
келе жатқан көгалда қораланған бір топ сұр торғайлар шуылдасып
шайқасып жатты. Торғайлар асыр салып ойнап жатқан жоқ, қайта
бірін-бірі жұлмалап, бірін-бірі шөпке аунатып, бірінің-бірі көзін шұқуға
ұмтылып, соның бəрін өштескен ызалы шуылдасып-дуылдасып жасап
жатты да, тіпті олардың төбелесін көруге қасына жақын келген Итенді
де байқамай қалды.
— Ұяда тату тұрамыз, сендерге үлгі қыламыз, - деді ол — Бұл
жалғанда мұндай өресіз өтірікті естіген жан жоқ шығар. Сендер,
бауырларым, тіпті осындай тамаша таңды ың-шыңсыз бөлісе
алмайсыңдар. Ал Франциско əулие болса, сендерді, құзғындарды,
аялап қаншама əлек болды. Кш-ш! — Ол бар пəрменімен ұмтылып,
аяғын қатты сермеп қалды, торғайлар қанаттары сусылдап, өздерінің
ызасын білдіргендей майланбаған есіктің топсасындай ащы
дауыстарымен жамырай шиқылдап, дүрліге ду көтерілді.
— Ал маған мынаны айтуға рұқсат етіңіздер, — деді Итен оларға
қарап тұрып. — Тал түсте күн батып, жер бетін түнек басады, сендерді
түпсіз үрей құшағына алады. — Ол жаға жолға түсіп, өз жөнімен кете
барды.
Екінші оралымдағы Филлипстердің ескі үйінде қазір пансион
ашылған. Соның салтанатты есігінен Бірінші ұлттық банктің
жергілікті бөлімінің кассирі Джой Морфи шықты. Ол тісін шұқылап,
бешпентін жөндеді де, Итенге басын шұлғыды.
— А, Хоули мырза, мен енді ғана сізге кіріп шығуға жиналып жатыр
едім.
— Қасиетті де қасіретті жұманы неге ұлы деп атайды?
— Бұл латынша, — деді Джой, — великус, великйус, великум —
"асқан арамза" (препаскудная) деген мағына береді.
Джонның бет əлпеті атжақты келген жəне күлгенде добалдай
дүрдиген жоғарғы ернін түріп, сойдиған сойдақ тістерін ақситып,
кісінеген жылқыша күлетін Джозеф Патрик Морфи, Джой Морфи,
Джой-бой, Морф-Нью-Бэйтаунның əсте де байырғы тұрғыны болмаса
да, ол сонысына қарамай белгілі қала тұрғындарының бірі болатын.
Карта (покер) ойнағанда қолын көлегейлегендей əзіл айтқанда да беті
бүлк етпейтін қалжыңбас, бірақ оның есесіне басқаның əзіл-оспағын
тіпті алғаш естіп отырмаса да, ішек-сілесі қатқанша күлетін. Бұл
Морфидің сірə да білмейтіні болсайшы, ұялы қылмыстан (мафия)
бастап, Маунгбэттенге дейін бəрін де, бəрі туралы түп-түгел біледі,
бірақ ол өзінің бұл білген деректерін əлдебір сауал қойғандай,
түрлендіріп өңін айналдырып жеткізеді. Сұрақ сарындас мəнерде
айтылғандықтан да одан оның əлдебір білгіштігі, айрықша астамдығы
атойлап тұра қоймайды. Содан барып тыңдаушылары да оның
əңгімесіне өздерін қатысты тəрізді сезінетін де, ал мұның өзі кейін
олардың бұл əңгімелерді өз туындылары етіп айтуына мүмкіндік
беретін. Джой мінезі қызық адам болатын: жаратылысынан қызба,
əулекі жан еді, ал бірақ оның əсте əлдебіреумен бəстескенін ешкім
ешқашан естіген емес: тəжірибелі бухгалтер, банктің таптырмайтын
тамаша кассирі. Бірінші Ұлттық банктің жергілікті бөлімінің
директоры Бейкер мырза Джойға алғаусыз сенім көрсеткендіктен де,
өзінің бүкіл дерлік қызметін соның мойнына артып қойды. Морфи
қаладағылардың бəрімен сыйлас-сыбайлас, əйтсе де ол ешкімді
ешуақытта өз есімімен атамайды. Итен ол үшін Хоули мырза, МарджиЯнг-Хант бикеш, бірақ айтылып жүрген қауесетке сенер болсақ, Джой
онымен бір төсекті бөліссе керек. Оның өз отбасы, не туған-туысқаны
болған емес, филлипстердің ескі үйінде бөлек моншасы бар екі бөлмелі
пəтерде тұрады, тамақты көбіне "фок-мачта" мейрамханасынан ішеді.
Оның қызмет істеген жерінің бəрі кінəратсыз - Бейкер мырзаға да,
басқарма мүшелерінің бəріне де айдан анық, бірақ Джой-бойдың
өзгелер
өмірінен
деп
айтқан
алуан-алуан
əңгімелерінен
тыңдаушылардың көңілінде: бəлки, осының бəрін Джойдың өзі
басынан кешкен жоқ па екен деген түрлі-түрлі ой да туады, əрине,
олай болған жағдайда оның өзі көрмегені жоқ қақсал болып шығады,
Джойдың өзім деп өзеуреп өзін-өзі мақтап, мен деп кеуде соқпағаны да
оны жұртшылық сыйластығына бөлейді. Оның тырнағы қашанда
мұнтаздай таза, бешпенті сəндеп тігілген, əдемі, көйлегі кіршіксіз
аппақ, аяқкиімі үнемі жылтырап тұрады.
Екеуі Шегіршінді көшесімен Бас көшеге қарай асықпай аяңдап кетіп
бара жатты.
— Мен көптен бері сізден бір жəйтті сұрағым келіп жүр еді. Адмирал
Хоулидың сізге туысқандық жағынан қатысы бар ма?
— Мүмкін, адмирал Холси болар? — деді Итен. — Біздің əулетімізде
теңізшілер көп болған, Əйтсе де адмирал жайлы алғаш естіп отырмын.
— Сіздің атаңыз кит аулайтын қайыққа шкипер болғанын білемін,
бəлкім, содан да адмирал туралы əңгіме жадымда қалған болар.
— Біздің қалашық тəрізді кенттер əсте аңызсыз болмайды ғой, —
деді Итен — Сондықтан да əкеме қараған жақтағы ата-бабаларым
сонау ерте кездерде қарақшылық жасапты, шешемнің арғы тегіндегі
нағашыларым Америкаға "Мэй-флауэрмен" келіпті десіп жатады.
— Итен Аллен (XVIII ғасырда өмір сүрген америкалық ағартушы), —
деді Джой, — Жаратқан ием жар болсын! Ол да сіздердің туыстарыңыз
ғой.
— Əбден ықтимал. Тіпті солай да болуы, — деді Итен, — Бүгін
қандай тамаша! Тіпті мұнан артықты аңсаудың өзі қисынсыз тəрізді.
Сіз маған кіріп-шыққыңыз келіп пе еді?
— Иə, иə! Бүгін сізде он екіден үшке дейін үзіліс қой? Он бір жарымға
дейін маған екі сэндвич (ішіне жем салған нан) əзірлеп қойыңызшы,
жарай ма? Кейін өзім соғып алармын. Жəне бір шөлмек сүт.
— Ал банк сонда жабылмай ма?
— Банк жабылады. Мен — жоқ. Өзін гросс-бухына қоса
шынжырлаған кішкентай Джой селтиіп сонда жалғыз қалады. Үлкен
мейрамдардың қарсаңында, сондай күндерде əркім өз чегімен тіпті
иті-құсы қалмай — бəрі банкке топырлап толып кетеді.
— Тіпті соны ойласам бұйырмасын, — деді Итен.
— Енді қалай! Пасха. Қайтыс болған жандарды еске алатын күн,
Тəуелсіздік күні, Еңбек күні... жалпы кез келген үлкен мереке
алдында... Егер мен банк тонауға ұйғарған болсам, оны сөзсіз үлкен
мереке алдындағы қарбалас күнге орайластырған болар едім. Ақша
əзір тұр, аларман келгенше зарығып күтіп жатыр.
— Джой, сіз істегелі бері сірə да тонаған кезі болды ма?
— Жоқ. Əйтсе де менің бір танысым екі мəрте тонауға ұшырады.
— Сонда ол не айтты?
— Зəресі ұшқанын айтты. Əмірінің бəрін бұлжытпай орындапты.
«Міне, керегіңді ал» деп еденге жатыпты. Ақша менен əлдеқайда
мығым қамсыздандырылған, - дейді ол
— Дүкенді жапқан кезде сэндвичті өзім апарып берермін. Бүйірдегі
есікті қағармын. Сізге не қосып əзірлеп қояйын?
— Əбігер болмаңыз, Хоули мырза! Бұрыштан бұрышқа жүгіріп өту
маған түкке тұрмайды. Біреуін шошқаның сүр етімен, екіншісін
сырмен, қара нан, салат пен майлы қаймақпен (майонез). Тағы да бір
шөлмек сүт пен кока-кола, ал оның соңынан...
— Жақсы шұжық бар, менің қожам италияндық қой.
— Жоқ, рахмет. Айтқандайын, жергілікті мафия өкілі, оның хəлі
қалай?
— Меніңше, жаман емес.
— Жарайды, несі бар, сол макароншыларды ұнатпаған күннің өзінде
де ондай адамдар алдында бəрібір бас июге болады. Қол арбасын
сүйретіп жүріп көкөніс сатқан адам бірте-бірте құлашын жазып, өрісін
кеңейтіп, міне, енді керегінің бəріне ие болып отыр. Иə, басы істейді
оның. Қандай байлық жинағанын оның кім біледі! Алайда мен мұның
бəрін бекер айтып жатырмын. Банк қызметкеріне аузына келгенін
айта беруіне болмайды.
— Ал сіз ештеңе тапқан жоқсыз ба?
Олар Шегіршінді көше Бас көшеге тірелетін бұрышқа келіп жетті.
Вулворттың жаңа дүкені салынатын жерді босату үшін қиратылып
жатқан ескі қонақ үйінің ақ ала-қызыл ала үйіндісіне қарап, екеуі
уəделескендей кілт тұра қалды. Сары түске боялған бульдозер мен
басына домалақ шоқпар байланған мойны сорайған ұзын көтергіш
кран, бейне таңсəрінің тылсым тыныштығында тынысын ішіне
тартып тығыла қалған жыртқыштай үнсіз қаңқиып тұр.
— Қашанда мені қызықтырар көрініс, - деді Джой. — Шамасы, бір
сəт көңілің марқайып қалатын шығар: мына құрыш гүрзімен құлаштап
бір соққанда, байқайсың ба, бір қабырға тұтас бірден гүрс ете қалатын
болар.
— Мен Францияда мұндайды талай-талай көргенмін, — деді Итен
— Иə! Жағада тұрған ескерткіште сіздің де есіміңіз бар ғой.
— Ал сіздің əлгі танысыңызға соқтыққандарды ұстап па? Ол танысы
Джойдың өзі екенін Итен сезетін. Оның орнында болса, əркім-ақ мұны
сезген болар еді.
— Əрине! Қақпанға түскен тышқандай қолға түсті. Тонаушылар,
құдайға шүкір, қулықтан құр қалған халық қой! Ал егер Джой-бой
банкті тонау жөнінде нұсқау жазған болса, полиция оларды ешқашан
ұстай алмаған болар еді.
Итен күліп қойды.
— Ал мұның бəрін сіз қайдан білесіз?
— Түпнұсқадан, Итен мырза. Газет оқимын, бар болғаны сол. Оның
бер жағында менің бір жақсы танысым тыңшы полициясында істейді.
Қаласаңыз, сізге осы тақырыпқа құны екі долларлық лекция оқып
беруіме де болады?
— Жарайды, жетпіс бес центке! Менің дүкенді ашатын уақытым
болды.
— Арулар мен мырзалар, — деді Джой. — Сіздер мен біздер бүгін
кірісеміз... Жоқ, тұра тұр. Банкке шабуыл жасаған соң неге қолға түседі?
Бірінші бап: рецидивистер, бұрын сотты болғандар. Екінші бап: жемтік
үшін таласқандар жəне іштерінен əлдебіреу жеткізгендер. Үшінші бап:
əйелдер, əйелсіз күн жоқ, осыдан келіп, енді төртінші бап шығады:
ақшаны басы-көзі жоқ шаша бастайды. Міне, сондайлардың ізін
бақсаңыз, қалғанын қалпақпен соғып аласыз.
— Профессор мырза, сонда сіздің əдісіңіздің мəні неде?
— Бұл өзі - барып тұрған мейлінше қарапайым əдіс. Бəрі керісінше.
Егер бұрын да əлденеден əйгілі болсаңыз, əйтпесе əлденеден
қылмысты іске тартылған болсаңыз, онда ешқашан банкке шабуыл
жасамаңыз. Ешқандай сыбайлас алмаңыз - бəрін тек өзіңіз ғана
жасаңыз жəне ешкімге, тірі жанға тіс жарушы болмаңыз. Арулар жайлы
ойлауды ұмытыңыз. Ол ақшаға əсте тиюші болмаңыз. Оны көз
көрмейтін, қол жетпейтін жерге жасырыңыз жəне де бірер жылға емес.
Кейін ондай ақшаның қалай түскені жайлы көңілге қонымды, құлаққа
нанымды уəж тапқанда барып қана жалғанның жарығына там-тұмдап
алып шығарыңыз, əйтпесе құнды қағазға айналдырып алыңыз.
Былайша беталды жұмсауға болмайды.
— Ал кенет тонаушыны танып қойса ше?
— Егер ол бетін бүркеп алып, тіс жарып, тіл қатпаса, оны қалай
таниды? Куəгердің жауабын сірə да оқығаныңыз бар ма? Олар аузына
келгенін шата береді. Полициядағы менің танысым қайсыбір
қылмыскерді анықтау үшін өзін өзгелердің ортасына қойып,
жəбірленгендерден сұраған кезде кейде солардың соған нұсқайтынын
айтатын. Қылмыскер нақ осы деп өзеуреп, олар басын бəске тігуге
дейін барады екен. Қаласаңыз, сіздің жетпіс бес центіңізге, міне, менің
айтарым.
Итен қолын қалтасына салды.
— Мен қарызбын.
— Сэндвичпен өтерсіз, - деді Морфи.
Бас көшенің қиылысында көлденең тұйық көшеге түсу үшін олар
енді арғы бетке өтуге тиіс болды. Джой тұйық көшенің оң жағында
орналасқан Бірінші банк үйінің қапталындағы есіктен кірді де, ал Итен
сол тар көшедегі, бірақ оның сол жақ қапталындағы Маруллоның
«Бакалея, Гастрономия, консервілер мен жемістер» дүкенінің есігін
ашты. — Шошқаның сүр еті мен сыр салынған ба? - деп дауыстады ол
— Қара нанмен... Салат пен майонезді де ұмытпаңыз!
Дүкеннің арт жағындағы қуыс-қоймаға қуықтай тұйық көшеден
түскен онсыз да болмашы əлсіз жарық шаң басқан темір торлы
терезеден бұлдырап, əрең-əрең көрінеді. Қалбырға салынған жемістер,
көкөністер, балық, жұмсақ ірімшік пен шұжықтар толтырылған
қатырма қағаз қораптар мен ағаш жəшіктер төбеге дейін тірелген
текшелерде лықып тұрған алагеуім аядай бөлме ішінде Итен аңырып,
сəл аялдады. Ол ашыған ұнның, үрме бұршақ пен бұршақтың
қоңырсыған, қаңсыған, қораптардың кеңсеге тəн иісінің, корнфлекс
салынған қораптар, шұжық пен сырдың, көргенде дəмі ауызға келетін
ысталған шошқаның қоң еті мен сүбесінің қолқаңды қабар хош иісінің,
бүйірдегі есік жақта тұрған күмістей жалтыраған күл-қоқыс салынған
ыдыстағы шіріген капуста жапырағы, салат пен қызылша
қалдықтарының мүңкіген сасығының ішінен тышқанның күлімсіген
иісін алғаусыз айырғысы келгендей мұрнын шүйіріп қойды.
Тышқанның əдеттегі сасық иісін сезбеген соң, дүкеннің бүйірдегі есігін
қайта ашып, қақпағы қатты жабылған қоқыс салынған ыдысты көшеге
шығарды. Сол сəтті андып отырған сұр мысық қоймаға зып беріп кіріп
кетпекші болып еді, бірақ сəті түспеді, ол мысықты қуып жіберді.
— Жоқ, қылжақты қой, - делінді оған, — мысықтың асы - егеуқұйрық
пен тышқан, ал бұл маубасқа шұжық беру керек. Жоғал! Саған жоғал
дедім ғой!
Жаға жолда отырып аяғының жұмсақ алақанын жалап-жалап алған
ол «жоғалды» екінші мəрте естіген соң, дереу көшенің арғы бетіне өтті
де, сабаудай құйрығын шошайтқан бойы банктің ту сыртындағы
тақтай қораға зып етіп секіріп кетті. — Ə, бəлем, сиқырлы сөз екенін
біледі, — деді Итен даусын көтеріп. Ол қоймаға кайтып оралды да,
есікті мықтап қойды.
Дүкеннің есігіне дейін шаң басқан қоймамен екі-үш қадам аттады,
кенет аядай дəретхананың тұсынан сызаттап аққан судың сылдыры
естілді. Ол үшқат есікті ашты да, суды ағызып жіберді. Содан соң
терезесіне тор тұтылған абажадай ішкі есікті итерді де, кебісінің
тұмсығымен астына ағаш сынаны нығарлап тықты.
Көрмеге зат қойған үлкен екі əйнекке тұтылған жапқыштан
дүкеннің ішіне жасыл реңді сəуле түседі. Мұнда да сол баяғы қаңылтыр
қалбыры мен шыны ыдысының түсі солғын тартқан консервілер
текшелерде үйдің төбесіне дейін сіресіп, қатар-қатар тізіліп тұр.
Асқазан үшін ғажап кітапхана дерсің. Оң жақта - сауда орны, касса
аппараты, пакеттер, келептелген кендір жіп жəне де тат баспайтын
темір мен эмальдан жасалған витриналы тоңазытқыш. Өзіне-өзі
жаймен бірдеңе деп күбірлеп тұрған компрессор, Итен өшіргіш тетікті
шырт еткізіп еді, неон түтіктерінің көңіл ашар көгілдір сəулесі
туралған сүр етті, сырды, шұжықты, жаншылған етті, бифштекстер
мен балықты жайнатып жіберді. Шарт соборындағы (шіркеуіндегі)
сияқты шашырай құйылған кафедральдық сəуледен, шағылысқан
кафедральдық сəуледен дүкен іші құлпырып кеткендей болды. Итен
алдындағы қалбырға салған томаттан тізілген органның түтіктеріне,
қышалы, зейтунды кеспектер капелласына, сардини толған жүздеген
қораптардың сопақша табыттарына тандана-тамсана көз тастады.
Ол сəл мұрнының астынан міңгірлеп:
— Одинокум и одинорум, — как с амвона. — Один одиносик во
славу одинутриидомине... ами-инь! — деп баяу əндетті. Сол сəтте
əйелінің түсініктемесін өңінде естігендей болды: «Қылжақтауыңды
қойсаңшы, оның бер жағында басқаларға мұның балағаттау болып
естілуі əбден ықтимал Адамдардың ақ сезімін бұлайша қорлауға
болмайды ғой».
Азық-түлік дүкенінің - Маруллоның азық-түлік дүкенінің сатушысы
- сүйген жары, екі бірдей сүйікті балақайы бар адам. Оның оңаша қалар
күні бар ма? Қашан жəне қайда оңаша қала алады? Күндіз —
тұтынушылар, кешке — əйелі мен балалары, түнде - жары, күндіз —
сатып алушылар, кешке — əйелі мен балалары.
— Тек моншада ғана, — деді Итен даусын шығарып. — Жəне
шүмекті ашқанға дейін, тап қазір. — О, қуантып бойды, толқытқан
ойды, қалжыңның қиқар бір сəті - ғажап бір, ғажап жыр сəті... - Қазір,
бəлкім, мен де біреуге тіл тигізем бе, асылым менің? - деп сұрады ол
жұбайынан. - Бұл арада жан жоқ - адамдар да, олардың абзал сезімі де
жоқ. Ешкім, мен мына қарғыс атқан есікті ашқанға дейін менен басқа
жəне менің жападан-жалғыз соқа басымнан бөтен мұнда ешкім де жоқ.
Кассаның оң жағында тауар қойып сататын текшенің астындағы
жəшіктен ол таза алжапқыш алды да, оны жайып бауын тарқатып,
сипап қыртысын жазды, сөйтті де, оны беліне орады, сосын қайта
арқасынан айналдырып апарып, ұшын қос қолымен сипалап отырып
ілгектеп байлады.
Алжапқыш тіпті тобығына дейін шұбалып түсіп тұрған ұзын екен.
Итен оң қолын көкке созып алақанын жайып тұрып, былай деп үн
қатты:
— Уа, қалбырға салынған алмұрттар, бұқтырылған, тұздалған
тағамдар, мына сендер, менің айтқан сөзімді ұғарсыңдар ма? — "Таң
атқан кезде халықтың ақсақалдары алғашқы пірадарлар мен
ғұламалар оны ертіп əкеліп өздерінің синедрионына (діни кеңес, сот)
кіргізді..." Таң атқан кезде. Иттен туғандар ертемен іске кірісті! Қас
қағым кешірім жасамады. Сосын қалай еді? "Күндізгі сағат алтының
шамасы болатын..." Біздіңше, бұл тал түс шығар.
"Сағат тоғызға дейін бүкіл жер бетін қараңғы түнек басты. Күн
тұтылды". Мұның бəрін қалай мен жадымда сақтадым? Қайырымы мол
құдайым-ау! Өлім құшағында оның ұзақ жатуына, ажал азабымен ұзақ
арпалысуына тура келді! Ол қолын түсіріп, бейнебір солардан жауап
күткендей текшеде тізіліп тұрған тауарларға жасық жанарымен
телмеңдей қарады. — Қазір сен маған ештеңе демейсің. Мэри,
күлшетайым менің. Бəлкім, сен Иерусалим қыздарынан боларсың?
"Маған егіліп жыламаңдар, - деді ол, - бірақ та өздеріңді ойлап, өз
балаларыңды ойлап жыландар... Өйткені егер көгеріп келе жатқан
ағашқа бұлай істегенде, қураған ағаштың күні не болмақ? Əлі күнге
дейін мұны бейжай тыңдай алмаймын. Мұның менің ішкі жан
дүниемнің терең түкпіріне ұялап қалатынын Дебора апайым сезген де,
ойлаған да емес. Əйтсе де сағат алты əлі болған жоқ... Жоқ, əлі ерте,
ерте...
Сөйлей жүріп көрмеге тауар қойылған үлкен екі əйнектің (витрина)
жасыл пердесін түрді:
— Кел, кір жаңа күн! Сосын есіктің кілтін бұрады. - Тəңірдің жарық
дүниесі қош келдіңіз! Торланған қос жақтаулы қақпасы айқара
ашылды, олардың қайта жабылып қалмауы үшін арнаулы ілгешегі бар.
Қарсы алдында - асфальтты аялап қыздыра бастаған ертеңгі ерке күн,
күн болғандықтан да ол осылай жасауға міндетті болатын, өйткені
сəуірде ол Бас көшенің ашық Шығанаққа барып құлайтын тұсынан
көтерілетін Итен дəретханаға барып, жаға жолды сыпыру үшін
сыпырғы алып шықты.
Күн-күнде айтылып жүрген кəдімгі күн — бұлжымай ертеден кешке
дейін əсте тұрмайды. Оны көктің күмбезіне өрлеп, кешке еңіске
құйылатын алаулаған арайлы сəулесі ғана айшықтап қоймайды, оның
бойындағының бəрі — оның бүкіл бітім-құрылысы, түр-түсі, тəні мен
мəні де өзгереді. Оны жыл мерзімінің барлық кезеңдеріне тəн
мыңдаған факторы: тамыздың аптабы, қыстың аязы, тынған
тыныштық, ұлыған жел — бəрі тітіркендіреді, ол шөптің, жапырақтың,
бүршіктің хош иісіне немесе қолқа қабар ащы зардабына, күздің
суығына, жалаң бұтақтың қара дағына — бəріне тəуелді. Күннің
құбылуына орай, оның аясындағының бəрі - қоңыз да, құс та, ит пен
мысық та, көбелек пен адам да өзгереді.
Итен Аллен Хоули өзінің ішкі жан дүниесіне үңілген тыныш та
бұлыңғыр күн де аяқталды. Бейнебір метроном (қысқа мерзімді
өлшейтін аспап) асықпай жаға жол сыпырып жатқан адамның консерві
қалбырларына өсиет айтушыға да, "жалғыздың жалғыздығына да",
сірə бар ғой, сиықсыз сүмелек сайқымазаққа да мегзейтін түгі қалмаған
сыңайлы. Сыпырғысын сермеген сайын ол темекі тұқылдарын, сағыз
оралған қағаздарды, төгілген ағаш бүршіктерінің қауызын, ең əрісі
шаң-тозаңға дейін сыпырып, күмістей жалтыраған жүк машинасының
қоқыс тасушылары жинап əкететін арық жиегіне қарай жал-жал ғып
үйіріп, жинап жатты.
Бейкер мырза өз үйінен шығып, Талшынды көшедегі Бірінші ұлттық
банктің қызыл кірпіштен салынған базиликасына (гректердің ескідегі
сот мекемесіне арнап салған үй үлгісі) аспай-саспай ақырын аяңдап
кетіп бара жатты. Оның басқан қадамы ұзынды-қысқалы, əрқилы
болатын Əйтсе де əлдебіреулердің оны ескі ырым-жырымға сеніп,
анасының көлеңкесін басудан жасқанады деп жаңсақ ойлауы да
екіталай еді.
— Қайырлы таң, Бейкер мырза, — деді де, Итен банк директорының
мұқият үтіктелген қоңыр шалбарына шаң тимеу үшін сыпырғыш
сермеуден бөгелді.
— Қайырлы таң, Итен. Тамаша таңмен!
— Иə, шынында солай! — деді Итен. — Көктем келді, Бейкер мырза,
көртышқан қу білген екен!
— Иə, қу, қу! — Бейкер мырза үндемей қалды. — Менің сізбен, Итен,
көптен бері сөйлескім келіп жүр еді. Сіздің жұбайыңыз ағасының
аманаты бойынша... ə, ə... бес мыңнан артық алды, білем.
— Салығынан тыс алты мың бес жүз, — деді Итен.
— Олар банкте бекерден-бекер жатыр ғой. Бірдеңеге жарату керек
болар. Соны бір сөйлесейікші. Сіздің ақшаңыз сіздің өзіңізге қызмет
етуге тиіс қой!
— Алты жарым мың онша көп табыс əкеле қоймас. Шамалы ақша,
əлдеқалай қысылтаяң жағдайға керек болар.
— Мен əлі капиталды қоштамаймын, Итен.
— Дұрыс! Əйтсе де... күте білген де биік мұратқа өзгеден олқы
қызмет етпейді ғой.
Банкирдің үнінен ызғарлы леп сезілгендей болды.
— Түсінбеймін, - сөз саптауына қарағанда ол бəрін керемет түсініп
тұр, алайда ондай қисынды орынсыз айтылған оғаш пікір санайды, ал
оның қатқыл үніндегі зілді сарын Итенге шаншудай тиді, намысына
қадалған шаншу жарық дүниеге жалған сөз əкелді.
Сыпырғы жаға жолда білінер-білінбес етіп жарты шеңбер сызды.
— Мəселе былай ғой, мырза, ол ақша Мэриге уақытша пайдалануға
берілген. Егер мен ойламаған жерден əлдеқалай қолайсыз жағдайға
тап бола қалғандай болсам, сондай кезде жұмсауға арналған.
— Олай болса, онда сізге одан белгілі бір соманы алып, өзіңіздің
өміріңізді сақтандыруыңыз керек.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 02
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.