Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 03

Total number of words is 4072
Total number of unique words is 2172
35.0 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болмайды. Шырыштай жап-жаңа жасыл парақтар менің қолымнан
сіздің қолыңызға көшеді де, сіздің қолыңыздан сіздің қалтаңызға
түседі.
— Онда Марулло неге сіздерден жеңілдік ала алмайды?
— Көтерме баға жөнінде келісім бар.
— Солай де. Жарайды, айталық, бұл бес пайызға мен келісем де, оны
Маруллоға беріп тұрам делік?
— Бұл дүкеншілердің сырын сіз əлі біле бермейсіз, ал мен оларды
бес саусағымдай білем. Бес пайызды ол сізден алуын алады да, бірақ
іштей сізді осы өзі қаншасын қалтасына басты екен, — деп ойлайды.
Əрине, бұл — табиғи нəрсе.
— Сонда сіз маған өзім қызмет ететін адамды алдауды ұсынып
отырсыз ба?
— Бұл арада қандай алдаушылық бар? Ол ешқандай зиян шекпейді,
ұпайы түгел, оның есесіне сіз аздап қосымша табыс табасыз. Қосымша
табыс табуға əркімнің хақы бар. Марджи маған сізді есесін ешкімге
жібермейді деген болатын.
— Неткен түнек! — деді Итен.
— Жо-жоқ! Тек сіздің терезедегі перделеріңіз түсіріліп тұр, —
тіміскілеу қауіп-қатерінің дабылын жеткізді — қақпан сымының иісі
мен ондағы сырдың жұпардай хош иісін сезген тышқан дəл осылай
тықыршиды, — былай болсын, — деді Биттерс, — қолыңыз босаған
кезде ойланыңыз. Бəлкім, бізге бірдеңелерден тапсырыс берерсіз. Ал
мен қайта оралып келгенімде сізге тағы соғармын. Мен екі аптада
мұнда келіп тұрамын. Ал мынау — менің мəлімхатым.
Итен қолын созбай тежеліп
тоңазытқыштың үстіне қойды.
қалды.
Биттерс
мəлімхатты
— Ал мынау сыпайы сувенирді біз өзіміздің жаңа достарымызға
ескерткіш ретінде ұсынамыз. Ол жанқалтасынан əдемі, жұмсақ
былғарыдан жасаған қымбат əмиян алды.
Əмиян ақ эмальдың үстіне, мəлімхаттың жанына жайғасты.
— Жаман зат емес. Жүргізуші куəлігі мен клубтың карточкасын
салатын арнаулы бөлімдері бар.
Итен тіс жарып, тіл қатпады.
— Мақұл, мен екі аптадан кейін соғармын, — деді Биттерс. Оған
дейін қабырғаңызбен кеңесіп, ойланарсыз. Мұнда келуім керек.
Марджимен жолығам. Жақсы көргенде көңіл тоятын келісті қатын, —
он жауап күтіп жатпады: — Мені шығарып салмай-ақ қойыңыз.
Жолыққанша... - Сосын ол шұғыл бұрылып Итеннің жанына жанаса
келді де: — Есуастық жасамаңыз. Бəрі осылай істейді, бəрі де, — деп
атып шықты да, есікті сырт еткізбей жаймен жауып, асыға басып
жөніне кете барды. Тас қараңғы тыныштықта қалған Итеннің құлағына
тоңазытқыштағы неон түтігіне қажет трансформатордың міңгірлеген
баяу үні еміс-еміс естіліп тұрды. Ол өзінің иін тіресе тізіліп отырған
көп сатылы аудиториясына ақырын бетін бұрды.
— Мен сендерді дос санаушы едім! Ал сендер мені қорғау үшін шөп
басын сындырған жоқсыңдар. Опасыз бақа-шаяндар, опасыз көк
шөптер, опасыз құймақтық ұн-жармақтар. Жапалы жалғыздық жайлы
сендерге енді бұдан былай қарай есту жоқ. Егер өзін ит қапса, əйтпесе
абайсызда төбесіне құс саңғып кетсе, əсілі, Франдиск Ассизский не
деген болар еді? Ол, əрине: "тəңір жарылқасын, қадірлі төбет үлкен
рахмет, сүйкімді құс бикеш" деп алғысын айтары ақиқат. — Қалтарыс
көше жақтағы есікті дауылпаз даңғырадай дүбірлетіп соққан оқыс
гүрсілді естіген ол елеңдеп, солай қарай мойнын бұрды да, күбірлеп
сөйлей жүріп, дереу қоймадан өтті: — Бір тыным-тыныштық жоқ.
Қайта ашық тұрғанының өзі артық.
Алқымын алақанымен жапқан Джой Морфи аптыға басып ішке кірді.
— Құдіреті күшті құдай үшін, — деп ыңыранды ол — Көмектесе
көріңіз! Тақа болмаса бір жұтым сусын бере көріңіз, əйтпесе, уһ , бəрі —
аңқам əбден кеуіп қалды. Неге мұнша мұнда тасқараңғы? Əлде менің
көзімді ақ шел қаптап кетті ме?
— Қаталаған банкирлердің жылтыңдап мұнда жүгіріп келе бермеуі
үшін терезенің пердесі түсіріліп қойылған.
Итен тоңазытқышқа барып, одан мұз боп сіресіп қатып қалған
шөлмекті алып, басындағы қалпағын жұлып тастады, сосын екінші
шөлмекке ұмтылды.
— Жарайды, мен де ішейін!
Джой-бой жарық түсіп тұрған əйнекке сүйеніп, жарты шөлмек
сусынды бірден сіміріп салды. — Еһе, — деді ол, — біреу ұмытып
қазынасын қалдырып кетіпті, — текшеде жатқан əмиянды алды.
— Бұл "Б.Б.Д жəне Д" кезбе саудагері ұсынған қарапайым ғана
сыйлық. Бізден əлдеқалай тапсырыс алуға дəмелі болса керек.
— Шамасы, онда əбігерленуге татырлық бірдеңе болғаны да. Ол
сізді жаңғақпен сыйлаған жоқ па? Тегі сіздердің алтынмен жазылған
монограммаларыңызға қарағанның өзінде ол дегеніңіз онша-мұнша
құнсыз зат емес.
— Солай ма?
— Сіз əлде көрмедіңіз бе?
— Ол осы қазір ғана шығып кетті.
Джой əмиянның былғары жақтауының арасына саусақтарын сұғып,
құжаттарға арналған жалтыр целлофаннан жасалған бөліктерін
аударып қарай бастады.
— Тезірек бір клубқа мүше болып кіріңіз, — деді ол. Сосын артқы
қалтасын ашып, — Мінсіз мұқияттық, ұтымды ұқыптылық деп, міне,
осыны айтады. Ол одан сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасына
қысып, жиырма долларлық қағаз ақшаны алып шықты. Мен "Б.Б.Д
жəне Д" біздің кентті қоршауға алатынын сезсем де, бірақ нақ бұлайша
əй-шəйге қарамай бірден қаптатып жіберер деп ойламап едім... Иə-иə!
Сірə да ұмытпассың...
— Бұл шынында сол арада жатыр ма екен?
— Сонда мен дейсің бе оны сездірмей қойған?
— Джой, бері қараңыз! Əлгі сұм өз фирмасына берілген əрбір
тапсырыстан маған бес пайыз төлем бермекші.
— Əдемі! Міне, енді байитын боласыз, баяғыда солай істеу керек еді.
Егер уəде берсе, ендеше, істейді. Мұның құрметі үшін, кəне, сусынды
(кока-коланы) шығарыңыз!
— Сіз де шынымен, менің мұндай іске баруым керек деп ойлайсыз
ба?
— Ал онда тұрған қандай оғаштық бар? Өйткені баға өспейді ғой?
Сонда бұдан кім зиян шегеді?
— Ол маған Маруллоға айтпа, əйтпесе Марулло мені одан да көп
алады деп ойлап қалуы кəдік емес деген еді.
— Əрине, бұл өзінен-өзі түсінікті ғой. Хоули, осы не болған? Алдажалда ақылдан айырылғансыз ба? Əлде мына жарықтың əсері болар.
Бет-жүзіңіз сіздің біртүрлі көкпеңбек. Осы мен де сондай көгеріп
кеттім бе? Сіз əсілі содан бас тартқыңыз келіп отырғаннан саумысыз?
— Майқұйрыққа оны бір тебуден өзімді əзер ұстап қалдым.
— Ондай сізден басқа енді кімнің қолынан келуші еді? Тек сіз бен
динозаврдың болмаса...
— Ол да бəрі солай жасайды дейді.
— Бекер, бəрі емес. Өйткені бəрінің қолынан келе бермейді. Сізге
орайы келіп, орасан сəті түсті деуіңізге əбден болады.
— Бұл адалдыққа жатпайды.
— Неге? Мұның кімге залалы тиеді? Бұнда тұрған заңға қандай
қайшылық бар?
— Əйтсе де сіз келісер ме едіңіз?
— Келісер ме едім? Келіскенде қандай, аяқ-қолымды бірдей аспанға
көтеріп, бер-бер деп алақанымды жайған болар едім. Біздің
қызметімізде саңылау атаулының бəрі бітелген. Шынтуайтқа келгенде,
егер сіз директор болмай, қарапайым банк қызметкері болсаңыз, онда
сіз үшін кез келген айла-шарғының бəрі заңсыз. Ал мен сізді мүлде
түсінбеймін Бұл арада коп ойлап бас қатыратын не бар? Егер сіз əлгі
Альфиоңызды шиедей ғып тонап жатсаңыз, онда мен, əрине, бұл
кісілікпен онша үйлеспейді деген болар едім. Алайда істің жөні бұлай
емес қой. Сіз оларға ілтипат білдірдіңіз, еңкейгенге еңкей басың жерге
жеткенше демей ме, олар сізге ризашылығын білдіреді. Ал олардың
ілтипаты судырлап тұрған кəдімгі жасыл-көк түсті. Ақымақ болмаңыз.
Сіздің əйел, бала-шағаңыз бар — оларды да ойлау керек. Бала
тəрбиесінің базары əзір арзандар түрі жоқ. керек десеңіз, ырымға оның
нышаны да білінбейді.
— Тілеуіңді берсін! Өз жөніңізді табыңызшы!
Джой Морфи шала ішілген шөлмегін текшенің үстіне тарс еткізіп
қоя салды.
— Хоули мырза... Жоқ! Итен Аллен Хоули мырза, — деді ол қатқыл
үнмен. — Егер сіз мені біреуге арамдық жасайтын яки сізді сондай іске
итермелейтін арсыздардың бірі деп ойлайтын болсаңыз, болыңыз,
атамнан əрмен!..
Джой қайқайып қойманың есігіне қарай тартты.
— Жоқ-ə, менің айтайын дегенім ол емес еді. Əсте де ол емес, Джой!
Оллаһи, шыным! Біресе анауы, біресе мынауы, онсыз да бүгін беймаза
ауыр күн болды. Сосын мынау сұмдық мереке. Сұмдық мереке! Морфи аңырып қалды.
— Сонда қалай? Ə, иə, түсіндім. Мен бəрін түсінем ғой. Сіз маған
сенесіз бе?
— Бала күннен бері ылғи жылда осы... Əйтеуір жылдан-жылға маған
ауыр тиеді. Өйткені... бəлки, өйткені түсініктірек болғандықтан
шығар... Мен сол сөздерді естимін, олардан жалғыздықтың зарлы үні
естіледі. lama sabach thahi (Тəңірім, сен неге мені тастап кеттің) (көне
еврейше).
— Білем, Итен, білем! Əйтсе де енді жақын, тіпті аз-ақ қалды, Итен,
менің күйгелектігімді көңіліңізге алмаңыз, жарай ма?
Ратушаның мұнарасындағы темір өрт қоңырауы бір-бір-ақ мəрте
соғылды.
— Бітті, — деді Джой-бой. — Енді келер жылға дейін бəрі тəмам.
Ол есікті ақырын жауып, жаймен тар көшеге шықты. Итен
перделерді түріп, дүкенді қайта ашты, бірақ бұл кезде сауда
сылбырлау болатын. Борчер бикеш кешкі тамаққа деп бір-екі қорап
сүт, балаларға кірпіш нан, қол басындай жаншылған қой еті мен бір
құты көк бұршақ сатып алды. Тіпті көшеде жүрген жан көрінбеді.
Жабар алдында дүкенді жинап, реттеп жатқан жарты сағат ішінде оған
тірі пенде бас сұққан жоқ. Дүкенді жауып, көшеге шыққан кезде үйге
дəнеңе алмағаны кенет есіне түсті. Лажсыз қайтып барып, екі қағаз
дорбаға азық-түлік толтырып алып, барлық есікті қайта жабуға тура
келді. Оның теңіз жағалауына дейін түсіп, айдындағы айлақ
тіреулерінің арасында көгілдір толқынның қалай төңбекшіп жатқан
көргісі, теңіз суының иісін жұтып, бетін желге тосып, бұй -қалтқы
үстінде қалғып отырған шағалалармен тілдескісі келді. Есте жоқ сонау
ерте-ертеде көгілдір толқынды сүзіп, көк аспанда шыр айналып
шарықтай ұшқан шағаланы көріп, есі шығып əрең шабытпен шығарған
бір ақын əйелдің өлеңі ойына түсті. Өлең былай басталады: "Мұң ба
əлде бақыт па, сепкенің сермеп қанатты, перзент етіп өзіңді, тылсым
күш қалай жаратты". Ақын бұл мəселені əйтсе де анықтай алмады.
Бəлкім, ол оған ұмтылмаған да болар.
Мерекеге арналған азық-түлік толған зілдей екі дорбаны қолымен
көтеріп жүргенде қыдырудың сəні келе ме? Итен шаршап-шалдығып,
аяғын əрең басып, Бас көшемен жүріп отырып, Хоулилер əулетінің ескі
үйі тұрған Шегіршінді көшеге бұрылды.
II тарау
Мэри пештің жанынан шығып, оның қолындағы бір дорбаны алды.
— Менің толып жатқан саған айтар əңгімем бар. Айтқанша ішіме
сыяр емес.
Ол сүйіп алды, Мэри күйеуінің ерні кеберсіп тұрғанын бірден сезе
қойды.
— Саған не болды? — деп сұрады ол
— Шамалы шаршадым, білем.
— Қалай, сенің үш сағат үзілісің болды ғой.
— Істейтін шаруа аз ба?
— Жаның жапа, көңілің нала емес шығар, əйтеуір?
— Бүгін күн сондай назалы.
— Жоқ, оның бекер, бүгін нағыз тамаша күн. Тоқта, сен əлі ештеңе
білмейсің...
— Балалар қайда?
— Жоғарыда, радио тыңдап отыр. Олардың да жаңалығы бар.
— Жайсыз бірдеңе ме?
— Сен неге олай дейсің?
— Неге екенін өзім де білмесем.
— Немене, сенің бір жерің ауырып түр ма?
— Жоқ-ə. Мазамды ала бермеші.
— Бір қуанышты хабар бар. Жоқ, түскі тамақ ішіп болғанша
шыдайын. Тоқтай тұр, сен қалай таң қалады екенсің, бəлем көрейін!
Аллен мен Мэри-Эллен баспалдақпен ұмар-жұмар түсіп, асханаға
жетіп келді.
— Келді! — деді олар.
— Көке, дүкеніңде "Пикса" бар ма?
— Корнифлекс пе? Болғанда қандай, Аллен.
— Бірнеше қорабын бізге əкеп бересің бе?
— Міне, солардан Микки-Маустың маскасын кесіп алуға əбден
болады.
— Микки-Маусқа сен үлкейіңкіреп кеткен жоқсың ба?
Эллен:
— Қораптың қақпағын кесіп алу керек, сосын оған он цент қосып
салып жіберсең, содан кейін олар күбірлеп сөйлесуге жəне оны
пайдалануға арналған құралды қоса жібереді. Жаңа ғана радиодан
хабарлады, — деді.
Мэри:
— Не істемек екендеріңді əкелеріңе айтып беріңдер, — деді.
— Біз "Мен Американы сүйемін" деген тақырып бойынша жазылған
шығармаларға арналған бүкіл америкалық бəйгеге қатыспақпыз.
Бірінші сыйлық —Вашингтонға сапар, əке-шешеңмен бірге
президентпен кездесу. Вагон толы басқа да сыйлықтары толып жатыр.
— Тамаша! — деді Итен. — Сонда не демексіңдер? Сендерден не
талап етеді?
— Мұның жаршысы — Херстовтік газеттер! — деп дауыстады
Эллен. — Бүкіл елге жариялады. "Мен Американы не үшін сүйемін"
деген тақырыпта шығарма жазу керек. Кім сыйлық алса, соларды
теледидардан көрсететін болады.
— Ғажап! — Аллен дауыстап жіберді, — Жаман деп көрші, кəне.
Вашингтонға сапар, қонақ үйі, театр, президентпен кездесу, басқа да
шаралар тақияңа тар келмейді. Ғажап емес деші, кəне?
— Айтайын: ал мектеп ше?
— Бұл жазда ғой. Сыйлық та төртінші шілдеде. Тəуелсіздік күні
жариялайды.
— Олай болса, жарайды онда. Шынын айтқанда сендер қайсысын
жақсы көресіңдер. — Американы ма əлде сыйлықты ма?
— Əкесі-ау, бері қарашы, — деді Мэри, — көңілдерін жасытып
қайтесің!
— Мен əншейін корнфлекстен Микки-Маусты ажыратқым келеді.
Ал олар бəрін бір жерге үйіп-төгіп жатыр.
— Көке, оны қайдан алуға болады?
— Нені қайдан алуға болады дейсің?
— Мысалы, бұл жөнінде кім жазды дегенім ғой.
— Сенің арғы атаңның жақсы кітаптары көп болған. Солар үйдің
төбесінде шатырда жатыр.
— Қандай? Не жөнінде жазылған олар?
— Айталық, мəселен, Линкольннің, Дэниел Уэбстердің де, Генри
Клейдің де сөйлеген сөздері. Тороны немесе Уолт Уитманды немесе
Эмерсонды сүзіп шығуыңа болады. Иə, Марк Твенді де қара. Олар да
сонда, шатырда жатыр.
— Көке, соларды сен өзің оқыдың ба?
— Сенің арғы атаң — менің атам. Кей-кейде сол дауыстап оқып
беретін маған.
— Сен бізге шығарма жазуға көмектесесің бе?
— Онда олар сендердікі болмайды ғой.
— Жарайды, ендеше, — деді Аллен, — "Пиксоларды" ала келуді
ұмытып кетпе. Оларда темір жəне басқа да көптеген пайдалы заттар
бар.
— Ұмытып кетпеуге тырысайын.
— Біздің киноға баруымызға бола ма?
Мэри:
— Сендер пасхаға жұмыртқа боямақ болып едіңдер ғой. Олар пісіп
жатыр. Түскі тамақтан кейін террасаға шығып, соны істеулеріңе
болады.
— Ал бізге үйдің шатырына көтеріліп, кітап қарауымызға бола ма?
— Егер электр жарығын өшіріп кетуді ұмытпасаңдар болады.
Қайсыбірде онда бір апта бойы шам жанып тұрды. Оны, Итен, сен
өшірмей кетіпсің!
Балалар жүгіріп шығып кеткен соң барып Мэри:
— Сен олардың бəйгеге қатысқанына қуанасың ба?
— Əрине, қуанамын, бірақ онымен дұрыстап айналысатын болсын.
— Менің саған айтқанша шыдамым жетер емес. Марджи бүгін маған
бал ашып берді. Қатарынан үш мəрте, қайталап ашты, өйткені карта
өмірінде ешқашан бұлай шықпаған көрінеді. Үш мəрте! Картаның
қалай шыққанын мен өз көзіммен көрдім!
— О, Тəңірім!
— Алдымен тыңдашы, айтарыңды сосын айтарсың. Ал сен ұзын
бойлы қара торылар жайлы ылғи да қалжыңдай бересің, енді оның бал
ашып, маған не дегенін білесің бе? Ешқашан таба алмайсың! Кəне,
байқап көрші!
Ол:
— Мэри, мен алдын ала ескертемін, — деді.
— Ескертесің бе? Иə, сен білсең еді. Менің байлығым — мына сенсің.
Ол бір ашулы ащы қысқа сөзді мұрнының астынан міңгірледі.
— Сен не дедің?
— Мен: байлықты тауыпсың, — дедім.
— Сен солай деп ойлайсың, ал карта мүлдем басқаша ойлайды. Ол
үш мəрте қатарынан жаңылмай, жаңсақ баспай, бірдей болып шықты.
— Карта ойлай ма?
— Карта бəрін біледі, — деді Мэри. — Ол балды маған арнап ашты,
ал ондағының бəрі сен туралы болып шықты. Сен осы қаладағы
айтулы мықтылардың бірі боласың. Менің айтқанымды естіп тұрсың
ба? Айтулы мықтылардың бірі боласың дедім ғой. Жəне бұл көп
ұзамай, таяу күндерде болады. Тіпті жақын уақытта. Картаны қалай
ашса да ақша, ақша түседі. Сен байисың.
— Мэри, қымбаттым, өтінемін, абайлашы!
— Сен ақшаңды тиімді етіп орналастырасың.
— Қайдағы ақша?
— Менің ағамның ақшасы ше. Басқа қандай ақша болушы еді.
— Жоқ! — деді ол даусын көтеріп, — Мен ол ақшаға тиіспеймін.
Олар сенікі, сол сенікі болған күйінде қалады. Мұны сен өзің ойлап
таптың ба, əлде...
— Ол ақша жөнінде аузына да алған жоқ, карта да ондай ештеңе
айтқан жоқ. Шілдеде сен ақшаны тиімді етіп орналастыратын боласың,
бəрі, міне, осыдан кейін басталады - бірінен соң бірінің ылғи да сəті
түсе береді. Көңілдегідей шыққанын қарашы!
Ол тура былай деді: "Сіздің байлығыңыз — мына Итен. Ол аса бай
адам, керек десе, бүкіл кенттегі ең мықты болуы да əбден ықтимал!" —
міне, дəл осылай деді.
— О, басқан жеріңе шөп шықпағыр! Оның қандай қақысы бар?
— Итен!
— Өзінің не істеп жүргенін сірə да сол ойлай ма екен? Ал соны сенің
өзің ойлайсың ба?
— Мен жақсы жармын, ал ол — менің жақсы құрбым. — Міне, мен
мұны шүбəсіз білем. Əсілі, біздің сөзімізді балалар естіп жатқанда
менің сенімен сампылдап салғыласқым келмейді. Марджи — менің
сырлас-сыйлас ең жақсы құрбым. Оның саған ұнамайтынын да сеземін
Демек, сен мені көңілдес құрбыларымнан қызғанасың — гəп, міне,
осында. Мен күні бойы көңілім тасып қуанып жүрсем, көрмейсің бе,
бəрінің астан-кестенін шығардың, сенің жөн-жосықсыз істеген бұл ісің
ақылға қонбайды. — Көңілі қалып, өкініш өзегін өртеген Мэридің өңі
қуарып, түсі бұзылып кетті. Ол өз түсінің осы бір күтпеген кедергісі
үшін өңінде өзінше өш алғысы келді. — Əншейінде таптырмайтын
ақылдының аяқ астынан шыға келгенін қарашы? Отырып алып
жұрттың бəрін іреп-мінеп сойғанда қандай шебер. Сен осының бəрін
Марджи арамдықпен, алагүлік арамдықпен əдейі жасады деп ойлайсың
ба? Жоқ, əсте де олай емес. Өйткені картаны жаяр алдында үш реттің
үшеуінде де мен оны өз қолыммен кестім. Жарайды, егер ол картаны
əдейі қаттады дегеннің өзінде сонда оны не үшін істеді? Меніңше, ол
тек мұны бізге деген адал көңілін, достық ыстық ықыласын білдіру
үшің, барқадар əлінше қалайда бір көмегін көрсету үшін істеді. Ал
сеніңше ше, данышпан? Кəне, бір сұмдықты ойлап тап, ойла!
— Егер шамам келсе, ойлап табар едім, — деді ол, — турасына
келсек, ол барып тұрған кəдімгі қаскөй. Ештеңені істемейді, қолы бос,
күйеуі жоқ. Зеріккеннен осындай қайдағы бір келеңсіз істермен
айналысып, соны ермек етеді.
Мэри үнін басып əлдебір зілдене сөйледі:
— Қаскөйліктен сен не түсінесің? Қаскөйлікпен қарсы ұшырасып,
қақтығысып қалған күнде де — сен дəнеңе түсінбейсің. Марджи
байғұстың қандай қасіретке төзуі керек екенін сен білсең ғой?! Біздің
қалада оның қыр ізінен қалмай зарығып жүрген еркектер де бар. Көпке
белгілі, некелі, əйтсе де əйелі бар адамдар жарбаңдап-жалпаңдап
етегінен жармасып əсте қалмайды. Жексұрындар! Марджи кейде
солардан қайда қашып тығыларын білмейді. Сондықтан да ол менімен
жақындасқысы келеді, жалпы əйелдер арасындағы сырластық,
достыққа зəру. Менің одан естімегенім жоқ шығар. Кім? Қандай
адамдар. Сен өмірінде сенбес едің. Қайсы біреулер көпшілік көзінше
оны əлдеқалай ұнамағансып жөгіленеді де, ал өздері болса, бұғыппысып оған жүгіреді яки телефон шалады, жолығуға уағдаласады...
Жəдігөй сүмелектер! Сөз жүзінде əдептілікті ауыздан тастамайды, ал іс
жүзінде... Ал сен қаскөй дейсің.
— Ол саған əлдебіреудің есімін айырып атады ма?
— Жоқ, атаған жоқ, бұл да оның əдептілігін танытады. Марджи өзге
жұрттың бəрінен зəбір көріп жүрсе де, оның өзі ешкімге кесірін
тигізгісі келмейді. Тек ол мен бір адам жайлы айтсам, оған сен өмірінде
сенбейсің деді маған.
— Иə, — деді ол — Егер айтсам бар ғой, сенің шашың аппақ болары
сөзсіз.
Итен кеудесін кере дем алды да, аз аяңдап барып бар пəрменімен бір
күрсінді.
— Апырмай, сонда бұл кім болды екен? — деді Мэри, — əлгі жұмбақ
жанның біздің таныстарымыздың бірі екеніне ол айдан анық емеурін
танытты, бірақ біз оған ешқашан сенбеген болар едік.
— Қолайлы жағдай болғанда, əрине, емеуріннен нақты атаққа көшер
ме еді? — деп күбірледі Итен.
— Егер оны тек қыстаған жағдайда амалсыздан айтар еді. Оның өзі
солай дейді. Егер оның ар-намысын, абырой-атағын... е... е... — қорғау
керек болған жағдайда ғана... Сонда бұл кім болды екен, сен қалай
ойлайсың?
— Бəлкім, мен білем ғой деймін.
— Білесің бе? Айтшы, кім ол?
— Мен.
Мэри аң-таң аңырып қалды.
— Түу! Ақымақ! — деді ол, — ылғи мені іліп-қағасың да жүресің.
Əлдеқалай аңқаулық жасап аңдамай қалсам бітті, қалт жібермей қағып
түсесің. Дегенмен сенің томсырайып тұнжырағаныңнан гөрі осының
өзі жақсы.
— Естімеген елде көп. О, дүбірге толы дүние! Күйеуі өз жұбайына
күпірлік жасап, оның жанындай жақын сырлас құрбысымен
зинақорлық қатынасқа барғанын мойындайды. Ал зайыбы оны келекекүлкі етеді.
— Бұлай күстəналауға болмайды.
— Əлде күйеуі безеріп бəрінен ат-тонын ала қашуы керек пе еді?
Онда ең болмағанда жұбайы оған өзінің күпірлі күдігін күмəнсіз
білдірген болар еді. Жаным-ау, барлық əулие-əмбиелердің атымен ант
ішемін: Марджи Янг-Ханттың қылымсыған кесапат қылығына меңзер
менің сөзбен де, іспен де зəредей кінəм жоқ. Кəне, айтшы, сенің көзіңе
шөп салып жүргеніме осы өзің сенесің бе?
— Сен бе?
— Демек, сенің ойыңша мен анау айтқан əдемі, айбарлы да жан
емеспін ғой? Басқаша айтқанда, қолынан түк келмейтін сүмелек.
— Менің қалжыңдасудан қашпайтынымды өзің де жақсы білесің,
бірақ бұл — қалабай-қалжыңды мүлде көтермейтін тақырып. Уа,
Тəңірім-ау, балалар əлдеқалай сандықтарды ақтарып жүрмесе, жарар
еді-ау! Бəрін шашып-шашып тастайды да, оны жинап кетуді
ойламайды ғой.— Мен тағы бір əрекет жасап көрейін, менің айдай əсем
жарым! Есімі М.Я.Х. əріптерінен басталатын бір əйел өзінен бөтен
ешкім білмейтін себептермен менің аяқ басар айналама теп-тегіс
тұзағын жайып тастады. Маған солардың біріне, əлде тіпті біреуіне
ғана емес, түсіп қалу қаупі шүбəсіз төніп тұр.
— Неге болашақ жайлы ойламайсың? Карта шілдені нұсқады ғой, бір
емес, қатарынан үш мəрте шықты емес пе? Мен өз көзіммен көрдім.
Сенің көп ақшаң, нөпір ақшаң болады. Осы жайлы ойлан.
— Көжегім-ау, шынымен-ақ сен ақшаны сонша жақсы көресің бе?
— Ақшаны жақсы көресің бе дейсің бе? Мұны қалай түсінуге
болады?
— Сол үшін көз бояушылыққа, бақсылыққа, сиқырлыққа, арам
ниетті алдау-арбаудың басқа да түрлеріне ұры-қарлықтай ақшаға сен
шынымен сонша зəру болып-ақ тұрсың ба?
— Жарайды, ендеше, өз обалың өзіңе. Бастаған сен өзің! Мен сенің
көлгірсіген көпірме сөздің көлеңкесіне жасырынып қалуыңа
көнбеймін. Мен ақшаны жақсы көрем бе? Жоқ, мен ақшаға таңсық
емеспін. Десе де, ылғи таршылықта, тапшылықта болғанды да
қаламаймын Мен өзіміздің кентте именбей, еңсемді көтеріп жүргім
келеді. Мен өз балаларымның басқалардай, айталық, кейбіреулер
тəрізді киініп жүре алмағандығынан өздерін өзгелерден қораш, төмен
сезінуіне тəнті емеспін. Мен еңсемді еркін көтеріп жүргім келеді.
— Ақша сонда сенің еңсеңе тіреу бола ма?
— Ол сенің менменсіген достарыңның мүскінінен жəдігөйліктің
кекесін күлкісін жояды.
— Хоулилерді ешкім келеке ете алмайды.
— Тек сен ғана солай ойлайсың! Сен ондайды көрсең де көрмейсің.
— Бəлкім, мен ондайды əсте күтпеймін, сондықтан да көрмейтін
болармын.
— Сен сонда, өзіңнің жалғанда
Хоулилеріңмен мені өлтіргің келе ме?
тең
келмейтін
асыл
жан
— Жоқ, жаным. Қазір мұндай қару біршама көнерген.
— Құдайға шүкір, ең болмаса осыған көзің жетіпті. Біздің қалада,
тіпті жалғыз бізде ғана емес, Хоули əулетінен шыққан қарапайым
сатушы, бар болғаны ол кəдімгі сатушы ғана.
— Сен менің сəтсіздігім үшін табалап жатырсың ба?
— Жоқ. Əрине, жоқ. Бірақ мен сені сол сəтсіздікке малтығып, содан
шыға алмай қалғаның үшін кінəлаймын. Неге десең, егер сенің
жадында жатталып қалған жадағай жаңсақ ескі ұғымың болмаса, сен ол
құрдымнан əлдеқашан құтылып шыққан болар едің. Сені бəрі келеке
етеді. Ақшасы жоқ абзал жігіт те, жалаңаяқ жақыбай да бір. — Бұл сөз
абайсызда аузынан қалай шығып кеткенін аңғармай қалған ол
қысылғанынан сəл қымсынып, үндемей қалды.
— Амал қанша, — деді Итен. — Əйткенмен мұның маған сабақ
болды, көжегім менің. Тіпті бар ғой, біреу емес, үш бірдей сабақ болды.
Сірəсінде айтса, адам нанбайтын үш нəрсе бар сияқты. Шынайы
шындыққа сенбейді, болуы əбден ықтималға жəне бар ма, қиысып
тұрған кəдімгі қисындыға сенбейді. Менің тауқыметті тағдырымды
қайта түлететін əлгі ақшаны қайдан алуға болатынын мен енді білсем
керек.
— Қайдан?
— Банк тонаймын.
— Пештегі жылуды реттеп тұратын қоңырау үзік-үзік безектей
бастады.
— Барып балаларды шақырып кел — деді Мэри. — Мен бəрін
əзірледім. Оларға айт жарықты өшірсін.
Ол ұзап бара жатқан аяқ тықырына құлақ тосып, аңырып тұрып
қалды.
III тарау
Менің əйелім, менің Мэриім бейнебір артындағы есік тарс
жабылғандай, ың-шыңсыз бірден ұйықтап кетеді. Мен оған ылғи да
қызғыштай қызғанышпен қызыға қараймын. Ол бейнебір əсем денесін
құндаққа бейімдегендей астына бір сəт қымтанып, қыбырлап жатады.
Сосын кеудесін керіп терең бір дем алады да, сол біткенше оның да
көзі кілгіріп, ұйқыға кетіп үлгереді, езуінде қаймақшыған грек
құдайларына тəн мұңсыз да жұмбақ шалық пайда болады. Сол
жымиған қалпында ол түні бойы тырп етпей ұйықтап шығады,
арагідік кəдімгі мысықтың баласындай пырылдайды. Кенет денесі
лапылдап күйіп-жанып кетеді, оны тіпті жанында жатқан мен де сезем,
бірақ соның бəрі əп-сəтте басыла қалады да, ол қиырсыз қияға алыстап
кетеді. Оның қайда екенін мен білмеймін. Өзін əсте түс көрмеймін деп
ол мені иландырмақ болады. Бұлай болуы, əрине, неғайбыл Əсілі,
көрген түстері өзін мазаламайтын шығар не жанын жəбірлеп, əнтек
азапқа түсіретін болар, яки ол өзі ұйқыдан оянғанша көргенін түгел
ұмытып қалатын да шығар. Ол ұйқыны ұнатады жəне оның ұйықтауы
да оп-оңай. Мен сияқты емес. Қанша ұйқы қысып тұрса да, мен алаңсыз
ұйықтап кете алмай əлекке түсем.
Əңгіме бұл арада мынада ғой деп білем: Мэри өзінің мəңгі өмір
сүретініне кəміл сенеді, ол бұл өмірден басқа өмірге қазіргідей түннен
күнге ауысқанындай оп-оңай ауыса саламын деп ойлайды. Бұған ол
табиғи тыныстағаны сияқты алаңдамай шүбəсіз сенеді. Міне,
сондықтан да ол ешқашан асықпайды, ұйықтауына, демалуына əбден
болады, тіпті бір сəтке тіршілік атаулыны тəрк етуіне де болады.
Ал мен болсам, өмірімнің ерте ме, кеш пе, қалайда өтетіні санама
сартап болып сіңген жанмын, сондықтан ұйқыға қандай ынтық болсам
да, ол аздай, бір пəс көз шырымын алу үшін алуан-алуан айла-шарғы
жасауға барсам да, мен оны маңыма жолатпай қуамын. Қашанда мен
қажып, қалжырап, ауыр азаппен ұйықтаймын. Мұны мен білем.
Өйткені есеңгіреткен соққыдан əлі есімді жиып үлгермей жатып, қас
қағымда қайта оянған сəттерім болған. Мен тіпті ұйықтап жатқанның
өзінде дамылдау дегенді білмеймін. Əртүрлі аң ұсқынды, қарағайдай
мүйізі бар, əлем-жəлем киінген əулекі əуейлер тобыры асыр салып
билеп жатқан тəрізді өңі айналдырылған түрде мені сол баяғы күндізгі
тіршіліктің қам-қарекеті қинап жатады.
Мэриге қарағанда менің ұйқыға уақытым аз кетеді. Ол айтады көп
ұйықтау менің қажеттілігім дейді, мен оған келісемін, бірақ оған өзім
онша илана қоймасам да, менде ондай қажеттілік жоқ. Əрине, əу баста
əрбір ішкен тамақтың есесінен үнемі толығып отыратын тіршілік
қуатының белгілі бір дəрежеде қоры жасалғаны анық. Қайсыбір
баланың қолындағы мəмпəсиін ашқарақтанып тезірек жеп қоюға
асығатыны, ал кейбіреуінің оған онша асып-саспайтыны сыңайлы
тіршілік қорын тауысқанша тыным таппайтын адамдар да болады. Бір
құртақандай қыз бала қолындағы мəмпəсиін ашып үлгергенше,
тəттінің болғаны тарс есінен шығып кететін жел-құйын жүгірмектер
əрқашан табылады. Менің Мэриім, бəлкім, маған қарағанда əлдеқайда
ұзақ өмір сүретін болар. Ол бойындағы қуатының бір пəресін əманда
кейінге іркіп отырады. Ерлерге қарағанда əйелдердің ұзақ өмір
кешетіні айдай ақиқат.
Қасіретті жұмада мен қашанда алаңдап, қатты толқимын Сонау бала
кезімнің өзінде-ақ крестке асылғанның азабын емес, оның
жалғыздықтың жапасын шеккен қасіретін ойлап, жүрегім қан
жылайтын Жаңа Англияда тұратын Дебора апайымның тақылдаған
даусымен санама сіңген Матфей сөзінің мұңлы сарынынан мен əлі
күнге құлантаза құтыла алмай келем.
Биылғы жылы көңіл айрықша назалы. Бейнебір əңгіме сен туралы
болып жатқандай-ақ, соның бəрін амалсыз өз бойыңа шақтайсың.
Бүгін, міне, Марулло кəсіпкерліктің құпия қыр-сырын менің алдыма
жайып салды, ал мен көп нəрсенің мəн-жайын енді ғана ұққандаймын.
Соның ізінше іле-шала маған өмірімде тұңғыш рет пара ұсынды. Менің
жасымда мұны айтудың өзі ұят, əйтсе де бұрын-соңғы болған мұндай
жағдай шынымды айтсам, жадымда жоқ. Сосын тағы Марджи Янг-Хант
бар ғой. Ойында не бар əлде бақ па, əлде дақ па? Оның менде несі бар?
Мені емексіткендей əлдебір тосын емеурін танытқаны тегін болмаса
керек жəне онымен де қоймай, менен өз тағдырымнан өзім бас
тартпауымды талап етеді, əйтпесе тіпті ақыры аянышты боларын да
ескертеді... Адам өз өмірін өзі жобалап жасай ала ма əлде ол барына
шүкір деп қарапайым ғана, кəдімгідей өмір сүруі керек пе?
Мен Мэриімнің рақат құшағында ұйқысырап, бейбіт қана
пырылдаған бірқалыпты тынысын тыңдап, талай таңды көз ілмей
өткіздім. Қараңғыға ұзақ телміріп қарасаң, көз алдында көлбеңдеп
қайдағы бір қызыл дақ пайда болады, мелшиіп өтпейтін сияқты
көрінеді. Мэри ұйқыны тəуір көретіні сондай, мен əрқашан, тіпті
денеме электр қуатындай бірдеңе шымырлап таралып жатқанның
өзінде де оның ұйқысын бұзбауға тырысамын. Мен аяғымды төсектен
түсірдім дегенше, ол заматында оянып кетеді. Бұл оны шошытады.
Ұйқы қашудың ол бір ғана себебін біледі—ауру, егер мен ұйықтамасам,
онда мені ол ауру деп ойлайды.
Алайда сол түні менің төсектен түсіп, үйден шыққым келді де тұрды.
Мэри жаймен пырылдап ұйықтап жатыр, ернінде əдеттегіше бəз-баяғы
жымиған күлкісі. Бəлкім, оның түсіне мені алда күтіп тұрған сəттілік
пен байлық кіріп жатқан болар. Мэри менмендіктен де құралақан емес
қой.
Бір ғажабы — адам осы белгілі бір жерде əдеттегіден гөрі əлдеқайда
тəуір ойлайды деп кенет неге өзін-өзі иландыруға ұмтылады екен.
Менің сондай бір орным бар. Ол көптен бері бар, бірақ, шынымды
айтсам, сол жерде болғанда мен ондай көп ойлай да бермеймін, қайта
көбінесе сезімге, назалы алаң көңіл күйіне, өткен-кеткен естеліктерге
берілемін. Бұл менің жат көзден жасырын, құпия баспанам — мұндай
оңаша орынның, əрине, əркімде де болуы даусыз, тек соны ешқайсысы
мойындамайды.
Кəдімгі қалыпты табиғи жүрістен гөрі, қайта аяқты ақырын басып,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 04
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.