Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 14

Total number of words is 4017
Total number of unique words is 2434
31.4 of words are in the 2000 most common words
45.5 of words are in the 5000 most common words
52.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Оған мен де қуаныштымын. Мені қарттар қатарына қосуды сен
қайдан ойлап таптың?
— Қартсың ба, қарт емессің бе, бəрібір көбелек-галстук тағуға сен
кəрісің.
— Сен қаршадай қыңыр қияссың.
— Егер жұрттың бəрі күлсін десең, онда мейлің, өзің біл
— Иə, маған керегінің өзі сол Мэри, жұрттың бəрі күлгенін сен де
қаламайсың ба?
— Көкеңнің мазасың ала берме, оның əлі суға шомылуы керек. Мен
көйлегіңді əзірлеп қойдым, төсектің үстінде жатыр.
— Мен шығармамның жартысын жазып бітірдім, — деді Аллен.
— Оның дұрыс болған екен, өйткені жазда мен сені бір істің басына
қоймақпын
— Ол қандай іс?
— Менімен бірге дүкенде істейтін боласың.
— Қойшы! — мұндай болашақ — оның лепірген көңілін
көншітпейтіні бесенеден белгілі болып тұр.
Эллен бірдеңе айтқысы келіп, аузын аша берді де, бірақ біз аңырып
аузына қарасақ, ол одан əрі үндемей қоя салды. Біз қонаққа кеткен соң,
олардың не істеуі жəне не істемеуі керек екенін Мэри балаларға бір
жүз сексен бесінші мəрте шиырлап түсіндіріп жатты, ал мен болсам,
ванна қабылдау үшін жоғарыға көтерілуге бет алдым. Мен айнаның
алдында өзім ұнататын бұршақ суреті бар көкшіл көбелек-галстугімді
тағып жатқанымда Эллен кіріп келіп, босағаға сүйеніп тұра қалды.
— Егер сен сəл жастау болсаң, ештеңе етпес те еді, — деді ол
айнымаған кексе əйелдерше.
— Сенің болашақ бақытты жарыңды қызғанышпен күндемеген
болар едім, қымбаттым менің.
— Жоғары кластың жасөспірім балалары да көбелек-галстук
тақпайды.
— Ал премьер Макмиллан тағады.
— Оның жөні бөлек. Кітаптан көшіріп алу да жүліктің көкесі.
— Түсінбедім.
Айталық, егер біреу, мысалы, егер мен шығарма жазған кезде
бірдеңелерді кітаптан көшіріп алсам, сонда мұны қалай деуге болады?
— Сен бірдеңелерді деп айтқың келді ме?
— Айталық, бірдеңелерді.
— Бұл сенің оны қалай істеуіңе байланысты.
— Енді мен түсінбедім.
— Егер сен тырнақшаға алып, авторы кім екенін арнайы айырып
көрсететін болсаң, онда бұл сенің еңбегіңнің беделін көтеріп, мəнін
арттыра түседі. Асылы, американдық əдебиеттің жарым-жартысы
сондай үзінділерден, теріп алынған қысқа да тұжырымдардан тұрады.
— Ал егер ондай тырнақшасыз болса ше?..
— Онда бұл кəдімгі ұрлықпен бірдей, барып тұрған ұрлықтың өзі
болып шығады. Сен ондай өрескел ештеңе жасамаған боларсың деп
сенем.
— Жоқ.
— Ендеше, сен неден қымсынасың?
— Бұл үшін түрмеге отырғызуы мүмкін бе?
— Егер сен сондай əдіспен ақша тапқан болсаң, онда отырғыза
алады. Сондықтан сенің, қызым, ондайды істемегенің абзал. Жарайды,
одан да сен менің галстугім жайлы не айтасың?
— Мен айтсам бар ғой, осы сенімен сөйлесу мүмкін емес.
— Егер қазір сенің төменге түскің келіп тұрған болса, сен өзіңнің
сүйікті ініңе айта бар, оны алуға лайық болмаса да, мен оған, əлгі
делқұлы Микки-Маусын алып келдім.
— Сен ылғи да айтылған сөзге құлақ асып, ықылас қойып
тыңдамайсың.
— Мен бəрін де зейін қойып, ықыласпен тыңдадым.
— Жоқ, тыңдамадың. Кейін өзің өкінетін боласың.
— Қош бол, көгілдірім. Аққумен қиылып қоштас!
Ана сүті əлі аузынан кетпеген ол əзəзіл иектеген азғырушы
бейнесіндей енжар, еріне басып төменге қарай беттеді. Он екіде бір
гүлі ашылмаған бүлдіршін бикештер мені əрдайым осылай абыржулы
алаң, мазаң ойға түсіріп, тұйыққа тірейді. Олар əманда бүлдіршін
бикештер болып шығады.
Менің Мэриім кəдімгі ай десе аузы бар, күн десе көзі бар əдемі,
айдынды ажары бар хас сұлу болатын. Оның болмысы бөлек, он
бойынан сұлулық шұғыласы арайлап тұрғандай. Ол мені қолтығымнан
алып, көше бойындағы шамдардың самаладай жарығына малынған
Шегіршінді көшесін көмкерген алып ағаштардың саясымен серуендеп
өткенде, оллаһи бар ғой, біздің аяғымыз мəреге тақап қалған, тұяғына
шаң жұқпайтын тумысы таза тұлпардай, ерен екпінмен алаңсыз-ақ
адымдай түсті.
— Біз екеуміз Рүмге барамыз. Мысыр сен үшін тым шағын, аядай.
Кең шалқар, көсілген əлем шақырады.
Ол мырс ете қалды. Шынымды айтсам, ол біздің қызымыздың
мерейін асыра түсетін өзгенің емес, өзінің тол пікірін жасқанбай жария
етті.
— Жаным-ау, біз бұдан былай зиялы қауыммен жиі араласып
тұратын боламыз.
— Қашан?
— Байыған кезде.
— Ал ондай күн қашан болады?
— Таяуда. Мен саған би билейтін туфли киюді үйретем.
— Ал сен он долларлық қағазға оралған сигар шегіп тұратын
боласың.
— Жиырма долларлық.
— Сен маған ұнайсың.
— Ой-хой, мэм (бəйбіше), ондай сөзді айтуға ұялсаңшы. Менің
бетімді қып-қызыл еттің ғой.
"Фок-мачтаның" иесі жақында ғана көше бетке шығатын терезеге
шөлмектің қалың шынысынан төрт бұрыштап қиып жасалған
əйнекпен əшекейленген рамаларды қат-қабаттап қойған болатын.
Мұның өзі мейрамханаға ертеде болған ескі дəмхананың кейпін беруге
тиіс болған-ды жəне де бұл оған сондай біршама сипат беріп тұрған
тəрізді де, əйтсе де, оның есесіне, сырттан қараған адамға үстел
басында отырғандардың бет-əлпеті сұмдық өзгеріп, құбыжық болып
көрінетін. Біреуінде сопиған ұсқынсыз ұзын жақ сүйегі бет-аузын
түгел жауып кетсе, басқа біреуінде бақшиған бақадай адырайған
алақандай көз ғана қалған, алайда, əділін айтқанда, терезе алдындағы
жəшікте шешек атып тұрған қазоты мен лобелия гүлдері ғана
алдаусыз да алғаусыз шынайы көненің көзін елестетіп еске
салатындай.
Марджи бізді күтіп отыр екен. Оның түр-тұлғасы аумаған кеңпейіл
қонақжайлылықтың куəсі. Ол алдымен бізге Нью-Йорктен келген
өзінің көңілдесі Хартог мырзаны таныстырды, оның беті кварц
шамының қызуымен тотыға күрең тартыпты, ал аузындағы сығылыса
тізілген ұсақ тістері құдды жүгерінің үгілмеген собығына ұқсайды.
Хартог мырза целлофанға оралып, жақсы жайғастырылған болып
шықты, айтылған əзіл-оспаққа құптап басын шұлғып, сылқылдап
күлуден əсте жазбады. Бұл оның əңгімеге араласқан түрі болса керек,
менің ойымша, оның мұнысы сəтті шықты ғой деймін.
— Танысқанымыз қандай тамаша болды, — деді Мэри сыпайы ғана.
Хартог мырза күлді.
— Сіз, бəлкім, өзіңіздің қалаулы бикеңіздің сиқыршы екенін білетін
боларсыз?
Хартог мырза тағы күлді. Біз бəріміз де қысылып-қымтырылмай,
өзімізді əдеттегідей емін-еркін сезіне бастадық.
— Сіздерге терезе алдынан үстел қалдырылды, анау тұрған, — деді
Марджи.
— Көріп тұрмын, сіз əдейі гүл де алдырыпсыз, Марджи.
— Сіздің ыстық ықыласпен үнемі көрсетіп жүрген сыйластық
құрметіңізді, Мэри, орайын тауып мен де бірдеңемен өтеуім лəзім ғой
деймін.
Біз үстел басына жайғасқанша, олардың осы сарындас сыпайы
əңгімесі əсте үзілмеді, содан соң бəрі Марджидің нұсқауымен əркім оз
орнына отырысты. Ауыздан шыққан əрбір сөзден кейін ыржалақтаған
Хартог мырзаның ғана күлкіден езуі жиылмады. Шамасы, ақылы асқан
адам болса керек. Мен қалай да оның аузынан жалғыз сөз болса да
естуге ұйғардым, əрине, қазір болмаса оны кейінірек істерім хақ.
Үстел үсті жасаулы мерекедей жайнайды: көз тұнар аппақ
дастарқан мен күміс ыдыс-аяқтар, тіпті сол өзі күміс болмаса да көрер
көзге күмістен де бетер, аршылған ақ күмістей.
— Сіздер менің қонағымсыздар, — деді Марджи, — демек, ендеше,
бұл дастарқанды мен өзім басқарамын. Міне, соның алғашқы қадамы —
сіздерден рұқсат сұрамай-ақ, мен бəрімізге мартини шарабын
алдырдым.
Хартог күліп қойды.
Мартини рюмкаға емес, қасында торғай ваннасы бар бокалдарға
құйылып əкелінді жəне əрқайсысының ішінде бір тілім лимонның
қабығы қалқып жүр. Алғашқы жұтым қансорғыш жарқанаттың
шаққанындай бір пəс ауыздан асқан бойда өзекті өртеп өткенде содан
басқа сезіну атаулының бəрін мансұқ еткендей болды да, ізінше ішіңе
жанға жайлы ғажап бір жылылық құйылып, он бойыңды балқытып
жібергендей мажырасын бейжай күйге бөледі, сонда, шын мəнінде, ол
айрықша дəмді де болып кетті.
— Қазір тағы бір қайталап жіберелік, — деді Марджи, — мұнда
тағамды тəп-тəуір дəмді даярлайды, ал екі мартиниді алып жіберген
соң ол одан да тəуір бола түседі.
Мен бірден екі мартиниден бастауға болатын дəмхана ашуды
талайдан бері армандап жүргенімді айттым. Ауқатты болудың
таптырмас əдісі.
Хартог мырза күлді, мен аузымдағы лимон тілімін шайнап бітпей
жатып, үстел үстіне сондай тағы да төрт торғай ваннасы келіп
жайғасты.
Екінші мартинидің алғашқы жұтымынан соң-ақ Хартог мырзаға тіл
бітті, сөйлеу қабілеті пайда болды. Сөйтсек, оның даусы əдеттегі
актерлердің, əншілер мен тірі пенде сатып алғысы келмейтін
тауарларын өткізудің амалын іздеп əлекке түсіп жүретін кезбе
саудагерлердің даусындай екпіні бəсеңдеу, тосын құлаққа естілуі
қасаңдау, үнділігі жуандау шығатын баритон екен.
— Мен Янг-Хант бикеден сізді Нью-Бэйтаунньщ сауда-саттықпен
айналысатын кəсіпкерлер тобынан деп естідім, білем, — деді ол —
айтқандайын, тамаша кент. Əдет-ғұрыптары атамзаманнан бері қазқалпында сақталған.
Мен өзімнің сауда-саттық саласына қай жағынан жəне қандай
қатысым бар екенін байыптап, бақайшағына дейін шағып баяндап
беруге оқтала бергенімде Марджи алдымды орап, əлденені ескерткісі
келгендей ишарат танытты.
— Хоули мырза — біздің өлкеміздің өскелең күшінің өкілі, — деді ол.
— Е, солай ма еді?! Сонда, Хоули мырза, сіз немен айналысасыз?
— Бəрімен, — деді Марджи. — бірақ өзіңіз де түсінетін боларсыз,
əрине, оның бəрін ылғи жария жасай бермейді. — Оның көз жанарында
масаңдықтың маздаң ұшқыны ойнағандай жалт-жұлт етті. Мен Мэриге
көз қырын тастап едім — оның жанары жаңа ғана жасаң тартып, ендіенді бұлдырап, кілгіре бастапты, содан барып, е-е, біздің
сыбайластарымыз, ең болмағанда Марджи, оңашалап бізден бұрын бірекі рюмканы қағып алған-ау екен деген күдікті ой түйдім.
— Маған үнімді шығармай, қыбын тауып құтылғаннан басқа амал
қалмады, — дедім мен.
Хартог мырза тағы да күлді.
— Сіздің зайыбыңыз əйбат екен. Мұндай зайыбы болу — бұл кез
келген шайқаста жеңістің елу пайызы жанқалтаңызда деген сөз ғой.
— Бəлки, жүз пайыз да болар.
— Итен, Хартог мырза біз бен сіздің арамызда сондай шайқастар
болып тұрады деп ойлайтын шығар?
— Өзі де солай емес пе? — Мен жарты бокалды бірден қағып
салдым, ішке құйылған жылы толқын лезде жанарымды жауып кетті.
Терезе əйнегінің қосалқы рамасындағы торт бұрышты қиығына
қондырылған шөлмектің қалың шынысы балауыз шамның жамыраған
жарығына шағылысып, шыққан сəуле менің көз алдымда баяу
үйірілген бойы сейілмей тұрып алды. Бəлкім, бүл менің сезімтал
көңілімнің сенгіш те нанғыш қасиетіне орай пайда болған ерекше
əсердің желеуі де болар, өйткені «Янг-Хант бикем — Шығыстың
сиқыры, оның құйған мартиниі əдеттегі мартини емес. Ол — уланған
ішімдік» деп алыстан талмаусырап келіп, əлі де құлағыма естіліп
жатқан үн менің өз даусымнан аумайтын еді. Жарқыраған шамның
сиқырлы сəулесі бəз-баяғы қалпында менің жанарымды арбап,
назарында матап тұрған-ды.
— Ал мен өзімді қашан да Озма санаушы едім. Өйткені Шығыс
сиқыршысы мейірімсіз, кісінің көзін байлайтын сиқыршы болатын.
— Сұмдық мейірімсіз.
— Бірақ ақыр соңында беті бері қарай бастады ғой деймін. —
Терезенің алдымен көше жақтан біреу өтті. Бірақ қисық шыны оның
ұсқынын бұзып, кескінін келемеждеп көрсетуде, ал мен мойнын сол
жағына сəл қисайта қыңырайтып алғанын, қотан аяғын ішке қарай
одағай орап, солтақтай басқанын байқадым. Дэнни дені сауда тап
солай жүреді. Мен заматында ойша орнымнан атып тұрып, соңынан
қуа жөнелдім, Шегіршінді көшесінің қиылысына дейін жүгіріп бардым,
бірақ қарасынан көз жазып қалдым, зым-зия ғайып болды. Əлде көрші
үйдің қапталдағы қақпасынан зып етіп кіріп кеткені ме, кім білсін Мен:
"Дэнни, Дэнни! Ақшаны маған қайтып бер. Дэнни, қайтып бер деймін,
өтінем сенен. Ол ақшаны алма, уланған. Мен оны улап қойғанмын", —
деп айғайладым.
Мен күлген дауыс естідім. Хартог мырзаның əйгілі күлкісі.
Сосын Марджи:
— Жо-жоқ, одан да Озма болғанды жөн көрем, — деді. Мен көзімде
мөлтілдеген жасты қағаз орамалмен сүртіп тастап:
— Мұны ішуге болады, бірақ көз жуудың қажеті жоқ. Ол күйдіріп
жібереді, — дедім.
— Шынымен сенің көзің қызарып кетіпті, — деді Мэри. Бірақ мен
оларға қайтып орала алмадым, тіпті күлдіргі көміп, көңіл көтеретін
қызық əңгіме айтқан өз даусымды естіп отырсам да, ол ол ма, еріксіз
езу жиғызбас күлкілі етіп, тіпті тамсандырар тапқырлықпен айтып
отырған болсам керек, менің Мэриімнің алтындай айшықты, күндей
күлімдеген күміс қоңыраудай сыңғырлаған күлкісін естіп елітіп
отырсам да, мен, əйтеуір оларға əсте орала алмадым. Меніңше, Марджи
мұны ұққанға ұқсайды. Сайтан алғыр, ол көкейінде айтылмаған күдікті
сауалы бардай менің жүзіме сұқтана қарай қалыпты. Түстік қонақасыда
не ішіп, не жегенімді білмеймін Бəлкім, балық болған шығар, өйткені
ақ шарап ішкенім есімде. Терезенің əйнегі кəдімгі петперек тəрізді
шыр айналып тұрды. Сосын коньяк əкелінді, асылы, біз кофе ішкен
болармыз, сонымен түскі қонақасы тəмамдалды-ау деймін.
Бəріміз көшеге шыққан кезде Мэри Хартог мырза екеуі бізден сəл
озыңқырап кеткен болатын Марджи менен:
— Сіз осы қайда болдыңыз? — деп сұрады.
— Түсінбедім, сіз не жайлы сұрадыңыз?
— Үстел басында отырды демесе, сіз бізбен бірге болмадыңыз ғой?
— Астапыралла, аулақ-аулақ пəлекет.
— Жарайды, замандас, — дей салды ол.
Үйге қайтар жолда мен ағаштың көлеңкесін қуалай жүруге
тырыстым. Мэри менің қолыма асылып алды, аяғын аздап шалыс
басқандай ма, қалай өзі?
— Неткен ғажап кеш болды, — деді ол. — Мен өмірімде уақытты
бұлай тамаша өткізбеген шығармын.
— Иə, айтары жоқ, əдемі кеш болды.
— Марджи керім қонақжайлылық көрсетті. "Сыйға — сый" демекші,
мына сыйдың есесін немен өтеуге боларына аз ғана ақылым жетпей,
дал боп келем.
— Иə, сыйластықтың төресі болды.
— Ал Итен, сен кереметсің! Сенің керегінде тапқырлық таныта
алатыныңа мен қашанда шүбə келтірмеуші едім, бүгін сен өз биігіңнен
де асқан асудан көріндің. Күлкіден біздің əбден сілеміз қатты. Жирен
Бейкер мырза жайлы айтқан əңгімеңнен кейін Хартог мырза күлкіден
оның тұла бойында ауырмаған алақандай жер қалмағанын
мойындауға мəжбүр болды.
Мен ол туралы да айттым ба екен? Не айттым екен? Оным дұрыс
болмаған екен. А, Дэнни, ақшаны қайтарып бер! Өтінем, сенен!
— Сен жүрген жерде, ешқандай мюзик-холлдың қажеті жоқ, — деді
Мэри. Біздің үйдің есігінің алдында мен оны құшақтап қатты қыссам
керек ол: — Ой, қымбаттым, сен мас болғансың ба? Денем ауырып
қалды ғой, — деп баж ете түсті. Мен: — Ақырын, балаларды оятасың,
— дедім.
Мен əуелінде Мэридің ұйықтағанын тосуға, содан соң барып үйден
сездірмей жылыстап шығып кетуге, оны сағалап жүрген лашығынан
іздеп тауып алуға, тіпті қажет болған жағдайда, оған полицияны айдап
салуға да ойым болған еді. Кейін, бірақ бұдан дəнеңе өнбейтінін ұқтым.
Дэнни бұл маңнан əлдеқашан кетіп қалған еді. Дэннидің жоқ екенін де
мен білдім. Мен қараңғыда жасаураған жанарымның алдында селдіреп
сейіле бастаған қызылды-жасылды даққа телміре қарап, міз бақпай
мелшиіп жаттым да қойдым. Мен өзімнің не істегенімді ұқтым, оны
Дэнни де түсінді. Өлген үй қояны ойыма оралды. Мүмкін, бұл алғаш
рет қана қиын болар. Бірақ мұндай сыннан өту де жөн. Егер ол балалар
ойынындағы сияқты таудың əміршісі болғысы келсе, онда
кəсіпкерлікте де, саясаткерлікте де ол адам күшпен жəне
қатыгездікпен қалың тобырды қақ жарып, өзіне жол салуы тиіс. Содан
кейін барып қана мейірімді де, кеңпейілді де болу оның өз ықтияры, ал
оған шыңның шырқау биігіне шығып алуы қажет.
X тарау
Темплтон əуежайы Нью-Бэйтауннан небəрі қырық миль жерге
орналасқан, кəдімгі реактивті ұшақтар əрі кетсе бес-ақ минутта ұшып
барады. Ал ол тұрақты бағытта барған сайын көбейіп келеді, кейде сол
ажал себетін алып масалар аспанда құжынап тынымсыз ұшып жүреді.
Амал қанша, мен реактивті ұшақтарды аузымды ашып, көзімді жұмып
есім шығып мақтаудан мүлде аулақпын, тіптен оның бер жағында
ұлым Аллендей оларды сүқтана сүйе де, сүйсіне де алмаймын. Егер
олардың атқарар міндеті яки басқадай болса, бəлкім, онда мен олай
жасамаған да болар едім, бірақ олар əдейі ажал себуге арналып
жасалған, ал мен оған кереметтей əбден кеңірдектеп тойғанмын.
Гүріліне емес, одан əрірекке, алысыраққа қаран, Аллен оларды көктен
көзімен іздеп табуға шебер, ал бұл менің қолымнан келмейді. Олар
көкті көшіре гүрілдеп, дыбыстың жылдамдық шебінен асқанда, мен
соны əрдайым жылу беретін қазандық жарылып, апат болған жоқ па
екен деп үрейім ұшады. Түнде ұшқанда олар түсіме кіріп, ұйқымды
бұзады, мен құдды жанымның жарасы сыздағандай əбден қалжырап,
қажып оянамын.
Таң алдында сондай бір қора ұшақтар көк аспанның көркін бұзып,
апшысын қуырып арындап ұшып өтті, мен тұла бойым түршігіп,
тітірегендей дірілдеп көзімді аштым. Шамасы, бір кезде біздің зəреқұтымызды алған немістердің құдіретті қаруы — 88 милиметрлік
зеңбірегі түсіме енген болса керек.
Жаңа-жаңа қылаң берген тылсым таңсəрінің бозамықтана бастаған
алагеуім сəтінде алыстан талып келіп, бірте-бірте қияндап, семіп бара
жатқан зұлымдық ұршықтарының бір қалыпты еміс-еміс гүрілін
тыңдап, мен үрейден зəрем ұшып, əбден малмандай терге малшынып
сілейіп жаттым. Меніңше, өн бойында — жанында да, оның бер
жағында, тəнінде де, терісінің терең астарында да осындай үркін үрей
ұяламаған адамды табудың өзі қазір екіталай шығар. Бүл арада, əрине,
гəп ұшақтарда емес, гəп солардың неге қызмет ететінінде.
Кейде əлдебір жағдайда, əлдебір міндетті шешу тым қиын, тым
күрделі болған сəтте адамның одан құтылар амалы біреу ғана болады
— ол жайлы ойламау. Бірақ бұл онда адамның санасынан саңылау
тауып, сондағы бұрыннан қордаланған басқа да сондайларға қосылып,
етене араласады да жан сауғалайды, содан барып көңілде күмілжі
кірбің, əлде мазаң назалық, наразылық, кінəраттың кінəлі сезімі, не де
болса, бəрі зым-зия құрып бітпей тұрғанда бірдеңелерді — не де болса,
бəрібір — əйтеуір, қармап қалу қажеттілігі келіп туады. Бəлкім, мəселе
техникалық талдау жасау шеберлерінің əлдебір қордалы құбылыспен
істес болуында емес, қайта тəңірдің ғажайып бір таңы атқан күні
қасиетті жер бетіне саңырауқұлақтан аумайтын қатерлі қара бұлттай
қаптап шыға келетін апатты оқтар мен істес болғандарында жатқан
шығар. Мен өзім білетін таныстарымның бəрінен əбігерлі
алаңдаушылықты, дегбірсіз беймазалықты байқаймын. Жаңа жыл
қарсаңындағы түнгі ынсапсыз ішкілік індетіндей асып-тасқан, əдепті
мансұқ еткен əулекі ойын-сауыққа зердесіз зарығуды аңғарамын.
Ұмытыңыз адал достықтың қасиетті парызын, көңілдес бол
жақыныңның жарымен, бұл да сенің өтейтұғын қарызың.
Мен əйеліме қарай жүзімді бұрдым. Оның ұйықтап жатқан бет
əлпетінен əдеттегі жымиған жылы күлкісі көрінбеді. Еріндерінің
түйіскен тұсында езу інің ернеуі сəл еңіс тартыпты, ал ойысып барып
айқасқан кірпіктерінің етегінде шаршағандықтың шалдығыңдай елес
байқалады. Шынымен сырқаттанып қалыпты, науқастанғанда өңінің
осылай оқыс өзгеріп кететін əдеті. Ол өзі аурушаң да емес, сирек
сырқаттанады, мұндай əйелдің күйеуіне қызғанышпен қарауға əбден
болады, бірақ оның есесіне ауырса, мұрттай ұшады, онда, əрине, оған
қызғану да қисынсыз.
Тағы да тыныштық қақырап, қақ айрылды — жаңадан жəне бір қора
құзғындар ұшып өтті. Адамның еті үйренісуі үшін ондаған ғасыр қажет
болды, ал отқа қарағанда одан өлшеусіз көп мына ғаламат апатты
күшке біз он бес жылда амалсыз үйренісуге мəжбүр болып отырмыз.
Бұл күшті, əйтеуір, бір кезде бағындырып, бас білдіруге құдіретіміз
жетер ме екен? Егер рухани əлемде солдаттар əлемінің заңдарына
тəуелді болатын болса, онда ішкі жан дүниеде де ядролық
бөлшектенулер бола ма? Əлде менің басымда, біздің бəріміздің
басымызда болып жатқан да осы шығар?
Бір кезде Дебора апай айтқан оқиға ойыма оралады. Өткен
ғасырдың орта шенінде менің ата-бабаларымның кейбіреулері
"Христың шəкірттері" атты діни қауымға кіріпті. Дебора апай онда əлі
шөпжелке қыз болса керек, бірақ алдын ала жарияланған ақыр
заманды əке-шешесінің қалай күткені жадында жақсы сақталыпты.
Олар өздері тұтынуға алып қалған бірер сейсептен басқа бүкіл жиғантергендерін түгел жұртқа үлестіріп береді. Айтулы күн туғанда олар
сыбайластарымен бірге ақыр заманды қарсы алуға сейсептеріне
оранып, тауға аттанады. Бəрі сейсеп-кебін киген жүздеген адам
мінəжат етіп, қосылып əн салады. Ымырт үйіріліп, қас қарайғанда олар
бұрынғыдан бетер даурығып, төңіректі бастарына көтеріп əн
шырқайды, қайсы біреулері билей бастайды. Кенет айтылған уақытқа
бірер минут қалғанда аспаннан бір жұлдыз ағып түседі.
Жиналғандардың есі шығып, жан ұшырып азан-қазан айғай-шу
көтереді. Дебора апай үнемі мұны əсте ұмытуға болмайды дейтін.
Қорқау қасқырдың ұлыған даусын туа бітті естіп-білмеген ол жиналған
жұрт қасқырша, қорқау қасқырша ұлыды деуші еді. Міне, енді сол ұлы
мезет те туды. Ақ матаға оранған еркектер, əйелдер, балалар дымын
ішіне тартып, ынтыға, зарыға күтті, қас қағым сəт қалайда созыла
берді. Балалардың бет-аузы мүлдем көгеріп кетті — əйтсе де елең етер
ештеңе болмай, аңтарылған жамағаттың ақ ниетін алдап, қасіретті қас
қағым сəт өте шықты. Уағда етілген азалы ажалдың айналып өткеніне
ашынған тобыр енді өзін алдауға түсіп арбалғандай сезінді. Таңсəріде
олар таудан төмен қарай шұбырды, өздерінің үлестіріп кеткен малмүлкін, киім-кешегін, ыдыс-аяғын, өздерінің өгіздері мен есектерін
қайта жинап алуға əрекет жасай бастады. Дебора апайдың осы
əңгімесін үнсіз тыңдап отырғанда менің оларға іштей айрықша
аяушылық жасағаным əлі есімде. Бəлкім, осы оқиғаны менің ойыма
салған əлде жұмылдырылған қисапсыз қажыр-қайраттың, қымбат
уақыттың, қыруар қаржының арқасында жасалған реактивті ұшақтар,
тажал қарулары болар ма? Егер бұлар көздеген мақсатқа жұмсалмаса,
біз өзімізді алдағандай сезінген болар ма едік. Біз ғарышқа ракеталар
ұшырып жатамыз, бірақ көңілдегі үркін үрейлі алаңға, назалы
наразылыққа, қаскөй кекшілдікке келгенде, оларға қарсы тұруға
шарасыздық танытамыз. Кенет Мэри көзін ашып алды.
— Итен, — деді, — осы сен айтарыңды айтпас бұрын, есіттіріп
ойластырып алатын болғансың ба? Сенің қандай ойың бар екенін
білмеймін, бірақ сені менің құлағым естіп жатыр. Итен, сен бұлай
ойлағанды қой.
Менің оған ішуді қой деп ақыл айтқым келіп тұрды да, бірақ оның
ұсқыны тым адам аярлықтай болып көрінді. Кейде менің орынсыз
қалжыңдайтын кезім де болады, ал бұл сапар мен одан бар болғаны:
— Басың ба? — деп сұрадым.
— Иə.
— Асқазаның ше?
— Иə, ол да...
— Жалпы мазаң болмай отыр ма?
— Жалпы мазам болмай отыр.
— Менің көмегім қажет пе?
— Көрімді қаз!
— Сен бүгін төсектен тұрмай-ақ қой.
— Болмайды. Балаларды мектепке жөнелту керек.
— Мен бəрін өзім істеймін.
— Саған жұмысқа бару керек.
— Мен бəрін істеймін, алаң болма.
Бір минуттан кейін ол:
— Итен, шынында мен орнымнан тұра алатын емеспін. Менің
жайым нашар болып тұр.
— Дəрігер шақырайын ба?
— Қажет емес.
— Мен сені қалай жалғыз қалдырып кетем? Əлде Эллен мектепке
бармас?
— Қой, о не дегенің, бүгін оның емтиханы бар.
— Яки Марджи Янг-Хант осында келсін, телефон шалсақ қалай
болады?
— Марджидің телефоны істемейді. Олардың бірдеңесін ауыстырып
жатса керек.
— Жолшыбай оған менің соғуыма болады.
— Егер жаныңнан дəмең болса, оны осындай таң азанмен оятып
көр?!
— Əйтпесе, хат жазып есігінің астына тастап кетем.
— Жоқ, жоқ. Оны мен жаратпаймын.
— Ал мұнда тұрған не бар?
— Мен жаратпаймын, естисің бе, мен жаратпаймын!
— Ал сонда мен сенің бір өзіңді қалай жалғыз тастап кетпекпін?
— Білесің бе, ұят болса да айтайын, мен бұрынғыдан тəуір болып
қалғандаймын. Əлде саған ұрысқаным əсер еткен болса керек. Оллаһи,
тəуір болып қалдым. — Соны дəлелдегендей орнынан тұрып, иығына
желбегейін жамылды. Шынымен оның əлгіндегіден өңі кіріп қалғаны
рас.
— Жаным-ау, сен ғажап жаралған жансың!
Мен сақал-мұртымды қырынған кезде абайсызда кесіп алдым да,
азанғы асқа түскенде дəретхананың қағазынан иегіме жамау
жапсырып бардым.
Филлипстер үйінің тұсынан өткенімде айнымас əдеттегідей тіс
шұқығышымен тұрған Морфи көзіме түсе қоймады. Мейлі, көрінбегені
жүдə жақсы, онымен жолығуға менің де зауқым соғып тұрған жоқ-ты.
Жолай соңымнан қуып жетіп алмасын деп мен аяғымды асыға басып,
шапшаңырақ жүрдім.
Қапталдағы есікті аша бергенімде табалдырықтың саңылауынан
тығылған сарғыштау конвертті көзім шалды. Аузы желімделген, ал
банктің конверттері жасалатын қағаздар қашанда қалың қасаң келеді,
оны қолмен жыртып ашу да оңай емес. Қалтамдағы бəкімді алуға тура
келді. Құны бес центтік түзу сызықты оқушы дəптерінің үш беті
жұмсақ қаламмен бипаздап тұрып толық жазылған Аманат: "Ақыл-есім
түзу, жадым жаңылмаған қалпында... Баяндалғанды ескере отырып,
мен..." Қарыз алғанда берген тілхаты. "Алған қарызымды қайтарып
төлеуге міндеттенемін.." Екі қағазға қол қойылған, жазуы түзу, анық.
"Қадірлі Ит, саған керегінің өзі де осы ғой".
Маған бетімнің өңі теңіз шаянының қабыршағындай қаудырап
қатып қалған сияқты болып көрінді. Мен қапталдағы есікті сахна есігін
жапқандай асықпай ақырын ғана абайлап жаптым. Алғашқы екі парақ
қағазды бипаздап бүктеп, əмияныма салып қойдым, ал үшіншісін —
үшіншісін умаждап-умаждап дəретхананың нəзшайғышына тастадым
да, сумен шайып жібердім. Біздің шылапшынымыз көне, түбі
тайпақтау, умаждалған қағаз қалқып, тайпақ тұста біраз шыр айналып
тұрды, ақыры ағып барып иірімге түсті де, құбырдың қомағай
құрдымдай құлқынына сүңгіп жоқ болды.
Дəретханадан шыққанда мен сыртқы есіктің сəл саңылаулап
ашылып қалғанын байқадым. Кіргенде оны дұрыстап жапқаным
есімде бар. Мен жанына жақын бара беріп едім, төбемнен əлдене
судырағандай болып естілген соң еңсемді көтеріп, жоғары қарадым.
Қарғыс атқыр сұр мысық жоғарғы текшелердің біріне шығып алып,
төбеде ілулі тұрған шошқаның сүр етін алдыңғы аяғымен қағып
түсіруге əлек болып жатыр екен. Оны дүкеннен қуып шығу үшін
қолыма сыпырғы алып қуалауыма тура келді. Ақыры ол есіктен зып
етіп атыла жөнелгенде мен ең болмаса сілейте бір соғайын деп
ұмтылып едім, сілтеген қолым мүлт кетті де, сыпырғым есіктің
босағасына тиіп сынып қалды.
Бұл күні консерві қалбырларына өсиет айтудың сəті түспеді.
Өйткені айтар сөзімді сараптап алуға үлгермедім. Бірақ оның есесіне
мен түтік əкеліп, есіктің алдындағы тротуар ғана емес, тіпті арықтың
едəуір тұсына дейін мұнтаздай етіп жудым. Сосын барып дүкенді
тазалауға кірістім, тіпті бар ғой, айлап, апталап қол тимей əбден шаңкір басып, баттасып қалған қиян түкпір-түкпіріне дейін түгін
қалдырмай түгел жуып-шайып шықтым.
Мен жұмысты өлеңдетіп, əндетіп жүріп істедім:
Алаң көңіл ақпаны артта қалды, тарайды,
Ілесіп Йорк жазына күн де келді арайлы.7
Мұның өлең емес екенін, əрине, білем, бірақ мен оны əнге қосып
айтып жүрдім.

ЕКІНШІ БӨЛІМ
XI
тарау
Нью-Бэйтаун — көзге көрікті жер. Оның бір кездердегі ауқымды
айлағын теріскей-шығыстың қуалай соққан атаман, долы желінен
құрлықпен қапталдаса жарысқан аядай арал ғана қалқалайды. Кенттің
өзі айлақтың айдынынан теңіз толқынын ағыс айдап апарып,
тоғытатын толып жатқан қуықтай тар шығанақтар жүйесінің
жағалауына орналасқан. Үлкен қалалардай мұнда топырлаған тобыр,
сапырылысқан абыр-сабыр əсте сезілмейді. Иелері кезінде ауқатты
кит аулаушылар болған еңселі, оңаша мекенжайлардан басқа мұндағы
үйлер бəрі кілең жадау-жатағандау болса да, көрер көзге анау
айтқандай тым қораш та емес, айнала жасыл желек жамылған сан
ғасыр сап түзеп тұрған зəулім алып ағаштар, əртүрлі емендер, үйеңкі,
шегіршін, жаңғақ ескен, ішінара кипарис та ұшырасып қалады, əйтсе
де, егер кезінде қаланың алғашқы көшелерінің бойына егілген
шегіршін шыбықтарын былай қойсақ, онда, дегенмен дені емен
ағаштары болып шығады. Бұрындары бұл өңірде көк тіреген алып
емендер қаптап қалың өскен, сол себептен іс жергілікті кеме
жасаушылар планшер, киль, кильсон, книдке қажетті материалдан
əсте тапшылық тартпаған.
Адамдар қауымдастығының кəдімгі жеке адамдар сияқты саусаламат та кезеңі, сырқатты да кезеңі, керек десеңіз, жастық та,
қарттық та, үкілі үміт күткен шағы да, қайғылы қасірет шеккен уағы да
болғаны айдай аян. Тіпті Нью-Бэйтаундай бір шоғыр кенттің бүкіл
батыс дүниесін жарқыраған жарық беретін киттің майымен
жабдықтап тұрған сəттері де болғаны рас. Оксфорд пен Кембридж
студенттері мұхиттың ар жағында қиянда жатқан шағын елді
мекендерден əкелінген жанармай құйылған шамның жарығымен
оқығаны ақиқат. Содан соң Пенсильванияда бір кезде сұйық комтір деп
атаған мұнайдың фонтаны атқылап, су тегін жер май шықты да, киттің
майын тұрмыста тұтынудан ығыстыра бастады, ал кит
аулаушылардың көпшілігін кəсіптерін тастап кетуге мəжбүр етті. НьюБэйтаун құлдырап, ері мойнына кетіп есеңгіреп қалды да, содан кейін
қайта есін жиып, еңсесін көтере алмады. Қоңсылас қалалар өздеріне
жаңа кəсіп, тың тіршілік тапқандай болды, тек киттен, кит аулау
кəсібінен бөтен тіршілік көзі бар екенінен бейхабар Нью-Бэйтаун ғана
бейнебір құрдымға кеткендей құлазып, қаңырап қала берді. НьюЙорктен шұбаған шаңдай шұбырған жұрт та естен кетпес естелігін
медет етсін дегендей Нью-Бэйтаунға соқпай, оны айналып өтіп жатты.
Əдетте, мұндайда ұшырасатыны тəрізді Нью-Бэйтаун тұрғындары да
басқа түссе баспақшылдың кейпін киген сыңай танытқандай. Жазда
қалаға айғай-шумен əбігерлігін қоса дүментеті келушілер де топан
судай қаптамады, жарқылдаған неон жазулы жарнамалар да
жанарыңды жаутаңдатып жасқамады, жан-жақтан жылдағыдай
туристік ақша борамады, туристік алабажақ əткеншек те ұршықтай
үйірілмеді. Көз тұнар көрікті шығанақтар, жағалауында бірді-екілі
жаңа үй ғана бой көтерді. Əйтсе де үйірілген иірімдей үздіксіз шұбаған
адамдар тасқыны, сірə, бір толастамады, ерте ме, кеш пе, əйтеуір оның
Нью-Бэйтаунға да топан судай қаптайтынына ешкім күмəнданбады.
Жергілікті тұрғындар бұған, бір жағынан, ынтық та болды, екінші
жағынан, үрейі ұшты да. Көрші қалалар туристер есесінен қыруар
табысқа кенеліп жатты, қисапсыз пайдадан көз аша алмай қалды десе
де болар, олардың көшелерін жаңа шыққан байлардың сəн-салтанатты
əсем де зəулім үйлері безендірді. Олд-Бэйтаунда көркемөнер, керамика
өнері гүлденді, бір жынысты махаббат еркін етек жайды. Лесбостың
майтан маймық мыржықтары қолдан себет тоқып, отбасының кəкіршүкір өсек-аяңын өрбітті. Нью-Бэйтаунда өткенді өкіне еске алудан,
камбала жайлы, кумжаның келер маусымы жайлы еліте əңгімелеуден
əріге аспады.
Қалың құраққа үйректер ұя салып, шиедей шүпірлеген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 15
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.