Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 20

Total number of words is 4012
Total number of unique words is 2350
31.4 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
51.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
таңның ағарып атқанына, шамасы, жарты сағаттай болса керек,
өйткені көл жағада күйіс қайырған сиырдың құйрығы ап-айқын көрініп
тұрды. Кенет, қопарылыс толқынындай бір тосын дүлей күш мені
төсектен сілкіп тастады. Бұлай оқыс оянған кезде тұла бойың тұтас
құрысып қалады. Дөң-дүмпуден Мэри де оянып кетті:
— Не боп қалды, — деп алаңдап сұрады.
— Мен ұйықтап қалыппын.
— Шатаспа, əлі ерте.
— Жоқ, менің плюсквам перфектумым. Бүгін менің айтулы күнім.
Əлем азық-түлікке деген ашқарақ құлқынның құлдығына түсті. Ал сен
төсектен тұрмай-ақ қой, тыныш жата бер!
— Сенің дұрыстап тамақтанып алғаның жөн.
— Менің не істейтінімді білесің бе? "Фок-Мачтадан" кофе құйдырып
аламын да, барып Маруллоның жиған-тергеніне аш бөрідей тиісемін.
— Уəде бересің бе?
— Уəде берем, ақ тиін — аш күзенім. Сен солай жатып алдағы екі
күнге өзіміз тəңірдей табынатын балаларымыздан қалай да əйтеуір
құтылудың амалын қарастыр. Бізге бұл ауадай қажет, шын айтамын!
— Оны менің өзім де білемін. Тағы ойланып көрермін. — Менің
денсаулығым мен аман-есендігім жөнінде əдеттегіше өзінің пайдалы
кеңесін дұғай-дұғай жолдауға оның мұршасын келтірмей, мен шалт
киініп, шапшаң шығып кеттім. Джой дəмханада отыр екен, мені көзі
шалған бойда қасына шақырып, бос орындықты нұсқады.
— Уақытым жоқ, Морфи. Кешігіп барам. Анни, картон құтыға
құйылған бір кварта кофе əкеп бере аласың ба?
— Кварта бере алмаймын. Егер қаласаң, екі пинта əкеп берейін.
— Оқасы жоқ, қайта соның өзі дұрыс.
Екі картон стаканға кофе құйып, аузын қақпақпен жауып, қағаз
дорбаға салды.
Джой кофесін ішіп болған соң, екеуміз ілесе сыртқа шықтық.
— Сізге бүгінгі мінəжатты епископсыз өткізуге тура келе ме, қалай?
— Шамасы, солай болар. Кешегі жаңалықтар жайлы не айтасыз?
— Əлі байыптап ойлап, бажайлап бара алмай жүрмін.
— Қолайсыз бірдеңенің боларын ішім сезеді деп мен сізге айттым
ғой.
— Иə, радиодан естіген кезде сіздің сол айтқаныңыз есіме түсті.
Сіздің мұрныңыздың керемет шүйі бар екен.
— Бұл қалыптасқан кəсіби қасиет қой. Енді Бейкердің алаңсыз
қайтып келуіне де əбден болар еді. Бірақ қайтып орала ма, əлде жоқ па,
ол жағы маған беймəлім.
— Бейкер ме?
— Ал сіздің ойыңызға түйткіл келмей ме?
Мен алаң көңілмен оның жүзіне алақтай қарадым.
— Көңілімде күмілжі бірдеңе тұрған сияқты, бірақ соның не екенін
өзім де түсінбеймін.
— О, құдіреті күшті құдайым-ау!
— Менің топастығыма таңданасыз ба?
— Тап солай. Азулылар заңы əлі жойылған жоқ.
— Уа, жаратқан ием! Шамасы, көп нəрсеге менің ойымның өресі
жетпейтін болар. Айтқандайын, мен ұмытып барады екенмін, сіз осы
салат пен балқаймақты да ұнатпайтын сияқты едіңіз ғой, солай ма?
— Иə, анасын да, мынасын да — екеуін де жаратпаймын, — ол
"Кэмел" темекісінің сыртына оралған целлофанды сыпырып алды да,
умаждап-умаждап есіктегі құлыптың ұясына тықты.
— Жарайды, мен кеттім, — дедім, — біз бүгін шай сатылады деп
күні бұрын жариялап қойып едік, жəшіктің қақпағын əкелгендерге бірбір бала сыйлық беріледі. Сіздің таныс келіншектеріңіз жоқ па еді?
— Бар болғанда қандай, бірақ ондай сыйлыққа олар ынтыға қоймас.
Сэндвичті əкелемін деп əуре болмай-ақ қойыңыз, өзім барып алармын.
Ол шығып есікті жапқанда, құлыптың сырт еткен дыбысын құлағым
шалды. Ол менің ұстазым, тамаша ұстазым болғанын Джой бұл
жалғанда білмес деген үмітім бар. Ол маған теориялық тұрғыдан ғана
талдап қоймай, нақты сабақ жүзінде де дəлелдеді. Сөйтіп, ол өз еркінен
тыс менің жолымды ашып берді.
Барлық, мамандар, мұндай істен хабардар адамдардың бəрі "ақшаны
қашан да ақша ғана жасайды" дегенді айтады. Қарапайым, қарабайыр
жол — қапысы жоқ қасқа жол Менің жоспарымның мықтылығы да,
уытты жағы да оның, міне, осы қарапайымдылығында, əлде, егер
Марулло көзсіз көрсоқырлығынан күтпеген жерден құрдымға құлай
жаздамағанда, бəлкім, ол менің қисыны келмеген қиялымдай
қимылсыз күйінде мəңгі жата берген де болар еді. Мына дүкеннің өзім
иесі болуым мүмкін екендігі атойлай бастағанда ғана барып, тек сонда
ғана, менің түн ұйқымды төрт бөлген қиялым қисынды тірек
тапқандай болды. Бұдан бейхабар адамның: «Егер дүкен менің
меншігім болса, онда маған ақшаның қажеті не?» деп сұрауы да
ықтимал Бейкер мырза мұндай сұрақты аузына да алмас еді, ал
Маруллоны былай қойсақ, Джой да оны сұрап əуре болмасы айдай
анық. Ақшасыз дүкеннің болғанынан да қайта соның болмағанының өзі
мақұл.
Күйреудің
аппиевтік
соқпағының
жиегі
кəдімгі
қаржыландырылмаған кəсіпорындардың бейітімен көмкерілген. Онда
менің де бір бейітім жатыр. Барып тұрған есуас есірік сардар артында
сүйенер тірегі, сап түзеген сарбаздары, не минометтері, не қолдайтын
қосымша күші болмаса, жау шебін бұзуға бас-көзсіз бар күшін төгіп,
шабуыл жасамайды, ал істің жөнін білмейтін шалағай іскерлер нақ
сондай көзсіздік жасайды. Рас, менің шалбарымның артқы қалтасында
сығысқан қомақты бір буат тіркелген купюрлар — Мэридің ақшасы
жатыр. Алайда оның ауқымды бөлігі Маруллоның қалтасына көшуге
тиіс. Сонымен, əне-міне дегенше келесі айдың алғашқы жұлдызы да
туады. Көтерме сауда жасайтын фирмалар да өзінің өтеу қабілетін əлі
де айқын таныта қоймаған кəсіпкерлерге несие беруге құрақ ұшып,
құлшына қоймайтыны шындық. Ал ақша, кəдімгі сағат тіліндей
сыртылдап тұрған құлыптаулы құрыш есіктің ар жағындағы ақша,
маған, міне, осы үшін де қажет. Оны қалай табу керек — бұған дейін
бұл менің түсімде ғана шешімін тауып, жүзеге асырылған міндет, ол
енді өңімде, тап қазір іс жүзінде шешуге болатын шындыққа айналып
отыр. Тонау — мұның қылмыс екені жөнінде мен қымсынып
қысылғаным да жоқ. Марулло жөнінде де менің арым таза. Қазір ол
құрбан болып отыр, бірақ бөтен бір оңтайлы жағдайда оның өзі де
ойланбай осылай жасаған болар еді. Дэннидің күні санаулы екенін
білсем де, оның жайын ойласам, өзегімді өрт шалғандай көңілім
айрықша алаңдайды. Бейкер мырза сəтсіздікке ұшыраған істі менің
жасауымның өзі-ақ кінəмді кешіруге кепілдік бола алмай ма? Əйтпесе,
Дэнни жайлы ой — қаны сорғалап тұрған жан жарасы — жеңіс
жақындап қалған кезде жаныңды мұрныңның ұшына шығатын
ырсиған ашық жара. Бұл жарадан менің айығар күнім жоқ, əлде
жылыстап жылдар өткен шақта, бəлкім, тырысқан тыртығы қалса да
жарасы жазылар, əйтпесе шеміршек болып шеменденген снаряд
жарқыншағындай ескіріп, елеусіз қалар.
Қазір ең бастысы — ақша, бұл жөнінен бəрі əзір, бəрі мінсіз
механизмдей мұқият тиянақталған Морфидің ілімі маған шапағатын
тигізді, оның тəсілін тəптіштеп талдап, кінəратсыз меңгердім, керек
десе, өз тарапымнан оған бір тармақ қосып та қойдым. Біріншіден,
өткенде өзіңе көлеңке түсіретін ештеңе болмауға тиіс. Менің соңымда
ондай сүйретпем жоқ. Екіншіден, ешқандай сыбайлас немесе сенімді
серік болмауы керек. Бұл жағын ауызға алудың өзі артық. Үшіншіден,
əйел атаулыдан аулақ болған абзал Бұл сыңайға мен жағынан тек
Марджи Янг-Хантты ғана қосуға болар, ал менің өзіме келер болсақ,
оның туфлиімен шампан ішуге менің əсте құлқым да, құштарлығым да
жоқ. Төртіншіден, ақшаға мастанып, есірмеу. Мен ондай ожарлықтан
аулақпын. Жабдықтаушылардың есебін өтеп, ақшаны ұқыптап
жұмсағанды жөн көрем. Оны сақтайтын орынды мен күні бұрын
ойластырдым. Храм сақшысының қалпағы жатқан қораптың түбінде
менің басыма шақтап, бітім-пішініне лайықтап, су тартқышы қағаздан
қабаттап қатырып, барқытпен тыстап, дөңестеу етіп жасалған тұсы
бар. Мен соны қораптың түбінен ойып алып, бастапқы орнына қайта
оңай жапсырып қою үшін оның жиегіне айнала цементтен істелген
жентек-желім жағып, дайындап қойдым. Сосын Микки-Маустың
маскасы — ол менің жүзімді тұтас жауып тұрады, сонда мені тірі жан
тани алмайды. Резинкамен тысталған Маруллоның көне шекпені —
мұндай шекпендердің бəрі егіздің сыңарындай бір-бірінен айырғысыз,
қолдан оңай шешілетін целлофан қолғап, маска, бұдан əлдеқашан
бұрын ойылып алынып, қорабы корнфлекспен бірге канализацияға
ағызылып жіберілген-ді. Мүмкін, қолғап та кейін соның ізімен ағып
кете барар. Күміс кертігі бар ескі "айвар-джонсон" шамның ысына
ұсталып, қап-қара күйелеш-күйелеш болған күйі дəретханадағы
жанармай құйылған құтыда дайын тұр, кейін де қайта соған
салынатын болады, артынан сəті түскен күні Стоните табыс етіледі.
Мен осының бəрін қорытып, басын құрайтын жəне бір түйін
таптым: қорқаулық жасамау, қомағайлық жасап, қалайда көбірек
қармап қалуға аласұрмай, ірі сомалы купюрден абай болу. Мүмкін
болғанынша он жəне жиырма долларлықтан алты, он мың болса, сол
да жетіп жатыр, сақтауға да, жұмсауға да қолайлы. Тоңазытқышта
тұрған торт салған қорап аралық ауыспалы ыдыс орнына жүреді, бəрі
біткен соң ол да қайта өз орнын табады, оған бұрынғыша торт
салынады. Мен Алленнің үрлесең, көмейден күмбірлеген үн
шығаратын түтігін алып, даусымды өзгертіп сөйлеп те байқадым,
онымнан онды ештеңе шықпады, кейін одан гөрі аузымды ашпай,
сөйлемей, тек ымдап ишарат жасауды жөн көрдім. Бəрі дайын болды,
ескерусіз қалт қалған ондай ештеңе жоқ. Бейкер мырзаның
болмағанына мен қатты өкіндім. Мұнда тек Морфи, Гарри Роббит пен
Эдит Олден ғана болады. Менің белгілеген уақытымның əрбір қасқағым сəтіне дейін есептелген, мұқият ойластырылған. Тоғызға бес
минут қалғанда мен қолымдағы сыпырғыны кіреберіске əкеп сүйеп
қоямын Одан арғысының бəрі жаттығу кезінде сан мəрте қайталанған.
Алжапқыштың етегін қайырып, белдікке қыстырып алып, сарылдап су
ағып тұру үшін дəретханадағы шынжырға кірдің тасын асып қою,
кімде-кім əлдеқалай дүкенге кіре қалса, аққан судың сарылын естіп,
одан өзінше ой түйетін болады. Шекпен, маска, торттың қорабы,
тапанша, қолғап, сағат тоғызды соққан мезетте есікті итеріп жіберіп,
масканы бетіме киіп, сағат механизмі гуілдеп тұрған құрыш
сандықтың есігін Джой аша бергенде қауырт ішке кіру. Тапаншаны
кезеп, алдымда селтиіп қалған үшеуге ымдап, еденге жатуға əмір беру.
Əрине, қатерлі сəтте олар қайсарлық та, қарсылық та жасай алмайды.
Өйткені
ақшаның
қамсыздандырылып,
оның
қамсыздандырылмағанын осының алдында Джойдың өзі айтқан-ды.
Ақшаны торттың қорабына салып алып, іле-шала өз орныма қайтып
оралу, сосын маска мен қолғапты нəзшайғышқа тастап ағызып жіберу,
тапаншаны жанармай құйылған қорапқа салып, шекпенді іліп қою ғана
қалады. Одан соң алжапқышты бəз-баяғы жəшікке тығып, ақшаны
қалпақтың қорабына жайғастырып, тортты бастапқы орнына қойып,
сыпырғыны қолға алып, айқай-шу шығып, дүрбелең басталғанда түк
білмеген бейтарап адамдай жұрт көзінде көше сыпырып жүру — міне,
соның бəрі бір минут қырық секунд ішінде, есептелген, өлшеппішілген, сан мəрте пысықталған мерзім ішінде жүзеге асырылатын
болады. Əйтсе де қанша мұқият жан-жақты ойластырып,
қисындастырсам да, көше беттегі қосарланған есікті ашпас бұрын
дүкенді сыпырып жатқан кезде менің көңілім қожырап, сəл
толқығаным бар. Əлі қыр-қыртысы жазыла қоймағаны көзге ұрмасын
деп мен алдыма умаждалған кешегі алжапқышымды байлап алдым.
Міне, енді сенсеңіз бар ма, жаңа Иисус Навин көктегі күнді доғарып
тастағандай уақыт мелшиіп мүлдем өтпей қойды. Əкемнің əйгілі
хронометрінің минуттік тілі табандап бір орнынан тапжылмады.
Талайдан бері мен өз діндарларыммен жүздескен жоқ едім, əлде тосын
толқудың əсерімен əйтеуір бүгін таңда ғана олармен тілдесудің сəті
түсті.
— Уа, достарым, — дедім, — қазір өздеріңіз куə болғалы тұрған
жəйттер сол құпия күйінде қалуға тиіс. Сіздерден сыртқа сыбыс
шықпайтынына мен еш шүбəланбаймын Егер ар-ұятқа байланысты
əлдекімнің күмəні болса, онда күдіктілердің жиынды тастап шығып
тұруын өтінемін, — мен сəл аңырып қалдым. — Ондайлар жоқ қой?
Жарайды, онда! Бірақ, егер əлдеқалай құтыдағы устрица немесе
капуста қауданы бұл оқиғаны бөтен біреумен талқыға салғандай болса,
біліп қойсын, онда айыптыны асхананың шанышқысымен түйреп,
азаптап өлтіру жазасы күтіп тұр. Ал енді мен сіздерге алғысымды
айтып, өзімнің ризашылығымды білдіргім келеді. Көп жылдан бері
мен де сіздер сияқты қызметші ретінде құлдық ұрып, құрдай жорғалап
өздеріңізбен бірге, үн-түнсіз өзгенің жүзімдігін күтіп-баптап келдім.
Енді жағдай өзгерді. Бүгіннен былай мұнда мен қожа боламын,
кеңпейіл кешірімді, сезімтал қожа болам. Уақыт тақап қалды,
достарым, уақыт тақап қалды, достарым, шымылдық көтерілді, қош
болыңыздар! — Мен сыпырғыны қолыма алып есікке қарай беттей
бергенімде: "Дэнни, Дэнни! Қойшы, мені азаптамай!" деп жалбарынған
өз даусымды өзім айқын естідім. Қапелімде менің тұла бойым құрсау
салғандай сіресіп құрысты да қалды, тіпті лажсыздан есікті ашпас
бұрын сілейіп сыпырғыма сүйеніп, бір пəс тұрдым.
Əкемнің əйгілі хронометрінің жалпақ қысқа тілі тоғызды, ал жіңішке
ұзын тілі он екіге аттай алты минут қалғанын көрсетіп тұрды.
Қолымдағы хронометрдің жүрегі қалай лүпілдеп соғып жатқанын
менің алақаным айқын сезді.
XV тарау
Иттің мысыққа, ал солардың, тағы басқаларын қосқанда —
хризантемаға немесе тулаған теңіз толқынына, əйтпесе бала тəніне
шиедей шашылған қызамыққа ұқсамайтыны сияқты бұл күн де өзге
күндерден алабөтен, басқа болатын.
Көптеген штаттарда, ең болмағанда бізде мереке күндері жұртты
малмандай су етіп, əбден əбігерге салып, əлегін шығаратын міндетті
түрде əдейі нөсер жаңбыр жаудыру жөнінде арнаулы заң бар-ды.
Шілденің шақырайған шағу күні аспанда анталаған үлбіреген ақша
бұлттар шабуылын тойтарып, олардың тоз-тозын шығарып, шығанға
қуып тастады, бірақ сонау батыстан, Гудзонның кең қолтық
қойнауынан жасыл найзағаймен қаруланған, құрышпен құрсанған,
жол-жөнекей гүрілдетіп, дүбірлетіп төңіректі көшіріп, түсі суық қара
бұлт қаптап келе жатты. Егер бəрі "жазылған" заңға сəйкес өтетін
болса, онда тас жол мен жұрт суға түсетін жағажайда жазға орай,
жеңіл-желпі киінген, жазға сай көңілі көгал, жаны жайлау құмырсқадай
құжынаған адамдар мейлінше мол жиналғанда нөсер құймай, аялдай
тұрады.
Біздің кенттегі дүкендердің көпшілігі тоғыз жарымда ашылады.
Алайда соқыр тиын да болса өзгеден артық қамтып қалуды аңсаған
Марулло мені мəреден жарты сағат бұрын жарысқа қосылуға мəжбүр
етті. Енді, міне, бұл азаптан қалайда арылу қажет болар. Өйткені ауыз
жарымайтын азғана пайда, өзге сатушылардың бізге деген өкпесі мен
өшпенділігінің өтеуіне тұрмайды. Марулло мұны білмейді, ал егер
білген күнде де ондайды көзіне ілмейді, көңіл бөлмейді. Ол — жат
елдік, италиялық оңбаған, озбыр, қарақшы, қанішер, малғұн, қысқа
күнде қырық құбылатын иттің баласы. Өз қожамды орға омақата
жыққан соң, əрине, оның кінəсі мен күнəсі тайға таңба басқандай
бадырайып тұратын болғаны рас.
Əкемнің əйгілі хронометрінің ұзын тілі шеңбердің бойымен баяу
жылжып бара жатты, ал менің алдағы атқарар міндетім өзімнен
барлық қам-қарекетті ширақ та сілкеусіз жасауды талап ететін шешуші
сəтті тағатсыздана күтіп, төңірегімді дүлей күшпен аптыға сыпыра
бастағанымды аңғардым. Мен алқынып демалдым, құрсағым майданда
ұрысқа кірер қарсаңдағы, қысталаң сəттегідей кеудеме тығылып,
тынысым тарылып қалғандай сезіндім.
Сенбінің таңында, оның үстіне Төртінші шілдеге қараған күні
көшеде жұрт некен-саяқ қана көрінеді. Міне, қолында балықшының
кəкір-шүкір керек-жарағын салған жасыл жəшігі бар бейтаныс қарт
келе жатыр. Ол қалалық айлаққа бет алып барады. Күлімсіген көне жем
шанышқан қармағын суға тастап, ол енді күні бойы тапжылмай
отырады. Маған мойнын бұрып қараған да жоқ, қайта мен өзім оның
назарын аударып тіл қаттым:
— Сапар сəтті болсын. Үлкен-үлкен ақбалық, қармағыма қап балық!
— дедім.
— Менің қармағыма, сірə да, ештеңе қаппайды.
— Кейде алжасып алабұға қабатын кезі болады ғой!..
— Əй, қайдам, соған күмəнім бар.
Үміттен күдер үзбейтін жан, əйтсе де мен оның жадына жаза баспас
қармақ тастадым.
Міне, мынау Дженни Сингел тротуармен қайықтай ығып келеді,
аяғының орнына ролик қондырылғандай өзінің жүрісі ғажап. Бүкіл
Нью-Бэйтаунда одан асқан сенімді куə табудың өзі қиын. Бірде Дженни
пештің тетігін басып, газды ашып, оны жақпай кетіпті. Бəлкім, газ
жарылып, қым-қуыт апатқа ұшыраған да болар ма еді, кім білсін, бірақ
əйтеуір, абырой болғанда, ол шырпысын қайда қойғанын таба алмай
қалыпты.
— Қайырлы таң, Дженни бикеш!
— Қайырлы таң, Дэнни!
— Мен Итенмін ғой.
— Иə-иə. Тоқымнан пісірсем бе деп едім...
— Қандайын? — деп сұрадым.
— Соны өзім де білмеймін, қағаз дорбаның жазуы түсіп қалыпты.
Маған куə керек бола қалса, əрине, одан артық адамды ойлап табу
қайда?! Бірақ неге ол мені "Дэнни" деді екен?
Бір жапырақ қорғасын қағаз менің сыпырғыма ілінбей, əбден
əлегімді шығарды. Еңкейіп оны тырнағыммен іліп алуға тура келді. Ал
банктің тышқандары тірілейін деді. Бейкер мысықтың болмағанына
қуаныштары қойындарына сыймауда. Маған керегінің өзі де — солар.
Олар дəмханадан атып шығып, жолдан жүгіріп өтіп, зымырай
жөнелгенде сағат тоғызға бірнеше секунд қана қалған еді.
— Бас, бас, — дедім мен. Олар қымсына жымиып, банктің есігіне
ұмтылды.
Енді кірісуге болады. Бəрін бірдей ойлаудың қажеті де жоқ — алдын
ала межелеген секундта рет-ретімен істеу керек. Мен өзімнің жүйкемді
жұқартқан қырсықты құрсағымды орнына түсірдім. Енді сыпырғыны
бірден көзге түсетін есіктің босағасына сүйеп қою керек. Менің
қимылым да асып-сасудан, əбігерліктен аулақ, қайта шалт та ширақ.
Көшедегі машинаны көзім шалып қалды да, мен сəл аялдап, оны
алдымнан өткізіп жібердім.
— Хоули мырза!
Кинодағы қоршауға түскен қарақшы сияқты мен бар тұлғаммен
шұғыл бұрылып, артыма қарадым. Шаң басқан жасыл "Шевроле" зыр
етіп тротуарға тақап тоқтай қалды, — о, көк аспанның құдіретті күші!
— одан əлгі Нью-Йорктен келген тəштиген тыраш шенеунік түсіп
жатты. Су бетіндегі дірілдей менің аяғымның астындағы қатты қара
жер де қалтырап қоя берді. Қарсы келе жатқан оған қадала қараған
күйі мен қалшиып қаттым да қалдым. Маған шексіз ұзақ болып
көрінген бұл мезет бірақ қас-қағымда қапылыс бітті. Жан-жақты
ойластырып соққан үйім таза ауаға шығарған сəтте бордай үгілген
бағзы заманғы мүрдедей лезде көз алдымда күйреп, күл-талқаны
шықты. Бастапқы ойластырылғанды жасамақ болып асығыс
дəретханаға ұмтылдым. Жоқ! Енді бұдан дəнеңе өнбейді. Морфидің
заңын бұзуға, жоққа шығаруға болмайды. Мұндай сындарлы сəттерде,
шамасы, жарықтың шапшаңдығындай жылдамдықпен ойлайтын
болсаң керек. Кезінде жасап, қайта-қайта өз бойыңа шақтап,
салыстырып сынаған, енді оны орындау кезекті жаттығумен пара-пар
деп көңіліңді жұбатқан, талайдан бері толғанып, толғатып жүрген
жоспардан оқыс үркіп, кенет бас тарту, əрине, оңай емес, бірақ мен оны
қимасам да қабылдамай тастадым, лақтырып жібердім, қажетсіз деп
санадым, менің басқадай шарам қалмады. Басымда жарықтың
шапшаңдығындай жылдамдықпен: "бұл ойдың бұдан бір минут кеш
келмегеніне де құдайға шүкір! Мұның өзі шытырман оқиғалы
романдарда жазылатындай барып тұрған ең қатерлі кездейсоқтық
болар еді" деген кəдік ой заулап өте шықты.
Сол кезде бір жас жігіт тротуарда бір, екі, үш, торт деп ағаш аяқтай
ерсілі-қарсылы адымдап жүрді. Шамасы, менің жүзімнен де көзге
тосын бірдеңе байқалып тұрған болса керек.
— Хоули мырза, сізге не болды? Сырқаттанып қалғансыз ба?
— Ішім бүріп тұрғаны, — дедім мен.
— Мұндай-мұндай əркімде де болады. Онда жүгіріңіз, жүгіріңіз, мен
күте тұрайын.
Мен дəретханаға тарттым, есікті жауып алып судың сарқырағаны
естілуі үшін шынжырды тартып қалдым. Мен жарықты жақпадым.
Қараңғыда отырдым. Бұлқынып-жұлқынып жатқан қарным ұятқа
қалдырмады. Маған шынымен, бір минут өтпей-ақ қажетімді өтеуге
тура келді, содан бірте-бірте ішімнің бүлкілі де, күңкілі де басылып,
жаным жай таба бастады. Морфидің заңдар жинағына тағы бір тармақ
тіркелді: күтпеген жерден тосын жағдай тап бола қалса, дереу
жоспарды өзгерту керек. Мұндай жағдайды мен бұрын да бастан
кешкем. Осындай қиын-қыстау кезде, əйтпесе аса қауіп-қатерлі сəтте
құдды өзімнің қалыпты қанамнан сытылып шығып, қиянда тұрған
бөгде біреудей өзімді-өзім, өзімнің қимыл-қылығымды саралағандай
ойымның өрбу өрісін қалт жібермей асықпай-аптықпай барынша
байсалдылықпен байыпты түрде бақылаушы едім. Қараңғылық
құшағында отырып мен сол əлгі бөгде біреудің өзінің мінсіз жасалған
үлгілі жоспарын төрт бүктеп жəшікке тастап, қақпағын тарс жауып,
көрер көзге оны ғана емес, жаза баспас жадымды да қоса аластағанын
айқын көрдім. Былайша айтқанда, қараңғыда орнымнан тұрып,
түймелерімді салып, алжапқышымды жөндеп, жұқа үшқаттан жасалған
есіктің тұтқасынан ұстаған кезде, мен əбігері бастан асып жатқан
алдағы күнді күткен азық-түлік дүкенінің қарапайым кəдімгі
сатушысы болдым.
Бұл əрине, астыртын əрекет жасау үшін емес-ті. Шындығында бұл
солай болатын. Соның, əлгі жас жігіттің, менде қандай шаруасы бар
екенін ұқпай аң-таң қалдым, бірақ сөйте тұра əлдеқалай көңілім
алаңдағандай. Əрине, бұл полицей көрсе зəре-құты ұшатын санамызға
сіңіп, сартап болған үрейдің ұштығы болса керек.
— Сіз күтіп қалдыңыз ғой, кешіріңіз, — дедім мен. — Неге екенін
қайдам, ойда-жоқта бүріп, берекемді алғаны.
— Қазір аңызақ, сондай бір вирус бар көрінеді, — деді ол. Өткен
аптада менің жұбайым да дəл осындай жағдайға душар болды.
— Шамасы, маған тиген де сол вирустың шоқпары болса керек, мен
əзер жеттім. Кəне, не айтасыз, қандай қызметіңізге жараймын?
Лезде оның өңі өзгеріп, қымсынғандай, ғапу өтінгендей, тіпті
ұялғандай күйге түсті.
— Кей-кейде адамның істемейтіні болмайды екен ғой, — деп
бастады ол сөзін.
Мен "қилы-қилы жағдайлар болады" деп айтқым келіп тұрды да,
өзімді-өзім тежеп қалдым, олай деп айтпағаныма, құдайға шүкір,
өйткені ол іле-шала сөзін сабақтап, былай деді:
— Біздің жұмысымызда не болмайды дейсіз.
Мен сауда жасайтын текшенің ар жағына өтіп, қалпақ салынған
қораптың қақпағын жаптым да, сатушы тұратын текшеге келіп
шынтақтадым.
Ғажап! Осыдан бес минут бұрын мен өзіме өзгенің көзімен қараған
едім. Солай ету керек болды. Маған көріп тұрғанын анықтау қажет еді.
Тротуармен келе жатқанда ол маған алпамсадай алып денелі,
тағдырдың тақсыретін тартқан жандай қабағы түксиген, қас жауымдай
жүзі түнерген, жалмауыздай жат боп көрінген еді. Ал қазір менің
оймен топшылағандарымның бəрі көз көрмес, құлақ естімеске кетіп,
бір кездегідей болмысымның бөлінбес бөлегі болудан қалған шақта
бүл адамға мен мүлде басқаша, өзімнің қатысым жоқ, бейтарап жан
ретінде қарадым. Байқауымша, ол да бізбен қарайлас жаста болса
керек, бірақ болмысы бүтіндей бөтен, тəлім-тəрбиесі басқа, бəлкім,
наным-сенімі де бөгде болуы да ғажап емес. Жағы пышақ жанығандай
сылыңғыр, шашы кірпідей тікірейген тым қысқа қырқылған, көйлегі
аппақ шырыштай мақта-матадан тігілген, галстугі, əрине, əйелінің
таңдауы болса керек, табалдырықтан аттап шығарда оның түйінін
жөндеп, ұшын үйлестіргені де шүбəсіз.
Үстіндегі костюмі, тіпті қараға тəн қоңыр-сұрғылт, тырнақтары
боялмаса да мұқият алынған, сол қолында некелескеннің белгісіндей
алтын балдақ, жағасында жіңішке лента -өңіріне тағылмаған орденге
ишарат еткендей. Аузы мен сəл тосаңдау көкшіл көздері қаталдық
танытуға дағдыланған сыңайды аңғартады, əйтсе де дəл қазір олардан
ондай қатулыққа мегзейтін мысқалдай нышан байқалмайды — таң
қаларлық тосын жағдай — бейнебір бəрін əдейі үңірейтіп ойып алып
тастағандай. Бұдан бірнеше ай бұрын өзінің берген сұрақтарын менің
алдыма ара қашықтығын тең егіп, құрыш құймалардай қаз-қатар тізіп
қойған адамға ол мүлде ұқсамайды.
— Сіз мұнда бұрын да бір келіп кеттіңіз ғой, — дедім мен. — Қайдан
келіп едіңіз?
— Əділет министрлігінен.
— Əділеттілік орнатып жүрген болдыңыз ғой?
Ол жымиып күлді.
— Иə, ең болмаса, өзімді сондай ниетпен жұбатқан болайын. Бірақ
бүгінгі келісім ресми емес. Тіпті менің осы сапарымды бөлімнің
құптайтынына да күмəнсіз емеспін. Алайда бүгін менің қызметтен бос
күнім еді...
— Ал маған қандай талап-тілегіңіз бар? Бұйымтайыңызды айта
беріңіз.
— Десе де, бұл өзі күрделі шаруа ғой. Соны неден бастаудың ретін
таппай тұрмын. Хоули, білесіз бе, əдетте өзі бұлай бола бермейді ғой.
Менің қызмет істегеніме он екі жыл болған екен, бірақ мұндай іспен
алғаш рет айналысуыма тура келіп отыр.
— Егер сіз істің мəн-жайы қалай екенін айтсаңыз, бəлкім, мен
көмектескен де болар ма едім?
Ол тағы да мырс етіп күлді.
— Айтуға сөз таппай тұрмын ғой. Мен үш сағат бойы рольде отырып
келдім, маған əлі Нью-Йоркке қайтуға, онда да кешке қарай тас жолда
не боларын бір құдайдың өзі білетін қарбалас шақта қайтуға тура
келеді.
— Əрине, бұл оңай емес.
— Солайы солай...
— Сіздің аты-жөніңіз жаңылмасам, Уолдер болар?
— Ричард Уолдер.
— Уолдер мырза, дүкенге сатып алушылар дүмеп кететін түрі бар.
Солардың бұған дейін ағылмай жатқанына таң қаламын. Шұжық пен
қышаға деген сұраныс сұмдық. Айтарыңыз болса, тезірек айтып
қалыңыз. Маған келіп-кетер қолайсыз бірдеңе, əлде қауіп-қатер бар ма?
— Менің қызметімде талай-талай сұрқия, сұмырайлармен
ұшырасуға тура келеді. Қарақшылар, суайттар, алаяқтар, қорқаулар,
нақұрыстар, ақылдылар — кей-кейде бар ғой, солармен сөйлесуге тіл
тапқанша діңкең құрып, əзер-əзер төзімің жетеді. Түсінікті ме?
— Түсінсем бұйырмасын, Уолдер мырза, не деп бажыратып
отырсыз? Мен айтқанды ұқпайтын миғұла емеспін. Мен Бейкермен
банкте əңгімелестім. Сіз менің қожам — Маруллоны қолға түсіргіңіз
келеді ғой?
— Қолға түсірдік, — деді ол ақырын. — Не үшін?
— Бізге астыртын келгені үшін. Менің шаруам шамалы, маған тиісті
құжаттарды береді, мен өзімнен талап етілген істің бəрін орындаймын
Ал оны соттап, тағдырын шешетіндер — басқалар.
— Оны қайтадан еліне айдап жібере ме?
— Иə...
— Ол қарсылық көрсетпей ме? Бəлкім, менің көмегім қажет болар?
— Ол қарсылық етпейді. Өз айыбын мойындады, кетеді, іс сонымен
бітеді.
— Апырым-ай десеңші!
Бірден сау етіп жеті-сегіз сатып алушы дүкенге келіп кірді.
— Мен сізге айтып, ескерттім ғой! — деп дауыстадым да,
келушілердің қажетін, əйтпесе қажет етеді-ау дегендерін таңдап
алуларына қолұшын беріп, көмектесе бастадым. Абырой болғанда,
шұжық пен шүрек нан жеткілікті болатын.
Уолдер сатып алушылардың төбесінен:
— Мына көкөніс тұздығы қанша тұрады, — деп сұрады.
— Бағасы жарнама қағазда жазулы тұр.
— Отыз тоғыз цент, бəйбіше, — деді де, ол өлшеуге, орауға,
жайлауға, есептеуге кетті. Сосын қолын менің үстімнен асырып,
кассаға шекті бастырып алды. Ол орнынан ығысқан кезде мен
қаттаулы тұрған қалтаның біреуін алдым да, жайманың жəшігін ашып,
ішінде жатқан ескі тапаншаны қалтамен көлегейлеп алып шықтым да,
дереу оны дəретханаға апарып, сонда талайдан тұрған жанармай
құйылған құтыға тастай салдым. Қайтып орныма оралған соң:
— Сіз азамат екенсіз, бəрін өзіңіз-ақ тындырып жатырсыз, — дедім.
— Мектептен кейін бірден сатушыға көмекші болып істегем.
— Оныңыз көрініп тұр.
— Сіздің қолғанат көмекшіңіз жоқ па?
— Баламды алсам ба деген ойым бар. Мейлі, жəрдемдессін.
Сатып алушылар біртіндеп келмей, бірден топырлап дүмеп кетеді.
Ара-арасында келесі дүрмек келгенше сатушы ентігін басып, ептеп
демалады. Тағы бір жəйт: егер адамдар бірге істесе, олардың арасында
кикілжің азаяды. Əскерде ақтар мен қаралар қатар тұрып, ортақ жауға
қарсы иін тіресіп шайқасса, олар бір-біріне деген өшпенділіктен
айығатыны аңғарылады.Уолдер бір қадақ помидорды өлшеп, қағаз
дорбаға салып, сыртына бағасын жазып, сомасын есептегенде, мен де
полицияның төбесі көзге шалынса, кірпідей жиырылатын ішкі
секемшіл сезіктен ақыл-тақыл арылғандай болдым. Алғашқы топ ұбапшұбап ұшып кетті.
— Ал енді менде қандай шаруаңыз бар еді, тезірек айта беріңіз? —
дедім мен тағы да.
— Мен осында барып қайтамын деп Маруллоға уəде беріп едім. Ол
дүкенін сіздің еншіңізге бергісі келеді.
— Сіз есіңізден ауысқаннан саумысыз? Бəйбіше, сіз кешіріңіз. Мен
өзімнің мына танысыма айтып жатырмын.
— Солай ма? Онда түсінікті. Жарайды, біз бесеуміз. Үш еркек. Сонда
мен қанша шұжық алуым керек?
— Ер адамдарға — бесеуден, сіздің күйеуіңізге — үшеу, сізге — екеу,
барлығы — жиырма.
— Солардың əрқайсысы бес-бестен шұжық жей алады деп ойлайсыз
ба?
— Мен емес, солай ойлайтын солар ғой. Сіздер серуенге шығып па
едіңіздер?
— Иə-иə...
— Онда бесеуін артық алыңыз. Өйткені оның бір-екеуі қалайда отқа
түсіп, күйіп кетеді.
— Шылапшынның тығыны қайда еді?
— Сонау арт жағында, мүсəтір мен кір жуатын ұнтақ жатқан тұста.
Сөйтіп бəрі абыр-сабырмен аралас жүріп жатты, тіпті сосын одан
басқаша болуы да мүмкін емес-ті. Егер сатып алушылардың сөздерін
сызып тастап, біздің айтқандарымызды ғана жүйеге түсірсе, онда ол
шамамен былай болып шығар еді:
— Мен əліге дейін есімді жия алмай жүрмін Өз шару анды істейсің,
көбіне кіммен танысып, табысып жатасың — арсыз азғындармен Ал
егер жүліктермен, суайттармен, əртүрлі жарамсақтармен жағысын
əдеттенсең, онда адал адам сені сілейтіп салады.
— Сіз адал адам дейсіз бе? Менің қожам сондай, мығым, шақпақ
тастай шымыр еді.
— Оны білемін. Бұған біздің өзіміз кінəліміз. Ол маған талай-талай
əңгіме айтты. Мен оған шүбəсіз сенем. Ол мұнда келмей тұрып-ақ
Бостандық ескерткішінің тұғырына жазылған қасиетті сөзді өмір бойы
өшпестей ғып жадына тоқып алған. Тəуелсіздік декларациясының
əрбір əрпін ағат жібермей жаттаған-ды. Құқық туралы заң жобасында
жазылған əрбір сөз ол үшін маздақ оттай алаулап жанып тұратын. Ал
кетейін десе, кенет кес-кестеп жібермей қойған. Бірақ ол лажын тауып,
тосқауылдан өтіп келді. Бір қайырымды жан оған қолұшын берді. Жон
терісі сыпырылған жөкедей тұлдырын қалдырмай тонап алды да,
өлмесең тұрма, жағаға енді өзің жет деп тулаған толқынға түнде
лақтырып тастап кетті. Америка дегеннің не екенін ол əуел баста
білген де емес, бірақ қыр-сырын жүре келе бірте-бірте ұқты. "Ақша тап,
алдымен өзіңді ойла". Ұғынды, бəрін түсінді. Ол қара жаяу қауқарсыз
жан емес. Өз басының қамын алдымен ойлады. -Мұның бəрі сатып
алушылардың кимелеген қаңқу сөздеріне толы, сол себептен де жүйелі
жөнді əңгіме болмай, үзік-үзік, іртік-іртік бірдеңе болып шықты.
— Үстінен өсек айтқанда, оның айрықша ашына қоймауы да, міне,
осыдан болса керек.
— Өсек дейсіз бе?
— Əрине, өсек. Оның қандай қиындығы бар? Бір мəрте телефон
шалса болды, соның өзі де жетіп жатыр.
— Сонда ол кім болды екен?
— Кім білсін. Біздің бөлім қылт етіп, қия баспайтын дəл механизм.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 21
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.