Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 05

Total number of words is 4119
Total number of unique words is 2311
32.4 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
55.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жасқану, орынсыз тайсақтау.
Кейде таңның өзі алыс болса да, оның сазды сілемі білініп, мөлдір
сəріліктің тамылжыған тымық иісі аңқып тұрады. Қазір де дəл солай,
ауа, сері самал, шығыстан əлде шағын жұлдыз ба, яки планета ма, емісеміс көрінеді. Оның қандай жұлдыз, қайсы планета екенін менің білуім
жөн еді, бірақ мен біле алмадым. Əдетте таң қараңғылығы түскенде
төңірек түгел көмескі тартып, сəрілік сазы қораланып, ауа
салқындайды, жел күшейеді. Əманда осылай! Демек, мен үйге қайтар
уақыт та таяу қалды деген сөз. Жаңа туған жұлдыздың пешенесіне
көгілдір аспанның көкжиегіне де ұзақ жарқырап тұруды жазбаған
екен. "Жұлдыздар жарлық етпейді, табындырады" деуші ме еді, қалай
деуші еді? Айтпақшы, көптеген кəнігі қисап шонжарлары өздерінің
биржадағы сауда-саттық істері жайлы алдан ала аспан əлемінің
сырластарымен ақылдасады дегенді де естуім бар. Жұлдыздар бағаны
көтеруге сыңай таныта алады? "Америкэн телэграф энд телэфон"
жұлдыздар ықпалына тəуелді ме? Менің тағдырым мұндай алыстағы
дүдəмал ықпалға тəуелді емес. Қуыс кеуде, арамза əйелдің қолындағы
əбден тозығы жеткен балгерлік ескі картаның колодасы жəне ол оны
жая отырып, көрер көзге залымдық жасайды! Əлде карта да жарлық
етпейтін, тек қана табындыратын шығар? Əйтсе де сол карта мені жеті
түнде жан ұшырып асығыс осында, оңаша орынға келуге, сондай-ақ
мүлде менің құлқым жоқ, қаперіме келмеген нəрсені ойлауға ырықсыз
иландырып, ығына жығып отырған жоқ па? Ықпал деген осы
болмағанда не? Ал енді солар ешқашан менің бойымда байқалмаған
іскерлік, ұсынықтылық болмысыма, табиғатыма жат пайдақорлыққа,
тойымсыз ашкөздікке мына мені икемдеп, иландыра ала ма?
Картаның ықпалымен менің зауқым соқпайтын, жаным қаламайтынды
аңсарым, іңкəрім етуге мүмкін бе? Жалмауыздар бар, жалманатындар
бар. Ең алдымен есте сақтайтын шындық, міне, осы. Сонда
жалмауыздар жалманғандардан құлқынның құлы құлықсыз жандар
болғаны ма? Неге десең, түбінде біздің бəріміз де əлгі жалманғандар
қатарына қосыламыз ғой — біздің бəрімізді, тіпті ең қатыгез
қаныпезерді де, ең алаяқ сұмырай сұмды да қара жер қаймықпай-ақ
жұтады.
Клам-хиялда əлдеқашан əтеш шақырды, мен оны естідім де,
естімедім де десем болады. Менің баспанамнан əлі де кеткім келмей,
сол арадан арайлап атқан таңның шұғыласын көруге аңсарым ауды да
тұрды.
Оңаша орынға байланысты менің белгілі рəсімім жоқ деп едім, бірақ
мұным ағат айтылған еді. Сол араға барған сайын ылғи мен бір кезде
кеме мачталары жайылған жабдық тіреулерді, оралған желкендер иін
тіресе самсап тұрған ескі айлақты ылғи да есіме алып, ойша көз
алдыма елестетіп, өзім көңілімді жұбатуға тырысамын. Сондайда өз
қандастарымды,
ата-бабаларымды:
жастары
— шканцыда
(салтанатты жиын өткізетін алаң), одан ересектері спардекте (кеменің
жоғарғы палубасы), қарттары — капитан мінберінде отырғандарын да
көремін. Онда Мэдисон авеню ( Нью-Йорктегі орталық) жайлы кім
ойлаған, əйтпесе гүлді капустаның қауданынан артық жапырақ
аршылар-ақ деп қабырғасы қайысарын кім білген? Ол кезде арнамысы, абыройы биік,еңсесі жоғары болатын: қысылмай,
қымтырылмай еркін жүретін.
Бұл менің ақкөңіл əкемнің даусы — қарт шкипер өзі куəсі болған
басқа да жəйттерді — түскен пайданың тиесім үлесіне байланысты
талас-тартыстар, жүк төңірегіндегі қулық-сұмдықтар, əрбір тақтайды,
əрбір кильеонды қалт жібермей тексеру, сабылған сансыз соттасу
машақаттары, адам өлімі — иə-иə, кəдімгі адам өлімі жайында да еске
алып отыратын. Əйел үшін, атақ-даңқ үшін қызыққа құштарлық үшін
ше? Жоқ, əсте олай болған емес. Ақша үшін болатын. Алғашқы жүзу
сапарынан кейін қожырамайтын сыбайластар кемде-кем еді, тіпті
сылтау — себебі ешкімнің есінде қалмаған күннің өзінде де сол айтыстартыстар талайға дейін шаладай бықсып өшпейтін.
Қарт шкипер Хоулидің өмір бойы өкініш болып ойынан шықпаған
бір өкпесі, ұмыта алмаған бір қылмысты қиянаты бар еді. Ескі
айлақтағы жағалауда екеуміз оңаша отырғанда əлде тұрған кезде
солар жайлы ол маған талай мəрте айтқан еді. Ол арада біз екеуміз
небір мəнді де сəнді сəттерді өткіздік. Оның сыңар мүйіздің азуынан
жасалған əсем таяғымен алысты нұсқап тұрып айтқандары əлі менің
есімде.
— Троица жартасының үшінші шоқысын өзіңше белгілеп ал, — деді
ол. — Белгілеп алдың ба? Енді сол арадан Порти мүйісіне, тасқын
судың ең биік нүктесіне дейін сызық тарт. Болдың ба? Ал енді сол
сызықтың бойымен жарты кабельтов ілгері жылжы, ол нақ сол жерде,
дұрысында, оның килі жатыр.
— "Əсем Адэр" ма?
— Иə, "Əсем Адэр".
— Біздің кеме.
— Жарым-жартылай біздікі. Кеме аялдайтын айдында — айлақта
тұрғанда өртенді, су бетіндегі жақтауына дейін түгі қалмай түгел
жанып кетті. Бұл ойламаған оқыс оқиға болды дегенге мен əсте де
сенбеймін.
— Сіз оны əдейі өртеді деп ойлайсыз ба, мырза?
— Күмəнім жоқ.
— Сонда қалай, мұндай өрескел іске қалай баруға болады?
— Мен оны істей алмас едім.
— Сонда мұны кім істегені?
— Білмеймін.
— Неге?
— Қамсыздандыру сыйлығы.
— Демек, сол кезде де қазіргідей болғаны ғой?
— Иə.
— Əйтсе де бір айырмашылығы болса керек қой?
— Айырмашылық тек адамдар да — адамдардың тек өздерінде ғана.
Бар құдірет адамда. Бұл жалғанда бəрі тек соған байланысты, соның
құзырында.
Өрттен кейін, əкемнің айтуынша, капитан Бейкермен үзілді-кесілді
тілдесуді қойған, бірақ оның баласы, банк директоры Бейкерге бүл
өкпенің ешқандай қатысы жоқ. Қарт шкипер кемені өртеуге қандай
қабілетсіз болса, əділдіктен аяғын шалыс басуға да сондай қабілетсіз
жан болатын.
Уа, Тəңірім-ау! Тезірек үйге қайту керек екен ғой! Мен асыға
бастадым. Ештеңеге алаңдап əуре болып жатпай, дедектеп жүгіре
жөнелдім десем де болар. Таң қараңғылығы əлі сейіле қоймаса да,
сонау көкпен табысар тұсында таңсəрінің құланиек сəулесі
саңылаулап, төңіректе тұңғиық су қорытқан қорғасындай түнере
қапты. Жағалауға ескерткіш үшін қойылған құлпытасты айналып
барып, қалалық поштаның қасынан өттім. Мен білгендей-ақ: көршілес
бір үйлердің кіреберіс есігінің алдында Дэнни Тейлор тұр екен: қолы
қалтасында, көнетоз пальтосының жағасын көтеріп алған, басында
құлағына түсірген аңшылар киетін көне малақай... Оның беті сəл көгіс
тартқан, жүзі солғын, сұп-сұр, өзі əбден тоңып қалшылдап кеткен, бір
түрлі дімкəс сияқты.
— Ит, — деді ол, — əйтсе де орынсыз мазалағаныма сен мені кешір.
Бірақ маған миымды шайқап, шайып алуым керек. Өзің білесің ғой,
егер қату қажет болмаса, сұрамас та едім.
— Білемін. Яғни білмеуім де мүмкін, бірақ сенемін. — Мен оған бір
доллар қағаз ақша ұсындым. — Жете ме?
Енді болмаса еңіреп қоя беретін баладай оның ерні дірілдеп кетті.
— Рахмет, саған, Ит, — деді ол. — Иə, мұнымен мен бүгін əлде тағы
түні бойы күнелтетін шығармын Алдағы əлденеден емексіген ол ептеп
есін жиғанға ұқсады.
— Дэнни, сен осыны қойсаң қайтеді. Мен сені ұмытты ғой деп
ойлайсың ба? Дэнни, сен менің бірге туған бауырым едің ғой, қазір де
сондай бауырысың. Саған көмектесу үшін мен бұл жалғанда қажеттің
бəрін жасар едім.
Оның жағы суалған жадау жүзіне ептеп қан жүгірді. Ол қолындағы
ақшаға қарады да, бейнебір шипалы алғашқы жұтымды ұрттағандай
талмаусырай тамсанды. Сосын басын көтеріп, ызғар шашқан ызалы
көзімен маған қарады.
— Біріншіден, менің жеке басымның ісіне көлденең киліккенді жек
көрем. Ал, екіншіден, Итен, сенің өзіңнің де жаныңа жалау болар көк
тиының жоқ, кем-кетігіміздің əртүрлі болғаны демесең, сен де мендей
мүгедексің.
— Дэнни, мені бір тыңдашы!
— Не үшін? Егер білгің келсе, сенен гөрі менің жағдайым əлдеқайда
тəуір. Менің қолымда пəрменді айбарым бар. Біздің қала сыртындағы
қоражайымыз есіңде ме?
— Өртенген үй тұрған жердегі ме? Біз əлгі қамбасында жасырынбақ
ойнайтын ба?
— Сен əлі ұмытпаған екенсің. Міне, сол жер əзір менікі.
— Дэнни! Сен оны сатып, жаңа өмір бастауыңа болады ғой!
— Ал менің сатуға құлқым жоқ. Жыл сайын салықтың төлеміне деп
шетінен там-тұмдап кертіп кесіп алады. Десе де, үлкен шалғын əзір
менікі.
— Сен неге оны сатқың келмейді?
— Неге десең, ол жер — мына мен. Мен, Дэнни Тейлор. Қолымда ол
тұрғанда қарғыс атқыр қара ниеттілердің ешқайсысы маған қоқаңдай
алмайды, жексұрын жендеттердің ешқайсысы құлыпқа жаба алмайды.
Түсінікті ме?
— Əйтсе де тыңдашы, Дэнни!..
— Ештеңені тыңдауға зауқым жоқ. Егер сен маған берген бір
долларыңа өсиет айту құқығын сатып алдым деп ойлайтын болсаң,
онда — мə! — Оныңды қайтып ала ғой!
— Жоқ, жоқ, ала бер!
— Жарайды, алайын. Бірақ өзің түсінбейтін тұста өзгені кінəлама.
Сен ешқашан ішкілікке салынып ішіп көрген емессің. Мен саған
шошқаның сүр етін қалай турауды үйретпеймін ғой. Жетер, жөніңді
тап, ал мен миымды шайып алуға бірдеңе табылатын осы тұстағы бір
жердің есігін қағып көрейін. Сен менің айтқанымды ұмытпа: сенен гөрі
менің хəлім тəуір. Ең болмаса мен алдыма алжапқыш байлап дүкенде
тұрмаймын. — Айнала қоршаған əлемнен оңашалану үшін көзін шарт
жұмса, сол да жетіп жатыр деп білетін аңғал сəби сынды ол да кілт
бұрылып, жабық есіктің босаға жақтауына басын сүйеді. Мен қара үзіп
кеткенше ол тапжылмай солай тұрды да қойды.
Қонақ үйдің қарсы алдында тұрған өзінің "Шевролесінде" қалғып
отырған шүкəйттай Вилли селт етіп секем алды да, есігінің əйнегін
түсірді.
— Қайырлы таң, Итен, — деді ол. Сіз осы шынымен ұйқыдан тұрып
келдіңіз бе, əлде əлі жатқан жоқсыз ба?
— Соның екеуі де бар.
— Бəлкім, түнді көңілсіз өткізбеген боларсыз деймін!
— Оның айтары жоқ, Вилли. Жұмақтан əсте кем емес.
— Жə, жə, Ит, сіз бір жезөкшемен əуейіленіп əлек болып жүрмін деп
мені иландыруға əуре болмай-ақ қойыңыз.
— Адал сөзіммен ант етемін.
— Қоя қойыңыз! Қармақ салып жағада қалғып отырған боларсыз. Ал
жұбайыңыздың жайы қалай?
— Ұйықтап жатыр.
— Кезектен ауысып алайын, бəлем, мен де соның істегенін істеймін.
Бұған мен ол кезекте тұрған кезде де уақытын бекер жіберген жоқ
деуіме болатын еді, "бірақ үндемеген үйдей пəледен құтылады"
демекші, үндемей өтіп кете бердім.
Мен үнімді шығармай аяғымды ақырын ғана аңдап басып
жапсардағы жанама есіктен кіріп, асхананың шамын жақтым... Менің
жазып кеткен хатым үстелдің сол жақ бұрышына таман жатыр екен.
Мен оны үстелдің нақ ортасына қойдым деп ант ішуіме болады. Кофені
отқа қойдым да, қайнауын күтіп орындыққа келіп отырдым, кофейник
қайнаған сəтте Мэри де кірді. Азанда төсектен тұрған бойда менің
сүйіктім кəдімгі бойжеткен бикештей көрінеді. Ересек екі баланың
анасы деп оны əсте айта алмайсың. Одан жаңа ғана орылған көк шөптің
көмейіңді қытықтар хош иісі аңқиды — бұл дегенің жарық дүниедегі
аса аялы, айрықша жаныңды жадыратар жайсаң иіс қой!
— Не ғып сен түн асып, таң атпай ұшып тұрдың?
— Міне, қызық! Біле білсең, мен түні бойы тізе бүккенім жоқ. Анау
есіктің қасында тұрған менің кебісімді көрдің бе? Қолыңмен ұстап
қарашы, малмандай су екенін өзің де көресің.
— Сен қайда барып едің?
— Шығанақтың жайдақ жағасында, жан білмейтін бір үңгір бар,
дудар бас менің шүрегейім. Сонда барып мен түн торып, таң күзеттім.
— Иə, деген-ай!
— Мен теңізден бір жұлдыздың шыққанын көрдім, оның иесі жоқ
екен, мен оны мейлі біздің-ақ жұлдызымыз болсын деп ұйғардым. Мен
оны қолға үйреттім де, жайылсын деп жайына жібердім.
— Ашуланбашы! Сен жап-жаңа тұрған шығарсың, ал мен сенің
тықырыңды естіп оянған болармын.
— Маған сенбесең, шүкəйттай Виллиден сұра. Мен онымен əлгінде
ғана əңгімелескем. Дэнни Тейлордан сұра. Мен оған бақандай бір
доллар бердім.
— Бекер болған. Ол барып ішіп қояды.
— Ішкенде қандай. Оның аңсаған арманы сол Ал біздің əлгі апақай
жұлдызымыз қайда ұйықтар екен, сен қалай деп ойлайсың, еркешім?
— Кофенің иісі керім екен, ə? Сенің əжуа-қалжыңың ауылына қайта
орала бастаған сияқты, оған да шүкір. Сенің азалы жандай назалы
сиқыңды көргеннен асқан азап жоқ. Байлық жөніндегі əңгіме орынсыз
болды. Сен мені бақытсыз екен деп ойламай-ақ қой, оның еш қажеті
жоқ.
— Ал сен бекерге абыржыма, карта бəрін айтты.
— Ненің бəрін?
— Рас, қалжыңы жоқ. Мен көп ұзамай көңірсіген бай болам.
— Сенің көкейіңде көмулі не жатқанын сірə да білмейсің.
— Адам шылғи шындықты айтқанда əманда солай болады.
Жаратқанның жексенбісі үшін балаларды шамалы шықпыртып
алуыма бола ма? Сүйектерінің саудырап сынып қалмауына уəде берем.
— Мен əлі беті-қолымды жуғам да жоқ, — деді ол. — Асханада кімнің
ыдыс-аяқты тасқабақтай қағыстырып жатқанын түсінбедім.
Ол моншада жуынып-шайынып жатқанда, мен үстелдің үстінде
жатқан хатты алып, қалтама салып қойдым. Əйтсе де мен біле
алмадым. Шынымен-ақ осы өзгелер жайлы ең болмаса ұсақ-түйек
бірдеңелерді де білуді бізге жазбағаны ма? Сен болмысыңда қандай
жансың, Мэри? Сен мені естимісің? Сен болмысыңда кімсің осы?
IV тарау
Бұл сенбі басқаларына əсте ұқсамайтын еді, əр күннің өзіндік бір
өзгешелігі болуы ықтимал. Бірақ бүл əсіресе ерекше күн болатын.
Маған Дебора апайдың сүреңсіз даусымен сыбырлаған нəрсіз үні
естілді! "Бүгін Христос бақи болды. Бүл жылына бір-ақ күнде болады,
міне, бүгін сондай күн Жер бетіндегі жан біткеннің бəрі де сондай бақи
болды. Христос қазір тозақтың отында ақыреттің азабын тартуда. Ал
ертең — күте тұр, ертең тəңірдің таңы атсын. Не болғанын, міне, сонда
көресің".
Маған Дебора апайды көз алдыма елестету қиын, өйткені өзің күнде
көріп, көзің үйренген адамыңды ойша елестету — əрқашанда қиынның
қияметі. Əлі есімде, ол маған тауратты күнделікті газетті оқығандай
оқып беретін, əйткенмен ол оны қашанда қилы-қилы қызықты
жаңалықтарға толы, қисапсыз қайталанып отыратын оқиғалар
жөніндегі əңгімелер ретінде, иə, нақ солай деп қабылдайтын болса
керек. Əр Пасха сайын Христос шынымен қайта тірілетін, бұл күтпесең
де бəрібір есеңгіретер ерен қопарылыс болатын. Оған соның бəрі екі
мың жыл бұрын емес, тап қазір, нақ бүгін болып жатқандай. Осы бір
сөзімді там-тұмдап болса да ол санама сіңіріп, көкірегіме құйған
сыңайлы.
Қалайда бір дүкенді ертерек ашуға менің асыққан кезім əсте есімде
жоқ. Зеріктіріп, əбден мезі етіп жіберетін күннің бастауы - кəдімгі таң
да менің қас жауым. Бірақ мен сол күні үйден кеткенше асықтым, тым
əзер шыдадым. Мен өзімнің Мэриімді жан-тəніммен жақсы көрем.
Бəлкім, мен өзімнен де артық көретін болармын, бірақ та əр кез оны
зер салып, зейін қойып ықыласпен тыңдай бермеймін. Ол киер көйлек
жайлы, яки денсаулыққа байланысты, əлдекімдердің тапқыр да
ұлағатты сөздерін қайталап, құлақтың құрышын жеген сəттерде мен
оны мүлдем тыңдауды қоямын Кейде ол ыза болады: "Сен соны
білмейсің ғой. Мен саған айттым. Менің анық есімде. Ол жөнінде мен
саған бейсенбіде таңертең айтқан болатынмын" деп өңештейді. Оның
дəл солай екеніне шүбə келтірмеуге əбден болады. Оның маған
айтқаны рас. Қайсыбір жəйттер жайлы ол маған қалдырмай тəптіштеп
бəрін айтады.
Сол таңда менің тыңдағым келмегені былай тұрсын, тіпті бар ғой,
ондай міндеттен құлантаза құтылғым келді. Мүмкін, менің өзімнің де
сөйлессем деген игі ниетім болған шығар, бірақ айтар дəнеңе жоқ,
өйткені əділін айтсақ, көбіне ол да менің сөзіме құлақ аса қоймайды,
оған да шүкіршілік. Менің бойым сергек пе, көңіл күйім əдеттегіден
қалай, шаршап-шалдығып қалмадым ба, əлде шат-шадыманмын ба,
осының бəрін ол менің даусыма құлақ түріп, үнімнің ырғағы мен
сарынына қарай анықтап аңғарғысы келеді. Несі бар, мұны ақылдылық
демесе де, есуастық деуге болмас. Рас, мені тыңдамайды, өйткені мен
көбіне-көп сөзімді оған емес, өзімнің өзегімде отырған үнсіз
тыңдаушыма арнаймын ғой. Əсілі, ол да менімен шүйіркелесіп жатқан
жоқ. Əрине, егер мəселе балаларға немесе үй ішіндегі тосын жағдайға
байланысты болғанда əңгіме мүлде басқа ғой.
Əдетте сөзің кімге арналса, əңгіменің жай-жапсары көп ретте соған
байланысты болатынын мен жиі байқап жүрмін. Мен көбінесе сөзімді
əлдеқашан өмірден өткен адамдарға, мəселен, біздің отбасымыздың
(Плимут-Рог) тас қамалдай тағдыры атанған Дебора апайға немесе
Қарт шкиперге арнаймын. Тіпті солармен айтысып та қаламын. Шаңы
шұбалған, апшыны қуырған бір шайқаста Қарт шкиперден "Кəне, осы
керек пе?" деп сұрағаным есімде жəне оның айқын жауабын естідім:
"Əрине, керек. Тұмсығыңның астынан мыңқылдама" деді. Ал менімен
айтысып жатпады. Ол сірə да айтыспайтын да. Тек "Керек" деді, мен
алға ұмтылдым. Бұл арада артық айтқан əсірелеу жоқ. Бар болғаны
адам қашанда күдік пен қобалжудың құдіреті жетпейтін өз
болмысының тереңінен медет болар мəрттік немесе араша іздейді.
Алғаусыз монолог — алаңсыз ақтарыла сөйлеу үшін мұндай
ізденістің оңтайлы түрі — азық-түлік дүкеніндегі құтылар мен
шөлмектер əрі нағыз, əрі тілсіз тыңдаушылар, міне, осылар. Мысықтар,
иттер, құстар да кəдеге жарайды. Олар қарсылық етпейді жəне
соңынан сүйреңдеспейді.
Мэри айтты:
— Сен кетіп барасың ба? Əлі аттай жарты сағат уақытың бар ғой.
Соншалықты ерте тұрудың да қажеті жоқ еді.
— Дүкен ашылғанша толып жатқан қораптарды ашуым керек, —
дедім мең, — тауарларды текшелерге жайғастыру қажет. Бірнеше
мəнді шешім қабылдау керек. Тұздалған көкөністерге томат сөлін
қосса, үйлесе ме? Өріктен істелген компот шабдалымен қатар тұрса,
қалай болар екен? Жасанды жақта түрлі түстердің үйлесім табуы аса
маңызды екенін сен өзің де білесің ғой.
— Саған бəрі күлкі, — деді Мэри. — Бұған да шүкір. Күңкілден гөрі
күлген артық. Еркектер шетінен қазымыр келеді.
Шынында, əлі ерте еді. Жирен Бейкер əлі көріне қойған жоқ-ты. Бұл
итке, жалпы ит атаулының бəріне қарап сағатыңды тексеруге болады.
Тұп-тура жарты сағаттан кейін ол керіле кербез басып осы арадан
өтеді. Джой Морфи де əлі көрінбейді. Банк, рас, əзір жабық, əйтсе де
Джой кітаптарына шұқшиып сонда отырған да болар. Қала бүгін тыптыныш, ол түсінікті де: пасхаға байланысты жұрттың дені дүйсенбіге
дейін жан-жаққа сапарлап кетті. Пасха, Шілденің төртінші жұлдызы
мен еңбек күні — біздегі ең үлкен айтулы мереке күндері осылар. Тіпті
жұрт мұны қаламаған күннің өзінде де, олар демалысқа кетеді. Керек
десеңіз, мына шегіршінді көшесіндегі торғай екеш торғайлар да
демалуға аттанып кеткенге ұқсайды.
Стонуолл Джексон Смит кезекшілікке тұрып үлгерді. Ертеңгі бір
шыныаяқ кофесін ішіп, "Фок-мачтадан" шыққан кезінде көрдім. Оның
қырым еті жоқ, сидиған арықтығы сондай, тіпті жамбасындағы
тапаншасымен кісенінің өзін көктемгі көтеремдей көтере алмай
ауырсынатын сияқты болып көрінеді. Оның полиция фуражкасы бір
шекесіне оқыс ожырая отырыпты, өзі үшкір ұшталған қаздың
қауырсынымен езуін ебедейсіз созып, тісін шұқылауда.
— Күн сəтті болсын, Стони. Азаннан алымды, кешке қарай ақшалы
болсын!
— М-м? — деп үн қатты ол. — Бүгін қалада ешкім қалған жоқ... өзінің
қалғанына ол əлдебір өкініш білдіргендей сыңайын танытты.
— Адам өлтіру, яки соған ұқсас көңіл аулар ештеңе болған жоқ па?
— Жо-жоқ, жалпы тыныштық, — деді ол — Көпірде бір жүгірмектер
машинасын қиратып алған екен, бірақ ол өздерінің меншікті
машинасы көрінеді; одан оларға келіп-кетер дəнеңе де жоқ. Сот көпірді
жөндеудің шығынын төлеуге кесетін болар. Фладхэмтондағы банкті
тонап кеткенін естіп пе едіңіз?
— Жоқ!
— Теледидардан хабарлады.
— Əзір біздің теледидарымыз жоқ. Қалай, кеп алып кетіп пе?
— Он үш мың деседі. Кеше, жабардың дəл алдында. Тонаған үшеу
көрінеді. Төрт штатта дабыл қағылды. Вилли енді аласұрып, тас
жолдың бойында əрлі-берлі шабуылдап, есі шығып жүр.
— Неғылар дейсің, оның ұйқысы қанық қой.
— Оның есесіне, менің ұйқым шала. Түні бойы тіпті бел шешіп
төсекке жатқан жоқпын.
— Ұстайды деп ойлайсыз ба?
— Сөзсіз ұстайды. Гəп ақшаға байланысты болған соң, шындап қолға
алады.
Қамсыздандыру
компаниялары
бəрібір
жайбарақат
отырғызбайды. Қаласаң да, қаламасаң да, қалай етсең де істі ақыр
аяғына дейін жеткізу керек.
— Егер қолға түсіп қалам деп қорықпасаң, əрине, онда анау айтқан
жаман кəсіп те болмас еді.
— Оған сөз бар ма! — деді ол.
— Стони, сіз Дэнни Тейлорға кіріп шықсаңыз қайтеді. Оның ұсқыны
— адам шошырлық.
— Иə, онша ұзаққа бармайтын шығар ол, — деді Стони. — Жарайды,
сол маңнан өткенде — соғайын. Бұл бір қасірет болды ғой! Бір кезде
қандай тамаша жігіт еді.
— Əжептəуір отбасыдан шыққан өзі.
— Маған ауыр тиіп жүр. Мен оны жақсы көрем.
— Əйтсе де енді оған ешқандай жəрдем де жасай алмайсың. Жаңбыр
жауар сыңайы бар, Ит. Вилли су болып қалар, ол су болғанды əсте
ұнатпайды.
Тар көшемен жүргеннің көңіліне ұнағаны жадымда қалғаны, сірə,
осы болар, мен тіпті дүкеннің қапталдағы есігін біртүрлі ықыластана
аштым. Есіктің кіреберісінде мысық мүлгіп тосып отыр екен. Осы
көтерем жымысқы мысықтың ашылған есікке қыбын тауып жып етіп
сүңгіп кетуден дəмеленіп, осылай мөлиіп мүлгіп отырмаған Тəңірдің
таңы менің əзір есімде жоқ, дегенмен мен оны тепсіне зекіп, əйтпесе
таяқпен жасқап, ылғи қуып жіберемін Мен білгенде ол əлі бір мəрте
айласын асырып ішке кіре алған жоқ. Бұл өзі ұрғашы мысық емес,
еркек мысық болса керек. Өйткені оның қос құлағы бірдей жырымжырым. Мысық дегеніңіз ғажап мақұлық қой, бəлкім, кəдімгі
маймылдар сияқты олар да өзімізге ұқсас болғандықтан да бізге бір
түрлі күлкілі болып көрінетін де шығар? Осы мысық бар ма, мына
дүкенге кіруге кемінде жеті жүз əлде сегіз жүз мəрте əлектенген болар,
бірақ соның бір мəрте сəті түспей-ақ қойды.
— Кəне, тұра тұр, қазір мен сенің аузыңды айға қаратайын, — дедім
мен мысыққа. — Ол ұшы алдыңғы екі аяғының арасында бүлкілдеп
жататындай етіп күлтеленген құйрығын денесіне айнала орап
алыпты. Мен қараңғы дүкеннің ішіне кіріп, текшеден бір қорап сүт
алып, оның аузын тесіп, шыныаяққа құйдым. Сосын сүт құйылған
ыдысты қоймадағы есіктің нақ алдына қойып, есікті ашық қалдырдым.
Мысық біресе маған телміре қарады, біресе жұтынып сүтке қарада да,
ақыры əлденеден сезіктенгендей өз жайына кетіп отырды, сəлден соң
монша қорасының ар жағына өтіп, көзден таса болды.
Ол көзден таса болған бойда қолында банкінің қапталдағы есігінің
кілті бар Джой Морфи тар көшеден шыға келді. Өрелі танды көз ілмей
өткізген жандай жүзі қуарып, жағы суалып кетіпті.
— Сəлем, Хоули мырза.
— Ал мерекеге орай мен бүгін сіздерді жабық болар деп ойлаған
едім.
— Мерекелер, сірə, мен үшін болмаса керек. Отыз алты долларға бір
жерден қате кетіпті. Мен кеше тіркеу кітаптарын ақтарып, түн ортасы
ауғанша əлек болдым.
— Кем шықты ма?
— Жоқ, артық.
— Онда жақсы болған ғой.
— Əй, қайдам! Мен қатенің қайдан кеткенін анықтауым керек.
— Банктің мұндай адал болатынын мен білмеппін.
— Банктер сондай адал өкінішке орай, адамдардың бəрі бірдей
ондай емес. Əйтсе де мен қатенің қайдан кеткенін таппай тұрып, маған
мереке жайлы ойлау қайда!
— Өкінішті, есеп-қисап жөнінен менің саңылауым жоқ.
— Мұның барлық құпия сырын кəдімгі бір сөзбен айтып беруіме
болады. Ақшаны ақша жасайды.
— Одан маған келіп-кетері шамалы.
— Маған да солай. Əйткенмен менің тағы сондай бірер шындықтың
сырын ашып беруіме болады.
— Мысалы?
— Мысалы, асыққан əрқашан ұтылады. Немесе өтірік мақтамасаң,
өткізе алмайсың, тағы да: алушысы қандай болса, бағасы да сондай.
— Бұл не сонда, қысқартылған бағдарлама ма?
— Əрине. Бірақ түп негізі болмаса, аса жалаң мұның өзі ештеңеге
арзымайды.
— Ақшаны ақша жасайды дейсіз ғой?
— Демек, мұның бəрі сіз бен біз үшін емес.
— Ал несие алуға болмай ма?
— Несие алу үшін кредит керек, ал бұл да — бəз-баяғы ақша.
— Жарайды, ендеше, одан да өзімнің үйреншікті азық-түлігімді
айналдырғаным жөн болар.
— Ол да жөн. Фладхэмтон банкінің тоналғаны жайлы естіп пе едіңіз?
— Стони маған айтқан. Бір қызығы, күні кеше ғана сіз бен біз осы
тақырып төңірегінде əңгімелескен едік қой, есіңізде ме?
— Онда менің бір танысым бар еді. Тонаушылар үшеу көрінеді,
біреуі сақау, сөзді бұзып сөйлейді, екіншісі аяғын сылтып басады.
Өздері үшеу. Оларды ұстайды, оған күмəн жоқ. Мүмкін, бір аптадан
кейін. Мүмкін, екі аптадан кейін.
— Кəдікті іс.
— Иə, қайдам, қалай деуге боларын. Десе де, тым дөрекі, сорақы
жасалған шаруа. Ал сорақы іс қашанда оңға баспайды. Бұл — бұлжымас
заң.
— Кешегім үшін кешірім өтінем.
— Оны ойлап қажеті жоқ. Кінəлі — менің өзім. Азбас алтындай
айнымас тағы бір ереже бар: тілінді тісіңнен шығарма! Осы ережені
жадымда сақтауды үйрене алмай-ақ қойдым. Ал сіздің ажарыңыз
жақсы екен, Хоули мырза.
— Оның неліктен екенін қайдам? Мен бүгін тіпті көз ілгенім жоқ.
— Біреу-міреу науқастанып қалды ма?
— Жоқ. Əншейін, сондай бір беймаза түн болды.
— Ол жағын маған айтпай-ақ қоюыңызға болады.
Мен бұл жұмыс жайлы бас ауыртып ойлап жатпай, оған өзекті
өртейтін өшпенділікті сезінбей дүкеннің ішін сыпырып, перделерді
көтердім. Джойдың ережесі менің басымда сампылдап сарнап жатты.
Текшелерде тізілген аудиторияма қарап тұрып мен өзімше оралымды
ой толғадым ба, əлде суырылып сұңқылдадым ба, əйтпесе сыбыссыз
сыбырладым ба, ол жағын білмеймін.
— Қымбатты əріптестер, — дедім мен. — Егер бұл оп-оңай болса,
неге онда бұл саусақпен санарлықтай адамдардың ғана еншісіне тиеді?
Неге ылғи да сол бəз-баяғы бір қателік, сол ағаттық қалай қайталана
береді? Айнымас жұмбақ бірдеңе қалтарыста қағыс қала бере ме сонда?
Бəлкім, бүл арадағы осал түс — игі ниет, ізгілік болар? Марулло ақшада
жан жоқ дегенді айтады. Ендеше, бұдан ақшамен істес болатын
адамның қашанда осал тұсы — игі ниет, ізгілік деген ұғым тумай ма?
Өмір жолын енді-енді бастаған жас шыбықтай жастарды соғыста
өздеріндей түлектердің қыршынынан қиюын қалай жəне қайтіп
мəжбүр етуге болар еді? Рас, егер жауың түс-тұрпаты өзгеше болса,
əлде бөтен тілде сөйлесе, əрине, бұл міндетті орындауды оңайлатары
күмəнсіз. Ал азамат соғысы ше? Айталық, янкилер (американдар)
баланың етін жеді, бүлікшілер азабына салды. Бұл да міндетті
жеңілдетеді. Бұқтырылған қызылша мен тұздалған саңырауқұлақтар,
сəл сабыр сақтай тұрыңыздар, кезек сіздерге де келеді. Сіздер де
өздеріңіз жайлы бірдеңе естігілеріңіз келетінін мен білем. Əркім-ақ
құштар. Əйтсе де мен соған жылыстап жақындап келем. Былайша
айтқанда, жақшаның ішінде. Егер рухани дүние де сол кəдімгі заттар
дүниесі бағынышты заңдарға тəуелді болатын болса, онда өткінші,
баяны жоқ жалғандағының, мына ықтималды ғаламдағының бəрі де —
өмірдің өзегі делінетін өнегелілік те, мінез-құлық өлшемі — күнə, кінə
ұғымы да ықтималды болғаны. Басқаша болуы мүмкін де емес. Мұнан
ешқайда бұлтара да, жалтара да алмайсың. Мейлі, тіпті жақшаның
ішінде-ақ болсын! Он цент артық төлеп, өзіңнің ішкі құрылысыңмен
сыбырласып сөйлесуге болатын құрал айырбастап алатын айшықты
жазуы, Микки-маустың бейнесі салынған мүскіні бар қақпақты
корнфлекс қорабы, ал кəне, сен не қалайсың?
Сені мен үйге ала кетуім керек, ал əзірге жайғасып отырып тыңдай
бер. Менің Мэриге əзілдеп айтқанымның бəрі — алғаусыз ақиқат. Менің
арғы аталарым, əлгі аса құрметті шкиперлер мен кеме иелерінің бəрі,
сөз жоқ, үкіметтің қолдауымен төңкеріс кезінде, одан соң 1812 жылы
сауда кемелерін тартып алумен айналысқандары аян. Ал бүл аса
ізгілікті, асқан отаншылдық іс болып саналатын. Ал ағылшындар
болса, оларды өзгенің мүлкін иемденген қарақшылар деп білген жəне
басқаша атамаған. Менің əкем ие бола алмай, айрылып қалған
Хоулилер əулетінің қыруар мал-мүлкі əу баста, міне, қалай жиналған?
Ақшаны жасаған ақша, көрдіңіз бе, қайдан шыққан? Біз мұны əлбетте
мақтан етуімізге болады.
Мен томат пастасы салынған жəшікті əкеп аштым да, əсем
құтыларды бос текшеге тізіп қоя бастадым.
— Мүмкін, сіздерге беймəлім болар, өйткені сіздер шетелдіктер
сияқтысыздар ғой. Ақшаның тек жаны ғана емес, оның ар-намысы да,
жады да болмайды. Егер оны белгілі бір сəтте алақаннан шығармай
ұстай алсаң, онда ол өзгенің қатысынсыз-ақ құрметтің құшағын
табады. Мені ақшаны айыптайды екен деп ойламай-ақ қойыңыз. Қайта
мен оны мейлінше жақсы көремін Мырзалар, біздің шағын
қауымымыздың жаңа мүшелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер. Міне,
мен оларды (дəмді тұздық) кетчупті шөлмектермен көршілес
орналастырамын. Сыйлас та сырлас болыңыздар. Сэндвичке арналған
бұл тұздалған көкөністер сонау Нью-Йорктен келген Сонда өскен,
сонда дайындалып, консервіленген. Біз мұнда ынтымағы жарасқан
достық ортада ақша мəселесіне байланысты əңгімелестік. Мен сіздерге
біздің ең таңдаулы отбасыларымыздың бірін айырып атаған болар
едім, əрине, оның есімін бəріңіз де естіген боларсыздар. Бұл есім бүкіл
əлемге əйгілі. Міне, солай, бұлар біздің еліміз Англиямен соғысып
жатқан кезде ағылшындарға ет дайындап беру арқылы байыған
жандар, сөйте тұра олардың өздері де, олардың ақшасы да барша
қауымның сый-құрметіне ие болып отыр. Əйтпесе басқа бір əулетті,
шын мəнінде ең ірі банкирлер əулетін алайық. Оның негізін қалаушы
кезінде əскери ведомстводан үш жүз мылтық сатып алыпты. Бұлар
кем-кетігі бар, қолдануға қатерлі болғандықтан жарамсыз деп
табылған қару-жарақтар болғандықтан да тегінге, тым арзанға —
əрқайсысы елу центтен түскен еді. Содан кейін, арада аз уақыт өткен
соң, Батысқа өзінің əйгілі қаһармандық жорығын жасақтап жатқан
генерал Фремонға қару-жарақ қажет болды да, əлгі мылтықтардың
əрқайсысын жиырма доллардан (көрместен) сатып алды. Бəлкім, олар
майдандағы солдаттардың қолында жарылған да болуы ықтимал,
əттең, ол жөнінде тіс жарып, тіл қатпайды. Ақшаны сенің қайдан
алғаның гəп емес, гəп оның қолыңда болғанында, соның септігімен оны
одан əрі молайтқанда: мұны мимырт мысқылға балап, күстəналай
көрмеңіз. Сіз бен біздің төреміз, əміршіміз, Рүмнің (Рим) мұрагері
Марулло əбден дұрыс айтады. Мəселе ақшаға кеп тірелгенде, кеме
келгенде қайықтың судан шығатыны сияқты адамның əдеттегі
тіршілік-қарекеті қараң қалады. Неге мен сіздер мен, азық-түлік
тауарларымен сөйлескенді тəуір көремін? Бəлкім, сіздердің сыр мінез
сыпайылықтарыңыздан үміткер де болармын. Менің айтқандарымды
сан-саққа жүгіртіп, өсектемес боларсыздар деп сенем. Ақша — қалтасы
қалың адамды ғана жалықтыратын материя. Тапқаны талшық етуге
жетпейтін кедей — кем-кетіктер үшін бүл жалғандағы аса қызықты
тақырып. Əйтсе де мынаған келіскен жөн, егер адамда ақшаға деген
үрдіс ынта-ықылас пайда болса, онда ол зəредей болса да, оның
табиғатын, қасиеті мен өзіндік ерекшелігін түсінетін болуы лəзім.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 06
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.