Latin Common TurkicEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Алаң Көңіл Ақпаны - 21
Total number of words is 4064
Total number of unique words is 2417
30.8 of words are in the 2000 most common words
43.9 of words are in the 5000 most common words
52.1 of words are in the 8000 most common words
Тетікті басса болды, одан əрі қарай кіржуғыш машина сияқты бəрі
өзінен-өзі зырылдап, шыр айналып жүре береді.
— Онда неге ол қашып кетпеген?
— Қажыған ғой, қажығанда да қалжырап біткен, бұдан əрі қыбыр
етуге мажалы қалмаған. Бəрінен əбден мезі болған, безері шыққан
Ақшасы бар. Сицилияға қайтып оралуға ұйғарған.
— Əйтсе де осы сіздер дүкен жайлы не айтып едіңіздер, мен жөнді
ұға алмай қалдым, білем.
— Ол да мен сияқты. Мен əртүрлі алаяқтармен тіл табыса аламын.
Қызметім сондай. Ал тəуір адам менің амалымды құртады, əр нəрсені
шатып əбден əлек боламын. Міне, онымен де солай діңкем құрыды.
Бірақ оны адам талаған-тонаған, алдаған-арбаған, ұрлаған емес, одан
ештеңе емініп сұраған да жоқ. Марулло оны, есуасты, біздің ерікті
елімізде өз мүддесін қалай қорғауды үйретемін деп қаншама əлек
болды, əйтсе де кещеге дəріс қонбады, ол көпке дейін сізден жасқанып
та жүрді. Сіздің барымташылдығыңыздың сыры неде екенін ұғуға
ұмтылды, ақыры ұқты, сөйтсе, адамгершілік кісілікте екен
— Ал егер бұл ағаттық болса ше?
— Жоқ, алғауы жоқ ақиқат дейді. Бір замандарда ол өзі имандай
сенгеніне енді сізді ескерткіш сияқты бірдеңеге айналдырғысы келеді.
Дүкенді сізге беру жөніндегі құжат менің машинамда жатыр. Сіздің
үлесіңізге енді тек оны тіркеу ғана қалды.
— Ештеңеге түсініп тұрғаным жоқ.
— Соны өзімнің түсінгеніме де күмəнім бар. Оның бірін бастап, бірін
тастап қалай сөйлейтінінен өзіңіз де хабардарсыз ғой. Маған не
айтқысы келгенін, міне, енді сізге тəржімалап беруге əлек болып
жатырмын. Əдетте адам белгілі бағытта əрекет етуге жаратылған
сияқты болып көрінеді. Егер ол сол бағытын асығыс, ауыстырса,
шұғыл өзгертсе, əлбетте бірдеңесін бүлдіріп алары хақ - айналып
тұрған ескектің сынығы қалайда ұшып түседі. Қысқасы, жағдай
жайсыз, көңіл райсыз. Əйтпесе электр қуатының төлеміне есеп
айырысқанда өзіңе өзің чек жазып бергенмен бірдей дейді. Бірдеңесін
шатыстырып алсаң, кейін айыбын төлеп əлекке түсесің. Ал сіз,
былайша айтқанда, жарықты өшірмеу үшін, отты сөндірмеу үшін
өтемақысын күні бұрын алдын ала төлеп қоясыз.
— Сонда сіз мұнда не шаруамен келдіңіз?
— Соны өзім де білмеймін. Бірдеңе еркімнен тыс итермелеп
тұрғандай болды да... бəлкім, мен де сол ошақтағы от өшпесін деген
болармын.
— О, Жаратқан жаппар ием!
Шуылдаған балалар мен терсіңді қолаңса иісі мүңкіген əйелдер
дүкенге қаптап кетті. Енді сонау талтүске дейін абыр-сабыр саудасаттықтан сіңбіруге мұрса келмейтіні күмəнсіз.
Уолдер машинасына барып, қайтып оралды, жаз желігімен дүрлігіп,
дүкенге дүмеп кеткен əйелдер тобырын толқындай қақ жарып, əрең
дегенде көрме текшенің алдына əзер жетті.
— Мен енді жүрейін. Тас жолда жүргіншілер қаптап кетеді де, тіпті
төрт сағатта да жете алмай қалармын. Əйелім де бұрқан-тарқан болып
ашуланып қалып еді. Көп болса — күтер деген. Ал менің түсінуімше,
мұндай істе күттіріп қоюға болмайды.
— Мырза, маған қашан көңіл бөлер екен деп менің күткеніме он
минуттен асты.
— Қазір-қазір, мэм.
— Мен одан не айтайын деп сұрап едім, ол: "Оған жалғандағы
жақсылық атаулыны тілеңіз" деді. — Ал сізден не айта барайын?
— Оған да жалғандағы жақсылық атаулыны тілеңіз!
Құрсаулы құрсақтар толқыны сатушы текшесінің алдында қайта
тоғысты. Жарайды, бұған да шүкір. Мен конвертті кассаның төменгі
жағындағы
жəшікке
тастадым,
өзімнің
жанымды
жеген
жабырқауымды да соған қоса жауып қойдым.
XVI тарау
Уақыт зымырап өтіп жатты, əйтсе де мына күн жылдай ұзақ көрінді.
Дүкенді жабу да керек, ал соны қашан ашқаным мүлде есімде жоқ.
Одан бері не заман! Мен көше беттегі есікті енді жапқалы жатқанымда
жылт етіп Джой келе қалды, бұрын ешқашан істемеген əдетімді жасап,
оған сұрамастан бір құты сыра ашып ұсындым да, екіншісін өзім
алдым. Джойға Марулло жайлы, дүкен жайлы айтсам ба деп оқталсам
да, айта алмадым, тіпті шындықты неге айырбастағаным жөнінде
пікірлесуге де көңілім дауаламады.
— Жүзіңіз жадау, түсіңіз сынық, шаршап жүрсіз-ау, шамасы, — деді
Джой.
— Айтары жоқ. Мына текшелерге көз салыңызшы, жылан
жалағандай. Қажеттісін де, қажетсізін де түгін қалдырмай сыпырып
кетті. Мен саудадан түскен пұлды жинап, сұрғылт кенеп қапқа
аудардым да, үстіне Бейкер мырза əкелген ақшаны қосып, қампиған
қағаз пакетпен бірге сыртынан шыжым жіппен шандып тастадым.
— Оны мұнда бекер қалдырасыз.
— Оныңыз да жөн. Əйтсе де, мен оны тығып қоямын.
— Тағы сыра ішесіз бе?
— Ішейін.
— Онда сізге серік болып мен де ішейін.
— Сіз тым ізгі ниетті, инабатты тыңдаушысыз, — деді ол мен
өзімнің айтқандарыма өзім илана бастадым.
— Сіз не жөнінде айтып отырсыз?
— Не жөнінде болушы еді, өзімнің жаратылысымнан айрықша
сезімталдығым жайында да. Міне, сол қасиетім бүгін таң атқалы бері
торуылдап жүр. Бəлкім, əдеттегідей түс көрген болармын, бірақ соның
қолға ұстатқандай ап-айқын болғанынан шошып, тұла бойым түршігіп,
төбе шашым тік тұрды. Банкке шабуыл жасалатыны жайлы ойласам,
ойлаған шығармын, бірақ оны былай қойғанда, соның болатынына мен
шүбəланғаным жоқ. Төсекте жатып-ақ бəрі солай болатыны тайға
таңба басқандай көкірегімде сайрап тұрды. Біз басып кетпеу үшін
едендегі дабыл қоңырауларының астына елеусіз етіп сына қағып
қоятынбыз. Бүгін таңертең мен келген бойда сол сыналарды суырып
алып тастадым. Бұлай жасауға мен іштей əзір, алаңсыз сенімді
болатынмын. Ал енді айтыңызшы, бұған не деуге болады?
— Мүмкін, əлдебіреу сіздерді тонамақ болған шығар, сіз оның
көкейіндегі арам ойын алдын ала сезіп қойған боларсыз да, содан
кейін қаскөй пиғылынан амалсыз айныған болуы ықтимал.
— Пəлі, жауырды жаба тоқуыңызға болайын. Біреу жаңылып, жаңсақ
басып отырса, сіз оның ағаттығын ақтап, ара түскіңіз келеді.
— Жарайды, сонда сіз өзіңіз мұны қалай деп ойлайсыз?
— Түкке де түсінбеймін Əлде мен сіздің алдыңызда өзімді сондай
бір көпті білетін Аплатон етіп көрсетейін деп отырып, ақыры сол торға
өзім түсіп қалған болармын Бірақ сізге айтатыным, бұл жəйт менің
мықтап тұрып үрейімді ұшырып, зəремді зəр түбіне жіберді.
— Морфи, білсеңіз бар ғой, менің қатты қалжырағаным сондай, тіпті
айналамды сыпыруға мажалым болмай отыр.
— Түскен ақшаны мұнда қалдырмаңыз, үйге алып кетіңіз.
— Мақұл сіздің айтқаныңыз-ақ болсын!
— Бір жерде қолайсыз бірдеңе бар-ау деген күдік əлі менің
көкейімнен кетер емес.
Мен қауырсынды қалпағым жатқан қорапты аштым да, ішіне
ақшалы қапшықты тығып, белдікпен тартып, таңып тастадым. Соның
бəрін қалай істегенімді көз алмай қарап тұрған Джой:
— Мен Нью-Йоркке барып мейманханадан жеке бөлме жалдаймын
да, аяғымды шешіп тастап табандатқан екі күн бойы ертеден-кешке
дейін Таймс-скверде ерсілі-қарсылы сеңдей соғылысып, ағылған
жұртқа терезеден қарап қызықтаймын.
— Əлгі көңілдесіңізбен бірге ме?
— Жоқ, мен оны тастадым. Бөлмеге бір шөлмек виски алдырып, бір
бикеш шақыртамын. Ол бикешпен де, шөлмекпен де көп сөйлеп,
көлгірсудің қажеті болмайды.
— Мен сізге айттым ғой деймін, біз Мэри екеуміз де бұл күндері
қаладан тыс бір жаққа шығатын болармыз.
— Бұларыңыз жөн екен. Бізге бұл ауадай қажет. Бəрін əзірлеп қойған
боларсыздар?
— Жоқ, əлі де ұсақ-түйек бірдеңелерді реттеп, тындыру керек. Джой,
сіз барып қайтыңыз! Аяғыңызды шешіп, жалаң шұлықпен жер басып
дегендей, көріңіз!
Бəрінен бұрып Мэриге телефон шалып, сəл кешігетінімді ескертуім
керек еді.
— Жақсы онда, əйтсе де айналсоқтай бермей, тезірек үйге, үйге
тарт. Сені ойда жоқ оқиғалар, сиқырлы сыйлықтар, ғажап құпиялар,
қысқасы, таңғажайыптар тосып тұр.
— Аяулым менің, соларыңды қазір айтшы.
— Жоқ, болмайды, сенің жүзіңнің қалай құбылғанын өз көзіммен
көруге құштармын.
Мен Микки-Маустың маскасын басқанда сандар тізіліп қалатын
алақандай əйнекті көлегейлеп тұру үшін кассаның үстіне əкеп іліп
қойдым. Сосын шапаным мен қалпағымды киіп, барлық жердегі
жарықты өшірдім де, аяғымды салбыратып сауда текшесінің үстіне
отырып алдым. Оң жағымнан қабығы сыдырылған қап-қара бананның
сабағы бүйіріме қадалып тұрса, сол жағымнан кітап сөресін тірегендей
кассаның аппараты иықтап жайғасып алды. Жайма перделері түсірулі,
кейінде жазғы күн темір тордан саңылау тауып өтуге қанша
əрекеттенсе де, онысынан дəнеңе өндіре алмады да, дүкен кəдімгі
тыныштық қалпында тынымсыз уілдесіп тыныштыққа бөленген күйі
қала берді, ал маған бұдан бөтеннің қажеті де шамалы.
Бүйіріме батқан не болды екен деп мен сол жақ қалтамды
қармандым. Бойтұмар. Бойтұмарымды қос қолдап ұстап, айналдырып
қарадым. Ол маған кеше қажет болған еді. Яғни оны орнына қою тарс
есімнен шығып кетіпті. Əлде оның осы уақытқа дейін жанымда жүруі,
бəлкім, тегін емес те шығар? Қайдам!
Əдеттегідей оның ою-өрнекті иірімін саусағымның ұшымен сипаған
сəтте мен өзімді оның құзырында болғандай сезіндім. Түс кезінде ол
қызғылт тартып, кешке салым күңгірттеніп, бейнебір шүмектеп қан
құйылғандай албыртып алаулаған алқызыл шырайға енеді.
Мен нақ қазір алаңдауым керек болатын Өйткені бір түнде үйі
қиратылып, қаңырап қалған баққа келгендей бастан-аяқ бəрін қайта
құру, өзімнің сан толғанып жасаған бүкіл жоба-жоспарымды түбегейлі
өзгертуді енді шұғыл қолға алуға тиіспін. Əрине, бəрін жаңадан
тұрғызғанша уақытша болса да, əйтеуір тұруға келетін оңтайлы бір
баспана табу лəзім. Кейін жалпы жаңа атаулының іліп алар тəуірін
саралап, оның жайсаң жайғасып, аспай-саспай етене сіңісуіне
мүмкіндік жасап, кейін іске жарату үшін мен асықпай-аптықпай
алаңсыз өз жұмысымды істей бердім. Күні бойы самсаған текшелердің
бəрі шабуылдан көз ашпады, араны ашылған құзғындар жарып өткен
тұстағы қорғаныс шептері қаңырап бос қалды. Тура олардың күрек
тістері опырылып, орны опырайып тұрғандай, тіпті маған тура
зеңбіректердің атқылауынан қираған қаланы қоршаған қамалдай
болып көрінеді. — Бізден кеткендерге бағыштап дұға оқып, мінəжат
етейік, — дедім мен, — құтыдағы кетчупке дұға оқып, мінəжат етейік,
құдайым-ау, қызыл мундирлі сарбаздар қатары қалай сиреп кеткен!
Көкөніс тұздықтары үшін, сірке суы құйылған бармақтай
шынышаларға дейін — бəрі-бəрі үшін мінəжат қылайық! Оларға
құрмет көрсету, əрине, біздің құзырымызда емес... Жоқ, олай емес... Ол
мына біздер, тірілер... ол да емес. Альфио! Сізге бақыт тілеймін,
азаптан арылуыңызды тілеймін! Сіз, əрине, қателестіңіз, бірақ сол
қатеңіз өзіңіздің жаныңызға жайлы жылу болсын! Сіз өзіңіз құрбан
болғаннан кейін барып қана құрбандық беруге ұйғардыңыз.
Көшеден өткен жұрттың көлеңкесі көлбеңдеп терезеге түсіп тұрды.
Ол: "электр қуатының төлеміне есеп айырысқанда өзіңе-өзің чек жазып
бергенмен бірдей, бірдеңесін шатыстырып алсаң, кейін айыбын төлеп
əлекке түсесің. Ал сіз, былайша айтқанда, жарықты өшірмеу үшін, отты
сөндірмеу үшін өтемақысын күні бұрын алдын ала төлеп қоясыз''
дегендей, оның Уолдердің түр-тұрпатын, сөзін іздеп сол күннің
қираған қоқысын мен тереңірек қопардым. Ол сығалап саңылаудан
түскен күн сəулесі тосып үркітіп, үрейін ұшырған сірі жанды сүмелек
жүліктер əлемімен қоса сол Уолдердің қалай дегенін, міне, көрдіңіз ғой.
Əйтеуір от өшпеу үшін. Альфио осылай деп айтты ма екен? Уолдердің
есінде жоқ, бірақ Маруллоның соны айтқысы, солай дегісі келгеніне ол
шүбə келтірмейді.
Мен өз бойтұмарымның ирелендеген иірім сілемімен саусағымды
жүргізіп отырып, оның ағысы аяқталар құярлығы болып табылатын
бастауына қайтып оралдым. Бұл есте жоқ ерте заманның неткен
маздақ оты десеңізші, бұдан үш мың жыл бұрын Маруллоның түпкі
аталары табынды қасқырдан күзеткен Рим Папасын құрбандық
шалып, көңілін аулау үшін Луперкус күні Палатино төбесіне
көтерілген болатын. Міне, сол от мəңгі өшпеді. Марулло, италиялық,
макароншы, сол тəңірге құрбандық шалып, одан шапағат тіледі. Мен
май басқан қатпар-қатпар шой желкелердің, ауыр азаптан қушиған
иықтардың үстінен тағы да оның төбесін көрдім. Мейірімді жанның
төбесін, шоқтай жанған көзін, өшпеген отты көрдім. Менен қанша
жарнапұл жəне оны қашан талап етер екен деп ойладым. Егер менің
бойтұмарымды ескі айлаққа апарып теңізге лақтырып жіберсе, осы
сыйлыққа қанағат етер ме екен?
Жайманың пердесін түсірмей, түрулі күйі қалдырдым. Мереке
күндері көшені аралағанда полицейлер дүкеннің ішін өз көздерімен
көруі үшін біз бұрын да солай жасайтынбыз.
Қойманың іші қараңғы. Тар көше беттегі есікті жауып жолға шыға
бергенімде текшенің арт жағында еденде тұрған қалпақтың қорабы
есіме түсті. Есіме түссе де, соған қайтып бармадым. Мейлі, тұра берсін,
не болса да болғаны болар. Сол күні кешке қарай күткендей күн
бұзылып, оңтүстік-шығыстан ызғарлы жел соғып, қала сыртына
шыққан жұртты малмандай су ету үшін түнерген түсі суық қара
бұлтты қаптатып жіберді. Сейсенбіде əлгі сүр мысыққа сүт құйып,
дүкенге шақырғаным жон шығар деп ойладым.
Өзгелердің ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын қайдам, өйткені
былай қарағанда бірдей болсақ та, біздің əрқайсысымыз өзімізше
өзгеміз ғой. Мұны мен өзімше топшылай ғана аламын. Жаныңды
жаралайтын ақиқаттан ауылымды аулақ салу үшін қырық құбылып,
жүз жүгінемін, ақыры одан барар жер, басар тау қалмай, лажым
таусылған шақта, осы бар болғыр өзінен-өзі ұмытылып, сағымдай
сейілер деген үмітпен мəртебелі уақыт тақсырдың құзырына
қалдырамын. Ал басқалар ше, олар қайтеді екен? Мүмкін, тыжырынып:
"Мен бұл туралы ертең демалған соң ойланармын"12 дейтін болар да,
артынан құдды қыр ізінен қалмай ығыр еткен "ұйықтайтын уақыт
болды" дейтін құбыжықты қалай да кешке тарту мақсатында сілесі
қатқанына қарамай, əбден мезі болған ойынды еріксіз сөзбұйдаға
салған балалар сияқты талайды тамсандырып, ынтықтырған
бұлыңғыр болашақ жайлы толғанысқа, əйтпесе жал-құйрығы күзелген,
кем-кетігі түзелген, өкініші де аз емес өткені жайлы ойға шомар.
Мен алғаусыз ақиқаттың минасы жайлаған алқаптан өтіп, сүйретіліп
үйге əзер жеттім. Болашаққа айдаһардың андыздап шығар азуы
себілген-ді. Ендеше, өткеннің айлағына аялдауға менің ұмтылуымның
да оғаштығы болмаса керек. Бірақ жалған атаулыны жалғыз оқпен
жайратып салатын, сондай-ақ қос жанары сұрақ белгісіндей жанып
тұратын Дебора апай менің жолыма кесе көлденең тұрып алды.
Көзілдірік оправасы мен сағатқа тағатын жұмсақ білезікті қарап,
асыл бұйымдар дүкенінің жайнаған жаймасы алдында сабырлы
жандарға тəн сыпайылықты сақтап, тапжылмай ұзақ тұрдым. Жел
ызғыған ызғарлы кештің сонау қиян қойнауында найзағайы жарқ-жұрқ
етіп дүлей нөсер жаңа туып келе жатты.
Өткен ғасырдың басында менің Дебора апайым сынды білуге
құштар, даналық дүниелерге іңкəр, оңаша, оқшау аралдар көп болған
еді. Неліктен солар кітапшыл болды екен? Əлде олар əлемнің
алпауыттары жайлаған аймақтан аулақ тұрғандықтан ба, бəлкім, кит
аулайтын кемелердің отбасына қайтып оралуларын ынтығып ұзақ
күткендіктен бе, кейде үш жыл бойы, кейде ақтық демі біткенше
сағына-сарғая аңсағандықтан ба, əйтеуір сондай көңілдері күпті
сəттерде олар қазір біздің үйдің шатырында үйіліп жатқан кітаптардан
жанға жалау болар киелі қасиет күтетін-ді. Бірақ сонда бəрінен
шоқтығы биік шоңымаған бəтуасыз, сиқырлы сөздерді үйреткен дуалы
ауыз, сəуегей кейуана Дебора апайым болғаны ақиқат. Сол сиқырлы
сөздерге қисынсыз қасиеттерді таңғанымнан мен кейін солардың
ықпалынан арыла алмадым.
"Ма бесвак фор орм тра фэгир вур" дейтін ол. Одан қасіреттің
қатерлі ызғары сезілетін. Тағы да ол: "Ceo лео гиф хо плай он бирит
авит эрест айр лəдтоу" деуші еді. Бұл сөздердің адам жанына əсер етер
бір сиқырлы құдіреті болса керек, əйтпесе мен оларды осы күнге дейін
қаз-қалпында жадымда сақтамаған болар едім.
Нью-Бэйтаунның əкімі менің жанымнан басын тұқыртқан күйі
жылыстап-жылыстап өте шықты. Амандасқанымда мен оның
"Қайырлы кеш" деп қысқа қайырған қатқыл үнін естідім.
Мен үйіме, байырғы Хоулилер үйіне келіп қалғанымды жарты
квартал жақындамай жатып сездім. Кеше кешкісін ол жанды жүдеткен
жабырқау құшағында қалғып тұрған болатын Бірақ көкте күн күркіреп,
найзағай ойнаған мына бүгінгі кеште одан кемерінен асқан
қуаныштың арынды лебі еседі. Құдды бір қуғын-сүргінге ұшырағандай
үйлер де ұзақты күнге түр-түсін сан мəрте ауыстырып, əбігерге түсуде.
Басқан аяқтың болмашы сыбысын сезген Мэри кемпірім де алаулаған
от жалынының сүйреңдеген тіліндей есіктен жылт ете қалды.
— Он ойланып, тоқсан толғансаң да таба алмайсың! — деді де, ол
алақанында əжептəуір түйіншек тығып тұрғандай жұмулы
жұдырығын төмен қаратып қолын созды.
Əлгінде айтқан сөздері көкірегімде əлі сайрап тұрған-ды. Мен:
— Сео лео гиф хо плай онбирит авит эрест айр лэдтоуд, — дедім.
— Ұқсайды. Бірақ дəл емес.
— Құлдай құлшылық ұрған беймəлім біреу бізге динозавр сыйлаған
болар.
— Жоқ, таппадың, əйтсе де менің жаңалығым одан олқы емес. Оны
мен сен жуынып-шайынған соң ғана айтам, өйткені мұндай нəрсені
сүттен ақ, судан таза болып барып тыңдаған абзал.
— Əзірге қызыл ыңыршақ павианның махаббат əнін ғана естіп
тұрмын. — Бұл алғаусыз ақиқат еді. Əн ашынған, жанын аямай азапқа
салған Аллен отырған қонақ бөлмеден шығып жатты: "Сүйіктім-ау,
жанарыңнан тітіркейді, түршігеді бар денем, сүйдім десем еш
сенбейсің, сырт айналып сен менен". — Көктен түскен періштем-ау,
сен білесің бе, мен қазір оны өртеп жіберемін.
— Жоқ, олай істеуіңе болмайды. Əсіресе саған бəрі баяндалған кезде
мүлде болмайды.
— Ал мен əлі жуып-шайынбаған кір-кір кезімде айтуға болмай ма?
— Жоқ.
Мен қонақ бөлмеге кірдім. Амандық-саулық сұраған маған балам
сағыз шайнаған адамның жүзінде болатын керенау кейіппен елеңсіз
жауап қатты.
— Сенің "адал сорлы, жүрегіңді" еденнен көтеріп алған болар деп
ойлаймын?
— Немене?
— Немене емес, нені. Соңғы рет менің естігенімде оны тағылықпен
таптап тастаған болатын.
— Қарулы қақтығыс! — деді ол. — Бүкіл Америкада бірінші орында
тұрады. Екі аптада екі миллион пластинка сатылған.
— Тамаша! Демек, сенің болашағың қамсыз етілген. Баспалдақпен
көтеріліп бара жатып мен əннің қайырмасын қайталап айттым:
"Сүйіктім-ау, жанарыңнан тітіркейді, түршігеді бар денем, сүйдім
десем еш сенбейсің, сырт айналып сен менен".
Эллен ақырын басып елеусіз ғана менің қасыма келді, қолында
кітабы, оқыған бетін саусағымен айырып ұстапты. Оның əдетін мен бес
саусағымдай білем. Өз ойынша менің назарымды аударар-ау деген бір
сұрақ беріп, сосын аңдаусызда аузынан шығып кеткендей Мэридің
маған айтпақ болғандарын алдыма жайып салады. Əлдеқалай сəті
түсіп, өзгелерден озып алға шықса, Эллен марқайып, масаттанып
қалады. Оны өсекші деуге аузым бармайды, бірақ ондай күнəдан
құралақан да емес. Мен оған айқасқан екі саусағымды көрсеттім:
— Жым! Ашпа аузыңды!
— Қойшы, көке...
— Жым! Айтылды ғой "жым" деп, демек үніңді шығарма,
жылыжайда өскен қалампыргүл — Мен артымдағы есікті тарс жауып,
«моншам менің, қамалым менің» деп дауыстадым. Оның күлкісін
құлағым шалды. Менің қалабай-қалжыңыма балалардың қарқылдап
күлгеніне əсте сенбеймін. Мен бетімді қып-қызыл болғанша осқылап
тұрып ысқыладым, тісімді көбесінен қан шыққанша əбден аямай
тазаладым. Содан соң қырындым, таза көйлегімді кидім, көтеріліс
туын тіккендей қызғаншақ қызым өшіге жек көретін көбелекгалстугімді тақтым.
Тағаты таусылған менің Мэриім қалшылдап кетті.
— Сен айтсам əсте сенбейсің...
— Сео лео гиф плай онбирит. Сөйле!
— Марджи — жалғандағы жалғыз адал досым!
— Сөзін келтірейін: "... Көкекті сағатты ойлап тапқан адам дүние
салған. Бұл жаңалық емес, бірақ есітер құлаққа жағымды..."
— Он ай ойласаң да таба алмайсың... Біз екеуіміз оңаша кетуіміз
үшін ол балаларға өзі қамқоршы боп қалады.
— Тағы бір тосын айла-шарғы.
— Мен оған өтініш жасағаным жоқ. Оның өзі.
— Ойбай-ау, мына балалар оны тірідей жеп қояды ғой.
— Олар оны жақсы кереді. Жексенбіде ол балаларды пойызбен НьюЙоркке апарады, солармен бірге өзінің бір танысының үйіңде қонып
шығады, ал дүйсенбіде елу жұлдызды жаңа жалауды қалай көтергенін
көру үшін оларды Рокфеллер орталығына ертіп барады, сосын шеруді,
тағысын тағыларды қызықтайды.
— Сенерімді де, сенбесімді де білмеймін.
— Айтшы, шынында ғажап емес пе?
— Ғажап болғанда қандай! Ал біз екеуміз Монтокке тайып тұрамыз,
солай ма, тиін-тышқаным.
— Мен ол жаққа телефон шалып, бізге дербес бөлме қалдыруды
өтініп те үлгердім.
— Бəрі көрген түстей. Менің қазір пашақ-пашағымды шығаратын
болар. Көнектей гүмпиіп бара жатқан тəріздімін.
Мен оған дүкен туралы айтқым келіп еді, бірақ шамадан тыс көп
жаңалықтың қанаға сыймай, əбігерге салуы мүмкін ғой. Одан да сəл
аялдай тұрып, Монтокке барған соң-ақ айтқан жөн болар.
Жылмаңдап асханаға Эллен жетіп келді.
— Көке, қызғылт тас шкафта көрінбейді.
— Ол менде. Міне, мына қалтамда. Ал да, апарып орнына қой.
— Сен оны үйден алып шықпаңдар деп едің ғой.
— Əлі де рұқсат етпеймін, тыңдамаған өлім жазасына кесіледі.
Ол ашкөздікпен аптыға менің қолымдағы бойтұмарға тарпа бас
салды да, оны алақанына аялаған күйі қонақ бөлмеге əкетті.
Мэри əлденеге тіксінгендей маған тыжырына қарады.
— Сен оны неге алдың, Итен?
— Бақыт үшін, аяулым. Оның шипасы тиді.
XVII тарау
Үшінші шілдеде, жексенбіде, əдеттегідей жаңбыр күні бойы
толассыз құйды, оның баданадай бордақы тамшылары айрықша ірі
болатын. Біз өзімізше пəлденгендей əлдеқандай болып тас жолда
жауын құртша ирелендеген қаптаған қалың машиналар тасқынының
ауқымына ілесіп келе жаттық. Əйтсе де бір жағынан құдды қамалған
тордан аңсаған азаттыққа шыққан, бірақ сол азаттығы кенет оған
ақсиған азуын көрсетіп, үрейін ұшырып, зəресін алған құстай өзімізді
шарасыздық тұйығына əкеп тірегендей сезініп, алаң көңілмен
абыржулы күй кешкендей болдық. Мэри қазықтай қалшиып отыр,
одан жаңа үтіктелген матаның жасаң иісі бұрқырап тұр.
— Қалай, көңілің көншіді ме? Жаның жадырап қалған шығар?
— Мен балалар не істеп жатыр екен деп үнемі құлағымды түріп
тыңдап қоямын.
— Білем. Менің Дебора апайым мұны сауық-сайранды аңсау деп
атаушы еді. Самға менің ақ құсым! Иығыңдағы мынау желбірлер,
еркем-ау, сенің ұшар қанаттарың ғой.
Ол жымиып күлді де, менің құшағыма тығыла түсті.
— Жанға жайлы-ақ, əйтсе де ана жақта балалар не істеп жатыр екен,
есіл-дертім сол жақта. Тап қазір не істеп жатыр екен, білер ме еді?
— Басқаның бəрін ойласа да, біздің не істеп жатқанымыз жайлы
ойлау олардың жырына да келмейді.
— Иə, оның рас. Оларға мұның қызығы да, қажеті де жоқ.
— Кел онда, біз олардан да өткізіп жіберейік. О, Нильдің зымияны,
сенің жасақты кемеңді көрдім де, бірден түсіндім: біздің күніміз туда.
Бүгін кешке Октавиан гректің кездейсоқ бақташысынан бір үзім нан
сұрайтын болады.
— Сенің не сандырақтап отырғаныңды бір құдайдың өзі біледі.
Аллен көшеде алды-артына қарамайды. Қызыл жарыққа да қарсы
жүгіруі мүмкін.
— Иə, иə! Ал біздің ақсақ аяқ Эллен байғұс. Рас, жүрегі жомарт, жаны
абзал кескін-келбеті де көңіл тоярлық. Мүмкін, бағы жанып, əлде
сүйген біреуі табылар, ал аяғын кесіп тастайды да.
— Жə-жə, шамалы мауқымды басып алуға мұрса берші, осылай
етсем көңілім жұбанады.
— Ғажап қисындалған. Несі бар, кел онда, мүмкін болар құбыжық
атаулының бəрін екеулеп көз алдымызға тізіп көрейік.
— Менің не айтып отырғанымды онсыз да сен жақсы білесің.
— Түсінемін. Бірақ сол гемофилияның — тұқым қуалайтын індеттің
ұрығын біздің отбасына əкелген, ұлы мəртебелім, сенің өзің ғой. Ол
əйел жыныстылар арқылы тарайды. Нəтижесінде сіз бен біздің енді
тұқым бұзар екі мұрагеріміз болып отыр.
— Сен бұл жалған жарық дүниедегі ең мейірбан əкесің.
— Кінəлі мен! Мұндай малды, бауырым, əлемді шарласаң да
таппайсың.
— Мен сені сүйемін!
— Мұндай толқуды мен ұнатамын. Оң жаққа қарашы. Аршагүл мен
сарғалдақтың түбінен көшкен ыспа құмның жағаға құлаған майда
толқынындай желмен сусап кеп жол жиекке жал-жал боп үйіріліп
жатқанын, əне, көрдің бе? Себелеп жауған жаңбырдың танакөз
тамшылары жерге тиіп, қайтадан шашырай серпіліп, төңірекке
тұмандай сейілуде. Мен соларды тек суреттен ғана көрсем де, маған
осы өңір əрқашан Дартмурдан немесе Эксмурдан аумайтын сияқты
болады да тұрады. Турасын айтқанда, есте жоқ ерте замандарда
девоннан шыққан алғашқы адам əлдеқалай мұнда келе қалса,
жатырқап жатсынбай-ақ өз үйінде жүргендей сезінеріңде күмəн жоқ.
Бір ғажабы, мұнда да елестер елгезектей кезіп жүре ме екен?
— Егер кезіп жүрмесе, олардың орнын сенің жоқтатпауыңа əбден
болады ғой.
— Шын жүректен шыққан қошаметке не жетсін!
— Қазір оған мұрса жоқ. Оң жақта бұрылыс болуға тиіс. "Муркрофт"
деген жазуы бар көрсеткіш қашан шығады екен, қарап отыр.
Көрсеткіш көрінді. Лонг-Айлендтің ұзын да қуықтай, үйірілген аяқ
тұсының бір жақсысы, əйтеуір жер қыртысы жаңбырды тез сіңіріп
кетеді де, одан кейін жол да лайсаң болмайды.
Бізді іші тап-таза, қабырғасына айнала сиса тұтылған, жарнамадан
əбден жария болған, өзі бейнебір бүйрек бет күлшедей томпиған ерлізайыптылар төсегі бар қуыршақтай оңаша үйге орналастырды.
— Бұл маған ұнамайды.
— Ой, ақылсызым-ау, олар қасыңда тиіп тұр ғой, созсаң қолың
жетеді.
— Оған əлі қолыңды созуың керек пе? Бұл менің көңіліме ұнамайды,
бағы жанбаған бейбақ.
Түстік аста дəмді де жеңсік тағамдар болды. Мэн шығанағының
əйгілі шаяны мен ақ шарап іштік. Ағыл-тегіл ақ шарапты көргенде
менің Мэриімнің жанары шоқтай жайнап кетті. Ал мен болсам, əбден
өзімнің басым айналып, құлағым шыңылдағанша əдейі арамдық жасап,
оған коньяк құйып отырдым. Біздің қуыршақ үйдің оңаша бөлмесін
есіне алған да мен емес, соның өзі. Құлыптың кілтін ұясына
үйлестірген де мен емес, сол болды. Бұдан əрі ішілген коньяктің
ештеңеге бөгеті болған жоқ, əрине, оның ынтық ықыласы болмаса,
дəнеңенің болмасы да бесенеден белгілі той.
Сосын көңілі бірленіп, жаны жай тапқандай кербез керілді де, ол
басын оң қолымның үстіне салып, сəл қылымси күлімдеп, боларболмас үн шығарып есіле есінеді.
— Сен əлде бірдеңеге алаңжарлы болып жүрсің бе?
— Қайдағы жоқты айтпашы. Көзің ұйқыға кетпей жатып сен осы түс
көресің.
— Менің көңілімді табам деп сен əлекке түсіп жүрсің. Саған не
болғанын түсінбеймін Сені əлде бірдеңе алаңдатады.
— Иə, алаңдатады. Ал енді көңілің көншіді ме? Аспан айналып жерге
түсті, соның бір жаңқасы менің құйрығыма келіп тиді, сен бірақ мұны
тірі жанға тісіңнен шығарушы болма!
Езуіндегі бейкүнə күлкісімен ол тəтті ұйқыға шомды. Мен қолымды
босатып алып, ақырын орнымнан көтеріліп, екі төсектің арасында сəл
аңырдым. Жаңбыр тыйылды, бірақ əлі төбеден тамшылап түр, айдың
ширек сынығы ғана миллион-миллион тамшыларға малшынып,
айрықша айшықталып көрінеді. Веаих геуек13 қымбатты менің
қуанышым! Байқа тек, аспан айналып біздің үстімізге түсіп жүрмесін!
Менің жатқан төсегім тым жұмсақ екен, бірақ салқын болды, теңізге
қарай көштей шұбаған шарбы бұлттың арасынан айдың зымырап бара
жатқаны маған айқын көрініп тұр. Бір қияннан əупілдектің
жалбарынған назалы үні естіледі. Мен екі қолымның бірдей
саусақтарын айқастырып алдым. Аз да болса, бəлекет, менен аулақ!
Тағы да аулақ, аулақ менен! Өйткені менің құйрығыма тигені — бар
болғаны бұршақтай болмашы ғана ғой!
Егер таңмен таласа көк аспанды қақыратып күн күркіреген болса,
мен соны, тіпті бар ма, білген де, естіген де жоқпын. Ұйқыдан
оянғанымда атқан таңның алтын арайы терезеден нұрын төгіп тұр
екен де, соның шұғыласына шомған папортниктің реңі жасыл-солғын
тартып, аршагүл сəл қарауытып, жағаға жағалай қонған жалаңаш
жоталардың су сіңді құмдары қызғылт-күрең нұрға малыныпты да,
сонау əріректе Атлант мұхитының шалқар айдынының шалғайы
қақталған ақ күмістей жарқырап жатты.
Өн бойы арса-арса ақсиған қабырғадай боп, аққан шайыр тектес
əлденеден жаратылған аумағы көпшіктей, түрі сұрғылт-сары кəдімгі
қына біздің үйіміздің іргесіндегі діңі жосықсыз жұлмаланған алып
еменнің түбіне жайлы жалғасыпты. Қиыршық тас төселген иір-шиыр
соқпақ жол қуыршақ қалашықты қақ жарып, əу баста айналадағы
құрылыстардың бастауында тұрған шатыры қыш құмырамен
жабылған жазғы жайға келіп тіреледі. Мұнда кеңсе орналасқан,
поштаның ашық хаты, түрлі-түрлі базарлық заттар, маркілер сататын
дүңгіршек, сондай-ақ оның ішінде мына біздер — қуыршақтар отырып
тамақтануға арналған көк торлы дастарқан жабылған үстелдер
қойылған мейрамхана да бар.
Басқарушы бір есеп-қисап қағаздарын тексеріп, кеңседе отыр екен
Біз келіп, төменде тіркелген кезде мен оны байқап қалғанмын. Күнде
қырынып əлек болудан аулақ көсе, шекесіне шыбын тайып
жығылатын жылтыр, қасқа бас адам екен. Көзі ойнақшып тұрған,
қабағы қалың, түксиген түрі суық, назары жанға жайсыз, түрпідей
тиетін сиықсыз жан Біздің көңілді кейпімізді көріп, шамасы, мұнда
махаббат лəззатының шəрбатын сіміріп, сайрандауға келген болар деп
өзінше іштей емексіп, есек дəмелі боп қалғанға ұқсайды. Соның көңілін
жықпайын деген ниетпен мен де тіркеу кітабына: "Ерлі-зайыпты Джон
Смиттер" деп жазуға сəл-ақ қалдым. Оның қолағаштай етжеңді мұрны
иіскеп қана емес, құдды көртышқанның көру мүшесіндей күнəні көруге
қызмет ететін тəрізді.
— Қайырлы таң, — дедім мен.
Ол маған қарап мұрнын шүйіріп қойды.
— Қалай ұйықтап шықтыңыз?
— Тамаша. Азанғы асты əйеліме бөлмеге апарып беруіме бола ма?
— Біз тек мейрамханада ғана қызмет көрсетеміз. Сағат сегіз
жарымнан он жарымға дейін.
— Мен өзім апарсам ше?
— Олай істеуге болмайды.
— Бір мəрте ережені бұзармыз. Өйткені сіз өзіңіз де түсінесіз ғой...
— Соңғы сөзді мен оның емексіген дəмесін елеусіз қалдырмау үшін
ғана қоса салдым. Сол үшін мен сый-сыралғыға ие болдым. Оның
көздері жасаурап, мұрны дөңбекшіп кетті.
— Қысылып-қымсынатын болар ма?
— Оны өзіңіз де түсінесіз ғой.
— Аспаздың бұған қалай қарайтынын қайдам?!
— Сөйлесіп көріңіз, жарық дүниеге жаңа келген доллар биікке
өрмелеп шыққысы келеді деп ептеп емеурін танытыңыз.
Аспаз грек екен, ол доллардың əзəзіл сұрқиялығын жете білетін жан
боп шықты. Арада азғана уақыт өткен соң мен бетіне қол орамал
жабылған абажадай подносты көтеріп шығып, оны ағаштан жасалған
сəкінің үстіне қойдым да, сүйіктіме арналған ханзадаға лайық дəмді
əшекейлеп безендіру үшін еркіндікте ерке өскен даланың үлпілдеген
ұсақ гүлінен гүл шоғын тердім.
Бəлкім, ұйықтамай ояу жатқан да шығар. Бірақ қайтсе де ол кірпігін
қағып, көзін ашып, маған тіл қатты:
— Кофенің иісі аңқиды. О-о! Менің жарымдай мейірімді жан болмас.
Үлпілдеген мына гүлдерді көрмейсің бе! — Қашанда жүрекке жылы
жайсаң қасиетін жоғалтпайтын қарапайым кəдімгі сөздер.

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 22
- Parts
- Алаң Көңіл Ақпаны - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4039Total number of unique words is 229332.4 of words are in the 2000 most common words44.2 of words are in the 5000 most common words51.4 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4068Total number of unique words is 224133.0 of words are in the 2000 most common words48.0 of words are in the 5000 most common words54.4 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4072Total number of unique words is 217235.0 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words55.9 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4154Total number of unique words is 242431.2 of words are in the 2000 most common words45.3 of words are in the 5000 most common words52.0 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4119Total number of unique words is 231132.4 of words are in the 2000 most common words47.9 of words are in the 5000 most common words55.3 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4007Total number of unique words is 222532.6 of words are in the 2000 most common words45.7 of words are in the 5000 most common words52.8 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4053Total number of unique words is 228633.5 of words are in the 2000 most common words47.6 of words are in the 5000 most common words56.7 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4057Total number of unique words is 230932.9 of words are in the 2000 most common words47.2 of words are in the 5000 most common words54.8 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4081Total number of unique words is 226633.2 of words are in the 2000 most common words47.2 of words are in the 5000 most common words54.5 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4016Total number of unique words is 220732.3 of words are in the 2000 most common words46.7 of words are in the 5000 most common words54.4 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4150Total number of unique words is 220332.4 of words are in the 2000 most common words45.5 of words are in the 5000 most common words52.9 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4105Total number of unique words is 230832.4 of words are in the 2000 most common words46.0 of words are in the 5000 most common words53.2 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3980Total number of unique words is 226232.3 of words are in the 2000 most common words45.9 of words are in the 5000 most common words52.9 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4017Total number of unique words is 243431.4 of words are in the 2000 most common words45.5 of words are in the 5000 most common words52.6 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3985Total number of unique words is 247330.8 of words are in the 2000 most common words44.1 of words are in the 5000 most common words51.5 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4070Total number of unique words is 236230.9 of words are in the 2000 most common words44.3 of words are in the 5000 most common words52.3 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4044Total number of unique words is 233231.1 of words are in the 2000 most common words44.9 of words are in the 5000 most common words52.2 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4060Total number of unique words is 236632.0 of words are in the 2000 most common words45.1 of words are in the 5000 most common words53.0 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4056Total number of unique words is 230132.6 of words are in the 2000 most common words46.4 of words are in the 5000 most common words54.3 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4012Total number of unique words is 235031.4 of words are in the 2000 most common words45.3 of words are in the 5000 most common words51.8 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 21Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4064Total number of unique words is 241730.8 of words are in the 2000 most common words43.9 of words are in the 5000 most common words52.1 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 22Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4060Total number of unique words is 231532.9 of words are in the 2000 most common words47.6 of words are in the 5000 most common words54.7 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 23Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4000Total number of unique words is 219133.1 of words are in the 2000 most common words47.2 of words are in the 5000 most common words54.5 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 24Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4021Total number of unique words is 234332.4 of words are in the 2000 most common words45.1 of words are in the 5000 most common words53.2 of words are in the 8000 most common words
- Алаң Көңіл Ақпаны - 25Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 657Total number of unique words is 50340.1 of words are in the 2000 most common words51.4 of words are in the 5000 most common words58.8 of words are in the 8000 most common words