Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 06

Total number of words is 4007
Total number of unique words is 2225
32.6 of words are in the 2000 most common words
45.7 of words are in the 5000 most common words
52.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ақшаға тек ақша деп қана қызығатындар бірен-саран, өйткені; ол үшін
кісі өз ісінің сұңғыла суреткері, əйтпесе шық шығармайтын
Шығайбайдан асқан сараңы болуы керек. Сонымен қатар бүл арада
тапшылықтан,
таршылықтан,
жоқшылықтан
сараңдық
жасайтындарды ауызға алудың өзі артық.
Еденде картон қораптар тау болып үйіліп қалды. Мен оларды
қоймаға апарып жинап қойдым: айналасын кейін тегістеймін, бір
кəдеге жарар. Сатып алушылар оны алған тауарларын салатын ыдыс
орнына жақсы пайдаланады, Марулло болса: "Пакеттерді үнемде,
балақай" деп ескертіп жатады.
Мен "балақай" деген сөзге енді ренжімеймін Мейлі, мені балақай-ақ
дей берсін, мейлі керек десе, мені сондай деп ойласын. Мен қораптар
жинап əлек болып жатқанымда əлдебіреу тарсылдатып есік қақты.
Мен көненің көзі шомбалдай күміс хронометріме (сағатыма) қарадым.
Сенсеңіз, мен бүгін өмірімде алғаш рет дүкенді кешігіп аштым. Бұған
дейін əрдайым қас қағым кешіктірмей дер кезінде, дəл тоғызда
ашатын едім, енді қарасам, сағат тілі ширек сағат онды көрсетіп түр.
Консерві қалбырларының алдында тілмəрсимін деп жұмысты ұмытып
кетіппін Есіктің əйнегі мен торының аржағынан Марджи Янг-Ханттың
көлеңкесі көлбеңдейді. Мен оған ешуақытта айрықша көңіл бөліп, сірə
да сұқтана қараған да емеспін Бəлкім, ол картамен бал ашуға
байланысты осы оқиғаның бəрін қалайда əйтеуір өзіне өзгелердің
назарын аудару үшін ойлап тапқан айласы да болар. Оған бұл
қулығының жүзеге асқанын аңғартпаған абзал Мен есікті айқара
аштым.
— Егер мазаңызды алсам, кешіріңіз.
— Оқасы жоқ, əлдеқашан ашуым керек еді.
— Солай ма?
— Əрине. Сағат онға кетті.
Ол дүкенге келіп кірді. Көйлегінің сыртынан жоталанып білініп
тұрған жұмыр бөксесі аяғын аттап басқан сайын ілгерінді-кейінді
серпіле қозғалып, ақырын ғана дірілдеп тұрды. Жаратқан ием оны
кеудесі жағынан да кенде қылмаған екен. Сол себептен де оның бəрін
кескіндеп айтып, тəптіштеп жатудың қажеті жоқ. Бəрі қаз-қалпында, өз
орнында. Марджи сияқтылар жөнінде Джой Морфи "Кəмпиттей" дейді.
Мүмкін, менің ұлым Аллен де солай дейтін шығар. Менің оны алғаш
рет анықтап көруім осы болар. Бет əлпеті кəдімгідей келісті, мұрны
көрер көзге сəл ұзындау, еріндері, əсіресе төменгі ерні қалың жағылған
далаптың əсері болар, əдеттегіден қалыңдау көрінеді. Шашы табиғи
түрде сирек ұшырайтын күрең-қызыл бояумен боялған, əйтсе де əдемі,
жарасымды. Елеусіз ғана шұқыры болса да иегі нəзік, сүйкімді, беті
бұлтиған бүйректей, шықшыты шығыңқы. Марджи көзімен көп əлек
болғанға ұқсайды. Өйткені жарық түссе жанары жасыл, сұрғылткөкшіл сəуле шашып, сан құбылып, ойнап тұрады. Жалпы бет əлпеті
талайдың тауқыметін тартқан, тіпті дөкір дөрекілікті де, жағын
жандырған шапалақты да міз бақпай мелшиіп тұрып көтерген де,
көтере алатын да, ол жалт етіп маған қарады да, сосын жанарын
тауарлар сірескен текшелерге, содан соң қайтадан маған аударды.
Байқаймын, ол — көргенін қалт жібермейтін, жады əсте жаңсақ
баспайтын жан
— Сіз кешегідей іспен келмеген боларсыз деймін?
Ол жадырай күлді.
— Жоқ, жоқ. Маған кезбе саудагер күн сайын келе бермейді ғой. Бұл
сапар, шынымен, кофем бітіп қалыпты.
— Қашан да солай ғой.
— Сонда қалай?
— Ертеңгісін соғатын он адамның тоғызы кофесі тақыл-тұқыл ада
болып қалғандықтан келеді.
— Жоқ, расында солай ма?
— Расында солай. Айтпақшы, маған сілтеп жіберген кезбе
саудагеріңіз үшін көп-көп рахмет!
— Ол соның өз ойы болатын.
— Сіз оған ептеп емеурін таныттыңыз ғой. Сіз кофенің қайсысын
қалайсыз?
— Бəрібір. Мен оның қайсысын демдесем де, ылғи ашыған көжедей
болып шығады.
— Сіз оны мөлшерлеп саласыз ба?
— Əрине, əйтсе де бəрібір ашыған көжедей болады. Кофе жо... Менің
мамандығым емес дегім келіп еді.
— Сіз айтуын солай деп-ақ айттыңыз. Енді мынау қоспаны байқап
көріңізші. — Мен текшеден бір темір қалбыр алып ұсындым, Марджи
соны алуға ұмтылған сəтте — қас қағымда оның марғау денесі үркін
оянып іле жанданғандай, жайсаң жадырап, өздері жайлы жарияға жар
салғандай болды. Міне, мен аяқпын, мен мықынмын, бəрінен де
мықтысы мен жұмырдай жүгінген қарынмын деп дандайсып
дабыралағандай. Мұның бəрі мен үшін бұрын көріп-білмеген тосын
жаңалық. Мэри айтады, əрбір əйелдің зəру болған жағдайда атой
салатын өзгеден бөлек өзіндік əдіс-айласы бар дейді. Олай болса,
Марджидің, ендеше, жалтыраған лак туфлиінің сүңгідей сүйір
тұмсығынан бастап, оның төгілген жұмсақ жирен шашының əрбір
талына дейін жұмыла қатысатын аса күрделі айбарлы дабыл жүйесі
болғаны да.
— Сіздің жабыққан көңіліңіз жай тапты, білем?
— Кеше жаным жабырқап, көңілім пəс болғаны рас. Қайдан пайда
болады екен сол құрғыр?
— Кім білсін! Əлдебір сылтау себепсіз-ақ менде де сондай сəттер сан
мəрте болып жатады.
— Сіздің бал ашуыңыз керемет болды.
— Сіз ренжіген жоқсыз ба?
— Жоқ. Мен сіздің соны қалай жасайтыныңызды білуге құштармын.
— Бірақ сіз ондай нəрсеге сенбейсіз ғой.
— Сенем бе, əлде сенбеймін бе, онда тұрған ештеңе жоқ. Кейбір
жəйтті сіз дөп бастыңыз. Менің кейбір ойларым, қайсыбір ісəрекеттерім жөніндегіні айтам...
— Мəселен?
— Мəселен — өзгеріс жасайтын уақыт туды.
— Сіз мені алдын ала қатталған карта ашты деп шынымен
ойлайсыз ба?
— Онда тұрған ештеңе жоқ. Айталық, егер сіз картаны əдейі қаттап
жасаған болсаңыз, оны басқаша емес, дəл осылай етіп жасауға сізді
мəжбүр еткен не? Бұл жөнінде сіз ойланбадыңыз ба?
Ол менің көзіме сынаған сыңаймен сезіктене, сұқтана қарады.
— И-иə, — деп күбірледі ол, — яғни, мен — жоқ, ойламадым дегім
келеді. Картаны басқаша емес, солай жасауға мені мəжбүр еткен не?
Демек, картаны жасаудың өзі оны жасау болмай шығады.
Бейкер мырза есіктен сығалады.
— Сəлем, Марджи, — деді ол — Итен, менің ұсынысым жөнінде
ойланып, қабырғаңызбен кеңестіңіз бе?
— Ойланып-толғанғанда қандай, мырза. Мен де сізбен сөйлессем бе
деймін.
— Жарайды онда, Итен, қалаған уақытыңызда жолығайық!
— Жұмыс күндері менің қолым босауы екіталай. Өзіңіз білесіз,
Марулло мұнда жоламайды деуге болады. Ал ертең сіз, қалай, үйде
боласыз ба?
— Шіркеуден кейін, əрине, үйде боламын, айтыңыз. Сағат төрттер
шамасында Мэримен бірге бізге келіңіздер. Əйелдер көктемде киер
қалпақ жөнінде шүйіркелесіп жатқанда, сіз бен біз оңаша қаламыз.
— Менің сізге бір құшақ сұрақтарым бар. Əсілі, мен оларды алдын
ала қағазға жазып қойғаным жөн болар.
— Рақым етіңіз. Білгенімнің бəрін бүкпесіз айтып берейін. Сонымен,
ертеңге дейін дейміз ғой. Мэриге дұғай-дұғай сəлем! — Ол шығып
кеткен соң Марджи:
— Сіз бекер уақыт ұттырмаңыз, — деді.
— Бəлкім, тыраштанбай, тағдырға табынармын. Бері қараңызшы,
біз осы сондай бір тəжірибе жасап көрсек, қайтер еді? Ашып көрмей,
жасырын жабық күйінде тағы бір мəрте карта ашсаңыз қалай болады,
кешегімен сəйкес шығар ма екен, көрейік?
— Жоқ! — деді ол. — Олай істеуге болмайды! Сіз қалай,
қалжыңдағыңыз келе ме, шынымен, əлде бірдеңенің шалығы шалды
ма?
— Менің ойымша, гəп бұл арада сенуде немесе сенбеуде болмаса
керек. Мүмкін, мен сезімнен тыс түйсікке немесе найзағайға, əйтпесе
сутегі бомбасына, əлде, тіпті көктем көркі көгілдір гүлге немесе
қораланған балық сияқты нəрселерге сенбейтін болармын, бірақ та
солардың бəрі де табиғатта бар екеніне əрі оған күмəнім жоқ. Мен
керек десеңіз, аңыз болып айтылып жүретін елеске де сене бермеймін.
Солай бола тұрса да, мен оны өз көзіммен көргенім бар.
— Иə, қалжыңдамай қоя қойыңыз.
— Қалжыңы жоқ.
— Сіз өз пікіріңізден өзіңіз айни бастадыңыз.
— Рас айтасыз. Оқта-текте ондай əркімде де болады ғой.
— Ал сонда бұған себеп не, Итен?
— Білмесем. Əлде мені мына сатушылық əбден мезі еткен болар.
— Əлдеқашан.
— Айтыңызшы, Мэри шынымен сізге алғаусыз ұнай ма?
— Əрине. Ұнайды, оны неге сұрадыңыз?
— Былай қарағанда, сіздер мүлде... жалпы, бір-біріңізге ұқсамайтын
əртүрлі жандарсыздар.
— Сіздің не айтқыңыз келгенін түсіндім. Қалай болған күнде де, ол
— менің жанымның жалғыз қалаулысы. Мен əйтеуір, оны сүйемін.
— Мен де.
— Жолыңыз болған жан екенсіз!
— Жолым болғанын өзім де білемін.
— Əңгіме сіз жөнінде емес, ол жөнінде! Жарайды, одан да барып
шалабымды əзірлейін. Ал карта жөнінде əлі де ойланып көрейін.
— Алайда онша сөзбұйдаға салмаңыз, темірді қызған кезде соққан
абзал.
Өкшесін тықылдата басып ол сыртқа шықты, оның бұлқынған бұла
бөксесі бейне резинадай серпіледі. Мен оны бұған дейін көрген
емеспін. Мен өмір бойы күнде жүзін көрсем де соның өзін көрмей
жүрген бұл жалғанда қаншама жан барын кім білсін? Тіпті соны
ойлаудың өзі өкінішті. Бұл да тағы баяғы жақша ішінде. Екі адам
ұшырасып, дидарласқанда солардың əрқайсысы бір-біріне ықпал
етеді,шапағаты тиеді, өзгерістер əкеледі, соның нəтижесінде келе-келе
екі жаңа адам қалыптасады.Бəлкім, бұл əлгі... Жоқ, құрып кетсінші, бұл
шешуі қиын шиедей күрделі... мұндай нəрсе жөнінде мен тек түнде
ұйқым қашып отырғанда ғана ойлауға ұйғардым... Дүкенді уақтылы
ашпай, ұмытып кеткенім мені қатты қобалжытты. Қылмыс жасалған
жерде орамалын ба, əлде, айталық, Чикагодағы əйгілі оқиғадағы
сияқты өзінің киіп жүрген көзілдірігін тастап кеткенмен бұл да бірдей
ғой. Мұның түпкі төркінінде не жатыр? Қандай қылмыс? Өлтірілген
кім, өлген кім?
Түсте мен ірімшік пен шошқаның сүр етін қосып төрт сэндвич
жасап, үстіне салат пен балқаймақ құйдым. Ірімшік пен салат, шық
ағаштың басына, тар болса, үй ақиқат. Екі сэндвичті бір шөлмек кокаколамен қоса банктің қапталдағы есігінен Джойға апарып бердім.
— Қалай, қатені таптыңыз ба?
— Жоқ, əлі. Шынымды айтсам, үңіле-үңіле, екі көзім төрт болды.
— Дүйсенбіге дейін қоя тұрсаңыз болмады ма?
— Болмайды. Банк қызметі кінəратсыз болғанды қалайды. Кейде
езіліп ертеден кешке дейін басыңды қатыруды қойсаң, ұмытқаның
заматында ойыңа сап ете түседі.
— Оны мен де білем. Əкеп берген сэндвичіңіз үшін рахмет, — ол мен
сэндвичке салат пен балқаймақ құйды ма екен деп, бетіндегі бір тілім
нанды əдейі көтеріп қарады.
Пасха қарсаңында азық-түлік сату — бұл "өлерменнің ісі" деген
болар еді, менің ұлы мəртебелі надан ұлым. Алайда менің жандүниемнің тұңғиық терең түкпірінде шын мəнінде түбегейлі өзгерістер
болып жатқанын қалай да, əйтеуір айғақтайтын елеулі екі оқиға
болғаны рас. Мен өзімнің осы бүгін іс-əрекетімді, əсілі, кеше де,
бұрнағы күні де əсте жасамаған болар едім. Өзіңіз ойлап көріңізші,
тұсқағаздар үлгісін саралап жатқан кезде сіздің алдыңызға күтпеген
жерден бұрын көрмеген соны ою-өрнектерді əкеп жая салды делік.
Алдымен дүкенге əдеттегідей Марулло келді. Ол аяғы ауырып,
артриттің айтарлықтай азабын шегуде. Кəдімгі гірдің тасын көтеретін
алыптай қолын бүгіп-жазып, əбден əбігер болуда.
— Шаруа қалай?
— Сəкін-сəкін, Альфио. Мен бұрын ешқашан оның атын атаған емес
едім.
— Қала бүгін қаңырап қалғандай...
— Неғып сіз "балақай" демедіңіз?
— Сен оны ұнатпайтын сияқтысың ғой!
— Оныңыз бекер, Альфио, қайта мен оны қатты ұнатам.
— Жұрттың бəрі жан-жаққа тарап кеткен. Шамасы, буындарына
қыздырып құм сепкендей, иығы жан шыдатпай күйіп тұрса керек.
— Сицилиядан сіз бұ жаққа қашан келіп едіңіз?
— Қайда, баяғыда. Қырық жыл бұрын.
— Содан бері о жаққа əлі бір бармадыңыз ба?
— Бір де барған емеспін.
— Онда неге қонаққа барып қайтпайсыз?
— Несіне барам? Қазір бəрі бөтен, бəрі өзгеріп кеткен.
— Сонда қалай, ең болмаса, көріп қайтуға зауқыңыз соқпай ма?
— Жоқ, онша ықыласым жоқ.
— Туысқандарыңыз бар ма еді?
— Əрине, бауырым мен оның балалары, ендігі тіпті олардың да
балалары бар болар.
— Сонда сіздің солармен мүлде жүздескіңіз келмей ме?
Марджи мені алғаш көргенде қалай қараған болсам, ол да енді маған
нақ солай тесірейе, тіксіне қарағандай болды.
— Балақай, кенет сенің бұның қалай?
— Мына артриттің азабын тартып жүргеніңізге жаным ашиды.
Сицилия жылы ғой. Əлде сол жаққа барсаңыз, аяғыңыздың ауырғаны
басылар ма еді!
Ол маған сезіктенгендей состия қарады.
— Саған не болған?
— Ал не?
— Сен бүгін əдеттегіден мүлде басқасың.
— Ə-ə! Жанға жағымды бір жаңалық естідім.
— Сен осы менен кеткелі жүргеннен саумысың?
— Əзірге ондай ойым жоқ. Егер сіз Италияға барып қайтатындай
ойыңыз болса, оған алаңдамай-ақ қойыңыз. Мен сіздің келуіңізді
күтемін.
— Ал естігенің қандай жаңалық?
— Күні бұрын көңіліңізді қобалжытып айтпай-ақ қояйын. Өйткені
оның өзі сондай іс қой... — мен қолымды көтеріп, төбеме үйірдім...
— Ақша ма?
— Солай да болуы ғажап емес. Ал шынына келсек, Альфио, сіз
дəулетті адамсыз. Ақшалы алпауыт американның қандай болатынын
сол сицилиялықтар өз көздерімен көрсін, сіз қыдырып барып
қайтпайсыз ба? Əрі көптен сағынып жүрген туған топырағыңызда
күннің шуағына қыздырынып, рақаттанған болар едіңіз. Ал дүкенді
беймарал маған сеніп қалдырып кетуіңізге əбден болады. Ол жағын
сіздің өзіңіз де білесіз.
— Сонда, сенің кеткің келмейді ғой?
— Жоқ-ə, сайтан алғыр. Сіз мені бір адамдай білесіз ғой, менің сізді
ұятқа қалдыруға арым бара ма?
— Балақай, осы сені əлдебіреу айырбастап кеткендей. Саған не
болды?
— Мен жаңа сізге айттым ғой. Барыңыз, bambinos-тарды
(балақайларды) əлдилеп, мауқыңызды басып қайтыңыз.
— Мен қазір о жаққа бөтен біреумін, — деді ол бірақ мен өзімнің
оның жан дүниесіне əлдебір кірбіңнің көлеңкесін сепкенімді, мықтап
сепкенімді сезгендей болдым. Кешқұрым оның енді дүкенге қайтып
келіп, есеп-қисап тіркелген кітапты тексеретініне əсте күмəнім қалған
жоқ. Өзінен басқаға сенбейтін күдікшіл оңбаған неме.
Ол есіктен шығып үлгермей, өткендегідей ылдым-жылдым "Б.Б.Д
жəне Д"-ның кезбе саудагері де жып етіп жетіп келді.
— Менің бұл келісім іске қатысты емес, — деді ол — Дүйсенбіге
дейін Монтокке барып қайтпақшы едім. Содан жол-жөнекей сізге соға
кеткенді жөн көрдім.
— Оныңыз орынды болған, — дедім мен де. — Маған да сізге мына
біреулерді қайтаруым керек еді. — Мен əлгі былғары əмиянды
ұсындым, одан жиырма доллардың құлағы қылтиып көрініп тұрды.
— Сіздің мұныңыз бекер болды. Мен сізге əншейін соққанымды
айттым ғой.
— Алыңыз!
— Сіздің мұныңызды қалай түсінуіме болады?
— Біздің бұл жақта келісімді осылай бекітеді.
— Əйтсе де мұныңыз қалай, ренжіп қалдыңыз ба?
— Ондай ештеңе жоқ.
— Ендеше, бұныңыз не?
— Алыңыз! Сауда əлі аяқталған жоқ қой.
— Тəңірім-ау! Расында Бэйланде артық ұсынғаны ма?
— Жоқ.
— Сонда кім, сайтан алғыр!
Мен жиырма долларлық қағаз ақшаны бет орамалдың ұшы
қылтиып тұрған оның төс қалтасына тыға салдым.
— Əмиянды өзім алып қалайын, — дедім, — ол маған ұнайды.
— Тыңдаңыз, бас кеңсемен келіспей тұрып мен сізге өзге баға ұсына
алмаймын. Ең болмаса, алдағы сейсенбіге дейін кідіре тұрыңыз. Мен
сізге телефон шаламын Егер "Сөйлеп тұрған Хью" дегенді естісеңіз,
онда оның мен екенімді біле беріңіз.
— Телефон соғам десеңіз, соға беріңіз, сіздің ақшаңызды аяймын ба?
— Бірақ менің өтінгенімдей сіз сейсенбіге дейін тоса тұрыңыз.
— Тосайын, — дедім мен — Балық аулауға əуестігіңіз бар ма еді?
— Тек келіншектер қауымынан ғана. Келіншек емес, кəмпиттей
Марджиді Монтокке қонаққа шақырып көріп едім, көну қайда,
қайқайып болмай қойды. Мен өзіме паналар жер таппадым. Мен осы
əйелдерді сірə да түсінбеймін.
— Иə, олар барған сайын адам түсініп болмайтын ғажап бір жұмбақ
болып бара жатыр.
— Сіздің сөзіңіз алтын, — деді ол ескіден есте қалған сарында, оның
əлденеге алаңдап отырғаны айқын аңғарылады, — мен телефон
шалғанша сабыр ете тұрыңыз, — деді ол. — О, құдауанда, мен бар ма,
шалғай шетте жатқан аңқау жандармен істес болдым деп ойлап
жүріппін ғой.
— Мен өз қожамның көрсеткен сенімінен айрылғым келмейді.
— Е, ол деген бос сөз ғой. Сіз бар болғаны өз бағаңызды
арттырғыңыз келеді.
— Егер сізге əр нəрсені өз атымен атау соншалықты қажет болса,
онда мен бар болғаны парадан бас тартқым келді.
Менің болмысымда əлде бірдеңенің өзгергендігінің айқын айғағы,
міне, осы. Мен сол бір кісімсінген қуыс кеуде пенденің көз алдында
марқайып шыға келдім жəне бүл маған ұнады. Тіпті аса ұнады. Сол
алыпсатар алаяқ неме де өзі өскен алқаптағы қодырең жемістің бірі деп
ойласа керек, ал мен одан əлдеқайда ірімін.
Дүкенді нақ жабардың алдында Мэри телефон шалды.
— Итен, — деп бастады ол, — сен тек маған ренжіме жарай ма?!
— Не үшін, аңыздай айым менің?
— Біле-білсең, ол жападан-жалғыз жан ғой, мен... қысқасы, мен
Марджиді түскі асқа қонаққа шақырдым.
— Ал сонда не демексің...
— Қалай, сен оған ренжімейсің бе?
— Жоқ-ə, сайтан алғыр!
— Сайтанды аузыңа алма, ертең пасха ғой.
— Иə, айтпақшы, қауырсыныңды тарап, тазалағайсың. Біз ертең
сағат төртте Бейкерлерге барамыз.
— Солардың үйіне ме?
— Иə, бізді шайға шақырды.
— Маған пасхаға арналған
костюміммен баруға тура келеді.
ғибадатқа
кием
деп
тіктірген
— Өте тамаша, жайсаң жапырағым!
— Марджиге бола сен ренжімейсің бе?
— Мен сені сүйем, — дедім мен.
Мен шынында да оны сүйемін. Жанымдай сүйем. Жəне де сол сəтте
адам деген қайбір кезде қандай қасиетсіз болып кетеді екен деп менің
ойлағаным да есімде.
V тарау
Шегіршінді көшеден мен қиыршық тас төселген жалғыз аяқ жолға
бұрылдым, алайда жол ортада сəл аңырып, ескі үйге аңтарыла
қарадым. Оған қарағанда да мен өн бойымды билеген ерекше бір
сезіммен қарадым. Менің үйім. Мэридің де емес, əкемнің де емес, Қарт
шкипердің де емес, мына менің үйім. Оны менің сатуыма да болады,
өртеп жіберуіме де болады, керек десе, оған дəнеңе істемеуіме де
болады.
Мен үшінші басқышқа көтеріле бергенде, кенет есік айқара ашылып
кетті де маған:
— Кəне... "Пикс", сен "Пикс" əкелдің бе? — деп бар даусымен
барылдаған Аллен дүрсе бас салды.
— Жоқ, — дедім мен. Бірақ "о, ғажап-ай", ол ызалы ренішімен
қабынған өкпесін ашуға булыққан адуын айқаймен ақтара салмай, тіпті
менің оған уəде бергеніме шешесін куəлікке көлденең тартып
жатпады. Ол өкіне бір күрсінді де, кілт бұрылып кете барды.
— Қайырлы кеш! — дедім мен оның ту сыртынан қарап тұрып, сəл
мүдіріп ол да "Қайырлы кеш" деп қайталады, оның мұнысы, құлды бір
өзі жаңа ғана жаттап алған жат тілдік сөздей болып естілді.
Мэри асханаға шықты.
— Сен шашыңды қидырғансың ба? — деді ол. Менің бойымда болған
өзгерістің бəрін ол əрдайым дене қызуының көтерілуінен немесе
шашымды қидыруымнан деп біледі.
— Жоқ, бұраң белім, шаш қидырудан аманмын.
— Ал мына əзірлікпен менің басым əбден айналып кетті.
— Əзірлікпен дейсің бе?
— Марджи түскі асқа қонаққа келеді деп, мен саған айтып едім ғой.
— Жарайды, сонша əбігерленудің қажеті қанша?
— Бізге түстікке қонақ келмегеніне кемінде жүз жыл болған шығар?
— Оның рас. Шындықтың аты — шындық.
— Сен қоңыр костюміңді киесің бе?
— Жоқ, көгілдір-сұр костюмді кием.
— Қоңырды неге кимейсің?
— Айтпақшы, ертең оны мен шіркеуге киіп баруым керек екен ғой.
— Таңертең мен үтіктеп қоярмын.
— Көгілдір сұр костюмімді кием, бұл өңірде ешкімде ондай əдемі
костюм жоқ.
— Балалар, — деді Мэри даусын көтеріп, — əне жердегі ештеңеге
тиюші болмаңдар! Мен мерекеде ұсталатын ыдыстарды шығарып
қойдым. Сонымен, қалай, қоңыр костюмді кигің келмей ме?
— Кигім келмейді.
— Марджи бұлқан-талқан болады ғой.
— Оған көк боз түс қатты ұнайды.
— Сен оны қайдан білесің?
— Ол маған айтқан-ды.
— Ойыңа келгенді айтасың.
— Бұл жөнінде ол, керек десең, газетке де жазды.
— Қойшы, сен осы. Абайла, сен онымен сыпайы бол!
— Мен қалай да оның көңілін табуға тырысам.
— Менің байқауымша, осы сен қоңыр костюмді де Марджидің
келуіне орай кигің келіп тұрған сияқты.
— Тыңда, балаусам менің, осыдан небəрі бес-ақ минут бұрын маған
қандай костюм кигенім — тіпті ештеңе кимегенім бəрібір еді. Бірақ
енді, міне, сен өзің мені көгілдір костюмді киюге мəжбүр етіп отырсың.
— Сонда маған ерегіскенің бе?
— Нақ солай.
Айнымаған Аллен сияқты ол да назалы жандай күрсініп қойды.
— Кəне, түстік асқа бізде не бар екен? Мен еттен істелген тағамның
түріне қарай галстук алғым келіп тұр.
— Кəдімгі қуырылған балапан, иісінен-ақ сезбейсің бе?
— Сезгенде қандай! Мэри, сен... - Əйтсе де мен сөзімді жұтып
қойдым. Соның өзі қажет пе осы? Ұлттық сезімді тұншықтыруға
болмайды. Гастрономиялық дүкенде арнайы тауық сатылатын күнге
оның назары ауғанын қараңыз. Маруллодан онда арзандау. Арнаулы
дүкендегі мұндай сауда-саттықтың сырын мен Мэриге талай мəрте
түсіндірдім де. Бағаның арзандатылғанына қызығып дүкенге барған
соң, сіз одан бəсі бəз қалпындағы толып жатқан заттарды қоса сатып
алып шығасыз. Сонда барып, бағада ешқандай айырмашылық жоқ
екеніне көзіңіз жетеді. Мұны бəрі біледі, бірақ бəрі солай жасайды.
Көктем гүлі — Мэриге арналған лекция көктемей жатып көктей
солды. Жаңа Итен Аллен Хоули ұятқа тəн үркін еліккіш əуесқойлықпен
үзеңгілес түсуде жəне мүмкіндігіне қарай оларды бас пайдасына
айналдыруда.
Мэри:
— Сен мені бейбастақтық жасадың деп кінəламайсың ба?
— Айым-ау, балапандарға байланысты қандай ерлік пен ездік болуы
мүмкін?
— Біле білсең, оларда балапандар аса арзан екен.
— Сенің мұның ақылдылық əрі шаруаға ұқыптылық болған.
— Саған бəрі қалжың, бəрі ойын.
Мені бөлмемде Аллен күтіп отыр еді.
— Храм сақшысының семсерін көруіме бола ма?
— Көре ғой. Ол анау бұрыштағы қабырға-шкафта тұр. Ол мұны,
əрине, менен кем білмейді. Мен өз құпиямды айтып үлгергенше, ол
былғары қорапты алып, семсерді қынабынан суырып, жалаңаш жүзін
жалаңдатып, айнаның алдына барып толағай тұлғалы жауынгердей
осқырынған өзінің оғаштау ұсқынына қасқия қарап тұрды.
— Сенің шығармаң қалай болып жатыр?
— Не дейсің?
— Сен əлде... көке, мен естімедім дегің келген болар?
— Көке, мен естімей қалдым.
— Мен шығармаң қалай болып жатыр деп сұрап тұрмын.
— Ə, шығарма ма! Өте жақсы!
— Демек, жазып жатырсың ғой?
— Əрине.
— Сен қалай дедің?
— Жазып жатырмын, көке!
— Қалпақты да алып қарауыңа болады. Текшедегі былғары қорапта.
Қауырсыны сарғая бастапты.
Мен арыстанның аяғындай сирағы бар абажадай ескі ваннаға
түстім. Ол заманда əр нəрсенің мол болғанын тəуір көрген ғой,
сондықтан рақаттанып еркін созылып жатуға лайықталып жасалған
Мен өзімді əбден мезі еткен азық-түлік дүкенін, күні бойы көп
күйбеңнің бəрін ізін қалдырмай жуып-шаю үшін денемді аямай
шөткемен əбден ысқыладым, сосын айнасыз-ақ бетімді саусағыммен
ақырын сипалай отырып ваннаның ішінде сақал-мұртымды
қырындым. Бұл тұрғыдан қарағанда, сонау Рим дəуіріндегі есте жоқ
ескіліктің сарқыншағы сияқты бірдеңенің бар екені күмəнсіз болса
керек. Мен таранып алу үшін айнаның алдына келдім. Өз жүзімді өзім
көрмегелі қашан! Егер ынта-ықыласың болмаса, құдайдың құтты күні
қырынсаң да өз жүзіңді өзің көрмеуге əбден болады. Сұлулық — көрер
көзге сырттай көрініп тұрады, əйтсе де адамның көзге шалынбай ішкі
жан-дүниесінде — атойлап тұратын да сұлулық бар. Егер мен бар ма,
əділін айтар болсам, соңғы сұлулықты ерен ұнатам. Бұл менің көз
тоқтатар бет ажарым болуынан емес, меніңше, онда өзгенің назарын
көңіл аударар айрықша дəнеңе де жоқ. Мен өзімнің бет-аузыма əртүрлі
сыңай беру үшін оны ойыма келгенше құйқылжытып, құбылтып та
көрдім, бірақ онымнан да ештеңе өнбеді. Еңсесі биік өркөкіректің, яки
жадыраған жарқын, əйтпесе айбары асқан айбатты, əлде құнтиған
қуақы мінезді бейнелеу орнына сол баяғы алуан-алуан тыржиған,
тыжырынған сыңайдағы сүреңсіз ұсқын міз бақпай мелшиіп қарап
тұрғандай болып көрінді.
Мен ваннада омалып отырғанда Аллен басына түйеқұстың
қауырсыны қадалған шіркеу сақшысының қалпағын киіп те үлгеріпті.
Егер сол қалпақты киген кезде менің де ұсқыным адам күлер əжуаға
лайық болса, онда масондар ұйымының мəртебелі жиналысына киіп
барғанды ұмытуыма тура келеді. Былғары қорап əлгіндегі ашық
күйінде əлі еденде жатыр. Ортасында төңкерілген дөңгелек тасбақа
тəрізді дөңі бар, түбі барқытпен тысталыпты.
— Сарғайған қауырсынды аршып, ағартуға болар ма екен, əлде
жаңасын сатып алған жөн бе, біле алмадым.
— Егер жаңасын сатып алсаң, онда мынасын маған бер, жарай ма?
— Мақұл онда, Эллен қайда? Неғып оның шыңғырған даусы шықпай
жатыр?
— Ол əлгі шығарманы жазып жатыр.
— Ал сен ше?
— Мен əзір жоспарын ойластырып жүрмін. Əйтсе де сен əлгі
"Пиксті" алып келесің бе?
— Егер ұмытпасам. Қолың қалт еткенде дүкенге соғып, сен өзің-ақ
алып кетпейсің бе?
— Жарайды. Көке, енді сенен тағы бірдеңе сұрауыма бола ма?
— Ал сұра, жауап беруді өзіме биік мəртебе санаймын.
— Бас көшеде екі квартал жерде біздің меншігіміз болды деген рас
па?
— Рас.
— Біздің кит аулайтын кемеміз де болған ба?
— Иə, бұл да рас.
— Ендеше, қазір солар қайда кеткен?
— Біз оларды жоғалтып алдық.
— Ол қалай?
— Несі бар, оп-оңай жоғалттық та тындық.
— Сен бəрін қалжыңға айналдырасың.
— Егер оның астарына үңілер болсаң, бұл — бас жармаса да тас
жаратын зілді қалжың.
— Біз бүгін мектепте көлбақа сойдық.
— Пайдалы тəжірибе. Əрине, көлбақаға емес, сендерге пайдалы. Мен
мына галстуктердің қайсысын тақсам екен?
— Көгін, — дей салды ол енжар ғана. — Айтшы, сен қазір киініп
болған соң, сен əлгі... үйдің шатырына шығуға сенің бірер минут
уақытың болмас па екен?
— Егер істің мүддесіне байланысты болса, онда бірер минуттан да
артық табылады.
— Жоқ, рас па?
— Жарайды. Онда мен алдымен барып, шамды жағайын.
— Мен де қазір мына галстукті байлап болайын.
Үйдің төбесіне шығатын жадағай баспалдақпен көтеріліп бара
жатқан оның аяғының басқан əрбір қадамы дүңкілдеп, айқын естіліп
тұрды.
Егер мен галстук байлап жатқан кезімде шұқшия, бүкіл ынтаықыласымды соған аударсам, оның ұштары сусып қолда тұрмай, əбден
əлегімді шығарады, ал егер ойланып жатпай саусақтарым өздігінен
қимылдаса, онда өз міндеттерін оп-оңай ойдағыдай орындайды. Мен
галстук байлауды саусақтарыма сеніп тапсырдым да, өзім Хоулилердің
ескі үйінің шатыры, өз үйімнің, өз шатырым жайлы ойлағанды жөн
көрдім. Бұл қоқыр-соқыр, ескі-құсқы үйілген, өрмекші айқыш-ұйқыш
торын құрып тастаған, қараңғы қапас емес-ті. Жақтауы бөлінген тар
көзді терезеден сараңдау түскен жарықтың өзі жеткілікті. Əйтсе де
ертеде шығарылған ескілікті қалың шыны жарыққа сəл көгілдір рең
бергендіктен де айналадағы заттардың бəрі бейнебір су асты əлемінің
аясында тұрғандай бұлыңғыр тартып, бұлдырап көрінеді. Шатырдың
астына жинап қойған кітаптардың қоқыстай шығарып тасталу, не
болмаса теңізшілер училищесіне тапсырылу қаупі қаперіне кірмейтіні
айдан анық. Өйткені олар өздерін қайта ашып, аялар күнді тағатсыз
күтіп, текшелерде тізіліп тұр. Сол арада көненің көзіндей, яки тысы
тозса да түрі таймаған отыруға оңтайлы кең бақтақтар (кресло) да бар.
Шаң-тозаң да шамалы. Егер үй жиналатын болса, шатыр да
жинастырылады, əйтпесе ол көбіне жабық тұрады, шаң болатын реті
жоқ.
Бала күнімде кітаптардың құпиялы асыл тасын кеміріп, əбден
қалжырағанда, əйтпесе əлдеқалай жазықсыз жаным жадап, жазалы күй
кешкенде немесе оқшау шығып оңашалануды қалайтын өң мен түстей
қисыны қиын қияли дүниенің қым-қуыт қызығына емін-еркін беріліп,
елтіп отырған кезде мен шатырға шығып, адам тұлғасына сай
соғылған ұзын төсекте терезе əйнегінен құйылған көгілдір-күлгін
сəулеге шомылып, бүк түсіп, бүктетіліп жататыным əлі есімде, сол
арадан төбені көтеріп тұрған төрт қырлы өрлік те анық көрінеді, тіпті
солардың жігін тауып, бір-біріне қалай шебер жымдастырылғаны да,
ебін тауып, емен сыналармен берік бекітілгенін айна-қатесіз аңғаруға
əбден болар еді. Əсіресе жаңбырлы күндерде ол сіркіреп себелеп жауа
ма, əйтпесе шүмектеп құя ма, оның бəрібір — онда мамырдай
мажырасын болушы еді. Жыпылықтаған жарықтың сиқырлы сəулесі
түскен кітаптар — иелері əлдеқашан есейіп ержеткен соң, туған
топырақтан қол үзіп, əлемнің əр түкпіріне тарап кеткен алуан түсті
бояулы əсем суретті балалар кітаптары: "Мылжың" мен "Ролло"
басылымдары, суретіне көз тұнатын құдайға құлшылық жолындағы
істер баяндалған "Тасқын", "Тасу жəне қайту", "Зілзала", суреттер
арасына кірпіштей қаланған Дантенің шумақтары басылған Густав
Доренің "Тамұғы", жан жүрегіңді еріксіз емірентетін Ганс Христиан
Андерсонның ертегілері; ағайынды Гриммдердің адуын қатыгездің,
асқан алып тұлға Мэлоридің туындыларына сурет салуға жүрегі
дауаламас дейтін, дімкəс те шілбиген шыңжау адам Обри Бердслей
суреттерімен өрнектелген айбынды "Артурдың қазасы" (Бұл XV
ғасырда Томас Мэлори өңдеген орта ғасырлық аңыз негізінде
жазылған).
Мен Андерсонның даналығына талай рет тəнті болдым. Король
құпиясын құдыққа сеніп тапсырады — сөйтіп, ол өз құпиясын енді
ешкім аша алмайтынына кəміл сенеді. Құпия сақтаушы немесе абыз
аңызшы өзін кімнің тыңдайтынын, елде оқитынын білуге тиіс, өйткені
тыңдаушы қанша болса, айтылар əңгіменің түр-түрі де сонша болмақ.
Əркім əңгімеден өзінің өресі жеткен тұсын алады, соны өз ұғымына, өз
өлшеміне қарай бейімдейді. Біреулері өзіне керек бөлігін ғана айырып
алады да, басқасын ысырып тастай салады, екінші біреулері оны өз
сенім-нанымының елегінен өктей еткізеді, ал үшінші біреулері оны
өзінің қуанышымен айшықтайды. Əңгіме көңілге қонып, жүрекке жету
үшін айтушы мен оқушының қалай да түйісер нүктесі, тоғысар тұсы
болуы шарт. Онсыз оқушы көктен түскен кереметке де сенбейді.
Алленге арналған əңгіме, егер мен оны Мэриге қайталап айтып бермек
болсам, оңда ол одан мүлде өзгеше құрылуға тиіс, ал Марулло үшін
одан да өзге соны соқпақ іздеуге тура келген болар еді. Бірақ қалай
болған күнде де, ең дұрысы, Андерсеннің құдығы екені күмəнсіз. Ол бар
болғаны тыңдаушы, ал оның ішкі жан дүниесінде болатын жаңғырығы
онша күшті емес əрі тез сейіліп, лезде өшіп отырады.
Біздің бəріміз де жəне біздің көбіміз өзі түсіндіре алмаған, əйтпесе
өлшей алмағанның бəрін өмірде жоқ деп жариялаған он тоғызыншы
ғасырдың ғылымынан нəр алып өстік. Бірақ бұдан біз түсінбейтіндер,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 07
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.