Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 07

Total number of words is 4053
Total number of unique words is 2286
33.5 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
56.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
былайша айтқанда, біздің құзырымызсыз жойылып кеткен жоқ. Біз
өзіміз сырын білмеген, түсінік таба алмағанның бөрін қасарысып көзге
ілмеуге, елемеуге тырысамыз, міне, содан барып, бүл дүниедегі көп
жəйттер əдетте құбылыстардың құпия себептерін ашудан гөрі
олардың өзін қызықтауға құштар балалардың, есалаңдардың,
ақылсыздар мен қияли ауандардың еншісіне тиіп, үлесіне қалып отыр,
көзге шыққан сүйелдей біз көргіміз келмейтін, əйтсе де алаңсыз
лақтырып тастауға қимайтын, сыры кетсе де сыны кетпеген көненің
көзі дерлік көптеген келісті заттар жиналған өз шатыры бар.
Абажурсыз жалғыз шам төбедегі өрдіктен төмен түсіп түр.
Қалыңдығын екі, ал енін жиырма дюйм етіп қолдан жонылған жалпақ
қарағай тақтайдан төселген шатырдың едені ара-арасына қағазға
оралған əдемі шамдар, сəнді сауыттар, бағзы заманғы байлық пен сəн-
салтанаттың куəсі болған күні өткен көптеген басқа да көне бұйымдар
нығарлап тығылған мына сіресе сап түзеген сандықтар мен
жəшіктерді алаңсыз көтерері күмəнсіз. Ал ашық текшелерде көрер
көзге сəл қораштау көрінетін кіл кітаптар əулеті тізіліп, сапта тұр. Кір
де жоқ, шаң да жоқ — тазалық десе аянуды да, аяуды да білмейтін
менің Мэриім, ымыраға келмейтін қытымыр кіші офицер сияқты
кітаптардың бəрін көлемі мен мұқабасының түсіне қарай қатаң
тəртіппен мұқият орналастырған.
Аллен жоғарғы текшенің біріне маңдайын сүйеп, төменгі қатардағы
кітаптарды қарап тұр екен Оң қолымен ол əсем таяқтың жұмыр
басындай семсердің сабына сүйеніпті.
— Балам, сен осы тұрғанда көненің көзінен аумайсың. Былайша
айтқанда, жастық, соғыс пен білім бейнесі сияқты.
— Менің сенен сұрайын дегенім — өткенде сен осының ішінен
қажет материалдар табылатын болар деп едің ғой.
— Қандай материал?
— Əлгі, шығарма үшін, отаншылдық мазмұндағы мəнжұма сияқты
бірдеңелер.
— Е, сол ма еді отаншылдық мəнжұма. Жарайды. Саған мынадай
əуен ұнай ма: "Өмір қанша аяулы, бейбітшілік біздің жүрегімізде
қаншалықты қалаулы болғанымен, лəкін құлдықтың құрыш құрсауы
оған төленер қисапсыз қымбат құн емес пе? Алла жар болсын! Өзгелер
қалай ұйғарарын қайдам, ал менің еншіме тиер бір-ақ таңдау бар:
азаттық, иə болмаса ажал"2.
— Мəссаған. Ғажап айтылған.
— Енді қалай деп ең! О заманда бүл жалғанда айтулы алыптар
болған
— Əттең-ай! Мен сол кезде өмір сүрсем ғой, шіркін, теңізді күні-түні
кешкен қарақшылар, қандай керемет, қандай ғажап. Тарс-тұрс, тарстұрс, атыс, үрен-сүрен аттан-аттан! Қыш құмыра толы алтын, үлде мен
бүлдеге малынған, асыл гауһар тағынған ақтамақ арулар! Міне, нағыз
өмір! Көке, осы біздің ұлы аталарымыздың арасында да қарақшылар
болған ғой. Сен өзің айтқан болатынсың.
— Ол деген қарақшылықтың ерекше түрі болатын — оны олжалау
(каперство) деп атаған. Алайда сырт көзге болмаса, олардың өмірі де
ішкені алдында, ішпегені артында, адам армандарлықтай анау айтқан
мұңсыз болмаған. Қайда барса да — қатқан нан мен қара сорпа. Ол
кезде баршаны баудай түсіретін құрғұлақ та аз емес-ті.
— Мейлі, болса бола берсін, бəрібір мен одан қорықпас едім. Мен
алтынды көбірек жинап, үйге əкелер едім. Ал қазір олай істеуге
болмайды ғой.
— Əрине, қазір одан əлдеқайда өрісі кең, ұйымшылдығы күшті жəне
ол мəмілегерлік деп аталады.
— Біздің мектепте теледидар ұйымдастырған бəйгеден екі мəрте —
бірінде елу, екіншісінде екі жүз доллар сыйлық алған бір бала бар.
Керемет!
— Қабілетті бала болар?
— Ол ма? Қайдағы қабілет. Ондағының бəрі алдау-арбауға құрылған.
Ең бастысы — ебін табу, есебін келтіру, — дейді ол.
— Ебін табу. Мəселен, сен мүгедексің, əйтпесе сенің қария шешең
бар делік, ал оны асырау үшін сен құрбақаларды өсіресің немесе
көпшілікті елең еткізетін осындай тосын басқа бірдеңе табу керек,
сонда сарапшылар сөзсіз сені ұсынатын болады. Америкадағы
өткізіліп жататын осындай барлық бəйгелер жөнінде бүге-шігесіне
дейін қалдырмай тізіп жазылған оның журналы бар. Көке, сен маған
сондай журнал тауып бере аласың ба?
— Ие... қарақшылық заманы əлдеқашан өтсе де, оның рухы əлі күнге
өмір сүріп отырғаны ғой.
— Қандай рух? Қайдағы рух?
— Кəдімгі ақы-пұлсыз тегін алу. Еңбек етіп, маңдайдың терін
төкпей-ақ, байлыққа ие болу.
— Сен маған əлгіндей журналды тауып бересің бе?
— Пара жөніндегі дүрліккен дүрбелеңнен кейін мұндай өрескел
əрекеттерге орын болмайтын шығар деп дəмеленген едім.
— Тапқан екенсің! Яғни мен, көкесі, қателесесің дегім келіп еді. Бар
болғаны, мұны қазір бұрынғыдан сəл өзгешелеу түрде істейді. Шіркінай, не де болса қыбын тауып бір сыйлықты қағып алсам, қандай
керемет болар еді.
— Дұрыс айтасың, жеңіп алу емес, қағып алу.
— Онда тұрған не бар? Ақша — қолға қалай түссе де бəрібір, əйтеуір
ақша.
— Мен мұныңа келісе алмаймын Рас, ақшаға, əрине, бəрібір, алайда
əлгінде өзің айтқандай ол қолына түскендер үшін əсте де бəрібір емес.
— Онда тұрған қандай əнтектік бар? Заң жүзінде тыйым
салынбаған. Керек десе, Американың таңдаулы деген адамдарының өзі
де...
— О, Карл, ұлым менің, ұлым менің!
— Неге Карл?
— Аллен, сенің бай болғың келе ме? Аса құштармысың?
— Ал сонда сен мотоциклсіз өмір ұнайды ғой деп ойлайсың ба?
Жиырма шақты бала мотоциклге мініп жүйткіп жүретін кезде қалай
дейсіз? Ал үйде машина тұрмақ, теледидардың да болмауы ұнайды ғой
дейсің бе?
— Айтары жоқ, бұл деген барып тұрған сұмдық!
— Иə, саған айту оңай. Мен бірде мектепте "Менің ата-бабам" деген
тақырыпта шығарма жазғанда арғы атам айтулы, атақты шкипер
болғанын айтқан болатынмын
— Несі бар, ол рас.
— Ал бүкіл сынып қара қарғадай қарқылдасты. Осыдан кейін
олардың мені қалай атағанын білесің бе? Хоули-кито-лоули. Ұнайды
ғой деп ойлайсың ба?
— Шамасы, онша ұнамайтын болар.
— Егер сен əрісі адвокат болсаң, əйтпесе құрығанда бір банкте
қызмет істесең, онда бір жөн. Осыдан бір сыйлықты қағып алсам, менің
ең алдымен не істейтінімді білесің бе?
— Сонда, мəселен, не істер едің?
— Өзгелер жаныңнан жүйткітіп өтіп жатқанда ішіңді қызғаныштың
қара мысығы тырнамау үшін саған машина сатып алып берер едім.
— Ой, рахмет саған, Аллен, — дедім мен. Өндірім кеуіп, үнім өшіп
қалды.
— Оқасы жоқ, онда тұрған не бар. Бəрібір оны жүргізуге маған
құқықтық куəлік бермейді ғой.
— Аллен,
сен
біздің
отанымыздың
барлық
көрнекті
қайраткерлерінің сөйлеген сөздерін мына текшелерден табасың. Менің
ақылымды тыңдасаң, оқып шық деп кеңес берем.
— Қалай да оқып шығамын. Бір кəдеме асар.
— Асқанда қандай! Ал онда табыс тілеймін, — жол-жөнекей ауықауық ернімді жалап қойып, асықпай ақырын басып баспалдақпен
темен түстім. Алленнің айтқаны рас болатын Шынымен менің ішкі жан
дүниемді қара мысық қан қақсатып тырнап жатқан-ды.
Арқалығына шам қондырылған абажадай арбиған бақтаққа барып
мен жайғасып отыра бергенімде, Мэри қолыма газеттерді ұстата
салды.
— Əй-пəлі, менің əлпешім-ай.
— Көрдің бе, мына костюм саған қандай қонымды?
— Ал сен береке басы бəйбіше ғана емес, сонымен қатар алысты
болжайтын осы отбасының ақыл қалтасысың.
— Маған мына галстук ұнайды, өйткені ол сенің көз жанарыңның
реңіне ұқсайды.
— Байқаймын, сен осы менен бірдеңені жасыратын сияқтысың.
Жарайды, жарайды. Кел одан да келісім жасайық: құпияға құпия —
баспа-бас.
— Қой əрі, менің ешқандай құпиям жоқ, — деді ол.
— Жоқ па, онда ойлап тап!
— Таба алмаймын, Итен. Айтшы, əлде бірдеңе болды ма?
— Əлде осы маңда өсектен өлген біреу құлағын түріп тұрған жоқ па
екен?
— Жоқ.
— Ендеше, тыңда. Бүгін дүкенге Марджи Янг-Хант келді. Сылтауы кофе алу. Менің байқауымша, ол маған ғашық болып қалғаннан сау
емес.
— Қойшы, сен де бір, қайдағыны шығарасың, одан да жөнін
айтсаңшы.
— Əңгіме кешегі картамен бал amy жайында болды да, мен оған
қызық үшін өткендегі карталар сол қалпында шығар ма екен, осы жəне
бір мəрте картамен бал ашып көрсек қайтеді дедім.
— Сен рас сөйледің бе? Мұның өтірік.
— Рас. Ол менің айтқаныммен келісті.
— Ал сен ондай істі онша жақтырмайтын сияқты едің ғой.
— Бəрі сəтті болып жатса, қолдаймын.
— Сонда сен бүгін ол картамен тағы бал ашады демексің бе?
— Егер сенің шын білгің келіп отырса, онда айтайын, ол бүгін мұнда
тек соған бола келеді ғой деп ойлаймын.
— Қой əрі, о не дегенің? Оны мен ғой үйге қонаққа шақырған.
— Əрине, ол сені ығына жығып, əбден ыңғайына көндіріп қойған соң
қайда барасың?
— Сен Марджиді жақтырмайсың.
— Сірə да олай емес, қайта мен оны ұната, тіпті керемет тəуір көріп,
аялай бастаған сияқтымын.
— Сенің қалжыңың қайсы, шының қайсы, ешқашан ұғып болмайды.
Сол сəтте сыбысын сездірмей Эллен кіріп келді, біздің сөзімізді
тыңдады ма, əлде жоқ па, беймəлім. Бірақ тыңдаған болуы ықтимал
Эллен он үш жаста, бойында қызға тəн қылықтың бəрі — нəзіктік пен
назалық та, жайдарылық пен жайсаңдық та, өзіне зəру жағдайда
наздылық пен ізгілік те — бəрі де бар. Қазір ол əлі иі қанбаған жасаң
қамыр сияқты. Əлде тəуір болуы да, əлде онша ойдағыдай болмауы да
мүмкін. Ол əманда бірдеңеге сүйенгенді тəуір көреді. Көбіне келіп
менің иығыма асылады, ыстық демі бетіме тиеді, демі сүт емген
бұзаудың деміндей, жып-жылы, жұп-жұмсақ жəне емірене еркелегенді
ерекше ұнатады.
Эллен мен отырған бақтақтың тұтқасына шынтақтай сүйенді де,
өзінің шидиген иығымен менің иығыма келіп асылды. Ол албыраған
сүйріктей саусағымен ақырын ғана жеңімді сипап барды да, білегіме
түсіп, биязы қимылмен оның түгін жатқыза тарады, тіпті жұмсақ
жыбырдан менің қытығым келгендей болды. Шамның жарығы түскен
оның қолындағы шөкімдей үлпілдеген ұлпа түк апталған алтынның
қиқымындай құбылып, ұшқындап тұрды. Алдауыш неме, жə, жалғыз ол
ғана емес, балғын жаста қыз баланың бəрі сондай екені белгілі.
— Боялған ба? — дедім мен.
— Ақшыл лак жағуға апам рұқсат етеді. Ал сенің тырнағың мүжіліп
қалған ғой.
— Қайдағы?
— Бірақ таза екен.
— Мен оларды щеткамен тазалағам.
— Аллен сияқты тырнағы тазаланбай кір-кір болып жүретіндерді
жаным жек көреді.
— Бəлкім, сен жалпы Алленді жек көретін шығарсың?
— Жек көрем.
—Е-е солай ма? Онда не бітіріп жүрсің — оны өлтір де, істі тындыр.
— Орынсыз ол көкесі, — ол ақырын-ақырын құлағымның түбін
қасып қойды. Соған бола енді бір емес, бірнеше саусақтар əбігерге
түсті-ау деп күдіктене бастадым.
— Сені шығармаға қызу кірісіп кетті дейді ғой?
— Ə, өсектеп үлгерген екен ғой!
— Қалай, ойдағыдай жүріп жатыр ма?
— Тамаша! Кейін көресің! Жазып бітірген соң оқып шығуға берем.
— Мархабат! Байқаймын, сен қонақ келетін болған соң сəнденіп
киініп алыпсың?
— Сен мына ескі-құсқыны айтасың ба? Ертең мен жаңа көйлегімді
кием, бəлем, сонда көрерсің.
— Дұрыс. Шіркеуге балалар да барады.
— Балалар барса ше. Мен балаларды жек көрем.
— Оны мен білем, сенің ұраның — бітпес, өшпес өшпенділік. Менің
өзім де соларды онша тəуір көрмеймін. Кəне, енді сəл ығысшы. Мен
газет оқиын.
Ол жиырмасыншы жылдардың əйгілі кино жұлдыздарындай
ыршып тұрды да, қас қағымды қалт жібермей заматында-ақ есесін
қайырды:
— Сен осы қашан байисың?
Ие... Бұған маңдайының соры бес елі сормаңдай тап болады ғой.
Менің алғашқы сəтте ойыма келгені оны ұстап алып, жақсылап тұрып
жонын тілу болатын, оның тілегенінің өзі де сол ғой. Маған ол көзін де
сүрмелеп қойғандай болып көрінді. Оның қатулы қабағы, қатыгез
назарындағы аяушылық сезімінің ұшқыны сілеусіннің жанарындағы
нышаннан да əлдеқайда кем болатын.
— Келесі жұмада, — дедім мен.
— Одан тездетуге болмай ма? Жарлылық əбден жанымды мезі етті.
— Ол шұғыл бұрылып, лезде бөлмеден лып етіп шығып кетті. Есіктің
сыртында тұрып тың тыңдау да оның дағдылы əдетіне тəн Бір ғажабы,
сонда да мен оны жақсы көрем. Керек десеңіз, өзгелердің бойындағы
мен жек көретін жексұрындықтың бəрі соның бойынан табылатынына
қарамай, мен оған дегенде бүкіл жан-жүрегіммен өліп-өшіп тұрамын.
Газет оқу маған бұйырмады. Оны енді аша бергенімде, Марджи ЯнгХант келді. Шашын бір түрлі бөлекше, кəдімгі шаштараздарша
тарапты. Шашты бұлай сəндеп тарауды Мэри біле ме, жоқ па, ал мен
өзім білмеймін.
Таңертең дүкенге кофе алуға келгенде Марджи аюды тосқан
қақпандай мені торығаны анық болатын. Ал мына кешкі Марджи
алаңсыз Мэриді арбағандай. Тіпті жүргенде мықынының манағы
жайпалған жорға бүлкілі де білінбейді. Егер оның үстіндегі жарасты
костюмі əлдебір жерін жауып тұрса, ол оны алаңсыз жасырып тұрады.
Кез келген сыйлы қонақ — үй иесі үшін, əрине, əрқашан көмекке əзір,
сыпайы, əдепті, өнегелі, кішіпейіл қарапайым жан. Таңертеңнен бері
менің жасыма қырық жас қосылғандай ол мені елемей, енжар қабақ
танытты.
Əйел дегендер ғажап жаратылған жандар ғой! Тіпті бар ма, егер мен
жыға танымаған, жете түсінбеген күннің өзінде де олардың мінезқұлықтарына, солардың өзіне қайран-асыр қалмауым əсте мүмкін
емес-ті.
Марджи мен Мэри əдетте зиялы қауымдағы əйелдерге тəн ұзақ
сонар əңгімеге кірісті: "Сіз шашыңызды не істегенсіз?"... "Маған
ұнайды"... "Бұл сізге қонымды түс... Оны əсте ауыстырмаңыз" —
əйелдердің таным жүйесінің бейкүнə байрағы мен естіген əйелдер
жайлы айтылып жүрген айшықты əзіл əңгімелердің ең уытты ұшқыр
ойлы біреуі есіме түсті. Сонда сырлас екі əйел ұшыраса қалады: "Ал сіз
шашыңызды не істегенсіз? Кепеш сияқты ғой өзі". "Иə, бұл сол
кепештің өзі". "Рас па? Əсте ойламаған болар едім" десе керек.
Мүмкін, мұның астарында Тəңірім бізге түсінуді бұйыртпаған
өзіндік бір сыр болар.
Ас үстінде қуырған балапандар жөніндегі тамсанған таңырқаулар
мен олардың жеуге болатынына күмəнді сөздер шаужайласып,
тайталас жүріп жатты. Эллен қонақтың шашын тарауы мен бетін
бояуын бүге-шігесіне дейін зер сала зерттеп, сүқтана қарап шұқшия
қалыпты. Мен əйелдерге тəн сезімталдылық деп аталатын ұғымға
негізделетін зəредей жаңсақ баспайтын жіті бақылау қасиетінің тым
ерте оянатынын сол заматта бірден ұқтым. Эллен мен жаққа қарамауға
тырысты. Ол өзінің нысанаға дəл тигенін білді, енді қарымта ғана
күтті. Жарайсың, ашулы да айбарлы қызым.
Мен сенен қақсатып тұрып кегімді аламын. Сенің айтқандарыңды
ұмытамын.
Түскі ас ойдағыдай өтті, əдетте арнайы шақырылған қонаққа
жайылатын дастарқандай бəрі де ағыл-тегіл мол болды, былайғы
күндерде пайдаланылмайтын ыдыс-аяқтар да тау болып үйіліп қалды.
Ал астан кейін кофе берілді, бұл да күнде-күнде болмайды.
— Ал кофе ұйқыңызды қашырып жүрмей ме?
— Менің ұйқыма ештеңе ара түсе алмайды.
— Тіпті мына мен де!
— Итен!
Содан соң ыдыс-аяқпен үнсіз шайқас басталды.
— Рұқсат етсеңіз, мен де көмектесейін.
— Жоқ, жоқ, атай көрмеңіз. Сіз қонақсыз.
— Тіпті ең болмаса үстелдің үстін жинайын. — Мэри көзімен іздеп
балаларды тауып алды да, шабуылға шығуға найзасын оңтайлады.
Өздеріне қандай қатер төнгенін олар түсінді, амал қанша, жан сауғалар
жер қалмады.
— Біздің үйде мұны ылғи да балалар істейді, — деді Мэри. Олар
ыдыс-аяқ жууға машық. Бəрін тап-тұйнақтай тындырады, көргенде
көңілің көншиді.
— Ой, бəрекелді, жарайсыңдар! Біздің заманымызда мұндай тым
сирек ұшырасады.
— Сіз орынды айтасыз. Бұл жағынан алғанда, біз балаларымызға
шүкіршілік етуімізге əбден болады.
Олардың зұлымдық ойлары сауғалар пана таппай шарқ ұрғанын мен
ап-анық көзіммен көргендей болдым. Абыр-сабыр жасау, аяқ астында
тап болған сандырақ сырқатты сылтаурату, қастерлеп жүрген екі-үш
табақшаны сындыру, олардың аярлық арам ойын айтпай танығандай
Мэри:
— Бір ғажабы, олардың қолынан əсте ыдыс-аяқ сынбақ тұрсын,
сылдырламайды. Тіпті мына шарап ішетін шыныаяқтарға дейін
шетінемеген.
— Айтары жоқ, сіз барып тұрған бақытты анасыз! — деді Марджи,
— сіздің бұған қолыңыз қалай жетті?
— Бұл араға қатысым жоқ. Олар табиғатынан осылай жаратылған.
Өзіңіз де білесіз, қолына алғанның бəрі қожырап, үйлеспей жататын
ебедейсіз жандар болады ғой, ал біздің Эллен мен Аллен ондай емес,
қолдары епті, ұсынықты, он саусағынан өнері тамған.
Мұны қалай қабылдар екен деп, мен балаларға көз қырын тастадым.
Өздерінің торға түскенін олар айқын аңғарған сыңайлы. Марджи мұны
аңғарды ма, əлде жоқ па, осы жағы ғана неғайбыл еді. Дегенмен олар
жайылған тордан құтылу жолын табудан əлі үмітін үзбеген болатын.
Мен олардың үміттенген жолын үзілді-кесілді кесіп тастадым.
— Өзіңді мақтағанда əрине, жаның масайрап, марқайып қаласың, —
дедім мен, — Əйтсе де оларды жолынан қалдырмайық, іске кіріссін,
əйтпесе кешігіп, кинодан қалып қояр.
Марджи мүсіркегендей көмейіне келген күлкісін іркіп қалды, ал
Мэри болса есеңгірегендей еліріп, ежірейе қарады. Кино жайлы ауыз
ашқан ешкім болмады.
Жасы он мен он бестің аралығында болған жерде, тіпті олардың
селт еткен сыбысы естілмеді деген күннің өзінде де тыныштық болуы
əсте неғайбыл. Олардың төңірегіндегі ауаның өзі қапырылысып
қайнап жатады. Эллен мен Аллен кеткен соң құдды бүкіл үй кеңіп,
еркін тыныстағандай болды. Жын-шайтан, əртүрлі малғұн, əдетте
жасөспірім бар отбасына үйір болады деп тегін айтылмаса керек.
Үшеуіміз оңаша қалған соң біз қалайда сөз болуға тиіс көмейге
тығылып тұрған мүлделі тақырыпты сақтықпен шым-шымдап
шиырлай бастадық. Шыныланған шкафтан бұдан неше жыл бұрын
Англиядан əкелінгенін бір құдайдың өзі білсін, мен лала гүлі сипатты
биік те əдемі үш бокалды алдым. Сосын оларды көп тұрып күңгірт
тартқан айналасы шыбықпен өрнектеп өрілген галлон құтысынан
ішімдік құйып толтырдым.— Ямай ромы, — дедім мен. — Заманында
Хоулилер теңізші болған ғой.
— Көп жыл ұсталған екені көрініп тұр, — деді Марджи Янг-Хант.
— Сіз бен біз түгіл тіпті менің əкемнен де үлкен.
— Бірден басқа шабады, байқа, — деді Мэри. — Бүгін біз үшін бұл
ерекше кеш. Итен бұл ромды тек үйлену тойында əйтпесе азалы күнде
ғана ұсынады. Сүйіктім, мұнымыз ыңғайсыз болып жүрмей ме, қалай
ойлайсың? Жəне өзі нақ пасханың қарсаңында?
— Жаным-ау, мінəжат шарабы да сіміре салар сусын емес қой.
— Мэри, мен сіздің күйеуіңіздің мұндай жадыраған көңілді шағын
əсте көрген емеспін.
— Мұның бəрі сіз ашқан картаның, сіз айтқан сəуегейліктің игі
ықпалы ғой, — деді Мэри, жарық дүниеге жаңа келгендей күйде жүр.
Адам дегеніңіз қандай ғаламат құдіретті құбылыс, қандай
өлшегіштердің, индикаторлардың, есептегіштердің күрделі жүйесі
десеңізші, ал біз болсақ, солардың кейбіреуінің ғана көрсеткіштерін
оқи аламыз, оның өзінде де өреміз жетпей, қателесіп, шат-шəлекейіміз
шығады. Менің ағзамда жан-тəнімнің терең, кенет азабынан бас
айналып, көз қарауытар сұмдық бір шоқтай қарып, күйдіргі дерт бүрк
ете қалды да, лезде лапылдап жоғары өрлеп барып, аш бүйірден
қабырғамның астына сынадай қадалды. Менің құлағымда аңыраған
адуын жел желкенін жиып үлгерем дегенше мачтасынан айырылып
қаңыраған, қақсал кемедей мені алды-артына қаратпай дедектетіп ала
жөнелді. Аузым удай запыранға толып, көзімнің алдындағының бəрі
көлбеңдеп көшіп жатты. Үрей дабылы, қауіп-қатер дабылы, опат
дабылы. Əйелдер отырған тұстан айналып өте бергенімде, сап ете
қалған бұл дерт мені екі бүктеп, қас қағым жан төзгісіз жойқын азапқа
салып, ізінше лезде ғайып болды. Мен қайта еңсемді көтеріп, бойымды
жаздым да, ештеңе болмағандай əрі қарай жүре бердім, олар тіпті түк
те сезбей қалды. Есте жоқ ескі заманда адамдардың жын-перінің
салқыны, кесірі, кесапаты тиеді дегенге неге сенгенін менің түсінуіме
болатын сияқты. Ол тұрмақ, соған менің өзім де сенуге бармын.
Шымыр шыдамдылық, тұңғиық төзімділік. Табиғаты жат белгісіз
бірдеңенің озбырлықпен шұғыл шабуыл жасауы мен оған қасарыса
қарсы тұруға қисынсыз қарекет жасауға əлектену, Əйтсе де жеңіліс
қасіретін тартып, басқыншыдан аяушылық тілеп əлектенсе де, ақыры
амалсыз айтқанына көніп, айдауына жүру. Егер дəнекер шамның
жалынындай көлкіген көгілдір сəуле ішінен қалтқысыз көруге
қабілетің жетсе, оның ақтық атауы — зорлық! Менің сүйіктімнің даусы
естілді.
— Атыңа айтылған жылы сөздің əрқашан пайдасы тиеді. Мен
даусымды кенеп көрдім, ол жарқын да өктем естілді.
— Аз үміттің мейлі тіпті ақталмас үміттің ұшқыны болса да, оның
ешкімге залалы тимек емес, - дедім мен, шараптан босаған құтыны
буфетке апарып қойып өз орныма қайтып оралдым да, хош иісті көне
ромның жарты бокалын қағып тастап, бақтаққа жайғасып отырған соң,
аяғымды аяғымның үстіне айқастырып тастап, тіземді қапсыра
құшақтадым.
— Мен Итенді түсінбеймін, — деді Мэри, — ылғи картамен бал
ашқанда жаратпайтын, ондайды өрескел көріп күлетін. Мен əйтеуір
түсінбеймін.
Менің жүйке тамырларымның ұштары жел тербеген қураған қысқы
қурайдай судырлай бастады, айқаса тарақталған саусақтарым
сығымдалып, қан-сөлінен айрылып, боп-боз болып кетті.
— Янг бикем... Марджи, мен оның мəнін өзімше түсіндіруге
тырысып көрейін, — дедім мен. — Мэри байырғы текті, бірақ
кедейленген ирландық отбасынан шыққан.
— Біз соншалықты тақыр кедей болған емеспіз.
— Оның сөйлеген сөзінен-ақ байқамайсыз ба сіз?
— Расында, мен енді сіз айтқан соң ғана аңғардым.
— Сонымен, Мэридің кезінде ағаттық кетіп, əулиелер санатына
ілінбей қалған өзі христиан мейірімді əжесі болған. — Менің
сүйіктімнің жүзінен өшпенділіктің көлеңкесі елес бергендей болды.
Мен сөзімді одан əрі сабақтадым!
— Алайда христиан дінін зерттейтін ресми ғылым ресми түрде
мойындайтынына қарамастан оның қайдағы бір жын-пері жəне аруақ
тəрізді əлде бірдеңелерге сенуіне мұның еш бөгеті болмаса керек.
— Бұл мүлдем басқа нəрсе ғой.
— Оған дауым жоқ, бүлдіршінім менің. Бəрінен де белгілі бір
айырмашылық табуға əбден болады. Ал бірақ мен өзім білмейтінге
қалай сенбеуіме болады?
— Сіз онымен сөйлескенде сақ болыңыз, — деді Мэри, — ол
білдірмей тұзақ құрып, сізді сөзден тосуы да ғажап емес.
— Мұның қалай? Менің бар кінəм - картамен бал ашу не екенін жəне
соның өзі неге негізделетіні жайлы бейхабар екенімді мəлімдеу еді.
Сонда менің бұған қалай сенбеуіме болады? Картамен бал ашуға
болатынына мен сенемін. Өйткені қалай бал ашатынын көргенім бар.
— Бірақ ашылған балда шындықтың болуына сен сенбейсің ғой.
— Миллиондаған адам сенеді, тіпті керек десең, сол үшін ақша да
төлейді. Біле білсең, осының өзі-ақ оған құштарлық туғызады.
— Бірақ сен оған...
— Сабыр ет! Мен сенбейді емеспін, қайта мен білмеймін. Бұл екеуі
екі түрлі емес. Мен қайсысы қайсысының алдында екенін яғни бал ашу
шындықтың алдында ма, əлде шындық бал ашудың алдында ма, мен
тек соны ғана білмеймін.
— Оның көкейінде не тұрғанын мен айтпай-ақ аңғарып отырмын.
— Рас па? Мэридің ұнатпай қалғаны айдан анық.
— Шарасыздықтың шырмауынан шығуға қалайда балгердің сирек
сезімталдығы қолұшын беруге тиіс. Сіздің соны айтқыңыз келетін
болар?
— Балгер солай болар, ал карта оны қайдан біледі?
Мен оған:
—Карта өзінен-өзі ашылмайды, оны əйтеуір біреу ашуы керек қой,
— дедім.
Марджи маған көз салып, көңіл аударған жоқ, əйтсе де Мэридің
əлдебір алаң көңілінің абыржи бастағанын сезіп, енді оның ишарат
күтіп, іркіліп қалғанын аңғардым.
— Одан да тексеріп көрейік, — деп мен ұсыныс еттім.
— Айтудың өзі ұят, алайда егер өздерін тексерсе, бұл күштер
жəбірленеді, ондай тексерістен түкте шықпайды. Дегенмен байқап
көруге болады. Бірақ соны қалай істеуге керек?
— Сіздер түк ішпепсіздер ғой. Екеуі жарыса бокалдарын қолына
алып, ұрттады да, үстелге қайта қойды, мен қалған шарапты бірден
көтере салдым да, қайта құты əкелуге беттедім.
— Итен, саған жеткілікті болған жоқ па?
— Жоқ, бүлдіршінім, — мен бокалымды толтырып алдым, — ал егер
картаны қарамай ашса, қалай болар еді?
— Ал сонда оны қалай оқу керек?
— Ендеше, не мен, не Мэри картаны таратайық, сосын сіз онда не
түскенін айтып беріңіз.
— Əдетте, картаны кім ашса, ол соған ғана жауап береді деген бар,
мүмкін, олай емес те шығар, мен біле бермеймін ғой, жарайды, не де
болса байқап көрелік.
— Ал, меніңше, егер істелетін болса, онда бəрін рет-ретімен
дұрыстап істеу керек, - деді. Нағыз Мэридің айтатын сөзі. Ол өзгерісті,
ұсақ-түйек өзгерісті ұнатпайды. Бір ғажабы, үлкен өзгерістерге
қыңбайды, сыртқа сыр бермейді - абайсызда саусағын кесіп алғанға
үрейі ұшып жұртты дүрліктіруі мүмкін, бірақ өндіршегі орылып
қалғанды көргенде қыңқ етпей, салқын сабырлылық, ширыққан
ширақтылық танытады. Менің көңіліме күдік кірді: мен Мэриге
алдында Марджимен арамызда тексеру жайлы əңгіме болды деп
айтқан едім, ал енді біз оны қазір, аяқ астынан ойлап тапқандай болып
отыр.
— Біз бұл жөнінде бағана сөйлесіп едік қой, есіңізде ме?
— Иə, иə, мен кофе алуға келгенде сөйлескенбіз. Сол күні бойы менің
ойымнан кетпей қойды. Мен мұнда картамды да ала келдім.
Мэри қайсарлықты қатыгездікпен, қатыгездікті қара күшпен
шатастыруға бейім тұрады, ал қара күштен ол қатты қаймығады,
зəресін алған бүл үрейді өмір бойы өшпестей етіп оның бойына
ұялатқан — əйгілі араққұмар, маскүнем немере ағалары, тіпті айту
түгіл ауызға алудың өзі ұят, əйтсе де бұдан оның өмір бойы арылуы
екіталай. Мен оның оқыс селк етіп шошып кеткенін сездім.
— Онымен ойнауға болмайды, — дедім мен. — Одан да казино
(карта ойыны) ойнаған дұрыс.
Менің жалтарғанымды түсінген Марджи лезде соны пайдалана
қойды. Əрине, бұл оның бірінші мəрте бұлай жасауы болмаса керек.
— Келіңіздер, ойнайық.
— Менің тағдырым тайға таңба басқандай айқын, менің алдымда
қыруар байлық күтіп тұр. Енді бұдан артық не керек?
— Міне, көрдіңіз ғой? Ол бəріне сенбейді деп мен сіздің өзіңізге
айттым. Алдап-арбап, басыңызды шыр айналдырып жібереді де, өзі
жалт беріп, ши түбіне жасырына қалады -бұл оның үйреншікті əдеті.
Мұнысымен кейде ол менің есімді шығарып, жындандырып жібере
жаздайды.
— Мен бе, сені ме? Өмірімде оны сезген емеспін. Сен менің əманда
аялы асыл жарымсың.
Кейде адамдар арасында кенет пайда болатын қарсылықтың əлде
қарама-қарсылықтың ұшқынындай бірдеңе сезгендей боласың. Əрине,
бұл өне бойы болмаса да, əйтеуір болып тұрады. Мэри қисынды етіп
ойлауға онша миын қинамайды, əлде оның өзгенің айтқанына
ойланбай иланып, секемсіз сенетіні, бəлкім, содан да болар. Бөлме
ішінің тынысы тарылғандай сезілді. Мен Мэри мен Марджидің
достығы осымен аяқталған болар деп ойладым. Енді Мэридің онымен
арадағы қарым-қатынасы қалайда бұрынғыдай болуы қиындыққа
соғатын болар.
— Мен шынымен, осы картамен бал ашудың сыр-сынын біліп,
сауатымды ашсам деп едім, — дедім мен. — Өйткені бұл жөнінен мен
қоқ етпейтін кещемін. Маған мұнымен ылғи да əлгі сығандар ғана
айналысатын сияқты болып көрінетін. Марджи, əлде сіз сығансыз ба?
Сыған қыздарынан менің бірде-бір танысым болған емес.
Мэри айтты:
— Оның қыз күніндегі əкесінің аты орысша, ол өзі Аляскада туып
өскен.
Шықшытының бұлайша шығыңқы болуы, міне, қайда жатыр!
Марджи сөзге килікті:
— Мэри, менің Аляскаға қайдан, қалай барғаным жайлы сізден бүгіп
қалған қылмысты құпиям бар.
— Аляска бұрын орыстардың жері болған ғой, — дедім мен. — Біз
оны Ресейден сатып алдық.
— Десе де, оның кəдімгі Сібір сияқты аса қауіпті қылмыскерлерді
жер аударатын аймақ болғаны сіздерге де аян шығар деп ойлаймын
— Сонда қандайлар үшін дейсіз?
— Барып тұрған қауіпті қылмыскерлерге. Балгер-сиқыршылығы
үшін менің арғы əжемді соттап, сонда жер аударып жіберген.
— Ал сонда ол не істепті?
— Дүлей дауыл шақырса керек. — Мен күліп жібердім.
— Демек, бұл сізге мирасқа қалған қабілеттілік болды ғой.
— Дүлей дауыл шақыруды айтасыз ба?
— Жоқ, тағдыр болжауды айтамын, əйтсе де мұның бəрібір ғой.
Мэри айтты:
— Сіз қалжыңдап отырған боларсыз. Бұныңыз жалған.
— Мэри, рас, мен қалжыңдап отырған да болармын, бірақ бұл —
алғаусыз ақиқат. Сиқырлық онда адам өлтіргеннен де ауыр сұмдық
қылмыс саналған. Менің қолымда сол арғы əжемнің сақталып қалған
қайсыбір қағаздары бар, əрине, олардың бəрі бірдей орыс тілінде
жазылған емес.
— Ал сіз орыс тілін білесіз бе?
— Білетін едім, бірақ қазір мүлде ұмытып қалыппын.
— Бəлкім, қазір, біздің кезімізде де сиқырлық тым ауыр қылмыс
болар, — дедім мен.
— Сонда менікі жөн болмағаны ғой? — деді Мэри. — Ол біресе ана
жағына, біресе мына жағына бұлтарады. Оның көкейінде не тұрғанын
ешқашан білмейсің. Кеше, жо-жоқ, бүгін екен ғой, таң атпай тұрып,
үйден шығып кетті. Оның серуендеп қайтқысы келіпті.
— Рас, мен сұмпайымын, — дедім мен, — барып тұрған
жексұрынмын, оңбағанмын.
— Қалай десек те, мен Марджидің картамен бал ашқанын қалаймын,
бірақ сен, өтінемін, соған араласпай-ақ қойшы. Əйтпесе біз құсшының
құр əңгімесімен отырып үйде балалардың жоқ кезін босқа өткізіп
аламыз.
— Бір пəске, — дедім. Мен жоғарыдағы жатын бөлмеге бар дым. Дін
сақшысының семсері əлі төсекте жатыр екен де, қорабы мен қалпағы
ашық күйінде еденде қалыпты. Мен ваннаға кіріп дəретхананың суын
ағыздым. Бізде су жібергенде оның қалай сарылдап құйылып жатқаны
бүкіл үйде естіліп тұрады. Мен сүлгіні мұздай суға малып алдым да,
маңдайыма, көзіме бастым. Басым қысқаны сондай, тіпті көзім
ұясынан шығып кете жаздады. Салқын судан кейін аздап болса да сəл
жеңілдегендей көрінді. Мен нəзшаймаға (унитаз) жайғасып отырдым
да, сулы матаны бетіме бастым, ол жылыған кезде оны қайта малып
алдым, жатын бөлмеден қайта өтіп бара жатып, қораптағы сақшының
қалпағын алып, басыма кидім де, ақырын төменге түстім.
— Түу, нақұрыс! — деді Мэри. Өзі күліп, көңілденіп қалды. Еңсені
басқан əлдебір алаңдаудың сеңі сөгіліп, ызғары тарағандай болды.
— Түйеқұстың қауырсынын аршып ағартуға бола ма екен, — деп
мен тосын сұрақ қойдым. — Ол мүлде сарғайып кетіпті.
— Болатын шығар. Шульд мырзадан сұрау керек.
— Дүйсенбіде кіріп шығармын оған.
— Мен Марджидің бал ашқанын қалаймын, — деді Мэри. — Мен
соны көргенше құштармын.
Мен қалпақты баспалдақ тұтқасының шығып тұрған бақалақ басына
кигізе салдым, егер сондай ерсі құбылыс болуы ықтимал десек, онда
əлгі қалпақ киген бақалақ ішіп алған адмиралдан аумай қалды деуге
əбден келісетін еді.
— Ит, карта ойнайтын үстелді алып келші. Көп орын керек болады.
Мен шоланнан үстелді əкеліп, оны аштым да, аяқтарын бекіттім.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 08
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.