Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 02

Total number of words is 4068
Total number of unique words is 2241
33.0 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Бірақ ол ақша оған уақытша пайдалануға берілген ғой, мырза. Ол
— Мэридің ағасының меншік мүлкі. Оның əлі шешесі де тірі. Ол əлі
талай жылдар өмір сүруі де ғажап емес.
— Əрине, мен оны түсінемін. Қарттар көбіне-көп масыл болады.
— Ақшасын жамбасына басып жататындар да жиі ұшырасады. Осы
бір ағат сөзді айтқан Итен Бейкер мырзаның жүзіне қарап еді,
банкирдің жағасынан жоғары қарай қызара бастағанын көзі шалды. —
Өзіңіз де білесіз ғой, мырза: Мэридің бұл ақшасын бірдеңеге саламын
деп, артынан бүкіл мүлік-меншігінен айырылған менің өзімдей, бəлки,
доғал ойлап ақ көздік жасап, барынан айырылып, сақал сипап қалған
əкемдей оның да кейін сазға отырып қалмауы да екіталай ғой.
— Бəрі өтеді, бəрі өзгереді, Итен. Бəрі өзгереді. Сіздің əнтек аузыңыз
күйгенін білемін. Əйтсе де қазір заман басқа, жағдай өзге.
— Менің сол кезде де мүмкіндігім мол болатын, Бейкер мырза
ақылға қонымдыдан əлдеқайда артық еді. Менің дүкенді соғыстан
кейін іле-шала алғанымды ұмытпаңыз. Соны жабдықтайтын
тауарларды сатып алу үшін атшаптырым аумақты алып жатқан
қоражайымды, үй-мүлкімді саттым. Бұл біздің кəсіпкерлігіміздің ақыр
соңы еді.
— Білемін, Итен. Əйтсе де сіз ақшаңызды менің банкімде сақтайсыз
ғой. Дəрігер сіздің тамырыңыздың соғуын бақыласа, ал мен сіздің
ағымдағы есепшотыңызды қадағалаймын.
— Əлбетте, сіз білмегенде ше! Менің тұлдыры жоқ, əсілі ақ сирақ
болып қалуым үшін екі жылға жетер-жетпес уақыттың өзі жетіп
артылды. Қарыз-қауғамнан құтылу үшін үйімнен басқаның бəрін
саттым.
— Барлық кінəні өз мойныңызға арта бермеңіз. Əскерден келген
бетіңіз, ондай істен иненің жасуындай тəжірибеңіз жоқ. Сіз үйіңізге,
неге екенін қайдам, біз құлдырау деп атаған тоқыраудың əбден
шарықтап тұрған шағында қайтып оралғаныңызды да əсте
жадыңыздан шығармағайсыз. Қақсал кəсіпкерлердің өзі де онда су
түбіне кетіп жатты.
— Мен судың тұңғиық түбіне баттым. Хоули əулетінің ұрпағы
қайдағы бір қаңғыған италиялықтың азық-түлік дүкенінде сатушы
болып істеуі — тарихта бұл тұңғыш болған оқиға.
Міне, мен сіздің мұныңызды қостай алмаймын, Итен. Күйреу, əрине,
кімді болса да күйзелтіп кетері рас. Бірақ мына сізге, Хоули əулетінің
ұрпағына, сондай айтулы тұқымнан шыққан, білімді, білікті адамға
аяқты ағат басқан сол бір сəтсіздіктің зардабын жою үшін еңсені
көтеріп, қайта шамырқанбасқа болмайды. Егер бұл енді мəңгі бақи деп
ойлайтын болсаңыз, онда сіздің қаныңыз сұйылып, қызбалық
қасиетінен айырылғаны. Сізді соншалықты есеңгіретіп кеткен не,
Итен? Ұнжырғаңызды түсіріп, еңсеңізді езетін не?
Итен əуелі «Сіз оны қайдан түсінейін деп едіңіз? Сіз ондайды
ешқашан басыңыздан кешкен жоқсыз» деген сыңайлы ызалы
сөздермен тойтарып тастағысы келіп еді... Əйтсе де оның орнына
қоңырсыған темекі тұқылын, шайнайтын сағыз оралған қағаздарды
қайта-қайта сыпырғысымен мұқият жинастырып алып, бəрін арыққа
қарай ысырып тастады.
— Шалыс басқан əманда қалпақтай ұшып, құрдымға кете бермейді,
олай болуы мүмкін емес. Мен бұлай дегенде ол қырсықтың қасіретімен
амалын тауып күреседі дегенді айтқым келеді. Оны іштен мүжіп,
мысын құртатын да, бірте-бірте апатқа итермелейтін де, міне, осы жазықсыз жапа шеккен жан жарасы. Ақыры барып үрейге ұласады,
маған да қорқынышты. Электр жарығын жеткізіп тұратын ЛонгАйленда бірлестігі біздің үйдегі жарықты өшіріп тастауы ықтимал
Менің əйелім сəнді киінуі керек. Балаларға аяқкиім қажет, ойын-сауық
керек. Ал кенет олар мектепті бітіре алмай қалса ше? Ал ай сайынғы
төлем, дəрігер, тіс дəрігері, тамақтың баспасын алдыру, сондай-ақ аяқ
астынан менің өзім ауырып қалсам ше, онда мына қарғыс атқыр жаға
жолды да сыпыруға шамам келмей қалады ғой? Əрине, сіз мұны
қайдан түсінесіз? Бұл — баяу жүретін процесс. Ол адамның ішкі жан
дүниесінің түгін қоймай жеп қояды. Мен ай сайын тоңазытқыш үшін
төленетін кезекті төлемінен əріге асып қарай алмаймын Мен өз
жұмысымды жексұрындай жек көремін, əйтсе де одан айырылып
қалудан зəрем ұшады. Сіз осының бəрін түсіне аласыз ба?
— Ал Мэридің шешесі ше?
— Мен сізге айттым ғой. Ол ақшасын жасырын жерге тығып қояды.
Сонымен бірге өледі.
— Япырмай, мен мүлде ойламап едім. Мэриді орташа отбасынан
шыққан жан ғой деуші едім. Əйтсе де мен əбден түсінемін: əлдеқалай
ауыра қалсаң, дəрі-дəрмек керек, əйтпесе операция жасау, бəлкім,
электрошок қажет болуы да ықтимал Біздің ата-бабаларымыз батыл
жандар болған. Оны сіздің өзіңіз де білесіз. Олар өздерін сүйегіне дейін
саудыратып сыпырып алуға ешқашан бой бермеген. Қазір замана —
уақыт өзгерді. Қазір қайда барсаң да бір кезде олар армандай да
алмаған не сан мүмкіндіктерге жол ашылып отыр. Ал сол
мүмкіндіктерді шетелдіктер пайдаланып жатыр. Шетелдіктер бізді
басып озып барады. Көзіңді аш, айналаңа қара, Итен!
— Ал тоңазытқышты қайтеміз!
— Қажет десе, мейлі алып кетсін.
— Ал Мэри ше, ал балалар ше?
— Бір пəс оларды ұмыту керек. Егер мына құлаған құдықтан
тырбанып шығатын болсаңыз, онда сіз оларға бұдан əлдеқайда қымбат
боласыз. Сіздің аяңыз бен алаң көңіліңізден келер пайда шамалы.
— Егер тіпті жоғалтып алар болсаңыз да, тəуекел етіңіз. Абайлап,
сақтықпен, айтқан ақыл-кеңесті тыңдап істесеңіз, онда бəрі жөн
болады. Тəуекел деген - ол ұтылыс емес. Біздің бұрынғы атабабаларымыз нақты есеппен əрқашан тəуекелге барып отырған, сонда
солардың ешқайсысы да ұтылып қалмаған. Мен сізді есіркейін деп
отырғаным жоқ, Итен. Қарт шкипер Хоулидің аруағына деген
адалдығыңыз қайда? Сіз оның аруағы алдында қарыздарсыз. Өйткені
менің əкем екеуі біздің кезімізде жасалған ең таңдаулы кит аулайтын
кемені "Əсем Адэрді" қосылып меншіктеді ғой. Өзіңізді-өзіңіз тағы бір
мəрте қамшылаңыз, Итен! "Əсем Адэр" алдында сіз де борыштысыз,
сізден ол да соны талап етеді. Тоңазытқышы бар болсын - бастан құлақ
садақа.
Итен табан жолға жабысқан бір жапырақ целлофанды
сыпырғыштың ұшымен түртіп, арыққа ысырып жіберді. Ол даусын
көтермей, қалыпты үнмен:
— "Əсем Адэр" дəл суға қалқыр қапталына дейін жанып кетті ғой,
мырза, — деді.
— Иə, білем. Бірақ соның бізге əйтсе де зəредей залалы тиді ме?
Тиген жоқ.
— Ол қамсыздандырылған болатын.
— Əрине, солай!
— Ал мен, жоқ. Мен бар болғаны үйімді ғана сақтап қалдым, басқа
тұлдырым қалған жоқ.
— Мұндай ойды басыңыздан мүлдем аластаңыз. Мұның бəрі
əлдеқашан болары болып, бояу сіңген істер, ал сіз болсаңыз, одан əлі
күнге дейін арыла алмай əлексіз. Қажыр-қайратыңызды жинаңыз,
талаптың тарланын қамшылаңыз! Сондықтан да мен Мэридің ақшасын
айналымға қосу керек деп отырмын. Итен, менің сізге қолұшын бергім,
көмектескім келеді.
— Рахмет, мырза.
— Біз сіздің мына алжапқышыңызды шешеміз. Қарт шкипер
Хоулидің алдындағы парызыңыз бұл. Мына сын-сиқыңызды көрсе, ол
өз көзіне өзі сенбес еді.
— Иə, бəлкім, солай да шығар.
— Міне, сіз енді жөнге көше бастадыңыз. Мына алжапқышты біз
сізден қалайда шешіп аламыз.
— Əттең, Мэри де, балалар да болмаса...
— Мен сізге сол бала-шағаның игілігі үшін соның бəрін мүлдем
ұмытыңыз деп отырмын ғой. Таяуда біздің Нью-Бэйтаунда ғаламат
қызық істер басталғалы тұр. Соларға сіз де араласқан болар едіңіз.
— Мен сізге алғысымды айтамын, мырза!
— Мұның жай-жапсарын мен əлі ойластырамын.
— Банк сағат үшке дейін жабылған кезде Морфи мырза қалып
жұмыс істейді екен, мен оған сэндвич əзірлеп қоюға уəде беріп едім,
қаласаңыз, сізге де əкеп беруіме болады?
— Жоқ, Алла разы болсын! Джой мен үшін бəрін істейді. Тамаша
қызметкер. Мен жер учаскесін көріп қайтсам деп едім. Əлбетте, ол
араға емес, əлгі округтік басқармаға барам. Он екіден үшке дейін
тыныштық, келім-кетім жоқ, онда абыр-сабыр басылады. Мүмкін, сізге
де ыңғайлы бірдеңе табармын. Біз жақын күндерде бұлар жайлы сізбен
əңгімелесеміз. Əзірге, қайыр хош.
Бэйкер мырза жаға жолдың жарығын басып қалмау үшін
əдеттегіден адымдаңқырап аттады да, Бірінші ұлттық банктің еңселі
есігіне қарай беттеді, ал Итен болса, ұзап бара жатқан оның ту
сыртынан қарап тұрып, сəл жымиып қойды.
Итен тез-тез сыпырып тастады. Өйткені жұрт жұмысқа жан-жақтан
жылғадай құйылып, ағыла бастады. Жаңа піскен жеміс-жидек салған
жылжымалы жайма текшені дүкеннің алдына шығарып қойды. Сосын
жүргіншілер жоқ екенін көрген соң, ол текшеден иттің асы салынған
үш қалбырды алды да, босаған қуысқа қолын сұғып, содан ақшаны
алып, күдері-қоңыр дорбаны суырып алды да, құтыны баяғы орнына
қойды, сосын кассаның бос термелі қақпағын ашып, соның ішіне
жиырма, он, бес жəне бір долларлық қағаз ақшаларды рет-ретімен
орналастырды, оларды дөңгелек қыстырғыштармен бастырып қойды.
Ал касса қорабының алдыңғы жағындағы суырмалы емен
табақшаларға елу, жиырма бес, он, бес центтік жəне бір пеннилік ұсақ
мəнеттер əрқайсысы өз орнына жайғастырылды. Əзірге сатып
алушылар шамалы: бір көмеш нан, бір қорап сүт немесе күні бұрын
алып қоймаған бір қадақ кофеге жұмсалған бала-шағалар - оның да
көпшілігі ұйқыдан енді тұрып, шаштарын тарап үлгермеген
шүрегейдей шөпжелке қыздар.
Көрер көзге тым ерсілеу кеудесін қынап, қызғылт-сары түсті тоқыма
күртеше киген Марджи Янг-Хант келіп кірді. Үстіндегі үлбіреген жібек
көйлегінің етегі оның мықынын аймалай құшып, тəкаппар бөксесін
айқара құшақтапты, əйтсе де Итен өзінің əйелінен көре алмағанды тек
Марджидің көзінен ғана, оның тек жақынды ғана жаңсақсыз көретін
қой көзді жанарынан ғана көрген-ді. Өйткені əйелі бар жерде əсте
ештеңе байқалмайтын. Артемида - шалбарлыларды аулайтын
жыртқыш аң. Қарт шкипер Хоули мұндай көзқарасты "Зинақор"
көзқарас деп атайтын Бұл оның үнінен де - əйелдерге бағышталған
əлдебір шындыққа мегзейтін сыңғырлаған тəтті сарынға ауыса қоятын
қоңыржай ұяң үнінен де аңғарылушы еді.
— Сəлеметсіз бе, Ит, — деді Марджи. — Күн қандай ғажап десеңші!
Нағыз көгалға шығып, сейілдеп көңіл көтеріп қайтуға əдейі арналған
тəрізді.
— Сəлеметсіз бе? Бəс тігесіз бе? Кофеңіз таусылып қалды ғой?
— Егер сіз менің сусынға салып көпіршітетін таблеткасыз
қалғанымды айтқызбай аңғара алатын болсаңыз, онда сізді екі орам
жердей айналып ету керек.
— Армансыз көңіл көтерген шығарсыз?
— Анау айтқандай асып кетпесе де, əйтеуір... — кезбе сауда өкілі
жоқты бардай, өтірікті шындай етіп айтқан болар. Ажырасқан мына
біздерден қауіптенер ештеңе жоқ қой. Қоржыны толы тегін үлгінұсқалар. Ондайлар сіздерде коммивояжерлер деп аталатын болар. Сіз,
бəлкім, оны білетін де шығарсыз. Əлде Биккер ме, əлде Боккер ме?
"Б.Б.Д жəне Д..." фирмасынан. Мұның бəрін мен неге айтып отырмын?
Өйткені ол сізге де кіріп шықпақшы болған-ды.
Біз көбінесе Вэйландсқа тапсырыс береміз.
— Сол Боккер мырза егер көңіл күйі менен сəл ғана иманыстық
тəуірлеу болса, əрине, қаланы шарлап, шапқылап жүрген болар. Бір
стакан су берші əуелі, осы арада ішіп алайын. Итен қоймаға барып,
баспадан қағаз стаканға су құйып əкелді... Марджи оған үш жалпақ
таблетканы
тастап
жіберді
де,
судың
быжылдағанын,
көпіршіктенгенін күтті.
Бар бол! — деді де, ол быжылдап быршып тұрған суды бірден
сіміріп салды. — Ал, сайтан, тезірек қимылда!
— Мен бүгін сіз Мэриге алдағы тағдырын болжап айтып беруге
ұйғарыпты деп естідім.
— О, Тəңірім! Ондай ойды маңыңа жолатпа! Əлде соны шындап
қолға алсам ба екен? Онда мен оз тағдырымды да түзеткен болар едім.
— Мэриге бұл қатты ұнайды. Ал сіз шынымен бал аша білесіз бе?
— Бұған айрықша білгірліктің қажеті жоқ. Жұрттың, яғни
əйелдердің өздері жайлы не дейтінін тыңдап көкейге түйіп аласың да,
кейін соның бəрін қайтадан солардың өздерінің алдына жайып
саласың, ал олар сені сəуегей-көріпкел деп санайды.
— Ал енді сұңғақ бойлы қара торылар жөнінде ше?
— Қараторы сұңғақ бойлылар жайлы да, əрине, бəлкім, мен
еркектердің жүрегінде не жазулы тұрғанын оқи алатын болсам, онда
менің өмірімде мұндай ағаттықтар болмас та еді. Əттең-ай, əттең! Екі
мəрте сазайымды тарттым да.
— Сіздің алғашқы күйеуіңіз қайтыс болды, білем.
— Жоқ, екіншісі... сол... топырағы торқа болғыр. Жарайды, əліптің
артын ашпай-ақ қояйық. Топырағы торқа болсын оның!
Итен қаусаған карт Ежизинская бəйбішеге ілтипат білдіріп
амандасты да, оған ширек қадақ май өлшеп беруді əдейі созбақтап,
тіпті ауа райының көңіліне ұнайтынын айтып та көрді, бірақ Марджи
Янг-Хант кетуге асығар сыңай танытпады, қайта кассаның жанындағы
текшеде тізіліп тұрған балық бауыры салынған алтындатқан жазуы
бар қалбырлар мен асыл бұйымдарға арналған қуыршақтай əдемі
қобдишаларға ұқсаған қара уылдырықты қалбырларды аспай-саспай
жымиып қарай берді.
— Иə? — деді Марджи, өзінше поляк тілінде бірдеңелерді күбірлеген
кемпір аяғын əрең басып сүйретіп, дүкеннен сүйретіліп шыққан соң.
— Иə деген не?
— Əншейін ойыма оқыс бірдеңе түсіп кеткені. Егер мен əйелдерді
білгенімдей еркектерді де жақсы білген болсам, жарнама жазып
жариялап, бал ашуға болар еді. Итен, еркек дегеннің не екенін маған
үйретсең қайтеді?
Сіз онсыз да оларды жеткілікті білесіз. Бəлкім, сол жеткіліктіден де
артығырақ болар.
— Мəссаған! Əлде сіз əзіл сөзден ада жансыз ба?
— Үйретуді осы қазір бастауға əмір етесіз бе?
— Жоқ, сəті түскен кештің бірінде.
— Жарайды, — деді ол, — үйірме. Мэри, сіз жəне екі балақай.
Сабақтың тақырыбы: еркектер, олардың əлсіз жақтары, олардың
алаңғасарлығы жəне оларды қалай пайдалануға болады.
Марджи оның
аудармады.
қандай
сарынмен
қалай
айтылғанына
көңіл
— Кейде жұмыстан ұзақты кешке қолың босамайды, сондай сəттер
болмай ма? Айдың басында есеп, тағы басқа сондай бірдемелер ше?
— Болады. Жұмысты үйге əкетіп істеймін.
Ол екі қолын төбесіне көтерді де, он саусағын бірдей шашына
сүңгітіп жіберді.
— Неге? — деп сұрады ол.
— Өйткені сол, өйткені "I" əрпімен аяқталады.
— Ал Сіз мені көп нəрсеге үйреткен де болар едіңіз.
Итен айтты:
"Сөйтіп, оны келемеждеп мазақтаған көзде. Оның үстіндегі қоңыр
қызыл сəнді киімін шешіп тастап, оның киімін оған кигізіп, сосын оны
ағашқа керуге алып кетті. Шыға бере олар Симон есімді бір
Киринеяндыққа қарсы жолықты да, оны əлгі Кресті арқалап жүруге
күшпен көндірді. Содан "Маңдай түс..." деген мағынаны білдіретін
Голгофа деп аталатын жерге келіп жетті..."
— Ой! Сіз де бір!
— Рас-рас, бəрі дəл осылай болған!
— Сіз нағыз иттің баласы екенсіз. Сіз оны білесіз бе?
— Білемің, уа, Иерусалимнің қызы?
Ол кенет мырс етіп күліп жіберді.
— Менің не істегелі отырғанымды білесіз бе? Бүгін мен бір адамға
сондай бал ашамын, ауыздарыңыз ашылып қалады. Сіз менің барып
тұрған ең маңғаз тұлғамның өзі боласыз. Түсіндіңіз бе? Тиіп
кеткеніңіздің бəрі алтынға айналады. Халық жаршысы! — Ол дереу
есікке барып, босағадан сыртқа сығалап қарады да, тісін ақсита күлді.
— Кəне, өз беделіңізді ақтап көріңіз, əйтпесе ақтамай көріңіз! Хош,
болыңыз. Құтқарушы, өкшенің жаға жолға тоқылдап тиген дыбысы,
əсіресе, ызамен ышқына басқанда алабөтен айбарлы болып естіледі.
Сағат онға қарай мүлдем бəрі өзгерді. Банкінің абажадай əйнекті
есігі айқара ашылды да, ақша алуға асыққан адамдар жылғасы енді
солай қарай ағылды: содан соң Маруллоға қарай ойысып, онсыз пасха
болмайтын алуан түрлі дəмді таңсық тағамдарда алып шығып жатты.
Итен өзін су шаңғысымен сырғанап жүргендей сезінді — тек сүрініп
жығылмаса болғаны — бұл сағат алтыға дейін созылды.
Ратуша мұнарасындағы ашулы өрт қоңырауы сағат алтының енді
соққанын жариялады. Сатып алушылар мерекелік дəм-тұздары толы
дорбаларын көтеріп, кем-кемдеп тарай бастады. Итен тек бүкіл жер
бетін, оның өзінің де жан дүниесін қараңғы басқаны болмаса, өзгедей
ешқандай сылтау-себепсіз сырттағы жеміс салынған жаймаларды
дүкенге кіргізіп, кіреберіс есікті жапты, қалың жасыл пердені түсірді,
содан соң дүкеннің іші де қап-қараңғы болды. Көзге түртсе көргісіз осы
қараңғыңа тек тоңазытқыш үстіндегі неон түтігі ғана бұлдыраған
көгілдір сəуле шашып тұрды.
Сауда орнындағы текшенің аржағына барып ол қалың-қалың төрт
тілім қара нан тіліп алды да, бетіне аямай баттастырып май жақты.
Содан соң тоңазытқыштың шыны есігін бір бүйірге итеріп жіберіп, бір
табақшадан екі бөлек ерітілген Швейцария сырын, екіншісінен үш
бөлек шошқаның сүр етін алды.
— Сыр мен салат, - деді ол — Сыр мен салат. Кімде-кім үйге
сыймаса, ағаштың басына шықсын. — Үстіңгі тілім-тілім нанның
бетіне қалың етіп майонез жағылған да астыңғыларға жапсырылған,
шошқа етінің шығып тұрған майы мен салаттың жасыл жас
жапырақтарының шеті тегістеліп қырқылған. Енді бір қорап сүт пен
соларды орайтын қалың қағаз ғана қалды. Ол қалың қағаздың жиегін
асықпай мұқият, мінсіз қайырып бүктеп жатқанда сыртқы есіктің кілті
сырт ете қалды да, іле-шала дүкенге Марулло кіріп келді, ол екі
иығына екі кісі мінердей аюдай арбиған, денесі алпамсадай, тіпті
қолдары үйлесімсіз қысқа да, сол себепті олар он бойына жуыспай
тұрған сияқты болып көрінеді. Маруллоның қалқиған қалпағы құдды
шүйкесіне, қарақұсына қонған, соның астынан көгілдір құрыштай
шаштың əдібі айнала сығалап тұр да, содан да болар, қалпағының
астынан ол тағы да бір далбай киіп алған сияқты болып көрінеді.
Көздері жасаң жасаурап, қуақы кілгіргендей, əлдебір ұйқы қысқандай
ілгіштенеді, əйтсе де алтынмен қапталған күрек тістері неон түтіктің
сəулесімен кірген бетте бірден жарқ ете қалды. Шалбарының жоғарғы
екі түймесі салынбағандықтан да сұр түсті жылы іш киімі көрініп тұр.
Марулло қампиған қарнының астына дəл келген шалбарының
белбеуіне қысқа да жуан быртиған саусақтарын тығып, алагеуім əлсіз
жарыққа үйренгенше көзін сығырайтып, біраз тұрып қалды.
— Қайырлы таң, Марулло мырза! Əйтсе де қазір таң емес, тал түс
болса да.
— Сəлеметсің бе, балақан! Сен жабуға асығып жатырсың ғой.
— Қала түгел жабылды. Мен сізді ғибадат тыңдап жатқан шығар деп
едім.
— Бүгін ғибадат етпейді. Жыл бойы ғибадат болмайтын осы бір-ақ
күн.
— Солай ма? Мен білмеп едім. Қызметіңізге əзірмін. Быртиған қысқа
қолдары ілгері созылып, бірнеше мəрте қайта-қайта шынтағынан
бүгілді.
— Ауырады, балақан. Артрит. Барған сайын асқынып барады.
— Көмектесетін ештеңе жоқ па?
— Бұлау, акуланың майы, ішетін дəрі - бəрімен емдеп көрдім... Бəзбаяғы, ауырады, қақсай береді. Тым-тырыс, тыныштық, есік
құлыптаулы.
— Қалай, əңгімелессек қайтеді, балақан? — тістері тағы да жалтжұлт ете қалды.
— Əлде бірдеңе болды ма?
— Бірдеңе болды ма? Не болушы еді?
— Жарайды, онда бір сəт күте тұрыңыз. Мен банкке барып келейін.
Морфи мырзаға сэндвичті апарып берейін.
— Дұрыс оның, балақан, қызмет көрсеткен — жақсы. Ақылың бар.
Итен қоймадан көшеге шықты да, банктің бүйірдегі есігін қақты.
Джой одан сүт пен сэндвичті қабылдап алды.
— Рахмет. Бекер əбігерленгенсіз. Мен өзім-ақ баратын едім.
— Бұл қызмет көрсету. Марулло солай деді.
— Екі шөлмек кока-коланы салқындатып қой, жарай ма? Мына
самсаған сандардан менің таңдайым əбден кеуіп қалды.
Итен қайтып келгенде Маруллоның қоқыс салған ыдысқа үңіліп
тұрған үстінен шықты.
— Марулло мырза, сіз менімен қайда отырып əңгімелескенді тəуір
көресіз?
— Осы жерден-ақ бастайық, балақан, — ол қоқыс салған ыдыстан
гүлді капустаның бір жапырағын қолына алды, — тым көп аршып
тастайсың.
— Бұлай еткен жинақылау болады.
— Гүлді капуста таразыға тартылып сатылады. Ақшаны қоқыс
қорабына лақтырып жатырсың. Мен бір ақылды гректі білемін — оның
кемінде жиырма мейрамханасы бар шығар. Міне, сол былай дейді:
"Барлық құпия қоқыс тасталған жəшікке жиі-жиі қарап тұруда. Не
тасталса, соның сатылмағаны. Ақылды грек, қу.
— Иə, Марулло мырза, — тығылған ызасын азар тежеген Итен
дүкенге кірді. Марулло қолын шынтағынан бір бүгіп, бір жазып
ербеңдеткен күйі ілесе келді.
— Мен айтқандай көкөніске су бүркіп қоясың ба?
— Бүркемін.
Дүкен иесі текшеден бір уыс сельдерей алды:
— Кеуіп кетіпті.
— Марулло, тыңдаңыз! Сайтан алғыр! Оларға да су себу керек не?
Онсыз да үштен бір бөлегі су.
— Егер су бүркіп қойсаң, олар солмайды, жасаң күйінде сақталады.
Мен түк білмейді деп ойлайсың ба? Мен арбамен, жалғыз ғана қол
арбамен жүріп сауда жасауды бастағанмын. Мен бəрін білемін.
Айлаңды асыра біл, балақан, əйтпесе күйіп кетесің. Енді ет жөнінде —
көтермешілерге тым қымбат төлейсің.
— Біздің дүкендегі сиыр еті жоғары "А" сортты "А" деп жарияға жар
салып, жарнама жасаймыз ғой.
— А.Б.В. — қайсысы қандай екенін айырып көр. Бағасы жазылып
қойылды ма, мəселе сонда. Ал енді ең маңызды мəселеге келейік.
Несиешілер бізді алқымнан алып, буындырып отыр. Он бесіне дейін
кімде-кім төлемесе — несие беруді доғарасың.
— Жоқ, бұлай етуге болмайды. Өйткені қайсы біреулер мұнда
жиырма жыл бойы келіп жүреді.
— Балақан, бері қара! Вулворттың дүкендері Джон Рокфеллердің
өзіне де бес центтік затты қарызға бермейді.
— Солай-ақ шығар. Бірақ та бұлардың бəрі сенімді, бəрі дерлік
сенімді адамдар.
— "Сенімділік" деген не? Егер төленбесе, демек, ақша айналымға
қосылмағаны. Вулворт машина-машиналап көтере сатып алады. Ал біз
олай ете алмаймыз. Үйрену керек, балақан. Рас, бəрі жақсы адамдар.
Алайда ақша да жақсы зат ғой. Қоқыс қорабында аршылған қалдықтар
тым көп.
— Ол май мен тері ғой.
— Егер əуелі өлшеп алып, соңынан тазаланса, онда бір жөн. Өз
қамыңды ойлағанның артықшылығы жоқ. Өз қамыңды өзің ойламасаң
— сенің қамыңды кім ойлайды? Үйрену керек, балақан. — Алтын
тістері енді бұрынғыдай жарқылдай қоймады. Өйткені оның үстіңгі
еріндері құдды құрсалған құрсаудай жымқырулы болатын
Үрдіс кенеттен бұрқ ете қалған ызаға булыққан Итен, тіпті бұған
оның өзі де қайран қалды.
— Мен алдауыш-алаяқ емеспін, Марулло.
— Бұл арада қайдағы алаяқтық? Бүл сауда жасаудың мəні, ал егер
сауда жасасаң, осылай жасаған жөн, əйтпесе босқа күйіп кетесің. Бейкер
мырза чек бойынша төлегенде, оған үстеме бірдеңе қосып береді деп
ойлайсың ба?
Итен қаңсыған қазандай қақ айрылды.
— Енді менің айтқанымды тыңдаңыз! — деп айғайлады ол, —
Хоулилер бұл жерде он сегізінші ғасырдың ортасынан бері өмір сүреді.
Сіз шетелдіксіз. Сіз үшін бұл əрине, бос сөз. Біз қашанда көршілермен
тату тұрғанбыз, қашанда ар-ұяты бар адал жандар болғанбыз. Сіз
сонау Сицилиядан сүмеңдеп келіп, енді бəрін өзгертіп, өз ырықыңғайларыңызға икемдеп алғыларыңыз келеді. Жоқ, қателесесіздер!
Орынды босатуға əмір етесіз бе? Мақұл! Қаласаңыз қазір, тап осы
мезеттен босатуға əзірмін жəне бұдан былай балақан дегенді қойыңыз.
Əйтпесе мұрныңызды бет қыламын
Енді Маруллоның барлық тістері жарқырады.
— Иə, жетер, жетер! Мұнша мөңкіп тулап кеттің ғой! Мен саған
жақсылық ойлап жатырмын.
— Мені енді балақан деп айтушы болмаңыз. Біздің əулетіміз бұл
арада екі жүз жылдан бері өмір сүріп келеді. Бүл сөздер тіпті оның
өзіне де балалық былдырағы сияқты боп көрінді де, қабынған
кеудедегі қатулы ызасы лезде басыла қалды.
— Мен ағылшынша онша жатық сөйлей алмаймын Сен Марулло
əншейін бір италиялық макароншы, шарманкашы деп ойлайсың ғой.
Менің ататегім, менің есімім, бəлки, екі мың, үш мың жылға кететін
болар. Біздің Маруллолардың арғы түбі Рүмнен (Рим) шыққан, біз
туралы Валериус Максимуста да айтылады. Екі жүз жыл, сол да сөз боп
па?
— Сіз бұл жерден емессіз.
— Екі жүз жыл бұрын сенің ата-бабаларың да бұл жерлік емес, бөтен
болатын.
Итен кенет аптығы басылып, ақылға келіп, мына айнала қоршаған
əлемнің адамға əсерінің əманда тұрақтылығына күмəн келтіруге
еріксіз ықпал етерліктей əлде бірдеңенің айқындығын аңғарғандай
болды. Ол көше кезіп, жеміс-жидек сатып жан сауғалаған жат елдік
келімсек италияндықтың құдды бір сиқыршының пəрмені тигендей
үрдіс өзгере қалғанын көрді. Оның дөңкиген маңдайының дөңес тұсын,
қылыштың қырындай имек тұмсығын, ұңғылы терең шүңірейген
ызғарлы да өжет көзін, бұлшық еттері білеудей күжірейген бұқа
мойнына орналасқан басын көрді; оның бойынан сүйегіне сіңген əсте
айнымайтын, қажет десе қаймықпай кешіруге бара алатын ары үшін
жанын пида етуге шімірікпейтін өрлікті көрді. Бұл: егер мен мұны
алғаш көріп тұрсам, онда өмірде мен көрмеген мұның қаншамасы
елеусіз ескерусіз өтті екен дегендей, адамды қайран қалдырарлықтай,
оның ойын оятатындай шын мəніндегі жаңалық еді.
— Ондай əңгімені қайтесіз, қойыңыз, — деді ол жаймен ғана.
— Дұрыс сауда жасай білу. Мен сені сауда жасай білуге үйретемін.
Менің жасым алпыс сегізде, əйелім қайтыс болды. Артрит! Жан
шыдатпайды. Мен саған сауданы қалай жасау керек екенін үйреткім
келеді. Əлде сен үйрене алмассың? Талайлар əйтсе де үйрене алмай-ақ
қояды. Содан зиян шегеді, еңбегі зая кетеді.
— Менің күйзеліске ұшырағанымды айтып, көзге шұқи берудің
қажеті жоқ.
— Жоқ. Сен менің айтқанымды түсінбедің. Сол күйреу қайталанбау
үшін мен саған сауданы қалай дұрыс жүргізу керек екенін үйреткім
келеді.
— Сол, сірə, бола қоймас. Менің өзімде меншікті саудам жоқ.
— Сен əлі баласың.
Итен:
— Бері қараңыз, Марулло. Егер шынтуайтқа келсек, сіз үшін барлық
істі жүргізіп отырған мен ғой. Бухгалтерлік есеп-қисап, тапсырыс беру
менің мойнымда, тіпті түскен ақшаны банкке өткізетін де мен
Байырғы сатып алушылардың қатарын сиретпеуге тырысамын. Мені
тастап олар басқаға əсте бармайды. Дұрыс сауда деген бəсе осы емес
пе?
— Иə, осы! Расында сенде əжептəуір бірдеңелерді үйреніп қалдың.
Сен енді балақан емессің. Балақан десем, сен ыза болып тулайсың.
Сонда сені қалай деуім керек? Мен бəрін солай атаймын.
— Өз атыммен атап көріңіз.
— Атымен атағанда — достық көңілің сезілмейді. Балақан деген —
достық сезімді білдіреді. — Байсалды емес.
— Байсалдылық болған жерге достық жуымайды.
Итен күлді.
— Макароншының дүкенінде сатушы болып істегенде — əйеліңнің
қамы үшін, балаларыңның қамы үшін байсалдылықты сақтау керек
қой. Солай ма? Келісесіз бе?
— Бояма, жасанды.
— Əрине,
бояма
жəдігөйлік.
Егер
бойымда
шынайы
байсалдылықтың тек зəредей бір тамшысы болған болса, ондайды
өңім түгіл түсімде де ойыма алмаған болар едім. Қайтыс болардан сəл
бұрын менің əкемнің не дегенін еске алудың артықшылығы болмас
деймін. Осалдық, кінəмшілдік зиялылыққа, біліктілікке, кісінің өзіне
деген сенімділік сезіміне тіке тəуелді деуші еді ол "Қаншықтан туған"
деген сөз кімде-кім анасының күнəдан пəк адалдығына күмəнданатын
болса, тек соны ғана жəбірлейді дейді. Айталық, Альберт Эйнштейн
онда əлі тірі болатын, оны немен, қалай жəбірлеуге болар еді? Демек,
егер қаласаңыз, мейлі мені балақан деп-ақ атай беріңіз.
— Балақай. Мұның достық көңілден айтылғанын сенің өзің де андап
отырсың ғой.
— Иə, жарайды! Сауда жөнінде сіз маған əлгінде не айтқыңыз келіп
еді? Мен білмейтін сондайлық не бар екен?
— Сауда — бұл ақша. Ақша мен достық - мүлдем екі басқа. Балақан,
тыңдап ал Бəлкім, сен тым дос-жарлыққа беріліп, көңіл жықпастық
жасайтын шығарсың? Ақшаға достық емес, оған ақша, тағы ақша қажет.
— Бос сөз, Марулло. Мен білетін ашық жүзді ақ жарқын, ақкөңіл,
адал жандар, жалпы сыйлы да санатты іскер кəсіп адамдары аз ба?
— Іске қатыссыз жағдайда əрине, аз емес. Балақай, сен өзің əлі-ақ
танитын боласың. Танып-білген кезде кеш болады. Қазір сен үлгеріп
жүрсің, дүкенде бəрі дұрыс, ал егер ертең, ол сенің меншігің болған
кезде көңіл жықпас достық пейіліңмен тұп-тура сазға отырып қаласың.
Мен сені мектепте оқытқандай үйретіп жатырмын Қош бол, балақан,
— Марулло қолын шынтағынан бүккен күйі іле-шала дүкеннен
шығып, есікті тарс жапты. Итен сонда барып, бүкіл жер бетін жапқан
қараңғы түнектің зіл батпан барша ауыртпалығын айқын сезгендей
болды.
Есікті əлдебір затпен қатты-қатты соқты. Итен перденің шетін
саңылаулап:
— Үшке дейін үзіліс, — деді.
— Мені кіргізіңізші. Сізге бір шаруамен келіп едім. Əсте жас боп
кермесе де, бет əлпеті əманда жас болып тұратын, денесі қатқан
қайыстай арықша бейтаныс біреу дүкенге келіп кірді; үстінде сəл
күңгірттеу сəндеп тігілген бешпент, шашын тыраштап тараған,
жанары жайсаң ойнақшиды.
— Баса-көктеп кіргеніме кешірерсіз. Өйткені жақында жолға
шығатын едім. Сізбен оңаша сөйлескім келеді. Əлгі қарт сірə да шықпас
деп ойладым.
— Марулло ма?
— Иə. Мен көшеден бағып тұрдым.
Итен оның аппақ қолына көз тастады. Оның сол қолының ортаңғы
саусағында алтынмен көмкерілген мысықтың көзіндей сап-сары асыл
тасты көзі шалып қалды.
Бейтаныс та оның бұл көзқарасын байқап қалғандай сыңай
танытты.
— Тонаушы емеспін, — деді ол. — Кеше мен сізді жақсы білетін бір
кісімен танысып, едім.
— Ие, сонда?
— Янг-Хант бикем. Марджи Янг-Хант.
— Ə-ə!
Итен алдында отырған мына адамның əңгімеге арқау болар
жанасымды түйін табу үшін əлде бірдеңелерді тіміскілеп, асығыс
соқпақ іздеп жатқанын сезді.
— Келісті қатын! Сізді маған жер-көкке сыйғызбай мақтады.
Сондықтан мен ойладым... Менің аты-жөнім — Биттерс, сіздердің
кештеріңіз мен қамтитын учаскеге кіреді. Мен "Б.Б.Д жəне Д"-дан
келдім.
— Біз бəрін Вэйландстан сатып алып тұрамыз.
— Білем, білем, сосын да мен сізге əдейі келіп отырмын. Мүмкін, сіз
байланысыңызды əлі де біршама кеңейткіңіз келетін болар деп ойлап
едім. Біз сіздердің кенттеріңізге жақында келдік. Əйтсе де сəкін-сəкін
сіңісіп, жедел игеріп жатырмыз, орнығып алу үшін əрине, азды-көпті,
қайсыбір жеңілдіктер жасауға баруға тура келеді. Бұл жағын білген
сізге де теріс болмаған болар еді.
— Марулломен сөйлестіңіз. Ол үнемі тек сол Вэйландспен ғана істес
болып келген.
— Тапсырыс — бұл сіздің міндетіңіз бе?
— Иə, менің, Марулло — артриттің азабын тартып жүрген адам,
оның бер жағында басқа да істері толып жатыр.
— Біз аздап бағаны арзандатқан болар едік.
— Меніңше, Маруллоға мүмкін болғанша арзандатты ғой деймін
Əйтсе де оның өзімен сөйлесіңіз.
— Менің нақ соны істеуге құлқым жоқ. Маған кім тапсырыс беретін
болса, сол керек, яғни сіз керексіз.
— Мен қарапайым сатушымын.
— Бірақ тапсырысты сіз бересіз ғой, Хоули мырза. Егер сіз бес пайыз
ұтатындай болсаңыз, қалай болар еді?
— Егер тауардың сапасына əсер
Маруллонының одан бас тартуы екіталай.
етпейтін
болса,
онда
— Жоқ, сіз мені түсінбедіңіз. Маруллоның бұл араға қатысы жоқ. Бұл
бес пайыз қолма-қол төленеді — ешқандай чек те, ешқандай есепқисап та, ешқандай салыққа байланысты қолайсыз жағдай да
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 03
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.