Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 24

Total number of words is 4168
Total number of unique words is 2167
35.7 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
57.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
іркіп, «шық тезірек» деп маған ақырды. Содан екі баланы көтеріп алып,
мені дедектетіп қазулы шұқырға алып келді. Осы кезде барып асықпай
жайбарақат қимылдаған жұрттың сабырын байқап, кейбіреулері
алақандарының астынан аспанға қарап көздерімен көктегі самолетті іздеп
тұр екен, Қасымбек ыңғайсызданып қалып еді. Сонда денесінен діріл
сезгендей болып едім, өңі де қуарып кеткен — ді. Бұрын талай орындап
жүрген үйреншікті тапсырмасына барғанда да алдында тұрған ажалды ғана
көріп, зəресі кетіп, өзімен өзі алысып азап шекті ме екен? Дəл қазіргідей
көз алдымда, қабағында бір түңілгендіктің белгісі бар еді — ау, мен оны
жамандыққа жоруға қорқып, əншейін жай кірбең шығар деп жүруші едім.
Бізді де əлпештеп, еркелетуін қойып алған, кенеуі кетіп, қожырап кеткен
көңілін босата бермейін дегені болды ма екен шамасы — баласы түскір
сүйген сайын қимастығын қоздырып, бекіте алмай жүрген буынын босата
береді ғой. Тек соңғы тапсырмаға кететін күні, менің көзімді ала беріп,
Дулатжанды бір түрлі ышқынып сүйді де, тез жерге түсіріп жіберді.
Meнімен қоштасқан да жоқ...
Бұл жерде «сен кеше батыр — ақ жігіт едің, апыр — ай бүгін жүрегің
шайлығып қалған екен» деп ешкім маңдайыңнан сипамақ тұрсын, кешірім
жасамайды. Оның үстіне өзің көптің бірі емес, командир болып
қарауыңдағылардың алдында қоян жүректік көрсетсең масқараның үлкені
сол. Осының бəрін Қасымбек білмей жүрді дейсің бе, бірақ ол бір
шайлыққан жүректің енді қайтып орнына түспейтінін, рабайда түсе қалған
күнде де ұзақ уақыт керек екенін де білетін. Соғыс оған уақыт берген жоқ.
Абыройсыз болмаудың, қор болмаудың жалғыз жолы — оның алдына тек
қана ажал тұрыпты.
«Бұл көпір енді менен құтыла алмас» депті Прошаға. Соғысқа кіргелі
тұңғыш рет соншалықты жүрегін ұшырып, жанын ит қорлыққа салған
көпірге өшігіп кетті ме екен? Не де болса ажалы сол көпірдің басында
болды. «Ажал тартады» деуші еді қазақ, сол көпірдің түбіне бұрын шала
өлген жанын сүйретіп қайта барыпты, енді сол ит жанның сілімтігін алып
қалмайын дегені ме екен? Жаны ғана емес, сол көпірмен бірге аспанға
ұшып, күл болып кеткен тəні де сол топырақта қалды.
16
Өлімсіреген күңгірт сəуленің де жарығы əр түрлі болады екен. Аузы —
мұрны бітеу, есік — терезесі жоқ қараңғы жеркепенің жоғарыдан жылап
түсетін жарығы əлі жеткенше ұлғайып болған — ау деймін. Мана бір
оянғанда төңірегім тас қараңғы еді енді зілмəнкенің іші кəдімгідей
кеугімденіп қалыпты. Қараңғылық бұрыш — бұрышқа сырылып,
күңгірттеніп, қабырғалар көрінеді. Бұл үңгірде бұдан артық жарық
болмайды, сондықтан да ертеңгі уақыт па, əлде мен көбірек ұйықтап
қалып, сəске не түс таянып қалды ма, ажырата алмадым, бірақ əзір екі бала
ояна қойған жоқ, соған қарағанда уақыт ұзай қоймаған шығар. Аш
балалардың ұзағырақ ұйықтағаны да пайда. Əйтеуір бір əдет те, əйтпесе
уақыт есептейтін мен қай шаруамнан қалып бара жатырмын, қайта күткен
адамға уақыттың көбірек өткені олжа емес пе.
Екі жылдан асты — өткізе алмай жүргенім осы уақыт. Қойны —
қонышым қуанышқа толып, жастықтың буына мас болып, көңілім алып —
ұшып күннің, айдың қалай өтіп кеткенін білмей қалатын шағымда əрбір
азапты күнім мен сағатымды өткізе алмай қиналатын жағдайға түстім.
Өмірдің есігін жаңа ғана ашқан жас адамның жауының уақыт болғаны да
ақылға сыймайтын нəрсе ғой. Уақыт бəрін жалмап жатыр. Кейде, соғыс
тым болмаса бір күн ерте бітсе қанша адам тірі қалар еді деп ойлаймын.
Бірақ соғыстың əзір бітетін ойы жоқ. Жалмап жатыр. «Жақындап қалды,
ұзамай келіп қалар» деген майданның өзі бізге жетпей — ақ шаршатты. Ол
майданды біз күткелі қашан, мен отрядқа келген алдыңғы жылдың
ақырынан құлағымыз елеңдеп күтіп келеміз. Енді осы келіп — ақ қалды
деп еді... одан бері де талай шығынға ұшырадық. Біздің отрядтың да
сілімтігі шығып еді, əдейі əскер жіберген жаудың шабуылына қайдан
төзсін, басқа бір жаққа жалтарып кетті ғой, тек қоршауға түсіп қалмаса.
«Біздің отряд» деймін, демегенде қайтейін, екі жылға жуық бірге болып
осылардың ішіне əбден сіңісіп кеттім. Өліп тұрамыз, жаңарып тұрамыз,
бірақ əйтеуір əріден келе жатқан қара шаңырақ сияқты сол отряд болып
қала береді. Мен келгенде отрядта жүз қаралы адам бар еді, олардың
қатары сиреп Николай Топорков, Абан Бұдашев сияқты жиырма шақты
жігіт қалды. Көбі кейінірек келгендер, тіпті жаңадан келгендері де бар,
солардың алдында енді мен көненің көзі сияқтымын.
Қасымбек қаза тапқаннан кейін мені бір тыныштау жерге паналата
тұрамыз ба, дегендер де болып еді, бірақ майдан жақындап, жау əскері
қалыңдап кеткен бұл маңайдан тыныш жер табылмады. Оның үстіне Абан
мен Николай мені отрядтан қалдырғылары келмеді, содан маған көзі
үйреніп кеткен көпшілік онша қарсы бола қоймады. Соңғы кезде
партизандардың мазасы кетіп, маған екі баламен оңай болып жүрген жоқ,
əйтеуір көптеп көмектесіп, амалдап келе жатырмыз. Сасқан кезде біреуі бір
баланы көтеріп алды, бір баланы өзім көтеріп жүгірем.
Бұл екі жетімек те тумай жатып көргені сол болғасын бəріне көндігіп
алған. Жұрттың жанының қысылғанын бұлар да сезе ме, жүгіріп баратып
құлатып, не бір жерге соғып алсаң да қыңқ етіп жылауды білмейді, тек
маймылдың баласындай кісінің бауырына жабыса береді. Орман ішінде
лагерьде тұрғанда төбемізге жау самолеті келіп қалып, «воздух» деп
айқайлағанда, жұртпен бірге өздері шұңқырға қарай жүгіреді, Дулат
окоптың ернеуіне келіп, жата қалып домалап түседі, одан екі елі қалмайтын
кіп — кішкентай Света үрпиіп, дəл шұқырдың ернеуінде тұрып қалады.
Қасымбек қайтыс болғалы екеуінің салмағы мен үшін бұрынғыдан да
ауырлап кетті. Бірақ ойлап қарасам, бір жағынан менің біраз қасіретімді
жеңілдетіп тұрған да осы екеуі. «Осы екеуі» деймін, іштен шықпаса да,
кішкентай Светасы түскірді Дулатымнан бөліп тастай алмаймын, тіліме
бірге оралады. Қасымбек қаза болғанда шашымды жұлып жыламасам да,
əлде сол жыламағанымнан ба екен, білмеймін бір зіл салмақ мені басып
бара жатты, тіпті денемнің де ауырлап кеткенін байқадым. Тірі жанмен
тілдескім келмейді, бір — екі рет Абан қазақшалап жұбаныш сөздер айтып,
көңілімді демегісі келіп еді, менің түрімнен шоши ма, сөзінен жаңылып,
ыңғайсызданып, қипақтап отырып кетіп қалатын болды. Мен болсам бейне
бір меңіреу далада қалғандаймын, Абанның сөзінің де мағынасы жоқ,
төңірегімде қарауытып жүрген адамдардың тірліктерінің де мағынасы жоқ.
Ертең не болам дегенді де ойламаймын, өйткені ертеңгі күнде де ешбір
мағына жоқ сияқты. Кеше ғана тірлік үшін тырбанып, бір жағы жаумен
соғысып, бір жағы қатын — баласының қамын ойлап, алдағы күннен үміт
етіп жүрген Қасымбек не болды? Аңсаған арманың, тағатсыз күткен жақсы
күнің, тыпыршыған тірлігің көзді ашып жұмғанша жоқ болады. Қасымбек
те көз жұмғанша тырбанып, сол алданышпен кетті, əбігерден айықпай,
өздерінше бір нəрсе тындырдым, не тындырам деп жүрген мына жұрттікі
де, бүгін болмаса ертең жоқ болатын сол алданыш емей немене. Менікі де
сол. Дəл осылай ойладым ба сол кезде, əлде осылай сезіндім бе, cipə солай
сезінген болармын, ондай шақта менде жүйелі ой қайдан болсын, тек тұла
бойым құлазып, дүние сұп — сұр болып, азынап баратқанын білем.
Бір күн бойы екі балаға да қарамадым, кейде маңымда жүргенін
байқаймын, кейде, еркектер алдарқатып алып кете ме, көзіме түспейді,
оларды іздеп алаң болуды да қойып алған сияқтымын. Кіп — кішкентай
болса да баланың іші де бір нəрсені сезеді — ау деймін. Дулат келіп
қыңқылдап мазамды алмайды. Бір — екі рет өрмелеп мойныма асылғанда
итеріп түсіріп жіберіп едім, əдетінше қайта жармасып, жылап мазамды
алудың орнына, үндемей жүре берді, бірақ сонда да шешесінің бір үлкен
қасіреті барын білгендей, мені төңіректеп кетпей қойды. Көзі жаутаңдап
маған қарап қояды. Содан бір кезде:
— Папам қашан келеді?— деп сұрады.
Қалай тіріліп кеткенімді, баламды қалай құшақтай алғанымды өзім де
білмей қалдым. Бауырыма қысып алып, екі бетінен жабысып сүйе беріппін.
Бір кезде ағыл — тегіл көз жасым екеуміздің бетімізді шылқытып, жуып
кеткенін байқадым. Мына ажалдай азынаған сұп — сұр суық дүниеде
жылтыраған жалғыз шырағымды өшіріп ала жаздаппын ғой. Кешеден бері
баламды елеусіз жалғыз қалдырғаным үшін жүрегімді үрей билеп, енді
қолымнан шығарсам айырылып қалатындай көріп жабысып қалдым, ауық
— ауық ышқынып даусым да шығып кетеді. Осы бір үрей мені қайта
тірілтті. Енді қашан кеудемнен жаным шығып кеткенше осы сəбидің өмірі
үшін алысатынымды сездім.
— Иə, сөйтіп өзімнің үйреншікті тірлігіме қайтып оралдым. Қасымбек
қаза тапқанмен аспан құлап жерге түскен жоқ, партизандардың өмірінде де
елеулі өзгеріс болған жоқ, күн сайын қазаға ұшырағандардың бірі болып
бұл дүниеден кете барды; тек менің ғана сүйенген жарым омырылып
түскендей бір жаным үңірейіп қалды. Əйтеуір кеудеден жаным үзіліп
шыққанша тырбана беруге үйренген машығым бар, жүгім екі есе ауырлап
кетсе де тырбана бердім.
Тек бір осындай оңаша қалғанымда, өткенім мен кеткенім көз алдыма
қайтып оралып, ойы құрғыр іші — бауырымды осып — осып жіберетіні
бар. «Қасымбек капитан Гастеллоның ерлігін қайталап, өз жанын құрбан
етті, біз оны мақтан етеміз» деді Носовец. Осалдығым шығар, менің
жүрегімде мақтаныштан қасіретім басым. Ерім Гастеллоның ерлігін
қайталапты, бірақ менің балама əкесін бұл дүниеде ешбір адам қайталай
алмайды. Менің жоғалтқан жарымның орнын ешкім толтыра алмайды. Жеп
жатыр, мына соғыс, жалмап жатыр. «Жеңіс» деген жалғыз ауыз сөзге
жеткенше əлі қаншасын жалмайтынын бір құдайдың өзі білсін. Бірақ қанша
құрбандық, қанша шығын керек болса да мына қозғалып кеткен соғыстың
машинасы соған жетпей тоқтамайды, алдыңғылардың құрбандығын ақтау
үшін соңғылар да құрбандыққа барады. Екі жауынгерін құрбан етіп,
ажалмен бетпе — бет келгенде қатын — баласы есіне түсіп кетіп, бір
тайқып қалған Қасымбек, жүрегі қанша шайлықса да екінші рет тайқып
кете алмады, өзін құрбан етті. Өйтпесе енді қайтып жер басып жүре алмас
еді. Осының бəрін түсінетін — ақ сияқтымын, бірақ бəрібір ет жүрегім қан
жылайды. Ойсыраған олқымның орнын ешбір дəлелмен де, уытты сөзбен
де толтыра алмаймын.
Бұл обыр соғыстың ресми тілінде адамның ат — есімінен гөрі сан есебі
көбірек айтылады: «Он бес адам қаза тапты», «отыз адам шығын болды».
Биыл көктемде немістер партизандарды үлкен орманнан қуғанда ондай
цифрлар тіпті көбейіп кетті. Көрші бригаданың мың екі жүз адамынан жүз
жиырмадай ғана адам тірі қалыпты деп естідім, ең шығыны аз деген біздің
отрядтың да бестен бірі ғана қалды. Осылардың барлығы цифрмен
есептеледі. Қиын соғыста он шақты адамын беріп құтылса—«шығынымыз
аз болды» деп қуанып қалмаса да, кəдімгідей көңілдеріне тоқ санайды. Сол
он шақтының əрқайсысы біреудің бір Қасымбегі, Светасы емес пе? Он
екіде бір гүлі ашылмаған қыршын жас Проша да соңғы соғыста қаза тапты.
Қасымбек қазасынан кейінгі мені қатты қинаған осы баланың ажалы
болды. Кəмпит сорғандай қусырылып тұратын екі ұрты бұрынғыдан бетер
қусырылып, дүрдиген үстіңгі ерні жұқарып күрек тісіне жабысып, боп —
боз болып солып қалған жансыз бет — бейнесін көргенде... қанша
қырғынды көріп келе жатсам да осы бір өлім маған тіпті түсініксіз,
жаратылысқа жат — сорақы болып көрініп, тұла бойым мұздап қоя берді.
Көзімнен жас шықпай Прошаның өзіме сонша таныс бетінен титтей болса
да тіршілік белгісін іздеп, қадалып қатып қалыппын, бірақ тірліктің саңлау
сəулесі көрінбей қыршын жастың бетіндегі ажалдың салқыны менің өн
бойыма кеулеп кіріп баратқандай болды.
«Прохор Усачев совет халқының адал ұлы. Ол жеңіс үшін қыршын
жанын құрбан етті» деді Носовец Прошканың бетін жауып жатып.
«Жеңіс үшін жанын құрбан етті»... Бұл жеңістің құрбандығы көп... тым
көп болайын деп тұр. Сол құрбандыққа бару үшін де, жұртты апару үшін де
шімірікпейтін жүрек керек. Өз қазамды қайтейін, жазмышты күтіп, келер
деп жүрмін ғой, бірақ өзгені құрбандыққа байлайтын мықты жүрек менде
жоқ. Сірə «жеңіс» деген менің шұрқ — шұрқ тесік қалқансыз, осал əйел
жүрегіммен емес «қабырғасын қақыратып сөксе де» қайыспайтын Носовец
сияқты мықтылардың шімірікпейтін болат жүрегімен жасалатын нəрсе
болар.
17
«Тірі болсам келемін» ден еді Абан. Менің ендігі бар тілегенім:
Абанның тірлігі. Кеудесінде жаны болса ол бізді іздеп таппай қоймасы —
кəміл. Қасымбек тапсырмаға шыққанда дəл өз қасына Абанды ерткенін
көрген жоқ едім, мезгілінде байқамаған біраз сырды кейін аңғарып келемін
—«біріміз өлсек біріміз қалайық» дегені екен ғой.
Осы отрядтағы айналдырған үш қазақ бір үйлі жандай болып кеттік те.
Абан Қасымбектің еркелетіп өсірген кенже інісіндей арсалаңдап бізге тіпті
еркін болатын. Мені бірде жеңгей» деп үлкейтіп, бірде «Нəзікеш» деп
кішірейтіп, Қасымбекті де оңаша жерде командир тұтып жатпай бірде
«ақсақал», бірде «Қасеке» деп сапырып сөйлегенінде де ерсілік жоқ, бəрі
жарасын тұратын. Өзі балажан: қолы босап кетсе ермегі Дулат, оны аспанға
атқылап, арсалаңдап мəз болып жалғыз өзі лагерьді басына көтеріп
жатқаны. Қасымбектің қазасы бұл жігітті де өзгертіп кетті. Бұрынғыдай
аңқылдауын қойып, даңғыр — дүңгір салдырлақ мінезінен жаңылып,
бойына қаяулы сабыр кірген. Алғашқыда бейне бір ауру баққандай, өзінің
əр сөзі мен қимылына қарауыл қойып, аяғын да еппен басатын сияқты
көрінді маған. Дулатты секіртіп ойнатқанда да бұрынғыдай тапыраңдап
даурықпайды, тек бала шықылықтап күлген кезде шыдай алмай, күлкісінің
астына күрсінісін төсеп, ақырын ғана жайымен күледі. Баяғыдан бері
əңгүдіктеу көрінген жігіт кісі қасіретіне ескерімпаз болып шықты.
Қайғылы қазадан туған Абанның осы жаңа мінезі өзіне жарасып та,
жараспай да жүрді. Алғашқыда жұбаныш айтқанда маған «жеңгей» деп
жүрді де, содан кейін атаусыз сөйлесетін болды. «Жеңгей» десе Қасымбекті
есіме салып жарасын шұқылай берермін дегені болар, ал «Нəзікеш» дегені
енді ерсілеу көрінетін сияқты. Ылғи бетіне өзі қарап бірдеме демесе
қашанғы кісімен атаусыз сөйлесе бересің, «əй» демесең, кісіні əйтеуір бір
нəрсе деп атау керек қой. Жасым кіші болса да, жолы үлкен деп маған
жасаған ізеті болар, ақыры Абан мені «Нəзеке» дейтін болды. Бұрын жақын
тартып жадағайлау кетіп, көбіне «сен» деп сөйлей беретін Абан бірыңғай
«сізге» де кешкен — ді. Əйтсе де, «соғыс» деген құрғырдың мінезі шапшаң
да доғал, жол — жоралғы, ізет — инабатты сақтатып кісіні сызылтып
қоймайды, көп жеріңді төтелеп жібереді. Абанның да қазадан кейінгі ауру
баққандай өбектеген ескерімпаз сынықтығы мен аяғын қысқан тар етіктей
мазасын кетірген сызылған сыпайылығы ұзаққа барған жоқ. Қысылтаяң
кезеңде «баланы маған бер, өзің қалма» деп Дулатты бір қолына алып, бір
қолымнан сүйреп дедектете жөнеледі. Кейде ұрыс кезінде ашық жерде
жатып қалсам, екі етегі далақтап жүгіріп келіп, сүйреп, шұқырға апарып
тығып: «осы арадан қозғалушы болма! Басыңды көтерме!» ден зекіп
тастайды.
Аласапыран соғыс тұсауын ағытып жібергендей Абан азғана күнде —
ақ бұрынғы аңқылдақ мінезіне қайтып оралады. Əйтседе оның дəл
бұрынғы Абан емес екенін, ішім сезеді; үлкен үйдің ерке баласы, жалғыз
ағасы өліп, ендігі үлкен өзі болып қапелімде есейіп шыға келгендей.
Екеуміздің орнымыз да өзгеріп кеткен сияқты — бұрын көбіне менің
аузыма қарап, ығымды алып жүpce, енді өзі бас болып менің тізгінімді
қолына алған.
Соғыс өткен қазаны кейінгі көп қазамен ұмыттырып, өлген адамды көп
жоқтатпайды; бұл соғыстың қияметі мені де шашымды жайғызып, қара
жамылдырып отырғызып қойған жоқ, дереу тіршілік қамына араластырды.
Екі жетімекті жетелеп, саябыр болса партизандардың қазаң — ошағының
маңында, қым — қуыт ұрыс болып кетсе көптің ішінде жан сауғалап, бас
бағып кете бардым. Қияметсініп жүрген партизандардың бұрынғы өмірі
қазір көзімізден бір — бір ұшты. Былтырлары үлкен орманның терең
түкпірінде орнығып алып, айлап тұрушы едік, биылғы жазда байыз таппай
кеттік. Дұшпанның əскерімен жол — жөнекей жүре соғысып, түлкі
құйрыққа салып із адастырып, жиі — жиі орын ауыстырамыз. Мұндай
үдере көшіп жүрген жортуылда, көпшілік саған қанша қамқор болғанмен
жан алқымға тірелгенде кімнің жанында тұрасың, меншікті азаматың
болмаса, қос балалы əйелдің хəлі тіпті мүшкіл болады екен. Николай
Топорков командир мені Абанға тіркеп берді де хəлімді жеңілдетті. Жаумен
ойда жоқта соқтығысып қалып атысып жатқан кезде де Абанның бір көзі
жауда болса, бір көзі бізде болды. Азғана аялдай қалған жерде қарағайдың
бұтағынан итарқа — күрке жасап алдымен бізді жайғастырады. Содан
обозда тамақтан өтетін бір нəрсе болса тауып əкеліп, алдымен біздің қоста
түтін түтетеді. Абан былай əңгүдіктеу көрінгенмен епсекті жігіт, тарыққан
кезде əйтеуір жүрек жалғар бірдеңе болса қымқырып бізге əкеліп: «мə,
мынаны екі балаға талшық қыл, өзіңді де құр қалдырма, емізіп жүрсің ғой»
деп тəртіп беріп қояды. Əйтеуір тапқанын бізге тыққыштайды. Бір жолы
ескілеу одеял тауып əкеліп: «қолың тигенде мынадан балаларға қатырып
пальто тігіп бер, қыстың қамын жазда ойламай болмайды» деді.
Шынымды айтсам, биылғы күздей нағыз мазасыз қатерлі кезеңде Абан
Қасымбектің жоқтығын білдірмеді, иесіз қалған кішкене шаңыраққа өзі
қамқор, өзі ие болып, бар ауыртпалығын арқасына салып алды, тіпті сырт
көзге де кішкентай екі баласы бар шағын жорық семьясы болып
көрінетінбіз. Осы хəліме өзім де үйреніп алдым, Абансыз күнімнің не
боларын білмеймін. Сөйтіп жүргенде Абан маған бір күні сөз салды. Өзі
көп ойланған болар, «Дулатжанды жетім қалдырғым келмейді, бар дозақты
бірге кештік қой, тірі болсақ қалған өмірімізді де бірге өткізгім келеді» деп
өте орынды да, жанды жерден ұстайтындай өтімді айтты.
Мен оған бірден жауап қайыра алмай үнсіз қалдым. «Абаннан ондай
сөзді күткен жоқ едім, тас төбемнен түскендей болды» деп көлгірситін
жайым жоқ, ол маған көзін сүзіп, телміре қарап жаутаңдамағанымен,
жанашырлық жай қамқорлықтан басқа да бір ықыласының бар екенін ішім
сезген. Қайраты тасыған еңсегей бойлы апталдай жігіт екі жыл бойы қу
тізесін құшақтап келе жатса... «Қара ешкіге жан қайғы болғанда» мен өзге
ешнəрсені ойламадым» десем де бекер: «жан қайғысы» бір күн емес, бір ай
емес, жылдап созылса ойлайтын нəрселерің де көп болады, мен де біраз
нəрсе ойлағанмын. Абанның осы сөзді айтарын алдын ала сезгенмін де,
шынымды. айтсам күткенмін де. Жесірліктің несі жақсы болсын. Осы бір
маған өзінен өзі сүйеніш болып, бар ауыртпалығымды арқалап алған
жігіттің кейін де арқасынан түскім келмейтін бір бойкүйез тілек көңіл
түкпіріме кіріп кеткен, бірақ осы тілегімді өзім оғаш көріп іштей қысылып
жүретінмін. Білмеймін, ұрлық ойымның үстінен түсе қалғанға ма, əлде
көлгір төңіректің қаңқуынан құдайдың қаһарынан бетер қорқатын, қазақ
əйелінің мүлəйім жандылығы ма, əйтеуір Абан əлгі сөзді айтқанда үнсіз
қалдым, бетімді бір нəрсе қыздырып баратқанына қарағанда қызарып
кетсем керек. Meн тілсіз қалған соң Абан да қысылды ма, одан əрі
қыспақтап жауап сұрамай, жаңағы батылдығы мен орнықтылығынан
айрылып, қипақтап аз отырды да, мені өз ойыммен оңаша қалдырып,
сыртқа шығып кетті.
Бұған не деуім керек? Мұндай сөзге қамсыз болмасам да дағдарып
қалдым. Алдымен келген ой: «Қасымбектің жылын бермей жатып...» Бірақ
мына соғыс кімнің жылын бергізіп жатыр. Күйеуімнің қайтыс болғанына
екі айдан асыпты. Сол екі ай, екі жыл емес, бейбіт кездегі жұрттың жиырма
жылда көрмейтінін көрсетіп, тауқыметін тартқызған жоқ па? Алдымыз
жəне неғайбіл. Абанды асықтырған да сол неғайбілдік емей немене. Əрине
ел ішінде болса: «бетім — ау, күйеуінің топырағы суымай жатып, мына
қаншықтың шыдамағаны не масқара» деп талай қатындар бетімді айғыздай
қылар еді. Бұл арада өйтіп күстана қылып масқаралайтын, тіпті құптамаса
айыптай қоятын адам жоқ. Бірақ сонау артта қалған ел — жұртым бастарын
шайқап, таңдайларын қағып жазғыра қарап тұрғандай бір əсер пайда болды
көңілімде, көнгім келсе де осы көрінбейтін көптің көзқарасы кері қарай
тартады. Бірде Абанның сөзіне сенгім де келмейді. Əрине бұл айтып тұрған
сөзі дəл қазіргі адал, шыны ғой, бірақ өмір деген құрғырың кісіні қай
сертінде тұрғыза береді. Ертең мына сүргін бітіп, құдай тілегімізді беріп
аман — есеп туған жерге оралсақ, қылқандай қыршын жігіттерін мына
соғыс жалмап кеткен елде кездері жəудіреп небір қылқиған қиғаш қастар
отырған жоқ дейсің. Сонда ол жігіт шыдап тұра ала ма? Ағайын төңірегі де
құлынды бие жетелеп келгенін қомсынып, өз теңіңді тауып береміз деп
құлағының құрышын жеп жатса... Əлде, мен оған тең емеспін бе? Абаннан
жасым кіші болғанмен өзімді одан үлкенсінем. Бұл əлде Қасымбек тұсында
жеңге болып, жолымның үлкен болғандығынан қалған əсер ме екен? Əй,
сірə одан ғана емес, кейде өзіме өзім көпті көріп көзі ашылған, тіпті cap
қарын тартқан кексе əйел сияқты көрінем. Мына соғыстың ыстығы мен
суығы, аштығы мен азабы ажарын алған тəнім ғана емес, небір сорақы
сұмдық, ажал мен үрей қарыған жаным да көн болып ескіріп кеткен
сияқты, көз сүйсінерге қызығып, көңілім түскенге елп ете қалар елгезек
жастық жоқ қазір менде. Айтылған сөзге алаңсыз сене қалмай астарын
ойлайтын, алдымда тұрған адамның бетіне қарап қана қоймай, көбесін
сөгіп көмбесіне үңілетін залым мінез тауыппын. Абан маған, өмірдің өзі
үйлестіріп келе жатқанда, өз алдыма ашық мойындауға бата алмасам да,
көңіл түкпірімде дəметіп жүрген сөзді айтқанда, тоқырап қалу себебім де
содан болар. Дұрыс болып шыға ма, бұрыс болып шыға ма, қайдан білейін,
Абанның да ар жақ, бер жағын анық көріп отырған сияқтымын өзімше. Иə,
ол ақ көңіл, ашық жігіт, бірақ сол тым ашық деген адамдардың да кейде
қалтарысынан бір пəле келуші еді. Ол қалтарыста не жатқанына əзір менің
көзім жетпейді, бірақ əйтеуір қазіргі ықыласы түзу, оны білем. Осы ықылас
ұзаққа кететін айнымас сезім болып қала ма, əлде заман түзеліп елге
барғанда соғыс таңдау бермей қолына іліккеніне ұрындырған ашқарақ
мауқы басылып... Өз көңіліме де сене бермеймін, қызуы қайтпайтын ыстық
бар ма, ертең аптығы басылған кезде есік — терезесі ашық жиһазсыз бөлме
сияқты осы жігіттің жадағайлығы жалықтырып жібермей ме?.. Көзі
тірісінде Қасымбек туралы сондай бір қауіп көңіл түкпірімде шым ете
қалатын, Абан сияқты ашық емес бір тоға, тұйықтау болғанмен ол да бір
ыңғайлылау болып көрінетін. Бірақ оның қатпары қалыңдау, əлі де
ашылмай жатқан көмбелері бар — ау деп топшылайтынмын.
Қаңқу сөзге ілікпеу үшін қаршадайынан сыртын жуасытып, сырын
ішіне бүгіп үйреніп қалған қазақтың қызы емеспін бе, əншейін көлденең
күдікті көңілімде қанша күнсіткенмен мына қақаған соғыс та, оның
аржағындағы қараша өмір де менің қалауымды беріп қоймайтынын,
бөтекесі түскір біліп — ақ тұр. Тірі болсам, тұлыпқа мөңіреп отыра
бергеннен гөрі, балама əке, өзіме жолдас керек. Сонда көз көрген Абаннан
артық кімді табам? Анау — мынау бұлталақ ойдың бəрі — бірден құлай
кетпей, аз да болса əдеп сақтаудың далбасасы ғой. Абан жиырма беске
келген соқтауылдай жігіт болса да балаң мінезінен арылмаған ба, мен
үндемей қалғаннан кейін енді батып сөз айта алмай, сөз емес — ау бетіме
тіктеп қарай алмай жүрді. Жауабын тікелей қайырмай араға уақыт салып
алған соң енді келіп сөз айтқаным өзім ұрынғандай көрініп қысылып мен
жүрдім. Мынау күнде қыршын жатқан қырғын соғыстың бетімізден
сыпырып алуға əлі жетпеген бір желегі бар ма, екеуміз де қарап жүріп
ыңғайсыз халге түстік. Несін жасырайын, бірден «иə» дей салмағаныма
деген өкінішіме, көңілдегі ойын қайталамаған Абанға деген ренішім
жалғасып, кезек мазалайды.
Осылай мен əуре — сарсаң оймен əлек болып жүргенде екі күннен
кейін Абан түнгі тапсырмаға кетті. «Тапсырма» дегеннің көбі — ақ шарт та
шұрт түнгі соғысқа айналып кететін қатерлі нəрсе болғанмен, партизандар
өмірінде ол күнделікті атқарып жүрген кезекті жұмыс сияқты. Жұрт
кетерінде қоштасып, бақұлдасып жаман ырым жасап жатпай: «сау бол, жол
болсынмен» қала береді. Абан да: «таң ата оралатын шығармыз, балаларға
да тамақтан өтетін бір нəрсе қарастыра қайтармын» деп жүре берді. Сол
түні ұйықтай алмадым. Бұрын да, өзіме сүйеніш болған осы жігіттің
амандығын тілеуші едім, бірақ сол түні жүрегім діріл қағып, құдайдан ба,
тағдырдан ба, əйтеуір дүниеде не құдірет болса содан Абанның аман
келуін, сасқаным шығар, тым болмаса дəл осы жолы аман келуін тілеп
жалбарына бердім. Егер жазатайым болып кетсе мойнымда Абанның
қарызы кететін болды, кеше ап — адал ниетімен пейілін білдіріп алдыма
келгенде, жоқ, ол зəредей жалған айтқан жоқ, кежегем кері тартып
ықыласын қайтарып тастадым. Жауабын ала алмаған соң айтқан сөзін ағат
санап, соншама қысылып қалғаны — мені сыйлағаны, тіпті сыйлау ғана
емес жақсы көргені шығар, əйтпесе, мына соғыс сызылған сыпайылардың
өзін анайы қылып жатқанда ойына келгенін қойып қалатын əпербақандау
жігіт, не де болса бір жауабыңды айтсайшы» деудің орнына ұят жасап
қойған баладай қыбыжықтар ма?! Мені қатты қинағаны Абан сол ұяты
құрғыр жанын жегідей жеген жаман сезіммен жазатайым болып кетсе... бар
обалы менде емес пе. Менің де тілімді байлап қалған сол «ұят» деген
құрғыр еді. «Ұят» деген сөз есімді білер – білместен — ақ құлағымды
сарсытқан: қыз балаға үлкендердің үстіне кipген де ұят, секектеп жүгірген
де ұят, жігітпен құшақтасып сүйісу тұрсын, оның бетіне қарап күлген де
ұят. Қаршадайымнан сұм едім, осының бəрін біреу көріп біліп қалса, қаңқу
сөз боп кетсе ұят, ал ешкім көрмесе, ішінде ит өліп жатса да біразының —
ақ ұяла қоймайтынын сезуші едім. Сол ұятты көп айтатындар өз арының
алдында сірə онша ұяла қоймайтын болар; өйткені сөздерінің сықпыты да:
«ойбай — ау, біреу көріп қалса ұят қой, жұрт естісе масқара ғой» деп
келетін, «жұрт не дейдісі» жəне бар. Сонау көз көрмес алыста жатқан
жұртым, енді кайтып көрісуім екі талай жұртым «не дейді» деп мен де
көңілдегі ойымды іркіп Абанды ренжіттім. Масқара — ау, мына жалғандық
жүрмейтін ажал алдында да бойыңа сіңіп кеткен жақындықтың қалмайтын
болғаны ма?
Света... қатесі, қасіреті болса да жəдігөйлігі жоқ еді — ау оның. Жұрт
біреу көрмесе тісінен шығармайтын масқарасын менің алдыма жайып
салып өзін өзі аямай жазалаған жоқ па еді, Николайдан да тайсалмады,
араларына жақындық салып жарастық іздеген жоқ. Ойлаған сайын осы
құрбым еркек — ұрғашымыздан бірдей бөлініп биіктей береді. Көңілі
менікіндей болып, менің орнымда болса ол өйтіп көлгірсімес еді. Ұяламын
деп Абанды ұялтып жібердім. Оныкі менікіндей ««аттанды ұят емес шын
ұят қой: «күйеуінің қазасына жылы толмаған қаралы əйелге сөз айттым,
сол үшін ол менен түңіліп, шошып кетті» деп ішін ит жалатқандай кірерге
тесік таппай жүрген шығар. Таң атқанша мені қинаған осы хал болды.
Жазығы Қасымбектің артын тоздырмайын деп ауыртпалығын арқалағаны
ма? Жазықсыз ұяттан арылмай тұрып көзі жұмылып кетпесе екен, деп
дөңбекши бердім.
Ертеңгілік, «Абандар аман келді» деген хабарды естігенде етегіме
сүрініп күркеден əзер шықтым. Баяғы əскери форма қашанғыға шыдасын,
бұрынғы солдаттар да, Николайдан өзгесі, басқа партизандар сияқты
қолдарына түскенін киетін болған. Абанның да баяғы, жабағысы
жүнделмеген тайлақ сияқты екі жамбасын томпитып, сирағын сидитып
тұратын галифесі жоқ. Санын қысып тырсиған тар шалбардың балағын
етіктің қонышына тығып, белін қайыс белбеумен буып, үстіне жеңі
қысқалау ықшам күртке киіп алған. Қол — аяғы серейіп өсіп кетіп, ескі
киімін жаңарта алмай жүрген ересек бала жігіт сияқты. Тек жақындағанда
ғана кең шықшыты бұрынғыдан да үлкейіп, құлақ түбінен бөлініп шығып,
қызыл шырайы сұрланып, бет терісі қалыңдап есейіп қалғанын сезесің.
Томпақтау дөңгелек қой көзі де шүңірейіп тереңдеп, нұры өткірлене
түскен. Сол түріне қарап ересек дейін десең бір нəрсеге мəз болып
арасалаңдап шыға келгенде бала сияқты. Осы жігіт ересек пе, бала ма,
соны өзім де ажырата алмай қаламын. Қазір де алыстан қарағанда қысқа
жеңінен серейіп шығып кеткен балаң жігіт болып келе жатыр еді, қасыма
таянғанда ауыр түнде ұйқы көрмей қарауытып қажыған суық жүзіне көзім
түскенде, ар жағымнан атылып кетейін деп тұрған қуанышты даусым
алқымыма тығылып кептеліп қалды. Бар айтқаным:
— Əйтеуір, аман — сау келдіңдер ме?— деппін.
— Пəлендей қауіпті еш нəрсе болған жоқ. Немістер ұйықтап жатыр
екен,— дей салды Абан. Содан кейін кішкене көңілденіп:— Балалардың да
несібесі бар екен. Құдайға шүкір, құр қол қайтқаным жоқ,— деп бір
түйіншекті ұстата берді.
«Рахмет» дегенім шығар, аузымды қыбыр еткізіп, Абанның қолындағы
түйіншекті алып, селтиіп тұрып қалыппын. Содан «ойбай — ау, қазір
бұрылып жүре берсе қайтем» деген ой шошытып:
— Өзің де отырсайшы, бірге тамақ ішейік,— дедім,— Қазір су
қайнатып жіберейін.
— «Бəрімізді тойдыратын өзі де мардымды нəрсе емес... Байғұс бір
кемпір қосымызда екі кішкентай баламыз бар еді дегесін... Өзі бір көңілшек
адам екен... қайтсын енді...»
Абанның сөзі бір құлағымнан кіріп, бір құлағымнан шығып жатыр, өз
ойыммен арпалысып мағынасын шала — шарпы ұғамын. Түні бойы
дөңбекшітіп, қинаған ойларым қайда? Абан жазатайым болса үлкен
ренішпен, жанын жегідей жеген жалған ұяттың күйінішімен құса болып
көз жұмады — ау деген қорқынышым қайда? Мына өтірік жүрмейтін
қалың соғыстың ортасында да қылымсуым қалмағаны не пəле? Абан енді
батып, қайталап сөз айта алмайды ғой, осы жігітті əрі — сəрі қылып азапқа
салып қойғанша, жауабын өзім қайтаруым керек емес пе? Екі бала
сүйретіп, осы көпке масыл болып жүрген мүсəпір қатын сонша бұлданатын
нең бар? деп өзіме ыза болам. Ыза болған сайын булығып, еш нəрсе айта
алмай сыздана берем. Сөзіне жөндеп құлақ қойып тыңдамай тұрғанымды
сезді — ау деймін, Абан «ал мен жігіттер жаққа барайын» деп ыңғайлана
берді. Абан енді кетсе арамыздағы бір нəрсе үзіліп кетердей шошынып:
— Жоқ, жоқ... Кеткені несі.., қазір мен шай қайнатам... тым болмаса
ішіңді жылытып ас — су ішпей... Сонша жерден түн қатып соғысып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 25
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.