Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 22

Total number of words is 4142
Total number of unique words is 2165
37.3 of words are in the 2000 most common words
52.8 of words are in the 5000 most common words
60.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Терісі жұқа беті де қызғылт, көзі де тамырланып қызарып жасаурап тұрады,
содан ба, өңінде жаңа ғана жылап басылғандай қасіреттің ізі бар. Бір
кружканы тастап алды ма, білмеймін, байқамай қалдым, қазір бетіне əдемі
қызғылт нұр жүгіріп, жасаураған көзі жылтырап, осы жұрттың бəрін жақсы
көргендей, сүйсіне қарап, жымиып отыр, осындай бір өңінің жылтыраған
кезін Дулатты еркелеткенде байқап қалушы едім.
Арақ ішпесе де, Светаның да көңіл күйі жаман емес, жұртқа қабағын
ашып, жайдары қарайды. Николайдан да жүзін тайдырмайды. Жалпы
Света, Николаймен кездесуге құштар болмаса да, кездесіп қалған жерде
қашқақтамайды, қысылып, қипақтап, тезірек кетіп қалуға тырыспайды;
Николай ол үшін осы көптің бірі ғана сияқты. Өз басыма түссе қолымнан
келмейтін Светаның осы іштей ірілігіне қызығамын. Николай əрине,
бұрынғы əйелінің ол мінезіне онша қызықпайтын болар, өйткені ондай
кездесулерде Света қысылмайды, ол қысылады — іштей булығып, сіресіп
ширыға береді. Қазір де байқаймын, Светаның осында қаннен — қаперсіз
бірге отыруы — шиыршық атқан жігіттің ішкі пружинасының екі — үш
бұрамын артық бұрап жіберген сияқты, даусы да, күлкісі де қаттырақ
шығады. Света жаққа қарамауға қанша тырысқанымен көзінің қиығы түсе
береді, а — ай, қанша тыраштағанмен Николай Светаны қимайтын сияқты.
Осындай жұртты түгел жадыратқан жақсы кеште екеуі өкпелерін қиып
табысып кетпес пе екен, деген алдамшы үміт жылт ете қалады кеудемде.
Күйеуім де өзіме тартқан ғой деймін, əзірге біріміз Николайға, біріміз
Светаға ақыл айтып екеуін иліктіріп жанастыру қолымыздан келмей — ақ
қойды.
Партизандар қосылып «Катюшаны» шырқайды. Сонау Батыс
Белоруссияда, əдемі усадьбаның ішінде, полк командирлерінің əйелдерімен
бірге тұрған бейбіт кезім, жаңа түскен жас келіншек кезім көз алдыма келіп
тұра қалды. Осы əнді алғаш рет сонда, əйелдердің бас қосқан отырысында
естігенмін. О да бір заман еді — ау. Күні кеше ғана сияқты еді, одан бері...
Əнге Николай да қосылған, əсіресе «Пусть он землю бережет родную, а
любовь Катюша сбережет» деп қайталап айтатын жеріне келгенде, өзге
жұрттан қаттырақ шыңғырып айтады.
Осы бір жұрттың бəрін жарқыратып, арқа басын жазып тастаған жақсы
кеште сол бір жаман сезімнің қайдан келгенін өзім де білмей қалдым.
Жаздың ұзақ күні еңкейіп, ұясына жақындап қалған, жұрттың хормен
айтқан дауыстары бет — бетіне бытырап берекесі қаша бастаған соң,
«қазақша бір əн салып бер» деп Носовец маған жармасқан, «кəне, Надя»
деп көпшілік те оны қостай жөнелген. Мен қапелімде не айтарымды білмей
қысылып, ойланып қалып едім: құлағыма шырылдаған Парашканың даусы
келді. Иə, иə, кəдімгідей естідім. Өзге жұртты білмеймін, өзім анық естідім.
Өңім бұзылып сұлқ түсіп кетсем керек, кеукеулеген көп іркіліп қалды.
Жолың болғыр Абан «əуелі мен айтып берейін» деп, таяқты домбыра
қылып сабалап, бір əнге басып кетті. Мен оның не айтып жатқанын тіпті
білгенім де жоқ, Абанның жуан даусының арасынан, бəкімен тіліп өткендей
шырылдап құлағыма Парашканың даусы келеді, даусына ілесе күлім көзі
дөңгеленіп, томпақ беті жылтырап өзі де көрінді... Енді бір сəт:
жарқабақтың басында шешесінің мойнынан құшақтап алып, сəби көзіне
үрей кіріп, шошынып: «ағатайлар, өлтірмеңдер. Əн салып берем...»— деп
шырқырағаны...
Тіпті жаман болып кеттім.
Кейде көп ойлаймын, біраз байқағаным да бар: кілең ажалдың ішінде
жүрген кісі əрбір өлген адамға таусыла қайғырып, діңкесін құртып
жатпайды; əйтсе оқ астында өмір сүре алмас еді. Адам қайғырмайын да
демейді, бірақ жүрек деген шіркіннің өзі көтере алмайтын қасіретті ішіне
жібермей, жан сақтау үшін қымтанып алатын қабығы бар ма қалай. Мен де
əрбір ажалға сарқылып қайғыра бермеймін, менің жүрегім де жанымды
қинай бермей қымтанып алады. Бірақ менің жүрегімнің сол қабығының
жыртық — тесігі көп — ау деймін, кейде осындай оқиғалар кіріп кетіп, біз
сұғып алғандай жанымды шығарады.
Қанша ойламайын десем де кішкентай əнші Парашка, ебін тауып маған
бір соқпай кетпейді. Сонау жарқабақтың басына шыққанға дейін бұл
дүниеде ажал барын білмеген ақ періште, оның адам баласынан жауы
болмайтын. Сəбидің өзі көрген адам атаулы, ең аяғы үйіне түскен неміс
солдаттары да, оның əні мен мінезін қызықтап, əлпештеп, еркелетуді ғана
білетін. Мылтық кезеген бір сəтке ғана шошынып сəбидің аппақ ақылы
жамандық дегеннің не екенін түсіне алмай кетті. «Ой, мама, больно...» оқ
тигенде барып тəн ауырғанын сезді. Мынау ызғар тепкен қатал дүниеде
жылтыраған бір шырақ өшті.
Көзім, ақшұнақ шал Кузьмичке түсті. Өзі, сағаттап отырса да, бір
қалпынан өзгермейтін адам, сол жымиған күйі өзгелерге қарап отыр.
Көптің көңіл күйіне ғана емес, əннің ырғағына да беріліп баяу ырғалып, ақ,
ұлпа сақалын шұлғып қояды, жұқа жүзі қызара бөртіп алған. Кенет...
самайынан бұрқ ете қалған қызыл қан сақалын жуып кетті. Көзімнің алды
бұлдырайды. Неміс солдаты аяғынан сүйрей жөнелгенде, басы қайрылып,
сақалылымен қар күреп барады. Кузьмичтің көз алдымда бұлдырап кеткен
бет жүзі қайтадан айқындалып келеді. Жасаған — ау, сол жар басында
көппен бірге атылған ақ сақалды шалдан аумайды екен. О да осындай аласа
бойлы, ұлпа ақ сақалды... мойны қайырылып... сақалымен қар күреп...
Кузьмич маған өлік сияқты елестеп кетті. Иə, қазір тірі, тіпті жымиып
отырғанмен ертең... бүрсігүні... көңілім құлазып барады. Мына мəз болып
əн салып, билеп жүрген жігіттер... анау ұясына кіріп бара жатқан күннің
өміріндей ғана өмірі қалды ма екен бұлардың? Шыққыр көзім көріп келе
жатыр: ертең бір соғыста осылардың көбі — ақ жансыз дене болып сұлап
жатады. Қасымбекке көзім түсіп кеткенде жүрегім зу етіп, мұздап қоя берді.
Баяғы орман ішінде қырылған солдаттарды жерлеп жатқанда беті
қарауытып талақ болып ісініп кеткен бір өлік... соны Қасымбекке ұқсатып
шошып кетіп едім, енді сол келіп көз алдыма тұра қалды...
Көзім қарауытып басым айналып кетті, құдай оңдап, қызып алған жұрт
менің хал — жағдайымды байқаған жоқ. Еңсем түсіп, қаншама езіліп
отырғанымды білмеймін, есімді əзер жинадым, бірақ осы бір жаман
сезімнен айығып кете алмадым.
Мен бұл сезімнен кейін де біржола айығып кете алғаным жоқ. Əсіресе
Қасымбек жайлы. Əрине, соғыста жүрген адамның бəрі неғайбіл ғой,
бұрын да қорқыныш күдігім болатын, бірақ қарсы алдымда тірі отырған
күйеуімнің өлік болып елестегені... Айдың — күннің аманында сап ете
қалған осы жаман елес... жаман ырымды жақсылыққа жори алмай
жүргенімде шын шошынатын кезім алда екен.
13
Сол күнгі мəжілісте көппен бірге қызынып, жұртпен қосылып əн салып,
би билемесе де, билегендерге қолын шапаттап, дауысын көтере
қошаметтеп, ішімдіктен де есесін жібермей балаша мəз болған Носовецті
танымай қалып едім, күн бата жұрт дуылдаңқырап кеткенде барып қайта
таныдым. Ол лекілдеген көңіл күйін пышақ кескендей тыйып, жеңілдеп
кеткен денесіне қорғасын құйып алғандай салмақтанып, мен білетін
Носовецтің өзі болып шыға келді. Манадан бергі ішкенінің қайда кетіп
қалғанын құдай білсін, «сөйлесетін үлкен шаруа бар» деп Қасымбек пен
Николайды оңашалап алып кетті. Дуылдаған жұрттан оқшау шығып, өздері
оңаша кеңес құрып алды. Содан тойға қайтып оралып:
— Ал, жігіттер, ойнадық, күлдік, болды. Соғыс əлі біткен жоқ. Қазір
жата қалып, дем алыңдар,— деп, əлі де і біраз гуілдесетін ойы бар
партизандарды таратып жіберді.
Ішіп алған еркектің жайы белгілі емес пе, жұрт риза болмай ренжіп,
күңкілдеп, бірақ амалы жоқ тарай бастады. Абан қипақтап Носовецтің
қасына келіп:
— Кішкене отыра тұрсақ қайтеді, Степан Петрович?— деп еді.
— Мен сені отырғызармын...— деп зілсіз зекіп тастады.— Бүйтіп іше
берсек жеңісімізді де ішіп қоярмыз. Бар дем ал, түн ортасында күзетке
барасың.
Қызулықтың өзі бас қосқанда бола ма қалай, енді кежірленіп, аяқтарын
əзер басып, зорлық күшімен тарап баратқан жұрттық мастығы да тарап
кеткен сияқты. Носовец дастарқанды жинастырып жүрген Света екеуміздің
қасымызға келді.
— Иə, Смуглянка, демалып, аздап есіңді жинадың ба?— деді ол Светаға
қадала қарап.
Көз байланып қалған кез еді, жүзін аның көре алмадым, бірақ кеудеңнің
ішіндегі пəлені көргісі келгендей кішілеу көк көзін өңменіңнен өткізе
қадайтын əдеті болатын, сол кескіні болар деп топшыладым. Жайбарақат
қысыр сұрақтың ар жағында Носовецтің басқа бір шаруасы жатқанын сезіп
Света да үнсіз күтіп қалды.
— Несі бар, дем алып болсаң, іске кірісетін де уақыт жетті. Дайындала
бер, мəн — жағдайды ертең сөйлесерміз,— деп, қоштасқаны болар,
Светаның иығына қолын салды да, бұрылып кетті.
Дулатымды ұйықтатып, ірге жаққа салып, күркенің ішінде жатып қалып
едім, əлденеден ұйқым қашып, əлгіндегі жаман елестер мен жаман сезім,
қанша ұмытайын десем де, ерегіскендей оралып соғып мазамды ала
бергені. Əлден уақытта күркеге бүкшеңдеп Қасымбек кірді. Қараңғыда
мені басып кетермін дегені болар, қолымен жер сипалап, пысылдап
демалып, еңбектеп келеді. Есіктің саңлауынан көріп жатырмын, қос
тізерлеп шарта жүгініп отырған күйі белбеуін ағытып, гимнастеркасын
басынан сыпырып шешіп жатыр. Содан жайғасып отырып, пысылдап етігін
де шешті, түнгі күзетті тексеруді басқа біреуге тапсырып жайғасып
жатайын дегені болар. Жамбастап жата беріп, маған қарай қолын созғанда
салқын саусағы бетіме тиіп кетіп селк ете қалдым.
— Ұйықтап қалған екенсің ғой. Шошытып алдым ба,— деді Қасымбек.
Маған ұйқы қайда, көріп жатып неге шошығанымды өзім де білмей
қалдым. Жаңағы бір құрғыр əсер — Қасымбектің саусағы өліктің
саусағындай бетіме мұп — мұздай болып тиді. Бір түрлі өзіме өзім келе
алмай, күйеуімнің сөзіне де жayaп бермей үнсіз жатырмын. Қасымбек
менің хəлімді аңғармай, өзінің əңгімесін айтып кетті: енді темір жолды.
көпірлерді бұзуға, жаудың эшелондарын қиратуға бұйрық келіпті. Шамасы
қызыл əскер үлкен шабуылға шығатын болар, жаудың артынан қару —
жарақ, əскер келетін жолын қиып тастау керек,— дейді, өзі кішкене қызып
алған, маған бəрін тəптіштеп айтып жатыр.
— Ертең тапсырмаға шығамыз. Бірінші топты өзің бастап бар,— деді
Носовец.
Əлденеге жүрегім мұздап қоя берді.
— Қауіпті емес пе?— деп сұрадым жұлып алғандай.
Қасымбек өзі көңілді, күліп жіберді.
— Бүгін көрген қоқай деп пе едің. Əрине енді, тапсырманың аты
тапсырма ғой. Қауіп — қатерсіз бола ма. Тəуекел қыл да тас жұт деген.
Талай тапсырманы орындап жүрміз ғой,— деп менің жауырынымнан
құшақтады.
Білмеймін, не пəле болғанын, əйтеуір көңілім бір орнына түспей — ақ
қойды, күйеуім менің илікпеген денемді қос қолымен құшақтап өзіне қарай
тартып алды. Аузынан арақ исі шығады. Ал, менің хəлім... Аңқау Қасымбек
ар жағында қалтқысы жоқ, ертеңгі қауіпті ойламайды. Ертең өзім көріп
жүрген көп өліктің бірі болып сұлап жатса... Апырау, мен не боп кеттім,
шошынып қалған жүрегім қашан орнына түседі құрғыр. Қасымбек мені
қаттырақ қысып алып, бетімнен, көзімнен сүйіп жатыр, демі де жиілеп,
құшырланып барады. Екеуміз қайта кездескелі жыл жарымнан асты ғой,
өмірдің қанша қауіп — қатер қиыншылығы болғанмен ерлі — зайыпты екі
жас қарап жүре алушы ма еді, тағы да менің аяғымды ауырлатып аламыз ба
деп қорықсақ та, амалдап есебін табушы едік, осы жолы мен Қасымбекке
жіби алмадым. Бұрын осындайда құштарлығымды əзер тежеуші едім, қазір
екеуміздің арамыздан мұздай бір сызық тартып қойғандай тəнім жиырыла
берді.
Бір кезде өн бойымды дір еткізіп бір жаман сезім қарып өтті: астапыр
— аллау, екеуміздің арамызға, баяғы Қасымбекке ұқсас өліктің елесі кіріп
кетіпті.
Қараңғыда мазаңды алған үрей — сезімдер жарқырап күннің көзі
шыққанда ертеңгі тұмандай ыдырап кететіні бар ғой — таң ата көппен
бірге үйреншікті тіршілікке кіріскен соң алаң болып біраз сергіп қалған
сияқты едім. Қасымбектен ертерек оянып шай — суымды қамдадым.
Қазақша, сүт құйып күрең шай ішетін заман қайда, əйтеуір ішіңе ыстық
барсын деген далбаса ғой. Шайдың орнына ұсақтап турап, кəдімгі сəбізді
қайнатамын, əрине сəбіз шай болып жарытсын ба, бірақ əйтеуір күреңітіп
қара судың түсін өзгертеді, аз да болса дəмі бар. Кешегі тойдан Света
екеуміздің жымқырып қалған нəрселеріміз де жоқ емес — ті, соның
шетінен шымшып шығарып ертеңгі асымызды іштік. Абзалы, Света
екеуміздің партизандардың там — тұмдаған болымсыз қорегінен кішкене
бір нəрсені қымқырып қалғанымызды сезсе де, жұрт оған ренжімейтін,
қайта өз қолдарындағы тойғызбай, тек қоңқылдата беретін кішкентай
несібесінен бір үзімін ауыстыруға тырысатын. Əсіресе Кузьмич шал, соның
нені қорек қылатынын білмеймін, əйтеуір қолында бір нəрсесі болса екі
баланың аузына тосады.
Бергенін ішім жақсы көріп бара жатса да:
— Оныңыз не? Өзіңіз жесеңізші, тіпті тамақ ішпейсіз,— деп кейіген
болам.
— Сəби жесін, қызым. Сəбиге қорек керек. Маған еш нəрсе етпейді.
Кəрі адамның жұтқан тынысы да тамақ,— дейтін.
Түс қайта Қасымбек жолға қамданды. Үлкендігі кір сабындай, түрі сары
шақпақ тастарды санап, қапшықтарына салып жатыр, бұрын да көргенім
бар — мұның атын тол дейді, кəдімгі жарылатын дəрі. Осы шақпақтармен
темір жолдың көпірін бұзып, эшелонды қиратуы керек, соған қарағанда
күші жойқын бір пəле болар. Қасымбек тəптіштеп санап тық — тық еткізіп
бірінің үстіне бірін қойып жатқанда, осы құрғыр жарылып кетер ме екен
деп қыпылықтап болдым. Абан Қасымбекпен бірге барғысы келіп сұранып
еді, күйеуім оның бетін қайтарып тастады. Абанды неге ренжіте беретінін
білмеймін, реті келген жерде, оны өзіне ертпей қалдырып кетуге тырысады.
Кешке қарай Қасымбек, қасына екі ғана партизан ертіп тапсырмаға
кетті. Бұрқ ете қалса тау қопарып тастайтын алапат дəріні кішкене
қапшықтарына сықап арқаларына таңып алған, сəті түсіп көпірді бұзып,
эшолонды қиратып қайта ма, əлде арқалаған дəрілерін бір жерде жарып
алып...
Сол түні мен ұйықтай алмадым; қанша ұйықтайын деп көзімді жұмып,
қыбыр етпей жатсам да ұйқым келмеді, əлденеге көңілім құлази береді.
Көзімді тарс жұмып алсам да, жарылғыш дəрі арқалап, қараңғыда кетіп
баратқан адамдардың қарауытқан көлеңкелерін көрем де еріксіз аунап
түсем. Тақа болмаған соң, ұйықтап жатқан Дулатымды бауырыма қысып,
мойнынан, тамағынан құшырлана иіскеймін. Жас сəбидің тəтті исі тұла
бойымды түшіркендіріп, көңіл алаңымды басса да, ұйқым келетін емес. Бір
бүгін емес, бұрын да Қасымбек түнделетіп талай тапсырмаға барып
жүретін, онда да елегізіп, қобалжушы едім, бірақ бүгінгі мазасыздығым
бөлек. Адамның бойына сіңіп қалған жаман иістей кешегі жаман сезім
көңілімді жайлап алған. Сол бір бет — бедері ісініп, ескіріп кеткен өліктің
елесі Қасымбекке ұқсап та, ұқсамай да, кейде тіпті тура өзі болып, көз
алдыма келе береді. Осы елестен арылу үшін Дулатымды бауырыма қысып
көзімді тарс жұмып алам. Сөйтіп, өрелі таңды көзіммен атқыздым.
Түндегі ыстық — суығымен бірдей қарып қалтыратқан үрейім күндіз
үлкен уайымға айналды. Қасымбектер оралған жоқ. Менің хал —
жағдайымды сезеді ғой, Абан байғұс та бір — екі рет келіп, əңгімеге
айналдырып алаң қылып кетті. Сөз арасында «Қасекеңдер түнге қарай
оралар, тапсырманы таң алдында орындаса, күндіз бір жерде тасаланып...
бас бағып жатады ғой» деп менің көңілімді жұбатып қояды. Өзім де білем,
көбіне түнгі тапсырмаға барған партизандар, күндіз дұшпан көзіне түсіп
қалмау үшін бұғып жатып, келесі күні кешке, не түнге қарай қайтып
оралатын. Өне бойы сарқыла бермей, күдігімді көңіл түкпіріне тереңірек
жасырып тығындап, аз ғана қобалжып күтуге үйреніп алған сияқты едім,
бүгін сол тығынның кенеуі кетіп қалған, қанша бұралап тықсам да
тұрмайды. «Апыр — ай, мұндайым жоқ еді, осы бір шошынғаным,
жамандыққа көрінбесе игі еді» деген ой келеді де, үрейімді одан бетер
үрлей түседі.
Осындайда кісіні алаң қылатын қасындағы серігі ғой, қас қылғандай
Светаны да Носовецке шақырып кеткен, ол əлі оралған жоқ. Проша бала
бір жылдың ішінде сүйегі қатайып, соқтауылдай жігіт болған, бүгінде
менің қасымнан кетіп, жауынгер партизандар қатарына қосылып,
тапсырмаға шыға бастады. Менің маңымдағы ақшұнақ шал Кузьмич қана.
Бұ да бір сөзге жоқ, үндемейтін адам, күйбеңдеп шаруасын істейді де
жүреді, жаңа жұмыс табылмаса о жер, бұ жерін жөндеп арбасын əурелеп
жатқаны. Өйтсе де, осы шалдың жылуы сөнбейтін жұқа өңіндегі мейірімі
мен сабасынан шықпайтын сабыр — шыдамы адамның көңілін
орнықтырады екен.
Қасымбек аман — есен оралды деген хабар күн батқанда барып
құлағыма тиді. Ол алдымен мұнда соқпай Носовецке кетіпті. Отряд
үлкейген соң Носовец те үлкейген, қазір оның штабы бізден бөлек жерде.
Жақсылық хабарды естігенде қуанып, жүрегім алып — ұшып, жоқ
шаруаны қамдаймын деп əбігерге түстім де қалдым. Шай қайнатып, ас
даярлап мəре — сəре болатын... Котелекке сақылдатып су қайнатам...
қалтамның түбіне тығып сақтап жүрген жалғыз сəбізім бар, соның
жартысын турап шай шығаруым керек. Алдыңғы күнгі тойдан қалған
сарқыт, кешеден бері тамағымнан өтпей қойған бір жапырақ сүр май, қатып
қалған бір тілім наным бар — оны қалтамнан бір шығарып, бір тығамын.
Осындайда, мардымсыз болса да, кішкене бір əбігерге түсіп істейтін ісіңнің
жоғы жаман екен, қуанышымның өзі де берекетсіздеу — көңілім ала —
бұртып, байыз таппай елегізи берем.
Қасымбек көз байлана келді. Қараңғыда бет əлпетін анық көре алмасам
да, денесінің зілдей болып келгенін бірден сездім. Тым қажып, шаршап
келген түрі бар, менің бетіме назар салмастан, күркенің алдына сылқ етіп
отыра кетті. Еңсесін көтермейді, қатып қалған қара нан мен сүр майды
қарбытып асап, ұзақ шайнады. Тізесіне өрмелеген Дулатпен де ісі болған
жоқ. Əкесі дұрыстап тамақ ішсін деп, баланы көтеріп алдым, Қасымбек əлі
де төңірегіне назар аудармай, сəбіз шайды сораптап ішіп отыр. Өзі аман
келгенмен, не де болса бір жамандықтың болғанын сеземін де, шұқылап
сұрауға бата алмаймын.
— Қасымдағы екі жігіт қаза тапты,— деді шешініп жатып.
Жүдеп келгені де сол екен ғой. Қарғыс атқыр соғысы құрғырдың
шығыны болмай тұра ма, жалмап жатыр ғой күн сайын. Адам біткеннің
бəрінің қазасына шыбын жаныңды шыжғыра берсең, бұл арада соғыспақ
түгіл, жай тіршілік қылуыңның өзі қиын. Екі жігіттің қазасы көңіліме қаяу
салса да, күйеуімнің тірі келгеніне шүкіршілік қылып жатырмын, бірақ
Қасымбектің қатты қайғырған түрі бар. Басқа түссе кісінің білмейтін пəлесі
болмайды екен, ажалға да, ажалдың қасіретіне де сыралғы сұңғыла болып
алдық қой, қара нанды қақ бөліп жеп жүрген талай жақын жолдаспен де
қоштастық, менің бір байқағаным, мұндағы еркектер жолдастары өлгенде
күйзеліп, күйреп қалмайтын, үнсіз ғана ызасын ішіне тығып ширыға
беретін сияқты еді. Қасымбектің көкірегінде басқа да бір зіл жатқанын ішім
сезеді де, соны сұрауға шынымды айтсам қорқамын. Meн күтпеген жерден
Қасымбектің өзі сөйлеп кетті.
— Тапсырманы орындай алмадым,— деді күрсініп.
— Тапсырманың бəрі бірдей орындала бере ме. Бұрын да сəтсіздіктер
болып жүрді ғой,— дедім көңілін жұбатқым келіп.
Қасымбек менің сөзімді елеген жоқ, болған оқиғаны бастан аяқ айтып
жатыр, бұрын маған тапсырмаға барғандағы қауіп — қатерін айтпай,
сұрасам, «пəлендей ештеңе болған жоқ» деп жалтара салушы еді, қазір
тіпті еш нəрсесін іркіп қалмай тəптіштеп түгел баяндап жатыр. Бұлар
орманды, сай жыраны сағалап жүріп отырып, күн бата өздері бұзуға тиісті
көпірінің маңына барып жетеді. Бір кішкентай орманның шетіне
жасырынып, көпір төңірегін бақылап көреді, көздеріне ештеңе іліге
қоймайды, сірə қарауыл жоқ сияқты. Содан өздері істі асықпай, қапысыз
дұрыстап тындыратын болдық — ау, деп қуанып əбден қараңғы түскен соң
көпірге қарай жылжиды, əйтсе де сақтық жacaп, біреуі оқ бойы ілгері жүріп
отырады. Алдыңғы жігіт көпірге тақап қалғанда жақыннан атылған
автоматтың оғы турап түседі. Сол арада атыс басталып кетеді, бұлар қаша
атыс салып, алдында өздері паналаған бір шоғыр ағашқа жете бергенде
екінші жігіттің қара құсынан оқ тиіп етпетінен құлайды. Немістер де
азғантай, екі — үш адам болса керек, бұлар кішкене болса да орманға иек
артқасын, енді қуғындауға бата алмапты.
— Бірақ енді тапсырманың аты тапсырма емес пе, тірі қалған бір адам
орындау керек қой. Егер мына көпірде күзет күшті болса біздің тағы бір
нысанамыз — батысқа қарай үш шақырым жерде сайдың үстінен салған
жəне бір кішілеу көпір болатын. Содан Буздиннің арқасындағы толды
алдым да солай қарай жүгірдім,— дейді Қасымбек. Өзінің сөзі де бір түрлі,
бір ауық маған айтып жатқан сияқты болса, бір ауық өзіне айтып жатқан
сияқты, оның қатерлі əңгімесінен гөрі дауысындағы бір ызғар тұла
бойымды суытып барады.— Екі өкпемді қолыма алып емпеңдей беріппін.
Сол көпірге қалай жеткенімді де білмей қалыппын. Күзетші бар ма, жоқ па
деп қарап жатуға да мұршам болмады. Екі адам қаза тапты, енді үшінші
адам тапсырманы орындау керек. Жəне ол екеуі менің аңғырттығымнан
қаза болды. Құдай оңдап бұл көпірде күзет жоқ екен. Эшелонның да
келетін уақыты болып қалған. Содан асығыс — үсігіс толды көпірдің
үстіндегі рельстің астына орналастырдым да енді запалдан шығып тұрған
қысқа шнурға жалғайын десем... қолымда түк жоқ. Жүз метрлік бикфорд
шнуры алғашқы қаза тапқан жігіттің мешогінде қалыпты. Сасып жүріп оны
ойламаппын да...
Қасымбек үндемей қалды. Ар жағын сұрауға менің жүрегім дауамайды.
— Үш адамның екеуі қаза болып тапсырма орындалмағаннан гөрі,
үшіншісі де өліп, тапсырманың орындалғаны дұрыс болатын еді,— деді бір
кезде кенет даусы солып қалғандай ақырын ғана.
— Неге? Сенің шнурың болған жоқ қой,— деппін шошып кетіп.
— Бəрібір тұтатуға болатын еді.
— Сонда өзің қайтпексің?
Менің сөзімде мағына жоқ, шошыну ғана бар. Сол жағдайда оны
түсініп жатқан мен де жоқпын, дауысымның қалай шығып кеткенін өзім де
білмей қалам.
— Ана екеуі тапсырманы орындаймын деп қаза тапты ғой,— дейді
Қасымбек.
Енді қаза тапса мен қайтейін, əрине өкінішті, оның маған несін айта
береді, құдай сақтап өзі аман келді ғой, деп шүкірлік етіп, көңілім алып —
ұшып жатып күйеуімнің сол сəттегі хал — жағдайын да, мына айтқан
сөзінің мағынасын, сұмдық зіл салмағын да түсіне алмаппын. Қауіп —
қатерден жүдеп келген күйеуімнің тоңазыған бойын жылытқым келіп
Қасымбекті құшақтай алып едім, жансыз дене тəрізді сұлық жатқан күйі
илікпеді, мойнына асылған қолымды буынынан ұстады да, алып тастағысы
келді — ау деймін, қозғамады. Бірақ қозғалып кеткен көңіл күйін тоқтата
алмады:
— Поезд келіп қалғанда жарып жіберейін деп оқталып едім... Эшелон
дүрсілдеп үстімнен өтіп барады... Тұтатайын деп тағы да екі рет
оқталдым... Дулатжан... сен... есіме түсіп кеттіңдер,— деді Қасымбек даусы
бұзылып.
Қасымбектің сөзінің мағынасы маған енді ғана жетті. Эшелон келіп
қалғанда дəріні өз қолымен жарып... көпірдің астына мойнын тіреп, дəріге
от қойғысы келіп қолын созып, үстінен дүрсілдеп поезд өтіп барады...
Зəрем ұшып денем қалшылдап кетті. Гүрс етіп жарылған дəрімен бірге
денесі борша — борша болып...
Тұла бойым қалшылдап Қасымбекті құшақтай алдым. Мына дене
борша — борша болып шашылып жатса... қысып келіп құшақтаймын
күйеуімді. Қол — аяғы түгел орнында екеніңе көзімді жеткізгім келгендей
бар денеммен жабыса түсем. Жасаған — ай, əйтеуір тірі. Бір ажалдан
қалған екен, соған əлі де сене алмай өне бойын, аяқ — қолын сипалай
берем. Ажалға баратын күні қай — қайдағы қырсық жабысып меселін де
қайтарып жіберіп едім, көңілі құрғырым да бір жаман ырымға бастап,
кежірленіп алып еді, айрылып қала жаздаппын ғой. Құшағымды жазсам
күйеуімнен айырылып қалатындай сезініп, бар тəніммен жабысып тас
қылып қысып алыппын.
Кішкене аптығуым басылғанда барып байқадым, Қасымбектің тəнінің
бір бұлшығы бүлк етпей сұлық жатыр, менің аймалағаныма тіпті жібитін
емес, ар жағыммен бір пəлені сеземін: бұл еркектің əйелге суығаны емес,
əзірге мен түсіне алмаған басқа бір жамандықтың салқыны сияқты.
14
Соғыс сірə менің үстіме келмей жанап өтті — ау деймін. Атыстың
дауысы басылғалы да біраз уақыт болды. Келіп те жақындаған болар,
жоғарыдағы кішкене саңылау қараңғыланып барады. Күз келіп қалды ғой,
жеркепенің іші салқын, сыртқа шығуға қорқып, балаларды бір — екі рет
бұрышқа тосып алдым. Жау əскерінің соққысына шыдай алмай, біздің
адамдар сірə шегініп кеткен болар. Олардың шегінгенде қайда баратынын
мен білмеймін, əйтеуір əдеттерінше бір орманнан бір орманға тығылып,
сай сағалап, із адастырып жан сақтайтын шығар. Қайтып оралып мені іздеп
келуге оларға дұшпан мұрсат берер ме екен. Абан: «тірі болсам оралып
соғам» деп еді, Абан байғұстың іздеп келетініне сенем — ау, бірақ оның
«тірі болатынына» сену...
Бұл тасада істің ақырын күтіп тыныш жата беруге болар еді — ау, тек
тамақ жағы... Үшеуіміздің бар қорегіміз қол басындай қатып қалған қара
нанды, өзім де татпай, екі сəбиге де татырмай қаралы күнге сақтап
отырмын, əзірге əйтеуір қарындары ашып қыңқылдағанда емшек беріп
қоям. Аузына көк тимесе мал екеш малдан да сүт шықпайды ғой, аш
əйелдің де сүті мардымды болмайды екен, оның үстіне жастан асып кеткен
талыстай екі бала емген соң... іштен шыққан өз балаң о да қиын,
талдырмаш нəзік, тауықтың сары ұлпа балапанындай кіп — кішкентай
Света көзі жəудіреп қарағанда — бұ да оңай емес маған. Өзімдікіне тартып,
өгейсітіп алдым ба деп оған да қиналам. Бала деген де бəле ғой, Дулат өз
шешесіне басқа біреудің ортақ болғанын сезе ме, қызғанышы да бар. Meн
Светаны емізе бастасам — ақ, о да жалмажан екінші емшегіме жармасады.
«Енесі тепкен құлынның еті ауырмас» деп қақпайлап қоям. Жас жарымға
жетпеген баланың жадында не тұрады, өзге аналыққа теліген жетім қозы
сияқты, анасынан ажырағалы үш ай болған кішкене Света да маған бауыр
басып кетті. Бірақ сонда да осы баланы өгейсітіп алмайын деп, бір жағынан
нəзіктігін аяп, оны көбірек емізем.
Жаздағы, партизандар Орел, Курск далаларының түбіндегі үлкен
жеңісті тойлаған сол кештен кейін Носовец Светаға тапсырма берді.
Партизандарға, ендігі жерде темір жолды, жау эшелондарын қиратуға
жоғарыдан бұйрық келген екен. Содан, темір жол станциясында астыртын
жұмыс істеп ақпар беріп тұратын адам керек болыпты, Носовец Светаны
станцияға тілмаш етіп орналастырмақшы болған. Бұрын бір рет
əшкереленіп қалғанмен одан бері жылдан артық уақыт өтіп, ол кездегі
немістер ауысып кеткен. Светаны енді ешкім тани қоймас, деп түйген
Носовец тек Света баласын алып кеткісі келгенде ойланып қалды. Шекесін
қасып:
— Кім біледі. Содан бері келе жатқан бірлі жарым полицайлар бар.
Кейбіреулері жүзіңді танымаса да «Смуглянканың» екі қабат екенін біледі.
Сен қашқанда олар екі қабат əйелді іздеді ғой, сөйтіп, бала олардың есіне
кей нəрсені салуы мүмкін. Сірə сенің баласыз барғаның дұрыс болар.
Жалпы заман қандай, заң қандай, қол — аяғыңның тұсаусыз болғаны
жақсы ғой,— деген Носовец.
Сонымен ақылдаса келіп, «көп болып көмектесеміз ғой» деп Светаның
баласын маған қалдырған.
Света баласына онша елжірей қоймайтын, екеуміз көбіне бірге болдық
қой, сонда баласына керемет бір мейірімі түсіп, құшырланып сүйіп
жатқанын, немесе ерекше еркелетіп, əлпештегенін көрген емеспін; іштен
шыққан баласына менсінбей, тек құдай салған аналық борышын өтеп
жүрген адам сияқты көрінген. Шынымды айтсам, баласының шыққан тегін
ойлап, жатсына ма екен деген де ойым болған. Енді, Носовец «баланы
қалдырамыз» дегенде түсінің өзгеріп кеткенін байқадым, «еш нəрсе етпес,
өзіммен бірге ала кетсем қайтеді?» деген сөзді, Носовецтің бетіне жалына
қарап екі — үш қайыра айтты, содан қашан жүріп кеткенше қызын қолынан
түсірмеді.
Светаны баратын жеріне дейін сыртынан бақылап, шығарып салу
Николайға тапсырылыпты. Оның қандай сын екенін білмеймін,
Қасымбекке: «өзің — ақ шығарып салмадың ба» деп едім: «мен де соны
айтып едім, Носовецтің шешімі солай болды» деді ол. Носовецтің ішіне
кіріп — шығу, мен түгіл еркектердің де қолынан келе бермейді, мүмкін
бұрынғы əйелінің қандай қатерге бара жатқанын Николай өз көзімен көрсін
деді ме екен.
Света кішкентай қызының көйлек — көншек, бұйымтайын ақтарып,
түйіншегін бір шешіп, бір буып біраз əлек болды. Біздің хəлімізде жүргенде
балада қандай киім — кешек болушы еді, екі əйелдің жаялықтан, қолға
іліккен боз бен бомазидан көктеп тіккен көйлек — дамбалы ғой, «сұлуынан
жылуы» деп оның жарастығына, сəніне қарап жатқан біз жоқ. Жазды күні
балаларымыз жалаңаяқ жүрген, Света түйіншегінің арасынан шинельдің
шалғайынан тіккен қалың шұлықты шығарып:
— Күн суытып кетсе мынаны аяғына кигізерсің,— дейді.
Менің қарсыласқаныма қарамай «түн салдық ғой, оранғыш болар» ден
басындағы орамалын да қалдырды.
— Менің пальтом да қалсын. Ертең күз келгенде балаларға жамылуға...
Ана деген сорлы, əйтеуір тұла бойында бір нəрсесі болса бəрін
қалдырғысы келіп алақтай береді. Əдеттегі өзінің кісі мазасын алмайтын,
ұстамды, бұйығы сабырынан еш нəрсе қалмапты, «Надя, енді өзің бас —
көз боласың ғой» деген сөзді бірнеше рет айтқанын ұмытып қайталай
береді, «егер сəті түсіп сіңісіп кете алсам, алдырармын» дейді. Менен гөрі
қайратты, көзі де қарақты Светаға ылғи менің күнім түсуші еді, іштен
шыққан сұр жылан ананың діңкесін құртады екен ғой, осы жолы Светаның
күні маған түсті; көзі дөңгеленіп, маған жалынышты кескінмен қарайды.
Николай, белдеуге байлаған жapay құнаннан тықыршып, тағаты
таусылып асығып тұрған, ол: «ал енді, жүрейік» дегенде Света қызын
көтеріп алып екі бетінен сүйді де, бауырына қысып кішкентай баланың
бетіне бетін тақап жабысып біраз тұрды. «Кешір, мені» деген сөзін естіп
қалдым. Содан кейін жолынан қалып баратқан адамдай бетін де бұрмастан
баланы маған ұстатты да, қош айтыспастан, бұрылып жүре берді. Ұмсына
түсіп іркіліп қалдым, жүрісі əдеттегісінен өзгеше, денесі ауырлап
кеткендей аяғын сылбыр басып, еңсесі салбырап, кішкене бойы қақиып,
қадамын нық — нық басқан Николайдың соңынан еріп, кетіп барады,
артына қайырылып қарамады.
...Дулат есейіңкіреп қалды, оның үстіне ер бала ғой, емізгенде,
қолқамды суырып ала жаздайды, кішілеу кезінде сүт шықпаса емшегімді
тістеп алатын əдеті бар еді, ұрып қойғызғанмын; кішкентай Света ондай
емес, жайымен ғана талмап емеді. Байғұстың ар жағына бір нəрсе барып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 23
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.