Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 21

Total number of words is 4096
Total number of unique words is 2184
35.7 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
57.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қызуы, ерегіспен оқтан тайынбай тұрған қайсар Света, басына төнген
ажалдың бар салмағын енді ғана сезіп, оның сұмдық үрейін де бойына енді
сіңіріп, əлсіреп қалды. Құшағыммен сезіп отырмын, бір — екі рет денесін
қалтыратып тұла бойында діріл жүгіріп өтті. Тұңғыш рет көкірегімде
үлкендік сезім оянып, Светаны оттан құтқарып алған баладай бауырыма
қысып, иығынан сипаймын. Сірə, бірінші рет менің панамды сезгені осы
болар, Света да менің құшағымнан босанып кетуге асықпады.
— «Сен үлгермегенде ол атып тастайтын еді» — деді аздан кейін,
жайымен сұлық қана.
Осы оқиғадан кейін Николай, əйтеуір мен білгенде, Светамен тілге
келген емес, бір отрядта жүріп екеуі қайткенде де бір — бірімен
кездеспеудің, кездесе қалса бір — бірін байқамай өтудің амалын табады.
Света тұрсын ол менімен де, тек кездесін қалғанда бас изегені болмаса,
тілдесуден қалды. Светаны қалай жалғыз тастаймын, көбіне екеуміз бірге
болған соң, Николай енді бұрынғыдай қолы бос кезінде біздің
зілмəнкемізге келін карта ойнап, мəслихат құру былай тұрсын, тіпті бас
сұғуды да қойды, Қасымбек те екі əйелдің ортасында не бітірсін, бөлектене
бастады. Өңшең бойдақтардың ішінде жалғыз ерлі – зайыптының жүргені
ерсі екен, өзім де оның еркектердің арасында көбірек болғанын жақсы
көрем.
Света мен Николайды татуластырғым келіп талай ойландым да, бірақ
соның жолын таба алмай — ақ қойдым. Николай деген, бұрын адам сияқты
елгезек, кейде бір — ақ жарқын мінезі болушы еді, енді суға салып, шиелеп
байлап тастаған қайыстай түйілді де қалды. Оны шешетін айласын таба
алмай, Қасымбекке қыңқылдап көріп едім, о да еш нəрсенің ретін келтіре
алмады, «осындай нəрседе араға түсудің өзі қиын»,— деп қиналды.
Бұл жағдайды, егжей — тегжейіне дейін тінткілеп, оңашада көп
ойланам, бірақ өзім де дұрыс шешімін таба алмай қиналам. Ес білгелі
құлағыма сіңген қасиетті бір ұғым бар — ақ некемен қосылған
жұбайыңның көзіне шөп салу үлкен қылмыс. Еркек намысы деген қиын
болады, еріңді масқара қылып жерге қаратпа. Осы күнге дейін осы сенімім,
осы өзгермес шындық көңілімде қобалжып көрген жоқ — ты. Бірақ
Светаның жағдайы бөлек қой, мына жан алып, жан беріп жатқан заманда
адамның бір оғаш басқан қадамы, қасіретті қателігі... Ау, бəріміз де сағат
сайын өлім күтіп, оқтың астында жүрміз ғой...
Бірақ өмір деген құрғыр ажалдың аузында, оқтың астында жүрсең де
сол өмір екен, қолың тиіп кетсе ойын — күлкің, əзіл — оспағың, түк
болмағандай, қайтып оралады; бір — біріңе ренішің, өкпе — назың, ұрыс
— керісің, о да қабаттасып жүреді, əркімнің құдай берген мінезі мен
бойына сіңген ұғымы, бұ да қалмайды. Қандай тірлікке салсаң да адам
пенделігін істемей қоймайды екен, жай кезде болса бір сəрі — ау, дəл мына
жағдайда келіп еркек намысы насырға шауып, онсыз да қиын тірлігімізді
тіпті ауырлатып жіберді.
Айтып отырмын ғой, тіпті сыпсың сөз, өсегің де сумаңдап қалмайды
екен. Света мен Николайдың арасындағы жағдай сыбыр — күбір сөз
арқылы жетті ме, əлде ерлі — зайыптының арасы күрт үзілгесін өздері
аңғарды ма, əйтеуір бұл жағдай партизандарға да жеткен тəрізді, мен оны
жұрттың томсырайған түрінен танимын. Светамен ешқайсы танысып,
біліскісі келмейді, бойларын аулақ ұстайды. Əрине, осы бір жағдай болмаса
олар, жаудың қақ ортасында жансыз болып, астыртын жұмыс жүргізіп,
партизандарға керек ақпар беріп тұрған мықты барлаушы Смуглянкамен
танысып білісуге, тіпті оны көруге қандай құштар болар еді, қазір оны
білсе де білмегенсіп, көрген жерде байқамағансып жүре береді, Светаның
халін əбден сеземін, бірақ тағы да сол, оған жұбаныш айтар, жəрдем етер
қайраным болмай, оның қасіретін көкірегіме құйып алып, қосарлана
қиналам. Біреудің Светадан теріс айналып кеткені де, не айыптай қараған
сұқ көзі де жүрегіме қылқандай қадалады, кейде шап етіп ондайлардың
бетінен алуға аз — ақ қалам. «Бұл əйелдің ерлігі, еңбегі кімнен кем? Қай
сағатта, қай минутта ұсталарыңды білмей, қалың жаудың қақ ортасында
осының істегенін істеуге қайсыңның жүрегің дауар еді?» деп шақылдап
ұрысқым келеді.
Бізге келген соң көп ұзамай, майдың басында Света босанды.
Байғұстың шеккен азабына орай тағдырдың рахымы түсті ме, толғағы
менікіндей ауыр болған жоқ, оның үстіне күннің жылынған, лагеріміздің де
жау шабуылынан саябыр тапқан кезі болатын. Светадан жасым кіші болса
да бұрын босанып, оны — мұны біліп, көзқарақты болған менің де көмегім
тиді.
Партизан өмірінде де кейде қолың босап қалатын тіпті зерігіп ішің
пысатын мезгілдер де болады, тапсырмаға шығып, жортуылға қатыспайтын
Света екеуміздің ондай уақыттарымыз көбірек: ондайда əңгіме шертеміз,
өткен — кеткенді еске аламыз, баяғы өзіміздің полктың əйелдері есімізге
түседі. Арада сонша ұзақ уақыт өтпесе де, солардың біразын ұмыта
бастаппын, мына зобалаңы құрғыр ұмыттырмай қоя ма. Елизавета
Сергеевна мен Алевтина Павловна бірге кетіп еді, байғұстар қазір қайда
жүр екен. Ұрысқақ Муся қаза тапты ғой. Алевтина Павловнаның қолында
баласы бар еді — ау, бір жерді паналап жан сақтаса жақсы ғой. Менен гөрі
көзі қарақты, оң — солын біліңкірейтін Светаның да олардан хабары жоқ.
Ираида Ивановна екі баласын жоғалтып, екі баласымен жолда қалып
қойып еді. Мына сапырылысқан соғыстың ішінде қаңғалақтап бір жерде
жүр ме екен? Олармен енді қайтып қауышуымыз екі талай. Света
екеуміздің қайта ұшырасып, одан ерлерімізбен кездесуіміздің өзі
таңғажайып нəрсе, бірақ бұл кездесу маған қайыр болғанымен, Светаға
қайғы болды.
Айттым ғой, қасында қара демесең менің кісі қайғысына жұбаныш,
медет болар септігім шамалы, Света өз қайғысын өзі арқалады да, соны
қайыспай көтерді. Сонау сай бойында мылтық кезегеннен кейін ол
Николаймен тілге келген емес. Əрине Николайдың да сөйлескісі жоқ, бірақ
кім біледі, кездесіп қалғанда айыбын сезіп бұны түсініп, жалынышты
кейпімен жаутаңдай қарап, бір ауыз жылы сөз дəметіп, тіл қатысудың
амалын іздесе, еркек намысы қанағаттанып, көңілі жібіп, беті бері қарар ма
еді, Света өйткен жоқ. Күйеуінен көңілін бірден үзіп тастады да, онымен
арасында түк болмаған, жай таныс адамдай қаннен — қаперсіз жүре берді,
Николайға сірə осы мінезі қаттырақ батты ғой деймін.
Біраздан кейін Светаның келгендегі мінезінің өзгеріп кеткенін
аңғардым: босанғаннан кейін бір қатерден құтылып, көңілі орнына түсіп,
денесі сергіді ме, əлде жан дүниесінде күшті өзгеріс болды ма, енді
бастапқы жабырқау, бұйығы халінен серпіліп, зіл басқан еңсесін көтеріп
алды. Баяғы жақсы күндердегісіндей жылы шырайлы, майда қоңыр нəзік
мінезді Светам қайтып оралғандай қуанып едім, аңғарыңқырап байқасам
бұрынғы балғындығы мен ұяңдығы жоқ, өз мінезіне өзегі қатайып өзгеріп
оралған сияқты. Hұp ұялаған жұмсақ жүзі өткірленіп, өңіне қатқылдық
кірген, ішкі пружинасын қаттырақ бұрағандай ширатылыпты.
Николайға көрсеткен мінезін өзгелерге де көрсететін болды.
Байқамағансып кемсіткендерді бұ да байқамайды, айыптай қараған сұқ
көздерге айылын да жимайды, тіпті елемейді; ондайда аналардың өздері
қорланып қалады екен. Əдепкіде Светаның айыбын бөліп арқаласып, жүзім
төмендеу болып жүрсе, енді досым үшін көңілім іріленіп, мен де марқайып
еңсемді көтеріп алдым. Осының бəрін Света əдейі ерегіспен істесе, онда
мінезі ерсі болып, өзі кішірейіп қалар еді, бірақ зорланбай өзінен өзі солай
боп шығып жатқан соң, өзгелерден биіктеп іріленіп кетеді. Соны сезген
төңірек те Светаға қырын көзқарасын қойып, беттері түзелді.
Босанып есін жиып, өзіне келгеннен кейін, тұрмыстың ауырлығына
қарамастан Света қайтадан түрленіп, ажарланып кетті. Қаңсып жүрген сүр
бойдақ партизандар емес пе, енді кейбіреулер бұл келіншекке тамсанып,
ұрлана көз тастайтынды шығарды, бірақ одан əріге бата алмайды.
Светаның басы бос та, бос емес те сияқты, сондықтан екі ұдай
дүдəмалдықтан аттап өте алмай ма, олар да осы келіншектің өздеріне
бөлегірек тұрған биіктігінен қаймыға ма, не де болса əйтеуір батып сөз
айтпақ тұрсын, қысыр қалжыңмен барлау жасап, сүйкенушілер де болған
жоқ. Оларды тежеген осы соңғысы шығар, болмаса безіп кеткен Николайға
бола іркіле қоймайтын батыл жігіттер де баршылық қой. Жəне нəпсі
дегенді соғыс елей бермейді, қайта таяу тұрған ажал оны өршітіп жібереді.
Бəрін ұмыттыратын да, барлық жараны жазатын да уақыт қой. Уақыт
өткен сайын алғашқы айнудың уыты қайтып, əрқайсы сабасына түсіп,
қимастық жеңін, Николай мен Светаның арасы қайтадан жақындасар ма
екен, мүмкін тіпті табысар ма екен деген көңіл түкпірінде бұғып жатқан
əлсіз үмітім болып еді, ол үмітім сөніп барады. Светаға осы ойымды
білдіруге жарасын қасығандай ыңғайсыз көріп, бата алмаушы едім, ақыры
шыдай алма тіл тартып көрдім.
— Шынымды айтсам əуелі менің де сондай ойым болып еді. Бірақ қазір
енді...— деп Света іркіліп қалды.
— Неге? Николай сондай қатал жігіт емес қой. О да жібір.
— Оған күмəнім бар. Ол өзі тым намыскер. Бірақ өзімнің көңілім
қалды.
— Көңілім қалдысы қалай?— деп таңырқап Светаның бетіне бажырая
қараппын.
Света маған баланы мүсіркегендей жылы шыраймен сəл жымия қарап,
бір күрсініп алды, дүниеде осындай көзқарас жаман, өзің алдыңдағы
адамнан өреңнің төмендігін сезіп, кішірейіп қаласың.
— Сонда немене менің көңілім ешкімнен қалмауға тиіс пе? Ренжуге де
хақым жоқ па?
— Əрине, енді... Бірақ Николайдың айыбы жоқ қой.
— Əрине, айыпты менмін. Менің өзімнен басқа ешкімге ренжуге қақым
жоқ. Сонда астын бүлдіріп алған қаншық сияқты аяғына жығылып, етігін
жалауым керек пе?— Адамға дөкір сөз айтып көрмеген сыпайы Светаның
аузынан «қаншық» деген сөзді осымен екінші рет естідім. Екеуінде де
өзгеге емес, өзіне ғана теліп айтты, бұ жолы да, сонау орман ішіндегідей
беті безеріп кетті. Meн үрпиіп шошына қарап қалсам керек:
— Сен түсінбейсің ғой, Надя,— деп мүсіркегендей сəл езу тартты,
безерген беттің жымиғаны да жаман болады екен.
Жоқ, Светаның ашынып айтқан бір ауыз сөзінен көп нəрсені түсініп
қалдым. Бұрын байыбына жетіп ойламаппын, шынында да айыпты адам
мен айыптаушы адамның арасында қандай теңдік болмақ. Бірі өмір бойы
өзін қорсынып жүрсе, бірі кешіргенін бұлдап, жарылқағандай ерсініп
жүрсе... сұғанақ көздерге сырты бүтін көрінгеннен басқа не пайда.
— Мұндайды бүтіндеу үшін өте күшті махаббат керек,— деді Света
аздан кейін, көңілім басып ойлана сөйлеп.— Ондай махаббат менде жоқ.
Егер ондай махаббат болса ақылыма əл бермей шашымды жұлдырып,
еңіретіп аяғына жығар еді ғой. Ондай махаббат Николайда да жоқ болып
шықты.
— Неге, Николайдың сен дегенде шығар жаны басқа емес пе еді?—
дедім мен.— Тек əншейін намысы буып... еркек емес не? Болмаса ол сені
əлі де жақсы көреді. Қимайды.
— Мүмкін. Бірақ нағыз махаббат намыстан да аттап өтеді.
— Еркек намысы деген оңай ма, ойбай — ау. Оның үстіне кілең
жігіттердің арасында жүрген соң... Олардың кекесінді көзқарасының өзі
намысын шабақтап болады ғой. Еркектің сыры белгілі ғой, ол тек содан
қорқып жүр. Болмаса, құдай біледі, ол сені жақсы көреді. Соны менің ішім
сезеді,— деп Светаға бар білген шынымды айттым.
— Оны да білемін,— деді Света байыппен.— Мен көп ойланғанмын.
Сенімен орман ішінде ажырасқаннан бері мені не ойламады дейсің.
Николай да сол ойлаған жерімнен шықты. Ойлап қарасам ол өзгелердікінен
сұлу əдемі əйелді қолына түсіріп, соны жақсы көріп, иə, жақсы көріп,
жұрттан қызғанып қызғыштай қорып жүрген адам екен. Енді сол
аяныштысын ит жыртып кеткен соң іші күйіп өлердей болып жүр.—
Светаның өңіне ащы мысқыл ойнап шыға келді.— Meн сұлу əйел емес —
адаммын. Шын жақсы көрген адам ең алдымен, сол адамның қасіретін
түсініп, қайғысын бөлісу керек емес пе?
Светаның мына сөзіне мен қатты тоқырап қалдым. Менен білікті
ересек, оның үстіне қасіреті қатты толғантқан əйел... менің алдымнан бір
терең шындық ашып отыр. Сол шындықтан мықтап ұстанғым келіп,
ойыммен қарманам, бірақ қолыма ілікпей уысымнан шығып кете береді.
Менің ана сүтімен бойыма сіңген ұғымымда əйел еркектің құдай қосқан
қосағы, басыбайлы, өмір бойы еншісіне тиген адамы, басқа ұғым болады
деп ойлаған да жоқ едім. Еркек бас, үйдің иесі, бала — шағаның иесі де
сол. Қамқа əжем де «шапылдап еріңнің бетінен алушы болма» деп
үйреткен. «Əйел теңдігі» деген де мен үшін, мен үшін ғана емес — ау, бүкіл
қазақ əйелдері үшін, көңілі қалған адамына қосылудан əріге онша ұзап
шыққан емес. Ал, өзім көрген орыс əйелдерінің теңдігі біздікінен молырақ
болғанмен ерінің жалақысын қолына алу, ерлерімен бала бағу, жаялық жуу
тəрізді үй — іші от басындағы жұмысты бөлісуден əріге бармайтын сияқты
еді. Мына Светаның айтып отырғаны басқаша, ол тіпті еркектік,
ұрғашылық шаруасынан да биігірек. Сонда ерлі — зайыпты адам қанды
көйлек дос болған екі ер азамат сияқты терезесі тең... бірін — бірі
сыйлайтын, түсінетін... қасіреті болса қақ бөлісетін... тоқта... тоқта... мына
ойы түскірі мені қайда алып бара жатыр? Солда мен Қасымбекпен теңмін
ден жүрсем кем болғаным ба? Бұрын ойламаппын — ау, енді ойласам ар
жағы аңырайып ашылып барады. Ол үлкен, мен кіші жас жағын айтпаймын
— ау, ол қамқоршы мен соның қамқорындағы пенде, ол күшті мен осал.
Əрқашан да оның бір демі үстем, мен оның ығындамын. Тіпті бір ауылды
аузына қаратқан Қамқа əжемнің өзі «еріңнің бетіне келме», «еріңнің сағын
сындырма» деп үйреткен жоқ па; өзі үстем бола тұрып, еркектің үстемдігін
о кісі құлағымызға сіңірген. «Əйел жолы жіңішке»— өзім ес білгелі бұл
сөзге қарсы дау айтқан қазақ əйелін көрген емеспін. Əйел аяғын қия
баспауға тиіс. Əрине қазақ əйелінің бəрі бірдей етегіне намаз оқып
отырмаған шығар, бірақ ондайда іс насырға да шаба бермейтін, байлары
қамшының астына алып, тарсылдатып сабап алады да бітісіп кете береді.
Қатын қоя берген қазақ, кейін көбеймесе, əзірге азғантай. Дегенмен
күйеуінің көзіне шөп салу масқара. Ал, ондай істі еркектер істесе,
масқарасы тұрсын мақтаныш. Өзім көрген орыс əйелдерінің ішінде
кейбіреулері «мен күйеуімнің опасыздығына төзе алмаймын» деп мақтана
паш етіп, күйеулерінің аяғын қия бастырмай, əр қадамын аңдып əлек
болатын. Аңдығаннан кейін — ақ адалдықта қандай қасиет қалатынын
білмеймін.
Светаның осы бір сөзі менің кішкене миыма сыймай басымды шырдай
қатырды. Бірақ қиын да болса еліктіріп əкетіп барады. Сол ойды қуалап
келе жатып, адасып қалып, ауытқып кете берем. Дегенмен бір нəрсенің
ұштығынан ұстаған сияқтымын. Əрине, бұл «мен тең болам» деп еріңнің əр
қадамын, істеген ісін, сөзін өлшеп, есеппен теңесетін теңдік емес, бұл бірін
— бірі жақсы көрген екі адамның ақыл ойының теңдігі, түсінісуі...
Мəссаған, тек сонда ғана қалтқысыз, шындап сыйласуға болады екен — ау.
Николай Светаны шынымен сүйіп, дос, жолдас жақын адам деп сыйласа,
жұрттың кекесін мазағына бір түкіріп, тіпті қосылмаса да, оның қасіретін
түсініп, білуге тырыспас па? Ал, Света болса, ішінен сезеді, сұқ көздерге,
ішінен жегідей жеп жатқан жан жарасымен жалғыз алысып келе жатқан
жоқ па? Тірі болса бұл азабы бүгінмен бітпейді ғой, сонда қасындағы жары
қайда?
Meн бір ұзын сонар ойға түтіп кетіппін. Светаның бір рахаты, сенімен
іштей сөйлесіп отырғандай ойыңды бөлмейді ғой, кенет ұйқыдан
оянғандай басын көтеріп алып:
— Света, дұрыс айтасың. Дұрыс,— дегенде ол селт ете қалды.
— Нені?— деп таңырқай қарады да, менің ойымды түсініп, «а — а» деп
езу тартты.
— Шын жақсы көрген адам... қасіретке түскен қосын жалғыз тастамау
керек. Əйел мен еркек етек басқа да... былай терезесі тең дос, бір — біріне
серік, сүйеніш болуы керек емес пе? Meн сені түсінемін,— дедім.
Светаның не түсінгенін білмеймін, жаман орысшаммен бытып —
шатып жеткізгенім осы болды. Ар жағымда сайрап тұр, бірақ оны мен
орысша түгіл қазақша айтып та жеткізе алатын емеспін, əйтеуір сонда да
Света бір нəрсені ұқты — ау деймін.
— Бір — бірімізді түсінген сияқтымыз,— деді де сол жымиып езу
тартты.— Орман ішінде бала емізіп отырған екі қатынның əңгімесі тым
алыс философияға алып кетіпті ғой,— деп күлді содан кейін.
Светамен арамыздағы осы əңгіме мені біраз толғантса да, шынымды
айтсам, Қасымбектен терезем тең, өріс — өрем деңгейлес, деген ой мені
бұрын да онша мазаламайтын, кейін де көп толғанта қойған жоқ — мені
қинағаны осы отрядта жүрген өзге жұртпен теңелу болды. Иманды болғыр
Дуня апайдың үйінде балпиып жатып алғанда онша қиналмаушы едім, ал
мына жаумен жағаласып жорықта жүрген адамдарға, он жерден командир
əйелі болсаң да, салмақ салу тіпті ыңғайсыз екен. Əрине салмағың жалғыз
күйеуіңе емес, көпке түсетіні белгілі, ондайда біреудің болмаса біреудің сұқ
көзіне ілінесің. Дүниеде, өзгелерге масыл болып жұрттың сұқ көзіне
іліккеннен асқан қорлық бар ма, осыны ішім сезіп, елегізіп, лагерьге келген
күннің ертеңінен — ақ мына жұртқа масыл болмаудың амалын ойлап, жан
— жағыма алақтап екі қолыма жұмыс іздедім.
Осындайда атам қазақтың айлакерлігінің бір пайдасы тиді. Босанған
соң шуы кеппей жатып — ақ, белін түрме белбеумен тас қылып таңып
алып, орнынан тұрып, малын сауып, қазан — ошағына қарап, шаруасына
кірісіп кететін қазақтың əйелі емеспін бе, мен де бауырымда балам бар екен
деп балпиып отырғаным жоқ, оның үстіне өмірдің өзі — ақ мені іске
араластырмай қоймады. Үй — күйсіз, орман паналап жорықта жүрген
еркектердің, бір мен емес, мен сияқты он шақты əйелге жетерлік тіршілік
мұқтажы болады екен. Еркектер кір — қоңын өздері жуғанмен, жыртық,
тесігін жамау қолдарынан келе бермейді. Күнде жорықта жер бауырлап
еңбектеп, бұқпантайлап жүргенде шөгір мен шөңге, бұтаның тікенегі
киімді қоя ма, қазан — ошақты былай қойғанда, осы əркімнің жыртық,
тесігін жамаудың өзі бір басымнан асып жатыр. Жəне партизан өмірінде
қат емес нəрсе жоқ, көбіне тігетін машина жіп те болмай қалады, мұндайда
да сол қазекемнің мұқтаждық үйреткен жоқты бар қылатын өнерінің
пайдасы тиді; бір жапырақ шүберек болса соны суыртпақтап, ширатып жіп
жасап алып тіге беремін.
Əуелгі кезде, командирдің əйелі, оның үстіне жөргекте баласы бар, деп
партизандар маған ұсақ — түйек жұмысын айтуға бата алмаушы еді, бірақ
бір кемедегі сияқты жорықтағы өмір де үлкен мен кішінің айырмасын
азайтып, адамдардың арасын жақындастырып жібереді екен, партизандар
маған да тез үйреніп алып, еркектердің ебедейсіз қолынан келмейтін істерін
іркілмей əкелетін болған. Ондайда, рахмет жауғырлар, «ой, Надя, сен
болмасаң біздің күніміз не болмақ», «сен болмасаң қолымыз кесіліп
қалғандай» деп қолпаштап, жарым көңілімді марқайтып кетеді.
Əсіресе бір бағамның көтерілген жері болды. Партизандар ашыққан
кезде біреу ғайыптан бір қап бидайды қолға түсіріп лагерьге алып келіпті.
Алғашқыда қуанып қалған партизандар, орман ішінде оны тартатын
диірмен жоқ, неғыларын білмей қатты састы. Біреулер «қайнатып жесек
қайтер екен» деп дағдарып, шыдамағандары шикі бидайды шымшып
ауыздарына салып талмап жатыр.
«Диірменнің де, қайнатудың да керегі жоқ, қазір пісіріп берем» дедім
де, таяқтың басына шүберек орап былғауыш жасап алып, бидайды қуырып
жібердім. Быртиып, қызара бөрткен ыстық бидайды күрт — күрт шайнап
жұрт мəре — сəре болды да қалды. «Ой, мынау не деген тəтті» деп маған
алғысты жаудырып жатыр. «Как у тебя здорово получается? Бізге де
үйретші» деп жалынады.
Өстіп, баламды көтеріп жүріп — ақ партизандарға кəдімгідей сіңісіп
алдым, өзімнің орным, істейтін толып жатқан шаруам бар, қажеті келіп
қалғанда «Надя қайда?» деп іздеп жатады. Тек қоныс ауыстырғанда, немесе
лагерьге дұшпан төтеннен шабуыл жасаған кездерде ғана өзгелерге
ауыртпалығым түседі, бірақ біздің партизандар оған да үйреніп алған.
Талайды көрген солдаттардан естуіме қарағанда — майдандағылардың да
бəрі бірдей жаумен бетпе — бет соғыспайды екен, біразы штабта, обозда,
тылда сол соғысқандардың жабдығымен жүретін көрінеді. Соған қарап,
тікелей соғыспасам да сол соғысқандарға қолғабысым тиетінін көріп
масылдық сезімнен айыққанмын.
Жоғалып кетіп Қасымбекпен қайта қосылған өмірім оқып келе жатқан
кітаптың жыртылып қалған біраз бетін амалсыз аттап өтіп ар жағынан
жалғаған сияқты болды ма қалай, əйтеуір əдепкіде үзіліп қалған, жетпей
тұрған бір нəрсесі болды. Үш — ақ ай отасқан жас келіншек пен жас күйеу,
қызығы басылмай жатып бір — бірінен айрылып қалып, енді келіп, аяқ
астынан баласы бар, үйлі — баранды ерлі — зайыптар болып табыстық.
Осы бір хəліміз екеумізге де тосындау көрініп, оның үстіне аздап
жатырқасып та қалған екенбіз; соны білдіртпеу үшін, алғашқы күндері бір
— бірімізге артығырақ ықылас көрсетіп, орынсыз елпектейтінімізді де
байқадым. Күйеуіме деген бұрынғы жақындығым, ол жайлы бұрынғы
білген — түйгенім өзгеріп кеткен бе, əлде екеуміз де өзгеріп кеткенбіз бе,
əйтеуір бір-бірімізді қайтадан танып келе жатқан сияқты болдық.
Екеуміз қайтадан ұшырасқаннан кейін ортамызда бала тұрды. Сəбидің
алғашқы қызыл шақа шарана кезінде, Қасымбек балаға онша ықыласты
болмады, менің көңілім үшін баланың бетіне қарап кішт — кішттеп
ыржиғанмен, ар жағында осы бір ғайыптан пайда болған қызыл шақаны
іштей жатырқап тұрғанын сезетінмін. Содан кейінірек сəби адам бейнесіне
кіріп, бет — бедері айқындалып, бетіңе қарай ыржиятынды шығарғанда
Қасымбек тіпті өзгеріп кетті. Баласын қолына алып, сілкілеп күлдіріп,
соның езу тартқанына мəз болып, «көрдің бе, көрдің бе?» деп мені
жұлқылап, қуанышқа кенеліп қалатын болды. Əсіресе, алғашқы кезде қолы
босап кетсе — ақ баласымен əуре, жас сəби күн өткен сайын тосын бір
мінезі мен қылығын танытып отырады ғой, Қасымбек соның əр қылығын
өзі ғана көріп, шешесі көрмей қалатындай «мынаң қарашы, қарашы» деп
менің мазамды алады, «көргенмін, білемін» деп қайрылмасам кəдімгідей
ренжіп қалады. Əрине, көбіне екеуміз баланы бірге қызықтап, қосыла мəз
боламыз. Қасымбек мені сүймей, баласын аймалай береді деген қызғаныш
жоқ кеудемде, оның баласына деген ықылас — мейірімі менің де ішімді
жылытып қоя береді. Күйеуім қазекеңнің көп еркегі сияқты, кəдімгі
балажан болып шықты. Абзалы, балажан еркекті əйелі де жек көрмейді ғой.
Кішкентай Дулатжан ата — анасына ғана емес, белгісіз түзде жортып
отбасы ошағының жылуын аңсап жүрген еркектерге де жақсы ермек болып
алды. Өтіп бара жатқан біреуі қайрылмай, оны еркелетпей кетпейді,
кішкене сəбиді көргенде партизандардың түзде тотыққан суық жүздері
жылып қоя береді. Ылғи кісі өлтіріп, өздері де сағат сайын ажал тосып,
ыстық пен суыққа, жақсылық пен жамандыққа қатып алған сұсты
еркектердің сауыстанып кеткен жүректеріне, кішкентай қорғансыз сəби бір
тамшы жылу тамызып еткізеді. Байқаймын, сын сағаттарда қанша
ауыртпалық — əлегі болса да, мына қарғыс атқыр, мұздай суық, сұрқай
өмірдің ортасында жылтыраған кішкентай нəзік шырақ... бəрінің көзін
тартып көкіректерінде мейірім отын тұтататын сияқты. Қолы босап
кеткендері — ақ Дулатпен əлек болып, оны секіртіп, атқылап қағып алып,
баладан бетер өздері мəз болып жатқанын көрем.
Қасымбек жұрт көзінше, төңіректей беруге ұялғанмен баласын сүюге
ұялмайды. Енді ол маған деген ішкі сезімін тікелей білдіруге қысылып, осы
бала арқылы жеткізіп жататын сияқты, не де болса, əйтеуір екеуміздің
ықылас — пейіліміз осы кішкентай нəрестенің балғын тəнінің үстінде
түйіседі. Бұл бала екеуміздің жақындығымызға бұрынғыдан басқаша,
бөлекше бір сипат мағына берді; əлі сыр мінез болып, сырына қанықпаған,
жаңа ғана үйренісіп келе жатқанда соғыс ажыратып, жатырқатып тастаған
екі жастың арасын бірден жалғастырып, бір ұя қылып, кіндігін біріктіріп
жіберіп еді. Сөйтіп, аяқ астынан үй болып кеттік те, бір — біріміздің артық
— кемдігімізді, жақсы — жамандығымызды, бір — бірімізге деген
ықыласымыздың да көп — аздығын ойлауға пұрсатымыз болмаған. Оны
жəне ойлатпайтын да нəрсе бар: ол соғыста жүрген адам өмірінің
баянсыздығы. Күдерімді үзген кезде күйеуім ғайыптан кездесіп еді, бір күні
ғайыптан жоқ болатын сияқты көрінеді де тұрады. Осы бір берекемді
қашырған жылымшы күдіктің өткір уытын уақыт қайтарған сияқты еді —
ол құрғыр үшті — күйлі жоғалып кетпесе де, жанымды онша қинамай
жарымайтын да жазылмайтын сыздауық сияқты бір бүйірімде тыныш қана
жатып алған — ды. Жүрегі түскірдің қатерді күні ілгері сезетін пəлесі бар
ма, уақыты жеткенде мүлгіп жатқан күдігім оянып, жарылмаған жарам
сыздап қоя берді.
Биыл жазда партизан өмірінде кездесе бермейтін бір тамаша отырыс
болып еді. Тапсырмаға кеткен бір топ қолдарына біраз тамақ та, арақ та
іліктіріп, олжалы қайтқан екен. Азықтың тапшы кезінде қытымырлық
жасамаса бола ма, Қасымбек азық — түлікті есепке алып, шашау
шығармай, тығып тастап, ішімдікті де ешкімге татырмай отырғанда
Носовец келе қалды. Əншейінде салмақты, сабасынан шықпайтын мығым
кісі осы жылы ішіне сыймай баратқан бір нəрсесі бардай сабырсыздау
көрінді. Сөзі де жылдамырақ, даусы да қаттырақ шығады, «мұның бəрі
əншейін, сендер білмейсіңдер, үлкен нəрсе алда» дегендей тапсырманың
орындалуын да бұрынғыдай тəптіштеп сұраған жоқ, Абанның қызына
баяндап жатқан сөзін сабырсыздау тыңдады. Содан кейін:
— Өте жақсы. Бірақ үлкен іс енді келе жатыр, жігіттер. Орел мен Курск
түбінде біздің əскер жауды талқандап үлкен шабуылға шықты. Бұл үлкен
жеңіс. Ал, жолдас Еділбаев, қолға түскен олжаңды ортаға сал. Жеңісті
тойлаймыз бүгін,— деді.
Іштеріндегі ең үлкен жəне қатал да салмақты кісінің көтеріңкі көңіл
күйі өзге жұртты тіпті қыздырып жіберді. Партизандар бір — бірін
жеңіспен құттықтап, дабырлаған қуанышты дауыс орман ішін басына
көтеріп, кəдімгі бір дырду басталып кетті, кейбіреулері уралап айқайлап та
жатыр. Жұрт қызыл əскер тура қасымызға келіп қалғандай қуанды,
ешкімнің ертеңгі күнді ойлағысы келетін емес, олжадан келген азғана азық
— түлік мен арақ — шарап ортаға түсті. «Жеңіс үшін!», «Жауды құрту
үшін!» алғашқы стакан, кружкалар құтылып кетті. Əншейінде шиыршық
атып ширығып, қабағы ашылмай жүретін солайдың да осы жолы тығыны
ағытылып кетті. Сырлы кружкадағы арақты қылқылдатып көтеріп тастады
да, жұдырығының сыртымен аузын сүртіп, жұрттан ұялмай екі саусағының
арасында бас бармағын шығарын екі танауын кезек иіскетті де:
— Раз пошла такая иьямка, режь последний огурец,— деп қалды.
Біреулер қарқылдап күліп, жұрт мəз болып жатыр. Менің бір
байқағаным, соғыстағы адамдар аз нəрсеге қуаныш, жоқ нəрсеге күліп мəз
болысып жатады; бұ да бір іш құсаға алдырмаудың, адамның ақылы емес,
соқыр сезімі тапқан амалы болу керек. Жаздың жайлы кешінде көк
майсаның үстінде жұрт дөңгелене отырған — ды, кейбіреулері шынтақтап
жатқан — ды, бірақ қыза келе көбі орындарынан тұрып кетті.
Света екеуміз кенеп қапшықты сілкіп — сілкіп, дастарқан қылып
жайып соның үстіне ас дайындап жүрміз. Қайнатып, пісіріп жатқан
ешнəрсеміз жоқ, бірақ немістерден түскен нан, сүр май, колбасаларды
турап, қарық қылып тастадық. Партизандар ішіп те, жеп те жатыр.
— Эх, шіркін өзіміздің орыстың арағы болар ма еді! — деп арман
қылады біреулері, сіміріп тастап кружканы жерге қойып жатып.
— Арақты айтасың, самогон болса де, шіркін. Немістің арағы мейіріңді
қандырмайды.
— Мына құрғыр кісіні ала алмай жатыр. Шайынды ішкендей əншейін.
Əйтсе де, немістің арағы да осыларды «алды — ау» деймін, гүжілдеген
жұрт енді əнге басты. Ішу жағына келгенде біздің Абан да орыстардан
қалысатын емес, əншейінде дабырлақ жігіт тіпті даңғырлап кетті.
— Жеңіс үшін! Енді Нəзираны елге қайтаратын кезіміз жақындап
қалды. Менің жеңгемнің елге аман — сау жетуі үшін!— деп, көптің гүжілін
басып, айқайлай тост көтереді, енді бір — екі ұрттағаннан кейін мені
ауылға да жеткізіп салатын түрі бар.
Арақ ішпесем де жұрттың буына кəдімгідей қызып қалған түрім бар,
ауылға жетпесем де жарты жолда бара жатқандай, уайым — қайғыны
ұмытып, дүниеге нұр жүгіріп арқа басым кеңіп барады. Əдетте қатқыл өңі
сирек, өзім қаймыға беретін Носовецтің жағасы жайлау дархан болып
алған.
— Құйсаң құйшы. Партизанға күнде той бола бермес,— деп, кəдімгідей
ыржиып кружкасын тоса береді.
Қасымбектің алдында отырған Дулаттың қолтығынан түрткілеп,
қытығын келтіріп, күлдіреді. Содан екі саусағын ашалай шошайтып:
«мүйізді теке, мүйізін шошайтып, сүзеді сені...» деп баланы үркітіп
ойнатып өзі де мəз болады. Кенет күлкісін тыйып:
— Біздің орнымызды басатын осылар,— деп үлкен бір ой айтып
тастады.— Жорықта туып, шынығып өскен нағыз мықты солдат осы
болады,— деп мақтап Дулаттың арқасынан қағып қойды.— Солай ма,
жігітім?
Жұрттың бəрі көңілді. Ең аяғы Кузьмич дейтін ақшұнақ шал да
көңілденіп алыпты, өңі жылтырап, əркімнің бетіне жымия қарап
рахаттанып отыр. Осы бір ат жақты, жұқа кең танауы делдиген пісте
мұрынды кішкене шал біздің отрядқа биыл көктемде келген. Сақал —
шашы мамықтай аппақ, жұрт оны «Кузьмич» десе де, мен өзімше
«Ақшұнақ шал» деп атап кеткем. Менің осы жұртқа, сыртыма шығарып
айтпайтын, іштей қойып алған аттарым болады. Өзі баяғы лагерьге жау
тигенде мені ат шанамен алып қашатын, кейін менің көз алдымда қаза
тапқан Саша деген жігіттің əкесі екен. Баласы қаза болғасын үйінде отыра
алмай, «баламның орнын басамын» деп біздің отрядқа келген. Содан
обозда, көбіне екеуміз бірге боламыз. Басында «қолыма қару алып, жұртпен
бірге соғысамын» деп қиғылық салып еді, Қасымбек:
— Отағасы, обоз да соғыс,— деп тыйып тастаған.
— Əрине, обозсыз соғыс болмайды ғой... Бірақ баламның кегін өз
қолыммен қайтарсам деп едім...— деп шал қинала тұрып тəртіпке
бағынған.
Баласының көз жұмған сəтінде қасында болғаным үшін бе, өзі мені
кəдімгідей іш тартып жақсы көріп кеткен, ылғи «қызым» деп сөйлейді,
Дулатты да еркелетіп, ермек қылып алды, оны «немерем» дейді. Онша көп
сөзді кісі емес, баласының қаза тапқан жағдайын да, мен бір айтқан соң,
қайталап сұрамады. Өзі бір шаруаға мұқият адам екен, «қызым, əжетке
жарамайтын нəрсе болмайды» деп сабақты жіпті жолда қалдырмайды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 22
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.