Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 18

Total number of words is 4166
Total number of unique words is 2120
36.6 of words are in the 2000 most common words
51.5 of words are in the 5000 most common words
60.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қисайып құлап барады екен. Ақ құйрық, ақ жал шабдар ат құлағысы келмей
тырмысып, ышқынып аяқ серпіп қайрат қылды да, ақыры шамасы келмей
қамытымен шананы аудара құлады. Шанадан домалап бара жатып бір
қолымда құндақтаулы кебенек, қалай домаласам да айрылмайтын бір əдет
тауып алыппын, бір қолыммен жер таянып, қонышыммен қар күреп
түрегелдім. Шабдар аттың қолтығынан шүмектеп қан атқылайды,
омырауын жуып кетіпті, — жануар жаны шығып баратып тезек тастан
жіберді. Ақсары жігіт неғыларын білмегендей бір сəтке ақырып қалды да,
содан кейін шырқырап жылаған баланың даусын естіп, маған бұрылып:
— Неғып тұрсың?! Қаш тезірек,—деп айқайлады.
— Қайда қашам?— деппін сасқанымнан.
— Ана жаққа қаш,— деп ол қолымен сілтеді.— Орманның түбіне қарай
қаш!
Ол сілтеген жаққа қарай емпеңдеп жүгіре бердім, баласы түскір
шырылдап жылайды келіп. Оған қарайтын мұршам қайда менде, екі
өкпемді қолыма алып, байпағымның қонышымен қар күреп, жанығып
келем. Сүрініп кетсем де, əйтеуір құламаймын, жүрелеп барып, бос
қолыммен жер тіреп түрегелем, сілтеген жаққа дұрыс бара жатырмын ба
екен, деп ауық — ауық қайырылып артымдағы ізіме қараймын. Ізім
қиралаң — қиралаң болса да бағыты дұрыс сияқты. Əлгі жігітті көзімнен
таса қылып алдым.
Білмеймін үрейім үлкейтті ме, əлде орман ішінің жаңғырығы күшті ме,
мылтық даусы патырлап тым қатты естіледі, бірақ алқынып аузыма
тығылған менің жүрегімнің дүрсілі одан да қатты. Сонда да шырылдаған
баламды кеудеме қыса түсем, əйтеуір дауыс шығарып жатса жаны бар
болғаны ғой. Жүнін жұлған тауықтай жапырағы мен бұтасынан айрылған
орманның панасы да аз, сойдиған, қадау — қадау ағаштың арасымен
жүгіріп келем. Кейде терекке арқамды тіреп, дем алам, шаршады ма, байғұс
бала да жылауын қойды.
Мен қашқалы бір сағат өтті ме, бес минут өтті ме, білмеймін, өз
ойымша өмір бойы жүгіріп келе жатқан сияқтымын. Ақыры атыс сейіліп,
патырлаған мылтық даусының жаңғырығы əлсіреп алыстан естілгенін
сездім, өкпемнің өшкенін сонда ғана біліп, теректің түбіне шоқиып отыра
кеттім, Алдыма өңгерген үстіндегі құндақ тіреп, екі иінімнен дем алып
біраз отырыппын.
Бір кезде басымды көтеріп жан — жағыма қарасам, жуан қызыл балтыр
самырсын ағаштарының арасында отыр екем, жоғары биікте, жайыла
біткен бұтақтары отау үйдей қауқиып, бір — бірімен иін тіресе тұтасып
көкті бүркеп алған. Төңірегімді шолып өтіп, қолымдағы құндаққа көзім
түскенде... құндақтың өкпе тұсы қып — қызыл қан. Жар басында домалап
кеткен сарғыш құндақ... құдды сондай мынаның да өкпе тұсы қан. Қай
жерде оқ тигізіп алдым? Шошып қарауға жүрегім дауаламай, киттей де
болса қорқынышты сағатты алыстатқым келіп, мелшиіп отыр едім,
танауымның астынан жып — жылы жылымшы бір нəрсе ағып ерініме келіп
тиді. Соның ашқылтым дəмінен тыжырынып еріксіз сүртіп алып едім.
Қан... мұрным қанаған екен.
Бойымды бүріп алған мұздай қорқыныш ақырындап əзер тарады. Енді
тіпті тыныш жатқанға тұншықтырып алмадым ба екен деп тағы күдіктеніп,
қолым қалтырап құндақтың бетін аштым, тірі екен. Беті бүрісіп, қатты
өкпелегендей аузы кемсеңдеп, өзінің үйреншікті айқайына басты. Қолым
əлсіреп қалған ба, өңірімді ашу да оңай болған жоқ, байғұс баланың қарны
ашып қалған екен, солқылдатын келіп сорады; мына жаныққан жанталаста
қайбір сүт болсын, ауық — ауық ызаланып бақырып қояды.
Əбден ентігімді басып, есімді жинап, төңірегіме көз салдым. Мылтық
даусы естілмейді, жолым болып, жаудан қарамды үзін кеткен түрім бар.
Төңірек жым — жырт, ымырт үйіріліп, көз байланып келеді. Баламның ар
жағына, аз да болса, ел қондырып бетін бүркеп, қалжыраған денем
балбырап дем алып, тағы да біраз отырдым. Тек астымнан сыз өтіп, тұла
бойым құрысып тоңази бастағанда орнымнан тұрдым. Осы кезде барып
орманның ішінде жалғыз қалғаным есіме түсті. Манағы ат айдаған жігіт
қайда? Сиыр қуалаған Прошка қайда? Жалпы біздің адамдар қайда?
Оларды қай жақтан іздеуім керек?
Қай жаққа қарай жүрерімді білмей, состиып тұрып қалыппын, бір
қатерден арылдым ба дегенше болған жоқ, тағы да бір қауіп алдымнан
көлденең шыға келді — адасу қаупі жауып тұрған оқтан жеңілірек
болғанмен, бұ да мені аз қинаған жоқ. «Орманның түбіне қарай қаш» деген
ат айдаушының сөзі есімде қалыпты, бірақ орманның ортасы қайсы, шеті
қайсы, ен далада өскен мен бейбақ оны он жыл ойласам да, таба алатын
түрім жоқ. Миымның жеткен жері, ең əуелі алдымды емес, қарға түскен
ізіме қарап артымды анықтап алу. Содан не де болса тəуекел деп, ізімді
жалғап сол бағытпен тарта беру.
Шамамен бағытымды белгілеп алдым да жүре бердім. Көз байланып
қалды, қараңғылық қоюлаған сайын менің үрейім де қоюланып, тұла
бойымды құрыстырып барады, оның үстіне түнге қарай аяз да қатайып
келе жатыр. Бір жүрем, бір тұрам. Бір кезде саусағыма жып — жылы бір
нəрсе тигендей болды, қолым суланып шыға келді. Балам кіш етіп
қойыпты. Енді не істеймін?.. Астын құрғатып, жаялық алмастыратын... бар
бітіргенім, пальтомның түймесін ағытып, қойныма тығып алдым. Енді
қайтейін өз жылуыммен кептірмесем...
...Сол күнгі түн маған ғұмыр бойы таусылмайтындай көрінді. Ауық —
ауық тоқтап, ағашқа арқамды тіреп, баламды кеудеме қысып, жүрелеп
отырып дем алам, бірақ түнгі аяз байыз таптырып ұзақ отырғызбайды, тағы
да бүкшеңдеп жүріп кетем. Қараңғы қалың орманның ішінде бағыт
бағдарымды əбден жоғалтып алсам да əйтеуір жүре берем, «адасқанның
алды жөн»,— өзіме бара жатқан бағытым дұрыс көрініп еді, біраздан кейін
оған да күмəнім күшейді. «Осы мен кері бара жатқан жоқпын ба» деген ой
жүрегімді лоблытады. Алдым қайсы, артым қайсы? Содан кейін тіпті
басымды ауыртып, бағытымды ойлауды да қойдым. Жүремін де отырамын,
отырамын да тағы жүрем. Кейде отырғанда мызғып кетемін де, аздан кейін
тоңып оянам. Қарлы орманның ішінде пана болар еш нəрсе жоқ, тек
қимылдау керек, қимылдау керек, мен шаршасам да аяқ шаршатпайды. Бір
— екі рет баламды еміздім. Өңірімді ашқанда аяз қарып кетеді, Дулаттың
кіп — кішкентай беті мұп — мұздай болып кеудеме тиеді. Өңіріммен
бүркеп, тас қылып қымтап алам, аздан кейін кеудеме жел кіріп тоңазыған
бойым жылынып исіне бастаймын. Қалжыраған денеме жайбарақат, жылы
тыныштық құйылып, өзімді — өзім ұмытып мүлгіп кетем, содан тоңазып
барып оянам да қайтадан түрегеліп бүкшеңдеп жүре берем.
Март айының басында түн қысқара бастайды деуші еді, мына түн он
есе ұзарып кеткен сияқты. Қолымда сағатым жоқ, қанша уақыт өткенін,
таңға қанша қалғанын... Маған салса ендігі екі — үш таң ататын мезгіл
өткен тəрізді. Аспанда ай жоқ, күңгірт жұқа бұлттың арасынан сирек
жұлдыздар көрініп қалады, оған қарап мен еш нəрсе біле алмаймын. Балам
төсекке екі — үш қайтара кіш етті. Енді оны қойныма тығып жылыта
алмаймын. Құндағының асты, жөргегі қатып қалған, сірə тірі қалатын түрі
бар. Əбден діңкем құрығаны ма, əлде тас бауыр болып кеттім бе,
білмеймін, қазір баланың қазасын ойлап қайғыратын хəлім жоқ,
сүлесоқпын. Бірақ белгісіз бір жіппен байлап қойғандай, құндақтан
айрылмаймын, сынған қолыңды қырқып тастай алмайсың ғой, сол сияқты
жабысып бұл да менімен бірге келе жатыр.
Кейде, бұлттан жылт етіп шыға келген күндей ойым айқындалып кетеді
де болған жағдайды ептеп саралаймын. Біздің лагерьге немістер ойда жоқта
шабуыл жасады, олар, шамамен деревнялар жақтан, ашық беттен келді.
Партизандар соғысқа кірді. Қасымбектің қай уақытта кетіп қалғанын
байқағам жоқ, мен сиыр сауып жатқанмын. Біз қашқанда оң жақтан да
неміс солдаттары шабуыл жасап келе жатыр еді, біздің адамдар қоршауда
қалмады ма екен? Алды қараңғы, мүмкін, орманға тығылып құтылған да
шығар. Немістер түнде орманға кіруге қорқады деген сөзді талай естігем.
Қасымбек аман ба екен? Аман болса, мені тауып алмай қоймас, байғұс,
арсалаңдаған Абан да мені іздемей отыра алмас.
Осылай айқындалып арғы — бергіні бағдарлай бастаған ойым сұйылып
қайтадан тұманданып кетеді. Бір жоғалтқан Қасымбегім тағы да жоғалып
кететін сияқты. Оның мына жағдайда маған кездесуінің өзі əншейін
кездейсоқ баянсыз алданыш болып көрінеді, оның табылғанына,
барлығына бұрын да мықтап сенбеген тəріздімін, енді сол алданыш тарқап,
баяғы үйреншікті азабым мен жалғыздығыма қайта оралдым. Иə,
Қасымбек, сол баяғыдай неғайбіл болып менен алыстап кетті, масқара
болғанда, сол түні оның өлі — тірісін ойлап, жанымды қинамаппын. Бірақ
жаны құрғырдың да қиналатын еш нəрсесі қалған жоқ.
Түнгі орманда жалғыз қалғаныма қорықтым ба? Қорықсам қорыққан
шығармын. Бірақ аяз қысқанда қорқынышты ұмытып кетеді екенсің, басқа
еш нəрсені ойламай жер тепкілеп, жүгіріп — жүгіріп алам да ақыры, екі
иінімнен дем алып, алқынып келіп бір ағаштың түбіне отыра кетем. Содан
кейін еш нəрсені анық сезбеймін, ұйқы мен ояудың арасы ма, өлі мен
тірінің арасы ма, бір бұлдыр, буалдыр дүниеге кіріп бара жатам. Ондай
кезде қалың орман да, қолымдағы құндақ та қарауытып алыстап кетеді.
Азап пен мехнаттан, барлық уайым мен үрейден арылтып бұйығы
тыныштық бойымды жылытып, манауратып алып кетеді. Рахаттың аяғы бір
мезет азапқа ауысады. Мұздай суға кіріп баратқандай болам, одан ол су
емес қар болып шығады, жалаң аяқ, жалаң көйлекпен қардың үстінде келе
жатам, қымтанғым келеді, бірақ қымтанатын лыпам жоқ.
Тоңазып оянып кетем. Бір нəрсемді жоғалтып алғандай көңілім елегізіп,
бірақ немді жоғалтқанымды білмей сасам, со кезде барып, бауырыма
қысып алған мұздай түйіншегімді сезем. Мұп — мұздай, қатты, ашып
қарауға қорқам. Бір кезде тобарсып қатып қалған жеңімді жылытып,
қолыма дымқыл тиеді, тағы да кіш етіп қойды. Кеудесінде жаны бар екен.
Таңның атуынан күдер үзгенім сонша, мен сол таңның қалай атқанын
тіпті білгенім жоқ. Бір кезде барып айналаның жап — жарық екенін
байқадым, онда да мұрныма түтіннің исі келгендей болып, алақтап жан —
жағыма қарағанмын. Үш жүз қадамдай жерде ағаш арасынан селдіреп
шыққан қуқыл түтінді көрдім. Кімнің түтіні екенін де ойламай солай қарай
жүре беріппін. Бұ жақтан жау күтпеген бе, жеркепелерге жеткенше мені
ешкім тоқтатқан жоқ, тек жақындап қалғанда шолақ тон киген бір еркек
алдымнан шығып:
— Сен қайдан тап болған адамсың,— деді таңырқап.
Бар айтқаным:
— От... от... жылынатын от...— деппін.
Одан ар жағында есім кіресілі — шығасылы болса керек, анық біле
бермеймін. Кейін бойым жылынып, ыстық ішіп, есімді жиғанда барып,
менің тап болғаным, біздікі емес, басқа партизан отряды екенін білдім.
Мұнан да бір əйел табылып, жəрдем етіп, мені күтіп есімді жиғызыпты. Өзі
жас та болса сөзуар, сампылдап бəрін айтып берді.
— Ойпыр — ай, сені көргенде есінен адасып кеткен адам шығар деп
едім. Боп — боз болып қатып қалыпсың. Əуелі тіпті қолыңдағының не
екенін білмедім. Бір қатып қалған түйіншек. Алайын десем қолың қарысып
қалған ба, айрылмайсың,— дейді.— Былай қарасам құндақтаулы бала
сияқты. Тіпті шошып кеттім. Мұз болып қатып қалған, қаудыраған бір
нəрсе. Шешкен кезде жаялықтарын кəдімгідей сықырлатып аштым. Мұз
болып қалған. Ішіндегі бала да мұз боп қатып қалған шығар десем...
Кəдімгідей қимылдайды...
8
Соғыс... Тағы да соғыс. Алыстан зеңбірек гүрсілі естіледі. Ол
құрғырдың даусына да құлағым көнігі болып алдым, əp снарядтың үлкені
мен кішісін ғана емес, қаншалық алыс жақынға түсетінін де ұшып келе
жатқан даусынан ажыратам. Шектей шұбатылып, созылып шығатын мына
дауысында танимын. Снаряд гүжілдеп ажал төндіріп келе жатса, минаның
даусы алдын — ала жаназаңды оқып келе жатқандай азалы. Қазіргі атыс
алыстан естіледі, əсіресе, аузы — мұрны бітеулі жеркепенің ішіне снаряд
даусы талып жетеді. Құрып кеткір, бір түрлі құлаққа жайлы ұяң гуіл. Ал
сол снарядтың астында жатқан адамдарға оның айтары жоқ, олар тура
тозақ отының астында. Мына киіздей тұтасып ақырын ырғалып естілген
майда гуіл бар ма?.. Тіпті соның ішіне кірмей — ақ жақындап барсаң...
Ол жерде біздің партизандар жатыр. Қанша қорқынышты болса да
жасырмай, Абан маған жағдайды жақсылап түсіндірген. Осы жолғы
немістердің партизандарға қарсы шығарған күші биылғы көктемгі
шабуылынан кем болмас деген. Осыдан бес — алты ай бұрын желкесіне
шиқандай қадалған партизандардың ізін қалдырмау үшін соншалықты
үлкен орманды жау əскерімен ғана емес, техникасымен түгел сүзіп шыққан
болатын. Со жолы мың жарымға жуық бригададан екі жүзге жетер —
жетпес адам ғана темір сүзекіден сытылып шығып еді, содан қайтадан
толысып бас құраған партизандарға қарсы немістер мінекей тағы да
шабуылға шықты. Бұл қоршаудан шығып кету нағыз неғайбіл болса керек.
Баяғы Носовец айтатын: «сені мен бізге шегінетін жер жоқ, жеңсек тіріміз,
жеңілсек өліміз» деген сөзінің ақырғы шегі осы араға келіп тірелген түрі
бар. Өткен жолы көбіміз өліп, азымыз ғана тірі қалып едік, ал бұл жолы...
Құлақты тербетіп, алыстан ауыр ырғалған артиллерияның мына гүрілі...
аспанды төңкеріп жерге түсіріп, жерді қопарып аспанға ұшырып жатыр ол.
Ар жағын ойлауға да қорқам.
Ар жағын ойламайтын мына екеуі ғана. Дулат пен Светаның қызы
кішкентай Света. Бұларға ұйқысы қанып, тамағы тойса болды, басқа
уайымы жоқ, екеуі ойнай береді. Осындайда бір жақсысы ойындары да
момын, бала болып асыр салмайды, қолына түскен нəрселерін шұқылап,
көбіне үнсіз ойнайды. Кішкене Света үлкен Света сияқты нəзік, денесі
жұмыр, бірақ бұ да тумай жатып қар төсеніп мұз жастанған пəлекет емес
пе, ауырып — сырқамайды, шидей болып алып мықты — ақ. Өзі де Светаға
ұқсаған шикіл сары, басына шаш емес, ақ ешкінің түбіті өсіп келе жатқан
сияқты. Кейде Дулат зорлық жасап қолындағы нəрсесін жұлып алса
жыламайды, төңірегінен ермек қылатын басқа бір нəрсені іздейді. Жаңа
ғана екеуі ескі құс мылтығының екі басын əурелеп ойнап отыр еді, енді
оны Дулат жеке меншіктеніп алыпты да, Света қабырғаны шұқылап, содан
бір нəрсе іздеп əуре болып жатыр, сірə aнa тентек, менің көзімді ала беріп,
тағы да бір ожарлық жасаған — ау деймін. Қанша айтқанмен қыз бала емес
пе, Дулаттан төрт — бес ай кішілігі болса да тілі Дулатпен қатар шығып
келеді, қазір былдырлап сөйлейді. Жеке сөз, кейде тіпті екі, үш сөздің
басын қосып өз ойын жеткізеді, көп сөздері шолақ, не өңі айналып өзгерген
болады, онысына мен ғана түсінем. Дулатқа еріп, мені «мама» дейді.
Света...
Сол Дуня апайдың үйінде бір көрдім де, мен де одан қол үзіп қалдым.
Əйтеуір
немістің
комендатурасында
қызмет
істеп
жүргенін,
партизандармен астыртын байланысы барын біліп қалдым да, ал оның ар
жағында ол маған өзі туралы қандырып еш нəрсе айтпағанды. Құпия
жұмысқа араласқан адамның өмірі де құпия болатын шығар, ол туралы
тіпті Носовецтің өзі де көп нəрсе білмесе керек. Оның білетіні өзі түр —
түсін көрмеген «Смуглянка» деген сенімді агент қана, ал, Света болса,
Носовецтің кім екенін білмейді. Өзінің беріп жүрген ақпарларының
Қасымбек пен Николайдың отрядына түсіп жатқанынан да бейхабар, Бұлар
кілең бір жасырынбақ ойнап жүрген адамдар сияқты. Мен бір шетте кімнің
қайда жасырынғанын көріп тұрғандаймын. «Айттым ғой, бұғып жатып сен
көп білесің» деп Светаның мырс еткені бар еді, сол құпиям сыздап ішіме
сыймай бара жатса да сыртқа шығармауға тырыстым.
Meн алғашқы партизандар отрядына келген күні Николай жаңа
босанған əйелдің үстіне кіре алмады. «Келгісі келіп шыдай алмай жүр»
дегенді Қасымбек айтқан, ақыры кешке қарай Қасымбекке еріп о да келді.
Мені көргеніне шын қуанып, сағынып қалған адамдай шұрқырасып көрісті,
денсаулығымды, хəлімді сұрап бəйек болып жатыр. Менің ойда жоқта
төбеден түскендей бұларға тап болғаныма қайран қалып, тамсанып
таңырқап қояды, бірақ соның ар жағында шыдатпай баратқан бір сауалы
барын білем. Өзі айтар ма екен» деп маған жаутаңдап қарай береді. Еркек
намысы деген қызық қой, соны тілімен сұрауға, «қатын жанды» деген
сөзден қысылып, көзімен сұрайды. Мен болсам, Николайдың сабырын
сынап қинағым келген жоқ, не айтарымды білмей өзім қиналдым. Айтсам
бəрін айтуым керек, екі ұшты дүдəмалға Николай тоқтамайды. Ақыры
болмаған соң, Николайдың өзі сыр тарта бастады жəне бірден тап бермей
орағытып келеді.
— Иə, қалай болды өзі. Өзге əйелдерден хабарыңыз бар ма?
— Топ болып жүре алмаған соң, бытырап кеттік қой бет — бетімізге,—
деп жалтардым.
— Светамен қашан ажырастыңыз? Meн неғылсаң да Надяны тастама,
аяғы ауыр, жəне танымайтын жерде оған қиын болады, не болса да бірге
бол деп едім ғой.
Кішкене денесі жұмырықтай түйіліп, кескінінде үміт пен үрей аралас
маған қадалып алған, қалай жалтарудың, не айтудың есебін таба алмай
қиналдым.
— Көп уақыт бірге болдық қой,— деп күмілжідім мен. Кенет, құдай
оңдап ойыма бір өтіріктің келе қалғаны...— Менің аяғым ауыр, оған ілесіп
жүре алам ба, содан бір жайлы жерге, сенімді үйге орналастырып кетті
мені. Арқалап кете ме, қайтсын.
— Өзі қайда кетті?— деді Николай жұлып алғандай.
— Өзі... өзі... енді, арғы бетке өтем бе деп... солай қарай жылжи бермек
болды.
Николай менің сөзіме сенер — сенбесін білмей, бірақ қазбалап қадала
беруді ыңғайсыз көріп, қипақтап біраз отырды; содан кейін еркектердің
əңгімесі басқа жаққа ауып кетті де мен тыныш қалдым. Əйтсе де көңілім
онша тынши қойған жоқ. Дүниеде ақкөңіл адамға өтірік айтудан ауыр нəрсе
болмайды екен, Николай қипақтап дəмелі көзбен қараған сайын іштей
қиналам, бірақ мен айтатын шындықтың оның көңілін жұбататын еш
нəрсесі жоқ. Сондықтан да, не болса да өмір өзі көрсетер, тағдыр айдап
кездесе қалса араларын өздері анықтар, бұл бөгде кісі кірісетін жep емес
қой деп өзіме тоқтау салып жүре бердім. Бірақ өзгенің құпиясын арқалау
деген де адамды əбден күпті қылады екен, Николайды көрген сайын, ұрлық
қылған адамдай, қысылатын болдым.
Мен жоғалып кетіп табылғаннан кейін тұрмысымыз қайтадан қалпына
келе бастаған, аз күнде жаңа қонысты да игеріп алдық. Партизан өмірі
кейде қазақтың көшпенді тұрмысын еске салады. Тек айдап жүрген малы
жоқ, теңкитіп ақ үй тігудің орнына, үңгіп жерге кіріп кетеді. Біз де
жеркепеге кіріп алғанбыз. Бұл бұрынғыдай мықты емес, қабырғасы
ағашпен шегенделмеген, темір пеші де жоқ, əйтеуір Абанға рахмет, өзі
іскер жігіт екен, бір — екі партизанды ертіп келіп, балшықтан ошақ соғып,
бір бұрышын тесіп түтін шығатын мұржа жасап берді, кəдімгідей от жағып
су ысытуға жарайды. Ішіне аз да болса жылу кіріп, түтін аралас көңірсіген
иіс — қоңсысы бар əжептəуір үй болып қалдық. Кешке таман Носовец
келді.
— Жаңа қоныстарың құтты болсын,— деді ол есіктен еңкейіп кіріп
жатып.— Қалай, жаңа пəтерлерің жайлы ма?— деп қалжың қосып қойды.
— Төрге шығып қонақ болыңыз, Степан Петрович. Жақсы келдіңіз,
өзіміз де жаңа қонысты майлайық ден жатыр едік,— деп Қасымбек əзілмен
жауап берді.
Носовец еңкейіп келіп, ошақтың алдындағы кескен томарға отырып
жатып, жан — жағына қарап алды. Содан кейін маған бұрылып:
— Қалай, хозяйка, əлгі батырың қайда?— деді.
— Ұйықтап жатыр.
— Өзінің көп жыламайтыны жақсы екен. Нағыз мықты жауынгер болып
шығады, түбі,— деп қысқа мығым тұлғасымен түгел иіліп, отты көседі,—
Тоңдырып алған жоқсың ба?— Сауалына жауап күтпей өзі қарқылдап күліп
алды.— Мен де орынсыз сұраппын — ау. Ол өзі қардың үстінде туып, мұз
төсеніп өскен бала емес пе. Анандай түннен аман қалғаны... Соғыста туған
балалар мықты болады.
— Оның рас екен, Степан Петрович, анау аяздан кейін тіпті жөндеп
ауырған да жоқ,— деп қостады Қасымбек, дауысында қуанышы мен
мақтанышы аралас.— Азғантай ғана қызуы болды денесінде, мен өкпесі
қабынып кетер ме деп қорқып едім.
— Иə — а...— деді де қойды Носовец.
Бір байқағаным осы кісі қысыр əңгімені ортан белінен оқыс үзіп
тастайды екен де, күлкі жылытқан өңін суытып, тез ғана қатқыл, ойлы
кескінге ауыса қояды екен. Ондай кезде сөзге қызып келе жатқан адам,
сүрініп кеткендей кілт тоқтап, неғыларын білмей қипақтап, ақымақ
кескінмен ыржия береді, бірақ Қасымбектің бір жақсысы ыржимайды,
көнтек ерні дүрдиіп, аузын ашып, үндемей отыра береді. Қазір де сөйтіп,
ерлі — зайыпты екеуміздің ішімізді жылытып, бала туралы айтып келе
жатқан əңгімені пышақ кескендей үзіп тастап, Носовец, өңменіңнен өтетін
кішілеу көк көзімен маған бір қарап қойды. Еркектердің оңаша əңгімесі бар
шығар деп, мен қыпылықтап, орнымнан тұруға оңтайлана беріп едім:
— Жарайды, сеп отыра бер,— деді Носовец, содан кейін Қасымбекке
бұрылып:
Мен бір жаманат хабар алдым,— деді.— Наш агент Смуглянка
засыпалась.
«Смуглянка» дегені Света ғой. Ал «засыпалась» деген сөзін анық түсіне
алмадым. Бір нəрсенің астында қалып қойған ба? Əйтеуір не де болса бір
жамандық. Бірақ анықтап сұрауға бата алмай, жүрегім лүпілдеп, сөзінің
артын тостым.
— Өте пайдалы, керек агент еді,— деп тоқтады Носовец.
— Немене сонда ұсталып қалған ба?— деп сұрады Қасымбек.
— Жоқ, ұстатпай қашып үлгеріпті. Бірақ паналаған жері онша сенімді
емес,— деді Носовец қабағын түйіп.— Оның үстіне... баяғыдан шаш ал
десе бас алатын ит еді, Усачев тыным таппай іздеп жүрген көрінеді. Ол ит
төңіректі жақсы біледі, ол сұмырай түбі таппай қоймайды. Ал,
Смуглянканы ұстаса барлық сырымыздың ашылғаны.
Носовецтің пісіріп əкелген шешімі барын біліп, Қасымбек сөз аяғын
үнсіз тосып отыр.
— Басқа амалым жоқ. Оны осында алдыруға мəжбүр болып отырмын.
Жол білетін адамдар дайын. Соны сен өзің бастап бар. Өйткені, бұл өте
жауапты операция,— деді Носовец.
— Е, несі бар. Осында да Смуглянкаға жұмыс табылар, зияны тимес,—
деді Қасымбек.
— Оның бір қитұрқысы болып тұр — ау,— деді Носовец қиналғандай
іркіле сөйлеп.— Ол өзі екі қабат көрінеді. Так что, партизандардың қатары
көбейетін түрі бар,— деп ашқылтым күлкімен күліп алды.— Мүмкін
балалар бақшасын ашармыз.
Қасымбек жүргелі жатыр. Амандық болса, Светамен екеуміз тағы да
кездесетін болдық. Əрине Светаны көргім келеді, бірақ оған қуанарымды,
не қайғырарымды білмей, жүрегім алып ұшады. Қасымбекке айтсам ба
екен, айтпасам ба екен? Бірақ бəрібір кездеседі ғой. Біліп барғаны дұрыс
емес пе?
— Қасым,— дедім.
— Иə?
— Қасым, мен саған бір сыр айтайын ба?
— Иə, ол не сыр?
Шешінген судан тайынбас, енді көзімді жұмып, қойып кеттім.
— Сен қазір оны ешкімге айтпай — ақ қой. Смуглянка деген өзіміздің
Света.
— Не дейсің?— деді Қасымбек таңырқап, тіпті аузы ашылып кетті.—
Сен не айтып тұрсың? Кəдімгі Николайдың Светасы ма? Оны бұрын неге
айтпадың?
— Айта алмадым.
Қасымбек аңырып таңырқап тұрды да, өзінше себеп тауып, өзінше
жорыды.
— Бір есептен айтпағаның да дұрыс болған екен. Онда Николай шыдай
алмай бүкіл құпия ұйымның шырқын бұзатын еді ғой. Ақылың бар екен,
Нəзираш.
Қасымбек өзінше жорып, өзінше бұрып əкетті де, одан əрі түрткілеп
мені қинамады. Қайтейін, не де болса келгесін көре жатармыз.
— Meн де мұны Николайға айтпай тұра тұрайын. Болмаса ол өзім барам
деп қиғылық салады. Үлкен бір қызық болсын, келіп бір — ақ көрсетейін.
Айтпақшы, екі қабат деді ме? Николай тіпті баласының барын да білмейді
ғой.
Қасымбек Николай үшін қоса қуанып шығып кетті, менің қуанышым
мен қорқынышым аралас. Қайран, аңғал еркектер — ай, «Николай
баласының барын білмейді ғой» дейді. Соғыс басталып, біз ажырасқалы он
ай болғанын ойламайды.
Сол түні мен елегізіп ұйықтай алмадым. Апрель айы орталанып,
қыстың ызғары қайтып қалса да, ошақтың отын сөндірмей, ауық — ауық
тұрып ағаш салып қоям, төсекке кіш етіп қоймасын деп кішкентай
Дулатымды тосам. ол оянып кетіп жылайды, оны емізіп ұйықтатқанша да
біраз уақыт ұтам, бірақ сырттан еш дыбыс естілмейді. Бір — екі рет аяқ
тықырын естіп, Света мен Қасымбек кіріп келе жатқандай басымды көтеріп
алдым, көзім ілініп кетсе түсімде екеуі кіріп келе жатады, сөйтіп əлектеніп
жатып, ақыры ұйықтап қалыппын.
Біреу иығымнан қозғағанда көзімді ашсам, Қасымбек.
— Таң атты ғой тұрмайсың ба?— дейді.
Əуелгі сəтте жөнді еш нəрсеге түсінбей, басымды көтеріп алып көзімді
уқаладым. Землянканың іші қара көлеңке, Қасымбектің артында қорбиып
біреу тұр, басына қалың қара орамал тартқан əйел сияқты. Орнымнан тұра
бергенде есіме түсті. Бұл Света болу керек. Қапелімде сасып қалдым. Киімі
қорбиған əйел Светаның даусымен:
— Саламатсың ба, Надя,— деді.
Бар бітіргенім құшақтай алдым. Солай жабысып біраз тұрып қалсам
керек:
— Ау, қонағыңды күтпейсің бе?— деген Қасымбектің даусын естідім.
— Отыр, отыр, Света. Ал, кəне шешін,— ден жатырмын.
Ошақтың астындағы отым да сөнуге қалыпты, оны тұтата алмай
əлекпін.
— Сен соншама əбігерге түспей — ақ қойшы, Надя,— деді Света.—
Бері келші, мен сені құттықтағым келіп тұр. Ұл тауыпсың, құтты болсын,
сен үшін шын қуаныштымын.
Қасымбек ошаққа тамызық салып, əп — сəтте отты маздатып жіберді.
Үйдің ішінің əрі кіріп, жан — жағымызды көріп, арқа — басымыз кеңіп
қалғандай болды.
— Ал, сендер шай ысытып, оны — мұны қамдай беріңдер. Мен барып
Николайды шақырып келейін. Ол ғой, қаннен — қаперсіз ұйықтап жатыр.
Үйге кіргенше айтпаймын, тура шалқасынан түскендей болсын,— деп
Қасымбек есікке қарай ұмтылды.
«Тоқтай тұршы» ден айтқым келіп ұмтыла түстім, бірақ аузымнан сөз
шықпады, Светаның да қозғалақтап қалғанын байқадым, аңқау Қасымбек
біздің хəлімізді аңғармастан сыртқа шығып кетті.
Николай мен Светаның кездесуі онша қуанышты болайын деп тұрған
жоқ, сол қызық кездесуді қинала күтіп, екеуміз де үнсіз қалдық. Осындайда
қиналған адамның алдарқатып, басқа сөзбен алаң қылып əкету менің
қолымнан келмей — ақ қойды, айтар сөзімнің жалған болып шығарын
білем де, тілім байланып түйіліп қалам. Жаман ой жанын жегідей жеп
отырғанда амандық, саулық сұрау сияқты бейкүнə сөздердің өзі маған
көлгірлік болып көрінеді де бар бітірерім, өз дəрменсіздігіме ыза болып,
қиналған адаммен қоса қиналу. Қысылғанымнан от көсеп, қазан ошағымды
айналдыра бердім.
— Неге үндемейсің, Надя?
Света қорбиған қалың телогрейкасын шешіп, басына тартқан орамалын
жамылып алыпты, енді, дөңбектей колхозшы қатын емес, кəдімгі Светаға
ұқсап тұр, тек талдырмаш денесі толысып, қарны шығып, көзі шүңірейе
үлкейіп, бетін сепкіл басыпты. Бір əдемі суретті тентек баланың айғыздап
бұзғаны сияқты, бірақ сонда да бұрынғы көркем суреттің ізі көрініп тұр,
əсіресе шүңірейе, тереңдеп үлкейген нұрлы көзі секпіл басқан бетін
бұрынғыдан да нəзік етіп көрсетеді.
«Неге үндемейсің, Надя?» Не деп жауап берерімді білмей Светаның
бетіне бадырайып қарай беріппін.
— Сен, дегенмен, бақытты екенсің, Надя, Қасымбекпен кездескенің.
Сен үшін қуаныштымын,— деп кішкене іркіліп қалды Света.— Мен
Николаймен кездеспей — ақ қойсам деп едім...
Онысы да рас. Жұбаныш сөз айтуға бата алмай, тағы да ұрысқан
адамдай үнсіз қалдым. Бұған не дейін? Құрсағындағысы болмаса...
мүмкін... Бір қателігін жуып — шайып... Білмеймін. Ар жағының не
боларын білмеймін. Қас қылғандай, екеуінің арасына дəнекер болуға
жарайтын да шамам жоқ — ау, менің. Қасымбек болмаса... қанша
айтқанмен еркек қой.
— Қасымбек тым асығыстық жасады — ау,— деді Света отқа
жақынырақ келіп отырып жатып, сосын қолын менің иығыма салды. Оны
мен жұбатудың орнына, ол мені жұбататын тəрізді.— Бірақ енді бəрібір,
бұл əңгімеден қайда қашып құтыласың. Тек сенен бір өтінішім бар, мені
оңаша қалдырма.
— Неге?
— Сен білмейтін сыр жоқ қой. Қиын да болса, сен əңгіменің ішінде бол.
— Жарайды,— деппін ойланбастан, əйтеуір Светаның көңілін табу
үшін.
Николай есіктен домалана кірді, шинелі мен құлақшынын да кимеген,
гимнастеркешең, жалаңбас. Мойнын қайқаң еткізіп, кішкене бетін көтеріп,
жеркепені тез көзімен тінтіп өтіп, менің қасымда отырған Светаны көріп,
соған қарай ұмтылды. Мен орнымнан тұрып, жолды босатып үлгергенімше,
айналып өтіп барып Светаны құшақтап жабысты да қалды. Есік алдында
аузы ыржиып, мəз болып Қасымбек тұр. Осы қуанышқа мен де еріксіз
елігіп, бір сəтке артындағы шатағын ұмытып кеттім.
— Тірі екенсің ғой, тірі екенсің ғой. Жива, родная, солнышко мое,—
дейді Николай Светаның басы — көзінен, бет — аузынан түк қалдырмай
шөпілдетіп сүйіп жатып,— Светик мой...
Николай қанша құшырланып сүйгенмен, Света шалажансар адам
сияқты, оны қысып құшақтамайды да, қарсыласпайды да, дегеніне көне
береді, бірақ Николай оның салқындығын байқайтын емес, құшағынан
босатса да мойнынан қысып басынан сипалап:
— Родная моя. Светик мой...— дей береді құштарлығын баса алмай.
— Рахмет, Коленька... Рахмет, Николай,— деді Света бойын түзеп.
Света орнынан тұрған жоқ — ты, Николай сол отырған жерінен
құшақтап алып, сүйе берген — ді, аласа бойлы адамға ол онша қиындық
жасаған жоқ — ты, даусынан бір салқындық, жаттық сезді ме, Светаның
осы сөзінен Николай оқыс іркіліп кенет əйелінің шермиген түрін көріп түсі
бұзылып кетті. Əуелі түсінбегендей алақтап Светаның бетіне қарай берді.
Оның үнсіз тұнжыраған қасіретті түрін көріп, астыңғы иегі салбырап көзі
дөңгеленіп кетті. Николайдың қатты өкпелеген баладай осы дəрменсіз
кескінін көргенде көкірегімде бір жақсы үміт оты жылт ете қалды. Қазір
Света еңіреп жылап Николайды құшақтай алса: бір — бірін сағынған ерлі
— зайыптылар қосылып жылап, шерлерін тарқатып, қарғыс атқыр қателікті
кешіп, қайта табысып кететіндей көрінді маған.
Бірақ Света үндемеді, Николайдың да жаңағы бір сəтке жылт ете қалған
дəрменсіз кескіні тез өзгеріп, өңі қатайып, қабағы түйіліп түнере бастады.
Есік алдында тұрып қалған Қасымбек:
— Ал, қанекей...— дей беріп тілін тістеп алғандай іркіле қойды.
Оған енді ғана жетсе керек. Жеркепенің күңгірт ауасы да түнеріп, үнсіз
сыздап баратқандай. Өмірімде, сірə, мұндай ауыр тыныштық көрмеген
болармын. Бəріміз де жарылатын бомбаны күтіп, бұғып қалған сияқтымыз.
Бұ жерде айтылатын сөздің ретін мен таба алмадым, Қасымбек те, ағалық
қылуға жарамай үнсіз тұр.
— Біздің, сірə оңаша сөйлесуіміз керек шығар,— деді Николай тістеніп.
Қасымбек екеуміз есіктен шығып баратқанда Света мені тоқтатып
қалды.
— Мен оңаша сөйлесуіміз керек дедім ғой.
Николай ашу қысқандағы əдетінше, онсыз да қысқа мойнын иығына
тығып, астыңғы иегін шошайтып ілгері ұмсынып, қысқан пружинадай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 19
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.