Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 09

Total number of words is 4172
Total number of unique words is 2122
38.0 of words are in the 2000 most common words
53.7 of words are in the 5000 most common words
62.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
нəрестені көз алдыма елестеткім келсе де түр — түсі, мүсіні ұстатпайды,
түсте көргендей бұлдырап кете береді.
Ал жалғызбын дейін десем... жоқ, жалғыз емеспін. Оны анық білем.
Бүйірімді жылытып, бір жан иесі жатыр, қыбырлап тіршілігінен хабар
беріп қояды. Қазір ішім білініп келеді. Кейде менің бір өзім ағаштың айыр
бұтағы сияқты екіге бөлініп келе жатқандай боп та сезінем. Бұрын басымда
болып көрмеген əрі қызық, əрі жат сезім. Ішімде жатқан осы кішкентай
өмір өсе келе бөлініп шыққанда тұла бойымдағы біраз нəрсемді өзімен
бірге ала кететін сияқты — сонда мен де екіге бөлінем. Қызық — ау, көп
бала тапқан аналар қайтеді екен, қайта — қайта бойындағысын бөліп бере
ме екен?
Аналық сезім деген сөзді көп естуші едім, шынымды айтсам, сол сезім
қазір менде бар ма, жоқ па, ол арасын анық білмеймін. Бар дейін десем
баланы қолға ұстағандай, құшырланып, иісін сезгендей исініп тұрған еш
нəрсем жоқ. Бірақ сезімнен құр алақан да емеспін — бүйірімде қыбырлап
қойып, ұйықтап жатқан осы бір жан иесіне деген көкірегімде жылу бар.
Мүмкін көктем кезінде жеміс ағашы бүртік жарғанда осындай халде
болатын шығар деп те ойлаймын. Со кезде қабығы жұмсарып, баяу тыныс
алғандай бусанып тұрады ғой...
Қазақ екіқабат əйелді «аяғы ауыр» деп бекер айтпаған екен, аяғының
ауыр, жеңілін əсіресе жүрген адам біледі, күн асқан сайын аяғым шынында
да ауырлап келеді. Кешегіден бүгін көбірек шаршаймын, ертең бүгінгіден
де көбірек аритынымды біліп, меселім құриды. Осындайда өз денемді өзім
ауырлаймын. Оның үстіне іштегі жатқан, бар денемді ауырлатқан... Арық
атқа қамшы ауыр. Иə, оған кейде ыза болам. Сəтсіз сағатта пайда болған
балам емес, сорым сияқты, қырсыққа біткен баласың ғой, деп қарғап та
аламын, бірақ ұзамай райымнан қайтам. Қанша арып талсаң да, денеңнің
қай мүшесі артық, оны қалай кесіп тастарсың?
Света екеуміз əйелдерден бөлініп кеткелі екі жұмаға жуық уақыт өтіпті.
Содан бері бір жерде тұрақтап аялдаған жоқпыз, əйтеуір шығысқа қарай
жылжып келеміз, күніне он — он бес шақырым болса да ілгерілей береміз;
жолды да анық біле бермейміз. «Сұрай — сұрай Мекеге барады», ал, алда
— жалда сұрайтын адам кездеспей қалғанда мықтап ұстап алған бір
нысанамыз бар — ол күннің шығысы.
Адамды бір-біріне жол танытады дейді ғой, сол рас — ау деймін, осы
полктың əйелдерін мен бұрын біраз — ақ білетін сияқты едім; қанша
айтқанмен əжептəуір уақыт бірге тұрдық қой. Сөйтсем олар жайлы
білгенімнен білмейтінім көп екен. Көрші тұрып күндегі көретінің кітаптың
мұқабасы сияқты, адамның сырты ғана, жақын дос, сырлас болмаған соң,
ішін ақтарып, тереңдеп кіре алмайсың. Əрқайсының үйреншікті тіршілік —
дағдысы, белгілі мінезі болатын, содан жазбайтын. Мысалы Мария
Максимовна жайлы білгенім — «ұрысқақ Муся» ғана. Осы айдар қылып
тағып қойған бір сөзге бүкіл Мария Максимовна түгел сыйып кететін,
басқаларды білмеймін, əйтеуір мен үшін солай еді. Менің білетінім қашан
да бажылдап ұрсысып жатқан Муся, бетіне тірі пенде келе алмайды, одан
артыққа оны сынап көрген адам жоқ. Енді бақсам одан да басқа қасиеттері
бар екен Мария Максимовна марқұмның.
Алевтина Павловна да бұлғақтаған ерке келіншек қана емес пе еді?
Өзінің ажарының, күйеуінің дəрежесінің артықтығын көңілге мықтап
түйіп, жұрттың бəрінің алақанында болғысы келмейтін бе еді? Тек
күйеуінің қызмет дəрежесі үлкен Елизавета Сергеевнаға ғана кішілік
көрсетін. Бірақ өз басының одан анағұрлым артықшылығын біліп, ізет,
ілтипатының ар жағында астыртын ащы мысқыл жататын. Енді байқасам
бұл мінезі заманының түзу кезіндегі еріккен келіншектің сəндікке киген
киімі сияқты екен, қиын — қыстау кезеңде ішіміздегі ең төзімдіміз де, ең
ақыл табар тиянақтымыз да сол болып шықты.
Елизавета Сергеевнаны басынан ұнатпап едім: əкім болғысы келіп
сонша тыштаңдаған, əйелдің ішінен шыққан бюрократ, өр көкірек, тыраш
нəрсе болатын. Əсіресе жұртты менсінбей тепсініп тұратыны — ақ...
Қасына баруға қаймығушы ем. Мұның да сыртқы жылтырағын соғыс
сыпырып алғанда ар жағынан қорғансыз, керек десең мүсəпір əйел шыға
келді. Еркектер осалдықты жек көреді, бірақ əйел халқы олай емес. Ал, мен
болсам Елизавета Сергеевнаның мүшкіл халін көргенде жаным ашып, аяп,
бұрынғыдай емес, тіпті жақын тартып кеттім. Абзалы адам өзінің алла
тағала жаратқан табиғи кейпіне түскенде бір — біріне жақынырақ көрінеді
— ау деймін.
Мен өзім бала кезімнен кісі жатырқағыш едім, Қасымбекке еріп осы
жаққа келгенде де айдалаға келгендей болғанмын. Біраз уақыт ешкімге
жұғыса алмай, төңірегімді түгел дерлік жатырқап жүрген жайым бар еді,
енді сол бітеу төңірегім бірте — бірте ашылып, біраз қатар — құрбы
əйелдермен танысып, біраз сіңісіп кетпесем де кəдімгідей үйірге қосылған
құнан — тайдай үйренісе бастап едім. Кешегі қиын күндерде де... «көппен
көрген ұлы той»... бəріміз бірге келе жатқанда көңілі құрғыр да
орнықтырақ еді, мінекей бытырап кеттік. Өзге əйелдер қайда жүр екен,
байғұстар қандай халде екен?
Менің ендігі жалғыз сүйенішім Света... Апыр — ау, кешікті — ау, күн
сəскеге көтеріліп барады, аман болса игі еді. Соншама зарығып күткен
Светамның келгенін байқамай қалыппын, тек қырық — отыз қадамдай
жақындап келгенде ғана көзім шалды. Қуанған да, қорыққан да бірдей ғой,
селк ете қалдым. Иə, өзі... əдетінше аяғын жұмсақ басып келе жатыр,
ақсары шашын ағаш арасынан күн шалып қалғанда жарқырап көрінеді.
Мен базардан шешесі қайтқан баладай орнымнан тұрып қарсы
жүгірдім, сол жүгіріп келген екпініммен құшақтай алдым.
— Апырай, аман — есен келдің бе? Түу, кісіні осыншама қорқыттың
ғой, өзің бұ дүниеде бар екенсің,— деп аймалай берем.
Бірақ Света үндемейді, денесі де бір түрлі бос, менің құшағыма
тірілмей, былқ — сылқ етеді. Сəлден кейін менің құшағымнан сытылып
шықты да, шалаштың қасына келді.
Света маған көзі кіреукелене қарайды, кішкене қызып қалған сияқты.
Сыпайы қалпынан аумайтын, ұяң келіншектің мұндай мінезін бұрын
көрген жоқ едім, шынымен — ақ қорқайын дедім.
— Жылағым келіп отыр,— деді Света маған көзін қадай шүйіле қарап.
— Жылағың келсе
жауырынынан сипадым.
мауқыңды
басып
жылап
ала
ғой,—
деп
— Жоқ жылай алмаймын,— деді ол. (Көріп отырмын, мына көз
жылайтын көз емес).— Ал, жылағым келеді, жылағым. Бірақ жылай
алмаймын. Ақтарылып бір жылаған адамда арман бар ма екен?
— Осы саған не болған, айтшы,— дедім Светаға бір жағы кейіп, бір
жағы жалынып.
— Маған ба? Болары болды,— деді ол езу тартып.
Осы бір езу тартқаны — ақ жаман — езуінде күлкі, көзінде ызғар. Жəне
əлденеге ашынып, ерегіскендей кісінің көзіне қадала қарайды, бұрын өйтіп
бедіреюді білмейтін ұяң — ақ келіншек еді. Мына деревнясы түскірден оны
басқа біреуге айырбастап жіберген сияқты. Аз уақыт мені жаңа көргендей
қарап отырды да.
— Мен саған айтайын. Сен тек... не ойласаң да ішіңде болсын. Жарай
ма?
Мен үндемедім.
— Жарайды енді. Тыңдай бер,— деді содан кейін.
Светаның бір пəлеге ұшырағанын біліп отырмын. Coнысын маған
айтпай — ақ қойғанын тілеймін ішімнен, бірақ неге екенін білмеймін,
«қой» деп жəне айта алмадым. «Менен гөрі оған қиын ғой, ендеше өзінің
еркі білсін» деп ойладым.
— Кеше мен немістердің қолына түсіп қалдым,— деді Света.
— Иə, қалайша?— дедім шошып кетіп.
Света маған жауап қайырған жоқ, қабағын шытынып, аз уақыт үнсіз
отырды да, маған емес, басқа біреуге айтып отырғандай сөзін бастап кетті.
— Кеше деревняға жақындап барып, бой тасалап бақылап көріп едім.
Көзіме еш нəрсе түсе қойған жоқ. Ұзағырақ бақылауға шыдамым
жетпеді, шынымды айтсам, сол немістер бар болса да, көрінбесе екен деп
тіледім. Құр қол қайтқым келген жоқ, тіпті немістер болса да амалдап
сытылып шығып кетермін деп ойладым.
Əйтсе де бой тасалап, ең шеткі үйге жетіп есігін қағып ем ар
жағынан бір неміс солдаты шыта келді. Сасқанымнан шалқамнан құлай
жаздадым. Ол да мені көріп мені көріп таңырқап қалды. Көзін адырайтып
қарады да, «о — о, зер гут фрау» деп дауыстап жіберді. Содан көзінде бір
жымысқы күлкі ойнап, алды — артына, жан — жағына қарап сасып
қалды. Сөйткенше мен де есімді жия бастадым. Енді қалай құтылудың
амалын ойлап, дал боп тұрмын. Ал, ол оңаша орын іздеп əлек. Адам,
мұндайда тіпті əккі, зерек боп кетеді екен, оның кірпігінің қимылына дейін
қапысыз бағып, бəрін түсініп тұрмын. Кенет ол жоғы табылғандай,
əлденеге қуанып, рахаттана жымиып қойды. Байқап қалдым, көзі қораның
түкпіріндегі үйген пішенге түсті. Содан кейін білегімнен шап беріп ұстай
алды да, мені солай қарай сүйрей жөнелді.
Құтылатын болсам, ендігі құтылатын жағым тасада емес, көшеде
екенін сезіп мен көшеге қарай тартынам. Ол орысша түсінбесе де мен
əдейі сампылдап орысша сөйлеп басын қатырып, қолымнан келгенше алаң
қылмақпын. Біреу — міреу көрер, жəрдем етер дедім де.
«Мен бұл деревнянікі емеспін. Бір құрбыма соға кетпек едім. Өзім
асығыспын. Жолың болсын, жіберші», деп ол түк түсінбесе де сөзді төпей
бердім.
Əйелдің сөзі кімнің болса да миын ашытып жібереді ғой, əлгі солдат
мені босатып жібермесе де, тартыншақтап, шегінген маған ілесіп көшеге
шығып кеткенін байқамай қалды. Солдатпен алысып келе жатып, бір
жеңіл машинаның қасыма келіп тоқтай қалғанын да байқамай қалдым.
Солдат мені қоя беріп, бойын түзеп, тартылып тұра қалып:
«Хайль Гитлер» деп машинаға сəлем берді.
Машинаның ішінде үш — төрт əскери адам отыр. Іштерінде сұңғақ
бойлы, биік қыр мұрынды, бас бітімі сұлу біреу бар екен, шамасы бастығы
болу керек. Мен неміс офицерлерінің шенін ажырата алмаймын ғой, бірақ
бастық адам көрініп тұрады ғой. Мынау тым тəкаппар екен, өзгелерінен
шені ғана емес, қай жағынан да жоғарымын дегенді кескіні айтып тұр.
Сол офицер мені бастан — аяқ бір шолып өтті, жоқ, шолып өтті деген
əшейін сөз, тура көзімен мені шешіндіріп шықты, тіпті сасқанымнан екі
қолыммен кеудемді қымтап баса қалыппын. Бірақ көзін тез тайдырып
əкетті, қасындағылары тіпті байқамай да қалды ғой деймін, қайтадан
өзінің тəкаппар кескінін киіп алып, қасындағысына керенау ғана бір
нəрсені күңк етті. Онысы солдатқа «əйелді алып жүр» деп əмір берді.
Ашық қара машина ақырындап ілгері қарай жылжи берді.
Осы кездегі солдаттың сықпытын көрсең. (Света ащы бір мырс етті
де, сөзін қайта жалғады). Əуелі төбесінен жай түскендей көзі
жыпылықтап, мелшиіп тұрып қалды. Содан есі кіріп, қабағын тарс түйіп,
маған ашулы ызамен қарады да, «жүр тезірек! Бас аяғыңды!» деп ақырды.
Мен қасақана жай жүрдім, қайда асығам. Солдат автоматын кезеп
ұстап алған, қабағы ашылмайды, біреуге кіжініп сөйлеп келеді. Meн
болсам, бір оттан құтылып, өртке тап болдым ғой деймін, алдымда
қандай пəле тұрғанын құдай білсін.
Шамасы кеңсе болу керек, солдат мені бір үлкен үйге айдап əкелді.
Жаңағы қара машина да сонда тоқтаған екен, жəне бір — екі мотоцикл
бар. Калиткадан кіргенімізде, үш — төрт адамның қоршауында жаңағы
немістің начальнигі есіктің алдында тұр екен. Маған көзі түсіп кетіп,
əуелгі сəтте бір таныс адамын көріп тілдескісі келгендей ишарат
танытып, іркіліп қалды; бірақ жүзін бұрып əкетпей бетіме жылы
шыраймен тіке қарап аз тұрды да, содан кейін көзін төмен қарай
сырғытып басымнан бақайыма дейін бір шолып өтті. Жаңағы көзқарасы,
тек бұл жолы тиянақтылау, жұмсақтау қарады. Иегімен нұсқап мені
есікке қарай өткізіп жіберді, ішке кіріп баратып та сол көзқарасты
жауырыныммен сездім.
Мені коридорға кірер ауыздағы кішкентай бөлмеге кіргізіп, есігін
жауып қойды. Бөлменің ішінде сия төгіліп, сызылып айғыздалып біткен
бір шағын стол мен сықырлаған екі орындықтан басқа жиһаз жоқ.
Жалғыз терезе қора жаққа шығады екен, терезенің əйнегі мен жақтауы
да кір. Бұрышқа таман, дені арғы бөлмеге кеткен голланд пешінің бір
бүйірі қараяды, от жағып, күл шығаратын аузы осы бөлмеде. Басыма
төнген қатер мен жаман ой меңдетіп жібермесін деп, бөлменің бұрыш —
бұрышын тінтіп отырмын: еден жуатын шүберек, шелек, сыпырғыш тұр
бір бұрышта шүберек əлі кеппеген, су, шамасы, үйді осыларға даярлап
жақында ғана жудырып шықса керек.
Терезе қораға қарайды екен. оң жақта көшеден кіретін қақпа. Қорада
автоматын арқалап, сақшы жүр, есебін тауып қашып кетудің жолы жоқ
сияқты. Амалым құрып сықырлауық орындыққа отыра кеттім де, əлгі
кірлі столға шынтағымды артып дем алдым. Кіріп — шығып жатқан
адамдардың аяқ тырсылын естіп, алғашқыда елеңдеумен болып едім, бірақ
мені ұмытып кеткендей, ешкім есігімді ашпады. Столдың үстіндегі
шынтағыма басымды қойып, көзімді жұмып, тынығып отыр едім, ұйқы
арсыз емес пе, көзім ілініп кетіпті.
Есіктің сықырынан шошып оянсам бөлменің іші кеугім тартып қалған
екен, қаpa көлеңкеде автомат асынған бір солдат кіріп келеді, жақындап
келгенде байқадым, баяғы сол солдат. «Жүр» деп мені алып шықты.
Қораға, одан көшеге шықтық. Қайда баратқанымызды да білмеймін,
қақпайлап өзі əкеле жатыр. Ауыл адамдары үйді — үйіне ертерек
тығылып алған — ау деймін, көшеде бірен — саран солдаттар болмаса,
басқа жан жоқ. Солдаттың қабағы əлі ашылатын емес, түнеріп алған,
мені айдап əкеліп бір кішкентай моншаға кіргізіп жіберді де өзі ауызда
күзетіп қалды.
Кішкентай моншаның ішінде керосин шам жанып тұр, қара көлеңке.
Қарсы алдымнан егде тартқан, аласа бойлы əйел түрегелді.
— Сен кімсің? – деді ол бетіме қарап,— орыспысың?»
Мен не дерімді білмедім. Содан кейін əйел күйбеңдеп теріс айнала
беріп:
«Мына моншаны саған жақтырған екен ғой»,— деді. Оның дауысында
кекесін бе, жиреніш пе, əйтеуір не де болса менің жүрегіме инедей
қадалған бір нəрсе бар. «Иттердің көрмейсің бе, арам ісінің өзін қолын
жуып алып істегісі келеді. Жуып бермесең, орыстың қатынын
менсінбейтін болған — ау, бұл хайуандар».
Өзім де басыма түскен қорлық пен дəрменсіздіктен ызаға булығып
келіп едім, мынау əйелдің жиіркеніші шарамнан асырып жіберді.
«Қайт дейсің маған? Еркіммен келіппін бе?» деп еңіреп жылап та
жібердім. Тіпті өксігімді баса алмадым. «Не дейсің маған? Нe істей
алам?»
Əйел де байғұс көңілшек екен, маған қосылып ағыл — тегіл жылады.
Екеуміз ұзақ жыладық, бірақ істейтін шара таба алмадық.
Солдат мені қайтадан айдап əкеліп, манағы қамаған босағадағы
бөлмеге қайрылдырмай, əрідегі бір есікке кіргізді. Өзі тұңғыш рет қабағы
ашылып, маған қарап жымысқы күлімсіреді де, есікті жауып шығып
кетті.
Бөлменің ішінде жан жоқ, екі шырақ қатар жанып тұр. Бұрын кеңсе
болған бөлмеге аз да болса үйдің жылуын бергісі келгендей, ескі диванның
үстіне шүберек жауыпты. Ортадағы столдың үстінде не барын
білмеймін, шамасы графин, бутылкалар бар — ау деймін, оның үстін де
қобырайтып ақ шүберекпен бүркеп тастапты. Мен не қыларымды білмей
дағдарып тұр едім — төр жақтағы есік ашылып, жеңіл халат киген,
жалаң бас, сымбатты біреу шыға келді, мұның манағы машина үстіндегі
офицер екенін таныдым. Қара қоңыр шашын бір жағына қисайта,
жылтыратып тарап қойған, денесі қағылез, бойы əжептəуір ұзын екен.
Манағы тəкаппар кескінімен маған қысқа ғана көз тастап өтті де, тез
ғана өңін жылытып ала қойды.
— Қайырлы кеш, фрейлен,— деп басып сəл иіп езу тартты.
Күні бойғы қорқыныш пен қорлықтан титықтап қалсам керек, бір
ауыз жылы сөзге еріп кетіп:
— Қайырлы кеш, офицер мырза,— деп немісше жауап қайырғанымды
білмей де қаппын.
— О, фрейлен немісше біледі екен ғой,— деді ол жүзі жадырап маған
қабағын көтере қарап.
— Жоқ. Тіпті аз білем,— дедім сасып.
— Қайтеміз ендеше Сіздің білген жеріңізге дейін ғана сөйлесерміз.
Дұшпаныңның не де болса мылтығын кезеп, ашық келгені жақсы екен,
манадан бері талай дүниені ойлағанмын, жасыратыны жоқ, бұлардың
аман жібермейтінін де білдім. Əйел залымның сезбейтіні бар ма, манағы
машина үстіндегі алғашқы көзқарасынан — ақ бұл офицердің пиғылын
танып қалғанмын. Шарасыздан қандай қорлыққа да мойынсұнып, не де
болса жиіркенішпен қарсы алуға іштей қамданып — ақ едім, алдымда
алысар жау емес, əйел затына қызмет етіп, тал жібектей майысып
сызылған кавалер тұр.
Мені алып келіп диванға отырғызды да:
«Егер флейлен рұқсат етсе, кешкі астың уақыты болды, ас алсақ
қайтеді»,— деп сыпайы қимылмен столдағы жапқышты сыпырып алды.
Екі күннен бері нəр татпаған, байғұс басым, ішке кіргеннен — ақ,
астың исі мұрныма келіп, жүрегім сазып тұр еді, столдың үстінде сіресіп
тұрған тағамды көргенде көзім жайнап, тамсанып қойғанымды да білмей
қалыппын. Ана жырынды офицер менің хəлімді сезсе де, сезбегенсіп:
«Сізге қандай шарап құяйын» деп сұрады да, мен үндемей қалған соң,
«Сізге француз коньягін құяйын. Парижден алып шыққанмын» деді.
Өзің білесің ғой, коньяк дегенді атын естігенім болмаса, мен ішіп
көрмегенмін. Шарап сияқты қызыл болғанға ішіп жіберсем, бірден аш
өзегіме түсіп кетті ғой деймін, үйдің іші дөңгеленіп, айналып жүре берді.
... Света тоқтап қалды. Манадан бері əлденеге ашынғандай, бар
əңгімесін түгін қалдырмай ежіктеп айтып келді де, осы арада іркіліп
қалды. Жанарын төмен салып, бұйығып қана үнсіз отыр.
Ар жағының не болғанын ішім сезеді. Светаның бойына еркектер көз
салса – ақ көздері кілегейленіп шыға келетін бір пəле бар. Оның басқа
жұртқа назар салып, сиқырлық жасағанын көрген емеспін, бірақ
жаратылыстан нəзіктігінен бе, əлде əйел жанының бусанып тұрған бір лебі
ме, əйтеуір еркекті өзіне еріксіз тартып алады. Сонысы сор болып ана неміс
те тап бола кеткенін қарасайшы. Өзін қинап ар жағын айтпай – ақ қойса деп
тіледім.
— Үлкен пəлеге ұшырадым ғой – деді Света басын көтерместен.
— Немене, зорлады ма сені? – деп қалдым. Сұрамайтын – ақ нəрсем еді.
Аузымнан шығып кетті.
Света салбырап отырған басын көтерместен қиғаш бұрылып маған
қарады. Көзқарасы бір түрлі: «Ал түкір бетіме» деп тұрған сияқты.
— Менің өзім қаншық болып шықтым, — деді ақырын ғана.
— Не дейсің? – деп қалдым таңырқап. Тағы да өкіндім, қиналған жерін
қазбалай беріп нем бар еді.
Света басын көтерместен қайта сөйлеп кетті. Сірə, ішіндегісін түгел
ақтарып, өзін — өзі шабақтап алмай тоқтайтын түрі жоқ.
— Сол офицері құрғыр еркектік шыдамсыздық жасап, маған
қаттырақ қол салса... онда қарсыласар едім, айқайлап алысар едім... адам
бір ашынып, өшігіп алса неге болса да төзеді ғой. Мына құрғыр титтей де
дөрекілік жасамады. Орынсыз жерге қол да жүгіртпеді. Менің ойымды
қағаздан оқып отырғандай — бір қия баспады. Тіпті сыпайы. Сыпайы
болғанда орынсыз ебелектеп, не ыбылжып тұрған жоқ, кəдімгі табиғи
қалпы. Өзі баттитып көрсетпесе де, осы адамның өзіңнен өресі көп
жоғары екенін біліп, ығында кеткеніңді білмей қаласың. Ал, жымиғаны
бар — ау, сенімен əлдеқашан сырласып, бəрін ұғып қойған адамның езу
тартысы.
Сен айтушы едің ғой, «қалауын тапса қар жанады» деп, бұ да сол
қалауын тапты ма, білмеймін, онша қыстамай — ақ біраз ішкізіп жіберді.
Шырақтың қара көлеңкесі қалтылдаған көмескі сəулесі кісіге бүгінгі халін
ұмыттырып, өң мен түстің арасындағыдай бір күйге түсіреді екен. Қара
көлеңкеде қарулы еркектің білегі мойныма жұмсақ оралып, ақырындап
өзіне тартып үлкен кеудесіне сіңіріп бара жатты...
Света екі шекесін қос қолдап қысып, төмен қарады. Менің көз алдыма
ұрысқақ Мусяны атып тастайтын солдат елестеді: о да осы, Света айтқан
офицер сияқты, ұзын бойлы, сымбатты болатын, өзге солдаттар əйелдерге
əукесін салып, сасып — пысып жатқанда, ол қарқылдап күліп алып, ауыз
гармонын ойнап тұра берген. Светаға «тоқташы енді» дегенімше оның өзі
де іркіліп қалды. Қос тізесін қапсыра құшақтап алып, иегін тізесіне тіреп
көзі мұнарланып бұйығып отыр. Айтылмаған əңгімесі алқымына тіреліп,
көз алдынан тізіліп өтіп жатыр. Мұнарланған анау көгілдір көздері, сөніп
қалған отты, я қарсы алдындағы мені көріп отырған жоқ, «кешегіні» көріп
отыр. Бет əлпетінен танып қалдым, қазір тағы сөйлейді, маған айта ма, я
мына қалың орманға айта ма, бұл енді ақтарылып болмай тоқтамайды.
Бірақ ақтарылғанмен арыла ала ма?
— Білмеймін, сол өзі адам ба, əлде адам бейнесіндегі сиқыршы сайтан
ба. Бұрын өмірімде көрмеген бір халге түстім.
Света кенет қабағын түйіп, сəл бөгелді де содан кейін менің бетіме
қарады. Жаңағы: «ал, топырақ шаш, түкір бетіме» деген қарасы.
— Meн «дүниенің бəрін ұмытып кеттім» дедім ғой. Coған сеніп
отырсың ба? Жоқ, адам еш нəрсені мүлдем ұмытып кете алмайды екен.
Николай да ауық — ауық көзіме елестеп кетеді, орман ішіндегі сені де
есіме алып қоям, қойынымда жатқан адамның кім екенін де білем. Тəтті
тағамға ащы тамызғандай, осылардың есіме түскенін ұнатпадым.
Көкірегімде бас көтерген əлсіз ұятты бойымды жайлап алған ыстық
құмарлық тұншықтыра берді. «Жарайды, кейін, ертең... бір орайы
болар...» құшырланып жатып осы сөздерді дауыстап та айттым ғой
деймін. Осыдан кейін мені қаншық емессің деп айтып көрші.
Мастығым ертеңгісін тарады... Тұла бойым жеңілдеп, тазарып
ояндым, көзімді ашып алсам — таң атқан екен. Сонда да бұйығып жата
тұрғым келіп еді, бірақ анау, бойына дарытпай, əскери адам ширақ қой,
тез тұрып киіне бастады. Ауызғы бөлмеге шығып күзетші солдатты
шақырып алды.
Бұйрығыңызға əзірмін, полковник мырза» деді солдат.
«Столға екі адамға шай даярла».
Шені полковник екен. Əскери формасын киіп алған соң көзіме
соншалықты жат болып көрінді. Қарсы алдымда соғыс басталғалы
үрейімізді алған жасыл мундир отыр. Түннің сиқыры будай тарап кетті,
арамызда ешқандай жақындық болмаған сияқты, енді қайтадан
көкірегіме үрей кіре бастады. Полковник те түк көрмегендей, бойын аулақ
салып, жай ғана сыпайы отыр, тек сəлден кейін менің көзімдегі үрейді
көріп, жылы шыраймен жымиып, езу тартты, бірақ күлкісі пышақ
кескендей тыйылып, ойы өзге жаққа бұрылып кетті. Алдындағы суып
баратқан кофесін бір – екі ұрттап қойды. Тағдырдың келемежін
қарасайшы, кешегі маған жармасатын солдат, ас-су əкеліп күтуші болып
жүр. Есіктен кіріп келе жатып, полковниктің желкесінен маған
қылмыңдай қарап, көзін қысып қояды, онысы «бəрін білемін» дегені.
Рұқсат сұрап жас офицер кірді, полковникке тіл қатар алдында, о да
маған жалт етіп бір қарап қояды, көзінде бір жымысқы ұшқын жылт
ете қалды, — «бұ да түнде не істегеніңді білем» деп тұр. Осындайда өзіңе
өзің нағыз жезөкше болып көрінеді екенсің.
Жас офицер бөгде адам болғанға іркіліп қалып еді, полковник:
«Баяндай бер. Түндегі ұрыстың жайы немене?» деді.
«Партизандардың шағын тобы екен. Жаралы біреуін қолға түсірдік»
деді офицер.
— «Кім екенін анықтадыңдар ма?»
— «Бұрын осы деревняда сельсоветтің председатель болған. Ал өзі тіл
қатпайды».
— «Бip адамның тілін шығара алмағандарың... жалқаулықтарың
ұстады — ау, ə» деп полковник ащы мырс етті.
— «Қандай тəртіп болады, полковник мырза?»
Полковник тəртіп беруге оқтала берді де, менің үрпиген түріме көзі
түсіп:
— «Э — э... кейін тəртіп берермін» дей салды.
Ертеңгі астан кейін менімен жылы қоштасты, тіпті кəдімгідей
қимастық білдірді.
«Мынадай тамаша кеш үшін сізге көп рахмет, фрейлен. Əттең тек
қызмет бабы қинап тұр. Ілгері жүруіміз керек. Амал қанша. Қош
болыңыз».
Содан солдатты шақырып алып, «фрейленге, азық — түлік бер» деп
əмір етті де, басын иіп шығып кетті.
«Тамаша кеш» үшін қанша рахмет айтса да, түндегі менің
қойнымдағы адам бұл емес. Бұл емес екенін тəніммен сездім. Түндегінің
бəрі сорақы рахат түс сияқты, таң ата оянып кеттім.
Бірақ көресім əлі алдымда екен. Үйден шыға бергенде қораның ішінде
скамейкада отырған адамға көзім түсті. Түрінен жан шошығандай — бір
аяғы ағаштай сіресіп жер тіреген, балағын қақ айырып, балтырын
таңған марлеге қызыл — қошқыл қою қан ұйыпты. Бет аузы көнектей боп
ісіп кеткен, езуінде, мұрын астында да қан ұйып қатып қалыпты. Жаралы
аяғына салмақ салмайын деп тұтқын ұзын скамейканың үстінде бір
жамбастап қисайып отыр. Алғаш қарағанында сау мүшесін, бет бедерін
қалдырмай мылжалап тастаған тірі өлік сияқты еді, кенет ине шаншып
алғандай селк ете қалдым: тұтқынның ісіп кеткен қабағының астынан
титтей боп сығырайып жалғыз көзі маған қадалып тұр екен. Бір сəт
орнымнан қозғала алмай қалдым. Түндегі мылтық даусын ұйқылы — ояу
жатып мен де естідім. Не атыс екенін түсінбей, бірақ секем алып оянып
бара жатыр едім, полковник ояу екен, менің елегізгенімді біліп, «еріккен
солдаттардың ісі ғой, еш нəрсе емес», деп бауырына қыса түскен. Атыс
ұзап естілмей кетті. де... менің тəтті ұйқым онша бұзылған жоқ еді...
Сыртқа шықсам, қақпаның аузындағы сақшыдан өте алмай он бес —
жиырма адам көшеде шоғырланып тұр: көбі қатын — қалаш, бала —
шаға да бар, шамасы сельсовет председателінің тағдырын білуге
келгендер болса керек. Бала көтерген бір əйел еңкілдеп келіп жылайды, бес
— алты жасар баласы шешесінің етегіне жармасқан, көзі шарасынан
шығып кетіпті, байғұс балада зəре жоқ.
Сол адамдардың алдынан қалай өткенімді... Арсыз адам, жерге кіріп
кетпейді екен. Өттім. Буыным қалтыраса да өттім əйтеуір.
«Ұяттан бір нəрсе қалған екен. Қып — қызыл болып кеткенін қарашы»
— деді бір əйел.
Онысына да рахмет, аяғаны болар.
Света ащы мырс етіп, езу тартты, бірақ езуінен күлкі емес мүсəпірліктің
табын көрем. Ол тағы да үнсіз отыр. Əңгімесін айтып болды ма, болса, бұл
ақтарылғаны байғұсқа жеңілдік əкелген жоқ. Өңінде, өңінде ғана емес – ау,
бүкіл тереңінде арылмас бір күйзеліс тепсінеді. Сол күйзелістің ар жағынан
не қыларын білмей дағдарған, сасқан адамның дəрменсіз ажары көрініп
келеді. Бір қолын таянып, бір қолымен жер шұқып біраз отырды, ішін
жегідей жеген мазасыз ойы барын сезем.
— Мен үлкен бақытсыздыққа ұшырадым. Екі қабат болып қалдым, —
деді Света бір түрлі қарлыққан дауыспен, басын көтерместен.
— Қой, қайдан білесің, бекер шығар,— дедім. Сасқаным ба,
жұбатқаным ба, білмеймін.
— Əй, бекер болмас. Білмеймін, бірақ солай сияқты. Əйел екенімді,
бойымда құштарлық бар екенін, масқара болғанда бүгін түнде ғана білдім
ғой. Естуім бар еді, сірə солай сияқты. Ерекше болатын көрінеді ғой, өзің
сезген жоқ па едің?
Мен «оны» кейінірек барып түсіндім — содан бері қайталанып
көрмеген ерекше лəззат есімде қалыпты. Сірə, Света да... сол сəтті кешкен
екен ғой. «Иə, солай», деп қоштағаным оған қуаныш болмас, «жоқ олай
емес, бекер» деп алдарқатқанымнан да жеңілдік шамалы. Ал, кейюге... мен
сірə, Светаға ұрсып көргенім жоқ, ұрыса да алмайтын шығармын, бірақ
туған шешесі болса да қазір кейігеннен не пайда? Істеген іс болса, оның
жазасы күні бұрын артығымен кесілген. Жұбаныш айтайын десең, — сөзің
жалған боп шығады, жалған сөз жарасын одан бетер ушықтырады. Мен
үндегенім жоқ. Кейде үндемеген де жақсылық.
Светаның не ойлап отырғанын білмеймін, оның хəлі мені қинап барады.
Лəззаты мен қасіреті араласқан осы бip масқара түн уақыт оза келе ұмыт
болар еді, шыбын жаны құрғыр шықпаған соң, тəн жарасы сияқты, жан
жарасы да түбі бір жазылады ғой. Бірақ ішіндегісін қайтеді? Не де болса
қалап тиген жары Николайдан сонша сақтанып келгенде... Тұла бойы
тұңғышы мұның қиын — қыстауда əйелдік осалдық жасап алған ең масқара
сағатын өмір бойы есіне салатын болса?.. Білмеймін. Ар жағына менің
ақылым жетпеді. Мүмкін, өмірдің өзі бір қисынын табатын шығар. Адам
баласын өмір бойы арылмайтын азапқа салу, нағыз үлкен қиянат сол емес
пе?
— Ал, Нəзира,— деді Света басып көтеріп менің бетіме тіке қарап.—
Біраз уақыт жолдас болып, бір-бірімізге үйренісіп қалып едік. Сөге —
жамандама. Енді екеумізге ажырасуға тура келіп тұр. Қош бол.
Meн сасқанымнан аузымды ашып, бақырайып Светаның бетіне қадалып
қаппын.
— Қош болғаны қалай? Сонда?.. Екеуміз...
— Мен өз жөнімді табуым керек. Сенің де жолың болсын.
Төбемнен жай түскендей тіл қата алмай қалдым. Менің осы хəлімді
Света сезді ғой деймін, жүдеу тартқан қатқыл өңі жұмсарып:
— Саған жалғыз қиын болатынын білем, үйренбеген, білмеген жерің
ғой, бұл жақ,— деді.— Бірақ менің хəлімді түсінсеңші сен. Жаңағының
бəрін ақтарғаннан кейін, мен сенімен бірге жүре алмаймын.
— Соны маған несін айттың, ішіңде жата бермей...
Бақытсыздық адамды тез есейтеді екен, Света маған кəдімгі көпті
көрген кексе адамдай мүсіркей қарады: мұңлы көзі «сен əлі біраз нəрсені
түсінбейсің ғой» деп тұр.
— Айтпасам одан да жаман болар еді. Жə, мен саған басшы болып
жарытпаспын. Мир не без добрых людей. Бір орайы болар саған да. Сен,
түсін, Нəзира. Мен енді сенімен бірге жүре алмаймын. Қош бол.
Света түйіншегін тез буып алды да жүріп кетті. Соңынан ұзақ қарап
тұрдым. Жаңағы келгендегісіндей емес, жүрісі ширақ, орманға тереңдеп
алыстап барады. Ағаш арасынан түскен күн сəулесінен ақсары шашы жарқ
етін қалады. Артына қайрылып қарай ма деп елең етем, бірақ артына
қайрылып қарамады.
Meн жалғыз қалдым.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
1
Сарайдың ішінде үйген пішеннің ішінде жатырмын. Үрей мен аяз
бірдей қарып, тұла бойым тітіркеніп, тісім тісіме тимей дірдек қағам. Бұл
сарайдың ішінде мен жатқан үйдің иесі Дуня апайдың «Зойка» деп
аталатын мына көнек қызыл қасқа сиырымен екеуміз ғана. Біз Дуня апай
екеуміз есіктен қапыл — құпыл кіріп келгенде жамбастап жатқан Зойка
тыпыршып орнынан атып тұрын, бас жібін жұлқи бізге оқтала бір қарады
да, менің артымда келе жатқан иесін танып, тыныштала қойды. Бұл
жануардың барлық қорқынышы сонымен тынды, қазір қаннен — қаперсіз
салқын шөпті күрт-күрт күйсеп тұр. Мен болсам жүрегімнің дірілін ұзақ
уақытқа дейін баса алмай, ауық — ауық жиіркенішті суық діріл тəнімді
мұздатып өн бойымды қарып өтумен болды. Ол сырттағы аязбен ішіне
кіріп келгенде бетім мен қолыма қылқандай қадалған мұп — мұздай
шөптен бе, əлде деревняға ойда жоқта келіп қалған неміс əскерінен бе,
əйтеуір үрей мен ызғар аралас безгек діріл біразға дейін жанымды жай
тапқызбады. Бірақ пішеннің іші жақсы ғой, қысты күні де денеңді қыз —
қыз қайнатып жібереді, ұзамай — ақ тұла бойыма жылу тарап, сірескен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 10
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.