Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 15

Total number of words is 4107
Total number of unique words is 2095
37.2 of words are in the 2000 most common words
51.9 of words are in the 5000 most common words
59.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Иə, иə, құйып жіберіңдер.
— Арақ жарықтық ол бəрін басады,— деп дабырласа қоштаған
дауыстар мұрнын тартып қорсылдаған жас полицайдың өксігін көміп кетті.
Уақыт тоқтап қалды ма, білмеймін, көк ала түтіннің ішіндегі гүжілдеген
дауыс мəңгі — бақи бітпейтін тəрізді.
Ауық — ауық қалғып кетем бе, əлде есімнен айрылып қалам ба, əйтеуір
көкала түтін мен барылдаған дауыстар үзіліп кетіп қайта жалғана береді.
Тағы да, енді тіпті үйреншікті болып алған, меңіреу халге ауысып бара
жатыр едім, ішім сыздап бүріп əкетті. Бүйірім солқ — солқ ете қалды,
іштен тепкілеп жатыр. О, жасаған. Бұ да бар екен ғой. Ішімде өліп
қалғандай күні бойы бір белгі бермей бар — жоғын ұмыттырып жіберіп
еді, Əлде толғағы түскірі келіп қалды ма? Сорлы, сен де туатын мезгіліңді
тапқан екенсің. Бармағымды тістеп алып біраз отырдым. Бір кезде
құрсағымды бүріп алған ауру шымырлап жанымды шығара рахаттандырып
кейін қайта бастады.
Есімді жиып төңірегіме зер салғанда көкала түтін арасынан еңгезердей
Усачевты көрдім, орыстың самогоны иілді де ұрып жығатын шығар,
шайқалып, құлауға əзер тұр. Басы былқ — сылқ етіп, хəлі кетіп қалған жас
полицайды теңселе құшақтап, тілі күрмеліп:
— Тереха... Тереха... Ты меня увважаешь, а? Я тебя как брата родного...
А ты меня уважаешь, а?— деп жабысады.— Нет ты скажи мне... Скажи...
Ты меня уважаешь?
Баяғы полкта жүргенде орыстың келіншектері айтушы еді: еркектер
ішіп алғанда «сыйласу» туралы сөз қозғаса — ақ бітті, ізінше төбелес
басталады деп. Мыналар да тым кеукілдесіп барады, ақырын бір құдайдың
өзі білсін. Бір шатақ шықса... екі ортада шыбын өледі деп...
Құрбандыққа шалуға аяғын буып тастаған қой сияқты, тағдырға мойын
ұсынып, неге болса да көндіккен жағдайым бар еді. Оның үстіне өз
ордасында, отанында отырған қыруар жұрт қырылғанда жел айдаған
қаңбақтай қаңғып жүрген жалғыз бұралқы менің тірі қалуым, қайыршыға
ханның сыбағасын сыйлаған тəрізді, тым өрескел де көрінеді, жаншылып
қалған жалқау көңілмен самарқау ғана ақтық сағатымды тосып едім. Жаңа
ғана құрсағымды тепкілеген жан иесі ұйықтап қалған үрейімді оятып
жіберді. Мені комендатураға апарғанмен жаным қалмас, болмаса мына мас
полицайлар жол үстінде — ақ жайрата салар деген ойдан шошына
ширығып, қайткенде жан сақтауды ойладым.
Мына құрғырлар мелшесінен келіп, дуылдасып жатқанда ебін тауып,
шығып кетсем... Бір баққаным төртпақ полицай, Усачевтей денелі болмаса
да, жуық арада араққа алдырмайтын қу екен, ішкен сайын тек түнере
береді, тіпті сөзге де сараң болып алды. Бірақ, құдай оңдағанда, оның
менімен онша ісі де жоқ сияқты.
Босағада, дəл есіктің түбінде отырғанмын, сыртқа шығып баратқан
біреуі маған сүрініп кетті де:
— Аяққа оралғы болып... Бар шуланға кет!— сауырымнан теуіп
жіберді.
— Тырп етпе, осы жерде отыр,— деді шуланға менімен ілесе шығып,
қараңғы бұрышты нұсқап.
Ол түзге шығып қайта кіргенде, құдай оңдап ұмытып кеткен болар,
қараңғы шоланнан мені іздеген жоқ. Саңлау қалған есіктен іштегі гуілдеген
көп дауыстың арасынан Усачевтың гүжілдегені құлағыма шалынды. Ол
енді «сыйлауды» азырқанып, «мені ешкім жақсы көрмейді», деп жыларман
болып біреуге мұңын шағып жатыр. «Қашу, құтылу керек» деген жігерлі ой
жетелеп, бойымның ауырлығын сезбей зытып сыртқа шықтым.
Күтпеген жерден лапылдаған жалын көзге ұрып, қабырғаға арқамды
тіреп тұра қалдым. Есімді жиып, зейін тоқтата қарасам деревняның өртеніп
жатқан үйлерінің жалыны екен. Кейбіреулері сөне бастапты, əрегіректе
болса білмеймін, бұл шетте Дуня апайдың үйінен өзге өртенбеген үй
көрінбейді. Əр жерден қара қошқыл жалын үңгіп жатқан түн қараңғысында
оқта — текте патыр — патыр ете қалып, тысырлап жанған өрттің өз
дыбысынан басқа үн жоқ. Демімді ішіме тартып аз тұрдым. Көптен беpi
тығылып жатып, қарекет қылуды да ұмытып кеткен түрім бар. Мана да сол
құрбандыққа апаратқан тоқтыдай айдаған жақтарына жүре беріп едім, енді
бас жібім босап кеткенде... қалай жан сақтауымды білмей сасып тұрмын.
Айтпақшы немістер бар еді — ау. Олар көрінбейді де, естілмейді. Басқа бір
үйде тойлап жатыр ма екен, əлде кетіп қалды ма? Осы мен неғып тұрмын?
Тезірек...
Сарайдың қасына қалай келіп қалғанымды да білмедім. Сипалап есігін
аша бергенімде іштен бір нəрсе тыпыр ете түсті, қаша жөнелуге шамам
келмей есікке жабысып тұра қалыппын. Уһ, құдай — ай, Дуня апайдың
сиыры Зойка екен. Ауыр күрсінгендей ақырын ыңырсыды да, мөңіреп қоя
берді. Даусынан үркіп қалсам да, жып беріп ішке кірдім. Мөңіреуін
қойғызайын деп қараңғыда жотасынан сипалап келіп, əукесін қасыдым.
Жарықтық сауыны келіп теңселіп тұр екен. Енді бұл ауылда мұның желінін
сипайтын тірі қол қалған жоқ. Менің түрім мынау. Əукесін сипаған сайып
жануар исініп, тұмсығымен қолтығымнан түртіп қояды. Соңғы сауымын
қашан алып еді? Таңертең Дуня апай... Осы бүгін таңертең бе еді?..
Астағыпыраллау, осы бүгін таңертең. Содан бері мен үшін тұтас бір ғұмыр
өткен сияқты еді, мына сұмдық тажал күн əлі таусылмай шұбатылып келе
жатыр екен ғой. Айтпақшы бүгін түнде осы сарайға түнеп шығып едім —
ау, енді тозақтан өтіп сол мекеніме қайтып келіппін. Сипалап барып пішен
ішіндегі үңгіген орнымды тауып алып, кірдім де, сылқ етіп құлай кеттім.
«Іздесе бұл сарайдан мені оңай тауып алады — ау», «əлде сарайды өртеп
кетуі де мүмкін — ау» деген күдік ойлар көкірегімде қозғала түсіп еді,
денемді басқан ауыр салмақ, күдік отын өшіріп, тұңғиыққа қарай тартып
əкетті.
3
Қанша ұйықтағанымды білмеймін. Ұйықтадым ба? Əлде есімнен танып
жаттым ба? Ол арасын ажыратуға да, ойлануға да шамам келмейді.
Ұйықтап жатқанда біреу темір шоқпармен ұрып кеткен бе білмеймін, белім
сындырып алып барады, барған сайын ауырғаны ұлғайып, жанымды
көзімнің ұшына алып келе жатыр, қайда, неғып жатқанымды да ойлауға
пұрсат берер емес. Пішенді сусылдатып ырғалып ыңырана берем. Енді бел
сүйектің ауырғанына ішім де бүре бастады. «Бұрын дəл мұндай емес еді,
апырай, келіп қалғаны ма?» деген ой басыма сап етіп, шошып кеттім. Сол
ойға тіркесе, қайда жатқаным да есіме түсті. Бірақ өзге нəрсені ойлауға
пұрсатым болмай, бар бітіргенім құдайға сиына бердім. Жасаған — ай,
жасаған, кішкене кідірте тұр. Сабыр берші, сабыр.
Жанымның күйзелгені сонша, дабырлаған мен тарсылдаған мылтық
даусы да миыма кешеуілдеп жетті. Əуелгіде еш нəрсені түсіне алмадым,
əйтеуір бір қарбалас барын сезем. Құлағыма «партизандар, партизандар
келіп қалды» деген үрейлі дауыс келеді, бұл полицайлардың даусы болар.
— Сволочтар, шошқаша сіміріп едіңдер. Ал, енді құтылыңдар,— деді
ызалы қырылдақ дауыс. Бұл маған таныс дауыс сияқты.
— Шана қайда? Шананы əкеліңдер!— деген дауыс гүж етті. Бұл да
маған таныс, айтпақшы Усачевтың даусы, есін жиып алыпты — ау, оңбаған.
— Батыс жақ ашық. Ершиге қарай қашу керек!— деп əмір етті
қырылдақ.
— Тезірек шананы жегіңдер. Атты доғарып қойған қандай ит.
— Сен шана жеккенше партизандар күтіп тұра ма.
— Ал, тезірек зытыңдар! Қалған иттер қала берсін.
Ырсылдап жүгіріп баратқан адамдардың аяқ дүрсілі.
Енді мылтық даусы жақындап қалды. Үлкен атыс жоқ, бір — екі рет
тарс — тарс етіп қана басылды. Сегізкөзімнің сырқырағаны басылар емес,
оның үстіне ішімнің ауырғаны да үдеп, бүріп əкетіп барады. Өзіммен өзім
алысып, сырттағы оқиғалардың бірін біліп, бірін білмей де қалам, қазір
тіршілік қамын, қауіп — қатерді ойлауға мұрсатым жоқ, жанымды қинаған
тəн азабымен алысып жатырмын. Сөйтіп жатқанда дабырласып сарайдың
қасына келіп қалған адамдарды да байқамаппын.
— Осы сарайда біреу бар.
— Байқаңдар.
— Жараланған адам болар, қиналған даусы шығады,— деген дауыстар
қаңғырлап құлағыма келеді, бірақ бұл басқа бір дүниеден естілген дауыс
тəрізді, мағынасын ұқпаймын. Тыпыршып сиыр мөңірейді.
— Даусы шөптің арасынан шығады.
— Əйел даусы сияқты.
— Кім бар, мұнда? Кім бар?
«Кім бар?» осы «кім барды» неше айтқанын білмеймін, əйтеуір тағы бір
қайталағанда, есім кіріп жауап бергім келіп еді, бірақ сөз орнына
ыңырсыған дауысым қаттырақ шықса керек.
— Міне, мына осы жерде. Осы арада.
Біреудің қараңғыда сипалаған қолы иығыма жармасты, көзімді ашып
оның қарауытқан тұлғасын да көрдім.
— Ауыр жараланған біреу болар. Вася, аяқ жағынан кел.
Қараңғыда қорбаңдаған екеу мені пішен арасынан суырып алып, көтере
бергенде жаным шығып кете жаздап шыңғырып жібердім.
— Осторожно, Вася.
— Сабыр етіңіз, кішкене сабыр етіңіз. Қазір дəрігер жəрдем етеді.
Бұлар далаға алып шыққанша шегім үзіліп кете жаздады. Олар да
байғұс асып — сасып, «неге байқамайсың» деп бір — біріне кейіп қояды.
Сыртта да біраз адам бар сияқты, дабырлаған дауыстар, қарды күртілдетіп
басқан қадам тықыры.
— Ай, шананы əкел. Мында ауыр жаралы адам бар, Сергей Сергеевич
қайда. Жаралы адам бар.
Мені жантайтып қарға жатқызып қойды. Тұруға тізем қозғалтар емес,
шынтақтап басымды көтердім. Бір партизан атты жаяу айдап келіп, шананы
қасыма қойды. Ат тоқтатардағы осы дыбыс тура ешбір əріппен жазуға
келмейтіндей, екі еріннің арасын дыбырлап шықты.
— Дабай, нагружай быстро.
Орысшасы да менің орысшамнан аумайды, үні ашық қатқылдау, бір
жерде естіген даусым сияқты. Апыр — ау, қайдан естіп ем?.. Охо, құрғыр,
құрсағы түскірі бүріп əкетіп барады, біреу келіп үсті — басымды
сипалайды.
— Қай жеріңнен жараландың? Қай жеріңнен?
Тіл қатуға пұрсатым бар ма, жаным шығып баратқан да, тек ышқынып,
ыңырси берем. Еркектің қарулы қолы о жер, бұ жерімді сипалап келіп,
ішіме тірелгенде, кілт тоқтай қалды.
— Екі қабат əйел ғой. Толғағы келіп қалған. Үйге апару керек.
— Үйге апаруға болмайды. Командир кетуге бұйырды.
Жаңағы ат айдаушының даусы. Апырмай, бір таныс...
– О — о, жаны құрғыр — ай.
Менің шыңғыра ыңырсығаннан басқа жауабым жоқ, ол басымды
көтеріп салмақ боп, бетіме үңіліп, кілт тоқтады.
— Бұл орыс емес қой.
— Енді кім, немка ма?
— Жоқ. Немка емес. Бір түрлі сіздің ағайынға ұқсайды. Бұл жаққа, бұл
қайдан келіп қалды екен? Бұ жердің адамына ұқсамайды.
Кімге ұқсағанда да, құрсын енді, жаным шығып барады. Жаңағы бүріп
ауырған ауырған ба, енді қолқаммен қоса бүкіл ішек — қарынымды төмен
қарай суырып əкетіп барады. Ұзын біреу еңкейіп келіп, бетіме үңіледі.
— Кто ты такой...
Бұ да ыңырсығаннан басқа жayaп ала алмай, енді кəдімгі қазақша:
— Сен қазақ емеспісің?—деп сұрады.
Құдай — ау, қазақ, қазақпысың дейді. Иə, иə, қазақпын дегім келеді. Иə,
мен қазақпын. Білмеймін, сірə даусым шықпай ғана айтқан болармын, анау
сұрағын тағы қайталады. Ішек, қарынымды трактормен сүйрегендей төмен
қарай əкетіп барады. О — о, жаны құрғыр — ай. Бір саябыр болар ма екен?
Кез алдым жарқ ете қалып, көзімді жұмып қайта аштым. Біреу қол
фонарын жағып бетіме үңілді де аңырған күйі аузын ашып қатып қалды.
Жарыққа да, жан қинаған ауруға да шыдай алмай көзімді қайта жұмдым.
Əлден уақытта əлгі:
— Сіз Еділбаевтың əйелі емессіз бе?— деп сұрады.
«Иə» деуге ғана шамам келді.
— Ай, бəсе, танып қалдым — ау. Meн Абанмын ғой. Абан Бұқашев.
Қайдағы Абан? Қайда көріп едім? Əйтеуір бір таныс адам сияқты.
— Көпірге бомба түскенде... стансада кездесіп едім ғой.
— Қайдағы көпір? Қайдағы бомба?
— Ай, құтылып кете алмассыздар деп қорқып едім сонда.
«Көпір... бомба...» Өртенген вагонның қасы... Еміс — еміс бір елестер
көз алдыма келеді, бірақ қазір мен одан қашықпын. Тіпті қашықпын. Қазір
дүниенің бəрінен қашықпын. Мына жан күйзелісі мені бəрінен бөліп
тастаған. Айтылып жатқан сөздерді еститін, түсінетін тəріздімін, бірақ ол
сөздер менен, менің мына жан қиналысымнан бөлек... Тек дауыс, сөз ғана...
— Жолдас дəрігер, жолдас доктор, бұл біздің Еділбаевтың əйелі... Біздің
командирдің.
— Апырай, кездесуін қара... Рас па?
— Рас деймін. Мен мұны бұрын көргенмін. Білемін. Мен барып
командирді шақырып келейін. Жеңгей, Қасекең тірі. Осында.
«Қасекең... Қасымбек... Тірі... осында...» Жаным қиналып жатқанда
алыстан талып естілген осы сөздердің мəнін мен бірден ұға алмадым.
«Қасымбектің осында болғаны қалай? Шынымен — ақ мені іздеп тапқаны
ма? Бар пəледен құтылатын сағатымның жеткені ме?» Екеуміздің арамызды
мына қызыл қырғын, бітпейтұғын қыруар соғыстың қосылмастай үзіп
кеткені сонша, мен осы сөзге бірден сене алмадым. Бар шамам келгені:
— Қасымбек пе?— дедім ыңырсып.
Ұзын денелі жігіт бетіме төне түсті.
— Иə, иə, Қасымбек. Қасекең осында.
Бұдан арғысын анық біле бермеймін, Доктор мен ұзын жігіт бір нəрсеге
таласты ма, екеуі тіпті керілдесіп қалды. Оған абыр — сабыр жалғасты.
Мылтық даусы ма, əйтеуір, бір алас — қапас басталған түрі бар, қозғалып
жүріп кетті. Енді бір есімді жиғанда қарлы жолдың үстімен сырғанай ағып
келе жатқанымды байқадым. Мұрныма аттың терімен аралас аяз қардың исі
келеді. Сəл ғана жаным тынышталғандай. Жаңағы жанымды сығып
мұрнымның ұшына əкелген тозақы азап бəсеңсіп, енді жүйкемді
шымырлатып, бір ырғақпен суырып, жай ауырады. Терлеп кетсем керек,
терімді сүртіп, орамалыммен басымды қымтадым. Зəрем ұшып, сол
толғақтың қайтып оралуынан қорқам. «Келмесе екен, келмесе екен, кідіре
тұрса екен...» — деп тілеймін.
— Жаудан қарамызды үзіп кеттік білем... хəлі қалай, доктор?
— Бірінші толғағы қайтқан сияқты...
Осы бір жігіттің орысша сөйлеген даусы манағы бір жанталасып
жатқандағы шала — шарпы естіп, шала түсінген əңгімені көңіліме қайтып
əкелді. «Атым Абан деді — ау». Бірақ бір сөлекеттеу есімді қайдан естіп
едім... «Стансаны бомбалағанда...» Иə, иə, өртеніп жатқан вагонның
қасында жоғары, тайлаққа салған қоржындар... шалбарының галифесі
бұлтиған ұзын бойлы жігіт жөнімді сұрап алып еді — ау. Ұмытпаған екен...
айтпақшы, Қасымбек осында деген жоқ па еді? Иə, солай деді. Бұл сөзді
қалай есімнен шығарып алғанмын? Шын айтты ма екен? Ол тірі болса
майданда, ана жақта, соғыста болмай ма? Бұл жерде неғып жүреді?
Сірə, тəні əлсіреген адамның сезімі де əлсіреп кетеді екен — ау,
Қасымбек туралы сұрағым келеді де, əлім жетпей іркіліп қалам. Қасымбек
қазір осы маңда бар болса да, мына жігіт жаңсақ айтып жоқ болып шықса
да, мен бұл хабардың екеуін де көтере алмайтын тəріздімін. Қасымбек осы
түнгі жортуылдағы жұрттың ішінде бар болса да, соншалық алыс, оған
менің қолым жетпейді. Жəне бар болса оның өзі емес, елесі ғана бар
сияқты, қолымды созсам жоғалып кетеді. Жалпы маған қазір мына қараңғы
түн, ат шана, шана үстіндегі екеу түс сияқты.
Тек өшпейтін де, таусылмайтын жалғыз шындық — тəн азабы. Сол ғана
саябырсып, жүрегімді шошытып қайтып оралады. Баяғыдан бері көңіл
түкпірінде бұғып жатқан, сенбесем де сенгім келетін, бір тілеуім болатын.
Іштегімнің сыртқа шығар сағатынан қорқып, құрсағымда жата берсе... жата
берсе... тіпті елге аман жеткенше жата берсе екен деп тілеуші едім.
Кішкентай баланың ғана көңілін алдауға жарайтын осы далбаса тілек
ақылымды ығыстырып, ойымды билеп алған — ды. Алдарқатқан үміттің
таусылған жері...
Тағы да белім сындырып алып барады. Сүйегі құрғырдың ауырғаны
жаман болады екен, көзіңнен жасыңды ыршытып жібереді, енді оған іш
ауруы жалғасты. Жоқ, бұған «ауру» деген сөз тым əлсіз. Бүріп бастап еді,
сəлден — ақ жанымды шығарып, іші — бауырымды төмен қарай суырып
əкетті. Қиналып аласұрсам керек. «Қазір! Қазір! Шыдаңыз!» деп
сасқалақтаған еркек даусын есітемін. Ол қолы қалтырап, іш киімімнен
босатып жатыр. Екі еркектің алдында ұялу, қысылу... жоқ, ол туралы тіпті
ойлағаным жоқ, қазір тек бүкіл іші бауырымды сығып сыртқа шығарып
тастағым келіп күшенемін. Meн сыртқа итеріп, біреу ішімді тысқа
айналдырғысы келіп, сүйреп тартып жатса да болмайды. Ішіме тұз құйып
жібергендей удай ашытып, қаным басыма шауып, бар тамырым сыздап
жарылып кетердей жаным шығып барады. Шананың екі жақтауын
сындырып жіберердей екі аяғыммен итеремін кеп..- Жақ сүйегім қарысып,
қалшылдаған темір саусақтарым бүйіріме кіріп барады. Өз терімнен өзім
шығып кеткім келіп ышқынамын келіп... Ышқынамын... Бір кезде қақырап
шатым айрылып бара жатты. Бүгінгі қырғыннан жалғыз тірі қалғаным дəл
осындай көріп болмаған қиямет жазам бар екен ғой.
«Əрбір жан иесінің жарық дүниеге осынша ана ғазабымен келетінін
жұрт ойлай ме екен?» Бұл ой маған кейінірек келді. Ал, сол кезде əр сəті
жылдан артық созылған қиналыс пен азаптан өзге еш нəрсені білген де,
сезген де жоқпын.
4
«Əрбір жан иесінің жарық дүниеге осынша ана ғазабымен келетінін
адам деген ойлай ма екен?» Əй, көп адамдар — ақ ойлай бермейтін шығар,
ойласа адам құнын осынша арзандатпас еді ғой» деген ой келеді кейде
маған. Сол деревнядағы қырғын,— қаны сорғалаған бітелмейтін жара
болып жатып алды менің ішімде. Соның мəн — мағынасын түсінгім келіп,
түсіне алмадым. Кейін жаудың аяусыз қаталдығы жайлы, фашизм жайлы
көп естіп, ойға салып саралап сол оқиғаны түсінейін десем... кішкентай
күлімдеп тұратын жəудір көзіне дөңгеленіп шыға келген үрей... «Ағатай,
ағатайлар. Əн салып берейін» деп жалынып... көзінен жасы парлап,
шырылдап шырқай жөнелді. Ышқынған сəби даусы қайталап келіп
құлағымда жарып өтеді.
Жоқ, мен бұл қырғынға түсінбеймін. Маған оны ешкім де түсіндіре
алмайтын шығар. Тек əйтеуір тірі қалдым, бірақ жанымның жартысын,
сонау терең сайдың ішіндегі қалың өліктің ортасында жерлеген жартымын.
Жанымның сол ойсыраған жартысын толтырып тұрған іштен шыққан
жарығым, кішкентай Дулатым. Онсыз да ауыр хəлімді екі есе ауырлатса да,
оның есесіне маған он есе қайрат, қуат беретін де осы. Қанша азабыңды
тартсам да есесін рахатыңмен қайтарып келе жатырсың, күнім.
Жер кепеге көтеріп кіргізіп жатқанда да бірін біліп, бірін білмейтін
ұйқылы — ояу халде болдым. Мұрныма сытырлап жанған қарағайдың ащы
— тəтті түтін исі келеді, бетімді ысқылтым жалын шарпиды. Тəтті
ұйқының арасындағы ұйқылы — ояу сəттерім де тəтті. От басында біреулер
күбір — күбір сөйлеседі. Балбыраған жайлы ұйқыдан оянып, арқамнан
ауыр жүк түскендей бүкіл денем босап, жеңілденіп баяу рахаттанып
жатырмын. Осылай жата берсем. От басындағы күбірлеген сөздер де,
мағынасына ой жүгіртпесем де, жұмсақ, дыбысы құлағыма жайлы. Осы ұяң
тыныштықты шырылдап жылаған сəби даусы бұзып жіберді. Жүрегім селт
ете қалды. Жай шырылдап бастап еді, лезде айқайға басып, шырылдап,
кішкене зілмəнкені басына көтерді.
Менің де даусым шығып кетті ғой деймін, темір пештің түбінде отырған
қапсағай денелі кісі қасыма келіп, бетіме үңілді.
— Ояндыңыз ба? Ұзақ ұйықтадыңыз ғой,— деді жайымен.— Хəліңіз
қалай?
— Бала... бала жылап жатыр.
— Баланы ойласаңыз хəліңіз жаман болмас. Құттықтаймын, ұлыңыз
бар. Тамаша бала, нағыз солдат. Салмағын өлшей алмадым. Бірақ мықты.
Қайдағы «салмақ?» Шырылдаған балаға жаным ашып кетті. Көргім
келеді. Өңі тотыққан, қоңқақ мұрынды ат жақты бұ кісі, сырты колхозшыға
ұқсаса да, дəрігер екен, түндегі менің толғағымды күтіп алған осы болар.
Баланы құндақтап қойыпты. Алғаш рет бала емізу кісіге қиын да, ерсі екен,
қытығың келе ме бір түрлі... Шүберекке орап қойған кішкентай тірі жан,
əуелі менікі де, менікі емес те сияқты көрініп, жатырқағандай болып едім,
өзі мешкей екен, солқылдатып сорғанда емшегім шымырлап қоя берді.
Əдепкіде тіксініп қалған кеудем енді рахаттана исініп: тұла бойымды
балбыратып алып барады, тіпті айрылғым келмейді. О да қадалып
жабысып қалған, тоятын түрі жоқ.
— Біздің партизан отрядының өзі əйелдер босануға ыңғайсыздау жер,—
дейді доктор.— Бірақ енді бəрі сəтті болып шықты. Meн де бірінші рет
акушерлік тəжірибеден өттім сіздің арқаңызда.
Тұңғыш көрген баламмен əлек болып, докторға рахмет айтуды да
ұмытып кетіппін, емізіп болған соң ол баланы қолымнан алып, ар жағында
бір орыс келіншегі тұр екен, соған берді.
— Бұл кісі Шура. Біздің санитарка. Сізге жəрдем етеді,— деді доктор.—
Ал, қалай, хəліңіз жақсы ма?
— Жақсы.
— Хəліңіз жақсы болса тағы да бір қуанышты хабар айтамын. Сіздің
күйеуіңіз осында. Ол сізді ұйықтап жатқанда көріп кеткен. Шура, аға
лейтенант Еділбаевты шақырып жіберші. Ол сізді көргенмен баласын əлі
көрген жоқ. Енді барлық тойды бірге жасайтын болдыңыздар.
Қасымбек... Ойбай — ау, түнде əлгі бір жігіт... аты Абан ба еді, айтып
еді ғой, жаным қиналып, аласұрып жатып тіпті есімнен шығып кетіпті —
ау. Жүрегім жарыла қуанып, айқай салып тұра жүгіретін орайым бар — ақ
еді, бірақ мен былшиып қозғалмай жатырмын. Осы хабарға сенейін десем,
шынымды айтсам, қорқамын. Егер ол бекер болып шығатын сияқтымын.
Сонша бере салғаны... Басымды көтеріп алып едім:
— Сіз қозғалмаңыз, жата беріңіз,— деді доктор. Қазір өзі де келеді.
Абзалы қуаныштың өзі адамды қорқыныштан кем толқытпайды. Ал, қазір
сізге қатты толқу болмайды. Кішкене кідірте тұруым керек еді, шыдай
алмадым. Кінə менен.
Жастыққа қисая түстім де, бірақ шыдамым жетпей басымды қайта
көтердім. Неше бір сезімсіз болғанда да Қасымбек келгенде сұлап жатып
алғаным... Əзір есікке ұстаған қалың кенеп қозғалмайды, сырттан естілген
аяқ дүрсілі де жоқ, оның есесіне менің жүрегім дүрсілдеп барады. Қазір
Қасымбек кіріп келгенде... Əбден үмітім үзіліп қалған ба, Қасымбекті дəл
қазір көрем дегенге өзімді əлі де сендіре алмаймын. Шынымды айтсам үш
— ақ ай отасып,алты ай көрмеген Қасымбектің өзіме жақындығын да
ұмыта бастаппын. Жарты жыл. Осы жарты жылда менің жарты өмірім өтіп
кетті. Оған дейінгі он сегіз жыл өмірім бір бөлек болса, соңғы жарты жыл
өмірім бір бөлек жəне бұл жарты жыл қиямет қиындығын былай қойғанда
алдыңғы он сегіз жылымнан əлдеқайда ұзақ. Сондықтан да Қамқа əжем,
ауыл — аймағыммен қоса өмірімнің бергі бетінде, тіпті алыста қалған
сияқты еді. Осы бір басыма түскен шырғалаң мəңгі — бақи бітпейтіндей
көрініп, сол бұрынғы өмірімді, сонымен қоса Қасымбекті де жатырқап
қалған жазым бар екен. «Қара ешкіге жан қайғы» болған мына қызыл ала
қырғынның ішінде Қасымбек те бұрынғы өмірінің менімен байланысты
кішкентай ғана бір бөлшегін жатырдан қалған жоқ па екен?
Қуанышыма қобалжу араласып, жүрегім лүпілдеп өз ойыммен əлек
болып отырғанда Қасымбектің келгенін білмей де қалыппын. Есік жақтан
естілген аяқ дүрсіліне бетімді бұрсам үстіне шинель, басына құлақшын
киген əскери жігіт кіріп келеді. Қасымбек. Зілмəнкенің іші қара көлеңке
болса да өңі жүдеп, бет — бедері тотығып, жүзі қатқыл тартқанын байқап
қалдым, балғын шыбықтық қатайып кеткені сияқты ма, бүкіл тұлғасында
бір қатқылдық бар. Аласа зілмəнкеде еңкейіңкіреп маған үнсіз жақындап
келеді. Meн де үнсіз ұмсынып қарай бердім.
О, жасаған! Баяғы үміт пен үрей аралас маған үрпие қарайтып мейрімді
томпақ көзі. Дауысымның қалай шығып кеткенін білмеймін. Бір кезде
əйтеуір құшақтап жабысып алып, тұмсығымды шинелінің өңіріне тығып,
солқылдап жылап отырғанымды байқадым, тіпті тоқтай алатын емеспін,
баяғыдан бері ішке тығылып, шемен боп қатып қалған пəленің бəрі еріп
кетті ме, көз жасым тыйылар емес.
Мауқын бассын деген болар, Қасымбек те маған тіл қатпай бауырына
ақырын қыса түсіп, шашымнан, желкемнен сипалайды. Осы бір іштей
ұғынысқан жақындықтың арасына сөз кіріп кетсе шырқы бұзылатынын
екеуміз де сезіп, біраз уақыт үндеспедік. Қасымбек мені бауырынан
шығарып алып бетіме қарады.
— Соғыс жұртты бір — бірінен ажыратуды ғана біледі деп ойлаушы ем,
бұл шіркіннің кейде ажырағандарды табыстырады екен ғой,— дейді біреу
орысшалап.
Доктордың үйде екенін ұмытып кеткен екем, ол бізге күле қарап тұр.
— Ал, жолдас лейтенант, құттықтаймын. Бір емес екі құттықтаймын.
Жоғалтқан жұбайыңызды тапқаныңыз үшін, жəне əке болғаныңыз үшін.
Соғыс қанша жалмап жатса да өмір өз дегенін істейді. Көрдіңіз бе,— деді
доктор Қасымбектің қолын қос қолдап қысып.— Жұбайыңызды
құттықтағанмын. Ал, енді той сізде.
— Рахмет, рахмет сізге,— дей береді Қасымбек басқа сөз таба алмай
ыржиып.
Өңі тотығып, есейіңкіреп кетсе де, ыржиған бала күлкісі сол қалпында,
көңіліме ұялап қалған осы кескіні арадағы алты айды ұмыттырып жіберді.
Баяғы сол Қасымбегім, екеуміз тіпті екі елі ажыраспаған сияқтымыз.
— Ай, дегенмен екеуіңіздің кездесуіңіз қайран қаларлық нəрсе,— дейді
доктор басын шайқап таңырқап.— Шынында да... Қарашы ə...
— Мен Нəзираны елге аман — есен жеткен шығар деп жүр едім.
— Мен де сені арғы бетте, майданда соғысып жүрген шығар деп едім.
— Мінекей енді, екеуің келіп осы арадан табыстыңдар.
Біз өзара қауқылдасып жатқанда Абан кірді.
— Жолдас лейтенант, кіруге рұқсат етіңіз,— дейді есік алдынан, о да
көңілді, сампылдап сөйлей кірді.
— Ал, Нəзира жеңгей, қол — аяғыңыз жеңіл болсын. Нəрестеңіздің
бауы берік болсын. Баланың кіндігін мен кестім. Кіндік шеше болам,
жолдас лейтенант. Бұйырса бір көйлек киетін шығармыз.
— Көйлек емес, трофойден тон кигіземін,—деп күледі Қасымбек.
— Сол тонды мен айыбым үшін сіздің өзіңізге сыйлаймын.
— Қайдағы айып?— деп таңырқады Қасымбек.
— Сізден жасырып келген бір сырым бар еді. Енді айтуға болады. Мен
Нəзира жеңгейді бомба түсіп поезы өртеніп жатқан стансада көргенмін.
Көпір бұзылып, бұл кісілер жаяу кеткен. Кейін біздің өзіміз қоршауда
қалып қойғасын, ай бұл кісілер, сірə, өте алмас деп ойлап едім. Со жерде
мен сіздің есіміңізді де сұрап алғанмын. Қоршауда жүріп, құдай айдап сізге
кездестім ғой. Атыңызды естігенде — ақ, жүрегім бүлк ете қалған. Сонда
бір айтып қала жаздадым да тілімді тістей қойдым. Мынандай жағдайда
жүргенде уайымына уайым қоспайын дедім.
— Апырмай, сен де бір сырға берік жігіт екенсің,— деді Қасымбек
таңырқап.
— Берік болмағанда қайтейін. Анандай оқиғадан кейін жаяу — жалпы
əйелдердің елге жетуіне сіз де сенбес едіңіз ғой. Одан да аман
қауышқандарыңызды айтсайшы.
— Иə, қауышқанымызды айтсайшы. Мен елге аман өтіп кетті ғой деп
жүр едім. Көңілімде аздаған күдігім де болды. Бірақ аман өтіп кетті дегенді
естіген соң...
— Айтпақшы, сол деревняда тұрдыңыз ба?— деп сұрады Абан.—
Мəссаған, сонда тіпті таяқ тастам жерде тұрып... білмеппіз ғой. Алдыңғы
түнде барып біз сондағы неміс гарнизонын қырып тастадық қой. Неғып
кездеспегенсіз?
— Мен онда сол сарайдың ішінде тығылып жатқанмын.
— Апырмай, ə, қарай гөр,— деп таңырқайды Абан.
Үш қазақ қауқылдасып жатырмыз, дəрігер бөгет болмайын, мауықтарын
бассын деп сыртқа шығып кетті. Абанның қуанышы біз екеуміздің
қуанышымыздан бір де кем емес. Өзгенің қуанышына өзінен артық қуана
білетін осындай ашық, ақ пейіл адамдар болады. Абан... сол баяғы өртенген
станция басындағы түрі көз алдымда қайта тіріліп келеді, екі танауы
быттиған, кішкене пісте мұрын, шықшыты шығыңқы, астыңғы иегі ілгері
ұмсынып біткен. Əсіресе, екі жамбасына бұлтиған шалбарының
галифесінен төмен қарай обмотка ораған сирағы, жабағысы жүнделмеген
тайлақтың сирағындай сорайып тұрған көрінісі көз алдымда аумай
қалыпты. Өзінің түрінде де, жүріс — тұрысында да өзіне ғана жарасатын
бір сөлекеттік бар.
Аты — жөні де сөлекеттеу, мен естіген қазақта Бұқаш деген ат жоқ,
Мұқаш болатын, Абан емес Əбен дейтін, əкесі өз атын қисық қойған соң,
баласының атын да қисайта салған сияқты. Осыған дейін екі — ақ рет, онда
да ылғи қиын — қыстау алас — қапаста қысқа ғана кездессем де осы жігіт
көптен таныс, аралас жақын адам сияқты көрінді маған. Осындай бір
шекарасы жоқ, өз қақпасын аңқитып ашып тастап кісіні ішіне кіргізіп ала
қоятын адамдар болады.
— Мен сонда сіздің дауысыңызды естіген сияқтымын.
— Қойыңызшы?— деп таңырқайды Абан.— Дауысымды таныдыңыз
ба?
— Таныған да сияқтымын. Бірақ бірден есіме түспеді, Тек осы бір
қазақы дауысты қайдан естідім деп дал болдым.
— Мəссаған. Ойбай — ау, сонда неге дауыстамадыңыз. Қасекең де
сонда еді ғой.
— Мен оны біліппін бе,
партизандарға еріп қайда барам.
жəне
мына
түріммен
танымайтын
— О да дұрыс екен — ау,— деп Абан шекесін қасыды,— Бірақ енді
арты қайыр болып əйтеуір аман — сау кездескен соң. Сіздің қоршауда
қалатыныңызды біліп едім. Бірақ соны Қасекеңе айта алмай күпті болып
жүр едім. Тіпті кеше де кездескен жерде мына доктор Қасекеңді шақыртпай
пəле қылды ғой.
— Сергей Сергеевич менен кешірім сұрады. Бірақ шынында да сонікі
дұрыс болған,— деді Қасымбек.— Сол сəтте менің де қайрылуға мұрсатым
жоқ еді.
Ақкөңіл Абан бізден бетер мəз болып, біраз уақытқа дейін ерлі —
зайыптылардың əңгімесін бөліп кеткенін ойлаған жоқ. Осы ерсілігі есіне
түсіп кетті білем, кенет күйбеңдеп:
— Ойбай — ау, əңгіме бұзау емізер, дегендей, мен қазан жағыма
барайын,— деді.— Қалжаңызға қой сою керек еді, бірақ енді қойға бергісіз
бір тауықты пісіріп жатырмын. Картоп салып, пияз салып дегендей... енді о
жағын қатырамыз ғой,— деп шығып кетті.
Үйді толтырып тұрған Абанның даусы екен, зілмəнкенің іші жым —
жырт бола қалды, тек темір пеште лаулап жанып жатқан қарағай отын
сытырлайды. Оңашалыққа үйрене алмай, тіпті бір түрлі ыңғайсыздық
сезініп, екеуміз аз уақыт үнсіз отырдық. Бір нəрсе деудің орнына Қасымбек
томпақ көзі адырайып маған қарай береді. Сөйлеуге мен де құштар емеспін,
осы бір балаша үрпие қарағаны бойымды жылытып, жаныма жағып
барады. Азғана уақыт жағым, қос болып бірге тұрған баяғы жақындығым
шым — шымдап қайта оралып келе жатыр.
— Ал енді басыңнан кешкеніңді айтшы,—дейді Қасымбек.
Сөйлеуге зауқым жоқ, тек Қасымбекті тыңдағым келеді. Ол да онша көп
шешілмей өз хикаясын азғана сөзбен айтып берді. Бұлар сол күні таңда
соғысқа кіріпті. Жаудың күші жойқын болса керек. Бірақ Қасымбектердің
полкы шегінбей қорғаған шебін кешке дейін ұстап тұрыпты. Сөйтсе,
дұшпанның жан — жақтан жарып өтіп, тереңдеп ішке кіріп кеткенін
қараңғы түскенде бір — ақ біліпті, содан қаша соғысып бұлар да шегіне
беріпті. Полктың да қатары сиреп бөлшектене бөлініп, ақыры Қасымбек өз
ротасымен жеке қалыпты. Арғы бетке өте алмай осы орманды паналапты.
Мұнда жергілікті халықтан шыққан партизандармен қосылып өздері
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 16
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.