Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 19

Total number of words is 4138
Total number of unique words is 2284
33.6 of words are in the 2000 most common words
48.2 of words are in the 5000 most common words
56.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ширығып алған. Мен кетер — кетпесімді білмей есік алдында іркіліп
қалдым, қазір шығып кетсем Светаға опасыздық жасап, қорғансыз
тастағандай көрінеді.
— Надя осында болады. Ол менің барлық сырымды біледі,— деді Света
қатуланып.
— Білгені қалай? Қалайша?— деп бейне жəрдем күткендей алақтап
Николай маған қарады.
Мен үндемедім.
— Сіз менен бəрін жасырып келген екенсіз ғой,— деді Николай
қайтадан ызаланып,— Əрине енді, екеуіңіздің құпияларыңыз бір болған
соң.
— Өтінемін, Надяға тиіспе,— деді Света. Содан кейін сөзін «сізге»
көшіріп Николаймен арасын алшақтатып қойды.— Өтінемін, тиіспеңіз.
Оның бұған қатысы жоқ.
Үшеуміз де аз уақыт үндемей қалдық. Сыздап отырған Николай ақыры
сабыры таусылып:
— Ендеше өзің — ақ айт. Неміс комендатурасында істепсің ғой.
Солардан болған шығар,— деді.
Мен сасқанымнан аңқиып аузымды ашып қалдым, екі көзім Светада.
«Ол не дер екен?» Света да қанын ішіне тартып безеріп алған, ай,
тайынбас. Тұп — тура:
— Иə,— деп қойып қалды алқынып.
Николай біреу таяқпен басына салып қалғандай селк ете түсті. Үрпиіп,
Светаға шошына қарады.
— Мен саған өтірік айта алмаймын,— деді де, безеріп отырған Света
іштегі пружинасы босап кеткендей сұлық түсті.
Өйтіп «өтірік айта алмағаны» да құрысын. Қастарында тұрған менің
өзім есеңгіреп қалдым, Николайға көзім түсіп еді, шошып кеттім. Өң — түс
жоқ, қарауытып тұратын қожыр беті ақтаңдақтанып, қанын ішіне тартып
ышқынып алыпты.
— Сеука!...— деді ысқырынып.
Осы бір жаман сөз мені де осып жібергендей болды. Николай сол
сірескен күйі орнынан көтерілді де қайрылмай шығып кетті.
Екі əйел оңаша қалдық. Света сол сұлық күйі, Николайдың сөзіне селт
еткен жоқ, мен болсам оған жұбаныш болар сөз таба алмай іштей қиналып,
қипақтағаннан басқа дəрменім жоқ. Ара ағайын, не ортақ дос болып
араларына дəнекер болудың орнына, өзімді айыпкердің қатарына еріксіз
қосып, бірге қиналам да теріме сыймай тығыла берем. Затымыз əйел емес
пе, маған салса, қазір Светамен, шұрқырасып жылап көрісіп, еңкілдесіп
отырып бар сырымызды ақтарып, іштегі шерді бір тарқатар едік қой. Бұ
жақта Қасымбектен кейінгі ең жақын тартқан адамым осы Света емес пе?
Светаның мен үшін Қасымбектен де артықшылығы бар, Қасымбек, қанша
жақын болғанмен еркек қой, əйелді əйелдей түсіне ала ма.
Енді міне, шер тарқатудың орнына екеуміз де іштей тығылып, кептеліп
отырғанымыз мынау. Ойбай — ау, сомпиып отыра бермей, жолдан келген
адамға ас қамдауым керек қой.
— Менің мұнда келмеуім керек еді,— деді Света.
Онысын түсінемін, əрине қиын, бірақ қайда барады?
Одан да қиын жағдайға душар болған жоқ па?
— Енді келмегенде қайтесің? Сенің басыңа қатер төнін тұр деді ғой
Носовец.
— Онысы рас,— деді Света.— Mac болып сенен айрылып қалып,
жазықты болған Усачев менің соңыма тура шырақ алып түсті. Бір — екі рет
ұсталып та қала жаздадым.
— Əнекей көрмейсің бе.
— Бұл соғыстан кім тірі қалар дейсің,— деді Света түңілгендей.—
Бəрібір, ажал біреу ғой.
Онша шешіле қоймасақ та аздап тілге келгесін арамыз жуысып келеді,
соған қуандым.
— Сен тым күйзеле берме, Света,— деп жұбаныш айтпақ болдым.—
Николай, қанша айтқанмен, ақ көңіл жігіт. Ашу үстінде не айтылмайды.
Түбі райынан қайтар.
Абзалы, осы күнге дейін Светаға мен ақыл айтып көргенім жоқ, ол
маған ақыл айтушы еді, байқаймын менің мына сөзім де баланың үлкенге
айтқан сөзіндей əсер еткен түрі бар. Ол орнынан тұрып, ошақтың алдына
келіп от көсеп жатыр, секпілденіп кеткен жұқа өңі жалыннан қызара
бөртіп, маған мойнын бұрды.
— Николайдың өзім байқаған мінезі бар. Соған қарағанда, ол райынан,
сірə қайтпас.
Есік жақтан бүктетіліп Қасымбек кіріп келе жатыр. Шынымды айтсам,
оның дəл қазіргі келгенін ұнатпадым, Манағы қалбалақтап қуанып,
аңқылдап тұрған Қасымбегім жоқ, бір нəрседен ұятты болып қалғандай,
аузына сөз түспей, күйбеңдей береді. Күйзелген əйелді алаң қылып,
жұбаныш айта алмаса да, əйтеуір сөзге алдарқату былай тұрсын, о жақта
бір масқара ұят бардай, Света отырған жаққа қыпылықтап қарай алмайды.
Бар бітіргені маған:
— Асыңды болдырсай,— дейді.
Қасымбек кірісімен Света да сөзден тыйылды. Тіпті күйеуіме жыным
келді. Еркектік намысы қысып, қылғынып, булығып анаусы кетті, енді
жұқпалы ауру көргендей жасқанып, қипақтап мынаусы тұр. Мына сорлы
əйелдің басына түскен тауқымет пен қасіреттің бəрінікінен артық екенін
ойлайтын біреуі жоқ.
— Өзің бара тұршы. Сенсіз де жетісіп отырғанымыз жоқ!—дедім
түтігіп.
Қасымбек мені өмірінде тұңғыш көргендей бетіме бақырайып қарап
тұрды да, кенет бір нəрсені бүлдіріп алған баладай жуасып, ақырын есіктен
шығып кетті. Ерге шыққалы күйеуімнің бетіне келгенім осы болар.
9
Ауаны кернеп, ыңырана ырғалып, төңіректі теңселте шайқап тұрған
артиллерияның азалы гүрілі іркіліп, іркіліп барып бір — екі лоқсып
басылды. Баламды бауырыма тығып алып, окоптың түбіне бұғып жерді
денеммен тесіп өтіп, астына кіріп кетердей болып, ондай снарядтың
астында да талай жатып көргенмін. Терең қазылған окобың болса, жау оған
бұзып-жарып, басып кіре алмаса, артиллерия қанша төмпештесе де, əйтеуір
аман қаласың. Бірақ снаряды құрғыр жақын жарылғанда үстіңе аспан
опырылып құлап келе жатқандай зəреңді ұшырып, бүкіл тəн де тұтас
тиетін, осып кетпесе де жерге жаншып тастайтын бір жалпақ басқұрмен
ұрғандай ауаның екпінімен соққылап, есеңгіретіп, есіңді тандырып, құм —
топырақпен көміп тастайды.
Зеңбірек гүрсілі қайта басталар ма екен деп елегізи құлақ түріп біраз
отырдым; соғыс бітіп, дүниеге тыныштық орнағандай, ешбір дыбыс
естілмейді. Бірақ бұл тыныштық көңіліңді орнықтырудың орнына
қобалжытып. тұла бойыңды суытып, деміңді ішке тартқызып қатер сағатын
күттіреді. Артиллерия дайындығы біткен соң атака басталады; қорғаныста
жатқандардың төбесінен төмпештеп снаряд жаудырып езгілеп, жаныштап,
бұқтырып алады да əскер шабуылға шығады. Ең қауіптісі осы. Жаңағы жер
шайқаған зілзала гүрсіл шамырқанған бураның алыстап айбат шеккен
зіркілі болса, нағыз тап беретін кезі дəл осы тұс.
Баламды кеудеме қысып алып, аяғым жерге тимей талай зырқырап
қашқанмын, шыбын жанға пана таппай шырқыраған кездерім де аз емес.
Бірақ жаудың оғы жаңбырдай жауып, ажал қанша жалмаймын дегенмен,
жер — ананың панасы мол екен. Тіпті қалың орман, сай — саласын былай
қойғанда, бұтасы мен шөбі, кішкентай төмпешігі мен шұқанағының өзі
жаныңды талай алғандай алып қалады. Қара жерден кіндігін үзбеген
қазақтың қызымын ғой, бозды бұйратта, өлеңдетіп асыр салып, аунап —
қунап, жаз бойы киіз үйде ұйықтағанда да жусан мен топырақ исін қолқама
сіңіріп өскенмін, бойжеткен кезімнің өзінде де, кейде тіпті, көк майсаға
аунағым келіп, аусарым ауып тұратын, бірақ жер жарықтықтың қадірін осы
соғыста ғана білген сияқтымын. Үстімнен оқ борағанда шешесінің етегіне
тығылған жас баладай, сол жер — ананың бауырына тығыла түсем; тіпті
жазық жердің өзінде, бір сүйем болса да, əйтеуір саған қалқа боларлық
табылады. Сыздауыт сазына бар тəніңмен жабысып батып кеткің келеді,
қара жердің кеудесін жарыңнан бетер ышқына қысатын кезің болады. Жер
деген жарықтық тірі екен — оның да тынысы, мейірімі бар, сені қалқалап
ажалдан алып қалады. Сепсеңіздер, орыстың осы бір ойпаты сазды, қыраты
құмдақты, орман тоғайлы, көгінен бұлыңғыр бұлты арылмаған
тұнжыраңқы жерін қимас көз көргенімдей, тіпті өз ұям — өскен
мекенімдей жақын тартып кеттім.
Қазір соғыс менің ғана үстімде емес, дүниені түгел шарпыған, аспан да,
жер де соғыс, соғыста жүрген əйел де жалғыз мен ғана емес, бірақ менің
соғысым бір түрлі орынсыз, сөлекет сияқты. Шынында да екі қолыңды
байлап қойып, ұрысқа кіргізіп жіберсе өзің қайтер едің? Емшектегі балам
екі қолымды бірдей байлап қойғаны былай тұрсын, аяғыма да тұсау. Жұрт
əйтеуір тисін — тимесін, қолына мылтық алып атысып жатады, ондайда
мен қолыма баламды ұстаймын. Қару алып оқ шығарған адам ет қызуымен
аз да болса ажалды ұмытып кетеді де, ал қолына бала ұстаған адам,
қарсыласуға дəрменсіз, бір емес, ажалды екі есе тосады; өзіңді де, өзгені де
қарусыз қорғаған жаман екен, тұсыңнан зырқ — зырқ етіп өткен əрбір
бұралқы оқты санағанда, ажалға қанша мойынсұнсаң да мазаң кетеді.
Қиямет — қайым, қиындық дегенің алыстан қарағанда ғана
қорқынышты екен, егер басыңа түссе бəріне де көндігіп кетесің, мен де өз
жағдайыма үйреніп алдым. Алас — қанас ұрыс басталып кеткен кезде
қолымда балам болмаса, бір нəрсесін жоғалтып алған адамдай, елегізимін.
Оны көтеріп жүгіруге, қашын бұғуға да машықтанып алғам, баламды
көтеріп жүгіріп келе жатып жата кеткенде бір жерін ауыртпаймын, тіпті
сүрініп құлап кеткенде де еш жеріне зақым келтірген емеспін. Кеудеме
жабысып, өзіммен бірге домалап, өзіммен бірге тұрады.
Кілең соғысып жүрген адамдардың арасында болсам да өз басым,
қолыма мылтық ұстап, ұрысқа тікелей араласқан жоқ едім. Жорықта
жүргенде бір баланың ауыртпалығы он балаға татиды, оның үстіне,
партизан деген халық өз керегін өздері қамдағанмен, кілең еркек — қостың
ішінде əйел қолына қарайтын жұмыс та жетерлік екен. Қайта сол
жұмыстың көптігі де жақсы болды, əр нəрсені ойлап, сары уайымға
салынуға мұрсат бермей, əрі — беріден соң басқаша тіршілік болады
дегенді ойлатпай, осы өмірге дағдыланып жіберді. Белім қатайып, аяғыма
басып кеткесін: «жаман айтпай жақсы жоқ, соғыста жүргенде қару ұстай
білмегенің жарамас, қандай жағдайға душар боларымызды кім білген» деп
Қасымбек маған мылтық атуды үйретті.
Бұрын атысып көрмесем де, мылтық ұстауға жасқанатын хəлден
əлдеқашан өтіп кеткем, ішінде ажал оғы бар түсі суық темірді
жатырқағаным жоқ. Кісі өлтіруге көп білімнің керегі жоқ па, қалай, өзі
онша қиын да нəрсе емес екен, винтовканың бөлшектерін де, оны көздеп
атуды да тез уақытта үйреніп алдым. Кішкентайымнан көзім жіті болатын,
нысанаға дəл тигізем. Николай, Абандар жиналып, менің атқанымды көріп,
қауқылдасып мақтап, мəз болысты.
— «Мықты мерген мыннан шықты. Мылтық атқанда еркектерді беліне
қыстырып кететін болды».
— «Нағыз снайпер».
«Партизандарға да снайпер керек. Надяға снайпер винтовкасын тауып
береміз» десіп қошаметтеп, көңілімді көтеріп тастаған.
Мақтағанды кім жек көрсін, осыған өзім де кəдімгідей мəз болып,
отбасы, ошақ қасы, салпы етек əйел ғана емес, қолыма қару алып көппен
бірге соғыса білетін адам болғаныма бойыма жел бітіп, көңілім іріленіп
қалған — ды. Ана Шура да, жұрттың жарасын таңатын, жаралыларды
бағатын медсестра болғанмен, ұрыс кезінде шепке кіріп кетеді, сауырынан
тапаншасы түспейді, мен де енді одан онша кем еместігімді сезіндім. Сол
бір көңілім марқайған сəтте, қолымды байлайтын нəрестем барын да
ұмытып кетіппін.
...Кейде əлденеге мұңайып, қатты ойланын қалғанда Қамқа əжемнің
көкірегін кере «уһ» деп аузын толтырып қатты күрсінетіні бар еді, сол
сияқты мына тына қалған тыныштықта бір — екі зеңбірек «уһ! уһ!» деп
ауыр күрсініп алды. Содан кейін дүние қайтадан жым — жырт, меңіреу
қалпына түсті, екі баланың да даусы шықпайды. Жағдай деген де баланы
өзінше баулып, өзінше үйретеді екен: қысылтаяң кездерде осы балалар
бақырып жылауды, не бала болып қыңқылдап мазаны алуды білмейді.
Іштері сезе ме, əлде көптің көңіл күйі бұларға да дари ма, əйтеуір жұрт
абыр — сабыр боп, асып — сасып жатқанда, немесе қауіп — қатер тосып
үнсіз түнергенде бұлар да, өңдеріне үрей жүгіріп, көздері бақырайып,
сазарып қалады, көңіл күйіңнің жаман кезін де айнытпай сезеді. Қазір де
екеуі, меңің оларды əлпештей еркелетуге құлқымның жоғын сезіп,
өздерімен өздері болып отыр. Енді екеуі басқа ойын тауып алған: Дулат
шыбықтың сабымен жер шұқылайды, кішкене Света да одан қалыспай,
қолында еш нəрсесі болмаған соң, киттей саусағының ұшымен топырақты
шұқиды; үн — түнсіз, үлкен іс бітіріп жатқандай, екеуі де осы ермегіне
елігіп кеткен. Соғыстың міскіндеріне, кəдімгі бала сияқты, ойнайтын
ойыншық қайда.
Сырттағы сыбысқа құлақ тігем — зеңбірек гүрсілі тоқтады, басқа
дыбыс естілмейді. Иə, дүбірі естілмесе де, нағыз қырғын соғыс енді
басталды. Жау солдаттарының қаптап атакаға шығып келе жатқанын өз
көзіммен көргендей болам: ала қардың үстінде ақ халат киген адамдарды
ажырату да қиын, жүрегің дауалап жау жаққа көз тоқтатып қарағанда ақ
қардың үстінде қыбырлап келе жатқан ақ кебін киген денелерді көресің.
Жазды күні де жасыл киім киген неміс солдаттарының денесі көкпеңбек
болып тұрған жасыл жердің реңінде анық көрінбейді, оны байқау үшін де
кəнігі көз керек.
Бірақ оқ боратып қаптап келе жатқан жаумен алғаш рет бетпе — бет
келгенде... Əйтеуір патырлаған атыстың басталып кеткенін білем. Біз таң
ата келіп паналаған кішкентай селдір орманның іші əп — сəтте ызы —
қиқы ұрыс даласына айналды. Жаудың қай жақтан, қалай келіп тиіскенін де
білмеймін. Аз ба, көп пе? Жайбарақат дем алып жатқан жұрт жалма — жан
қаруларын қарманып, шоқалақ, томарлардың түбіне жата қалып атысып
жатыр. Атыс басталғанда Шура екеуміз дем алып жатқанбыз, алысырақтан
команда берген Қасымбектің даусын естіп қалып, оған қарай тұра жүгіргім
келіп көтеріле түсіп, қайта жаттым. Жүгіріп барып қолтығына тығылуға
қазіргі сəтте ол менің күйеуім емес, командир екенін, менен бөлек те биік
екенін соқыр сезіміммен ұғып, іркіліп қалдым. Қазір оның аяғына оралуға
хақым жоқ, осы көптің бірі болып, тек əмірін орындауға тиісті екенімді
сезінем.
Жаудың оғы көктемгі жасыл жерге ввик, ввик деп қадалып жатыр.
Жалаңаш қалғандай қорғансыздың сезімі тұла бойымды мұздатып барады.
Құндақтағы баламды бауырыма қысып алып, қытығы келген адамдай
қымсына жиырылып, денемнің əр бүртігі жаудың оғын тосады. Қолымнан
келгені, кеудеме тығып жіберіп жасырып қалғым келгендей бар денеммен
баламды қымтай берем, оның есесіне өзім панасыз ашық жерде жатырмын.
— Шоқалақтың түбін панала! Шоқалақтың...
Бетімді бұрып жалт қарасам талдырмаш денелі сары жігіт, тұсыма
жүгіріп келіп қалған екен, бір қолымен иығымнан сүйрей жөнелді. Бір
қолыммен жер тіреп, бауырымды көтеріп, тұмсығыммен шөп сүзіп, əлгі
жігіттің жетегінде емпеңдей жүгіріп, бір томардың түбіне жетіп құладым.
О да менімен қатар құлады да, бетіме қарап:
— Басыңызды көтермеңіз. Балаңызға сақ болыңыз,— деп ілгері қарай
жүгіріп кетті.
Бұл жігітті таныдым: анада, қысты күні немістер осындай бір
қапылыста тиіскенде мені ат шанамен алып қашатын қайқы тұмсық ақ сары
жігіт, кейін талай кездесіп, көріп жүрдім: есімі Саша болатын. Менің
табылғаныма бұ да қуанып, арнайы келіп, кешірім сұраған — ды.
Басыммен мүк басқан жұмсақ шоқалақты сүзіп баламды кеудеме
қысып, қырын жатырмын, тым болмаса өзгелер сияқты етпеттеп те жата
алмаймын, денемді дірілсіз қалтыратқан жаман үрей он бойымды
құрыстатып алып жібермейді. Бұдан бұрын да, ажал деген құрғырмен бір
емес бірнеше бетпе — бет кездесіп едім, бірақ ол сұмырайға кісінің бойы
үйреніп кете алмайды екен, маңайымнан тарс — тарс атылған мылтық
даусына құлақ тосып, үстімнен зуылдап ұшқан оқтан жасқанып жұмсақ
жерге жамбасыммен батып кеткім келіп сығыла түсем. Өз ойымша шым —
шымдап жерге батып та бара жатқан сияқтымын, осы алдамшы əсер ажал
да құтқаратындай көңіліме жеңілдік əкеледі.
Менен алты — жеті қадамдай жерде атысып жатқан партизан басын
көтеріп алды, менің де кішкене есімді жиып, төңірекке көз салатындай
халге жеткен кезім еді, танып қалдым — жаңағы Саша екен, мылтығының
бір жері тістесіп қалған ба, тізерлей көтеріліп, винтовкасын бір тізесіне
қойып затворын сартылдатып, ашын — жауып жатыр. Мылтығын оқтап
болып енді жатуға оңтайланғанда, ышқынған жаман даусы шығып жер сүзе
құлады. Орнымнан қалай тұрып кеткенімді білмеймін, құндақтаулы
баламды да шоқалақтың түбіне жасырып үлгеріп, жер бауырлай жүгіріп
қасына жетіп бардым. Аз жүгірсем де алқынып, ентігімді баса алмай,
басымды əзер көтеріп оқ тиген партизанға қарадым. Жирен шашты
басымен көк шөпті жапырып, жер иіскеп қимылсыз сұлық жатыр, ақырын
аударып бетіне қарап ем, ақсары жүзінің қаны қашпаған, көзі жұмулы,
бейне бір ұйықтап кеткен адам сияқты, өңі манаурап тұр.
Гимнастеркасының кеудесінің алақандай жері қою қызыл қан. Мен
шалқасынан аударғанша ақсары жүзінің қаны қашып... жоқ, қаны
қашқанын байқай алмадым, тек манаурап тұрған жүзі кəдімгідей сөніп,
қуарып кеткен бетінде күл түстес, сұп — сұр салқын сəуле ұйып қалды.
Ажал... Біраз қырғынға куə болсам да, ажалды дəл осындай жақын жерден
бетпе — бет көргенім, оның түсін көргенім осы еді. Сол бір сəт көз алдыма
келе қалса, қазір де сұп — сұр сұрғылт, салқын сəуле денемді суық лебімен
шарпығандай өн бойымды құлазытып жібереді. Мен ажалдың ақтық сəтін
анық көрдім.
Жүзі жайнап тұрған жап — жас адамның əп — сəтте осындай өшіп
қалғаны... Жаңа ғана мені оқтан сақтап, ойнақшып жүгіріп келген жас...
Шынымды айтсам, осы сəтте мен дəл осы ажалға түсінбедім. Ана жолы
мені жоғалтып алғаны үшін қысылып келіп, кешірім сұрағаны көз
алдымда.
— Мен немістермен атысам деп, сізден көз жазып қалыппын. Есімді
жиып енді іздесем жоқсыз. Сіз мені кешіріңіз. Балалы əйелге қамқор бола
алмағаным... тіпті ұят болды. Əрине командирден де қысылдым, бірақ
бəрінен де сізді жалғыз тастағаным. Ұятын айтсайшы. Сіз енді кешіріңіз...
— деп маған жаутаңдап қарай берген.
Мінезі елгезек, кішіпейіл болғанмен, қысты күннің өзінде құлақшын
астынан ақ селеу маңдай шашын бұрқыратып шығарып қоятын серілігі де
бар еді. Қазір де маңдай шашы қобырап кеткен. Астапыралла, шашы
дудырап тірі күйі тұр.
...Атысып жатырмын. Қолымда винтовка, жағыммен мылтықтың
ағашына жабысып, шүріппесін саусағыммен шірене тартып атамын келіп.
Затворды ашып атылған гильзаны ытқытып жіберіп тағы да атамын.
Затворды енді бір ашып — жауып басып қалғанымда мылтықтың даусы
шықпады, тек тырс етті. «Мұнысы несі» деп таңырқап, затворды қайтадан
ашқанда барып ақылым жетті, бес патрон атылып кеткен екен, қайтадан
оқтау керек.
Мылтықты қайта оқтағанда аптығуым басылып, ақылым кірді. Шабуыл
жacaп келе жатқан жауды анықтап көріп нысанаға іліктіруге пұрсатым
болмай, тек əйтеуір бағытым дұрыс, ет қызуымен патырлатып ата беріппін.
Кішкене көңілім орнығып, көз тоқтатып алдыңғы жаққа қарап, тізеге жуық
көтеріліп қалған көк шөптің арасында қарауытқан адам денелерін
аңғардым. Жасыл шөптің реңінде жасыл мундирлерді ажырату да қиын —
лап беріп, тұтас көтерілмей бірі жатып, бірі жүгіріп, қоныс аударған
шегірткедей, ақырын жылжып келеді екен. Біздің жігіттер де оқты
үдемелетпей, сиректеу атады. Жаудың алғашқы айбатынан жасқанған
көңілім орнығып, біршама ойым сараланып, енді партизан байғұстың
санаулы оғын беталды құла дүз төпей бермей көздеп, өлшеп ату керек
екенін түсіндім. Бас көтеріп жүгіргендерін көздеп атып қалам, ол жерге
жалп ете түседі. Тағы жүгіргенін тағы да атып қалам, о да мен тарс
еткізгесін ұзамайды, жатып қалады. Жауды құлатқаныма мəз болып,
кəдімгідей көңілім тасып, ұрысқа елігіп, қасымда сулап жатқан Сашаның
тағы бір обоймасын алып мылтығымды қайта оқтадым. Енді оның ажалы
туралы да ойламаймын. Бір кезде байқасам, қанша қырып жатсам да жау
азаятын емес, мен атқанда жалп ете түскендері тіріліп келе ме, келесі бір
сəтте қайта жүгіреді. Тыныш кезде үйренген атқыштығым... менің
мергендігім мына араға жүрмейтін сияқты. Жоқ, ол ойын екен шындап
келгенде...
Құлағыма масаның ызыңындай əлсіз даусы келеді, оны елемей, ет
қызуымен атыса беріп едім, кенет əлденеге көңілім қобалжып, елең ете
қалдым. Енді қаттырақ естілді — жылаған баланың даусы, менің балам.
Қызу атыс үстінде, босанғалы тұңғыш рет балам барып ұмытып кетіппін.
Қапелімде жауып тұрған оқтан жасқануды ұмытып, жаңағы өзім паналаған
томардың түбіне жүгіріп келсем кішкентайым ayзын жырта, бақырып
жатыр. Жамбастап жата кетіп бауырыма қысып алдым, басқа не амалым
бар. Оқтың зуылы көбейіп, үдеп барады. Балаңды құшақтап томардың
түбінде оқ тосып жату... мен енді оған шыдай алмадым. Баламды көтеріп
алып, қайта жүгіріп жаңағы орныма жете жығылдым. Өлген адам да, кейде
тіріге қорған болады екен, кішкентайымды Сашаның бүйірінің астына
тығып қойдым да қайтадан мылтығыма жармастым. Жаңа кеудеме
қысқанда ана денесінің жылы исін сезіп титімдей көңілі орнықты ма, əлде
шаршады ма, сəби де жылауын қойды.
...Дулат енді жер шұқуды қойып, ескі жəшікпен əуре, жəшіктің
бұрышын бекітуге қаққан тілдей қаңылтырдың бір шетінен жұлқылап
жұлып алғысы келеді. Қаңылтыр оған көнетін емес, бірақ оны елейтін түрі
жоқ, барын салып пыс — пыс етіп тартқылайды келіп. Қаңылтыр қолынан
шығып кеткенде құлай жаздап шоңқиып отырып қалады да, қайта
жармасады. Оқ астында өскенге ме, өзі қайсар — ақ.
Оқ астында өскен... Əсірелеп айтылған қызыл сөз емес, тура оқтың
астында өсті ғой, бұл кебенек. Күнəсіз періште болғанға ма, əйтеуір содан
аман келе жатыр. Ендігісін... ендігісіне үміткермін. Біздің азат болатын
күніміз жақындап қалған сияқты, мүмкін соңғы күндер шығар. Бірақ сол
соңғы күндердің сыңайы тым бұзылып барады, көбіміздің — ақ соңғы
күнімізге айналмаса неғылсын.
Мына жеркепеде бітіретін шаруам шамалы, төбе жақтағы саңлауға
қарай мойнымды созып, құлағымды тосып тың тыңдаймын, құлағыммен
ғана емес, тұла бойыммен түгел тыңдайтын сияқтымын. Қаппайтын иттің
жатып алып жалқау ырылдағаны тəрізді, үзіліп — үзіліп, еміс — еміс
сарын келеді. Құрғырды танимын, ол соғыстың ырылы, жəне қапқанда да
өлтіре қабады. Бұл қым — қиғаш ұрыстың жер астына алыстан талып
жеткен демі ғана... ал оқтың астындағылар...
Сол алғаш қолыма мылтық ұстаған күні байқадым: ұрыстың ет қызуы
өзге нəрсені ойлатпай кісіні еліктіріп алып кетеді екен де басқа нəрсеге
қайрылуға мұрсат бермей, кəдімгі бір үлкен, қауырт іс тындырып
жатқандай өзеуретіп, қорқыныш, үрей деген пəлелерді ұмыттырып жібереді
екен. О кезде адам өмірі, ұшқан құс, жүгірген аң өмірінен титтей
артықшылығы жоқ. Көкірегіңді аңшының құмарлығы билеп, саған қарсы
мылтық ұстап жүгіріп келе жатқан екі аяқты адам емес, өзі де шабатын
қасқыр сияқты көрінеді. Оны өлтіргенге шімірікпей, қайраттанатын жер
осы соғыстың даласы ғана болар.
Мен сол алғаш ұрысқа қатысқан күні, жау солдатын өлтірдім бе,
анығын білмеймін, бірақ қолыма қару ұстап, жауынгерлердің шебінде
жатып, оқ шығарып қарсыласқанымның өзі көңіліме бір тостаған көженің
буынан əлдеқайда артық жел берді. Жаныңды ылғи қинамаса да, бір нəрсе
тиіп кетсе сыздап қоя беретін бітеу жара сияқты масылдық, сезімнен де со
жолы арылдым. Бір мезетте: «Оқты өлшеп атыңдар! Жақынырақ
жіберіңдер!» деген сырт жағымнан жүгіріп кетіп бара жатқан Қасымбектің
дауысын естіп қалдым. Ғажабы сол, оған қайрылып қарағаным да жоқ,
оның орнында Николай ма, тіпті басқа бір командир айқайлап өтсе де маған
бəрібір сияқты. Шынымды айтсам, ауық — ауық бақырып жылап жатқан
балама да іші — бауырым елжірей қойған жоқ, қолым босап кеткенде бір
— екі сипап сұлап жатқан Сашаның денесіне қарай итеріп қоям, кейде тіпті
қысылтаяң кезде мазамды алғанына ыза болам. Тек оқтан аман болса...
Қалғаны ештеңе емес.
Соғыс адамды қатыгез ете ме? Білмеймін. Етсе ететін де шығар.
Өйткені қазаны ең аз азалайтын жер де осы соғыс. Оқ тиіп жатқан адамның
бетін жабуға да мұрсатың келе бермейді. Əңгіме мұрсатыңның бар —
жоғында ғана емес сияқты. Бала кезімнен есімде қалған: біздің жақта бір
адамның қазасы рулы елді күңірентіп кететін. Əйелдер шашын жұлып,
дауыс қылып жоқтау айтып зарлағанда төңіректегілердің бəрі солқылдап
жылап, азалы дауысты, молдалар құран оқып қана тоқтататын. Алыстан
келген ағайындар төбенің астынан «ой бауырымдап» ат қойып ауылды
күңірентетін. Содан кейін айқаймен ышқынған қасірет қайтадан ішке түсіп,
шаң — шұң басылып, қаралы үйдің маңында қатты дауыс шығармай, жұрт
аяғының ұшынан басып, күбірлеп жабырқау сөйлесетін. Ондай кезде маған
ауылдың адамдары ғана емес, ауылдың үстінде тұлып тұрған ауаның өзі
өлімді аза тұтып тұрған тəрізді сезілетін.
Бұл арада өлген адамның барлық парызын өтеп жатуға уақыттың жоқ
екені рас, бірақ қаза тапқан адамға деген қайғыны да жұрт бойына көп
дарытпайды. Өлгендердің ортасында отырып тамақтарын іше береді, тіпті
күндізгі қырғын соғыстан кейін кешке қарай бас қосқанда біреудің сондағы
сөлекеттігін еске алып, қарқылдасып күліп жатады. Жұрт қайғыны жеке
түсірмеуге тырысады екен, минут сайын ажал тосқан мына жақта бұ да бір
жан сақтаудың жолы шығар.
10
Партизан деген халықты соғыстан бетер тамақ жағы қинайтын кезі
көбірек. Орманның ішінде орып жатқан егінің, жайын жүрген малың жоқ,
соншама адамға тамақ тауып беру, қару — жарақ, оқ — дəрі тауып беруде
кем қиындыққа түспейді. Онсыз да соғыстан күйзеліп, шаруасы шайқалған
деревнялардан қолға түскен азық — түлік аш бөрідей жалақтаған
жігіттердің жұмырына жұқ болмайды. Деревнялар тақырланған соң
жігіттер көбіне, бастарын оққа байлап, немістердің обозын тонайды.
Ондайда кейде мəз болып, артынып — тартынып жолы болып келсе, кейде
қолдарына еш нəрсе ілікпей, адамдарын босқа шығындап, салдары суға
кетіп қайтады. «Тіленшінің сүйген асын кім берсін» демекші, партизандар
тек қолына тигенін қорек етеді, табанда қолына дəмді дүние іліксе, мəре —
сəре болып қаужап қалады.
Жыл жарымнан артық осы жортуылда жүргенде, менің де тамағымнан
өтпеген нəрсе, ой сірə, жоқ шығар. Бұрын атып естімеген, аузым дəмін
білмеген, немістің тағамдарын татып көрдім. Тағам талғап,
ұнатпағаныңнан жеритін жағдай болған жоқ əйтеуір, тамақтан өткеннің
бəрі талғажау. Немістердің азық — түлігі үзілмей қолына түсіп тұрса да
мұртыңды балта кеспес еді — ау, көбіне — ақ қолға түсетін нəрсе аз
болады. Партизан дастарханының жəне бір тамашасы — бірі болса бірі
болмайды. Аштық қысқанда мініп жүрген, жегіп жүрген жалғыз атты
жайратып тастайды. Оны дұрыстап сойып, мүшелеп бөліп жатуды да
білмейді; əркім қолына іліккен жерін кесін жып, котелектеріне қайнатып
жатқаны. Оған салатын қамыр да, картоп та жоқ, құрғақ еттің өзін
қаузайды; кейде тіпті салатын тұз да табылмай қалады. Бірнеше күн
тамақтан өтер түйір болмай, аштықтан бұралып көзің қарауытып
отырғанда жортуылға шыққан жігіттер, қолдарына өзге ештеңе ілікпей,
тəтті пряник немесе аз ғана қант, кəмпит əкелетін кездері де болады.
Кəмпитті аузыңа салып қалжағанда аш өзегіңе барған тəтті сол қырындысы
кетіп қурап тұрған ұлтабар шектеріңді жыбырлатып бүріп əкетеді, бірақ
əйтеуір əр жақтан нəр барып, аз да болса жүрек жалғайсың.
Қанша бір қиын күндерде де мені тарықтырмаған марқұм Дуня
апайдың қызыл қасқа сиыры Зойкасы еді. Жападан — жалғыз қалған нағыз
тар кезеңде паналатқан байғұс кемпірдің өзі өлгеннен кейін де маған медет
көмегі тиді. Сол немістер төтеннен төніп, қараңғы қарлы орманда мен
адасып кететін жолы Зойканы Проша қуалап кеткен. Қаршадай бала
қараңғы орманда қаңғалақтап жүріп, өзіне тапсырылған қызыл қасқа
сиырдан айрылмай, о да ақыры, өзіміздің отрядты тауыпты. Көрші
партизандар мені өзімізге əкеліп салғанда қатты қуанған адамның бірі осы
Проша болды. Көпке дейін айналсоқтап қасымнан кетпей, екі езуі екі
ұртына қарай жымқырылып, ыржия күліп:
— Надя апай, сіздің табылғаныңыз қандай жақсы болды. Тіпті жақсы
болды,— дей берген.
Содан кейін де Проша негізінен менің қасымда болды. Қазан — ошаққа,
бала бағуға, сиырды күтуге оны маған арнайы көмекші етіп тағайындаса,
жігіт болуға асыққан жастың, əрине, намысына тиер еді; бірақ əйтеуір əдейі
бұйрық берілмесе де тіршіліктің орайы солай болды да Проша маған
қолғабысын тигізіп, жаны ашып жəрдем беpiп жүріп, өз жағдайына
байқаусыз үйреніп кетті. Партизан болу деген қолына қару алып күндіз —
түні жауды жапырып қыра беру ғана емес, оның күнделікті ұсақ — түйек,
ит ыржың шаруасы, тірлік қамы болатыны, бірі таусылмайтын мұқтажы
болатыны шикі жастың ақылына жетті — ау деймін, кейін «маған қару
беріп тапсырмаға жібермеді» деп қыңқылдауды қойып, тапсырған шаруаны
ықыласпен тындырымды істеп жүре берді.
Дуня апайдың Зойкасын екеуміз де жақсы көріп кеттік. Аяғыңды тəй
басқаннан қозы қуалап, мал баласының арасында өскен адамға төңірегіңде
тірі тұяқ болмаса, бір жағың ойсырап тұрар еді. Тостағандай көзі
дымқылданып, бір нəрсе дəметкендей мөлие қарайтын қызыл қасқа сиыр
сол олқымды толтырып жүретін — ді. Əйел заты сауын малына, оның
ішінде əсіресе сауын сиырға жақынырақ қой, ал Прошканың Зойкаға деген
ықыласы тіпті бөлек, байқаймын бұл ықыласы сонау сиыр айдап қашатын
қараңғы түні көкірегіне терең ұялаған түрі бар. Айнала жау, атылған оқ,
тұңғиық түнерген қараңғы орман, сол кезде жападан — жалғыз қалған шикі
жастың қасындағы жалғыз қарасы осы қызыл қасқа сиыр. Көрінген ағаш
пен бұта қараңғыда қарауытып тына қалып, тасадан жау шыға келердей
үркітіп, үрей қысқанда самарқау салмақты аяңдап келе жатқан мына көпек
сарқылмас мол сабырын бала көңіліне де дарытқан болар. Жауыға тұтасқан
қараңғылықта жалғызсырағанда, аяз қысып қалтырағанда бетін сол
сиырдың жылы мойнына басып, əукесін қайыра құшақтап, қолтығына
тығылып алып — ұшқан көңілі байыз тапқан шығар. Тарыққанда демеу
болған мал баласын кейде адамнан бетер жақсы көріп кетесің.
Азығымыз таусылып, партизандар Зойканы сойғанда Прошка тіпті
қатты қиналды. Көзінен жасы мөлтілдеп, жүгіріп келіп:
— Тетя Надя, тетя Надя! Аналар Зойканы сояйын деп жатыр! Естисіз
бе, сояйын деп жатыр,— деп жеңімнен жұлқылай берді.— Сіз неғып
отырсыз? Неғып тұрсыз?
Мен неғылайын, күнде мал сойып жататын қазақтың аулында өссем де,
осы сиырды сойғаны жаныма батып — ақ тұр. Бірақ енді неше күннен бері
аш отырған адамдарға суалған қысыр сиырды «соймаңдар» деп айтуға...
оның үстіне, күйеуім командир болғанмен, партизандардың үлкен
шаруасына араласуға хақым жоқ екенін сеземін.
— Неғып тұрсыз, Надя апа. Зойканы сояды олар. Зойканы аман алып
қалсаңызшы,— деді, бейнебір адамға ара түскендей жалынып.— Тіпті
Зойкаға жаныңыз ашымай ма?
Зойканы сойған күні Прошканың түнерген қабағы ашылмай
томсырайып жүрді, бірақ аштығы құрғыр шыдата ма, ақыры о да қызыл
қасқа сиырдың боршасынан дəм татты.
Қызыл қасқа сиыр кеткен соң біздің де күйіміз тайды. Тоғайдан əртүрлі
жеміс — жидек тереміз. Тамағың тойғанда ғана ауыздың дəмін алуға
жарайтын жидектің қоректігі де шамалы, бірақ көзің қарауытып, өзегің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 20
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.