Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 26

Total number of words is 1051
Total number of unique words is 711
49.4 of words are in the 2000 most common words
62.7 of words are in the 5000 most common words
69.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қатар арқалап жүрген адамға ел ішінде үш бала тұрмақ он баланың салмағы
ойыншық емес пе. Елге жеткен соң тіпті төбемнен тау құлатса да, менің
осы көріп келе жатқанымның ширегіне жетер ме екен? Адам деген де
тəубасын тез ұмытатын жарықтық екен — ау. Сəл үркіп қалған көңілім
орнығып, шым — шымдап қанағат сезім кеулеп келеді; тірі қайтам деп
түсіме кірмеген жерден аман — есен қайтып келе жатырмын. Тар кезеңде
жолдас болып, оң — солымды айыра алмай адасып қалғанда қолымнан
жетелеген Света.. Қиямет қайымда арқасына салып алып шыққан азаматым
Қасымбегім... Өздері жоқ болғанымен көздерін алып келе жатырмын. Бұл
екеуі тұрғанда ол екеуі де мен үшін өлмейді, көкірегімнің түкпірінде жүpiп,
көрге бірге кетеді. Абан да үйлі — күйлі болмаған, жиырма беске биыл
шыққан қыршын еді ғой. О да із — түзсіз кетпейтін болды, амандық болса
артында тұяғы қалады. Мені тірі қалдырған да, шаһит болған қылқандай
жастардың арты жоғалмасын деген тағдырдың əділеті шығар, менің ендігі
борышым солардың артын бағу. Елде кексе əйелдер «күйеуімнің артын
бағамын» деп отырып қалушы еді, менің жасым биыл жиырма бірге
шықты, бірақ мен олардан да кексемін. Осы жасымда екі рет күйеуге
шықтым, жар қызығын, бала қызығын көрдім; білмеймін, қызығын көрдім
бе, азабын көрдім бе, бірақ өтіп кеткен соң əйтеуір бəрі қызық сияқты.
Ойға елігіп поездің тоқтағанын да білмей қалыппын, мынау бір таныс
станция екен. Орынбордан кеше өтіп еді, елге жақындап жүрмейік. Анау
шашылып жатқан аласа үйлер, қырбық қары езіліп тапталып қалған лас
қисық көшелер. Бұрын да бір көрген, есімде қалған көрініс. Қорбиған ескі
сырмақ киіп, етегі шұбатылып, бала жетелеген қазақ əйелі кетіп барады.
Иə, бұл Мартық станциясы. Қасымбекпен келе жатқанда да осында
тоқтағанбыз. Түк өзгермепті. Содан бері қанша уақыт өтті? Ол қырық
бірінші жылдың март айы еді — ау. Екі жарым — ақ жыл уақыт өткені ме?
Ауылдан ұзап баратқаныма шошынып, балапандай көзім үрпиіп жаутаңдай
қараған жерім еді — ау. «Ауылға жетіп қалдым — ау» деген қуаныш лүп
ете түсіп еді, бірақ ұзаққа созылмай аяғы сұйылып кетті. Бірақ ғажабы,
ауыл мен үшін əлі де алыста, жақындамас алыста сияқты болады да
тұрады, сірə ауылға кеткен күні де мен оған жақындай алмайтын
шығармын. Соншалық жатырқап қалғанмын ба? Мен елден кеткелі тұтас
бір өмір өтіп, енді ауыл да басқа, əсіресе мен басқа сияқтымын. Балапандай
үрпиіп, ұясынан үркіп аттанған балғын қыз орыстың орманының ішінде
өліп, енді талайды көрген, кексе тартқан бала — шағалы əйел келе жатыр.
Ертең жеңгелерім жылап көріскенде де, бедірейіп көзімнен жас шықпай
қояр сірə. Қазақтың көңілшек қатындарының көз жасы қиын емес — ау,
менің көз жасым қиындап кетті.
Бірақ менің де осал жерім көп екен. Вагонға бір орыс əйелі кірді.
Қолына түйіншек ұстап келе жатыр ма десем, кішкентай қызын жетелеп
келеді. Бес — алты жасар қыздың басына үлкен түбіт шəлі тартып, оның
ұшын беліне екі қайыра орап байлапты. Шынында да түйіп тастаған
түйіншек сияқты. Кішкене қыз кіре сала орамалды шеш деп қыңқылдай
бастады. Өзі ерке болар, шешесі дегенін істей қоймаған соң, аяғымен жер
тарпып, айқайлап жіберді. Неден шошынғанымды білмеймін, тұла бойым
дір ете түскендей болды... Көз алдыма кішкентай Параша келіп тұра далды.
О да дəл осындай түйіп қойған түйіншек сияқты, домаланып Дуня апайдың
үйіне кіріп келетін. Атуға aпapa жатқанда «ағатайлар, өлтірмеңдер!
Ағатайлар, əн салып берем!..» деп шырылдағаны. Қасымда отырған екі
баланы мойындарынан қылғындырып қысып алыппын, олар қолтығымнан
шыққысы келіп бұлқынғанда барып байқадым.
Балалардың мойнынан қолымды алдым да, сыртта бір нəрсем қалып
қойғандай терезеге үңілдім. Жаңағы бір байқаусызда шағып алған жаман
сезім тұла бойымнан арыла қойған жоқ. Ой деген құрғыр да суыртпақ
сияқты бір тартып қалсаң жалғасып шыға береді. Менің де сол Парашамен
бірге ақтық сағатымды күтіп жар басында тұрғаным... Өлімнің ең соңғы
сызығына екі рет барып, екі рет қайтқан екем — ау. (Жалпы өлім қаупін
айтпаймын, ол соғыста жүрген адамға күніне талай кездесетін нəрсе ғой).
Автоматтың шүріпесіне саусағын басып, оқталып тұрған неміс солдаты...
бет əлпетін де анық көре алмадым, тек ақ жал сияқты... Көзіне көзім түсіп
кеткенде... шыдамады. Оның да ар жағынан бір сезім... адамдық сезімі
оянып кетті де, шүріппедегі саусағын басып қалуға дəті шыдамай, бұрылып
жүре берді. «Жүз көрсе бет ұялады... Адам баласы бір — бірінің көзіне
тура қараса қайтер еді...
Алашабыр қырбық қардың астында көсіліп, қазақтың кең даласы
жатыр. Осы бір қыстың алғашқы суығы шалған адырлы далаға көңілім енді
жылып келеді. Бəрі таныс. Ата — бабаларымыздың бағзы заманнан бері
қарай көшіп — қонған жері. Анау адырлардан жүк артқан түйелері қайтқан
қаздай тізіліп, қаптаған малдарын айдап талай көштер өткен шығар — ау.
Қаптап көшіп баратқан қалың Найман елестейді көз алдыма. Екі жасты
өлтіргені үшін ағайынның бетіне қарай алмай, ата қоныстарынан ығысып
əрірек кетіп барады. Найман қолынан қаза болған, тіпті Еңлік пен Кебек
болса да, екі — ақ адам еді — ау. Бірақ кісі өлді, қан төгілді, ағайын арасын
ажал бөліп кетті. Нақақ қанның ұяты қалың елді қонысынан ығыстырды.
Сол Найман баласының ұятын адам баласына берсе...
— Баламен ойнаймын. Кішкентай баламен ойнағым келеді... Мама...
Кішкентай қызбен де ойнағым келеді.
Ұйқыдан оянғандай алып қашпа ойымнан серпіліп, вагон ішіне көз
жүгіртсем, қиғылық салып тұрған манағы кірген кішкене қыз екен. Шешесі
басыңдағы шəліні шешіп алыпты: домалақ бет, кішкентай қайқы тұмсық
сары қыз; дөңгелек көзі болмаса Парашаға ұқсайтын жері онша көп емес,
еркелік өтіп кеткен мінезі ұқсай ма, қалай. Шешесі кейіп:
— Қой, тыныш отыр. Жұрт тіпті аяғын қоярға жер таппай келе
жатқанда... Құтыруын қарашы мұның,— деп кейіп тастап еді, кішкене қыз
тіпті өршеленіп кетті.
— Жоқ, ойнаймын. Мені баланың қасына шығар...
Өздерінен басқа бала көрмеген менің екі балам қыңқ етуді білмейді,
тыныш, қолына түскен бір нəрсені шұқылап, үн-түнсіз отыра береді.
— Бала ғой, ойнасын. Бері шығарып жіберіңіз,— дедім.
Менің екеуім бейтаныс қыз баланы жатырқаңқырап онша пейіл білдіре
қоймап еді, оны елейтін кішкене қыз жоқ, бөрліктіріп барады.
— Сен қайдан келе жатсың? А, айтшы.— Тілі тастай, тақ-тұқ сөйлейді,
— Неге үндемейсің? Сөйлей білмейсің бе?
Дулаттың тілі шығып келе жатыр, аздап сөйлейтіні бар еді, бірақ жауап
бермей, қызға бажырая қарап, үнсіз отыр.
Осындай көптің ішінде біреу үшін жауап бергіш, тиіп кетсең, ағытылып
жүре беретін сөзшең еркектер болады.
— Бұл бала майданнан келе жатыр,— деді сондайдың біреуі.
— Майданнан?... Жоқ, кішкентай балалар майданға бармайды,— деп
түсіндірді кішкентай қыз.
— Неге бармасын, барған,— деп дауласа кетті сөзшең еркек.— Барған
емес, сол майданның ішінде туған.
— Жо — жоқ, майданда бала тумайды. Майданда соғысады. Жауды
атады,— деп көнетін емес білгіш қыз.
— Жоқ, бұл соғыстың қақ ортасынан шынығып келе жатқан бала,— деп
түсіндіреді əлгі ерінбейтін еркек,— Ертең нағыз мықты солдат болатын
осылар. Бұлар соғыста да мықтап соғысады.
— Осы соғыс аз болып жатыр ма, саған. Мына сəбилердің басына соғыс
тілемей тұра тұршы, — деді, жолың болғыр, маған əлгі ащы қияр беретін
кемпір.
Сығылысқан жұрттың арасынан əзер аттап кондуктор əйел келе жатыр.
— Қазір Ақтөбе станциясына
қамданыңыздар, — деп дауыстады.
Уһ, елге де жеттім — ау, əйтеуір.
келеміз.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26