Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 23

Total number of words is 4102
Total number of unique words is 2003
37.3 of words are in the 2000 most common words
51.9 of words are in the 5000 most common words
59.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жатыр ма, білмеймін, сүт шықпаса да емшектен аузын алмайтын əдеті бар.
Осы баланы емізгенде кейде сол Светаның жаутаңдап жалына қараған
кескіні көз алдыма елестеп кетеді. Содан қайтып Светаны көрмеймін деп
кім ойлаған, əрине, соғыс болған соң күдігім болды ғой, бірақ ауыр күндері
тағдырлас болған досымды енді қайтып көрмеймін ғой, деген үзілді —
кесілді ой менде болған емес. Өзіңнен білікті, жəне бір демі жоғары адам
өзіңнен бұрын өледі дегенге кісі сенбейді екен. Мына соғыста алдымен
өлетін адам болса ол мен едім: дəм — тұзым таусылмаған соң қаңғалақтап
осы жерге жетіппін.
Алғашқы кезде Света сəтті орналасты деген хабар алынған, тіпті бізге
неміс эшелондарының қай уақытта өтетін расписаниелерін де бере
бастаған екен. «Молодец Смуглянка! Жұмысқа кірісті» деп Носовец
масаттанып мақтап, содан кейін, «тек оның қазіргі есімі басқа» деп
Қасымбекке қарап жұмбақтап, көз қысып қойғанын да көргенмін. Бірақ
айға жетпей жатып «Света ұсталды» деген хабар да жетті. Естуімше, бұрын
көрген бір сұмырай немістерге жеткізіпті, бұ жолы Смуглянка қашып кете
алмаған, содан бес — алты күннен кейін «дарға асылды» деген де хабар
келді. Кейін Носовецтің тағы да: «молодец Смуглянка. Ешкімді ұстап
бермеді» деген сөзін естідім. Бұ жолы ол төмен қарап, түнеріп отырып
айтты.
«Света ұсталыпты» деген хабарды естігенде қатты шошып кетіп,
солқылдап жылап алдым да, содан «мүмкін ебін тауып құтылар, не
құтқарар» деген алдамшы үміт емексітіп, бірақ оған сене алмай, əрі — сəрі
болып жүрдім де, қаралы хабар жеткенде, үміт үздірген аурудың
үзілгеніндей, жылай алмай қалдым.
Сөйтіп Светамен де қоштастым, дұрысырақ айтсам қоштаса да алмай
қалдым. Баласын маған ұстатты да, «қош» деген сөзді айтуды да ұмытып
бұрылып жүре берді.
Ұмсына түсіп оқталдым да, бірақ біреу етегімнен тартып қалғандай,
«қош» деген сөзді мен де айта алмай қалдым. Светаның аузынан соңғы
естігенім баласының кеудесіне бетін тығып тұрып, «кешір мені» деген сөз
болатын, ол сөзді маған да, ар жағында асыға күтіп тұрған Николайға да
айтқан жоқ, сонда іштен шыққан баласынан сұраған кешірімі екен ғой.
Баласына онша жібімей жүргенде, мен ойлаған арам ойдың тура келгені —
ау. Емірене бергенде өз баласынан өзі тіксініп қалып... көңілі екіге
жарылып, екі ұдай сезім арпалысып өмір сүрді ме екен? Светаның «кешір
мені» деп жайымен ғана булығып айтқан даусы құлағымда қалды. Іштен
шыққан сəбиіне ананың ақ сезімі елпілдеп төгіліп келе жатқанда шым
еткізіп у тамызып жіберген бір нəрсе болған ғой сірə. Сол көңіл аласы
баласынан ажырасар сəтте есіне түсіп, жанын қуырып, айықпас өкінішке
айналды ма екен? Іштен шыққан сəбиіне іркіп қалған мейірі, сарқып бере
алмаған махаббаты ана мойнында өтелмес парыз болып кететінін сезді ме
екен сонда?
Светаның өзі кетіп, көзі қалды қолымда. Ауыр жүгімді ауырлатса
қайтейін, сайып келгенде, тағдыр деген сұмырай, ауыртпалығын үйе берсе
оны ауырлаудан да қалады екенсің. Қазір маған екі баланың салмағы да, бір
баланың салмағы да бірдей сияқты. Светадан ажырасқалы үш айдан асты
ғой, қазір осы балаға да үйреніп алдым, тіпті бара — бара Дулаттан
айырмасы болмай кетеді — ау деймін.
Света барда Николай біздің кухня жаққа жоламаушы еді, ол кеткен соң
жері кеңіп қалды ма, енді келіп тұратын болды. Дулатқа да мейірімі
күшейіп кеткен: «мынаны балаға бер, балалардың қарны ашады ғой» деп
қолына іліккен бір нəрсесін əкеліп береді. Дулатты ойнатып, ермек қылып
біраз айналсоқтап отырып кетеді.
Николай Топорковтың беделі қазір аспанға шығып кетті. Үлкен жерден,
жоғарғы жақтан указ күтіп жүр, жақында оған Совет Одағының Батыры
деген атақ берілетін көрінеді. Шынында да осы кіп — кішкентай жігіт
жүрек жұтқан батыр болып шықты. Кішкентай адам шақар болады ғой, бұ
да сондай, тас кенедей жабысып қадалған жерінен қан алады. Оның
шаршап қалғанын да көрген емеспін, қашан көрсем де тап — тұйнақтай
болып, шиыршық атып ширығады да жүреді. Жұртқа да қатал, тық — тық
еткенде төбелерін ойып жібере жаздайды, бірақ өзін де аямайды. Өзін
аямаған, өзіне қатал адамның қаталдығын жұрт ренжімей, қиналмай
көтереді екен, қайта, қарауындағы партизандары командирін керемет
мақтаныш етеді. «Мазасыздығы бар, бірақ өзі үшін емес, жұрт үшін бəйек
болады, мұндай командирің болса, қор болмайсың» деп айтып жүреді.
Николай басында, Қасымбек сияқты, əр түрлі топты бастап тапсырмаға
шығып жүретін, кейін іріктеле келе, өзіне керек жігіттерін сайлап алды,
олар да өзі сияқты батыр жігіттер. Николай небір қауіпті тапсырмаға өзі
сұранып барып, небір қиын, құтылмас жағдайға түскенде де тапсырманы
тындырып, аман келеді. Естуімше сонда өзгелерден бетер өжеттік
көрсететін Николайдың өзі көрінеді. Командирі отқа түсіп жатқанда
қарауындағы солдаты жанын аяп қалмайтын соғыстың жазылмаған заңы
бар, сөйтіп, бұлар шетінен тайсалмайтын батыр болып, Николайдың тобын
«өжет топ» деп атап кетті. Ең бір ауыр тапсырма болса «мұны тек «өжет
топ» қана орындай алады» дегенді талай естігенмін. Жұртты мақтауға
сараң Носовецтің өзі, бұларға келгенде мақтау сөзін аямай, «Өжет топтың»
ісін үлгі етіп, өзгелерге көлденең тартып отырады, Николайды да
қолпаштап, еркелетіп ұстайды. Жалпы бір аңғарғаным, соғыста жүргенде
батыр адамның мерейі өзгелерден биік болады екен де, өздері ерке бала
сияқты еркін болады екен. Мақтағанды кім жек көрсін, Николайдың өз
мерейіне риза болып, жұрт қолпаштағанда көңілі семіріп қалатынын
байқаймын, бірақ осы жігіттің ішінде бір құрысып қалған тамыры
жазылмай — ақ қойғандай, арқа — басы кеңіп, көңілі шалқып, еркінсіп
кеткен жерін көре алмай — ақ қойдым. Тапсырмадан қайтқанда
партизандар, бейне бір аңнан қайтқандай, не үлкен сайыс, жарыстан
келгендей қызынып, кеу — кеулесіп, бастан кешкен оқиғаларының əр
жерінен бір бөлшегін үзіп алып, сапырылыстырып айтысып,
кейбіреулерінің оғаш мінезі, келеңсіздігіне қарқылдап күлісіп, гуілдесіп
жатқанда, көппен бірге қыза түскен Николай бойын жазып кете алмай ауық
— ауық тыйылып қала беретін.
Сəлемі түзу болғанмен Николай менімен онша көп жуыса бермейтін,
енді келіп қолы босаған кезде қазан жаққа үйірсектеу болып, мені
төңіректейтінді шығарды. Бірақ менімен де пəлендей жазылып
сөйлеспейді, көбіне Дулатты айналдырып, соны қызықтай береді. Бір күні,
қолына басқа еш нəрсе түспеген соң азғана жеміс — жидек теріп əкеліпті,
соны екі баланың аузына кезек салып қызықтап отыр екен. Бұрын Дулатты
ғана айналдырып, кішкентай Светаны көрмегендей боп елемейтін еді. Бірақ
мен де аңғарғанмын, Дулатты əурелеп, ойнатып жатқанда көзінің бір қиығы
кішкене қызда болатын. Бір рет ұзағырақ қадалған көзқарасын ұстап
алғанымда, ұрлық қылғандай қысылып қалып, ұялған тек тұрмас деп,
Дулатты көтеріп алып секіртіп, арсалаңдай берген. Байқаймын, сірə,
тырнақтай қыздың бетінен шешесіне ұқсастық іздейтін тəрізді. Оны көп
іздеудің керегі жоқ кішкентай Света ұлпа шашы үрпиіп, сап — сары боп
үлкен Светаның аузынан түсе қалған, дөңгеленген көзі де шешесінің
көзінен аумай көкпеңбек аспандай мөлдіреп тұр.
Мен келген соң Николай əдетінше қысылып «маған... маған...» деп
сұраған кішкентай Светадан теріс айналып, уысында қалған екі түйір
жемісін Дулаттың аузына тықты да, əдетінше оны көтеріп алып секірте
берді, неге екенін білмеймін, жыным ұстап кетті.
— Оның несін əлпештей бересің. Мейірімің тасып баратса ана əке —
шешесі жоқ қу жетімнің неге маңдайынан сипамайсың?— дедім.
Николайдың қапелімде сасып қалғаны сонша Дулатты қолынан түсіріп
ала жаздады.
— А что?.. А что...— дей берді.
— Ол Светаның баласы. Света сенің əйелің емес пе еді? А што дейді
ғой.
Маңдайына сарт еткізгендей болдым — ау деймін, Николай бірден есін
жия алмай «а штосын» қайталап айтты.
— А што?.. Біздің арамыз əлдеқашан үзілген. Бəрі біткен.
— «Үзілген»... Əрине үзілді. Енді үзбеймін деп шашыңды жұлсаң да
Света жоқ саған,— дедім тұлданып,— Сен оның кім екенін, қандай адам
екенін білген жоқсың.
— Оның қандай адам екені белгілі болған,— деді Николай сызданып.
— Бəрібір сен білмейсің. Оның қандай адам екенін сен білген де
жоқсың. Білдің бе? Ол бəрімізден артық болатын. Ол менен де, тіпті сенен
де артық. Сен батыр болсақ, о да батыр. Ол тіпті бəріңнен батыр. Мықты
болсаң қалың жаудық қақ ортасында жүріп көрші өзің. Əнекей, ақыры қаза
тапты.
Ызаланып жылап жібердім, əйелдің көз жасы кімді де қаймықтырады
ғой, Николай жауап қайыра алмай қипақтап қалды. Долданып алған əйелдің
тоқтауы оңай ма, ондайда азғантай орысшаң да көбейіп кетеді екен,
баяғыдан бері ішімде кептеліп жүрген ызамды бір шығарып, төпеп
жатырмын.
— Кеше дарға асылғанда тіпті болмаса сүйегін əкелуге де жарамадың.
Жақсы көргенің сол ма?
— Мен неге жақсы көрем?— деді Николай дыз етіп.
— Жақсы көресің. Жақсы көрдің... Мен білмейді дейсің бе. Тек
жұрттың қаңқу сөзінен қорқып Светаға жолай алмадың. Өтірік қиқайып
кердеңдеп жүрдің. Жаудан қорықпайсың, оқтан қорықпайсың.
Ақымақтардың сөзінен қорқасың. Осында да Дулат үшін емес, мына
кішкентай Света үшін келіп жүрсің. Светаның көзі деп, соның исіне келіп
жүрсің. Сəбидің маңдайынан сипауға менен ұяласың.
Николай менің шапылдағаныма шыдай алмай бұрылып жүре берді,
əншейіндегідей аяғын қаздаңдап баспай, ауырлау аяңдап барады.
Содан кейін Николай мен жүрген қазан — ошақ жаққа соқпайтын
болып кетті, Дулатты да еркелетуді қойды. Ағаттығымды кейін байқап,
біраз өкіндім де: тым нəзік нəрсеге добалдау кетіп қалыппын. Николайдың
көкірегінде кішкентай сəбиге деген тұтанып келе жатқан ұшқынды оғаш
мінезіммен өшіріп алған сияқты болып, қиналып жүргенімде, бір күні
Николайдың өзі келді. Бұ жолы онша қысылмай сөзін сыр қылып айтты.
— Білесің бе, Надя... Ленинградта Светаның шешесі бар. Күйеуі де жоқ.
Света оның жалғыз қызы еді ғой. Аман болсақ, осы баланы сол əжесіне
апарып тапсырсам деп едім. Сен былай... көз қырыңды салып жүр.
15
Қасымбектің жолы сəтсіз болып, тапсырманы орындай алмай қайтқан
түнгі өзімді шошытқан хал — жағдайының шын мағынасын мен кейінірек
түсіндім, бірақ сол түні бір жамандықты жүрегім сезіп, тіксініп қалып едім,
жамандығы құрғыр жалған бола ма, қателеспеппін. Сол күннен, дұрысырақ
айтсам сол түннен бастап Қасымбектің ішінде, бұрынғы дүниесі аударылып
төңкерілгендей бір өзгеріс болды. Мінезі де өзгеріп, онсыз да көп
сөйлемейтін адам бұрынғысынан да тұйықталып, қабағына бір мазасыз
ауыр ойдың салқыны ұялап қалды. Кішкене жадыраған кезде жазылып
кететін сол кірбеңі құрғыр, езуінен күлкі табы өшпей жатып жүзін қайта
торлап алады. Адамның өзі де түсініп болмаған, тек жанын жегідей жеп
жүрген күйзелісті шұқылап, түрткілесең себебін өзі де айта алмай, одан
бетер қиналып, бекерге ыза болатыны белгілі ғой, содан себебін ашып
сұрай алмай, өзімше сыртынан топшылап тон пішемін.
Сол сəтсіз тапсырмадан қайтып келген күні кеште Носовецпен екеуінің
арасында қиын əңгіме болғанын естігенмін. Қаттырақ сөзге де келісіп қалса
керек, Носовец «командирліктен алып тастаймын» деген сөзді айтып
қалыпты. Бірақ ондай сөзден дəл осынша өзгеруі... Соғыс кезінде ешкім
тежеп жатпайтын: «Мен сені трибуналға берем», «Қорқақсың, қазір келіп
атып тастаймын». «Осыдан бір қадам шегінсең жоям» деген басқа ұрғандай
қатты — қатты сөздер балағатқа араласып, телефонның кабелін
солқылдатып кетіп жататын; бір ғажабы осы сөздердің қаһары қанша қатты
болса зəрінің қайтуы да сонша тез болатын. Жаңа ғана аямас қатты сөз
айтысып, сарқыла керілдескен адамдар ұрыс бітісімен құшақтасып бір —
бірін иықтарынан соққылап балаша мəз болысатын, əлгі айтылған
сөздерден иненің жасуындай көңілдерінде қылау қалғанын байқағаным
жоқ.
Соған қарағанда Қасымбектің белін қайыстырып жүрген Носовецтің
қатты айтқан сөзі ғана болмауға керек, Носовец батырып айтса айтқан да
шығар, тым қатты кісі ғой, сірə осының ар жағында басқа бір сыр жатқан
сияқты. Бірақ оның байыбына баруға менің пұрсатым келіп, миым жетіп
жатқан жоқ, сыртқа шығарып ешкімге айтпасам да іштей шырылдап
күйеуіме ара түсемін: осы күнге дейін жаман атағы шыққан жоқ, қайта
тындырымды батыр командирлердің бірі болып келген жоқ па, тіпті
басқасын қойғанда, өз жауынгерлерін шашау шығармай, жауға берілмей
тылда соғысып, осы ормандағы партизан отрядын құруға ұйтқы болған да
сол емес не? Өзге жұрт осының төңірегіне жиналды ғой.
Бұл, əрине, менің дəлелім, бірақ соғыстың дəлелі басқа. Ол
қаныпезердің қанша еңбек сіңіріп, ерлік көрсетсең де, сенің бір
осалдығыңды кешпейтін, өзінің қатал заңы бар. Мұнда жалғыз ғана
бағаланатын нəрсе — батырлық, ажалдан қорықпау, ақылың Аплатондай
болса да төніп келген ажалдан қаймығып жалтарсаң, онда сенің құның жоқ.
Мұндағы кісіні шын қорлайтын, ең жаман сөз «қорқақ» деген сөз. Жұрт өзі
сағат сайын шыбын жанын ажалға тосып жүрген соң, өзге біреудің жан
сауғалап жалтарғанын кешпейді.
Қасымбекке жұрттың қырын қарағанын өз басым аңғарғаным жоқ,
сонда да ол өзі — өзінен қорланып... жаман күдікке күпті болып жүрді ме
екен? «Екі адам қаза тауып, тапсырма орындалмағанша... үш адам түгел
қаза тауып тапсырманың орындалғаны дұрыс еді ғой» деп еді Қасымбек
сол түні. Енді байқасам бұл өз сөзі емес, естіген сөзі... айып есебінде бетіне
басылған сөз болды ғой. Сол сөзге мойынсынып, өз ойы қылып маған
айтыпты. Сонда екі адамды шығын қылып түк бітірмегенше, үш адамды
шығын етіп жаудың эшелонын қирату... тіпті оп — оңай есеп екен — ау
бұл... Ешбір есепке келмейтін, есесі толмайтын адамның ажалын да мына
соғыс қарапайым, қатал есепке салып қойғаны ма?.. Бірақ менің миыма
ондай есеп кірмейді. Менің көз алдыма тек көпірдің астына тығыл тірел,
жарылғыш дəріге қолын созып, өзімен бірге жарып жібергісі келіп,
жанталасып тұрған Қасымбек елестейді. Аман келгеніне қуанам...
Ал күйеуім болса, осы амандығына өзі қуанбайтын сияқты. Соғыстағы
адамның əрбір ұрыстан аман келгені ұлы той, жұрт ертеңгі қатерді есінен
шығарып, кішкентай қуанышқа мəз — мейрам болып, жоқ нəрсеге
қарқылдап күлісіп жатқанда, ол да əдетінше ыржиып езу тартқан болады,
бірақ сол күлкісінің ар жағында сап — салқын бір нəрсе бар сияқты, түрін
көргенде тіксініп қалам.
Екеуміз, тіпті баламызбен үшеуміз, жыл жарым партизан отрядында
бірге болып талай ажалмен бетпе — бет кездесіп, от пен судан өтіп, көн
болып кеткен денем ыстық пен суыққа көндігіп алса, қауіп пен қатерге
жүрегім де қасаң болып кетіп еді. Қасымбектің ұрысқа кеткен сағаттарын
да, жүрегім алып ұшпай, сабырмен тосатын болғанмын, енді сол
сабырымнан айрылып, осы бір тапсырмаға шыққан сапарын, тіпті алғашқы
күндердегіден бетер көңілім ұйтқып, мазасыз тостым.
Қазір бұлар орындайтын тапсырмалар да қиындап барады, бірнеше
эшелон қиратқаннан кейін немістер де қарап отыра ма, сақтығын арттырып,
жол бойындағы күзеттерін күшейтіпті, енді біздің жақтан да шығын көбейе
бастады. Сол тапсырмаға Қасымбек төрт адам болып кеткен, төртінші етіп
қастарына Прошаны ерткен. Содан Проша жалғыз қайтқанда жүрегім
мұздап қоя берген. «Пpoшa, өзгелері қайда?» деп сұрағанымша болмай,
бала жүгіріп келіп мені құшақтай алғанда бір жамандықтың төбемнен төніп
келе жатқанын сезіп іші — бауырымды аяз қарып өткендей тұла бойым
салқындап қоя берді. Əлі бала ғой, жөн — жосығыңды қайдан білсін.
— Білмеймін, тетя Надя. Олар сірə қаза тапты ғой деймін.
— Не дейсің?— деппін бар айтқаным.
Басыма таяқпен салып қалғандай есеңгіреп отырып қалсам керек, содан
бір кезде кішкене үміт сəулесі қылаңытқанда: бала «білмеймін» деді ғой,
ашық айтпай тұспалдап тұр — ау, «Апыр — ай, жаңсақ болғай» деп
Прошаның бетіне қарадым. Ол мұрнын қайта — қайта тартып, көзі
жыпылықтап жыларман болып тұр екен, менің кескінімді көріп, тоқтамай
жылдам — жылдам сөйлеп кетті. Қашан баланың аузынан ақтық жаман сөз
шыққанша амандықтың бір қисыны бола ма деп дірілдеген үмітімді үзбей
мен де тыңдап қалыппын.
— Біз осыдан шықтық қой. Содан өзіміз дəрі қойып... бұзамыз деген
көпірге бардық. Бізді қараңғыда ешкім көрген жоқ. Біз де ешкімді
кездестірмедік. Сонда да тасаланып сай — жылғамен жүріп отырдық.
Командир... Қасымбек Каресович өзі бастап жүрді. Оның соңынан мен
жүріп отырдым. Командир «топталмай, тек көз жазып қалмай бір —
біріңнің қараларыңды көріп отыратындай жерден жүріңдер» деген. «Алды
— арттарыңа қарап отырыңдар» деген.— Проша қалай жүріп, қалай
бұққандарына дейін тəптіштеп əңгімесін созып кетті. Мен оны
асықтырмадым, қайта оның əңгімесінің созыла бергенін, жаманат хабарға
жеткенше созыла бергенін, тіпті сол хабарға жетпей қойғанын тілеймін,
мүмкін күдер үздірмейтін бір хабар айтар деген алдамшы үмітім де бар.—
Содан біз сол жылғаның үстінен салған кішкентай темір жол көпіріне
жеттік. Со кезде таң бозарып атып қалған. Содан анау Павленок айтты:
тіптен жарық болып кетпей тұрғанда, толдарды орнына құрып, шнурды
тартып алайық деді. Сосын командир айтты, Қасымбек Каресович қазір
құруға болмайды деді. Эшелон бес қырықтың шамасында келеді. Бір
жиырма минут қалғанда ғана құрып күзетіп жатамыз деді. Бүгінде немістер
жолды мықтап күзететін болған, ерте құрсаң олардың патрульдері келіп,
толды алып тастайды деді. Рас екен, біз жатқанда патрульдер арлы — берлі
екі рет өтті. Көпірдің тұсына келгенде əдейі тоқтап, қарап тексеріп шықты.
Содан біраз уақыт өткен соң командир, Қасымбек Каресович, «поезд
келетін мезгіл болып қалды, ал, кеттік» деді. Содан көпірге жетіп
арқамыздан қапшығымызды шеше бергенде жау патрулінің қарасы көрінді.
Командир ана екеуіне «патрульді бөгеңдер» деп бұйрық берді де, өзі
толдарды алып рельстің астына тығып жатыр. «Бұл көпір менен бір рет
аман қалып еді, енді құтыла алмайтын шығар» дейді. Мен толдарды əперіп
тұр едім, командир, Қасымбек Каресович, басын көтеріп атысып жатқан
жаққа қарады, мен де қарап едім, жау жақындап қалған екен. Сосын
командир, Қасымбек Каресович, тез отрядқа жет, тапсырма орындалды ден
хабарла» деді. Мен кетпеймін, бірге болам деп едім», маған қатты ақырып
жіберді. «Тез жөнел! Бұйрықты орындамасаң атып тастаймын! Жылғамен
кет!» деді. Сосын мен жылғамен жүгірдім. Олар атысып жатыр. Бір кезде
гүрсілдеген дауысты естіп артыма қарасам, орман ішінен бір ұзын состав,
поезд шығып келе жатыр екен. Паровоздың түтіні будақтайды. Содан поезд
кішкене көпірге келіп қалды. Мен бəрін қарап жаттым. Тіпті паровоз
көпірден өтіп бара жатыр еді...
Бір пəленің жақындап келе жатқанын сезіп, жүрегім аузыма тығылып
барады. Проша қорс — қорс еткізіп мұрнын тартып, үстіңгі ерні дүрдиіп,
ұрты кəмпит сорғандай жағына жабысып, іркіліп қалды. Зəрем ұшып,
бажырайып баланың бетіне қадалып қалыппын, ішімнен ар жағын айтпай
тұра тұрса екен ден тілеймін. Проша қылғынып бір — екі жұтынып алды,
енді сөйлемесе жылап жіберетін түрі бар.
— Өзі бір ұзын состав екен. Анық көрдім паровоз көпірден өтіп кетті.
Сол кезде... сол кезде тек гүрс ете қалды. Қап — қара түтін бұрқ етіп
аспанға көтерілді. Бір тарсыл — гүрсіл болды да кетті. Вагондар құлап
жатыр... құлап жатыр. Соңғы вагондар алдыңғы вагонның үстіне артылып
кетеді де құлайды. Паровоз да құлады. Біздің адамдар келер ме екен деп
қарап едім... ешкім көрінбеді. Содан шаң — тозаң басылғанда қираған
вагондарды айнала жүгіріп жүрген немістің екі — үш солдатын көрдім.
Біздің адамдар көрінбеді... Білмеймін...
Прошаның əңгімесі осымен тоқтады. Алқынып аузыма тығылған
жүрегім не əрі, не бері кетпей, кептеліп кеңірдегіме тіреліп қалған сияқты,
тырп ете алмай сол кеңірдегімнен ілулі тұрғандай хəлім бар. «Өлді» деп
ойбай салайын десем, мына бала анық айтпады, анығын өзі де білмейді;
«өлмеді» деп үміт етейін десем, айтуына қарағанда дəл ана жерден аман
кететін қисыны жоқ, бірақ сонда да қашан көзім жеткенше көңілі құрғырым
«өлдіге» қимайды. Соғыста, тіпті одан да қиын құтылмас пəлеге кездескен
адамдардың құтылып кететін таңғажайып жағдайлары бола беретін.
Ақыры жаманат хабар анықталды. Күні бойы үмітімді үзіп жалғап,
өшіріп əбден ит сілікпемді шығарған болу керек, енді келіп маған арнайы
естірткенде көзімнен жас шықпай қалды. Бір түрлі дүние құлазып, мына
сұрықсыз өмір одан бетер сұрқай тартып, бір жиренішті сезім —
жалғыздық пен қорғансыздық сезімі тұла бойымды кеулеп, құлазытып бара
жатты. Көңіл айта келген үш — төрт еркек те осы сұрғылт дүниеде өздері
де сұп — сұр болып менен алыстап кетті.
«Қасымбек Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, ерлікпен қаза
тапты. Капитан Гастеллоның ерлігін қайталап өз жанын құрбан етті. Халық
оны ұмытпайды».
Селк ете қалдым. Бұл Носовецтің даусы. Жаңа Носовецтің қарасын
көргенде комиссар арнайы келе жатқан соқ — ақ, жаманат хабардың расқа
шыққанына көзім жетіп, шошынып буын — буынымнан жан кетіп қалған.
Оның мына сөзіне неге селк ете қалғанымды білмеймін, əлде өлім деген
сұмдыққа сонша əдемі сөз қосқанына — ащыға бал тамызғандай тітіркеніп
қалдым ба...
Бір кезде байқасам жалғыз өзім отыр екем, жұрттың қалай тарап
кеткенін де аңғармай қалыппын. Шамасы есіттіргеннен ойбай салып,
шыңғырып жылаған əйелге басалқы айтып жұбатуға келген кісілер, мен,
көзімнен жас шықпай, бедірейіп үнсіз қалған соң, өздерінен өздері
ыңғайсызданып, қипақтап аз отырып, біртіндеп тарап кеткен болар,
мазасын алмасын дегендері шығар, екі баланы да ала кетіпті.
Өзім сірə, табиғатымнан тас бауыр, қатыгез боп жаралған пəле
болармын, қазақтың əйелі сияқты ойбайымды салып, шашымды жұлып,
кеудеммен жер соққылап дауыс қылудың орнына безеріп, үнсіз отырып
қалыппын. Енді келіп есімді жиғанда алдымен өзімнің хəлімді ойладым.
Шынымды айтсам бұл ажал өзім күтпеген жерден, тура төбеден түскендей
болған жоқ. Соңғы кезде үдеп кеткен күдігім мен қобалжуымды былай
қойғанда, жұрттың бəрін сыпыра жалмап жатқан мына сұмырай соғыс
өзімді ала — бөле ажалдың тура əдетінен суырып алып, ол аз дегендей
аспаннан түскендей күйеуімді тауып беріп, бауырыма баламды бастырып,
төрт құбыламды түгелдеп алшақтатып қояды дегенге сенбеуші едім: енді
келіп сол артығын алып кетті. Əлі де алмағаны бар шығар бұл жауыздық...
«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деуші еді, Қасымбектің
қазасының салмағы да маған кейінірек барып жетті. Күн асқан сайын
күйеуімнің орны үңірейіп барады. Күйеуім қасымда жүргенде оның қадірін
білмеген сияқты болып көрінем де, көкірегімді өкініш билейді. Менің бар
едім, салмағымды ауырламай қиын кезде де қабағын шытпай көтеріп еді.
Жаудың тылында, партизан болып соғысу — салт басты, сабау қамшы ер
азаматтың өзі əзер шыдайтын қиямет нəрсе. Қасымбек болса бір қолымен
соғысып, бір қолымен жөргектегі баласы мен əйелін сүйретіп жүрді. Ол
ғана ма? Күйеуім қасымда жүргеніне мəз болып, мен оның халін, ар
жағында не болып жатқанын ойламаған екем. Біздің Қасымбекке түсетін
салмағымыз, тек жорық үстіндегі ауыртпалық, тіршіліктің салмағы деп
ойлаушы ем. Күйеуімнің балажандығына ішім жылып, мəз болатынмын.
Жаның қалмай жақсы көретін бал мінезді киттей балаң мен əйелің көздері
жəудіреп қасыңда тұрғанда басыңды оққа байлап соғысу... Менің өзім
қандай болып едім? Күйеулері алыста, көз кермес жерде соғысып жүрген
елдегі əйелдердің хəлі менің қасымда ойыншық екен. Күйеуіңді құдайдың
құтты күні өз қолыңнан, алыстағы көз көрмеген майданға емес, көріп
жүрген тікелей соғысқа, ажалға аттандырып тұрсаң... Мен өз хəлім, өз
қорқыныш, күдігіммен əуре болып Қасымбектің ішінде не болып жатқанын
ойламаппын да.
Ұрысқа кірген адам алдымен жаумен соғыспайды, өзімен, өз ішіндегі
ажалдың үрейімен соғысады. Барлық қажыр — қайратын, жан қуатын
жұмсап, ең əуелі сол сұмырайды жеңіп алады. Қасымбекке осы екеуі аз
болғандай, қиналған сəтінде баласымен екеуміз барып шаужайына
жармасқан екеміз — ау. Қанша батыр болсаң да көзі жəудіреген кішкентай
сəбиің мен қорғансыз əйеліңді қалың жаудың ішінде қалдырып, басыңды
оққа байлау...
Соғыста жүргенде көп нəрсені ойлап басымды қатыpa бермейтінмін, ой
деген пəле қай — қайдағыңды қоздырады да шықпайтын шырғалаңға
салып қояды, сөйтіп жүріп Қасымбектің де халін ойламаппын. Өзін
жоғалтып алып, оның халін енді ғана түсініп келем. Баламыз екеуміздің
күнделік тұрмыстағы масылдығымыздан «артымда қалса қайтем» деген
уайымы анағұрлым ауыр болған екен ғой оған. Қатын — баласы елде
қалған еркектерге ештеңе емес — ау, ал əйелің мен кішкентай сəбиіңді
қанжығаңа байлап жүріп соғысу деген... Артыңдағы оқ астында жатқан
қатын — балаңа қайрыласың ба, я болмаса алдыңдағы алқымыңнан алған
жаумен соғысасың ба? Өзге жұрт əйтеуір, басқа түссе «өзекті жанға бір
өлім» деп тəуекел етеді, ойлап қарасам, тағдыр бұған тəуекелін де түгел
бермеген екен.
Баласын еркелетіп сүйе беретін, сонда оның көңілінде не тұрғанын
аңғармаппын — ау мен жетесіз. Осы баланың есін білмей жатып жетім
қаларын іші сезіп, бар мейірімін сарқып бермек болғаны ма екен? Түнгі
тапсырмадан қайтқанда белін шешпестен төсектің шетіне отыра қалып,
ұйықтап жатқан Дулатты кеудесіне қысып алып, құшырланып иіскейтін.
«Түн аспай баласын сағынып қалыпты» деп соған мəз болатынмын. Содан
кейін, қара көлеңкеде маған телміре қарап, мені бір бейне бала сияқты
шашымнан, маңдайымнан, бетімнен сипалап қоятын. Құр сипалай
бергенше құшақтап, қысып сүйгенін жақсы көріп тұрсам да, күйеуімнің
маған бата алмай, жасқана аялағанына көңілім марқайып, іріленіп
қалатынмын. Қойнындағы жары болсам да, мені əлдеқандай көріп еркінсіп
кете алмайды — ау, деп ойлаушы едім; енді күйіс қайырып, қайтадан ойлап
қарасам оның сыры басқа екен. Түнгі соғыста басына қатер төніп, жаны
алқымға тірелген сағатта панасыз көр бала екі жетімек қайда қалады деп
үрей билеп, ышқынып... енді аман — есен қайтып оралғанда əлгінде ғана
жетім қала жаздаған баласын енді айрылмастай бауырына қысып алып,
жесір қала жаздаған əйеліне шүкірлік етіп, аянышпен қарағаны екен ғой ол.
Жыл жарымнан артық қақ ортасында жүрген соң соғыс деген
сұмырайдың да мен білмеген сыры қалмады. Тұла бойыңдағы қажыр —
қайратың мен жігер күшіңді түгел бермесең қанағат қылмайтын қомағай
мінезі бар оның, бейне қызғаншақ қатын сияқты көңіл алаңыңды ол
көтермейді де, кешпейді. Я, жаумен соғысасың, я көңіліңдегі алаңмен,
ішіңдегі үреймен соғысасың. Қасымбек болса, біз келіп қосылғаннан бергі
жыл жарым екеуімен қатар соғысыпты. Жұрттың басында бір қиындық
болса, салмағымды ауырламай қиын кезде де қабағын шытпай көтеріп еді.
Жаудың тылында, партизан болып соғысу — салт басты, сабау қамшы ер
азаматтың өзі əзер шыдайтын қиямет нəрсе. Қасымбек болса бір қолымен
соғысып, бір қолымен жөргектегі баласы мен əйелін сүйретіп жүрді. Ол
ғана ма? Күйеуім қасымда жүргеніне мəз болып, мен оның халін, ар
жағында не болып жатқанын ойламаған екем. Біздің Қасымбекке түсетін
салмағымыз, тек жорық үстіндегі ауыртпалық, тіршіліктің салмағы деп
ойлаушы ем. Күйеуімнің балажандығына ішім жылып, мəз болатынмын.
Жаның қалмай жақсы көретін бал мінезді киттей балаң мен əйелің көздері
жəудіреп қасыңда тұрғанда басыңды оққа байлап соғысу... Менің өзім
қандай болып едім? Күйеулері алыста, көз көрмес жерде соғысып жүрген
елдегі əйелдердің хəлі менің қасымда ойыншық екен. Күйеуіңді құдайдың
құтты күні өз қолыңнан алыстағы көз көрмеген майданға емес, көріп
жүрген тікелей соғысқа, ажалға аттандырып тұрсаң... Мен өз хəлім, өз
қорқыныш, күдігіммен əуре болып Қасымбектің ішінде не болып жатқанын
ойламаппын да.
Ұрысқа кірген адам алдымен жаумен соғыспайды, өзімен, өз ішіндегі
ажалдың үрейімен соғысады. Барлық қажыр — қайратын, жан қуатын
жұмсап, ең əуелі сол сұмырайды жеңіп алады. Қасымбекке осы екеуі аз
болғандай, қиналған сəтінде баласымен екеуміз барып шаужайына
жармасқан екеміз — ау. Қанша батыр болсаң да көзі жəудіреген кішкентай
сəбиің мен қорғансыз əйеліңді қалың жаудың ішінде қалдырып, басыңды
оққа байлау...
Дүрсілдеп поезд келіп қалғанда көпірдің ернеуіне иығын тіреп, рельстің
астына құрып қойған дəріні сипалап, жаны мұрнының ұшына тіреліп, сол
бір шиыршық атқан сəтінде ет қызуымен жарып жібермек болып ұмтыла
бергенде... есіне баласы мен əйелі түсіп кетіп... Гүрс етіп аспанға ататын
мұп — мұздай ажалды қолымен ұстап тұрғанда ол бір өліп тірілді. Сол түні
оны ажалдың салқыны шалды. Сол салқынды бойынан шығара алмай — ақ
кетті ғой азаматым.
Қасымбектің бір айтқан əңгімесі есіме түседі. «Адам деген қызық нəрсе
ғой, кейде түсінбейсің» деп бастап еді ол. «Кейде бір қорқу дегеннің не
екенін білмейтін, жауып тұрған оқ қыбына кірмейтін адамның аяқ астынан
қоян жүрек болып кеткенін көресің. Тіпті қорықпайтын нəрседен қорқып,
қаңғыма оқ зың етсе жата қалып, қиырдан самолет көрінсе шұңқырға
тығылып... берекесі кетеді. Білмеймін, адамның бір жаман шошынатын,
жүрегі шайлығатын кезі бола ма екен? Ондай сорлылар аман қалмайды,
абыройынан айырылып, қаңғалақтап жүріп қаза болады» деп еді.
Астапыр — аллау, Қасымбектің өзі осындай халге душар болды ма
екен? Бір адам шошынса, шошынатындай жағдайда болды ғой. Бір өліп
тірілген адам екінші қайтып өлімге беттей ала ма? Со жолы Қасымбектің
ішінде болған бір өзгерісті сезіп едім де, себебіне жете алмап едім. Ажалын
қолына ұстап, аспанға атылайын деп тұрған... ет қызуымен бірден атылып
кетпеген соң екінші қайтып оған жүрегің дауай ма? Қатер деген құрғырдың
сол сəтіндегі үрейінен, өтіп кеткеннен кейінгі үрейі əлдеқайда жаман.
Қасымбектің қабағына айықпайтын бір кірбең терең ұялап алыпты, ішінде
де бір зіл жатқанын сезетінмін, енді байқасам, сол ажалды қолына ұстаған
сəтінен кейін үрей деген жексұрын күйеуімнің бойына кеулеп кіріп кеткен
екен. Оның үстіне екі адамды өлтіріп алып, тапсырманы орындайтын
жерде жанын қия алмай жалтарған үшін бір жағынан ары қажаса...
Апыр — ау, бір жолы байқадым да, тек жай ғана таңырқап қойған екем
— ау. Орман ішінде осы лагерьде тұрғанда аспанда жаудың самолеті
көрініп, «воздух» деген айқай шықты да, жүгіріп кете жаздап өзін əзер
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 24
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.