Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 02

Total number of words is 4151
Total number of unique words is 2039
38.2 of words are in the 2000 most common words
52.6 of words are in the 5000 most common words
60.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болады. Сондықтан ба, əйтеуір оны үлкен-кішісі бірдей «Вовка командир»
атап кетті. Баласының осы лауазымы ата-анасына да ұнайтын болу керек,
өйткені «Вовка командир» деген атты балалардан гөрі үлкендер көбірек
айтады, əсіресе майор Маслов пен Алевтина Павловнаның құлағына
жетеді-ау деген жерде:
— Вовка командир, сенің əскерің қайда? Кəне, сапқа тұрғызшы.
— Өзі аумаған майор Маслов. Түбі мықты командир болады. Нағыз
жаугер.
— Болатын бала қаршадайынан — ақ көрініп тұрады. Өзінде нағыз
командирдің тегеуріні бар,— деп қошеметтей еркелетіп жатады.
Алевтина Павловна жақынырақ жерде болса:
— Көп мақтай бермеңіздер. Бала дандайсып кетеді,— дейді назданып.
Бұл Алевтина Павловнаның бер жағы, ар жағында баласының жұртты
тамсандырған қасиетіне деген мақтаныш жатыр, даусының назды
шығатыны да содан. Жалпы Алевтина Павловна көбірек назданады. Басқа
біреу сөйтсе ерсі көрінер еді, ал толықсыған сұлу келіншекке бəрі
жарасады.
Бала атаулы соғыс ойнағанда командир балалары қайтіп қалсын, бұлар
да əскер болып ойнайды, үлкендерден көргенін істейді. Вовка командир
сынық сүйем бойымен шіреніп тұра қалып, бір қолын шолтаң еткізіп,
созып:
— Стлойся! Становись! — деп айқайлайды.
Балалар соны қызық көріп, жапа-тармағай жүгіріп келіп сапқа тұрып
жатыр. Баланың аты бала емес пе, шарт та шұрт ұрысып, таласып қалады.
— Мен алға тұрам.
— Жоқ мен алға тұрам. Менің бойым ұзын.
— Жоқ, жоқ, қарашы. Міне менің бойым ұзын. Төбем артық тұрған жоқ
па?
— Мə, сен аяғыңды ұшынан баспа. Кəне, қарсы тұрып мұрнымызды
тақастырайықшы.
Бұлардың ішінде бізбен бір флигельде тұратын көршіміз Ираида
Ивановнаның алты жасар Шуригі мен бес жасар Борисі да жүр. Ол екеуі
басқа балалардай ілгері тұруға таласпайды да, көп шуламайды, аналарына
тартқан салмақты, момақан ғана. Вовка командирдің айтқанын істеп,
көрсеткен жеріне тұра береді. Тек «мен Борядан ұзынмын, мен мұнда
тұрам», деп араларына басқа бала кіріп кетсе, оған көнбейді. Екеуі егіз
қозыдай, жұбы жазылмайды. Бірақ бұлар ата-анадан екеу ғана емес, Ираида
Ивановнаның төрт баласы бар, Ең үлкені Ваня жетіден сегізге қараған,
кішісі емшекте. Ванясы ертерек есейген, ойыннан гөрі шаруаға үйір —
көбіне кішкентай інісін бағады, су əкеледі, үй шаруасында шешесінің нағыз
қолқанаты. Ағалары шешесінің қасында болған соң, Шурик пен Боря
жұбын жазбай бір жүреді де, бірге ойнайды. Ираида Ивановнаның
балалары алтын асықтай. Орта бойлыдан төмен, толықша келген шешелері
мінезге бай, жайсаң адам болғанға ма, балалары да орнықты, шыр еткен
даусын естімейсің.
Еркек балалармен бірге ұрысқақ Мусяның қызы Люся да соғыс ойнап
жүр. Ол жеті жаста. Сорайып балалардың ең алдына тұрып алған,
шешесіндей емес, бойшаң болатын түрі бар.
— Вова, Вовочка, мен саған орынбасар болайын. Қазір мен команда
беріп, саған баяндайын,— деп жалынады Люся.
Кіп-кішкентай боп шіреніп тұрған Вовка — командир оны менсінетін
емес.
— Қыздар командир болмайды,— дейді ол.
— Мен орынбасар болам.
— Жоқ, мен болам,— деп балалар тағы да жамырай шулап кетеді.
Мен балалардың ойынын қызықтан отырғанмын. Света үндемей отыра
беруге іші пысты ма:
— Июнь айы да бітіп қалыпты — ау, апырай-ə?— деді есінеп.
— Иə, бүгін жиырма бірі. Ертең Брестке барамыз. Қалаға барған соң,
сендерге қонақ боламыз ба?
— Николай туған күнімді мейрамдаймын дейді,— деді Света сол
бұйығы қалпынан серпілмей. — Мейлі. Қарсы болғаным жоқ. Кісі жиырма
беске күнде келмейді.— Ол жұп — жұмсақ білегін менің мойныма артты.
— Сен ғой, əлі жиырмаға келген жоқсың, Надя. Қандай жассың. Туған
күнің қашан?
Туған күніңді білмеген шынында да ұят екен, жауап бере алмай
қысылып қалдым. Менің білетінім доңыз жылы туыппын, ол жиырма
үшінші жыл, дəлірек айтқанда көктемге қарсы — наурыздың іші болса
керек, — оның бəрін Светаға қалай түсіндірем. Көп сөзден үндемей
құтылатын əдетім бар еді, оның үстіне Светаның бір рахаты жауап
бермесең қазбалап сұрамайды. Жаңа ғана берген сауалын əп-сəтте ұмытып
кеткен адамдай, қысылмайсың.
— Meн күзде жиырма екіге шығам,— деді Света.— Сөйтіп жыл дегенің
өте береді. Өте береді. Бір күні қартайғаныңды да білмей қаласың.
Светаның ойына кəріліктің қайдан келгенін білмеймін, өз басым осы аз
жасымда кəрілікті ойлап көрген емеспін, ол əзірге менің қолым жетпейтін
алыс дүние. Тезірек үлкендер санатына қосылу, ұл болсын, қыз болсын, бар
баланың асыға күтетін арманы емес пе, мен қайта ер жетуге асығушы едім.
Кішілеу кезіңде кейбір үлкендер сені баласынып, кішірейте сөйлесе —
дүниеде қор қылатын нəрсе сол болушы еді. Бірақ қазекеңнің бір жақсы
жері қыз баланы онша кішірейте бермейді, қайта ертерек есейтеді. Он төрт,
он бестен былай қарап — ақ, болашағыңды ойлатады. Өйткені он сегізден
асса — ақ өтпей отырған кəрі қыз деген жаман атақ бар. Ондай атақтан
қыздың өзі ғана емес, ата-анасы, аға-жеңгесі, төңірегі түгел қорқады.
— Қасымбекке қалай ғашық болғаныңды айтшы, — деді Света кенет
менің иығымда жатқан жұмсақ білегімен мойнымнан құшақтап, дауысында
əлденені аңсаған арман бар. Дауысында ғана емес, бүкіл өн бойында бір
аңсау бар сияқты.
Мен үндей қоймақ едім.
— Айтсайшы, нең кетеді, — деп жармасты. Кісіге ондай қадалмаушы
еді.
— Білмеймін,— дедім мен.
— Білмегені қалай?
— Əйтеуір ұнатқан болуым керек. Ал былай өліп — талып... Қойшы,
одан да Николайға ғашық болғаныңды айт өзің,— деп мен де жармаса
кеттім.
Света кішкене үндемей ойланып қалды да, күліп жіберді.
— Мен де білмеймін. Ақ көңіл елпілдеген жақсы жігіт екен. Бір
көргеннен есі кетіп бəйек болды да қалды. Тіпті жанын беруге бар. Менің
бетімді бері қаратқан сол ықыласы болу керек. Əйел қанша асқақтағанмен
еркектің ықыласына түсіп қалады ғой.
— Сонда қалай?.. Əйелдер ғашық бола білмей ме? Тек еркектердің
дегеніне көне бере ме?— дедім.
— Əрине,— деп күлді Света. Алдымен көзі түсіп айналдыратын
еркектер емес пе. Ендеше біз солардың жетегінде кетеміз де, ғашық болдық
деп өзімізді алдарқатамыз.
Ойланып қарасам мына сөзінің жаны бар сияқты. Əрине енді, көңілі
қаламаса кісі қырындаған еркекке көнбейді ғой, бірақ... Менің түсініп те,
түсіне алмай, көзім жыпылықтап қиналып отырғанымды байқады ма, Света
бетіме қарап жымиып қойды. Содан, маған ықыласы түсіп кетті ме, əлде
ішкі қатпарын ақтарып тазарып алғысы келді ме, кейде адамда ондай да
болады, иығымнан қаусыра құшақтап:
— Менің қалай ғашық болғанымды білгің келіп бара ма?— деп күле
сұрады.
— Иə, білгім келеді.
— Шынында мен де ғашық болғанмын. Тіпті есім кеткен кездері болды.
— Николайға ма? — деппін мен де қарап отырмай.
Света ыңғайсызданды ма, сəл іркіліп барып:
— Жоқ,— деді.— Сен оған таңырқамай-ақ қой. Жұрттың бəрі алғашқы
сүйген адамына тие бермейді. Оның үстіне, о кезде, мен əлі ақыл
тоқтатпаған жас едім. Əкем Ленинградта үлкен қызметкер еді, бір үйдің
ерке өскен жалғыз қызы. Тіл де үйретті, музыканы да үйретті. Он жетіге
келмей жатқанымда — ақ қырындаған жігіттер де көп болды.— Света
мырс етіп күліп қойды. — Мен өтімді қыз болдым, Надя. Бірақ менің
көңілім бір балаға ғана ауды. Саша, аты Александр болатын, менен бірер
жас үлкендігі бар. Жалғыз шешесі ғана бар, өздері тым жұпыны тұратын.
Бірақ өз талабымен оқуға түскен студент еді. Өзі сымбатты, сұлу жігіт
болатын. Көрдің бе, Надя, менің сұлу жігіттерім де болған,— деп Света
иығымнан қағып қойды.
Бəсе Николайды бұған өзгелер ғана емес, өзі де қомсынады екен ғой.
Өйтпегенде қайтсын, көрініп тұрған нəрсе емес пе.
- Жас адамның алғашқы махаббаты деген қатты болады ғой. Мен де
қатты құладым. Бір күн көрмесем, дүниеде мен үшін ондай азап
болмайтын. Адам деген қызық — ay, біреуді жақсы көрсең, оның өзі ғана
емес, бүкіл төңірегі, киген киімі, ұстаған мүлкіне дейін ыстық болады
екен. Айттым ғой, жұпыны тұратын адамдар еді, маған солардың
кішкентай бөлмесі, үй ішіндегі тозығы жеткен мүлік жабдықтары түгел
ұнайтын. Сол жігіттің шешесі де маған қатты ұнаған. Жасы елуге
жақындағанмен бір ерінбейтін іскер адам еді, жоқты бар қылып, үй ішін
де тап — тұйнақтай таза ұстайтын. Саша шешесін жақсы көретін де,
бір сөзін екі етпейтін. Содан ба, оның шешесін мен де жақсы көріп
кеттім. Бірақ Раиса Семеновнаның өзі де жақсы көрмесіңе қоймайтын
адам болатын. Білмеймін, өзге жұртқа ер мінезділеу, қаталдау да
көрінетін, шығар, бірақ маған деген ықылас, ниеті өзгеше еді. Үйіне мен
кіріп келсем, көптен көрмей қатты сағынып қалған адамдай жадырап қоя
беретін. Шайын ба, кофесін бе, несін берерге білмей, асты-үстіме түсіп
бəйек боп қалатын. Кейде Саша жоқ болса, екеуміз отырып алып қатар —
құрбыша əңгіме соғатынбыз. Кəдімгі сырлас қатындарша еш нəрсемізді
бүкпей барымызды ақтарып салатынбыз. Əлі түк көрмеген кішкентай қыз
балаға көп білетін, көпті көрген кексе əйелмен сырлас болудың өзі мəртебе
екен. Өзің де көпті көрген, көп нəрсенің сырын білетін адамдай марқайып
қаласың. Раиса Семеновна өте ескерімпаз да кісі болатын, Саша үйде
болса, көп айналсоқтамай, бір сенімді сылтауы табылып, бізді оңаша
қалдырып кететін. Саша былай сымбатты, мықты жігіт болғанмен, мені
шын жақсы көргендіктен бе, білмеймін, əдептен асып көрген емес. Жалпы
өзінің мінезі сыпайы, сынық болатын. Сондай ер жүзді, қауқарлы
жігіттің өктем, дөкірлігі жоқ, мінезінің биязылығы да маған қатты
ұнаушы еді. Ғашықтық деген де ішпей-жемей есіңді алатын мастықтың
бір түрі ғой деймін, маған өзім өскен ұям, кең сарайдай төрт бөлмелі,
жиһазды пəтерімнен, аналардың кішкентай тар бөлмесі ыстық болып
бара жатты. Кино, театр, кештерге бармағанда көбіне сол үйде
кездесеміз, өйткені біздің үйге келгенде Саша өзінен өзі қысылып
ебедейсізденіп қалады. Тіпті үй оңаша болса да, еркінсіп кете алмай аяғын
еппен басады. Біздің үй жалпы кең болғанмен маған да тарлық ете
бастады. Сашаны ата-анама таныстырғанмын, бірақ Раиса
Семеновнаның маған берген пейілін, олар Сашаға бере қойған жоқ. Сынай
қарап, сыпайы ғана сөйлеседі. Содан, қанша ерке өссем де, қысылатынды
шығардым. Оның үстіне Раиса Семеновна да маған шешемнен бетер
сырлас болып алды, кейбір мамама айтпайтын сырымды да со кісіге
айтатын əдет таптым ғой. Қалай айтпассың, Раиса Семеновнаның бар
арманы Саша екеуміздің бақытты болуымыз, екеуміздің қызығымызды
көру. Менің бір байқағаным, Надя, кісі ғашық болғанда көкірегіндегі бар
қуанышын сүйгеніне айтып тауыса алмай, тағы да бір соны бөлісетін
жақын адам іздейді екен. Менің сондай адамым Раиса Семеновна болды.
«Жаңа жылды біздің үйде қарсы алайық» — деді Саша. Мен өзім
кішкентайымнан онша сауықшыл қыз емес едім, Көбіне үйде пианино
ойнап, кітап оқып отыра беретінмін, ал ғашық болғасын, өзге топқа
қосылмай оңашада Сашаның бетіне қарап отыра бергенді көп қызықтан
артық көретінді шығарғанмын, содан да Сашаның бұл сөзіне қуана
көндім. «Мен жаңа жылды құрбы қыздарыммен бір компанияда қарсы
алатын болдым», деп өмірімде бірінші peт ата-анамды алдап кеттім.
Раиса Семеновна да дастарханды келістіріп жасаған екен. Былай
ағыл-тегіл болғанмен азғантай адамға керек — жарақтың бəрі бар. Тіпті
стол үстіне бір шоқ гүл де қойыпты. Қыстың көзі қырауда, жəне жаңа
жыл алдында Ленинградтан гүл табу да оңай емес. Мен де мамамнан
алған азғана ақшаға бір шампан мен бір коробка конфет əкелгенмін. Солай
оңаша, мəз-мəйрам болып жаңа жылды қарсы алуға отырдық. Жасым он
сегізге келсе де бұрын шарап ішіп көрген жоқ едім, шампан аузыма тиген
соң бір түрлі көңілім көтеріліп, бұрыннан да мол қуанышым кеудеме
сыймай керемет болдым. Раиса Семеновна азғана отырып, сосын бізге
«жаңа жылда жаңа үлкен бақыт» тілеп, тост көтеріп, жаңа жылды
бірге қарсы алуға өзін күтіп отырған құрбысы бар екен, кешірім сұрап
соған кетіп қалды.
Шараптың əсері ме, мен сол күні айтусыз көңілді болдым. Қуанышым
қойныма сыймай сықылықтап күле бердім. Неге күлетінімді, неге
қуанатынымды өзім де білмеймін. Əйтеуір мəзбін. Сашаның бетіне
қараймын — ол бұрынғысынан да сұлу, ажарлы, сондай жақсы... Мен оны
одан бетер жақсы көріп кетем. Саша да мені əдеттегісінен .əлдеқайда
артық жақсы көретін сияқты. Əншейіндегісіндей именшек те емес
құшырланып қатты — қатты сүйіп, бойымды балқытып барады. Сол кеш
менің өмірімдегі ең бақытты кешім болған сияқты еді. Бірақ ертеңгісін
оянғанда көңіл — күйім өзгеріп кетті. Бір нəрсені бүлдіріп алғандай, я бір
ұятты іс істеп қойғандай, көкірегімді тырнап жатқан бір нəрсе бар.
Сашаның бетіне қарауға да қаймығам. Өмірі жатып көрмеген жат
төсектен де... Сол түні мен тұңғыш рет еркек көргенмін. Сүйгеніңмен
қосылу бақыт дейді ғой, бірақ сол алғашқы түн таң ата мені бейберекет
мазасыздыққа ұшыратқан. Тезірек киініп кетейін деп жатқанымда, Саша
да түндегі батылдығынан айрылып, мені тоқтата алмай міңгірлей
берген-ді, Раиса Семеновна қайтып оралды. Өңі жайдары, сондай көңілді,
«оу, ерте тұрыпсыңдар ғой» деп келе жатып, менің кетуге оңтайланып
тұрғанымды байқап: «қой, таң атпай қайда барасың, қазір завтрак
ішеміз, отыр» деп құшақтап алып екі бетімнен кезек сүйді. «Менің
жарығым, жалғызым, ішімнен шыққан жақыным» деп көзіне жас алып
сүйгенде мен де еріп кеттім. Өзім де үйге баруға бетімнен басып тұр
едім, столға отырып, шампан ішіп, іштегі қыжылым тарап қайтадан
мəре-сəре болдық. Əсіресе Раиса Семеновнаның күндей жайнаған жүзі,
асып төгілген ықыласы іштегі бар кикілжіңімді ұмыттырып, ерітіп
əкетті.
— Я- а, ол кісі о жағынан мықты еді,— деп тоқтады Света.
Дауысында демімен қоса шыққан күрсініс бар ма, көңілді əңгімесінің
соңында бір көңілсіздік барын ішім сезіп, мен де іркіліп қалдым. Бірақ
затым əйел емес пе, шыдай алмай ар жағын сұрадым.
— Ар жағында қиын оқиғалар болды ғой — деді Света əңгімесін
бұрынғыдай емес, жадау жалғастырып.- Үш күннен кейін менің папамды
ұстап əкетті. Төбемізден жай түскендей болды. Мамам, мендей
былжырақ емес, қайратты адам еді, жылағанын маған көрсетпей, бір
жағынан мені жұбатып, бір жағынан тиісті жерлерге жүгірді. «Адал
адам нақақтан күймейді., ақталады, қайтсе де ақталады» деп маған
жұбаныш айтады. Бірақ онысынан əзір еш нəрсе шыға қоймады, тіпті,
папама жолыға да алмапты. Содан үшінші күні, «баласымын ғой, мүмкін
мені жолықтырар» деп передача түйіп алып, жатқан жеріне мен бардым.
Мені де жібермеді. Бар айтқандары: «Кейін белгілі болады, кейін келерсіз»,
— деді. Ол «кейіннің» қашан екенін жəне айтпады. Содан қайтып келе
жатып Сашаның үйіне соққым келді. Екі-үш күннен бері есімнен танып
жүріп, оны да ұмытып кетіппін, телефон соға қоятын үйінде телефон
жоқ. Мамамнан кейінгі ендігі қалған тірегім Саша мен Раиса Семеновна
еді. Енді соларға соғып ішімдегі бар қасіретімді шығарып, шерімді
тарқатқым келді. Есікті Раиса Семеновнаның өзі ашты. Оны көрісімен
«Раиса Семеновна!» деп дауыстап жіберіп, кеудесіне құлап еңкілдеп
жылай бердім. Не айтып, не қойғанымды да білмеймін, əйтеуір
жылағаным есімде. Қанша жылағанымды да білмеймін, бір кезде барып
«Саша үйде ме» деп сұрадым. Раиса Семеновна мені кеудесінен бөліп
тікейтіп қойды да, «Саша үйде жоқ» деді. Даусы құлағым үйренген
əуенінен бөлек шықты ма, осы сөзден селт етіп, бетіне қарасам Раиса
Семеновнаның жүзі де сап — салқын екен. Coдан бір түрлі суынып қалдым
да: «Саша... Саша қашан келеді?» деп сұрадым. Осы кезде кухня жақтан
бір орындық сықыр-сықыр ете қалды. Бұлардың ас пісіретін титтей ғана
бөлмесі болатын, онда бір тозығы жеткен сықырлауық орындық бар —
тын. «Саша бүгін үйге келе алмаймын деген, институт оларды бір жаққа
жіберетін көрінеді» деп Раиса Семеновна орындықтың сықырымен
жарыса жауап берді маған. «Ана жақта біреу бар ғой? Ол Саша емес пе?
Саша...» деп дауыстап жібердім. Раиса Семеновна бір түрлі сасып
қалғандай болды, тіпті кухня жақ есікке көлденеңдей тұра қалып: «жоқ,
жоқ, ол менің подругам. Мен саған қашан өтірік айтып едім. Саша жоқ
дедім ғой. Неге сенбейсің» деп өзіме тұңғыш рет кейіп тастады. Осы
кезде «подругасы» орындықты тағы бір сықыр еткізді. Кейи алмайтын
адамыңа бір кейіп бастап алсаң ар жағын айту оңай болады ғой, Раиса
Семеновна да бастырмалатып маған ұрса бастады: «неге айтқанға
сенбейсің, Сашаны тауып бер деп есімді тандырғаны несі. Жап-жас
болып жігіттің артынан жүгіріп... Сашаға жармасып...» не айтып
жатқанын шала түсініп, рас па, өтірік пе деп таңырқап Раиса
Семеновнаның бетіне қарасам...
Света қатты шіміркеніп, оқыс іркіліп қалды да:
Ондай нəрсені құдай саған көрсетпесін, Надя,— деп ауыр күрсінді.
Мен де үнсіз отырмын. Ашылмаған адамның өзі кісіге жұмбақ болады
екен — ay, баяғыдан бері бірге жүріп басында осынша қасірет барын
білсемші. Света бір бастап кеткен соң сырын түгел айтып түгескісі келді
ғой деймін, сөзін қайта жалғады.
- Сол жолы мен қатты түңілдім. Адамнан да, өмірден де түңілдім.
Мамама да еш нəрсе айтпадым. Оның өзі жанын қоярға жер таппай
жүргенде папамның қайғысының үстіне қайғы жамап... Бірақ ана
жүрегінің сезбейтіні болмайды екен. Мені папамның қайғысынан жүдеп
кетті деп ойлауына болар еді ғой, бірақ ішімде сыры бөлек, өзгеше бір
қасірет жатқанын сезіпті. Сұрады. Бəрін айтып бердім. Менің мамам
мендей емес, ақылды адам. Дүниеден түңіліп кеткен жерімнен мені қайта
тірілтіп алған да сол. «Əкең екеуіміз «жұмыс — жұмыс» деп жүгіріп
жүріп, сенен көз жазып қалған екенбіз ғой, балам» деді. «Өміріңнің
басында бір сүрінген екенсің,. өмір болған соң əлі де сүрінетін жерлерің
болар. Бірақ əйтеуір өзіңді жоғалтпа. Адамшылығыңнан айрылма.
Қатенің үлкені сен Сашамен қосылып өмір сүргеніңде болар еді. Олардың
бетінің ертерек ашылып қалғанына да шүкір. Сен əлі кісі танымайсың,
жассың ғой, қате менен болған. Сашамен де, оның шешесімен де күн ілгері
жақсылап танысуым керек еді. Сенің Раиса Семеновнаңның сырын оп —
оңай түсінуге болатын еді ғой маған. Ондай əйелдерді көріп те жүрмін.
Күйеуінен ерте ажырасып кетеді, қайтып күйеуге шыға алмайды, алаң
болып беріліп істейтін қызмет қарекеті де жоқ, кісіні мезі қылатын ұсақтүйек қызмет атқарып күн көрісін жасайды. Содан кейін қолындағы бары
да, орындалмаған арманының орнын толтырары да жалғыз баласы
болады. Ол баласын өзгеден бөлтірігін қорғаған бөріден бетер қорғайды.
Кейде, қызым, аналық өзімшілдік қараулықтың да шегі болмайды.
Ондайлар баламның қамын ойладым деп, жəне сол ойына имандай сеніп
жүріп, өз қамын ойлайды, өз дегенін істетеді. Meн енді байқап отырмын,
қызым, баласының «болашағын ойлап» Сашаны сенің соңыңа салып қойған
да Раиса Семеновнаның өзі. Егер қосыла қалған күнде де ол Сашаны
сенімен бөліспейтін еді. Жоқ, ондай əйелдер қолындағы барынан өлсе
айрылмайды. Өзге тұрмақ баласының өзін өзіне бермейді. Ах, залым, сенің
басыңды мықтап байлап алу үшін жаңа жыл кешін де өзі əдейі
ұйымдастырған екен ғой. Өз баласына жеңгетай болған — сводница!..»
— Мамамның аузынан тұңғыш шыққан, мен естіген қатты сөз осы
болды. Мен сол кезде мамамның осы сөзіне шалалау сеніп, біріне иланып,
біріне иланбай отырғанмын. Қанша көңілім қалғанмен Раиса
Семеновнаның атынан жарылып мені жақсы көрген көп күндері көз
алдыма елестеп, «соның жалған болуы мүмкін емес қой, Жалған болса
сезер едім ғой» деп таласып едім, мамам маған оны да оп — оңай
түсіндіріп берді. «Неге жақсы көрмесін, əуел баста Раиса Семеновна сені
шынымен-ақ жақсы көрді. Өйткені сен Сашаны шешесінің мегзеген биігіне
алып шығатын күш болатынсың. Енді келіп күтпеген жерден оның аяғына
байланатын қара тас болып қалдың. Сосын ол сені шынымен жек көріп
қалды. Эти люди по своему очень даже искренни11. Мен «Сашаға не
болған. Саша мені шын жақсы көруші еді ғой» деп шырылдап едім, шешем
қайырып тастады. «Сашаң сырт көзге дүрдей болғанмен нағыз тряпка!
Өмір бойы шешесінің қолындағы сулы шүберек болып өтеді».
— Солай, Надя. Сөйтіп мен өмірдің алғашқы мектебін өткенмін.
Түсіндің бе?— деп Света иығыма қолын салды.
— Мен өзі түсініп те, кей жерін түсіне де алмай отырмын,— деп
шынымды айттым.
— Мен де кейбір шындықтарды кейінірек түсінгенмін, — деді Света.
Содан аз іркіліп, бетіме қарап мырс етті. — Əйелдің аты əйел емес пе,
кейде бір іште жатқан шеріңді сыртқа шығарып алғың келеді. Білесің ғой,
біздің əйелдерге айтсаң неше саққа жүгіртіп ала жөнеледі. Сен тұйықсың.
Байқаймын, ішіңде жатқан бір сыр сандығың бар. Естігеніңді шашау
шығармай, сонда жинай бересің,— деп Света көңілсіз əңгімесін күлкімен
бітірді.
Света серпілгесін мен де сергіп қалдым, тек сондайда бір орынсыз сөзді
қойып қалатыным бар.
— Осыны Николай біле ме?— деппін.
Құдай оңдап Света бұл сұрағыма қысылған жоқ.
— Е, неге білмесін, біледі,— деді.— Көңілсіз əңгіме айтып сені біраз
шаршатып тастадым ба, қалай?
— Ендеше көңілдісін айт, — деп тағы да қойып қалғаным.
— Қанша мақтағаныммен сен де əйелсің ғой, бəрін білгің келеді, ə,—
деп күліп алды, — Ойыңды түсіндім. Николай ғой?— Күлкісі тез өшіп,
қайтадан байсалды, жадау қалпына түсті.— Шешемнің сол көзімді ашқаны
да маған оңай тиген жоқ. Мамам «түңілме» десе де көп нəрседен, əсіресе,
адамдардан түңіліп кеттім. Жұрттың бəрінің сыры маған мəлім сияқты.
Енді менің жағдайыма қызықпайды ғой, бірақ еркектердің қызығатыны
жалғыз ол ғана ма. Жігіттер қырындаса — ақ ар жағында бір арамдығы
тұрғанын сезе қоятын секемшіл болып алдым. Арада екі-үш жыл өткен соң
осы Николай кездесті. Мұның бір жақсы жері ар жақ бер жағының бəрі ап
— анық көрініп тұрады екен. Оның мені сатпайтынына, сатпақ түгіл,
қандай от болса да мен үшін қойып кететініне күмəнім болмады. Оның
үстіне ықыласы жеңіп кетті де... айттым ғой еркектің ықыласы құласа
əйелді жеңбей қоймайды деп...
— Ал, Надя, менің бар сырымды біліп алдың. Енді мен сенің
уысыңдамын,— деп Света өз хикаясын күлкімен тəмамдады.
4
Мен өзі, сірə, зерек емеспін — ау деймін, бір əңгіме естісем, соны
бірден түбіне жетіп түсіне қоймай, ойыммен оқтын-оқтын қайтып оралып,
күйіс қайырған түйедей талмап барып жұтатын əдетім бар. Светаның бұл
əңгімесінің де бар мəні маған кейінірек жетті. Саша туралы сараң
сөйлегені... соншалық көңілін қалдырған адам туралы кісі ыстық сөз айта
ала ма, бірақ кезінде тым ыстық болған сияқты. Жұрт біткеннен түңіліп
кетуі де тегін емес қой. Үлкен бір сезімге беріліп, содан күйреп, ауыр
күйзеліске ұшыраған түрі бар. Менен жасы мен білімі ғана артық десем
өмірдің де біраз сырын ұғып қалған болды-ау бұл əйел. Қатты ауырып, өлім
аузынан қайтқан, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан адам сияқты
көрінді ол маған.
Орыс деген халықпен араласқаныма үш — ақ ай, бұрын сыртынан
естуім болмаса сырын білмеуші едім. Олардың қыздары, əсіресе қала
қыздары еркін болады деуші еді, рас екен — ау. Қысылып — қымтырылмай
жүріп көңілі кеткен жігіттерін таңдайды, сырын біліп сынайды. Біздің
қазақта да бұрынғыдай атастыру қалды ғой, қыздар көбіне көңілі кеткен
жігіттеріне барады, бірақ əйел жолы əлі де жіңішке жатыр — ау. Əкешешең қатал болмаған күннің өзінде сынай қараған сырт көздер — ақ
аяғына тұсау салып қояды. Аудандағы ең жоғарғы тоғызыншы класқа дейін
оқып, білімді саналған, көзге түскен кердең қыздың бірі мен едім. Өзгеше
түрімен кішкентай аудан орталығын елең еткізіп алыстан келген қызыл
командирге күйеуге шықтым. Бүкіл бойжеткендердің ішінде жалғыз
жүлдені өзім алғандай болдым.
Света ғашықтық жайынан сөз қозғады. Осы мен Қасымбекке шын
ғашық болдым ба? Əр жағдаймен алаң болып, көңілім алып-ұшып жүріп
сол арасын ойламағанмын ба қалай?
«Ғашықтық» деген сөз бала кезімде ертегі, жырларда құлағыма
шалынды. Бірақ ертегі, жырлардағы өмір де, адамдар да бізден бөлек, биік
көрінетін де, олардың бойындағы алапат от сезімдер де біздің кішкентай
бойымызға сыймайтын, қысқасы, қол жетпейтін нəрсе болатын. Бүгінгі
жабайы адамдар жырды тыңдап қанша тамсанғанмен «өз басымнан ондай
сезім кешемін» деп ойлай қоймайтын. Ертегі, жырдан ауысып азғана қазақ
жазушыларының аз ғана кітабын оқығаннан кейін де «ғашықтық» деген сөз
мен үшін аспаннан жерге түспей — ақ қойды. Мұнда да қыз бен жігіттер
өліп – талып, күйіп — жанып жатады. Жəне біздей жабайы емес, кілең бір
«асыл жандар». (Қайта осы орыстың «любовь» деген сөзі оңайлау ма дедім.
Ол өзі көп айтылады, жəне əркімнің — ақ көңілінде бола беретін нəрсе
тəрізді). Осы бір əсерден болар, анандай ғашық болуды мен өзімнен
дəметкенім жоқ. Бірақ көңілімде көмескі, бұлдыр арманым болғаны рас. Ол
кейде тəтті қиялға айналып, əжептəуір жерге алып та кететін. Ондайда
керемет сұлу, көрікті ер жігіт...
Басқа халықты білмеймін, қазақта қыз баласының сезімін оятатын тек
жыр мен кітап қана емес, көбіне жеңгелері.Олар жай адамның қолы
жетпейтін алыстағы ғашықтықты айтып əуре қылмайды, жас денедегі
оянып келе жатқан сезімге жақын, ұрымтал тұстан дəл басып, нағыз
қызықты жерден түртеді. «Күйеу деген жақсы болады. Қу тізеңді құшақтап,
дөңбекшігеннен, беу, ойбай – ау, жас жігіттің ыстық құшағына не жетсін»,
— деп бастап — түк білмейтін шығарсың əбден — ақ. Бой жетіп қалдың,
ішің бəрін біледі ғой», — деп онсыз да мазаңды алып, денеңді қыздыра
бастаған табиғаттың отына май құяды. Одан əрі тұрмысқа шығудың, бір
үйдің қазан – ошағына ие болудың артықшылығын құлағыңа құйып, «о
бастан пешенеңе жазылған» болашақ тірлігіңе баулиды. Ай, айналайын
қазақтың жеңгелері – ай, табиғат оята бастаған нəпсіні қатал ана қанша
тұншықтырып тастаса да, сендер оп – оңай тірілтіп аласыңдар – ау. Кейде
қыздың ардақтысын бір көйлекке сатып та жіберетін кездерің болады, бірақ
əйтеуір не де болса өмірге бастайсыңдар, өздерің татқан лəззатты аяғы
тұсаулы, жолы тар қыз балаға татырғанша, тағат етпеуші едіңдер – ау...
Менің Дариға деген жеңгем бар. Күйеуі бізге үш атадан қосылатын ,
бірақ əкем атадан жалғыз болған соң, олардың үй іші бізге жақын араласып
кеткен. Денесі тығыршықтай, бойы сұңғақ болса да жұдырықтай шүйке
бас, бет — бітімі де қуыршақтай кішкене ғана бір қарағанда əжептəуір əйел
денесіне кішкентай ғана қыз баланың басын қондырып қойған сияқты.
Аузы оймақтай, кішкене ғана пісте мұрын, сызылған қысық көзі
моншақтай жылтырайды. Күйеуге шыққанына бес – алты жыл болса да
көзі күлімдей жылтырап тұратын томпақ бетінен балалық табы кетпей – ақ
қойды. Балалық кезіндегі мінезі де өзгермеді. Содан болар, оның менен
алты — жеті жас үлкендігіне қарамастан,екеуміз қатар өскен құрбыдай —
сырымыз ашық болды.
Дариға қазақтың салты бойынша менің атымды атамайды, бірақ
меншіктеп ен салып, ат та қоймайды, жəй қыз — ау» дейді. Ішіне сыймай
баратқан жаңалығы, не өсегі болса, қасыма жүгіріп келіп, шымыр білегімен
мойнымнан құшақтап алып: «қыз — ау, сен естідің бе?» деп ыстық лебімен
құлағымды шарпып сыбырлай жөнеледі. Оның демінен құлағым буланып,
дымқыл тартып қалады. Кісі отырсын, мейлі оңаша болсын, маған айтатын
əңгімесін сыбырлап бастайтын Дариғаның əдеті, бірақ сəлден кейін күбірге
ауысып, одан қыза келе бөгде кісі отырса да елемей, дауыстап кетеді. Мен
бүйірінен шымшып алғанда бейкүнə кескінмен бетіме үрпие қарап,
таңырқап қалады да содан кейін өз қылығы есіне түсіп, сыртқа сүйрей
жөнеледі.
Дариға қанша бала мінезді, аңқау көрінгенмен, біраз жыл оң жақта
болған əйел емес пе, əжептəуір кекселігі де бар. Əсіресе жігіт — желеңді
жақсы таниды. Менімен қатар жүрген оқушы балаларды ол адам санатына
қоспайды. Ал, сырттан қырындап көз тастаған ересек жастардың
ешқайсысын қапы жібермейді. «Қыз — ау, ана cap жалақтың ойы да тегін
емес. Жоқты сылтауратып осы үйге екі-үш келді. Көзі жыпылықтап саған
қарай береді. О, түсіп қалғыр, МТС-тың шатөботы болғанға өзін əжептəуір
əкім болдым деп шелтеңдеп жүр ғой. Дəмесін қарай гөр шіріктің». «Бүгін
дүкенге бара қалсам, əлгі үрпек бас кішкентай қара бар ғой, Бекберген
деген, сол алдымнан шыға келгені. Өзің бері қарашы, қыз — ау,
қайрылмасам да қалар емес, дүкеннен ере шықты. «Жеңге — ей» деп
мияулап сызылады келіп. «Е, немене» дедім. «Жібектің түйіні бір, жас —
жастың тілегі бір» деген, сізден бір қолқам бар еді» деп суыртпақтап келе
жатыр. Оның да көкейіндегісі сен екенсің. О, түсіп қалғыр, ол талайдың
соңынан жүгірген, енді саған қарап əукесінің салбырауын қарашы. Ойбайау, бетім — ау, ол Қадырбай шалдың сарықарын боп қалған тоқалына да
қол салыпты дейді. Құрсын, аулақ жүр дедім». Дариғаның мұндай
əңгімелері көп болатын. Оның сөзіне сенсем дүниеде қыз құрып қалғандай
маған көз салмайтын жігіт жоқ. Дариға солардың біреуін де маған тең
көрмей, сыртымнан қызғыштай қорып жүреді. Əлде, «ит қорыған жерге
өш» деп, жас жеңгем қорғаштаған сайын олар да маған ынтыға түсе ме
екен? Ал, жігіттерді қайдам, бірақ Дариға жеңгем мені жігіттерден қорып,
сақтандырып жүріп — ақ сызаттап жаңа тепсініп келе жатқан сезімімді
қоздырып, табиғатымды ертерек оятты. Əрине, қыз балаға «ана жігіт, мына
жігіт» деп құлағының құрышын жей берсе... түнде төңбекшисің.
Мен өзім сырт көзге тұйық, сабырлы бала саналғанмен ішімде талай
пəле жатты. Он алтыға қарағасын — ақ қабағымның астынан жігіттерді
сынап отыратын əдет шығардым. Дариға айтып жүрген жігіттерге де өз
көзқарасым болды. Олардың пейілін көзі жіті жеңгемнен бұрын — ақ
аңғарып қалатынмын. Бірақ сыртыма шығарып сыр білдірмесем де іштей
əрқайсысын өзіме өлшеп көрем. Қайсы біреуіне«кет əрі» де емес
сияқтымын, əйтсе де əзірге көңілім жыға құлаған біреу жоқ. Басқа, өзге
біреуді күтем. Кімді күтетінімді анықтап білмесем де, əйтеуір бір аңсайтын
адамым бар.
Менің күткен адамым тап бір күтпеген жағымнан кездесті. Жалпақ,
былғары белбеу буынған əскери қоңыр көйлегінің жағасында қызыл сырлы
төрт бұрышты екі кубигі бар командир жігітті көріп жүргенмін. Шыққан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 03
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.