Latin Common Turkic

Шырағың сөнбесін - 14

Total number of words is 4098
Total number of unique words is 2157
35.2 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
59.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үңгіп жасаған қуыс — бұрын партизандардың құпия қоймасы болса керек.
Абан мені бұл араға ертіп келіп екі баланы маған ұстатып қойып, өзі
сипалап үңгірдің есігін тауып ашқанда барып, мен бұл арада зілмəнке
барын білдім. Ол бізді сүйемелдеп ішке кіргізіп, екі баланы жоғарыдан
алып, тесіктің аузында ұзын бойы бүктетіліп, еңкейе бұрылып:
— Бұл арадан сені тірі жан таба алмайды. Тек қатты дыбыс
шығармасаңдар болды. Маңайдан тықыр естісең...өзің білесің ғой. Тірі
болсам ұрыс басылғасын қайтып оралам. Былай... немістердің аяғы
басылғасын. Оған дейін ешқайда қозғалма,— деді.
Тесікті бітеуге оңтайлана беріп, жоғарыдан:
— Тірі болсам келемін,— деді тағы да.
Содан кейін үңгірді тас қараңғы бітеп, кетіп қалды. Кісі баланы
бауырыма қысып, жалғыздыққа бойымды үйретіп біраз отырдым. Жалғыз
демекші, кішкентай да болса қасымда екі сəбиім бар, кішкентай кезімде
үйде жалғыз қалғанда мысықты да қара көруші едім, мына екі нəресте
бейнеті мен уайымынан басқа пайдасы болмаса да, кісіні əйтеуір
жалғызсыратпайды екен.
Бұл екі мүскін де тумай жатып, тірліктің бар тауқыметін тартып,
көнбісті болып алған тесік өкпелер, біраз бұйығып отырып, қалғып кетті.
Кіргенде байқағам — бұл өзі еңкеймей еркін жүретін, əжептəуір үлкен жер
кепе, жоғарғы жақта алақандай саңлау бар, бұтаның түбінен тасалау
жерден тессе керек, аржағынан еш нəрсе көрінбейді, тек қылаңытқан
күңгірт сəуле ғана. Сыртқа шыға алмайтыным болмаса бұл нағыз бір
жайлы қоныс, екі жылға жуық партизандардың ішінде жүргенде мұндай
жайлы жеркепе кездессе бір жасап қалатынмын. Абаннан естігенім, біздің
əскерлер жақындап қалса керек, содан немістер артын тазартып алмақ
болып партизандарды қыруға қыруар əскер шығарыпты, бүкіл үлкен
орманды сүзіп өтпек көрінеді. Сөйтіп орман ішіндегі мыңдаған
партизандардың басына зауал төнді. Екі баламен мені осы араға тығып,
біздің отряд та соғысқа кетті, Олар қолынан келсе ебін тауып жаудың
қоршауынан сытылып шығуы керек, қолынан келмесе...
Мен екі баламен тағдырымды тосып осы қараңғы үңгірде қалдым.
Біреуі өз балам, қазір жасы екіге жуықтады, кəдімгідей адам болып қалды.
Қардың үстінде туып, жөргегінен жылу көрмей өскен бала, ыстық —
суыққа бірдей, неге болса да көнбісті, нағыз тесік өкпе. Басыма небір ауыр
заман төніп, зəрем ұшып қанша шошысам да тас кепедей жабысып түспей
қойып еді, осал болсын ба, партизан өмірінің барлық азабына төзіп келеді.
Кəдімгідей тілі де шығып қалды, орысша — қазақшаны араластырып
сөйлейді. Немістерге де тықыр таянған сияқты, осыдан аман — есеп елге
жетіп, Қамқа əжесінің қолына бір ұстатсам...
Енді өлгім келмейді. Сонша тозақтан өткеннен кейін... енді тіпті өлуге
хақым да жоқ сияқты. Ажалды азаптан құтқаратын жеңілдік сияқты күтіп,
өлгім келген сағаттарым да болған. Басымнан кешкен азап пен мехнаттың,
қауіп пен қатердің, көзім көрген қызыл қырғынның қайсы бірін айта
берейін. «Уды у қайтарады» демекші бір азап, бір сұмдықты бір сұмдық
ұмыттырып та келе жатыр. Бірақ мен ұмыта алмайтын жаным мен тəніме
ыстық темірмен қарығандай күйдіріп басып қойған бір сұмдық бар. Ол
сонау өзім паналаған Дуня апайдың деревнясындағы қырғын... жылдан
асқанша талай түсіме кіріп, шошып оянып жүрдім. Сол қырғынның мəн —
мағынасын да, сонша қаталдықтың сырын да түсіне алмадым. «Хайуан,
жыртқыш» деп лағнаттайды оларды, ойлап қарасам ол адам баласына
қиянат сияқты. Олардың азулысы мен тырнақтысы құдай жазған керегіне
ғана шабады, ал, мыналардың ісі... Осыны ойлаған сайын, кішкентай
кезімде кісі өлтіру жайлы алғаш естіген, сəби жүрегімді шошытқан бір
əңгіме есіме түседі. Бірақ ол əңгіме маған мына қырғынның мағынасын
түсіндірудің орнына қайта қиындатып, басымды шырдай қатырады.
Алыстан жер ауып келген екі — үш үйлі жан біздің ауылға қоныс
тепкен — ді. Солардың ішінде ұзын бойлы, қапсағай, қара сақалды
Оразалы деген азаматы болатын. Қамқа əжем «бастарына пақыршылық
түскен пенделер ғой» деп мүсіркеп, оларды үйге шақырып, араласып
кеткен. Бір күні сол Оразалының шай ішіп отырып, айтқан бір əңгімесі əлі
күнге дейін есімнен кетпей қойған.
«Біз Арғынның ішінде Тобықты деген ел боламыз»,— деп бастаған
Оразалы əңгімесін.— Тобықтыда да талай мықты адамдар болған
заманында. Арғы бабамыз Кеңгірбай би деген кісі өткен, біз оны қастерлеп
Қабеке дейміз. Сол Қабекемнің заманында Тобықтының Жуантаяқ деген
атасынан шыққан Кебек деген азаматымыз болған.
«Кебек» деген атты алғаш естігенде маған ерсі көрініп:
«Кісінің аты Кебек пе?» деп күліп жібергем.
«Иə, қарағым, Кебек,— деді Оразалы менің күлгенімді ұнатпай.— Аты
Кебек болғанмен заты асыл жігіт еді, жас та болса бір елдің аруақты
азаматы болған. Сол Кебек Найманның Еңлік дейтін сұлуын көріп, сол
қызға ықыласы ауып ғашық болыпты. Бой жетіп қалған қыздың басы бос
бола ма, Сыбан дейтін елдің ішінде Еңліктің атастырып қойған адамы бар
екен. Бірақ ынтызарлық шыдатпай екі жас — ақ батаны аттап бас қосыпты.
Кебек уағдаласып, Еңлікті алып қашып, елдің іш жағындағы Хан тауының
сілеміне тығылыпты. Өзіңіз білесіз ғой, бəйбіше, жесір дауы оңай болсын
ба,— деп Оразалы Қамқа əжеме қарап қойды.— Бірақ жесірі кеткен
Сыбаннан гөрі қызы кеткен Наймандар көбірек бүлініпті. Əсіресе ауыздық
бермеген Еспембет деген қатыгез қыңыр биі болған Найманның. «Ел
бүлдірген екі бұзықты ұстап бер, болмаса тұрысатын жеріңді айт» деп
қисайып қатып қалған.
«Арысымызды ұстап беріп, елге не бетімізбен көрінеміз, өліспей
беріспейміз» деп Тобықтының жігіттері дүрліккен екен, Қабекем оларды
басып тастапты. «Найман көп, Тобықты аз, соғыса алмаймын» депті.
«Апыр — ай, атаңыздың өзі екі жасты ұстап бергені ме?- деді Қамқа
əжем де шыдамай.
«Жоқ, Қабекем өз қолынан ұстап бермеген. Екі тентекті тығып отырған
мен емеспін, өзі тауып алса еркі» депті.
«Өз қолымнан бермеймін, өз қолыңмен ала бер»,— дегені ғой,— деп
Қамқа əжем күлкі аралас күрсініп қойды.
«Əрине енді, бəйбіше...— деп Оразалы ыңғайсызданып қалды.—
Қабекеме де оңай болды дейсіз бе, енді əлі келмесе қайтсын. Сіз аржағын
тыңдаңыз, Қабекемнің тереңдігін сонда түсінесіз. Тобықтының ішіне
жансыз жіберіп, Еспембет Еңлік пен Кебектің алты ай бойы паналап
жатқан үңгірінің үстінен шығады. Еңлік пен Кебек, бұл кезде балалы болып
қалған, қаша алмай қолға түседі. «Безбүйрек» атанған Еспембет емес пе,
екі жасты өлім жазасына бұйырыпты. Жесір иесі Сыбандар «біз кісі
өліміне араласпаймыз» деп кетіп қалыпты. Содан екі жастың мойнына қыл
шылбыр салып, аттың құйрығына байлапты.
«Астапыраллай» деп Қамқа əжем түршігіп кетті.
Meн де шошып кетіп əжемнің бауырына тығылыппын.
«Қабекем жер қозғалса қозғалмайтын адам ғой, содан шөккен нардай
үнсіз отырып қалыпты. Найманға ат ізін салмай, ердің құнын да сұрамай,
солай он жыл отырыпты.
«Шыдамды — ақ екен сабазың,— деді Қамқа əжем.— Ал, Наймандар
ше?»
«Кісі өлтірген ел емес пе, Наймандарда Тобықтыға қарайтын не бет
болсын. Бұрын қыз алысып, қыз берісіп, сүйек шатысып, қойы қоралас
дегендей, қоян — қолтық отырған ел, енді ағайынның бетіне қарай алмай
іргесін аулақтай беріпті. Жыл сайын жайлауға шыққанда бір көш, жарты
көш жер ысырылып, Тобықтыдан аулағырақ барып қонады екен. Қабекем
болса, олар аулақтаған сайын, іргесін тақап барып қонып, Найманды əрі
қарай ысыра беріпті. Шыңғыстау дейтін қасиетті қонысымыз бар, бəйбіше,
сөйтіп жарықтық Қабекем сол Шыңғыс таудың талай жерін Найманнан
Тобықтыға ауыстырып алыпты.
«Ердің құнын еппен — ақ қайтарған екен сабазың,— деді Қамқа əжем.
«Жоқ, ердің құны онымен тана қайтқан жоқ, бəйбіше,— деп Оразалы
əңгімесін жалғады.— Он жыл өткен соң, Қабекең хабар салып үш жүздің
баласынан үш би шақырыпты. «Ал, ағайын, осындай бір іс болды. Мына
Найман əлім жеттік қылып арыстай азаматымды өлтірді. Ағайын өкпеге
қиса да өлімге қимақ жоқ еді, ертең жүз көрісетін ағайынмен қан төгіске
бармадым, əйтпесе ер намысы үшін басын оққа байлайтын ұл Тобықтыдан
табылмай қалған жоқ. Үндемей он жыл отырдым. Уа, мына қиянатқа не
дейсің, ағайын?»— депті. Үш жүздің үш биі пəтуаласып: «өкпең орынды,
Кеңгірбай, мұндай қиянат бел алса ел болмаймыз. Не айтсаң да орынды,
осының төрелігін, кесімін өзің айт. Біз соған тоқтаймыз»,— депті.
«Кесімін айтсам,— депті Қабекем.— Мен үш адамның құнын
сұраймын. Азаматымның құны, келінімнің құны, жас нəресте ұрпағымның
құны.
«Найманның өз қызының құнын өзіне төлететін болды — ау, сабазың,—
деп Қамқа əжем сөзін бөліп жіберді.
«Оның үстіне, ағайын, мен он жыл төздім, соның үшін құнды он есе
қылып төлесін депті»,— деп бітірді сөзін Оразалы.
Кейін Еңлік — Кебектің кітабын оқып, ойынын да көрдім, аудандық
театрдың артистері боянып алып ойнағанда жыладым да, бірақ алғашқы
естіген əңгімем есімнен кетпей қойды. Əсіресе кісі өлтірген ел. Ағайынның
бетіне келе алмай атам заманнан жайлап келе жатқан жайлауын тастап,
қонысынан сырғи берген. Еңлік пен Кебекті жерлеуге қатысқан аз адам,
тіпті түптеп келгенде, кейін «Семізбүйрек» атанып кеткен Еспембет болса
да, ұяты тұтас бір рулы елге келген. Солардың ішінде екі жасқа жаны
қимаған, Еспембеттің қанды қолын қаға алмай қапы қалғандары да
Тобықты баласының бетіне қарай алмай жерге кірердей болып жүргенін
ішім сезеді. Тіпті ешкім айыптап, көзіне шұқып бетіне баспаса да жүзі
шыдай алмай жүрген адамдарды өз көзіммен көргендей болам. Екі жастың
ажалы екі елдің арасын ор қазғандай бөліп кеткен. Қанша жерінен сырғып,
үш адамның құнын ел болып он есе төлеп шала шабылып қалғанда барып,
сол адамдар ел бетіне қаратпай жүрген ұятынан айығып, аз да болса
еңсесін көтеріп, бойлары бір жеңілдеп қалған болар.
Бала қиялы əр нəрсені ұлғайтып алады ғой, содан ба білмеймін, тек осы
əңгімені еске алғанда менің көз алдыма кісі өлтірген ұятына шыдай алмай,
жерге қарап, тұнжырап үнсіз көшіп баратқан қалың ел елестейтін, көп
қайталанып көзіме қанығы болып қалған осы елес, мазақ қылғандай қазір
де кейде көз алдыма келеді.
Неміс халқы жайлы тарихтан аздаған хабарым болатын, мектепте
өткенбіз, дүниеге небір асқан дана кемеңгерлер мен данышпандарды, небір
дүлдүл өнерпаздарды берген ұлы халық деп еститінмін. Олардың ішінен
де, ел болғасын, талай Еспембет табылған шығар, бірақ ертең осы халық
адам баласының бетіне қалай қарайды? Найманды қысқан ұят, оларды мың
есе қысса аз емес пе?
Өзгесін айтпай — ақ, өзім көзіммен көрген үлкен бір ауылдың қызыл
шақа баласынан еңкейген кəрісіне дейін түгел қырған қылмысы... Бұл
менің миыма сыймайды. Қалың жаудың ортасында, қияметтің ішінде
жүргеніме екі жылдан астам уақыт болыпты, тозаққа да үйреніп кететін
кезім болып еді, бірақ осы оқиға көз алдыма елестеген сайын жынданып
кете жаздаймын.
Шыққыр көзім бəрін көрді. Білмеймін, есімнен адасып қалдым ба, екі
қабат əйелге мұндай сұмдыққа қараудың өзі қатер екенін ұмытып,
бақырайып тұра беріппін, басыма төнген қатерді де, жан сақтауды да
ұмытып кеттім. Тек ауық — ауық көзім қарауытып, дүние бұлдырап кетеді
де, қайтадан анықталады. Əрі — беріден соң болып жатқан оқиғаның мəн
— мағынасын түсінуден қалып, тек жалаң суретін ғана көз алдымнан өткізе
бердім. Бауырымен жер соғып, қарды тырналап жанталасқан ақ бас
шалдың басынан қан бұрқ етті, қол аяғын соза берді де денесі сылқ етіп,
тына қалды, самайынан аққан қан аппақ ұлпа сақалын қызартып жіберді.
Бір телогрейка киген жуан əйел етпетінен шөге беріп, жер иіскей құлапты,
шешесінің қолынан ұшып кеткен жөргектегі бала домалап келіп бəрінен
бері жатыр... сарғыш құндағының өкпе тұсынан тепсініп қан шығыпты.
Тірі жəндіктей дірілдеп жұлқынған автоматтарын иықтарына қысып алып
солдаттар атып жатыр. Төбенің басында тізіліп тұрған жұртты ұстарамен
қырыққандай əп — сəтте жоқ қылды. Енді қырдың басын тазарта бастапты.
Сəждеге жығылғандай жүресінен қарды сүзе құлаған əйелді екі солдат
сүйретіп апарып сайға қарай домалатып жібереді. Ақбас шалдың денесін
біреуі аяғынан сүйреп барады. Кəдімгі бір қора тазалағандай бəрі мұқият
қимылдайды, əп — сəтте жарқабақта жан қалдырмай тап — тұйнақтай
тазартып шығарды. Берегіректе ұмыт қалып баратқан құндақтаулы баланы
біреуі қуыршақтай көтеріп алып, жарқабақтың басына барып сайға қарай
атып жіберді. Ұзын тұра тағы да бір нəрседен команда беріп еді, солдаттар
қабақтың басына тізіліп тұра қалып, автоматтарының аузын төмен қаратып
сайдағы өліктерді қайтадан ата бастады.
Менің де, кеудемде жан жоқ сияқты, ешбір түйсік, түйсіну жоқ,
денемнің де бар — жоғын сезбедім. Тек көз ғана бар. Ешнəрсенің мəн —
мағынасын пайымдамай, түсініп ұқпай алдындағының бірін қаны жібермей
көре беретін көз ғана бар. Үрей мен қорқыныш, аяныш пен түршігу деген
сезімдер де сеніп қалған, бар денем осы қырғынның бар суретін қапысыз
түсіріп алып жатқан жансыз əйнек сияқты. Адамға тəн сезім əлі жетпейтін
пəлемен айқасуға жарамай бас бағып кеудемнің бір түкпірінде бұғып
қалған, селт етпейді, менің жынданып кетпегенім де содан болар.
Осы оқиға менің кеудемде кейін, көп кейін барып тірілді. Меңіреу
көңілім айығып, кеще болып қалған ойым оянып, болған іс көз алдымда
қайтадан тірілгенде, тұла бойым түршігіп кетеді. Əлі де болса есімнен
адасып қала жаздаймын. Көзі құрғыр бірін қаны жібермей көріпті де, дəл
сол кезде жанымды қинамай жадымның бір түкпіріне тыға беріпті. Атар
алдында əкесінің мойнынан тас құшақтап алып, жеті жасар сары қыздың
«папа, не хочу умирать! Папа, спрячь меня!» деп шыңғырғаны. Кішкентай
Парашканың «мама, мне больно» деген даусын да оқ арасынан естіп
қалдым. Шыңғырған, ыңырсыған, қырылдаған дауыстар лоқсып келіп
құлағымды тұндырып, көзімді қарауытып жібереді. Ақбас шалдың денесін
сирағынан сүйреп əкеткенде басы қайрылып, иегімен қарды күреп
баратқаны да көз алдымда тұр. Солдаттардың аяғымен тапталған қар
кəдімгідей қызыл ала, қан соқта болып қалды. Осы көріністер кейде
тұтасып келіп, жанымды қинап, кейде қаға берісте ұмыт қалған бір көрініс
жеке елестеп жүрегіме біз сұғып алғандай шаншып өтеді.
Сай бойындағы шаруасын тындырып бəрі деревняға қайтты. Күн батып
барады, батыс жақ тұтас қып — қызыл қанталап кетіпті, деревня өртеніп
жатыр. Батар күннің қызғылт сəулесімен өрттің жалыны тұтасып бүкіл
көкжиекті от көмкеріп, бар əлемді өрт жайлап келе жатқандай. Мен бес —
алты орыс полицайлардың арасында келем.
— Деревняны түгел өртей ме екен?— дейді жастау біреуі.
— Бұйрық солай.
— Өзі де өртеніпті ғой.
— Жоқ, əлі біраз жұмыс бар. Қысты күні үйлер тез өртене қоймайды.
— Керосин құю керек.
— Айтады — ау, бұ да, цистернамен алып жүрген керосинің бар ма.
Мен ауыр денемді əзер сүйретіп осылардың қадамына ілесіп келемін.
Алды — артымды, не болатынымды ойламаймын да, əйтеуір айдаған
жағына жүре беретін меңіреу көнбістіліктен өзге түк жоқ менде, қаракетсіз,
ойсыз, талпыныссыз құр кеудем сүйретіліп келе жатыр. Полицайлардың
сөзін құлағым естігені болмаса мəніне ой жүгіртерлік шамам жоқ, тұла
бойым зілденіп төмен тартып барады. Еркектердің қадамына ілесе алмай
кейінірек қалып бара жатыр едім, полицайлардың біреуі мылтықтың
дүмімен итеріп жіберді, етпетімнен құлап кете жаздап бойымды əзер
түзедім.
— А ну, шагай...— деп аяғына бір жаман сөзді қосып қойды.
— Что с ней то чикаться... укокошить и все тут,— деді шикіл сары
қайқы тұмсық жас жігіт.
— Нет, это не порядок,— деп оларды Усачев тыйып тастады.
Орыс тіліне əлі де шорқақпын, əңгіме мен туралы екенін білсем де
«укокошить» дегеніне түсіне алмап едім. Немістердің бұйрығын екі етпей
орындайтын Усачевтің тыйып тастағанына қарағанында, шамасы «атып
таста» дегені болар; дəл қазір ата салса да онша жаным қиналатын түрі
жоқ. Ажал мен тірліктің арасын ажыратудан да қалдым, өне бойымды
ауырлатқан меңіреу салмақты ғана сезем. Мына өртеніп жатқан
деревняның шетіндегі тапталған қардың үстіне сулата салса жаным
тыншығып жай табатын сияқты.
2
— Тыңдай алмаймын!.. Шыдай алмаймын!.. Құрып кетсін бəрі!Шыңғырып шыққан дауыс сөніп қалған меңіреу көңілімді тітіркентіп
оятып жіберді. Деревняның шетінде, өртенбей қалған кішкене үйдің
қасында тұр екенбіз, полицайлардың бір — екеуі үйге кіріп барады.
Полицай формасындағы қайқы тұмсық, ақсары кішкене беті қызара бөртіп,
долырып кеткен жас жігіт... ышқынып айқай салған сол екен, танып
қалдым, манағы мені «укокошить» дейтін осы. Омырауын қос қолымен
айырып жіберіп «не могу» деп айқай салады. Омырауы ашық болса да
тұншығып, қылқынып, бұғауға түскендей бұлданады. Үлкендеу бір
полицай келіп:
— Жетер! Ақымақ болма!— деп қолынан ұстай беріп еді, оны итеріп
жіберіп, қолындағы мылтығын жұлып алып бет алды құла дүз парт — парт
еткізіп атып жіберді де мылтықты жерге бір — ақ ұрды. Содан кейін
аяғының буыны кетіп қалғандай жерге сылқ етіп жүрелей отыра кетті де,
кенет қайтадан ышқынып, қос жұдырығымен қос шекесіне қойып жіберіп,
көкірегі қарс айрылғандай:
— Ох не могу!— деді тағы да даусы барлығып.
Усачев те осы арада екен, ірі денесімен иіліп, ананы қолтығынан
көтеріп тұрғызды.
— Ақымақ болма. Немістер көріп қалса...
— Бұған арақ ішкізу керек. Арақ бар ма?— Мұны айтқан жаңағы
қолына жармасатын кекселеу полицай.— Арақсыз бізге де оңай болып
тұрған жоқ,— деп күрсініп қойды ол.
— Самогон жетерлік,— деді Усачев,— Іштегі өртті сонымен
сөндірмесек. Қанша құйсаң да жетеді.
Осы кезде өтіп баратқан үш — төрт немістің біреуі бұрылып, бұларға
тіл қатты:
— Отдыхай, немного отдыхай. Гуляй...
Қайқы тұмсық шикіл сары жігіт əлі де есін жия алмай қалшылдап
Усачевтің иығына сүйеніп тұр, бетінің бұлшық еттері солқылдап,
жылағысы келген баладай аузы қисайып кеткен, шегірлене шатынап кеткен
көк көзінде мағынасыз, мəнсіз үрей бар. Жынданған адамның көзіне ұқсай
ма, əлде байқаусызда ойнатып отырған бөпесін өлтіріп алып, зəресі ұшып
кеткен баланың көзіне ұқсай ма... əйтеуір жаның түршіге тұрып аяп
кетесің.
— Нe үшін? Нe үшін бұларды... Жазығы не? — дейді жас жігіт аузы
кемсеңдеп.
— Не үшіні қалай. Немістердің гарнизонын тұтас қырып жіберген жоқ
па,— дейді Усачев күмілжіп,— Немістер тəртіпсіздікке жол бермейді.
— Гарнизонды қырған партизандар еді ғой,— дейді егде полицай. Ол да
ойының ар жағын айта алмай күмілжіп тоқтады.
— Партизандарға хабар берген... астыртын байланысқан осылар емес
пе?— Усачев мына қырғынға кенет дəл ел тауып алғанына қуанып
кеткендей айызданып қызына сөйледі.—Осының бəрі Носовецтің ісі.
Осында келген ізін байқап қалдым. Бірақ ұстай алмадым. Əрине бұл соның
ісі. Осы пəлеге ұрындырған сол.
— Деревняның адамдарын қырған біз емес пе?— деді жас жігіт,
барлығып шыққан жылаңқы дауыспен. Ол ағасының мойнына асылған
баладай сүлдері құрып, Усачевтің иығына сүйеніп алған, солқылдап жылап
жіберетіндей «ох» деп азалы күрсінді.
— Неге біз?—ден шошып кетті егде полицай.— Біз атқан жоқпыз.
Атқан немістің солдаттары.
— Шынында солай — ау, ə?— деді жас жігіт кенет ажалдан
құтылғандай қуана елегізіп.— Атқан біз емес қой. Біз атқан жоқпыз ғой.
— Иə, атқан біз емес,— деді нағыз дауыс.
Үйдің ішінен орта жастағы, төртпақ мығым полицай шығып келеді,
мұны айтқан сол, даусы қырылдақ болса да тастай сөйлейді, жирен
қабағының астынан сүзе қараған шегір көзі де өткір.
Біз тек қол — аяғын матап бердік. Атуын немістер атты.
— Əрине біз енді былай...— деп күмілжіді егде полицай.
— Жə, партизандардың алдында ақталарсың,— деп зекіп тастады
төртпақ полицай,— Менің алдымда ақталмай — ақ қой. Бəріміздің
үңгіріміз бір. Не көрсек те енді бірге көреміз. Самогон əкеліпсіңдер де,
закусканы ойламапсыңдар ғой.
— Погреб бар емес пе, погреб.— Бұл гүжілдеп шыққан Усачевтің
даусы, осы топтың ішіндегі құлағыма кəнігі болған жалған дауыс.—
Погребті ақтарып шығыңдар. Бір нəрсе табылар. Бұл Герасимовнаның
хатасы ғой. Ол күтімдар кемпір болатын.
Герасимовна... Осы бір есім мені шырт ұйқыдан оятып жібергендей
«Герасимовна...» Құдай — ау, мынау Дуня апайдың үйі ғой. Менің екі ай
паналаған мекенім. Мəңгіріп қалған басым өзім тұрған үйге келгенімді де
байқамаппын. Шатыры қисая бастаған, тозған ағашы шытынап жарылып,
түрі күлгін тартып бояуы оңып кеткен, жалғыз терезелі жұпыны үйге
қараймын. Бұл үйді мен танитын да, танымайтын да сияқтымын.
Айтпақшы, бұл үйдің іші болмаса сырты маған онша таныс емес — ті, түн
баласында ғана əжетім үшін, бұқпантайлап сыртқа шыққаным болмаса,
күні бойы үй ішінде ұядағы балапандай бұғып қана жататынмын. Сол
жылы ұямнан суық қол суырып алып еді; енді мінекей сол ұяма қайтып
оралыппын. Бірақ енді ойраны шыққан ескі ұя маған пана бола алмасы
анық, қайта ажалым осы арада болмаса неғылсын.
Құданың құдіреті, сол бір жирен шашты жас полицайдың маған неге
сонша өшіккеніне, неше ойлап, осы күнге дейін ақылым жетпей — ақ
қойды. Өзін адам аяғандай болып тұрғанда, панасыз, мүсəпір біреуге əкесін
өлтірген адамнан бетер шүйліккені...
Осынша сұмдықтан есінен танып, басы қаңғырып жер соқты болып
қалған жас полицайды кəдімгідей мүсіркеп, арқасынан қаусыра құшақтап:
— Жүр, Тереха,— ден Усачев үйге қарай сүйрей беpiп еді, оның жын
қаққандай алақтаған көзі маған түсті.
Əуел «бұл қайдан келген мақлұқ?» дегендей маған таңырқай қарап
тұрды да, кенет көк көзі шатынап қоя берді. Басы дірілдей қалшылдап
булығып тұр. Содан қолы қалтырап Усачевтың иығындағы винтовкаға
жармасты.
— Қазір... қазір... бір минутке... атып тастаймын.
— Жə, жынданба,— деп Усачев қолын қағып еді, жас жігіт тіпті өзеуреп
кетті. Кенет қайта тірілгендей денесі ширығып, қимылы қызуланып
барады, Усачевтың иығындағы мылтықты тас қылып ұстап алып, жұлып
алмай айырылар емес.
Оның өзеуреген осы бір түрі мені шырт ұйқыдан оятып жібергендей
болды, манадан бергі сөніп қалған үрейім қайта тұтанып, қапелімде
шошып кетіп, арқамды ағаш үйдің қабырғасына ышқына тірей беріппін.
Қабырғаны ойып ішке кіріп кеткім келеді. Көз алдымда, мылтыққа
таласып, арпалысқан екі адам. Менің жалғыз үмітім еңгезердей Усачев. Бір
минут па, əлде бір жыл ма, білмеймін, маған сол бір жылдай көрінді.
Əлуетті Усачев ақыры ана жігітті еңсеріп алған екен, жас полицайдың
қынуы кетіп, қайта əлсіреп қалыпты, əкесінің қолынан бұлқынып шыға
алмаған жас баладай жыларман дауыспен жалынады келіп:
— Ну, дядя Лука... Дядя Лука, беріңізші мылтығыңызды. Бір минутке...
Бір минутке ғана беріңізші. Біздің адамдардың бəрін... бəрін қырып тастады
ғой. Ну, бір минутке... Мен тез... Тез бітірем саудасын.
— Мұның оған қатынасы жоқ қой. Бұл немка емес қой,— деді төртпақ
полицай.
Бұл сөз төртпақ полицайдың көмейінен күмілжіп шықса да, əйтеуір
менің пайдама айтылған сөз екенін аңғарып жүрегім шым ете қалды.
— Какая разница. Бəрібір біздің адам емес. Түрі бөлек. Көрмейсіңдер
ме? Біздің адамдарды қырып салған жоқ па, а? Қырып салды ғой. Мұның
несі артық? Өз адамдарымызды аямағанда... Неге? Неге? Мылтықтарыңды
аяйсыңдар, сараң иттер.
— Жынданба, Тереха. Не порядок это. Үйге жүр,— деп қауқарлы
Усачев жас полицайды қапсыра құшақтап ішке қарай сүйреп баратқанда,
кішкене көңілім орнығайын деп еді, бірақ есіктен кіре бергенде анау қайта
бұлқынып еңгезердей Усачевты балаша сүйретіп шықты. Құдай сақтағанда,
босанып кете алмай, жынды көзі алақтап, маған түйіліп:
— Ух, стерва брюхатая! Все равно прикончу тебя!— деді.
Бір ғажабы жас полицай маған қанша өшіксе де, мен оған тіпті өшіге
алмадым, қанша жынданып, долырып өзеурегенмен, өзінің хəлі адам
аяғандай. Ол кезде, ақылға салып оның халін саралап түсінуге пұрсатым
да, білімім де жетіп пе, əйтеуір іштей түйген бір түйсігім ғой. Дəл қазір
басына қатер төніп тұрмаса да оның хəлінің менің хəлімнен де қиын екенін
ұққан сияқтымын, содан шығар, қанша қорықсам да, қарсы алдымда қас
дұшпан емес, қолына өткір пышақ ұстаған есалаң бала тұрғандай зəрсіз
үрейлендім.
Үйдің ішіне бес-алты полицай жиналған. Дуня апай екеуміз шүңкиіп
отырып тамақ ішетін, көзім үйренген қара стол. Жалпақ төрт тақтайды
қиыстырып мықтап шегелеп тастаған, бояусыз тақтайы қарауытып кеткен
ескі де болса мығым стол. Үйдегі үш орындық аздық еткесін столдың бір
жағын Дуня апайдың кереуетіне тақап қойған. Полицайлардың
қаңқылдаған даусы басылып, өлік шыққан үйге келгендей түнеріңкі.
Жаңағы мені атамын деп аласұрған жас полицай да намазға жығылған
үлкендердің қасындағы баладай іштен тына қалыпты, құдай оңдап мен
отырған босағаға көз қиығы түспеді, алдындағы бір нүктеге үңіліп сазарып
отыр.
Манағы егде полицай, түрін анықтап жаңа байқадым, биік мұрынды, ат
жақты қараторы, қапсағай кісі екен, шелектей шөлмекке толы арақты еппен
əкеліп столдың үстіне қойып жатыр. Қайқы тұмсықты, қайқы иек сары
столға тағам тасып жүр, əншейінде қол — аяғы мен аузы тыным таппай
ұшып қонып тұратын қызыл дақ сары болар, бірақ қазір бойына сабыр
ұялап, ернін жымқыра тістеп, еппен үнсіз қимылдайды. Сұмдық қаза,
қылмыс қаза бұлардың да еңсесін басып, денелерін ауырлатып тастаған
сияқты, сараң самарқау ғана, ұрлық қылған адамдай күңкілдесіп сөйлеседі.
— Сүр майды турап жібер.
— Нанды қолымен омыра бер, пышақ жетпейді.
— Стақан аз ғой.
— Кезекпен ішесіңдер.
Сүр май мен қара нанның қышқыл иісі мұрныма келіп, күні бойы өліп
қалған нəпсім қайта тіріліп, жүрегім сазып қоя берді, таң атқалы нəр
татпаған екем — ау. Қазақ айтқан үш арсыздың бірі — тамақ деген құрғыр
енді мені қинап барады. Бірақ тамақ сұрауға қазір тыныш отырған жынды
жac полицайды қайтадан құтыртып алам ба деп қорқам, өздерімен өздері
болып, олар мені ұмытып кеткен кезде бар — жоғымды сездірмей тыныш
отыра берейін.
Сары дəу шөлмекті қолтығына қаусыра көтеріп қалайы кружкаларға
шорылдатып самогон құйып жатыр. Төртпақ полицай толы кружканы
қолына алып төңірегін көзімен шолып өтті, аналар да əлденеге тына
қалған.
— Енді... несі бар,— деді қарлыққан қатқыл даусымен,— Енді...
мұндайда... топырақтары торқа болсын. Тие берсін... дейміз де.
Төртпақ полицай самогонды қылқылдатып ұзақ жұтып, кружканы
шалқая көтеріп барып тауысты да, тамақ алмастан бұрын жұдырығының
сыртымен аузын екі рет сипап өтті. Өзгелері де «əмин», «тие берсін» деп
көтеріп жатыр.
— Кəне, Тереха, ішіп жібер. Жеңілдеп қаласың.
Қақырынып қойып, тұнжырап үнсіз жұтып жатқандар да, осы кезде
тірілейін деді.
— Давай, Тереха! Тайсалмай іш.
— Бойың жеңілдеп қалады,— деп қыштай жөнелді өзгелері.
— Сен бала,өзің əлі шалалау екенсің,— деді төртпақ полицай,—
Буының қатып болмаған. Шыдай бер. Көресің əлі алда.
— Молодо зелено. Жас қой. Ол түгіл өзіміз де... Қанша ересек болсақ та
буынымыз қалтырап кетті. Мұндайды бұрын кім көрген.— Манадан бері
жұрттың тұнжыраңқы көңіл күйіне бағынып, аузын шымшып буған
қапшықтай тырсиып, сөзін ішіне сыйғыза алмай жүрген шөже сары біреу
түртіп қалып тесіп жібергендей енді ағытылып кетті.— Əрине бұлар енді
айыпты ғой. Немістің сонша əскерін қырып жіберген. Олар енді
партизандар ғой. Бірақ ... кішкентай балаларды атқаны.
— Қық!..— деп төртпақ полицай столды қойып қалды.
Осылардың бастығы ма, əлде іштеріндегі арқалысы сол ма, өзгелері
селк ете түсіп, тына қалды, тек шөже сары ғана төгіліп баратқан топан
сөзін кілт тоқтата алмай:
— Əрине енді былай... Мен сөздің ретін айтып жатқаным ғой,— деп
күмілжіп барып тоқтады.
— Оттама! Сөздің реті ол емес. Кəнекей арақ құйыңдар,— деп əмір етті
төртпақ полицай.— Оттай берсең оңбайсың. Қазір елжіреп, егілетін уақыт
емес. Жүрегіңді тас түйіп уысыңа қысып ал.
— Кəне. Құй тағы да.
— Аяма, бұл шіркін жетеді.
— Эх, ма!.. Іштің өртін осымен сөндірейік.
Арақ шіркіннің күші бөлек пе, қалай, қанша қатыгез, қаныпезер
болғанмен дүйім халықтың қанына ортақ болып, ауыр қылмыс еңселерін
басқан полицайлар тез арада — ақ серги бастады. Əрі — беріден соң
гүжілдеп, кішкене бөлмені барлыққан мас дауыстарымен теңселтіп əкетті.
— Қане, қане, құй тағы да.
— Қасіретімізді тұншықтырайық. Толтырып құй.
— Ішім өртеніп барады, əкелші тағы.
Бөлменің іші темекі түтінінен тұманданып барады, Дуня апайдың
жетілік керосин шамының жарығы да əлсіз, көбіне шалқайған бет —
жүздерді емес, бүлкілдеген жұтқыншақтар мен созылған өңештерді ғана
көремін. Осы үйге кірген алты — ақ адам еді, үстеріне ешкім қосылмаса да
тіпті көбейіп кеткен сияқты. Осылардың арасында бебеу қағып шөже сары
жүр, қазір айтпаса дүние күйіп кететін бір маңызды сөзі бардай өзгенің
иығынан жұлқылап жабысады, ол тыңдамай итеріп жіберсе қайқы тұмсық
пен шақшаның түбіндей қайқиған иек келесі құлаққа барып қадалады. Енді
дауыстар да қаттырақ шыға бастады. Сөздерінің бірін түсініп, бірін
түсінбей де қалам, əрі — беріден соң дабырлаған дауыстар қосылып тұтас
бір гүжілге айналды да, ешнəрсенің мағынасын ұққаным жоқ. Уақыт
мезгілді, отырған орнымды, тіпті бүгінгі көз алдымнан өткен буы
басылмаған ұлы қырғынды да ұмытып, тұла бойым ауырлап меңіреуленіп
бара жатыр едім, «ой мама» деген ащы дауыстан селк ете қалдым.
— Ой, мама! Мамочка! Мен не істедім? Не істедім? Құтқар мені,
мамочка.
Сол жас полицай. Жас баладай шешесін шақырып, кеңкілдеп жылайды.
Өзара гуілдесіп кеткен полицайлар сөзден тыйылып, бəрінің ықыласы
соған ауды, қаумалап жұбатып, қойып, ақыл айтып ортаға алып жатыр.
— Ой ақымақ, шешеңнің етегіне жармасқан жас бала ма едің?
— Жə, ақымақ болма, ішіп жібер.
— Қой енді, қой. О несі — ай.
— Шегі жіңішке ғой. Қайдан шыдасын.
Осы дабырласқан дауыстардың арасынан тағы да ышқынып:
— Ой, мама! Мамочка родная. Что же я наделал?! — деп еңіреп,
қалшылдап жылады.
— Заткнись, дурак! Без тебя точно!— деп төртпақ полицай ақырып
жіберді. Оның қырылдақ даусы құдды арамен тіліп өткендей.— Бұл немеге
тағы да құйып жіберіңдер,— деді содан кейін сабасына түсіп.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шырағың сөнбесін - 15
  • Parts
  • Шырағың сөнбесін - 01
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2253
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 02
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2039
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 03
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2133
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 04
    Total number of words is 4100
    Total number of unique words is 2284
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 05
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2197
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 06
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2053
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 07
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2202
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 08
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2060
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 09
    Total number of words is 4172
    Total number of unique words is 2122
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.7 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 11
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2163
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 12
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2042
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 13
    Total number of words is 4078
    Total number of unique words is 2051
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 14
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2157
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 15
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2095
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2155
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 17
    Total number of words is 4048
    Total number of unique words is 2164
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 18
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2120
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 19
    Total number of words is 4138
    Total number of unique words is 2284
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 20
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2211
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 21
    Total number of words is 4096
    Total number of unique words is 2184
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 22
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2165
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 23
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2003
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 24
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2167
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 25
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2260
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шырағың сөнбесін - 26
    Total number of words is 1051
    Total number of unique words is 711
    49.4 of words are in the 2000 most common words
    62.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.