Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 25

Total number of words is 2696
Total number of unique words is 1553
33.6 of words are in the 2000 most common words
46.6 of words are in the 5000 most common words
53.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Біздің ауылда жалғыз басты шал тұратын. Өмірінде үйленіп көрген
емес. Жасы жетпістен сырғанап бара жатқан сол ақсақал бір күні маған
қисаңдап келді.
—Əй балам, машинаң жүріп тұр ма?
—Жүріп тұр...
—Итің үріп тұр ма?
—Үріп тұр.
—Қалаға барып, қыз-кемпірге жолығып қайтсам ба деп едім...
—Қыз кемпіріңізді түсінсем, тіліме теріскен шықсын ақсақал...
—Е, шырағым, «сібідəниеге» апарып келсең деймін. Ақшаңды берем,
бензин¬іңді құям...
Шалдың шашынан сипалап, бетінен иіскедім де:
—Ата, көкнəр ішіп алған жоқсыз ба?—деп сұрадым.
—Ойбай атама!
—Енді... «сібідəние» деген сөзіңіз жерде жалпайып жата ма?
—Былай ғой. «Қыз- кемпір» деп жатқаным, баяғыда-а-а ғашық болған
бір қызды ұмыта алмай жүр едім... Қазір жасы жетпіс екіде. Əлі қыз.
Былай ғой, неменеге күлесің-ей, өмірінде күйеудің құшағын көрмей,
кəрі қыз еді, енді кəрі кемпір болды. Сол «қыз-кемпірді» алып қашсақ...
—Ата, ниетіңіз бұзық екен, дегенмен, қызық екен. Қазіргі жастар бір
көргеннен «ұната» салады да, махаббатын қызға қарай «құлата»
салады да, дереу алып қашады. Қыздың бас бостандығына, адами
құқығына түкірмейді де. Ал сіз болсаңыз, жастарға ақыл айтудың
орнына...
Шал шамдана ма десем, кəдімгідей қамданып отыр. Жымың-жымың
етеді.
—Баяғыда-а-а-а, жас кезімде ол қызды бір көргеннен ғашық болдым.
Бірақ оның жүрегі быламық па білмеймін, маған келгенде былжыра-ап
кетеді. Ұнатпайды. Күрек тістерің қисық дейді, көздерің қысық дейді,
бұтың талтақ, басың қалтақ, мінезің түйедей, бетің қап-қара күйедей
дейді ме, жолатпады əйтеуір. Ол кезде қазіргідей қалта телефон жоқ,
шарбағының қасына барып ысқырдым. Ол ышқынып шыға келді. «Не?
Не? Не?» дейді. «Бірдеңе айтам...» деп мен де қоймаймын, қойшы не
керек, досым екеуміз, ұмытпасам, 1960 жылдың жазы еді ғой деймін,
телешкелі трактормен алып қашқанмын.
—Ия, сосын не болды?
—Не болушы еді? Кеңес дəуірі еді, «кеңкелеске тимеймін, əке-шешесіне
келін болып, басымды имеймін!» деген соң, сотталып кете бардым. Бес
жылға!
—Одан кейін үйленбедіңіз бе?
—Түрмеден келген соң, үйден бір кесе айран сіміріп салдым да, қызды
ысқырып шақырып алдым. «Не? Не? Не?» деп жетіп келді ол. «Бірдеңе
айтамын...» дедім де, қызды есек арбамен алып қаштым...
—Көнді ме?
—Көнсе, өлгені ғой деймін, тағы төрт жылға сотталып кеттім...
Түрмедегілерге танымал болып қалдым, құдасы келгендей құшақтап
қарсы алады...
—«Одналюбь» екенсіз де...
—Білмеймін, сол қыздан басқа жер бетіндегі қыздардың бəрі «қойға»
айналып кеткендей, махаббаттың майын жалап, жүріп жаттым.
—Аты кім еді, сұлуыңыздың?
—Ұстатпасбике.
—Ерекше ат екен.
—Шырағым, түрмеден келген соң...
—Айран сіміріп алдыңыз да...
—Жоқ, боза ішіп алдым да, ұмытпасам 1969 жылдың күзі еді, егін
жиналып жатқан, ысқырдым да, алып қаштым.
—Сіз ысқырсаңыз, қыз атып шыға береді екен де.
—Білмеймін, ысқырсам болды «Не? Не? Не?» деп жетіп келетіні бар.
Көнбей қойды. Тағы бес жылға сотталып кеттім.
—Сізге жүдə обал болған екен.
—Ия, сұмдық ғашық болдым ғой! Мен оның шұлығын ұрлап алып,
түнімен иіскеп жататынмын.
—Маньяк емессіз бе, ата?
—Ол кезде коньяк ішкен емеспін. Сол қызды ешкім алмады ақыры...
Қазіргі жастарға қайран қаламын, «жедел жəрдем» махаббат болады
да, арты «пожарный» махаббатқа ұласып жатады. Сендер есеппен
үйленесіңдер. Қазіргі қыздарда қасиет қалмады... Сауналарда
сайрандап жүріп алады да, түк бол¬маған¬дай, бір мықты жігіттің
басын айналдырып, тиіп алады.
—Ата, қазіргі жастарды қойыңызшы, сонымен маған не демекшісіз?—
деп сұра¬дым мен. Шал шашын тарап, сақалын өріп қойды.
—Сол Ұстатпасбике қалада бір өзі тұрады екен.Ұстатпай жүрген
махаббатым менің! Кеше түсіме кірді. «Не? Не? Не?» деуші еді ғой,
«Кел, кел, кел!» деп қол бұлғайды ма...
—Алып қашқыңыз келеді ғой?
—Ия шырағым... Жалғыздық жыртыңдап жанымнан қалмайды... Енді
көнетін шығар?..
—Базар жоқ...—дедім мен.
—Базарға бармаймыз, тіке тартамыз!
—Бопты.
«Мерседесіме» көрші ақсақалды отырғызып алып, қалаға тартып
кеттім... Құдайым-ау, кездесулері жүдə қызық болды. «Қыз кемпір»
өтірік мүлəйімсіп: «Қайтыс болып кеткен шешем жібермей жатыр»
дейді ме, «Қиял əлеміне» барып, қыдырайық дейді ме... Əрең шықты.
Шыға салып: «Не? Не? Не?» деді. Атамыз: «Бірдеңе айтайын ...» деп
қипақтады. Содан кемпірді алып қаштық... «Біздің ауылдағы гəпке
барамыз...» деп алдады ақсақал. Үйге келсек, ақсақалдың ағайындары,
тірі кластас ақсақалдар отыр екен, «Кəрі құсың құтты болсын!» десіп
жатты. Бір жеңгесі кемпір келінге ақ жаулық жапты. Абысындары:
«Отырған кемпір орнын табар» деген, екі жарты бір бүтін болыңдар!
Өлсеңдер, бірге көмеміз...» деп ақыл айтты. Кенет кемпір келіннің
көздері жайнап кетіп: «Өлə-ə, ақыры көніп қалдым-ей... Жас күніңде
ойна да күл деген... Енді шəй құйып беруге жарасам болды да...» деп
бетін шымшыды... Ал, атамыздың қуанышында шек жоқ! Қайта қайта
насыбай ата береді. Бүгін біздің ауылда беташар! Келіңіздер, белін
бүгіп есік алдын сыпырып жүрген кемпір «келінді» көріңіздер!
КЕЛІНШЕГІ ЖОҚ АУЫЛ...
Астанада «айналайын!» дейтін апам жоқ, басымнан сипайтын атам
жоқ, бір құрылыс компаниясында жұмыс істейтін едім, тегін жұмыс
істете берген соң, тентіремейін дедім де, ауылға қайттым. Автобустан
ауылыма жетер-жетпес тағы бір ауылдың маңына түстім. Ары қарай
автобус түгіл, албасты да бармайды... Сол ауылдың кіре берісіне:
«Келіншегі бар ауыл» деп жазып қойыпты. Сауатсыз əкім жаздырған
болуы керек. Биыл үкімет «келешегі бар ауыл, келешегі жоқ ауыл» деп
екіге бөліп тастады емес пе? Келіншегі, ой кешіріңіз, келешегі жоқ
ауылдарға үкіметтен жарты тиын да бөлінбейтін болып, жер бетінен
жойылатын болды ғой... Сөйтсе-ем, туған ауылыма есек жалдап жетсеем, (кешіріңіз, біздің ауылда жол жоқ, машина түгілі ұшақ та бара
алмайды...) əкімшілік алдына: «Келіншегі жоқ ауыл» деп жазып
қойыпты. Біздің ауылдың əкімі де сауатсыз біреу болып шықты ғой!
Есектен ырғып түсіп, «келіншегі бар ауылға» қарай айдап жібердім
де, жалғыз аяқ жолмен жаяулатып келе жатыр едім, электр
бағанасынан үзіліп түскен сымдарға шалынып құлап, шалқамнан
түстім. Ауылдың тоғы да танымайды екен, ұрып жатыр, ұрып жатыр.
«Жерлесіңмін» десем де қоймайды, екі көзім жанып, біраз уақыт
есімнен танып, смола сіміргендей серейіп жатсам, кеңкелес Келдібек
тұр ыржиып:
—Құ-құтқарсай...—дедім əрең сөйлеп.
—Келешегің жоқ қой, өле берсеңші...—дейді ол. Дереу ұялы
телефонымды «зарядтап» алайын деп, тығатын жерін мұрнымның
тесіктеріне тыға қойдым. Бір сағат дегенде бойымдағы электр қуаты
ұялы телефоныма беріліп, орнымнан əрең тұрдым. Денсаулығымды
тексертіп алмақ болып, ауруханаға кірсем, тірі жан көрінбейді...
Сөйтсем, аурухананың алды бар да, арты жоқ екен ғой. Мен байғұс
«аурухананың қабырғасына таудың суретін салып тастапты, əдемі
безендіріпті» деп ойласам, өзіміздің тау екен, көрініп тұрған... Келешегі
жоқ ауыл болған соң, көпшілігі көшіп кетіпті... Ауруханадан шытынап
шығып, «шəй ішіп алайын, сəлем берейін» деп кластасым Кедейбектің
үйіне кірдім. Кластасым келіншегінің көйлегін құшақтап жылап отыр
екен. «Неге жылайсың?» деп сұрасам, келешегі жоқ ауыл болған соң,
келіншегі кетіп қалыпты. «Атаңа нəлет, аудан əкімі оңбайды!
Жарқырап тұрған ауыл еді, ауыл əкімі екеуі бəрін тонап бітті!» деп
жылаған Кедейбек тұмсығыма бір ұрғаны.
—Өй, неге ұрасың?—деп сұрадым мен.
—Келешегі жоқ ауылыңа келдің ғой. Еріккеннен ұрдым...
Екеуміз еріккеннен екі сағат төбелесіп, түстен кейін үйіме əрең жеттім.
Жетпісті желкелеп, жетісіп отырмаған əкем қарсы алды кемсеңдеп.
Сөйтсем, келешегі жоқ ауылдан алпысты алқымдаған апам да кетіп
қалыпты. Төркініне. Жесір əкеммен қоштасып, бұрын жүріп, тастап
кеткен экс-қызыма барғым келді. Құдай-ау, ауылыма не болған өзі?
Шымшықтарға қарасам, бəрінің жүндері жоқ! Тырдай шымшықтарды
бірінші көруім. Келешегі жоқ шымшықтар ғой, алдымда бір есек тұр
екен. Ақырып алды да, артқы аяқтарымен бір тепкені. Жападай жалп
ете қалдым. Онысымен тұрмай, үстіме талтайып тұрып, тезегін тастап
жіберді. Аулымның есектеріне дейін үкіметке ырза емес екен ғой!
Үстімді жапырақтармен сүртіп, «туған жерімнің хош иісіне елітіп»,
моншаға түсіп алайын дедім. Моншаға келсем, төбесі опырылып
түскен бөлмеде маймылдар шомылып жатыр! Біреуі арқама ырғып
мініп алғанда, апатайлап, ала қаштым! Қайдан қаңғып келген
маймылдар десеңші? Əлде, ауылымның адамдары маймылға айналып
кеткен бе? Салып ұрып экс-қызыма келдім. Ышқырымды көтеріп,
ышқынып ысқырдым. Үйінен жүгіріп шыққан Асылым:
—Мені неге тастап кеттің? Дабай, мені аласың!—деп пистолетін шекеме
тақағаны. Келешегі жоқ ауылдың қыздарына дейін қағынған. Шешесі
шықты гранат алып. «Осы тұрған жеріңде жарып жіберейін бе?
Қызыммен жүріп-жүріп, тастап кетіп,енді балалы болып келдің бе?»
дейді. Сөйтсем, бағанағы маймыл арқама жабысып алып, ыржалақтап
тұр екен. Сілкіп түсіріп, экс-қызымды құшақтай алдым. Үйлендік.
Тойға шақырайын десем, ауылда ешкім жоқ... Бəрі келешегі бар
ауылдарға көшіп кеткен. Құрметті интернеттегі: «менің агентімдегі»,
«фейсбуктегі» «в контактегі» мен танымайтын достарым! Тойға
топырлап келіңіздерші... Мекен –жайым: «Келешегі жоқ ауыл».
«АЙРАНОДЕЦ-БЕНЦ»
Көштен қалмағанымыз жақсы ғой. Салпақтап,
тіліміз салақта-ап, көздеріміз алақтап, жанжағымызға жалақтап, алқынып жүргеннің несі
жақсы дейсіз?! Сөйтсем, Қызықстаным кей мəселеде
көштен қалып кетіпті ғой. Жылына 80 миллион
тонна мұнай өңдесек те, өзіміздің мəшинелерімізге
«Еуро-5» стандарты бойынша бензин құя алмай
келеміз...
Бүгін де мəжіліс депутаттары Мұнай-газ министрі Қара
Алтынның шаштарын біртіндеп жұлып, кеудесіне
жабыстырып,
түтіп жеп қоя жаздады.
– Елімізде тіркелген көліктер саны төрт миллионға
жуықтады. Көк түтін жұтып, көкжөтел болып жүрміз.
Қашанғы жөтеле береміз? Өхе-өхе... деп жөтеліп барып
тоқтады бір депутат.
– Еуропа елдері «Еуро-5» бензинін «ішіп» жүр. Ресей
биылдан бастап «Еуро-3»-ті «сіміріп» салды. Біз неге
сімірмейміз? – деп айқайлады екінші министр.
– Ресей сапасы нашар бензинді өндірмеуге шешім
қабылдаса да, зауыттары жасырын жолмен бізге қарай
біртүрлі бензиндерін «ағызып» жатыр. Күні ертең
елімізде «Бензин көл», «Сасық жанармай» өзендері
пайда болса, иістеніп өлмейміз бе? – деп мұңайды тағы
бір депутат. Министр терлеп кетті. Тіпті алдында тұрған
графиннен бір стақан бензин ішіп салды. Иегіне мұнай
мазутын жағып барып, жымиған болды.
– Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары есеңгіреп қалған, –
деді министр, – «Еуро-5» стандартына лайықтап
жабдықтауымыз керек. Құдай қаласа, 2090 жылдары
зауыттарымыз іске қосылып, аруақтарымыз қуанатын
болады... Ал оған дейін менің «мынауский» ұсынысым
бар. Маған Айранбек Сиырбаев деген өнертапқыш келді.
Айранмен жүретін көлік ойлап тауыпты!
– Айранды қайдан аламыз? Базарда бір баклашкасы 200
теңге екен! Халықтың қалтасы көтере ме? – деді
алақанын ысқылап отырған бір депутат.

Қазақстан
көліктері
үшін
айран
бизнесін
жандандыруға қанша қаржы керек? – деп қалды кеше
жеген ет қалдықтарын тістері арасынан шұқылап алып
жатқан тағы бір депутат.
– Шетелден ауру сиырларды сатып алып, өртей
берейік... – деп мысқылдады көзіне сіріңкенің
шырпысын қойып жатқан тағы бір депутат. Министр
«Айранодес-бенц» көлігіне бар-жоғы бір баклашка
айран құйылса, жүз шақырым жол жүретінін айтып,
депутаттарды таңғалдырды. Жанар-жағар- майдың бұл
түрі – «Айра – 92» деп аталады екен. Ал сүт
жанармайыңыз «Сү – 96» деп аталады. Ақша табу үшін
жанар-жағармай стансасындағылар сүтке айран қосып,
ашытып, «Айра – 92» жанармайын жасап алады екен. Ал
«Айро – 92» жанармайына су қосса, «Шалап-99»
жанармайы пайда болатын көрінеді. Министрдің
ұсынысы қабылданды. Сол екен, елімізде айранмен
жүретін көліктер пайда болды. Бір өкініштісі,
мотордағы айран пісіле-пісіле, көліктердің түтін
шығарғыштарынан домалақ-домалақ майда құрттар
шашылып шығып жатты. Айнала майда құрттар... Оны
саудагерлер теріп алып, базарда сатып отыр. Бір
жағынан рахат... құрт сорып жүресіз...
ТУАЙЫН ДЕП ЖАТЫР!
(Сатиралы монолог)
(Бүкшеңдеп, таяғына сүйеніп, есік алдына кемпір шықты...) Əй,
қайсың барсыңдар? Туайын деп жатыр! (Жүре бергенде, алдынан
мысық кесіп өтіп, тоқтай қалды) Ой, əдірем қалғыр! Осы бір көршінің
қара мысығы тура менің алдымды кесіп өте береді! Басқа жерден өтсе,
МАЙ инспекторы ұстап алатындай... Енді қайттім? Жаман ырым,
жолың болмайды, пенсияны бермей қояды, үй суып кетеді, жаңбыр
тоқтамай, үйімді тасқын шайып кетсе ше? Шашым түк қалмай түсіп,
тақырбас болып қалсам ше? Тамағымыз мəз болмай, бітəмін
жетпегендіктен... Оны қойшы, шайтан сияқты өмірі өлмей қалсам ше?
Үкіметке зиян, пенсия ала берсем... Масқарай... Қой, камзолымды
терісінен киіп алайын... (Камзолын шешіп, теріс кие бастайды)
Алдыңнан қара мысық өтсе, ырымы осы, теріс киіп алу керек.
(Ырсылдап, əрең киеді) «Сыймай қалды ма...» дейім? Үйбай белім...
Ойбуу, алдын артына қаратып киіп алыппын ғой. Мейлі. Кəлөшімді де
ауыстырып, теріс киіп алайын...(Еңкейе беріп, белін ұстай қалды)
Обай-и белім... Осы белім қыз кезімде қыпша бел еді, қазір сиыр бел
болды... Жас кезімде... (ұялған болады) Жігіттіердің гүлі болғанбыз
ғой... Жігіттер көп құшақтай бергеннен бе, бүгінде беліме көз тиіп
кеткен, көтертпейді... (Кəлөшін теріс киеді, теріс қарай артына шегініп,
біраз жүреді) Тіфə-тіфə... Əй, қайсың барсыңдар? Көршілер? Туайын деп
жатыр деймін! Енді қайттім? (Залға қарап) Араларыңызда туғызып
алатындарыңыз бар ма? Менің шамам келмейді... Шал пенсия алуға
кеткен... Тура бүгін толғатып қалғанын қарашы! Бала да бір жаққа
кеткен... Жұмыс іздеп. Жағдайымыз өте нашар! Сендер ғой, қаладағы
байларды айтамын да... У-ух-х... шенеуніктерді айтамын дə... Бес күн
жұмыс істеп, екі күн демаласыңдар. Біз ғой, ауылдағылар, жыл он екі
ай жылап жүргеніміз... Ауылға көк тиын бермейсіңдер ғой? Қане,
беріңдерші? (Алақан жаяды) Мың теңге бере тұрыңдаршы? Шəймен
ішетін науат алайын... Əне, бермейсіңдер...
«Жадный мен
жаднаясыңдар...» Үкімет те сондай. Берсе де, жолдағы жалмауыздар...
Үйбай, не деп кеттім? Саясат менің не теңім? Күнімізді біз де көреміз.
Əне, далаға шығып едім, күн жарқырап тұр. (Қолын көлегейлеп
қарайды) Күн көреміз! Күнді күнде көреміз! Жайылымның бəрін
шенділер мен шекпенділер алып қойды деп те айтпайын. Мал бағатын
жайылым жоқ болған соң, шөп жемейтін ит асырап отырмыз. Үйбай,
тағы не деп қойдым? Тілім қышып бара жатқан соң... Қасиын десем,
одан бетер қышиды. Ойбуу, ұмытып кетіппін ғой! Кім бар əй? Туайын
деп қалды... Өлетін болды! Шық... Шықпай жатыр, əдірем қалғыр! Осы
жұрт сəмөлетте де, пойызда да туып жатады... Ал біздікінің толғатып
жатқанына жарты сағат болды! Не тумайды, не қоймайды... Өзіміз
баяғыда...Тіреу құшақтап туа беруші едік... (жүре беріп, аяғы тайып
кетіп, отыра қалды.) Ойбай, көтек! Ой, əдірем қалғыр-ай, осы шалымды
айтамын да, жынды десең жынды емес, базарға барған сайын немене
еді, қайқиып қалған? Итіне банан əкеліп береді де тұрады... Қабығына
тайып жығылғанымды қарашы... Енді өздігімнен тұра алмаймын. Кран
керек. Ух... Біздің ауылда адам дəрігері де жоқ. Оның орнына мал
дəрігері бар, əйтеуір, ауырып қалсақ денемізді сипалап, «жануар-ай,
жануар сиқты тыныш тұр...» деп уколын салып кетеді. Басың ауырса
да, ішің өтсе де сол, пеницилин салып кетеді. Ақысы жүз теңге. Ойбуу,
анау байғұс туды ма екен? Кіндігін кесу керек шығар? Кіндігін
тастамау керек, аш отырғанымызда қуырып жесек, тамаққа талғажу
болады... Шіркін-ай, атын кім қояр екенбіз? Атын қоя тұршы, бəрінен
де аман- есен босанып алсыншы... Осылай отыра беремін бе?
Тұрғызып жібермейсіңдер ме? Адам емес екенсіңдер ғой? Астымнан
сыз өтіп кетті ғой. Немене, мені тақта талтайып отыр деп пе едіңдер?
Кім бар? Əй, ух... Бері келші. Ия сен бала... (Сахнаға жас жігіт жүгіріп
шығады) Неғып тұрсың состиып? Анаңмын ғой. Бүгінгі балалар осы,
анасы мен атасын осылай қарттар үйіне отырғызып кетеді. (Жас жігіт
кемпірді тұрғызды) Үйбай белім... Рахмет айналайын. Қатыныңның
қызығын көр...Ух... Көмектескеніңе ақша сұрайсың ба? Бір түрлі қарап
тұрғаныңды айтамын дə... Айтпақшы, сен туғыза аласың ба? Еркексің
ғой, туғызшы... Күшің бар, былай, тартып алшы... Өлетін болды...
Неменеге бақырайып қарайсың? Сйырым деймін, жалғыз сиырым
толғатып жатыр!
Туайын деп жатыр! Өйбуу, өзім бармасам...(
Бүкшеңдеп кетіп барады) Сен бара бер айналайын, бəрін үйге шақыр,
уыз көже ішеміз! Уыз көжеге келіңдер, тостақтарыңды ала келіңдер,
біздің үйде мың тостақ жоқ... у-ух... үйбай, белім...
ҚАШЫП БАРАМЫН...
Мен өзі əдемі-і-і қызбын. Жігіттер соңымнан сүметіліп жүргені сол. Мен
оларға «прикол» тастап қоямын да, пысқырмай жүре беремін. «Тема»
жігіттер бар енді... Біреуін таңдаймын ғой...
«Таңдаймын ғой» деп тымырайып жүргенімде, таныс жігітім
жылтыңдап, «движение» жасағаны ғой, өзінше қылтыңдап, əзіл айтқан
болып, жыртыңдап, кафеге шақырды. Кафеден қыздар қашатын ба еді,
«подругам» Бота екеуміз аштан қалатындай арсалаңдап бардық. Ол да
досын ертіп келіпті. Кафеге шақырған таныс жігітім бір түрлі
көздерімен «стрелять» ете берді. Мен наразылық «нотасын» жібердім.
Шынымды айтсам, сыйлаймын, бірақ «от души» ұнатпаймын. Өзінше
маған: «Қазақ тіліне орыс тілін турап сөлемейтіндей етіп үйретемін»»
деп қояды.
Содан, кафеден шықтық. Такси ұстады жігіттер. Үйіме дейін шығарып
салады екен десем, қала шетіне қарай зымырап бара жатыр! «Е,
подругамды алып қашып бара жатыр екен ғой!» деп ойлап, ернімнен
жоғары жел жіберіп кекілімді желпіп отыра бердім. Сөйтсе-ем, таныс
жігітім ше, оңбаған десе, еркек емес, динозавр десе, ваще мен оны
сүймеймін ғо, «Гуня, мен сенің желкеңе ғашықпын!» дейді. Как бұдто
желкемді жеп қоярдай жұтынып... Шапалақпен бетіне салып қалдым.
Сол екен, үйіне мені как бұтто бір қапшық картошка деді ме, арқалап
кіргізді. Əйелдер бас салды. Орамал жаппақшы. Жылай, тұра қаштым.
Менімен бірге қосарланып қашып жүрген құрбым құлағыма сыбырлап
қояды: «Шіркін-ай, шатасып кетіп, орамалды маған жаба салса ғой...»
деп... «Мен мал емеспін! Менің конституциялық құқым қорғалған!»
дедім айқайлап. «Əй, көнстөсия! –деді бір кемпір, —есік алдына жата
кетемін, мені аттап өтсең, өмірі жолың болмайды!» Сөйтті де,
табалдырыққа «талып» құлады. Аттап өттім. Аттай бергенімде, кемпір
санымнан шымшып алды... «Қырғыздар қыздарын қорғап, арнайы заң
шығарды» деймін еңіреп. Бір кезде біреу есік алдына май
инспекторлары көшеге тастайтын тісті кедергіні жайды. Одан да аттап
өттім. Қайтем енді, оны сүймеймін ғой! Алдыма ұн септі. Одан да
ырғыдым. Бидай септі. Оны тауықтар жеп жатты. Есік алдын миналап
тастапты! Иті жүгіре беріп, гүрс жарылды да, бір бұты талға ілініп
қалды. «Жаманға қор болғанша» деп көзімді жұмып, жүгіріп өттім.
Жарылмадым əйтеуір. Бір кезде ағалары төрт танкпен қоршады.
Еңбектей жылжып, танкке тас лақтырдым. Тас үйкелді ме, от шығып,
төртеуі де жалынға оралды. Тура əкемнің əкесі айтып отыратын
бұрынғы неміс фəшістерімен соғысқандай болдым. Бір кезде жеңгелері
аспаннан парашютпен секіріп түсті де, орамал жаппаққа ұмтылды.
«Десант» жеңгелерін рогаткімен атып құлаттым. Алдымнан тереңдігі
төрт метр ор қазылды. Одан да ырғып өттім... Шатым шытынап кетсе
де... «Прикин», бір кезде қыз алып қашушылар қоршап алды. «Беріл! Өз
еркіңмен төсекке!» дейді таныс жігітім. Не деген масқара! Мен оны
сүйемін бе, сүймеймін бе, жұмысы жоқ! Үйге қарай шегінсем, жеңгелері
бауырсақ пісіріп жатыр. Ваще «не нормальнаялар» ғой! Сөмкемнен
пистолетті суырып алып: «Жақындасаңдар, атамын!» дедім айқайлап.
Бəрі жерге жата қалысты. Жан керек екен өздеріне. Үстілерінен аттай
қаштым. Ойыншық пистолетті лақтырып жіберіп, безіп келе жатсам,
біреу мені басып озды. Сөйтсем, құрбым екен! «Е, қалмадың ба сол
үйде?» десем: «Құрысын! Кредит алған үй екен, ести сала қашып
келемін!» деп қояды. Қыздар, біз қой емеспіз ғой, маңырап қала
беретін? Өз бостандықтарыңды қорғаңдар! Мен əлі күнге дейін көшеде
келе жатсам да, алдымда ештеңе жоқ болса да, аттай беретін əдет
тауыппын... Қазір де ырғып қойып, аттап қойып, қашып барамын...

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.