Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 01

Total number of words is 3942
Total number of unique words is 2246
27.9 of words are in the 2000 most common words
39.7 of words are in the 5000 most common words
45.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ҚҰДАЛАР «ҚҰЛАП» ҚАЛДЫ...
АҚЫРЗАМАН «ОТМЕНИТЬ» ЕТІЛІПТІ!
АҚШАНЫ АЛБАСТЫ ДЕМЕҢІЗ!
ӨТІРІК АЙТСАМ, ӨЛІП КЕТЕЙІН!
КРЕСЛО КӨКПАР
НЕГЕ ТУА БЕРЕСІЗ?
CАЯСИ САУСАҚ
ҚИҚАРЛАР
ƏУЕЖАЙҒА АТЛАС КӨРПЕ ТӨСЕП ТАСТАПТЫ...
МАХАББАТ ВИРУСЫ
Е, ТОЙ ҒОЙ ...
ПИСТОЛЕТ «ҚҰШАҚТАП» ЖАТАМЫЗ...
ЕСАЛАҢНЫҢ БИЗНЕСІ...
ӨРТКЕ АҚША ТӨЛЕҢІЗДЕР!
СОҢҒЫ РЕТ СҮЙІСЕЙІКШІ...
ХАЛҚЫМНАН ЕШТЕҢЕ ЖАСЫРМАЙМЫН...
ШЫНДЫҚТЫҢ ЖАНАЗАСЫ...
«О, ШЕШЕҢ...»
КЕМПІР «КЕЛІН»
ҚЫЗДАРҒА «БЛАТНОЙ» БАТА
«СЕН ШЫҚ, ЖОҚ, ӨЗІҢ ШЫҚ!»
МҰРТЫМ «ГҮЛДЕП» КЕТТІ...
ƏКІМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ, ƏКІМ БОЛҒЫМ...
АДАМШАРБАҚ
ТӨБЕЛЕС БОЛҒАН ЖОҚ...
«АУЫЛДА АТАМЫЗДЫҢ БАСЫ БАР!»
ӨЛƏ, ОҚУҒА ТҮСЕТІН БОЛДЫМ!
МЕН ҚАТЫН ЕМЕСПІН!
ҚЫЗДАРҒА «ҚАТҚАНСКИИ» КЕҢЕС
ҚОРЫҚПА, ҚАРЫНДАС, ҚАСЫҢДАМЫН!
БІРАЗ ҚҰШАҚТАСА ТҰРАЙЫҚШЫ...
ЕРІН ЖЫБЫРЛАТУДЫ ҮЙРЕНДІМ!
ИТ АДАМДАР КӨП...
«ХРАМОЙ» КИІК...
АЛДАР КӨСЕ АЛДАЙ БЕРЕДІ...
БІРІНШІ СЕРИЯ
1. АЛДАР ЖƏНЕ ƏКІМ
ЕКІНШІ СЕРИЯ
2. АЛДАР КӨСЕ ЖƏНЕ МАЙ ИНСПЕКТОРЫ
ҮШІНШІ СЕРИЯ.
МАХАББАТҚА ШӨЛДЕП КЕЛЕМІН!
КӨРЕЙІН ДЕГЕНІМ ОСЫ МА ЕДІ?
БІР ШЕЛЕК СУ...
ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
ҚАРА БЕТТЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ...
ЖЫНДЫЛАР САЙЛАУҒА ҚАТЫСПАЙДЫ...
ҚЫЗЫМ, ҚЫРЫҚҚА КЕЛДІҢ!
ЕСЕГІМЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТА АЛМАДЫМ...
АЯҚҚА МІНІП ҰЙЫҚТАДЫҚ...
ҚАЗАҚША ТӨБЕЛЕС
МОЙЫНДАР...
АГЕНТТЕГІ СҰЛУҒА СМС ХАТ
ЖЕКСҰРЫН ЖАҢАЛЫҚТАР
ТІРІДЕЙ ҰСТАҢДАР!
ҚАЗІР «ДВИЖЕНИЕ» ЖАСАЙДЫ...
СИЫР ТОЙ...
ҚУАНҒАНЫМЫЗДАН ҚҰЛАП ҚАЛДЫҚ...
ҚАЗІР «СЫНДЫРАМЫН!»
ҚОЛЫҢЫЗДАН СҮЙЕЙІНШІ…
КӨРШІЛЕРДЕН ҰЯТ БОЛДЫ...
ЖЫЛАҒЫМ КЕЛЕДІ…
ҚЫЗДАР «КӨТЕРІЛІСІ»
МЕНІҢ МАХАББАТЫМ
ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІ ЖАСАСЫН!
ЛӨЛА-ЛАЙ...
ЕВРОКРЕСЛО
КӨЖЕ ІШІП КЕТІҢІЗ...
ТҮРМЕДЕГІ ТОЙҒА ШАҚЫРАМЫН!
ЖИРИНОВСКИДІҢ ЖЫНЫ КЕЛДІ!
ШƏЙ ІШІП ОТЫР ЕДІМ…
КЕШІРІҢІЗ, ТАНЫМАЙ ҚАЛДЫМ...
ҚАБІРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАНБЫЗ!
ИНТЕРНЕТТЕГІ "ИТТЕР!"
БІЗДЕ БƏРІ ТЕГІН...
МЕНІҢ ҚАНЫМ ҚЫШҚЫЛ...
БАЛАМ ОТЫЗЫНШЫ СЫНЫПТА ОҚИДЫ!
ƏЙЕЛІМНІҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ
ТӨПЛИІМ ҚАШЫП КЕТТІ...
МЕНІҢ ТІЛІМДІ КІМ ЖЕП ҚОЙҒАН?
«АҒАЙ, БАСЫМ ҚЫШЫП ТҰРҒАН ЖОҚ...»
«ЖАҒЫМПАЗ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛДЫҚ...
ШƏЙ ІШІҢІЗДЕР!
ƏКІМДЕР ДЕ ЖЫЛАЙДЫ...
ДАСТАРХАН МИНИСТРІ БОЛСАМ...
ЕРТЕҢІНЕ ЕСІМДІ ЖИСАМ...
«ПОЙЫЗ» БОЛДЫҚ...
ТЕРІС ҚАРАП ЖАТАМЫЗ...
ҚАРҒЫСОЛОГИЯ
ШҰБЫР-Е-Е-ЕП...
ӨЙ, АРАМ ДЕСЕ!
«ҚАЗАНАМА»
МАХАББАТЫ ҚҰРЫСЫН!
ҒО...ҒО...
МҰРЫНДАР...
КЕЛІНШЕГІ ЖОҚ АУЫЛ...
ТУАЙЫН ДЕП ЖАТЫР!

(Таңдамалы əзіл-сықақ əңігімелер)
ҚҰДАЛАР «ҚҰЛАП» ҚАЛДЫ...
Құдалықта қылқиып отырғанмын... Бір кезде білегіне жыланның
қабығын орап алған, бетінде бидай өсіп, онысы қурап қалғандай,
тыртық-тыртық, басына сынап төксең, тұрмайтындай жып-жылтыр,
мойны жуан, кеудесі керілген, жауырыны «жынды» туысқан ағамыз
кіріп келді. Беліне гранаттар қыстырып алыпты. Бес алты пышақ
балағының жапсырма қалтасынан қылтияды, екі қолында екі тапанша.
Мұны көрген құдалар ашық тұрған терезеден секіріп, құдағидың бірі
дастарханды басына жамылып отыра кетті... Тығылған түрі. Əкем де,
шешем де тымырайып алған. Туыстарым тары жеп түйіліп қалғандай.
Мен ғана, қанша дегенмен, бауырым емес пе, орнымнан тұрып:
—Ассалаумағалейкум, зек ағам!—дедім қолымды ұсынып.
—Құдалыққа келіпсіңдер. Мені неге ертіп алмадыңдар? Не, мен адам
емеспін бе?
—Патронбай аға, сіз... Сіз сотталып кетіп едіңіз ғой?
—Сотталғандар сорлы деп кім айтты?
—Жоға... Отырыңыз, менің зек ағам...
—Мен бар жоғы жеті адам өлтірдім, 15 қыз зорладым, екі кемпір
қылғындырдым, ал, педофилдер де «ақысыз демалыс алып», шет елде
демалып жүр!
—Сен шіріген жұмыртқа болдың!—деді əкем.
—Қуырылған жұмыртқасың...—деді шешем. Сəлден кейін қашып
кеткен құдалар қайтып келді.
—Ойбай-ау, өзіміздің құда бала екен ғой!
—Түрмеңіз құтты болсын!
—Колонияңызда ұзақ жасаңыз!
—Кімнің құдасы сотталмай жатыр дейсің, қайта бұл бізге абырой...—
деп жамырай жалпақтап жатыр.
—Аға, түрмеден қашып келдіңіз бе?—деп сұрадым мен.
—Как қашып келген?
—Енді... Əлі он жылыңыз бар...
—Сұранып келдім.
—Жібере салады екен де...
—Құдалыққа баратындарыңды естіп, бес күнге сұрандым. Ақша не
істетпейді?
—Ақшаны қайдан аласыз?
—Өй, пацан десе... Ағаң түрмеде «авторитет!»
«Зек» ағама сөз берілді.
—Құрметті
құдалар!—деді
ағамыз
асықпай,
тапаншасын
дастархандағы жүзімнің үстіне қойып жатып,—қылмыстық кодекстің
«Бандитизм» бабымен 18 жылға кесіліп, «ЗЕКТЕР-2013» колониясында
жазасын өтеп жатқан құдаларыңның атынан, қылмыс əлеміндегі
зектер атынан, ақшаға сатылғыш колония басшылары атынан сіздерге
бір жəшік партон, 12 штук гранат, бес автомат, бір қапшық геройн
сыйға тартамын! Құдалықтарың мың бір жылдық болсын!
—Ойбай, оның бəрін қайтеміз? Ұстап əкетеді ғой!—деп қалды бас құда.
—Несі бар, сатып, байып кетеміз,—деді жас құда... Əкем теріс айналды.
Шешем күрсінді.
—Түрмеден тезірек шығып келіңіз!—деді құдағи ыржалақтап. Бірақ
көзінде үрей.
—Ақша берсем, мерзімнен бұрын шығып кетуге болады. Бірақ зачем?
Бес күннен кейін Дубайға ұшамын. Демалып келмесем...
—Түрме рахат екен ғой...—дедім мен. Əкем басыма салып қалды. Жым
болдым.
Есік алдына шығып, құдалармен билей бастадық. Ағамыз кəйіп,
құдашаны биге шақырды. Құйрығына ине сұғылып жатқандай, секіріп,
секіріп билейді дейсің...
Бір кезде бəрі тым-тырақай қашты дейсіз! Безіп барады. Ағамның өзі
анадай жерге барып, құдашаның үстіне жата кетті... Состиып мен
тұрмын.
—Құда бала, жатыңыз, жатыңыз!—деп айқайлайды құдағи.
—Жер шаң... Неге жатамыз?
—Зек құдамыздың беліндегі гранаттың біреуі түсіп кетті... Қазір
жарылады...
Жындыға да жан керек, билей жүріп қаштым. Сəлден кейін гранат гүрс
етіп жарылды. Есік алдынан өтіп бара жатқан бір есек ауыр
жараланып, ақыра қашты. Байлаулы ит қыңсылап, ініне кіріп кетті.
—Ойе-бай, үстіме жатып алыпсыз ғой?...—деді құдаша қозғалақтап.
—Сізді гранат жарықшақтарынан қорғап жатырмын,—деді «зек» ағам.
—А-а, онда кешке дейін жата беріңіз...
Сол күні полицейлер келді. «Зек» ағамды құрметтеп, «честь» беріп,
колониясына дейін шығарып салды... Құдалар болса, мұндай
«құрметті» бұрын көрмеген бе, шеттерінен «құлап» қалды... Əне,
«Ақшаң болса қалтаңда, түрмеде де талтаңда!»
ОБШЫМ, АДАМ ЕМЕС ЕКЕНСIДЕР!
“Қабағы қатулы, сəлемi сатулы“ деген осы шығар?
— Мен сiздi не үшiн шақырдым, бiлесiз бе,-дедi облыс əкiмi бас полицей
Тыжбан Тəпеновке.
— Мақтайын деп...
— Жоқ.
— Жаман жұмыс iстеп жатқан жоқпыз. Облыс бойынша 1230 ауыр қылмыс
жасалып, оның 1229-ы қысқартылды. Былтырдан берi 1500 адам өлiп,
оның 500-i тiрiлiп кеттi. 300 адам ендi өлейiн деп жатыр. Алты айда алпыс
қатын зорланып, жетпiс кемпiр зорланып қала жаздап, елу бес қыз
гүлдерiнен айырылып...
— Гүл-пүлiңiздi қоя тұрыңыз! Мен сiздi не үшiн шақырдым?
— Мыжеке, сiз облыс əкiмi болып келгелi жаман атты болып көрген
жоқпын. Министрлiктен алғыс хатым да бар. Алты айда алты тонна героин
тəркiлендi. Оның бес тоннасын ұрлатып алдық. Төрт тоннасын тауып
алдық. Үш тоннасын өртейiн деп жатқанда, екi тоннасы кем болып шықты.
Бiр тоннасының қайда кеткенi белгiсiз. Бiздiң жiгiттер жұмыс iстеп жатыр.
Алты айда...
— Тұра тұрыңыз. Сiздi не үшiн шақырғанымды есiме түсiрейiн. Алты айда,
аты айда деп миымды атала етiп жiбердiңiз ғой. Сiздiң салаңыздағы
министр менiң жан досым. Генералмын дейсiз, шенiңiздi офицерге түсiрiп
жiберейiн бе? Не үшiн шақырдым сiздi?
— Мен қайдан бiлейiн?
— Бiлесiз. Бiлiп тұрсыз! Ал, менiң есiмнен шығып кеттi. Мың сан жұмыс.
— Алты айда пəтер тонаушылар саны күрт азайды. Пəтер иелерi ұрықарыларды үйлерiне кiргiзбей отыр. Бəрiнде темiр есiк. Терезелерi
торланған! “Бiз аштан өлемiз бе?“ деп дiрдектеген екi ұры кабинетiме келiп
тұр. Айқайлап қуып шықтым. “Бiзге жоспар керек, давай ұрлық жасаңдар!“
дедiм. Жалпы, алты айда 800 пəтер тоналды. Былтыр 801 едi. Демек ұрлық
азайды. Алты айда алаяқтар...
— Тыжбан Тəпенович! Мен сiздi не үшiн шақырғанымды есiме түсiрген
сияқтымын.
— Не үшiн шақырған екенсiз?-деп сұрады облыстық iшкi iстер
басқармасының бастығы.
— Бiлмеймiн.
— Жаңа ғана есiме түстi деген едiңiз.
— Жоға, шақырғаным есiме түстi ғой. Бiрақ, не үшiн? Мəселе осында!
— Бiз алты айда алты қауiптi қылмыскерлермен атыстық. Осы қақтығыста
бiр камаз патрон жұмсадық. Екi қапшық граната жардық. Отыз екi пышақ
лақтырдық. Нəтижесiнде алты қылмыскердiң бесеуi тiрi қалып, бiреуi
сеспей қатты. Бiз оны өлген соң тұтқындап, қолына кiсен салдық. Бiздiң
жiгiттердiң небəры жетпiсi ғана қырылып қалды. Негiзiнен полицейлердi
садақпен қаруландырғым келедi. Патрон шығын болмайды. Қауiптi
қылмыскер қатар тұрса, бiр оқпен тыз-з еткiзiп атып алуға өте қолайлы.
Жебенiң ұшына тұз, ащы дəрi, уксус сеуiп қойып атса, жүдə жақсы.
— Мұның бəрiн неге айтып тұрсыз? Мен сiздi не үшiн шақырғанымды ендi
есiме түсiрiп, сiздiң жiгiттердiң өте нашар жұмыс iстейтiнiне қапаланып
отырмын.
— Неге?
— Неге дейдi ғой. Сiзде, сiздiң полиция қызметкерлерiнде ар-ұят жоқ.
Обшым адам емессiздер.
— Бiздегінiң бəрi адамнан аумайды.
— Ендi есiме түстi! Сiздер əсiресе, мына сiз неге менiң ұлымды жазалауға
неге бұйрық бермейсiз? Алты айдың iшiнде алпыс адамды қағып кеттi.
Оның 59-ы тiрi қалып, бiреуi қайтыс болды. Алты айдың iшiнде екi сиыр
қағып кетiп, оның бiреуi реанимацияда өлдi. Бұзауымен қоса. Астында
“Джип“, зулап келе жатып, МАИ қызметкерiн қағып кеткен. Артына қараса
жоқ дейдi. Сөйтсе, ол “Джиптiң“ астына жабысып қалыпты. Не деген
масқара! Неге жазалап бiр-екi күн уақытша қамап қоймайсыздар?
— Мыжеке... Алты айдың iшiнде...
— Доғарыңыз! Обшым полиция емессiңдер, менiң беделiме қарасаңдар, бiр
күнi баламнан айырыламын ғой!
— Мыжеке, бiз ендi... Сiздi сыйлап...
— Немене сыйлап? Гүл əкелiп берейiн деп пе едiңiз? Тағы да қайталаймын,
сiздер бар ғой, общым адам емессiздер! Менiң кiшi қызым бiр кiсiнi
қылқындырып өлтiрген! Наркобизнестiң нəтижесi, неге ұстамайсың?
Дiрiлдеп, қылтырап өлсiн дейсiң бе, əлде?
—Сiздiң тамырыңыз алысқа жайылған, қорқамыз.
—Немене, қорқатындай, мен бөжеймiн бе? Халық бiзден үлгi алсын! Күйеу
баламның пистолетiн қашан тартып аласыңдар? Кеше кафеде екi жiгiттi
атып кетiптi. Ұят қой, əбден еркiнсiп кеттiңдер. Əдейi селқос қарайсыңдар!
Əжемнiң не iстегенiн бiлесiң бе? Əжем иномаркалардың қымбат
магнитофондарын ұрлаумен айналысқан. Кəрi кемпiрдi намаз үстiнде ұстап
алуға болады ғой!
—Əжеңiздiң мiнезi жаман, қарғайды...
—Қарғыстан қорықпаңыз! Əйелiмдi, Құдайым-ау, менiң əйелiмдi неге
еркiнсiтiп жiбергенсiңдер?
—Ол кiсi не iстеп жүр?
—Бiреудiң кафесiн тартып алған. Жекеменшiк шаштаразыға шашын
бұйралатып, ақшасын төлемей кеткен. Қылмыс қой! Қылмыспен күресу
керек! Сенiң əйелiңмен қосылып алып, “разборка“ жасайды екен!
—Не дейдi?
—Обшым адам емессiңдер! Халық бiзден қалай үлгi алады? Балалар
бақшасындағы немерем не бүлдiрдi дейсiң ғой? Бiр қызды зорламақ болған.
Қыздың лыпасын шешiп алып, басына киiп алған. Тiлiн шығарған. Алты
айда, алты айда деп, ақпар беруден жалықпайсыз. Келiнiм ше? Келiнiм
СПИД жұқтырып келген! Ауыр қылмыс! Кеше асылып өлейiн дегенде,
үйiне апарып тастадық. Жоқ, сiздер жұмыс iстемейсiздер! Бəрiн қамау
керек. Сөйтiп қылмыс атаулыны саусақпен ғана санау керек! Естiп
тұрмысыз? Сiз кiмсiз өзi?
—Мен бе? Мен обшым адам емеспiн,-деген Бас полицей күмiлжiп қалды.
Басқа не дей қойсын?...
МАХАББАТ “ИIСI”
Бизнесмен Мыжбанның “Шымкент-Алматы” рейсi бойынша ұшатын
ұшаққа отырғаны сол, салон iшiндегi репродуктор саңқ ете қалды:
- Құрметтi жалпиып, құлақтары қалқиып, ерiндерi салпиып отырған
жолаушы мырзалар мен ханымдар! “Шымкент-Алматы” əуе лайнерiнiң
экипаж мүшелерiмен таныстырамыз! “АН-24” ұшағының командирi - Анау
ғой! Борт инженерi -бұрынғы қайнағам, атын атауға болмайды, бiрiншi
класты ұшқыш - Мынау ғой! стюардессалар - қазiргi қақшаңдап жүрген
енем жəне сiңлiм Ойбике Ойбайқызы.
Сонымен... Тыпырламай тыныш, жыбырламай жым-жырт отырыңыздар!
Қазiр енем ұршық иiрiп болғанша, қайын сiңлiм сiздерге қызмет көрсетедi.
Айтпақшы, таза ауаға шығамын деп, самолеттiң қанатына отыруға,
моторынан ұстауға болмайды!
Салон iшi жым-жырт. Мыжбан иллюменаторға қарап отыр едi, жанына
келген стюардессаны көрiп жымиды.
- Сəлеместсiз бе, стюардесса қарындасым? Жағдайыңыз қалай?
- Қалай болса, солай...
- Соратын құртыңыз бар ма?
- Мұнда жоқ, үйде бар.
- Кешiрiңiз, “үйiңiздегi шəйi көйлегiңiздiң керегi жоқ” деп əзiлдесем
көтересiз бе?
- Əрине, күйеуге тиген соң бала көтеремiз, бала барахолка!
бақыт, балалы үй
- Аулыңыз қайда?
- Жерде.
- Жұмысыңыз?
- Аспанда.
- Кешiрiңiз, стюардесса екенiңiздi ұмытып кетiппiн, бұған дейiн не
iстедiңiз?
- Кеше картөшке қуырдым.
- Жо-жоқ, бұған дейiн не iстедiңiз?
- Кiр жудым.
- Сiзге қарным ашты. Дұрыс жауап берсеңiз қайтедi?
- Қарныңыз ашса, қаймақ жалаңыз!
- Рахмет, тойдым.
- Тоймасаңыз тоныңызды пiрiсiп жеңiз!
- Масқара-а...
- Мас адамға қарамаймын.
- Қасқыр қарындас екенсiз!
- Қоян қарындас болғым келмейдi!
- Кешiрiңiз, құсқым келiп отыр... Қағаз қалта бересiз бе?
- Темiр қапшық берейiн...
- Тiл мен жаққа сүйенiп, болар емессiз ғой тегi!
- Немене, сүйкiмсiз сiзге сүйенуiм керек пе едi?
- Жоға, сiз маған ұнап барасыз. Құмырсқа белiңiз əсем екен.
- Е, сиырдың белi деп ойладыңыз ба?
- Сiздей сұлу қызды тапқан анаңыздан айналайын!
- Шешемдi айналып жүгiретiндей, бақсы емес шығарсыз?
- Кешiрiңiз, жiгiтпен жүресiз бе?
- Немене, жүрмегенде, еңбектеуiм керек пе?
- Басыңыз бос па дегенiм ғой...
- Бос болса, ботқа салып қоймақшысыз ба?
- Туу, тақылдап тұрсыз ғой...
- Ендi ше? Ыңқылдап тұруым керек пе?
- Жарайды ендi...
- Менi “жарамайды” деп кiм айтты?
- Шамасы, иегiңiз қышып тұр-ау!
- Қышыса, қасып берейiн деп пе едiңiз?
- Туу, миым ашып кеттi...
- Миыңыз ашыса, тұз себiңiз!
- Қарындас, тоқтаңыз? Қайда барасыз?
- Айға.
- Менi де ала кетiңiз!-деп Мыжбан орнынан тұрып, қыздың алдына тұра
қалды.
- Аға, ұшақта серуендеуге болмайды!
- О, жаратқан ием! Аспандағы махаббат деген осы шығар? Мен сiзге
ғашық болып қалдым. Сiз үшiн парашютпен секiрiп кетуге даярмын!
- Парашюттi қайтпекпiн? Одан да гүл ұстап секiрiп кетiңiз!
- Е, бəсе, осылай жiбiсеңiз қайтедi?
- Жiбiсем, жеп қоясыз ба?
- Жалмауыз емес едiм. Айтпақшы, атыңыз кiм?
- Атым жоқ, бием бар.
- Танысқанның айыбы жоқ, əжеңiз сiздi кiм деп атайды?
- Ботақаным, құлыншағым дейдi.
- Шешеңiз ше?
- Əкесiнiң қызы дейдi.
- Əкеңiз ше?
- Шешесiнiң қызы дейдi.
- Көршiңiз кiм деп атайды?
- Көршiнiң қызы дейдi.
- Сiзбен танысу қиын екен.
-Иə, математика, химиямын...
- Кешiрiңiз, ыңғайсыз болса да сұрайын. Сүйiктi тамағыңыз қандай?
- Быламық.
- Быламығы құрысын! маған тұрмысқа шықсаңыз бутерброд жейсiз! Мен
атақты бизнесмен Мыжбан Мəндiрбаевпын.
Мен сiздi мойныма
отырғызып бағар едiм!
- Ой, аға, мойынға отырып тамақ iшiп көрген емеспiн!
- Оны айтасыз, үлде мен бүлдеге орар едiм-ау!
- Орайтындай, бесiктегi бала емеспiн.
- Адресiңiздi айтпайсыз ба, iздеп барар едiм!
- Қотыр көше, кiрпiштi үй, ағаш есiк, бiрiншi диван.
- Қарындас, ескерткiш болсын. Фотоаппаратыммен сырт еткiзiп түсiрiп
алайыншы!
- Мейлi, осылай қимылдамай тұрыңыз! Жымиыңыз!
- Езуiм кеуiп қалған...
- Сəл күлiмсiреңiз...
- Күлсем, кеңiрдегiм қышиды.
- Былқ-сық етпей, кəдiмгiдей тұрыңызшы!
- Буындарымның болттары босап, белiмнiң пружинасы созылып кеткен.
- О-ой, қарындас, сiз робот емессiз ғой, стюардессасыз! Оппа түсiрдiм!
- Ненi түсiрдiңiз? Салон iшiне қоқыс тастамаңыз!
- Мен сiзге бiр көргеннен ғашық болдым!
- Қай жерiмдi көрдiңiз?
- О не дегенiңiз, мойныңызға ала, бiлегiңiзге жара жоқ, шынымды айтсам,
құшақта-ап, қысып, ай-ма-ла-ап құшып (жiгiт көзiн жұмып, қолдарын
созып, алапат махаббат отына күйiп-жанып тұрғанда, қыз кетiп қалады).
Махаббат отына күйiп, гүл ернiңiзден сүйiп, шiркiн-ай, ақ тамақтан
тыңқиып тойғанша иiскеп, ес-түссiз дөңбекшiп, тұншыға жаздап...
Мыжекең көзiн ашып қалып едi, екi қолын бүйiрiне таяп, стюардесса
қарындастың шешесi тұр екен. Жiгiт жалп ете қалмаса да, ыржиып,
кəдiмгiдей қипақтап қалды.
- Иə, тұншығатындай басыңа банкi кигiзiп қойып па едi?
- Ке-кешiрiңiз, а-армандауға да болмайды ма? Сiз-сiз кiм боласыз?
- Сен армандаған қыздың əкесiмен ЗАГС-ке барған баяғы бойжеткенмiн!
- Шешесi екенсiз ғой! Амансыз ба?
- Немене, өлiп қалды деп пе едiң?
- Iм-м... кешiрiңiз...
- кешiрмеймiн! Қызымның қасында жарбиып тұрғаның қалай? Самолеттен
лақтырып жiберйiн бе?
- Лақтыра салатындай бомба емеспiн...
- Қызымның басын айналдырған алаяқ емессiң бе?
Мыжекең шалбарының балағын тiзесiне дейiн түрiп қойды.
- Бұл не?-деп сұрады қыздың шешесi.
- Көрiп тұрсыз ғой, алаяқ емес, жүн аяқ, тоқ балтыр дегендей...
- Əй, шырағым, жер жетпегендей, аспандағы қызыма қырындағаның үшiн
айыппұл төлейсiң!
- Аэропортқа жеткен соң төлеймiн, апатай! Ойбай, самолет аспанда неге
тоқтап тұр?
- Бензин таусылды.
- ендi қайттiк? Қазiр құлайтын шығармыз?
- Қайдағы? Шымкент аэропортынан əлi ұшқан жоқпыз.
- Мəссаған! Аспандағы махаббатымды маздаттым
аэропортымдағы махаббатымнан май тамып тұр екен ғой.
ба
десем,
- Майың тамбақ түгiлi сорғалап кетсе де, қане тұр, бұл самолет бүгiн
ұшпайды. Басқа рейске тiркелесiңдер!-деген қыз шешесi кетiп қалды.
Кенет репредуктордан дауыс шықты:
- Құрметтi қыңқылдаған, ыңқылдаған жолаушы мырзалар мен ханымдар!
Ұшағымыз от алғанша бензинi таусылып қалды. Жалынып-жалпайып
кешiрiм өтiнемiз!
Мыжекең орнынан сүметiле тұрып, жанынан өте берген стюардессаға
ұмтылды:
- Қарындас, сiзге француз духиiн сыйлағым келедi.
- Маған қазақ жiгiтiнiң иiсi француз духиiнен артық! Жiгiт болсаңыз, менi
қуып жетiңiз!-деген қыз сықылықтай күлiп, қаша жөнелдi.
- Ойбай, не дейдi? Менде қандай иiс бар едi? Темекiнiң иiсi, шетел
шараптарының иiсi, доллардың иiсi... О, махаббат иiсi бар екен ғой! Мiне,
жүрегiмнен хош иiс шығады! Ароматный! Қой, сасып кетпей тұрғанда,
қуып жетейiн!
Ол қыз соңынан тұра жүгiрдi. Қайтсiн-ай!
АҚЫРЗАМАН «ОТМЕНИТЬ» ЕТІЛІПТІ!
Көршімді көріп, көзім шығып кете жаздады. Үйінің жанынан жер
қазып жатқалы төртінші күн, құдықтың ішіне түсіп кетеді де, əйелі
əкелген заттарды таси бастайды. Қызығып кетіп, жанына келдім. Бір
уақытта сопаң етіп, шыға келді.
—Көрші, көңілің көңнің арасында қалғандай, не істеп жатырсың?—деп
сұрадым.
—Естімедің бе не?
—Жаңа байрағымыздың көтерілгенін бе?
—Естімедің бе не?
—Тұңғыш президент мерекесін айтып тұрсың ба?
—Естімедің бе , не?
—А, ендігі жылы көктем келеді дейді...
—Естімедің бе, не?
—Естімедім, естімедім! Мен естімеген ол қандай жаңалық?
—Ақырзаман келе жатыр дейді!
—Немен?
—Автобуспен!—деп ашуланған ол маған жақындады.
—Мынауың не?
—Бункер.
—Не, баяғы соғыс кезінде Гитлер тығылған бункер сияқты ма?
Осы кезде əйелі мен қызы ырсылдап, кішігірім теледидарды көтеріп
келе жатты.
—Əй, Майра, теледидарды қайтесіңдер?
—Жер астында ішіміз пыспайды ма? Түріктің телесериалын көруім
керек...
—Сериал, сериал! Ақырзаман келе жатқанда сериал көріп отырмақшы
ғой!
—Əке, сіздің сақал қырғышыңызды əкелейін бе?
—Керегі жоқ! Ақырзаман келгенде қырынып отырайын!
Қызы мен əйелі теледидарды тастап, үйлеріне кіріп кетті. Мен
теледидарды көтерісіп ішке түстім. Жер асты үйі екі бөлмелі екен.
Ағаш тіреулер қойыпты.
—Жер асты пəтерің құтты болсын!—дедім мен.
—Айтсын.
—Былай ғой. Айтқан жерден аулақ, ақырзаман болды дейік. Сұңқиып,
жер бетіне шықсаңдар, тіршілік атаулы жоқ, сендер ғанасыңдар... Не
істейсіңдер?
—Облысқа əкім боламын...
—Қызықсың, топан су, шайып кеткен. Ештеңе жоқ, ешкім жоқ.
—Ысқырамын.
— Ұша жөнелетін шымшық та жоқ.
Осы кезде əйелі жарты қапшық ұн арқалап, астынан қызы көтере
көмектесіп келеді екен.
—Жеңеше, жер астында жатып, нан жабасыз ба?—деп сұрадым.
—Жоқ, кеспе көже пісіріп ішеміз.
—Қалай пісірмекшісіз?
—Газ плита түсірдік қой.
—Көке, сіздер қайда қашасыздар?—деп қалды қызы үрейленіп.
—Біз қашпаймыз. Үйде отыра береміз.
—Өлесіздер ғой?
—Көппен бірге өлген ұлы той...
—Əй қыз, тақылдай бермей, менің насыбайымды тауып əкел!
—Қазір əке!
Мен əйелі көтерген ұнды көтерістім. Жан-жағыма қарасам, жабылған
бəнкілер, қақталған ет, макарон, керек десеңіз, кепкен балықтар да
ілулі тұр!
Бір кезде, жеңешеміз отағасына бөлек жерге төсек сала бастады. Қызы
екеуіне есік жаққа салып, үшеуі де киімшең көрпенің астына сүңгіп,
жата кетісті. Состиып əлі тұрмын.
—Хім... көрші, а көрші, ақырзаман келмей жата қалғандарыңыз қалай?
Көршімде үн жоқ. Аударылып жатты. Аяғымды еппен басып,
жеңешеміздің жанына келіп, көрпесін сыпырғымен түрттім.
—Жеңеше, сіздерді əбігерге түсірген Ситчин деген оңбаған жазушы...
—Е?—деген жеңешем төсектен басын жұлып алды.
—1976 жылы ғой деймін, ойбай, көне шумер жазбаларын таптым,
жаңалық аштым, ойбай, марс пен юпитер арасында Нибури деген
ғаламшар пайда болып, ол жерге 2012 жылы желтоқсанда соғылады
екен деп кітап жазды ғой!
—Ақырзаман келе жатыр! Үйіңе бар да, бала-шағаңмен тауға қаш!
Əйелімнің қасында қарауылдап тұрсың ба не?—деп айқай салды
көршім.
—Оу, мына «бункеріңнің» есігін жауып алмайсыңдар ма?
—Есікті пултьпен жабылатындай етіп жасағанмын, миымды ашытпай,
кетші...
—Мен қасыңызда қалайыншы...
—Неге?
—Сіз жемейтін əкім болып кетсеңіз, мен орынбасарыңыз болып...
—Неге жемейтін əкім?...
—Енді жер бетінде жейтін ештеңе қалмаған ғой...
Бір кезде ұялы телефоным шырылдады. Сөйлесіп болдым да:
—Көрші, ақырзаман болмайды екен...—дедім.
—Қа-қалай?—деп сұрады көршім.
—«Отменить» етіпті...
—Кім? Қалай?
—Білмеймін, солай деп жатыр, жүріңіз, жер бетіне шығайықшы, жер
бетінде жайраңдап жүрейікші, жер астына түсу қашпас...—деп сыртқа
атылдым. Қуанған байғұстар төсектерінен атып тұрысып, жер үстіне
шығуға ұмтылды... Қайран, жарық дүние...
АҚШАНЫ АЛБАСТЫ ДЕМЕҢІЗ!
Ойпырмай, ақшаны қыбырлағанның да, жыбырлағанның да бəрі
жақсы көреді екен! Төрт қабатты үйімді қорып жүрсін деп, азу тістері
алтын, қабағы салқын, құйрығы батпандай, өзі ит болса да, ішінде тағы
бір ит өліп жатқандай, дə-əу, есектей ит сатып алғанмын. Үрмейді. Не
күлмейді. Не жүрмейді. Ауланың алдына ай бұрын түсіргенмін, сол
жерде əлі тұр. Қатып қалған. Содан ойланып, толғанып, аузына жүз
долллар қыстыра қойып едім, құдай-ай, əндете үріп кеп бергені! Үйді
айнала жүгіріп, үретін болды, керек десеңіз, ыржалақтап, күлетін
болды.
Үйге сөйлейтін тотықұс сатып əкелдім. Жаңа жылда əйеліме сыйлық
болсын дегенім ғой. Сөйлейді. Бірақ орысша. «К черту!» деп қояды
маған. Аузына елу доллар қыстыра қойып едім: «Қаз-зақ тілі жасасын!
Қаз-зақ тілі жасасын!» деп сарнап қоя берді. Аяғымды аяғыма «өріп»
қойып, ойлансам, бүгінде ақшасыз ештеңе бітпейді екен ғой! Тойхана
ашқанмын, жарық кіргізу үшін қанша мың долларым кетті. Бара
бердім, пара бердім, су кіргізу үшін де бара бердім, пара бердім, газ
кіргізу үшін де бара бердім, пара бердім. Пара бермесең, қыстырмайды,
керек десеңіз, ысқырмайды... Аттап бассаң, ақша... Біз сиқтыларға
мейлі, кеңірдегінен асқазаны көрінетін кедейлерге қиын енді...
Жаңа жылда сүт ішіп отырайық деп, сиыр сатып алдым. «Ерекше
сиыр, сегіз емшегі бар»» дегенге сеніп қалсам, астына үңіліп
қарамаппын ғой, төрт емшегі түгел екен.
—Сүт шықпай жатыр,—деді күтуші əйел.
—Емшегін жақсылап тарттыңыз ба?
—Жіп байлап тарттым. Сүт шықпайды.
—Не шығады сонда?
—Айран шығып жатыр...
—Қалай сонда?
—Білмедім.
Сиырымның алдындағы шөпке он мың теңге тастап едім, көздері
жайнап, шөппен араластырып жеп қойды. Сол екен, бір емшегінен он
кілə сүт, бір емшегінен он кілə иогурт, бір емшегінен он кілə қымыз, бір
емшегінен бір шелек минеральды су сауып алдық! Əне, ақшаны бəрі
жақсы көреді. Жаңа жылымыз көңілді өтсінші деп, ағылшын мысығын
сатып алғанбыз. Кіші қызым жүдə жақсы көретін болған соң. Бірақ
мысығы құрғыр не мияуламайды, не еркелемейді, не пырылдамайды,
не тамақ жемейді... Алдына елу тиын тастап едім, ой, тоба, көздері
жайнап, мияулап, аяғыма еркелей оратылып барып, пырылдап
ұйықтап қалды! Бір кезде жұмысшым жетіп келді. Ұнжырғасы түсіп
кеткен.
—Не болды?—деп сұрадым мен.
—Үш жүз тауықтың біреуі де тумай жатыр...
—Неге? Жаңа жылда бліншік пісіретін едік қой...
—Біреуін ұстап алып, белінен қысып едім, өліп қалды...
—Неге қысасың ойбай?
—Бұрын сөйтсем, жұмыртқасы ытқып шығатын...
—Банкрот болатын шығармыз!—деп күйінгеннен бетіме қара күйе
жағып, тауық қораға келдім. Күміс жүз теңгеліктерден бір шелегін
шашып кеп жібердім. Тауықтар жапа- тармағай жұтып қойды. Ал, сол
екен, жарыса туып кеп берсін! Жұмыртқа емес, елу теңгеліктерден
туатын болды! Айына алпыс шелек жүз теңгелікті жинап алатын
болдым! Сенбесеңіз өзіңіз біліңіз, бұл жаңа жылдық əзіл де болуы
мүмкін ғой! Қойшы, несін айтайын, бүгінде ақшаң жоқ болса, өле де
алмайсың, туған əкеңді көме де алмайсың! Сондықтан, ақшаны
албасты демеңіз, «жаным, жарығым, ғашығым!» деңіз! Кешелі бері
бəйбішем сөйлемей жүр. Бұрын «Азаттық» радиосы болатын. О, енді
есіме түсті! Жаңа жылда қолына мың доллар ұстата қояйын, қалай
сайрайды екен? Сайра сандуғашым, сайра, айтпақшы тоқалым бар,
оның аты Майра!
ӨТІРІК АЙТСАМ, ӨЛІП КЕТЕЙІН!
Өтірік айтсам, өліп кетейін, 1945 жылы басталып, 1941 жылы
аяқталған Ұлы Отан соғысына бсатан аяқ қатыстым ғой. Шынымды
айтсам, шешемнің құрсағында жата-жата ішім пысты. Жеті айлығымда
шала туылсам да, «Хош бол, мама! Фашистерден кек алмай
қайтпаймын!» дедім де, майданға көк есегіммен аттанып кеттім.
Жолай көк есегім байқамай гранат жеп қойып, іші жарылып өлді де,
жаяу əскер болып шыға келдім.
Ол кезде қару-жарақ аз еді ғой, ышқырымнан резеңкені суырып алып,
рогатка жасап алдым да, қақ маңдайдан қақырата атып, талай немісті
жер жастандырдым.
Өтірік айтсам, өліп кетейін, бір күні немістерді тырқыратып қуып
келе жатып, бір километр алға озып кетіппін, дереу такси жалдап,
қарсы шабуылға шықтым. Бір кезде танкім батпаққа тығылып қалды.
Сосын айқай салдым: «Əй, фəшестер! Не деген ит едіңдер! Адам емес
екенсіңдер ғой! Давай, танкімді итеріп жіберіңдер, ақысына он сотық
жер беремін!» деп қазіргі əкімдердей алдап едім, жиырма шақты неміс
жетіп келіп көмектесіп жібергені. Рахметімді айтып, бəрін қырып
салдым. Бір кезде қарасам, жүз шақты неміс солдаттары шабуылға
шығыпты. Атайын десем оғым таусылған. Менімен бірге өзбек келе
жатқан. Əндетіп. Одан бір қапшық патрон сатып алдым. Атайын десем,
о тоба, өзбек мені қатырыпты! Патрондардың ішіне насыбай салып
жіберген! Автоматыммен атсам болды, «Əпчу, əпчу»» деп түшкіре
ұшады. Немістер де түшікіріп өліп жатыр. Жауыздарды қуалап жүріп,
қытықтап өлтірдім. Бір генералын ұстап алып: «Қуыр, қуыр, қуырмаш,
етегіңе бытыра шаш! Мына жерде мина, мына жерде Зина, мына жерде
бомба, мына жерде сотка, мына жерде қытық, қытық!» деп едім,
бейшараның аузы ыржиып, өзі қылжиып, өлді де қалды. Бірақ
фашистер атқылауларын тоқтатпады. Үстімді шошқаның майымен
майлап қойғаным мұндай жақсы болар ма, оқ дегендерің жылп-жылп
етіп, сырғанап кете береді екен.
Өтірік айтсам, өліп кетейін, 1943 жылы сұмдық соғыс болды! Аяз бет
қаратпайды. Ұшқан оқтың өзі орта жолда мұз болып қатып жатты.
Неміс ұшақтары тастаған бомбылар қатты аяздан жарылмай,
көктемде, қар кеткен соң жарылып жатты. Немістердің қуықтарында
мұз қатып қалған, кіші дəретке отыра алмай өліп жатты...
Өтірік айтсам, өліп кетейін, туған күнім еді, достарыммен көп ішіп
қойыппын. Содан уралап, фəшістер жаққа өтіп кетіппін... Генералы
ұстап алып əбден ұялтқаны... «Соғыс кезінде ішіп алғаның не, а? Атаң
қазақ арақтан өліп пе еді? Сендердің түптеріңе арақ жетеді!
Кəмəндіріңе хабарлайын ба?» деп ұрысты. Тіпті сөгіс жазып берді.
Кешірім сұрап, кетіп қалдым. Келесі бір шабуыл кезінде сол генерал
айқайлап жүр: «Ей, солдаттар! Сағат бірден асып кетті, обед, обед!»
Өтірік айтсам, өліп кетейін, соғыста тəртіп қатаң еді! Любой соғыс
таңертең таңғы тоғызда басталып, кешкі алтыда аяқталатын. Обед
кезінде кафелерде отыратынбыз, лаваш жейтінбіз. Екінші смен
бойынша соғысу деген атымен жоқ.Соғысқанымыз үшін айлық
алатынбыз. Қазіргі кейбір кəсіпкерлер сияқты айлықтарын бермей
қою деген атымен жоқ, сенбі, жексенбі күндері Берлинге барып,
немістердің қыз-келіншектеріне «движение» жасап қайтатынбыз.
Вечер жасайтынбыз. Ауылға барып, ет жеп қайтатын едік.
Өтірік айтсам, өліп кетейін, немістің Анна деген қызы ғашық бола
берген соң, көңілін қимай, танкімен алып қаштым. Беташар жасадық.
Келіннің бетін Гимлер ашты. Гитлердің өзі келіп, табаққа теңге
тастады ғой! Арқамнан қағып, «Жарайсың, күйеу бала!» деді. «Екі
жұлдыз» деген тойханада тойымыз өтті дүркіреп. Сталин тамада
болды. Берия күйеу жолдас болды.
Той өткен соң, блиндажда жатыр едік, немістер шабуыл жасай берді.
Дамбалшаң атып шығып: «Атаңа нəлет фəшестер! Тыныштық
беріңдерші! Бал айын жөндеп өткізейін де!» деп айқай салдым.
Я, біз не көрмедік? Жау самолеті тастаған бомбаларды шинеліміздің
етегімен қағып алып, танкілерін таспен ұрып, миналарын металломға
өткізіп жүре беруші едік. Өтірік айтсам, өліп кетейін!
КРЕСЛО КӨКПАР
Мейлі, көзіңізді жеті рет жұмып, алпыс рет ашыңыз, шəй ішіп
отырып, шынымды айтайын, өтірік айтсам, төркініме қайтайын....
Облыстық теле арнадан көкпар беріп жатыр! Ойбай, оның несіне
таңданасыз, енді көрсеңіз таң қаласыз!
Премьер министр «Мұнай ішеміз!» компаниясы президентінің
босаған креслосына көкпар беріп жатыр екен! Қасыма күйеуімді
шақырып, аяғымды жылы суға батырып, (біздің пəтер суық, жылу
жоқ) кресло көкпарды тамашалай бастадық... Сонымен, теле тілші
сөйлеп жатыр!
...Құрметті көрермендер, көкпар десе, өлермендер! «Мұнай ішеміз!»
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.