Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 16

Total number of words is 3665
Total number of unique words is 2166
26.8 of words are in the 2000 most common words
37.7 of words are in the 5000 most common words
44.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сөйтіп, өзге құрылысшылармен бірге жүргенімде, премьер министр
нөкерлерімен жетті.
—Жағдайларыңыз қалай?—деп сұрады министр.
—Майға піскен нандай!-дедім мен.
Қала əкімі ыржиып қалды.
—Еңбекақыларың өсті ме?
—Өшті. Қытайлықтардан кем аламыз, Қиын жұмыстарды біз істеп, аз
ғана демаламыз...—дедім мен. Əкімнің бетінде тайфун дауылы
тұрғандай.
Мені құдай тағы да ұрғандай... Содан жүгіріп барып, премьер
министрдің қолын алып, енді сүйе бергенімде, екі күзетші жігіт көтеріп
алып, дырылдата
сүйреп, полицияның машинасына тоғытты. Содан дəрігерлер келіп,
ернімнің терісін ойбайлата сыпырып алып, “у жағып алған жоқ па?”
деген күдікпен лабароторияда тексерді. Дəрігерлердің бір шариктері
кем-ей, ерніме у жағып алсам, алдымен өзім өліп кетпеймін бе? Содан
тергеуші:” Неге қолынан сүйгіңіз келді? Кім жұмсады? Оппозиционерсіз бе?” деп миымды жалапжұқтап қойды. Тергеушінің де
қолынан сүйгім келіп, ұмтылдым. “Еркек еркектің қолынан сүюші ме
еді?” деп жолатпады. “Жазушылар сүйе береді...” деп мен де
қалыспаймын.
Əрең құтылдым. “Екі жыл еркектің қолынан сүю құқынан айырылды”
деген сот шешімі де шықты. Демократия қайда? Кімнің қолынан, тіпті
аяғынан сүйемін, өз еркім емес пе? Жүр ғой бір ақын жер басып,
патшаны “Жер бетінде жаралған тұңғыш қазақ” деп мадақтап. Тіпті бірі
Мұхаммед пайғамбарымызға
теңеп... Жоқ, мен олардан кем емеспін! Қалайда, президенттің қолынан
сүюім керек! Түсіме қайыршы шал бекер кірген жоқ! Мені көзіне бекер
ілген жоқ...
Əуелі жаттығудан бастадым. Көшеде келе жатып, бір еркек көрсем:
—Сəлеметсіз бе? Рұхсат па?—деймін.
—Немене, рұхсат па?
—Қолыңызды жуып па едіңіз?
—Ал, жуғанмын.
—Сабындап?
—Сізге не керек өзі?
—Қолыңыздан сүйейін деп едім...—деп тұра ұмтылып едім, ол тұра
қашты.
Қуалап жүріп, қолынан сүйгенім бар болсын, “Маньяк!” деп тұмсығыма
періп кеп жібергені... Енді өзім тұра қаштым.
Содан, шенеуніктердің қолдарынан сүйсем, олардың жаны кіріп
барады. “Ілтипатыңызға рахмет! Тəубеңізге енді түсіпсіз... Тағы
сүйіңізші...” деп қиылып
тұрып алатындары, “бұрынғы əкім жынданып кетіпті , көрінген
еркектің қолынан сүйе береді!” деп сыртымнан ұрып алатындары да
болды. Патшаның
маңына жолай алмайтын шығармын? Бір рет Алматы облысын
аралауға
келгенде, мен де тұра жүгіргенмін, бірақ полицейлер мені
көргеннен:”Қол сүйгіш көкеміз келе жатыр!” деп мазақтап күліп, бəрі
қолдарын ұсынды. “Менің қолымды сүйіңізші, менің қолымды!” деп
таласа кетті. “Халықтан қырнап жеген, керек болса, тырнап жеген
қолдарыңнан сүймеймін!” дедім де, табанымды жалтыраттым. Мазақ
етеді адамды. Бұл қазақ бір-бірін мазақтаудың хас шебері ғой!
Патшаның қолына қолым жете қоймасын сездім де, көшеде қолын
созып тұрған үлке-ен плакат суреттің қасына келдім. Патшаның суреті.
Балалардың ортасында тұр. Суретке қарап тұрып, ернімді қалай жалап
алғанымды сезбей де қалдым. Миыма бір ой келді. Оң иығымдағы
періштем:”Қызметбай Қуғанбаев! Бұл тірлігіңді қой!” деді. Сол
иығымдағы періштем:”Өмірде іш, же,тыш,сосын өлгенше той!” деді. Не
керек, патшаның биікте тұрған суретіне өрмеледім, өрмелеп келемін,
енді жетіп, қолынан енді сүйе бергенімде, біреу балағымнан тартып
қалды. Əкімдіктен босағалы, қарным да босап қалып еді, шалбарым
шешіле кетті, масқара,төменде ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тұр.
Трусиімді бір тартып қойып, төмен түстім. Бірінің қолынан енді сүйгім
келген, қолыма кісен салды. Е, мырзалар, сөйтіп, “патшаның қолынан
сүйсем!” деген арманым адыра қалды...
КӨРШІЛЕРДЕН ҰЯТ БОЛДЫ...
Өзімді -өзім қытықтайын деп емес, құттықтайын деген оймен ойым
он саққа жүгіріп, қиялым қиярдай туралып, жүрегім қарбыздай жарыла
жаздап, компьютер орталығына бардым да, өзіме арнап құттықтау
сөздер жазғызып алдым. Орталық пошта арқылы өз мекен-жайыма
салып жіберіп, ал күтейін. Қазіргі жастарға рахат, ұялы телефонымен
СМС дегендей, бір-біріне боратып жазып жатады.
Баяғыда қыздарға хат жазып, жарты ай күтіп үйренген байғұс басым,
үш күннен кейін дарбазамның сыртындағы пошта жəшігімді қарасам,
хат келіп тұр! Ойпырмай, маған да хат келеді екен-ау! Қуанғанымнан
қолтығымды қаси бердім, қуанғанда сөйтетін əдетім бар. Əйелім мен
бала-шағамның көзінше оқи бастадым:
« Битін сыққан, сіңірі шыққан, аса кедей тұратын қадірлі қазақ
Жартыбай Жарымағанұлы! Сізді, жəне сіздің жан-ұяңызды Жаңа жыл
мерекесімен құттықтамаймын! Өйткені, сіздердің Жаңа жылдарыңыз
əлі алда, 22 Наурыз!
Соны ұмыттыңыз ба, қауақбас!
Сəлеммен, Америка президенті Барак ОБАМА.»
Əйелім маған, мен əйеліме қарадым. Америка президентінің атынан
өзіме-өзім хат жолдасам да, шынымен қуанып, бір жағынан ойланып
қалдым! Жарайсың, Обама! Бірақ, Қауақбас деп кекеткенің ұнамайды
енді... Əйелім хатқа сенбейін десе, конвертпен келіп тұр, сыртына
маркалар жабыстырылған... Мені Обама қайдан таниды? Өзім де аңтаңмын. Əйелім көршілерімнің көзінше оқып бергенде, төбем көкке екі
сантиметр, жо-жоқ, бір милиметр жетпей қалды... Содан дəнігіп алған
мен пақырың, өзіме боратып хат жаза бастадым. Пошта жақтан кешігіп
келе берген соң, жұртқа білдірмей, түнделетіп дегендей, пошта
жəшігімнің тесігіне лып еткізе сала қоямын! Жаңа жылға бір апта
қалғанда, Құдайым-ау, кімнен дейсіз бе, премьер министрден!
Көршілердің көзінше оқи бастадым:
« Аса қадірлі Жартыбай Жарымағанұлы! Сізді, жəне сіздің əйеліңізді,
көршілеріңізді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен
құттықтаймын!
Сізді желтоқсан айында өтіп кеткен саммитке
қатысуға шақырайын деп едік, əдіресіңізді білмедік. Кешіріңіз... С
приветом, Коля.»
Қуанғаным-ай! Үкімет халықпен қашанда бірге деген осы!
Көршілерім де құттықтап жатыр! Премьер- министрдің ниетінен
айналайын, шақырған күнде бара алмаймын ғой, дəл саммит өткен
күні құдамыздың алпыс жылдық мерей тойына бардық емеспіз бе?
Ертеңіне де еңіреп тағы бір хат келді! Көршілерім күнде үйімізде. Хат
келмеген күндері: «Жартеке, қашан хат келеді?» деп сұрайтын болды,
тап бір пенсия алатындай...
«Сəлеметсіз бе, Жартыбай аға! Сізді Жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймын! Сіз елімізде өршіп тұрған туберкулезбен, гайморитпен,
гастритпен, қан қысымымен, қант диабетімен, тағысын тағылармен еш
уақытта ауырмаңыз!
Келер жылы кене шақпасын! Əрдайым,
көңіліңізді əн көтерсін! Сəлеммен, Роза РЫМБАЕВА.» Қуанғанымнан
қолтығымды қаси бастадым. Мұндай əдет көршілеріме де жұққан ба,
олар да қолтықтарын қасып жатыр. Қуанышыма ортақтасқандары ғой.
Содан не керек, тағы бір күні хат алдым: «Барлық елдердің қайыршыкедейлері, бірігіңдер!» Сəлеммен, Қытай коммунистік партиясы
атынан Владимир Ильич Ленин.» Əлдеқашан сүйегі қурап кеткен
Ленин мені қайдан таниды? Осы жолы жастар тілімен айтсам, «қуып»
кетіппін, дегенмен, Лениннен хат алғаныма қуанып, төрт күн бойы
«жуып» кетіппін... Негізі қате өзімнен, В.И. Ленин атынан Қытай
коммунистік партиясы деп жазғым келген.Содан көршілерім келмей
қойды... Сенбей қалды ма, əйелім де маған күдікпен, бетіме тесіле
қарайтынды шығарды. Өзім де, өзіме күдікпен, айнадағы бетіме тесіле
қараймын... Өзбекстан президенті Ислам Каримов хатын былай
жазыпты: «Жартыбай братишка! Жаңа жылыңмен табриклаймын!
Қазақстанда өткен саммитке қатыса алмадым, кешір. Қойдың кезегі
шығып қалды...»
Дəл жаңа жыл күні тағы кезекті хатымды алдым. «Əй, Жартыбай! Ит,
шошқа, ноқаты кем десе!Адам өзіне-өзі хат жаза ма екен? Одан да
посылка салмайсың ба? Сəлеммен, Амантай қажы...»
Көршілерім «Жартыбай жаңа жыл қарсаңында жынданып кетті!» деп
сыбырласты... Əйелім мені қоярда қоймай тəуіпке апарып «оқытты».
Не істесем екен? Өзіме- өзім хат жазуымды тоқтата алар емеспін... Енді
облыс əкімінен хат күтіп жүрмін... Бір күні пошта жəшігінен əйелім
жазған хат алдым. «Оңбаған Жартыбай! Қаншама конверт, марка
құрттың! Оған кеткен ақшаға тұз, вермишель алатын едік қой! Балашағаңды хатпен асырайын деп пе едің? Сүмелек десе! Ел-жұртқа
масқара болдық! Мен төркініме кеттім! Жаңа жылды сол жақта
өткіземін! Қарның ашса, өзіңді асырайтын ба-ай қатын ал! Сəлеммен,
экс-қатының Қатипаш.»
Аптығым басылып, аузым ашылып, кешеден қалған көжені ұрттап
отырмын, миым ашып, шынымды айтсам, «құрттап» отырмын...
ЖЫЛАҒЫМ КЕЛЕДІ…
Ескі жылдың есігі жабылайын деп, Жаңа жылдың есігі "тоқ-тоқ!" етіп
қағылайын деп тұрғанда, Астанада ҚАЗАҚ қоянын жыл тағына
отырғызу рəсімі өтті. Бұл жыбыр-жыбыр жиынға дүние жүзінің аңдары
қатысып, Қоянды қоян жылымен құттықтады. Əр елдің өз қояндары
таққа отырса, сол елдің барыстары тақтан түсіп, Қоян мырзаларға
тағзым етіп жатты... Ал біздің қазақтың барысы креслодан кеткісі
келмей, "сау болыңызды" айтып, жетер жеріне жеткісі келмей,
қиналып, қипақтап тұрып қалды, БАҰ-ның хатшысы (Біріккен аңдар
ұйымы) УАҚЫТ мырза жұдырығымен стол үстін ұрып қалды...
—2010-шы Барыс мырза! Жұрттың бəрі сізге ырза. Жұтқыншағыңыз
жыбырлап,
маған бірдеңе айтайын деп тұрсыз ба,сыбырлап?
—Уақыт мырза,—деді қазақы Барыс жөткірініп,—тағы бір жыл "Барыс
жылы" болып дегендей...
—Мына сөзің таңертең тұра салып, топырақ жегендей! Қуасың ба не?
Екі жар-жар болмайды деген сияқты екі Барыс жылы болмайды!
—Неге, ауқатты қазақтар төрт-бес жасырын жар-жарға қол жеткізіп
отыр. Менің жылым жаман өткен жоқ. Жуырда ғана жер-жаһанның
назарында болып, саммит өткіздік... Адамдар балаларының аттарын
Саммитхан, Саммита қойды...
Қоянның құлақтары қалқайып,ауызы аңқайып отырған, айналасына
жылы көзқарасымен жымиып, жүнін жылтырата тұрды.
—Барыс бауырым, сенің жылың жаман болған жоқ, азуың алты қарыс
болды,
министрлерді қамаудан "Азиялық жарыс" болды... Байлар мемлекет
"мəмесін" сорып жатты, кедейлер мұны "келешекте біз бай болсақ,
олар құрметті Құдай боладыға" жорып жатты...
—Қоянжан... Айналайын, "братишка"... Қатты кеттің-ау деймін?
—Мемлекеттік тілімізге тесірейіп қарайтын шала қазақтардан да сізге
бірдеңе жұққан-ау деймін?
Қытай қояны ортаға шықты да:
—Ча чи чу, мачи чу... Неменеге сөз таластырып тұрсыңдар, ча-ча? Одан
да
бір-біріңді құшақтаңдар! Еңселеріңді есік мыжып кеткендей ғой?! Жаңа
жылдарыңызбен, ханымдар мен мырзалар! Қоян жылы құтты болсын!
—деді.
—Қояндар жасасын!-деп қалды америкадан келген қап-қара негр қоян
қол шапалақтап,—Майн неймс Коянака. Бəріңізді "Қара жорға" биіне
шақырамын!
—Неге "Қара жорға?" —деді Үндістаннан келген қоян сызылып,—
"Қоянни, Джимми, ачо-ачо" əніне билейік!
—Менің түсім қара, сондықтан "Қара жорғаға билейік!—деп қоймады
негр Қоян. Қанша дегенмен, тау басында жүретін арлы Барыс емес пе, Барекең
ақырын жылжып келіп, Қоян мырзаның бетінен жалады да:
—Жаман үйреніп қалыппын... Бір түрлі қимаймын...Менің жылым кетіп
барады... Жылағым келеді... —деді.
—Қой, жылама Барысжан,—деген Қоян оның шұбатылған құйрығын
көтеріп қойып,—Қоян қыздар, қайдасыңдар? Аштан өлдіңдер ме, сəбіз
жей бергенше, Барыс мырзаны биге шақырыңдар!
"Сəбіз"əні орындалып, Қоян қыздар Барысты бірінен соң бірі биге
шақырды... Бір қоян шетелден келген барысбикені биге шақырып еді,
анау" ноу, ноу!" деп жолатпады. Сол екен əлгі қоян: "о, шешең..." -деп
қалды. БАҰ ұйымының хатшысы Уақыт:
—Кім-əй бұл балағат сөз айтқан?—деп сұрады. Қоян жігіттер əлгі
қоянды желкелеп əкелді.
—Сен кімсің?—деп сұрады Уақыт.
—Қоянмын...
—Қайдан келдің?
—Шымкенттен...
—Шымкентшелеп боқтағандарыңды қашан қоясыңдар осы!
—Кешіріңіз, Жаңа жылдан бастап қазақшалап боқтамаймыз, Жаңа
жылда би билеп, Наурызға дейін тоқтамаймыз!
—Жарайсың!—деді
қояндардың
Уақыт.
Сосын
күбірлеп:"Осы
Шымкенттік
жүрмейтін жері жоқ..." деп қойды.
—Қоян қорқақ келеді деуші еді...—деп қалды Ауғанстаннан келген
пуштун
қоян.
—Кешірерсіз,—деп үн қатты қазақ қояны,—Қазақтың қояны да қасқыр!
"Қоянды қуа берсең батыр болады, еркекті қуа берсең, қатын
болады..."- деген мақалым бар! Жаңа жылдарыңмен, адамдар!Жылдан
жылға адам болып қалыңдар!!!
КӨРЕСIНI ƏЙЕЛДЕРДЕН КӨРДIМ…
Сiзге айтайын дегенiм, Құдай басыңызға салмасын, мен көресiнi
əйелдерден көрдiм… Жо-жоқ олар менiң екi аяғымды бiр етiкке тығып, бiр
етiгiмдi далаға лақтырып жiберген жоқ. Былай ғой, қарызданыпқауғаланып, мен байғұс үйленемiн де, бөлек жатамын… Қашанғы бөлек
жатайын, сосын ажырасуға тура келедi…
Алғашқыда, ыстық-суығымыз басылмай тұрғанда, кескен теректей болып,
бiрге жатамыз-ақ… Түннiң бiр уағында сүйiп қосылған алғашқы əйелiм
сандырақтай бастайды.
—Үкiмет!-деп шыңғырғанда, шайтан шашымды тарап, ақшамды санап
жатқандай əсерде боламын..
—Үкiмет!-дейдi ол ары қарай,—Дағдарыстан қалай шығамыз?
“Дағдарыстың дəрiсiн iшпей-ақ, өтiп кетемiз!”-деп халықты неге
алдайсыңдар?
Мен əйелiмдi түртемiн. Ол болса:
—Үкiме-ет!-деп шыңғырады,—жұмыссыздық қашан жойылады? Мұнайлы
ел болсақ та, жанар май қашан арзандайды? Үкiме-ет, қарным ашты…
—Тырнабике,тұр деймiн, таң атты!
—А? Ой, кешiр, Аңғалбай…
Ертеңiне көрпе-жастығымды алып, бөлек жаттым… Əйелiме: “Емiн еркiн
сандырақтай бер, шыңғыра бер!”-деп тiлек айттым. Түннiң бiр уағында
шошып ояндым. Қарасам, əйелiм қасымда шоқиып, мүлгiп отыр, кеудемдi
шапалақтап қояды да:
—Миттал! Миттал!—дейдi.
—Митталың кiм, Тырнабике? Алғашқы махаббатың ба?-деп сұраймын ол
оянған соң.
—Ой, кешiр, Аңғалбай… Түсiмде Үндiстанның миллиардерi Митталмен
айқайласып жатырмын… Абай шахтасының қожайыны… Шахтерлер
соның кiнəсiнен қаза тапты емес пе? Түсiме кiрiптi. Шахтадағы апат…
—Тырнабике, сен əкiм емессiң, министр емессiң, елдегi оқиғаларда
шаруамыз қанша?
—Шаруам жоқ! Қызық емес маған да! Тек түсiме кiре бередi…
Аяп кеттiм…Тура ел ертеңiн ойлап жүрген шенеунiк сияқты…Бетiнен
сүйiп, ұйықтап кеттiм. Бiр уақытта жастықтан басымды жұлып алдым.
-Қазақстанды сталиндiк рух шарлап жүр!—деп айқайлаған əйелiм ұйықтап
жатып еңкiлдеп жылайды келiп. Кемсеңдеп мен де жыладым. Ақырында
бақыра жыладым.
—Сен неге жылайсың?-деп сұрады əйелiм оянып кетiп.
—Ажырасамыз-ау деймiн, соған жылап жатырмын…
—Неге, жаным?
—Ұйықтап жатқанда сөйлемейтiн əйелге үйленемiн…
Əйелiммен қимай қоштастым…Өзiн сүйетiндiгiмдi, алайда, қашанғы
бөлек жататынымды түсiндiрдiм. Түсiндi де, тiстенiп кетiп қалды. Сөйтiп,
екiншi мəрте үйленуiме тура келдi. Жабысқақ деген қызбен танысып, бiр
айдың iшiнде үйленiм тындым.Тыныш ұйықтайтын шығармын деп
ойлағанмын, қайдағы, маған тиген қыздардың бəрi сандырақтағыштар
əулетiнен бе, бұным бұрынғымнан өтiп кеттi. Түннiң бiр уағында ояным
кетсем, əйелiмбiр қолын созып жiберiп, кiндiгiмдi тырнағымен шұқылап
жатыр! Қазба байлығын тауып алғандай…
—Қазақ бiрiн-бiрi шұқиды, ел болайық, ағайын…-деп санды-рақтағанын
айтсаңшы! “Қазақ басқа жердi шұқиды!”-деп айқайлап айтқым келдi де,
ұялып қалдым. Келесi бөлмеге барып жаттым. Мəссаған, мынау шынында
жабысқақ екен, ұйқысұрап, артымнан келе жатыр. Сол, көзiн ашпаған күйi,
қасыма жата кеттi… Ұйықтап жатқанмын. Бiр кезде, бiреу бетiмдi тiстелеп
жатыр. Көзiмдi ашсам, əйелiм Жабысқақ! Өзiн жұлқып ояттым:
—Не болды саған, жаным?
—Кешiр, Аңғалбай, түсiмде ет жеп жатыр екенмiн…
—Сүйек кемiрмегенiңе шүкiр…
Онымен де ажырасып тындым… Тыныштық iздеп жүрмiн. Кеңiрдек деген
қызға үйлендiм. Отырып қалған кəрi қыз екен. Жаным кiрiп қалды. Екi күн
тыныш ұйықтадым. Үшiншi күнi жаным қалмады. Əйелiм қызыл кеңiрдек
болып:
—Байқоңы-ыр! Байқоңыр!—деп шыңғырғанда,төбе шашым тiк тұрып,
сосын “талып” қалғандай болды… Шапалақтап, оятып алдым. Сөйтсем,
түсiнде Байқоңырда жүр екен…
-Кешiр, Аңғалбай, түсiмде “қазақ ғарышкерi де ұшу керек!” деп Ресей
президентiмен айқайласып ұрысып тұр екенмiн…
Үндеген жоқпын. Мен алған əйелдердiң бəрi елдiң қамын ойлағыш болып
кеттi… Жарытып жар сүйе алмайтын болдым-ау!
—Ажырасайық…-дедiм мен.
—Өлə…—дедi əйелiм.
—Немене, өлə?
—Ұят қой…
—Кiмнен?
—Мен қыз күйiмде… жар қызығын көрмей кете беремiн бе?
—Үш күн тұрдық. Сынақ мерзiмi бiттi. Үкiлi үмiтiмдi ақтамадың…
—Сонда мен үш-ақ күн тұрмысқа шықтым ба?
—Аз ба не?
—Сен менi мазақ етiп тұрсың ба? Əке-шешеме, таныстарыма не деймiн?
Жоқ ажыраспаймын, жаным…
Жабысқақ жабысып қалды… Бiрақ, менiң көрген қорлығымды сiзге
бермесiн… Бүгiнде бөлек жатырмын… Жындыханада…
ДЫМ ЖОҚ…
Облысқа “свежи” əкiм келiп, Iшкi iстер департаментiнiң бастығы,
генераль-майор Дегенбай Жегенбаев есеп берiп жатыр. Қағаздан бас
алмайды, қағаздың өзiн жеп қоятындай…
—Қылмысты қанша ғасыр өтсе де, iзiн суытпай ашып жатырмыз. Айбарлы
ақын Махамбеттiң басын шауып алған жексұрын, оқымаған, тупой,
рецидивист Ықыластың немересiнен туған шөбересiн шөп орып жүрген
жерiнде тұтқындап, iстi сотқа өткiздiк… Тiрiдей ұстадық!
Əкiм көз əйнегiнiң үстiмен қарап, жөткiрiнiп салды. Сосын:
—Жегенбаев мырза, маған бүгiнгi қылмыс əлемiнiң жай-жапсары туралы
мəлiмет берсеңiз…—дедi.
—Соған келе жатырмын, сəл сабыр етiңiз… 1960 жылы есiк алдында
есiнеп отырған Қатипаш Кəрiбаева деген кемпiрдi зорлаған мəлiметтi
архивтен тауып алып, 1940 жылы туылған , бүгiнде алпыс тоғызға келген
қақпасты насыбай атып отырған жерiнде тұтқындадық… Қысқасы, тiрiдей
ұстап алдық! Ал, биыл көктемде Əлекеев деген кəсiпкердi əйелiмен қоса
бауыздап, үйiн тонап кеткен қанiшердi құдай бұйыртса, 2015 жылға
жеткiзбей қолға түсiретiнiмiзге сенiмдiмiз. 1998 жылы ресторанда iшiп
алып, досын 25 жерiнен пышақтап қашып кеткен Қашқынбаевтың Ресейде
“Камазға” мыжылып өлгенiн естiп, iстi қысқарттық… Қан жiбермейдi,
осыған көз жеткiздiк… 2005 жылы iшiп алып, рульге отырған Масбаев
жолда пiсте шағып тұрған келiншектi қағып кеткен. Келiншек ауруханада п
iсте шағып жатып қайтыс болған. Мiне, сол Масбаевтың биыл iзiне
түстiк…
Əкiм мазасыздана бастады.Тершiген маңдайын сүртiп жатып:
—Нашақорлармен күрес қалай болып жатыр?—деп сұрады.
—Нашақорлықтың бетi аулақ, оған жоламауыңызды сұранамын…
Облыстағы нашоқорларды жинап алып, сiздiң жиенiңiздiң атындағы “түнгi
клубтың” қабырғаларын сылаттық, көнбегендерiн ұрып-соғып, əбден
жылаттық… Сөйтiп, еңбекке баулып жатырмыз. Биыл облыс бойынша бiр
тонна героин тəркiленiп, оның жартысын Ауғанстанға сатып жiбердiк…
Облыс бюджетi үшiн… Қалғанын iздестiрiп жатырмыз. Өзiңiз бiлесiз,
бүгiнде алаяқтық жолмен пəтер сатушылар қатары өсiп, оның тең
жартысы шетелге қашып кеттi. Қаша берсiн, ол жақта жетiсер деймiсiз?
Сауап болыпты деймiз де… Облысымызда мал ұрлығы да “өркендеп”
келедi. 1993 жылы Малбаевтың қорасынан үш сиыр емшектерiмен қоса, бiр
жылқы жүгенiмен, екi есек ер тоқымымен ұрланған. Атақты баукеспе мен
осы қызметке келгенге дейiн ұсталмай жүрiптi. Ауылда тұратын
нағашымның отыз қойын, жиырма ешкiсiн ұрлап, əлдекiмге “оптом” өткiзiп
тұрган жерiнен тiрiдей ұстап алдық. Егер сол ұры сiздiң нағашыңыздың
қорасына түссе қайтер едiк? Құдай оның бетiн аулақ етсiн. Облысымызда
былтыр 119 жылқы, 119 сиыр, 119 түйе, 119 қоян ұрланса, биыл бұл
көрсеткiш 120-ға жеттi. Баукеспелер шеттен келген жоқ, өзiмiздiң
жерлестерiмiз, сондықтан “қайда қашар?”- деп отырмыз. Əйтеуiр бiр
жылдары ұсталатынына сiздi сендiргiм келедi. Өйткенi, “ұсталмайтын” ұры
жоқ…”
Облысымызда биыл 1999 қалта телефон қолды болды. Бұл бiздi қуантып
отыр. Өйткенi, қалта телефоны адам денсаулығына зиян дегендi естiп
жатырмыз… “Иномаркаларды “тонаушыларды да еркiндiкке жiбердiк,
биыл 200 автомобиль ұрланды. Соның нəтижесiнде қала ауасы екi жүз
есеге тазарды. Əрi техникалық байқаудан өтпей, салық төлемей жүргендер
Май инспекторларынан құтылып, қуаныштан арақ iшiп кеттi деп естимiз.
Ендiгi жылы 320 иномарка угон болады деп күтiлуде… Қасақана кiсi
өлтiрушiлердiң 115-iне ескерту жасап үлгердiк. Бұларды тағы да 115 адам
өлтiру кезiнде тiрiдей ұсталынып, нақты дəлелдермен сотқа өткiзiледi деп
жоспарлап отырмыз. Бес қылмыскер таза жынды болып шықты. Алдағы
кезде мұндай жындылар көбеймес үшiн, жындылардың бəрiн жинап алып,
жиналыс өткiздiк.
Ол бетiн сипады. Облыс əкiмi де бетiн сипап болып:
—Болдыңыз ба?—деп сұрады.
—Болдым…
—Сiздiң дəйектемелерiңiзден қалтырап тоңдым…
—Аспирин iшiңiз…Терлейсiз…-деп мiңгiрледi генераль-майор. Əкiмде үн
жоқ, генераль-майорда да үн жоқ. Өйткенi… дым жоқ.
“БIЗ” БЕН “МЕН”
Тəуелсiз “Бiз” газетi мен мемлекеттiк “Мен!” газетiнiң бас редакторлары
шағын кафеде отыр. Екеуi курстас болатын.
—Жағдайың
Астанабай.
қалай?—деп
сұрады
“Мен!”газетiнiң
бас
редакторы
—Жағдайым нашар… -дедi “Бiз”газетiнiң бас редакторы Халықбай.
—Қайдан келесiң?
—Соттан келемiн…
—Ия?
—Қып-қызыл оттан келемiн…
—Нең қалады?
—Демократия, сөз қалады…
—Айттым ғой саған, артыңнан қадалған көз қалады… Не үшiн соттасып
жатырсың?
—Прокурор келiп, тiлшiлердiң ауыздарын “скочпен” жабысытырып кеткен
болатын. Ауыздарын ашқаным үшiн…
Астанабай ойланып қалды… Таң қалып, таңдайын тақылдатып отыр.
—Қызық екен…
—Бiзде сөз бостандығы жоқ… Үш əрiп айтады: “ Саусақтары кесiлген,
жазуға икемi келмейтiн, немесе екi қолдары кесiлген мүгедек тiлшiлердi
жұмысқа қабылдасаң, жағдайың жақсы болады”- дейдi…
— Сен де қызықсың… Тыныш жүрмейсiң… Бiздiң газетте соқырлар жұмыс
iстейдi.
—Олар қоғамда болып жатқан жайларды қалай көредi?
—Көрмей-ақ қойсын. Көрiп не керегi бар? Билiктi мақтай беру үшiн көздiң
керегi жоқ. Сөз болса болды емес пе?
“Келешек” газетi де соттасып
жатыр, естiдiң бе?
—Естiдiм. Тiлшiсi əйелдер босанатын үйге барып, босанып жатқан бiр
əйелдiң жоғары көтерiлген екi аяғын ғана суретке түсiрiп, газетке жариялап
жiберiптi…
—Онда тұрған не бар екен?
—Мəжiлiс депутаты газеттi оқып отырып, əйелiне:” Мынау сенiң аяғың
емес пе?”-деп сұрайды. Əйелi айтады:”Жоға, менiң аяғым бақуатты, жуан
екенiн бiлесiң…”-дейдi. Сонда да анау əйелiнiң миын жейдi. Сосын сотқа
жүгiредi. “Əйелiмнiң аяқтарын суретке түсiрiп, бүкiл елге масқаралады!” –
деп арыз түсiредi.
Астанабайдың iшек-сiлесi қатты… Алдындағы сырадан бiр ұрттап қойды.
—Сендер былтыр да соттасып едiңдер…
—Е-е, бiздi сот шақырмаса, “неге шақырмай қалды екен?”-деп кəдiмгiдей
елеңдеп отырамыз.
Астанабай даяшы қызды ымдап шақырды.
—Қарындас, сырадан тағы қайталап жiбершi,—деп курстасына бұрылды,
—Халықбай,бiздiң жағдай керемет. Жыл сайын тендер аламыз. Үкiметтiң
мақтау-марапаттары қаншама! Президент стипендианттары да бар. Соттасу
дегендi бiлмеймiз, сен де қызықсың, тыныш жүр. Əйтпесе, газетiң
жабылып қалады…
Халықбай темекiсiн бұрқырата отырып:
—Жабыламыз, ашыламыз, жабыламыз, ашыламыз… Үйренiп қалдық,
Астанабай досым. Сендер мемлекеттiк газетсiңдер, бiз тоқалдан туғандай
тəуелсiз газетпiз. Бiрақ, халықтың үнiн естiмесек, жемқор шенеунiктердi
жазып, жағасын жыртпасақ, несiне жер басып жүрмiз?
—Мəз боласың ба? “Айран” газетiнiң бас редакторын соттап жiбердi.
“Қаймақ” газетiнiң бас редакторына орден бердi. Мəселе жер мен көктей!
“Время” газетiне қарсы 1,5 миллиард теңгеге арыз-шағымдар түстi,
“Премия” газетiне 1,5 миллиард теңге тендер бөлiндi. Сен одан да, газетiңдi
таста, маған кел, орынбасарым етiп қызметке алайын, қанша дегенмен,
курстас досымсың…
—Е-е, Астанабай, ақылдың айран, қиялың қатық екен…Халықтың қотырын
қасымасақ, несiне Қазақстан азаматы болып жүрмiз?
—Сонда мен Қазақстан азаматы емеспiн бе?
—Бауырым, сен, сендейлер Мазақстан азаматтары…
Астанабай сырыны сыздықтата iшiп жатып, бiр түрлi болып кеттi. Екi бетi
қызарып, құлағы ұзарып, мұрнын ұстай бердi… Бiр кезде, мұнтаздай
киiнген екi жiгiт бұлардың жанына келдi.
—“Бiз” газетiнiң бас редакторы сiз бе?-деп сұрады Халықбайдан.
—Ия.
—Бетiңе сия. Сiз тұтқындалдыңыз.
—Сiздер кiмсiздер?
—Бiз бе? Ұлттық қауiпсiздiк комитетiненбiз,—деген бiрi куəлiгiн шығарып
көрсеттi.
—Не iстеп қойыппын?
—Қазақстанды Мазақстан дем мазақтағаныңызды естiп қалдық. Жүрiңiз.
—Əне, курстасыңмен көңiл көтерiп, сыра iшуге де болмайды. Бауырым,
елдiң ертеңi туралы ертегi айтып отыруымыз керек едi… Хош бол,—деген
Халықбай орнынан тұра бердi.
—Түрмеде көрiскенше бауырым, “Өлетiн бала түрмеге қарай жүгiредi”
деген осы. “Дəш, дəш…”
Астанабай миығынан күлiп, сыраны басына көтере бердi…
ҚАЛАЙ ҚОРҚЫТСАМ ЕКЕН?
Əйелiме басымды иемiн, бiздiң он екi баламыз бар. Бiрақ он екi сиыр
түгiлi, он екi тышқақ лағымыз да, он екi тумайтын тауығымыз да жоқ… Он
екi баламен ауылдағы қуықтай үйiмiзде тұрып жатырмыз…
Бiр күнi ауыл əкiмi Желдiбай желдей есiп, жетiп келдi. “ Құттықтаймын,
əйелiңiз алтын алқа алатындардың тiзiмiнде жүр. Президенттiң өзi
Алматыдағы резиденциясында қабылдайды!” –деп өзi он екi бала
тапқандай, қолымды қысып жiберетiн емес.
—Менi де қабылдайды ма?-деп сұрадым мен.
—Балаларды тапқан сен емес шығарсың, Сiңiрбай аға. Жеңешем қайда?
—Сайда…
—Туу, Сiңiреке, əзiлiңiз қалмайды екен, ертең таңғы сегiзде аудан əкiмi
қабылдайды... Бiздiң ауданнан сегiз ана алтын алқа тағатын болып отыр,деген əкiм жан-жағына қарап қойды,—жеңешем қайда? Аудан əкiмi
əйелiңiздi таппасам, өзiме əйел көйлегiн кидiрiп жiберуден тайынбайды…
—Кешiр, iнiшек,—дедiм мен темекiмдi тұтатып жатып,—жеңешең жоқ…
Əкiмнiң көздерi ойнақшып кеттi. Шынында, аудан əкiмi оған əйел көйлегiн
киiндiрiп жатқандай…
—Жоғы несi?
—Кетiп қалды.
—Қайда?
—Төркiнiне.
—Ойбай, Сiңiреке, менi аудан əкiмi өлтiредi. Жеңешемiз қыдырып кеттi
ме?
—Жоқ. Бiз ажырасып кеттiк…
Ауыл əкiмi жұтынып алды.
—Ке-кеше ғана жеңешемдi көшеде көрген едiм… Сiңiреке, менiң бұл
ауылға əкiм болып келгенiме бiр апта ғана, абыройымды төге көрмеңiз,
жеңешеммен қайта жарасыңыз.
—Менiң тапқаным балаларыма жұғын да болмайды. Соны бiлген əйелiм:
“Бiрге оқыған кластасыма тигенiмде ғой, қазiр министр орынбасарының
əйелi болып отырар едiм!”-дедi де кетiп қалды. Ал, сол бiрге оқыған
кластасының парақорлықпен ұсталып, қамақта отырғанын қайдан бiлсiн?
Газет оқымайды ғой…
—Төркiнi қайда едi?—деп сұрады ол.
—Сайда…—дедiм мен.
—Түсiнбедiм?
—Сайдағы көшеде əке-шешесi тұрады. Ə, мiне өзi де келе жатыр.
Мұңайма,”Қайтып келген қатын жақсы” деген мақал шығардым.
Əйелiмнiң аты Мұңайма болатын. “Мұңайма, менiң түрiм ұнай ма?”деп
əндетiп жүрiп алған қатыным үндемейдi.
—Неге үндемейсiң?—дедiм мен əйелiмдi құшақтап,—“Анау жетпейдi,
мынау жетпейдi!”-деушi едiң ғой, əкiм келiп отыр, алтын алқа алатын
болыпсың!
Əйелiмнiң “өлiп қалған” бетiне жан бiткендей, қан жүгiрдi.
—Үкiмет бiздi елеп жатыр ма? Ақша да беретiн шығар?
—Əрине, -дедi əкiм,—Президенттiң өзi қабылдайды. Жеңеше жүрiңiз.
—Ойбай-ау, нан ауыз тисеңiзшi…—деген əйелiмнiң қуанышында шек жоқ,
—Қайда барамыз?
—Моншаға,—дедi əкiм. Менiң үнiм шықпай қалды…
—Моншаға?
—Моншаға түсiп, тазаланыңыз. Қанша дегенмен Президентке барасыз..
—Сiз неге барасыз?
—Аудан əкiмi “сырттай қадағалап тұрасың” деп тапсырма берген.
Қанша пайыз еркек екенiмдi əйелiм бiледi, қызғандым ба, қуандым ба,
бiлмеймiн, мен де iлесiп, моншаға бардым, əкiм екеумiз сыртта сарғайып,
күтiп тұрдық. Бəрiнен де аудан əкiмiнiң қабылдауында қызық болды.
“Сiздiң қатысыңыз жоқ, шығып тұрсаңыз жақсы болар едi “дейдi.”Неге
қатысым жоқ? Қатысым жоқ болса, Мұңайма алтын алқаны қалай алайын
деп жатыр?”—деп мен де қоймаймын. Содан əкiм əйелiмнiң үстi-басын
шолып өтiп:
—Бар киiмiңiз осы ма?—деп сұрады.
—Ия,—дедi əйелiм,—бұл киiмдерiмдi тек тойларға киiп барып жүргенiме
22 жыл болды…
Аудан əкiмi маған қарады.
—Жайша қарадыңыз ба?—деп сұрадым мен. Аудан əкiмi үндеген жоқ.
Содан не керек, аудан əкiмi бiздi үйiне ертiп барып, əйелiнiң небiр қымбат
бағалы көйлек, төплилерiнiң iшiнен кереметiн таңдап кигiздi. Əйелi сондай
инабатты кiсi екен, “Ой, бұл көйлектер модадан қалып кеткен, бұдан басқа
180 көйлегiм, 550 туфлиiм 22 дубленкам, 88 сөмкем, 78 духиiм бар, соның
iшiнен таңдайсыз ба?”-деп тұр.
Алматыға кетер алдында аудан əкiмi əйелдердiң миын жедi. Ми жегiш
əкiм бе деймiн…Ол əйелдерге қарап тұрып:
—Сiздер тойға бара жатқан жоқсыздар. Қанша дегенмен Прези-денттiң аты
Президент. Президенттiң алдында:”Есiктiң алды ебелек, су себемiн,
себелеп” деген сияқты əн шырқап, масқара болмаңыздар. Өздерiңiздi
тəуелсiз елiмiздiң тəубə деп отырған салиқалы əйел-аналарындай
ұстаңыздар,—дедi.
—Үндемеймiз бе?—деп сұрады менiң əйелiм. Бiр бұрышты қуанып мен
отырмын. Əйел деген осындай болу керек, жарайсың , Мұңаймам!
—Жақ ашпаңыздар деп айта алмаймын,—дедi аудан əкiмi,—бiрақ анау
жетпейдi, мынау жетпейдi деп не болса соны айтып жүрмеңiздер. Жалпы ,
сөйлемесеңiздер қатып кетер едi. Президент қабылдауынан келгеннен кейiн
сiздерге арнап шəй беремiн…
Əйелдер сөйлемейтiн болды. Мылқау əйелдер жиналғандай. Тiптi, əйелiм
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.