Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 06

Total number of words is 3908
Total number of unique words is 2120
25.4 of words are in the 2000 most common words
36.3 of words are in the 5000 most common words
41.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Екеуі кабинаға жүгіріп барып, есікті ашып қалды. Елінің ертеңін
ойлап отырған президентті көріп, бір-біріне қарады. «Президенттен
аумайды екен…» деді бірі… «Неткен қарапайымдылық! Енді қызметтен
қуылатын шығармыз…» деді екіншісі уайымға тойып… «Охраналары
қайда?» –деді сосын біріншісі, сөйтіп өзі жауап қатты: « Патшалар
жасырын жүріп, ел жағдайын біліп отырады деуші еді…»
Не керек, екеуі тұра қашты. Шымкентке келген соң, президент облыс
əкімін де қасына отырғызып алды. Жағымпаздар Созаққа дейінгі
асфальт жолға кілем төсеп тастамақ болып еді, жағымпаздықты
суқаны сүймейтін облыс əкімі тиып тастады. Соның өзінде жағымпаз
департамент бастықтары біраз жолға киіз төсеп үлгеріпті. Жолжөнекей дастархан жайып, президент жолдауын оқып отырған
халықты көрді. Халық арасында жылтыңдаған жағымпаздар жүр…
Қайран, жағымпаздар-ай! Президент жағымпаздықты жақтырмайды
емес пе, жол-жөнекей еш жерге тоқтамастан, Созаққа жетті. Аудан əкімі
əн шырқап қарсы алды… Президенттің тосыннан келгеніне сасып
қалса керек… «Боқмұрындар» əкімшіліктің мəжіліс залына жиналды.
–Сен неге жылап тұрсың?—деп сұрады президент.
Мықтыбаев орнынан тұрып, басын салбыратты.
Үрпекбас
–Мен… мен сабақтан қалатын болдым…
–Сен не, сырттай оқитын ба едің?
–Жоқ…
–Енді неге жылап тұрсың?
–Ағай ұрсатын болды…
–Кім?
–Сынып жетекшім…
Президенттің көздері алақандай болды.
–Сен сонда мектепте оқисың ба?—деп сұрады президент.
–Ия…
–«ҚазБылық-шылықТазда» неғып жүрсің?
–Сабақтан бос уақытымда бастық болып жүрмін… Əкем үйрене бер
деген…
–Міне, біздегі кадр саясаты…—деп күрсінді президент,–əкең кім болып
қызмет етеді?
–Министрдің орынбасары…
–Қай министрлік?
–Қойшы, айтпаймын…—деді баламысың деген…
–Несінші сыныпта оқисың?
–Он бірінші… Əкем айтады, мектеп бітірген соң «Болашақ»
бағдарламасы бойынша шетел университетінде оқиды екенмін…
–Жоқ, сен əуелі осы Созақта мектеп- интернатта оқисың. Сосын
Шымкенттегі университетке түсесің. Ал, сенің орныңа шөлді аудан
Созақтағы бір бозбала «болашақ» бағдарламасында оқитын болады.
Ренжімейсің ғой?
–Əкем ренжімесе болды…
Мəжілісте өзге «сары ауыз балапандар», мықтылардың ұрпақтары
ауыл əкімі, участкелік инспектор, сиыр фермасының бастығы, түйе
шаруашылығының бригадирі, «Жантақ» фирмасының бөлім
меңгерушісі сияқты «майда» қызметтерге тағайындалды… Тіпті бірі
аудан əкімі болып тағайындалып еді, бұрынғы аудан əкімі ыржалақтап
күле берді. Президент оны да құр қалдырмады, өзімен бірге
«Камазбен» ала кететінін, қызметте көзге түсіп жүргенін айта келіп,
министр етіп тағайындайтынын жеткізгенде, жағымпаздар жағы
дуылдата қол соқты, ал, сол күні «сары балапандар» өз ара футбол
ойнап, бір-біріне гол соқты…
БІРАЗ ҚҰШАҚТАСА ТҰРАЙЫҚШЫ...
Жаңа жыл қарсаңында жынды боламын, жынды болғанда супер
жынды боламын деген ой санамда, миымның арасында, көңiлiмнiң
төрiнде жоқ едi... Адам жынданамын десе “айн момент” екен. Əйелiм
екеумiз Жаңа жылды қарсы алмайтын болып шештiк те, шешiнiп, ерте
жатып қалдық. Құдай қас қылғандай, Жаңа жылға он минут қалғанда,
сiбеттi де бiреу мас қылғандай, есiк алдындағы лəмпешкемiз қызарыып барып, өшiп қалды. Терiс қарап, тұлыптай теңкиiп жатқан əйелiме
қарасам, ұйқының ұйығына батып қалыпты. Жер үй болған соң,
дəретханамыз автобуспен баратындай бiр аялдамалық жерде,
орнымнан тұрып, үстiме əйелiмнiң қалыңдау халатын жамыла салып,
далаға шықтым. Үй сыртын айнала салайын деп... Қаңғалақтап, қайтып
келсем, есiгiм ашылмайды. Оппа-а... Есiктiң сырт етiп, iштен кiлттенiп
қалатын “емшiлiк” қасиетi бар едi. Есiктi еңiрете ұрдым. Əйелiмдi бiреу
атып кеткендей. Тептiм. Тым-тырыс. Қабырғаларым қақырап түсiп
қалғандай, сирақтарым сидиып, аяз арқамды “сипалап”, мұрыным
қызарып, құлағым ұзарып барады. Тентек адамдай секiрiп-секiрiп
қойып, терезе тұсына келдiм де, саусағыммен шерттiм. “Перденi
ашатын шығар?” деп бiраз тұрдым. Айналып, есiкке келдiм.
– Бұл кiм? — деп сұрады əйелiм.
– Мен ғой.
– Менiң кiм?
– Байыңмын деймiн!
– Өтiрiк соқпаңыз, күйеуiм Күтiрлек ұйықтап жатыр.
– Жаңа жылыңмен! — деп жалына бастадым.
– Жаңа жыл 22 наурыз ғой...
– Аш деймiн есiктi!
– Түн iшiнде забордан секiрiп келген кеңкелеске есiк ашпаймыз!
– Ойбай, Қатипаш, бұл менмiн деймiн! Күтiрлекпiн!
– Күйеуiмнiң атын жамылма! Жаңа жылда жүздетiп алып, күйеуiмнiң
көңiлiн көтермекке келген қай көршiсiң? Ернi жырық Есенбай?
– Iкке.
– Тұрқы тырық Тұрғанбай?
– Iкке.
– Сықпыты сырық Сорайбай?
– Аш деймiн, жаурап өлiп барамын!
– Немене, бiздiң үй жылынатын монша деп пе едiң? Құрып кет əрi!
– Жаным, – деп жылайын деп қалдым, – айналайын, Құдай үшiн есiктi
аша қойшы. Томпиған қозыдай қасыңа жата кетейiн.
– Ұятсыз! Екi еркектiң ортасында өкпем қысылып жатайын сол!
– Даусымнан да танымай тұрмысың?
– Менiң күйеуiмнiң даусына ұқсайды екен.
– Ұқсаса, ұйқыбас, аш есiктi!
– Күйеуiмнен ұят...
– Мен сенi сүйемiн... — деп жыларман болдым.
– Ақырын, ойбай, күйеуiм естiп қояды...
– Мен сенi жанымдай жақсы көремiн... Күндiз-түнi сенi ойлаумен жүрiп
қартаятын болдым...
Əйтеуiр, əйелiм ыңырсып қалды , жалынды сөздерiм жүрегiн жiбiтсе
керек...
– Ақырын, ойбай, естiп қояды... Одан да ұялы телефонымның нөмiрiн
есiңе сақтап ал: 87012223334! Оңай ғой жаттауға... Жаңа жылдан кейiн
ызбанда. Аха?
— О, жексұрын! Мен саған ызбандағанды көрсетемiн! Аш есiктi!
— Жаным деп алып, жексұрын дейтiнiң жаман екен. Жақсы, мен
жатамын. Күйеуiм оянса, бөтен еркекпен түн iшiнде сөйлесiп
тұрғанымды кешiрмейдi. Пока.
Əйелiм тəпiшкесiн тырп-тырп басып, жатын бөлмемiзге қарай кетiп
барады. Күлейiн бе? Күлейiн десем, аузым аязға қатып қалды, икемге
келмейдi. Жүрейiн бе? Жүрейiн десем, сирақтарым қыраулы
бұтақтардай қақиып, қозғалмайды. Бiр кезде бiрдеңе сақ-сақ еттi.
Далада тышқан жүргендей. Қой, қысты күнi қандай тышқан? Сөйтсем,
өзiмнiң тiсiм екен, сақылдап тұрған. Əйелiмнiң халатын қымтай
жамылып, көшеге шықтым. Тура түнгi он екiнiң кезi болса керек,
көршiлер қытайдың
ойыншық атылғыштарын атып, аспан асты
жарқ-жұрқ болып жатыр. Жаурап кеткендiктен, амал жоқ: “Сəлеметсiң
бе, 2012 жыл?” деп қалдым. Бүрсең-бүрсең етемiн. “Қаншама қазақ дəл
мен сияқты баспанасыз бүрсеңдеп жүр екен?” деген ой да санамды
сызғылады. Қаншама қазақ несиесiн төлей алмай, үйлерiнен қуылып
жатыр? Есiме əйелiм түстi. Осыдан үйге кiрейiн. Ойы арам екен.
Телефон нөмiрiн берiп жатыр!
Аяғымда гəлөш, үстiмде халат. Мəйкi-трусишең сидиып тұрғанымда
көршiнiң əйелi əндете шықты. Қуанғанымнан: “Жаңа жылыңмен,
Жəмилаш!” деп құшақтай алыппын. Жаурағаным соншалық,
пальтосының түймелерiн ағытып, қойнына қалай кiрiп кеткенiмдi
бiлмеймiн. Бiр қарасам, жерде шалқамнан жатырмын. Iшiп алған күйеуi
дырылдата сүйреп, үйiне кiргiздi.
— Тал түсте... Ой, тал түнде əйелiмнiң қойнында неге жүрсiң? — деп
ежiрейдi көршiм.
— Қыдырып... — деппiн.
— Ұятсыз! – деп қалды əйелi.
— Жаңа жылдарыңмен, көршiлер! —дедiм қуанғанымнан. Қанша
дегенмен, жылына бастадым ғой, мұрныма қатқан мұз ерiп,
тамшылары тiземе түстi... Көршiм Кеңiрдектi құшақтай алып,
кемсеңдей бастадым:
— Да-далада қалдым, көршi! Бiраз құшақтаса тұрайықшы, жаурап өлiп
барамын...
ЕРІН ЖЫБЫРЛАТУДЫ ҮЙРЕНДІМ!
Бірде аса құрметті, аса лауазымды, аса атақты адамның тойына
шықырылдым. Қуанышым қойныма сыймай, құлағыма «қыдырып»
барған езуімді жимай, тойға тойған қозыдай томпиып бардық. Əйелім
мені қолтықтап, өзім бір түрлі «ыстықтап», тойхананың ат шаптырым
залына кірдік. Бір танысым жанымнан көздерін жыпылықтатып өтті.
Амандасқан жоқ. Амандаспайды. Өйткені, жақында ғана тендер ұтып
алған болатын. Бір сыйласымды көрдім. Сəлем беретін шығар дап
тұрғанымда, жаныма келді де, тамағын қасылап тұрып-тұрып, өз
орнына кетіп қалды. Амандаспайды. Өйткені, ол жақында
тəуелсіздігіміздің жиырма жылдығына медаль алды. Əйелім екеуміз
шеткі үстелге барып отырдық. Жан –жағыма қарадым. Өңшең ығайлар
мен сығайлар. Аспанды тіреп, ақшаны күреп тұрғандар... Ана біреу...
Кім еді аты? Облыста беделі белінде ғана еді, қазір басына жеткен...
Жағымпаздар жанына жиналып, бірі бетін жалап, екіншісі шашын
тарап, үшіншісі үшкіріп, төртіншісі түшкіріп... Сол жағымда Күшенбай
отыр екен. Бұрылып: «Күшеке, ассалаумағалейкум!» деп едім, ол
ернін жыбырлатты да қойды... Е-е, енді есіме түсті, жақында «Ит неге
үре береді?» деген өте нашар өлеңі үшін халықаралық Алаш сыйлығын
алған екен ғой... Ана-ау отырған... Мықтыбек қой. Басымды изедім.
Қарап отыр, үндемейді. Ернімді жыбырлаттым. Міз бақпайды. Сосын
орнымнан тұрдым да, жанына барып, бетіне тіке қарап отырып,
көздерімді жыпылықтаттым. Қақиып қалған. Селт етпейді. Е, енді есіме
түсті, ағасы депутат болған екен ғой. Өзі миллиардер... Кешірім сұрап,
орныма келдім. Жаным жабырқап, «зиянды зиялылар» мен
миллиардерлерге таңырқап отырғанымда, бір бейтаныс жігіт мені
құшақтай алды! Жалпылдап амандасып жатыр... Қолымды сілкілеп
болар емес. Жылағым келіп, кемсеңдеп қалдым. Қой, жылағаны несі,
тойда жылауға болмайды...
—Жағдайыңыз қалай?—деп сұрайды анау.
—Өзің білетіндей,—деймін мен.
—Қызметіңіз құтты болсын!
—Қандай қызмет?
—Сіз кімсіз өзі?
—Өзіңіз кімсіз?
— Сіз жақында ғана Астанадағы қаржы полициясының бастығы болған
Дамкрат Көтерілгенұлы ағай емессіз бе?
—Жоқ.
—Қатты ұқсайды екенсіз. Сəлемімді қайтып алдым,—деген ол кетіп
қалды. Жаным кіріп қалып еді, қайта шығып кеткендей болды. Бір
танысым қолының ұшын ғана беріп амандасты. Оған да шүкір. Анау
ше? Ол ернін жыбырлатты да қойды. Мен де ернімді жыбырлаттым.
Əйелім болса, «той басталмай жатып не жеп отырсың? Ұят емес пе?»—
деп қояды. Жан-жағымда мырзалар мен ханымдар... Қолдарынан
келсе, ай топырағына жерленетіндер... Өкпем қысылған соң, тойдың
ортасына
келгенде
сытылып
шыға
бердік.
Бізге
ешкім
«отырсаңыздаршы...» деп айтпады. Шығарып та салған жоқ... Үйге
жетіп, төсегімізге жатқан соң əйеліме:
—Менімен амандасшы,—деп өтіндім.
—Қойшы, қойнындағы күйеуімен құшақтасып жатып амандаса ма
екен?
—Көптен көріспегендей сəлемдесші...
—Не болды саған, жаным?
—Амандаса салшы енді...
—Ал, амандасайын. Сəлеметсің бе?
Мен үндеген жоқпын. Ернімді жыбырлата салдым. Ернімді
жыбырлатып жатып ұйықтап кетіппін...
ДҰШПАН IЗДЕП ЖҮРМIН...
Бiреулер дос iздейдi. “Дос iздеп жүрмiн” деп кiтап жазады. Сөйтiп жүрiп,
өзгелерге ор қазады. Ал, менiң дұшпан iздегiм келедi. Мен кiммiн?
Мыжбанмын. Қаралған адаммын. Бiрақ, дей алмаймын наданмын. Адам
болған соң, iрi дұшпаның болғанға, сол дұшпаның көктей солғанға не
жетсiн! Министрлерден дұшпаным болса ғой! “Тапсырыспен” өлтiре
салатын. Сөйтiп, айызым қанатын. бiрақ, олар менi қайтсiн?
Бiр идея келдi. Бiр күнi облыс прокурорына келдiм. Хатшы қыз кiргiзбейдi.
- Не үшiн келдiңiз?-деп сұрады.
- Дұшпан iздеп жүрмiн,-дедiм мен.
- Аулақ жүрiңiз.
- Ұзақ өмiр сүрiңiз!-дедiм де, ай-шайға қарамастан, прокурордың
кабинетiне кiрдiм. Ол кiсi креслосында шайқатылып отыр екен.
- Кешiрiңiз, Сiз менiң дұшпаным боласыз ба?-деп сұрадым салған жерден.
Прокурор бетiнде бегомот жүргендей, бiр түрлi қарады.
- Не үшiн?
- Мен де адаммын. Менiң де дұшпанымның болғанын қалаймын.
- Менiң өз дұшпаным бар.
- Ол кiм едi?
- Əдiлет министрi.
- Мен оның да дұшпаны бола аламын. Сiздiң бойыңыздан арамдықтың
мың тоннасын табамын. Қайда қарап отырсыз? Облыс əкiмi жер бiткендi
өзiне, туыстарына сатып алып жатыр.
Ол менi қуып шықты. Ендi кiмге барсам екен? Құдай-ау, менiң де
дұшпанымның болатын күнi бар ма?
Əлде, облыс əкiмi Тыжбан Тəпековке барсам ба?
“Жеке мəселем бар едi” деп, кезекке жазылып, жетi ай дегенде, облыс
əкiмiнiң де кабинетiне кiрдiм-ау!
- Сiз, келiңiз,-дедi ол өтiрiк жымиып. Ой, əккi екен, жер-дүниенi жалмап
жеп отырысын қарашы. Естуiмше, бiр бизнесмен құрылысқа тендер алып
бершi”-деген екен, “Ұлыма “Джип сыйла, миллиондаған тендерге қолыңды
жеткiземiн”деп, оның уəдесiн орындаса да, бұл бұлталақтап жүрген
көрiнедi.
- Өтiнемiн,-дедiм мен, - кешiрiңiз, Сiз менiң нөмiрi бiрiншi дұшпаным
болыңыз...
- Немене?
- Дұшпан iздеп жүр едiм...
- Менiң дұшпандарым көп!
Бiрiншi орынбасарым президент
аппаратындағы туысына жамандайды екен. Ол президентке жамандайды.
- Сауап болыпты!-дедiм мен.
Ол да менi қуып шықты. Құдай-ау, денi дұрыс дұшпанымды қайдан
табамын? Қайдан? Мен де адам баласымын ғой. Əлде, əлде, студенттерден
ақша жинайтын деканға барсам ба? Сонымен, “Əкел, əкел!” оқу орнының
деканына келдiм. келген мəтте:
- Дұшпан iздеп жүр едiм,-дедiм.
- Есiңiз дұрыс па? Мен сiздi танымаймын,-дедi ол.
- Танымасаңыз, танысайық, парақор қолыңызбен қол алысайық. Менiң
атым Мыжбан.
- Сендей қотыршымен дұшпан болмаймын.
- Өй, əкеңнiң!-дедiм мен.
- Боқтамаңыз!
- Əне, сiз менiң дұшпаныма айналдыңыз!
Ол да менi қуып шықты. Ендi қайда барсам екен? Терроршы Бен Ладенге
ме? Əлде, өзбек президентi Ислам Каримовке ме? Жылағым келдi. Менi
адам құрлы көрмейдi. Бəрiнiң дұшпандары бар. Қандай анықтама болса да,
ақша сұрайтын, сөйтiп қыруар дүние құрайтын облсобездегiлерге барсам
ба? о, таптым! Базар бастығына барамын!
- Сəлеметсiз бе, менiң қадiрлi дұшпаным!-дедiм масаттанып, - Сiз салықты
өте аз төлейсiз! Қаланың бүкiл базары салықты аз төлейдi. Базарыңызда
тазалық жоқ! Бұрыш-бұрыш, лай, боқ...
- За то, көңiлiм тоқ!-дедi ол. - Сiз не үшiн келдiңiз?
- Құдай үшiн дұшпаным болыңызшы!
- Сенесiң бе, дұшпандарым жетедi. Налог, пожарный, прокурор, əкiм дей
ме, бiрi келiп, бiрi кетедi.
- Сiз менiң де дұшпанымсыз.
- Құры!
- Ұры!
- Кет!
- Быттиған бет!
- Жоғал!
- Халыққа обал...
- Ит!
- Ал, Сiз - халыққа жабысқан бит!
Ол менiң желкемнен бүрiп ұстап, кабинетiнен қуып шықты. Қайда барсам
екен? Кiмнен, кiмдерден “өшiмдi” алсам екен Əлде, əлде, премьерминистрдiң дұшпаны болсам ба? Осы ойымды əйелiм Қатипашқа айтып
едiм:
- О, сорлы, премьер-министр сенiң не теңiң? Балалар аш-жалаңаш, одан да
ақша тап!-дедi. Əне, дұшпан iздеп жүрсем, жанымда жүр екен ғой,
Қуанғанымнан əйелiмдi құшақтай алдым. Əй, бiрақ, дұшпан iздеп не
керек? Дос арттырайық. Солай, мырзалар! Халықпен дос болыңыздар!
ЕВРОМОЛА...
Жігіттердің қолдарында
миллионер келедi.
күрек,
қабiр
қазып
жатыр.
Шiренiп,
Мыжбан: - (шырт түкiрiп) Ей, көрқазушылар, қазып болдыңдар ма?
Əпек: - Бiраз жер зақымдалды, қысқасы жақын қалды.
Мыжбан: - (шiренiп шалқая түседi).
Тəпек: - (оның арт жағынан шығып, күректi арқасына тiрей қояды)
Кешiрiңiз, Мыжбан мырза...
Мыжбан: - (бұрылмастан) Не iстеп жатырсың-ей?!
Тəпек: - Сiз шалқая түсiп жатырсыз. Құлап кете ме деп, күрекпен тiреп...
Мыжбан: - (қарқылдай күлiп) Мен өмiр бойы шалқайып, мiне былай
(талтайып тұра қалады) талтайып өтемiн. Өмiр бойы! Мен кiммiн?
Əпек: - Мыжбансыз.
Мыжбан: - Жəй ғана Мыжбан емеспiн! Экс-əкiм, экс-министр, экс-депутат,
экс-сенатор Мыжбанмын. Ал, қазiр жасым келiп қалса да, миллионер
Мыжбанмын! Ұқтыңдар ма?
Əпек: (иiлiп) Əмiрiңiзге құлдық, Мыжбан мырза!
Мыжбан: - Сендердiң қазып жатқандарың менiң қабiрiм! Менiң молам!
Тəпек: - Сонда... Сонда қашан өлесiз, Мыжбан мырза?
Мыжбан: - (оны түйiп жiберiп) Немене, менi өлтiре алмай жүрмiсiң?
Тəпек: - Жоға... Қабiр қаздырып жатқаныңызға қарағанда...
Мыжбан: - Ертеңiн ойламаған ерден без деген. (Пистолетiн суырып алады)
Менi атып кетейiн деп жүргендер полно. Может ертең, может бүгiн. Откуда
я знаю! Бог знает!
Əпек: (темекi шегiп отырады) Əлi жассыз...
Мыжбан: - Əрине, жас көрiнемiн. Жетi əйелiм бар, Бəрi он сегiзде! Өзiм
небəрi алпыс бiр жарым жасқа келдiм! Санчо!
(Оққағары жетiп келедi)
Саняо: - Не бұйырасыз, мырзам?
Мыжбан: - Жiгiттер, мына Санчо... Иə, иə, Санчо кличкасы ғой, шын аты
Жапалақ. Санчо сiздерге евроқабiрдiң, евромоланың проектiсiн бередi.
Компьютерден шығарғанын бершi.
(Санчо төс қалтасынан ақ қағаздар шығарады)
Мыжбан: - Берi келiңдер, қараңдар! Менiң қабiрiм жəй ғана төмпешiк емес,
менiң қабiрiм жəй ғана қоршау емес, евро болуы керек, евро! Жер
үстiндегiсi де, жер астындағысы да!
Санчо: - Алдымен жердiң астын түсiндiрейiн бе, мырзам?
Мыжбан: - Түсiндiр мына маймылдарға!
Əпек: - Алдымен келiскен ақшаны...
Мыжбан: - Ақшадан өлдiң бе? Сүмелек! Ублюдок! (Жүз доллар бередi). Мə
жүз доллар! Ертең үш жүз доллардан беремiн.
Əпек: - (долларды қарап) Өмiрiмде бiрiншi рет долларды көрдiм.
Тəпек: - Маған бершi, мен де көрейiн. Мына ортасындағы шал Карл
Маркске ұқсамайды ғой.
Əпек: - Сауатсыз! Топас! Бұл Карл Маркс емес қой!
Тəпек: - Ендi кiм?
Əпек: - Бұл ма? Бұл... Бұл ма? Маркс Карл. Сен айтқандай Карл Маркс
емес.
Санчо: - Жiгiттер, берi қараңдар! Мынау көрдiң жобасы. Қала имамы
бекiтiп, қолын қойып, мөрiн басқан. Мына жер Мыжекеңнiң жататын
бөлмесi. Төбесi шибокартонмен əспеттеледi, еденi граниттен.
Қабырғалары қызыл түстi “дождикпен” сыланады. Келесi бөлме теледидар
көрiп,
демалатын бөлмесi.
Екi бөлменiң терезесi турецкий
металлопластиктен! “Венхауз” деп аталады.
Мыжбан: - Сендер китайский “Кончик” деп аталатын
метталлопластиктен қойып жүрмеңдер. Күнге сарғайып кетедi.
арзан
Əпек: - Қабiрдiң астына күн түспейдi ғой...
Мыжбан: - (жақтырмай) Өшiр үнiңдi! Төбеде люстаралар, əжетхана, асхана
- бəрi болады.
Əпек: - Сонда сiз өлмейсiз бе?
Мыжбан: - Случайно өлiп қалсам деп күнi бұрын қабiрiмдi қаздырып
жатырмын! Ерекше еврожобамен!
Əпек: - Өлген адамға теледидар, асхана, əжетхананың керегi не?
Мыжбан: - Топас! Имам айтқан, о дүниеде екiншi өмiр басталады деп.
Теледидарсыз iшiм пыспайды ма? Антеннасы, иə спутниковый антеннасын
жер үстiндегi жобада тұрғызамын!
Əпек: - Қызық екен...
Санчо: - Мына бiр қабiрге қараңызшы! Соседкаңыз бар көрiнедi. (оқи
бастайды) Қабiрiне не деп жазып қойған, оқиыншы. “Қатипаш Қатқанбаева
Жұмсақбайқызы 1966 ж. 12.11 - 2007.01.09. О бейшара, свежий өлiк екен
ғой”.
Мыжбан: - Сонымен не айтпақшысыз?
Санчо: - (күмiлжiп) Iшiңiз пысқанда, Қатипштың қабiрiне өтiп, қырындап
дегендей...
Мыжбан: - Дұрыс айтасың! Көршi қабiрге баратын есiк алюминовый
болсын! Видеонаблюдение болсын! Соткамды бiрге көмiду ұмытпаңдар!
Жер бетiндегi жесiрлерiммен хабарласып тұрамын ғой. Менде актив
таусылып қалуы мүмкiн. Сондықтан, тек “торпедо” тастап отырамын!
Əпек: - Қабiрiңiзге есектей ит ұстамайсыз ба?
Мыжбан: - Өшiр үнiңдi! Маған ақыл үйретпе! МЫна қабiрге түс!
Əпек: - Неге?
Мыжбан: - Түсiп жата қал!
(Əпек қабiрге түсiп, көлденең жатады)
Санчо: - Сəл тарлау қазып қойған сияқты.
Мыжбан: - Əй, сендер қабiрдi “времянка” сияқты қазыпсыңдар ғой!
Қаншада, қанша өзi?
Əпек: (жатқан бойы) Көлденеңнен 8 метр, ұзынынан 10 метр.
Мыжбан: - Тағы қос! Мен үшiн жер жетедi.
Тəпек: - Кейiн жесiрлерiңiз өлгенде, қасыңызға қатар көмгенге жақсы
дейсiз ғойт, иə? (ыржалақтап күледi)
Мыжбан: Ублюдок! Осы жерде ата салайын ба? (Пистолетiн кезенедi)ү
Тəпек: - (дiрiлдеп) Ке-кешiрiңiз, пистолетiңiздiң iшiнде оғы бар ма?
Атылып кетедi ғой. Көр қазып, нəпақа тауып жүрген бiз бейшараларға тиiсе
бармаңыз!
Əпек: - (орнынан тұрып) Тəпек, жүр кеттiк!
Тəпек: - Қайда?
Əпек: - Кетемiз.
Мыжбан: - (алдынан шығып) Черт возми. сендер не, бунтовать хотите?
əпек: - Төрт жүз доллар аз. Евроқабiр болған соң тағы қоспасаңыз, кетемiз.
Келiспеймiз.
Мыжбан: - Қанша?
Əпек: - Жер үстiндегi қабiрiңiздi кiрпiштен тұрғызамыз ба?
Мыжбан: - Əрине, үш қабаттан, төбесi күмбез, терезелер пластик, жиектерi
аликобонд!
Əпек: - Сегiз мың доллар бересiз.
Мыжбан: - Слишком не жирно?
Тəпек: - Өзiңiз бiлiңiз, бiз кетемiз.
Санчо: - Жiгiттер, сəл түссеңдершi?
Əпек: - Жарайды, бес мың доллар.
Мыжбан: - Келiстiк.
(олар қол алысып жатқанда, алыстан мылтық атылып, Мыжбан уақытша
қоршап қойған қабiрдiң шетiне құлап түседi. Оққағары пистолетiн сурып
алып, бейберекет атып, бiреулердi қуа жөнеледi. “Джиптiң” кеткен даусы
естiледi.)
Əпек: - Бəлесiнен аулақ! Қашайық! Кеттiк! Евроқабiр де, өзi де құрысын!
Тəпек: - Көмiп кетпеймiз бе?
Əпек: - Ойбай, жаназасын шығарар туыстары , полиция келсе куə болып,
ығырымызды шығарады.
Мыжбан: - (қолын созып) Су...
Əпек: - (үңiлiп) Жаралы ма деймiн? (күрiшкемен су бередi), Мə, атауыңды
iш!
Мыжбан: (қолын созып) Колбаса...
Тəпек: - О, жалмауыз, əбден жеп үйренген ғой. Өлiп бара жатып колбаса
дейдi!
Əпек: - Кеттiк деймiн!
(Екеуi қаша жөнеледi. Оққағары қайта келедi)
Санчо: - (Мыжбанның басын көтерiп) Өлмешi, мырзам, сiз өлуге тиiстi
емессiз! Қашып кеттi оңбағандар! Тапсырыс берген Орлик емес пе?
Мыжбан: - (ыңқылдап) Сөзiмдi тыңда! Сен бiлетiн жердегi жетi килограмм
алтынды жетiмдер интернатына өткiз. Атым қалсын, жесiрлерiмнiң бəрiне
өзiң үйленiп ал. Ойбай, өлiп барамын! Е-евроқабiрдi аяқта!
(Ол сылқ етiп өлiп кетедi).
Санчо: - (кекетiп) Өлгенiң жақсы болды! Алтын тек өзiме қалады! Мен сенi
туыстарыңа апарайын, Мыжбан мырза! (сүйрейдi). Түу, зiлдейiн-ай!
(пистолетiн суырып) Жаралы болса тiрiлiп кетуi мүмкiн, тағы бiр оқ
жiберейiншi... (Атады) О, ублюдок! Евроқабiрдi түсiңде көресiң ендi!
ЫҢҚ ЕТЕ ҚАЛДЫМ...
Осы менi ұрып өлтiретiн адам жоқ! Нем бар едi, антеннаны жөндей қояйын
деп?.. Құдая тоба! Аман-сау қалғаныма қуанып жүрмiн. “Ойбой, Мыжбын
көп қабатты үйдiң төбесiнен құлап өлiптi!“ деге аты қандай жаман едi!
Былай ғой, он қабатты үйдiң төбесiнде тайрандап жүр едiм, аяғым тайып
кеттi де төмен қарай зулай жөнелдiм! “Өлген жерiм осы шығар!“— деп
ойладым iшiмнен. Қой, бекерге өлгенше, əндетiп өлейiн! Осы бiреулер құла
бара жатып шыңғыра бередi. Ақыры өлетiн болған соң несiне шыңғырады
екен? Бiр сəт болса да жарық дүниеде ойнап-күлгенге не жетсiн? Осыны
ойладым да құлап бара жатып:
—Тасыңнан— тасыңа секiрiп,
Сайраса, бұлбұл мен кекiлiк!— деп əндете жөнелдiм.
Тоғызыншы қабатта тұратын Титықбай:
— Ассалаумағалейкум, Мыжеке! Қайда барасың?-деп сұрады.
— О, дүниеге,-деп мiңгiрледiм мен. Дереу балконнан ұстай алдым.
— Құлап бара жатқан адам шыңғырмай ма?-дедi ол.
— Шыңғырсам, кiндiгiм айырылады.
— Иə, өмiр өте ауыр, Мыжеке! Хош бол, бауырым!-деп жыламсырады ол.
—Сен сияқты өмiрден түңiлгендер көп екен. Кеше бiреу пойызға басылып,
шейiт болыпты! Қалай ғана өзiн-өзi өлiмне қияды-ей! Рельске алдымен сұқ
саусағын төсеп көрмей ме?.. Неғып тұрсың? Тезiрек құласаңшы, бiр пəлеге
қалармын...
Мен одан əрi зуладым. Кенет сегiзiншi қабаттағы кiр жаятын керулi жiпке
iлiнiп қалдым. Сол қабатта тұратын кербез келiншек балконға шығып:
— Ой, ма-ма!.. Сiздi кiм жайып қойған?-деп сұрады.
— Өзiм.
— Өзiңiздi өлiмге қиғаныңыз қалай? Кiр жаятын жiбiмiздi үзетiн болдыңыз
ғой! Сiз өлгенде кiмнiң несi кетедi?
— Бiр минөт болса да қызық өмiр сүргiм келедi!.. Бетiңiзден бiр
сүйейiншi?..
— Құрып кет, əрi! Өлетiн адамның
келiншек кетiп қалды.
өңмеңдегенi ұят қой!-деген кербез
Жiбi құрғыр үзiлiп кеттi де, төмен қарай зулай жөнелдiм. Келiншек
қайтадан көрiнiп: “Оңбаған! Ұры! Менiң жаюлы тұрған iш көйлегiмдi алып
кеттi!“- деп айқай салды. Ұялып кеттiм. Кенет алтыншы қабатқа жеткенде,
тағы iлiнiп қалдым. Əдемi келiншек шарайна алдында əндете ыңылдап,
жартылай жалаңаш тұр екен. Сұлу мүсiнi қандай əсем, көзiм
жыпылықтады. Ол жай қарады да, бетiн басып, басқа бөлмесiне қашып
кеттi. Дереу халатын киiп келiп, шыбын ұрғышпен басыма перiп-перiп
қалды. Одан əрi зулай жөнелдiм! Төртiншi қабаттағы ерлi-зайыптылар шаңшұң ұрыс-керiстiң үстiнде екен. Балконға iлiнiп, амал жоқ, аялдадым.
— Сенi бағатын болдым ғой! Ел-жұртқа “Күйеуiм қуыршақ ойнайды“деймiн бе? Еркек емессiң бе?- дейдi əйел.
— Зауыт тоқтап тұр! Ендi не iстеймiн?-дейдi күйеуi мiңгiрлеп.
— Мойныңа, аяғыңа, белiңе сағаттарды тағып алып көшеде жүр! Сағаты
жоқтар: “Уақыт қанша болды?“- деп сұраса: “бiр минөт бiр теңге“ дейсiң.
— Ойдой, осы сен-ақ миымды жеп болдың...
Аяп кеттiм. “Ох“— дегенiмде, көкiрегiм қарс айырылғандай болды.
— Əй, неменеге күрсiнесiң?-деп сұрады əйел.
— Мен емес, анау салбырап тұрған кiсi күрсiнедi...
Əйелi менi ендi байқаса керек, жымиған болды.
— Кешiрiңiз, Құдай үшiн əдiлетiн айтыңызшы! Мына күйеуiм үй күшiк
болып бiттi! Базарға баратын да, оны-мұны алатын да мен. Кейде еркек
екенiн ұмытып, көршi əйелдерге қыдырып, өсек айтып келетiнiн қайтерсiң?
— Ендi... Мен ештеңе айта алмаймын,- деп мiңгiрледiм.
— Айта алмасаң, аузың аңқиып, неге салбырап тұрсың?-деп, əйел
сыпырғысымен салып қалған едi, ары қарай құлдырай жөнелдiм. О,
Жаратқан ием, ендi санаулы секундтардан кейiн о дүниеге аттанып жаным
жай табатын шығар? Жоға, ыңқ ете қалдым! Сөйтсем, бiреу көшкелi жатыр
екен. Машинаның үстiнде диван тұр, соған түсiппiн. Кiшкене баласы:
— Алақай, аспаннан адам жауды!-деп мəз болып жатыр. Көшкелi жатқан
үйдiң иесi:
— Кешiрiңiз, бiздiң диванда шəниiп жатқаныңыз қалай?-деп, өлмешi
жанды өлтiруге таянып қалды.
Мен кемсеңдеп жылап, оны құшақтай алдым. Өзiн де, аңырайып тұрған
əйелiн де, бала-шағасын да шөп-шөп сүйiп шықтым! Жиналып қалған
жұрттың бəрiн қуанып сүйiп жүрмiн. Содан жүгiрiп отырып, өзiмiздiң
дəрiгерге келдiм.
— Жүрегiмдi тыңдаңыз?-дедiм.
— Неге? Жайшылық па?
— Мен тiрiмiн бе?
Тiрi екенiме көзiм жеткен соң, дəрiгердi де құшақтап, шөпiлдетiп сүйiп
тастадым. Өзiмдi-өзiм ұстап көрдiм, еш жерiм “өлмептi!“
Мен тiрiмiн!
ƏКIМ БОЛСАҢ, ҚАЙТЕЙIН?
Облыс əкiмiнiң кабинетi. Мыжбан əкiм əлдебiр қағаздарды қарап
отырған, көмекшiсi кiрiп келдi.
Көмекшi: — Кешiрiңiз, олпы-солпы киiнген кластасыңыз Тыжбан келiп
тұр.
Мыжбан: — Галстугы бар ма?
Көмекшi: — Бар, бiрақ “солып” қалған.
Мыжбан: — Солғаны қалай?!
Көмекшi: — Ендi... Мыж-тыж, бетi қыж-қыж... Үстiнде күпəйке. Аяғында
етiк...
Мыжбан: — Ендеше, былай, жiберсеңшi нетiп... Үстiне менiң “запастағы”
костюм-шалбарымды кигiз. Иə, иə, уақытша. Өзiнiң менiң алдыма кiре
алмай жүргенiне үш ай болған едi. Жарайды, қабылдайын. Ол киiнгенше
мен мына келесi бөлмеде дамылдайын.
(Көмекшi кетедi).
Əкiм: — Неменеге келдi екен? Бiрдеңе сұрамақшы ғой! Өткенде
қабылдамай жiберiп едiм, кiре берiстегi кезекшi полицейдi боқтап кетiптi.
“Мен керек десең, оның есiгiн теуiп кiремiн!” дептi. Дептi де, қалтасынан
бiр үзiм нан алып жептi. Жеп болып: “Бiз осылай бiр үзiм нанды бөлiп
жеген достармыз” дептi. Дей берген, деген сайын əлгi нанын жей берген.
Қызық адам! Дос болсақ ол баяғыда-а, мектепте болған шығар? Еще, Кеңес
дəуiрiнде! Қазiр заман басқа, қарамай ма екен, ағарған шашқа!
(Əкiм төрдегi есiктен келесi бөлмеге өтiп кетедi).
Тыжбан: — (Кабинетке кiрiп) Өле-е-е, мына кабинеттi-ай! Футбол ойнауға
болады екен ғой-ей! Баяғы бiздiң мектептiң спортзалындай... (төрге
жақындайды). Ойпырмай, Мыжбан əкiм болады деп үш ұйықтасам да
түсiме кiрмептi. (Күледi.) Хе-хе-хе! Жындыбастан да əкiм шығады екен-ау!
Үшiншi класта ма жынданып кетiп, көршi кемпiрдiң кебiсiн шайнап
тастады емес пе? Əкесi Мəскеуге апарып емдетiп əкелдi ғой. (Орындыққа
отырады). Намыстанғаны ғой, үстiне костюм-шалбар кигiздi. Онысына
рахмет! Қайда кеткен өзi?!
(Екi қолын шалбарының қалтасына салып, шiренген күйi, менсiнбеген
кейiптi Мыжбан шығады).
Мыжбан: — Һiм...
Тыжбан: — (Құшағын жая ұмтылып) Амансың ба, бауырым, Мыжбан? Ой,
сволоч-ей, түк өзгермепсiң-ей! (Құшақтайды, ал əкiм сол қақиған күйде)
Қалай жағдайың жақсы ма? Əрине, жақсы ғой, досым.
Мыжбан: — (Креслоға жайғасып) Тыжбан, бұл əкiмнiң кабинетi, əкiмнiң!
Тыжбан: — (Таңданып) Əкiм сен емессiң бе?
Мыжбан: — Иə, мен, бiрақ “сволоч-ей” деп сөйлеме!
Тыжбан: — Қойшы-ей, Мыжбан, əкiм болсаң қайтейiн? (ыржалақтап
күледi).
Мыжбан: — (Шалқая түсiп) Иə, жағдайың қалай?
Тыжбан: — Əзiрге малай.
Мыжбан: — Түсiнбей тұрмын!
Тыжбан: — Бiр бизнесменге жалданып жұмыс iстеп жатқан жайымыз бар,
құдайға шүкiр, алдымызда индиский шайымыз бар...
Мыжбан: — Бiрдеңе сұрап келдiң бе?
Тыжбан: — Жəй, əшейiн келдiм.
Мыжбан: — (Таңданып) Как, əшейiн?! Маған келгендер жер, пəтер, кредит,
тағы-тағы бiрдеңелердi сұрап келедi. Сен əшейiн келе салдың ба?!
Тыжбан: — (Күледi). Ой, ит-о-о-ой, əлi өзгермепсiң-ей! Баяғы мiнезiң.
Мыжбан: — Кешiр, достым, сен менi “ой, ит-о-ой“ деп кекетпе. Сен
əкiмнiң қабылдауында отырсың, əкiмнiң!
Тыжбан: — Ит демегенде, кит деймiн бе? Ой, сволоч-ей, керемет өсiп
барасың! Молодец! Мiне, менiң кластасым — облыс əкiмi! Мына жақта
жүрiп бiз мақтанамыз ғой! Əшейiн, өзiңдi бiр көрейiн деп... Жиырма бес
жыл болды ғой, кездеспегенiмiзге!
Мыжбан: — Немене, “бiр көрейiн деп”, мен қызбын ба, келiншекпiн бе?..
Тыжбан: — Тұршы, Мыжеке!
Мыжбан: — (Тұрады) Ал, тұрдым.
Тыжбан: — (Белiнен құшақтап, сiлкiп, сiлкiп қояды). Өзiң быттиып, семiрiп
кетiпсiң ғой! Салмағыңды көрiп алайын дегенiм ғой. Кел, баяғыдай
күресейiншi! Есiңде ме, мен сенi оң жамбасқа алып, былай... есiңде ме,
Мыжбан, былай...
(Əкiмдi оң жамбасқа алып алып, атып ұрады. Əкiм шалқасынан түседi, бұл
үстiне шоқиып отырып алады).
Мыжбан: — Ой-ой, жындысың ба? Не нормальный, а-ну, шагом марш!
Қазiр күзетшiлердi шақырамын, түс деймiн, үстiмнен!
Тыжбан: — Ашуланбашы, досым. Ой, бiз дос едiк қой! Кейiн ғой, өзiң
өзгерiп кеттiң (орнынан тұрады). Депутат болдың, құттықтайын деп
келсем, кiргiзбей қойдың. Ой, сволоч-ей! Өзiңдi сағынып кеттiм-ей!
Мыжбан: — (Үстiн қаққыштап). Шығып тұр, кабинетiмнен!
Тыжбан: — Не, өкпелеп қалдың ба? Ой, ит-ой, баяғы мiнезiң қалмапты.
Айтпақшы, баяғы Қатипашқа үйлендiң бе? Сегiзiншi “а” класындағы сұлу
қыз ше? Сол үшiн төбелескенiмiз есiңде ме?
Мыжбан: — (Қалшылдап). Мен қазiр көмекшiмдi шақырамын! (Есiкке
беттеп едi, мынау алдын кес-кестедi).
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.