Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 22

Total number of words is 3686
Total number of unique words is 2101
30.7 of words are in the 2000 most common words
43.3 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сөйлеп жатты. «Бізді ауызбіршілікке шақырған Қазақ елі жасасын!»
деп дауыстаған негр, араб, үндістан, пəкістан, герман, америка
төплилерін көргенде, қуаныштан шыңғырып жіберіппін...
Шыңғырып жатып, оянып кетіппін... Министр де емес екенмін, есік
алдына жүгіріп шықсам, өкшесі қисайған, тұмсығы ақ жем, əбден
тозып, «қартайған» қара төплиім бұрышта жатыр! Жасасын, халық
төплилері!
МЕНІҢ ТІЛІМДІ КІМ ЖЕП ҚОЙҒАН?
(Ересектерге арналған ертегі)
Ұшақта ұн сатып отырмайсың ғой, ұйықтағанға не жетсін! Түс
көріппін! Түсімде түлкіні емес, тілімді біреулер қуалап сабап жүр
екен! Тілімді тікендердің арасынан тауып алып, қанын сүртіп, аялап
тұрғанымда, орыс тілді қаракөз бауырларым жетіп келді.
—«Мясо по казахский» қайда?—деп сұрады бірі ешкіні қуалап жүріп
емгендей ентігіп.
—Бұл менің тілім! Менің ана тілім! Мемлекеттік тілім! Олай қорлама!—
дедім мен тілімді қалтама салып қойып.
—Бизге бериниз!—деді екінші шала қазақ шашала сөйлеп.
—Оны қайтесіздер?
—Сотка беремиз!
—Сотка? Рахмет, ұялы телефоным бар...
—Сотка береміз деймин! Маган: «Казахсың ба? Казах казахпен казахша
сөйлесин керек! Президентимиз солай деген!» деп акыл уйретеди!
Мин казакша сөйлегим келмейди! Орыс тили—өмирим!
Аузымда ашсам, тілім орнында екен... Қайран қазақ тілі! Қор болдың –
ау! Қотыр болдың-ау... Осындай түс көріп жатып, оянып кеттім. «Тілім
орнында ма екен?» деген қорқынышпен сумаң еткізіп, тілімді
шығардым. Мəссаған! Ортада жүрген стюард жігіт жетіп келіп, жағама
жармасты:
—Мени ниге мазактайсыз?
—Құдай үшін, олай ойламаңыз.
—Онда тилинизди ниге свежи воздух шыгардыныз?
—Кепсін деп.
—Сиз мени тагы мазактап отырсыз.
Осы кезде стюардесса қыз құстай ұшып келді.
—Что случилось?—деп сұрады.
—Қазақша сөйлеңіз, қарындас,—деп өтіндім мен.
—Не твое дело...
Бір қарасам, қара көз бауырларыма өкпелеген тілім аузыма сыймай,
ұртымды ұрғылады да, түбінен үзіліп түсіп, аузымнан қашып кетті!
Өмірімде алғаш рет тілім өзімнен бөлек кетіп қалды! Стюардесса
қыздың үстіне жабысып, омырауына түсіп кетті ме... Ол шошып,
тыпырлады
да
қалды.
Жолаушылардың
бəрі
ауыздарын
алақандарымен
жауып əлек. Бірақ қазақ тілін қорлағандарға
намыстанған ауыз ішіндегі қызыл тілдер иелерінен рұқсат сұрамай-ақ,
саусақтардың арасынан қылтиып шығып:
—Жасасын қазақ тілі!
—Ұшақтарда да қазақ тілі—қазақтың тілі!
—Ұшақтарда стюардессалар үш тілде сөйлесін: қазақ тілі, орыс тілі,
ағылшын тілі!
—Қашанғы қазақ тілін тірідей көме береміз?—деп шуласты. Бір кезде...
Мəссаған! Мұсылман жолаушылар тілдері ауыздардан атқып шығып,
стюардтты сабалай бастады. Бет аузының бəрі жыбырлаған қазақ тілі!
Бір қарасам, бір шала қазақ бес-алты тілді ұстап алып, ормалына түйіп
жатыр.
—Мұны қайтесіз?—деп сұрадым мен.
—Үйге барған соң қуырып жейін деп едім...
—Əне, біздің қазақ осы. Бірінің тілін бірі қуырып жейді...
Не керек, Алматының əуежайына түскен бойда бізді полицейлер
қоршап алды. Бəріміздің аузымызды ашып, фонар жарығымен қарады.
Тілдеріміз аузымызда болатын. «Бұзақылықты бастаған осы тіл!» деп
бір сатқын айқай салып еді, полиция инспекторы аузымнан ана тілімді
суырып алды. Сөйтіп, не керек, сот тілімді төрт жылға соттады. Төрт
жыл жым, мақау болып жүріп, артынан барсам, тілім жоқ... Кейін
естідім, атаңа нəлет түрме бастығы арақ ішіп отырып, «зəкөске» үшін
қуырып жеп қойыпты... Атауыңды жегір... Е, мейлі, есесіне бір ауыз
қазақша білмейтін мəңгүрт бастық қазақша сайрап жүр дейді! Жасай
бер қазақ тілі!
БІР СҮМЕЛЕКТІ ҰСТАСАҢШЫ!
Анадан жапырып, мынадан сапырып, оң жағыма келгенді үптеп, сол
жағыма келгенді түптеп, ақшаның астында, доллардың үстінде
қалғалы, кəдімгідей қағынантын болдым, жап-жас қыздардың «исін»
сағынатын болдым... Жасым алпысты алқымдаса да, ақылымды
айбалтамен шауып тастап, «өмір бір-ақ рет келеді екен, екі-үш рет
келмейді, енді маған мұндай қызық өмір бермейді!» деген ой-есектің
үстіне ырғып мініп алып, ой бір дүниені жалпағынан да, көлденеңінен
де, тігінен де бастым.
Сөйтіп жүргенімде бір танысым табанымды қытықтағандай қызарабөртіп тұрып: «Ауылдан келген бір жас қыз бар. Əкесін танушы едім.
Жұмысқа орналастырып берші!» деп өрттей болып өтінген. Он екі де
бір гүлі ашылмаған, үрлеп-үрлеп, сора салатын, жо-жоқ, жұта
салатындай əдемі-і қыз екен... Жел тұрса, қыпша белі үзіліп кететіндей,
ал бұрымы... бұрымы өкшесіне жететіндей, қолынан ұстасам,
«радиатор» жүрегім қызы-ып кететіндей!
—Қалдықыз, қандай сұлу едің!—деймін тамсанып.
—Қойыңызшы көке...
—Шіркін, мен де жас болсам, өзіңді құшақтап, ішпей-жемей мас
болсам...
—Қойыңызшы көке...
—Мен көке емес, кофемін, кофе!
—Кофе деген немене көке?
—Əдейі түсінбеген болып тұрсың-ау, Қалдашка! Жүр, кафеге кіріп,
кофе ішіп алайық...
Қызды арбап, «кофе ішуді үйренбесең, болашақ бастықтарың
жұмыстан шығарып жібереді...» деген «теориямды» талдап, «Тіфəтіфə!» кафесіне кірдік. Кофе іштік, кофеден кейін коктейль іштік, одан
кейін коньяк ішкіздім, іштім... Бір қарасам, ұят-ай, ауылдан келген
аңқау қыздың құшағында жатырмын!
—Ағай, дейім, ағай...
—Əу жаным?
—Мен сіздің қасыңызда неге жатырмын?
—Бетіме бір түрлі қарап, кеудемдегі жүнді тарап...
—Ағай дейім, ағай...
—Əу, жаным?
—Сіз менің əкемнен де үлкенсіз... Енді не істеймін? Елдің бетіне қалай
қараймын?
—Теріс қара да, бұрылып кет...
—Ылғи осылай кофе ішеміз бе, көке?
—Жоқ. Енді басқа қыздармен кофе ішемін. Мынау бүгінгі қызметіңе!—
дедім де, қолына екі жүз долларды қыстыра салдым. Байқаймын,
Қалдықыз жастыққа бетін басып, жылап жатыр.
—Енді не істеймін көке-ее?—дейді.
—Не істеуші едің? Бір сүмелектің етегінен ұста!—деп ашуланып, жерге
шырт түкіріп, шығып кеттім. Қалдықызға қайтып жоламадым.
Қыздармен қыдырып, келіншектермен керіліп, ақшаны олай да, былай
да шашып жүрдім. «Ақшаң болса қалтаңда, төсегіңде талтаңда...» Тура
маған айтылған! Əшейін моншаға бара алмадым, сауналарды
жағаладым... Əйеліме: «Фирманың жұмысымен кеттім!» деп апта бойы
көңіл шіркін шалқып, тұла бойым қорғасындай балқып... Өмір өзенде
жапырақтай қалқып... Бір күні əйелім ұялы телефоныма хабарласып
тұр:
—Үйге кел, үйге!
—Не боп қалды?
—Келініміз құтты болсын! Ұлымыз келіншек алып келді!
Қуанғанымнан құстай ұштым! Тойға келіңіздер, тойға! Аулаға
кіргенім сол, есік алдын сыпырып жүрген келінге қарап, біреу бетімді
тырнап алғандай, жоқ, біреу қылғындырып жатқандай.... жоқ, біреу
тұмсығыма теуіп жібергендей... Мəңгіріп, басым айналып, құсқым келіп
кетті... Келіннің жанында «сүмелегім» кеше сойылған қояндай ыржиып
тұрған еді...
ƏШЕЙІН ЖАЛАҒАН ЕДІМ...
Кабинетімде керіліп, жұмыс істеуге ерініп, есіней бергенімде, есігім
де «есінеп» ашылып, орынбасарым одыраңдай кіріп келді.
—Басеке, біздің мекемеге мемлекеттік бюджеттен бір шелек айран
бөлінді...
—Айран? Қайдан?
—Үкіметтен.
—Демек, Үкімет айраны ғой?
—Ия.
—Жалап көрдің бе?
—Құдай сақтасын, жалауға да, тамсанып қарауға да болмайды!
—Неге?
—Халыққа бөлінген айран екен.
—Құдайым-ау, бір шелек айран кімге жетеді дейсің?
—Əшейін, саусақтарын бір батырып алып, сорады.
—Не үшін?
—Халықтың ішектері ағару үшін...
—Мм.. да-а... Əшейін, ақ «крəскі» іше бермейді ме, халық деген...—деп
ойланып қалдым. Сол екен, менің үстімнен қарайтын, айтқанын
істемесем, шашымды тырмамен тарайтын басқарма бастығы келді.
Телефон соға салса да болады ғой.
—Айран ішейін деп келіп едім...—деді ол.
—Бо-болмайды...—дедім мен.
—Неге болмайды?
—Халықтың айраны...
—Не, біз халық емес, қасқырмыз ба сонда? Қазір беделді сенатор
келеді. Ол бір кесе ішсін. Мен ішейін. Сен іш...
—Финпол...
—Қабағыңның «ауа райы» бұзылып кетті ғой,—деді басқарма бастығы
Сімірбек Ішкенбайұлы бір кесе айранды көмекейіне құя салып,—
қорықпа, өзіміз құтқарып аламыз! «Крышам» аман болса, түрмеден
суырып аламыз!
Бір кезде министрліктегі Жұтқанбай Жайынауызов келді де, шелекті
басына төңкерді... Ұстап қалмағанымда, шелекті де қытырлатып жеп
қояр еді... Қарасам, айран орталау болып қалыпты...
—Қорықпа,—деді министрліктен келген өкіл өкінбестен,—өзіміз
құтқарып аламыз. Əуелі шетелге қашырамыз, мə, Германияға билет
алып қойдым...
Билетті қалтама салып тұрып, сағым сынып, ұнжырғам ұн болып
кетті... Айран ішкіштер көбейіп кетті. Бəрі айран ішуге келеді. Келеді
де сіміреді. Ауыздарына жағылған айранды еріп келген
жандайшаптары жалай салады... Соған қарағанда, айранға алтын
ұнтағы араласқан-ау деймін... Бір қарасам, атауыңды ішкірлер десе, түк
қалдырмапты! Мен де адам баласымын ғой, айран ішпесем, несіне
бастық болып, бақырайып отырмын? Е, жарайды, бізге жаласақ та
жетіп жатыр! Əуелі саусағыммен сызғылап жаладым. Сосын
алақаныммен жайпап, жайбарақат жаладым. Сосын шелектің ішіне
басымды тығып алып, тіліммен жалап жатыр едім... Біреу басыма
бірдеңесімен тақ еткізе ұрғаны! Тілімді тістеп алдым. Қанап та кетті...
Жүрегім зырқ, маңдай терім бұрқ ете қалды.
—Финполданбыз, шелектен шығыңыз!—деген əмірлі дауысты естідім.
Мəссаған, осындай ірі денеммен кішкентай ғана шелекке қалай сыйып,
қалаай кіріп кеткенмін? Шелек ішінде бүктетіліп отырмын ғой?
Шелектен əрең шықсам, төрт жігіт қасқайып, куəліктерін көздерімнің
ішіне тығып жібере жаздады.
—Не істеп жатырсыз?—деп сұрады бірі.
—Шелек ішінде мызғып алайын деп...
—Кешіріңіз, шелек толы айран қайда?
—А-айран о баста ж-жоқ болатын.
—Олай болса не жаладыңыз?
—Əшейін, жалай салайыншы деп...
Мемлекеттік меншікті «əшейін жалауға» болмайтынын ойланып
тұрғанымда, финполдың бірі:
—Неғып тұрсыз? Қашпайсыз ба?—деп қалды.
—Қ-қайда?
—Шетелге! Жоқ болып кетпеңіз, төрт жылдан кейін ұсталыңыз!
Тұра қаштым. Сол қашқаннан төрт жыл қаштым. Бесінші жылға дейін
қаша берер ме едім, өкпем өшті, жүрегім бір жерге түсіп қалыпты,
жоғалтып алдым... Халықаралық іздеу жарияланып, алтынсыз айран
ішіп отырғанымда қолға түстім... Құдайға шүкір, қазір түрмедемін...
Төрт жыл өтті... Бір мақал бар еді ғой, айран ішкен... Туу, есіме түспей
тұрғаны, айтып жіберіңізші, құдай үшін!
ҚОЙШЫ, ҚОРТЫҚ ЕКЕН...
Махаббатыңыз от алып кетсе, жүрегіңіз «дүкі-дүкі...» деп, «сол
қызбен қалай кездессем екен?» деумен уайымның «салатын» жеп,
желкеңізді қасып, миыңыз ашып, тіпті, кейде көңіліңіз жасып, сап-сау
жүрген басыңызға сақина тілеп аласыз, оны қойшы, «нем бар еді,
махаббатта?» деп өзіңізді іреп аласыз...
Тəуелсіздігімізбен құрдас Газ, Свет, Су деген үш жігіттің бойлары өсіп,
сырықтай болды.
—Менің атым Газ,—деді жас жігіттің исі бұрқырап,—Мен кеше бір
қызбен таныстым, таныса салып, о тоба, махаббатпен алыстым!
Фейсбуктегі суреті қандай, екі беті жаңа піскен нандай! Көздері
ұшқындаған ток сияқты, өзі жабырқаулы ма, əйтеуір, «шок» сияқты...
Ерні... Ерні тек мен сүюге жаралғандай, шашына бигуди қыстырып,
жаңа ғана таралғандай... Мойны... Мойнын сипалап жата беретіндей,
сөйтіп, рахатқа бата беретіндей, сүп-сүйкімді қыз екен...
—Ол қызбен мен де фейсбук арқылы дос болғанмын!—деген Свет
бойдақ дірілдеп, жарқ-жұрқ етті,—Кешіріңдер, бірінші болып, мен
танысайын! Мен болмасам, қап-қара «негр» боласыңдар, түнде адасып
кетесіңдер. Қарашы бойым да ұзын, жыл сайын өсумен келемін!
—Мен ше? Мен де сендерден қалыспай, жылдап өсіп, халықтың
қалтасын қағумен, сөйтіп, шенеуніктерге жағумен келемін. Сендер
айтқан қызға барып, өлейін деп жатса, аузына тамшылап тамбаймын
ба?
—Тұра тұршы, дымқыл сөз айтпай... Мен ол қызға өлең шығардым,—
деді Газ тұтығып,—оқып берейінші.. Хім...
Қарындас,менің атым Газ болады,
Мені жағып, халқым бір мəз болады,
Ал егер өшіп қалсам, абайсызда...
Шеттерінен тақырбас, таз болады...
—Неге таз болады?—деп сұрады Свет бойдақ.
—Əшейін, ұйқасым «ұйықтап» қалған соң айта салғаным ғой...
—Былай болсын, кімнің бойы ұзын, сол ғана қызға барып,
қырындайды. Келістік пе?—деп қалды Газ.
Үшеуі қатар тұрып, өсе бастады... Олар өскен сайын, халықтың
қалтасы қағылып, кедейлер қиналып кетті. Олар өскен сайын Су, Газ,
Свет қожайындары байыған үстіне байып, неше түрлі қитұрқы
«заңдармен» қаруланып, сыбайласып, жемқорласып, құлқындасып...
Бір күні үш жігіт қызды көруге, қыз қайсысын қаласа, қалғандары
соған көнуге уəделесіп, жолға шықты. Свет өзінше жарқырап, тогын
күшейтіп, сымдай тартылып алды. Газың да жаман исін жасырып, сапсары көйлек киіп, көгілдір болып көрінуге тырысты. Су болса,
сыңғырлай күліп, тамшылары күнге шағылысып, жалтырап тұрды.
Содан үшеуі қызға келді. Көрді де, қашып кеткілері келді. Бірақ əдеп
сақтап...
—Қарындас, атыңыз кім?—деп сұрады Светтің киловаты азайып, бір
түрлі көңілсіз үн қатып.
—Жалақы...—деді жас қыз қылымсып.
—Кешіріңіз, бойыңыз қанша?—деді Газдың исі бұрқырап, қызға көңілі
толмай қиналып.
—Жарты сантиметр..
—Өспепсіз ғой...—деді Су сызыла қарап,—фейсбуктегі суретіңізге
қарап, ғашық болып қалсам...
—Өсірмей жатыр ғо-о-о...—деп бұртиды Жалақы қыз.
—Қойшы, қортық қыз екен,—деген Свет «кəрөткі зəмікəние» болып,
кетіп қалды. Газ бұрқ етіп, жанып кетті. Су болса, келген ізімен ағып
кетті...
«АҒАЙ, БАСЫМ ҚЫШЫП ТҰРҒАН ЖОҚ...»
Ісініп-кеуіп, көзімен «суық су сеуіп», шытынағанда, шықшыты
шытыр-сытыр еткендей, мойыны жаңа кесілген бөренедей жуан,
мұрыны өліп жатқан құрбақадай жалпа-ақ, аяғы «жұрт көрсін»
дегендей, əдейі талта-ақ, басында қайқы қалпақ, кеудесі артқа шалқақ,
шала қазақ досымен «Эйр-Астана» əуе жайына келе жатты. Бір кезде
кеудесінен бұрқырап бу шықты. Қорқып кеткен досы:
—Кеудең қайнап жатыр!—деді.
—Бу ғой... Байлықтың буы...—деді «Қазхалықсору» банкісінің мүшесі
Шіренбай шірене түсіп. Бір кезде Шіренбайдың басы иығына құлап,
кеудесі бүгіле берді.
—Шіреке, жайшылық па?—деп сұрады оны сүйей берген досы.
—Байлықты көтере алмай келе жатырмын...
—Ауыр ма?
—Зіл батпан...
—Жартысын маған берсеңші?
—Е?—деген Шіренбай алқына демін алды.
—Көтерісіп жүрейін дегенім ғой... Жаным ашып...
—Ойпырмай, сенің жаның ашымай-ақ қойсыншы! Жалпақтап жанымда
жүргеніңе мəз бол!
Досы ыржалақтап күлді.
—Не болды ей?
—Мəз болып тұрмын...
—Ал мен байлық пен мансапты көтере алмай тұрмын... Ісініп кеттім.
Тарс етіп, жарылып кетпеймін бе?
—Негізі, семіздікті қой ғана көтереді екен. Сондықтан «мə—əəə мə, мə!»
деп маңырап алайық...
«Ақылына айызы қанған» Шіренбай досының арқасынан қағып, жанжағына қарап алып: «Мə-ə... Мə-мə...» деп қалды. Досы да «Мə-мə.. мə—
əəəə...» деді. Сол екен, Қазақстан қайыршылары қаптап кетті. «Маған
беріңіз!», «Не бересіз?», «Мə!» деп тұрсаңыз, əкеліңіз!» деп шуласқанда,
құлақтары қаңылтыр милары мипалау болды. Полицейлер, əскерлер
келмегенде, қайыршылар астында тапталып қалар ма еді! «Жасасын,
Қазақстан қайыршылары!»деп қалды ана тұстан біреу.
Оны
«кэнбешниктер» ұстап əкетті. У-шудан əрең құтылған Шіренбек
əуежайдың ішіне кірді. Сəл жеңілденіп қалғандай еді, ақшаның буы
кеудесінен бұрқырап шыққаны. Кəдімгі моншаның ыстық «пары!»
Ұялып, кеудесін алақанымен басып еді, саусақтарының арасынан
шығып жатты. Əуежай күзетшісі келіп:
—Кешіріңіз, кеудеңізден түтін шығып жатыр!—деді.
—Түтін мен буды ажырата алмаған сорлы, бұл бу! Ақшаның буы!—деді
Шіренбайдың досы жағымпазданып.
—Жүріңіз, тексереміз. Мүмкін, шпион шығарсыз... Əуежайды жарып
жіберетін терроршы болсаңыз...
Шіренбай шыдамады, күзетшіні бір ұрып құлатып, касса маңына келді.
—Қарындас, маған Түркияға бір билет...
—Кешіріңіз ағай... Кеудеңізден түтін...
—Америкаға бір билет...
—Ағай дейім, өртеніп жатырсыз...
Шіренбай билет сатушы қыздың басына пəпкісімен бір ұрды... Тағы
ұрды.
—Ағай, басым қышып тұрған жоқ қой, неге ұрасыз?
Шіренбай папкісмен қыздың басына аямай ұрды. Байғұс қыз тілін
тістеп алды.
—Рахмет ағай.
—Не үшін?
—Өзім де білмей тұрмын...
Бір кезде үш-төрт күзетші жетіп келді. Шіренбай кеудесін ашып
қалып еді, ақшаның буы зал ішін тұмандандырып жіберді. Ештеңе
көрінбейді. Бұлар бұқпантайлап, сытылып шығып кетті. Əне,
Шіренбай бауырымен жылжып барады... Досы қолынан тартып, сүйреп
əлек. Қайтсін-ай, соншама байлық пен мансапты бір өзі көтеріп жүру
деген «оңай» ма? Арқалап... Ей, кедей, сіз не арқалап жүрсіз?
«ЖАҒЫМПАЗ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛДЫҚ...
Біздің қоғам «қызы-ық кино» сияқты... Қалай басылымдарға жазылу
басталды, билік білегін түріп, əкімдер «əңгіме» айтып кетеді.
Амалсыздан «базар жоқ!» деп жазыла кетесің! Көз алдыңызға «бөебік»
кинодағы атысып-шабысып жүретін
кейпкерлерді елестетіп
көріңізші? Онда мен мына сатираны басқаша жазамын: Əне, облыс
əкімі мұздай қаруланып алған, пистолетін шығарды да, кабинетіндегі
мектеп директорлары мен басқарма бастықтарына бағыттап:
—«Жағымпаз» газетіне жазылым басталды. Облыс бойынша
мемлекеттік басылымға елу мыңнан аса адам жазылатын болсын!
Өліп кеткен аталарың мен əжелеріңнің аттарынан да жаздыра
беріңдер, сауабы тиеді...—деді.
—«Жас Алаш» газеті шындықты жазады, соған жазыламын дегендер
көп...—деп қалды біреу.
—Кімнің аузы жыбырлады?—деп сұрады əкім. Менің қасымда «Талантараж» басқармасының бастығы отырған. «Менің аузым айтып
қалды..» деп міңгірлегені сол, облыс əкімі оны атып салды. Оқ жүрегіне
кіре алмай, майысып, көйлегін жыртқаны болмаса, басекең басын изеп,
əкімнен кешірім сұрап жатты. Содан кейін əкім жазылым жоспарына
кірген мемлекеттік басылымдардың тізімін оқып берді. Жекеменшік
газеттерге бүйрегі бұрылмайтынын айтты. Осы жиылыстан соң бір
мектеп директоры
гранат алып, автомат асынып, мұғалімдерді
мəжіліс залына жинап алыпты да: «Бəрің «Жағымпаз» газетіне
жазыласыңдар!»-дейді ғой. «Айлығымды толық алғым келіп еді...» деп
міңгірлеген əдебиетші қыздың басына гранат лақтырған екен,
қасындағы құрбысы етегімен қағып үлгеріпті əйтеуір... Гранат
жарылып, көйлегінің етегі жана бастаған екен. Оны өзгелер түкіріктеп
əрең өшіріпті. Сол екен, мұғалімдер жаппай «Жағымпаз» газетіне алты
айға жазыла бастаған, жұмыстан шығып кетуден қорыққан
мəтемəтика пəнінің мұғалімі дауыстап: «Газет со-ондай «қызық!»
Қазақстан жағымпаздары туралы бірден бір басылым. Мен бұл газетке
бірден елу жылға жазыламын!»— дейді.
—Ойбай-ау, қазір өзің қырықтасың. Сонда не, тоқсан жас жасаймысың?
—деген директор автоматымен атып жібергенде, оқтар əшейін
көбелек болып ұшыпты! Мұның бəрін маған əйелім айтып келді. Тарих
пəнінен сабақ беретін əйелімнен айналайын, «Жағымпаз», «Биліктің
бантигі», «Шенеунік», «Үкілі үкімет», «Сен ары тұр», «Сенатор»,
«Жасыл экономика» «Қызыл инфрақұрылым» «Көкпеңбек құрылыс»,
«Қоңыр нарық»
газеттеріне жазылғанын айтқанда, аузым «О»
əрпіндей болып ашылып, қайтып жабылмай қалды! Бір ай айлық
алмайды енді... Жетпіске келген əжеміз бар еді, пенсиясын алуға барса,
пошташы «Жағымпаз» газеті мен «Секс» журналына күштеп
жаздыртыпты. Əкем де «Жағымпаз» газетіне еріксіз жазылған.
Универде оқитын ұлым мен қызым да «Жағымпазға» жығылыпты. Бір
кезде бірінші сыныпта оқитын қызым келді арсалаңдап.
—Əке ақша берші!
—Е?
—Апай айтып жатыр, «Жағымпаз» газетіне жазыласыңдар деп.
—Ойбай-ау, бұл газетті түсінбейсіңдер ғой?
—Мектепте перəшкі жегенде қолдарың май болмайды, осы газетке
орап аласыңдар дейді...
«Қалайда «Жас Алашқа» жазыламын!» деп тістеніп, ертеңіне
бастығымның алдына кірдім.
—Біздің үйге алты «Жағымпаз» газеті келеді екен. Мен бұл газеттің
орнына «Жас Алаш» газетіне жазылайыншы...—деп өтіндім.
—Не, оппозицияға кеттің бе? Мен де өлгеннің күнінен «Жағымпазға»
жазылып отырмын. «Газеті көп үй— береке, газеті жоқ үй—келеке!»—
деп келесі бөлмеге жетелеп апарды. Зеңбірек тұр екен.
Қорыққанымнан екінші мəрте «Жағымпаз» газетіне жазылып кеттім.
Бір айдан кейін біздің үйге газет жауады! Газеттен сорпа қайнатып
ішеміз! «Газет көрпе» жамылып жатамыз! Келінім босанайын деп
жатыр. Құдай қаласа, немеремнің атын Газетбек қоямын! Біздің үйге
келіңіздер, жабыла газет жинаймыз... Айтпақшы, «Жас Алаш» газетін
ала келіңіздерші, «мүжіп» оқиық!
БЫЛШЫЛДАТЫП СҮЙЕ БЕРЕДІ...
Айтпақшы, сіздер тойларға барып жүрсіздер ғой? Сондағы
сүйістерді көрсеңіздер! Былш-былш... Ай көрмеген, жыл көріспеген
ағайындар, жеңгелер мен əпкелер былай сүйіседі: «Ой, Бота! Сен əлі
тірісің бе? Ауруханада жатыр деп естіп едім. Келші құшағыма! Үммə,
үммə... Ойбай, үстіңдегі халатың не? Ауруханадан сұранып келдім
дейсің бе? Түріңнен айналайын, быттиып азып кеткен! «Үммə, үммə!»
Еркектердің сүйістерін көрсеңіздер... Шыбынның сирағы сияқты жұқа
ерін, «колбаса» сияқты бұртиған ерін, салбырап кеткен ерін, жалбырап
кеткен еріндердің былай өңмеңдеп, дүрдиіп, ұмтылып келе жатқанын
көргенде, о-ой... көзіңді тарс жұма қоясың. Түкірігімен сүйіп алғанда,
жиіркенгеніңді байқатпай: «Қалайсыз? Тойға келдіңіз бе?» дейсіз тойға
келгенін біліп тұрсаңыз да... Баяғы кеңес дəуіріндегі бас секретарь
Брежневтен қалған сүйіс қой бұл... Қазір еркектер де бір бірімен
«інтімні» сүйісе береді... Дəмі жоқ, тұзы кем сүйістер ғой...
Ал енді, балаңызды сүйсеңіз болады енді. Бірінші сыныпта оқитын
балаңыз мектептен арсалаңдап, жүгіріп келгенде: «Қандай баға
алдың?» деп сұрайсың. «Бес!» «Мəледес!» деп бетінен түк қоймай сүйіп,
жалап тастасаң да өз еркің. Бірақ барлық ата-аналар баласын сүйе
бермейді. Бір жеңгей бірінші сыныптағы баласына ұрсып отыр дейді.
«Қанша алдың?» «Минус үш...». «Үш те болса, күш... Бірақ ертең бес
алып кел!» «Анашым, бес ше, бес таусылып қалыпты...». «Сенің миың
кеуіп қалған!» деген анасы баласының басына линейкамен сарт
еткізеді. «Əкел кітабыңды, оқимыз! А-лаш... Алаш деген немене?
Түсінесің бе?» «Білмеймін...» «Осындай қиын сөздерді, саяси сөздерді
бірінші сынып баласы қайдан түсінеді- ей? Өзім де түсінбей отырмын.
А-лаш деген... Бірдеңені ал да, аш... Мысалы сөмкені алып, сөмкені
былай алып, аузын аш...» «Ия саған Алаш дегеніміз— «Алаш» базары
ғой...» деп қалады баласы бұртиып. «Солай шығар? Енді ағылшын тілін
оқимыз. Əкел бері кітабыңды. Май неймз... Айтшы, май неймізің кім?»
«Май жеймісің демеші анашым, май жемеймін...» «Атауыңды жегір!
Мен саған «май жейсің бе?» деп тұрған жоқпын! Қолыңды қарашы, кіркір... Екі аяғыңды аспанға қаратып, алақаныңмен жүресің бе деймін
осы? Май неймз Жеңіс деші...» деген анасы баласының басына
шапалақпен сарт еткізіп, құлағынан бұрап алады... Сол кезде баласы
былай... қорсылдап... басын салбыратып... мұрнын тартып... Шешесі
бақырып: «Жыласай... Жыла! Жылай сал!» деп еді... Міне былай: «Ң-ң-ңң-ң...Өа-а-а-а...» деп аңырай жөнеледі, қаша беріп, есіктерді сарт-сұрт
жабады, жиюлы төсекті қиратып, қабырғаны ұрғылап, оң аяғына сол
аяғымен бір тебеді... Жүйкесі жұқарған деген осы... Жүйкелеріңіз
жұқармасын, жеңгейлер!
Жүйке демекші, көшеде өз машинаңмен келе жатып та жүйкеңіздің
бір сымы бырт етіп, үзіліп кетеді. Бағдаршамның қасындағы «зебра»
бар емес пе? Жаяу жүргіншілер өтетін жолақ. Сол жерге келіп «ши-иқ»
етіп тоқтайсың. Жаяуларды құрметтейміз, бірақ олар бізді құрметтейді
ме? Тура жайылып бара жатқан қойлар сияқты ғой. Асықпа-ай,
құлағына «нəуішнигін» тығып алып, əн тыңдап бара жатады. Міне,
былай кетіп бара жатыр... Жасыл бітіп, қызыл қызарса да, міне былай,
əсіресе қыздар құйрығын бұлтың-бұлтың еткізіп, балтырларын
жарқыратып... Сол жалтыраған балтырына балқы-ып қарап қалсаң,
артыңдағы машиналар «бип-бип, бап-бап, тр-р-р-ың-тыррррың...»
деген неше түрлі «сигналдар» шығарып кетеді. Оны қойшы, жаяулар
«зебраны» қойып, көшенің кез-келген жерінен жүгіріп шыға келгенде,
дəретханаға бармай-ақ... Қайдағы біреу үшін сотталып кеткің келмеді
енді... Бір досым «Тайотасымен» келе жатса, бір қыз алдынан жүгіріп
шығыпты. Тежегішті басуға үлгермей, басып өте шыққан ғой. Сөйтсе,
жаңағы қыз тігінен, міне былай... (жатады) шалқасынан жатыр дейді.
Сағыз шайнап жатқанын қарасаңшы! «Қарындас, бір жеріңіз ауырып
қалды ма?»-деп сұраса: «Туу, асығыс едім, универге дейін апарып
тастаңызшы!Таксисіз бе?»— депті. Жұрттың бəрі сотқа пара беріп,
оңай құтылып кететін миллионер емес қой...
Ырым дегенге сенесіздер ме? Сеніңіздер. Мəселен, бастық болсаңыз,
мынадай ырым тиымдар есіңізде жүрсін: жиналыстарда жынды
адамдарша жарыса сөйлеуге, жыртыңдап күле беруге, өтірік есеп
беруге, министрге қарап керіліп, есінеуге, талтайып отыруға, (міне,
былай...) кабинетіңде етпетіңнен жатып алып, жұртты қабылдауға
болмайды. Ал егер депутат болсаңыз: түнде мəжіліс залында қонып
қалып, түске дейін ұйықтауға, мəжіліс кезінде тамақтануға,
депутаттың бетінен алып, бет жыртысуға, украйндықтар сияқты
төбелесуге, түнде заң қабылданып жатса, жалғыз бармауға, дауыс
беріп жатқанда бұраңдап, қылымсуға, спикердің алдын кесіп өтуге,
тілшілерге арқан керуге болмайды. Қыздарға да қырық тиым бар:
Моншада «наушник» киіп алып əн тыңдауға, ауызға қолын жумай
салып, ысқыруға, темекі түтінін «көзінен» шығаруға, күйеуге тиер
алдында несие алуға, бұрылып, желкесін көруге, ұйықтап жатып сағыз
шайнауға, сырамен тіс жууға, шашын тықырлатып алуға, мұрт өсіруге
болмайды...
Біздің Оралда казактар бар. Олар орыстың ішіндегі қазақтар ғой...
Қазақшаға тілдері келмей: «Мы казаки!» деп жататындары сондықтан.
Негізі, қазақ деген сөздің түбірі— қаз... Қаз—кəдімгі қанаты бар қазы.
Ақ деген сөз—аппақ, ақ, ақ қазы болады сонда. Орал казактарын «Бепбелые гуси» деп атасақ та болады. Орал казактары бұрын қылыш
орнына қамшы ұстаған, намаз оқып, дəрет сындырған деген тарихи
болжам да бар...
Сосын бар ғой, мақал мəтелдерді шығарған адамдар университетте
оқып, диплом алмағандар-ау деймін. «Ит итті, ит құйрығын жұмсайды»
дейді. Өздеріңіз көрдіңіздер ме, бір итке бір ит үріп қойып: «Əнəу
жерде сүйек жатыр еді, əкеш...» деп жұмсайды ма? Ал екінші ит болса
құйрығына қарап: «Шарша-ап тұрмын, құйрығым, сен бара қойшы!»
дейді ме? Өтірік қой. «Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Өтірік. Атың
шықпаса, базар өрте. Атың шықпаса, орман өрте... Айдаладағы бос
жатқан жерді өртегеннен не шығады?» «Қалауын тапса қар жанады»
бар. Бұл да өтірік. Бір шелек қарды жақсаң, бір шелек су болады.
Есесіне қалауын тапса, адам жанады. Прокуратура, сот ғимараттары
алдында адамдар əділетсіздікке күйініп, үстілеріне бензин құйып,
жанып жатады... «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады»
деген бар. Бұл да өтірік. Жыланның ініне барып: «Жаным жылан,
айналайын жыла-ан! Мен саған ғашықпын!» деп кешке дейін
отырсаңыз да, «квартирасынан», шықпайды. Өйткені жылуға, светке
суға ақшасы жоқ... Төлемеген... Одан да: «Отыз градус жылы сөйлесең,
қырық градус болып, алқаш күйеуің алдыңнан шығады» десек, құлаққа
кіреді... Қазақ тілі, ана тілім қандай керемет! Бір сөздің бірнеше
мағынасы бар ғой! Осындай тілден айналмаймыз ба? Бірде тау
жақтағы ауылда тұратын таныс əйелді көріп қалып: «Жеңше, тауық
па?» деп сұрадым. «Жоқ тауық емес, қораз сатып алдым!» дейді
жеңшеміз. «Жоқ, тауық па?» деп сұрап жатырмын. «Əй, қайным, тауық
емес, қораз, қораз, ə-те-еш!»—деп айқайлап берсе бола ма! Сонда мен:
«Тау ық па, ық емес пе? Тау дегеніңіз ауылға ық болады ғой, жел жоқ
шығар?» деп сұрағым келген. Əне, біздің ана тіліміз қандай! Қазақ тілі
неткен бай тіл! Осындай керемет тіліміздің мəртебесін көтере алмай
жүрміз ғой! Сөздің мағынасы демекші, бірде аялдамада тұрып ойланып
кетіппін... Астанаға алғашқы қар жауып, еріп кеткен кез еді. «Ия, қыс
енді...» дедім. Сол екен қасымдағы еңгезердей бір жігіт түтігіп: «Неге
қыс дейсің? Мен бе қысатын? Танымайтын адамға осындай көргенсіз
сөз айтқаның не? «Зима» десең де болады ғой...» деп дегбірімді алса
болар ма? Ой, мұндай мағынасы сан алуан сөздер өте көп. Мысалы:—
Қораз. Екінші мағынасы: қор аз. Қор ше, жиналған қор аз. Пəленше
атында қор ашылып, оны Түгенше жеп қойған деген сияқты. Сосын бар
ғой, біздің қазақ жігіттері қыздармен жөнді таныса алмайды. Түйеден,
ұшақтан түскендей, дік еткізіп сұрақ қоя салады. Қыздарға былай,
жұмсартып, жұмбақтап сұрақ қоюға болады ғой. Мысалы, менің бір
досым қыздармен былай танысады. «Қарындас, тауға шыққансыз ба?»
-деп сұрайды. Қыз қылымсып: «Ия, шыққанмын. Тауға өрмеледік қой»
дей салар. «Жоға, күйеуге шығу—тауға шыққанмен бірдей ғой,
тұрмысқа шыққансыз ба деймін...» «А-а, кешіріңіз, тауға шыққан
жоқпын, қазіргі таулар төбешіктер ғой...» депті сонда бойжеткен.
Көрдіңіз бе, осылай жұмбақтап сөйлеу керек! Келіншекпен сөйлесе
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.