Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 13

Total number of words is 3637
Total number of unique words is 2061
30.6 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
51.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«Дəл осы жерде баламның төбелескіш қоразы қайтыс болды. 20112012 жж.» деп жазылған еді... Дарбазамнан шыға алмай қалдым. Біз ғой
нанға ақша таба алмай жүрміз, ал халықтың қалтасынан байып
алғандар, төбелескіш қоразы қай жерде өлсе, сол жерге ескерткіш
орната салады... Əділдік қайда, ағайын? Жылап-сықтап жүріп,
қорғанымыздың артқы жағынан есік ашып алдық. Дарбазамыздың
есігін қорқа-қорқа ашатын болдық. Бір күні таңертең əйелім жылап
келе жатыр.
—Ойбай, тағы не болды?—деп сұрадым мен.
—Өліп қалыпты!
Жүгіріп барсам, шынымен өліп қалыпты... Сол күні қарсы беттегі
прокурор болып істейтін көршім сол өлген жерге көмді. Жылапсықтап, күмбез орнатты. Айналасын қара темірмен қоршады. Сыртқа
шыға алмай қалдық. Біздің дарбаза алдына келіп өлген сүмелектің
моласына былай деп жазылған еді: « Бұл жерде Австралияда туылған
алтын тісті, асыл тұқымды итіміз Док өмірден озды. 2010-2012 ж.ж»
Құдайым –ау, айналасы бір жылдың ішінде айналамыз ит пен құстың,
мысық пен тышқандардың моласына айналды. Арыз айтып, қала
əкімшілігіне де бардық. Əкімшіліктегілер: «Өмір бар жерде қаза бар...»
деп күрсініп шығарып салады. Оларға: «Сыбайлас жемқорлық—
ауызбіршілік!»деп айта алмадым. Бірде, жаз айы болатын, көк
есегіммен бір арба шөп əкеле жатқанмын... Салық бастығы болып
істейтін көршімнің дарбазасы алдына жете бергенде... Ия,ия, жете
бергенде көк есегім бір екі рет ақырып ақырып алды да, зорығып өле
қалды. «Есегім-ау, есегім, неден болды кеселің?» деп еңіреп жылап,
көршінің алтын жалатылған дарбазасына бормен: «Бұл жерде артында
аңыратып, қодығын жетім қалдырған ардақты көк есегім қайтыс
болды... 2008-2012 ж.ж» деп жазып қойдым. Есегіме ескерткіш
орнататын жағдайым жоқ менде... Есесіне, ертең көшейін деп
жатырмын... Ашығын айтсам, көшірейін деп жатыр!
АЯҚҚА МІНІП ҰЙЫҚТАДЫҚ...
Əйелім кешелі бері ызыңдай берген соң, аузын алақаныммен алты
минут жаптым да, түс қайта қаладағы бажамның үйіне қыдырып
баратын болдық. Қыдырып дейміз-ау, құтты болсын айтуға барамыз.
Бірақ не үшін құтты болсын айтып баратынымыз есімізге түспей,
есеңгіреп, есіней бердік. Не үшін келе жатқанымызды өздерінен сұрап
алатын болып шештік.
Базар аралап, күн бата қаладағы көп қабатты үйдің алтыншы
қабатында өмір сүріп жатқан бажамның да пəтеріне жеттік ау! Мен
бажаммен құшақтасып, əйелім əпкесімен шөпілдесіп сүйісіп болған соң:
—Құтты болсын, бажа!-дедім.
—Не құтты болсын?—деп сұрады ол.
—Білмеймін, əйтеуір құтты болсын айтуға келдік.
—Не үшін құтты болсын айтып келдіңдер?—деп сұрады əйелімнен
аумаған əпкесі.
—Ұмытып қалдық,—деді əйелім,—əй, Мыжбан, не үшін келіп едік өзі?
—Құтты болсын айтуға...
—Не үшін деймін?
—Алдағы жылдары болатын қуаныштары үшін...
—Жарайды, келгендеріңе қуаныштымыз!—деген бажам бізді қонақ
бөлмесіне бастап кірді. Қайынбикем бізге иіліп сəлем берген келініне:
«қазанға былтырдан қалған етті сала ғой!» деп тапсырма беріп жатты.
Жастыққа жантайып, қабырғаға арқамды сүйей жата беріп едім, бажам
құйрығын ыстық суға батырып алғандай айқайлап жіберді:
—Ойбай, бажа, қабырғаға сүйенбеші!
—Неге?—деппін.
—Қабырға құлап қалады...
—Құлап қалар болса, арғы жағынан сіріңкенің шиімен тіреп
қоймайсың ба?—деп күлдім.
—Естімедің бе не? Қарағандыда
көп қабатты үйлердің бірі
шалақасынан түсіп, «ұйықтап» қалды емес пе?
—Теледидардан көрдік қой,—деген мен орнымнан тұрып, балконға
шыға бергенмін , темекі тартқым келген.
—Ойбай, бажеке, балконға шықпа!—деп безілдей жетіп келген бажам
мені құшақтай алды.
—Неге, бажеке?
—Көрмейсің бе, балконның асты жоқ. Төмен қарасаңшы!
Көздерімді төменге сырғанатып жіберіп едім, жүрегім аузымнан
шығып, бірінші қабатқа түсіп кеткендей болды. Сол түсіп кеткен
жүрегімді қаңғыбас иттердің бірі жеп жатқандай, жаман əсерде
болдым. Балконның асты ойылып, түсіп қалыпты!
—Тыжбан бажа, бұл үйдің салынғанына үш жыл өткен жоқ емес пе?—
деп сұрадым.
—Е-е, бүгінде алаяқ мердігерлер халықтың тағдырымен ойнайтын
болды емес пе? Ақшаны қалтаға басады да, шетелге қашып кетеді.
—Қала əкімі, құрылыс бөлімінің бастығы, архитектура бастықтары
«қабылдадық!» деп қол қояды емес пе?—деп есеңгіреген мені бажам
келесі бөлмеге ертіп келді. Кілемді түріп жіберіп еді, қабырғасы
ырсиып, арғы жақтағы көрші үйдің бөлмесіне көзім түсті. Бір əдемі
келіншек айна алдында тұр. Бір кезде шешіне бастады... Үстіндегі
халатын төсекке қарай лақтырып жібергенде, менің басыма түскендей,
селк ете қалдым. Бажам мені ығыстырып, жырыққа көз салды.
—Біз де көріп қалайықшы. Көрші келіншек қой. Жесір.
—Сен күнде көріп жүрген шығарсың, былай тұршы!—деп бажамды
итеріп жібердім.
—О, о, мүсіні қандай, мүсіні! Мəссаған, пенцептпен бе, əйтеуір, айна
алдында қолтығынын жүнін жұлып жатыр! Шашын сілкіді.. Төс...
—Немене төс?
—Төс тартарын шешіп, лақтырып жіберіп еді, төбедегі люстрасына
ілініп қалды!
—Былай тұршы, мен де көріп қалайын!
Бажам мені ығыстыра бергенде, еңкейіп жатқан екеумізді көріп,
келіншектеріміз қосарлана айқайлады:
—Қабырғаны жалап жатырсыңдар ма, не? Былай тұрыңдар!
Ұшып тұрдық. Бажекем қайырылып қалған кілемді орнына жіберіп,
сосын қайын бикеме жəй ғана:
—Айқайламасаңшы, үй құлап қалады ғой. Түсте қала əкімі келіп кеткен,
—деп міңгірледі.
—Неменеге келіпті?—деп сұрады əйелімнен аумайтын əйелі.
—Үйлеріңде сыбырласып сөйлесіңіздер, өйтпесеңіздер, үйлеріңіздің
құлап қалуы ғажап емес деп кеткен...
—Ұятсыздар!—дедім мен қалшылдап,—бəрі бірігіп жейді! Содан
барып, сапасыз құрылыс басталады!
Əйелім кілемді түріп жіберіп, жырыққа көз салғаны! Зымиян ғой!
Əпкесінен аумайды! Əне, ол маған ызалана жақындап келеді... Ойба-ай,
жақындап қалды...
—Мыжбан! Бері кел!
—Не болып қалды?
—Құтты болсын!
—Немене құт-құтты болсын?
—Мына қабырғадан секс көріп отыр екенсіңдер ғой?
—Жоға, былай ғой... мына үй ертең құлайды! Ке- кетейікші...—дедім
мен.
—Кетпейміз, осында қонамыз!—деп ашуланған əйелім секіріп қалып
еді, аяқтарының асты ойылып кетті де, екі аяғы төменгі қабатқа
салбырап, өзі отырып қалды. Қайын бикем де, бажам да « ыспокойно».
—Мен неғып отырмын?—деп сұрады əйелім.
—А-яғыңның асты тесіліп қалды... Тұра ғой, махаббатым менің,—деп
əйелімнің қолынан ұстағаным сол, ол тырқылдай күлгені.
—Не болды жаным?—деп сұрадым мен.
—Астыңғы қабаттан біреулер табанымды қытықтап жатыр!—деді
əйелім.
—Біз мұндай тесіктерге үйреніп қалғанбыз,—деді қайын бикем,—
мына бөлменің еденін қараңдаршы, шұрық тесік...
—Не деген жауапсыздық! Ертең бұл үй құлайды! Тезірек біздің ауылға
көшіп келіңдер!—деп қоямын. Көз алдыма құрылыстан қырнап емес,
қылғытып жейтіндер елестеп кетті. Ет жеп, сорпа ішіп болған соң,
дəретханасына кірейін десем, бажам жеңімнен тартады.
-Не?
—Туалет жоқ. Астына қарай құлап кеткен... Шыда...
Зəрем қалмады. Қайтып кетейік десек, түн ішінде ауылға қарай
автобус түгіл арба да жүрмейді... Төсек салына ма десек, бажам маған:
—Ұйықтайық...—деді.
—Қалай?—деппін.
—Тік тұрып ұйықтаймыз,—деді қайын бикем. Зəрем ұшты.
—«Тігімнен» ұйықтап көрмеппін,—деп қалды əйелім.
—Жатуға қорқамыз. Үй құласа басып қалады ғой,—деген бажамның
бетіне үңіле қарадым.
—Шенеуніктерге халық тағдыры ойыншық екен!—дедім мен.
—Қайырлы түн!—деген дауысқа қарасам, əйелім əпкесіне сүйеніп
алып, маужыра-ап бара жатыр. Амал жоқ, кірпіктерім құшақтаса берген
соң, бажамды құшақтадым. Ол жүдə қатты қорылдайды екен, таң
атқанша кірпік ілмедім. Құдайым-ай, тезірек таң атса екен!!!
ҚАЗАҚША ТӨБЕЛЕС
(Саяси сатира)
Мұндай масқараға іші кеуіп, басы балшыққа айналып кете жаздаған
Израйль президенті Шимон Перес Германия президенті Иоахим
Гаукке телефон соқты:
—Мен сізбен дос болмаймын!—деді ол жыламсырап.
—Не болып қалды?
—Ұйқым сіздер жаққа қашып кетті!...
—Ұйқы кəдімгідей қаша ма, не?
—Басымды қабырғаға қырық рет соқтым! Тістерімді шықырлатып
едім, екеуі түсіп қалды, шекем болса, ісіп қалды!
—Түсінбей тұрмын?
—Сіз өлең оқисыз ба?
—Қандай өлең?
—Қап-қара өлең!
—Жоқ, мен сап-сары өлең оқушы едім... Не болды, айтып өлтірші?
—Сіздің елде Нобель деген ақын бар ма?
—Ондай ақын жоқ, министрлерімнің бірі болмаса...
—Не ғой, Нобель сыйлығының лауреаты Гюнтер Грасстың басын кесіп
тастай салыңызшы...
—Былтыр басын кесіп тастағанбыз, қайтадан өсіп шыға береді... Не
болды сонша?
—Жүдə жақпай жүр... Израйль туралы «Бұл туралы айту парыз» атты
өлеңін оқыдыңыз ба?—деп сұрады Шимон қалшылдап.
—Махаббат туралы ма, не?
—Махаббатта басыңыз қалсын! Қайдағы махаббат? Ортақ жауымыз
Иранды жақтап, оларды ақтап, ал бізді тəпішкесімен таптап... И-и,
жылағым келеді... Жылайын десем, президентпін!
—Ах, оңбаған!
—Нобель сыйлығынан айыру керек! «Халықаралық қауымдастық
Иранның ғана емес, Израйльдің де ядролық бағдарламасын бақылауға
алу керек» депті! Тілі қышып бара жатса, аккумлятор жаласын! Мені
дүние жүзіне масқара етті!
—Кешіріңіз, Шимон мырза, кеше Қазақстан президенті ызбандап...
—Не дейді?
—Дүние жүзінде ядролық қарудан бірінші болып бас тарттық. Иран
мен Израйльдің
теке тіресі көпке созылып кетті. Одан да,
президенттер Астанаға келіп төбелессін дейді.
—Төбелесі несі?
—Баяғыда, СССР кезінде қазақ жігіттері ерегісіп қалса, жекпе-жекке
шығып, қазақша төбелеседі екен. Жабылмайды екен. Сосын жеңілгені
де, жеңгені де құшақтасып, татуласады дейді ме?
Шимон ойланып қалды... «Татуласатын болып, тұмсығын бұзайын!
Қолдарын бырт-бырт сындырып, аяқтарын өріп, кіндігіне бомба
қойып кетейін! Кеңірдегін суырып алып, су шашатын шлангы етіп
алмаймын ба?» деп ойлады ішінен. Бұл ойын АҚШ президентіне айтып
еді, ол да құптап, «о кэйледі»... Ағылшын президенті рахаттана күліп:
«Қазақша төбелес? Барамыз! Жеңіліп бара жатсаң, жабыла кетеміз!» —
деді. Содан не керек, елден ерек, «Астана төбелес» сарайында
«халықаралық төбелес жəне татуласу» жекпе-жегі басталып та кетті!
Əне, ортаға атылып шыққан Шимон Иран президентіне «Алға,
еврейле-ер!» деп айқайлай ұмтылды. Иран президенті асыққан жоқ,
бір стақан мұнайын сіміріп салды да, бұғып қалып, кіндік тұсынан бір
«удар» берді. Анау да қарап қалмады, Иран президентінің желкесінен
тістеп алды! Екеуі ентігіп, түске дейін алысты. Бір кезде Иран
президенті:
—Перекур, шылым тартайық,—деді.
—Шымкентте түстеніп алайық. Палау жейміз...—деді Израйль
президенті. Елбасы ішінен: «Е-е, міне, татуласып келе жатыр!» деп
ойлады. Президенттер ұшақпен Шымкентке ұшып келді. Барак Обама
Қошқар ата өзеніне шомылып, Ақтас ауылынан қозықұйрық жеп
қайтты. Италия президенті Джорджо Наполитано облыстық ішкі істер
департаментінің бастығына əбден ұрысты. Италянша. «Не деген
пəлесіңдер, пара алады екенсіңдер, Қонаев даңғылында бір майорың
машинесінде ішіп алып, жас қызды алты метр ғана ұшырып өлтірген!
Алқаш екенсіңдер ғой!» деді. Оның италянша ұрысқанын түсінбеген
департамент бастығы басын изеп, қуаныштан жарыла жазадап тұрды.
Германия президенті Гаук қырғы базардан қымыз ішіп тұрып: «О-о,
біздің немістің қымызы Қазақстанға қалай келген?» деп таң қалды...
Ресей президенті Қырғызстан президентіне бұрылып: «Өзбекстан
президенті Ислам-əкə көрінбейді ғой?»—деп сұрады. «Өй, ол көп жерде
көрінбейді ғой. Құдалыққа кеткен екен, қолы тимепті...»—деді қырғыз
президенті. Израйль президенті мен иран президентіне облыс əкімі
елбасы атынан иықтарына шапан жапты. Шимон жынды екен,
шапанды лақтырып жіберіп, Ахмадинежад Махмудқа ұмтылды.
Көздерінен баллистикалық зымырандар зу-зу ұшып жатқандай...
Аузынан атом бомбасының жалыны шыққандай ма... Осы кезде бір
есек ақырып қалып еді, Шимон соған жалт қарады. Осы сəтте Иран
президенті оның жағына жұдырығын сілтеп қалды. Анау шалқасынан
түсті. Жеңіліп қалды деген осы, бір кезде Барак Обама көзін қысып
қалып еді, Италия, Ұлыбритания Германия президенттері жабыла
берген... Елбасының: «Жігіттер, əлемге тыныштық керек!» деген сөзіне
қарайтын олар емес. Бір кезде «Ойбай, Шымкент қаласындағы
мектептердің бұзақы оқушылары келе жатыр!» дегенді естісімен,
жабыла жаздағандар қолдарын қалталарына салып, жым-жырт бола
қалысты. Барак Обама пісте шаққан болып, теріс қарады. Қазір дүние
жүзінде мектеп оқушылары жама-ан...
Кешке қарай ел президенттері ит жығысты тоқтатып, Шымкенттегі
бір миллиардер кəсіпкердің баласының сүндет тойына барды. Путин
асаба болды. Италия мен АҚШ президенттері «Қара жорға» биіне
биледі. Той үстінде Махмуд Шимонға: «давай, дос болайық!»— деп
қолын ұсынып еді, анау: «ой, шешең...» деп бір боқтады да, тойдан
тайып тұрды... Əлемге тыныштық керек, мырзалар!!!
МОЙЫНДАР...
Мойын ойын емес... Ойланып айтсам, ойыншық емес дегенім ғой...
Мен байғұста мойын да жоқ... Ойбай-ай, қайдағы байғұспын? Ыңқыл
облысының бас бармақты шошайте-еп көрсететіндей əкімі емеспін бе?
«Тыңқыл» облысына президентіміз келе қалды да, барлық облыс
əкімдері сонда шапқылап, жиналысқа қатыстық. Жиналыста жүн түтіп
отырмаймыз ғой. Аузым ашылмаса да, екпінім есектің астына
түскендей тымырайып отырғанмын. Бір кезде Елбасымыз:
«Дағдарыста мемлекеттің бір тиынын жеген жалмауыздар болса,
мойындарын үземіз!» дегені сол, мойным сылқ етіп, басым алдыма
салбырады да қалды. Басымды көтерейін десем, көтере алмаймын ғой.
Көтерейін десем көтере алмаймын... Ойбай-ай, мен де қазынадан
қарпып жеп үлгерген екенмін де. Өзімше ештеңе жеген емеспін деп
ойлап жүрсем...
Басым салбырады да қалды, көз қиығыммен «Сыңқыл» облысының
əкіміне қарасам, оның да басы алдына салбырап қалған... «Мыжбан
Мəндірбайұлы, сізге не болған?» дейді ол. «Өзіңіз ше, Тыжбан
Тəпекұлы? Басыңыз кіндігіңізге жеткен бе?» деймін мен. Басымды
көтеріп, елбасы жаққа қарағым келеді, бір қарасам, мойным созылы-ыы-ып, ағып барады-əй... Резина сияқты... Жо-жоқ, сағыз сияқты...
Басымның салмағын көтере алмаса керек... «Мойындарыңызды
үземіз!» деп еді, о, Алла, өзінен-өзі үзіліп кетті... Жиналыста жылауға
болмайды. Енді не істедім? Халықтың бетіне қалай қараймын? Демек,
мен де жалмауыз екенмін де... «Өмір бойы ораза тұтқан əкімдеймін»
деп жүрсем өзімді... Иегімді екі қолыммен ұстап, жоғары көтердім.
Мəссаған, əр жерде мойындары салбырап отырған департамент
басшыларын, көрдім! Бəрінің мойындары үзіліп кетіпті! Бірақ бəрі тірі!
Бəрі ірі! Ананы қара, ананы! Салық басқармасының бастығы
миллиондап жеген-ау, мойны қамырдай созылып, басы арқасына кетіп
қалыпты! Иықтан төмен арқасына салбырап кеткен басты аяп кеттім...
Елбасы жаққа қарауға бет жоқ! Ойбай, ананы қара! Облыстық қаржы
полициясы бастығының басы жоқ! Ой, кешіріңіздер, қасында отырған
депутат əйелдің де мойны созылып, соның мойнына оралып қалған
екен де!
Жаныма келген премьер министрдің көмекшісі: «Кешіріңіз,
қасыңыздағы кісі ұйықтап отыр ма? Түртіңізші?»-деп еді, оны түрте
бергенмін, өзімнің басым төмен қарай сылқ ете қалды. Жалма-жан қос
қолдап иегімнен ұстап, берекесіз басымды жоғары көтердім.
—Сіз... сіз жиналысқа ішіп келгенсіз бе?—деп сұрады ол.
—Кешіріңіз, мойным қайтыс болды...—дедім мен.
—Қалай қайтыс болады?
—Елбасының көзі тиді-ау...
—Немене, сіз Елбасыға түкіртіп алайын деп пе едіңіз?
—Ж-жоға... кешіріңіз...
—Бастарыңызды көтеріңіздер! Анау отырған ұйқыбас! Сіз де!
—Кешіріңіз, бəріміздің мойындарымыз бүгін жұмыс істемейді...—дедім
мен.
Ұят-ай! Өлім-ай! Бұл мойныма не болған? «Мойным үзілді» деген осы
болды-ау! Жиналыстан шыққан соң, ауруханаға барып, гипстетіп алсам
ба?
—Халықтың қалтасынан да жейсіңдер! «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсымыз!» дейсіңдер де, өздерің «былық» деген бутерборд жейсіңдер!
—деген Елбасы бір кезде:
—Бастарыңыз неге салбырап кеткен? Бастарыңызды көтеріңіздер!—
деді. Мойындары үзілгендер алақандарымен жақтарын таяп, бастарын
көтерісті. Вице-премьер министр мінберге шығып:
—Қолдарыңызды түсіріңіздер... Сіздерге не болған?—деді. Отыз шақты
бастар салбырады да қалды... Еліміз бойынша қанша мойындардың
үзілгенін бір Алла біледі...
—Тəубелеріңе келіңіздер!—деген елбасы жиналысты ақтады, бірақ
жиынға қатысқан жегіштерді жаман таяқтады. Басымды салбыратып,
қызмет көлігіме қарай жүгірдім. Кенет бірдеңеге соғылып, шалқамнан
түсе жаздадым. Көзімнің қиығымен қарасам, «Сорайықшы»
министрлігінің министріне соғысыппын. Оның да мойны үзілген екен.
Көмекшісі жағымпаздана, иегіне алақанын қойып, қатарласып барады!
Менің басым арқама кетіп қалды! Оң қолыммен шашымнан ұстап,
жоғары көтердім... Мойын дегеннің қадірі сұмдық екен! Мен əшейін
галстуг байлауға ғана жаралған мойын екен деп жүрсем... Мойын...
Мойындар... О, шенеунік əріптестер! Жапыра жеуді қойыңдар! Əшейін
бір тістеп жесек те жетеді ғой...
АГЕНТТЕГІ СҰЛУҒА СМС ХАТ
Жаным, менің агентім, менің файлым! Өзіңмен сөйлескен сайын,
троян вирусын жұқтырып алғандай, миым-мигобайтым ата жұртта
қалғандай, бір түрлі күй кешемін...
Білем, сен де интернет сияқты орысша ойлайсың, СМС-пен хат
жазсам, мазақтауыңды қоймайсың...
«Мой компьютерім» менің!
«Корзинам» менің... Суретіңе қарасам, фигураң жоқ, корзина сияқты
екенсің, жаным... Сонда да, өзіңді файл сияқты жүрегіме «сохранить»
етіп қойдым... Қашан кездесеміз? Қашан «Панель управлениедегі»
«установка» боламыз? Əлде мені «өшіріп» тастадың ба? «Удалить»
етпеші мені... Сен «С» болсаң, мен «Д» локальный дискпін... Жынымды
келтірсең, өзіңді «форматировать» етіп жіберемін...
Жаным, файлым менің! «Менің əлемімдегі» суреттеріңе қарасам,
талай жігіттерді «создать» етіп алыпсың... Бір жігітпен сүйісіп
түсіпсің... Əлем интернетке сондай сурет салғаның қалай? Не, «Сетовое
окружениесің бе?» Бұл əлде «вся программаң» ба? Қыз деген «Пуск»
бола бермеу керек, жаным... Өткенде көрінбей кеттің? «Пойск» арқылы
іздедім. «Mail.ru Agent-те» жоқсың. Қайдасың? Кездесейікші? Сені
«Антивирус Касперскогомен» тексергім келеді... «Базаң» ескірсе,
«овнавить» етейін деп едім...
Жаным! Менің атым Мыжбан... Мені жүрегіңе «копировать» етіп,
сосын «вставить» етші... «Свойствоң»—бет əлпетің қалай өзі? Суретің
өзіңдікі ме, əлде сұлу құрбыңның... Қос алмаң—«Видеоадаптерің» ұрып
тұр... Сонша жалаңаштап жіберіпсің... Ұялып кеттім! Клавиатура—
қолдарың ұнайды маған. Суретіңдегі... Жүрегің— Процессорың мен деп
соқса деймін... Көздерің –мониторларың жанып тұр ғой... DVD CD-ROM
дисководыңа қарасам, аузың үлкен сияқты. Тамаққа тоймайтын
жалмауыз емессің бе? Кейде микро блогыңа сандырақтап өлең жазған
боласың... Қуып кетесің де... Өзіңді, сөзіңді «дефрагментация диска»
жасап алу керек сияқты... Неге маған жауап жазбайсың? Тым болмаса,
ұялы телефоныңмен СМС хат жазшы, жаным! Агентпен сөйлеспесең,
өзіңді «удалить» ете саламын... Солай, менің сүйікті файлым, агентім
менің!
ЖЕКСҰРЫН ЖАҢАЛЫҚТАР
Ыңғорс қорс, ыңғорс қорс... Тон-то, тун, то-то-оон... Кешіріңіздер бұл
біздің теле арнаның жаңалық басталар алдындағы əуені ғой... Құрметті
көрермендер,
жексенбі күнгі жексұрын жаңалықтарымызға
қаңылтырдай құлақтарыңызды батырып-батырып алыңыздар.
Бірінші жаңалық: Шымкенттен Алматыға қатынайтын «Шымкент –
Алматы» пойызына билеттер сатылып кеткенімен, пойыз жүрмейді.
Өйткені, пойыздың бас вагоны Алматыдан басталып, соңғы вагон
Шымкентке дейін жеткен. «Жолаушылар «билет жоқ» деп
жынданбасыншы» деген нақұрыс ниетпен, темір жол басшылары
вагондарды тіркей берсе керек, тіркей берсе керек... Алматыға
баратын бір топ жолаушылар автобуспен бірінші Алматы вокзалына
жетіп, бас вагонға кіріп, арғы бетіне шығып, жынды адамдарша бетауыздарын жыбырлатып, вокзалға кірген.
Екінші жаңалық: Қос қарлығаш Шымкент қаласындағы
бір
«блатной» миллионердің қос қабатты коттеджінің қабырғасына ұя
салыпты. Миллионер Мыртықбайұлы қарлығаштың ұясына қарап
тұрып: «Не деген отсталый қарлығаштар еді! Əлі күнге дейін саз
балшықтан ұя салады! Евро ұя салу дегенді білмейді! Мына балшық
ұясы коттеджімнің сиқын бұзып тұр!» дегені сол екен, қарлығаштар:
«Кешіріңіз мырза, қабырғаңызды уақытша жалға ала тұрсақ қайтеді?»
деп сөйлеп кетіпті. Қазір қарлығаштар қожайынға ай сайын мың
доллардан тістеп əкеліп береді екен...
Үшінші жаңалық: Кеше күн шықпай қалды... Өйткені, мен күнімен
ұйықтап жаттым...
Төртінші жаңалық: Жылай беретін əкім «Көңілі бос» қаласында өмір
сүріп жатыр. Ол алдына арыз айтып келген кісілерді құшақтап, жылай
беретін көрінеді. Мəселен: «үйім де, күйім де жоқ, ал сіз таныстарыңыз
бен пара берегендерге қисая кететін көрінесіз» деп жылап барсаңыз,
əкім сізден бетер еңіреп жылап, ботадай боздап, ет жүрегіңіздің
елжіретіп, көз жасын көлдетіп шығарып салады екен... Сосын сіз əкімді
жұбатып əлек боласыз...
Ымбаппа. Ымбаппа... Кешіріңіздер, жарнамамыздың əуені ғой.
Жарнама басталды: Мысық сөйлеп кетті: «Қызда-ар, келіншекте-ер!
«Олвейсті» қараңыздаршы! Қандай керемет! Бұл сіздерге арналған!»
Бесінші жаңалық: Ақтөбелік бикеш Қатипаш Қатырғанова «Алақан»
деген жаңа салат түрін ойлап тауып, өзінің кафесінде
тамақтанушыларға ұсынды. Салаты мынадай: Помидорға помидор
қосып, помидорды мыжып, суын сығып, алақаныңызға майонез
жағады. Ал сіз помидорды шанышқымен алып, алақаныңыздағы
майонезге батырып жейсіз...
Алтыншы жаңалық: Шымкентте бір көк долы, көршілері «стерва»
деп атап кеткен əйел кенені шағып алды. Қырым безгегін таратқыш
кененің өзі оқиға орнында қайтыс болып кеткен...
Жетінші жаңалық: Үкіметте комедия, шекарада трагедия...
Сегізінші жаңалық: Қызылорда облысында күйеуі ұрып өлтірген
əйелді жерлегенде, ұялы телефонын қоса көмген екен. Арада бір күн
өтпей жатып, марқұм əйел көңілдесіне: «жаны-ым, единица салып
жіберші...!» деп өтінгенде, анау байғұс тал түсте талып қалыпты...
Тоғызыншы жаңалық: Биылғы ұлттық бірыңғай тестте мынадай
сұмырай сұрақтар бар екен дейді:
—Əнші Роза Рымбаеваның іш көйлегінің түсі қандай?
—Білім министрі быламық ішеді ме?
—Депутаттар жылай ма?
—Абылайханның «мерседес» авто көлігі болған ба?
—Əл-Фарабидің əйелі қандай көйлек киген?
—Шыңғысхан арақ ішіп, темекі тартқан ба?
Оныншы жаңалық: кешіріңіздер, осы жаңалықтарды жалықпай
айтып отырғанымның өзі жаңалық. Кеше түнімен түнгі клубта болып
едім, ұйқым келіп тұр. Келесі жаңалықтарда кездескенше, ой,
көріскенше, жоқ, жүздескенше сау болыңыздар!
Бай, қуатты,
миллионер, миллиардер, шіріген бай болайық!
ТІРІДЕЙ ҰСТАҢДАР!
Қайдан қаңғып келгенін қайдам, рұхсатсыз кіріп кеткен егеуқұйрық
қала əкімінің орындығы астында қақиып тұра қалды. Əкім бөлім
бастықтарымен мəжіліс өткізіп жатқан, бір кезде жынды ғой деймін,
ай-шай жоқ, тобығының үстінен қыршып тістеп алғаны! «Өлə-ə,
бірдеңе тістеп алды!» дейтіндей, он бес жасар қыз емес, «О, шешеңнің!
Бұл не пəле?» деп бұтының астына үңіле кететіндей ауылдың оспадар
қазағы да емес, əкім ғой, əкім! Ауызы сəл ашылыңқырап, айқайлап
отырғандағы аптығы басылыңқырап, бетіне кислота тамып кеткендей
бозарып, орындығының астына үңілді. Үңілді де, астында албасты
айран ішіп отырғандай, атып тұрды... Мəжіліске қатысып отырғандар
да ұшып тұрысты. Əкім қайта отырды. Өзгелер де отырды. Əкім тағы
ұшып тұрды. Өзгелер жағымпаздана орындарынан тұрысты.
—Сізге бірдеңе болды ма?—деп сұрады орынбасары.
—Не деген сұмдық!—деп айқай
қабылдауымда егеуқұйрық неге жүр?
салды
əкім,—бүгін
менің
—Егеуқұйрық дейді?
—Ол мұнда қандай мəселемен келіпті!
—Қаланы атжалмандар басып алды!
—Адамдарға шабуыл жасапты!
—Біздің қаланың санитарлық жағдайы осы енді...
Қала əкімі егеуқұйрықты бір тепті. Сол екен, мəжіліске қатысып
отырғандар «бөтен қонақты» қуалай жөнелді. Əйелдер шыңғырып,
столдың үстіне шығып кетті. Мəдениет бөлімінің бастығы Қатипаш
ханымның қорыққаны соншалық, əкімді құшақтап алыпты.
—Сіз неғып тұрсыз?—деп сұрады əкім.
—Егеуқұйрықтан қашып...
—Егеуқұйрықты улап өлтіретін дəрі деп тұрсыз ба мені?
—Ой, кешіріңіз...
—Көмекші!—деп дауыстады əкім. Апыр-топырдың үстіне көмекші
жігіт кірді.
—Шақырған екенсіз...
—Неге рұхсатсыз жібересіз?
—Кімді?
—Егеуқұйрықты!
—Кешіріңіз, олар сондай
зайыптылары жүр...
«наглый»,
менің
кабинетімде
ерлі-
—Қызметтен босатамын!
Ашуланған əкімнің өзі егеуқұйрықтың соңынан жүгірді. «Арызшағымдар» папкісімен ұрып өлтіргісі келеді, егеуқұйрық зымырап
отырып, дəлізге шықты. Құрылыс бөлімінде қызмет істейтін əйел
кетіп бара жатқан, соның бұтының арасынан зу ете қалды. Əкім əйелді
қағып кете жаздап, алға ұмтылды. Орынбасары қуып жетіп, құлағына
сыбырлады:
—Мыжбан Мəндірбаевич, сізге егеуқұйрық қуалауға болмайды... Ұят
болады...
—Аяғыңды қыршып тістеп алса, көрер едім! Тірідей ұстау керек!
—Сізді танымай қалған ғой... Жаңадан келдіңіз...
—Былтыр қала егеуқұйрықтарын улап өлтіруге қанша қаржы бөлінді?
—Егеуқұйрықтарға жиналыс өткізіп, қаладан кетулерін өтінген
болғанбыз...
—Сендер егеуқұйрықтан да жамансыңдар! Сендер атжалмансыңдар!
Ішіп-жегендеріңе мəз боласыңдар! Мен сендерді құртамын! –деген
əкімді «жедел жəрдем» дəрігерлері арқалап əкетті. Көмекшісі де,
орынбасары да егеуқұйрықты қуалап барады. Олар егеуқұйрықты
емес, қызметтің құйрығын қуалап бара жатқан қулар ғой...
ҚАЗІР «ДВИЖЕНИЕ» ЖАСАЙДЫ...
Былайша əжептеуір қыз сиқтымын, мұрнымның «кəртөшкелігі»
болмаса... Шашым да ұзын, мойныма түседі. Беліме белдік, құлағыма
сырға жарасады... Білмеймін, жігіт атаулы маған қарамайды... Əлде,
өзіміздің жігіттер қырындай білмейді ме?
Орыс жігіттері қандай инабатты... «Девушка, можно познокомиться?»
деп сызыла қалады. Біздің жігіттер «Ə, атың кім ə? Ə, танысайық та?»
деп «қуып» тұрады. Ойлары жама-ан арам. «Қайтсем сындырамын,
қайтсем тындырамын?» деп
ырбаңдап тұрады. Орыс жігіттері
«Пойдем, погуляем...» деп қолын ұсынады. Қазақтың кейбір жігіті: «
Тұрсай орныңнан! Не, орындыққа жабысып қалдың ба? Тəлпіштене
бермеші... Жүр, кафеге барамыз!» дейді алғаш танысып алғаннан
кейінгі кездесулерде. Өзбек жігіттері де сып-сыпайы...
Қой, өзіміздің жігіттерді жамандай бермейік... Өйтсек, байсыз, байсыз
болған соң, нанға жағатын майсыз қалармыз... Құрбым екеуміз
саябақтағы шеткі орындықта сағыз шайнап отырғанбыз.
—Соня, ана бір «жынды» киінген жігіттерді көрдің бе?—деп сұрадым
мен құрбымнан. Оның шын аты Сəуле, Соня деп кеткенбіз.
—Бас бармағымен ышқырын қасып тұрған ба?—деп сұрады құрбым.
—Ия.
—Бізге «движение» жасайын деп тұрған сияқты...
—Тамсанып қарап тұр...
—Бізге де сұраныс бар екен-ау...
—Өлə-ə, мұрнын шұқылай бергені несі?
—Біз сияқты ауылдан келгендер шығар?
—Түкірісе береді екен.
—Сары түстісі былайша жаман жігіт емес сияқты. Талтайып тұрғаны
болмаса...
—Қасындағысы қоңыз сияқты ма? Бойы кішкентай...
—Бойын қайтесің? Ойын айтсаңшы!
—Бізге қарап қойысты...
—Күлімсірейікші...
—Жок, сықылықтап күлісейік те?
—Жындысың ба, «не доношнаялар» деп ойлап қалады ғой...
—Сен не істеп отырсың?
—Көйлегімнің етегін түріп... Санымды жарқыратып... Сен аяғыңды
айқастырып отырсай...
—Не деген əдемі жігіттер!
—Тəлпіштенбей, бірден таныса кетейік, сен ауыл əкімінің, мен мектеп
директорының қызы бола салайық...
—Қойшы, ауыл əкімінің қызы мен болайын...
—Неге, өткенде ғана жігіттермен танысқанда, ауыл əкімінің қызы
болдың емес пе?
—Жарайды, тыныш, жігіттер бізге қарай келе жатыр!
—О, құдайым, өзің жар бола гөр, мамам айтқандай!
Осылай салғыласып отырғанымызда əдемі-і-і жігіттер бізге жақын
келді де... жақын келді де... Арғы жағын айта салайын ба, қыздар?
Екеуміздің де сөмкемізді ала қашты! Бізді алып қашудың орнына,
сөмкемізді алып қашты! Сөмкем менің! Сөмкетайым...
ҚАРАСАМ, ҚАТЫНЫМ ЖОҚ...
Сіздерді қайдам, өз басым қатынымды «қатын» деп атаймын.
Еркелеткенде: «Қатынушка», «Қатынжан...», «Сүйікті қатыным менің!»
деп кете беремін. Мейлі, сіз мені дөрекі, анайы, жабайы дегендей,
жерден алып жерге салып, үстімнен бүлдізермен тегістеп өтсеңіз де,
жалпиған күйі орнымнан тұрып айтатыным:» Қа-а-ты-ы-ын...»
Бір күні ерте тұрсам, көшеде кетіп бара жатқан бір кеңкелес орыс
көзін қысып: «Как дела?» деп қояды. Көзімді жұмып, қайта қарадым.
Құдайым-ау, біздің үйдің терезесі үлкейіп, холға айналып кеткен бе
өзі? Жан-жағыма қарадым, жеті балам пырылдап ұйықтап жатыр.
Қарасам, қара қатыным жоқ! Құйрығыма қара қазық қағылғандай,
орнымнан атып тұрып, апыл-ғұпыл киініп жатсам, көшеде өтіп бара
жатқан бір топ қыз сықылықтап күлгені... Сөйтсе-ем, үйіміздің көше
жақ қабырғасы құлап қалыпты! Əдемі құлаған! Біреу екі метр
пышақпен төрт бұрышты етіп кесіп ала қойғандай... Сасып қалған
байғұс басым есіктен де емес, тесіктен де емес, құлаған қабырға тұстан
көшеге атып шықтым... Бəсе, жəпірейген үйімнің қабырғалары
ырсиып, фундамент деген «гəлөші» қисайып кеткен еді...
Құлаған қам кірпіштердің арасынан бір аяқты көрдім! Əйелімнің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.