Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 17

Total number of words is 3730
Total number of unique words is 1998
24.2 of words are in the 2000 most common words
34.8 of words are in the 5000 most common words
41.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Алматыға жеткенше маған да сөйлемей күйдiрдi. “Аудан əкiмi сөйлеме
деген” деп қояды. Президент резиденциясына жеткенде əйелiмдi оңашалап:
”Қатынушка, аудан əкiмi жер беремiз деп бiр алаяқ арқылы көп балалы
аналардан ақша жинатқанымен, екi жыл болды жер сипап отырмыз”деген
жағдайымызды Президентке жеткiз. Мұндай шанс ендi бола бермейдi,”дедiм.
—Болмайды, аудан əкiмi сөйлеме деген..-дейдi əйелiм. Жүз ваттық
лəмпечкедей күйiп кеттiм.
—Балаларымызды неге ойламайсың! Аудан əкiмi өзiнiң “шкурасынан”
қорқып отыр. Президент мұндай жемқор əкiмдердi қайдан бiлсiн. Сөйлеме
десе, қимылмен бiлдiр!—деп əйелiмдi көндiрген болдым-ау!
Резиденцияға менi күзетшiлер кiргiзбедi. Он екi баламды тумағаным
үшiн… Содан, сыраханаға барып, əйелiмдi күтейiн…Бiр жағынан, аудан
əкiмiнiң ақыл-кеңесiн тыңдағанымыз дұрыс па едi,” –деп ойлап та
қоямын… Бiр кезде əйелдердiң арасынан əйелiмдi көрiп, тұра жүгiрдiм…
—Сөйледiң бе?—деймiн үзiлiп кете жаздап. Əйелiм мəз, бiрақ сөйлемейдi.
Құдай ұрып, шынымен мылқау болып қалған ба деп зəрем қалмады.
Əйелiммен ере шыққан көршi ауылдың əйелi:
—Қызық болды, —дедi,—Президент өте қарапайым, ғажайып кiсi екен.
Бəрiмiзге алтын алқа тағып,суретке түстiк. Сосын:
— Жағдайларыңыз қалай, ауыл iшi тыныштық па?—деп сұрады.
атылып кететiндей үнсiз тұрмыз. Сөйтсем, басқа аудандардан
əйелдерге де “тегiн ақыл” оқылған екен.Бiр кезде əйелiң ортаға
да,”Құрметтi Президент мырза, маған аудан əкiмi сөйлеме
Сондықтан ыммен түсiндiрейiн…”дедi.
Бəрiмiз
келген
шықты
деген.
—Ия, сосын?—дедiм мен əйелiме риза кейiппен қарап қойып. Кеудесiне
тағылған алтын алқаны сүйiп алдым.
—Содан,—дедi таныс əйел,—Мұңайма жерге отыра кетiп, саусағымен
айналасын сызған болды. Ж-ж-ж…дедi. Басын шайқап:” Бермей отыр” деп
салды.
Президент жымиып:
—Сiзге ненi бермей отыр? Кiм бермей отыр?-деп сұрады.
—Құдай өзi кешiрсiн, айтайын, —деген əйелiң аудан əкiмiнiң жер бермей
отырғанын, ақша жинап алғанын, бiр бөлмелi үйде он екi баламен қиналып
күн кешiп жатқанын жеткiзген едi, Президент облыс əкiмiне қарап:
—Алматыдан үш бөлмелi, өзiнiң ауылынан бес бөлмелi үй алып берiңдер.
Ал, аудан əкiмi жазалансын!-дегенi. Осыны естiгенде Мұңайманың көзiнен
жас шығып кеттi. Не айтарын бiлмей қалды. Құттықтап жатырмыз, бiрақ
сөйлемейдi…
Шынында, əйелiм сөйлемейдi… Алматыдан да, ауылдан да үй алдық,
сөйлемейдi… Сөйтсек, дəрiгерлер айтады:”Қатты қуанғаннан мылқау
болып қалған”— дейдi… “Ендi қайттiм? Бiр мезгiл күйкi тiрлiкпен ұрысып
тұрушы едiк, Құдай оны да көп көрдi ме?”-деймiн. “Қатты қорқу керек,
сонда ғана сөйлейдi “-дейдi дəрiгерлер. Құдай қорқытқаннан сақтасын
десек те, қорқып тұрудың да денсаулыққа пайдасы бар екен. Е-е, Құдайдан
қорықпайтындар сосын сайрап жүр екен де… Əйелiмдi қалай қорқытсам
екен?
“ПРЕЗИДЕНТ” ОЙЫНЫ…
“Шағын жəне орта кəсiпкерлiктi қолдау керек” деп Президенттiң өзi
айтқан соң, аудан əкiмi Дымқылбас Шикiбаеав жиенi Жетесiз Жылпосовты
кабинетiне шақырып алып, “бүгiннен бастап, кəсiпкерсiң!”— дедi.
—Бұрыннан кəсiпкермiн,—дедi ол.
—Кəсiбiң не?—деп сұрады аудан əкiмi.
—Бала –шағамды көбейту…
—Ақымақ, ауданда “Əр кəллəда бiр қиял” атты саябақ ашамыз. Тендердiң
жеңiмпазы өзiң боласың.
—Кəллə деген сөз өзбектiкi,
өзгертейiк?
одан да” əр кеуек баста бiр қиял” деп
—Жоқ, “Əр кəллəда бiр қиял!” Бiттi. Бұл республикада жоқ жоба. Облыс
əкiмi бiр қуанып қалатын болды. Оған көп қаржы да кетпейдi. Былай iсте,
—дедi əкiм орнынан тұрып кетiп,—
Жантақ басып кеткен, жан-жағы сасып кеткен, кеңес заманынан қалған
стадион бар емес пе? Сол жердi пайдалану керек. Халық игiлiгi үшiн.
Саябақ болады. Бос жатқан жерге шатырлар орнатып қой. Сөйтесiң де,
маңдайшаларға:” Президент резиденциясы”, “Депутаттар рестораны”,”Бас
прокуратура” деп жазып қоясың. Естiп тұрсың ба, мұның бəрi балалар
үшiн. Шатырлардың iшiнде жұмсақ кресло, жұмыс үстелi, телефон тағы
басқа ойыншық жабдықтар болсын. 130 түп қурап қалған тал –терек
отырғызыңдар. Сөйтiңдер де, бұтақтарына жасанды жасыл жапырақтар
iлiп қойыңдар. Қаладан сатып аламыз. Ұқтың ба? Болашақ Президенттер,
болашақ министрлер, прокурорлар –балалар ойнайды. Əр он минутқа 200
теңгеден.
Жетесiздiң жаны кiрiп қалды. Нағашысын құшақтай алып, иегiнiң
астынан шөпiлдетiп сүйгiсi келiп тұрды да, өз ойынан ыңғайсызданып
қалды. Көздерi ұшқын атып, кабинетте билеп кете жаздап тұрды да, сабыр
сақтап, “бəрi орындалады!”-дедi.
Арада апта өткенде, тендердi Жетесiз жеңiп алды… Шатырлар мен
жасанды жапырақтар үшiн 5 миллион теңге жұмсалды… Қалай
жұмсалғаны Жетесiз бен Дымқылбасқа мəлiм, ескi стадион iшi “жайнап”
кеттi, халықтың көп жиналғаны соншалық, қара қазандай қайнап кеттi…
Балаларын, немерелерiн жетектеген əжелер, қариялар, тiптi “ертең өледi”
деген сексен сегiздегi Солтыбай ақсақал да “шөберемнiң президент
болғанын көрейiншi “ деп келiптi… Облыс əкiмi нөкерлерiмен балалар
саябағын аралап жүр. Қураған теректер жасанды жапырақтармен
безендiрiлiптi. Бiрақ, жасанды алма, тiптi жасанды жүзiмдердiң iлiнгенiн
түсiнбей тұр… Теректен алма, жүзiм жеп көрмептi.
—Теректе алма жүзiм өсiп тұр…—дедi облыс əкiмi. Дымқылбастың
Жетесiзге жыны келiп тұрса да, сыр бiлдiрмедi:
—Ақырзаманның теректерi ғой…—дей салды. Балалар үшiн рахат болды.
Бiрi министр, бiрi прокурор… Мəселен, соттың шатырына немереңiздi
жетектеп барасыз. 200 теңге төлеген соң, немереңiз Жоғары соттың
төрағасы болып шыға келедi. Жарты сағатқа… Жұмсақ креслода отырады.
Ойыншық телефондар… Құрдай жорғалаған қызметшiлер. Айтпақшы,
қызметшiлердiң, шенеунiктердiң ролiн мектеп оқушылары орындап жүр.
Жоғары сот төрағасы “Балмұздақ жегiм келедi!” деп бұйырса, арзан бағалы
балмұздақ əкеп бередi. Ал, министр шатырына кiрген балаларды неше
түрлi ойыншықтар күтiп тұр. Далаға шыққысы келсе, құйрығында
“Лимузин “деп жазылған ерттеулi есекке отырғызады, оны шопыр бала
жетектейдi… Соңында оққағарлар… Бiр қызығы, “Президент”, “Премьер
министр” шатырлары алдында кезек көп те, “Мектеп директоры”,”
Шеберхана меңгерушiсi”, Компьютер орталығының бастығы” “ет
комбинатының директоры” шатырлар-ына немерелерiн, балалар-ын
жетектеп барып жатқан тiрi пенде жоқ! Бəрiнiң балалары 2030 жылдың
Президентi, премьер министрi болғысы келедi…
—Менiң балам президент болсын!—дедi мектеп қарауылы Қарғабай.
—Қызық екенсiң, қарауылдың баласы
Кiргiзбеймiн!-дейдi Жетесiз желпiнiп.
қалай
президент
болады?
—Немене, тек бастықтардың балаларына президент болуды жазып қойып
па?
—Болмайды дедiм ғой. Аудан əкiмiнiң бұйрығы солай. Президент
резиденциясына кiм көрiнгеннiң баласы кiрмесiн деген.
—Менiң немерем президент болсын!—дедi бұхгалтер Бағила апай.
—Апай, сiз жəй ғана бұхгалтерсiз, болмайды.
—Қараң қалғыр, жiбер менiң немеремдi! Əйтпесе, мына халықты
наразылық шеруiне бастаймын!
—Ойбай, қорқа қалдым… Қарапайым мамандық иелерi кезекке тұрып əуре
болмаңдар!
Бағила апайдың немересi “Президент болмаймын! Мен халық боламы-ыын!”-деп жылап кетiп қалды. Немересiнiң соңынан ұмтыла түскен Бағила
апай бөгелiп қалды:
—Олай болса, өзiм президент боламын! Көп балалы анамын! Көп балалы
аналарға азық-түлiк қымбаттаған сайын, жəрдем ақшаны көбейте беремiн,
көбейте беремiн!—деген Бағила апай Жетесiздi итерiп жiберiп, шатыр
iшiне жұлқына кiрдi. Кiрдi де, жұмсақ креслоға шалқая отырды. Жетесiз де
iшке қарай ұмтыла түскен, Дымқылбастың:” Жетесiз, тоқта!”-деген
даусына жалт қараса, облыс əкiмi нөкерлерiмен жақындап қалыпты. Бұл
қипақтап, iшке бiр, Дымқылбасқа бiр қарады.
—Iште кiмнiң баласы отыр?-деп сұрады Дымқылбас.
—Апай отыр…
—Апайы несi?
—Ба-Бағила апай—2030-дың президентi.
—Есiң дұрыс па? Бағила апайың қазiр елуде, оған дейiн өлiп қалады ғой…
Астмасы бар… Бiр көзi соқыр… Соқыр президент халықты қараңғылықта
ұстайды, Жетесiз!
Облыс əкiмi жымиды. Iштен Бағила апайдың:
—Кiм ол –ей, менi өлтiрiп жатқан?—деген тарғыл даусы шықты.
Облыс əкiмi iшке кiрдi. Жылы жымиып, Бағила апайдың қолын алды да:
—Президент мырза, сiздiң алдыңызға есеп беруге келдiм. Халыққа
шекесiнен қарайтын осы ауданның əкiмi Дымқылбас Шикiбаевтың
мəселесiн қараймыз…—дедi.
Дымқылбастың
Ыржалақтап:
дымқыл басы мүлде кеуiп қалғандай болды…
—Президент апай, менi кешiрiңiз, кешiрiңiз, апай…-дей бердi.
—Мəссаған, мен президентпiн!—дедi Бағила апай тырқылдай күлiп,—əй,
Дымқылбас! Ертең немерем “Премьер министр” болсын! 200 теңгенi
пенсиям келген соң беремiн!
—Тегiн болсын! Айтқаныңыз болсын!—деген Дымқылбас “Президенттiң”
алдында құрдай жорғалады…
ҚАЗАҚ БАЙЫСА…
ҰЗЫНБАЙ:—Бiлесiң бе, қазақ байыса… Қазақ байыса қайтедi?
ҚЫСҚАБАЙ:—Қатын алады!
ҰЗЫНБАЙ:—Одан бетер байып кетсе ше?
ҚЫСҚАБАЙ:—Одан бетер қатын алады…
ҰЗЫНБАЙ:(аңтарылып)—Түсiнбедiм?
ҚЫСҚАБАЙ:—Тағы қатын алады…
ҰЗЫНБАЙ:-Шiрiге-е-ен бай болса…
ҚЫСҚАБАЙ:—Шiрi-ге-е-еен қатын алады…
ҰЗЫНБАЙ:—Түсiнбедiм.
ҚЫСҚАБАЙ:—Осы сен –ақ түсiнбей қалады екенсiң. Тағы да қатын алады.
ҰЗЫНБАЙ:—Немене пəле, қатынға тоймайтын, тоқал алуын қоймайтын
кiм өзi?
ҚЫСҚАБАЙ:—Мен қайдан бiлейiн… Өзiң ғой, қазақ байыса, қазақ байыса
деп…миымды жеп…
ҰЗЫНБАЙ:—(даусын созып) Қазақ байы-ы-ы-ы-ы-ы-ып кетсе ше?
ҚЫСҚАБАЙ:—Тағы да қатын алады…
ҰЗЫНБАЙ:(ренжiп)—Қойшы ендi. Байғұс қазаққа қатын əпере бермешi…
Басқа бiрдеңе айтшы. Қазақ байыса…
ҚЫСҚАБАЙ:—Қазақ қатын алмайды.
ҰЗЫНБАЙ:—Одан бетер байып кетсе…
ҚЫСҚАБАЙ:(бетi бүлк етпестен) Одан бетер қатын алмайды…
ҰЗЫНБАЙ: —“Мандраж” болып тұрғаным?
ҚЫСҚАБАЙ:-Қазақ байыса… қақиып қалады…
ҰЗЫНБАЙ:—Қалай?
ҚЫСҚАБАЙ:—Солай.
“Капщеный”
балық
сияқты…
бұрылмайды, иығы қозғалмайды, қақияды да қалады…
Мойыны
ҰЗЫНБАЙ:—Бейшара-ай, ауру болды ғой…
ҚЫСҚАБАЙ:—Кiсiлiк ауруына ұшырайды. Сəлемдесе қалсаң, қолының
ұшын ғана бередi.
ҰЗЫНБАЙ:—Немене, тырнақтары өсiп, көкпеңбек болып кеткен бе?
ҚЫСҚАБАЙ:—Ол сенi менсiнбегенiнiң белгiсi. Əне,”шiрiп кеткен жаңа
қазақ” келе жатыр. Кластасымыз Табақбет Қақиғанов… “Джипiнен” түскен
бетi. Екi əйелiнiң ортасында, қолтықтап алыпты…
Табақбет Қақиғановтың екi көзi аспанда, шiренiп келе жатыр.
Кластастарын көрiп, тоқтай қалып:
ТАБАҚБЕТ:—Осы мен сендердi бiр жерден көрген сияқтымын…
ҰЗЫНБАЙ:—(құшағын жайып) О-о, Табақбет, кластасым менiң! Қанша
зима, қанша лето, қанша осень, қанша весна көрмедiк! Танымадың ба не,
бiз кластастарың Ұзынбай мен Қысқабайлармыз ғой…(құшақтағысы келдi)
ТАБАҚБЕТ:(оның қолын қағып жiберiп) Құшақтаспай-ақ қоялық. Зиялы
адамдардай … мiне былай…(маңғаздана басын изейдi) бас изесiп қоямыз…
ҚЫСҚАБАЙ:—Жылқылар сияқты ма…
ҰЗЫНБАЙ:—Ой, қойшы, Табақбет, тым болмаса, қол алысайық! (қолын
ұсынғанда, анау бүгiлген саусақтарының iшiнен сұқ саусағымен ғана түртiп
қояды)
ТАБАҚБЕТ:—(əйелдерiне кезек-кезек қарап) Жабайылар ғой… Түрлерiнен
қорқып тұрсыңдар ма? Мектепте бiрге оқығанбыз…
БƏЙБIШЕСI:(кербезденiп)—Тамақ iшпегендерi көрiнiп тұр…Беттерi
солып қалған…Киiмдерi жұпыны… Осындай киiммен театрға келе ме
екен…
ТОҚАЛЫ:—(көздерiн төңкере қарап) Соны айтсаңшы… Əйелдерi неткен
бақытсыз жандар едi…
ТАБАҚБЕТ:—(қымбат бағалы темекiсiн алып, тұтата бастайды)—
Əйелдерiм ғой. Бəйбiше тоқал дегендей… Алматыға келген соң, театрға
кiрейiк деп қоймады… Əртiстер қалай киiнедi екен, соны байқайық деп
келдiк. Сосын зиялы адамдармыз ғой, театр фойесiнде ары-берi жүргендi
ұнатамыз… Спектакльдi көрмесек те болады… Iшiнде ары-берi жүрiп
шығамыз…
ҰЗЫНБАЙ:—(таңданып) Сен шынымен Табақбетсiң бе? Cен не,
(жағасынан ала түседi) бiздi менсiебей тұрсың ба? Шымкентшелеп
боқтайын ба өзiңдi? Ойып алайын ба, мына көзiңдi? Бiз де театрға кiргелi
тұрмыз, бiз де адамбыз! Кiм жабайы а?
ҚЫСҚАБАЙ:(ажыратып) Ұзынбай, бұл жер бiздiң ауыл емес, Алматыда
тұрмыз! Алматыда!
ҰЗЫНБАЙ: (оны шынтағымен итерiп) Астанада тұрсақ та, қолында
өлемiн! Қара, мұны…
БƏЙБIШЕСI:(оның шашына жармасып)—Жiбер деймiн, жабайы!
Күйеуiмнiң жағасынан садаға кет! Қолың сынып, салбырап қалғыр! Жiбер
деймiн!
ТОҚАЛЫ:(сөмкесiмен
оның
арқасына
меншiгiмiзден тарт қолыңды, оңбаған!
ұрғылап)—Бiздiң
ортақ
Осы кезде Табақбеттiң оққағарлары жетiп келiп, Ұзынбайдың iшiне ұрып,
бiрi оның басын екi бұтының арасына қысып тұра қалады. Екiншiсi
басынан “тоқ етер” алып, Табақбетке қарайды:
ТАБАҚБЕТ: —Жарайды, қанша дегенмен кластастар ғой, бiр жолға
кешiрейiн…
Табақбет əйелдерiмен театрға қарай беттейдi… Ұзынбай үстi-басын
қаққыштап, терiсiне сыймай əрең тұр…
ҚЫСҚАБАЙ: —Қазақ байыса, қазақ байыса деп қоймап едiң… Қазақ
байыса сабап кетедi, сабағаны несi, табалдырығыңның алдында атып
кетедi…
ҰЗЫНБАЙ:—(кiжiнiп) Иттiң баласы! Мойнынан қылғындырайын десем,
мойыны жуа-ан, бөренедей…
ҚЫСҚАБАЙ:—Ал, досым, қазақ байыса қайтедi екен?
ҰЗЫНБАЙ:—Спектакль басталғанша əңгiме болсын деп едiм, өзiмше…
Өй, құрысыншы! Қысқабай, осы өзбек байыса қайтедi?
ҚЫСҚАБАЙ:—Там салады.
ҰЗЫНБАЙ:—Одан бетер байып кетсе ше?
ҚЫСҚАБАЙ:—Одан бетер там салады.
ҰЗЫНБАЙ:—Байы-ы-ы-ы-ы-ып кетсе ше?
ҚЫСҚАБАЙ:—Үйлерiн ұзы-ы-ы-ы-ын ғып қоршап алады.
ҰЗЫНБАЙ:—Шiрiген бай болса…
ҚЫСҚАБАЙ:—Тағы да там салады…
ҰЗЫНБАЙ:—Немене, олар көп қатын алмайды ма?
ҚЫСҚАБАЙ:—Олар көп қатын алса, шатасып қалады… Өзбек байыса…
Өзбек байыса, егiн салады. Балалар бақшасын тегiн салады… Автомобиль
зауытын салады… Əне, Сайд пен Тахир келе жатыр.Ташкенттегi
достарымыз ше?
Ала шапан киген Сайд пен Тахир қазақ достарын қапсыра құшақтап,
мауықтарын басқанша жiбермейдi… Сайд қалтасынан алма, Тахир
портфелiнен жүзiм шығарып, достарына ұсынады.
САЙД:—Ташкеннiң алмасынан ауыз тиiңдер. Алматының алмасы құрттап
кеткен, жесең жағыңда жетеуi жыбырлап жүредi…
ТАХИР:—(күлiмдеп) Мұны бiзде юзим дейдi, бас салмай, бiртiндеп үзiп
жейдi…
ҰЗЫНБАЙ:—Қалайсыңдар- е, сендердi сұмдық байып кеттi дейдi…
САЙД:—Iшкенiмiз шай, нанға жағып жейтiнiмiз—май… Тек көңiлiмiз
бай…
ҚЫСҚАБАЙ:—Миллионер болсаңдар да, қалай жер басып жүрсiңдер?
САЙД:—Сонда қалай?
ҚЫСҚАБАЙ:—Бiздiң қазақ байыса аспанда ұшып жүредi, одан қалса,
тендерден жеп, ақырында құсып жүредi…
ТАХИР:—(Қысқабайдың арқасынан қағып) Жо-жоқ, адал бейнет, түбi
зейнет… Бiз Алматыдан жер алғанбыз. Зауыт саламыз.
ҰЗЫНБАЙ: (күлiп)— Осы сендер жерге “жерiк” екенсiңдер.
тоймайсыңдар…
Еш
САЙД:—Жер емшектi емсең, еңсең көтерiледi… Айтпақшы, осы сендерде
тiкұшақтар неге құлай бередi?
ҚЫСҚАБАЙ:— Ұшқыштарымыз түнiмен түнгi клубтарда болады да,
күндiз ұшып бара жатып, ұйықтап қала бередi…
ТАХИР:—Таң қаламын… Өздерiңде мұнай, сөйте тұрып, бензиндерiң
қымбат…
ҰЗЫНБАЙ:—Таңданып жүре бер. Бiз таң қалдыруға сұмдық шебермiз.
Қымбат машинемiзге Арзан бензин құйсақ “о, бейшара, ақшасын да
қимайды”деп күледi… Сосын амал жоқ парламентте бензиндi қымбаттату
жөнiнде қаулы қабылдады…
САЙД:—Осы
қаламын да…
қазақ қыздары неге кiндiктерiн көрсетiп жүредi? Таң
ҰЗЫНБАЙ:—Сен де таңданып жүре бер. Кiм бiледi, бұзақылар аузымұрнын басып, тұншықтыра бастаса, кiндiк арқылы демалады…
САЙД:—(таңданып) Ойебай, кiндiк арқылы да ауа жұтуға бола ма екен?
ҚЫСҚАБАЙ:—Қалауын тапса, құлақ арқылы да ауа жұтуға болады.
ТАХИР: —Сендер театр алдында неғып тұрсыңдар?
ҚЫСҚАБАЙ:—Жəй, ерiгiп тұрмыз…
ТАХИР:(құшақтап)—Хош, бауырлар, бiз ерiгiп тұра алмаймыз. Секунд—
ақша ,минут—доллар!
Екеуi өзбек биiне билеп кете барады. Достар сыртынан тамсанып тұр.
ҰЗЫНБАЙ:—Шiркiн, мен де шiрiген бай болсам…
ҚЫСҚАБАЙ:—Не iстер едiң?
ҰЗЫНБАЙ:—Қатын алар едiм…
ҚЫСҚАБАЙ:—Одан бетер шiрiп кетсең ше?
ҰЗЫНБАЙ: —Бiр жерден арзандау, оптом қатын алар едiм…
ҚЫСҚАБАЙ:—Банкрот болып қалсаң ше?
ҰЗЫНБАЙ:—Жағыңа жетпiс жылан жұмыртқаласын! Банкрот болсам,
қатындарымды құшақтап, жылар едiм…
ҚЫСҚАБАЙ:—Спектакльден кешiктiк… Əне, Табақбет шығып келедi,
кетейiк бұл жерден…
ҰЗЫНБАЙ:—Қазақ байыса, шетелге қашады, бiз үйiмiзге қашайық! Кеттiк!
Екеуi екi жаққа қаша жөнеледi.
ОЙЛАУҒА ЛИЦЕНЗИЯҢ БАР МА?
Ештеңе ойламаңыз, Құдайым-ау, саясатта неңiз бар, отпен ойнамаңыз…
Аяғыңыз аспанға, мұрныңыз жерге қарап қалады! Аузыңыз құлыптаулы
есiк болады, жүрегiңiз шұрқ тесiк болады.
Бiр күнi “Жұмыс, жұмыс iстегiм келедi, жұрт қатарлы жал-жая тiстегiм
келедi!”-деп ұнжырғам түсiп, көшеде көлеңкемдi тегiн сүйретiп келе
жатқанмын. Бiр кезде екi полиция инспекторы екi жағымнан келдi де,
аяғымды жерге тигiзбестен көтерiп ала жөнелiп, машиналарына ыңқ еткiзе
салды.
—Көтергендерiңе рахмет, жөтелгендерiңе жол болсын?—деп сұрадым мен.
Мəшиненiң алдында майы ерiп отырған майлы жiгiт маған бұрылып:
—Не ойлап келе жатырсың?—деп сұрады.
—Қалай жер басып келе жатқанымды ойладым.
—Е, не боп қалды?
—Бала-шағамды асырай алмағаныма қапамын…
—Тағы не ойладың?
—Ештеңе.
—Неге ойламайсың?
—Ненi?
—Бəсе, ненi? Ойлап келе жатырсың ғой ə?
—Ойлауға болмайды ма?
—Ойлауға лицензияң бар ма?
—Менiң не ойлайтынымда қандай шаруаларың бар? Жiберiңдер менi!
Олар менi маңдайшасында: “Бөгде ойлылар-2030 жыл”- деп жазылған
ғимараттың алдына түсiрiп, дедектетiп жетелеп, бiр залға кiргiзiп жiбердi.
Құдайым-ау, мұнда кiмдер жоқ дейсiздер, профессорлар, да, оппозиция
серкелерi де, тiптi, қабағы қатып қалған, бiр бұрышта жатып қалған
қайыршылар да осында екен. Ақ халат киген профессор бiз көрмеген
аппаратты сипап қойып, сөз бастады.
—Құрметтi бөгде ойлылар! Билiкке қарсы бөтен ойлылар! Жапонияда
жасалған, Қытайда құрастырылған “МТ”, яғни ми тексеру аппаратын
сынақтан өткiзгелi отырмыз. Бұл аппарат сiздердiң не ойлап
жүргендерiңiздi, тiптi осыдан отыз жыл бұрын не ойлағаныңызды, алдағы
уақытта не ойлайтыныңызға дəл диагноз қойып, ми қатпарларында
жасырынып қалған ойларыңызды қағазға түсiредi…
Соншама жұрттың iшiнен бiр ғана адам ұзақ қол шапалақтады. Бəрi оған
жапырыла қарағанда, ол байғұс ыржалақтап күле бердi.
—Сiз неге қуанып тұрсыз?—деп сұрады профессор.
—Бiлмеймiн.
—Онда неге қол шапалақтадыңыз?
—Кешiрiңiз… Əйелiмнiң не ойлап жүргенiн, кiммен ойнап-күлгенiн бiлгiм
келiп едi…
—Бiзге тұрмыстық мəселелер қызық емес,—дедi профессор адымдай
жүрiп, кенет тоқтай қалып, сосын басын əнтек бұрып,—кезекке тұрып,
аппаратқа жақындаңыздар…
Бiрiншi болып, оппозиция серкесi Бiр Атаровтың миы тексерiлдi. Ми
тексергенде, миыңызды табаққа салып əкелмейсiз, еңкейiп, кеудеңiзден
келетiн аппараттың қобдишасына басыңызды тығасыз. Профессор
желкеңiзге пiсте май жағып, құйрығыңызды сипа-лайды. Құйрықтың миға
қандай қатысы барын қайдам, сол кезде, аппараттың қызылды-жасылды
лампалары жарқ-жұрқ етедi де, бiр жерiнен ақ парақ шыға келедi. Сол ақ
парақтағы жазулар түбiңiзге жетедi, не құтқарады… Бiр Атаровтың
анықтамасын оқығаннан кейiн, қарулы жiгiттер оның қолына кiсен салып,
əлдеқайда алып кеттi…
Бiр қайыршының басын аппаратқа тығып едi, профессор оқыды да,
жымиды. Онда: “Тойып алып, рахаттана өмiр сүргiм келедi!”-деп ойлағаны
жазылыпты. Дипломды қайыршы күн сайын осыны ойлайды екен… Басқа
ештеңе ойламайды. Саясатта жұмысы жоқ. Саясатты ойлайын десе, қарны
аш… Тағы бiр кiсiнiң ойлағаны: “ Қазақстан көтерем қой сияқты болып
қалмаса екен…” Ендi ол еш жерге жұмысқа алынбайтын болды. Отырса—
опақ, жатса— жалпақ, тұрса— талтақ, жүрсе—қалтақ болатыны ескертiлдi.
Бiр əйел басын аппаратқа тыққысы келмедi. “Жамбасымды сипалатпаймын,
ұят болады! “-дейдi. Профессор ақыры көндiрдi. Құдайым-ау, əлгi əйел ненi
ойламаған десеңiзшi! Бiр пəшкi ақ парақ жетпей қалды. Əлi шығып жатыр,
əлi шығып жатыр… “Елiмiзде жайқалған егiн болса, нанымыз қымбат емес,
тегiн болса… Суымыз тап-таза боп ағып тұрса, күйеуiм бетiме крем жағып
тұрса… Женский калготкилер жыртыла бермейтiн болса, елiме əртүрлi
дiни секталар келмейтiн болса! Мұғалiмдер ақша сұрамайтын болса,
күйеуiм iшiп келiп, есiк алдына құламайтын болса… Əйелдер өсек айтатын
ұйым болса, үйiмде көз тартатын бұйым болса, қабағы үкiметтiң ашық
болса, “жағдайымыз жақсы”-деп, халқы оның ғашық болса… “
Мiне осындай ойларының шегiне жете алмаған профессор жынданып
кете жаздады. Бiр кезде əйелдiң басынан су, аппараттан бу шықты.
Артынша, аппарат бұзылып қалды. Қуанып кеткенiм!
“Бөгде
ойлылар-2030” ғимаратынан шыға салысымен үйге зыттым. Өйткенi,
осыдан он жыл бұрын бiрдеңе ойлағанмын. Соны бiлiп қоймағаны қандай
жақсы болды. Не ойладым дейсiз бе? Айтпаймын…
ДОСТОЕВСКИЙДIҢ ИДИОТТАРЫ!
Ашпыз десек, сенбейсiз, үйiмiзге келiп, қара су iшiп кетiңiз десек,
келмейсiз. Əрине, жаныңыз ашып, бес-он теңге бермейсiз.
Менiң асқазанымда жара бар, бiр аяғымды о бастан сылтып басам,
көңiлiмде нала бар. Əйелiмнiң мұрны пұшық, жүргенi сол, жүрегi айнып,
құсып, базардан бiрдеңе алып, кешке дейiн сонда қалып, сатып жүредi.
Бiздiң ел бай, мұнайымыз бар. Бiрақ, «үкiмет» деген құдайымыз бар.
Ауылдағы бiздер аш-жалаңашпыз, үкiмет үкiлдейдi ме, үтiктейдi ме, ол
жағы белгiсiз.
Аштан қатып қалмас үшiн, бала-шағамызбен шұбырып қалаға келдiк.
Нағашымның ескi үйiнде уақытша тұрып, мойынымды оңға, солға бұрып,
«аштан өлмеудiң жоспарын» жасадым.
Сосын бiр дөкей, яғни облыс əкiмi орынбасарының қыз ұзату тойына
шақырылмасақ та, шатымызды шапалақтап, бiр киерiмiздi үстiмiзге iлiп,
қазiр бұл жерден тойып шығатынымызды бiлiп, тойханаға тапырақтап
жетiп келдiк.
- Бiздi қуып шығады! - дейдi əйелiм.
- Əке, банан жегiм келдi, - дейдi алты жасар ұлым.
- Ет жегiм келедi, - дейдi сегiз жасар қызым.
Əйелiме құрық байламайтын қулығымды күнi бұрын түсiндiрiп қойған
болатынмын. Тойхана есiгiнде тұрған үш-төрт кiсiнiң бiрi:
- Кiрiңiздер, - дедi.
- Сiздер кiмсiздер? - дедi екiншiсi есiнеп.
- Құдалар жақтанбыз, - дей салдым мен.
Не керек, бiздi жетелеп, төрге отырғызды. Той басталып кеткен екен,
алдымыздағыны жапырып,
жайпап барамыз. Əйелiм Қатипаштың
бүйрегiне түртiп қалдым:
- Жындысың ба, сыйыр сияқты күйсей бермесеңшi!
- Өзiң ше? Алдыңда албасты да жоқ.
Бiр қарасам, қызым мен балам, келесi столдағы қазы-қартаны сыпырып
барады екен. Əрең тоқтаттым. Күнi бұрын дайындап келген қалтақапшыққа уылдырық, нан, ет, котлет, салат-малат бəрiн салып қойдық.
Өзiмiз де, өй бiр, рахаттанып тойдық! Тiсiмдi шұқып, бетiмдi қазының
майымен майлап отырған баламның басынан нұқып, жүздетiп отырмын.
- Мыжбан, бiрiншi сен шығып кет, - дедi əйелiм, өрiк-мейiздi омырауына
тыққыштап жатып. Пакеттi қолыма ұстап, шылым шеккен болып, тысқа
шықтым. Үйге келген соң, өй бiр рахаттанып қалдық. Бiздiң Шымкентте
апта бойы той өтедi. Бiз ендi той жасайтындардың тiзiмiн ала бастадық.
Сөйтiп, бiр ай бойы, тойдан тойға барып жүрдiк, нəпақамызды сол күнi
алып жүрдiк. Кейбiр тойға жұпыны киiнiп баруға болмайды екен.
Көршiлерiмiздiң қымбат бағалы киiмдерiн прокатқа алып, оның да есебiн
таптық. Рахат! Бiр күнi айнаға қарасам, əжептеуiр семiрiп қалыппын!
Əйелiм Қатипаштың да балтыры бөтелкедей едi, бөренедей болып барады.
Шiркiн-ай, премьер- министрдiң, министрлердiң тойларына кiрiп шықсақ
қой деп армандаймын. Құдай-ау, семiздiктi қой ғана көтередi ғой деймiн,
тойдан қалған еттердi есiк алдындағы күшiкке бере салатын күйге түстiк.
Бар ғой ендi, бар, құдайға шүкiр, iшiм-жем жетедi! Өзiмдi Iшкi iстер
министрi сияқты сезiнемiн, əлде кеден бастығымын ба? Əлде, халықтың
маңдай терiн құлқынына жұмсап жүрген көп шенеунiктiң бiрiмiн бе? Өзiм
де түсiнбей қалдым.
Тағы бiрде бас полицейдiң ұлының сүндет тойына бардық. Тап - бiр соның
құда- жекжаты сияқтымыз. Бұл жолы шабадан, рюкзак алып бардық. Той
басталып кеткен екен.
- Сiздер кiмсiздер? - дедi есiк алдында тұрған бiреу.
- Құдалармыз.
Төрде отырмыз. Қатипаш құдағи сияқты сызылып қалыпты. Iшiп-жеп
отырмыз. Жанымдағы семiз əйел:
- Сiз қай жақтансыз? - деп сұрады.
- Үйден, - дедiм мен.
- Жоқ, “Мəндiрбай жақтан ба?” дегенiм ғой.
- Оны қайтесiз?
- Түрмеден келген сияқты жайпап барасыз.
- Тойда iшiп-жеу керек шығар! - деп, коньякты ауызға төңкердiм.
Бiр кезде асаба құдаларды ортаға шақырды. Бiр қарасам, мен де солардың
iшiнде жүрмiн. Микрофон қолыма тиiсiмен:
- Мəндiрбай құда, тойыңыз құтты болсын! Тойға сот, прокурор, əкiм, КНБ
бəрi келiптi.
Өңкей шiренгендер. Халықтың арқасында шалқайғандар. Бiздiң алдымызға
неге бас қоймайды? Кешiр, құдеке, МАИ бастығы - коррупция... Хiм,
ұсталып, қамалып едi, ол да шығып кетiптi дейдi. Полицейлерiң шетiнен
парақор. Кiм ақша берсе, сол ақталып шығады. Бiз сонда, бiз сонда қашан
құқықты мемлекет боламыз? Анау сот отыр, жiлiк мүжiп. Атауыңды жегiр.
Судьялар ақты - қара дейдi, бiтеудi - жара дейдi. Бiз елу елдiң қатарына бұл
түрiмiзбен қашан қосыламыз? МАИ бастығы автомобильдерге берiлетiн
«крутой» нөмiрлердi «аукционға» шығарғанымен, мəселен, 777 нөмiрiн үш
мың долларға сатады екен! Коррупция! Сендер Елбасыны алдап жүрсiңдер!
Сендер Достоевскийдiң идиоттарысыңдар!» деп сөйлеп жатыр едiм, маған
қарай екi күзетшi жүгiрiп келедi.
Жалмауызға да жан керек, микрофонды бiр құданың аузына тыға салып:
- Қатипаш, қаштық! - дедiм де, адамдардың арасымен зытып бердiм.
Артымыздан үш-төрт оққағарлар қуып кеп бердi. Тойхана артындағы жер
үйлердiң бiрiнiң ауласына кiрiп кеттiк. Бiр қарасам, бəрiмiз алма ағашының
бұтақтарына өрмелеп кетiппiз. Ең ұшар басына қызым, бiр алманы үзiп,
қырш еткiздi. Əйелiм, тойда аузына салған бiрдеменi əлi шайнап тұр. Бiр
кезде алма ағашының тұсына бiр əйел мен еркек келдi.
- Мағрипаш, алманы ертең сiлкiп алайық, - дейдi еркек.
- Сiлкiп бершi. Ертең ерте кетемiн. Компот жабуым керек. Əпкем рұқсат
бердi ғой, - дейдi əйел.
Еркегi сəл жоғарыға шығып, сiлкiлей бастады. Қатипашым ұшып кетiп,
келесi бұтаққа iлiнiп қалды. «Үнiңдi шығарма» деп сыбырладым.
Қорыққаннан ұлым бұтына жiберiп қойды.
- Жаңбыр тамшылап тұр ма? - деп сұрады төмендегi əйел.
- Қазiр, қазiр, - деген еркек тағы сiлкiдi. Алмалар патыр-пұтыр түсiп жатыр.
Сол алмалармен бiрге қызым да жерге топ етiп түсiп, шайтанша шыңғырып
жiбердi. Анау екеуi алды-артына қарамастан зытып бердi. Бiз де түсе
қалысып, шарбақтан асып, көшеге шықтық. Тойхана күзетшiлерi байқап
қалып, соңымызға түссiн! Қашып келемiз. Iшкен-жегенiмiз желкемiзден
шықты. Ең алдымызда əйелiм. Бiр қарасам, əйелiм жоқ болып кеттi. Менен
озып бара жатқан балаларымды да бiрдеңе жұтып қойды. Өзiм де жоқ
болып, жылу құбыры жүретiн шұңқырға түсiп кеттiм. Төртеумiз ентiгiп,
есiмiздi жиып үлгерместен бiреу иығымнан түртедi. Артыма қарасам, бiреу
отыр.
- Е, сен кiмсiң? - дедiм мен.
- Қайыршымын.
- Мұнда неге отырсың?
- Бұл менiң «пəтерiм» - дедi ол, - квартплат төлемесеңдер, қуып шығамын!
- Айқайлама!
- Мен Қазақстанның құрметтi қайыршысымын! Тiл тигiзбеңiз!
- Мына қуыс қайда барады?
- Көшенiң арғы бетiнен шығасыңдар.
Рахметiмiздi айтып, құбыр iшiмен еңбектеп келемiз.
- Бүйтiп тойға барғаны құрысын! Нең бар-ей, сөйлеп! - дейдi Қатипашым.
- Сөз бердi ғой, - деймiн мен мiңгiрлеп. Сөйтiп көшенiң арғы бетiнен бiр-ақ
шықтық. Полицейлер байқап қалып, тұра қаштық. Үйлердiң арасымен
зуылдап, бiр кемпiр пiсте шағып тұр екен, қағып кетiп, шалқасынан түсiрiп,
ұлым оны аттап өтiп, ары қарай зуылдадық. Көп қабатты үйдiң ауласында
кiшiгiрiм той өтiп жатыр-ау деймiн, ентiгiп келiп, билеп жатқандардың
арасына қойып кеттiк.
Билеп жүрмiз. Əйелiм билеп қояды екен. Өкiнiшке орай, полицейлер би
үстiнде қолымызды қайырып əкеттi. Содан ҚР Қылмыстық Кодексiнiң
«алаяқтар» бабымен əйелiмiз екеумiз сотталып, бiр жыл дегенде түрмеден
əрең шықтық. Түрмеден шыға салысымен балаларымызды iздедiк, сөйтсек,
олар баяғы əдеттерiмен, тойдан-тойға барып жүр екен. Қуана көрiстiк.
Ертең салық комитетi бастығының мерейтойы. Барсақ па, бармасақ па?
Басым қатып тұр...
МЕНI ҰРЛАП КЕТТI...
Маған бiр «удар» берiп, ұрып өлтiретiн адам бар ма? Мына басым бас
емес, тас, шашым шаш емес, əшейiн жүн, көңiлiм құрғыр қап-қара түн...
Нем бар едi, келiсiм берiп, ендi мiне жүре алмаймын, сықылықтап күле
алмаймын. Тойға да, ойға да бара алмаймын, менiң басыма бiр берiп,
қашып кетсеңiз, iздеп, таба алмаймын. Бiр ай болды, екi қабатты кафенiң
алдында тұрғаныма! Не қашып кете алмаймын, екi қолымды төбеме қойып,
Қытай асып кете алмаймын.
Түсiнбей отырсыз ба? Менiң Тыжбан деген кластасым, Құдай берем десе
бере салады ғой, бiр жыл iшiнде миллионер болып шыға келгенi! Цемент
зауытында «зам» болып iстейтiн. Цемент зауыты дегенiңiз мафия екен ғой,
қолдан дефицит жасап, цементтiң тоннасын үш есе бағасына сатып,
ақшаны күреп дейсiз-ау, камаз-дап табады екен.
Сол Тыжбан «Келiңiздер, кете берiңiздер!» атты екi қабатты кафесiне
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.