Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 11

Total number of words is 3809
Total number of unique words is 2079
31.9 of words are in the 2000 most common words
45.5 of words are in the 5000 most common words
51.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Екеуі төсектерінен ақырын тұрып, енді жүре бергенде, қыз əкесі
ыңыранып барып, ұйқылы-ояу басын көтеріп:
—Бұл кім?—деп сұрады.
—Мен ғой. Кетіп барамын, көке...
—А-а, сен бе? Қасыңдағы кім?
—Көлеңкем ғой...
—Көлеңкең де, өзің де құры!
Алдар Көсе көлеңкесіндей болып тұрған Шиегүлін жетектеп, ауладан
жүгіре шықты. Шарбаққа байланған атына ырғып мініп, сүйіктісін
артына мінгестіріп алды да, ауылына қарай шаба жөнелді. Шауып бара
жатып, таңғы дауысы жаңғыра шықты:
—О, махаббат, мен саған да, тұзы күшті қуырдаққа да шөлдеп келемін!
Тойға келіңіздер ағайын, тойға!
КӨРЕЙІН ДЕГЕНІМ ОСЫ МА ЕДІ?
(Қорқынышты əңгiме)
Ескерту: бұл жазғанымды жүректерi жамау-жамау дiмкəс адамдар,
бүгiн не ертең о дүниеге кеткелi жатқандар оқымай-ақ қойсын. Он сегiз
жасқа толмағандардың да оқуларына рұқсат жоқ.
Мəселе былай ғой... Осыдан жиырма жыл бұрын елiмiз тəуелсiздiк
алған жылы ұйықтап қалыппын. Жиырма жасымда. Дəрiгерлер мұны
“летаргиялық ұйқы” (ұзақ жылдар ұйықтау) дейдi екен. Ұзақ жылдар
ұйықтайтын шетелдiк маубастар туралы көп оқитын едiм.
Дəрiгерлердiң бақылауында ұйықтап жатып, күнi кеше, тəуелсiздiктiң
жиырма жылдығы қарсаңында оянып кеттiм. Қырық жасымда. Жанжағыма қарасам, ойба-ай, қорқынышты фильмдер болушы едi ғой, тура
сондай. Көшеге шықсам, көздерi тура маңдайларына шығып кеткен
жалғыз көздi адамдар жүр. Зəрем қалмады. Тұра қашып едiм, бiреуi
қуалап жүрiп ұстап алды.
– Əй, сен кiмсiң? — деп сұрады семiз əйел.
– Əке-е-емнiң баласымын.
– Көршiсiнiң баласы деп тұрған жоқпын. Сенiң көзiң неге екеу?
– Ендi...
– Немене, сен қоғамда болып жатқан құбылыстардан қорықпағансың
ба?
– Кешiрiңiз, бiр көздi апай, адамдардың бəрiнде жалғыз көз, неге олай?
– О, жүгермек, сен өзi қайдан шықтың? Атырауда, күнi кеше
Таразда терроршылар жасаған жарылыстардан қорқа-қорқа көздерiмiз
осылай маңдайымызға шығып кеттi.
– Көзiңiз неге бiреу ғана?
– Екiншi көзiмiздiң қорыққанымыздан қайда түсiп қалғанын бiлмеймiз.
– Бəрi жалғыз көздiлер...
– Иə, ендi Қазақстанды жалғыз көздiлер мекендейдi, – деген ол
сөмкесiнен шашына қыстыратын шпилкасын алды да, бiр көзiмдi
шұқып алғаны. Ойбайладым да қалдым.
– Апай, мұныңыз не?
– Екi көздi болып сен ғана жүрмекпiсiң? Ұят емес пе? — деген апай
кербезденiп кетiп қалды.
Жан-жағыма қарадым. Үрейленiп жүрген адамдар. Анау бiр жерде екi
полиция инспекторы өлiп жатыр. Атып кетiптi. Мына бiр жерде бiр
дiни экстремист өзiн-өзi жарайын деп жатыр. Тұра қаштым...
Ырсылдап, ышқырымды көтерiп, күркiлдей жөтелiп, аялдамада
тұрғанмын. Бiр егделеу жасқа келген кiсi бұтына жiберi-iп тұр.
Шалбарының балағынан Арыс өзенi аққандай...
– Көке, мұныңыз қалай? Ұялмайсыз ба? Көпшiлiк орнында... — дедiм
мен. Маңдайындағы жалғыз көзi жасаураған көкем сыбырлап қана:
– Мына дүние не болып кеттi өзi? Соны ойлап-ойлап, қорқып кеттiм...
—дедi.
Бiр қарасам... Бiр қарасам ше? Ойба-а-а-ай! Бiр қарасам бар ғой... Өй-й...
Айтуға қорқып тұрмын... Бiр қарасам, үкiмет үйiнiң алдына тоқтаған
қызметтiк машиналардан ылғи бассыз адамдар түсiп жатыр!
Мойындарында галстук, бiрақ бастары жоқ... Жаным қалмады... Бiр
кезде қатты қорықсам керек, жалғыз көзiм жылжи-жылжи тура
маңдайыма келдi. Бүрiсiп тұрғанымда, арт жағымнан бiреу “Ба-а-а!”
деп бар даусымен айқайлағанда бар ғой, “А-а-а!” деп тұра қаштым!
Бассыз ағаларымның жандарынан безiп бара жатып: “Сəлеметсiздер
ме?” деп амандасып өттiм. Былай шыға бере, бiр кiсi қолымнан шап
берiп ұстай алды.
– Аға, а-ана ба-ба-ба-бассыз кiсiлер кiмдер? — деп сұрадым мен.
– Жоғары лауазымды шенеунiктер, — дедi ол түсiндiрiп, – басында екi
шайнам миы жоқ болған соң, ондай кеуек басты не қылады, көрiнген
жерге тастап кетедi.
– Ойбай аға...
– Немене?
– Сiздiң мұрныңыз қайда?
– Арқама түсiп кеткен.
– Ау-аузыңыз апандай болып, бүкiл бетiңiздi алып жатыр... Қорқып
тұрмын...
– Бiз де ана жақтан, мына жақтан шыққан жарылыстардан қорқа-қорқа,
осылай, аузымыз апандай ашылған күйi қалып қойды...
– Ана кiсiнiң басына не шыққан?
– Қайсы?
– Анау кетiп бара жатқан...
– Қатты қорыққандықтан шаштары қурап түсiп, артынан қураған
бұтақтар өсiп шығып жатыр көп адамдарда...
– Неден қорқа бересiздер сонда?
– Өзiң қайдан келдiң? Аспаннан салбырап түстiң бе?
– Жиырма жыл ұйықтап қалыппын. Сондай ауру бар, аға...
– Айналайын, – деп арқамнан қаққан ол құлағыма сыбырлады, – тағы
жиырма жыл ұйықтай тұрмадың ба?
– Неге?
– Сонда жұмыссыз қаламын, немесе терроршылар қолынан өлiп
қаламын деп қорықпайтын едiң ғой.
Бiр қарасам, бiр қарасам ше, қолдарына буы бұрқыраған жүректерiн
ұстап алған адамдар келе жатыр. Төбе шашым “честь” берiп кеттi.
– Мы-мыналар кiмдер? — деппiн.
– Өмiр сүруден қорыққандар ғой. Жүректерi ұшып кете берген соң,
қолдарына ұстап жүретiн болған.
Арада екi сағат уақыт өткеннен кейiн, о тоба, үш тiлдi адамдарды
көрдiм. Аузын ашқан кезде ар жағынан сала құлаш тiлi салп етiп
шығады. Тiлiнiң ұшында үш айыры бар. Жыланның тiлi сияқты. Бiрақ
жыланның тiлiнде екi айыр болса, бұларда үш айыр.
Əлгiлер маған қарап сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Бiр сөзiн түсiнбедiм.
– Мыналар кiмдер? – деп сұрадым қасымнан өтiп бара жатқан
қариядан.
– Бұларды бiлмеушi ме ең?! Екi жасынан бастап он сегiзге дейiн үш
тiлдi, яки орыс, қазақ, ағылшын тiлiн арнайы мектепте оқыған қулар
ғой. Құдай қарғап, осылай боп қалды. Үш тiл тұрмақ, бiр тiлдi де
бiлмейдi. Тек шүмектен аққан су сияқты шүлдiрлей бередi...
Бағанағы қорыққаным қорыққан ба, ендi түршiге қорықтым.
Түршiккенiм соншалық, денем ұйып, ұйқым келе бастады. “Байғұс
қазақтың көрейiн дегенi осы ма едi?! Бейшара қазаққа көрсетейiн
дегенiң осы ма едi, а, Құдай?! – деп қатты налыдым. Содан соң iле
“Қайта ұйықтап кетсем екен... Ұзаққа...” деп тiледiм Құдайдан.
БІР ШЕЛЕК СУ...
Əкемнің кебісін киіп жүріп, қыздармен танысатынымды қайтерсіз?
Бұтымдағы джинси інімдікі. Ол досынан сұрап алған екен. Досы
көршісінен
алыпты.
Статистика
агенттігі
Қазақстандағы
жұмысшылардың орташа айлығы тоқсан мыңның төңірегінде деп
далбасалай береді екен. Менің айлығым он сегіз мың, өз жасым
жиырма беске де жетпейді...
«Жетпейді» деп желкемді қасып жүре беремін бе, бір қызбен
танысып, аш кенедей жабысып, екеуміз «Ішіңдер, жеңдер, кетіңдер!»
деп аталатын кафенің алдында кездесетін болдық. Қыздың таңдауы
сол жер болды əйтеуір. Маған салса, моланың қасында кездессек те
ризамын, өйткені қалтамда тентек тиын да жоқ... Кеше танысқан
қызым керемет сұлу енді, жалт қарағанда, жамбасыма оқ тигендей,
ақсаңдап қалдым. Мен өзі қыздарға ғашық болсам, аяқтан қаламын.
Жүрегім от болып жанып кетті, күлі ғана қалған сияқты. Автобустан
түсіп, жаяулатып келсем, қызым қып-қызыл көйлек киіп , мені күтіп
тұр екен. Кешіккеніме ұялып, кешірім сұрап, екеуімз кафеге кірдік.
Отырмыз. Даяшы келді. Қалтамда қатып қалған құрттан басқа ештеңе
жоқ.
—Не ішесіздер?—деп сұрады даяшы.
—Ештеңе ішпейміз...—дедім мен.
—Қалай?
—Ораза ұстағанбыз...
—Кафеде ештеңе ішпей отыруға болмайды, тапсырыс беріңіздер,—
деді даяшы.
—Бір шелек су...—дедім мен.
—Не деп тұрсыз?
—Біз жəй, су ішуге келдік...
—Ойнамаңызшы, аға...
—Ойнап тұрғаным жоқ, ойлап тұрмын...
Қызыма қарасам, қып-қызыл болып кетпепті, қайта күлкіден
жарылайын деп отыр. Бір кезде:
—Əзілдеп отыр əшейін... Жарайды, маған да бір шелек су əкеліңіз...—
деді. Аузым ашылып қалыпты. «Шіркін-ай,— деп қиялданып кеттім,—
бай шенеуніктің баласы болғанымда ғой... Шіреніп отыратын... Ананы
əкел, мынаны əкел деп отыратын...»
—Сіздер немене, мені мазақтап отырсыздар ма? –деген даяшы қыз
қолын бұлғап, зал бастығын шақырды. «Біткен жерім осы шығар... Қыз
алдында масқара болдым! Қазір қуып шығатын шығар! А, сорлы қазақ,
айлығың он сегіз мың теңге, неменеңе жетісіп, кафеде отырсың?» —
деймін ішімнен іріп кеткен сүт ішкендей болып.
—Сая əпше, мына кісілер екі шелек суға заказ беріп отыр... Мені
мазақтап...—деді даяшы жарылатын бомбадай тырысып.
—Кешіріңіздер,—деді зал бастығы сыпайылық танытып,—ас мəзірінде
шелекпен су беру деген жоқ еді...
—Бір шелек су жетеді бізге. Ожауымен,—деді қызым. Мəссаған! Менің
сөзімді сөйлеп отыр! Менің жағдайымды, мен арқылы халықтың
жағдай
ын ойлап отыр! Аты кім еді өзінің? Кеше танысқанмын ғой,
ұмытып кетіппін... «Шіркін-ай,— деп қиялданып кеттім,—шіркін-ай,
премьер министр Кəрім Мəсімовтің баласы, жо-жоқ, əйелінің інісі, жожоқ, бөлесі болсам да жетеді! Шалқып жүрер едім-ау! Байлардың
балалары шалқып жүреді, біз сияқтылар лайқа суда қалқып жүреді...»
—Сізге ше?—деп сұраған зал бастығының даусы ойымды осып
жіберді.
—Маған да бір шелек су...—деппін.
—Екі шелек суды мына ас мəзіріңіздегі бірінші, екінші тағамдардың
барлығының бағасына бағалай беріңіз, мен төлеймін,—деді қызым
қутыңдап.
—Бір түрлі екен,—деді даяшы.
—Халық қара су ішіп отыр. Бүгін соны еске аламыз!—дедім мен.
—Ал мен ерігіп отырмын,—деді қызым.
«Шіркін-ай,— деп қиялданып кеттім тағы да,—əкем халықтан ұрлап
ішіп-жейтін көп шенеуніктердің бірі болғанда ғой, кафеде шелектеп су
ішіп отырмас едім! Кеше сыныптасым еңіреп жылап отыр. Сөйтсем,
əкесі депутат еді, мəжіліс тарап кетіпті. Мəжіліс тарап кетсе де, əкесі
кабинетінен кетпей, креслосын құшақтап жылапты...»
Даяшы екі шелек су əкелді.
—Таныстығымыз үшін!—дедім судан сіміріп жатып,— кешіріңіз,
атыңыз кім еді?
—Негізінде Əйгерім, подругаларым Айкона дейді.
—Айкона, ашығын айтайын...
—Айта беріңіз.
—Екі шелек суға да төлейтін ақшам жоқ...
—Отыз мың теңге төлей саламын,—деген Айкона сөмкесінен
қағаздарды шығарып, даяшыға ұсынды да:
көк
—Тағы бір шелек су алдырайын ба?—деп менен сұрады. Бекерге төлеп
жатқанына қарағанда, байдың қызы болды, сасқанымнан:
—Сегіз шелек...—деппін. Бір қарасам, айналамыздың бəрі су толы
шелек. Əрқайысыан ауыз тидік те, сыртқа шықтық. «Таксимен қалай
шығарып саламын?»—деп қиналып тұрғанымда, əуеден гүріл естілді.
Мəссаған, тік ұшақ келіп тұр!
—Бəрі əкемнің арқасы... Бүгін қарапайым болғым келіп еді... –деді ол.
—С-сау болыңыз!-дедім сасқанымнан.
—О кэй!—деді миллиардердің қызы.
—Кездеспегенше...—дедім қорыққанымнан.
—Біз ағалы-інілі дос боламыз əлі,—деді ол,—жақында Германияда
операция жасатып, еркекке айналмақпын...
—Неге?—дедім мен.
—Əкемнің жалғыз қызымын, мұрагер ұлы жоқ. Бұл əкемнің өтініші,—
деген ол тік ұшаққа қарай жүгіре жөнелді. Ғашық отым жанбай жатып,
бықсып, түтіндетіп, өшті де қалды! Көз алдымда жас жігіт «братан, сау
болыңыз!» деп жүгіріп бара жатқандай...
ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
Біреу ат басындай болмаса да, албастының көзіндей алтын
тауып алады, біреу жолда келе жатып, ақша сауып алады, енді
біреу насыбай толы шақша тауып алады. Солай ғой енді... Ал,
облыстық ішкі істер департаментіне жаңадан келген тергеуші
Беткеайтарұлы, мына мен бір күні аяғымың астынан ƏДІЛЕТ
тауып алдым. Шалажансар екен... Өлейін деп жатыр екен.
Қасында Əділетсіз шалқасынан түсіп, шұжық шайнап жатыр...
Дереу Əділетті қалтама сала қойдым.
Кабинетіме кіргенім сол, «Бастық шақырып жатыр, шақырғаны
былай тұрсын, аузын апандай ашып, бақырып жатыр!» деген дені
дұрыс емес хабар алдым.
—Шындықбай Беткеайтарұлы, қалтаңызда не бар?—деп сұрады
генарал-майор.
—Қалтамда? Тас та жоқ...
—Не бар деймін?
—Қыл-қыбыр, шаш та жоқ...
—Тергеу бөлімінің бастығы сенің жерден еңкейіп бірдеңе тауып
алғаныңды көріпті. Сенен сұраған екен, «Əділдет тауып алдым» депсің.
—Ойнап айттым.
—Жоқ, ойлап айттың!
—Кешіріңіз, біздің елде Əділет бар ма өзі?...
—Көрсетіңіз, Əділеттің қандай болатынын көрейік!
—Жоқ, сіздер оны қамап қоясыздар, немесе, көзін жоясыздар...
—Бастығыңыза бағынбағаныңыз үшін қызметтен босатамын! Сіз
боссыз!
Онсыз да, осы қызметке келгелі əділет жолында жүргенім үшін
бөлім бастығына, ол аздай, басқарма бастығына «бір түрлі адам, пара
алмайтын надан» болып жүр едім, енді міне, қолымда пəпкі, не
басымда полицейлік шəпкі де жоқ! Əділдікті қойныма жылытып,
көшеде келе жатыр едім, екі полицай жаныма жетіп келді.
—Ақ костюм-шалбар, ақ туфли киіп алыпсыз,—деді бірі қолындағы
шелекті артына жасырып.
—Аққа Құдай жақ...
—Қараға да Құдай жақ... –деді екіншісі ентелеп.
—Айтыңызшы, Аққа Қара жұғады ма?
—Жұқпайды...—дедім мен.
—Өй, мынау ештеңе ұқпайды!—деген біріншісі шелегіндегі қара
бояуды шөткесімен үстіме жаға бастады... Сөйтті де екеуі тырқылдап
күлді. Жүрегім ақ, үстім қара дақ болып үйге келдім. Жер бетіндегі
əділетсіздіктерге, еліміздегі қара дақтарға, əсіресе, ішкі істер
органдарындағы былықтар мен соттардағы солақай тірліктерге
жыным келіп, ой бір жыладым! Ия, іштей жыладым... Сөйтіп ішкі істер
министрлігіне барып, жүрегімдегі Əділетті көрсетіп едім: «Кешіріңіз,
кейде танып, кейде танымаймыз...» десті. Парламенттегілер: «Əділет
деген осы екен-ау! Кешіріңіз, əділет!»— деп тамсанып қана қойды...
Шенеуніктердің біразы Əділетті танымайды екен... Есесіне
Жағымпаздарды, Жалақорларды, əділетсіз Екі Жүзділерді жақсы
танитын болып шықты... «Қызметіме қайта келермін!» деп ойланып,
ұйықтап кетіппін. Түн ортасында шошып оянсам, қойнымда біреу
жатыр!
—Кешіріңіз, сіз кімсіз?—деп сұрадым атып тұрып.
—Жалагүлмін,— деді ол.
Кешікпей, «Əділетсіздікті жүрегіне жасырғаны үшін, Ақты өлтіріп,
Қарамен сыбайлас болғаны үшін» деген жаламен түрмеге түстім.
Құдайым-ау, мұнда шатаққа шатысы, қылмысқа қатысы жоқтар,
Жаланың көрпесін жамылып жатқандар көп екен! Көңілім көң астында
қалғандай, біреу жүрегімді турап, мұздатқышқа салғандай, сағым
сынып, іштен тынып жүргенмін. Қазір түрмелерден қашып кету сəнге,
тіпті əнге айналды емес пе, бір күні күзетшіге:
—Ананы қара, ананы қара!—дедім.
—Ештеңе көріп тұрғаным жоқ,—деді ол.
—Ананы қара, қылмыскер күннің сəулесіне өрмелеп, қашып барады!
Күзетші көзін көлегейлеп тұрғанда, зып беріп, қаша жөнелдім. Қашып
бара жатып, көшедегі хабарландыруға көзім түсті. Онда: «Əділетке,
Аққа, Иманға халықаралық іздеу жариялаймыз!» деп жазып қойған
екен. Көзім қарауытып, құлап түстім. Бір кезде көзімді ашсам, Əділетім
шала-жансар, өлейін деп жатыр, Ал, ƏДІЛЕТСІЗДІКТІҢ қолында қара
күрек, оны көмейін деп жатыр... О, дүние-ай...
ҚАРА БЕТТЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ...
Əйелімен құшақтасып жатқан... Таң ата көздерін жапалақ шоқып
алғандай, жыпылықтатып ашса, əйелі екеуі етпетінен жатқан біреуді
құшақтап жатыр! Үстінде мəйкі, шашы алба –жұлба... Желкесінен қыпқызыл қан ағып жатыр ма... Ол орнынан ұшып тұрды.
—Ойə-бай, мынау кі-кім, Қатипаш?
Əйелі ащы дауысқа ояна қойған жоқ... Бері қарай аударылып түсті де,
теңкиіп жатқан еркектің жауырынына білегін, сосын бір күндік
отындай жуа-ан аяғын асып қойды. Ұйқысын қимай ыңырсып жатты
да, кенет көздерін ашып қалып, өзі құшақтап жатқан «жынды бас»
еркекке, сосын трусишең тіл ауыздан қалып, қалшылдап тұрған
күйеуіне қарады. Төсегінен төңкеріле жаздап, шыңғыра түскен
Қатипаш жүгіріп барып, күйеуінің бауырына тығылды.
—Мы-мына кісі кім, Мыж-Мыжбан?—деп сұрады етпетінен жатқан
еркекке үрейлене қарап.
—Т-танымаймын...
—Ол арамызда неге жатыр?
—Се-сенің кө-көңілдесің емес пе?
—Құдай сақтасын! Не, маған сенбейсің бе?
—Түнімен осымен құшақтасып жатқанбыз ба не, сонда?
—Со-солай сияқты... Мыжба-ан, қорқамын. Полиция шақырайық.
—Сол полицияның өзі емеспін бе?—деген Мыжбан орындықта жатқан
формасына жүгіріп, тапаншасын суырып алды.
—Ей, сен кімсің?—деп айқайлады сосын. Дауысы жанып жатқан су
ағаштай қалтырап шықты.
—Мен ғой.
—Менің кім?
—Бұл қарабеттің үйі ме?
—Какой қарабет? Не деп тұрсыз? Тұрыңыз! Не, бетіңіз күйіп қалған ба?
—деген Қатипаш енді күшейейін деді.
—Халыққа оқ атқан қарабеттің үйіне келдім,—деді ер кісі етпетінен
жатқан бойы. Бұдан əрі шыдамаған Жаңаөзен қаласының полицейі
беймезгіл келген «қонақтың» жон арқасына бірнеше мəрте атып
жіберді. Етпетінен жатқан еркек қолымен арқасын қасыды. Оқ тесіп
кеткен арқасынан бықсып, түтін шықты. Бір кезде ол:
—Сендер халыққа оқ атып үйреніп қалған екенсіңдер. 2011 жылы 16
желтоқсанда бейбіт шеруге шыққан өрімдей жастарды да дəл осылай
арқа тұсынан атып едіңдер...—деді де, сықырлап, орнынан тұрды.
Мəссаған, Мыжбан не көрді деймісіздер? Адам бойындай ағаш
қуыршақты көрді. Өзі атқан оқ арқасын тесіп кетіпті, бергі жағынан
үйірейіп тұр екен. Мұны көрген Қатипаштың аузы-басы қисайып,
табан астында талып қалды. Зəресі қалмаған Мыжбан шифонердің
ішіне тығылды. Аяғын сықырлата басқан қуыршақ шифонерге
жақындаған сайын, Мыжбан дірілдеп, тіпті селкілдей бастады. Əне,
келе жатыр! Жақындап қалды... Ойбай, енді қайтті? Есікті ашып
қалғанда, Мыжбан сасқанынан:
—Ассалау...—деп қалды.
—Сен Жаңаөзен қарабетісің.
—Не –неге?
—Өз халқыңа оқ жаудырдың...
—Бұйрық солай болды.
—Бұйрықты құйрығыңа қыстыра салмадың ба?
—Кешіріңіз, сіз кімсіз?
—Мен бе? Мен Құдайдың қуыршағымын! Жаратушы ием маған жан
беріп, сендерге, қарабеттерге жіберді! Қуыршақ биліктің беттерін қапқара етіп кел деді. Халыққа қарай алмасын деді. Пенделеріме ренжідім
деді...
—-Ке- кешіріңіз, біз полицаймыз...
—Білемін, білемін, бір байғұс бала жараланып құлап еді, жетіп барып,
сойылыңмен ұрып өлтірдің... Мə, бетіңе қара, Құдайдың қара бет
пендесі!—деген қуыршақ адам қолына айна ұстата салды. Мəссаған!
Бір беті қап-ара болып күйіп кетіпті... Түтін шығып жатыр ма...
Қорыққан байғұс көшеге атып шықты... Есуастанып кетсе керек, өзінің
басын өзі ұрып барады...
«Құдайдың қуыршағы келіпті, қарабеттермен құшақтасып жатады
екен...» деген сөз Жаңаөзен қаласын шарлап кетті. Ішкі істер
министрлігіндегі
бірнеше
лауазымды
қызметкерлер
қорыққандарынан төсектерінің қасында шоқиып отыратын болды.
Əсіресе, министр орынбасарларының бірі Лəппай Тақсыровтың ұйқы
көрмегеніне бүгін екінші күн.
—Жатсаңшы,— деді əйелі түннің бір уағында.
—Қорқамын...
—Жұрт не демейді... Кел, құшақтасып жатайық.
—Қуыршақ тек ортаға жатады дейді...
—Жабысы-ып жатайықшы... Жұмыс –жұмыс деп құшақтауды да
ұмытып кетіп едің. Қайта жақсы болды.
—Сіріңке əкелші...
—Е?
—Көздерім жұмылып барады... Көз қабақтарыма тіреп қояйын...
—Тух, не деген қорқақ едің! –деген əйелі оны төсекке атып ұрды. Содан
құшақтасып жатқан. Таң ата оянып кетсе... Ойеба-ай, оянып кетсе...
Əйелі біреуді құшақтап жатыр!
Арқасынан сипалап қоятынын
қайтерсің! Күйеуі екен деп қалған да... Кешіріңіздер, билік бұтына
жіберіп қойды. Тіл аузы жоқ, əйелін жұлқылап оятты. Əйелі көздерін
сығырайта ашты да, күйеуінің қап-қара бетін көріп, шыңғыра, көрпесін
тас бүркеніп алды... Сосын қасында жатқан қуыршақ адамды көрсе
керек, іш көйлекшең ойбайлай атып тұрып, тұра қашты. Соңында
күйеуі... Дəл осы түні қала, облыс əкімдерінің де беттері қарайып шыға
келіпті.. Мыңдаған жұмысшыларын қуып шыққан «Өзенмұнайгаздың»
бұрынғы басшыларының
бірі де, қатты шошып оянса керек,
қуыршақпен құшақтасып жатыр екен. Айнаға қараса, беттері қарайып,
көздері алайып қалыпты деп естідік. Жаратушы иемнің жанды
қуыршағы əлі талай шенеуніктің беттерін қарайтады екен...
О,жаратқан ием, адамнан қулық артыла ма, бір қарабет бетіне аппақ
«пудыра» жағып алыпты! Өңкей қара жүректер!
ЖЫНДЫЛАР САЙЛАУҒА ҚАТЫСПАЙДЫ...
Сайлауға түсуден қалай қорықпайсыз... Облыс əкімінің алтын
сақадай, алтын тəжді бақадай, сыңғырлаған шақадай, шара басты
орынбасарлары аудан атқа мінерлеріне барып: «Нұр Отаннан»
облыстық мəслихатқа, парламентке үміткерлер үшін дауыстарыңызды
бермесеңіздер, шаштарыңызды шалғы орақпен орамыз, өздеріңді
ауызға салып сорамыз, беттеріңізді бізбен тесеміз, құлақтарыңызды
өтпес пышақпен кесеміз, жұрттың көзінше, шалбарларыңызды
шешеміз!»— демесе де, қызметерінен қуып жіберетіндерін ашық
айтқан болатын...
Қызметтерін Құдайындай сыйлайтындар сықсиып, сайлау
өшесткесінде дауыс беріп жатқанда, сіздерге өтірік, маған шын, екі
жынды елпеңдеп, ет жемесе де, бірдеңе шайнап, көздері жалт-жұлт
етіп, ойнап, жерден жесір əйелдің əтірін тауып алғандай, жетіп келгені.
Сайлаушылар жапырыла сыртқа шықты... Өйткені, қыстың қақаған
суығында бір жынды жерге аппақ ұн сеуіп жүрсе, екінші жынды
жерден бірдеңе іздеп жүр. «Нұр Отан» партиясының өкілдері таңтамаша қалысты. Бірі жындыларға жақын келіп:
—Əй, не істеп жатырсың?—деп сұрады.
—Көздеріңе күл түскен бе, көрмейсің бе?
—Көздеріме күл түскен жоқ, ұнды не істеп жатырсың деймін?
—Ұн егіп жатырмын.
—Жындысың ба, ұн еккені несі?
—Бір дорба ұннан екі қапшық ұн аламыз!
—Əй, бір шаригің түсіп қалған ба, ұн егілмейді!
—Неге? Қалауын тапса қар жағып, моншаны да қыздыруға болады.
Былтыр бидайымыз кө-өп болды, жиналмай, жерде шіріді. Ал, мен
жейтін нан бəрібір қымбат. Сосын ұн егіп, өзім ұн орып алмасам...
—Ноқатың кем екен.
—Сайлауға түсушілердің ішінде кейбірінің ноқаттары түгел ме еді...
Партия өкілі енді екінші жындының қасына келді. Ол жерге еңкейіп,
«жоғын» таппай жүр...
—Сəлеметсіз бе?
—Ары тұрыңыз!
—Сəлеметсіз бе?
—Бұтыңыздың арасынан өтіп кетейінші...
—Неге?
—Сайлауда əлдекімдердің бұттарының арасынан өтіп, депутат
болатындар бар дейді...
—Жоқ, сіз мынаған жауап беріңіз, не іздеп жүрсіз?
—Жоғалтып алдым...
—Нені?
—Осы жерде жатқан болуы керек. Ары тұрыңызшы, басып кетерсіз...
—Сайлаушыларға бөгет болмай, бұл жерден кетіңіздер!
—Мен жоғалтып алдым деймін...
—Нені ойбай?
—Дауысымды...
—Қандай дауыс?
—Сайлауға беретін даусымды...
—Жынды ма мына кісі?
—Не, жындылар адам емес пе?-деген жынды оның қалтасын қарай
бастады.
—Өй, не істеп жатырсыз?—деп сұрады анау.
—Менің даусымды ұрлап алған жоқсыз ба?
—Адамның даусы да ұрлана ма екен?
—Неге олай дейсіз? Бұрын сайлау кезінде дауыстар ұрланатын дейді.
Қазір де солай...—деген жынды белсендінің бетін жалап алды. Бетін
алақанымен жиіркене сүрткен белсенді бір түрлі болып қалды. Бір
кезде участкелік полиция қызметкері көрініп, жындыларға
жақындады.
—Əй, сен неге бұл кісінің бетін жалайсың?
—Беті дəмсіз екен...
—Сендерді қаматып жіберейін бе? Кім жіберді сендерді? Қай партия
жіберді? Əдейі істеп отырсыңдар ғой?
—Сенің де бетіңді жалайыншы...—деген еңгезердей жынды
шыбыштай инспектордың ербеңдеген қолын қағып жіберіп, екінші
жынды аяғынан шалып құлатып, сосын бетін жалап көрді де:
—Сенің бетің де дəмсіз еке-ен –деді тыжырынып,—сайлауға «дəмсіз
беттер түсіп жатыр» беттерінің тұзы кем...
Дауыс беруге келгендер концерт көргендей жыртаң-жыртаң етеді.
Даусын жоғалтып алған жынды қалтасынан фото аппарат шығарып,
қолын жоғары көтерді:
—Ақымақ елміз! Ақымақсыңдар! Адамдар жарқын өмір сүруден қалып,
биік үйлерден құлап өліп жатыр! Олар құлап бара жатқанда, мына фото
аппаратпен сырт еткізіп түсіріп алсаңдар ғой, олар сол жерде сурет
болып, қатып қалар еді. Сосын жерге суреті қалқы-ып түсер еді...
ақымақсыңдар...
Полиция инспекторы жерден сүйретіле тұрып, тапаншасын суырып
алған болатын, жерге ұн сеуіп жүрген жынды ыржалақтады:
—Кешіріңіз, жазда атсаңызшы... Аязды күні өлгім келмейді, қатып
қаламын ғой. Өлемін ғой...
Кенет Жедел жəрдем машинасы келіп тоқтады. Ішінен жетпіс дəрігер
секіріп түсті де, жындыларды қуалап жүріп ұстап алды. Машинаға
отырып жатқан дəрігердің бірі дауыстап:
—Кешіріңіздер, кеше біздің жындыханадан қашып кеткендер ғой,
жындылар сайлауға қатыспайды...—деді. Сайлаушылар күлісті. Партия
өкілдері сілкінді. Инспектор тапаншасын орнына қайта салып жатты...
Бір қараса... бір қараса бар ғой, жедел жəрдем машинасы көз жерде
тоқтап қалыпты. Жетпіс дəрігер осылай қарай жан ұшыра жүгіріп
келеді екен. Алдарында екі жынды ербеңдей қашып келеді... дауыс
бермекші...
ҚЫЗЫМ, ҚЫРЫҚҚА КЕЛДІҢ!
Шəй ішіп отырған шешесі қызына қарап:
—Қызым, неге қашып келдің?—деп сұрады.
—Нет, мен қашып келген жоқпын. Мен кетіп қалдым.
—Қашып келмесең, бес күн болды үйде жатқаныңа, үйіңе қайт.
—Мам, не хочу...
—Ойбай, қырыққа келдің, қызым... Сүрленіп, сарғайып, қартайып
барып əрең тауып бердім осы күйеуіңді. Құрбымды араға салып жүріп.,
Бір апта өтпей жатып, қайтып келгені несі?
—Мам, өзі бір түрлі...
—Екі түрліні қайтейін деп едің?
—Тамакка тоймады екен... Противно...
—Еркек деген тойымсыз келеді. Жей берсін. Жапырып жесін.
—Енем де жапырып жейді екен...
—Жесін! Адам тамақ жемегенде, иіскеп-иіскеп қоя сала ма екен?
—Ауыздарын салпылдатып жегенде, миым ашып кетеді, культура жоқ
воовще...
—Əй, шүлдірлеген шала қазақ қызым-ай, қалай жесе де, өз үйлері ғой!
Ашуланып жейді ме, ыржиып жейді ме, жоқ əлде қылжиып жейді ме,
ауыздарына қарап нең бар, қызым!
Қызы бұртиып отыр.
—Мам, сен айтқан сөзді енеме айтып едім, ужас, басымды қос қолдап
қасып берді... Ол кісі интересно, ашуланса адамның басын қаси беретін
дурная привычкасы бар екен... Тырнағы басымды ауыртып жіберді...
—Не деп едің?
—Тамақ дайындадым. Енемнің бір подрушкасы да отырған. Алдарына
супты əкеліп, жымиып: «Атауларыңызды ішіңіздер, ұялмаңыздар...»
деп едім...
—Ойбай-ай, ойбай, мына сөзден кейін басыңды қасымақ- түгілі, қағып
тастау керек қой!
—Өзіңіз ғой, папама: «Мə, атауыңды іш!» дейсіз...
—Қызым-ау, əкең сылқиып ішіп келгенде ашуланғанда айтатын сөзім
ғой бұл! Атау—деген жаман сөз, адамның өлер алдында ішетін асы...
—Откуда я знаю... Кеше үйге қонақтар
«атауларыңызды ішіңіздер» деп айттым...
келді.
Оларға
да
—Мəз қылыпсың! Қырық түгіл елуіңде де ес кірмейтін шығар саған!
Қызым-ау, қырыққа келдің ғой, қырыққа! Əлі қазақша жарытып сөйлей
алмайсың!
—Мам, мен банкте істеймін, бізде бəрі орысша, ағылшынша, қытайша
сөйлейді.
—Қатипаш, сен жинал да, үйіңе қайт.
—Не хочу.
—Бай керек пе саған қызым?
—Иногда керек.
—«Иногдаң» не сенің, ойбай?
—Ну, ішім пысқанда бірге курит еткенге...
—Сен əлі темекі шегіп жүрсің бе?
—Да. А чо?
—Келін деген темекі шекпейді.
—Онда тұрған не бар? Енем насыбай атады. Атам сағыз шайнайды...
—Сен сол үйдің келінісің...
—Енем айтады, «біздің үйге келген түтін» дейді. Күйеу балаңыз
екеуміз темекі шегіп жатып, пожар болдық қой, көрпеміз өртеніп
кетіпті, таңертең тұрсақ...
—Өздеріңнің өртеніп кетпегендеріңе шүкір де!
—Мам, атам қызық адам, рядом туалет, а он үйді айналып, как вам
сказать... не удобно қарап тұруға...
—Ойбай, сен атаңды аңдып жүресің бе, не? Артынан қарап тұрасың ба
не?
—Да. Онда тұрған не бар? Аташка как ребенок! Жасы тоқсан сегізде.
Как робот журеді, енем айтқан, атамды қарап жүрмесең, бір жерде
құлап қалады деп...
—Құдалыққа шақыратын ойлары бар ма өзі?
—Аташка өлген соң шақырмақ.
—Өлгені несі? Аман жүре берсін.
—Соның жетісі, қырқы, жылымен бірге құдалықты да шақырып,
құтыла саламыз дейді...
Шешесі ішіп отырған шайына шашалып қала жаздады.
—Астапыралла, не дейді? Шақырмаса, шақырмай-ақ қойсын! Өлікпен
бірге құдалық өкізген қай қазақты көрдік?
—Олар қазақ емес.
—Е?
—Енем еврейка, атам қазақ. Ну, оның папасының мамасы тоже еврейка
болған. Мам деймін, атам жас кезінде сұлу болған екен. Қазір ғой,
бетіне топырақ тастай салған сияқты, енешка оның екінші əйелі екен.
—Бірінші құдағи қайда тұрады екен?
—Давно өліп қалыпты. Осы енешканы атамнан қызғанамын деп, бір
шелек клей жұтыпты да, аузы ашылмай, туалетке бара алмай, ішектері
жабысып, мұрнынан клей ағып, өліп қалыпты... Ужас...
—Обалдағы –ай... Артынан бензин ішіп жібергенде ғой, жұтқан желімі
іріп кетер ме еді...
—Интересно, аташка до сих пор енешкамен бірге жатады!
—Енді бірге жатпағанда ше, кемпірі ғой...
—Да ну... Аташка совсем старик. Зачем бірге жату? Мен иногда ана
дуракпен ұрысып қалсам, подрушкамның үйіне барып жатамын.
—Қызым, қырыққа келдің, қырыққа!
—Ну что, қырыққа келсем? Ия, жігіттер таңдап жүріп қалдым, елуге
келсем де нормально жігіт тауып алар едім ғой, как Алла Пугачева
сияқты... ақырында қатын тастаған біреуге таныстырып...
—Сол мыстан кемпіріңді айтпашы, «нербім» ойна-ап кетеді. Сен не,
ата-енеңді аңдып жүрмісің?
— Қызық болды, бір түні для интерес аяғымды ақырын басып, екеуі
жататын бөлменің есігінен сығаладым. Ужас!
—Немене ойбай?
—Енем атамның үстіне отырып алып, арқасына массаж жасап жатыр!
—Енді уқалайды да... Нең бар оларды аңдып? Ұят-ай, ұят ай!
—Сөйтсем, енем атамның екі жағына күйген кірпіштер қойып, оның
үстіне доска тастап, соған отырып алып, массаж жасайды екен... А то,
атам апамның салмағын көтере алмайды...
—Ойбай-ай, ойбай! Көріп қоймаса еді...
—Енем «пыш-əй, пыш!» деді де, есік жаққа қарай кебісімен жіберіп
қалды. Мен кері шегінемін деп, су толы шелекке аяғымды тығып
алдым.
—Ұят қызым, ұят!
—Ертеңіне тұрсам, шелектегі сумен шəй қайнатып қойыпты енем.
Ішпей отырып алдым...
—Ерте тұрып, шəй қоймайсың ба не?
—Ененің қызығын көрмейміз бе?
—Енең сенің, келінінің қызығын көру керек! Ерте тұрып үй сыпыр, шəй
қой, атаңа сорпа пісір.
—Қамыр жайдым бір күні. Шұрық тесік болды. Сосын ие-жіппен тігіп
пісіріп едім, апам əбден ұрысты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.