Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 24

Total number of words is 3734
Total number of unique words is 2250
29.6 of words are in the 2000 most common words
41.5 of words are in the 5000 most common words
48.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сосын бір –бір жапырақтан ұятты жерлеріне жабыстырып алып, бір-біріне
көздерінің қиықтарымен қарады.
—Атыңыз кім?—деп сұрады алғашқы адам.
—Жапырақгүл...
—Менің атым Жүнбас. Осылай тұра беремiз бе?
— Ендi не iстеймiз?
— Жыбырламаймыз ба?
—Қалай?
— Жер бетiне таза, мейірімді, ата-анасын беттен алмайтын, мектепте
жүріп бір-бірімен атыспайтын, ұрлық жасамайтын, бес уақыт намазын қаза
жібермейтін ұрпақ шашпаймыз ба?
—Қойшы, ұяламын...—деп қылымсыды Жапырақгүл. (Қазір ғой,
ұялмайтын бетсіздер саунада жүр...)
—Ұялсақ, қалай бала- шағалы, қалай Қазақ деген ел боламыз? Он бес
балалы болсақ, Құдай бізді жарылқап, ай сайын миллион теңге беріп
тұрады...
—Аллама разымын!—деген əйел бетін сипады. Екеуі үйленіп, тойханада,
ой, кешіріңіздер ен далада той жасады. Қазіргі тойлар сияқты 500-1000
адам шақырылған жоқ...Тойға жүз шақты ғана жабайылар шақырылды.
Дастарханда мамонттың етінен пісірілген кəуаптар, шымшықтардың
жұмыртқасынан қуырылған бифштекс қойылды…Екеуі бақытты ғұмыр
кешіп, ұрпақ жайды. Бір күні жабайы Жүнбасқа Құдай жақындап:
—Ей, пендем, əлі ойланған жоқсың ба? Кім болғың келеді?—деп сұрады.
—Дипломым жоқ...
—Жабайылар университетіне оқуға түс.
—Мамонт аулауға лицензия бермей жатыр.Биіктен қарайтын…
—Үкімет болғың келеді ме?
—Ондайды түсінбеймін… Менің Құдай болғым келеді!
Құдай құдайдан безген жабайыны, күнаға батып, құдайдан безгендерді
жақтырмады. Бүгінде Сирияда балаларды, аналарды, бəрін бəрін атып
жатқан өзінің құлдарына да жүрегі ауырды… Сосын Құдай дүниенi
өзгертiп, Əдiл ата мен Мейiрiм ананы жасауға кiрiсіп кетіпті. Əлi жасап
жатыр екен...
ЫРЖИЫП ТҰРМЫЗ...
Біздің қалалық əкімшілік керемет ақылды ғой! Көшемізге көрпе де емес,
палас та емес, асфальт төселетін болды! Балаларымыз мектепке барарда да,
қайтарда да батпақ сүйретіп, шалшық су кешіп жүруші еді.
Қуанғанымыздан көше тұрғындары мың теңгеден жинап, құдайы бердік.
Бір айдың ішінде асфальт төселініп, жанымыз кіріп қалды. Бір айдан кейін
су құбыры жүргізілетін болды! Қуанғанымыз соншалық мың теңгеден тағы
жинап, тумай жүрген тауық сойып, ішіп- жеп, мəре- сəре болдық...
Артыншы су құбырларын тартатындар келді де, əспəлтті қазып тастады...
Жанымыз кірген еді, қайтадан шығып кетті... «Əкімшіліктегілер неге
ақылдасып жұмыс жасамайды?» деп ойлап, балаларымыз қазылған
топырақ үстінде ойнап, алқаштар шұңқыр ішінде ішіп, тойлап жүргенде,
газ берілетін болды! Қуанғанымыз соншалық, тағы да мың теңгеден жинап,
бұл жолы ешкі сойдық. Ешкінің етін жеп болғанша, газ құбырын
тартушылар жол жиегін қазып, тас-талқанын шығарды да, жер астымен газ
құбырларын тартты. Суға жанымыз кіріп қалып еді, «пəкə!» деп қайтадан
шығып кетті. Бірақ газға жанымыз кіріп қалды. Сөйтіп жүргенде,
əкімшіліктегі бір «данышпан» айтса керек, су жүретін пластик трубаларды
светтің бағаналары арқылы жүргізу керек депті. Қуанғанымыздан, далаға
шығып кеткен жанымыз қайта кіріп, көршілер бір- бірімізді құшақтап, мəз
болдық. Қайтейік енді, таңертең су жоқ болғандықтан, бетімізді түкіріктеп
жуып жүрген едік... Тісімізді көженің суына батырып, тіс пастасымен
ысқылап жуа беретінбіз. «Водаканал» жұмысшылары келді де, светтің
сымдарын қырқып тастап, су трубаларын тартты. Суға жанымыз кіріп
қалды. Қыста қайта шығып кетті. Бағаналар арқылы келген судың қыста
қатып қалатынын əкіміліктегі данышпан ойламапты. Мемлекеттен қыруар
қаржы жұмсалып, пластмасса трубалар жылу өткізбейтін материалдармен
оралды. Арыз жазып жүріп, жолды қайта əспəлттаттық. Өзіміз жартылай
ақша жинап беріп, бетімізді сипасып отырғанымызда, «свет құрып береміз»
деген хабар келді. «Энерго жегіштен». Қуанғанымыздан, көздеріміз 100
ваттық лəмпечкедей жанды! Бірақ, қайтып өшіп қалды. Өйткені, сібет
құрушылар əспəлтті қазып, газ құбырларын алып тастады да, кабельдер
жүргізді. Үйімізде жарық бар, газ жоқ, əспəлт жоқ... «Е, мейлі!» дестік. Газ
баллондармен де күн көреміз! Əспəлтінің атасына нəлеті! Тегіс жолда жаяу
келе жатсаң, ұйықтап кетеді екенсің... Қотыр жолға əбден үйреніп
қалыппыз... Бір күні... Бір күні «Елу елдің қатарына қалай қосылады екен,
көрейікші?» деп шетел демократтары келеді екен» деген хабар жетті. Сол
екен, көшеміз бір түннің ішінде əспəлттанып, тротуардың үстіне ұзыннан
ұзын кұрақ көрпелер төселді. Жүз метр сайын құс жастық. Рахат. Көрпе
үстімен келе жатып, шарашасаң... Жастықты қолтығыңа қысып, жата
кетесің. Үйімізге газ да кірді, жарық та кірді, жанымыз да кірді! Қала əкімі
келіп, көше басында жиналыс жасады.
—Шетелдік дипломаттар осы көшеден өткенде ыржиып тұрыңдар!—деді.
—Неге?—деп шулаймыз.
—Шымкенттің Қазақстандағы
тұрғандарыңды көрсін!
үшінші
қала
болатынына
қуанып
Содан ыржиып тұрмыз. Шетелдіктер келмеді. Қыс келді. Əлі ыржиып
тұрмыз, шетелдіктер қыста да келмеді... Көктем келді. Əлі ыржиып
тұрмыз... Əй, көз бояушыларым-ай, мына түрімізбен ыржиып өлетін
шығармыз?
ҚАРҒЫСОЛОГИЯ
Менде бет жоқ, əйелімнің бетінде іліп алар ет жоқ... Алғаш СМС жоқ
жылдары танысқанда, қырым конго кенесіндей бір-бірімізге
жабысқанда, өмір бойы рахатқа батамыз деп ойлағанмын... Қайда-а-а...
Биология,
зоология
демекші,
«Қарғысология»
ғылымынан
диссертация қорғайтын жағдайға жеттік. Қарғыстың қаспағын
жегендей, шабуылды əйелім бастайды:
—Құдай бар болса, бетіңнің бес жерінен жара шығып, асқазаның
тарылып, көзіңді көк шел қаптап, төбеңді трактор таптап, көзіңе
шайтан көрініп, мұртың өріліп, қыста аяқ-қолың үсіп, тістерің түгел
түсіп, тілің тесіліп, көшеде келе жатқанда, шалбарың шешіліп, аузың
ашылмай, тұмауың тоғыз жыл басылмай, баратын саунаңа бара алмай,
екінші қатын ала алмай, ипотекаға жете алмай, бастығыңның алдынан
кете алмай, қыздарға қырындап, жабыса алмай, көңілдесіңмен
төсекте... табыса алмай, кіндігің айналып, арқаңа кетіп, кірпігің өсіп,
тізеңе жетіп, кафелерде ішкенің ірің, жегенің желім, сіміргенің сорпа
емес, смола болсын!
Мұндай кезде мен қарап, əшейін ернімді жалап тұрамын ба? Қарсы
шабуылға шығамын:
—Осыларды айтқан аузы- басың қисайып, басың қонған бақ тайып,
күйеуің— менің қызығымды көре алмай, жүз сексенге келіп, өле
алмай, теледидардан түрік сериалдарын көре алмай, табаның тілініп,
өсекші екенің айдай əлемге білініп, базарларға бара алмай, колготки,
ласина, «полу сəпошкілеріңді» таба алмай, есіңнен шығып, банкілеріңді
жаба алмай, сырғаларың сынып, тізеңе сақал шығып, кірпіктерің
бұйраланып, юбке, балероң
ұйпаланып,
желкең құйқаланып,
«кəшөлөгіңіде» ақшаң аз болсын, бір түнде шашың сыпырылып түсіп,
таз болсын, көшеде келе жатсаң, биік өкшең тайып кетсін, өзің емес,
«пəдіругаң» байып кетсін, боянып шыққаныңда, жаңбыр шайып
кетсін, торт жегеніңде түйіліп қал, абысындарың алтын тақса, күйініп
қал, салатың ашып кетсін, сіңілің бір негрге қашып кетсін, көшеден өте
бергенде, «ауди» емес, сəмөлет басып кетсін!
Əйелім жеңіле қоймайды...
—Қарғыстарың қайтып айналып, өз басыңа көрінсін, арықтан аттай
бергеніңде бұтың айырылып, екіге бөлінсін, еңкейе бергеніңде есек
тепсін, ашыған көже ішіп ішіп, ішің кепсін, қышыма қотыр бол,
бағдаршамды көрмейтін соқыр бол, достарың қашып кетсін, Қытай,
Түркия асып кетсін, аяғың шуаштан сасып кетсін, киллер өкшеңді
көздеп, атып кетсін, шылым түтіні көзіңнен шықсын, бір килə тас
өтіңнен шықсын, бизнесіңді аша алмай, ашсаң, салықтан қаша алмай,
жағыңа жылан жұмыртқалап, қолтығыңа қоян өсіп,
кесіртке кептелсін!
кеңірдегіңе
Мен де қалыспаймын ғой!
—А, солай ма? Кірпігіңді машина мыжып кетсін, асқазаныңның
қышқылы қызып кетсін, тістерің құрттап кетсін, шəйіңді бір тышқан
ұрттап кетсін, моншаға барғаныңда буға күйіп қал, көңілдесің болса,
көлеңкесін ғана сүйіп қал, бетіңде ай сияқты тыртық болсын,
сөмкеңнің түбі жыртық болсын!
—Интернет, фейсбукте басың қалсын, агент, «в контакте», твиттерде
шашың қалсын, «соткаңның» бірлігі өшіп кетсін, сенен қарыз алушы
Ауғанстанға көшіп кетсін, жемегенің қаймақ, өзің маймақ бол!
Ия, несін жасырайық, осылай «қарғысология» ғылымын өркендетіп
жүрген жайымыз бар, ұрыс-керіс болған соң, суып қалған шайымыз
бар... Қарғыстың қайсы бірі оңып тұр дейсіз? Менің тілейтінім: адамдар
бірін-бірі қарғамаса, жыландай арбамаса екен!
ШҰБЫР-Е-Е-ЕП...
«Той дегенде қу бас та домалайды!» дегенді түсінбей-ақ қойдым.
Біздің үйдің бастары домаламайды, ұшады! Тойға баратын болсақ
қуанғанымыздан сол күні... Жо-жоқ, барған соң,
жау тигендей
жапырып кету үшін екі күн бойы тамақ ішпейміз, су ішпейміз, қысқасы,
туыстарымыздың тойларына сүметіліп, сүйретіліп, бір-бірімізді
жетектеп, аш-ішектей шұбатылып, бала шағамызбен барамыз. Балашаға дегенде, бізде бар -жоғы он екі... Əйелім апта сайын... ой кешіріңіз,
жыл аралатып
босана береді... Құдайға шүкір, демографиялық
саясаттың сорпасын сарқып ішіп жатырмыз.
Жə, жарайды, сонымен, əпкемнің ұлы үйленді де, тойханаға нəр
татпай, бала-шағамызбен жетіп бардық. Əпкем болса, туған інісі
болғандықтан ба, бəріміздің бетімізден өтірік сүйіп, былай бұрыла
бере тыржың ете қалып, стол басына шығарып салды. Əйелім екеуміз
ең кішкентайларымызды мойнымызға отырғызып алдық. Алдымызға
олардан екі жас үлкендерімізді жайғастырдық. Құда жақтан келген бе,
танымайтын бір апайдың алдына қызымыз жүгіріп барып отырғанда,
анау байғұс ыржалақтап: «Өй айналайын, алдыма отыра ғой, өзі кісі
жатырқамайды екен...» деді де қойды. Қалған бес баламыз состиып
тұрды да, келесі столға қарай жүгіріп барып, отырыса кетті. Той
басталды... Бір қарасам, біреу құлағымнан шертеді. Сөйтсем, мойнымда
отырған балам екен... «Əмпи—и-ит!» дейді. Кəмпит дегені. Қолына
шоколадтың бес алтауын ұстаттым. Сосын тауықтың борбайын
сұрады. Оны жеп болды да, сүйегін лақтыра салып еді, келесі столда
отырған қонақ есіней бергенде, аузына кіріп кетті... Əйелім де
мойнында отырған жалмауызын тамақтандырып жатып, өзі де
сылпылдатып жатыр екен. Мəссаған, бір қарасам, бала-шағамызбен
аштан өлгендей дастарханда түк қалдырмаппыз, енді болмағанда,
қонақтардың өзін жеп қоярдай екенбіз... Ұят-ай, енді бала-шағаммен
келмеспін!
Бір кезде мойнымдағы балам:
—Əке, ет жим ет жим!—деп қыңқылдады. Төбемді төмпештеп қояды.
Ет алып берсем, қонақ мүжіп отырған кісіні нұсқайды. «Ұят болады. Ол
кісінің де аузы бар ғой!» деп едім, шықшытындағы шиқанын біреу
сорып тұрғандай шыңғырғаны! «Кешіріңіз, аштан өліп қалмассыз, бере
салыңызшы...» дедім əлгі кісіге. Ол болса, ұялғанынан дəу тоқпан
жілікті бізге қарай сырғытты. Балам жілікті басыма қойып алып, ал
мүжісін... Ұялғаным-ай... Енді тойға бала-шағаммен келмеспін! Артыма
бұрылып қарасам, келесі столда отырған балаларым дастарханды
«тазалап», ортаға шыққан құдалардың арасында құрттай болып, билеп
жүр! Жүгіріп барып, қуып шықтым. Санасам, біреуі жоқ! Зəреміз
қалмай, шешесі екеуміз ал іздейік! Сөйтсек, құйтақандай жүгермегіміз
жас жұбайлардың столының астына кіріп кетіп, келіннің аяғын
құшақтап отыр! Ұялғанымыз-ай! Сөз кезегі ағайындарға келді.
Шұбырып шықтық. Мойнымдағы балам түспейді. Қолымдағы
микрофонды жұлып алып: «Ө, шешең...» деді көпшілікке қарап қойып.
Өзімнің үйреткенім... Ой ұялғаным-ай!
Əпкеме əрең тапқан бес мыңымды беріп кеткенмін ғой, ертеңіне
ызбандап тұр: «Бүйтіп тойға келгендерің құрысын! Бес мың беріп,
бала-шағаңмен он мыңның тамағын жеп кеттіңдер!» дейді. Ой,
ұялғаным-ай! Енді бала-шағаммен тойға бармаспын! Барсақ та, бесеуін
тастап кетеміз! Оллахи, біллəхи!
ӨЙ, АРАМ ДЕСЕ!
Бала-шағамызбен біреу атып кеткендей, ойбай айтқан жерден жеті
километр аулақ, төсегімізге томп-томп ете қалып, тырайып
жатқанбыз... Біреу біз
тығып алғандай безілдеп, телефонымыз
шырылдап кеп берсін, көздері бақырайып жатқан əйеліменің жанынан
сусып түсіп, телефон тұтқасын көтердім, сосын жөтелдім. Балаларым
көрпелерінің астынан бастарын қылтитып, жыртаң-жыртаң етісті.
«Ұйықтаңдар!» деп жатты əйелім тəпішкесімен жіберіп ұрып...
Кешіріңіздер, əйелім тəпішкісімен, мен бəтеңкеммен ұйықтаймыз...
Аяғымыз қатып қалмасын деп...
—Əлəу?
—Мен ғой, көршіңіз...
—Біз жатып қалып едік...
—Жатып? Кешкі алтыда?
—Ия... Күнде солай.
—Кешіріңіз...
Осы көршім қызық, дереу ұятсыз нəрсе ойлайды. Балаларын
ұйықтатып қойып... деп ойлады ғой мен білсем! Біз байғұстың неліктен
кешкі алтыдан жата қалатынымызды қайдан білсін? Арам десе... Қазір
кешкі алтының өзі қараңғы... Қараңғы болған соң, сібетті жағасың.
Сібет жаққан соң, телебезер көресің. Отырайық сосын, түнгі он екіге
дейін бүрісіп! Ал, ерте жата қалсақ, сібет үнемделеді, құдай бере салған
алты баламыз ойнап, ары-бері жүгірмейді, жүгірмеген соң,
аяқтарындағы нəскилері жыртылмайды, өкешелері тесілмейді,
«қарным ашты-ы-ы, нанаға май жағып берші-і-і!» деп кішкентайымыз
жыламайды, (нанаға «нан жағып» жеп жүргенімізді, айлығымыздан
төлейтін салықтарымыздың көп екенін байғұс бала қайдан білсін?)
алтыншы сыныпта оқитын ұлым «əке, тиын беріңізші..» деп
сұрамайды, телебезердегі жауызданған жаңалықтардан
жаның
ауырмайды...
Бір кезде телефон тағы шырылдады.
—Əло?
—Мен ғой, көршіңіз... Əлі жатырсыздар ма?
—Немене, жатпағанда, өліп қалды деп ойладың ба?
—Кешіріңіз...
Осы көршім қызық-ей, дереу арам ойлайды! Арам десе... Жетіскеннен
жата кеттік пе екен? Пəтеріміз суық... Қала əкіміне рахмет, жылу
берілсе де, бүкіл подьездегі пəтерлерде жылу атымен жоқ. Ақшасын
төлей алмағанымыз үшін қырқып кеткен... Ойбай, біз жаурамайды
екенбіз ғой... Əйелім екеуміз жатарда терлететін дəрі—аспириннің он
шақтысын ішіп жатамыз! Рахат! Терлеп жатасың! Балаларымыз да
пысынап... Аспирин арзан... Бір кезде телефон тағы да...
—Əлəу?
—Мен ғой көршіңізбін...
—Өй, саған не керек өзі? Сағат кешкі жетіде, беймезгіл уақытта
мазалай бересің? Не сұрайын деп едің?
—Кешіріңіз, ұйықтап қалдыңыздар ма, соны сұрайын деп едім...
—Ия, тəтті өмір жайлы түс көріп жатырмыз!
Жүгіріп барып, суға сүңгігендей, əйелімнің қойнына құлай кеттім!
Осы көрші інім жынды ма деймін? Ойлағаны арамдық! Өй, арам десе...
«ҚАЗАНАМА»
Құрметті, қайырымды оқырмандар! Біздің былтыр дүниеге келген
«Қазанама» жəне «Некролог» атты қазақша- орысша газетімізге екінші
жарты жылдыққа жазылу басталғанын қайғырып, жылап-еңіреп
отырып хабарлаймыз. Өйткені, біздің газет сіздердің қайғыларыңызға
ортақтасатын бірден бір газет... Қысқаша шолу жасайтын болсам,
бірінші бетке «сібежи» өлгендерді суретімен береміз. Неден өлді?
Ауырып өлді ме? Аштан өлді ме? Қысқаша анықтама бере кетеміз.
Екінші бетке жол апатынан қайтыс болғандарды машиналарымен қоса
жариялайтынымыз керемет болды! Жол апатынан қайтыс болғандар
екінші бетке сыймай, 3-ші, 4-ші беттерге дейін шығып кетіп жатады.
Бесінші бетке енді өлейін деп жатқандарды, «Парамен ұсталып, қан
қысымына шыдамай қайтыс болатындар» деген тақырыппен бере
бастадық. Алтыншы бетті əйелдерге арнадық. Емшек ауруымен
ауырып, (рак) бақилық болып жатқан аналарымыз қаншама?
Еліміздің
құрылыстарында жүріп, жоғары қабаттан құлап, мерт
болатындарға да қазанама беріп жатамыз. Айтпақшы, газетіміз екі
тілде шығады. Қазақ тілін білмейтін, тіпті менсінбей өліп кеткендердің
қазанамаларын «Некролог» газетінде жариялап келеміз. Бұл газетте
«Живой улик» деген айдарымыз бар. Қазақшасы «Тірі өлік»... Құдай
қаласа, «Кедейлер қазанамасы» деген журнал шығармақ ойымыз бар.
Елімізде аш-жалаңаш, ауру-сырқаулы отбасылар өте көп... Солар
туралы журналда «ақыры өледі ғой...» деп ойлап, күні бұрын көркем
суретті қазанамалар беріп отырмақпыз. Біздің редакцияда қайтыс
болғандарға құран оқып тұратын басыбайлы молдамыз да бар.
Біздің индекс 000. Алты айға жазылу бағасы— молданың кебісінің
бағасы. Бір жылға жазылу —он молда кебістерінің бағасы. Газетте
қазанама жариялау бағасы-12 банан, бір етік май, бес ине, бір кілə
талқанның бағасын қосқанда... Газетімізге кез келген пошта арқылы
жазыла беріңіздер! Құрметпен: Былтыр банктен несие алып, құтыла
алмай, аштық жариялап жатқан бас редактордың орынбасары...
Бейшара БЕЙБАҚОВ.
МАХАББАТЫ ҚҰРЫСЫН!
Құдай-ай, махаббаты құрысын! Осы уақытқа дейін махаббатты,
орысша «лүбөпті», ағылшынша «əй лəбіюді» қастерлеп, қадірлеп,
басымды иіп, жүрегімнің дүрсілімен, бүйрегімнің бүлкілімен жақсы
көріп келдім ғой! Сөйтсе-е-ем... Махаббаттың да машақаты, масқарасы,
миғұласы, мисызы, міңгірлегі болады екен...
Менің екі қызымның шашын тарап, айнаға қарап, бояу жаққан ернін
тілімен жалап жүргені... бойжеткені екен. Жалғыз ұлымның беті
қызарып, тебіндеген мұрты ұзарып, жүрегін сипалап, ашуы келсе,
қайшымен қағаз қиқалап, көңілі келсе кеңкілдей күліп, кеудесі алқамсалқам, жүрісі талтаң-талтаң болғаны—ержетіп қалғаны екен ғой!
Құдай-ай, бүйткен махаббаты құрысын, бір күні əйелім жылап келді,
«Қызымыз қайда?» деп сұрап келді. Жүрегім тоқтап қала жаздады, кіші
қызым балконға шығып алып, секіргелі жатыр екен. «Тоқта қызым,
папаң келеді, артыңда!» деп шыңғыра əндеткенімше, қызым секіріп
кетті. Оныншы қабатта тұратынбыз, зəрем ұшып, балконнан еңкейсем,
тоғызыншы қабаттағы кір жаятын жіпке ілініп қалыпты. Бəріміз
тоғызыншы қабатқа жүгіріп жеткенімізше, қызымызды жібі құрғыр
көтере алмай, үзіліп кетті де, жетінші қабатта мойнын созып тұрған
еңгезердей еркектің екі иығына аяғы салбырап, отыра қалғаны!
«Қимылдамаңыз!» деп айқайлап, жетінші қабатқа жетіп барсақ, үй иесі,
«Бұл қандай мақұлық?» деп қорқып кетсе керек, басын сілкіп қалыпты.
Қызым бесінші қабаттағы балконның жақтауына ілініп қалған. Ондағы
əйел: «Ұры түсті, ұры, одан əрі құры!» деп қызымды итеріп жіберген...
Қызым байғұс сол құлдилаған күйі ағаш бұтағына ілініп қалды. Бір
қарғаның басына қонып, маңдайын шоқып кеткені болмаса, аман- есен!
«Ойбай, не болды қызым?» деп сұрасақ: «Мəхаббат... Жігітім тастап
кетті...» деп жылайды.Осы күнгі жастарға қайран қаламын! Жігітін
тауып алып желкесіне сары май жағып, тістеп-тістеп алғым келді.
Содан не керек, қорқып қалған байғұс басымыз пəтерімізді бірінші
қабатқа ауыстырдық. Бір күні жалғыз ұлым терезені ашып, секіргелі
тұр! Жүгіріп барып, ұстай алдым.
—Секіріп өлемін!—дейді балам.
—Ойбай, бірінші қабаттан ешкім өлмейді!—деймін мен.
—Ой, əке, есімнен шығып кетіпті ғой...
Сөйтсем, баламды сүйген қызы кенеттен сүймей қалып, басқа
жігітке тұрмысқа шығып кетіпті. Балама: «Кедейдің баласы екенсің,
одан да бай баласына күйеуге шығып, алтын цепочка тағып жүргенім
артық!» депті... Сөйтіп жүргенде, үлкен қызым өз бөлмесін ашпай
қойды. Есікті бұзып кірсек, қолының көк тамырын қол арамен
аралайын деп жатыр!
—Əй не болды?—деп сұрады əйелім.
—Жігітім фейсбуктегі чатта басқа қызбен «күйіп-жанып» отыр!
—Шат-патыңды білмеймін, дереу өле қалады екенсіңдер де!—деп
қатты ашуландым.
—Жігітім тастап кетті-і-і-і...—деп ботадай боздасын қызым. Əне,
қазіргі жастар боркемік! Махаббат «вирустарымен» күресе білмейді!
«Анти вирус Касперский» бола алмайды! Сөйтіп жүргенде, ұлым бір
шелек суға басын батырып алыпты. Ой, тоба... «Махаббат күйігі» екен.
Лапылдап, жанып барады екен. Басқа қыз құрып қалғандай!
Интернеттегі «фейсбугін», «в контактесін» «фото странасын» ашып
қалсаң, небір сұлу қыздар отыр ғой, көздері мөлдіреп... Содан бір күні
əйелім... Ойе-бай, əйеліме не жоқ десеңші! Шашын қайшымен қиқалап,
қырқып отыр! «Əй не боп қалды?» деймін ғой... «Махаббат...» дейді ол.
«Ойбай, кімге ғашық болып қалдың?» «Саған... Əйел қырыққа келгенде
қылық шығарады дейді. Кеше бір түрлі сезіммен, жəудірей қарасам да,
төсекте теріс қарап жатып алдың...» деп солқылдап жылайды.
Мыналарға не көрінген өзі? Өзіміз стол үстінен секіріп кетпей-ақ
жүрміз ғой, көз түсіп жүрген көршінің əйелі кірпігіне ілмесе де... О несі
ей...
ҒО...ҒО...
Бəріміз де жас болдық, жастық шақта «тіліп жүріп, мас болдық». Қазіргі
жастар қазақ тіліне «тас» болды! Олар кездесе қалса... Ия құрбылар:
—Салют!
—Салем!
—Халің кал?
—Жақсы ғо...
—Жəйш жүрң?
—Əшін жүрм.
—Уйде не истеп?
—Откан сол.Өзн?
—Универ барам, универ қайтам.
—Не жанк?
—Тнш.
—Анау жігіт ше?
—Қайс?
—Ұмытып қалдың ба? Не ғо...
—Қайш ғо?
—Ғо... ғо... Ғо ше?
—Е, оғ «демал» дидм.
—Е?
—Басқа бəр «тема» жигт тауп алдым.
—Қумасай...
—Өзінше мені «сындырмақшы...»
—Пок...
—Не пок?
—Пока дим.
—Пока болса, пок...
Екі қыз бір-бірінің бетінен, еріндерінен шөп-шөп сүйісіп алып, екі жаққа
кете барды. Менің көңілімде «цунами»... Айтайын дегенім... Не ғо... не
ше?... Не ғо-ғо...
МҰРЫНДАР...
«Ертең Елбасы президент əкімшілігі қызметкерлерімен кездеседі»
деген хабарды естігелі тамаққа тəбетім тартпай, түнімен тентек
түстер көрумен болдым. Түсімде айдалада, жан-жағымның бəрі сары
құм жалдары, безіп келеді екенмін. Биіктігі бес метрдей, көлденеңінен
көп метр келетін алып адам мені қуып келеді. Адам дегенім болмаса,
басы жоқ, мойын арқылы үшінші қол шығып, «Демократия» деген
жазуы бар көк туды желбіретіп келеді.
—Əй сен кімсің?—деген зор даусы құлағымды жарып, көзімнен жас
ағызды.
—П-Президент əкімшілігінің б-басшысымын...—деймін мен.
—Менен неге қашып келесің?
—Б-білмеймін...
Содан қашып келе жатып, əлгі бір құс сияқты басымды құмға тығып
жібердім де, қолыммен қарнымды қасып тұра қалдым. Демократия
жаныма келіп, табанымнан қытықтады. Қолтығымнан сипалады.
Шыдай алмай, басымды жұлып алдым. Қарасам, Демократия жоқ,
өзімнің əйелім екен.
—Басыңды құмға тыққаның не? Тамақты құмның ішіне қалай апарамын?
Мə, тамақ іш,—дейді. Сөйтіп жатып, оянып кеттім. Таң атқанша,
кірпіктерім құшақтаспады... Ертеңіне есімді жиып, өтірік жымиып
алып, Елбасының алдына жиналдық. «Өткендегі үкіметтің кеңейтілген
мəжілісіндегідей шаңымызды қағатын шығар?» деп біз отырмыз.
Елбасы жымиды. Біз де жымидық. Əсіресе, мемлекеттік
инспекторларым ыржия қалыпты. «Қазір бастайтын шығар?»
Елбасы орнынан тұрып, жұқа ақ қолғап киіп, орынбасарымның
жанына келді. Ол байғұс орнынан тұра беріп еді, мұрнының ұшынан
ұстай алды да:
—Дем алмаңыз,—деп сағатына қарады... Бəріміз мұрындарымызды бір
сипап алып, көзіміздің астымен қарадық. Байғұсқа жаным ашып кетті.
Көздері жыпылықтап, жұтқыншағы жыбырлап, ықылықтап, беті
қызарып кетті. Бір кезде тұншығып бара жатқан соң, аузын аша салды.
Əлі ашып отыр. Кезек тағы бір қызметкеріме келді. Ол орнынан тұра
салып, өзінің мұрнын өзі ұстай қысып еді, президент қолын қағып
жіберіп, өзі ұстады. Жағымпазданып қалайын деді ме, анау əуелі
жымиып, көздері ойнақшып, ернін жымқырып тұр еді, біраз
секундтардан кейін басы қақшаңдап, екі ұрты томпиып, қызарып кетті.
—Шыдаңыз...—деді Елбасы.
—Шыдайды ғой, шыдайды,—деп қалдым мен де. Бірақ ол шыдай
алмады, аузынан «Пу-уфф!» деп жел жіберіп қойды... Тағы бір
қызметкеріме кезек келді. Ол орнынан тұрып:
—Кешіріңіз, менде мұрын жоқ,—деді.
—Мынау не?
—Мұрынның жартысы... Пұшық едім...
—Ештеңе етпейді,—деген Елбасы оның да мұрнынан ұстап еді, қолы
шығып кете берді. Сосын Елбасы оның мұрнына алақанын тақады:
—Дем алмай тұрыңыз...
Анау ішін тартып алып, сазарды да қалды. Елбасымыздың қандай
сынақ жасап жатқанынан мəліметі жоқ ол бір кезде құлап қалды.
Дəрігерлер нашатр спирт иіскетіп барып есін жиғызып алды. Бір кезде
кезек маған да келді-ау... Қанша дегенмен, əкімшілік басшысымын ғой,
мұрнымды қол орамалыммен сүртіп, басымды создым. Елбасы қысып
қалды. Жүрегім бір станцияда тоқтап қалған пойыз сияқты. Жымиып
тұрмын. Уақыт өтіп барады. «Шіркін-ай, деймін ішімнен, адам деген
көздерімен де дем ала берсе ғой!» Сосын қулыққа көштім де,
аузымның бір шетінен жə-ə-əй ғана, жел шығардым. Өтірік тұншыққан
болып, басымды олай бір, бұлай бір бұрамын келіп.
—Шыдайсың ба?—деп сұрады Елбасы.
—Əрине!—-деп сөйлеп қоямын. Сол сөйлеп жатып,
қойғанымды қараңыз! Қайтадан ернімді жымқырамын.
дем
алып
—Жағдайыңыз қалай?—деп сұрады Елбасы.
—Ж-жақсы,-дедім мен. Осыны айтып жатып, тағы да демімді алып,
жаным қалды. Бір кезде Елбасы орнына отырып жатып:
—Міне, өткенде əкімдер мен министрлерге, үкіметке айтқан сынескерпелерімді теле радио мен газеттерге бергізбей, халыққа
жеткізбей, дəл осылай тұншықтырдыңыздар, рахмет сіздерге,
жұмыстарыңызға бара беріңіздер!—дегені... Бар болғаны осы... Өңшең
мұрындар қызарып, беттеріміз бозарып, ұяттан Алматы базарындай
өртеніп, «өліп» шықтық...
СЫЛҚЫЛДАҒАН СҰРАҚ, БЫЛҚЫЛДАҒАН ЖАУАП
Сұрақ: —Қалалық əкімшілікте пəтер кезегінде тұрғаныма 90 жыл
болды. Бірінші топтағы мүгедекпін. Кезегім əлі жылжыған емес. О
дүниеге өзім жылжып бара жатырмын. Əкімге барсам, «жақында
зират жақтан алты сотық жер береміз» дейді... Не істесем екен?
Өлмесгүл Сорлыбаева.
ЖАУАП:— Жер берсе, ала беріңіз, о дүниеге барған соң, жата бермей,
«Біз де сіздердей болғанбыз...» атты кафе саласыз...
Сұрақ:—Бір танысыма мың долар беріп едім, бес жыл болды, қашып
жүр...Ол қашады, мен қуалаймын. Не істесем екен?
Қуғанбай Қашқынбайұлы.
ЖАУАП: —Қуаласпақ ойнағандарың құтты болсын!
Сұрақ— Менің де Алматының бұрынғы əкімі Храпунов секілді жер
біткенді сатып, шетелге қашып кеткім келеді. Қалай қашады?
Ойы АРАМОВ.
ЖАУАП: —Шатына шашақ байлап алып қашады!
Сұрақ:—Битімді сығып, қанын жалап отырмын...Өте кедеймін. Қалай
байып кетсем екен?
Кедейбек Кедейұлы.
ЖАУАП:—Битіңіздің қанынан бояу жасатып сатсаңыз, байып кетесіз...
Сұрақ:— Құрметті «Фейсбуктегі» достар! МАЙ инспекторларына
алдын ала ақша беруге бола ма? Тоқтатпас үшін?
Қорқақбай Дірілбаев.
ЖАУАП:—Болмайды! Олар да «алдын ала» тоқтата береді...
Сұрақ:—Құдай біледі, əйелім
Күдіктенетін сияқтымын...
жүретін
сияқты...
құдай
біледі...
Күдікбай Түңілгенов.
ЖАУАП:— Əйеліңіз жүрмегенде, еңбектеуі керек пе енді? Аяғы болған
соң, жүреді де...
Сүрақ:— Жемейін десем де жеп қоя беремін. Жол құрылысы бастығы
едім, асфальт жедім, үй құрылысы бастығы едім, цемент, тақтай,
кірпіш жедім... Қорқамын... Ұсталып қаламын ба деп. Енді не істейін?
Жегішбай Жемқоров.
ЖАУАП:— Аузыңызды ине- жіппен тігіп тастаңыз...
Сұрақ:—Аудан əкімі болғым келеді. Қалай қол жеткізуге болады?
Креслобай Қызыққанов.
ЖАУАП:—Аудан əкіміне жолығып, амандассаңыз, қолыңыз қолына
оңай жетеді ғой.
Сұрақ:—Алматының базарлары жексенбі сайын өртеніп
жатыр...Өртейтіндер кімдер екен?
Бейшара Халықов.
ЖАУАП:—Əкімшілік штатындағы «рэкеттер» ғой...
СҰрақ:—Біздің үйдегі ит парақор болып кетті. Алдына теңге тастасаң
ғана үреді. Не істесем екен?
Түгі Жоқұлы.
ЖАУАП:—Қарызға үре беретін итке айырбастай сал!
Сұрақ:—Үкімет
дейді.Неге?
бөлген
миллиардтаған
қаржы
игерілмей
жатыр
Біртүрлі Адамұлы.
Жауап:—Жемқорлар жеп үлгере алмай жатыр ғой...
Сіздің сылқылдаған сұрақтарыңыз бар ма? Былқылдап жауап беруге
əзірміз!
АНТ ЕТЕМІН!
Сіз ант бере аласыз ба? «Қант бер!» деп жатқан жоқпын, Гиппократ анты
сияқты кəдімгі ант... Мəселен,жігіттер былай ант береді:
—Қолымды кеудеме қойып тұрып, ант етемін: бұрқыратып темекі
шекпеуге, нашақор болып, білегіме ине екпеуге, қыздарды алдап,
өтірік сүймеуге, саунадан шықпай, тозақ отына күймеуге, «дон жуан»
болмауға, арақ ішіп, ертерек солмауға ант етемін, ант етемін!
Енді қыздардың анты:
—Өлə-ə..жалпылдатып, сағыз шайнамауға, анамның алдында бекерденбекер бұрқылдап қайнамауға, дұшпаныма басымды имеуге, тылтитып,
шалбар кимеуге, тəлпіштеніп күлмеуге, кіндігімді көрсетіп, масқара
болып жүрмеуге, құл болып, шетелде өлмеуге, жігітім тастап кетсе,
оны қайтып көрмеуге, елімнің туын жықпауға, түнгі клубтан емес,
үйімнен шықпауға ант етемін, осы антты бұзсам, Америка асып
кетемін!
Жас келіннің анты:
—Еркек сияқты насыбай атпауға, түске дейін ұйықтап жатпауға, не
болса соны тойламауға, бұрынғы жігіттерімді ойламауға, тортты
жақсы көрем, кескілеп,
«пышақтауға», күйеуімді жақсы көрем,
аймалап, құшақтауға, енемді жақсы көре салам, көршілер тұз, ұн сұраса,
бере салам, өсек айтуға шақырса, келе салам, алдымда мысық жатса,
тебе салам, кірімді күнде жууға, құдай бұйыртса, егіздетіп тууға ант
етемін, антты бұзсам, келесі байға тиіп кетемін!
Күйеу жігіттің анты:
—Мойнымды «левыйға» бұрмауға, əйел «мешок» емес, ішіп келіп
ұрмауға, жаман жерлерге бармауға, қыздарға «қарындас, атыңыз кім?»
деп сөз салмауға, бұрын еркін едім, енді «құл» болуға, өз атымды
ұмытып, ақша дейтін пұл болуға, əйелім «албасты»» десе, ауызымды
ашпауға, қуалап жүріп ұратын болса, төркініме қашпауға, «Жат!» десе
жатуға, «арам қат!» десе қатуға ант етемін!
Қайыршының анты:
—Таза киім кимеуге, өлімге басымды имеуге, «мусордан» оны-мұны
жемеуге, «Барлық елдердің қайыршылары, бірігіңдер!» демеуге,
шашымды тарамауға, сары май жаламауға, халық арқасында байып
кеткендерге күлмеуге, өміріме қапа болып, ит сияқты үрмеуге,
мұнайымды жаламауға, алтыныма қарамауға, уранымның ақшасын
санамауға, жын-шайтанға жоламауға, ел байлығын тонамауға ант
етемін!
Əкімнің анты:
—Бүгіннен бастап, осы орнымнан түспеуге, тойшыл болып, коньяк,
виски ішпеуге, кісі көңілін жараламауға, кадр біткенді қуғындап, руға
бөліп алаламауға, Астанадағы «крышама» бара бермеуге, жер біткенді
өзіме, туысыма ала бермеуге, ұсталып қалсам, финполға: «мə, мə!» деп
пара бермеуге ант етемін!
Ал сіз ше? Сіз қалай ант берер екенсіз?
КЕМПІР «КЕЛІН»
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.