Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 15

Total number of words is 3884
Total number of unique words is 2095
22.6 of words are in the 2000 most common words
34.1 of words are in the 5000 most common words
39.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Бесiншi -СПИД-пен ауырмағаныңыз туралы қорытынды анықтама.
Осыларды өткенде де айтым едiм, дайын ба?
- Есiмнен шығып кетiптi...
- Сiз өзi бiр шаригi кем, ноқалай қыз емессiз бе?
- Ағай, сiз мынадай мiнезiңiзбен елу еркектiң қатарына да қосыла алмайсыз
ғой?! Мiнезiңiздi маймыл жасап, шашыңызды шайтан тарап кеткендей ғой!
- Сiз... сiз менi маймылға, шайтанға теңеп тұрсыз ба? Осы тұрған жерiңiзде
қазықтап қағып жiберейiн бе? Үстiңiзге бiр литр бензин құйып жағып
жiберейiн бе? Шапалақпен шарт еткiзiп, салып жiберейiн бе? Мынаны
көрдiңiз бе?
- Ол не?
- Бұл тапанша. Менi жан-тəнiңiзбен сүймегенiңiз үшiн, махаббат отына
күймегенiңiз үшiн қай жерiңiзден атайын? Неге үндемейсiз? Неге мелшиiп
қалдыңыз?
- Ағай... Махабатқа қарумен қарақшылық жасау - ерлiк емес. Жүрекке
пистолет жүрмейдi. Ой, ағай, шапалақпен тартып жiбергенiңiз не? Ой, ағай
құлағымнан тартпаңыз, ой ағай, иығымнан шымшымаңыз! Мен сiзге тауар
емеспiн ғой!
- Кешiрiңiз қымбаттым! Сiзге жолыққалы берi сынап жатқаным ғой. Сiз
ваннаға салса батпайтын, өзенге лақтырса ақпайтын, пешке салса
жанбайтын, ұрып құлатса, көзiңiзден жас тамбайтын тамаша қыз екенсiз!
Жүрiңiз, мен сiздi бiрiншi əйелiммен таныстырайын... Сосын екiншi, сосын
үшiншi əйелдерiммен таныс боласыз.
Жiгiт ағасы паң-паң, жас қыз аң-таң...
БIРДЕҢЕ ТОЙ...
Шынымды айтсам, шатымды шаң басып шапқылап жүрген жоқпын. Көзiм
аларып, аш жүрмеймiн, балалардың арқасында, құдайға шүкiр, тоқпын.
Тұңғышым - сыбайлас жемқорлармен күресе кететiн, күресе жүрiп, күреп
ақша табатын департаменттiң бастығы. Екiншi ұлым - облыс прокуроры,
үшiншiм - салық комитетiнiң төрағасы. Былтыр - немеремiздiң үйлену
тойын дүрiлдетiп жасадық. Биыл алпыс жасқа толған мерей тойымды
балаларым бал жалатып, елдi ауыздарына қаратып, керемет өткiздi. Былтыр
үйленген немерем келiнмен ажырасып, ажырасу тойын да өткiзiп бердiк.
Ай сайын той жасамасақ “жадный” болып қалатындай қағынып, той
шiркiндi сағынып жүремiз. Көршiмiз жүдə нашар кiсi едi. Жүдə арызқой.
Сол кiсi көктемде көкжөтел болып о дүниеге аттанды да, оған да дүркiретiп
той жасадық. Əкемнiң əкесiнiң əкесiнiң əкесi ХVII ғасырда той жасай
алмаған ғой, сол бабамның сүндетке отыруын еске алып, сырттай той
жасағанымыз да есiмде.
Бұл қазақ той өткiзбесе өртенiп өлiп кете жаздайды емес пе?! Екi ай болды
той көрмегенiмiзге. Атай қоятын ештеңе де қалмады. Сосын кемпiрiме:
— Қатипаш, той қамына кiрiсейiк,-дедiм.
— Қандай той өткiземiз?-деп сұрады ол.
— Əйтеуiр, бiрдеңе той!-дедiм мен.
— Ол не сонда?
— Бiрдеңе той деп аталады.
— Бiрдеңесi несi? Қайдағыны шығарып!
— Балаларға хабарлас! Осы сенбiде бiрдеңе той өткiземiз!
Аумағы ат шаптырым Салтанат сарайын жалдап, мың кiсi шақырып,
“Бiрдеңе тойын” өткiзiп жатырмыз. Төрге “Бiрдеңе тойына хош
келiпсiздер!” деп жазып қойдық. Тойға келгендер: “Мыжеке, бiрдеңеңiз
құтты болсын!” десiп жатыр.
Той басталды. Асаба микрофонды бiр жалап алып:
Өмiрдiң өзi бiр демде,
Өтедi де кетедi.
Тойдың аты - “Бiрдеңе!”
Елден-елге жетедi!-деп өлеңдетiп барып, əнге кезек бердi. Əннiң аты
“Бiрдеңе” екен. Қонақтар əйтеуiр бiрдеңелер жеп, бiрдеңелер iшiп отыр.
Той сөз сөйлеуден басталатынын бiлесiздер. Бiздiң қазақ тап бiр Парламент
мəжiлiсiнде отырғандай, сөзден сүйек, тiлектен тиек шығарғандай
ұзағынан, ұйқысы келгенше, кеңiрдегi кепкенше сөйлейдi емес пе? Сенатор
досымның сөйлеген сықпыты былай болды:
— Мыжбан бауырым, бiрдеңе құтты болсын, бiрдеңең бiрдеңеге ұлассын!
Бiрдеңең бақытты болсын! Бiрдеңелерiң үбiрлi-шүбiрлi болып, бiртүрлi
тойларда кездесе берейiк! Өз басым үйлену тойларын да көрдiм,
мерейтойларын да, сүндет тойларын да көрдiм. Ал, бiртүрлi бiрдеңе тойын
көрiп отырғаным осы. Құдай осындай, əйтеуiр бiрдеңе тойларға жеткiзсiн.
Бiрдеңемiз кем болмасын, бiрдеңеден бiрдеңеге қол жеткiзе берейiк!
Осылай шалқып жүргенiмiз Президенттiң, Үкiметтiң арқасы. Өткенде
Президент елдi жайлаған сыбайлас жемқорларды ауыздықтау жөнiнде
бiрдеңе деп едi. Премьер-министр де бiрдеңе деп жатыр. Сенатор ретiнде
менiң де бiрдеңе дегiм келiп тұр, оппозиция бiрдеңе дей бередi, демократия
жоқ елде бiрдеңелер жоқ, адам құқығы жоқ, саяси оппозиция қуғын көредi,
тəуелсiз басылымдарға қысым жасалады, əдiлеттi сайлау өткiзбейдi,
демократиялық институттар жұмыс iстемейдi деп бiрдеңе айтқысы келедi.
Оппозияция елдiң жағымды жаңалықтарын айтқысы келмейдi...
Асаба Сенатор мырзаға бiрдеңе деп едi:
— Асаба iнiшек, бiрдеңе дедiң бе?-деп пауза жасады досым.
— Тыжбан аға, саясаттың сорпасын iшiп болдық. Ендi тойға байланысты
бiрдеңе десеңiзшi.
— Əй, бала, сен өзiң бiрдеңе екенсiң! Мен не сөйлеймiн, қалай сөйлеймiн,
өзiм бiлемiн. Вот, шикi бала, өзiңнiң басыңда бiрдеңең бар ма өзi? Сенатор
сөйлеп тұр! Сенатор!
Сенатор досым өкпеледi ғой деймiн, микрофонды жерге тастай салды да,
шығар есiкке қарай беттедi. Алдынан жүгiрiп шықтым.
— Тыжеке ашуыңызды басыңыз. Бiрдеңе тойда бiрдеңе деп бола ма?!
Ол бiрдеңе дедi. Естiмей қалып:
— Тыжеке, не дедiңiз?-деп сұрадым.
— Бiрдеңе!-дедi ол қара сүлiктей “Джипiне” отыра берiп. Мен бiрдеңе дей
алмай қалдым. Не боп кеттi өзi...
ƏЙЕЛДІК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫП ТАСТАЙМЫН!
Сауаты - су, бiлiмi - бу, кəсiпкерлiктiң арқасында, танысымның тамырын
дөп басқан Мыжбан екеумiз əскерде бiрге болғалы құдай жапалақты да
жарылқаймын десе, демде ғой, күндердiң күнiнде күндей күркiреп, мiнезi
жаңбырдай сiркiреп, аудан əкiмi болып шыға келгенде, шапалақ ұрғандар аз
болды.
Ендi жаласа, жалп ете қалатындай қоржын тамда қашанғы отыра берейiн,
“однопалчанымнан” участкелiк жер, несие сұрайын деп, бiр күнi аудан
əкiмiне келдiм.
Мыжбан бiр қапшық цемент жұтқандай қақиып отыр екен, иiлмейдi, бiреу
аузына шланга тығып, үрiп тастағандай, столын тiреп тұр. Саусақтары
быртиған, маған “отыра бер” дегендей ишара еттi де, шыр еткен телефон
тұтқасын көтерiп, ə дегеннен ұрыса жөнелдi.
— Не деген адамсыз! Мен сiзге үш күнде бiтiрiңiз деп едiм ғой! Үш күн
босқа кеттi ме? Ауырып қалдым? Одан да өлiп қалмайсыз ба? Жылап
еңiреп баратын едiк қой! Сiзде ар-ұят жоқ екен. Жыламаңыз деймiн,
көңiлiм босап кетедi! Ертең облыс əкiмiне айтамын! Айналайын-ау, аудан
шекарасына “Хош келiңiздер!” деп жазуды цементпен құйып, бiр шелек
əкпен əктей салуға да бiр ай керек пе? Кеше көрдiм, “Келе берiңiздер, кете
берiңiздер!” деп жаздырыпсыз! “Немедленно” бұздырып тастаңыз! Ұят!
Позор! Мен сiздi қызметiңiзден алып тастаймын.
Мыжекең телефон тұтқасын қойып, маған бұрыла берген, тағы да безiлдей
жөнелдi.
— Иə, тыңдап тұрмын? Не деген адамсыз? Мен сiзге үш күнде бiтiрiңiз деп
едiм ғой! Үш күн босқа кеттi ме? Əкемнiң төртiншi əйелi қайтыс болып едi
дейсiз бе? Неге бiрiншiсi емес, төртiншiсi өлген? Сiзде ар-ұят жоқ екен!
Жыламаңыз деймiн, немене бұл ауданға жылауықтар жиналған ба? Қазiр
ғана Қиқымбаевпен сөйлестiм, ол да жылайды. Ертең облыс əкiмiне не
айтамын? Айналайын-ау, Төле би, Қазыбек би ескерткiшiн мектептiң
алаңына дұрыс орнатыпсыздар, ал Əйтеке би қайда? Немене? Тойға кеткен?
Слушай, Əйтеке би тұғырының үстi бос, астына “Əйтекең тойға кетiп едi”
деп алтындата жазып қойыпсыздар. Бұл не деген масқара? Не? Жаһандану
жаңалығы деймiсiз? Жаңалығыңызбен жалп еткiзiп ұрып жығу керек сiздi!
Əй, слушай, сосын Төле би мен Қазыбек би ескерткiштерiне қара көзiлдiрiк
тағып қойғансыз ба? Бабаларымыз жаңа заманға жаңа көзқараспен қарап
тұр деген ойыңызды есекке айтыңыз! Көзiлдiрiктерiн алып тастасын,
мүсiншi Миғұлабаевқа хабарласыңыз! Осы сiздер-ақ шаршатып бiттiңiздер!
Ұят, позор! мен сiздi қызметiңiзден алып тастаймын.
Аудан əкiмi келесi телефонды көтердi.
— Не деген адамсыз? Мен сiзге үш күнде бiтiрiңiз деп едiм ғой. Үш күн
босқа кеттi ме? Немене? Iшiм өтiп жүр? Iшiңiз неғып iрiп түсiп қалмайды?!
(Мыжекең сөйлесiп жатып, бiр парақ қағазға бiрдеңелердi сүйкей жазды да,
маған ысырды. Оқып қарасам: “Сiз əлi отыр екенсiз ғой, кешiрiңiз
танымадым?”-деп
жазыпты.
Мен
параққа:
“Тыжбан
деген
“однопалчаныңызбын”. Сəлеметсiз бе?” деп жазып, өзiне қарай ысырдым).
Əй, слушай, сiзде ар-ұят жоқ екен. Жыламаңыз деймiн. Жылайтын уақытты
тапқан екенсiз. Ертең облыс əкiмiне не айтамын? (Мыжекең əлгi параққа:
“Однопалчанымбысың?” Тыжбанбысың? Жағдай қалай?”-деп жазып
қойды. “Ойылған асфальт жолға сиырлардың тезегiн төгiп, сылап
тастағанды кiмнен көрдiңiз? Немен? Тезекке алебастр араластырдық?
Албасты-ау, менiң алдымдағы əкiм жолды жөндеуге берiлген қаржыны жеп
кетсе, мен ендi несiн жейiн? Сенiң алебастрыңды жеймiн бе? Ұят, позор!
Мен сiздi қызметiңiзден алып тастаймын!
Ол артынша шырылдаған телефон тұтқасын көтергенде, сағатына қараса,
түскi үзiлiс болыпты.Үнемi өзiммен алып жүретiн қоржынымның iшiнен
термосқа құйылған шəйдi пиялайыма құйып, стол үстiне бiр таба нан,
конфет тастап, ендi жүрек жалғайын деп жатқанымда “iскер” əкiм сөйлесiп
жатып, əкiмнiң бiр парақ қағазға “Маған да шəй құйып жiбершi”,-деп
жазылған сəлемiн оқыдым. “Атауыңды iш!”-деп жаза жаздап, екiншi
пиялаға шəй құйып бердiм. Ол шəйдi бiр ұрттап қойып, əлi сөйлесiп отыр.
— Əлеу, слушай, не деген адамсыз?! Мен сiзге үш күннiң iшiнде
шақырыңыз деп едiм ғой! Үш күн босқа кеттi ме? Ауырып қалдым? Ертең
ауыра тұрсаңыз болмас па едi? Жыламаңыз деймiн, жаман ырым бастамай!
Ертең облыс əкiмiне не деп айтамын ендi? Əкiм болып келгенiме бiр ай
өттi, əлi үйiңiзге шақырған жоқсыз! Сiзде ар-ұят жоқ екен! Айналайын-ау,
бiр қой сойып, дастарханды жайнатып, қалтама конверт салу да қиын
болып па? Мен сiздi қызметiңiзден алып тастауға мəжбүр болып отырмын!
Ол телефон тұтқасын қоя берiп, маған бұрылды да: “Сiз əлi отырсыз ба?”
деп сұрады. Əскерде бiрге болған досымның “сiз” деп сызыла қалғаны
бiртүрлi екен. Келген шаруамды айтқым келген, ұмытып қалдым. Осы мен
əкiмге не үшiн келдiм екен? Осы сəтте телефон тағы да безiлдей түстi.
— Бетсiздер!-дедi аудан əкiмi қалшылдап. — Арамтамақтар. Сендер iшiпжегеннен басқа не бiлесiңдер өзi?! (Ендi ол тұтқаны қоя салып, орнынан
тұрып кеттi де, қолын сермей ұрса жөнелдi). — Не деген масқара! Мен
сендерге де үш күн бердiм ғой! Үш күн босқа кеткенi ме? Облыс əкiмiне не
айтамын?!
Позор! Сендерде ар-ұятан кəшек те қалмапты! Бəрiңдi
қызметтерiңнен алып тастаймын. Сөйтiп өз командамды шақырамын!
Мыжекең сол сөйлеген қалпында, кабинетiнен шығып кеттi. Шəй iшiп
оытрмын. Бiр кезде хатшы қыз кiрдi де:
— Сiз əлi отырсыз ба?-деп сұрады, — Əкiм түскi үзiлiске кеттi.
— Бiлемiн.
— Таңертеңнен түске дейiн ол кiсi ешкiммен сөйлескен жоқ.
— Қалай?
— Өзi айтқан: “Бұрын əкiм болып көрген жоқпын, сендерге қалай ұрсуды
да бiлмеймiн, тəжiрибеден өтейiн”,-деп. Бiрiншi орынбасарына тапсырма
берген, ол кiсi телефон соғып отырады, əкiм “ұрысқан” болады. Түсiнген
шығарсыз? Не шаруамен келген едiңiз?
— Жай, əншейiн...-дедiм мен ыдыстарымды қоржыныма салып жатып. —
Ұрыс естиiн деп келген едiм. Кешiңiрiңз, үйiме телефон соғып алсам?!
— Мейлiңiз.
Мен əкiмнiң кабинетiнде əйелiме ұрыса жөнелдiм.
— Əй, қатын! Не деген адамсың?! Мен саған үш күннiң iшiнде бiтiр дедiм
ғой! Үш күн босқа кеттi ме?! Ауырып қалдым? Жер алғаннан кейiн ауырсаң
болмас па едi?! Үйдiң бiр қабырғасы құлап түскенiн бiлесiң. Соны үш
күннiң iшiнде сылап, кiрпiшпен қалап шығуға болады ғой. Позор! Ұятсыз!
Мен сенi əйелдiк қызметтен алып тастаймын!
СЕНАТОР СЕКIРIП ЖҮР
Президент “сiбежий” сенаторларды жиналды алды да: “уыл мəселесiн
зерттеңiздер, ертеңнен бастап аттарыңды ерттерңдер! Қысқасы, ауылға
қарай беттеңдер!”-деп пəрмен бергенi Мыжбанның көзiне көлкiлдеп жас
келдi. Түстiкте алдына буы бұрқырап, бас келдi. Қойдың құйқасын аузына
салып жiберiп, “Ауыл, ауыл, сен қашан да ауылсың!”-деп ыңыранды. Құйқа
жегенi де қызық, ауызы бiр сызық, ұртынды ұры жыбырлап жатқандай ұзақ
шайнап, кофеден бiр ұрттады да, балағын түрiп, бала кезден балық аулап,
бiрге өскен жерлесi, бүгiнде Ауыл шаруашылығы министрi Тыжбанға
телефон шалды.
— Ертең ауылға барып, аунап-қунап қайтайық! Елбасымыздың өзi
“ауылдыңдарыңа барып, жалаңаяқ жүрiп қайтыңдар, осыны бiр-бiрiңе
айтыңдар”,-дедi емес пе?! Сенiң ауылға бармағаныңа қанша жыл?
— Небəрi 30 жыл. Өзiң қашан барып едiң?
— Отыз бiр жыл бұрын.
Ертеңiне сенатор Мыжбан Мəндiрбаев пен Ауылшаруашылығы министрi
Тыжбан Тəпеков “Дiмкəс” облысының “Сырқат” ауданындағы таулы “Қалтқұлт” аулына аттанып кеттi.
Бұлар мiнген “Джип” ауылға жақындағанда бiр қапшық бөлке нан
арқалаған албастыдай бiреу жаяу-жалпылап егiстiктiң шетiнде жүр екен.
— Тоқта!-дедi сенатор шопырына. — iшiмде иттер жүгiрiп бара жатқандай
асқазаным ауырып кеттi.
— Менiң өкпем түсiп қалыпты,-дедi Ауылшаруашылығы министрi. —
Əне, анау жатыр. Ауылымыздың жолы не болып кеткен өзi? Ойқы-шойқы,
мына асфальттың əр жерiн буазы апандай бiреу асап жеп қойғандай!
— Əй,-дедi есекке терiс мiнiп кетiп бара жатқан бiреуге Мыжбан дауыстап.
— Берi кел!
— Ассалаумағалейкум!-дедi ол.
— Привет. Атың кiм?
— Оқалақ.
— Фамилияң?
— Шоқалақ!
— Есекке неге терiс мiнiп келе жатырсың?
— Ауылдың бетiн көргiм келмейдi.
— Неге?
— Ауылым азып-тозып барады. Үкiметтен бөлiнген қаржымұнда жетпейдi.
Бiр қап ұн - 6 мың теңге.
— Мəшинең жоқ па?
— Бар.
— Неге мiнбейсiң?
— Бензиннiң литрi жүзден асып кеттi. Құдай есегiме қуат, жүрегiме шуақ
берсiн.
— Анау кiм?
— Е, анау ма? Ол кеше жынданып кеттi. Есалаң.
— Неге жынданып кеттi?
— шаруа қожалығынан жер алған. Несиенi қымбат алды. Техникасы
сынған - шаруасы тынған.
Сенатор мен министр күнге жылтыраған туфлилерiн шешiп, қыдырып,
балақтарын тезелерiне дейiн түрiп алып, есалаңның қасына келдi.
— Есалаң аға, сəлеметсiз бе?-дедi сенатор.
— Ə, Жындыбектер, жеттiңдер ме? Сен аудан əкiмi - Ноқалаймысың? Əлде
- оның орынбасары Бiршаригi Кемовпiсiң? Жалаңаяқ жарбиып неге
тұрсыңдар?
— Сəлем берейiк дедiк. Мына қапшығыңыздағы не?
— Бөлке нан!
— Оны қайтесiз?
— Егiп жатырмын.
— Ох, цивилизация!-дедi министр. — Бидай егушi едi, нанды да еге ме
екен?
— Бидайды - бiрiншiден сатып аласың,-дедi есалаң есiнеп. — Екiншiден оны тазартатын техника керек, үшiншiден - оны себу керек, төртiншiден оны ору керек, ұрылардан қору керек! Ал, бөлке нанды “прямой” ексең, бiр
бөлкеден 10-15 бөлке нан өндiрiп алуға болады. Кеше елу бөлке нан егiп
едiм, көршi ауылдың қатындары қазып алып кетiптi, тiзелерiне сақал,
беттерiне мақал шыққырлар.
— Атың кiм?
— Жүнбас.
— Кiмнiң баласысың?
— Қылшықбастың.
— Қылшықбастың?...
— Иə!
— Ой, сен менiң əкем Мəндiрбайдың iнiсi Қылшықбастың баласымысың?!
Бауырым екенсiң ғой!
— Өзiң кiмсiң?
— Сенатормын.
— Сен ары тұр,-деймiсiң? Өзiң ары тұр.
— Жоқ. Сенатор деген - лауазым. Атым - Мыжбан. Мəндiрбайдың
Астанадағы баласы. Жеңгең орыс, қызым еврейге тұрмысқа шыққан ше?!
— Е, Мыжбан ағамыз? Сiздi өлiп қалды деп едi ғой.
— Қой, жағың қарыссын. Я - жив! Кiм айтты менi өлдi деп?
— Мəндiрбай атам. Сiздi “тiрi өлiк” деп, терiс бата берген.
— Нешуа, реншiген ғой. Əкең қалай тiрi ме?
— Тiрi.
— Денесi баяғыдай iрi ме?
— Iрi.
— Түрi қандай едi өзi? Ұмытып алыппын. Костюмiнiң жыртығы, шекесiнiң
тыртығы бар болатын. Шешем байғұс өлiп қалған шығар?
— Иə. Сiздi уайымдап жүрiп, аяғы аспаннан келдi.
— Қалай?
— Құдыққа басымен құлап, екi аяғы антенна болып қалған жерiнен тауып
алғанбыз.
— Арты қайырлы болсын,-деген министр Сенаторға, - Көрген жерде көңiл
айт деген бар. Өтiрiк болса да жылап алсаңшы.
— Ертең жылаймын.
— Сен менi танисың ба?-деп сұрады министр.
— Жоқ.
— Тəпектiң баласымын.
— Тəпекең былтыр қйтыс болған.
— Естiмеппiн, аулда жаңалық көп екен-ау,-деп күрсiндi министр.
— Арты қайырлы болсын,-деп сенатор да көңiл айтқансыды. —
Жыламайсың ба?
— Кешке қарай жылауға болмайды. Жаман ырым... Айтпақшы, əкеңнiң
iнiсi Əпек тiрi ме?
— Өлiп қалған.
— Сəпек ше?
— Кеше қайтыс болды.
— Оптом қырылып қалыпты ғой,-деп қайғырды министр.
Екеуi есалаңмен қоштасып, жол шетiне шыға бергенде, жалаңаяқ
сенатордың табанына тiкен кiрiп кеттi. Сенатор секiрiп жүрiп, “Джипке” де
жеттi-ау.
Ауыл ортасына келгенде, өрiстен қайтқан сиырлар жолды бөгедi.
“Джиптен” түскен екеуi жолда талтайып тұр. Бұл əкiм бұларды көрiп:
— Комиссия болсыздар ма?-деп сұрады.
— Жоқ.
— Онда неге талтайып тұрсыңдар?
— Ауымызға ауа кiрсiн деп,-дедi министр.
— Облысқа арыз жазған едiм. Бала туғандарға үкiмет ақша бередi деген
соң, егiз туып едiм. Мына ауылдағы пошта бастығы жəрдемақының
жартысын жеп қойды, ауызына жара шыққыр!
— Е, неге бермейдi?-деп сұрады сенатор.
— “Баланы өз байыңнан тапқан жоқсың!”-дейдi.
— Солай ма едi...?
— Ендi, байқамай, өзiнен, сол пошташының өзiнен туып алдым ғой.
Ауылда жұмыс жоқ болған соң боайым қалада жұмыс iстейтiн едi, кеше
қайтыс болды. Қалғып қарап отырамын ба, қараңқалғыр! Күлге аунап
тусам да, жəрдемақыны беруi керек қой!
— Мына сиырлар, шетiнен неге арық?-деп сұрады
— Қайда жайылады ендi? Жайылымның бəрi жекешеленiп кеткен. Сосын
бiрiнiң жүнiн бiрi жейдi. Əне, менiң “Маруся” сиырымның құйрығы жоқ.
Көршiмiздiң сиырының желiнiн де жеп қойған. Не ауылда таза су жоқ. Құм
аралас су iшiп жүрмiз. Жолымыз əне, былтыр асфальт төсемек болған,
аудан əкiмi қалтасына басып алыпты. “Ауыл жолы - топырақ болуы керек,
ауыл - сонысымен ауыл”,-дейдi көгермегiр.
— Өзiң кiмнiң қатынысың?!-деп сұрады министр.
— Сəпектiң.
— Сiз мына iнiмнiң əйелiмiсiз?!
— Сiз кiмсiз?
— Астанадағы министр Тəпеков Тыжбанмын ғой.
— Ойбуй, ұяттағы-ай, қайнағам екенсiз ғой! Сəлем берейiн,-деген келiншек
иiлiп сəлем бердi.
— Слушай, сен менiң iнiмдi неге түртiп жүрсiң? Мəселеңдi Парламентте
қаратамын,-дедi министр түсiн суытып.
— Iнiңiх алқаш қой,-дедi келiнi орамалын түзеп қойып. — Iшiп алып, үйде
жарық өшiп қалып едi, “счетчикте ток бар ма?” деп тiлiмен жалап көрiптi
ғой. Қабырғаға қақиып жабысты да қалды, қараңқалғыр! Алғашқыда ойнап
отыр ма деген оймен, құйрығына лəмпiшке тигiзiп едiм, жарық етiп жана
кеткенде, жаным қалмады! И-и, шиеттей баламен жесiр қалдым қайнаға-аа-а!
Келiнi жексұрын дауыспен аңырай жылағанда, сенатор селк ете қалды.
— Жыламаңыз!-дедi сенатор. — Қазақ əйелдерi жыламау керек! Минситр
досым ауылға көңiл бөлу жағын қарастыруымыз керек! Ауыл
қайыршыланып кеткен екен ғой!
— Кеттiк,-дедi министр күрсiнiп салып. — Аудан əкiмiн тауып алайық,
жарық бар. Əне, бiр топ ақсақалдар келе жатыр, бiздi қуырып жейдi.
Қаштық, Мыжбан!
Сенатор “Джипке” секеңдеп мiнiп жатыр едi, əлгi əйел жеңiнен ұстай алды.
— Қайнаға аяғыңызға не болған?
— Тiкен кiрiп кеттi.
— Ойбуй! Iрiңдеп кетедi ғой. Үйге жүрсеңiздершi. Инемен шұқып алып
берейiн!
— Рахмет, келiн! Мен бұл тiкендi Астанада жүргенде де алдырмаймын.
Ауылымның тiкенi, ауылымның автографы! Сағынғанда табаныма қарап
отырамын.
— Көтек!-дедi келiншек.
— Бұл қандай фраза?
— “Связка слов” қой,-деп ыржиды келiншек.
— Сау болыңыз!
Секеңдеген сенатор “Джипке” мiндi. Олар аудан бағытына бұрылғанда
ауыл иттерi соңдарынан үре iлестi. Министр терезеден басын қылтитып:
— Ауыл иттерiн сағындым,-дедi. Iшiнен: “Бiз Астананың көкжалдарымыз
ғой”,-деп қойды.
Беу, дүние-ай!
ƏДЕМI ӨЛДIМ
Сiз əдемiлiктi қалай түсiнесiз? Əдемi əйел, əдемi табиғат! Солай ма? Ал
мен керi көрiнiстерден, бiртүрлi оқиғалардың өзiнен əдемiлiктi iздеймiн.
Мəселен, есектiң ақырғаны, ешкiнiң бақырғаны қндай əдемi! Немесе
əйелiмнiң көгерiп, талып қалғаны қандай əдемi! Көгерiп, тiлi салақтап
талып қалады ғой! Қайталанбайтын көрiнiс.
Бiр күнi досымның сандық фотоаппаратын бiр аптаға сұрап алдым. Өмiрдiң
“əдемi” көрiнiстерiн түсiргiм келдi.
Қандай ғажап! Неткен сұлу көрiнiс! Қала көшелерiнiң сəнi, бiздiң
қоғамның мəнi - қаптаған қайыршыларды көрiп, көңiл сүйсiнедi! Шiркiнай, мен де осындай қайыршы болсам деп, ерiксiз армандайсың! Адамдарға
мөлиiп қарағандарының өзi неге тұрады! Алақан жайғаны - табиғаттың
ерекше бiр құбылысындай əсер етедi. Мен қайыршыларды шетiнен суретке
түсiрiп алдым.
Көшеде кеңкiлдеп күлiп, келе жатыр едiм, қара сүлiктей “джип” қиылыстан
өте берген əйелдi мыжып кеттi. Неткен ғажап көрiнiс! Қағып кеткенi өз
алдына, миын шашып жiбердi. Қайталанбас көрiнiстi, “Джиптi” сарт
еткiзiп, суретке түсiрдiм. Ал, “Джип” əлдеқашан қашып кеткен. Сол қашып
кеткенiнiң өзi əдемi! Көңiлiң босап, жылағың келедi.
Бұл өмiр дегенiңiз, тұнып тұрған əдемiлiктерден тұрады екен. Отставкаға
кеткiсi келмейтiн Премьер-министрдiң қабағына қар жауса, мұның өзi
əдемiлiк! Депутаттар əлдеқашан қабылданған заңға толықтырулар мен
түзетулер енгiзуден жалықпаса, мұның өзi əдемiлiк!
О, əдемiлiк! Жұмссыздықтан iшiңiз пысып кетсе, кетiк тiсiңiзбен көптен
берi ет жемегендiктен, тiсiңiз қышып кетсе, күнi кеше үйленген сүйiктiңiз
кəсiпкермен басқа жаққа ұшып кетсе, бiр алқаш алақаныңызға құсып кетсе,
мұның өзi əдемi! Кей-кейде көңiлiңiз шенеунiктердiң əдiлетсiздiгiне нала
болса, көшеде құлап қалып мұрныңыз жара болса, жас кезiңiзде
қыдырыстап Семейде, Астанада, Анкарада, Шымкентте өзiңiзден туған
бала болса, мұның өзi əдемi!
Подъездерде қыз бен жiгiт аймаласып “өлiп” тұрса, пəтер сұрап барғанда
əкiмдер бiрден көнiп тұрса, электр жарығы жырқ-жырқ етiп сөнiп тұрса,
мұның өзi əдемi!
Несiн айтайын, əдемiлiк туралы толғатып тұрғанымда, үйiмнiң алдына
сүлiктей қара “джип” тоқтап, iшiнен екi оқ қағар түстi де, тапаншаларын
таңдайыма тығып:
— Кеше бiз басып кеткен əйел ме, еркек пе?-деп сұрады.
— Өлiктен сұрамаппын.
— Сен неге суретке түсiрiп алдың?
— О, сiздер ме едiңiздер!
— Жоқ, шеф басып кеткен.
— Өте əдемi басып кеттi! Қалай болса солай қағып өте шыққан жоқ.
“Гладко” басып, өте шықты. Байғұс əдемi жан тапсырды ғой деймiн!
Жатысының өзi қандай əдемi! Бүк түсiп жатса қайтер едiңiз?! Ұзынынан
сұлап түстi. Əдемi! Мен өзi осындай əдемi көрiнiстердi түсiрiп аламын!
Хоббиiм едi!
— Фотоаппаратыңды əкел!
— Кешiрiңiз, бере алмаймын!
— Ақымақ!
— Осы сөзiңiздiң өзi неткен əдемi едi! Əдемi айқайлайсыз!
Олар мен сөзге келместен əдемi атып кеттi! Көзiм қарауытып, дүние
дөңгеленiп құлап бара жатырмын. Сылқ етiп, өте əдемi құлап түстiм!
Өлдiм... Əдемiлiк осымен бiттi!
КАРЛ МАРКС КӨКЕМ ҒОЙ...
— Кешiрiңiз, итi семiрген, бизнестi кемiрген крутой көкемiздi iздеп келiп
едiм?
— Өлейiн деп тұрған өрмекшiдей болған өзiң кiмсiң?- деп сұрады Мыжбан.
— Мен бе?... Мен... Битiн сығып, қанын жалаған қайыршымын.
— Күте тұрыңыз,- деген Мыжбан есiгiн есiнетiп жапты да, сəлден кейiн
кiсiнеттiп ашты.
— Мə,- дедi ол күлiп, сосын:
— Өзiмнiң кiтабым,- деп қосып қойды.
— Бұл не?
— “Ықы-ықы“ деген кiтабым. Кешелi берi “Ыштыр-р“ деген мемуар жазыр
жатырмын,- деп мастанды Мыжбан,- мархабат, үйге кiр.
— Мына мен бе?
— Иə, қайыршы да адам ғой.
— Бəсе, мен де адам екенмiн-ау. Рахмет сiзге! Құдай тiлеуiңiздi берсiн!
Бала-шағаңыздан, шыбын-маса, таракандарыңыздың қызығын көрiңiз,- деп
қайыршыны ненi айтып, ненi қойғанын өзi де бiлмей қалды. Мыжбан оның
алдында шұжық пен қойдың пiскен басын қойды.
— Атауыңызды жей берiңiз,- дедi. Сөйттi де, келесi бөлмеге кiрiп, қолына
қалың кiтап алып шықты. Бармағн сорып отырған қайыршыға таң қалып:
—Немене сiз жалмауыз ба едiңiз?- деп сұрады,- Қойдың бас сүйегi қайда?
— Кемiрiп, шайнап жеп қойдым.
— Сiз немене, мына орындықты да шайнап тастағансыз ба?
— Қарным аш...
— Мен сенi неге үйге кiргiздiм? Бiлесiң бе? “Жиырма бiрiншi ғасырдағы
қазақ қайыршылары“ деген ғылыми еңбек жазып, академик болғым келедi.
Сенi зерттеуiм керек. Атың кiм?
— Көшебай.
— Фамилияң?
— Шарамыгаев.
— Көшебай, мына мен “Құлқынның құлы“ корпорациясының президентi
боламын. Менiң бизнесiмде миллиондар бар. Ерiгiп, iшiм пысқанда əн
шығарамын, “Лə,лə, лəлəлай“ деген əнiмдi естiдiң бе? Оның үстiне
ақынмын! Орыс тiлiнде “Ублюдок!“, “Подонок!“, “Шакал!“ деген жыр
кiтаптарым жарық көрдi. Ендi қайыршылар өмiрiн зерттеп жүрмiн,- деп
тоқтады ол.
— Менiң қарным резина сияқты созылып кеткен,- деп мiңгiрледi қайыршы.
— Мына тоңазытқышта бəрi бар. Жей бер, бейшара,- деп мысқылдады
Мыжбан. Iшiнен: “Қайыршы деген осындай болады екен ғой“,- деп ойлады.
Қайыршы тоңазытқыштың iшiн тазалап қойды да:
— “Дыпы“ бар ма?- деп сұрады.
— Ендi менi жемесең жым отыр,- дедi Мыжбан,- мына кiтапты көрдiң бе?
“Қайыршылар қайдан келедi?“ деп аталады. Мен сенi зерттеуiм керек. Сен
қашаннан берi қайыршысың?
— Елiмiз егемендiк алғалы берi. Өзiм инвалидпiн.
— Қай жерiң ауырады?
— Басымның жартысы.
— Қалай?
— Басымның жартысы: “Атасына нəлет бүйткен тiршiлiктiң!“ деп
қайғырады да, қалған бөлiгi: “Шыда, Көшебай, жарқын болашақ
алдымызда. Сен өлген соң басталады“,-дедi көңiлденiп.
— МЕн бұған дейiн кiтаптарыма ойдан-қырдан көшiрiп, сəл өзгертiп
дегендей қоса беретiн едiм, ендi өз бетiммен тiрi қайыршыны жазамын,дедi Мыжбан мамық креслоға шалқая түсiп, қолына виски ұстады, —Iшесiз
бе?
— Бұл не?
— Виски.
— Винодан вискиге көшкен ыңғайсыз екен,- дедi қайыршы сiмiрiп салып,
— кiтабыңызды көруге бола ма? Мəссаған, мына кiтабыңыздың iшкi
бетiнде “Карл Маркс. Толық шығармалар жинағы. Капитал.“ деп жазып
қойыпты ғой?
Мыжбан миығынан күлдi.
— Несiне таңданасың?- дедi ол, —дорбам долларға толы ма? Лениннiң
шығармаларының да шырайын кiргiзiп, мұқабасына өзiнiң аты-жөнiңдi
жаздыра қоясың.
— Сонда... Мына “Капиталдың“ сыртқы мұқабасы ғана аты-жөнiңiзге
қызмет етедi ме?- деп сұрады қайыршы тойып алған соң күшейе түсiп,—
ойбай-ау, Карл Маркстен ұялмайсыз ба?
— Карл МАркс өзiмiздiң көкемiз ғой. Ойыма не келедi, соны жасаймын.
— Сiз Карл Маркске қиянат жасап отырсыз!- деп салды қайыршы.
— Менiң одан қай жерiм кем? Мiне, сақал десең, сақал, қолымда бокал,
үйiмде тоқал...- деп дауласа кеттi Мыжбан. Қайыршы орнынан тұрып,
қолын белiне қойып, адымдай жүрiп:
— Уақыт бəрiне нүкте қояды,- дедi. Сонан соң, мамық креслоға бұл да
шалқая отырып, тiзесiнiң үстiне аяғын қойды. Жыртық шалбарынан сирағы
көрiнiп тұрған едi, жуылмаған шұлығынан жағымсыз иiс мүңкидi.
— Бүгiнде жазғыштардың ұрығы көбейдi,- деп сөзiн жалғастырды ол,
шетiнен ақын, шетiнен сықақшы, шетiнен композитор! Ал менiң балам
мектепке бармайды.
— Өй, неге айқайлайсың?- дедi Мыжбан,— өшiр үнiңдi.
— Өшiр дейтiн, мен свет емеспiн!
— Сен секiре бастадың ғой?- дедi Мыжбан қалшылдап.
— Тойып секiрген қандай болады екен?- деп жатқаным ғой.
Мыжбан əйелiне айқайлады.
— Ойбике!- Менiң пистолетiм қайда?
Келесi бөлмеден Ойбикесi шықты, қабағы iсiп кеткен, ұйқыдан қазiр тұрса
керек, есiнеп алды:
— Немене?- деп сұрады.
— Пистолетiм қайда деймiн?
— Пiсте майдың iшiнде.
— Оған неге салдың?
— Тот басып кетпесiн деп... Алғалы адам атқан жоқпыз. Мынау кiм?
— Ақылды ақымақ!- дедi Мыжбан,— менiң қолым тимейдi, өзiң ата
салшы! —Сосын, күл-қоқысқа сүйреп тастай саламыз.
Қайыршы құлап қала жаздады. Мыжбанның аяғына жығылды:
— Кешiрiңiз, мен байғұс қызып кетiппiн! Сiздiң абыройыңызды сызып
кетiппiн... Қаласаңыз, аяғыңыздың тырнағын алып берейiн, кiр болмаса
өкшеңiздi жалайын.
— Ойбике! Бiр шелек су əкел!- деп əмiр еттi Мыжбан. Əйелi бiр шелек су
əкелдi.
— Iш!- дедi Мыжбан.
— Рахмет, мен түйе сияқтымын, су iшпей жүре беремiн.
Мыжбан қайыршыға бiр шелек суды күштеп iшкiздi де, iшкен-жегенiн
құстырып тастады. Сөйттi де, есiктi ашып аш қалпына келген қайыршыны
бiр тептi. Қайыршы қалпағын алып, тағзым еттi:
— Кешiрiңiз КПСС, қош келдiңiз, Капитал!
ҚОЛЫҢЫЗДАН СҮЙЕЙІНШІ…
Құдай қос қолдап тұрып, ішімнен ыңқ еткізе ұрып, “Құдайын
ұмытпасын!”
деді ғой деймін, əжептеуір ау- данның əжептеуір əкімі едім,қызметім
құдыққа құлағандай, айлығым жас бала
монополияға қарсы дейді ме, сондай
бастығы,қысқасы, облыс əкімінің
бірдеңе сұрағандай,
бір департаменттің
“жастығы” болып шыға келдім. Бір түні түсімде ақ сақалы бұйраланған,
кір-кір шашы ұйпаланған, аяғы талтақ, өзі қалтақ, бойы талпақ, бір шал
бетіме сиырдың кеппеген тезегін жағып, мұрнымның ішіне қос
саусағын тығып тұрып былай деді: “О, о, жексұрыным менің!
Қызметім, карьерам өссін, дұшпандарым өшсін десең, премьер
министрдің, сосын президенттің қолынан сүй! Бірақ олар
жағымпаздарды жақтыра қояр ма екен, ол жағын білмедім!” Ойбайлап
жатып, оянып кеттім. Əйелім: “Шетел сериалдарында күйеулері
əйелдерінің қолдарынан сүйіп жатады, сен де сүйші, мен оң аяғымды
сəл-пəл көтеріп тұрайын!”-дейді. “Аяғыңды аспанға асып қойсаң да
сүймеймін!”— дедім жыным келіп. Содан ал келіп ойланайын. Бір
жазушылар жарамсақтанып, патшаның қолынан сүйіп, енді бірі оны
пайғамбарға теңеп өлең арнап жатыр. Бірақ президент елең етпейді, Не
істесем екен? Астанаға тартып кеттім. Премьер министр құрылыс
нысандарын аралап жүр екен,қуанғанымнан ернімді жалап-жалап
алдым, жалтақтап, жан-жағыма қарап алдым. Аштан өлетін адам
сияқтымын. Премьер тобына жақындай беріп едім, оққағарлары
лақтырып тастады. Орнымнан оңбай тұрып, құрылыстың екінші жағын
айналып өтіп, екінші қабаттағы бір құрылысшының басына тақтаймен
салып қалып, талдырып құлаттым да, кешірім сұрай жүріп, киімдерін
киіп алдым.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.