Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 14

Total number of words is 3938
Total number of unique words is 2180
29.2 of words are in the 2000 most common words
40.6 of words are in the 5000 most common words
46.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
аяғы! Аспанға қарап қалыпты! Жүрегімді жын-шайтан жұлып алып,
шашлық пісіріп жатқандай, жама-ан əсерде болдым. Жүгіріп барып,
аяқты құшақтай жыладым... Сөйтсем, ол аяқ емес, аяққа ұқсайтын таяқ
болып шықты. Қорыққанға қатыны да қос көрінеді деген осы да. Ескі
үй есімізді шығарды, үй аламыз ба деп жүргенімізде, үйіндінің астында
қала жаздаппыз-ау! Уайым саунасына шомылып отыр едім, көршім
көрінді.
—Біздің қатынды көрдің бе?—деп сұрадым салған жерден.
—Астананың туған күнін тойлауға кетті...
—Тойға? Үйдіңі құлағанын көрді ме?
—Жоқ, автобусқа отыра бергенде, қабырға гүрс етіп құлап түсті...
—Бұрылып та қарамады ма?
—Қарады. Қарады да ернін жалады.
—Сосын?
—«Есікті айқара ашық қалдырыппын-ау»...—деп ернін тістеді де
қойды...
Əне, жұрттың бəрі Астана тойын тойлағалы бара жатыр. Кеше
қатыным: «біз де барайықшы!» деп қыңқылдаған. «Тойға аш құрсақ
барғаннан не пайда? Бəріміздің атымыздан өзің бара сал!» деген едім.
Дереу ұялы телефоныммен хабарластым. Жаны жай таппай, жетіп
келді. Келді де, кеңірдегін қасып:
—Өлə, авто мойка сияқты болып қалыпты ғой...—деді.
—Машина жуатынның айқара ашылатын есігі бар, біздікінің есігі де
жоқ!—дедім мен.
—Үйіміздің бір бөлме болғаны қандай жақсы болған!
—Неге?
—Келесі бөлмеге кетіп қалсақ, мына бөлмедегі заттарды ұрлап
кетпейді ме?
—Бас қалада басың, Шымкентте шашың, Қарағандыда қасың қалсын!—
деп қарғадым өзімше,—Астана күні сенсіз тойланбай қалар деп пе
едің?
Ашуым –айғыр... Ақылым албасты болып тұр. «Қаз ашуын тырнадан
алады» дегендей, шенеуніктерді, өзіміздің үкіметті үтіктеп тастадым.
«Жыл сайын Астана тойы! Не деген таусылмайтын той! Жер бетінде
қала күнін тойлайтын тентек бастар біз ғана шығармыз? Мəскеудің
туған күні өткенін естідіңіз бе? Париждің туған күні? Нью-Иорктің
тарихи күні? Берлин? Токио? Ал, қазекеңдер тойға жерік... Тойға
кеткен миллиардтар мен сияқты баспанасыздарға бұйырса ғой
шіркін! Жыл сайынғы тойдан жалығып кеттім!»
Амал «который» деп, көше жақ бетке мата тұтып қойдық. Бір күні
кешке бір «Джиппен» мойнын май басқан, жүрегінен иман қашқан бір
миллиардер келді.
«Машинамды бөлмелеріңізге кіргізіп қоя тұрайыншы. Мына жерге
кіремін де шығамын...» дейді. Ақысына мың теңге беріп кетті. Сол
кеткеннен мол кетіп, таңертең келді. Машинасының астында жатып,
өлейін деп қалдым. Балаларым капотының үстіне, бірі төбесіне
жайғасқаны құрысын, бір қарасам, қара сирақ қатыным жоқ! Сөйтсем,
машинаның астында менімен бірге жатқан еді, глушитіліне жабысып
қалыпты... Мойнын май басқан миллиардер дереу тоқтап, қорыққан
қатынымды қорықпастан түсіріп кетті... Бір күні түнде шошып
ояндым. Қарасам, қара сирақ қатыным жоқ! Есесіне айналамда жетісегіз əйел жатыр... Біреуі бөксесімен итеріп: «Агай, ари жатинизши...»
деп қояды. Қаптаған қатындар! Менікі біреу-ақ еді... Кім көбейтіп
жіберген? Жаным мұрнымның ұшына келіп, секріп түскелі тұр.
Сөйтсем, мына жатқандар Ауғанстаннан, Сириядан, Ирактан келген
босқын əйелдер екен! Полиция машинасына артып əкетті. Бір кезде
қағынып, қатыным келді. Қалалық əкімшілікке жағдайымызды айтып
барған екен. Үй беретін болыпты! Неткен қуаныш! Бірақ жүз жылдан
кейін... Жүз жылдан кейін қоныс тойына келіңіздер, ағайын!
СИЫР ТОЙ...
Мен қызғаншақ емеспін… Құдай ақы, сіздің əйеліңізді, оның əйелін
мүлде қызғанбаймын… Ал, өз əйелімді… Қазір не көп, адамнан той көп
қой… Бір досымның сиыры егіз туып, соған «Мө-мө-ө-ө» атты
тойханада той өткізіп жатқан. Досы болған соң, əйелім көрші қыздың
көйлегін киіп, көрші келіншектің алтын «цепочкасын» уақытша
тағынып, көршінің духиін сеуіп, көршінің туфлиін киіп, көршінің
үйінен көңілді шыққанбыз. Америка зейнеткерлері бір пенсиясына
курорттарға барып жүрсе, біз сияқты жастардың айлығы
шайлығымызға жетпейді…
Қойшы, не керек, тойға сүтке тоймаған қозыдай, томпимай бардық…
Ішіп отырмыз, жеп отырмыз. Досымның «крутой» кəсіпкер
болғанымен, маған пайдасы жоқ… Сыныптас болып жүргеннен
білемін, шандырдай қатты…
–Сыйырларыңызға бақыт тілейміз! Бұзауларының, өгіздерінің
қызығын көрсін! –деген тілек айтып жатқандарда есеп жоқ…
Байқаймын, менің қарсымда отырған бір мұртты жігіт əйеліме тесіліп
қарай береді… Маған қарамайды, əйеліме қарайды. Көзі тиіп, ауырып
қалмаса еді… Орнымнан тұрып, жанына келдім.
–Кешіріңіз, əйеліме қарай бересіз, түкіріп қойыңыз…—дедім. Ол
орнынан тұрып, əйелімнің емес, менің бетіме түкіріп жіберді…
Сөйтсем, оңбаған қызып қалған екен, төбелесе жаздадық… Осы біреудің
бақшасына түсетін еркектерді түсінбеймін? Несі бар десеңші, менің
əйелімде? Бір кезде əлгі еркек орнынан қисалаңдап келді де, əйелімнің
білегінен иіскей бастады… Жыным келді…
–Əй!—дедім мен.
–Не?
–Неге иіскейсің?
–Иіскегенде тұрған не бар?
–Не, əйелімнің үсті сасып тұр ма?
–Жоға… Сіз бақытты адамсыз!
–Ия, бақыттан басым айналады! Біз бай, қайыры жоқ мұнайлы елдің
ұрпағымыз!—деп салдым мен.
–Не?—деді ол.
–Же…
–Нені?
–Алдыңдағы қазы-қартаны!
–Сенің түрің тура Муаммар Каддафи сияқты екен!—деді ол.
–Ол кім еді?
–Ливияның өліп кеткен президентін айтамын да! Қазір бір «удар»
берсем, сен де қатыныңды тастап, қаша жөнелесің…
Мына сөз өңменімнен өтіп кетті… Жыным келіп, қалшылдап,
жұдырығымды түйдім де, дəретханаға барып келдім. Қайтып келсем,
жаңағы оңбаған əйелімнің иығынан иіскелеп тұр! Қызғаныштан
жарылып кете жаздадым… Өзіңіз ойлаңызшы, бөтен еркек көшеде
əйеліңізді тоқтатып алып, иіскей бастаса, қол соғасыз ба? Жетіп келдім.
Əйеліме:
–Неменеге мəз болып отырсың?—дедім.
–Өзі ғой…
–Немене, өзі ғой?
–Иіскеуге рұхсат па деген…
–Не, ол өгіз бе еді?
–Онда тұрған не бар Мыжбан, қойшы, жұрттан ұят болады…
Бір кезде қарасам, жаңағы иіскегіш жігіт ағасына сөз беріліпті.
–Сиыр тойың құтты болсын, досым!—деді ол,–сиырың сүтті болсын!
Сиыр сойса—ет, пісірсе– шашлық, піспесе– котлет, саусаң– сүт, айран,
ашыған айран, іріген сүт, қаймақ…
Сөзі де, өзі де біртүрлі жігіт досымызға «мерседестің» кілтін сыйға
тартты… Əне, байлар сөйтеді… Сиыры туса да той, сиыры өліп қалса
да той… Мен бейшара балама сүндет тойын да жасай алмай жүрмін…
Негізі бұл тойға келмей –ақ қойғанымыз дұрыс болар еді…
Қарызданып бес мың теңге тойана əкеліп тұрмын… Ұят… Жұрт мың
доллардан беріп жатыр… Қой, қашайық… Əйелімді жетелеп, сыртқа
шыққанмын. Такси күтіп тұрмыз… Бірдеңе пыш-пыш етеді… Қарасам,
жаңағы кəсіпкер жігіт! Əйелімді иіскеп тұр!
ҚУАНҒАНЫМЫЗДАН ҚҰЛАП ҚАЛДЫҚ...
«Жер беріп жатыр екен!» деген сөз Астана қаласында желдей есіп
өткелі бүгін екінші күн! Əкімшілікке барсаң болды, жер үлестіріп бере
салады екен! Құжатың жоқ болса да! Фəмілəңді айтасың , болды! Рахат
қой! Жерге жеті рет жығылып, нөпір халықтың арасында сығылып,
менің кезегім əкімшілік ғимаратындағы комиссия алдына ертеңіне
кешке жетті!
–Аты-жөніңіз?—деп сұрады жер бөлу комиссиясының төрағасы.
–Сорлыбай Қазақов…
–Жынысыңыз?
–Еркек.
–Қашаннан бері?
–Туғалы…
–Бала-шағаңыздың саны?
–Санамаппын…
–Как санамаппын?
–Кешіріңіз, қазір… Айнұр, Балнұр, Əсия, Əтия, Хадиша, Ұлбала,
Ұлболар, Ұл болады, Ұлмекен, Ұлшығар, Ұлтуады, Ұлкерек, Ұлұл,
Қашанұл… Он төрт қызым бар екен…
–Сізге он төрт сотық жер беріледі…
Осы сөзді естігенде қуаныштан көзім қарауытып, құлап қалдым…
Құлап бара жатып, түс көрдім. Түсімде, сол он төрт сотық жерге үй
салып жатыр екенмін. «Алты сотық, ойбай-ау, үш сотық берсе де
ырзамын, ырзамын!» деп сандырақтап жатып, есімді жидым.
–Он төрт сотық жеріңіз құтты болсын!—деді əкім қолымды қысып.
–Құдай қаласа, 2098 жылы Астана қаласы маңайынан ойып тұрып жер
аласыз!—деп комиссия төрағасы қолымды қысқанда, ыржаң ете қалып,
тағы да құлап түсіппін. Есімді жиып:
–Биыл қай жыл өзі? –деппін.
–2011 жыл,–деді əкім.
–Ойбай-ау, қазір жасым елуде… 2098 жылы 137 –ге келгенде аламын
ба, не? Осынша жыл жасаймын ба сонда?
–Жасаңыз, сізге рұхсат…
–Тұңғыш қызымның өзі қайтыс болып кетеді екен…
–Жер алып жатқаныңызға қуанбайсыз ба? Бара беріңіз…
Шынында неге қуанбаймын? Жер алдым ғой, жер! Өз жерімде өгей
болып жүр едім, жер алдым! Қанша жыл болды, пəтер жалдап келе
жатқаныма… Бір өзбектің, бір орыстың пəтер жалдап тұрып жатқанын
көрсем, көзім шықсын, жерге, пəтерге қол жеткізе алмай жылап жүрген
өзіміз… «Пəтер де береді екенді» естіп, есікке қайта ұмтылдым. Бір
əйелге пəтер беріп жатыр екен…
–Аты жөніңіз?
–Бейшарагүл Кедейбаева..
–Бала-шағаңыз?
–Көп балалы анамын. Алты балам бар.
–Күйеуіңіз қайда?
–Жер астына кеткен.
–Шахтер ма?
–Жоқ, пəтер кезегіне жете алмай, жер жастанды…
–Марқұм күйеуіңізге де, өзіңізге де екі пəтер береміз.
–Рахмет сіздерге! Ой, неткен қуаныш! Бүгін кешке үйге келіңіздер,
тумай жүрген тауығым бар еді, соны сойып, мəнті істеп берейін!
Бəріңізді қонаққа шақырамын! Құдайым-ау! Жең ұшынан жалғасып,
заңды белден басып, шенеуніктер қос пəтерден алып жатыр еді, енді
мен де… Ө-ө… А-а-а…—деген ана қуаныштан аңырап жылай берді.
–Жыламаңыз,–деді əкім,–сізге Астананың екі жерінен үш бөлмелі пəтер
беріледі… 3011 жылы…
–3011?
–Сіз өлсеңіз балаларыңыздың балалары, оның балаларының
балаларының балаларының балаларының… Не деп кеттім өзі? Сау
болыңыз!—деді комиссия төрағасы. Кезек маған келді.
–Аты жөніңіз?
–Қазақов Сорлыбай…
–Бағана Сорлыбай Қазақов деген біреу келіп кеткен. Соның туысы
емессіз бе?
–Жоқ… Ол Сорлыбай Қазақов. Мен Қазақов Сорлыбаймын…
–Сізге вилла береміз…
–Қуаныштымын…
–3012 жылы аласыз.
Қуанғанымнан əкімнің бетін жалап, төрағаның шашын тарап,
кабинеттен билей шықтым. Нөпір халықтың арасында виллаға қолым
жеттті! Миллиардерлер шетелден халықтың арқасында виллалар
сатып алып жатса, мен 3012 жылы үкіметтен аламын! Əйелім
«вилланың керегі жоқ, өздеріне өткіз» деп қоймайды. Көз тиіп кетеді
екен… Бүгін менің жер алған күнім! Адам едім, енді ұзақ жасайтын
шайтан болғым келеді! Шайтан!!!
ҚАЗІР «СЫНДЫРАМЫН!»
Менің тілім төрт метр белдік сияқты... Сала құлаш.... Кез-келген
қызды, мейлі ол миллионердің шіренген бикеші болсын, мейлі, ол
бананның қабығын жалап, шашын шанышқымен тарап жүрген
кедейдің қызы болсын, «шесть секөндтте» сындырамын! «Сындыру»
деген, біздіңше, жастар тілімен айтқанда көндіру, өзіңе қарату, өзіңнің
артыңнан сүмеңдетіп қою деген сөз.
Досым екеуміз аялдамада айға қарап тұрғанбыз. Аузыңа сала қойып,
шайнамай жұта салатындай сұлу-у-у қыздар келді. Бір шелек су ішсең,
асқазаныңда шомылып жүретін аққулардай екен...
—Мен қазір қыздарды «сындырамын...» —дедім мен.
—Аспанға қарап қалыпты, «сынбайды»,—деді досым.
—Сындырсам ше?
Бір кемпір бізге бұрылды.
—Əй, нені сындырасыңдар? –деп сұрады.
—Апа, ештеңені...
Ол қалтасынан қатып қалған қара құртты шығарды.
—Мына құртты сорып жүргеніме жеті жыл болды, жабылып
сындырып беріңдерші...
Кеңкілдеп күліп тұрған кемпірден əрі кеттік.
—Əдемі қыздар екен,—деді досым ет жейтіндей тамсанып.
—Туфлиінің өзі отыз мың теңге тұрады!
—Алпыс мың теңгелік алтын сырғасын айтсаңшы!
—Кіндіктеріне де алтын сырға тағып қойыпты...
—Мына қыздармен қатар отырып, алты күн аш қалғанның өзі неткен
бақыт!
—Көздері « мерстің» фарларындай...
—Құлақтары «Джип» есіктеріндегі айна сияқты...
Мен жалмауыз сияқты жұтынып қойып, қыздарға қарай
жақындадым. Қазір «сындырамын...» Қолымдағы ұялы телефонымды
жерге түсіріп алған болып, оны алып жатып еңкейіп, бұтымның
арасынан қарадым. Қыздар төңкеріліп қалыпты. Қөзімді қыстым. Олар
«мынау ноқалай ма?» дегендей, бір- біріне қарады. Сол арада досым
қолымнан ұстай алды.
—Олар сынбайды,—деді ол.
—Неге?— деппін.
—Сынып-сынып, майда, майдө-ө шиша болып кеткен қыздар сияқты...
—Қазір сындырамын...
Досымнан сытылып, қыздарға жақындадым.
—Қыздар, мен 89-бын, сендер ше?
Қыздар тұра қашты... Соңынан сүт іздеген бұзаудай болып, қуып
келемін. Бар ойым, «сындырмай» қоймаймын. Ұялы телефон
нөмірлеріне дейін жазып аламын! Аттарын да сұрап, қай универде
оқитындарын да біліп аламын! Осыларды тындырмасам, куəлігімде
жазылған атым өшсін! Жүрген жеріме шөп өспесін, банан өссін...
Жыным жыртылып жерде қалғандай, далақтап келемін. Мен тиіскен
қыздар бір екі «движениеден» кейін оқ тиген қояндардай құлай
кететін... Ұялы телефонымда тоқсан тоғыз қыздың аты-жөндері
жазылған! Оның тоқсан сегізі шекілдеуік шағып жүріп, шет елдіктерге
тұрмысқа шығып кетті... Тоқсан екісі күйеулерінен ажырасып келді...
Жетеуі күйеулерінің қолынан қаза тауып, төртеуі тіріліп кетті...
Екі кештің арасында жүгіріп келе жатып, артыма аңырайып қарасам,
досым «Қара жорғаға» билегендей жүгіріп келеді екен. Тобық
жұтқандай, тоқтай қалдым. Ол мені басып озып кетті... Қайтадан кері
жүгіріп, қасыма тоқтай қалды да:
—Ойбай, бұлар хрустальдар екен! Сынбайды!—деді көздері жерге
түсіп кете жаздап.
—Қымбат «люстралар» болса да сындырып берейін бе?—деймін
намысқа тырысып.
— Шіренбай Қақиғанов деген мəжіліс депутатының тоқалдары екен!
Құримыз!
—Оны кім айтты?
—Əне, оқ қағарлары келеді...
Шынында шыңғырып, төрт жігіт жүгіріп келеді екен. Екеумізде үн
жоқ. Қыздарды көрсем, құтырып шыға келетін көңіл-күйім нəскиіме
түсіп кетті. Бір қарасам, екі қолым салбырап, терісіне ілініп қалыпты...
Мұрынымның сүйегі сынса керек, дем алған сайын жоғары төмен
желбірейді... Сынған тістерім жерде шашылып жатыр... Досымның
аяғы сынса керек, ақсаңдай келіп:
—Құтты болсын...—деді. Өтірік қашқан болып, қулық жасаған қыздар
да бізге тілдерін шығара мазақтап, ақ шағаладай «Джипке» отырып
жатты. Өзімді жек көріп кеттім. Сұлу-у-у қыз болып туылғанымда ғой...
Ресей президенті Путинді «сындырар» едім! Обаманы «сындырар»
едім! Ислам Каримовты «тындырар» едім... Ойе-бай, осы жерден
тоқтайын, жұрт не деп ойлайды...
ПРЕЗИДЕНТ КЕЛЕ ЖАТЫР!
Əкiмдер - тыпырлады да қалды...
Тап бiр сойылатын ешкiлер сияқты. Ешкi сойыларда бақыра бередi емес пе?
Əкiмдер де айқайға басты. Облыс əкiмi Шалатiл Мөлебаев орынбасарларын
жинап алып:
- Президент көшелердi, құрылыстарды аралайды екен, халықтың əлауқатымен танысады екен. Қарапайым халық əкiмнiң үйiнде қонақта
болады екен, - дедi де қос қолымен басын ұстаған күйi: - Өңкей бақуатты,
денелi, семiз əйелдер мен балаларды, жасы елуге келген еркектердi
жинаңдар! Ол көше бойында ет, колбаса, нанға жағылған сары май,
уылдырық, тауық етiн, банан, жемiс-жидек жеп тұрсын! Көздерiнен: “Бiз
бай елмiз, бiз бақыттымыз!” деген сөздер ұғатындай болсын президент!
Құрылысы аяқталып қалған объектiлердi ғана көрсетейiк! Шұрқ тесiк
көшелерге жоламауымыз керек! - дедi.
- Айтқаныңыз орындалады! Қала əкiмiнiң орынбасарлары шетiнен iрi!
Шұрқ тесiк шляпа кигiзiп, қарапайым қала тұрғындарындай киiндiремiз, дедi орынбасары. Əкiмдер əбiгерге түстi. Департаменттегi, əкiмшiлiктегi,
оқу орындарындағы семiздер сексенге жеттi. Бұл аз. Əкiмнiң орынбасары
қиқымды қулыққа басты. Көше аралап, денелi, iрi адамдармен келiсiмге
келiп, шартқа тұрды. Бiр үйдiң əйелi көнер емес.
- Кешiрiңiз, - дедi Əпи Жəпиев, - ертең президент келедi. Орталық көшеде
бiр топ адамдармен бiрге жiлiк мүжiп тұрасыз.
- Маған ет жеуге болмайды.
- Неге?
- Асқазанымда жара бар.
- Осындай мол денеңiзбен қалай ауырып жүрсiз?
- Мен қай бiр жетiскенiмнен семiрiп жүр дейсiз? Мұның бəрi iсiк қой, iсiк.
Құдай қаласа, ертең өлетiн күнiм.
- Қой, олай демеңiз, сiздi медицина құтқарады!
- Облыстық аурухана дəрiгерлерi пара сұрайды. Өзiм аурумын. Күйеуiм
қайтыс болып кеткен. Шиеттей бала-шағам бар. Сол ертең мен мүжитiн
жiлiктi үйге əкеле салыңыздаршы. Балаларымның жүрегi майланып
қалсын, - деген əйел көзiне жас алды. Қала əкiмi Тымпи Əпиге бұрылып:
- Осы əйелден басқасы құрып қалып па? Келесi үйге барайық! - дедi. Олар
келесi үйдiң есiгiн қақты. Өлмелi шал есiк ашты.
- Ақсақал, бiз əкiмшiлiктен едiк. Үйiңiзде семiз адамдар бар ма? - дедi Əпи.
Шал шатынап шыға келдi.
- Қайдағы семiз? Шетiмiзден көтерембiз! Немене, семiздер конкурсын
өткiзейiн деп жатырмысыңдар?- - деп есiктi тарс жауып алды. Масқара
болғанда, халықтың денi тыриған арықтар екен!
“Кезектен тыс үй беремiз, жер беремiз!” - деп оншақты əйел-еркегi аралас
денелiлермен уақытша келiсiм-шартқа тұрған Əпидiң көңiлi көншиiн дедi.
Ертеңiне шырайлы Шымкентке Президент Айсұлтан Аңқылдақов
нөкерлерiмен сау ете түстi. Аэропорттан оны облыс əкiмi , облыстың шөпке
тышарлары қарсы алды. Таңертең облыс əкiмшiлiгiнде мəжiлiс басталды.
- Президент мырза! Шырайлы Шымкентке хош келдiңiз!! Мен осы облысқа
əкiм болып келгелi халық ерте оянатын болды. Мұнда кемпiрлерге дейiн
боянатын болды. Шеттерiнен шекiлдеуiк шағып, əндетiп жүретiн болды.
Халық тойды. Дəретханаларға жиi баратын болып жүр. Есесiне,
шенеунiктер, аш-жалаңаш! Мен оларға сыбайлас жемқорлықты бiр жылға
дейiн тоқтата тұруға шешiм қабылдадым. Қала əкiмi қайыршы болуға
жақын. Үйiнде уылдырықтан басқа бiр түйiн нан жоқ. Бəрiн пəтерiндегi итi
жеп қойған.
Президент мырза! жарлықтарыңыз бен шешiмдерiңiздi орындап жүрмiз.
Тойға бармаймыз. Əкелерiмiз өлсе, кабинетте жылап аламыз. Бiз халық
үшiн бəрiне даярмыз. Жылап-еңiреп жүруге уақыт жоқ!
Тұрғын үй құрылысы Байқоңырдан ұшырылатын зымырандардай өте
жылдам қарқынмен жүргiзiлiп келедi. Бүгiн жоқ есiк-терезелер ертеңiне
дайын болып жатыр. Базардарда баға бiрқалыпты. Семешке - 10 тиын,
бəтеңкенiң бауы - 2, шайналған сағыз - 8 тиын, костюмнiң түймелерi - 4
тиын, сарымайдың бiр жалағаны - 1 тиын, кəртөшкенiң қабығы тегiн,
шошқаның етiн тегiн берсең де қазақтар алмайды. Демек тоқ жүр деген сөз,
- деп төпеп барып тоқтады облыс əкiмi. Жымиды. Бiрақ жымиысының сəнi,
сөзiнiң дəмi жоқ едi.
Айсұлтан Аңқылдақов үнсiз басын изеп тыңдап отырғанымен, iшiнен:
“Мынау маған өтiрiк ақпарат берiп отырған сияқты, - деп түйдi. Мұндай
екiжүздiлер халыққа менiң жарлығымды жеткiзбейтiн шығар?”.
Түс қайта президент отырған автокөлiк бастап, ұзын саны 7-8 автокөлiк
шеруi қаланың орталық көшелерiмен келе жатты. Президент автокөлiк
терезесiнен қолын шығарып, халыққа қол бұлғап келедi. Бұл көшеде
шектен тыс семiргендер жiлiк мүжiп тұр едi. Бiрiнiң қолында банан, бiрiнiң
қолында тауық етi. Шай iшiп, əндеттiп тұрғандар да бар. “Бiз бай елмiз, бiз
мұнайлы елмiз, бiз бақыттымыз!” - деп дауыстайды олар. Шетiнен
бақытты, бақуатты. “Мен халқыма дəн ризамын!” - деп елжiредi iшiнен
Айсұлтан. Кенет көңiлiне күдiк келдi. “Бұл сценариий əкiмдердiң
показухасы емес пе екен?”. Сосын қала шетiне жақындап қалғанда, облыс
əкiмiне бұрылды.
- Келесi көшеге бұрылып көрсек қайтедi?
- “Жоқ!” - деп айтуға облыс əкiмiнiң ауызы қалай жыбырласын.
Елеусiздеу көшенiң ой- шұңқыры көп екен. Шалатiл Мөлебаевтың шатына
дейiн терлеп барады, жүрегi қысылды. Кiмнiң ұйымдастырып қойғанын бiр
Алла бiледi. Мұнда да халық нөпiр болып жиналыпты. Бiрақ шеттерiнен
арық-тырықтар, киiмдерi жұпыны, бəрi саусақтарын сорып тұр. “Халық
аш-жалаңаш! Ат төбелiндей шенеунiктер, алпауыттар ғана тойынып
барады!” - деген лозунгiлер, плакаттар көтерген. Халқына жаны ашыған
Айсұлтан қатты тебiренiп кеттi. Шын мəнiнде ол халқы үшiн туылған
перзент едi. Халқы үшiн шыбын жанын қиюға даяр. Əлдебiр оппозиция
өкiлдерiнiң бидай былжырықтары өтiрiк! “Үкiмет қайда қарап отыр?
Мерещенконың үкiметiн отставкаға жiберуiм керек. Егер халық болмаса,
мен қайдан президент болайын? Шағын жəне орта кəсiпкерлер даярлауға
күш салуым керек! Сонда халықтың жағдайы жақсарады” - деп ойға
шомды президент. Иə, иə, президенттiң халық алдында кiнəсi жоқ едi. Тек
оның төңiрегiндегi тоң мойын топастар ғана өз құлқындары үшiн халықтың
қанын сонадай сорып, шеттерiнен байып жатты. Халық күйзелiсiн өз
көзiмен көрген президент көзiне жас алды. Бұл шынайы жаны ашығандығы
едi. Облыс əкiмi Мөлебаев та жылап отырды. Керек десеңiз қорс ете қалды.
Мұнысы ендi Айсұлтанға жағымпаздық жылауы болатын. Iшiнен: “Шаруам
бiттi, қош бол Шымкент! Қош креслом!” - деп егiлдi. Президент “Қайтпас”
елдi мекенiндегi көшелердiң бiрiнде тоқтап, өзi қалаған жұпыны үйдiң есiк
алдына келдi. Оққағарлар жылдам дарбазаға жетiп, есiк алдында жүрген
Мəндiрбай ақсақалға ескертiп үлгердi. Бiрақ ештеңенiң мəн-жайына
түсiнбеген ақсақал:
- Кемпiр-əй, қуғыншылар келдi, Мыжбан үйленiп қойған ба пəтшағар? - деп
қалды.
- Ақсақал, ел президентi Айсұлтан үйiңiзге келiп тұр! Сiздiң үйден дəм
татпақшы! - дедi ендi жеткен облыс əкiмi.
- Не дейдi? Ойбуу үйде нан жоқ едi, - деген кемпiрi кетiк тiсiн көрсете
ыржиды. Сасып қалғаны көрiнiп тұр.
- Амансыз ба, Ақсақал, - дедi президент. Орта бойлы жүзi шырайлы, жазық
маңдайлы, келбетiнен кiсiлiктiң кескiнi көрiнген, аққұба жүзiнен мейiрiмшуағы шашылып тұрған Айсұлтанға аңырай қараған Мəндiрбай ақсақал:
- О, тəңiрiм, бiздiң үйге патша келдi ме? Өңiм бе, əлде түсiм бе? - деп
қалбалақтай келiп, президенттiң қолын қысты, - ойбуу неғып тұрсыздар,
үйге кiрiңiздер, - деп бəйек болды.
Президент бастаған топ жұпыны үйге кiрдi. Облыс əкiмi өзiнiң
орынбасарына көзiн қысып едi, ол түсiне қойып сыртқа шығып кеттi. Кемп
iр ас үйде дастархан мəзiрiне не қоярын бiлмей, басы қатып тұрған. Бiр
кезде қымыз-қымыран, қазы-қарта, жал-жая көтерген жiгiттер көрiнiп:
- Əже, мына азық-түлiктi өзiмiз дайындағанбыз деңiз де, президенттiң
алдына қойыңыз, - дедi.
- Көптен берi ет жемегелi қашан, шырағым ауыз тиейiншi, - деп едi, əкiмнiң
орынбасары əжейдiң қолын қағып жiбердi:
- Немене, аштан өлiп бара жатырсыз ба, президент кеткен соң атауыңызға
жейсiз ғой! - деп жекiп тастады.
- Жағың қарыссын балам, атау деген адамның өлер алдындағы асы болар!
- Əже, мына қыз тұңғышыңыз, сценариий бойынша қызыңыз болады.
Сiзбен бiрге тамақ тасиды. Бiрдеңенi бүлдiрiп жүрмеңiз. Президенттiң
сұрағына ойланып жауап берiңiз, - деп қосып қойды Əпи Жəпиев.
Кемпiр мен қыз қазы-қарта, жал-жаяны көтерiп, президент отырған
бөлмеге кiрдi. Осы кезде ақсақал:
- Қазы-қарта бiздiң үйге қайдан келген? Əй, кемпiр сен менен неге тығып
жүрсiң? - дедi. Президент күлдi. Сосын:
- Апа, бұл сiздiң қызыңыз болар? - деп сұрады.
- Шырағым, бұйыртса қызым болады.
- Бұйыртқаны қалай?
- Қайдан бiлейiн, əкiмшiлiктенмiн деген бiр балам ойланып сөйлеңiз деп
едi, ұят болды ау! Бұл қызды бiрiншi көруiм, - дедi өмiрiнде өтiрiк айтып
көрмеген əжемiз. Əкiмдер ғой, өтiрiк айтуда алдарына жан салмайтын.
Президент облыс əкiмiне қарады. Əкiм: “Извините я не знал” - деп
мiңгiрледi. Нан ауыз тисек те болады. Мен халық тұрмысын өз көзiммен
көрсем деп едiм, - дедi Президент.
- Бiздiң үйде нан да жоқ, - дедi ақсақал.
- Сонда қалай күн көресiздер?
- Таңертең есiк алдына шығып күн көремiз, күн доп-домалақ.
Президент бұл үйге əкiмшiлiк тарапынан көмек берудi шегелеп тапсырып
жатқанда, Мөлебаев шыбындаған ат секiлдi басын шұлғи бердi, шұлғи
бердi. Əжей кетiк тiсiн көрсетiп ыржиып тұр едi, əкiм де амал жоқ ыржиды.
КЕШЕ КНБ, БҮГIН ПРЕМЬЕР!
Таныс тапқанына таңдайы тақ ете қалған Мыжбанның iшi-бауыры елжiреп,
қолтығының қызуы қырық градусқа жеткендей болды. Ол “дөкей
танысының” қызметтiк куəлiгiне қайта-қайта қарады. “Тыжбан Тəпеков,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi шұғыл қызмет
бастығының орынбасары, подполковник.”
- Шынымен КНБ-де iстейсiз бе?- деп сұрады Мыжбан.
- КНБ-да өтiрiк қызмет iстеуге болмайды, - дедi анаудың бетi былқ,
құлқыны қылқ етпестен, - айттым ғой сiзге, Алматының любой жерiнен,
тiптi, Алатаудың ең ұшар басынан, Медеудiң қасынан, көшелердiң үстiнен,
аспаннан да қалаған жерiңдi əпере аламын. 500 мың гектар жер жете ме?
- 500 мың? Е, жоға, гектарыңыз не, 10 сотық жер əпере алсаңыз...
- Жердiң астынан жер болмайды ə?
- Ондай жер бола ма?
- Болады! Жарайды, 25 мың доллар берсеңiз, бəрiн жайғастырамын. Менiң
қолымнан келмейтiнi жоқ.
- Беремiн, өзiңiзге сенемiн! Баламды жұмысқа...
- Қайда?
- Базарға...
- Оу, базарың не? Мен балаңызды Президенттiң кеңесшiсi етiп жiберейiн
бе?
- Қойыңыз, ұят болады.
- Не бiтiрген?
- Мектептi.
- Сосын?
- МВД-нiң мектебiн.
- Бопты. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрi етiп жiберейiн.
- Ойбай, керегi жоқ.
- Неге?
- Болмайды, бiрден министр болып кетсе, көз тиiп кетедi! Сонда қашан
министр бола қоймақ?
- Құдай қаласа, қазiргi министр 15 жылдан кейiн қыызметiн ауыстырады
дегендей... Соған елу мың доллар...
- Көрiнген таудың алыстығы жоқ. Берсем берейiн, үйдi сатамыз,
жалғызымнан аяйтын ештеңе жоқ! - деген Мыжбан 25 мың долларды санап
бердi, - алдап кетпейсiз ғой? Кредит алған едiк. Бұл соның ақшасы.
- Немене, маған сенбейсiз бе? - деп тұрғанда, Əлекей келiп қалды.
- Сəлеметсiз бе, Премьер мырза, сiздi iздеп жүр едiм, жақсы болды ғой! дедi ол қос қолын ұсынып.
- Қайдағы Премьер-ей?
- Кеше Премьер министрмiн деп едiңiз...
- Есiңiздi есек тепкен бе? Премьер осындай жерде, кафеде сыра iшiп отыра
ма? Берi жүрiңiз, сiзге түсiндiрейiн, - деген Тыжбан Əлкейдi оңашалады.
- Баламды “Болашақ” арқылы шетелге оқуға жiберетiн болды ма? Ауылдан
бүгiн келдiм.
- Премьер-министрмiн деген жоқпын ғой сiзге. Премьер-министрдiң
көмекшiсiнiң көмекшiсiмiн дедiм. Жұрттың көзiнше имиджiмдi түсiрiп.
Болады дедiм ғой, болады.
- Қызымды салық комитетiне жұмысқа орналастырамын деп бес мың
доллар алып едiңiз.
- Сөйлесiп қойдым. 510-шы кабинетке бардыңыз ба?
- Бардым. Бiрақ 510 кабинет емес, туалет екен.
- Енд сол туалеттен кейiнгi 511-шi кабинетке кiрмедiңiз бе? Бастықтың
орынбасарына айтып қойғанмын. Барыңыз, сiздi күтiп отыр.
Əлекей кеткен соң, Мыжбанның көңiлiне күдiк келдi.
- Кешiрiңiз, сiз əлгi долларымды қайтарып берiңiз!
- Е?
- Сiз КНБ емес, Премьер-министр екенсiз ғой.
- Ақымақ екенсiз, КНБ-ден Премьер-министр үлкен ғой! Жағдайым нашар
болған соң, екi жұмыс iстеймiн де. Премьер-министрдiң көмекшiсiнiң
көмекшiсiмiн. Мiне, куəлiгiм: Тыжбан Тəпеков.ҚР ауыл шаруашылығы
министрi... Жоқ, кешiрiңiз, бұл емес екен ғой, мiне, мiне, ҚР қаржы
министрi... Тфу, бұл емес, мiне, мiне, облыс əкiмi... Жоқ, қайда жiбердiм
екен, а? Қай қалтамда едi? Ə-ə, мiне...
- Ақшамды берiңiз, сiз алаяқсыз!
- Алаяқ? КНБ қызметкерiн алаяқ дегенiңiз үшiн түрмеге түсетiнiңiздi
ойлап, жаным ашып тұр! Менiң аяқтарымды ала-құла деп кiм айтты? Мiне,
сирағымды көрiңiз! Жүн-жүн!
- О, кiмдi көрiп тұрмын! Таможня бастығын көрiп тұрмын! - деген бiр кiсi
мұның жанына келiп, құшақтай алды.
- Кешiрiңiз, сiз бiреумен шатастырып тұрсыз? - дедi Тыжбан сыраны
сыздықтата iшiп отырып.
- Өткенде ғана таныстық қой! “Қорғас” бекетiнiң бастығымын дедiңiз.
Қытайдан өтетiн тауарымды салықсыз өткiзуге уəде бердiңiз. Мен сiзге он
мың доллар...
-Тс-с,— деген Тыжбан оның ауызын жаба қойды, - мен ол қызметтен
“түсiп” қалғанмын..
Мен кəзiр Премьер-министрдiң көмекшiсiнiң көмекшiсiмiн. Кешiрiңiздер,
менiң кетуiм керек!
Ол орнынан тұра берген едi, Мыжбан оның қолына жармасты.
- Ақшамды қайтарыңыз!
- Мен сiзден қашан ақша алдым?!
- Бетсiз!
- Мiне бетiм!
- Қатын екенсiз!
- Еркекпiн!
Осы сəтте сыраханаға Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi кiрiп
келдi де, Тыжбанның қолына кiсен салды. Сөйттi де, оны желкелеп, əкетiп
қалды. Тыжбанның қалтасынан бiр куəдiк сусып түсiп қалған едi. Мыжекең
куəлiктi еңкейiп алды да, iшiн ашып көрiп, “бiсмиллə, бiсмиллə!” -дей
бердi. Ал онда “Қазақстан Республикасы ҚҰДАЙЫ. Тыжбан Тəпеков” - деп
жазылған едi...
ЖҮРЕККЕ ПИСТОЛЕТ ЖҮРМЕЙДI
- Сiз не дегенадамсыз? Менiмен кездесуге ылғи кешiгiп келесiз? Сағыз
шайнап, көздерiңiз жайнап келесiз! Рас, мен сiзге ғашықпын, өзiңiзбен
кездесуге асықтым. Ал, сiз менi кiрпiгiңiзге де iлмейсiз ғой! Немене,
аспаннан айғайлап түстiңiз бе?
- Кешiрiңiз, сiз неге маған айғайлап тұрсыз? Сiздей жүйкесi-жүн, көңiлiтүн, жүрегi-мұз, көздерi-құз, ернiнiң дəмi-тұз жiгiттi бiрiншi рет көруiм.
Сiздiң бай баласы екенiңiздi ұмытқан жоқпын. Құдайға шүкiр, бiздiң үйде
де ұн бар, əзiрге тоқпын.
- Екеумiз қыз бен жiгiт секiлдi жүремiз дедiк пе? Дедiк. Бiрге ойнап-күлемiз
дедiк пе, дедiк! Осы уақытқа дейiн белiңнен бiр құшақтатпайтын Сiз кiм
едiңiз сонша? Немене,белiңiз майысып қалатын ба едi?
- Ағай, ашу-Ауғанстан, ақыл-Астана. Сəл сабыр етiңiзшi. Үйленiп жатсақ,
бел сiздiкi ғой.
- Берi тұрыңыз. Бетiмнен сүйiңiз!
- Еңкейсеңiзшi?
- Мен адам баласына еңкейiп көрген емеспiн! Аяғыңның астына кiрпiш
қойып, бетiмен сүйiңiз! Айтпақшы, сiздiң бойыңыз қанша?
- Бiр де 55...
- Кнопка қыз екенсiз ғой. Бiрақ сүйкiмдi екенiңiздi ескерiп жүрмiн. Мен
сiздi аяп кетемiн. Мына көйлегiңiздi киiп жүргенiңiзге неше жыл?
- Шешем он жыл, менiң киiп жүргенiме үш жыл...
- Егер сiз маған тисеңiз, бiр күнде 500, бiр түнде 400 көйлек ауыстыратын
боласыз. Неменеге күлесiз? Босқа ыржалақтамаңыз! Тəлпiш қыздарды
жақтырмаймын. Майыспай, түзу тұрыңыз, тiзеңiзге құрт түскен жоқ
шығар? Ұятсыз! Ақымақ болмасаңыз, мен сияқты миллионердiң баласына
өзiңiз движение жасап, өзiңiз жүгiруiңiз керек едi! Ал, сiз вообще тупая!
Жыламаңыз деймiн! Мен өлгенде, қара жерге көмгенде ғана рұқсат етемiн!
Менiң əйелiм, иə, болашақ əйелiм боркемiк болмау керек. Маған күйеуге
шығуыңыз үшiн керектi құжаттарыңызды дайындаңыз!
- Бiрiншi - жеке куəлiгiңiздiң көшiрмесi.
- Екiншi РНН, СИК көшiрмелерi.
- Үшiншi- диплом көшiрмесi,нотариуспен куəланған болсын.
- Төртiншi - кредитiңiздiң жоқтығы туралы анықтама.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.