Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 09

Total number of words is 3855
Total number of unique words is 1954
30.8 of words are in the 2000 most common words
44.4 of words are in the 5000 most common words
51.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кофе iшушi, “Темiржолжөндеумаш“ Ашық акционерлiк қоғамының
грамотасын алмай кетушi, Қазақстан Республикасы iшкi iстер
министрлiгiне қарайтын учаскелiк инспектордың туған бажасы, ҚР
Кедендiк бақылау агенттiгiндегi қызметтi тек түсiнде көрушi тарихшы
(1965 жылдары тарих пəнiнен бiр апта сабақ берген) Шыңғысханның
қанша əйелi, қанша тiсi, қанша шашы, қанша кiрпiгi болғанын зерттеушi
ғалым, штаттан тыс профессор, əлi ашылмаған ғылымның кандидаты, Қ.Р.
Ақпарат министрлiгiнiң газеттерiн үзбей оқушы, сазгер ендi өлең, поэма
жазатын ақын, мемуар жазбақ жазушы облыс əкiмнiң степендиясына
iлiктеушi молда - қажытану ғылымын дамытушы, жан тапсыра алмай,
қиналғандарды оңай өлтiре салатын емшi, əлi талай мекемелер мен
департаменттердiң болашақ штаттан тыс мүшесi. Құдайдың штаттан тыс
адамы.
Р.S.Мыжбан Мəндiрбаевтың лауазымдары мен атақтары параққа
сыймағандықтан, жалғасы бар...
ГУЛЯ БАР МА?
Мыжбанның да адам баласы екенiн ұмытпайық. Оның да жүрегi бар.
“Дүкi - дүкi“ деп соғады. Сол Мыжекең қолына бiр шоқ гүлiн алып, қыздар
жатақханасының алдына келдi. Жерден майда тас алып, екiншi қабаттағы
терезенi ұрды. Бiр қыз терезеден басын шығарды.
- Кешiрiңiз, Гуляны шақырып жiберiңiзшi, - деп сұрады ол.
- Қандай Гуля? Күйеуге тиiп кеткенi ме, тимегенi ме, тиейiн деп жатқаны
ма?
- Маған көйлегiнiң қысқа жеңi бар, бетiнде бүргедей меңi бар, тырқылдап
күле беретiн Гуля керек.
- Шашы қандай?
- Шөп - шалам сияқты.
- Басы қандай?
- Кубик сияқты.
- Көзi қандай?
- Тупик сияқты.
- Өзi қандай?
- Домаланған доптай,
- Сөзi қандай?
- Бықсып жанған оттай.
- Ерiнi қандай?
- Жалғыз сызық.
- Мiнезi қандай?
- Жүдə, қызық.
- Бетi қандай?
- Туу, қойыңызшы, қарындас, шақырып жiберiңiзшi?
- Аяғы қандай?
- Арбадай.
- Төсi қандай?
- Солып қалған алмадай?
- Мойыны?
- Туу, қарындас...
- Мойыны?
- Қисық.
- Күлкiсi.
- Шиқ - шиқ.
- Бөксесi?
- Былқ - былқ
- Өкшесi?
- Сылқ - сылқ
- Қасы?
- Ой, қарындас шақырып жiберiңiзшi?!
Осы кезде, екiншi бiр жiгiт келiп, жерден тас алды. Əлгi қыз қайта шықты.
- Сiзге кiм керек?
- Гуля.
- Қай Гуля? Өлiп қалғаны, өлмей қалғаны өлейiн деп жатқаны ма?
- Өлейiн деп жатқаны.
- Шашы қандай?
- Бұйра - бұйра
- Желкесi қандай?
- Құйқа - құйқа
- Көзi.
- Лампочка!
- Өзi?
- Ласточка!
- Белi?
- Квадрат
- Сөзi?
- Бəрiне дайын тұрад
- Ерiнi?
- Қарындас мен ерiгiп келiп тұрған жоқпын, - деп өкпеледi екiншi жiгiт, мен оны кеше “сындырған“ едiм, Маевкада бiр мəселенi тындырған едiм,
“менi аласың“ - дейдi. Ал, менiң əйелiм, балам бар.
- Бiздiң жатақханада жетi жүз Гуля бар.
- Ерiнi қандай?
- Ирелең деген жыландай.
- Тiсi қандай?
- Қытайша жазылған ұрандай...
- Кiрпiгi...
- Ой, қарындас, айтыңызшы, шақырыңызшы..
Тыжбан темекiсiн тұтатты. Əлгi қыз жоқ болған ерi, үшiншi бiр жiгiт келiп,
жерден тас алып, терезенi “тық“ еткiздi. Əлгi қыз қайта шықты.
- Сiз кiмсiз?
- Ромео!
-О, Ромео! Кiмге келдiңiз?
- Гуля бар ма?
- Қандай Гуля? Көшеде тəнiн саудалап жүретiн, сəл бiрдеңе айтсақ
шалқалап жатып күлетiн Гуля ма? Əлде, əркiмнен қарыз алып, қашып
жүрген Гуля ма? Əлде, алтыншы рет аборт жасатқан Гуля ма? Əлде əпкесi
депутат Гуля ма? Əлде, əкiмнiң екiншi əйелi болып алған Гуля ма?
- Менiң сүйiктi Гулям!
- Басы қандай?
- Қауындай
- Шашы қандай?
- Жаңа жауған жауындай
- Иегi қандай?
- Ой, қарындас,
жеткiзейiн:
айтыңызшы керек десеңiз,
оған деген сезiмiмдi
О, Джулетта - Гуля! Сенi бiр сəт көрмесем, көзiм касой болады, жүрегiм
шым - шым етiп, “вот такой“ болады. Өзiңдi құшағыма қысып, аққудай
ұшқым келедi, басқаны көрсем, жүрегiм айнып, құсқым келедi...
Осы кезде Мыжбан оның кеудесiнен түртiп қалды.
- Əй, Ромео? Сен қай Гуляға келдiң?
- Сен кiмсiң? Ары тұр,
жiберiңiзшi.
қарындас,
а қарындас
Гуляны шақырып
- Шақырмасам ше?
- Шақырыңызшы, есiктен вахтер апай кiргiзiп жатыр, төмен түссiншi!
Шықпаса, бетiн көрмеймiн.
- Оның бетi жоқ.
- Неге?
- Сол. Бетi күйiп қалған.
- Қалай?
- Түнде вечерден келген соң, сигареттi бұрқыратып жатқан едi. Ұйықтап
кетiп, пожар болыпты, оны көрген подругасы Ажар болыпты.
- Ей, Ромео! - дедi Гуляға келiп тұрсың?
- Ал, сен ше?
Мыжбан да қарап тұрмады, екiншi қабатта сағыз шайнап, көздерi жайнап
тұрған қызға қарады.
- Қарындас, мен бүгiн Гулямен кездеспесем, асылып өлемiн! - дедi ол.
Анау екеуi əлi керiлдесiп тұр.
- Ағай, Гуляңыз қандай көйлек киетiн едi?
- Қысқа
- Шашы қандай едi?
- Нұсқа
- Қабырғалары қанша?
- Санамаппын.
- Башпайлары қанша?
- Қарамаппын.
- Асқазаны ауыратын ба?
- Жоқ,
- Көңiлi қандай?
- Тоқ.
- Бұрын СПИД-пен ауырған ба?
- Ата ма!
- Темекi шегедi ме?
- Жаман сөз жата ма?
- Ине егедi ме?
- Құрып кетсiн.
- Насыбай атады ма?
- Құдай ұрып кетсiн!
- Шынтағы қандай?
- Кiр, қара.
- Ұйқысы қандай?
- Шала.
- Не жейдi?
- Шөп.
- Немене?
- Корейскии салат, малат дегенiм.
- Не iшедi?
- Су
- Сосын
- У?!..
- Неге у iшедi?
- Махаббат уын iшкендегi теңселiп жүредi дегенiм... Қарындас тергей
бердiңiз, мен терлей бердiм, Гуля бар ма, жоқ па, өзi?
Ағай деймiн, шынымды айтайын ба? Менiң де атым Гуля ғой. Бiрақ маған
ешкiм келмейдi. Сосын, iшiм пысып, сiздерге көзiмдi қысып оу жiгiттер
айып етпеңдер, мен... мен қазiр жүгiрiп, шығамын, қашып кетпеңдер! деген қыз жоқ болды. Оның бұл сөзiн естiген анау екеуi зытып кеп бердi.
Мыжбан да ендi екi аяғын ерiк берiп, зыта жөнелгей тұрған едi, Гуля
жүгiрiп шықты.
- Ағай дейiм, ағай тоқтаңызшы! Бiрдеңе айтам.
Мыжбан жүгiре жөнелген бойы:
- Тоқтамаймын! - дедi.
- Ағай деймiн, бiрдеңе айтамын.
- Айтпай-ақ, қойыңыз!
Қыз кiлт тоқтап қалды.
- Ой, сүмелек! - дедi сосын ернiн шығарып, - мың бiр жабысып
қалатындай қашқаны несi? Мен...мен əшейiн бiр штук темекi сұрайын деп
шығып едiм. Пшту!
БҰЛАРДЫ АДАМ ДЕЙДІ...
Ертегі дейсіз бе, жоқ əлде «ақырзаманның» ертеңі дейсіз бе, өзіңіз
біліңіз, иманымыз иістеніп, жемқорларымыз көрінгенді кеміріп,
арықтарымыз семіріп, семіздеріміз жарылып жатқан соң, жаратқан ием,
бəрін керісінше жасай қойды...
Аң біткенге жердегі жыбырлаған жануарлар мен қыбырлаған құрт
құмырысқаларға дейін қазақ тілі бітіп, аудан əкімдіктеріне тышқандар,
облыс əкімдіктеріне түлкілер қонжиған заман болды. Бір күні жолбарыс
өзінің курстас досы пілді ертіп, адам бағына барды. Темір торларда
адамдардың неше түрі бар еді.
—Мынау немене?-деп сұрады піл досынан.
—Адам.
—Қызық екен. Не ішіп отыр?
—Адамдардың ертеден келе жатқан негізгі қорегі—арақ екен. Бұлар ауыл,
қалаларды мекендеп жүріп, арақ ішкен, сыра сылқитқан.
—Ананы қара! Бірдеңе жазып отыр!
—Ол—арызқой адам. Жер бетінен жойылып бара жатқан жалғыз арызқой
адам осы... Жаратқан иеме арыз жазып жатыр дейді...
—Мыналар не істеп жүр?
—Е, досым, бұл адамдар «оңтүстік қазақтары» деген тұқымнан. Көрмейсің
бе, тор ішінде той жасап жатыр...
—Мына бір адам мойнына галстуг тағып алыпты...
—Орыс тұқымынан. Бұдан жүздеген жылдар бұрын Ресей ормандарын,
қалаларын мекендеген дейді. Ресейдің соңғы президенті екен.
—Палау жеп отырған адамды қара!
—Өзбек президенті Ислам Каримов деген адам. Мұсылман болса да,
қазақ тұқымдастарға тыржиып қараумен өткен дейді...
—Темір тордың ішінде жалау, ту көтеріп отырғандар ше?
—Қырғыздар деген көтерілісшіл адамдар...
—Ұят-ай... ұялы-ып барамын...
—Неге?
—Баяғы заманда «Жезөкшелер» деген ұрғашы адамдар тайпасы өмір
сүрген дейді. Олар түнде ғана өмір сүріп, күндіз «өліп» отырған.
Көшелерді, қонақ үйлерді, сауналарды мекендеген. Мына торда ағылшын,
америка, қытай жезөкшелері.
—Ия, біреуі төсін төгіп, сағыз шайнап тұр. Тісін ақситқан адамды қара...
—Е, ол қанішер қылмыскер адам. Баяғыда адамдар біздерді ғана емес,
өздерін де аяусыз өлтіріп отырған... Мына адамды көрдің бе? Бұл
адамдардың соңғы парақоры. Қасында прокурор, сот...
—Анау саусағын сорып отырған ше?
—Е, ол бұрын МАЙ инспекторы болған дейді... қазір торда түнеріп,
саусағын ғана сорып отыр ғой. Сыртқа шықса, сені де сора салады...
Піл «шлангісінің» ұшына ақша қыстырып, оған беріп еді. тордағы МАЙ
инспекторы ақшаны қағып алып, қалтасына сала қойды...
—Мынау кім?—деп сұрады піл. Жолбарыс торға ілінген жазуды оқыды:
«Адамдардан қалған соңғы долы қатын...»
Əйел бұларды қарғап сілеп жатты: «құдай бар болса, құйрықтарың
қырқылып, жапырақтай құлақтарың жыртылып, көздеріңде гранат
жарылып, мұрындарыңның ішінен мұнай ағылып, төрт аяқтарың аспаннан
келсін, жейтін бірдеңе лақтырсаңдаршы!»
Жолбарыстың жүні жығылып, піл оның «қолтығына» тығылып, адам
бағынан кеш шыққан олар жол-жөнекей əңгімелесіп барады:
—Біздің көргендеріміз адам еместер ғой... ал, осылардың кесірінен аңға
айналып кеткен нағыз адамдар тауда «жайылып» жүр...
—Бұрынғы адамдар министрлікте отырған қазіргі маймылдарға ұқсайды
екен...
ЕШТЕҢЕНІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!
Миллиардердің баласы еріккен күні Каспий теңізінде балық аулап
отырған. Қармағының қалытқысы бүлкілдей бастағанда, тартып
қалып еді, құйрығы күнге шағылысып, алтын балық жағада жарқ-жұрқ
етіп жатты. Кəдімгі ертегідегі алтын балықтың өзі! Быттиған
беттерінің арасына мұрыны «жасырынып» қалған байдың баласы,
қолына ұстай беріп еді, алтын балық сөйлеп қоя берді.
—Мырза, мен алтын балықпын ғой...
—Болсаң қайтейін?
—Алтын балықпын деймін...
—Немене, мені алтын көрмеді деп пе едің?
—Үш тілегіңізді айтыңыз, орындайын. Сосын мені жібере салыңыз...
—Менде тілек жоқ...
—«Мемлекеттік тіл» дегендеріңізбен, қазақ тілдеріңіз мүгедек екен.
Шала қазақтарды қазақша сөйлетіп жіберейін бе?
—Зачем?—деп ыңыранды миллиардердің баласы.
—Орыстардың «Лад» деген қозғалысы тілдеріңізге шабуыл жасай
береді екен. Ауыздарына айран құя салайын ба?
—Маған қызық емес...
—Алтын керек пе?
—Итак навалом менде...
—Үш емес, үш жүз тілек айтыңызшы, ауа жетпей бара жатыр...
—Ой, не надо мне тілек...
—Мұнай беремін...
—Мұнай папамда бар...
—Қымба-ат маркалы машина берейін...
—Жер бетіндегі қымбат машина өзімде... Керек емес!
—Айналайын... жіберші мені... Атың кім?
—Талтаңбай...
—Жасың нешеде?
—Жиырма сегізде.
—Менен бір жас кіші екенсің... Інішек, жібере салшы, үстім кеуіп
барады...
—Жібермесем ше?
—Тілектеріңді орындамаймын...
—Орындамай-ақ қой... Менде бəрі жетеді...
—Ит адам екенсіз!—деді алтын балық жыламсырап.
—Немене, немене?
—Жүрегіңіз мрамор екен...
—Кончай, а? Маған ештеңенің керегі жоқ!
—Олай болса, тəңір жарылқасын, мені теңізге лақтырып жіберіңіз...
—Ішім пысып отыр... Карта ойнай аласың ба?
—Ойнайын.
—Қандай түрін? Преферанс, күліс...
—«Қара қатын»...
—Кеттік!
Байдың баласы қалтасынан алтылық ойын картасын шығарды.
Алтын балық алқынып:
—Егер мен жеңіп, сіз «қара қатын» болсаңыз, мені жібересіз бе?
—Көреміз...
Екеуі жағада карта ойнай бастады. Байдың баласы ұтылып, «қара
қатын» атанды. Қуанып кеткен алтын балық:
—Қара қатын, қара қатын! Негр қатын!—деп құйрығымен мұның
бетіне шапалақтады. Сосын мұңайып:
—Мені теңізге жіберіңізші...—деп өтінді.
—Жібермеймін...
—Қатын екенсіз ғой!
—Немене, немене?
—Кейбір екі жүзді əйелдер сияқты екенсіз деймін...
—Кончай, а? Қазір уысымда тұрсың, бір сықсам, ішек-қарның аузыңнан
шығады!
—Сізді депутат етіп жіберейін...
—Ненавижу... маубас депутаттарды...
—Сенатор...
—Керегі жоқ.
—Енді кім болғыңыз келеді?
—Құдай...
—Кешіріңіз, құдай етуге құдыретім жетпейді... Өйткені, Құдайдың өзі
мені жаратты... –деген алтын балық талықсып бара жатты. Сосын
көздерін сығырайтып ашып:
—Інішек, мен өлген соң, денемді теңізге лақтырып жіберші... «Су
баласы суға қарап өседі» дейді біз жақта... –деді де, жыбыр-жыбыр етіп
барып, жүре берді...
—Зачем?—деді байдың баласы, —сен маған өлген соң ғана қымбатсың!
Шынында солай болып шықты, ештеңені керек етпейтін кеңкелесіміз
балықты күнге кептіріп, қақтады да, сыртына лак жағып,
жылтыратып, əйелінің алтын «цепочкасына» тағып қойды... Ит балық
болса, лақтырып жіберер еді, алтын балық қой...
ИТ АДАМДАР КӨП...
Жетеді. Құдайға шүкір жетпесе, бетіме түкір... Баршылық енді...Үш
қабатты, 22 бөлмелі үйім бар. Не ішемін, не жеймін десем, қызметшім
лыпыл қағатын күйім бар... Менде бір ғана нəрсе жоқ. Сөйлейтін тоты
құс! Америкаға барған бір сапарымда тоты құс сатып алдым! Сегіз мың
долларға! Аяқтарында жалт-жұлт еткен алтын сақина... Бір қызығы—
қазақша сөйлейді! Жиырма жылда жылап-еңіреп, шала қазақтарға бір
түйір қазақша үйрете алмай жүргенімізде, мына тотықұс бір айлық
курсты «қызыл дипломмен» бітіріп, «асса...асса... аа-ассалаумағал-лейк-кууум, Мыжеке!»— деп тұр. Қуанғанымнан құйрығынан сипап, басын
түгелдей аузыма салып, сүйіп-сүйіп алдым.
Түркияда бір ай болып, үйге келсем, əйелім көшеге шығып кеткен
екен. Тоты құсым сайрап тұр.
—Ас-са... ас-салау! –деді тоты құсым.
—Өзіңнің жағдайың қалай?—деп сұрадым мен.
—Нешауа, нешауа, нешауа, нешауа...—деді ол.
—Тоты құсым менің, қазақ тілінде таза сайраушы едің ғой?
—Ор-рыс-ша сөйлетін еркек қонды үйге!
—Немене, немене?
—Ор-рысша ар-р-ра-ластырып сөйлетін ер-р-ркек қонып жүрді!
—Оңбаған! Мен жоқта қонып жүрген кім ол?
—Ж-жор-рик деген оңбаған!—деді тотықұсым.
—Ах, ұятсыз! Қатипаш көзіме шөп салған екен ғой! Бəсе, Америкада
жүргенімде көзіме шөп түсіп кетіп еді. Олар не істеді?
—Коффе-е-е ішті.
—Сосын?
—Коффе-е-ішті!—деді тотықұсым.
—Сосын ойбай!
—Коффе-е ішті...
—Қашанғы іше береді? Сосын?
—Коф-фе –ішті...
Тоты құсымның басына салып қалдым. Жыным келді.
—Ұр-р-рмасай, тотықұс екенімді сыйлас- ай...—деп қалды ол.
—Кешір... Сосын не істеді олар?
—Ұяламын-н-н-н...
—Ұялма! Қазір ол келгенде, көзінше айтасың!
—Сүй-й-йісті...
—Сосын?
—Коф-ф-е ішті.
—Кофеде бастары қалсын! Сосын?
—Ли-и-ивия... Каддафи-и-и қашып кетті...—деп сандырақтай бастады
тотықұсым. Америкада тұратын орыс саясаткерінен сатып алған едім,
бұрынғы иесін есіне алып тұр.
—Ливияда жұмысым жоқ! Мен Америкада жүргенде, əйелім не істеді
деймін?
—Хи-иджап киеттін қыз-здар..—деді ол.
—Немене хиджап?
—Хи-иджап ар-ррабтардың ұлтық киімі—-деді ол.
—Сен сандалма, əйелім Жорик екеуі не істеді?
—Коффе ішті...
—Болды ма?
—Қа-ззақ қыз-з-здары хиджа-ап кимесін!—деді тоты құсым.
—Бастарына шелек төңкеріп алса да, жұмысым жоқ, əйелім туралы
сұрап отырмын!
—Коффе-е-е ішті...
—Бəлее-е ішті!
—Маз-зақтамасай...
—Өзің ғой, енді, бір сөзді қайталай бересің, қайталай бересің!
—Кешір-р-рім сұр-р-ра.
—Ойбай, кешір мені тоты құс мырза! Тəңір жарылқасын сені, айта
қойшы, əйелім көңілдесімен жиі кездесті ме?
—Коффе—е ішті...
—Оны айттың ғой...
—Коффе-е- ішті.
—Бəле ішті! Айттың ғой деймін!
—Айттың—ң-ң ғой деймі-і-ін...
—Қой деймін!
—Қой деймін...
—Қайталама менің сөзімді!
—Қатал-лама менің сөз-зімді!
—Ноқаты кем тоты құс болды ғой!
—Өзіңнің ноқатың-ң кем!
—Сен көп сөзді қой. Кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білемісің? Бірнеше
бизнес орталықтары бар атақты Мыжбанмен!
—Компози-итор-р-р-лар бір-бірінен əн ұрлап жүр...—деді ол.
—Маған оның қатысы жоқ. Əйелім Жорикпен кеше де кездесті ғой?
—Коффе-е- ішті...
—Кофең де, өзің де құры! –деп ашуым келді де, тоты құсты тордың
ішінен шығарып, басын жұлып алдым... Т-ө-өу, не істеп қойдым? Тірі
куəгер еді ғой!
Тоты құсымның жұлынған басына қарадым... Байғұстың басы да
сөйлеп жатыр: «и-ит адам екенсің! И-ит адамдар кө-өп...»
«ХРАМОЙ» КИІК...
Бір миллионер ерігіп жатып, көзін жұмып алып, күй шығарды.
Қазақстан композиторлар одағына құстай ұшып жетіп:
—Күй шығардым!—деді.
—Қалай?—деп сұрады белгілі композитор.
—Ыңылдап...
—Домбырамен тартып жіберіңізші...
—Кешіріңіз, мен тек темекі ғана тартатын едім...
—Шырағым, домбыра тарта алмасаң, қалай күй шығарып жүрсің?
—Құрманғазы, Тəттімбеттер сигарет тартпаса да күй шығарған...
—Жарайды, —деді композитор,—қалай орындайсың?
—Ыңылдап...
—Ыңылдаңыз...
«Таланты тас жарған» композитор ыңылдай бастады.
—Кешір інім, күйің не деп аталады?
—«Храмой киік...»
—Неге орысша?
—Орыстар да түсінсін дегенім...
—Інішек, мынауың Құрманғазының «Ақсақ киігі» ғой...
—Как «Ақсақ киігі?» «Менікі «Храмой киік» деп аталады...
—Тура соның көшірмесі.
—Не может быть. Құрманғазы менен ұрлап алған екен де!
—Оу, Құрманғазы қашан туылды, сен қашан туылдың?
—Жоқ, ол менің осы ғасырда туылатынымды сезіп, менің күйімді
ұрлап алған...
—Қалай ұрлайды? Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы туылған. Ал
сен...
—Өліп қалғандар да ұрлай береді...
—Басымды қатырма, інішек.
—Əн де шығардым!
—Орындашы. Ия, ызыңдап...
Кəсіпкер ызың-ызың етіп, əн орындаған болды.
—Əн қалай аталады?—деп сұрады композитор.
—«Алматы каналы жағасында...»
—Жарқыным-ау, мынауың Шəмшінің «Арыс
көшірмесі ғой! Тек қайырмасын сəл өзгертіпсің...
жағасындасының»
—Шəмші менен ұрлап алған...
—Қой, мынауың енді, өтіріктің өтірігі.
—Менің осы əнді шығаратынымды түсінде көріп, менің туылмай
тұрғанымды пайдаланып, əнімді ұрлап алған...
—Сен өзі нота білесің бе?
—Білемін. До- ре- ми- фа- соль- ля- си- до.
—Жоқ, нота жаза аласың ба деймін?
—Жоқ. Құрманғазы да нота білмеген. Дина да. Тəттімбет те. Мен де...
—Сөз мəтіні де оңып тұрған жоқ. «Бойында каналдың, өзіңнен нəр
алдым, сағыз шайнап құрбым сен, жағада тұрдың сен...» Не пəле бұл?
—Əнімнің сөзі.
—Авторы кім?
—Өзім.
—Өзің де, сөзің де құры!—деп айқайлап берді композитор. «Таланты
тасыған» əуесқой композитор есіктен шығып бара жатып күңкілдеді:
—Мен сізді сотқа беремін! Авторлық құқымды талап етемін! Менің
«Өзің де, сөзің де құры» атты əнімнің тақырыбын ұрлап алыпсыз! Сіз
плагиатсыз!
АРЫ ЖАТЫҢЫЗШЫ...
Қалалық мəйітхананың іші тастай қараңғы. Мəйіттердің көптігі
соншалық, еденде де қалай болса, солай жатыр... Бір кезде, башпайына
«белгісіз əйел» деп жазылған мəйіт «мəйіттер тілінде» сөйлей бастады:
—Ары жатыңызшы...
—Сен кімсің?
—Қатипашпын.
—Қашан өлдің?—деп сұрады мұртты мəйіт сыбырлап.
—Бағана.
—Жəйша өлдің бе?
—Адам жəйша өлуші ме еді? Бір «крутойдың» баласы «Джипімен»
мыжып кетті...
—Обал болған екен...
—Маған ба?
—Жоға, сені қаққан жігітті айтамын.
—Е, байдың балалары сотталушы ма еді? Ақшасы көп те...—деген əйел
ыңыранды,—ары жатыңызшы.
—Мен бе?
—Ия, сіз... аяғыңызды менің аяғымның үстіне қойып алыпсыз...
—Енді морг дəрігерлері отын тастағандай осылай лақтыра салса
қайтемін?
—Обшым, олар өлік сыйламайды... Өздері өлмейтіндей...
—Өлген адам аяғын қалай көтереді? Кешірім сұраймын сізден...
—Амал жоқ... Өзіңіз кімсіз?
—Өлікпін.
—Оны білемін. Атыңыз?
—Мыжбан.
—Жақында өлдіңіз бе?—деп сұрады мəйіт келіншек.
—Жоға! Екі ай болды осында жатқаныма...
—Немене? Туыстарыңыз жоқ па?
—Бар ғой. Бірақ оларға «құжаттарыңыз дұрыс емес» деп бермей жүр...
—Сұмдық-ай...
—Мұнда түскен «свежи» мəйіттерді туыстары сойдырмауға тырысып,
тезірек алып кеткісі келеді. Бірақ оңбаған дəрігерлер ақша сұрайды...
Бес мың теңгеден он мың теңгеге дейін.
—Қойшы, өлə-ə...
—Солай, қарындас... тірілер өліктерді де саудалай бастады...
—Ақырын, ағай... Дəрігерлер келе жатқан сияқты...
Артынша есік сықырлай ашылды да, келесі бір мəйітті əйелдің үстіне
тастай салды. Мұрты тебіндеп өсіп келе жатқан бозбалаға ұқсайды...
—Өлə-ə, өкпем қысылып кетті тегі...—деп қалды келіншек.
—Əй, сен кімсің?—деп сұрады мұртты кісі.
—«В масле» өлікпін...
—Сенің түбіңе кім жетті? Жас екенсің!
Бозбала қипақтап қалды...
—Ары жатшы!—деді мəйіт келіншек.
—Апай, қалай жатамын? Өлікпін ғой...—деді бозбала.
—Ия, сені де машина қағып кетті ме?—деп сұрады мұртты.
—Жоқ. Мен мектепте оқимын. Колледждегі балалармен «разборка»
болып, бір оқ басыма тиіп кетіп...
—Сауап болыпты!—деді мəйіт келіншек,—бүгінде мектептердегі
оқушылар қағынған! Мектепте момақан, былай шыға бандиттерсіңдер!
—Өмірді, жарық дүниені бағалай алмайсыңдар!—деп ұрсып берді
мұртты.
—Білім министрлігі қайда қарап отыр?—деп қалды бір шалдың мəйіті.
—Енді бізге бəрібір...—деді бір өлген кемпір.
—Біз де сіздердей болғанбыз, сіздер де біздей боласыздар...—деді
мұртты күрсініп,—беу, дүние, жарық өмір қандай рахат еді!
Ішке бір мəйіт əкелінді. Орта жасар кісі көрінеді. Оны да мəйіт
келіншектің оң жағына тастай салды.
—Ища-ай, мұнда суық қой...—деп қалды «жаңа қонақ».
—Ары жатыңызшы,—деді мəйіт келіншек, —немене пəле, өлгендерді
менің үстіме, жан-жағыма тастай береді...
—Сөйлеп қалған екенсің!—деді бір қартаңдау өлік.
—Енді ше? Қанша дегенмен əйел затынанбыз. Ұялып барамын.
—Тірілер ұялмайды...—деді мұртты. Сосын «жаңа қонаққа» тіл қатты:
—Қайдан келдің?
—Жарық дүниеден...
—Неге келдің?
—Арақ ішіп-ішіп, далада ұйықтап қалыппын. Аяз дегендей...
—Қысқасы, арам қатып қалдың ғой?
—Ия.
—Қазақтың түбіне орыстан келген осы арақ жетеді! Орыстан озып
кеттік!—деді өлік кемпір,—арақ шығарудан да алдымызға жан
салмаймыз...
«Жаңа қонақ» бір кезде жылай бастады... Қозғалайын десе, қозғала
алмайды. Тұрайын десе, тұра алмайды. Нəйеті мойнын да бұра
алмайды.
—Өлген деген осы екен ғой...—деп қамықты ол. Кенет күрсініп салып:
—Басым сынып барады... Жүз грамм болса ғой...—деді.
—Алқаш...—деп жақтырмады өлген кемпір. Бұрышта маньяк мəйіт
қана үнсіз жатыр... Машина қағып кетпесе, əлі қаншама балақайларды...
Құрып кетсінші...
Мəйітханадағы мəйіттер бір кезде үнсіз қалды... Олар жарық дүниені
сағынып жатыр еді...
АЛДАР КӨСЕ АЛДАЙ БЕРЕДІ...
(Үш сериялы телекомедия)
БІРІНШІ СЕРИЯ
1. АЛДАР ЖƏНЕ ƏКІМ
Алдар Көсе ұйықтап жатып, тырқылдап күлді. Сосын қабырға жаққа
аунап түсіп, тағы да тырқылдай күлгені... Түс көріп жатыр. Түсінде
ауылдың атқа мінерлері жарыс өткізіп жатыр екен дейді. Аудан əкімі
мінберде тұр екен дейді. «Жемқорлардың құрметіне «желке тістеу»
жарысын өткіземіз!»— деп шірене сөйлегенде, шалбары шешіле
жаздайды. «Кімнің желкесін тістеуіміз керек?», « Желке тістеген деген
не пəле?», «Əйелімнің желкесін тістесем болады ма?», «Жануарлар
желкесін тістесек рұқсат па?», «Тісім қышып тұр еді, жақсы болды
ғой...»—деген дауыстар жан-жақтан жамырады. «Шуламаңдар! Өз
желкесін өзі тістеген адамға мемлекет бюджетінен бір қап пісте,
жиырма төрт теңге, бір уыс тұз, бір шелек көмір, жүз қой, екі ешкі, бір
есек беріледі. Оған қоса жемқорлар құрметіне шығарылған медальдар
мен ордендерді де марапатталушылардың желке тұсына тағамыз!»—
деген аудан əкімі мінберден түсіп жатты. Шағын алаңқайға ауыл əкімі
мен атқа мінерлер шығып, қарапайым халықты ығыстырып жіберіп, өз
жеклкелерін өздері тістеуге кірісті.
Қайран, қазағым-ай, байлық дегенде, абыройсыз келген атақ дегенде,
алдарыңа жан салмайсыңдар-ау... Əсіресе ауыл əкімінің ауызы қисая
ашылып, басын желке тұсына бұрғысы-ақ келеді, өз құйрығын өзі
тістеп, шыр көбелек айналған ит сияқты айнала берді, айнала берді...
Жиналған жұрттың ішек сілесі қатып күлгені бар, босқа жүрген
иттердің адамдарға қарап, үргені бар, бұл өзі қызық болды. Тірі
пенденің өз желкесін өзі тістей алмайтынын білсе де, аудан əкімі
қызықтап тұрған, кенет өзі де аузын ашып, көздерін жыпылықтата,
басын иығы тұсына бұрды... Болар емес, сосын қолымен желке тұсын
ұстап, «əй-и!» деп жерге шырт түкірді. Бір кезде:
—Мен өз желкемді тістей аламын!—деген дауыс шықты. Жұрт жапатармағай, дауыс шыққан жаққа қарады. Қараса, жұпыны киінген,
басында тақиясы бар, жыртық шапанын жамыла салған жігіт ағасы
келе жатыр екен.
—Əй, сен кімсің?—деп сұрады аудан əкімі.
—Ассалаумағалеййкум, қалың елім, қазағым!—деп Алдар Көсе оң
қолын кеудесіне қойып, басын иді,—мен Алдар Көсе боламын!
—Алдар Көсе?
—Баяғы заманның Алдар Көсесі ме?
—Ой, өзіміздің бүгінгі Алдар Көселеріміз де жыртылып айырылады!
Шенеунік Алдар Көселер жүдə көп!
—Ойбай-ау, бір депутат Алдар Көсені «мөщеннік», алаяқ, балаларымды
бұзады деді емес пе? Бұл сол Алдар ма?
—Алдар алаяқ емес! Ол тек байлар мен алаяқтарды ғана алдайды!
Кедейлердің кегін алып беруші!
Осылай шуласқан жұрт Алдар Көсеге таңырқай, əрі іш тарта қарасты.
Ауыл əкімі Алдардың жанына келіп:
—Фамилияң кім?—деп сұрады.
—Менде фамилия жоқ...
—Мүмкін, сен шпион шығарсың?
—Жоқ, мен сатқын емеспін!—деген Алдар Көсе шапанының ішінен
кішігірім ғана еліміздің көк байрағын суырып алып, төбесіне көтерді.
Участкелік полиция инспекторы жетіп келіп:
—Мүмкін, терроршы шығарсың? Артынып-тартынып, Ауғанстаннан
келдің бе?—деп қолын қайыра бастап еді, нөпір халық инспекторды
жұлқылап, шетке алып кетті.
—Тимеңдер!
—Алдар Көсе халық Алдары!
—Желкесін тістесін де, сый-сияпатын алсын!—деген дауыстар шығып
жатты. Аудан əкімі қолын көтерді:
—Шын мəнінде Алдар Көсемісің?
—Ия. Шайтанды да, сайтанды да алдаған Алдармын.
—Жарайды, өнеріңді көрейік, бізді де алдап, өз желкеңді өзің тістеп
көрші!—деген аудан əкімі мойнындағы қып-қызыл галстугын түзеп
қойды. Алдар Көсе ортаға шығар алдында, шетте тұрған сиқыршы
танысына көзін қысып қойды. Үстіне сиқыршылар киімін киген анау
болса, басын изеді. Сол екен, жұрттың көздері байланды да, Алдар Көсе
ауыл əкімінің жанына келді. Қалтасынан қайшы шығарып:
—Кешіріңіз, бір тал шашыңызды қырқып алсам...—деп сұрады.
—Неге менің шашымды? Мен ауыл əкімімін...—деп міңгірледі ауыл
əкімі.
-Кешіріңіз, лауазымды қызметкерлердің шашы көмегімен ғана
басымды желкеме бұра аламын,—деді Алдар Көсе жымиып.
Ауыл əкімінің көздері «твист» билеп, аудан əкіміне қарады. Аудан
əкімі: «Айтқанына көне ғой...» дегендей, басын изеді. Алдар Көсе оның
желке тұсындағы шашынан қиқалап тұрып, қайшымен бір уысын кесіп
алды. Ауыл əкімі ыржалақтап, желкесін сипалап тұр. Бір кездеАлдар
Көсе ауыл əкімінің шашын өзінің желке тұсына тастап жіберіп еді... О
тоба... Басын 180 градус артына бұрды. Жұрттың көздері алақандай
болып, ішектерін тартысты. Əсіресе, ауыл əкімінің аузы ашылып
қалыпты... Бір «өсекші» шыбын аузына кіріп, ызыңдап, қайта шықты.
Аудан əкімі көздерін жұмып, қайта ашты. Полиция инспекторы
тершіген маңдайын сүртіп жатты. Алдар Көсе болса, ернін жиырма
сантиметрдей созып, желке тұсын шөп еткізе сүйіп, артынша
оңдырмай тістеп алды... Бұл кезде оқшау тұрған көз бояушы танысы
жұрттың соңынан қолдарын ербеңдетіп тұрған еді...
—Ойбай, мойнына шарик қойып алған ба?!
—Немене болып кетті өзі?!
—Басы ғана бұрылып, желкесі қатып қалыпты!
—Беріңдер сыйлығын!
Осындай дауыстар əр жерден шығып жатты. Ауыл əкімі Алдар Көсенің
жанына келіп, құлағына сыбырлай:
—Сен өзі адамсың ба?—деп сұрады.
—Адаммын.
Ауыл əкімі Алдардың бетін шымшып көріп:
—Өзінің беті сияқты...—деді.
—Кешіріңіз, əкім мырза, əлдекімдер сияқты халық алдында қара бет
емеспін. Өзімнің бетім,—деген Алдар Көсе аудан əкіміне бұрылды:
—Əкім мырза, мен уəдемде тұрдым. Сый-сияпаттарыңызды...
—Алдарчик!—деді аудан əкімі жымыңдап,—тірі пенде өз желкесін
өздері тістей алмайтынын біліп, ешқандай сыйлық тағайындаған
жоқпыз!
—Мен тістедім ғой?
—Сен бізді алдап тістеуің керек еді...
—Сендер халықты алдаудан алдарыңа жан салмайды екенсіңдер!—
деген Алдар Көсе халықты қақ жарып, жүре беріп еді, жұрт шулап қоя
берді.
—Еңбегін елеу керек болар!
—Бізді қашанғы алдайсыңдар?
—Түйе болмаса да, түймеңді бер!
Аудан əкімі халық алдында беделін түсіріп алмас үшін:
—Əй!—деп дауыстады. Алдар Көсе бұрылды.
—Менің атым «Əй» емес, Алдар Көсе.
—Кешір, Алдеке, бері кел.
Алдар Көсе аудан əкімінің жанына келді.
—Мə, соткамды берейін саған. Қымбат сотка. Осыған да разы бол!—
деді əкім. Алдар Көсе ұялы телефонды қызыға ұстап тұрып:
—Он мың теңге берсеңізші, бірлік салып алайын да...—деді.
—Мен бере салайыншы,—деген ауыл əкімі жағымпазданып,
қалтасынан он мың теңге суырып берді. Сосын, былай оңаша алып
шығып:
—Тəңір жарылқасын, сиқырлы қайшыңды маған сат, балама берейін,
асаба еді, тойларда желкесін тістеп, ақша тапсын...—деп жалынғанда,
жылап жібере жаздады.
—Жарайды, жесір қатын сияқты жылай, не болса соны сұрай береді
екенсің. Не бересің?
—Анау тұрған су жаңа «Джипімді» берейін...
—Жарайды, келістік!
Екеуі қол алысып, əкім қайшыны, Алдар Көсе «Джиптің» кілтін алды.
Жұрт тарай бастағанда сиқыршы мен Алар Көсе құшақтасып көрісіп,
сосын бірін-бірі қытықтай күлісіп жатты...
Тырқылдай күліп жатып, Алдар Көсе оянып кетті. Аулада ит шабалана
үріп жатыр екен. Төсегінен керіле тұрып, терезеден үңіле қарады.
Қараса, үйіне қарай бір əйел мен еркек келе жатыр екен. Жылдамдата
киініп, есік алдына шықты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.