Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 07

Total number of words is 3950
Total number of unique words is 2089
21.1 of words are in the 2000 most common words
31.6 of words are in the 5000 most common words
37.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Тыжбан: — Қойшы-ей, өзiң деп келдiм ғой. Не, ойынды көтере алмайсың
ба? Есiңде ме, мектептiң уборнаясында тығылып, темекi тартушы едiк қой?
Е, заман-ай!
Мыжбан: — (Тiстенiп). Кетесiң бе?
Тыжбан: — (Əкiмнiң басына шапалақпен қойып қалады). Баяғыда өстiп
басыңа ұрып, қашып кетушi едiм. Айтпақшы, балтырыңды Қатипаштың
үйiне түнделетiп барғанымызда ит тiстеп алып едi ғой, көрейiншi (еңкейiп
əкiмнiң балағына жармасады). тыртығың əлi бар шығар?
Мыжбан: — (Ашуланып). Полиция! Пошел, вон!
(Тыжбан оның аузын алақанымен жаба қояды да, басына басымен соққы
бередi. Əкiмнiң көзi аларып, талып қалады. Ол оны иығына салып көтерiп,
келесi демалыс бөлмесiне апарады да, диванға жатқызады).
Тыжбан: — (Кабинетке шығып) Адам емес екен ғой! Ойнағанды да көтере
алмайды, қалай əкiм болып жүр-ей?! Ублюдок! Мен бұған кластасым,
досым деп келiп тұрсам, полицияға ұстатып жiбермек пе? Ой, ит-ой-ой!
Ой, сволоч-е-ей! (Əкiмнiң креслосына отырады) Кресло... Кресло деген
керемет қой!.. Қандай жұмсақ! (Шалқая түседi). Шiркiн, мен де Мыжбан
секiлдi əкiм болсам ғой! Бiрақ, өте ақкөңiлмiн, əкiм болып ұрыса да
алмайтын шығармын? (Дауыстап) Əй, қаланың əкiмi Тəпек Əпеков! Неге
сағыз шайнап, қасыңдағымен карта ойнап отырсың? Тұр орныңнан! Ой,
сүмелек! Ой, бұлай дөрекi айтуға болмайды екен ғой. Қаланың жылуы неге
жоқ? Мектептер неге суық? Земком бастығынан алатын ставкаң қанша?
Ой, шошқа! Отыр! Мұрынбоғыңды сүрт! Һiм.. Əй, горОНО бастығы
Əлекеева ханым! Атаңа нəлет! Ой... кешiрiңiз! Əр директордан алатын
ставкаң қанша?
(Осы кезде əкiмнiң көмекшiсi кiредi).
Көмекшi: — (Көзi алақандай болып). Сiз... Сiз...
Тыжбан: — (Айқайлап). Оңбаған! Қайда жүрсiз? Мен сiздi қызметтен
қуанмын! (Сабаасына түсiп) Ой, кешiрiңiз, қиялдап кетiппiн...
Көмекшi: — Қиялыңызға қияр турап жеңiз, Мыжекең қайда?
Тыжбан: — А-а, кластасым ба? Демалыс бөлмесiнде ұйықтап жатыр...
Көмекшi: — (Абдырап) Қалай?!
Тыжбан: — Пырылдап...
Көмекшi: — Немене?!
Тыжбан: — Қойшы-ей, сен де болмадың-ау ырылдап...
(Осы кезде əкiм шығады)
Мыжбан: — Полицияға хабарлаңыз! Мынау хулиган, бұзақы!
(Көмекшi тыжбанның қолын қайыра бастады)
Тыжбан: — Ойбой, ойбой, қоле-ем... Ой, мен сендерге “қолымды
сындырып берiңдер” деп келдiм бе? Ойбой, ойбой, қоле-ем...
Көмекшi: — Сiз əкiмшiлiкте тұрсыз, айқайламаңыз!
Тыжбан: — Немене, əкiмшiлiкте үнiң шығар-шықпас айқаулау керек пе?
Мыжбан: — Безобразия! Мен мұны бiрдеңе сұрауға келдi ме десем...
Тыжбан: — Қойшы-ей, əбiзəтiлнi бiрдеңе сұрап келуiм керек пе? Ой, ит-оой, əзiлiң қалмайды, ə? Ал, менi полицияға ұстатып жiбер, өзiңе ұят келедi!
“Ойбой, əкiм кластасын соттатып жiберiпт!” деген сөз сирағыңды
сындырғанмен бiрдей емес пе?
Мыжбан: — Сөйлеме! Бұл жер базар емес! Рас, кластасымсың, бiрақ
дистанция керек қой!
Тыжбан: — (Ыржалақтап) О не пəле дистанция? Ондай телефоным жоқ.
(Өкпелеп) Жарайды, мен саған өкпеледiм. Обшым, адам емес екенсiң ғой,
жүз грамың бар ма?
Көмекшi: — Не дейдi, мына кiсi?!.
Мыжбан: — Кабинетiмнен шығарып тастаңыз! Неғып тұрсыз мелшиiп, тезтез бастаңыз!
(Көмекшi Тыжбанды желкелеп, есiктен шығара бастайды)
Тыжбан: — (Бұлқынып) Ұстама деймiн, кiсiлiктерiң жұғып кетедi!
Мыжбан, əкiмдiгiң өзiңе! Президент
аппаратындағы
танысыңа
миллиондап берiп, əкiм болғаныңа түкiрдiм! Сен бе, халықтың қамын
ойлайтын? Мə, мұрнымды кесiп беремiн! пышағың бар ма, мұрнымды
кесiп ала ғой! Сендер өз құлқындарыңның құлдарысыңдар! Сендер...
Сендер... Əй, Мыжбан, баяғыда төртiншi класта лəңгiмдi алғансың, қайтар!
Оныншы класта он сом алғансың, қайтар!
(Көмекшi оны желкелеп əкетедi. Мыжбан жүрегiн ұстап, дəрi iше бастайды.
Артынша көмекшiсi кiредi).
Мыжбан: — Кеттi ме?
Көмекшi: — Жоқ.
Мыжбан? — Не дейдi?
Көмекшi: — Костюм-шалбарыңызды шешпей отыр.
Мыжбан: — Садаға!
Көмекшi: — Сосын, жүз грамм сұрап отыр.
Мыжбан: — Ойбой, бер, шомылдыр!
Көмекшi: — Сiздi айтады “сволочпен бiрге iшемiн” дейдi...
Мыжбан: — Құрысыншы, миымды тұздап жейдi! Көзіме көрінбесінші!
(Көмекшi кетедi, əкiм жүрегiн ұстап, демалыс бөлмесiне кiрiп барады).
IШIМ ПЫСЫП ДЕГЕНДЕЙ...
Құдайға шүкiр, менде бəрi жетедi, жетпегеннiң “желкесiн қисам”, əрмен,
не берi кетедi. Менде бəрi қос-қостан.
1. Екi “Джип”
2. Екi коттедж
3. Екi тiкұшақ
4. Екi қайыршы, құл,
5. Екi қатын,
6. Екi ұл, екi қыз,
7. Екi көңiлдес,
8. Екi өмiр.
Əзiрге бiрiншi - жарық дүние дейiн, жалған дүниеге барғым жоқ, бəрi, кəрi
жетедi, көңiлiм тоқ! Екi зауыт, екi фабрикам бар. Оларды басқарып,
тексерiп отыратын адамдарым да жетедi. Күн сайын жүз, жүз елу мың
доллар табыс түсiп отырады. Ендi менiң iшiм пыса бастады. Қыздар, сауна
дегендерiң де жалықтырды. Не iстесем екен? Ысқырсам - iшiм ауырады,
жүгiрсем, жүрегiм шым-шым етедi. Өткен аптада бiр үй тұрғыздым. Есiк терезесi жоқ. Құрылысшылар əлi iшiнде. “Қалай шығамыз” дейдi.
Қабырғаны бұзыңдар, деймiн мен. Жер астын қазып, шығарып алдым. Бұл
да бiр жұмыс болды. Көшеге шықсам, екi қолым қалтама сыймайды. Жаяу
жүрiп көрейiншi, деп, былай шыға бере, бiр кiсiнi тоқтатып алдым да:
- Сiз қайда барасыз?- деп сұрадым.
- Үйге.
- Үйде не бар?
- Как не бар? Қатын бар, бала-шаға бар.
- Сiз кешiрiңiз менi, еңкейiңiзшi, мен бiр тебейiн.
- Е?
- Iшiм пысып тұр. Тепкенiм үшiн елу доллар берейiн.
Көздерi алайып, қоңдары қарайып келе жатқан бейтаныс кiсiнiң бетiне қан
жүгiрдi.
- Елу доллар дейсiң бе? Үйде нан жоқ едi...
- Еңкейiңiз!
- Ұят емес пе екен?
- Кешiрiңiз, сiздiң есiмiңiз?
- Тыжбан.
- Менiң атым - Мыжбан. Қатты тебейiн бе?
- Ойбой, шиқаным бар едi.
- Иiлiңiз.
- Жəй, бiр тебейiн
- Бұл не үшiн?
- Жəй, əшейiн. Ермекке.
Мен əлгi кiсiнiң құйрығына бiр тептiм.Ол байғұс тротуар шетiне жалп еттi.
Сол екен, участкелiк полицейлер жетiп келдi.
- Азамат, құжатыңыз?
- Құжатым үйде.
- Мына кiсiнi неге тепкiлеп жатырсыз?
- Жəй, əшейiн.
- Бұл - бұзақылық!
Сөзге Тыжбан араласты.
- Кешiрiңiздер, мен өзiм келiскен едiм, құйрығыма массаж жасап жатыр
едiм.
- Сiз алдап тұрсыз!
- Жоға, сенбесеңiз өзiнен сұраңыз!
- Мекен-жайларыңыз?
- Бiз осында тұрамыз...
Бұдан əрi шыдамадым. Участкелiк инспекторды ымдап шақырып, iшiмнiң
пысып, қолымның қышып, қолтығымның ысып жүргенiн, жəй ермекке
тепкенiмдi, əр тепкенiм үшiн 50 доллардан беретiнiмдi естiгенде, екеуiнiң
де əйелдерi ұл тапқандай, қуанып кеттi. Бiр қарасам, екеуi де тоңқайып тұр.
Бiр-бiрден тептiм де қолдарына 100 доллардан ұстата салдым. Бұрылып
кете бергенiм сол едi, бiреу иығымнан түртедi. Қарасам, əлгi полицейлер.
Жалаңдап тұр, “тағы бiр-бiрден тепкiзсем қалай болар екен?” деп алаңдап
тұр.
- Немене? - дедiм мен.
- Тағы тепсеңiз...
Бұл жолы аяп кеттiм. “Козелдар” деп тұрып тептiм.
Бiр қарасам, құдай-ау, құйрықтарынан тепкiзуге тұрғандар кезекке тұрып
қалыпты. Араларында кемпiр-шалдар да бар. Оларды қалай теппексiң?
Тiптi, бiр кемпiр “Маған жеңiлдiк болмайды ма? Тепкен болып, қорқытсаң
да, жетедi балам!” - дейдi. Не керек, шеттерiнен тепкiлеп, қалтама салып
шыққан 1 миллион теңгенi ермекке шаштым. Бұл екеуi тепкiзiп алып
қайтадан кезекке тұр. “Добавка болмайды!”деп айқай салдым.
Бойжеткендер еңкейгенде, ұялып кетемiн. Мини юбка киiп алған байғұстар
еңкейгенде, есiмнен ауып қала жаздаймын. Сонда да болса, бiр теуiп,
қолдарына он мың теңге ұстата қоямын. Бiр бəлеқор “үш рет тепкiзiп, бесақ мың бердi, квитанция берген жоқ” деп əкiмшiлiкке арыз, жазып
үлгерiптi. Қайдағы квитанция? Əкiмнiң өзi келiптi. Тексеруге келдi екен
десем, еңкейiп тұр. Аямай теуiп, алақанына 1000 доллар ұстатып едiм,
қуана-қуана ол кеттi. Бiр уақытта пожарныйдан тексерушiлер келдi. “Бұл
жерден өрт шығып кетуi мүмкiн, штраф төлейсiң” дейдi. Жағдайды айтып
едiм, бастығы еңкейiп тұра қалды. Бiр кезде облыс прокуроры келдi. “Сiздi
қамауға” санкция беремiн, бұл жерден кетiңiз, тексеруге кешке келемiн!”
дедi. Кешке келдi, келдi де, лəм-мим деместен еңкейiп тұра қалды. Бiр теуiп
едiм, аяғым ауырып қалды. Құйрығы кеуiп қалған ба? Қолына мың доллар
ұстатып едiм, прокурор байғұс “қамажайға” билеп ала жөнелдi.
Iшiм пысып жүр едi, жүдə жақсы демалып қалдым. Сол күнi облыстық
соттың төрағасы да құйрығына тепкiзiп кеттi.
Бəрi ақшаны жақсы көредi екен, ақша десе, сол минөтте өледi екен, керек
десеңiз, бiрiн-бiрi тiрiдей көмедi екен...
Жоқ, бұл да менi жалықтыра бастады. Не iстеуiм керек? Қалай атымды
шығарайын? О! Көшеде бiр кiсi келе жатыр екен.
- Кешiрiңiз,атыңыз кiм? - деп сұрадым.
- Тəпек.
- Тəпеке, “Мен итпiн, шошқамын!
Жөитпiн, халықтың қанын сорғышпын!” деп айқайлаңызшы, - деп өтiндiм.
- Ты что, дурак? - дедi ол.
- Жоқ, мен ақылдымын.
- Ну,и что?
- Жаңағы айтқандарымды
ұстатамын.
қайталасаңыз,
қолыңызға
40мың
теңге
- Не үшiн?
- Жəй, iшiм пысты...
Əлгi кiсiнiң жүзi жылып сала бердi.
- Светке қарызым бар едi.. Жарайды, Жəй бастайын ба?
- Жоқ, бар даусыңызбен!
- Ал, “Мен итпiн! Шошқамын! Жөитпiн! Халықтың қанын сорғышпын!”
Ол ұзақ айқайлады. Тамағы қырылдап, өкпесi сырылдап, бiр кезде үнi өштi.
Қолына үш мың теңге ұстатып едiм, мына тұстан: “Мен итпiн! деген дауыс
шықты. Қарасам кешегi кезекке тұрғандар екен. Жүдə, дəнiгiп алыпты!
“Иттерге он мың теңгеден үлестiрiп шықтым. Бiр кезде: “Мен итпiн,
халықтың қанын сорғышпын!” деген дауыс жəй ғана шықты. Қарасам қала
əкiмi екен, ұялып тұр. Аяғымен жер сызғылайды. “Мен итпiн” дейдi.
Ит екенi рас. Итке сүйек тастағандай 500 доллар ұстатып едiм, дауыстай
жөнелдi: “Мен итпiн! Мен итпiн! Мен итпiн!
Қызық екен, сол күнi қала бойынша “иттер мен шошқаларға, халықтың
қанын сорғыштарға” бiр миллион теңге тараттым. Бет жоқ оларда. “Ала
берсем, ала берсем” дейдi. Бұл да жалықтырды менi. Не iстесем екен? Iшiм
пысты.
ҚИЯЛМЕН ҚАРЫН ТОЙДЫРАМЫЗ!
Несiн жасырайын, молшылық заманда төсегiме тəртiппен қарамай, балашағаның санын он екiге жеткiзген екенмiн, бүгiнде бəрi ауыздарын арандай
ашқанда, жан-жағымда ауыз емес, жауыз жыбырлағандай, құлағыма:
“аштан өлетiн шығарсыңдар?”-деп жын-шайтан сыбырлағандай күй
кешетiнiм бар. Еңсемдi есiк қыспасын деген оймен, бала-шағымды түгi
жоқ дастарханға жағалай отырғыздым да:
- Арықбай, қойдың басын əкең жейдi, тарт қолыңды! Скелетбай, тəттi
торттан Тырықгүлге қалдырсаңдаршы! Шигүл, қолыңды жуып кел,
“анкелбенстi” сосын жейсiң. əй, Ашгүл түйлiп қаласың, “Сникерс”
шоколадын қағазымен жегенiң қалай? Өй, түк көрмеген байғұсым-ай!—
дедiм. Əйелiм маған қарады, балаларым ерiндерiн жалады.
- Иə, шаған, дашталханда таш тас жоқ қой,-деп бұртиды кiшкентайым.
- Өй, балапаным менiң, қарның ашқан екен ғой, ə! Өкiмет берген екi мың
айлық бəрiмiзге жетедi. Мə, май жағып берейiн бе? Жүрегiңе тимедй ғой?
Ақырын тауық сорпасын төгесiң!-деп қоямын.
- Саған сайтанның салқыны тиген бе?-деп сұрады əйелiм. Жанарындағы
жасты көрiп, еңсемдi тiктеп алдым.
- Жылама! Неменеге жылайсың? Одан да мына “Бренди” коньягiн iшейiк!дедiм қолыма бос рюмкенi адып əйелiме бердiм. ол маған қарады. Мен
екiншi бос рюмкенi алып, “сыңғыр” еткiздiм де, жұтқыншағымды жалған
жыбырлаттым. Əйелiм əлi бедiрейiп отыр екен. Жыным келдi.
- Əй, неге iшпейсiң? Бүгiннен бастап, “анау жетпейдi, мынау
жетпейдiнi” жерлеймiз, қиямен қарын тойдырып, кəдiмгiдей терлеймiз!
Давай iшiп қой, өлмейсiң!
Мəселенiң мəнiсiн түсiнген əйелiм:
- Асқазанымда жара бар, iшпеймiн,-дедi.
- Iшесiң, iш! Мен де адаммын ғой, адам сияқты туған күнiмдi бойлауыма
болатын шығар?
- Ойбуу, бүгiн сенiң туған күнiң екен ғой!-деп қуанды əйелiм. Мыжбанымау, туған күнiң құтты болсын! Саған Брежневтiң тарағын, Андроповтың
арағын сыйлаймын. Өткен күндерiмiздiң белгiлерi емес пе?
Мен қурап тұрған дастарханға қолымды созып, “қара уылдырықты” қара
нанға жаққан болдым, аузымды толтырып жеген болдым.
- Көке, мен де жейiншi,-деп қалды кiшкентайым тамсанып.
- Иə, жей ғой,-дер бiрдеңе жаққан болып,
ұсындым.
қара нанды кiшкентайыма
- Иə, шаған, ештеңе жағылмған ғой! Шен не жедiң жаңа? А-а-а деш, а-а
деш?
- Туу, балам-ай, қақсай бердiң-ау, анау тұрған “Құс сүтi” кəмпитiн жеп
қойшы!
Кiшкентайым алданғанын бiлдi ме, өкпелеп, жылап қалды.
- Балам, анау шұжықтан жесеңшi,- дедiм үлкенiм Арықбайға қарап. Ол да
түсiнсе керек:
- Əке, тойып кеттiм, қызымыз iшейiншi,-дедi. Сөйттi де, қымыз iшкен
болып, кесенi басына төңкердi. Жалған болса да, жаным кiрiп қалды.
Осылар iшсiншi, осылар жесiншi!
- Жеңдер, балапандарым! Қарындарың қампиғанша жей берiңдер! Тырс
етiп жарылып кетпесiн!
- Əке, банан жегiм келедi,-дедi ортаншым Скелетбай.
- Бананда басың қалсын!-деп баяғыда шешең айтушы едi, бүгiнде айта
алмайды, балапаным! Анау тостақта тұр ғой, аршып жей ғой!
- Скелетбай орнынан тұрып, тостақна бiрдеңе алған болды да, сол
бiрдеңенiң қабығын аршыған болып, содан соң сiлекейiн шұбырта жеген
болды. Шешесiнiң шыж-быжы шықты:
- Ой, жүгермек! Қабығын жерге тастағаның қалай?
Ол сыпырғысын алып, болмаған банның қабығын сыпырған
көрсеттi.
- Кейiн сыпырасың,-дедiм мен, қуырдақтан жесеңшi!
- Тойып кеттiм тегi.
- Сүт iш!
- Қойшы, iшiм өтедi. Өзiң неге жемейсiң?
- Ненi?
- Сингапурсикий салаттан ше?
- Дастархан үстi жыбырлап тұр ғой, қане, қай жерге қойдың?
сыңай
- мынау тұр ғой, тəттi iрiмшiктiң қасында!
Тəттi iрiмшiгiң қайда тұр?
- Сингапурский салаттың қасында.
- Е-е, ендi көрдiм... Шүкiр,
қалады екен...
бəрi жеткiлiктi болған соң,
жегiң келмей
- Əй, Скелетбай!-дедi əйелiм, қаймақоты бетiңе жаққаның қалай?
- Бетiм жарылып кеттi, апа...
- Өрiк, мейiз жедiң бе?
- Жедiм.
- Жаңғақ ше?
- Тойдым.
- Қауын ше?
- Оның да көзiн жойдым...
- Скелетбай, жалмауыз болып кеткенсiң бе? Əкең мешкейленiп барады...
Түк көрмегендей ұят-ты...
Осы кезде көршi əйел Қойбикенiң кiрiп келгенi.
- Бiр уыс шай бере тұрыңызшы,-дедi əйелiме.
- Ет жеп кетсеңшi. Отыр!-дедi əйелiм.
- Қуырдақтан ауыз ти,-дедiм мен.
- Жал-жаяны жалмап қойыңыз дедi Арықбайым.
- Бiздiң дастарханда бəрi бар, қалтаңызға қоңыз салып берейiк пе?
Немерелерiңiз сорып жейдi,-дедi Скелетбайым.
Көршiмiздiң көзi ”өзбек биiне билегендей” ойнақшып кеттi.
- Үйбай, масқара, дастархандарыңда түк те жоқ қой, қайдағы қуырдақ,
қайдағы қоңыз?
- Көршi, бiз қиялмен қарын тойдырып отыр едiк, дəм ауыз тиiңiз!-дедiм
мен. Əй, Ойбике, көршiнiң қолына тəттi-тəттi, банан-манан ұстат, пəкетке
еттен салып бере қой. Ана қазының бiр бумасын сала сал!
Əйелiм əлгi айтқандарымды қурап тұрған дастархан үстiнен алған болып,
көршiнiң етегiн көтерiп салған болып едi: “Ойбай, көтек! Көйлегiмдi
көтергенi несi? Алмаймын дедiм ғой. Рахмет! Бiздiң үйдегiлер де қиялмен
қарын тойдрып, күптi болып отыр!”-деп қаша жөнелдi. Бiз қылық атқан
болып, бала-шағамызбен соңынан жүгiрдiк. Қызық-ей, көңiлiмiзге қарап,
қиялмен қияр салатынан ауыз тисе қайтер едi-ей?
ТЫРАЙЫП ҚАЛДЫ...
Бiр күнi “Шылым шегiңiз, жаныңыз кiредi, бiрақ денсаулық сақтау
Министрлiгi ескертедi: жаныңыз қайтадан шығып кетедi”- деген жарнамаға
жымиып қарай берген едiм, көшенi қиып өтiп бара жатқан еркектi зу ете
қалған “Мерседес” қағып кеттi.
Жаным ашып кеттi, бейшара көз алдымда домалап барып, күл-қоқыс
салғышты құшақтап алды. Кенет көздерi алайып барып, жантая кеттi.
Жаным ашып қарап тұрдым: Үстiндегi киiмi де жұпыны екен, мына қоңыр
плащты он жыл киген шығар? Шалбарының тiзесiн жамап қойған,
туфлиiнiң бiр өкшесi жоқ, қалпағынан ұн елеуге болады.
— Қайырлы таң!-дедiм.
Қанша дегенмен, адам ажал құшағында ғой, оған құрметпен қарау керек.
Бұл менiң парасаттылығым емес пе?
— Мырза... Өмiр...-дедi ол қиналып. Жаным ашып кеттi. “Бейшара,-дедiм
iшiмнен ойланып,-бала-шағаңды асыраймын деп басыңды тауға да тасқа да
ұрдың. Ендi мiне, жан тапсырғалы жатырсың”.
— Жағдайыңыз қалай?-деп сұрадым мен.
— Шүкiр, мыжылып қалдық,- деп жауап қатты ол.
— Ештеңе етпейдi, қазiр тұрып кетесiз.
— Мəссаған!-деп таңданды ол.
— Не болды?
—Менiң жүрегiм тоқтап қалды!
—Қойыңыз, жығылып өлейiн деп жатып, өтiрiк айтпаңыз, ұят болады!
— Менi қағып кеткен “Мерседес” қайда?
— Қашып кеттi.
— Құдай бар болса, аварияға ұшырағыр,- дедi ол тiстенiп.
— Қойыңыз, ұят болады. Ол да адамның баласы. Кiсiнi сонша балағаттауға
бола ма?-дедiм мен. Дегенмен, мына бейшараға жаным ашып тұр, бiр аяғы
сүйретiлiп, жылжыған болады. Шамасы бауырын езiп жiберген бе деймiн,
қолымен iшiн ұстай бередi. Жазым да.
— Бүгiн ауа-райы тамаша екен,-дедiм мен, тым болмаса көңiлiн көтерейiн
деген оймен. Ол көзiн ашып сандырақтай бастады.
— Терезенi ашып қойыңызшы, əлемдi көргiм келедi,-дедi ол.
— Кешiрiңiз, сiз далада жан тапсырғалы жатырсыз...
Iшiмнен:”Əлемде не жұмысы бар екен, алдыменен өзiнiң əлемiн ойламай
ма?”-деп ойладым.
Сонан соң:
— Атыңыз кiм?-деп сұрадым.
— Немене, езiп iшейiн деп пе едiңiз?-дедi ол.
“Мынау өзi қырсық екен,-деп ойладым,-қырсыққа қырық пəле жолығады
деген осы!”.
— Жоға, танысып қоялық дегенiм ғой.
— Танысқанда, тайқар мiнейiн деп пе едiң?-дедi ол есiн жиып.
— Сiзге көп сөйлеуге болмайды. Сiз ажал алдында жатырсыз. Қиналып
қаласыз ғой,-дедiм мен елжiреп.
— Ойпырмай,ə, сiз сияқты шенеунiктер қашан қарапайым адамға жанашыр
бола қалыпты?
“Қақаңдап қалған бiреу екен,- дедiм iшiмнен ойланып,- байғұс өмiрден
iшпей-жемей өтетiн болды-ау!”.
Кенет алтын сырғалы келiншек жүгiрiп келдi:
— Əке! Əкетайым!-деп құшақтай алды.
— Ойбай шырағым, духиiңнен тұншығып барамын,-дедi анау қырылдап.
Келiншек сөмкеден фотосурет шығарып:
— Кешiрiңiз, менiң əкеме ұқсайды екенсiз. Менi бiр жасымда, шешемдi он
жетi жасында тастап кеткен екен. Қателесiппiн,-дедi. Сөйттi де, онсыз да
қиналып жатқан бейшараның басын сылқ еткiзiп жерге тастай салып,
жөнiне кеттi. Менiң жаным əлi ашып тұр.
— Менiң атым Мыжбан,- дедiм мен, шын ықыласыммен.
— Əйелiмнiң аты Айпарша.
— Маған əйелiңiздiң аты-жөнiнiң керегi жоқ.
— Кофе... Бiр жұтым кофе,-дедi ол қиналып. “Кофеде басың қалсын,- дедiм
мен iшiмнен ойланып. Бiр жұтым су десеңшi!”. Жаным ашып тұр.
Жанарым жасқа шыланды. Ол үнсiз қалды. Байғұстың шыбын жаны
кеудесiнен тесiп шығып кеткен тəрiздi. Кеудесiнде жан бар ма деген оймен:
— Парламент мəжiлiсiнде кейбiр депутаттар ұйықтап отырады,-дедiм. Ол
көздерiн əрең ашып:
— Жиырма бiрiншi ғасырға майшаммен баратын қазақпыз ғой,- деп қамыға
күрсiндi. Iшiмнен тағы да ойландым:
“Байғұс-ау, жиырма бiрiншi ғасырда не жұмысың бар? Ол ғасыр саған
бұйырмаған екен”.
— Қазiр жедел-жəрдем кеетiн шығар, шыдаңыз,- дедiм мен,- айтпақшы,
қайда тұрасыз?
— Үйде,
— Үңгiрде тұрмайтыныңыз маған мəлiм,- дедiм мен,- айтқан жерден аулақ,
олай-бұлай болып кетсеңiз, хабарлауым керек.
— Немене, сүйiншi сұрап барасыз ба?
— Жоға, мен зиялы қауымнан боламын. Қаланың қай шетiнде тұрасыз?
— Əдiресiмдi бiлiп алып, тонап кететiн қарақшы шығарсыз?
— Қойыңыз, менi ренжiтiп қойдыңыз ғой. Кешiрiм сұрауыңызды өтiнемiн.
— Немене, əйелiңiздiң қойнынан шығып па едiм? Ойбай...-дедi ол
қиналып. Жаным ашып кеттi. Бiрақ, мына сөз сүйегiмнен өтiп кеттi.
— Тым дөрекi екенсiз, қымбаттым,- дедiм мен,- Əдiлiн айтқанда,
жарқыным-ау, менiң əйелiмнiң жып-жылы қойнында сiздiң қандай ақыңыз
бар? Ұялмайсыз ба?
Тағы бiр сөздер көмейiме келiп қалған едi, жерде жатқан бейшара бауырын
жазып, созыла түстi, сосын: ”Рахатын-ай”,- дедi де, тырайып қалды.
Жаным ашып кеттi...
“СӨЙЛЕУГЕ ЕРIНЕМIН“
— Хош келдiңiз, Мыжбан Мəндiрбай! Ұлы мырза, бiздiң телестудия
қонағы болғаныңызға қуаныштымын. Сiз кезiнде жыртық мəйкi киiп
жүрген жүгермек болыпсыз. Жүгерi жеп, жүнжiп кеткен кезiңiз де
болыпты. Ендi мiне, құдай бақ берiп, шалбарыңызды өзiңiзге шақ берiп,
алпауыттардың бiрi болып отырсыз. Өзiңiз туралы айтыңызшы?
Мыжбан быртиған саусақтарын жыбырлатып, креслоны сықырлатып,
тершiген маңдайын беторамалымен сүрттi де, сырғыма сұхбатқа сұқтана
жауап бердi.
— Иə, — дедi ол ыңыранып, — Иə... Iмм... Iм-м... Иə! О-о-о, иə, солай. Iмм... Е-е-е... Iм-м...
— Мыжбан ағай, өмiрде таңданған кезiңiз болды ма?
— О-о! Ох-ох! Iм... Иə. Дегенмен... Иə... Сұрағың... Иə... О-о-о!
— Сiздi жұрт өте маңғаз, өте кiрпияз, өте кiсi, сөйлеуге ерiнетiн крутой
дейдi. Неге?
Мыжбанның маңдайы жиырылды.
— Иə-ə, пах-пах-пах! К черту! Iм... Иə, иə... Қыз-ы-ық екен, iм-м... Иə-ə-ə...
— Сiздi секстiң суперi дейдi?
Ол жымиды.
— Ах... Ох... Иə, iм... Солай деңiз, қарындас. Ой-ой-ой! И-и-и, ах!
— Төрт жыл сайын келетiн депутаттық сайлауға түскелi отыр екенсiз. Сiздi
қандай шайтан түрттi?
— О-о! Шайтан... Қазiр айтам. Е-е, iм-м... Иə, иə, солай қарындас.
— Əңгiмеңiз өте қызық болып барады. Егер сiз президент болып
сайлансаңыз, жұмысты неден бастар едiңiз?
— А-а? Ну что ж? Иə, иə, ух жаным! Бұл өзi... Иə... Дегенмен, iм-м... Солай
деңiз... Иə, президент деймiсiң? Иə, иə... Iм... Ел басқару дегенiң... Иə...
Уф... Қол тие қояр ма екен? Iм-м...
Тiлшiнiң қойған сұрақтарына сылқия тойып, ыңыранып отырған шенеунiк,
байлығына басы айналған Мыжекеңе тағы бiр оқыс сұрақ қойылды.
— Сiз таныстарыңызға қолыңыздың ұшын ғана беретiн көрiнесiз. Сiздi осы
дəрежеңiзге көтерген досыңызға мойныңызды бұрып та қарамайды екенсiз.
Неге? Мойныңыздың тым жуандап кеткенiнен бе?
Мыжбан ыңыранды. Сөйлеуге ерiнiп отыр. Бұған салса, бiр қулы астыңғы
ернi мен үстiңгi ернiн саусағымен шымши ұстап, жоғары-төмен қозғалтып
отырса, бұл сосын барып сөйлесе...
— Iм-м... Так-так... Мойын. А-а-а... Солай. Ым... Оха... (жөтелдi). Шырт...
(Оң жаққа қарай түкiргенi). Iм-м... А-е-у! (есiнегенi). Иə, иə, саусақ... Бес
штук. Ым-м... Фу-у-у... (жақтырмағаны). А?
— Сiз оппозиционер емессiз бе?
— А?
— Оппозиционермiсiз?
— А-а... Е-е-е... О-о-о! Ө-ө-ө!
— Сiз қазақ алфавитiн түгендеп, қазақ тiлiн жүгендеп, жүн жеп
отырғандайсыз ғой? Сiздi ана тiлiмiзге қарсы шыққан дейдi ме?
— Ым-м... Не-ме-не? Сволочи! Иə, иə. Поддонок! Ым-м...
— Сiз немене кинода ойнап отырсыз ба?
— Ым-м... Ым-м...
— Əңгiмеңiз қандай “керемет!“. Сiз неден қорқасыз? Құдайдан? Өлiмнен?
— Жо-о-о-о-оқ. Ох... Е-е, iм-м...
— Сiз неге осылай ыңыранасыз? Iшегiңiз айналып кетпейдi ме?
— Ым-м... Сөйлеуге ерiнемiн.
— Онда не үшiн бiздiң студияға келiп отырсыз? Өзiңiзше ыңыранып,
интервью берiп отырсыз?
— А-а... Иə, иə. Ым-м...
— Ендеше, менiң аузым жым. Құрметтi көрермендер, сiздер сөйлеуге де
ерiнетiн Мыжбан Мəндiрбайұлымен болған сұхбатты тамашаладыңыздар.
Ым... Иə, иə, көрiскенше сау болыңыздар! А-а, о-о!..
МИ АУЫСТЫРАТЫН БОЛСАҚ...
Бiздiң елде ақымақтар көп, құдайға шүкiр. Өзге елдерге
ақымақтарымызды бермеймiз. Ақымақ болып тұрсақ та, ақылдыларды
мойындамаймыз.
Кейде шалқамнан жатып алып, аяғымның ү((стiне аяғымды қойып,
башпайларымды жыбырлатып, екi қолымды желкеме тастап, ойдым-ойдым
ойға шомыламын. Өй-сауна. Қиялым - бухана, яғни пар. Шiркiн-ай,
адамдарды Алла тағала мен ойлағандай етiп жаратса ғой. Адамдардың дене
мүшелерi алынбалы-салынбалы болса... Мəселен, сiздiң шекеңiзде қасық
сиятындай қақпағы бар. Миыңыз ескiрсе, ақымақ болсаңыз, ақылды миға
“заправить“ етiп ала қоясыз. Мен мұндай кезде “Казтрансми“
корпорациясының президентi болып отырар ма едiм? Сонда бiр депутат
былай дер едi:
— Бəсе, неге өз ана тiлiме қасқайып, қарсы шыға берейiн десем, кеше
кешке еңкейе бергенiмде, маңдайымның қақпағы ашылып кетiп, миымды
төгiп алған екенмiн ғой. Бiр ит сылп-сылп жалап жатыр едi.
— Е, Тыжеке, ақымақ басым-ай, нем бар едi-ей, “Iшемiз, жеймiз“
корпорациясының президентiмен уақытша май ауыстырып едiк. Бiр ай
болды, бермей жүр, қашқақтап алдыма келмей жүр.
— Неге?
— Оның миы құрттап кеткен екен, басымның iшi қыши бередi.
Мiне, бiз осындай “ойпырмайлаған“ əңгiмелердiң куəсi болар ма едiк. Адам
неге бүтiндей жаратылды екен? Екi қолың да алынбалы-салынбалы болса
ғой, сонда мен қалалық жерком, қалалық архитектура бастықтары мен қала
əкiмiнiң қолдарын ұрлап əкетер едiм. Кафе-дүкен алу үшiн, оның жерiн
сатып алу үшiн 35-40 адам қол қояды екен. “Шляпа“, яғни 3-4 мың доллар
сыйламасаң, жылдар бойы жылап жүргенiң сол.
Жə, жарайды, əңгiме қол-аяқта емес, баста! Шалқамнан жатып алып, таң
атқанша ойланамын ғой. Ми... Бiреудiң миы - қи. Ендi бiрiнiкi қою,
үшiншiсiнiкi - iрiп кеткен. Ақылды, салмақты милар аз...
Етпетiмнен жатып та ойланамын. Адамдардың дене мүшелерi алынбалысалынбалы болса екен деп. Мұрын, көз, құлақтардың қалағанын сатып
алып, ауыстыра қоясыз. Ми... Осы миға келгенде көңiлiм құлазып кете
бередi-ей! Ми ауыстырылатын болса, екi құрбымның əңгiмесi былай болар
ма едi?
— Əжi-бiжi-бiжi...
— Не болды саған, Қатираш?!
— Əжi-бiжi-бiжi...
— Денiң сау ма өзi?
— Миымды ұрлатып алдым. Қазiр менде түк ми жоқ.
— Қойшы-ей!
— Əжi-бiжi-бiжi... Кеше кешке бiр жiгiтпен саунаға барғанмын.
— Иə?
— Рахаттанып шомылып, рахаттанып секстiң дəмiн татып жатқанмын.
Оңбаған...
— Е?
— Ол менi аймалап жатып, сумаңдаған қолымен миымды ұрлап алыпты.
Əжi-бiжi-бiжi... Содан берi сөзiмде береке жоқ. Əжi-бiжi-бiжi...
Тағы бiр жiгiттiң əңгiмесiне құлақ салыңыз.
— Мен ше, мен?..
— Немене мен?
— Бiр қыздың миын салып едiм.
— Не болды?
— Мiнезiм өзгерiп кеттi. Жiгiттерге қарай бергiм келедi.
— Көгiлдiр шығарсың?
— Қойшы. Одан да екеумiз жiгiттерге “движение“ жасап, сындырып
қайтайық?
Мiне, мидың хикаясы осындай! сiз ше? Сiз миыңызды ауыстырмайсыз ба?
ШЫҢҒЫРҒАН ШАҚЫРУЛАР
Қазақта той көп, ой жоқ... Шақырса, шапқылап, небiр тiлектермен
атқылап, бара бересiң. Шақырмаса, шайтаныңмен дос болып, үйiңде қала
бересiң.
Шақыру қағаздарының мəтiндерi де өзгеше.
А) ШАҚЫРУ
Аса құрметтi Мыжбан аға! Сiз(дер)-дi əйелдерiңiзбен (бiрiншi, екiншi,
үшiншi, төртiншi) 2004 жылы 10 тамызда таңертеңнен түнге дейiн, жəне
ертеңге дейiн созылатын əкем Мəндiрбай ата жəне əйелдерi Қатипаш,
Атипаш, Типаш, Ипаш, Паш, Аш апаларым мешiтiнiң ашылу салтанатына
шақырамыз. Келмесеңiз өзiңiз бiлiңiз. Менiң мұрным қисайып қалмайды.
Мəндiрбай əулетi.
Мекен-жайымыз: Осындай қазақтар облысы, Мақтаншақтар ауданы, Өзiн
көрсету ауылы.
БАҒДАРЛАМА
9.00. Қонақтарды тау етегiне “жайып“ алу, жуа жегiзу, гүл тергiзу.
9.30. Қонақтарды қуып əкелiп, киiз үйлерге қамап тастау.
9.35. Таңертеңгiлiк мəзiр. Атауың iшкiрлерге бiр-бiр тарелка манная каша
беру.
9.50. Қонақтарға асарлатып тезек илету, қыш құйдыру жұмыстары.
11.00. Мешiттiң ашылу салтанаты. Қазақстан Мұсылмандар Дiни
Басқармасының Бас муфтиi Əбсаттар қажы Дербiсəлiнiң сөзiн облыс
имамы оқып бередi. Облыс əкiмi намаз оқиды. Аудан əкiмi намазды
жағымпаздана қайталайды.
13.00. Асқабақтай асқазандарға ел қондыру. Түскi қонақасы.
15.00. Қонақтарды құшақтап, шығарып салу рəсiмi.
Өткен аптада тағы бiр шақыру қағазын алдым. Мiне:
Б) ХОШ КЕЛІІІСІЗДЕР!
Құрметтi, Мыжбан аға! 2004 жылдың 19 қазанында түнде өтетiн “Мен
қалай Парламентке келдiм?“ атты шоу-концертке шақырамын. Құдай үшiн
келiңiзшi!
Мен ғой.
БАҒДАРЛАМАДА:
18.00. Қонақтарды санап шығу.
18.30. Əкелген сыйлықтарын реттеу.
19.00. “Мен, мен, мен едiм!“ кафесiнiң үлкен залына жиналу.
19.05. Облыс əкiмiнiң аузын қимылдату. Жаттанды сөзi.
19.30. Салют ату.
19.40. Шампандар ату.
Концертке қатысатындар:
Роза Рымбаева, Рымбаева Роза, Майкл Джексон (келмесе де), Мақпал
Жүнiсова (күйеуi жiберсе), “Ялла“ ансамблi, Роза Бағланова, “Бони М“
тобы, “Айба“ тобы, “Пахтахор“ футбол командасы, Нұрлан Өнербаев
гитарасымен, Киркоров синарасымен жəне басқалар.
Концертке қатыспайтындар:
Əмiре Қашаубаев, Кене Əзiрбаев, Естай, Ықылас, Құманғазы, Дина
Нүрпейiсова жəне басқалар.
Мына бiр шақыру қағазы тiптi қызық.
Ə) ШАҚЫРАМЫЗ!
Құрметтi, Мыжбан аға! Əкелi-балалы Тыжбан, Тəпектердiң сүндеттелу
тойына, 2004 жылдың 15 қазанында келiңiз!
Əкесi бұрын сүндеттелген, бiрақ кедейлiктiң кесiрiнен той өткiзбеген. Ендi
жетiлгенде, баласымен бiрге өткiзбекшiмiз.
Əндiрбай əулетi.
Тағы бiр шақыру қағазын қараңыз!
Г) Ажырасу тойы
Құрметтi, Мыжбан мырза! 2004 жылдың қай күнi екенi белгiсiз, бiр күнiнде
өтетiн ажырасу тойымызға шақырамыз. Бiр-бiрiмiзден құтылатынымызға
қуанып, қаладағы қаптаған кафелердiң бiрiнде күтемiз. Кафеге ақшасын
өзiңiз төлейтiнiңiздi ескертемiз.
Экс ерлi-зайыптылар: Айбақ-Сайбақ.
Д) Разборка
Құрметтi, Мыжбан! Сiздi 2004 жылдың 3
қыркүйегiнде өтетiн
“разборкаға“ шақырамыз. Нағашыңыз Тəпектiң жекешелендiруге
жатпайтын мемлекеттiк нысандарды жекешелендiргенi жөнiнде мəселеге
ОБСЕ өкiлдерi жəне сот, прокуратура өкiлдерi қатысады.
Ж) ШАҚЫРМАЙМЫЗ
Құрметтi, Мыжбан! Сiздi 2004 жылдың 18 қарашасында өтетiн Бесiк
тойымызға, 19 қарашада өтетiн сүндет тойымызға, 20 қарашада өтетiн 50
жылдық мерей тойымызға, 21 қарашада өтетiн аты жоқ тойымызға
шақырамыз. Өйткенi, Сiз де кезiнде тойыңызға шақырмай қойғансыз!
“Бiздiң ауылда да той болар“ деген осы.
Өкпелегiшовтер əулетi.
Осындай шыңғырған шақыру қағаздарын көргенде, менiң де дүркiретiп
той жасағым келiп кетедi. Бiрақ қандай той? Идея айтыңыздаршы. Идея
бергендердiң өзiне той жасап беремiн!
ХОШ БОЛ, ИТТIҢ БАЛАСЫ...
Қазақстан Парламентi ауыр қазаға ұшырады. Ұзаққа созылған алты
минөттiк ауыр науқастан Парламент Мəжiлiсiнiң депутаты, “Жаңа қазақ“
қоғамының белсендi мүшесi, үйiндегi алты, сырттағы сегiз баланың əкесi,
үйiндегi əйелiнiң үшiншi күйеуi, сырттағы көңiлдесiнiң он сегiзiншi
көрпелесi,
Мыжбан МƏНДIРБАЕВ
бiр көзiн жұмып, өлiп қалды. Бiр көзiн ғана жұмғаны, екiншi көзi жасанды
болатын. Иттiң баласы Мыжбан Мəндiрбаев көзi тiрiсiнде не iстемедi
десеңiзшi!
Ол ылғи етiгiнiң, туфлиiнiң қонышынан басып жүрдi. Өйткенi, қолынан
келдi: қудалады, қуалады, құлатты, жылатты, сұлатты, жатқызып қойды,
насыбайын атқызып қойды, бiрақ бiрде-бiреуiн қайтып тұрғызған жоқ.
Марқұм ана тiлiне қарсы болып кеттi. Ол өмiрiнде титтей жақсылық
жасамаған адам, осындайы үшiн құрметтейтiн едiк, қорыққанымыздан.
Марқұмның туған-туысқандарына да көмегi болмады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.