Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 02

Total number of words is 3721
Total number of unique words is 2041
32.1 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
53.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
компаниясының президенті болу үшін ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз
көкпаршылары үкімет үйі алдына аттарымен шауып келді. Əне, əне,
премьер министр үшінші қабаттың терезесінен креслоны лақтырып
жіберіп еді, кіші жүздің бір шенеунігі қағып алды да, атына қамшыны
салып, салып жіберіп, сол жағалаумен шаба жөнелді. Галстугі желбіреп,
креслоны тақымына басып алып, министрлер көшесіне қарай
бұрылған, бір «джиптің» үстінен қарғып өтті! Көліктер бір біріне
соғылып, көкпаршыға жол беріп жатты. Артынан ұлы жүз бен орта
жүздің
шенеуніктері
құйындатып
келеді.
Өкінішке
орай,
бағдаршамның қызылы жанып қалып, бəрі көше басына топырлай
тоқтай қалысты.
Кіші жүздің шенеунігі «Мұнай ішеміз!!!»
компаниясына қарай құйындатып шауып келе жатқан... Орта жолда
орта жүздің бір шенеунігі жаяу шыға қалып, көкпаршының алдына
өліп қалған мысықты лақтырып жібергені... Көкпаршының аты табан
тірей тоқтай қалып, астыңғы ерні жыбырлап, үстіңгі ерні қыбырлап,
сөйледі, сөйлегенде бүй деді: «Мырза, сізге бəрі ырза, бірақ
алдымызды мысық кесіп өтсе, жолымыз болмайды!» деді. Сөйтіп
тұрғанда, артынан өзге жүздің шенеуніктері қуып жетіп, креслоға
жармасты.
—Бер деймін!
—Бермеймін!
—О, шешеңнің...
—Боқтама!
—Оттама!
Орта жүздің шенеунігі қарулы екен, креслоны жұлып алды. Бірақ бір
аяғын... Жыны келіп, ат үстінде президентке арыз жаза бастады... Анау
қорыққанынан креслосын бере салды. Сол екен, орта жүздің шенеунігі
креслоны дереу шеберханаға апарып, тез арада жөндетіп алып, шаба
жөнелді. Əне, шауып келеді, шауып келеді, атының үстінен қисая ауып
келеді! Компания кеңсесі қайда? Оны да тауып келеді. Бір көшеден өте
бергенде, МАЙ инспекторы ысқырып қалды.
—Не болды?—деп сұрады ол.
—Бұл көшеден аттылар, камаздар жүруге болмайды! Əне, белгіні қара!
—Кешіріңіз...
-Атыңыздың құйрығында «кz» деген белгісі мен нөмірі жоқ!
—Инспектор мырза, мə, алатыныңызды алыңыз, алыңыз да, осы жерде
қалыңыз!—деген ол МАЙ инспекторына жүз доллар бере қойып, ары
қарай шаба жөнелді. Бұрылып, артына қараса, ұлы жүздің
көкпаршылары жетейін деп қалыпты... Бұл атына қамшыны басты-ай!
Бір кезде атының астыңғы ерні жыбырлап, үстіңгі ерні қыбырлап : «О,
менің галстугты ием! Жаман шөлде-еп кеттім! Мына дүкеннен
Сарыағаштың суын сатып əперші!» деді. Ол ақырып: «Неге шөлдей
бересің?» деп сұрады. «Кешіріңіз, диабетпін, сусамырмын ғой...» деді
аты кісінеп. Əне, ұлы жүздің көкпаршылары жақындап қалды! Жетті!
Бір шенеунігінің қолында ұялы телефон, сөйлеп келеді: « Құдай қаласа,
бастық боламын! Премьерге иіліп, жастық боламын!»
Бір кезде ол креслоны жұлып алды! Шаба жөнелді! Əне, көп қабатты
үйлердің арасымен шауып, қара үзіп келеді! Бір кемпір алдынан шыға
келіп, бата беріп жатыр: «Я Алла, қазақтың дұшпаны көрінбесін, қазақ
жүзге бөлінбесін! Бір шаңыраққа уық болып кірігіңдер, айналайын,
қазағым, көк тудың астына бірігіңдер! Əумин!» Ұлы жүздің шенеунігі
бетін сипай салып, компания кеңсесі маңына жақындап қалған, əне, əне
қазір атынан түсе салады да, креслоны кабинетке апарып, орынына
қонжиып отыра қалады! Əттеген-ай, орта жолда қожалар қосылып,
креслоны жұлып алып кетті. Енді қожалар шауып келеді! Əттеген-ай,
орта жолда орыстар шауып келіп, креслоны тартып əкетті. Орыстар да
көкпар шабады екен-ау! Иван деген көкпаршы шауып бара жатып,
портфелінен арақтың бөтелкесін суырып алды да, жоғары көтере-е
сіміріп салды!
Құйындадып келе жатқанда, қаптаған қытай
көкпаршылары көрінді. Креслоны тартып алған олар америка,
ағылшын, үнді көкпаршыларын таптап өтіп,
«Мұнай ішеміз!»
компаниясы ғимаратының ішіне аттарымен
кіріп кетті. Қазір
президент болып қысық көз қытай отыр... Ал, үш жүзге бөлінген
қазекемдер «Мұнай қалдығын жалаймыз» мекемесінің бастығы
орнына көкпар шауып жүр... Кресло көкпарларыңыз құтты болсын!
НЕГЕ ТУА БЕРЕСІЗ?
Бетпақдалада жын жоқ, жыны несі, дым жоқ. Адамы несі, ел
жоқ... Оны бəріңіз білесіздер. Түсімде осы бетпақдалаға əкім
болыппын. Бетпақдала облысы құрылып, жан-жақтан ел көшіп келіп,
көшелер бой түзеп... Өздеріңіз білесіздер келімсектер қазақ жерінің ең
шұрайлы жерлеріне қоныстанып жатса, біздің қазекең ит байласа
тұрмас Бетпақдалаға қоныстанып жатыр.
Қақаған қыс айында
қаламыздағы бір апай бірден бес бала таппасы бар ма? «Дала»,
«Жусан», «Жантақ», «Топырақ» газеттері шеттерінен дабыралатып
жазып жатты! «Демографиямыз көгеріп жатыр!» деп.
Бір күні бұрын он баласы, енді қызыл шақа бес баласы бар алып
ана қабылдауыма келді.
—Кірсін,—дедім көмекшіме. Екі баласын арқасына таңып, екі
баласын етегіне орап алып, бір баласын қолтығына қыстырып келген
апай:
—Кешіріңіз, үйге тастап
сақырлаған еркектер...—деді.
де...
кететін,
күтушіміз
жоқ,
ыңғай
—Ештеңе етпейді. Əттеген-ай, тұңғышыңыз қыз болмаған екен
—Құдай не берсе, соны ала беремін, шырағым...
—Қайда тұрып жатырсыздар?
—«Жаңадан облыс құрылыпты» деген соң осында көшіп келіп
едік... Үй беріле ме деп... Əзірше қасқырдың апанында тұрып
жатырмыз...
—Ештеңе етпейді. Ресейде аюдың апанында да тұрып жатқандар
бар дейді...
—Қасқырдың апаны суық, жылу, газ, свет жоқ...
—Свет кіргізіп береміз. Тапсырма беремін,—дедім мен.
—Свет жоқ болса да, светке төлеп жатырмыз...
—Қалай сонда?
—Білмеймін, шырағым, əйтеуір айдың аяғында суға, жылуға,
светке «кібітəнсия» келіп тұрады...
—Ұятсыз компаниялар! Алпауыттар! Қасқырдың апанынан да
ақша алып жатыр десеңізші!
—Жер салығын да төлеп тұрамыз... «Қасқыр апаны аспанда
болғанда, төлемейтін едіңіздер» дейді салықшылар...
—Ім-м... Күйеуіңіз не істейді?—деп сұрадым мен.
—Күйеуім мүгедек... Екі аяғы жоқ.. Астанада құрылыста жұмыс істеп
жүріп, сегізінші қабаттан құлап, екі аяғы тізесінен сынып кеткен...
—Екінші қабаттан құласа қайтер еді?.. Ойламаған ғой...
—Қасқырлар күнде
«Шығыңдар!» дейді...
апан
аузына
келіп,
ырылдап
кетеді.
—Олар сіздерді жеп қоймайды ма?
—Бала-шағасы көп
шетімізден арықпыз...
адамдарды
аяйды
екен.
Оның
үстіне
—Жəйша жүрсіз бе?
—Орталықтан пəтер бергізсеңіз... Өзіңіз білесіз, үшем тапқандар
да пəтерлі болып жатыр...
—Олар жастар... Сіздің жасыңыз қаншада?
—Елу үште...
—Ұялмайсыз ба апа... Келіндеріңізбен «марафонға» түсіп...
—Енді шырағым...Күйеуім мүгедек...
—Мүгедек екені көрініп тұр. Сіз де қызықсыз. Неге туа бересіз?
Бірдеңе көрінді ме?
—Құдайдың бергені де...
—Құдай бере берсе, ала бересіз бе?
—Үй бермейсіз бе сонда?
—Берілмейді! Қасқырдың апанында тұра беріңіз!
—Қасқырлардан да ұят екен. Сүйреп əкелген қой еттерінен
қашанғы қуырдақ жей береміз?
—Жағдайыңыз жақсы екен ғой! Апа, менің жұмысым бар, түс
қайта Астанаға ұшып кетуім керек... Сау болыңыз!
—Онда шырағым, мына бес баланы жылы кабинетіңе тастап
кетемін! Көктемге дейін! Сау бол шырағым!—деген алып ана
кабинетімнен шыға жөнелді... Столымның үстінде іңгəлап жатқан бес
нəрестенің даусынан шошып, алып ананың артынан тұра жүгірдім. Əлі
жүгіріп келемін...
CАЯСИ САУСАҚ
Мен өзі ерекше жаратылған адаммын ба, оны бір Алла біледі.
Жексенбі күні жыртиып, құлақшынымның жанынан құлағым
қылтиып, орталық көшеге бара қалайын! Үкімет шенеуніктерінің
көшемен кетіп бара жатқан кортеждерін көруге жүдə құмармын дə...
Мен өзі саясатқа жұғымым жоқ, кімнің кім екенін де білмеймін. Қай
министр екенін қайдан білейін, қолдарымы қалтама салып, жұмып
тұрғанмын, бір кезде сұқ саусағым өзінен-өзі серейді де қалды... Еріксіз
оң қолым жоғары көтеріліп, өзге саусақтарым бүгіліп, оңбаған,
тəрбиесіз ортан терегім шошайды да қалды. Сол екен, полиция
инспекторлары жетіп келіп, машиналарына атып ұрып, алып кетті.
Тойға дейсіз бе, тас камераға қамап тастады. Тергеуші келді түнеріп,
темекісінің тұқылын таңлайыма тастап жіберердей ызғар шашып.
—Сен кімсің?—деп сұрады салған жерден.
—Əкемнің баласымын.
—Қоршаған ортаны қорғау министрі өтіп бара жатқанда, ортан
терегіңді неге шошайттың?
—Кешіріңіз, саусағым маған бағынбайды...
—Ей, саясатта басың, шаштаразда шашың қалсын! Ортан теректі
шошайту шетелде «протесть» болып танылады! Былайша айтқанда,
билікке қарсылық! Сен не, министрге қарсымысың?
—Өйбай көке, менде сұқ саусақ жоқ...
—Көке деме!
—Кешіріңіз, көке...
—Қане, саусақтарыңды көрсетші? Ойбай, сенде немене, біреу,
екеу... сегіз саусақ бар ма? Бəрі бірдей ғой тағы?
—Кешіріңіз, дəрігерлерлер айтады, экология дейді ме, баяғы
кеңес дəуіріндегі полигон кесірі дейді ме, əйтеуір оң қолыма қосымша
үш саусақ жайғасып алды...
Тергеуші бес күннен кейін босатып жіберді. Тілшілерге жүдə
өкпелеп қалдым. Сол сол екен, топырлап келіп, оң қолымдағы сегіз
саусағымды суретке түсіріп, теледидардан көрсетіп, газеттерге
шығарып жатты. Өзім ұмытылып қалдым. «Кəк бөдтте», оң қолым өз
алдына өмір сүріп жатқандай... Тағы бір күні көшедегі көппен бірге
қолдарымды қолыма салып тұрғанмын. Жұрттан естідім, Тони Блэр
дейді ме, ағылшыннан кеңесшіміз дейді ме, сол ғана ақылды, біз
ақымақпыз дейді ме, қаншама қаржы қалтасында дейді ме, онда
жұмысым жоқ, кортежді қызықтап тұрғанмын. Бір кезде бұрынғы
ортан терегім шалбарымды тесіп, төмен түсті де, жоғары бұрылып, екі
метрдей өсіп тұра қалды. Өзімнің де зəрем қалмады. Сол екен,
полицейлер қамап тастады. Тергеуші келді күрсініп. Əкесі өлгендей.
—Мынау не?—деп сұрады.
—Саусақ...
—Бұл саусақ емес, шыбық! Саяси шыбық!
—Ке-кешіріңіз көке, өзім де білмеймін... Дəрігерлер айтады,
қолың жынданған дейді.
—Көке деме деймін.
—Кешіріңіз, көке...
Тергеуші екі метр саусағымды суретке түсіріп алды да, босатып
жіберді. Саусағым үш күннен кейін қалпына келді... Тағы бірде көшеде
өтіп бара жатқан кортежді тамашалап тұрғанмын. Қасымдағылар
Ресей президенті Путин дейді ме, мен ол кісіні танымаймын да, бірге
шəй ішіп, моншаға барып көрген адамым емес, Талғат Мұсабаев олар
мəңгі жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағында əділетсіздіктер бастан
асатынын айтты дейді ме, Ресей «Бұларың не, а?» деген əн нотасын
жіберді дейді ме, онда жұмысым жоқ, ыржалақтап тұрғанмын, бір
кезде саяси саусағым антенна сияқты сопаң етіп, жоғары көтеріліп
кетті... Саусағымды тығамын деп, біреудің көзін шұқып ала жаздадым...
Артынша полиция инспекторы қолдарымды қайырып... Тергеуші түтін
жұтқандай жөтеліп келді.
—Əй сен саусағыңды
қарсымысың?
неге шығара бересің? Не, Путинге
—Кешіріңіз, көке емес... Дəрігерлер айтады, бұл саусақтың «бір
ноқаты кем» деп...
—Үкімет адамдары кортежбен өтіп бара жатқанда келмесеңші!
Үйіңде шəй ішіп отыра берсеңші!
—Шəй ішпеймін... Көфе ішемін.
—Өзің Астанаға қайдан келдің?
—Ыңғыдық облысынан.
—Сол Ыңғыдық облысыңа кетші! Көфе ішіп! Ал, қазір мəжбүрлеп,
қолыңа операция жасаймыз. Тегін,—деді тергеуші. Сол екен, камераға
екі дəрігер кіріп, мені кушеткаға атып жықты да, наркозбен
ұйықтатып тастады. Оянсам, оң қолым жоқ...
—Ойбай, оң қолым қайда?—деп сұрадым тергеушіден.
—Американдықтар алып кетті...
—Оны қайтпек?
—«Демократия» деген музейімізге қоямыз дейді...
—Осы бізде ортан терек көрсеткені үшін қамай салатын заң бар
ма?—деп сұрадым мен.
—Заң енді қабылданады!
болады!
Саяси саусақтар кесіліп, қамалатын
Жыным келіп, мен оған сол қолымның ортан терегін көрсеттім.
Сол екен, дəрігерлер сол қолымды да кесіп тастады... Енді қай жерімді
шошайтарымды білмей жүрмін... Қай жерімді шошайтсам екен, а?
МЕНІҢ АТЫМ БƏТІҢКЕ…
Шын айтамын, менің атым бəтіңке. Түсім қоңыр. Мейлі ғой, жаңа
тігілген су жаңа бəтіңке деген атымыз бар еді… Қожайынымның
өкшесін ит жеп кеткен бе, білмеймін, аяғын тарп-тарп басып, жер
сыза, қисаңдай жүреді екен… Жаңа киілген бəтіңке деген беделіміз
бар емес пе, қайтер екен деп, оң аяғын қысып кеп жібердім.
Досы ит екен, «аяғыңа сыймаса, тоңазытқыштың «морозильнигіне» бір
күн қой, қатып қалады да, ертеңіне алған соң жылып, жібиді…» дегенін
естіп, ой жынымның келгені! Адамгершілігі жоқ екен, екі күн бойы
алмады, ұмытып кетсе керек, алпыстағы əжесі ет асқысы келді ме, мені
ет екен деп, кəстірөлдегі салқын суға салып жібергені… Тұншығып өліп
қала жаздадым. Сыңарым сыңсып, есік алдында жатқан, алқынып
айқайлағым келді… Бір кезде, бойым жылып, жаным кіріп бара
жатқандай… Су ысып барады… Қайнай бастадым… Аузым ашыла
бастады… Бір кезде немересі «Əже, не пісіріп жатырсыз? І-і-і, мынау
менің бəтіңкем ғой!» дегенде əжесі: «Көтек! Ет екен деп қалдым ғой,
көзім жөнді көрмейді менің! Шешеңе айтпай-ақ қой!» деді бетін
шымшып. Суым сорғалап мен тұрмын… Тұмсығым мыжырайып, аузым
ашылып кеткен… Күнге кептіріп алған соң, соқталдай жігіт мені
лақтырып тастамады. Етікшіге апарып… Ойба-ай, біреу ашылған
аузыңды шегелеп тастаса жақсы көресіз бе? Жүрегім сыздап, инфаркт
алдым… Осындайда еске түседі де, менің бір танысым бар. Шет елден
келген «иностранец» төпли. Екеуі де қап-қара… Бет майлары
жылтырап тұр ғой енді… Олар базар сөресіне барған жоқ.. Қымбат
төплилер сатылатын супермаркеттен бір депутат сексен мың теңгеге
сатып алды… Охо-ой, қара төплидің жүрісін көрсең! Билік дəліздерінде
маң-маң басып жүргені… Өкшесіне шаң жуымайды ғой! Егесі мəжілісте
ұйықтап отырады, аяғын-аяғына асып қойып… Рахат! Тағы бір досым
бар. Қырғызстанда туылған төпли. Оны бір журналист сатып алып еді,
кеше СМС-пен хат жазып жіберіпті: «Бəтіңке дос, жағдайың қалай?
Менің жағдайым өте нашар, мына тілшіге қай құдай кезіктірді, анаған
да шауып барады, мынаған да шауып барады, өкпем өшті…»–депті… Ал
біздің үсті-басымыз балшық, өкшеміз желініп кеткен, бір кезде түсіп
қалатын шығар… Құдайдың арзан қара майымен майламайды ғой…
Түкіріктеп сүрте салады… Бізді шешкенде дақа-дақа қойса ғой,
лақтырып тастай салады. Сосын жатамыз, екі жақта… Кеше
сыңарымды сағынып өлдім, иеміз əрең тапты… «Не болды?» деп
сұрасам, бір иті бар еді, сол тістеп алып, қораның ішіне апарып
тастапты. Қорада тұрған сиыр шайнапты біраз… Бір тауық тұмсығын
шоқыпты. Бір ешкі рахаттанып жалапты. Көр-меген қорлығы жоқ
сыңарымның… О-ой, бір əкімнің аяғында жүрген танысымның өмірі
керемет қой! Тұмсық жағында доллар жатады… Иесі пара алған кезде
сонда тығады екен… Ал, біздің сүмелек тұмсығымызға ескі шүберек
тығып қойған. Бос жерімізге… Бес жыл болды ғой, киіліп жүргенімізге.
Қартайып кеттік тегі… Тастамайды бізді… Қаржы полициясы
бастығының аяғындағы төплиді көрші, апта сайын демалысқа шығады.
Басқа төпли ауыстырып киеді. Ал бізді иеміздің інісі екі жыл киді
тепкілеп. Одан кейін арт жағымызды қырқып тастап, шешесі есік
алдына киетін сүйретпе етіп алды, сау-тамтығымыз қалмаса да…
Көшеге шықпаймыз. Қашып кетейік десек, қаша алмаймыз, қайтейік,
қара жерді дақа-дақа баса алмаймыз… Сорлымыз… Бейшарамыз…
АҚША КЕЛГЕНШЕ, САУ БОЛЫҢЫЗ!
Сəлеметсіз бе, Əкетай! Міне, бірінші семестр да аяқталды. Алматыда
күн суық, жатақхана жып-жылы. Өйткені, біздің бөлмедегі үш жігіт үш
қызбен құшақтасып, жаурамас үшін анекдот айтысып жатамыз. Əке!
Өткенде өзің жіберген жеті мың теңге таусылды. Кафедра меңгерушісі
үйленіп, соған жүз теңгеден жинаған едік. Қайтадан ажырасып кетті.
Ажырасқаны үшін екі жүз теңге бердік. бердік. Алматы класс! Оқуым
өте жақсы. Деканмен бірге дискотекаға барамыз. Жақсы кісі. Өлтіріп
билейді. Бірақ, қыздарды «сындыра» алмайды екен. Əке, сіз сенбей
отырсыз-ау деймін! Өзің үйреткендей, өтірік сөйлеп қайтемін?
Жақында проректордың қызы тұрмысқа шығып, біздің курстың қызжігіттерін құдалыққа шақырды. Біздің университет оқытушыларын
айтсаңызшы! Емтихан кезінде бізден ақша алмайды. Қайта бізге ақша
беріп, қуалап жүріп емтихан алады. Кеше ректор ағаймен Көктөбеде
қыдырдық. Момын кісі. Əке! Ауылды сағындым. Апам не істеп жүр? Əлі
жүн түтіп отырған шығар?! Кішкентай күшік Тико өліп қалды деген
хат алдым. Жатқан жері жайлы болсын. Мені уайымдай бермеңдер.
Көшені кесіп өтпеймін, машиналардың астынан еңбектеп өтемін.
Иномаркалар жүдə көп. Кеше екінші курстың қызын бір «Джип» қағып
кетті. Қыз өлген жоқ, есігі ашық тұрған кафенің ішіне сырғанап кіріп
кетті. Ал оны полиция «удай мас екен» деп бөлімшеге алып кетті.
Жатақхана іші өте көңілді. Шыңғырған, қыңсылаған, мөңіреген, тіпті ат
болып үрген дауыстар шығып жатады. Бəрі – ертеңіміздің
болашақтары. Алматыда тамақ өте арзан екен. Ішпей-жемей иіскеп
өтсең ғана арзан. Отырсаң – «косяк». Мұнда келіп тамақ мəзірін
өзгерттім.
1. Таңертен жарты стакан су, бір тал сағыз. 2. Түсте екі стакан су, екі
тал сағыз. 3. Кешке бір шелек су, бір қапшық сағыз. Өткен аптада
ауырып қалдым. Кірпіктеріңе суық тиген дейді ме? Денсаулығым
жақсы. Бес минутта он-ақ рет жөтелем.
Əке! Университетке ақша
төледіңіз бе? Білім министрі оқу ақысын тағы қымбаттатып,
қалтаңыздан қағып алмақшы. Өзі студент болмағандай. Біз министрді
өте жақсы көріп кеттік. Жақында ауылға барып қалармын. Болашақ
келініңіз екеуміз. Аты – Гуля. Мен оны Гуляш деймін. Иісі макаронның
иісі сияқты. Əдемі қыз. Шашы жоқ. Төбесінде екі тал ғана. Көздері бір
сызық. Линейка. Кореянка. Дүниеде екі нəрсені, бірі – мені, екіншісі –
итттің етін жақсы көреді. Ал, жақсы əке, осымен хатымды аяқтаймын!
Ақша келгенше сау болыңыз!
ҚИҚАРЛАР
Жұрттың жүйкелері жүн, мінездері «түн» болып кеткен бе, əйтеуір
сұрақтары секіріп тұр. Автобус қозғала бергенде, терезеге телміріп
қарап тұрған қызға жігіт жақындап, тіл қатты:
—Қарындас, Наурыз мерекеңізбен! Жігітіңіз жүкті, жүрегі түкті
болсын!
—Қандай адамсыз? «Қуып» тұрсыз ба не? Еркек деген екі этаж болушы
ма еді?
—Түсінбедіңіз... Кəсіпкер болса, миллиондар тауып, жүгі ауырласын,
салықтан жалтарса, жүрегінің түгі болсын деп жатқаным ғой...
Айтпақшы, есіміңіз кім?
—Есімнен шығып кетіпті...
—Қайда жұмыс істейсіз?
—Айлық беретін жерде.
—Осы қалада тұрасыз ба?
—Жоқ. Үйдің ішінде.
—Мектепті қай жылы бітірдіңіз?
—ҰБТ басталған жылы.
—Өзіңіз қисық қыз екенсіз...
—Немене, төске салып, түзейін деп пе едіңіз?
—Жəй, əдемі екенсіз дегенім ғой...
—Сұмырайдан құдай сақтасын!
—Қатты кеттіңіз-ау?
—Жігіт болсаңыз, жұмсартыңыз!
—Айтпақшы, сіз осы автобуста келесіз ғой?
—Автобус менімен келе жатыр.
—Сағыз шайнап тұрсыз ба?
—Тілімді шайнап тұрмын...
—Қайда оқисыз?
—Кітапханада.
—Жоқ, қай универде дегенім ғой...
—Жер бетіндегі.
—Кешіріңіз, жасыңыз нешеде?
—Басым қаншада болса, жасым соншада.
—Темекі тартасыз ба?
—Жоқ, домбыра тартамын.
—Ішімдік ішпейсіз бе?
—Ішсем, ішегім шұрылдайды...
—Əкеңіз депутат шығар?
—Сұрамаппын.
—Əкеңіздің аты кім?
—Шешем біледі.
—Əкеңіздің машинасы бар шығар?
—Біздің үйде екі машина бар.
—Қойыңызшы...
—Ия. Бірі—кір жуатын, екіншісі—тігін машинасы.
—Тұрмысқа шыққан шығарсыз?
—Биік екен, өрмелеп келемін...
—Оқып жүріп жұмыс істесеңіз, айлығыңыз қанша?
—Бұхгалтер біледі.
—Мына орындық босады, келіңіз, қасыма отырыңыз...
—Адамның қасы үстіне отырып көрмеппін...
—Осылай қақиып тұра бересіз бе?
—Немене, жата қалуым керек пе?
—Сізге дауа жоқ екен...
—Бар еді, жоғалтып алдым.
—Болды енді, қойыңыз...
—Қай жерге қояйын?
—Жетер енді...
—Жетпесе жалғаймыз...
—Мен тойдым.
—Тоймасаңыз, тоныңызды пісіріп жеңіз...
Автобус аялдамаға тоқтады. Бойжеткен түсуге ыңғайланып еді,
бойдақ жібермеді.
—Кешіріңіз, түсуім керек еді.
—Түсіп қалатын теңге емессіз ғой.
—Бұл менің аялдамам!—деді бойжеткен.
—Кешіріңіз, бұл көпшіліктің аялдамасы.
—Бетіңізді тістеп алайын ба?
—Итсіз бе не?
—Жіберіңзші... Туу, сіздің кесіріңізден автобус жүріп кетті...
—Менің кесірімнен емес, жүргізуші газды басқанда жүріп кетті...
—Əлгінде мені тергеп болар емес едіңіз,—деген бойжеткен жымиды,
—атыңыз кім?
—-Əке-шешем біледі.
—Бойдақсыз ба?
—Бойымда дақ жоқ...
—Ноқалайсыз ба?
—Николай емеспін...
—Бетіңіз неге тыртық?
—Тауық тырнап алған.
—Сауап болыпты!
—Құдайдан қайтсын!
—Мұртыңыз өзіңіздікі ме?
—Жоқ, əкемдікі.
—Бетіңіз қалың екен...
—Қыста бетім жаурамайды...
—Оқисыз ба?
—Ия, дұға оқимын.
—Мен осы аялдамадан түсемін. Сау болыңыз!
—Сау болмағанда, өліп қалмайтын шығармыз...
—Көріскенше!—деп жымиды бойжеткен.
—Көріспейтіндей, көрге кірмеспіз...
—Сіз неге түстіңіз? Теңге емессіз ғой?
—Сізді шығарып салайын деп...
—Қалтаңыздан бірдеңе шығарып, аузыма
Айтпақшы, мереке ғой, балмұздақ əпермейсіз бе?
салмақшысыз
ба?
Бойдақта ес болған ба, қуанғанынан бойжеткенді қолтықтай
жөнелді:
—Кеттік! Балмұздақ бізден, теңгесі сізден!
ƏУЕЖАЙҒА АТЛАС КӨРПЕ ТӨСЕП ТАСТАПТЫ...
Стюардесса жолаушылар ет жеп болысымен:
—«Ет етке, сорпа қалың беттерге» деген бар, кім сорпа ішеді? –деп
сұрады.
Жолаушылар арасынан сорпа ішетіндер табылмады. Жілік мүжіп
отырған бір жолаушы:
—Қарындас, Алматы əуежайына жақындаған шығармыз?—деп сұрады.
—Біз Алматыға
стюардесса қыз.
жарты сағыт бұрын келгенбіз,—деп күлімсіреді
—Сонда қалай?
—Əуежайды алпыс жетінші рет айналып жүрміз...
Стюардесса əндетті:
Ұшақты адастырған қалың тұман,
Біздерге қастық қылған қай антұрған?
Бұл кезде ұшақ командирі əуежайдағы диспетчермен ұрысып жатты.
—Қонайық па?—деп сұрады командир.
—Болмайды, айнала қалың тұман...
—Енді не істейін?
—Шымкенттің əуежайына қонсайшы.
—Ол жақ рұқсат бермей жатыр.
—Неге?
—Əуежайда той өтіп жатыр екен...
—Қалай- қалай? “Тойы» несі?
—Той өткізетін бір миллионер əуежайды жалға алыпты дейді...
—Онда... онда ертеңге дейін айнала тұрсаң қайтеді?
—Жолаушылардың бастары айналып, бəрі құсып жатыр...
—Бензинің жете ме?
—Прибор көрсетпей қалды...
—Көрсетпегені қалай?
—Ұшақ ескі ғой... Ресейдікі.
—Мұнай ішіп жүрміз, ұшаққа жарымаймыз! Қалған- құтқанды сатып
аламыз...—деп тістенді диспетчер...
—Қонуға рұхсат па?
—Ұшақтың доңғалақтары жұмыс істеп тұр ма?
—Ұшақтың о бастан доңғалақтары жоқ...
—Жоғы қалай?
—Қазақстанның ақшасы толық жетпеген соң, Ресей доңғалақтарын
ағытып алып қалған ... Содан бері бауырмен жорғалап, бауырмен ұшып
жүрміз...
—Ақша... ақша... Желге ұшқан ақшалар-ай, қайдасың? Қу құлқынның
жемі болған ақшалар-ай... Рəсуа болған есіл ақшалар-ай! Қайран
ақшалар... «Жоғалған» ақшалар, қайда жүрсіңдер?
—Немене, əндетіп отырмысыз?
-Жоқ, жыным келіп отыр...—деді диспетчер.
Аздан кейін экипаж командирі диспетчерге хабарласты.
—Қалайсыз? Қонуға рұхсат па?
—Əуежай əкімшілігі көрпелер тасытып жатыр.
—Оны қайтпекші?
—Ұшағыңыз бауырымен қонуы үшін... Бес шақырымға дейін төсеп
тастады.
—Көрінбейді...
—Қызыл көрпелер. Қып-қызыл!
—Ия, көрініп қалды... Үстінде əйелдер шəй ішіп отыр ма не?
—Жоға, көрпелер мен көрпелерді көктеп, тігіп жатыр.
—Жиырылып кетпейді ме екен?
—Көрпелерді жерге желімдеп тастаған...
—Қонуға рұхсат па?
—Алла, жар бола гөр, рұхсат етемін!
Ұшақ ұзыннан төселген көрпелерге жақындай бастады... Жақын
қалды... Енді қона бергенде, жо-жоқ, енді бауырымен сырғанай
бергенде, ұшақ ұзыннан- ұзын төселген көрпеден сырғып шығып
кетіп, үлкен жылдамдықпен зулап келіп, əуежайдың темір шарбағын
бұзып өтіп, жезөкшелер «клиентерімен» шомылып жатқан саунаны
«сүйіп» барып тоқтады. Жалаңаштарға да жан керек, абыройларын
алақандарымен уақытша жауып, тым-тырақай қашты... Адам шығыны
бар... Қазір арнайы комиссия апаттың себептерін тексеріп жатыр.
Комиссия төрағасының айтуынша, əуежай билігі сұмдық қателік
жіберген! Көрпелерді кенептен тіктіру керек еді! «Əдемі көрінсін» деп,
өңкей атлас көрпе төсеген! Атлас көрпе тайғақ болады ғой! Ұшақтың
көрпеден сырғып шығып кетуі де осыдан екен...
ТАҢДАЙЫМДЫ КӨТЕРІҢДЕРШІ...
«Мылжың» газетінің бас редакторы Айқайгүл Түкбілмесованың
кабинетіне кірсем, апай аузын арандай ашып, торт жеп отыр екен.
Соған қарағанда, тəттіні
сұмдық жақсы көретін болса керек. Кабинеті де сұмдық, ұзын зал, «Т»
əрпіне ұқсас жылтыраған стол, сол «Т-ның» басында шоқиып,
кешіріңіз, шіреніп өзі отыр. Бұрышта еліміздің көк байрағы. Алдында
бірнеше телефон, сувенирлер...
—Кіруге рұхсат па?—дедім мен.
—Можына...
Ойбай, апай бастық болғалы орысша сөйлеп қалыпты. Бұрындары
танитынмын, амандасып жүргенімде қазақшалап: «Амансың ба, інім?»
деп қоятын еді. Мынаусы енді...
—Сізге келіп едім.
—Құлағым жұмыс істеп тұр...
«Ойбай, апай керемет көркем сөйлеуді үйреніпті...»— дедім ішімнен.
—Қызмет сұрап... Тілші болайын деп едім.
—Тілің қандай?
Мен тілімді шығарып көрсеттім.
—Жоқ, жазу тілің қандай деп сұрап тұрмын?
—Ой, кешіріңіз апай... Тілім жақсы, майда, қоңыр...
—Бізге майда- қоңырдың керегі жоқ. Бізге сойып салатын, батыр,
үшкір, сумаңдаған тіл керек. Жынымызға жақпағандардың жындарын
қағып алуымыз керек.
—Жындарын қағып аламын.
—Қалай?
—Бұрын ағам рэкет болған. Қазір де «авторитет»...
—Маған ондай
бітіргенсің бе?
«разборчиктердің» қажеті жоқ. Журналистиканы
—Жоқ... Банк саласын бітірдім...
—Осындайлар қайдан келеді өзі? Кім көрінген тілші. Кім көрінген
редактор. Банкке бармайсың ба?
—Кешіріңіз, банк жабық тұр.
—Жабығы несі?
—Білмеймін, барсам, есігі жабық тұр. «Қазір «обед», бес жылдан кейін
ашылады» деп жазып қойыпты...
—Қызықсың, мамандағын банкир. Мұнда неге келдің?
—Бір досым сіздерде тілші, мамандығы ит дəрігері болған соң...
—Ə-ə, Ырылбай Ауфбаевті айтасың ба? Ол иттер туралы керемет
мақала жазады. Иттерді сойып салады. Өткір жазады. Қаңғып жүрген
иттерді аямай сынайды. «Иттер! Ит екенсіңдер!» деп жазады. Аса
талантты болған соң алдым.
«Ойба-ай, мына апай не деп кетті?—деп ойладым ішімнен,—
Ырылбай аса талантты ма? Өзінің алты əріпті фəмілəсінен сегіз қате
жібереді ғой!»
—Мен де аса таланттымын... Ақша туралы аямай жазамын... Арам
ақшалар, адал ақшалар, мыртық ақшалар, жыртық ақшалар... банкке
барған ақшалар, банкке жетпейтін жалған ақшалар...
—Сен осы «Ырыл» газетінде жұмыс істедің емес пе?
—Ия... Ырылдай беріп, аузым ауырып кетті тегі...
—Сен осы сол газеттен келген шпион емессің бе? Өткенде газеттеріңе
біздің газетті сынап жазыпсыңдар?
—Құдай сақтасын! Ондай штат жоқ...
—Əр адам өзі қалаған мамандықпен жұмыс істеуі керек. Мұғалімсің бе?
Мұғалім бол. Молдасың ба? Молда бол. Көр қазушысың ба? Көр қазушы
бол. Солай емес пе, інім? Жұрналистиканың қадірі кетті... Мен осыдан
қорқамын, інім! Кеше бір ұры келді маған. «Атақты ұры едім,
қартайдым, енді тілші болайын деп едім» дейді. Ұрылар өмірінен
хикаялар жазамын дейді ме... Сауаты жоқ, білімі саяз, тек мансап үшін,
тек біреуді қаралау үшін газет ашып алатындар көбейді. Мен
осылардан қорқамын, інім... Мен көп нəрседен қорөқамын. Мен сенен
де қорқамын... Қарашы, дірілдеп отырмын. «Апа-а-ай!» деп дауыстасаң,
«Мама-а!» деп қашып кеткелі отырмын... Бара ғой, банкіңе, бара ғой...
Ойеба-ай, апайым осылай «тегін ақыл» айтып тастады. Өзі қатырып
жүргендей, естіп жатырмыз, мамандығы акушер екен. Редактор болып
неге отыр? Мен де осындай «сөздері сұлу, жазғандары жексұрын, қатеқате...» апайлардан қорқамын... Ей, кім бар, таңдайымды көтеріңдерші...
КӨКЕМ КЕЛДІ!
Үйленгенімізге бір апта да өтпеген келіншегімнің мінезі қызық. Есік
алдына жүгіріп шықты да:
—Алақай! Көктем келді!—деп айқайламасы бар ма? «Көкем келді!»
деп естіген шешем шалқасынан түсе жаздап:
—Шырағым, қай көкең келді? Үйге кірсін де...—деп далақтап жүр. Күн
сондай ашық, мамыражай еді, келіншегім жүгіріп барды да, есік
алдындағы ақ қайыңды құшақтай алды:
—Мен сені сүйемін, ақ қайың!—деді. Шешем ашуланып қалды. «Мына
келіннің бұрын Аққайың деген жігіті бар ма еді?—деп менен сұрайды.
Мен де жаспын ғой, бірақ əйелім сияқты «романтичный» емеспін. Мен
ақ қайыңды сүймеймін. Маған ақ қайың ба, қара тал ма, томар ма, бəрі
бір. Сосын жында адамша: «Ойбай, көктем келді! Əне, көктем анау
тұр!» деп айқайламаймын да... Шешемнің жүрегін ұшырып... Бір күні
келіншегім жоқ болып кетті. Сөйтсем, үйдің артындағы бақша ішінде
дөңгелене билеп жүр, дауыстап қояды: «Мен саған ғашықпын, жарық
дүние!» дейді. Шешем жүгіріп барып, таңдайын көтерді. Таңдайын
көтеріп жатқанда қыршып тістеп алыпты. «Мына жынды басты қайдан
тапқансың балам?»—деп анам өзіме ұрысты. «Келініңіз опера жəне
балет театрында биші ғой, шығармашыл адам!» деп түсіндірдім.
«Балетінің атасына нəлет! Шайтан шапалақтап тастаған келінді,
молдаға түкіртіп кел!» деді. Келіншегім де қызық, «О, ақша! О, Доллар!
Мен саған өлердей ғашықпын!» деп айтса мейлі... жарық дүние, жарық
дүние... Өзгелер қараңғы дүниеде жүргендей... Ауылда сібет өшіп
қалғандай... «Молдаға барайық?» десем, бармайды. Сосын амал жоқ
молдаға өзім барып, қағазға түкіртіп, түкірігін кептіріп əкелдім.
Қағазбен бетін сүртпей қойды ғой. Əне, əлі төбесі жабылмаған
қораның төбесінде аяғының ұшымен билеп жүр... «Адамдар! Мен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.