Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 03

Total number of words is 3710
Total number of unique words is 2154
31.4 of words are in the 2000 most common words
44.9 of words are in the 5000 most common words
51.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сендерді жақсы көремін! Бəріміз бір-бірімізді жақсы көрейік!»— деп
айқайлап қояды. Мені жақсы көре ме десем, адамдарды жақсы көреді
екен! Мен оны, ол мені түсінбей жүрміз. Сіздер ше? Сіздер бірдеңе
түсіндіңіздер ме? Əлде сіздер де: «Автобуспен көктем келе жатыр!»
деп айқайлайсыздар ма? Қызық-ей...
МАХАББАТ ВИРУСЫ
Махаббат деген бар ма өзі? Ұстап, уыстап көруге бола ма өзі? Базарда
сатылады ма? Махаббат... Орыстар «Лөблю» дейді... Ағылшындар
«ай...ай... айлабю...» дейді, өзбектер «сені севамын» дейді. Қазақтар
«өлə, сені сүйемін!» дейді.
Қызда-ар, Махаббат вирусын жұқтырсаңыз, бітті, тамақ ішпейсіз,
ерніңізді тістейсіз, жүрек қызуыңыз көтеріліп, жүрегіңіз сағатына 160
километр соғып, айналаңыздағы жігіттердің бəрі жаман, маймыл,
шимпанзе, орангутан болып елестеп, сізге Махаббат вирусын
жұқтырған жігіт қана алтындай жарқырап, сол ғана маймылдардың
ішіндегі «ең сұлуы» болып көрініп, түнімен сандырақтап, ағылшынша
сөйлеп, қытайша шүлдірлеп, кереуетіңізден құлап кетіп, жастықты
умаждап, ерніңізді қайта қайта жалап, оның суретіне мөлие қарап, тіпті
махаббат «мүгедегі» болып кетуіңіз ықтимал. Махаббат вирусы сізге
жігіттің қадала қарасынан, қолыңызды ұстағанынан, ерекше
ілтипатынан жұғады... Махаббат вирусынан айығу үшін, жігітіңізге
СМС хат жіберіңіз... Жүректің «смайлігін» жіберіңіз... «Ғашықтар»
емханасына барып, Жүрек есімді дəрігерге көрініңіз!
Жігіттер, егер Махаббат вирусын жұқтырып алсаңыз, тазалыққа
үйрене бастайсыз. Бұрын лай болып жүретін төплиіңзді қара маймен
жалтырата майлап, жақсы көріну үшін жақсы киімдер сатып алып,
кепкаңызды қисайта киіп, түнімен агентте отырып, махаббат
хаттарын жазып, тамаққа тəбетіңіз тиылып, тек жүрек кəмпитті жалай
бересің... Махаббат вирусы екіге бөлінеді. Бірінші— тип, екінші— тип.
Бірінші тип— емделмейтін, асқынған, ауыр түрі. Махаббатыңызды шап
беріп, тірідей ұстап алып, тірідей үйленіп барып, денсаулығыңызды
жақсартасыз. Жағдайыңыз жақсара түсуі үшін Махаббат диетасын
сақтайсыз: құшақтайсыз, сүйесіз, адал боласыз... Майлы махаббат
жемейсіз. Ащы махаббат ішпейсіз...
Түнде сүйіктіңіздің ыстық
алақанын жүрегіңізге басып, «компресс» жасап жатыңыз... «Сезім»
сорпасына «Маха» жапырағын турап, «ббат» шырынын қосып ішіңіз.
Ал, Махаббат вирусының екінші типі—жеңіл түрі. Мұны кейде «Тауық
махаббат», немесе «Қораз махаббат» деп те атайды. Көрсеқызарлықпен
ғашық болып, уақытша ауырасыз да, қызыңыз: «Құрып кетші əрі,
албасты десе!» деп қалса, бірден солып қаласыз. Артынша жадырап
шыға келесіз. Немесе жігітіңіз тастап кетсе, «да, ну, жігіттер жетеді!»
деп бөксеңізді билетіп, кете қаласыз...
Махабат вирусы... Шынайы махаббат вирусы жасасын! Абайламаңыз,
жұқтырып алыңызшы...
КІТАП ТІЛІМЕН СӨЙЛЕСЕМ…
Терлеп-тепшiп Мұхтар Əуезовтiң «Абай жолымен» жаяулатып келе
жатқанмын. Алдымнан Сəбит Мұқановтың «Ботагөзi» кездесiп қалды.
Бұтында джинси, аузында темекi. Кiндiгi көрiнiп тұр. Бiртүрлi
жақтырмадым, жанынан жым-жырт өте бердiм де, Əзiлхан
Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарын» бастағым келiп
кеттi. Əлде Сəкен Жүнiсовтiң «Ақан серiсi» болайын ба? Темекiсiн
тастаса, жақсы қыз болар деген оймен:
–Сайын Мұратбековтiң «Менiң қарындасымы», қайдан келесiз? – деп
сұрадым.
– Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетiнен», – дедi қыз темекiсiн
лақтырып жiберiп.
– Қазақтың қарагөзi темекi шексе, қазаққа Тахауи Ахтановтың
«ҚаҺарлы күндерi» келген екен де…
– Жақтырмасаңыз, Əбдiжəмiл Нүрпейiсовтiң «Қан мен терiндей» болып
неғып тұрсыз, кете берiңiз.
Қыз бұрылып кете берiп едi, Мұқағали Мақатаевша: «Отыздан асып
барамын…» – дедiм. Ол маған Бейiмбет Майлиннiң «Сексен сомын»
беретiндей жымың етiп, Чеховтың «Шие бағында» жүргендей жайраң
қақты. Маған да Зейнолла Қабдоловтың «Ұшқыны» тиiп, ол
«Жалынға» айналып, жүрегiм алып-ұшып, Тұтқабай Иманбековтiң
«Тұт ағашының көлеңкесiнде» қалғандай күй кештiм. Өзi Жаяу
Мұсаның «Сұрша қызындай» сұлу екен. Iлияс Жансүгiровтiң
«Құлагерiндей» осқырынып алып, қыздың қолынан ұстадым. Ол кет
əрi емес екен. Содан Мархабат Байғұттың « Машаттағы махаббаты»
басталды да кеттi…
Е, ТОЙ ҒОЙ ...
«Той дегенде, қу бастар домалайды» деген сөзді кішкентай кезімде
түсінбей, тілімді тістеп, өңкей əр түрлі пошымдағы бастардың сайсаламен тойға қарай домалап бара жатқанын елестетуші едім. Сөйтсем,
қазекемдер бүгінде өлімді де тойға айналдырып алыпты. Əкеңіз
жетпіске жетіп жығылып, немесе шешеңіз сексенге секіріп шығып
алып, шыбын жандарын қиып кетсе, дос-жарандарыңыз құшақтап,
арқаңыздан қағатын болды: «Қаншаға келіп кетті? Жетпіс. Е, той екен
ғой, Той ғой. Тойың құтты болсын!» Жетпіс түгілі жүзге келіп өлсе де,
əкенің аты— əке, шешенің аты— шеше... Қайғының аты— қайғы...
Бір күні мектептес досым, облыстық қаржы полициясы бастығы
Қаржыбектің əкесі қолы бос уақытында, жасы сексен сегізге келіп
қайтыс болды. Қаланың қақ ортасындағы тойханада ас берілді.
Шіренгендер шырттай киініп отыр. Жан-жағыма қарасам, бəрі
көңілді.Тойға келген сияқтымын ба? Қабағым түсіп, «Біз де сіздердей
болғанбыз, сіздер де біздей боласыздар...» деген астары алты қабат
сөзді салмақтап отырғанмын, бір танысым басыма салып қалды.
—Неменеге тұнжырап отырсың? Ыржисай. Той ғой бүгін. Сексен
сегізге жеткен де бар, жете алмай қиналы-ы-ып кеткен де бар. Сол
кісінің жасына жете берейік...
Мен тісімді ақситтым. Ыржиған түрім осы. Бір кезде бар ғой, сөз
жарыс басталды да кетті!
—Тасжалаған атамыз екі жыл шыдап барып өлгенде ғой, тоқсанға
келер еді... Қаржыбек бауырым, нешауа. Əкеңіздің өлгені—той. Анаңыз
тірі ме? А? Тірі екен ғой. Егер екеуі бірге өлгенде, «во-овще» қатып
кетер еді! Тойдың тойы болар еді... Нешауа ол кісі де жетпіс жетіде
желігіп отыр екен. Құдай қаласа, ол «тойға» да жетіп қалармыз... Сол
кісілердің жасын берсін...—деді бір шіренген шенеунік.
—Əкеңіздің өлген «тойы» құтты болсын!
Ешкім əке-шешесін
арқандап, жоңышқаға жайып бақпайды, ешкім мəңгі өлмейтін шайтан
емес. Қаржыбай інім, əкеңіз сексен сегіз жыл өмір сүріпті, өзің де сол
«тойға» жетіп жығыл. Əдемі қартайып, əдемі өлу деген, міне осындай
болса керек... Міне өзің бір Облыстың финполының бастығысың.
Қаншама жемқорларды түрмеде шірітіп жатырсың. Өзің де білдірмей
алып жатырсың. Бұл сенің көрегенділігің, іскерлігің... Сенен бəрі
қорқады. Өзіңнен өзің де қорқасың... Сол үшін молда жігіт бір əн
шырқап жіберсе...—деп барып тоқтады тағы бір шіренген шенеунік...
Молда орнынан тұрып, жөткірінді, тісін шимен шұқыды.
—Мен негізі құран оқушы едім, Қаржекеңнің құрметіне, əкесінің
бақилық болуы той ғой, қазір жастар айтып жүрген қырғыздың əні
«Қызыл өрікті» айтып берейін...
Молда микрофонға бір түкіріп қойып, əн шырқай бастағанда, шыдай
алмадым, жүгіріп барып, қолынан микрофонды жұлып алдым.
—Ой, кешіріңіз, молдеке, тойда отырған жоқсыз ғой... Қаржекеңнің
қайғысына ортақтасуға келдік емеспіз бе?
Молда жым болды. Жұрттан кешірім сұрап, орныма отыра бергенім
сол, асаба:
—Құрметті мырзалар мен ханымдар! Тасжалаған атамыздың рухына
арналған «Балалық шаққа саяхат немесе лəңгі тебу» атты
театрландырылған
көріністі
тамашалаңыздар!—деді.
Ортаға
Тасжалаған ақсақалдың жеті-сегіз жасындағы кейпін сомдамақ болған
бала жүгіріп шықты да, лəңгі тебе бастады.
—Бір люр, екі люр, үш люр...—деп ешкі жүнінен ойылып, ортасына
қорғасын байланған лəңгіні əуелетіп тепкені сол, аузын ашып, аңқиып
отырған қала əкімінің аузына кіріп кеткені... Адамның аузынан жүн
шығып тұрғаны бір түрлі екен. Ауызы—қолтығы сияқты... Байғұс
қақалып қала жаздады. Шыдамым шырт айырылып, ортаға жүгіріп
бардым да, баланы жетелеп, есіктен шығарып жібердім.
—Кешіріңіздер, театрда отырған жоқпыз ғой...—дедім жиналғандарға
қарап. Шіренгендер мəн бермеді. Арақ ішіп отырғандары да белгілі
болды. «Той ғой...» деп... Содан бір қарасам, төрт- бес əйел мен төрт- бес
еркек ортаға шығып алып, билеп жатыр. Асаба «Қайғылы би» деп
хабарлады. Бейшаралар билеп жүріп: «О-ох...»- деп күрсінісіп қояды.
Жұлқынып билеп келеді де, бір-бірін құшақтап көріседі... Мұндай
масқараны көрмеген байғұс басым, бір қарасам, өзім де солардың
арасында билеп жүр екенмін. Мен де қайғырып: «У-ух...»- деп айқайлап
қоямын... Есімді тез жиып алдым да, билеп жүргендерді қуалап жүріп,
орындарына отырғызып болып, микрофонды қолыма алдым:
—Құрметті мырзалар мен ханымдар! Біз бүгін Қаржекеңнің əкесі
Тасжалаған ақсақалдың «ас-тойына» жиналып отырмыз. Не дейміз,
Тасекең о дүниеде бақытты болсын... Ой, кешіріңіздер, тойда
отырғандай сөйлеп кетіппін ау... Айтайын дегенім—өлімді де тойға
айналдыра бастадық. Өлімді де байлар жарысына, бəсекесіне жеткізе
бастадық. Мұны тез тоқтатуымыз керек! Бақилық адамға керегі—
құран бағыштау ғана сауап!
Бір кезде мектептес досым, Қаржекең түнеріп келді де, құлағыма
сыбырлады:
—Сен не, «тойдың» шырқын бұзуға келдің бе? Əкем сексен сегізге
келіп қайтыс болды, той ғой, той! Шашылмаймыз ба? Көрсетпейміз бе
өзімізді? Кім екенімізді!
Көмекейіме құм төгілгендей, қабырғаларым біртіндеп сөгілгендей,
күрсініп салдым да, тойханадан шыға жөнелдім. Досым жүгіріп шығып,
«Əкемнен теберік болсын!»-деп иығыма шапан жапты. Жыным келіп,
шапанды көшеде қайыр сұрап отырған мүгедек шалдың иығына жаба
салдым, басына қалпақ кигіздім. Сосын:
—Ой, кешіріңіз... Осылай отырған сізге жарасады...—деппін. Ол да
қарап тұрмай, су жаңа қалпақты төңкерді де:
—Ақыры берген екенсің, ішіне бірдеңе тастамайсың ба?—деп қалды.
Мен тойхана ішіндегі шенеуніктерге, сосын қайыршыға қарадым... Ол
да маған бір түрлі қарады...
ПИСТОЛЕТ «ҚҰШАҚТАП» ЖАТАМЫЗ...
Жан деген тəтті. Жаны қышқыл, ештеңеден қорықпайтындар аз
шығар? Теледидарды қосып қалсаң, қорқынышты хабарлардан мұрның
бітеліп, кеңірдегің кеуіп, тынысың тарылып, жүрегің бір жаққа жүгіріп
кеткендей, көздерің домалап барып, есікке қыстырылып қалғандай
күй кешесің... «Пəленшені атып кетіпті, түгенше суға батып кетіпті,
пəленшелерді қарақшылар қырып салыпты, бір кемпірді он шал
зорлап кетіпті...» сияқты жаңалықтар жағаңды жыртып, тікенектердің
арасында тыржалаңаш жатқандай, денең түршігеді... Бір түні əйелім
екеуміз шошып ояндық. Дарбазамыздың есігін біреу тоқпақтап жатыр.
Дереу киініп, ойымда ештеңе жоқ: «Бұл кім?» деп сұрадым. «Қарным
аш. Бір кусок нан беріңізші» деген жылаңқы дауыс естілген соң, есікті
аша қойып едім, бет перде киген екі жігіт кіре сала қолымды қайырып,
жерге атып жыққаны!
—Ирелең көшесіндегі он үшінші үй осы ма?—деп сұрады бірі.
—И-ирелең көшесі, бірақ он бесінші үй...
—Үйде не бар?
—Тас жоқ...
—Кешіріңіз, біз шатасып кетіппіз...—деген екіншісі пистолетін
ышқырына қыстырып алып, қасындағысын сүйреп əкетті... Ал сол күні
ұйықтай алсақшы! Полиция шақырып едік, «Атқан жоқ па? Тірісіңдер
ғой? Онда неменеге барамыз?» деп келмей қойды... Бұрын əйеліміз
екеуміз не болса соған өкпелеп, теріс қарап жатушы едік, қазір сондай
керемет татумыз, құшақтасып қатып қаламыз... Қорқыныш та
махаббаттың «маздауына» əсер етеді екен. Бірдеңе қыбыр етсе,
жыбыр-жыбыр ете қаламыз. Ауылдағы əке-шешемнің қолында жүрген
екі баламызды ойлап уайымдадық. Екеуміз өліп кетсек, байғұс
балаларымыз жетім қалады-ау деп... Арада екі күн өткенде, шаңқай
түсте əйелім шыңғырып жіберді. Дарбазаның есігі ашық еді, бет перде
киген екі жігіт əйелімнің қолын қайырып, аузына баклашкадан айран
құйып жатыр! Жүгіріп келіп едім, бірі пистолетін шошаңдатып:
—Ирелең көшесіндегі 25-ші үй осы ма?—деп сұрады. Жыным келді.
—Немене пəлесіңдер? Неменеге шатасып келе бересіңдер? Өз күнімізді
əрең көріп жүргенімізде, сендерге немізді береміз? Байлардың үйіне
бата беріп шығарып салады деп пе едіңдер? Қандай
қарақшыларсыңдар өзі?—деп айқайлап кеп беріп едім, «кешіріңіздер,
шатасып кетіппіз..» деді де, қашып кетті. Полицияға хабарлап едік:
«Сіздерді əлі атқан жоқ па не? Тірі болсаңыздар бопты...» деп келмей
қойды. Сол күні балшы əйелге барып бал аштырдық. «Нашақор
қарақшылар болса, кедейсің бе, байсың ба, оған қарамайды, мың теңге
үшін де өлтіре салады. Сондықтан, дарбазаларыңыздың сыртына ақ
кірəскімен: «Битімізді сығып, қанын жалап отырмыз!» деп
хабарландыру жазып қойыңыздар...»—деп шығарып салды. Көршіміз
айтты, «Ең дауасы— газды пистолет сатып алыңыздар, кім болса да
атып саласыздар, көздері ашып, бес минутқа талып қалады...»— деді.
Əйеліме де, өзіме де екі пистолет сатып алдым.
Ит үрсе болды,
жастықтың астында жатқан пистолетімізді суырып алып, есік жаққа
кезенеміз. Жақыннан ғана ату керек екенінде, газы алысқа
жетпейтінінде жұмысымыз жоқ. Бір күні кешке дарбазаның есігі
қағылды. Əйелім екеуміз шпиондарша бұғып, бірде жер бауырлай
жылжып, бірде арқамызды түйістіріп, екеуміз екі жаққа қарап қойып,
есікті аштық та, атып салдық... Сөйтсек, көршіміздің əйелі екен, тұз
сұрап келген... Шыңғырып, шалқасынан түсті. Көздерінен жас парлап,
жер бауырлап жылағанда, өзіміз қосыла жыладық. Кешірім сұрап,
айлық алған күні бір қапшық тұз апарып беретін болып, əрең
құтылдық.
Бірақ пистолетімізді тастамадық... Қалай тастайық,
теледидарды қосып қалсаң, «пəлен деген кəсіпкердің үйіне
қарақшылық шабуыл жасап, бауыздап кетіпті, түген дегеннің үйін
өртеп жіберіпті...» деген сұмдық оқиғалар ойыңның ойранын
шығарады. Əнеу күнгі оқиғалардан кейін «шок» дейді ме, шоқ дейді ме,
жаман қорқып қалдық... Есігіміздің алдында есек жоқ болса да, өзімізді
миллионер кəсіпкердей сезініп, немесе арам ақшамен əбден байып
алған алаяқ адам секілді, үрейдің шарын үрлеумен күй кештік... Тағы
бір күні дарбазаны біреу ұрғылады. Ай –шай жоқ, есікті аштым да,
атып жібердім. Сөйтсем, өзіміздің құда екен... Інімнің қайын атасы...
Ұят болды... Одан кейін газ тексерушіні де атып салыппын... Атпаған
адамым жоқ... Қайтейік енді, мына қорқынышты қоғамда дірілдеп өмір
сүріп жатсақ... Түнде жатсақ, қойнымызда пистолет. Соны құшақтап,
сипалап, шүріппесінен сүйіп жатамыз... Құдай тыныштық берсін,
жұмыр басты пақырларына... Ойбай... Біреу есікті ұрып жатыр... Тс-с-с...
ЕСАЛАҢНЫҢ БИЗНЕСІ...
Жындыханадан ақша беріп, «жазылып шыққан» бір есалаң халыққа
қызмет көрсету орталығына келді.
—Бүгінге сəлеметсіз бе? Ертеңге де сəлеметсіз бе? Оның арғы күніне
сəлеметсіз бе?
—Кешіріңіз, не деп кеттіңіз?
—Ертең де, оның арғы күні де келетін шығармын, соған күні бұрын
сəлемдесіп жатқаным ғой...
—Ия, не шаруамен келдіңіз?—деп сұрады беті қуырылған бидайдай
қызыл шырайлы қыз.
—Бизнес ашайын деп едім.
—Қандай бизнес?
—Аштан өлтірмейтін...
—Құрылыс па? Əлде газет ашасыз ба?
—Аштан өлтірмейтін...
—Барлық бизнес аштан өлтірмейді, ағай...
—Аштан қатып қалмайтын бизенс ашқым келеді...
—Айтсаңызшы енді...
—Аштан қатырмайтын...
—Туу, ағай, ойнамаңызшы!
—Бизнесімнің аты— «Аштан қатырмайтын»...
—Бизнес жоспарыңыз?
—Аштан қатырмайтын...
—Ағай, менімен ойнап отырсыз ба, не?
—Бұл ерекше жоба. Аштан қатырмайды. Əлем бойынша мен ғана
ашайын деп отырмын! Мен ғана! РНН, сик, өлгенім туралы куəлігім
міне. Бизнесімді тіркеу құжаттарын дайындап беріңіздерші..
—Өлгеніңіз туралы куəлігі несі?
—Ə-ə, былтыр мені «өлтіріп» қойғансыздар. Жаңа куəлік аларда солай
жазып жіберіпсіздер...
—Жарайды, айтыңызшы, елде жоқ ол қандай бизнес?
Көктемде жыны қозатын есуас ыржалақтап, төмен қарады.
—Кешіріңіз, айтуға болмайды. Құпия.
—Құпия бизнес деген болмайды.
—Қаматып жібересіздер...
—Немене?
—Негізі қаматып жіберсеңіздер, өкінесіздер, мұндай бизнес əлемде
жоқ! Ия, ия, тіркелген, ашық түрі. Бəрі жасырын бизнеспен
айналысады! Шенеуніктер де! Көлеңкелі бизнес!
—Ешқайда хабарламаймын, айтып өлтіріңізші...
—Негізі мен бұл бизнесті жасап, рахатын көріп жатырмын. Аштан
өлтірмейді екен. Соны тіркетіп алайын деп...
—Айтасыз ба, жоқ па?
Есуас желкесін қасып, мұрнын шұқылады.
—«Жалған ақша жасау» ЖШС-ны ашайын деп едім... Үйде принтерім
бар. Бір миллион теңге басып шығардым. Нағыз ақшадан айыра
алмайсыз. Кедей-кепшіктерге жүз мыңнан үлестіріп жатырмын. Олар
маған айран, сүт, тіпті ет асып беріп жатыр... Сізге қанша берейін?
Миллион? Миллиард?
Ақшадан аумайтын бір бума ақшаны көргенде, қызметші қыз талып
қалды...
ӨРТКЕ АҚША ТӨЛЕҢІЗДЕР!
Құдай басқа салмасын, дүниеде не жаман? Өрт жаман. Шырт ұйқыда
жатқанда үйіңіз өртеніп жатса, сумаңдаған жалын ақырын келіп:
«Ағай, тұрыңыз, мен өртпін ғой?» деп ескертпейді ,ғой. Өрт демекші,
бір күні біздің бес қабатты үйдің үшінші қабатынан өрт шықты. Балашағамызбен далаға атып шықтық. Түн ішінде трусишең, мəйкішең
шығып кеткен еркектер де жүр. Ұйқы қашып кеткен. Жұрт абдырып,
өрт сөндірушілерге хабар беріп жатты. Жарты сағаттан кейін өрт
сөндірушілер келді. Бірақ, бəрі машиналарынан шықпай отыр. Мұндай
«қызықты» бірінші көрген жұрт өрт сөндірушілердің машиналарын
төңкеріп жібере жаздады.
—Неге өртті сөндірмейсіңдер?
—Неғып тұрсыңдар?
—Қонаққа келдіңдер ме, немене?
—Өй, болсаңдаршы!
Өрт сөндірушілердің бастығы ма деймін, ырғалып-жырғалып:
—Су жоқ,—деді.
—Су жоғы қалай?
—Сол, Алматыда су жоқ.
—Онда неменеге келдіңдер?
—Жəй, əшейін...
—Өртті түкіріп сөндіремісіңдер? Ұятсыздар! Бетсіздер! Адам өртеніп
кетсе, обалдары сендерге!
—Бізді қарғай көрмеңіздер,—деп қалды əлгі басекең,—су басқармасы
су бермей қойды...
—Неге?
—Судың ақшасын төлеңіздер дейді...
—Масқара! Сіздерге де су сатылады ма, не?
—Енді.. Солай болып тұр... Пəленбай мың теңге қарыз екенбіз.
Министріміздің өзі «бір тиын төлесек, төңкеріліп қалайық!» деді...
—Бірдеңе етсеңіздерші, ойбай! Үйіміз жанып жатыр ғой!
—Өртке ақша төлесеңіздер, сөндіреміз...
—Немене?
—Енді...бəрі ақылы дүние ғой...
Жұртта ес қалмады. Бəрі жылап- еңіреп, көз жастарын шелекке
төгіп, оны өртке шашып жатты... Тіпті жас балаларды күштеп шелекке
дəрет сындырғызып жатты... Көп түкірсе көл деген сөз де рас екен.
«Тфу, беттерің құрысын! Қоғам қайда бара жатыр?» деп түңілген
халық бір мезгілде түкіріп еді, əп-сəтте көл пайда бола кетті. Өрт
сөндірушілер тегін көлден су сорып алып, өртті сөндіруге кірісті...
Қайран қазағым-ай, бұ сорлы қазақ не көрмеген қазақ?
СОҢҒЫ РЕТ СҮЙІСЕЙІКШІ...
Бір күні Ресей
президенті Владимир Путин өзінің құдай қоса
салған қосағы Людмиламен ажырасатынын, бұдан былай бірге
отырып кофе ішпейтінін айқайлап айта салды. Жұрттың көзінше...
Людмила да ажырасатындарын қуанышпен жеткізді... Осыны естіген
соң, еңсемді есек тепкендей, миып тал түсте күнге кепкендей, мəңгіріп
тұрдым да, əйелімнен:
—Президент ажырасып жатқанда, біз содан кембіз бе? Давай,
ажырасайық?—деп сұрадым.
Əйелімнің көздері жерге домалап
түспесе де, аузы ашылып, «ерлі-зайыпты» екі шыбын кіріп шықты.
—Тыныштық па?
—Ресейге еліктемейміз бе?
—Не үшін?
—Ойбай-ау, Ресей президенті Путин мен
ажырасатындарын қуынышпен мəлімдеді ғой?
əйелі
Людмила
—Сен президент емессің ғой...
—Неге? «Көлеңкелі бизнес» ЖШС-нің президентімін!
—Ажырассақ, ажырасайық, соны мен де саған айта алмай жүр едім,
жаным!
—Күнім менің! Қимасым менің! Жартым менің! Мен де айта алмай,
аузыма жара шығып жүр еді ғой...
—Қалай ажырасамыз?
—Как қалай? Жариялы түрде...
—Айқайлап ажырасамыз ба сонда?
—Əрине! Жұрт білсін, біздің Путиннен кем емес екенімізді! Орыс не
істесе, қазекемнің соны қайталайтынын білсін!
Осылай дедім де, əйелімді жетелеп, өмірімізде бармаған театрға
келдік. «Мен ішпеген у қалмады...» ма, «Мен у ішейін деп едім,
қалдырмағансыңдар ма?..» дейді ме, əйтеуір сондай бір «пьесаға»
кірдік... Шымылдық ашылғаннан, əйелім екеуміз сахнаға жүгіріп
шығып:
—Уа, халайық! Біз ажырасайық деп жатырмыз! Біз бақыттымыз! Біз
Қуаныштымыз! Біз Путинмен біргеміз!—деп салдым. Əйелім де
міңгірлеп:
—Құдай қаласа, ажырасамыз...—деді. Көрермендер ысқырып, айқайлап
кетті.
—Ресейде басың, немесе, қатының қалсын!
—Мемлекет отбасынан басталады, Путиніңді шайнап, басыңа жаға сал!
—Мынау облыстық мəслихаттың депутаты Шіренген Қақиғанов емес
пе?
Бізді театр директоры жетелеп алып кетті.
—Сізге ұят болады. Сіз анау мынау адам емессіз, атақты кəсіпкерсіз,
депутатсыз...
—Не, мен адам емеспін бе? Ажырассақ, аяғымыз өріліп қалады ма?—
дедім мен.
—Қуанышымызды көре алмайсыздар! Ажырасамыз!—деді əйелімнің
бақыттан басы айналып. Содан əйелім екеуміз облыстық
«телевизорға» тарттық. «Жарқын болашағымыз үшін ажырасатын
болдық! Жаңа жартымды тапқанымша, қазіргі əйелім «Əйел міндетін
уақытша атқарушы» болып қала береді!» деп сылқылдата сұхбат
бердім. «Тесік моншақ асфальтта жатпайды, машина мыжып кетеді...
Мен де жартымды табамын!» деді əйелімнің көздері жайнап кетіп.
«Телевизордан» шыққан соң əйелім:
—Жаным, соңғы рет енеммен қоштасып шығайыншы,—деді. Көңілін
қимай, шешемнің үйіне келдік. Ұрсып беретін шығар деп ойлап келген
едім, шешем келінінің маңдайынан сүйіп:
—Тіфə, тіфə, тіл аузым тасқа, өткен жылғыдай қайтып келіп жүрме!
Алды артыңа топырақ!—деп жылап қалды.
—Соңғы рет ұрысайықшы...—дедім мен үздігіп. Көшеде келе жатып, ал
айқайласайық. «Менің бүкіл қылмысымды, облыс əкімімен ауыз
жаласқанымды, наша сатумен айналысатынымды» жайып салды. Мен
де қарап қалған жоқпын, пистолетімді суырып алып, əйелімнің
көлеңкесін атып салдым. Үйге келген соң соңғы рет бір-бірімізге
мөлдірей, үзіле, үздіге қарадық. Ойпырмай, ақша, доллар деп жүріп,
қалай байқамағанмын, əйелім əжептеуір сұлу екен ғой. Ол да таң қалып
жатыр, жаңа танысып жатқандай, атымды сұрады. Ұмытып кетіпті...
«Бəке, бəке...» дей берген соң...
Бір кезде əйелім жыламсырап:
—Хош, менің он екі гүлімнің бəрін ашып, қуратып жіберген күйеуім
менің! Соңғы рет сүйісейікші...—деді.
Бес тонна бақыттың астында мыжылып қалғандай, басым айналып,
соңғы рет сүйістік... Күндіз... Кенет əйелім басын жұлып алып:
—Жоқ, ажыраспаймыз!—деді.
—Неге?—деппін...
—Ұйықтап жатқан махаббатым оянып кетті...
—Ойбай оятпа, ұйықтай берсін де...
Əйелім мені жерден көтеріп алып, дөңгеленіп билей жөнелді...
Бақыттан басым айналып барады... Құрысыншы, Путин-ақ ажыраса
берсінші...
ХАЛҚЫМНАН ЕШТЕҢЕ ЖАСЫРМАЙМЫН...
Мен сіздерге аузымды ашайын, арғы жағынан жүрегімнің ұшы
көрінеді. Ақкөңіл əкіммін ғой. Халықтан ештеңемді жасырмаймын:
2012 жылғы жылдық табысымды жариялар болсам, еңіреп жылағым
келеді. Ал, облыс əкіміне еңіреп жылауға болмайды ғой... Президент
ұрсады. Сонда да, тасбақаның жұмыртқасындай ғана табысымды ашық
айтайыншы... Сіздер таң қалмаңыздар!
2012 жылы айлық жалақыларымнан тентек тиын да жаратпадым.
Халқым үшін, елім үшін тегін жұмыс істедім. Айлық жалақыларымды
айдаладағы Швейцариядағы əйелімнің шешесінің атындағы есеп
шотқа төңкеріп отырдым. Ал, ене деген кім? Ене деген кене... Өзіңе
кенедей жабысып алатыны болмаса, ол күйеулер үшін бөтен адам.
Сондықтан, қайдағы бір бөтен адамға жылдар бойы қайырымдылық
жасаумен келемін... Енемнің есеп шотына өткен жылы ғана небəрі
жиырма миллион отыз екі тиын аударыппын...
Мен еліміздегі əкімдердің арасында ең кедей тұратын шенеуніктің
бірімін. Негізі кедей тұрғанды жақсы көремін. Денсаулығым да
жақсарып келеді. Жеке басымда қымбат көліктер атымен жоқ.
Əкімшілікке велосипедпен барып жүрмін. Оның да алдыңғы
дөңгелегінің кəмірі тесік... Қымбат көлікті ұлым мен қыздарым мініп
жүр. «Қайдан табыс табатындарына» таң қалып жүрмін. Менен бай
тұрады. Өз басымда жеке коттедж деген атымен жоқ. Əйелімнің үйінде
тұрып келе жатқанмын. Бір басында бес пəтері болса да, маған біреуін
де қимады ғой... Бəрін ұл-қыздарымызға таратып бере салды!
«Қойныңдағы қатының—шпионың...» деген рас екен. Қазір əйелім
екеуміз бір өзбектің жаман сарайын жалға алып тұрамыз... Айына
отыз мың теңгені əрең төлеймін. Ал, туыстарым мен қайдағы бір бөтен
енемнің атында Астанада, Алматыда, Дубайда, Анкарада виллалары
бар. «Қайдан байып кетіп жатқандарын» ойлағым да келмейді...
Өйткені, мен қара халықтан шыққан шенеунікпін. Кедейліктің,
аштықтың қадірін бір кісідей білемін... Өйткені, ұйқыға жатқаннан,
таңертеңге дейін нəр татпаймын ғой! Президент алдында есеп
бергенде, «жемқор емес екен» деп ойласын деп, аш адам сияқты
бұратылып, қиналып, «нан... бір үзім нан...» деп күбірлеп тұрдым...
Үйде не жейді дейсіздер ме? Міне, менің тамақ мəзірім мынадай:
1. Таңертең бір стақан су.
2. Түсте вермишелден қуырылған нан палау.
3. Түс жарымда сағыз шайнау...
4. Кешке нанға маргарин май жағып жей саламын...
Осындай кедейшілікте өмір сүріп жатырмын. Байып кетейін
десем, қара халықтан ұяламын. Хақымды сұмдық жақсы көремін.
Солар ішіп-жесінші, солар семірсінші... Кеше айнаға қарадым...
Қарным қампиып, ернім салпиып, жаман семіріп кетіппін... Адам
деген аш болса да, семіріп кетеді екен ғой... Осының бəріне əйелім
шыдап жүр.
Қайырымды адамдарға рахмет! Бейшара халімді көріп, мецанат
кəсіпкерлер қалтама ай сайын отыз-қырық мың доллардан салып
кетеді... Қалтам бос болмасын дегені ғой. Жаман ырым екен,
қалтаңның бос жүргені... Мен олардан түскен табысты бас
пайдама жаратып көрген емеспін... Ұлтшылдығым да бар, дереу
долларды ұлттық теңгемізге айналдырып, қызымның күйеуіне
бере саламын. Өздеріңіз білесіздер,. Күйеубала да əлімсақтан
дұшпан. «Күйеу дұшпан» деп жатамыз. Дұшпан екені рас, берген
ақшамды көзімше санап алады ғой...
Қайран халқым! Менің жылдық табысымды есепетесеңіздер,
жылайсыздар! Күн көруім қиындап барады... Ет жемегелі қашан!
Ылғи қонақта жейміз. Бөтен үйдің етін өз үйіңнің етіндей емінеркін жей алмайды екенсің! Өз үйің, өз вермишеліңе не жетсін,
шіркін!
Менің орынбасарларым да өзіме ұқсаған. Бірінші орынбасарым
Түкбілмес Отырғановты көрсем, көзіме мөлтілдеп жас келеді...
Туфлиінің өкшесі қисайып кеткен, қисаңдап жүреді...Шалбарының
тізесін жамап алған... Аппарат басшысы Аңқылдақ Аңдамасовтың
мəйкісінің жеңі жоқ... Костюмі киіттен қайтқан ескі киім... Қашан
көрсең, қарыз сұрап жүргені! Кешіріңіздер, көңілімнің кейбір болттары
босап кеттті... Кешіріңіздер...
ШЫНДЫҚТЫҢ ЖАНАЗАСЫ...
Қазақстанда Шындық қайтыс болды... Кеше атып кетті...
Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар
министрі, Баққұмар министрі, əртіс депутаттар, кландар мен
жыландар келді. Шындықтың жаназасына...
Халық көп жиналды.
—Шындықсыз қалай ел боламыз?—деп Өтірік министрі қорсылдап
жылады...
—Талай сорақыны халықтан жасырған елміз, соның бəрін Шындық
жарияға жар салып жүруші еді, енді қайттік?—деп Жағымпаздар
министрі Өтірік министрін жағымпаздана құшақтап, сұқ саусағымен
тілін жалап, көзінің айналасын сулап қойды...
—Хош, Шындық аға!
—Топырағың торқа, ішкенің виски, жегенің тауық грилі болсын!
Молда Шындықтың жаназасын шығара бастады. Нөпір халықтың
алдына шыққан Өтірік пен Жағымпаздар, Мафия мен Намыссыздар
министрлері мен əртіс депутаттар қаздай тізіліп, бəрі портфельдерін
қолтықтарына қысып алып, шіреніп тұра қалысты. Бастарын төмен
салбыратып тұрудың орнына, қасқайып, шалқайып кетті... Бұлар
өлмейтіндей... Молда Шындық ағайдың жаназасын шығарып жатыр,
əне екі қолын құлақтарына апарды. О, тоба, Мафия министрі
пистолетін шығарып, сонысымен құлағын қасыды. Өтірік министрі
Елбасыға жалған ақпарат беріп үйреніп қалған ғой, əлдекімге ұялы
телефонымен өтірік ақпарат беріп жатты... Таққұмар министрі
креслода отыр...
Бір кезде молда басын оң жаққа, сосын сол жаққа қисайтып еді,
əлгілердің мойындары бұрылмай қалды. Мойындары сіресіп, қатып
қалған... Шындыққа бұрылмайтын мойындар...
—Уа, еліміздің қаймақтары мен жаймақтары!—деді молда
Шындықтың жаназасын шығарып болған соң,—Шындық қандай адам
еді?
—«Мощный» адам еді!—деді шала қазақ біреу міңгірлеп.
—Айтқаны «точный» адам еді!—деді алыстау тұрып, аузын баса
қойған Жалтақ деген ақсақал.
—Өтірік айтпаңдар!—деп қалды Өтірік министрі галстугын қозғап
қойып.
—Қылда несі бар десейші? Іші пысып, қара қылды қақ жарып отырушы
еді жарықтық...
—Айтатыны: «Аққа құдай жақ»...
—Талай саяси қылмыстардың бетін ашып, көп еңбек етті халыққа...
—Обал-ай, обал...-деп жалған жылады Жағымпаз министрі жанжағына жалтақтай қарап,—біздің партияға мүше болғанда ғой, өлмес
пе еді...
Билік дəлізінің жердегі «құдайлары» шулап кетіп еді, молда қолын
көтерді:
—Айтыңыздаршы, Шындықтың сіздерге қарызы бар ма еді? Өзі жоқ
болса да мұнда халық бар. Көп болып...
Министрлер жамырап кетті.
—Маған екі миллион теңге қарыз!
—Маған 370 миллион доллар қарыз!
—Маған қарыз болайын деп жүрген...
Бір кезде табытта жатқан Шындық басын көтерді. Өлікті тірілтетін
өтірікке жаны шыдамаса керек. Ол ешкімге қарыз емес еді. Сол-ақ екен,
əлгінде ғана шырт түкіріп, шіреніп тұрғандар тым-тырақай қаша
жөнелді...
«О, ШЕШЕҢ...»
—Бізде идеология бар ма?—деп айқайлады бір қазақ тау ішіндегі
жартасқа келіп.
—Идео да бар, логия да бар!—деді жартас жаңғырып.
Қазақ қатыр-құтыр бірдеңе жеп тұрғандай, аузы-басын қисаңдатып
барып, қалшиды да қалды. Негізі, жартас жаңғырығы сөзіңді сөзбе-сөз
қайталайтын емес пе еді?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.