Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 04

Total number of words is 3695
Total number of unique words is 2014
32.3 of words are in the 2000 most common words
45.0 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
—Бізде идеология бар ма?—деп сұрады ол қорқа сөйлеп.
—Базарда бар, арба айдаған қазақтар!—деген жаңғырық шықты.
Ол жұтынып, таң қалды. Талып қалайын десе, бетіне су бүркетін
ешкім жоқ болған соң, шыдап тұра берді.
—Бізде идеология бар ма?—деп сұрады ол сосын.
—Мафия идеологиясы өркендеп келеді!
—Бізде идеология бар ма?
—Жемқорстан идеологиясы лапылдап жанып, халықты бытыр-бытыр
жандырып келеді!
—Бізде идео...
—Бізде «идиоттар» да бар!
—Бізде иди...
—Бізде «иди» де, «сиди» де бар!
—Бізде...
—Бізде бəрі бар!
—Біз...
—Бізде етік тігетін біз де бар, сызылатын сіз де бар...
—Айқайлап айтайын: бізде идеология бар ма?
—Намыссыз қазақтар идеологиясы бар! Қыздары Қытайға, негрге тиіп
жатса «Қызыл өрікке» билей кететін...
—Бар дауысыммен айқайлап
идеология бар ма деймін?
айтамын:
бізде
иреңология,
ой,
—Ойбай, бар, бар! Қазақтары ішіп-жеп, шетелге қашатын идеология
бар!
—Бізде патриоттық идеология бар ма?
—Бар, бар! Əн ұранды шатастырып алатын, көк байрағымыздан
қапшық жасап алатын идеологиямыз бар!
—Е-е-ей, жаңғырық мырза, бізде идеология бар ма?
—Айқайлама! Керең жаңғырық
миссионерлердің идеологиясы бар!
емеспін!
Біліп
қой,
дини
—Кешіріңіз...
—Сіз де кешіріңіз...
—Ойбай...
—Өзің ойбай...
—Е-е-ей!
—Бəле-ей...
—Қойсай...
—Өзің қойсай!
—Жаңғырық! Сенің үстіңнен үкіметке « О-о—о! Е-е-е-е! Ө-ө-ө-ө!» деп
жаңғырмайды» деген арыз жазамын!
—Бəрібір даусың үкіметке жетпейді!
—Сыбырлап айтайын: Бізде идеология жоқ қой ия?—деді қазақ аузын
қолымен көлегейлеп.
—Сыбырламай-ақ қой, бізде тəуелсіздік алғалы дүние бөліс, ақша бөліс,
байлық бөліс идеологиясы жүріп жатыр!
—Жаңғырық мырза...
—Мен мырза емеспін.
—Енді кімсіз?
—Халық жаңғырығымын. Ясно?
—Ойбай, «ясно?» деп орысша сөйлеп кеткеніңіз қалай?
—Мен емес оны айтқан.
—Енді кім?
—Қасымдағы «Эхо» деген досым ғой. Орыс жаңғырығы.
—Оның жаңғырығы күшті шығады екен!
—Сосын ғой, биліктегі қазақтар «орыс тілділер идеологиясын»
құшақтап, аймалап, сүйіп, бірге «жатып» жүргені...
—Жаңғырық ағай, о заман да бұ заман жаңғырық жауап қайтармаушы
еді...
—«Баяғы –жартас—сол жартас» деген сөзден намыстанып кеттік!
Жүдə, тоты құс сияқты сөздеріңді қайталай бергенге мəз болып
кеттіңдер!
Біздің өз идеологиямыз бар!
—Ойбай, ол қандай идеология?
—Жартасқа соғылған жал толқындарға езілмеу, шымшықтар ұя салып,
шұрық тесік етіп тастады деп егілмеу, бір күні бұрқ етіп құламау, кім
көрінгенге құшақ жайып, арзан атақ, мансап сұрамау...
—Сау бол, жаңғырық бауырым!—деген қазақ бұрылып кете беріп еді,
жартас үңгірінен сопаң етіп шыға келген бір дипломды маскүнем қазақ
қисалаңдап тұрып алды:
—Əй, тоқташы! Тоқта деймін! Жаңағы сөздердің бəрін «жаңғырық»
болып айтып тұрған мен едім, аузым кеуіп кетті, жүз грамың бар ма?
—Бұл да біздің «Арақ-2030 идеологиясы» Жартастарға дейін арақ
ішеді...—деген қазақ артына бұрылып қарамастан, «о, шешең...» деп
балағаттап, өзінің боқтампаз идеологиясымен «рухтанып» бара жатты.
КЕМПІР «КЕЛІН»
Біздің ауылда жалғыз басты шал тұратын. Өмірінде үйленіп көрген
емес. Жасы жетпістен сырғанап бара жатқан сол ақсақал бір күні маған
қисаңдап келді.
—Əй балам, машинаң жүріп тұр ма?
—Жүріп тұр...
—Итің үріп тұр ма?
—Үріп тұр.
—Қалаға барып, қыз-кемпірге жолығып қайтсам ба деп едім...
—Қыз кемпіріңізді түсінсем, тіліме теріскен шықсын ақсақал...
—Е, шырағым, «сібідəниеге» апарып келсең деймін. Ақшаңды берем,
бензиніңді құям...
Шалдың шашынан сипалап, бетінен иіскедім де:
—Ата, көкнəр ішіп алған жоқсыз ба?—деп сұрадым.
—Ойбай атама!
—Енді... «сібідəние» деген сөзіңіз жерде жалпайып жата ма?
—Былай ғой. «Қыз- кемпір» деп жатқаным, баяғыда-а-а ғашық болған
бір қызды ұмыта алмай жүр едім... Қазір жасы жетпіс екіде. Əлі қыз.
Былай ғой, неменеге күлесің-ей, өмірінде күйеудің құшағын көрмей,
кəрі қыз еді, енді кəрі кемпір болды. Сол «қыз-кемпірді» алып қашсақ...
—Ата, ниетіңіз бұзық екен, дегенмен, қызық екен. Қазіргі жастар бір
көргеннен «ұната» салады да, махаббатын қызға қарай «құлата»
салады да, дереу алып қашады. Қыздың бас бостандығына, адами
құқығына түкірмейді де. Ал сіз болсаңыз, жастарға ақыл айтудың
орнына...
Шал шамдана ма десем, кəдімгідей қамданып отыр. Жымың-жымың
етеді.
—Баяғыда-а-а-а, жас кезімде ол қызды бір көргеннен ғашық болдым.
Бірақ оның жүрегі быламық па білмеймін, маған келгенде былжыра-ап
кетеді. Ұнатпайды. Күрек тістерің қисық дейді, көздерің қысық дейді,
бұтың талтақ, басың қалтақ, мінезің түйедей, бетің қап-қара күйедей
дейді ме, жолатпады əйтеуір. Ол кезде қазіргідей қалта телефон жоқ,
шарбағының қасына барып ысқырдым. Ол ышқынып шыға келді. «Не?
Не? Не?» дейді. «Бірдеңе айтам...» деп мен де қоймаймын, қойшы не
керек, досым екеуміз, ұмытпасам, 1960 жылдың жазы еді ғой деймін,
телешкелі трактормен алып қашқанмын.
—Ия, сосын не болды?
—Не болушы еді? Кеңес дəуірі еді, «кеңкелеске тимеймін, əке-шешесіне
келін болып, басымды имеймін!» деген соң, сотталып кете бардым. Бес
жылға!
—Одан кейін үйленбедіңіз бе?
—Түрмеден келген соң, үйден бір кесе айран сіміріп салдым да, қызды
ысқырып шақырып алдым. «Не? Не? Не?» деп жетіп келді ол. «Бірдеңе
айтамын...» дедім де, қызды есек арбамен алып қаштым...
—Көнді ме?
—Көнсе, өлгені ғой деймін, тағы төрт жылға сотталып кеттім...
Түрмедегілерге танымал болып қалдым, құдасы келгендей құшақтап
қарсы алады...
—«Одналюбь» екенсіз де...
—Білмеймін, сол қыздан басқа жер бетіндегі қыздардың бəрі «қойға»
айналып кеткендей, махаббаттың майын жалап, жүріп жаттым.
—Аты кім еді, сұлуыңыздың?
—Ұстатпасбике.
—Ерекше ат екен.
—Шырағым, түрмеден келген соң...
—Айран сіміріп алдыңыз да...
—Жоқ, боза ішіп алдым да, ұмытпасам 1969 жылдың күзі еді, егін
жиналып жатқан, ысқырдым да, алып қаштым.
—Сіз ысқырсаңыз, қыз атып шыға береді екен де.
—Білмеймін, ысқырсам болды «Не? Не? Не?» деп жетіп келетіні бар.
Көнбей қойды. Тағы бес жылға сотталып кеттім.
—Сізге жүдə обал болған екен.
—Ия, сұмдық ғашық болдым ғой! Мен оның шұлығын ұрлап алып,
түнімен иіскеп жататынмын.
—Маньяк емессіз бе, ата?
—Ол кезде коньяк ішкен емеспін. Сол қызды ешкім алмады ақыры...
Қазіргі жастарға қайран қаламын, «жедел жəрдем» махаббат болады
да, арты «пожарный» махаббатқа ұласып жатады. Сендер есеппен
үйленесіңдер. Қазіргі қыздарда қасиет қалмады... Сауналарда
сайрандап жүріп алады да, түк болмағандай, бір мықты жігіттің басын
айналдырып, тиіп алады.
—Ата, қазіргі жастарды қойыңызшы, сонымен маған не демекшісіз?—
деп сұрадым мен. Шал шашын тарап, сақалын өріп қойды.
—Сол Ұстатпасбике қалада бір өзі тұрады екен.Ұстатпай жүрген
махаббатым менің! Кеше түсіме кірді. «Не? Не? Не?» деуші еді ғой,
«Кел, кел, кел!» деп қол бұлғайды ма...
—Алып қашқыңыз келеді ғой?
—Ия шырағым... Жалғыздық жыртыңдап жанымнан қалмайды... Енді
көнетін шығар?..
—Базар жоқ...—дедім мен.
—Базарға бармаймыз, тіке тартамыз!
—Бопты.
«Мерседесіме» көрші ақсақалды отырғызып алып, қалаға тартып
кеттім... Құдайым-ау, кездесулері жүдə қызық болды. «Қыз кемпір»
өтірік мүлəйімсіп: «Қайтыс болып кеткен шешем жібермей жатыр»
дейді ме, «Қиял əлеміне» барып, қыдырайық дейді ме... Əрең шықты.
Шыға салып: «Не? Не? Не?» деді. Атамыз: «Бірдеңе айтайын ...» деп
қипақтады. Содан кемпірді алып қаштық... «Біздің ауылдағы гəпке
барамыз...» деп алдады ақсақал. Үйге келсек, ақсақалдың ағайындары,
тірі кластас ақсақалдар отыр екен, «Кəрі құсың құтты болсын!» десіп
жатты. Бір жеңгесі кемпір келінге ақ жаулық жапты. Абысындары:
«Отырған кемпір орнын табар» деген, екі жарты бір бүтін болыңдар!
Өлсеңдер, бірге көмеміз...» деп ақыл айтты. Кенет кемпір келіннің
көздері жайнап кетіп: «Өлə-ə, ақыры көніп қалдым-ей... Жас күніңде
ойна да күл деген... Енді шəй құйып беруге жарасам болды да...» деп
бетін шымшыды... Ал, атамыздың қуанышында шек жоқ! Қайта қайта
насыбай ата береді. Бүгін біздің ауылда беташар! Келіңіздер, белін
бүгіп есік алдын сыпырып жүрген кемпір «келінді» көріңіздер!
ҚЫЗДАРҒА «БЛАТНОЙ» БАТА
Ақша табудың мың сан жолы бар екен. Есінеп, ерігіп отыра берсең,
ешкім саған көк тиын əкеліп бермейді. «Есектің артын жу да ақша тап»
дейді қазекем. Ой, айтады екен де! Жүреді екенмін де, есек біткеннің
артын парошокпен жуып... Жарайды, мен сіздерге бір қызық айтайын,
базарға барып, қыз-келіншектерге ақылы бата беретін болдым- ей.
Кеше секен сегіз теңге таптым, 20 теңгесіне əжетханаға бардым, елу
теңгеге су іштім, 18 теңге автобусқа жетпей қалды да, жаяу қайттым.
Мейлі, күн көріс керек, енді қыздарға арналған батамды жарнамалап
жіберейінші:
Мен жақтырмайтын қыздарға қыздарға бата:
... Я Алла, жүрген жерің асфальт болса да, шөп шықсын, кездесуге
барсаң, жігіттерің көп шықсын, махаббатың көп сериялы болсын,
етегің ақшаға толсын! Үнемі сағыз шайнап жүр, ыржалақтап, жайнап
жүр, біреу тиіссе, самауырдай қайнап жүр!
Фигураң банандай
болмасын, құрбың жігітіңді тартып алса, екі дүниеде оңбасын!
Аспаның үнемі ашық болсын, хатшы қыз болсаң, шеф өзіңе өлердей
ғашық болсын! Туфлиіңнің шпилкасы биік болсын, өсегің желмен
жарысқан киік болсын, Төс тартарың қысып тұрсын, алаяқ болсаң,
бағың жанып, тұла бойың ысып тұрсын, бетіңде ұят жоқ болса да, оқтатекте қышып тұрсын, тамақты тойып іш, сыраны басыңа қойып іш...
Шашың түссе, басыңда парик болсын, миың жоқ болса, 99 шарик
болсын!
Мен жақтыратын қыздарға бата: Я алла, өмірің гүлдей жайнасын,
шəй қойсаң, тезірек қайнасын, тезірек бақытыңды тауып ал, кешке
көшеге шықпа, есігіңді жауып ал! Өзіңе жаманшылық жетпесін,
қасыңнан періштелер кетпесін! Аспаның ашық болсын, өзіңді көрген
жігіт «сыразым» ғашық болсын! «Модный» көйлектерің жүз болсын,
тұрмысқа шығар мезгілің күз болсын! Шашың өсіп, келесі үйге жетсін,
пəле-жала өзімен кетсін... Жүрегің ақ болсын, кофтаң өзіңе шақ болсын!
Бағың жанып, жұлдызың жарқырасын, көре алмайтын құрбыларың
сібірде жүргендей қалтырасын! Қателеспе, қадамыңды анық бас,
жігітіңе айтарым: ертең кешке осы қызды алып қаш! Əумин!
«СЕН ШЫҚ, ЖОҚ, ӨЗІҢ ШЫҚ!»
Тақырбас деген сөзді бəріңіз білесіздер. Тақыр кедей деген де болады.
Есігінің алдында тырақайлап қашып жүретін тышқаны да жоқ
Терекбайдың əйелі перзентханада жатқанына жеті күні болды,
босанар емес. Акушерлер пышақтарын қайрап, дəрілерін сайлап,
сақадай сай тұрғанымен, «кесерова» деген пəлемен қарнын жарып
алмақ болып жақындағаннан, ана жатыры жақтан:
—Түк білмес топастар!
—Анамыздың қарнын тілмеңдер!
—Өзіміз шығамыз ғой!
—Бір-екі күн күте тұрсаңдар өлесіңдер ме?
жатырмыз ғой!
«Разборка» жасап
—«Кесеровада» бастарың қалсын!—деген дауыстар жамырай
шыққанда, шайтанның өзі шалқасынан түсіп, талып қалатындай
еді.Сонымен, жас ана жатырына жайғасқан қызыл шақалақтар бесеу
еді. Бесеуінің де ұнжырғалары түсіп кеткен.
—Ары жатшы,—деді бірі қысылыңқырап.
—Өзің аяғыңды ары тартшы...
—Осылай жата-а-а береміз бе?
—Өмірге шыққанда не көреміз дейсің? Əке-шешеміздің үйі тап-тар. Бір
бөлмелі үй. Оның өзін жалдап отыр. Өзбектің тауық қорасы екен...
—Министрлердің Астанада жасырын пəтерлері көп дейді ғой...—деп
қалды бір көзін сығырайта ашқан бесінші шақалақ.
—Бауырлар, Түркияда ереуіл болып жатыр дейді!—деген екінші
шақалақтың басынша үшінші шақалақ қолымен сарт еткізіп ұрып
жіберіп:.
—Саясатта басың қалсын!—деді.
—Жəй, кейін Түркияға елші болып барсам дегенім ғой...—деп бұртиды
анау,—бəрін бүлдіріп, елге іріткі салып отырған Америка саясаты!
—Ө-өй, саясатты қойыңдаршы, одан да, ішкі саясатымызды оңдырып
алайық та!—деген төртінші қыз шақалақ кіндік ішегін домбыра
сияқты тарта бастады,—діңгіл, діңгіл...
—Анамыз шошқа етін жеп жатыр.
—Шұжық қой. Өтіріктен сыртына «халал» деп жазып, халықты алдап
жүрген көңбас кəсіпкерлердің шұжығын жеп жатыр!
—Осыдан жарық дүниеге шығайыншы...
—Ия?
—Патриот болып өсемін! Қазағым үшін күресемін! Ана тілім үшін
күресемін!
—Шіркін, бір –бір кішігірім көк байлағымызды ұстап шықсақ, мына
жалған жарық дүниеге!
—Ойбай, жарық дүниеде жалған патриоттар жыртылып айырылады!
—Жалған патриот болғым келмейді!
—Əшейін, ойнап айтамын...
—Біз көретін жарық дүние онша қызық емес дейді... Қараңдаршы,
Қазақстанда қытайлар қаптап жүр. Əпкелеріміз қара қытайларға тиіп...
—Тсс...
—Немене?
—Сырттан естіп тұрмын. Дəрігерлер біздің əрқайсымызды үш мың
доллардан сатпақшы... Анамыз көнбей жатыр.
Қызыл шақалар тым-тырыс бола қалды. Қорыққандарынан бірін-бірі
құшақтап, көздерін жұмды.
—Үлкендердің ішінде арамдары көп екен...—деп сыбырлады бірінші
шақалақ.
—Сосын ғой, кейбір ағалардың: «Сəби болғым келеді, сəби болғым!»
деп əндететіні,—деп əндете сөйледі екіншісі.
—Ақырын,—деді үшіншісі,—не, сен Қайрат Нұртассың ба? Сахнада
емес, жатырда жатырсың ғо...
—Ішім пысып кетті, далаға шығайық та...
—Мəз болармыз! Анамыз аш, емшек еміп те жарытпаспыз...
—Ержеткен соң, үйлене де алмайтын шығармыз,—деп қалды мұңайған
бесінші шақалақ.
—Неге?
—Аш-жалаңашпыз. Баспанамыз да жоқ.
—Осы бай миллиардерлерде неге патриоттық сезім жоқ? Үйлене
алмай жүрген ағаларымызға демеуші болып, « қалың малын» төлеп,
«өкіл əке», «өкіл аға» болып жатса ғой...
Олар тым-тырыс.
—Неге үндемейсің?—деді бірінші шақалақ екінші шақалақтан.
—Шіркін, менің кіндігімді əкім кессе. Бершей Ырысыжоқов ағам...
—Жындысың ба? Ол кісі ішіп-жеп, тырсиып, ырсиып алып, шетелге
қашып кеткен дейді,—деп қалды екінші.
—Айтпақшы, сенің руың кім?—деп сұрады үшіншісі.
—Əне қазақ осы, бір жатырда жатып, жүзге, руға бөлінеді... Біз
«Қазақия» руынанбыз!
—Ойбай-иии...
—Не?
—Толғақтың дəрісін берді-ау деймін, анамызға...
—Қумашы...
—Шын айтамын, жарық дүниеге шыққым келіп барады.
—Онда баста...
—Өзің басташы...
—Шықсай?
—Өзің шық...
Олар жарық дүниеде жапа-тармағай жылап жатты...
МҰРТЫМ «ГҮЛДЕП» КЕТТІ...
Қожайынның бес жүздей қойын бағып жүргенмін. Бір кезде аспанға
көтерілген сопақ бірдеңенің арты жанып көтерілді де, «ішіп алған
ба?», білмеймін, бір кезде біздің тентек қошқар сияқты, ары-бері
қисаңдап барып, ортасынан бөлініп кетті. Содан анода-ай жерге барып,
гүрс етіп құлап, арты жалынға айналғаны... Темекімді тұтатуға сіріңке
таппай тұрған байғұс басым, жүгіріп барып, жалынға темекімді
тұтатып алдым. Қалтамнан айна шығарып қарасам, бетім күйіп
қалыпты. Бір кезде, ойеба-ай, басыма жоңышқа өсіп шықты... Қойлар
жаққа қарасам, бəрі төңкеріліп жатыр. Аяқтары аспанға қарап қалған...
Енді қайттім? Сары уайымның қайығына мініп келе жатқанымда,
алдымда, құм арасынан бөтелкенің ұшы көрінді. Бір тептім. «Неге
тебесің-ей?» деген дауысқа селк етіп, желкемді жалмауыз тістеп
алғандай болды. Бөтелкені алып, анадай жерге лақтырып жіберіп едім:
—Ей, адам емес екенсің ғой, Путин сияқты...—деген дауыс зорайып
шықты. Шықшытыма дейін шып-шып терлеп, басымды түлкінің ініне
тыға салдым. Жасырынған түрім. Бір кезде біреу құйрығымнан түртті.
Қарасам, ақ сақалды шал тұр. Бірақ аяқтары жоқ, оның орнына
салбыраған шашақтар...
—Сіз.. сіз кім боласыз?—деп сұрадым қорыққанымнан иегім «билеп»
кетіп.
—Аса мəртебелі əміршім! Мен мына бөтелке ішінде жатқан сиқыршы
жын боламын! Не бұйырасыз?
—Мен əмірші емес, жəй, қожайынның қойларын бағып жүрген қойшы
едім...
—О, əміршім! Білемін, білемін... Жаңа ғана Байқоңырдан ұшқан
«Протон» апатқа ұшырап, жерге құлап түсті. Қойларың қуырдақ болып
қалды...
—Айналайын, жын ақсақал... мына қойларды тірілітіп берші... Менің
өмірім қой бағумен өтіп келеді. Өмірімде мына тұрған Қызылордаға
барып көрмеппін... Екінші өтінішім, мені Астанаға апаршы. Сыртқы
істер министрі етіп қойшы...
—О, əміршім, дипломың жоқ болса да, əміріңізге құлдық! Дипломды
министрлер Ресейге «нота» жіберуге жалтақтап отырғанда, сіз нағыз
қазақ патриоты екенсіз!—деген жын, «Ібідə, сібідə, мібідə, гібідə!» деп
күбірледі де, бөтелкенің ішіне кіріп кетті. Басым қышып барады екен.
Қасиын деп жатсам, ұятсыз бір қой басымдағы жоңышқаны жеп тұр
екен! Жыным келді. Жын жоқ. Бөтелкені бір тептім, ішінен түтін
шығып, артынша жын көтерілді.
-О, əміршім, не бұйырасыз?—деп сұрады ол.
—Жындысың ба, ештеңе өзгерген жоқ қой?
—Ə-ə, кешір əміршім! «Протонның» əсері ғой. Қарашы, төңіректе
қызғылт бұлт пайда болды... Сендер қазақтар осының бəріне төзіп
келесіңдер!
—Енді?
—Сиқырымның күші əлсіздеу болып жатыр... Ресейдің Қазақстандағы
полигондарын жаппасаңдар, мына Байқоңырды өздеріңе алмасаңдар
көретін күндерің осы!
—Ғарыш айлағын жалға беріп, жетісіп жатырмыз! Қырғыз құрлы
жоқпыз! Радиодан есіттім, Атамбаев Америка базасына бата бермей
қойыпты.
—Оны үгіттеп үтіктеліп жүрген Путин деген бала. Ал, өзі неге
Байқоңырдан бас тартпайды? Не, Ресей жері жетпей қалды ма? Жо-оқ,
қазақ қырыла берсін...
—Бірдеңе істесеңші?
—Ібідə-сбідə, мібідə, гібідə...
Бір қарасам, Астанада жүрмін-əй... Сұлу қыздар қоршап алыпты...
Қойлардан басқа түк көрмеген байғұс басым, басым айналып барады.
Сыртқы істер министрі екенім есіме түсіп, кабинетіме келдім. Қойшы
болғандықтан ба, қабырғаларға қойлардың портреттері ілінген.
Қолымда қойшының таяғы. Өзім шырттай киінгенмін. Жынға бұйрық
беріп, Путинді екі жасар балаға айналдырып жібердім. Əне, мойнында
галстуг, бірақ «əпшуі» əйгіленіп, жартылай жалаңаш Путин балақай
шауып ойнап жүр. Осыны пайдаланып, «Байқоңырдан кетсеңдер қалай
болар екен?» деп сұрадым. «Ікке. Қойшы-ей!» деп басын шайқайды,
басына салып қалдым. Сол екен, Путин президент қазіргі қалпына келе
қалды. Ыңғайсызданып қалдым... Жынға қарап едім, «Протонның»
əсері. Гептилдің əсері. Сиқырым əлсіз...» деп күбірледі. Жынға жыным
келді... Баяғы қойшы қалпыма қайтадан түстім... Қойларым артқа қарай
жүріп, біртүрлі жайылып барады екен. Басыма қайтадан жоңышқа өсіп
шықты...О, тоба, мұртым «гүлдеп» кетті! Атаңа нəлет протон! Атаңа
нəлет сайқал саясат!
ƏКІМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ, ƏКІМ БОЛҒЫМ...
«Сəби болғым келеді, сəби болғым!» деп келетін əн бар ғой, сол есіме
түсіп кетіп, «Əкім болғым келеді, əкім болғым!» деп əндетіп жатып,
орнымнан ойбайлап атып тұрдым. «Жынды болғым келеді, жынды
болғым...» деп тірі жан айтпайды, жақында ауыл əкімдерін өмірімізде
бірінші рет халық сайлайды, неге əкім болмасқа? Немене, ойым ойран,
ақылым айран ба? Əлде, бетім жалпақ, аяғым талтақ па?
Əйеліме əндетіп: «Əкім болғым келе-е-д-і-і, əкім болғым!» деп
əндеттім. Əйелім болса, жас бала Қайрат Нұртастың əуеніне салып:
«Ауырмайды жүрек, ауырмайды, егер күйеуім əкім болып кетсе-е-е...»
деп желігін баса алмай желпінді. Қанттай киініп, науаттай жылтыр
болып, балдай тəтті арманмен аудан əкімшілігіне келдім. Сайлау
комиссиясының төрағасын төрде торт жеп отырған жерінен таптым.
—Сəлеметсіз бе? Мен «Артта қалған» ауылынан келіп едім...—дедім.
—Торт жейсіз бе?—деп сұрады ол.
—Тəттіні жек көретін едім...
—Обедке жақын торт жеп алатын əдетім бар еді... Кешіріңіз, мені
сағынып келдіңіз бе?
—Жоға... Əкім болсам деп қағынып келдім...
—Халық сайлайды...
—Соған тіркеліп қойсам деп едім.
—Тросыңыз бар ма?
—Оны қайтесіз?
—«Тіркеп» қоймаймыз ба?
—Қойыңызшы, Əбеке...
—«Шөтке»...
—Кеше түсімде бір ақ сақалды, қызыл мұртты, жасыл шашты шал
мойнымнан қылғындырып: «Əй бала! Қалайда əкім бол! Сенен түбі
əкім шығады!» деп аян беріп кеткені...
—Сол шал жұрттың бəріне аян беріп жүр екен...
Осы кезде бір əйел кабинетке кіріп келді де:
—Менің де əкім болғым келеді! Халқыма он сантиметр жақын болғым
келеді!Арқам бар! Жын-шайтандарым сізге жіберді! Тіркеңіз мені!
Сосын халық мені сайламаса, бетіме, онда да салафан жауып барып,
«ы-ы-ықққ!» деп түкіріп кетіңіз!—деп айқай салды. Ана кісі: «Қойыңыз,
қойыңызшы, осымен оныншы рет келдіңіз алдыма! Тəуіптер əкім
болмайды!» деп шығарып салды да, орындығына отыра кетті.
—Кешіріңіз, ит те, шошқа да келе береді. Бəрінің де əкім болғысы бар!
—Мен... Мен ит емес едім.
—О не дегеніңіз, сіз ит емессіз, иттің сырттанысыз ғой...
Мəз болып қалдым. Тіпті үргім келіп кетті...
—Ия, аты жөніңіз?
—Итбай Сырттанұлы.
—Бұрын сотталғансыз ба?
—Құдай сақтасын...
—Онда əкім бола алмайсыз...
—Неге?
—Ауыл əкімі деген бұрын сотталып, өмір көрген, түрмеде ысылған,
тəжірибесі мол адам болуы керек. Сотталғаныңыз туралы анықтама
əкеліңіз...
—Студент кезімде ауылдан келген піскен етті тығып жегенім үшін...
Жігіттер сыртымнан құлыптап, бөлмеге бір сағат қамалғаным бар еді...
—Ол сотталғанға жатпайды. Пара алып көріп пе едіңіз?
—Құдай сақтасын!
—Түк көрмеген бейшара екенсіз ғой? Қалай əкім болмақшысыз?
Айтпақшы, қандай адам едіңіз? Оңбаған?
—Жоқ, оңған...
—Бізге оңбаған əкімдер керек. Ішесіз бе? Ажырасқансыз ба?
Дипломыңыз жалған ба?
—Бұрын ішкенмін... Ажырасқаннан сақтасын! Бір емес, сегіз дипломым
бар!
—Ішпейтін, жемейтін əкім кімге керек? Халық қарғайды ғой! «Арақ
ішпейді екен, тойымыздың сəнін бұзды, жемқор емес екен, енді қайтіп
арыз жазамыз?» дейтіндер табылады. Жалған дипломыңыз керек.
Өйткені, бұл өмір—жалған...
Бір кезде жаңағы əйел айқайлап кіріп келді де:
—Сіздің де əкім болғыңыз келеді ме? Əкімдік сіздің не теңіңіз?
Алдымен артыңызға қарамайсыз ба?—деді. Бұрылып, артыма
қарадым. Ана кісі əйелді сыпайы шығарып салды. Менен кешірім
сұрады.
—Кешіріңіз,— дедім мен,—сіз өзі қай рудансыз?
—Бытпылдық.
—Оның ішінде?
—Ытпылдық.
—Ойбай-ау, мен де сол ытпылдық руынанмын ғой. Ауыл ақсақалдары
əдейі жіберіп отыр. Жапалақ руынан сайланып кетпесін дейді...
Сол екен, есік ашылып, əлгі əйел жетіп келді де, мені сүйрей жөнелді.
«Менің күйеуім жапалақ руынан! Неге жамандайсың а? Білесің бе,
аудан əкімі де жапалақ! Мə, шапалақ!» деген ол бетіме... Құдая беті
құрысын мына əйелдің! Естіп келіп едім, «комиссия төрағасы жапалақ
руынан. Басқа рудың адамдары келсе, қуып шығу үшін жындыханадан
кеше шыққан əйелін кабинетіне шақырады...» деп еді... Ауылға аңырап
кетіп барамын. «Əкім болғым келеді, əкім болғым...» деп əндетіп
барамын...
АДАМШАРБАҚ
Шынымның шаңын қағып айтсам, кейбір зиялы жазушыларлардың
жыбыр-жыбыр, сыбыр-сыбырларын ұанатпаймын да... «Еліміздегі бай
миллиардерлер ұлтына қызмет етпейді, ұлттық намыстары «қайтыс»
болып кеткен...» деп күйіп кеткен жүгері жейді ғой.
Мысалы мына мен... Не мені танымайсыңдар ма? Мен ақшаның
астында да, үстінде де қалған адаммын. Бір күні оқ қағарларым мен,
кеңесшілерімді шақырып алып:
—Тағы бір жерге үш қабатты вилла салдым. Он бес сотық жерді немен
қоршасақ екен?—деп сұрақпен сабаладым.
—Əдемі оюлары бар темір шарбақпен қоршайық...—деді оқ қағарым.
—Сен өлгенде сонымен қоршаймыз. Болмайды!
Оқ қағарым жуан желкесін сипалап, көзімен еденді «қиқалап»,
жөткірініп қойды. Кеңесшілеріме қарадым.
—Шлакоблок...
—Болмайды!
—Күйген кірпіш...
—Кірпішпен басыңа ұрайын ба?
—Мрамормен...
—Мрамормен жалпита салайын ба?
—Енді немен қоршағыңыз келеді?—деп өзімнен сұрады кеңесшімнің
бірі.
—Адамшарбақ жасаймыз!
—Қ-қалай?
—Солай! Елде жоқ, елең етерлік жоба! Вилламның он бес сотық жеріне
адамдар қаз қатар тұрып, «шарбақ» болады.
Кеңесшілерім кеңкелес пе, күңкілдесіп, күлге ойнаған балалардай
пəтуəсіз күлісіп алды.
—Олар күндіз-түні тұра алмайды ғой?—деп сұрады оқ қағарым.
—Елімізде жұмыссыздар көп. Екі-үш ауысыммен қаз-қатар тұрып,
шарбақ болады! Көз алдарыңа елестетіңдер. Мынау менің виллам,
Айнала төрт бұрышты болып, жүздеген адамдар қаз-қатар тұр. Бəрі
жігіттер. Араларынан албасты да өте алмайды.
—Есігі темір қақпа бола ма?—деп қалды маналы бері үнсіз тыңдап
тұрған досым Ұйқыбас таңдайын тақылдатып.
—Жоқ, «есік» тұсына мини юбка киінген əдемі қыздар тұрады. Менің
«Джипім» көрінгеннен, екіге жарылып, «қақпа болып» ашылады да,
жабыла қалады. Бəріне мың доллардан айлық төлеймін! Міне, ұлтқа
қызмет ету деген!
—Мынауыңыз Гиннестер кітабына жазылатындай екен!
—Керемет идея!
—«Башкатый» адамсыз ғой!—деген қолпаштаулардан кейін оларға
жедел тапсырма бердім. Бір айдан кейін достарымды ертіп, виллама
келе жаттым. Əне «пультті» басып қалып едім, қаз- қатар тұрған сұлу
қыздар иіліп, екіге жарылды да, «қақпа» ашылды. Қайта жабылды.
«Жабылғандары» қандай тамаша, бəрі теріс қарап тұрғандықтан, арт
жақтарынан қарап тұрып, əуесің келіп кетеді екен. Достарымның бірі
олардың белінен сипалап:
—Жақсы «забор» екен...— деп қояды.
—Нөмірі бірінші миллиардерсіз, Мыжбан мырза!—деп қолымды
қысқандар да болды.
—«Қорғаныңыз» класс! Адамшарбағыңыз керемет! Жігіттердің бəрін
бір келкі киіндіріпсіз!—деп таңдайлары кеуіп қалғандар да болды.
—Аяқтары талып, іштері пыспайды ма?—деп сұрағандар да болды.
Ақша аяқты талдырмайды! Менікі «жиналмалы» қорған. Əр екі сағат
сайын орындықтарға отырыса кетеді! Кеше артқы жақтағы
«қорғаным» құлап қалыпты! Шеттерінен мас... Айлық берген едім...
Бəрін «бұзып» тастайын десем, қазақпыз ғой, аяймын, жұмыссыздар
азайсыншы, ұлтыма қызмет етейінші деймін де... «Қақпа» болып
тұрған қыздарға рахмет, «əуенді» қақпа ғой! Əндетіп тұрады. Жарайды,
сізге жұмыс керек емес пе? Келіңіз, қақпаның «қоңырауы» болып
тұрасыз... Келесіз бе?
ТӨБЕЛЕС БОЛҒАН ЖОҚ...
Осы жақында ғана біздің ауданда ауыл əкімдерін сайлау дегеніңіз
керемет өтті ғой! Бұрынғы ауыл əкімдері өз еріктерімен орындарынан
босап, басқа ауылдың əкімдігіне сайлауға түсіп жатты. Ел көрген, жер
көрген, жесір көрген деген жақсы ғой.
Бізде таныс-тамырлық деген болған жоқ. Аудан басшылары оларды
бұрыннан таниды емес пе? Парақорлық деген атымен өшкен. Олар
пара дегенді былтыр алып қойған. Демек, бұл сайлауға еш қатысы жоқ.
Не деген ғажап дүние! Ауыл əкімдері ауысып, қайта сайланғалы, ауыл
ауа райы өзгеріп, нөсерлете жаңбыр жауды. Есектер ақырып, иттер
көңілдене үріп, өзендегі балықтар «билеп» жатты. «Бұрын да ауылды
көгерте қоймап еді, енді одан бетер қурататын болды!» деп жүрген
жыбырлақ ауыздардың да үндері өшіп қалды. Айтпақшы, біздің аудан
бойынша 35 ауыл əкімі сайлануы керек болса, оған 305 үміткер
таласты. Астанада, Алматыда жүрген студент балаларының достары,
бұрын жүріп, тастап кеткен қыздарына дейін сайлауға келіп, үміткер
болды. Бір жынды кемпір бар еді. Ол да əкім боламын деп ойбайлап
жатты... Қысқасы, бұл жолғы сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгешерек
болды. Төбелес, атыс, бірінің көзін бірі шығару, боқтау, машинамен,
трактормен қағып кету дегендер болған жоқ. Мұнысына де шүкір!
«АУЫЛДА АТАМЫЗДЫҢ БАСЫ БАР!»
Халықтың қамын, елдің ертеңін ойлайтын да мəслихат депутаттары.
Осы кеше ғана облыстық мəслихат депутаттары «Дəрігерлер ауылға
барсын! Сондай акция ұйымдастырылсын! Заманауи технологиямен
жабдықталған көшпелі медицина ауылдарды араласын!»— деп бір
депутат қызып сөйледі, «Ауылда атамыздың басы бар ма?
Шығынданып қайтеміз?»— деп екінші депутат сөзінің астын сызып
сөйледі.
Қойшы, не керек, «Ауылда атамыздың басы бар...» атты акция
ұйымдастырылып, дəрігерлер жолға шықты. Олар Бетпақдалада
жүрген бір жындыны ұстап алып:
—Қай жерің ауырады?—деп сұрады. Жынды ыржалақтап:
—Бір жерім...—деді.
—Қай жерің?
—Айтпаймын.
—Айтсаңшы...
—Қараңызшы...—деген ол отыра кетті,—табаныма тікен кіріп кеткен...
—Қашан?
—Осыдан он жыл бұрын...
Онколог жындының табанында «атың өшкір» жаман аурудың жоқ
екенін анықтап, тіс дəрігері тікеннің тіске залалы жоқтығын айтып,
гинеколог тікен кіргеннен толғақтың келмейтінін, өйткені, бұл кісінің
еркек екенін анықтап, хирург табанын тіліп жіберіп, «тентек» тікенді
суырып алды!
Келесі ауылға тоқтаған дəрігерлер қымыз ішіп отырып, ауылдағы
аурухананы мал дəрігері басқарып отырғанын көріп, таң қалды. Маман
жетіспейді екен, акушер əйел тіс дəрігері, əрі невролог, əрі... Содан не
керек, тамағына балықтың қылтанағы тұрып қалған ақсақалға тегін
көмек көрсетілді. Ауданнан комиссия келгенде тілін тістеп алған ауыл
əкімінің тілінен қан алынып, облысқа такси арқылы, зертханаға
жіберілді. Хирург жас қыздардың құлақтарына сырға тағу үшін инемен
тесіп, иод жаққаны үшін алты мың теңгеден алып жатты... Түс қайта
бір əйел келді.
—Кешіріңіздер, көзім...—деді.
—Көзіңізге не болды?—деп сұрады көз дəрігері.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.