Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 10

Total number of words is 3833
Total number of unique words is 1809
35.5 of words are in the 2000 most common words
51.4 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
—Ассалаумағалейкум, Алдар Көсенің үйі осы ма?—деп сұрады еркегі.
—Сəлеметсіз бе ағай, сіз Алдар Көсе аға боларсыз?—деді əйелі.
—Ия, Алдар Көсенің дəл өзімін. Ксеросы емеспін.
Күйеуі Алдардың жұпыны үйіне қарап тұрып:
—Миллионерлерді алдап жүріп, осындай жұпыны үйде тұрасыз ба? –
деп сұрады. Сосын тағы:
—Көшеде келе жатып көрдік, үйіңіздің арты құлап қалыпты...—деп
қосып қойды.
—Е, кеше қатты түшкіріп қалып едім, қабырғалары құлап қалды...
—Алдап алған дүниелеріңізді кедейлерге таратып береді екенсіз, сол
рас па?—деп сұрады əйелі.
—Жапалақ жапа, дүние опа бермейді...
—Келесі ауылдың тұрғындары едік. Мынау жанымда жарбиып тұрған
—менің ғана əйелім.
—Менің ғана əйелім?
—Енді... Жұрттың əйелі болып кетіп, бұзылып жатқандар жетеді деп
жетісіп тұрғаным ғой. Көп балалы ана, мен оларға пана. Ауыл əкіміне
жиған тергенімізді беріп жүріп, мақта егу ушін жер сатып алған едік.
—Құтты болсын!
—Сол жері құрғыр құтты болмай тұр...
—Неге? Жеріңнің астында албасты жатыр ма?
—Ауыл əкімі жерімнің үстінен жер беріп, бір қытай кəсіпкеріне сатып
жіберіпті...
—Əкімнің алдына барып жыладық...—деді əйелі.
—Ол не деді?
—Ол да бізбен бірге қосыла жылады...
—Қайта-қайта бара бермедіңдер ме?
-Бара жатқаннан, кеңсесінің алдына шығып алып, ботадай боздай
береді.
—Неге жылайды екен?
—Сендерге жаным ашиды, бірақ амалым жоқ деп отыр,—деген əйелі
орамалының ұшын көзіне апара берді,—Алдар аға, ауыл əкімін бір
қатырыңызшы... Жерімізді алып беріңізші...
Алдар Көсе иегін сипалап, ойланып қалды. Бір кезде керегеде
байлаулы тұрған атына ырғып мінді де:
—Кеттік!—деді.
—Біз... Біз автобуспен келіп едік... Қайтуға теңгеміз де жоқ...—деді əйел
күмілжіп.
—Менің артыма əйелің, одан кейін өзің отыр!—деді Алдар Көсе...
—Жануардан обал болмайды ма?—деп сұрады күйеуі.
—Мына түрлеріңе қарасам, екеуің қосылып, елу кілə болмайтын
сияқтысыңдар! Мінгесіңдер, атымның арқасына май жағып қойған
жоқпын!
Аддар Көсе атын үйінің текпершегіне жақындатты да, өзі аттан түсіп:
-Жоқ, болмайды екен, айтпақшы, ия, атың кім еді?—деп сұрады.
—Кедейбек...
—Кедейбек, əйелің аттың алдына отырсын. Одан кейін сен мінгес,
бірақ теріс қарап отыр, одан кейін мен отырайын...
—Бір-бірімізге қарап қаламыз ғой, Алдеке...
—Сонысы керек, ауылыңа жеткенше, əңгімелесіп барамыз!
Ол əйеліне қарады, əйелі кезеріп кеткен ернін жалады...
ХХХ
Көздері қысыңқы, қазақша бір түрлі шүлдірлейтін қытай кəсіпкері
кеңсесінде керіліп отырған ауыл əкіміне жетіп келді. Жетіп келді де,
аяғына жығылды. Əкімнің көздері ағып түсе жаздап, орнынан ұшып
тұрды.
—Ля мауо мырза, сізге не болды? Сізге не болды деймін?
—Анда... Менікі жеріме...
—Немене менікі жеріме?
—Жеріме барсам, бір ақ дамбал киген ақсақал егіп жүр...
—Немене егіп жүр? Мақта ма?
—Адам «егіп» жүр...
—Қалай қалай?
—Менің жеріме талас-талас болған еркек пен əйелді де «егіп»
тастапты...
—Түсінсем тісім сынып қалсын!
—Бірнеше балаларды да «егіп» тастапты...
Ауыл əкімі қытай кəсіпкерін алдына салып, жыртылған жазық жерге
келсе, шынында, ақсақалды біреу белуарынан көмілген бірнеше
адамның түбіне шелектеп су құйып жүр. Тіпті «өсіп» тұрған адамдарға
тал жапырақтарын ұстатып қойыпты...
—Əй, шал!—деп айқайлады ауыл əкімі,—не істеп жүрсің өзің?
—Мен жəй шал емеспін...
—Енді кімсіз?
—Жер иесімін.
—Жер иесі— мына қытайлық.
—О, жаратқан ием, мына бала түсінбей тұр, мен үй иесі, орыстар
айтатын «домовой» дегендей, «жер иесімін!
—Как, жер иесі?
—Орыстар айтатындай «землявоймын!»
—Не істеп жүрсіз деймін?
—Өз жеріме адамдар егіп жүрмін.
—Адам егілмейді, туылады!
—Сен мына оралман қандастарыңды көктетпеген соң, жерге егіп, өзім
көктетейін деп жүрмін...
—Бұл менікі жер...-деп қалды қара қытай.
—Кешір қытеке, бұл қазақ жері, жесірімді алдың, енді жерімді тартып
алайын дедің бе?—деген «жер иесі» етіктерінің табандарына пружина
байлап қойған екен, жүгіре басып, жол жағасында тұрғандарға қарай
секіріп қалғанда, ауыл əкімінің алдына топ ете қалды. Əкімнің аузы
ашылып, қорыққанынан шалқасынан түсті. Екі қолын артына тірей,
көткеншектей шегініп, орнынан тұрды.
—Сіз... сіз шынымен «домовойсыз» ба?
—«Землявоймын!» Осы жерде менің мүрдем жатыр! Ал сен екі сатып,
екі жеп, ақша санап отырсың!
—Сеніңкіремей тұрғаным...—деп көздерін сығырайтты ол.
Бір кезде, «өй əкеңнің...» деген «жер иесі» оң қолын иығы тұсынан сол
қолымен жұлып алғаны... Қарап тұрмай, жіберіп ұрғанда, жұлынған
қолы ауыл əкімінің алдына топ ете түсті. Зəресі қалмаған ауыл əкімі:
—Ойбай, же-жерін қайтарып бе-беремін! Ертең келсін! Заңдастырып
беремін!—деп жыларман күйде сөйлей қашты. Артынан албастыдай
болып, қытай кəсіпкері қашып барады. Олар көрінбей кеткен соң, бос
топырақтан сүйретіле шыққан Кедейбек «егіліп» тұрған əйелін
құшақтай алды:
—Құттықтаймын, қатын! Жеріміз құтты болсын! Жер қазақтарға
берілсін!
—Қытықтай бермей, мына шұңқырдан шығарсаңшы, отағасы!
Əйелінің сөзін тыңдар ол жоқ, Алдардың қасына келіп, оны да
құшағына алды.
—Алдеке, сізге көп-көп рахмет! Оң қолыңызды шапаныңыздың ішіне
жасырып, ағаштан жасалған жасанды қолыңызды жұлып алғаныңызда,
жалмауызға да жан керек екен-ə, бұтына жіберіп қоя жаздады! Сізге
қарыздармын, бірақ оны қалай қайтарармын...
Алдар Көсе басын оның кеуде тұсына қойып, бірдеңе жегендей болды.
Сосын басын жұлып алып, жұтынды.
—Сізге не болды, Алдар аға?—деп шошып кетті Кедейбек.
—Ниетіңді нанға жағып жеп, көңіл көжеңе тойдым, бауырым! Маған
осы да жетеді!-деген ол алысқа, тау бөктеріне қарай шаба жөнелді...
Кедейбектің жанарынан қуаныштың жасы сорғалап тұр еді, қолын
бұлғай, қимас көңілмен қала берді.
ЕКІНШІ СЕРИЯ
2. АЛДАР КӨСЕ ЖƏНЕ МАЙ ИНСПЕКТОРЫ
Алдар Көсе түс қайта арық атымен қала ішіне кіргені сол, «Қолыма
ақша түссе екен..»— деп көздері жайнап тұрған, тоқтамай кеткен
«Джиптерге» зығырданы қайнап тұрған МАЙ инспекторы ала таяғын
көтеріп, аттылы Алдарды тоқтатты.
—Жəйша тоқтаттыңыз ба?—деп сұрады Алдар Көсе.
—Көзіңіз соқыр ма?
—Қазір, көздерімнен сұрайын...
—Сізбен қалжыңдасып
жанғанда өтіп кеттіңіз!
тұрғаным
жоқ.
Бағдаршамның
қызылы
—Менің машинам жоқ. Мен аттылымын.
—Ереже бəріне заң! Атыңыздың нөмірі қайда?
—Қандай нөмір?
—Мемлекеттік нөмірін айтамын...
—Ə-ə, мынау ма?—деген Алдар Көсе шапанының етегін көтеріп
жіберіп, етігі қонышынан «АК -777 АЙҒЫР» деп жазылған машиналар
нөміріне ұқсас нөмірді алып көрсетті.
—Бұл немене?
—Нөмір.
—«АК» деген немене деймін?
—Сауатсыз неме екенсіз ғой, АК—Алдар Көсе деген сөз.
—«Крутой» нөмір екен. Дегенмен, жол тəртібін бұздыңыз...—деген
инспектор ат үстінде тұрған Алдар Көсеге жақындап, анау басын ие,
құлағын тосты,—Ақша беріп кетпесеңіз, ішім өтеді...
—Іштің өткені жақсы емес пе, қайта асқазаныңыз тазаланып қалады...
—Жоқ... Қалай десем екен... Алақаным қышып тұр...
Алдар аттан түсе қалып, жол жиегінде тұрған «Опельдің» артындағы
шошайған теміріне атын байлай салды да, инспекторға жақындады.
—Алақаныңызды ашыңыз.
—Неге?
—Қасып берейін дегенім ғой...
—Керегі жоқ, Өй, не істеп жасырсыз?—деген инспектордың
байбаламына қарамастан, Алдекең оның алақанын тырнай
бастады.Тіпті, тістемек те болды. Алқынған инспектор:
—Болды, жетеді деймін! Ауыртып жібердіңіз!—деп жыларман болды.
—Қышуы қанды ма?
—Қанды...
Алдар атына көз салып еді, орнында жоқ болып шықты.
—Ойбай, атым қайда?
—Əне, анау «Опель» машинасының
Мəшиненің артына байлай салғаны несі?
артынан
шауып
барады!
Алдар Май инспекторының машинасына отыра кетіп:
—Отырыңыз, қайда жұмсарымды білмей жүрген жүз мың теңгемді
беремін, атымды қуып жетейік!—деді. «Жүз мың теңге»» деген сөз
құлағына майдай жағып қалса керек, МАЙ инспекторы машинасына
отыра қалып, аттың артынан қуа жөнелді. Сиренасын да қосып жіберді.
«Опель» де, ат та жол жиегіне тоқтады. Бұлар жеткенде машина иесі
таңқалып тұр еді.
—Жындысың ба, атты көрмедің бе?—деп дүрсе қоя берді инспектор.
—Құдай ақы, маған сеніңіз! Артыма қарап қойып, мына ат артымнан
неге шауып келе жатыр екен?»—деп ойлағаным рас...—деген шопыр
инспектордың қолын қысқан болып, бес мың теңге ұстата қойды.
Инспектор теріс қарап. Ақшаны санады да, қалтасына сала қойды.
—Бара беріңіз, сіз емес, ат кінəлі...—деді сосын. Алдар басын қасып
тұрған. Жемқор МАЙ инспекторын қалай алдап, ақшасын алуды ойлап
тұрды... «Не істесем екен, а? Иттің баласының қойны-қонышы толған
ақша!»
—Əй, мынау атың шорылдат-е-еп тұр ғой! Көшені бүлдіріп...—деп
қалды инспектор. Енді сол үшін де ақша алғысы бар.
—Ойбуу,-деп Алдар Көсе шыр көбелек айналды,—канистріңіз бар ма?
—Оны қайтесіз?
—Ағатай-ау, бензин босқа төгіліп жатыр ғой...
—Аттың бензині болады деп кім айтты сізге?
—Аттың мемлекеттік нөмірі болғанда, бензині болмайды деп кім
айтты сізге? Менің атым су орнына АЙ-93 маркалы бензин ішеді...
АЙ-80-ді ішпейді.
—Мынауың бензин бе? Сап-сары...
—Енді оны зəпірəпшіктерден сұра, бірдеңе қосып қойған...
Инспектор Алдар Көсенің жеңінен тартты.
—Құжаттарыңызды көрсетіңіз.
—Қандай құжат?
—Көлігіңіздің...
—Бұл ат болашақ əйелімнің атында.
—Сенім хатты көрсетіңіз.
—Болашақ əйеліммен əлі танысып үлгермесем, қайдағы сенім хат?
Инспектордың жыны келді. Сол екі арада бірнеше машинаны
тоқтатты. Бірі жүгіріп келіп, қолын алып, құшақтай алды.
—Неменеге құшақтайсың? Сенің əкең бе едім?
—Жол «папасысыз...» Неге тоқтатқаныңызды білейін деп...
—Неге «нарушение» жасамай өтіп барасыз? Бала-шаға асырауым керек
шығар?
Анау ыржалақтап, қалтасынан екі мың теңге шығарып, инспектордың
қолына ұстатты. Сосын:
—Құдая, бетіңіз құрысын!—деп кете беріп еді, инспектор:
—Əй, не деп тұрсың?—деп сұрады.
—Құдая, бетіңіз қайтып келсін!—деп бетін сипаған анау тұра қашты.
Алдар əлі ойланып тұр. «Мына иттің ақшасын қалай алсам екен, а? Бұл
деген жол торыған тонаушы екен ғой!» Бір кезде ол еңіреп жылай
бастады. «Неге жылайсыз?» деп инспектор одан сұрай бастады.
Ботадай боздаған Алдекең оны құшақтай алып, басын шайқады
дейсің...
—Не болды саған?—деп сұрады инспектор.
—Жəй, таңертең бетімді жумай шыққан едім, көз жасыма бетімді жуып
алайын деп... Сіздің атыңыз кім, ағатай?
—Майшелпек.
—Майшелпек бауырым, сізге жаным ашып тұр. КНБ деген бар. Ұлттық
қауіпсіздік комитеті. Соның жігіттері ұстап алса, қойны –қонышың
толған ақша...
—Жаның ашымай-ақ қойсын. Жаңа айтқан жүз мың теңгеңді қашан
бересің?—деп сұрады инспектор.
—Беремін. Менің ақшаны көрсем, аллергиям ұстайды. Көп сақтай
алмаймын, жаратып жіберемін. Ақшаны ақша жасайды.
—Қалай?
—Менің ақшам буаз ақшалар. Жақында ақшалайды.
—Қ-қалайша?
—Жүз мың теңгем өзінен өзі ақшалап, екі жүз мың теңге болып шыға
келеді. Солай, мықты деген тəуіпке «оқытып», түшкіртіп алғанмын.
—Мынауың қызық екен... деген инспектордың көздері күлімдеп қоя
берді. Томпиған қалтасын сыртынан сипалап қойып, қутыңдай:
—Менің ақшаларым ше?—деп сұрады.
—Қане, көрсетші...
МАЙ инспекторы жан-жағына қарады. Сосын ымдап, Алдар Көсені
машина кабинасына кіргізіп алды. Екеуі артқы орындықта қатар отыр.
Алдар Көсе инспектор берген ақшаларды уыстап тұрып:
—Мына ақшалар ақшаламайды...—деді.
—Неге?—деген инспектордың көздері тізесіне түсіп қала жаздады.
—Ақшаларыңыз шеттерінен бедеу екен. Оның үстіне жартысы еркек
ақшалар...
—Еркек ақша болар ма?
—Оқытылса, түшкірсе, бəрі болады...
—Ойпырмай-ə...
—Сіз мына ақшаларды маған беріңіз, қалтама салып алайын.
—Ойбай, бомайды!
—Болады! Менің еркек ақшаларыммен таныса берсін де. Бедеу
ақшаларың бесеу болса, көбейсе, жаман ба не?—деген Алдар Көсе
ақшаны қалтасына басты. Сосын:
—Жаңа айттым ғой, сіздің дұшпаныңыз көп. Мен сізге банкомат
болайын. Сіз «жұмыс істеп», ақша табасыз да, менің қалтама сүңгіте
бересіз. Немесе, шопырларды маған жұмсайсыз. Қалай еді, а, ия,
«шестерка» болып тұрамын. Кенеттен КНБ келе қалса, мен қашып
кетемін...
—Қайда қашасыз?
—Сіздің үйге қарай...
—Менің үйімді қайдан білесіз?
—Ойбай-ау, қорыққанда, қытайдағы қатыныңды да тауып аласың
деген.
—Банкомат болғаннан сізге не пайда?
—Алла тағала күніне бір рет жақсылық жасаған пендесін жұмаққа
жібереді екен. Сізге жақсылық жасағым келеді...
—Жарайды, менің мекен жайым: Бұралаң көшесі, қисалаң көшесінің
қиылысындағы 13 үй, 13 пəтер.
—Келістік! Мə, мына қамшыны ал, оқытылған қамшы. Ақша шақырады.
Алдар Көсе шетке барып, атының қасында əндетіп тұрды. Инспектор
болса, «қызу» жұмыс жасап жатты. Машиналарды бірінен соң бірін
тоқтатты. Шопырлар тіпті кезекке тұрып, Алдарға ақша тапсырып
жатты. Ақшада есеп жоқ... Дандайсыған инспектор аз ақша берген
шопырларды керек десеңіз, қамшымен салып жіберетін де болды.
—Мына қамшың керемет екен, аспанға қарай шошайтып едім, ананы
қарашы, ұшып бара жатқан тікұшақ та тоқтап қалды,—деді. Алдар Көсе
көздерін қолымен көлегейлеп, аспанға қарады.
—Қазір ақшаны тасқа байлап, өзіңізге лақтырады,—деген Алдекең
жерден еңкейіп, кішігірім тас алды да, аспанға қарап, аңқиып тұрған
инспектордың басына жіберіп ұрды. Басына тақ ете қалды. Анау жалт
бұрылып:
—Сіз ұрдыңыз ба?—деп сұрады.
—Жоға, тікұшақтан түскен тас менің маңдайыма соғылып, сосын сізге
қарай ұшып кетті...
—Ақшасы қайда?
—Қалтамда. Мен банкоматпын ғой...
—Əй, «банкомат!» Ақшаларымды əкеліңіз, үйге кетемін. Жүз мың
теңгеңізді қоса беріңіз!
—Қайдағы жүз мың?
—Беремін дегеніңіз ше?
—Ойбай-ау, сіздің ақшаларыңыз жүдə бұзық екен. Ішінде
«сотталғандары» да бар-ау деймін... Менің ақшаларымды шетінен
өлтіріп тастады. Тура жүз мыңды...
—Қалжыңды қойыңыз! Өз ақшамды қайтарыңыз!
—Банкомат бұзылып қалды...—деген Алдар Көсе атына мінді.
—Қалай бұзылып қалды?
—Оның үстіне сіздің карточкаңыз да жоқ...—деген Алдар Көсе атының
басын бұрып, шаба жөнелді.
—Əй-əй, тоқтаңыз! Қайда қашып барасыз?
—Кэнбэшниктер келе жатыр ма деп қашып барамын! Сау болыңыз!
—Мынау... Мынау атақты Алдар Көсе екен ғой! Ойбай, тыр жалаңаш
қалдым ғой! Тыр жалаңаш!—деген инспектор Алдардың қамшысын
жерге атып ұрды... Машинасына асығыс отырып жатқанда,
кэнбэшниктер келіп, қолына кісен салып жатты... О, ақша, сен осындай
опасыз ба едің?!
ҮШІНШІ СЕРИЯ.
МАХАББАТҚА ШӨЛДЕП КЕЛЕМІН!
Махаббат деген—жанып тұрған от қой, от! Лапылдап жанып кетесің,
немесе, жұрттың соңында салпақта-ап, қалып кетесің! Махаббат дегенол көтеріліс! Бүкіл сезімің—бір мақсатқа жету үшін көтеріліске
шығады! Махаббат—митинг. Миыңда миллиондаған ойлар митингіге
шығып, ми палау боласың... Махаббат үшін суға секіресің, махаббат
үшін біреуге жекіресің... Махаббат үшін тіпті асылып қаласың,
махаббат үшін барыңды беріп, шашылып та қаласың... Махаббат—бал.
Жалай бересің, жалай бересің де, таусылып қала ма деп, жан-жағыңа
қарай бересің! Махаббат—кейде у, кейде газданбаған жəй су...
Ал, Алдар Көсенің махаббаты бал бола ма, əлде айтқан жерден аулақ, у
болады ма, оны қазір көресіздер...
Бір күні Алдар Көсе көрші ауылда тұратын сүйіктісі Шиегүлдің үйіне
кештетіп келді. Қора жанында сиыр сауып отыр екен. Əкесі де, шешесі
де қатал, қақ маңдайдан бір перуден, немесе, жатқызып алып, аяқтары
майысқанша тебуден тайынбайды. Осыны білген Алдар Көсе өрістен
қайтқан қойлармен бірге қора ішіне еңбектей кіріп кетті. Бір кезде
əкесі келді. Қора ішіндегі қойларына қарап тұрып:
—Қатын-əй, қорамызға бөтен қой кіріп кетіпті, білдірмей сойып
алайық та?—деп сұрады.
—«Қызға құшақ, қойға пышақ дайын» деген сөзім бар, сойсақ, сойып
алайық,—деген əйелінің даусы шыққанда, мана терезе тұсында жаюлы
тұрған қой терісін жамылып алып, қойлармен қатарласып тұрған
Алдардың жаны мұрнының ұшына келіп, көздері жыпылықтады.
—Қораның іші қараңғы, лəмпечкесі күйіп кетіпті. Асхана ішіне
жасырып соямыз-ау...
Осылай деген отағасы Алдардың жанына келіп, үстіне жамыла салған
қойдың терісін сипалап қойды. Сосын құйрық жағынан ұстап,
«құйрықты» екенін білгісі келді ғой деймін, мытып-мытып жібергенде,
Алдекең шыдай алмай:
—Ойбай...—деп қалды.
—Ойбай!—деді отағасы да қорқып кетіп.
—Ұят емес пе, ағасы? Құйрығымды ұстағаны несі...
—Ойбай! Бөтен қой сөйлеп кетті!—деген отағасы от алған трактордай
секіріп-секіріп алды да, тұра қашты. Əкесін көрген Шиегүл де сүтін
ақтарып алды. Қызы да, əкесі де, бірі— əйелінің, бірі— шешесінің
артына жасырынды. Бұл кезде «маңыраған» Алдар Көсе төрт аяқтай
қорадан шығып, жартылай ашық тұрған дарбазаның есігінен шығып
бара жатты. Əшейінде, «батырсынған» отағасы мұны көргенде, талып
қалды... Əйелі болса, «Кет шайтан, кет! Қайтып келме!» деп артынан
шелектеп су шашты. Біраз жерге дейін еңбектеп барған Алдар Көсе
арықтың жағасында алқынып отырды. Сүйіктісі Шиегүлге қалай
жолықса екен а? Бұл ауылда ұялы телефон да толқын ұстамайды...
Ақырын жүріп, дарбазаның тесігінен сығалап тұр еді, біреу иығынан
ұстады. Бұл оның қолынан қағып жіберді, қараған да жоқ. Анау
иығынан тағы ұстады. Бұл оның қолын тағы қағып жіберді. Қараған да
жоқ. Тесіктен сығалап əлек. Осы ауылдың жігіті ызаланды білемін,
Алдарды қапсыра құшақтап, əудем жерге лақтырып жіберді.
—Өй, сен кімсің?—деп сұрады Алдар Көсе.
—Өзің кімсің?
—Алдар Көсемін. Өзің ше?
—Осы ауылдың боз баласымын. Шиегүлдің ғашығымын.
—Қойшы-ей?—деп көздерін сығырайта қарады Алдар Көсе,—Шиегүл
саған ғашық па?
—Өлердей ғашық!
—Өлердей?
—Ия. Өткенде мені ойлап, өлейін деп жатқанда, аузына су тамызып
кеткенмін...
—Қойшы-ей?
—Өзің не істеп жүрсің мұнда?
—Шиегүлдің шешесіне ғашықпын... Өткенде мені ойлап, өлейін деп
жатқанда аузына құрт салып кеткенмін.
—Шешесіне? Күйеуі өлтіреді ғой!
—Махаббат жасқа қарамайды, басқа қарайды.
—Өзің бұл ауылдың жігіті емес сияқтысың?
—Көрші ауылданмын. Шиегүлдің шешесін ойлап, мазап кетті...
Алдар Көсе өзі қатарлы жігіттің қолтығынан алып, оңаша жерге барып
сыбырласты.
—Былай болсын,—деді Алдар,—Шиегүлді көргің келеді ме?
—Ия.
—Менің де көргім келеді.
—Неге? Шиегүлге келіп жүрген қу емессің бе? Теріңді сыпырып, сатып
жіберейін бе?—деген шойын қара тез тұтанды.
—Е, жоға, —деді Алдар Көсе,—қазақта «Шешесін көріп, қызын ал...»
деген сөз бар. Мен шешесін көремін, сен қызын аласың ғой. Шиегүлдің
шешесі бұрын күйеуге тиіп, онысы асқазан жарасынан қайтыс болып
кетіпті дегенді естідім. Мына күйеуінің де əйелі асқазан жарасынан
қайтыс болған екен. Шиегүл артынан еріп келген қыз. Солай ғой?
Ендеше, мен Шиегүлдің шешесінің қайтыс болып кеткен күйеуінің
көңілдесінен туған баласымын. Қарындасымды іздеп келген бетім осы.
Сенімен əскерде бірге болғанмын. Келістік қой? Мені ертіп, үйге кір...
Қой сояды, ет жейміз дегендей... Əрі ғашығыңмен сөйлесіп қаласың
дегендей...
—Сен кешір мені, ойнап айта салып едім, ол маған емес, мен оған
сырттай ғашықпын. Естуімше көрші ауылдан бір жігіті бар дейді. Сен
оны танымайсың ба?
—Танысам талқан жеп түйілейін. Ал, баста! Атың кім еді сенің?
—Алмабек.
—Немене пəле, бұл ауылдың адамдарының аттары ылғи жеміс-жидек..,
—Шиегүлдің əкесінің аты— Пістебек, əйелінің аты— Пістегүл...
Не керек, екеуі аулаға кірді.
—Көке,— деп дауыстады Алмабек.
—Көкең көже ішіп отыр, жəй жүрсің бе, Алмабек?—деп сұрады
асханадан шыққан Шиегүлдің шешесі.
—Мына жігіт сіздің бұрынғы күйеуіңіздің көңілдесінен туған бала
екен. Қарындасын іздеп келіпті.
—Көтек! Не дейді?—деген Пістегүл бетін шымшыды.
—Апай, мен марқұм əкемнің көңілдесінен туған баламын. Атам Алдар
Көсе...
—Кім-əй, есік алдында алқынып тұрған?—деп Пістебек те шықты.
—Көке, мына жігіт жеңешемнің бұрынғы күйеуінің көңілдесінен туған
бала екен. Сіздерді іздеп келіпті. Екеуміз əскерде бірге болғанбыз,—
деп сарнады Алмабек.
—Немене? Не деп тұрсың өзің?—деген Пістебектің көздері атыздай
болды. Əйеліне қарап еді, оның көздері қылиланып кетіпті.
Қылиланбай қайтсін, екі кештің арасында біреу үйіңізге келіп: «Апай,
мен сіздің бұрынғы күйеуіңіздің көңілдесінен туған баламын..» деп
тұрса, көздеріңіз үш бұрышты, немесе кубик болып кетер ме еді?
Артынша Шиегүл көрініп, Алдарды көрді де таң қалды. «Ой, мұнда неге
жүрсің?» деп қалып еді, Алдар байқатпай көзін қыса қойды. Əкесі
қызына бұрылды:
—Шиегүл, сен не, мына жынды басты танисың ба?
—Жоға.
—«Мұнда неге жүрсің?» дедің емес пе?
—Алмабекке айттым.
—А-а...—деді əкесі.
—Е-е...-деді Алмабек.
—О-о...—деді Алдар Көсе. Сөйтті де, Шиегүлге қарай құшағын аша
жүрді:
—Қатқан нандай болған қарындасым менің! Ақ тамақ қарлығашым
менің! Бір əкенің кіндігінен жаралған туысым менің! Сені де, мына
жақтырмай тұрған өгей əкеңді де, мына солып қалған қиярдай көгеріп
кеткен анаңды да көретін күн бар екен-ау!
Шиегүл түйенің үстіне шығып кеткендей, ештеңе түсіне алар емес.
Аңырып тұрған əкесіне, бір метр таяқ жұтқандай қақиып қалған
шешесіне кезек-кезек қарап, өзін құшақтай алған жігітінің құшағында
балқы-ы-ып тұра берді.
—Қарындасым-ау, шешемді оңбаған бір камаз мыжып кетіп, өлеріне
он минут, он секунд қалғанда: «Алдаржан, саған сырымды айтайын,
пəлен деген ауылда тұратын түген деген кісі сенің əкең болады. Бірақ
əкең асқазан жарасынан қайтыс болды. Шешелерің бөлек болғанымен,
əкелерің бір қарындасың бар, аты Шиегүл деп еді... О, жаратқан ием,
енді мен өле берсем де болады!»—деген Алдар көсе:
—Көке үйде мылтық бар ма?—деп сұрады.
—Оны қайтейін деп едің?
—Бақыттан басым айналып барады! Енді атылып өлсем де арманым
жоқ...
—Тек... О не дегенің? Өлгені несі? Біздің үйде өлсең, біз де жауапты
болармыз...
Алмабектің екі көзі Шиегүлде... Көздерімен шешіндіріп, көздерімен
киіндіріп əуре... Қара торының əдемісі... Шіркін, менің əйелім болса,
мойныма мінгізіп алып, екі аяғын салақтата үйді айнала жүгіре берер
едім, жүгіре берер едім... деп те қиялданды. Бір кезде ол:
—Шиегүл, бауырыңмен табысқаныңа қуаныштымын!—деді.
—Рахмет Алмабек,—деген Шиегүлдің екі беті қызарып, төмен қарады.
Бағаналы бері «тормоз» болып қалған Пістегүлдің есі енді жиылса
керек:
—Ішке кірейік, шəй ішейік,—деді.
—Қарындасым менің! Өгей əкеңді керемет ақкөңіл деп естідім, қазір
менің құрметіме бір қой сояйын, сояйын деп қалып тұр...
Қыздың əкесі мен шешесі үйге бұрын кіріп кетті де, Алдар Көсе бөгеліп
қалды. Үйге кіріп келе жатқан Алмабектің алдын кес-кестеді.
—Сен қайда барасың?
—Енді... Үйге кіріп, ет жеп дегендей...
—Аштан өлдің бе не? Не, үйіңде ет жоқ па? Шиегүл, сен мына жігітке
өлердей ғашық екенсің ғой? Өзі айтты...
—Кім? Мен бе? О, қуғынбай!—деген Шиегүл Алмабектің басына
шыбын ұрғышпен салып қалды.
—Көрдің бе? Өтірік өрге баспайды. Бар, бар енді, мен Шиегүлдің
«ағасымын» ғой, əйтпесе...
Алмабек ашу деген айғырды ерттеп мініп алды.
—Немене əйтпесе? Мен қазір көкем мен жеңешеме бəрін айтамын.
Көке... Кө...—деп келе жатыр еді, Шиегүл шыбын ұрғышпен аузына
салып қалды. Алдар Көсе артынан келіп, қапсыра құшақтап, құйрығына
тізесімен тепкілеп, көшеге шығарып жіберді. Осы кезде Пістегүл
сыртқа шықты:
—Үйге кір, шақырылмаған қонақ жігіт...
Алдар үйге кірсе, Пістебек жарылуға шақ тұр екен.
—Ия, көңілдестен туған бала. Не үшін келдің?
—Қарындасымды көруге...
—Көрдің бе? Енді қайқай!
—Қайтіп қайқаямын? Сізді мұндай сараң деп естімеген едім... Бір қой
соймасаңыз, кетпеймін!
—Мынау не дейді, Пістегүл?
Пістегүл Алдардың қолынан ұстап, жалына бастады:
—Айналайын, кімнен тусаң да, бізге бəрі бір, қазір келген жағыңа қайта
бер! Жаңа Алмабектің көзінше ұялдық... Елге жайылып кете ме деп...
Шиегүл ернін тістеліп тұрған:
—Апа, түн ішінде қайда барады? Қонып кетсін...—деді. Шешесі жалт
қарады.
—Сен қыз тиегі түсіп қалған домбыра болмай, тыныш тұр!
Алдар басын шайқады. Шиегүлге тағы да көзін қысып қойып:
—Егер мені қонақ етпесеңіздер, егер маған қой соймасаңыздар, онда
қарғаймын. Еркектің қарғысы қатты болады...—деді де:
—О, тəңірім!—деп қолын жайды,— Мына ерлі –зайыптылардың
кірпіктері қысқа болсын, айтатын сөздері нұсқа болсын, иттері
үрмесін, дұшпандары күлмесін! Шіріген бай болсын, алдарында қаймақ
пен май болсын! Қойлары шулап, маңырай берсін, есектері есік
алдында аңырай берсін! Ошақтарында от болсын, көктемде қауын егіп,
қолдарында шот болсын, киген киімдері күн сайын тоза берсін, ауылға
концерт келсе, мойындарын соза берсін! О, Тəңірім...
—Болды, болды, қарғысың алғыс сияқты екен, —деді Пістебек,—
жарайды, бір қой соялық, əйтпесе, бүкіл ауылға «сараң еді...» деп жайып
кетерсің.
Ол орнынан тұрып жатып тағы да:
—Пістегүл, экс-күйеуіңнің тыныш жүрмегенін қарашы...—деп қосып
қойды. Алдар қулана жымиды. Шиегүл оған жəудірей қарады. Енді
қайтсін, «көрші ауылдың жігітіне ғашық екен, бір күні қашып кетедіау!» деген сыбысты естігелі, əкесі де, шешесі де үйден қарға адым
шығармай қойды емес пе?
Əкесі мен шешесі қой сою қамымен сыртқа шығып кеткенде, Шиегүл
Алдарды құшақтай алды.
—Жаным-ау,— деді үздігіп,—Мына қылығыңды қалай түсінеміз?
—Көшеңнен былай өтіп ысқырамын, олай өтіп ысқырамын, кездесуге
шықпай қойдың ғой тегі,—деп Алдар Шиегүлді құшағына қыса түсті.
—Əке -шешем мені осы ауылдың бетке ұстарының баласына бермек.
Олар құда түсіп қойды... Баласы қаладағы қаржы полициясында жұмыс
істейді, халықтың қалтасын қақса да аштан өлтірмейді дейді...
—Солай ма? Онда мен сені бүгін түнде алып қашамын!
—Арқалап па?
—Арқалап!
—Жаяу?
—Жаяу!
—Қалай?
—Міне былай, мін арқама!
Алдар Көсе еңкейе қалып еді, Шиегүл арқасына ырғып мініп, жабыса
қалды. Сөйтті де, екеуі үйді бастарына көтере даудырасып, бөлмені
айнала берді, айнала берді... Бір кезде бөлмеге кіріп келе жатқан
Шиегүлдің шешесін қағып кетіп, шалқасынан түсірді. Өздері де омақаса
құлады. Мəселенің мəн-жайын түсіне алмаған Пістегүл: «Ойбай, көтек!»
деді де, ашылып қалған балтырын етегімен жауып, орнынан тұра
алмай, ықылық атты да қалды. Шиегүл бетін басып, далаға қарай
жүгірді. Алдар Көсе болашақ енесін қолтығынан демеп тұрғызды да:
—Кешіріңіз апай, қарындасым екеуміз балалық шағымызда бірге
болмадық қой, ат болып, оны арқалап та ойнамадым... Сол
олқылықтың орнын толтырайық деп...—деді міңгірлеп...
—Қызымды арқалап алғаны несі... Ұят-ай... Əй, Шиегүл, қайдасың,
қойдың ішек қарнын тазаласып жібер! Соны айтуға келіп едім... О, несіəй...—деген Пістегүл аяғы ауырып қалса керек, сыртқа қарай ақсаңдай
басып бара жатты...
—Кешіріңіз, сіздің қызыңыз болса, менің қарындасым...
Түннің бір уағында буы бұрқырап, қуырдақ келді. Алдар жұтынып сала
берді. Бірақ Пістебек те, Пістегүл де үндеген жоқ, тымырайып отырды
да қойды. Қуырдақтан да ауыз тимеді. Шиегүл қуырдаққа қолын соза
беріп еді, шешесі қолымен оның қолының үстіне шарт еткізе ұрып
жіберіп:
—Қонақ осының бəрін жеп кетеді дейсің бе? Қалады ғой, əдейі тұзын
удай қылдым. Ертең суға шайып жіберіп, қайта қуырамыз..—деді.
—Ойе-ба-ай... «Шешесін көріп, қызын ал» деген баяғының сөзін,
бүгінде: «қызын көріп, қызын ала бер, шешесін қайтесің?» деп
өзгерткен дұрыс-ау. Мына қарындасымның болашақ күйеуі енеге
жарыған екен...—деген Алдар Көсе қуырдақтың бір түйірін
пиялайындағы ыстық шайына батырып, қасықпен мыжғылап, тұзын
кетіріп барып жей берді.
Қуырдақ желініп болған соң, Алдар Көсеге төргі бөлмеге төсек
салынды. Үй иелері мен Шиегүл есік алдындағы жатын жайға, нардың
үстіне жата кетісті. Шешесінен бөлектеу жатқан қыздың көңілі жігітте.
Алдардың да ұйқысы келер емес. Бір кезде ары аунап, бері аунап,
ақырында, ойбайлап, сыртқа атып шықты...
—Не болды? Немене болды?—деп сұрады Пістебек.
—Ана бөлмеде қыздар жүр...
—Қандай қыздар, ойбай?—деп атып тұрды Пістегүл.
—Екі қыз... Шайтан қыздар.. Үстіме шығып алып, айран ішіп отыр...
—Біздің үйде шайтан, жын-жыбыр жоқ, кеше адыраспандап
тастағанмын,—деген Пістегүл бөлмеге кірді. Артынан Пістебек келді.
—Жат, осы жерге жабысып! Қандай қонақсың өзің?—деген Пістегүл
ернін шүйіре шығып кетті. Пістебек те ызаланып барады. Түннің бір
уағында Алдар Көсе тағы да ойбайлап атып шықты.
—Немене пəлесің өзің?—деді Пістебек ұйқысы шайдай ашылып.
—Ана жақта екі кішкентай-кішкентай қуыршақ кемпірлер... Шайтан
кемпірлер үстіме шығып алып, жүн түтіп отыр.
—Құдайым-ай, енді не істе дейсің бізге?—деді Пістегүл көзін тырнап
ашып.
—Қорқамын... Араларыңызға жатайыншы...
—Болмайды! Сомадай болып, о несі-ей... Əй, Шиегүл, бері жат. Шетке
ағаң жатсын, жабысқыр пəле!
Таң атар алдында Алдар Көсе Шиегүлді түртіп оятты.
—Əке-шешең қорылға басты. Дайынсың ба?—деп сұрады.
—Жігіт дайын болса, қыз дайын!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.