Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 05

Total number of words is 3755
Total number of unique words is 2076
32.0 of words are in the 2000 most common words
44.5 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
—Көзіме қараң қалғыр, жарық дүниеде сорлап өткір, бақытсыз болып,
уланып өлгір, өмір бақи ызыңдап, жылап өткір...
—Біреу ұрды ма? Көзіңізге?
—Кім ұрушы еді мені? Ұрып тұратын күйеуім де жоқ... Көзіме шыбын
тышып кетті... Ұятсыз десе...
Дереу көзге дезинфекция жасалынып, «бүлдіріп кеткен» шыбын
тұтқындалынып, таксимен облыстағы зертханаға жіберілді...
Облыстық мəслихат депутаттары осы акция үшін бюджеттен жеті
миллион теңге қаржы бөлген еді, балалардың табандарынан төрт
мыңдай тікен алынды... Өй жүгермектер десе, жазда жалаң аяқ
жүргендері несі?
ӨЛƏ, ОҚУҒА ТҮСЕТІН БОЛДЫМ!
ҰБТ десгенде дірілдеп, шыбын жандарын шүберекке түйіп,
шүберекті қайта ашып, шыбын жандарын «ұшырып» жіберетіндердің
бар екені рас қой? Ал, мен үшін ҰБТ ұйықтататын дəрі. Жұрт сияқты
кірпік «құшақтастырмай», түнімен кітап оқып, миым атала, өзім
«сатана» болып жүргенім жоқ. Ұйқыны қандырдым. Мұғалімдерімнің
айтқандарын еске түсіріп қана қойып, тамаққа тықиып тойып алып,
көше кезіп кеткен едім. Түнгі клуб дейсіз бе, биллиард дейсіз бе....
Шынымды айтсам, миым кеуіп қалған ба, оқуға онша құлқым жоқ.
Жұрттың бəрі шетінен прокурор, шетінен сот, шетінен жүрналист,
шетінен аудармашы болғысы келгенде, мен қалада қалып, етікші
болмаймын ғой, «миым кеуіп» қалмасын деп басымды шелектегі суға
бес минөттей батырып алып, ҰБТ-ға ұялмай- қызармай қатыстым.
«Ұялмай» деп жатқаным, мектептегі бағаларым «ұятсыздау» еді....
ҰБТ деген рахат қой! Баяғы əке-шешем институтқа түсердегідей
билет алып, партаға отырып, жарты сағат ойланып, сосын көсіле
сөйлеп жатпайсың. Сықсиып, сұрақтар келеді, дұрыс, дұрыс емес
жауаптарды таңдап, түймені баса салсаң болды! Баса қатырып
жатпадым! Мəссаған! Грантқа іліктім! 125 бал жинаппын!
Сасқанымнан, өзімді өзім құшақтай беріппін! Өзімнің бетімді өзім сүйе
алмай əлек болдым! Ернімді қисайтамын келіп, бəрібір быттиған
бетіме жетпейді... Сыныптастарым да таң қалып, «сөзбен пышақтап»
жатты... Мектеп директоры шақырып алып:
—Ұят болды ғой...—деді.
—Ағай, қуанбайсыз ба? Неге ұят екен?-деп сұрадым мен.
—Алтын медальға бітірген баламыз 80 бал да жинай алмады... Ал сен...
—Құдай бере салды...
—Неге ала салдың? Ұялмайсың ба? Бізді жерген қараттың ғой? Оқу
сенің не теңің? Шпана болдың, бұзық болдың! Өз фəмілəңнен қате
жібердің! Енді келіп 125 бал жинап отырсың!
Директор апайды құшақтап, бетінен қорықпай сүйіп, кабинетінен
секіріп-секіріп шықтым! Əсіресе, мені дүниеге бірлесіп əкелген əкешешемнің қуаныштары қырық «Камазға» жүк болардай еді! Бір қой, екі
ешкі, бес қоян сойып, туыстарымызды, дос-жарандарын қонаққа
шақырды. Əкемнің бір «данышпансымақ» жолдасы мені сынамақ
болып:
—Айта қойшы, егемендікті қай жылы алдық?—деп сұрады. Сынап
жатыр өзінше.
— Егемендікті егемендік алған жылы алдық қой,—дедім мен.
—Қазір Сирияда не болып жатыр?
—Концерт болып жатыр...
—Ммм..
—Египетте халық неге көтерілді?
—Астыларынан су шыққан соң...
«Данышпан» ағай басымды қатырып жіберді. «Ауылда не болып
жатыр? Нағашы ауылыңа барғың келе ме? Жүретін қызың сұлу ма?»—
деп сұраса қайтеді-ей? Менің оқуға түскім келмейтінін білмейді ғой!
Бəрінің бастық болғысы келеді, сонда бастықтың шопыры кім болмақ?
Дəнекерлеуші болғым келіп еді... Жарайды, жоғары бал жинап алып,
жоғалып кеткенім ұят болар. Қалаған университетке оқуға түсе
салайын, ə? Өлə, мен шынымен оқуға түстім!
МЕН ҚАТЫН ЕМЕСПІН!
Бұл өзі қызық болды, біздің көше қатындарының, кешіріңіздер,
əйелдерінің жүз шақтысы бұзық болды... Тал түсте талтайып, аузыма
шыбын кірсе де, аңқайып, үйде теледидар көріп отырғанмын. Бөлмеге
он шақты əйел тұтқиылдан шабуылдап, баса көктеп кіріп келді де,
қоршап алды. Көздерім көбелек болып ұшып кеткендей, санам су,
миым бу, қолтығым қышып кеткендей, қарғып тұрдым.
—Мыжбан ағай, бізбен бірге жүріңіз!—дейді көшенің басында, құлап
қалған аялдаманың қасында тұратын арық, тыриған əйел.
—Қайда? Не үшін?—деппін мен.
—Біздің көшенің қатындары үкіметке, əкімге, жер қатынастары
бөліміне наразылық шерумен шығып, трассаны жауып тастамақпыз!
—Мен... Мен қатын емеспін ғой...
—Болмасаңыз, боласыз!
—Қалай?
—Бетіңізді, ерніңізді бояймыз, шашыңызды бұйралаймыз, бұтыңызға
гамаж кигіземіз, басыңызға орамал тартып, трассаға шығасыз!
—Неге мен?
—Себебі, сіз қудаланып жүрген, «Қазақстан қытайстанға айналып
барады!» дегеніңіз үшін қызметтен қуылған адамсыз! Жұмыссыз,
үйіңізде айлар бойы отырып қалып, қатынға айналған еркексіз... Əрі
заңнан хабарыңыз бар!
«Ойбай-ау, мен бəрібір қатын емеспін!» деген қарсылық «нотама»
қарамастан, тіпті, шашылып жатқан шөп сияқты шашымды да
тарамастан, басыма орамал байлап, бір əйел бұтындағы гамажын
шешіп беріп дегендей... дырылдатып сүйреп шықты. Масқара! Көшеде
жүз шақты əйелдер сағыз шайнап, қандары қайнап тұр екен. Əкімдер
де қызық –ей, өздері шешім шығарып береді де, мұнай-газ
саласындағылар: «Ойбай, бұл көшенің үйлері астынада
мұнай
құбырлары жатыр! Үйлер бұзылады!» дегендеріне көне салады! Жер
қатынастары бөліміндегілер айға барып, айран ішіп келді ме екен?
Осы мəселе əйелдердің ашуына пияз турап жіберсе керек, бəріміз күре
жол—трассаға шықтық. Трассада ағылған машиналар...
—Бастаңыз!—деді маған сары əйел.
—Еркексіз ғой, қорықпаңыз, біз қоштаймыз!—деді қара қатын.
—Мен еркек емеспін... емес едім ғой...—дедім мен міңігірлеп. Екі əйел
ту сыртымнан итеріп жібергенде, қаңылтыр ұстаған қаңғыбастай
қаңғалақтап барып, көшенің ортасына шығып кеттім! Мəссаған, бір
«Джип» қағып кете жаздап, жанымнан өте, жалп еткізді. Орнымнан
тұра бергенде, «Камаз» келе жатыр екен, қайта жата кеттім, үстімнен
зуылдап өте шықты, тағы бір «Ауди» туфлиуімнің бауын басып кетті...
Ыңыранып жатқанымда, əйелдер трассаның ортасына жиналып қалды.
Жүз шақты əйелді кім басып өте шықсын? Көліктер тоқтап қалды.
«Пробка!» Əйелдер қарап қалған жоқ, трассаның дəл ортасына
дастархандарын жайып жіберіп, қаз-қатар отырыса қалып, шəй іше
бастады. Көше жиегінде сары самауырлар бұрқ-сарқ қайнап жатыр,
темір ошақтарда ет асылып...
Бір кезде кэнбэщниктер,
инспекторлары қаптап кетті.
полиция
бастықтары,
полиция
—Құрметсіз аналар, бұларыңыз не?—деп сұрады полиция бастығы.
—Үйіміз бұзылмасын!
—Жолмен жүрсек, ішіміз өтеді... Жолымыз жөнделсін!
—Жолға бөлінген қаржы қайда? Атауыңды жегірлер жеп кетті ме?
—Су жоқ! Таңертең бетіміздің жартысын ғана жуамыз!
—Свет жоқ! Түнде күйеуімізді шатастырып, көршіге кіріп кете береміз!
—Халық аш, жалаңаш! Сонда да несие алып, той жасап жатырмыз!
—Баға қымбаттап барады!
—Əкімдер келсін!
Əйелдер осылай шулады. Əкімдер шетелге қыдырып кеткен екен.
—Онда, əкімнің орынбасарлары келсін!
Орынбасарлар құдалыққа кетіп қалыпты.
—Онда əкімнің əйелі келсін!
Əкімнің əйелі келді. «Бізге əкім, сізге бай, байыңызға түнде жатарда
айтсаңызшы! Халықтың жағдайын ойласын да!» деп əйелдер оны
ортаға алып, ет жегізді. Сорпа ішілді. Кешікпей жер қатынастары
бөлімінің бастығы да келді ұялмай. Көше астында мұнай жатқанын
білсе де, халықтан ақша жинап алғанын ұмытып кетті ме, жілік мүжіп
отыр. Қысқасы, трассада ет желініп, əйелдер əн шырқап, шенеуніктер
сорпа ішіп жатты... Май инспекторының қолында бір кесе шəй, бір
ұрттап қойып, көліктерге ала таяғымен айналма жолды нұсқап
жатты... Біз осындай қазақпыз, көп мəселені осылай айналып өтеміз...
Айналып өте береміз, айналып келіңізші...
ҚЫЗДАРҒА «ҚАТҚАНСКИИ» КЕҢЕС
—Жігітіңнің сараңдығын байқау үшін: «Жаным, маған аспандағы айды
əперші!»—дегін. Егер: «Қойшы, ай қымбат қой, одан да майда-майда
жұлдыздардан бір кілə əпере салайын» десе, нағыз сараңның өзі, оған
жолама!
—Сөйлегенде түкірігі шашырап сөйлесе, «пожарныйда» жұмыс
істейтіндігін жасырып жүр.
—Көшеде келе жатқандарыңда, аяғыңды басып кетсе, аяғына бір теп.
Ашуланбаса, «нағыз жігіт»...
—Жігітің ойнаған болып, басыңа бір ұрса, иығыңды тістеп алса, кейін
сені ұрып соқпайды. Себебі, «басы қатты болса, аяғы торт...»
—Жігітің туған күніңе бір бума жантақ əкелсе, сен оның туған күніне
бір бума тікенек апар...
—Жігітің телефон шалмай қойса, күні бұрын өзің телефон шалма...
«Қашан хабарласасың?»—деп хабарлас та, телефоныңды өшіріп қой...
—Жігітіңмен келе жатқанда, өтірік құлай сал. «Қояншығың» ұстап.
Жігітің тұра қашып кетсе, артынан қуып бар да: «Адам емес екенсіңдер
ғой, адамдар үстімнен аттап өтіп, көйлегімді кірлетті ғой...» дегейсің...
—Жігітіңе қарызға ақша берме. Кейін үйленген соң, бермей кетеді...
—Жігітің сені сүйе ме? Ол үшін көз алдында пойыздың астына түсе
кет. Егер ұстап қалмай, итеріп жіберсе, сені сүймейтіндігі...
—Жігітің саған кездесуге келер алдында ішімдік ішіп келсе, жаман сөз
айтпа... Тек: «Атауыңды ішкір, албасты...» дегін де, бұрылып кетіп қал.
Қайтып оған жолама, бірге арақ ішіп пəле боласыңдар...
—Құрбы қыздарыңа «жігітім сұлу, жігітім мықты» деп мақтана берме,
тартып алатындары болады. Жігітіңді тартып алмас үшін, жігітіңмен
ұрыс та, кетіп қал. Өмір бойы жолама!
—Жігітіңе: «Үйленген соң үйде кім мəңгілік президент?» деп сұра.
«Сайлау арқылы өтеміз» деп жауап берсе, күйеуің ноқалайдың өзі.
Еркек үйде қашанда президент, сен премьерсің...
—Жігітің уахабист болып шықпас үшін, түнде ұйықтап жатқанда,
сақалын ұстарамен қырып алып таста!
—Жігітің жолда тоңқаңдап бара жатқан осырақ қоңызды аяғымен əдейі
мыжып кетсе, «Ауырмайды жүрек, ауырмайды...» деген əнсымақты көп
тыңдағаны...
—Жігітіңнің алдында бостан— босқа ыржалақтап күле берме, тəлпіш
екен деп қалады. Оның орнына, өтірік жөтеле бер. Жаны ашып, кір-кір
бет орамалын берсе, саған жаны ашитындығы. «Не, көксау ешкісің
бе?»— деп одырайса, махаббаттарыңа «крест» қой...
Айта берсем, ауыз ауырады... Қызда—ар, жұмысқа шыққаннан гөрі,
тұрмыс- қа шыққан жақсы... Пəкə-ə...
ЖІГІТТЕРГЕ «ЖЫНДЫ» КЕҢЕС
—Қызыңды кешке шығарып саларда, қалтаңда көк тиының жоқ болса,
табан астында ішіңді ұстап, бүгіліп отырып қал. «Соқыр ішек болдымау деймін... Ішегімнің көзі көрмейтін еді...» дей бер. Жедел жəрдем
шақырады, өзі жаяу кетеді...
—Мықтылардың қолына су құюды үйрен. Кейін «карьераң» өседі.
Көшеден министр көрсең, қуалап жүріп, қолына су құй...
—Кедейдің баласы болсаң да, шенеуніктің қызына көз сал, сосын сөз
сал, сосын көзбен атысып қал, қысқасы, жабысып қал.
—Қыздардың алдында қақырынып, түкірініп, мұрныңды шұқылай
берме... Мұрыныңның ішінде мұнай жоқ шығар!
—Пара беруді үйрен. Ауылдың жігіті болсаң, қызыңның үйіндегі итке
қазы –қарта, колбаса беруді үйрен. Кейін қызметіңде мықты парақор
боласың...
—Ауылдың жігіті болсаң, жүретін қызыңды ұялы телефоныңмен
шақырма.Ұялы телефоныңды қос та, ысқыра бер. «Единицаң» аз
кетеді.
—Əкең парамен сотталса, түрме бастығының қызына үйлен...
—Қыздарды таңдай біл. Бір аптада алты қызды кездесуге шақыр.
Біріне- бірін таныстырма. Жексенбі күні бəрін кездесуге шақыр да, өзің
бармай ғой. Өкпелемегені—сенікі.
—Шылым шекпе. Өкпең тесіледі. Одан да темекі тарт. Арақ ішпе. сімір.
Насыбай атпа. Ерніңе сал.
—Сақал қойма. Жүретін қызың ерніңді таппай иегіңнен сүйе береді...
—Қызды арбап түсіру үшін, екі қолыңды қоянның алдыңғы аяқтары
сияқты бүгіп, кобра сияқты саусақтарыңды жинастыр. Көзіңді сүзіп
қара. Үздігіп қара. «Өлə, жынды ма мынау?» деп тұра қашпаса, қыз
сенікі...
—Қураған таяқтарды кеміріп жей бер. Жас болған соң, кейде таяқ та
жейсің...
—Креслоның үстіне шығып ал да, еденге гүрс етіп құлауды үйрен.
Кейін сені жазықсыз қызметтен алып тастаса, қызметтен құлап,
инфарк болудан аман боласың.
—Он сегіз жасыңнан сенатор, депутат болуды арманда. Əке-шешең
қыдыруға берген ақшаны жаратпай, жинай бер. Сенатор боласың.
—Сүйіктің үйіне қонаққа шақырса, екі шұлықты қабаттап киіп ал.
Барғанша бірі кір болса, шеше саласың, анауың жаңа болып тұрады.
—Сүйіктің сені «лақтырып» кетсе, сен де оны ұстап ал да, көтеріп
алып, жол жиегіне лақтыра сал.
—«Қуғынбай» болма, «Қашқынбай» бол. Жаман əдеттерден қашып
жүр.
—Қыздарды «сындыру» оңай, үйлену оңай, пəтер алу қиын...
—Жүретін қызың сені таспен ұрса, сен аспен, қамырмен, етпен ұр...
—Қызыңмен сүйіскенде, ол көзін жұмады. Соны пайдаланып, сөмкесін
ақтар да, ақшасы болса, жымқырып қал...
—Түнгі клубтың ішіне кір де, шықпа, жылдар бойы жатып ал.
Қартайғанда шығасың.
—Мектеп бітірерде арманда: «шіркін мектепте оқу он екі жылдық
болмақшы екен. Одан да жиырма жылдық болса ғой. Балаң бесінші
сыныпқа, өзің жиырмасыншы сыныпқа барасың...»
—Жан досың сенің қызыңа ғашық болса: «Жан досым, үстем болсын
мерейің... Тойыңа, сүмірейіп келейін...» деп əндет... Ұяты болса, қояды...
Міне, жігіттер, «қыл-қыбыры, жын-жыбыры» көп демесеңіз,
кеңесімнің керегін кертіп алыңыз, қысқасы, болашақ жарыңызың
маңдайына «тоқ-тоқ» шертіп алыңыз...
ТЕРЕЗЕДЕН ЛАҚТЫРЫП ЖІБЕРДІ...
-Мыжбан, бері кел, – деді əйелім. - Не болды? Не? Не? Не? - Бəле, бəле,
бəле! Костюміңді теріс киіп алыпсың ғой. Түнде қайда қондың? - Бір
досымның үйінде.
- Досыңның қасына жаттың ба?
- Жоқ, əйелі екеуінің ортасына...
- Ол қандай дос өзі? Əйелі екеуі сені ортасына алып жататындай?
- Бір бөлмелі үй ғой. Іштік, жедік. Қайтайын десем, за рулем.
«Козелдар» көшені кезіп жүр. Əйелі өзіне төсекті бір бұрышқа, күйеуі
екеумізге бір бұрышқа төсек салған сияқты еді. Көзімді ашсам, екеуі де
мені құшақтап жатыр.
- Кеше, жоқ, оның арғы күні қайда қондың? Костюміңді шеш!
- Қойшы-ей! Не болды саған? Сенің көзіңе шөп салсам, Мыжбан атым
өшсін!
- Көйлегіңді де теріс киіп алыпсың?
- А! Е-е, көйлекті теріс кисе, қалай болады екен ей? – деп ойлап едім.
- Шеш көйлегіңді!
- Не, шомылдырайын деп тұрсың ба? Ал шештім!
- Мəйкіңді де теріс киіп алыпсың ғой! Оңбаған, жексұрын! Дон Жуан!
- Бұл мəйкіні үстімнен тастамай киіп жүргеніме жеті жыл болды ғой.
Мына жағы оңып кеткен соң, мына жағын ауыстырып кигім келеді.
Қатипаш, қойшы енді! Мен сенен басқа əйелге бармаймын! Барсам,
жүрегім дірілдеп, ыстықтап, температурам көтеріліп, мазам кетеді!
- Аһ, жексұрын! Шалбарыңды да теріс киіп алыпсың! Қайда бардың
деймін, ойбай, қайда?
- Ойбайлай бермеші-ей! Кір болып кеткен соң, теріс қаратып кигенім
рас!
- Өтірік айтып тұрсың! Шеш шалбарыңды!
- Қойшы деймін! Денемді бүгін көріп тұрсың ба? Ал шешейін!
- Ойбай-ай, ойбай, мынау трусиін де теріс киіп алыпты ғой!
- Модасы сондай-ей! Теріс киілетін труси…
- Сен мені сүймейсің!
- Неге? Кеше тізеңнен сүйдім…
- Кеше үйге қонған жоқсың!
- А, солай екен-ау!
- Кімнің тізесін сүйіп жүрсің?
- Құдай сақтасын!
- Трусиіңді шеш!
- Жындымысың?
- Шешсеңші енді!
- Теріс киілетін ештеңе қалмады, Қатипаш, қойшы енді! Ұялмайсың ба?
- Кімнен?
- Менен…
- Сенде ұят бар ма еді?
- Бес килодай бар əлі…
- Мəйкіңді көтер, ішіңді көрсет!
- Немене, осмотр жасап жатырмысың? Ал, ал міне!
- Кіндігіңнің тұсын кім тырнап алған?
- Қане? – деп еңкейдім мен. – Е-е, қышып кеткен соң, шанышқымен
қасып едім сызып кеткені… Жүр, жатайықшы.
- Мен сенің қасыңа жатпаймын! – деген əйелім үстімді иіскей бастады.
- Немене, үстімнен табиғи газдың иісі шығып тұр ма?
- Бұл кімнің иісі?
- Қойшы деймін, менде бөтен иіс жоқ!
- Əйелдің иісі шығып тұр! Духи иісі?!
- Бүгін жұмыстағы бір апайдың алпыс жылдығы болған. Құттықтап,
құшақтаған едім. Содан жұққан ғой, жүр, жатайықшы деймін!
- Мен сенің қасыңа жатпаймын! Шұлықтарыңды да теріс киіп алыпсың
ғой. Ақымақсың сен!
- Алдымен түсініп алшы, жаным! Туфлиім тар, аяғымды қыса берген
соң, теріс киіп алдым.
- Теріс киіп едің, «кеңіп» сала берді, ə?
- Иə. Тоқта, тоқта, колготкиіңді теріс киіп алыпсың ғой?!
- Бұл сондай колготки. Теріс киілмесе, балтырымды терлетіп жібереді.
- Сен мені өйтіп алдама! – деп қораздай қоқилана бастадым. – Юбкаңды
да теріс киіп алыпсың ғой. Өй əкеңнің!
Мен жұдырығымды сілтей бергенімде, шифонерден еңгезердей еркек
шыға келді. Қара көзілдірік киіп алған.
- Братан, əйелге қол көтеруге болмайды, заң алдында жауап бересің! –
дейді.
- Мынауың кім? – деп сұрадым мен.
- Охранам ғой.
- Сойып жейтін сиырдай семіз екен өзі…
Сол екен, əйелімнің «охранасы» мені қапсыра құшақтап, қоштасып
жатыр екен десем, терезеден лақтырып жіберді. Өліп қалдым ба,
өлейін деп жатырмын ба, білмеймін…
ҚОРЫҚПА, ҚАРЫНДАС, ҚАСЫҢДАМЫН!
Саябақтың іші. Кеш. Бойжеткен сəкіде біреуді күтіп отыр. Бір
кезде жас жігіт ирелеңдеп жүріп бара жатып, қызды көреді де,
кілт тоқтай қалды. Сосын ирелеңдей жүріп, қыздың қасына
отырды.
—Қарындас, екі кештің арасында шошайып отырыпсыз?
—Немене, жалпайып, жайыла отыруым керек пе еді?
—Ашуыңыз айда, көңіліңіз сайда...
—«Ваще» жақпай отырсыз!
—Қарындас, кімді күтіп отырсыз?
—Шайтанды...
—Мен бір қызық əңгіме айтайын ба?—дейді жігіт үрейлі дауыспен,—
Бір күні бір миллионер келіншек түнделетіп үйіне келеді. Төсегіне
құлай кетіп, темекі шегіп жатса, свет өшіп қалады! Бір кезде диванның
астынан сорайған бір қол шығып, балтырын сипалай бастайды, «мамаа!» деген жесір келіншек атып тұрса, свет жанып қалады, қараса,
алдында басы жоқ, бірақ басын қолына ұстап алған адам тұр дейді. «Аа-а-а!» деп айқайлап жіберіпті!
Жігіт «А-а-а!» деген сөзді бар даусымен айқайлай айтқанда, қорыққан
қыз құшағына құлай кетті.
—Мамочка!—деді қыз.
—Қорықпа, қарындас, қасыңдамын,—деп қойды жігіт жымиып.
—Ой, ағай, мені құшақтап алыпсыз ғо-о...
—Өзіңіз ғо-о, түк көрмегендей, құшағыма құлай кеткен...
—Мамамды күтіп отырмын. Енді қорқынышты əңгіме айтпаңызшы.
Бүгінде өмір сүрудің өзі қорқынышты...—деген қыз бұрынғы орнына
жылжып отырды.
—Тары жегендей тым-тырыс отырғанша, танысып қоялық. Атым –
Айранбек.
—Қаймаққыз.
—Сүт өнімдері болдық қой.Тағы бір қызық əңгіме айтайын. Бір күні бір
бойжеткен үйінде жалғыз қалыпты. Бір кезде свет өшіп қалады. Бөлме іші
«чөп-чөрни». Бір кезде бұрыш жақтан біреу: «Жанна, бері келші, жаныым!» деп сыбырлайды. Қыздың зəресі қалмайды. Терезені біреу шертіп:
«Жанна, оған барма, маған келші...» деп сақылдай күледі. Төбе жақтан да:
«əке-шешесін тыңдамай, көше жүргіші болған қыз, маған кел!» деп күледі.
Бір кезде сібет жанып қалады. Қыз жалт қараса, жалт қараса, жалт қараса,
алдында бір шелек адамның кесілген ауыздары жатыр дейді. «Ойба-ай!»
деп бақырып жіберіпті!
Жігіт «ойба-ай!» сөзін айқайлай айтқанда, қыз қорыққанынан жігіттің
құшағынга құлай кетті.
—Мама!
—Қорықпа қарындас, қасыңдамын...—деген жігіт қызды құшағына қысты.
—Ужас... Я боюсь...
—Ужасыңнан айналдым, боюсыңнан айналдым...
—Өлə-ə, ағай дейім...
—Не болды қарындас?
—Сіз мені тағы құшақтап алыпсыз ғой?—деген қыз ары жылжып отырды.
—Енді... Өзіңіз ғой, құшағыма қойып кете бересіз. Бауыр басып
қалыпсыз...
—Туу, мамам неге кешігіп жатыр екен?
—Бір күні...
Қорыққан қыз жігіттің құшағына құлай кетті.
—Кешіріңіз, менің құшағымда неғып отырсыз?
—Сіз де кешіріңіз, енді қорықпаймын...—деген қыз ары жылжыды.
Бір кезде шешесі көрінді.
—Əй, Қаймаққыз, бөтен жігіттің құшағында неғып отырсың?
—Қорқынышты əңгіме айта береді екен.
—Əй жігіт, қызымды қорқыта бермей, ары отыр!
—Кешіріңіз, апай...—деді жігіт ары жылжып.
—Мə, мынаны ұстай тұр,—деген шешесі омырауынан сосискалар
шығарып, қызына ұстатты, жан-жағына жалтақтай қарап алып, беліне орап
алған орамал ішінен шұжықтарды шығарды. Басындағы орамалын шешіп,
шашының арасынан да жіңішке шұжықтарды шығарып жатты. Сөйтті де:
—Əй, жігіт, қараңды батыр! Мен қазір келемін...—деп кетіп қалды.
—Шешеңіз қайда жұмыс істейді?—деп сұрады жігіт.
—Шұжық цехында істейді.
—Бəсе, көрініп тұр. Бір қызық əңгіме айтайын. Бір күні бір депутат
пəтерінде демалып жатса, свет өшіп қалады. Бір кезде бұрыштан қыпқызыл шоқ қөрінеді. Ұялы телефоны жарқ ете қалады. Қараса: «Мен саған
бекер дауыс беріппін! Мəжілісте ұйықтап отырасың!» деген СМС хат
келіпті дейді. Содан үй іші қызыл шоқтарға толып кетеді. Бір кезде сібет
жанып қалады. Жалт қараса.... Жалт қараса... алдында шалғы орақ ұстап,
əруақ тұр дейді, «а-а-а!» деп айқайлап жіберіпті...
Жігіт айқайлай дауыстағанда, қыз қорыққанынан құшағына тығылды.
—Ойба-а-ай...
—Қорықпа, қарындас, қасыңдамын...
Кенет қыздың шешесі көрінді.
—Əй! Жапалақ құсап жарбиып, қызымның қасында əлі отырмысың?
—Кешіріңіз апай...
—Сен қыз, неменеге танымайтын жігіттің құшағына құлай бересің?—деген
шешесі омырауынан сосискалар шығарып, қызының қолындағы сөмкеге
салып жатты.
—Өзі ғой, қорқынышты əңгіме айта береді...—деді қызы.
—Ол қандай əңгіме? Біз де тыңдап қалайық...
—Қап-қараңғы түн.Тағы да свет өшіп қалған,—деді жігіт үрейлі дауыспен,
—əр тұстан байғұздар шақырады. Бір кісі түнделетіп, есекпен келе жатады.
Молалы беткейдің тұсынан өте бергенде есегі тоңқып, тоңқып жүрмей
қояды. Қорыққан жігіт артына қараса, артына қараса... Шашы жайылған бір
шайтан артына мінгесіп алыпты... Қорыққан жігіт «А-а-а!» деп айқайлап
жібереді.
Қыз қорыққанынан жігіттің құшағына тығылды. Шіреніп тұрған шешесі
де Айранбектің екінші жағынан келіп, құшағына құлады...
—Қорықпа енем, күйеу балаң қасыңда!—деді ол жымиып,—жүріңіздер,
мен сіздерді үйлеріңізге дейін шығарып салайын. А то, өзім де қорқып
тұрмын...
ШҰРҚ ТЕСІК БОЛДЫМ...
Қаздай қаздиып, қораздай қоқиып, жақында ғана сатып алған аппақ ақ
шағаладай «Ланд краузер» деген джипіммен əндеті-іп келе жатқанмын...
Келесі көшеден өте бергенімде, аударылып түсе жаздаған «Ауди» маркалы
жеңіл мəшине алдымды кесіп өте берді, артынан полиция машинасы қуып
келеді екен, терезесінен автомат шығарып, тасырлата атып жатыр, атып
жатыр, атып жатыр! «Аудидегі» жас жігіттер де атысып болар емес.
Қолымды көтеріп, сыртқа шықтым. «Қойыңдар-əй!» десем қоймайды, атып
жатыр, атып жатыр... Су жаңа кəстім –шалбарым шұрқ тесік болды! Кəстім
–шалбарымды қойшы, өзім де шұрқ тесік болдым. Бір əйел жанымнан
зымырап бара жатып:
—Ағай, бетіңіз тесік, аузыңыз есік болып, неғып тұрсыз? Қашыңыз!—
дейді. Ұят болды-ау, əкімнің баласы үйленіп, тойға бара жатыр едім...
Тендер біткенді тең бөліп жейтін əкімнің тойына кешігіп барсам... Қаным
қайнап, көздерім ойнап, машинамның кабинасына сүңгіп кеттім. Атысшабыс дегенге де етім үйреніп кетіпті. Атаңа нəлет террористер деген бір
пəле болды. Жүдə тыныштық жақпайды екен де... Халықтың ұйқысын
бұзып... Атысатын болса, айдалаға барып атыспайды ма екен? Бетпақдалаға
барып дегендей... Енді не болды, машинамның кузовы шұрқ тесік. Өзім де
шұрқ тесікпін... Кеудеме соғылған жел арқамнан шығып жатыр. Терроршы
жігіттерге жақындадым.
—Əй жігіттер, мынау не болды?—деп сұрадым үстімді көрсетіп.
—Кешіріңіз аға,—деді бірі сақалын сипап қойып, автоматына жармасып.
—Пистолетпен атыссаңдар болмайды ма? Əбізəтілні, автоматпен шұрқ
тесік етулерің керек пе?
—Аға, ары тұрыңызшы...
—Сендерді улап жүрген кімдер өзі?
—Аға оқ тиіп кетеді...
—Оқтан өлмей тұрмын ғой, намыстан өліп кетейін деп тұрмын! Кім
арттарыңда? Батыс? Ауғанстан? Ресей?
Бір кезде терроршылардың бірі полицейлер мен кейіннен келген
сарбаздарға, ерекше жасақтарға қарай гранат лақтырды. Гранат
жарылмады. Олар гранатты кері қарай лақтырды. Жарылмады. Енді бұлар
лақтырды. Жарылмады. Осылай ары-бері лақтырылып жатқан гранат
көшеде кетіп бара жатқан бір шалдың басына тиіп, етпетінен түсірді.
Байғұс тіл тартпай кетті. Бірақ гранат жарылмады. Кейін бергілі болғандай,
бұл гранат қытайда жасалған «самопал» екен. Лақтырылған соң ертеңіне
жарылатын...
Амалым астауға түсіп кеткендей, кір көңілмен көлеңкемді сүйретіп, үйіме
қайттым. Есік алдында есінеп тұрған əйелім мені көріп, шалқасынан түсе
жаздады.
—Мынау тұрған сенсің бе?—деп сұрады.
—Ия.
—Құдайым-ау, шұрқ тесік болып кетіпсің ғой?
—Мені қойшы, су жаңа мəшинемді айтсаңшы...
Ол кеудемдегі тесіктердің біріне саусағын тығып көріп:
—Қаның қайда кеткен?—деп сұрады.
—Менде қан жоқ. Бетсізбін.
—Жаның қайда кеткен?
—Менде жан жоқ, тексізбін...
—Тірімісің?
—Тірімін. Өйткені, өзгелерден «ірімін!»
—Не болды өзі? Біреу бұрғылап тастаған ба?
—Лаңкестер мен полицейлердің ортасында қалдым...
—Құдайым-ау,—деп
əйелім
зар
иледі,—осы
лаңкестер-ақ
тыныштығымызды алып бітті-ау! Құдай бар болса, атқан оқтары
«перəшки» болып жаусын! Лақтырған гранаттары шымшық болып ұшып
кетсін! Патрондарынан гүл өсіп шықсын! Мылтықтарынан пісте май
ақсын! Жарылғыш заттары шіріп кетсін, санасы уланған жастар, өз
үйлеріне кіріп кетсін! Қартайғанша шықпасын...
Əйелімді жұбатып, тойға жинала бастадым. Мен өзі тойға əйелімді
сүйретіп жүрмейтін адаммын. Денемдегі тесіктерді майда тастармен бітеп,
су жаңа кəстім- шалбарымды киіп, су жаңа екінші «Джипіме» отырдым.
Əндетіп келе жатқанмын. Мектеп жанынан өте бергенімде, бір топ
оқушылар сөмкелерінен пистолеттерін шығарып, атысып жатыр екен.
Алдында «ойыншық пистолетпен ойнап жүрген шығар» деп ойлағанмын.
Сөйтсем, бұлардыкі шын пистолет екен. Бір оқ тура маңдайыма тигені...
«Миымның мылжа-мылжасы шыққан шығар?» деп мəшинемнің айнасына
қарадым. Сөйтсем, менде о бастан ми жоқ екен ғой. Ой, қуанғаным-ай...
«БОҚМҰРЫНДАР»
Президент ойнап айтпайды, ойлап айтады, шынында, бесіктен белі,
еңбектен тері шықпай жатып, шіренген шенуніктердің ұл-қыздары,
былайша айтқанда «шикі жұмыртқалары» министрліктерде
орынбасар, əкімшіліктерде бірінші ор¬ынбасар, департамент,
корпорация бастықтары болып, жалғанды жал¬па¬ғынан басып,
мемлекет қаржысын ойланбай шашып, қылмыс жасай қалса, шетелге
қашып, дым білмесе де еңселерін көтеріп жүр, ал жарлыжақыбайлардың білім¬паз балалары базарларда арба айдап, жөтеліп
жүр… Осындай ақылды ақпарат жетісімен, президент Айсұлтан
Күншуақов қасына премьер министр Жымибай Мұртбаевты ертіп
алып,
«ҚазБылық-шылықТаз»
АҚ-на
келіп,
лауазымды
«боқмұрындарды» қатар тұрғызып қойды да, бəріне бір-бірден
бауырсақ бергізіп, сосын бортты «Камаз-ға» отырғызды. Рөлде
премерь-министр, жанында президент. Астанадан сонау Созаққа қарай
тартып келеді. Қызылордаға жете бергенде, «боқмұрындар»
старостасы Мыжбан Мəндірбаев рациямен премьерге хабарласты.
«Камаз» тоқтап, президент жерге түсті.
–Не болды?—деп сұрады президент.
–Президент мырза, Кəуекбас Шикібаев «қарным ашты» дейді…
–Саусағын сора тұрсын…
–Саусағының өзі соруға жарамайды, ақ саусақ, əлсіз…
–Биік астаудан жем жеп үйреніп қалған екен. Шыдасын.
–Ойбай, ол жем жемейді… Тек қара уылдырық…
Премьер министр «боқмұрындарды» санай бастады. Кенет мұрты
тікірейіп кетті.
–Бес «боқмұрын» жоқ! Олар қайда?—деп сұрады ол.
–Астанадан шыға берісте борттан секіріп түсіп, қашып кеткен…
–Неге хабарламадың?
–Жаңбыр жауып тұрған, сіздің шашыңыз су болады деп…
–Премерь ага,
Түкбілмесов.
–Өмір көруге…
биз
кайда
барамиз?—деп
сұрады
Дымқылбас
–Амир кай жакта сонда…
–Созақта…
–Сузаки Жапония каласи ма?
–Президент сендердің аспаннан түсе қалғандай, білімсіз бастарыңмен
бірден бастық болғандарыңа риза емес. Əуелі тəжірибе жинап, өмір
көру керек дейді. Сендер «көкелеріңнің», тамыр-таныстың, билікте
билеп жүрген əкелеріңнің арқасында кресло құшақтап отырдыңдар.
Кадрдің қадірін кетірмеуіміз керек.
–Сен неге бəрінен биік отырсың?—деп сұрады президент.
Артыкүштібек Диірментартаров орнынан тұрды. –Мен… мен жұмсақ
кресломды ала шығып едім…
–Өмірді тақтай орындықтан бастау керек саған…
–Артым ауырады… Президент басын шайқап, премьер мұртын сипап,
кабинаға отырды. Қызылорда қаласына жеткен соң, президент
«балапандардың» біразын ауыл əкімдігіне, біразын мектеп
директорлығына тағайындап кетті. Түнделетіп, Шымкентке жете
бергенде, Май инспекторлары тоқтатты.
–Құжаттарыңды əкел! Немене тиеп алғансың?
–Шикібастарды…
МАЙ инспекторлары борттың ішіне үңілді.
–Мигранттар ма не? Өзбек жұмысшыларын қай бастықтың коттеджін
сал¬дыруға апара жатырсың?—деп сұрады бірі.
–Біріншіден, «сіз» деп сөйлеңіз, екіншіден, мен премьер –министр
Жымибай Мұртбаевпын…
–Мұртбаев болсаң қайтейін? Маған десең, Сақалбаев бол! Премьер
күйіп кетті: –Əй, козелдар! Извините за выражение… Мен
Мұртбаевпын дедім ғой! Сендер туралы үкіметке сауал жолдаушы
депутаттарға обшым сенбеуші едім… Таза сыбайластар, парақорлар
екенсіңдер ғой!
–Мұрттының бəрі премьер дегенге сене қалдық! Түнделетіп, балашағадан безіп, бекер тұрған жоқ шығармыз? Заңсыз «өзбек
жұмысшыларын» əкетіп бара жатқаның үшін, елу мың теңге тастап
кет…
–Елу мың теңге? Сен сонда премьер-министрден пара алмақпысың? О,
менің парақор елім!
–Ойбай сене қалдым! Остап Бендерсің бе, не? Мүмкін, президент
шығарсың? –—-Президент кабинада отыр…
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.