Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 21

Total number of words is 3783
Total number of unique words is 2085
28.3 of words are in the 2000 most common words
40.9 of words are in the 5000 most common words
47.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шекарасына “Хош келiңiздер!” деп жазуды цементпен құйып, бiр шелек
əкпен əктей салуға да бiр ай керек пе? Кеше көрдiм, “Келе берiңiздер, кете
берiңiздер!” деп жаздырыпсыз! “Немедленно” бұздырып тастаңыз! Ұят!
Позор! Мен сiздi қызметiңiзден алып тастаймын.
Мыжекең телефон тұтқасын қойып, маған бұрыла берген, тағы да безiлдей
жөнелдi.
— Иə, тыңдап тұрмын? Не деген адамсыз? Мен сiзге үш күнде бiтiрiңiз деп
едiм ғой! Үш күн босқа кеттi ме? Əкемнiң төртiншi əйелi қайтыс болып едi
дейсiз бе? Неге бiрiншiсi емес, төртiншiсi өлген? Сiзде ар-ұят жоқ екен!
Жыламаңыз деймiн, немене бұл ауданға жылауықтар жиналған ба? Қазiр
ғана Қиқымбаевпен сөйлестiм, ол да жылайды. Ертең облыс əкiмiне не
айтамын? Айналайын-ау, Төле би, Қазыбек би ескерткiшiн мектептiң
алаңына дұрыс орнатыпсыздар, ал Əйтеке би қайда? Немене? Тойға кеткен?
Слушай, Əйтеке би тұғырының үстi бос, астына “Əйтекең тойға кетiп едi”
деп алтындата жазып қойыпсыздар. Бұл не деген масқара? Не? Жаһандану
жаңалығы деймiсiз? Жаңалығыңызбен жалп еткiзiп ұрып жығу керек сiздi!
Əй, слушай, сосын Төле би мен Қазыбек би ескерткiштерiне қара көзiлдiрiк
тағып қойғансыз ба? Бабаларымыз жаңа заманға жаңа көзқараспен қарап
тұр деген ойыңызды есекке айтыңыз! Көзiлдiрiктерiн алып тастасын,
мүсiншi Миғұлабаевқа хабарласыңыз! Осы сiздер-ақ шаршатып бiттiңiздер!
Ұят, позор! мен сiздi қызметiңiзден алып тастаймын.
Аудан əкiмi келесi телефонды көтердi.
— Не деген адамсыз? Мен сiзге үш күнде бiтiрiңiз деп едiм ғой. Үш күн
босқа кеттi ме? Немене? Iшiм өтiп жүр? Iшiңiз неғып iрiп түсiп қалмайды?!
(Мыжекең сөйлесiп жатып, бiр парақ қағазға бiрдеңелердi сүйкей жазды да,
маған ысырды. Оқып қарасам: “Сiз əлi отыр екенсiз ғой, кешiрiңiз
танымадым?”-деп жазыпты. Мен параққа: “Тыжбан деген
“однопалчаныңызбын”. Сəлеметсiз бе?” деп жазып, өзiне қарай ысырдым).
Əй, слушай, сiзде ар-ұят жоқ екен. Жыламаңыз деймiн. Жылайтын уақытты
тапқан екенсiз. Ертең облыс əкiмiне не айтамын? (Мыжекең əлгi параққа:
“Однопалчанымбысың?” Тыжбанбысың? Жағдай қалай?”-деп жазып
қойды. “Ойылған асфальт жолға сиырлардың тезегiн төгiп, сылап
тастағанды кiмнен көрдiңiз? Немен? Тезекке алебастр араластырдық?
Албасты-ау, менiң алдымдағы əкiм жолды жөндеуге берiлген қаржыны жеп
кетсе, мен ендi несiн жейiн? Сенiң алебастрыңды жеймiн бе? Ұят, позор!
Мен сiздi қызметiңiзден алып тастаймын!
Ол артынша шырылдаған телефон тұтқасын көтергенде, сағатына қараса,
түскi үзiлiс болыпты.Үнемi өзiммен алып жүретiн қоржынымның iшiнен
термосқа құйылған шəйдi пиялайыма құйып, стол үстiне бiр таба нан,
конфет тастап, ендi жүрек жалғайын деп жатқанымда “iскер” əкiм сөйлесiп
жатып, əкiмнiң бiр парақ қағазға “Маған да шəй құйып жiбершi”,-деп
жазылған сəлемiн оқыдым. “Атауыңды iш!”-деп жаза жаздап, екiншi
пиялаға шəй құйып бердiм. Ол шəйдi бiр ұрттап қойып, əлi сөйлесiп отыр.
— Əлеу, слушай, не деген адамсыз?! Мен сiзге үш күннiң iшiнде
шақырыңыз деп едiм ғой! Үш күн босқа кеттi ме? Ауырып қалдым? Ертең
ауыра тұрсаңыз болмас па едi? Жыламаңыз деймiн, жаман ырым бастамай!
Ертең облыс əкiмiне не деп айтамын ендi? Əкiм болып келгенiме бiр ай
өттi, əлi үйiңiзге шақырған жоқсыз! Сiзде ар-ұят жоқ екен! Айналайын-ау,
бiр қой сойып, дастарханды жайнатып, қалтама конверт салу да қиын
болып па? Мен сiздi қызметiңiзден алып тастауға мəжбүр болып отырмын!
Ол телефон тұтқасын қоя берiп, маған бұрылды да: “Сiз əлi отырсыз ба?”
деп сұрады. Əскерде бiрге болған досымның “сiз” деп сызыла қалғаны
бiртүрлi екен. Келген шаруамды айтқым келген, ұмытып қалдым. Осы мен
əкiмге не үшiн келдiм екен? Осы сəтте телефон тағы да безiлдей түстi.
— Бетсiздер!-дедi аудан əкiмi қалшылдап. — Арамтамақтар. Сендер iшiпжегеннен басқа не бiлесiңдер өзi?! (Ендi ол тұтқаны қоя салып, орнынан
тұрып кеттi де, қолын сермей ұрса жөнелдi). — Не деген масқара! Мен
сендерге де үш күн бердiм ғой! Үш күн босқа кеткенi ме? Облыс əкiмiне не
айтамын?! Позор! Сендерде ар-ұятан кəшек те қалмапты! Бəрiңдi
қызметтерiңнен алып тастаймын. Сөйтiп өз командамды шақырамын!
Мыжекең сол сөйлеген қалпында, кабинетiнен шығып кеттi. Шəй iшiп
оытрмын. Бiр кезде хатшы қыз кiрдi де:
— Сiз əлi отырсыз ба?-деп сұрады, — Əкiм түскi үзiлiске кеттi.
— Бiлемiн.
— Таңертеңнен түске дейiн ол кiсi ешкiммен сөйлескен жоқ.
— Қалай?
— Өзi айтқан: “Бұрын əкiм болып көрген жоқпын, сендерге қалай ұрсуды
да бiлмеймiн, тəжiрибеден өтейiн”,-деп. Бiрiншi орынбасарына тапсырма
берген, ол кiсi телефон соғып отырады, əкiм “ұрысқан” болады. Түсiнген
шығарсыз? Не шаруамен келген едiңiз?
— Жай, əншейiн...-дедiм мен ыдыстарымды қоржыныма салып жатып. —
Ұрыс естиiн деп келген едiм. Кешiңiрiңз, үйiме телефон соғып алсам?!
— Мейлiңiз.
Мен əкiмнiң кабинетiнде əйелiме ұрыса жөнелдiм.
— Əй, қатын! Не деген адамсың?! Мен саған үш күннiң iшiнде бiтiр дедiм
ғой! Үш күн босқа кеттi ме?! Ауырып қалдым? Жер алғаннан кейiн ауырсаң
болмас па едi?! Үйдiң бiр қабырғасы құлап түскенiн бiлесiң. Соны үш
күннiң iшiнде сылап, кiрпiшпен қалап шығуға болады ғой. Позор! Ұятсыз!
Мен сенi əйелдiк қызметтен алып тастаймын!
ƏЙЕЛІМНІҢ АТЫ КІМ?
Бiз кейде қазақ елi емес, өзге елдерге мазақ ел сияқтанып
тұратындаймыз. Өте, ұмытшақ елмiз. «Бар жақсылық балаларға!ң деймiз
сосын ұмытып кетемiз. «Бар жақсылық аналарғаң деймiз, сөйтiп, қаулыдан
қуардақ жеймiз, артынан ұмытып кетемiз. Ұмытшақтар мемлекетiнен
сияқтымыз. Үкiмет үтiр, нүктеге уəде бередi, соңынан сұрау белгiсi қалып,
ұмытып кетедi. Анау да мынау да ұмытшақ. Құдайын ұмытқандар
ұрықтанып көбейiп келедi. Балаларымыз ана тiлiн тiлгiлеп, ағылшынға
ауысты, кейiн ағылшын тiлiнде намаз оқитын шығар! казит-журнал дегендi
көрмегелi қай заман! Бiздiң шалғайдағы ауылды айтамын. Əйелiмнiң
күндiз-түнi көретiн өз теледидары бар. Ол – сұрық қара сиырымызды енi
бұты. Төрт каналы да сүт көрсетедi. Соған да шүкiр! Кiтапхана жоқ кiтап
орнына немерелерiмiзге «моральң оқимыз. Бiз үшiн бəрi бiр. Бiзге
құдайдың да үнi жетпейтiндей. Президент кiм? Оның жарлықтары қандай?
Бiлмеймiз.
Бiр күнi «сiңiрi шыққан кедейлердiң тiзiмiн аламыз, кедейлiктiң тамыры
қайда, соны iздеп табамыз!ң деген ұранмен аудан əкiмi келдi. Жанында
ауыл əкiмi, Ұмытшақ Ұмытқанұлы бар, «кедейсiң бең? – деп сұрады аудан
əкiмi.

Иə.

Сiңiрi шыққан кедейсiң бе?

Иə, сiңiрiм шодырайып кеткен.

Үйiңде не бар?

Төрт қабырға.

Қораңда?

Сиыр болған.

Қазiр қайда?

Қасқырларға сойып бердiк. Жеп кеттi.

Қасқырлар қайда?

Бiз жеп қойдық. Аштан өлетiн болған соң.

Қасқыр етiнен мəнтi жасапты, – дедi ауыл əкiмi кеңкiлдей күлiп.

Апау, Абайдан ескерткiшiн қайдан əкелдiңдер? – деп аудан əкiмi
ыңыранып.

Қайсы? Ол менiң əкем ғой жасы жүз екiге келдi.

Əкем, дейдi? Ассалаумағалейкум, ақсақал!

Əликiм ассалам, қай баласың? – деп сұрады əкем. Құлағы жақсы
естидi.

Аудан əкiмi Бетiжоқ Бизнесменұлымын ата.

Е-е, мен сенi өгiз екен деп қалсам. Көзiм нашар көредi. Қолыңдағы
кiм? Тана ма? Бұзау ма?

Ата, ауыл əкiмi ұмытшақ көкем ғой – дедiм мен.

Жасыңыз қаншаға келдi? деп сұрады аудан əкiмi. Темекiсiн тұтата
бастады.

Көп көктем көрдiм, шырағым,

Соғысқа қатысқан боларсыз?

Қандай соғыс?

Ұлы Отан соғысын, айтамын.

Ол қашан болып едi? Естiген, жоқпын, шырағым. Неге айтпады бiзге?
Əлде менi Отанын қорғай алмайды дедi ме екен?
Əкiм болып қала жаздады.

Ата, сiздi сол кезде ауырып, бесжыл қатарынан ұйықтап, 1945 жылы 9
мамырда оянған дейдi ғой, – дедiм мен.

Немене дейдi? Сонда Сталин өлiп қалған ба? Алда бейшара-ай, –
деген атам еңкiлдеп жылады.
Аудан əкiмi маған бұрылды.

Сiз ХХI ғасыр адамысыз. Ал, атаңыз алжып қалған. Ауыл жылын да
бiлмейтiн шығарсыңдар?

Ауылдың да жылы бола ма? Естiмедiк – дедiм мен күмiлжiп.

Ипотеканы бiлесiң бе? – деп сұрады Ұмытшақ көкем.

Ол кiм? Тəуiп пе?

Сен өзi ипотеканы бiлмейтiн қандай қазақсың! – деп дүрс қоя бердi
аудан əкiмi, – ипотека дегенiмiз, ипоте-ка-а! Аудан банкiсiнен ипотекалық
несие беремiз, атаңызға үй сатып əперемiз.

Үй бар ғой. Осы үй ше?

Бұл сенiң үйiң. Сенiң үйiңдi атаң сатып алады. Ипотекамен! Бiз ауыл
жылына көңiл бөлiп жүрмiз, сендер адам болсыншы де, өлiп жүрмiз!
Өзiңнiң атың кiм?

Менiң бе?

Иə, сiздiң!

Менiң атым кiм едi? Ұмытып қалыппын.

Немене, өз атыңызды бiлмейсiз бе? – деп таңданды – ауыл əкiмi.

Құдайым-ау, мен керек десеңiз, президенттiң де аты-жөнiн ұмытып
қалдым. Əйелiнiң аты Райса ма едi?

Кешiрiңiз, – дедi ауыл əкiмi сөзге араласып, – Мыжеке, ол Кеңес
Үкiметiнiң президентi Горбачев қой! Кеңес Үкiметiнiң құлағаны қашан!
Егемендi ел болғанымызға қанша жыл өттi!

Қашан құлады? – деп сұрадым мен шынымды айтайын, бiз
жаңалықтан мақұрымбыз. Бəсе, бiздiң ауыл неге жабайыланып барады деп
ойласам…

Əйелiңiздiң аты кiм? – деп сұрады аудан əкiмi.

Əйелiмнiң аты кiм ед? – деп мiңгiрледiм мен.

Е, мен қайдан бiлейiн? – дедi Ұмытшақ көкесiнiң көздерi айқышұйқыштанып, – бұл ауылға жақында көшiп келдiм ғой!

Жындысыз ба? Туған əйелiнiң атын ұмытып қалған деген не сұмдық!
– дедi Бетiжоқ, – сонда əйелiңiздi қалай шақырасыз?

«Əй, қатын!ң немесе «Қатеке!ң деймiн.

Сосын?

Қит-қит-қит! – деймiн.

Сiздiң есiңiз дұрыс па?

Дұрыс əйелiмнiң атын түгiлi, атамның зейнетақы алатынын да
ұмытып қалды. Бiздiң ауыл Африкада сияқты.

Ертең келемiз. Шеңешем қыдырып кеткен екен. Аты-жөнiн бiлiп
қойыңыз. Бiзге данныйлары керек! – дедi Ұмытшақ көкемiз.

Не бересiздер? – деп сұрадым мен.

Ипотека беремiз.

Сосын?

Көмек көрсетемiз!

Жақсы болды ғой. Көмiр керек, ұнымызда таусылып…

Беремiз! – дедi аудан əкiмi, – бiр қапшық кебек беремiз. Бiр табақ
көмiр аласыз.

Е – б-əсе, жер-жерге кедей-кепшiктерге көмек берiп жатыр деп едi,
кебектерiңе көп рахмет! – дедiм! мен.
Олар кетiсiмен кемпiрiм келдi.

Қайда жүрсiң? – деп дүрсе қоя бердiм мен, – осы сенiң атың кiм?
Атыңды терезенiң жақтауына ойып жазып қойсаң қайтедi?

Өлə, атымды ұмытып қалыппын, – деп бетiн шымшыды ол.

Бəлə, шешең кiм деп шақырушы едi!

«Əй, Қара қыз!ң дейтiн.

Сонан соң?

«Қара пұшық!ң

Мектепте ше?

Шақырмайтын.

Немене, он жыл бойы тақтаға бiр де бiр рет шықпадың ба?

Жоқ. Ендi шыға бергенiмде, қоңырау шылдырлап қоя бередi.

Бiз өзi қалай танысып жүрмiз? – деп сұрадым мен. Əйелiмнiң аты
тiлiмнiң ұшында тұр.

Тоғайда кездестiк қой, – дедi ол.

Бiр-бiрiмiздi қалай шақыратын едiк?

Ымдап.

Сөйлесетiн бе едiк?

Жоға кездескен сəтте құшақтап, қатып қалатынсың. Бiр жолы соқыр
iшегiм жарылып кеткен.

О, тоба! Осы уақытқа дейiн атыңды айтпағансың ə? Ұят қайда?
Төркiнiңе зыт, енемнен атыңды сұрап кел!
Əйелiм жүгiре жөнелдi. Өйткенi, төркiнi төрт үйден кейiн болатын.

Əй, – дедiм мен, – айтпақшы күйеу баласының аты кiм екен, сұрай
салшы!
Əне, бiз бəрiн ұмыттық! Өкiмет ауылды бiз өкiметтi ұмыттық «Ауыл
жылың деп жариялапты ғой, оны да ұмытады əлi!
Əйелiмнiң аты кiм едi..? Туу, тiлiмнiң ұшында тұрғаны…
НҮКТЕ
Баяғыда-а, «Қазақ альфавитi» деген алып мемлекеттiң тыныс белгiлерi
жиналып «нүктенi құрту керек, Нүктенiң бiзге керегi жоқ! Онсыз да өмiр
сүре аламыз, онсыз да ойнап-күле аламыз!»дептi. Сөйтiп, отырып алып,
бəрi дə-əу торт жептi.
- Мен Сұрау белгiсiмiн! Мен қадiрлi, құрметтiмiн. Мен мемлекеттен
балаларға қамқорлық сұраймын! Мен балаларға кəпмит сұраймын! Балалар
ауырып қалса, дəрi-дəрмек те сұраймын! Жазушылар, ақындар менсiз
ештеңе жаза алмайды! Адамдар менсiз бiр-бiрiнен ештеңе сұрай алмайды!дейдi Сұрау белгiсi.
Леп белгiсi орнынан тұрады:
- Имиген түрiңнен болайын! Сұраншақ десе! Не болса соны сұрай
бересiң! Бiр бала доп ойнап жүрсе, «добыңды бершi!»-деп сұрайсың.
Анаңнан айран сұрайсың! Əкеңнен «ат болшы, үстiңе отырғызшы!» деп
сұрай бересiң! Осы сенiң сұрамайтын күнiң болады ма? Ал, мен Леп
белгiсiм! Мен айттым, бiттi! Бұйырып сөйлеймiн! Көтерiңкi көңiлмен
сөйлеймiн!»
Үтiр орнынан тұрады.
- Неге шулайсыңдар? Үтiрсiз, менсiз, шаршап қаласыңдар ғой! Мен
болмасам, судырап сөйлеп, езулерiң көбiктенiп кетедi емес пе? Сұрау, Леп
белгiлерiнсiз де қазақ альфавитi құлап қалмас!
Сұрау белгiсi күледi:
- Əне, сөзiңнiң өзiн «Неге шулайсыңдар?»-деп сұрау белгiсiмен бастадың!
Тере мырс еттi.
- Тересiз көрген күндерiң құрысын! Мен сөз-сөйлемдердiң көпiрiмiн.
- Ойбай «көпiр» үнiңдi өшiр!-дедi Тырнақша айқайлап, - Немене, менi,
Тырнақшаны көздерiңе iлмейсiңдер ме? Өмiрдiң өзi Тырнақша! Менi
елемесеңдер, беттерiңдi тырнап аламын!
Нүкте сөз алады:
- Мен домалақпын!-дедi ол, - жер бетiндегi бейбiтшiлiктiң жаршысымын.
Зұлымдыққа, қатыгездiкке, соғысқа нүкте қоямын! Жер домалақ, маған
ұқсас! Адамдардың басы домалақ, күн алма, пияз домалақ! Нүктелер
жасасын!
Сөйттi де, Нүкте осы ертегiнiң соңына... көп нүкте қойып, кетiп қалды!
БІЗДЕ БƏРІ ТЕГІН...
Бір қазақ америкадан тапқан досы Джекпен сыра ішіп отыр дейді.
—Сіздің елде халыққа тегін қызметтер көрсетіле ме?—деп сұрады
Джек.
—Əрине, бізде бəрі тегін!
—Қалай?
—Автобус, пойыз, ұшақтардан түскен соң, жаяу тегін жүресің.
—Қызық екен.
—Өз үйіңде тегін ұйықтайсың. Өз үйіңдегі моншаға тегін түсесің.
—Жоқ, достым, былай, тегін нəрсе не бар? Қоғамдық дегенім ғой?
—Бізде халыққа барлық жағдай жасалған. Ұрлық та, қарақшылық та,
парақорлық та тегін.
—Мəселен?
—Мəселен, бай болсаңыз, үйіңізді тегін ұрлата аласыз. Ақша беріп
ұрлата алмай жүрген кедейлер де бар.
—Жоқ, қазақ бауырым, түсінбедің. Сіздің елде не тегін беріледі?
—Қайыршыларға тегін тиын-тебен тастап кетеміз.
—Сосын?
—Он қабатты үйлерден тегін құлап, тегін өліп жатамыз.
—Сосын?
—Тегін жұмыс істейміз...
—Қалай тегін?
—Құрылысшылар айлар бойы тегін жұмыс істеп, компания
басшылары теріс қарап, тегін тоңқаяды.
—Сіздерде мұнай көп...
—Ия, ия, авто көліктерімізге бензин құйған соң, бактың қақпағын тегін
жауып береді.
—Керемет екен ғой!
—Бізде əр азаматтың он сотық тегін жер алуға құқы бар. Тек
Бетпақдаладан, теңіздің астынан, Ай үстінен...
—Неткен ғажап жағдай! Адамдарға бұдан артық не керек?
—Бізде жастар көшеде кетіп бара жатып, тегін сүйісе береді. Бір –
бірінен тиын сұрамайды.
—Неткен бақыт!
—Тегін жала жауып, тегін соттатып жатамыз.
—Тамаша! Тамаша құрмет!
—Тегін сасық ауа жұтамыз... Тегін есінейміз, тегін ыржиямыз, тегін
күлеміз, тегін жылаймыз тегін ос... Бізде қысқасы бəрі тегін! Үкімет
халықтың жағдайын жасап қойған. Соған біз мастанып кеткенбіз! Тегін
оқығымыз келмей, ақшаға оқып жүрміз, тегін су, тегін газ, тегін жарық
дегенге намыстанып, қымбаттатып жатырмыз! «Қымбаттатыңдар!»
деп көшеге, шеруге шығамыз.
—Не деген жұмақ еді, Қазақстан!
—Біз жан- жағымыздағы елдерге жерімізді тегін бере саламыз! Бізде
не көп, жер көп. Құдайға шүкір, жетеді!
—Міне азаматтық демократия!
—Біздің иттеріміз де тегін үреді...
—Тамсанып тұрмын. Бізде бір рет үру— бес доллар...
—Бізде ювелир дүкендері тегін қызмет етеді.
—О, қалай?
—Ішіне кіріп, тегін тамсанып, сүзіле қара-ап шығасың. Тегін көресің.
—Міне байлық! Қазақстан халқы бай-бақуатты тұрады екен ғой!
—Арақ ішуде алдымызға жан салмай, тегін ішеміз.
—Түсінбедім?
—Арақты сатып алған соң, үйде тегін ішіп жатамыз... Кешір достым,
«тегін, тегін» деген сөзге үйреніп қалыппын... Ең бастысы,
сендердегідей «тегін террордан» сақтасын!
—Ия, қазақ бауырым, Құдайым адамдарды тегін ажалдан сақтасын!
Екеуі тегін құшақтасып, сыраханадан көңілді қайтты. Жолай бір
полицай тоқтатып, қазақ бауырымызды «сен осы болашақ шпион
емессің бе?» деп тегін қамауға алды. «О, тегін демократия!»
МЕНІҢ ҚАНЫМ ҚЫШҚЫЛ...
—Мырзалар! Құрметті сенаторлар, депутаттар!—деді парламент
сенатының төрағасы Мақұлбек Мақұлбаев көз жасымен көзілдірігін
суртіп жатып,—Ия, ия, сенатор Сүлікбаев отырған ұшақ Сирияның
үстінен ұшып бара жатқанда, оппозицияның қаруланған тобы атқылап,
ұшақ екіге бөлініпті де... Сенатор аспаннан жерге түспей қалыпты...
Түркияда демалып, Астанаға ұшып келе жатқан беті екен.
—Сүлікбаев əлі аспанда ұшып жүр ме? Аспандап, танауын аспанға
қаратып жүруші еді...—деп сұрады депутаттардың бірі есінеп.
—Жоға. Бір шымшық арқасына қонған екен, содан құлдилап, абырой
болғанда шөмеленің үстіне түсіпті!
—Құдай қағыпты!
—Креслосының киесі қаққан!
—Бірақ Сүлікбаев ауыр жарақаттанып, көп қан кеткен. Соған
депутаттар болып, сенаторлар болып, қан берейік. Донор болайық.
Қане, дауыс берейік, қарсы қалыс бар ма?—деп сұрады сенат төрағасы
қабырғасын қасып, бұнысы: «қабырғамыз қайысып отыр» деген белгісі
еді.
—Өзі тірі ме?—деп қалды Мемлекеттік хатшы қасын керіп.
—Кеше скайп арқылы сөйлескенімде, қолтығын қасып жатқан...
—Байғұс-ай, білімі таяз, ойы аяз болса да, сенаторлыққа секіріп келіп
еді...—деп аяныш білдірді сенатор Ұйқыбасов.
—Билік не айтса, «мақұл, мақұл!» деп басын изей беруші еді...
—Керемет ғалым болатын... Сенаторлыққа бекер келді...
—Енді оның орнына кім келер екен?
—Шуламаңыздар!—деді сенатор төрағасы күрсініп,—ол əлі тірі ғой.
Қиналып жатыр. Қан берейік, қан! Сенатор Рубек Жершілбаев, сіз қан
бересіз бе?
—Кешіріңіз... беруін беремін-ау, бірақ...
—Немене бірақ?
—Менің қаным қышқыл...
—Ол саусағын батырып, дəмін көрмейтін шығар?
—Оның үстіне қаным арам...
—Қалай арам?
—Өзіңіз бірде: «Арам сенаторсыз! Кəсіпкер ініңізді троспен сүйреп
келесіз!» дегенсіз... Арам қанның қажеті болмас...
Сенат төрағасы жынданып кете жаздады. Оған жындануға болмайды,
ертең «Кландар мен жыландар» заңы қабылданбақ... Ол Аштық пен
тоқтық министрі Əшейінгүл Келгеноваға бұрылды:
—Сіз ше, министр ханым?
—Кешіріңіз...
—Ия?
—Менің қаным женский ғой...
—Онда тұрған не бар?
—Кейін əйелі қызғанып жүрмейді ме?
—Бересіз бе, бермейсіз бе?
—Үйде уылдырық бар еді... соны берейін...
—Қан керек, қан! Түсінесіз бе, қан!
Сенатрорлар мен депутаттар, бірді-екілі министрлер де, мемлекеттік
хатшы да жым-жырт.
—Менен қан шықпайды-ау...—деп қалды осымен төртінші рет
сайланған депутат Тайраңбаев.
—Неге олай дейсіз?
—Баяғыда мектепте оқып жүргенімде мектеп директоры:
«Тайраңбаевтың бетінен бес кило ет шығар, бірақ қан шықпайды...»
деуші еді...
—Депутаттар! Құрметті сенатор мырзалар! Өзіміз сияқты қолдан
жасалған қоғам қайраткері, Солғанбай Сүлікбаев ауыр халде жатқанда,
адамгершілік танытпағанымыз елдігімізге сын. Қарапайым халық не
ойлайды? Қан беруге сараң болсаңдар, бюджеттен қаржы бөлейік! –
деді президент кеңесшісі күңкілдеп.
—Дұрыс айтасыз! Бізде артық қан жоқ!
—Керек десеңіз, бізде жан жоқ!
—Қой-ей, көпке топырақ шашпа!
—Сенатор Сүлікбаевқа қан беру үшін мемлекеттен жүз миллион теңге
бөлінсін!
Депутаттар қолдап, сенаторлар мақұлдап, Сүлікбаевқа қан тапсыру
үшін қарапайым халық қан беретін болды. «Билікті донормен қамту
мəселелері» заңы қабылданды... Оны ұйымдастыру, жарнамалау үшін
бүйірі шұрқ тесік бюджеттен жүз миллион теңге бөлінетін болды...
Кенет сенат төрағасы ұялы телефонын көтеріп:
—Немене? Как қайтыс болды? «Хош бол, қайран кресло!»деп қолын
бұлғады деймісіз? Обал болған екен..—деп бір көзін уқалады. Оның бір
көзінен ғана жас шығатын...Сенаторлар мен депутаттар бір минөт үнсіз
тұрып, екі минөт күрсінген болып, артынша ашық-жарқын
арқаларыннан қағысып, «жайлы өмір» жайлы əңгімелесіп бара жатты...
БАЛАМ ОТЫЗЫНШЫ СЫНЫПТА ОҚИДЫ!
Уақытты қуалап жүріп ұстап алып, биеңізбен бірге арқандап қоя
алмайсыз... Немесе, ұстап алып, «соя» аламайсыз. Уақыт уыста
тұрмайды... Қойшы, сонымен, 2030 жыл. Баяғыда-а-а, 2013 жылы, білім
министрі 12 жылдық білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандарттарын енгізіп еді ғой? Он жыл базалық білім алып, екі жыл
бойы мамандық таңдайтын ше? 2015 жылы тағы бір білім министрі
келді де, балаларымыз 15 жыл оқитын болды. 2020 жылы тағы бір
білімсіз білім министрі келді де, отызында «орда бұза алмағандар»
үшін отыз жыл, қырқында «қамал ала алмағандар» үшін қырық жыл
оқу туралы бастама көтеріп, қарсы келгендер көксау болып жөтеліп,
«оқу— эксковатормен құдық қазғандай...» деген мақал шықты.
Отызыншы, қырқыншы сыныпта оқитын балаларымыздың иегіне қапқара сақал шықты...
Құдайға шүкір, менің балам биыл отызыншы «а» сыныбында оқиды.
Өйткені, отызға жетіп, желкесін май басса да, «орда» бұза алмай жүр.
Біреудің тұмсығын бұзып, не біреудің баласын атып кеткен емес.
Ынжық. Бір күні балам сөмкесін арқалап келді де, лақтырып тастады.
—Əке, енді оқымаймын!—деді ол.
—Неге балам?—деп сұрадым мен.
—Миым құрттап кетті. Маңдайымнан ақ құрттар шығып жатыр...
—Көзіңе солай елестеген ғой балам. Отызыңда орда бұзбай жүрсің, оқи
бер.
—Бұзып келдім...
—Қалай?
—Сынып жетекшісі Түнжарық апайды...
—Немене апайды? Зорлап кеттің бе не?
—Түнжарық апайдың
білдірдім.
махаббат ордасын бұзып кіріп, көңілімді
—Ия?
—«Апай, сізге үйленемін! Мен сізге он сегізінші сыныптан бері
ғашықпын!» деп «Фейсбук» арқылы хат жібердім.
—Апайың не деді?
—«Қырқында қамал ала алмай жүрген қырқыншы сыныптағы
жігітімді былтыр тастап кеткенмін. Ағай, айып болмаса, əке-шешеме
барып, құда түсіп, маған алтын сырға тағып кетіңіздерші. Темір сырға
тағып жүргеніме ұяламын...» деп жауап жазып жіберді...
—Жүгермек-ау, одан да еркекке басын имеген, əлі байға тимеген
мектеп директорына үйленсеңші! Мектеп директоры деген аты бар
ғой! Оқушылардан ақша жинап жүресіңдер...
—Ой, əке, қазір бізде мектеп директоры жоқ.
—Неге?
—Кеше кешке қырқыншы «г» сыныбындағы Көктемес көкем алып
қашып кетіпті!
—Немене, Көктемесің əлі үйленбеген бе?
—Жұрт мамандық таңдап, сол мамандық бойынша тереңдетіліп оқып
жүрсе, ол махаббат мамандығын тереңдеп таңдапты...
—Көйлегіңнің жағасын кім жыртқан?
—Сыныптастарыммен бірге сыра ішіп отырғанбыз. Даяшымен
ерегісіп...
—Отызға келдің ғой отызға! Мен сенің жасыңда есік алдындағы
сарайды бұзып тастағанмын! Сенің жасыңда сотталып келгенмін! Ал,
сен төбелесуді де білмейсің!
—Өзі ғой...
—Немене өзі?
—Даяшы қызды айтамын да... «Мектеп оқушыларына сыра ішуге
болмайды! Шығыңдар!» деп...
—Сосын?
—«Мектеп оқушылары сүйісе де біледі»» деп бас салып ернінен сүйіп
алдым!
Айтпақшы, ертең ата-аналар жиналысына шақырып жатыр.
—Шешең барады.
—«Əкең келсін» деді.
—Неге мен?
—Апай айтады: «Болашақ қайын атамды көргім келеді, иіліп сəлем
беруді үйрене берейін» деп қояды.
—Жарайды, бірінші тоқсан біткен соң, апайыңа үйлендіремін. Тек
сабақты жақсы оқы! Көшеге шығып, ойнап кетпе!
—Өрə—ə-əə! Отызымда орда бұзатын болдым!—деген балам мені
құшақтай алды. Құшақтап тұрып, қалтамнан қырық мың теңгемді
жымқырып кетіпті. «Сыныптастарына «жумақшы» ғой... Ой, жүгермек!
Өй, əкесінің алтын баласы! І-і-і-і... кешке келсінші, быттиған бетінен
бір сүйейінші!»
ƏЙЕЛІМНІҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ
Махаббат республикасы,
Қос жүрек облысы,
Ерлі-зайыптылар ауданының
тұрғыны, отағасының кластасы, əрі төсектесі
Сезімгүл Қуғанбаевадан.
Мекен-жайы: Жатын бөлмесі— мөлтек ауданы, солтүстік диван,
атлас көрпе көшесі.
Менің түсінік беру себебім, сол түні кластасым əрі жұбайлық өмірде
төсектес, көрпелесім, күйеуім Күтірлек Сықырлақұлыны ұзақ күттім.
Пəтерімде отыра-отыра ішім пысты. Сосын сыртқа шығып, подьезд
алдындағы сəкіде отырып келейін деп ойлап, есікті ашып қалып едім,
бірдеңе ішке қарай гүрс етіп құлады. Қарасам, есікке арқасын беріп,
сүйеніп отырған еркек екен. Қорқып кеттім де, оқтаймен басына бір
ұрдым! Есікті жауып алып, мойнынан иіскеп көрдім. Тірі сияқты. Тек
удай мас. Бұрын көрген еркектеріме ұқсамайды. Танымаймын. Сен
келе қоймадың, сосын полицияға хабарлайын деп едім, «көңілдесін
кіргізіп алыпты» деп айыптайды ма деп ойладым. Дегенмен, сақтық
керек қой, ақшаларымызды қайта-қайта санап, салафанға салып, су
өтпейтіндей етіп буып, оған ине-жіп баладым да, дəретханадағы
унитазға салып жібердім, жіптің бір ұшын су кранына байлай салдым.
Содан қолыма пышақ ұстап, төсегіме жата кеттім. Бір кезде ұйықтап
кетсем керек, көзімді сығырайтып ашсам, қойнымда сен жатыр
екенсің. Бөренедей аяғыңды менің беліме лақтыра салыпсың.
Құшақтадым. Таң қалғаным, үйленгелі бері мені аймаламайтынсың.
Ернімді жұлып алып, шайнап-шайнап жұтып қоярдай сүйдің келіп... Бір
кезде «О, шешең...» деген дауыс шықты. Атып тұрсақ, сен екенсің, таңға
жуық өз кілтіңмен есікті ашып кірген... Қасымда жатқан еркекті сен
екен деп қалыппын... Атауыңды ішкір алқашпен бұрын саяси, көрпеси,
секси қатынасымыз болған емес! Мен махаббат мемлекетінің ата
заңын құрметтеймін, жаным!
Түсініктеме өз сынған қолыммен əрең жазылды.
Түсінік иесі: Көзі көгерген, мұрны сынған, иегі қисайған, шашы
жұлынған жан-жарың:
Сезімгүл ҚУҒАНБАЕВА.
ТӨПЛИІМ ҚАШЫП КЕТТІ...
(Ересектерге арналған саяси мультфильм)
Сыртқы істер министірі екенмін деймін... Түсім екен деймін... Я Алла,
түсім бола гөр! Шырт ұйқыда жатырмын. Бір кезде есік сықырлап
ашылғандай болды. Мен де көздерімді «сықырлатпай» ашып,
жастығымның астында жатқан пистолетімді суырып алдым.
Балаларым ойнап жүрген ойыншық пистолетті... Бір кезде қарасам...
Қап-қара, майы жылтыраған, өкшесі əлі желіне қоймаған отаны
германиялық туфлиім кəдімгідей жүріп келе жатыр! О парламент!О,
Ақорда! (О, жаратқан ием! деген сияқты ғой...)
Сіздер балалар көрмесе, көздерінен жас шелектеп сорғалайтын
«Тəшкелер» деген мултьфильмді көрген шығарсыздар? Көшелерде тірі
жан жоқ, бірақ, ауыз-бастарын қисаңдатып, ызғып жүрген сан түрлі
мəшинелер ше? Менің төплиім де дəл сондай, қасы-көзі қиылып,
қасыма келді де:
—Министр мырзам! Мұсылман елдеріне Америка бүйідей тиіп жатыр!
Көшеге шығыңыз, біздің елде халықаралық туфлилер саммиті өтіп
жатыр! Бірақ есіңізде болсын, Қазақстанның бұл мəселеде бейтарап
болғаны жөн!. Тұрыңызшы!—деп сөйлеп бергені... Ұстап алып, аяғыма
кие қояйын деп едім, тілін шығарып, мазақтап, қашып кетті! Киініп
алып, қуып кеп берейін.
Көшеге шықсам, Құдай-ау, кешіріңіз, о, парламент, о, конституция... тірі
пенде жоқ! Жүгіріп бара жатқан, жүгіріп келе жатқан, ызғып жүрген
мыңдаған төплилер! Менің төплиім қайда? Министрмін ғой, осылай
жалаң аяқ тұра бермекпін бе? Бір кезде қарасам, екі төплиім—
тұмсығында гүлі бар, біздей биік өкшелі екі туфлиді құшақтап,
əңгімелесіп тұр! Масқара! Ақырын құлақ түрдім.
—Жаным, жарық туплишкам!—дейді сол аяққа киетін төплиім.
—Мына қасыңдағы кім?—деп сұрады «женский төплидің» бірі.
—Оң аяққа киілетін досым ғой. Менің атым Сол аяқ... Айтпақшы,
Отаның қайдан еді өзі?
— Өткенде айтып едім...
—Ə-ə, Сириядан екенсің ғой...
—Ия, Сириялық мұсылман туфлимін...
— Туфли қарындас... Тұрмысқа шыққансыз ба?
—Жоға... Біздің елде төплилер мен кебістер, əр түрлі діндегі ағымдар
көтерілісі болып жатыр... Мұндай кезде байға тию деген қайда-а-а...
—Қарапайым
бəтеңкелер мен, резина етіктерге, сандалдарға,
тəпішкелерге президент Башар Асадтың төплиі химиялық қару
қолданып, қырып салған дейді ме...
—Кім білген? Оппозицияға Америка берген химиялық заттар ма, кім
білсін...Əлде, Ресей қару жарақтары...
—Америка президенті Обаманы айтамын да! Нобель сыйлығын оған
неге берген? Сендерге, Сирияға соғыс ашу үшін бе? Иракты түтіп жеді.
Ливияны тістеді, Ауғанстанды аузына салды. Ендігісі Сирия ма?
—Анаң қара! Обама туфлиі келе жатыр!—деп қалды бойжеткен төпли.
Енді ұмтылып, төплиімді ұстай бергенімде, екеуі де қашып кетті! Бір
қарасам, Обама туплиін Қытай басшысы Си Цзиньпин туфлиі мен
Ресей президенті Путиннің туфлиі тепкілеп жатыр! Қып-қызыл
халықаралық төбелес! Жүгіріп барып, ажырата беріп едім, Путиннің
төплиі тұмсығыма сарт ете қалып, артынша:
—Извини, братан... Байқамай қалдым...—деді.
—Нешауа, нешауа...—деп жалпақтап, иіліп жатырмын. Бір кезде,
сұмдық-ай, бір кезде өзіміздің түбі бір түріктеріміз, Түркия президенті
мен Сауд Арабиясы королінің төплилері Обама төплиін қолтықтап
əкетті... І-мм, олар Сирияға қарсы екен ғой... Менің германдық төплиім
анадай жерде темекі тартып тұр! Бəсе, кейінгі кезде аяғым неге сасып
жүр десем... Əсіресе, Путин төплиі... Ішіп алған ба, айқайлап болар емес:
—Мен сендерге көрсетемін! Тарт қолыңды Сириядан! Ол елде біздің де
үлесіміз бар!—дейді. Бір қарасам, Елбасымыздың туфлиі келіп, Путин
төплиін сабырға шақырып, арқадан қағып, алысқа алып кетті...
Жалаң аяқ жүгіріп отырып, халықаралық төплилер саммиті өтіп
жатқан Конгресс—Холға кірдім. Іші толған төплилер. Əр елден келген.
Біздің қазақы кебістер мен бəтеңкелер де келіпті. Қолдарында
плакаттар.
—Əлемге тыныштық керек!
—Мұсылмандар, бірігіңдер!
—Египет, есіңді жи...
—Башар, халқыңа оқ атпа!—деп жазылған. Беделді Төплилер жарыса
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.