Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 23

Total number of words is 3864
Total number of unique words is 2140
29.5 of words are in the 2000 most common words
43.1 of words are in the 5000 most common words
49.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қалсаңыз: «Қанша рет қиналдыңыз?» деп сұраңыз. «Қанша балаңыз
бар?» дегеннен жақсы ғой. Енді əйелдер рахаттанып, ішек сілесі қатып,
күліп жатып босанбайтын шығар? Қиналады ғой... Жарайды, қай –
қайдағыны айтып кеттім-ау, баршаңызға айтарым: өмірде
қиналмаңыздар, ойнаңыздар, күліңіздер, көшеде мəшине қағып кетпей,
аман-есен жүріңіздер!
ШƏЙ ІШІҢІЗДЕР!
Шай ішкенде тұрған не бар? Қызық-ей, осы адамдар... Бір үйде, бір
подьезде тұрып жатып, бір-бірін шайға шақырмайды. Шайы несі, бірбірін танымайды да... Содан таңертең ерте тұрып, əйеліммен
ақылдасып, көршімді шайға шақырдым. Сөйтсем, көршім шала қазақ
екен: «Спасибо, я хочу кофе..» деді де кетіп калды. Ойланып қалдым.
Келесі көршімнің есігін тықылдатып: «Кофшай ішіңіз біздің үйден...»
дедім. «Ол не пəле кофшай?»—деп сұрады ол есінеп. «Біріккен сөз ғой.
Кофе- шай ішіп кетіңіз..» «Арақтың аты ма десем... Ақымақ адам шайға
шақырады ма? Жүз грамға шақырады!» «Кешіріңіз, онда жүз грамм
шай ішіп кетіңіз...»
Қызық-ей адамдар! Бір-біріңді шайға шақырып, қатқан нанды
қытырлатып жеп, былтырдан қалған арзан кəмпитті сорып отырып
əңігімелескенге не жетсін? Қанша адамды шəйға шақырдым, келмейді.
Енді мен көшеге шықтым. Бір келіншек кетіп бара жатыр екен:
—Кешіріңіз, тоқтай салыңызшы,—дедім қатарласа беріп.
—Ал, тоқтадық.
—Біздің үйден шай ішіп кетіңізші...
—Ағай, сіз ноқалайсыз ба?
—Ол не ноқалай деген? Атақ па?
—«Шай ішсең—көңілің жай...» деген. Ашуланып бара жатыр екенсіз...
—Дура!
—Дура емес, дуракпын. Өзің дурагүл!
Қап, мына қырсықты-ай! Кімді шайға шақырсам екен? Адамдар
мейірімді болуы керек қой. Бір бірінің үйінде шай ішісіп... Поштаға
барып, Өзбекстан президенті Ислам Каримовке жедел хат жібердім.
«Біздің үйден шай ішіп кетіңіз, Ислам əкə!» деп. Өзбектер шай ішуді
қатырады ғой. Қырғызстан президентіне де, Ресей президентіне де,
Қытайға да хат жолдадым. «Мен сияқты қарапайым адамның шайға
шақырғанына келсе келер, келмесе одан əрі!» «Қой, ұят болып жүрер...»
деген ойқы-шойқы оймен поштаға қайта кіріп, ұлттық банктің
бұрынғы басшысы Марченконы шайға шақыра салдым. Əшейін.
«Келмейді ғо—ой...»деп. Содан облыс əкімінің қабылдау бөлмесінде
отырмын.
—Не мəселемен келдіңіз?—деп сұрады көмекшісі...
—Ешқандай.
—Кешіріңіз, бұл жер аялдама емес. Автобус келмейді.
—Морг емес шығар.
—Шығып тұрыңыз!
—Бір нəрсе айтамын да шығамын.
—Болмайды! Ол кісі шəй ішіп отыр.
—Шай? Бір өзі?
—Е?
—Адам емес екен ғой, Адам деген бір өзі шəй іше ме екен?
—Сіз ... сіз не деп кеттіңіз? Кетіңіз бұл жерден!
—Мен облыс əкімін шəйға шақырғалы келдім. Облыс əкімі өз үйінде
қалай шəй ішеді, халық қалай шəй ішеді салыстырып көрсін деймін.
—Кетіңіз бұл жерден!
—Кеше сайланған аудан, ауыл əкімдері шетінен парамен ұсталып
жатыр! Солардың құрметіне шай ішеміз!
Көмекші жігіт күзетшілер шақырып еді, қолымды қайырып, бір бос
кабинетке апарды да, шай берді. Бір шелек қайнаған суға бір пəшкі
шай салды да: «Мə, атауыңды іш, іше бер!» деп қояды. Қуығымнан
ұялып, құстай ұшып, үйіме келсем, мəссаған... Төрде Ислам— əкə отыр
шəй ішіп... Əйелім майысып көк шай құйып отыр.
—Рахмет, шайға шақырғаныңзға,—деп қойды президент,—Шымкент
жақын болған соң келе салдым. Оның үстіне, Қазақстанда базарларды
қалай өртейді, соны біле кетейін деп...
Бір қарасам, Марченко келе жатыр! «Қызметтен кеткелі басым сынып
барады! Хочу зеленый чай!» дейді. Қырғыз президенті келмеді. Елінде
ереуіл болып, содан шыға алмай қалыпты. Қытай қыңқ демеді. «Мұнай
қатқан шай ішіңіз!» десең ғана келеді ғой... Путин телефон соғып:
«Привет, протон!» деді де қойды. Оны мен «Привет, братан..» деп
естідім.
Қысқасы, біздің үйде мереке! Келіңіздер, шай ішіп
кетіңіздерші!
ƏКІМДЕР ДЕ ЖЫЛАЙДЫ...
Іштерің күйсін! Іштерің күйсе, дастарханға бір шелек тұз төгіп, жалай
беріңдер! Мен əкемнің арқасында əкім болдым! Анау мынау емес, аудан
əкімі! Бұрынғы аудан əкімі кабинетіндегі креслосын құшақтап, еңіреп
жылады. Қимай тұр. Сосын көз жасын сүртіп, маған қарады да:
—Саған үш хат тастап кетемін. Тек қиналғанда ғана біртіндеп
ашарсың...—деді өксіп. Мен оған «Арты қайырлы болсын, тек саунада
кездесейік!»— деп көңіл айттым. Бұрынғы команда да: «Ой,
бауырымдап!» жылап, экс əкімді құшақтап, енді бірі ішінен
«пышақтап», қоштасып жатты. Қызметтен кету (егер өспесе) өліп
қалғанмен тең екен-ау! Мені таныстыруға келген облыс əкімі құран
оқымағанда, кабинетте жылап тұрғандар жұмыртқа жеп отырғандай
жым-жылас болмас еді-ау! Өтірік жылап тұрған аппарат басшысы
алақанын жайып:
—Я алла, бұрынғы əкіміміздің жүрген жері жайлы болсын, қазіргі
əкімнің ішкен- жегені майлы болсын! Əумин!»—деп бата берді. Облыс
əкімі бұрынғы əкімнің көз жасын қолымен сүртіп:
—Біз саған ризамыз. Мына креслода отыра бердіңіз, отыра бердіңіз, еш
далаға шықпадыңыз... Жұрт сияқты параны жариялап емес, құпиялап
алдыңыз. Рахмет сізге!—деді. Ол есіктен шығып бара жатып, көңілі
босап кетті ме, қайтадан аңырай келіп, креслосын құшақтай алды.
Жұрттың бəрі жылады. Қайран кресло, сен осыншама құдыретті ме
едің?
Əкімдік деген рахат жұмыс екен. Түк қиындығы жоқ. Қызметке
келесің, отырасың, хатшы қызға көзіңді қысасың,
бөлім
басшыларына:«тыныш отырыңдар, шуламаңдар!» деп ұрсып қоясың.
Бір күні əкімшілік алды азан-қазан болып кетті. Сөйтсем, менің
жұмысыма наразы халық екен. Қиналып кеткендіктен, баяғы əкім
беріп кеткен хаттың бірін ашып оқыдым, онда: «Халыққа құрғақ уəдені
үйіп-төге бер!» деп жазыпты. Қуанғанымнан қойнымда қырық қыз
жатқандай атып шығып, ой уəдені үйіп төктім дейсіз! Халық риза, мен
риза. Бірақ бір ай өтпей жатып, халық тағы жиналды. Екінші хатты
оқып шықсам: «Бұрынғы əкімді жамандай бер!» деп жазыпты. Халық
алдына шығып:
—Бұрынғы əкімнен қалған мəселелерді шешемін деп, шашым ирекирек болып кетті! Не деген оңбаған адам еді? Қатын екен ғой!—дедім.
—Сенің де уəделерің құрғақ!—деп қалды біреу.
Мен əлгі кісіге бір шелек су шашып жібердім.
—Мұныңыз не, əкім мырза?—деп сұрады ол.
—Сулы, дымқыл уəде ғой..—деп ыржидым мен.
Əкім болған рахат екен! Кабинетіңде не істесең де өз еркің! Өйебаай, алақаным қыши беретін болды. Қасимын келіп, болмайды. Аппарат
басшысы да қасып кетті. Қыши береді.
—Сізге пара алмасаңыз, ауырып қаласыз,—деді ол жаны ашып.
—Ел-жұртқа «негр бет» болғым келмейді!
Əдейі «көз қылып» айтқаным ғой. Бірақ айтқан жерден аулақ деп, екі
қолымды артыма қайырып, оны əйеліме «скотчпен» айналдыра
жабыстырып алып жүретін болдым. Пара алып қалмас үшін...
Мəжілісте де, үйде де солай жүремін. Хатшы қыз тамақтандырады...
Қолдарым қайырулы ғой... Содан бір күні біреу «жер керек еді»» деп
бір миллион теңге бермек болды. Қиналып кетіп, үшінші хатты хатшы
қызға бердім. «Ағай дейім, ағай, ұялып отырмын...» дейді. «Оқышы!»
«Қойшы ағай, ұяламын!» «Менде бет жоқ, оқы!» Өзім оқысам: «Пара
беруші келсе, бір жеріңді қысып отыр!» деп жазып қойыпты! Оның несі
ұят? «Бір жерің» дегені— көзіңді қысып, «Мақұл, осы жолы ғана
алайын» дегенің... Қуанып кетіп, əкімшілік күзетшісіне туфлиімді,
шұлығымды шешкіздім. Пара беруші келді. Ақшаны аяғыммен,
башпайларыммен қысып алдым! «Бұл параға жатпайды, мені Құдай
атпайды» деп отырғанымда финпол жігіттерінің кіріп келмесі бар ма!
Еңіреп жылағаным-ай! Олар да жылап, қолыма кісен салды. Қазір
түрмеде жылап отырмын... О, əкімдер, сіздерге төртінші хат
тастаймын, қиналғанда ашып оқыңыздар! Не деп жазсам екен ə?
ДАСТАРХАН МИНИСТРІ БОЛСАМ...
Аң біткен «адам болсам ғой!» деп армандай алмайды. Ал, адам
армандайды. Менің де арманым Дастархан жəне халық министрі болу...
Əзірше вице министрмін... Қолдаушы, қорғаушы руласым түшкірген
сайын өсіп келемін. Былтыр ғана қатты түшкіріп еді, осында топ ете
қалдым. Тағы бір түшкірсе министр боламын ба деп жүргенімде,
қолдаушым əрі қорғаушым былтыр қыста суықтап қалып, түшкіретүшкіре басын қатты бір затқа ұрып алыпты да, қайтыс болып кетті...
Енді маған «түшкіретін» адам жоқ. Жаным жабырқап, таңдайымды
тақылдатып отырғанымда, министр кабинетіне шақырды. «Тықыр
таянған екен...» деп томсырайып кіріп едім, менен кейінгі орынбасары
Омпай Томпай да отыр екен.
—Сендерді шақырған себебім, екі-үш айдан кейін «отставкаға»
кетемін...—деді министр күрсініп.
—Кетпесеңіз жақсы болар еді...—деп қалдым мен. Ішімнен «Кетпесең,
кетпен таудан асып кет, алдыңнан албасты шықса, шетелдің біріне
қашып кет!» деп ойладым.
—Зейнетке шығу жөнінде Елбасыға арыз беремін. Сондықтан,
екеуіңнің біріңді орныма қалдыру жөнінде ұсыныс айтамын. Ол үшін
екеуің де ауылдарыңа барып, үш ай қой бағасыңдар...
—Қой?—деппін мен.
—Қой, қой. Қоян емес...
—Қой баққанды жақсы көремін. Қой деген қой ғой. Қойдың жүні
болады...—деппін сасқалақтап.
—Қойдың жүні болмағанда, жапырағы болады деп пе едің?—деген
министр мұрнын қаламсабымен шұқылады. Əлі ауыз ашпаған Омпай
Томпай:
—Қой бағуға əзірмін...—деді.
—Мен де əзірмін. Бірақ бір отар қойды қайдан аламын?
—Бір қойдан ғана бағасыңдар. Үш айдан кейін ауылдарыңа өзім барып
тексеремін. Қайсыңдікі көңілімнен шықса, соны министр етемін.
Елбасыға ұсынамын. Қойды тек өздерің бағасыңдар! Өзбек жалдап
жүрмеңдер!
Министрдің кабинетінен билеп шығайын деп едім, жұрттан ұялдым.
Қуанғаным соншалық, ішімдегі ішектерім ирелеңдеп билеп жатқан
сияқты. Омпай мырзаға қарасам, баяғы сабырлы қалпы. «Қой көрмеген
қуалап өлтіреді» деген. Е-е, əсфəлттің шетіне туылған бала қой бағып
жарыта ма? Министр кетерінде қойдың басын мүжіп кетпекші екен
ғой? Орынбасарларынан. Жүн, жүн... Ой, жөн, жөн...» деп күбірлеп
алып, əйелімнен, бала-шағамнан, Астанадан уақытша «отставкаға»
кетіп, ауылыма келдім. Біздің Дастархан министрлігі халықтың əлауқатын жақсартуды жоспарлайды, елу елдің қатарына ілігеміз деп
жүрсек, ауылымды көріп, көңілім жүдеп кетті. Адамдары арық,
жегендері вермішел. Қолымды бір сілтедім де, қарт əке-шешемнің
бойдақ қойын əуелі моншаға апарып, шампунмен шомылдырдым. Мен
шомылдырған жоқпын, жеңгелерім көмектесті. Қой екеуміз жарты
саған парда (бухана) отырдық. Ауылдың шаштаразысын шақыртып,
жүнін жұқартқыздым, сəндеткіздім, төбесіне жүн кекіл қойғыздым.
Аяғына алтын сағат тақтым. Ауыл дастарханы жұпыны болса да,
қойымның алдына дастархан жайып, жоңышқа салдым. Жемдедім.
Жемге уылдырық қосып берсең, көздері жайнап кетеді екен қой
жарықтықтың да... Таңертең тұра салып, жүндерін тараймын, күн
санап семіріп келе жатқанын көріп, тамсана қараймын. Тұяқтарына
алтын жалатылған тұяқ төпли кигізіп қойдым, қанша дегенмен вицеминистрдің қойы ғой! Кірпіктерін жеңгелерім қара тушпен бояп,
құлақтарына алтын сырға таққанда, менің қойым «модельер қой»
болып шыға келді! Күнде кешке қойымды жетектеп, серуенге
шығамын. Бұтына памперс байлап қойдым. Сирағын садыралатып
алмас үшін. Құмалақтарын санап алып, сайға лақтырамын. Үш ай
дегенде менің қойым сеп-семіз болып шыға келді! Құйрығын көтере
алмайды. Адам көрсе, қуалап сүзетінді, еркелеп, шалқасынан жата
қалып, аяқтарын тырбаңдататынды шығарды. «Семіздікті қой ғана
көтереді» деген өтірік екен! «Мə-ə-ə!»деп маңыраудың орнына
кісімсініп, ой, қойсымсынып: «Іммм... ө-ө-ө!» деп қояды. Сөйтіп
жүргенде, ауылға министрдің өзі келді. Жік-жапар болып, күтіп алдым.
Алдыңғы аяқтарын көтеріп, амандаспақ болған қойыма қайырылып
қарамастан, тым болмаса «сəлемет пе ауыл?» деп амандаспастан,
көңілі көлеңке болып, Омпай Томпайдың ауылына кетті. Мені де
жабыстыра кетті. Келдік, көрдік. Омекеңнің қойын көрсең, қытығың
келеді! Басын əрең көтеріп тұрған ары-ық, қабырғаларын санап шыға
аласың. Жүндері алба-жұлба... «Қайыршы қой сияқты!»
Осы қойды көрген министр қуанып:
—Менің орныма министр болуға Омпай Томпай лайықты екен!
Халықты осылай басқару керек!—дегені... Мына сөзді естігенде, үстібасыма қойдың жүні шығып кеткендей, бет-аузым жиырылып қалды...
Əлі солай...
ЕРТЕҢІНЕ ЕСІМДІ ЖИСАМ...
Қызықпын осы, жүздетіп ішіп алсам болды, əуелі Майға, сасын
əйелім Майгүлге ұсталып қала беремін... Ішіп алсам болды, жаным
жадырап, «он екі де, бірнеше гүлдерім ашылып», əшейінде бір ауыз
сөйлемейтін басым, «əңгімешіл» болып, қолдарым ирелеңдеп, кім
көрінген туысымдай, дос көрініп, бəрін үйіме шақырып, қонақ еткім
келеді де тұрады...
Бүгін де достарыммен бар жоғы бес алты шөлмек арақ ішкенбіз,
көлігіме қисайып, қалай мінгенімді «жүз грамдар» біледі... Май
инспекторлары қуалап жүріп тоқтатты. Онда да тоқтамайтын едім,
көшемен емес, тротуармен жүріп отырып, адамдарды мыжып кете
жаздап, қала шетіндегі зираттың ішіне кіріп кетіппін.... Сол жерде
танымайтын бір кісінің бейіті алдына тізерлеп отыра кетіп:
—Жеткенім осы болды, бауырым, бауырымның ішіндегі тəуірім... Бізге
айтпай өліп кеткеніңді бүгін естідім... Жатқан жеріңде светің жарық
болсын, қабіріңде жылу болсын, коммуналдық төлемдерің қымбат
болмасын, əумин!—деп өзімше «бата» беріп тұрған едім, Май
инспекторлары жетіп келді.
—Тұр орныңнан! Неге қаштың, ішіп алып?—деді біреуі басыма ала
таяғымен салып қалып.
—Өй-й, ұрмасай! Қойсай...—дедім мен қисалаңдай тұрып жатып.
—«Дупль» массың ғой?
—Кім? Мен бе? Мен өмірі ішіп көрген емеспін!
—Енді не іштің?
—Айран.
—Қисалаңдап тұрсың ғой?
—Бауырыма құран оқығалы тұрмын... Буын-буыным босап...
Қолдарыңды жайыңдар,—деп өзім шала білетін құранды зуылдата
бердім. Май инспекторлары да беттерін сипасты.
—Мына моладағы бауырың ба?
—Ия.Ағам.
— Қайдағы ағаң? Кемпірдің моласы ғой?
Үңіліп қарадым:
—Ой, кешіріңіздер, ағамның екінші əйелі еді...
—Көп сөзді қой! Елбасының не дегенін білесің бе?
—«Судан басқа ішпеңдер» деді...
—Министрді тұрғызып қойып: «Жол апатынан жылына екі мыңнан
аса адам өледі. Мас жүргізушілер нағыз қылмыскерлер. Не, біздің елде
Сирия соғысы жүріп жатыр ма?» деді.
—Ойбай, мен не, Сирияда жүрмін бе? Сендер Сирияда неғып
жүрсіңдер?
—Рейдтеміз.
—Сендер Елбасымыз сынаса ғана рейдке шығады екенсіңдер де?
Сирияға кетіп қаласыңдар... Кеше неге ұстамадыңдар? Кеше іштім,
оның алдыңғы күні іштім. Мен өзі аптасына, онда да демалыс
күндерден басқа күндері ғана ішемін.
—«Бүгін ішкен жоқпын» дедің ғой?
—Ішкен жоқпын. Адам қайғырғанда мас болады...
—Мына апппаратқа үрлеші.
—Үрлей алмаймын. Кіндігім ауырады.
—Құжаттарыңды көрсет.
—Көрсетуге болмайды.
—Неге?
—Суретімді көріп, шошып кетесіңдер.
—Сен бізбен ойнап тұрсың ба, а?
—Жоға. Мен сендерді жақсы-ы көрем! Сендер менің адал
достарымсыңдар! Келші, беттеріңнен сүйейінші! Бəріңді үйге қонаққа
шақырамын!
Май инспекторын сүймек болып едім, ол қолымды қайырды.
—Ойбай, қолым! Қолым деймін! Қолым протез...
—Протез болса неге ауырады?
—Оны протезден сұра...
—Сендейлердің кесірінен қаншама адам өліп жатыр десеңші?
—Санамаппын...
—Ішіп алып, айналаңа қарадың ба?
—Қарамаппын...
—Протоколдың мына жеріне қолыңды қой.
—Не деп?
—«Маспын» деп.
—Мас емеспін, əшейін кəйіппін...
Олар мені «кəйіп» күйімде алып кетті. Ертеңіне есімді жисам,
əйелімнің қойнында емес, айықтырғышта, бір алқаштың қойнында
жатырмын-ей!... Құдая, бүйтіп есімді жиғаным құрысын...
«ПОЙЫЗ» БОЛДЫҚ...
Қорқып жүрміз... Əйелім бірінші сыныпқа баратын баламды
жетектеп шыққаны сол, артынан өзім жүгірдім.
—Астыңнан су шықты ма? Үйде отырсаңшы!—деп ренжіді əйелім.
—Жоға, сені деп ұрлап кетсе ше? Сені мен жетектеп алайын...
Əйелімді жетектеп шыға бергенім сол, алпысты алқымдап қалған
əкем алқынып шықты.
—Əке, астыңыздан су шықпаған шығар...? –дедім мен.
—Бу шықты... Сені ұрлап кетсе ше?
Əкем мені жетектеп алды. Ауладан енді шыға бергенімізде, əкемнің
əйелі, менің əжем шықты бүкшеңдеп.
—Апа, астыңыздан не шықты?—деп сұрады келіні.
—Инвесторлар шықты!—деп жымиды
қуанышым аталарыңды ұрлап кетсе ше?
апамыз,—қартайғандағы
Апам атамның қолынан ұстады. Ауладан енді шыға бергенімізде,
мектепті бітіріп қойған үлкен ұлым жүгіріп шықты.
—Астыңнан «минвода» шықты ма? Отыр үйде!—дедім мен.
—Қанша қарасам да,ештеңе шыққан жоқ, сендерді ұрлап кетсе, жетім
қаламын ғой...
Немересі апамның қолынан ұстады. «Пойыз» болып, қақпаның есігін
енді жаба бергенімізде, арлсалаңдап, бір семіз кісі келе жатыр!
—Астыңыздан су шықты... ой кешіріңіз, сіз кім боласыз?—деп сұрадым
мен.
—Мен ғой, екі жыл бұрын саған несие берген «Жылауық» банктің
менеджерімін ғой. Сендерді ұрлап кетсе, банкке несиені кім
қайтарады? Мен де барайын...
—Қайдан келе қалдыңыз?
—Үйлеріңіздің артқы шарбағынан секіріп... Кешіріңіздер...—деген ол
үлкен ұлымның қолынан ұстады. Ауладан шығып, мектепке қарай
пойыз болып келе жатырмыз. Бір кезде шарбағымыздың бір тесігінен
зу ете қалған итіміз арсалаңдап жүгіріп келеді екен. Тілі салақтап,
көздері алақтап кеткен. Бірден ұқтым: «Бізді қайдағы бір қанішерлер,
не секта мүшелері, не пед
офильдер ұрлап кетсе, аштан қалады ғой...» Итіміз сол жүгіріп келген
бойы, банк өкілі плащының етегінен тістеді... Ұзыннан созылып келе
жатқанбыз. Бір кезде мысығымыз орғып келеді екен. «Астыңнан
тышқан шықпады ма?» деп ұрса жаздадым. Мысық екеш, мысығымыз
да итіміздің құйрығынан тістелеп келеді. Қайтеміз енді? Мына заман,
жо-жоқ, заманның адамдары жаман... Көздері жəудіреген балапан
балаларымызды ұрлап əкетіп, шетел асыра ма, жоқ болмаса, өлтіріп,
дене мүшелерін сатады ма... Əлде, ақша бопсалайды ма? Жоқ болмаса,
педофильдер... Құдай сақтасын, денем мұздап кетті ғой!
Содан пойыз болып мектепке кірдік. Баламызды партаға отырғызып,
өзіміз сынып бөлмесінің артқы жағында түрегеп тұрмыз. Келмей
қалған оқушылардың орнына атам мен апам отыра кетті.
—Сіздер сорған кəмпиттей болып неғып тұрсыздар?—деп сұрады
оқушылардың апайы.
—Сабақ біткенше күте тұрамыз...—дедім мен.
—Қарап отырғанша сіздер де дəптерлеріңізді алыңыздар, диктант
жазамыз!—деді апайымыз. Атам насыбайын ата бастап еді, апайымыз
ұрсып берді: «сыныпта бірдеңе жеуге болмайды!» Əжем ұрланып, құрт
сорып отыр. Əйеліме қарасам, диктант жазуға дайын.Тізесінде кітап,
кітап үстінде дəптері... Ит пен мысығымыз ғана бұрышта жатыр,
сауатсыздар ғой... «Адамдар, неге қатыгезсіңдер?» деген тақырыпта
диктант жаздық. Банк өкілі: «Апай, апай, дəретханаға барып
келейінші!» деп өтірік сұранып, шығып кетті. Сол кеткеннен мол кетті.
Мектептен баламызды жетектеп, пойыз болып келе жатырмыз. Үйге.
Балалығым ұстап, оқушы сияқты болып кеттім бе деймін, əйелімнің
бұйра шашынан тартып қалып, тілімді шығара мазақтап, үйге қарай
құстай ұштым! Артыма қарасам, əкем де тоңқаңдай қашып келеді екен.
Апамның шашынан тартып қалыпты... Осылай ойнап күлгенге не
жетсін?! Жəудір көз балапандарымыз ұрланбасыншы... Ойымды
ұққандай итім аяғыма оратылды, мысығым мияулады...
ТЕРІС ҚАРАП ЖАТАМЫЗ...
Неменеге өкпелегенімді өзім де білмеймін. Ұмытып қалдым. Қайтіп
ұмытпайын, күйеуіме өкпелеп жүргеніме отыз жылдан асты! Теріс
қарап жатамыз. Əлі есімде, отыз жыл бұрын ол көрпенің астынан
қолдарын жыбырлатып, белімнен сипаған болатын, аяғыммен теуіп
жіберемін. Жатқан жерінен ұршықтай ұшып түседі де, сүмірейіп,
орнына құлайды. Бірақ өкпелеп, теріс қарап жатады. Пысылдап. Мен
жатамын жылан сияқты ысылдап. Біраз уақыт өткеннен кейін, сол
теріс қарап жатқан күйі қолын мен жаққа «жұмсап», жып-жылы
жамбасымнан сипайды... Қолын шымшып аламын. Қолын тартып
алған байғұс « ах!» деп күрсініп салып, тістерін шықырлатып жатып,
қор-р ете қалады.
Сол өкпе отыз жыл бойы жазылмады. Неменеге өкпелестік, есімізде
жоқ... Теріс қарап жатып келеміз. Теріс қарап жатсақ та, білмеймін, үш
баланың ата-анасы болдық. Олар да теріс қарай еңбектеп өсті. Жақсы
адамдардың өкпесі шəйі орамал кепкенше дейді ғой. Біздің шəйі
орамалымыз ваннадағы судың ішінде жатқандай... Сөйлегенде де,
сөздерімізді теріс қаратып сөйлейміз.
—Иəш ші..—деймін мен.
—Қож..—дейді ол.
—Ежөк ші...—деймін мен.
—Ыдлоб.Рішө ідңінү!
—Тақон!
—Өзің тақон! Шоловыс!
—Ен? Ен?—деп жыным келеді.
—Ңешеш...
—Аматқоб!
—Ңешеш...
Аматқоб!
—Іштек...
—Ңізө тек!
Міне осылай сөздерімізді де тез теріс қарата сөйлейміз. Ол көстюмін
де, туфлиін де теріс киіп алады. Ерегісіп... Мен де капрон шұлығымды
теріс қаратып... Жалғыз біз дейсіз бе, теріс жүргендер? Қоғамның
кейбір теріс жақтары көп қой! Ресейдің Байқоңырдан ұшырылатын
«Протоны» төменгі жағын жоғары қаратып ұшатын болыпты дейді...
Көші-қон туралы теріс заң қабылданыпты... Шетелдердегі
қандастарымыз өкпелеп, бəрі бір жерге жиналып алып, теріс қарап
отыр дейді. Соттарымыз теріс үкім шығарып жатыр. «Тұрғын үйге
жинамаймыз» банкісінің бастықтары туыстарына төңкеріліп қалған,
шатырлары жерде, фундаменттері аспанға қараған үйлерден пəтерлер
үлестіріпті! Соттар шындықты айтқан газеттерді теріс қарап отырыпақ жауып жатыр! Бір шенеуніктер артқа қарай, мойнын бұрмастан,
терісінен жүріп барады. Өйткені, парақор... Ой, айта берсек, көп қой! Ал,
күйеуіме осыдан отыз жыл бұрын не үшін өкпелегенім шынымен
есімде жоқ. Есімді ешкі мүжіп тастағандай... Екеуміз де елуден астық,
бір күні жарасайын деп, төсекте теріс қарап жатқан күйеуіме бұрылып
жаттым. Мойнымды əрең бұрдым, үнемі қисайып жүргенге ме, ауырып
кетті.
—Мы-ынаж...—дедім үздігіп.
—Ен?
—Міткійүс...
—Ышиоқ...
—Ышарақ іреб?
Ол отыз жылдан кейін маған қарап жатты. Күйеуімді əрең таныдым:
—Сəлеметсің бе? Ой, бұл сен бе?
—Ой, жаным, сəлеметсің бе? Өзгеріп кетіпсің!
—Қанша жыл болды десеңші, бір-бірімізге тіктеп қарамағалы...
—Құрысыншы... Қалған ғұмырымызда бақытты өмір сүрейікші!
Сол күннен бастап, теріс қарап жатпайтын болдық! Өмірде, қоғамда,
Қазақстанда теріс ұғымдар, теріс жоспарлар, теріс шешімдер болмасын
деп тілейік! Өй, жаным менің, күйеуім бар екен ғой...
ДҰШПАН IЗДЕП ЖҮРМIН
Бiреулер дос iздейдi. “Дос iздеп жүрмiн” деп кiтап жазады. Сөйтiп жүрiп,
өзгелерге ор қазады. Ал, менiң дұшпан iздегiм келедi.. Адам болған соң, iрi
дұшпаның болғанға, сол дұшпаның көктей солғанға не жетсiн!
Министрлерден дұшпаным болса ғой! “Тапсырыспен” өлтiре салатын.
Сөйтiп, айызым қанатын. бiрақ, олар менi қайтсiн?
Бiр идея келдi. Бiр күнi облыс прокурорына келдiм. Хатшы қыз кiргiзбейдi.
- Не үшiн келдiңiз?-деп сұрады.
- Дұшпан iздеп жүрмiн,-дедiм мен.
- Аулақ жүрiңiз.
- Ұзақ өмiр сүрiңiз!-дедiм де, ай-шайға қарамастан, прокурордың
кабинетiне кiрдiм. Ол кiсi креслосында шайқатылып отыр екен.
- Кешiрiңiз, Сiз менiң дұшпаным боласыз ба?-деп сұрадым салған жерден.
Прокурор бетiнде бегомот жүргендей, бiр түрлi қарады.
- Не үшiн?
- Мен де адаммын. Менiң де дұшпанымның болғанын қалаймын.
- Менiң өз дұшпаным бар.
- Ол кiм едi?
- Əдiлет министрi.
- Мен оның да дұшпаны бола аламын. Сiздiң бойыңыздан арамдықтың
мың тоннасын табамын. Қайда қарап отырсыз? Облыс əкiмi жер бiткендi
өзiне, туыстарына сатып алып жатыр.
Ол менi қуып шықты. Ендi кiмге барсам екен? Құдай-ау, менiң де
дұшпанымның болатын күнi бар ма? Əлде, облыс əкiмiне барсам ба?
“Жеке мəселем бар едi” деп, кезекке жазылып, жетi ай дегенде, облыс
əкiмiнiң де кабинетiне кiрдiм-ау!
- Халықты сағындық. Халық өкілісіз ғой,келiңiз,отырыңыз,-дедi ол өтiрiк
жымиып. Ой, əккi екен, жер-дүниенi жалмап жеп отырысын қарашы.
Естуiмше, бiр бизнесмен: «Құрылысқа тендер алып беріңізшi...»-деген
екен, «Ұлыма «Джип» сыйла, миллиондаған тендерге қолыңды жеткiземiн»
-деп, аларын алып алып, қазір бұлталақтап жүрген көрiнедi.
- Өтiнемiн,-дедiм мен, - кешiрiңiз, Сiз менiң нөмiрi бiрiншi дұшпаным
болыңыз...
- Немене?
- Дұшпан iздеп жүр едiм...
- Менiң дұшпандарым көп! Бiрiншi орынбасарым президент
аппаратындағы туысына жамандайды екен. Ол президентке жамандайды.
- Сауап болыпты!-дедiм мен.
Ол да менi қуып шықты. Құдай-ау, денi дұрыс дұшпанымды қайдан
табамын? Қайдан? Мен де адам баласымын ғой. Əлде, əлде, студенттерден
ақша жинайтын деканға барсам ба? Сонымен, “Əкел, əкел!” оқу орнының
деканына келдiм. Келген бетте:
- Дұшпан iздеп жүр едiм,-дедiм.
- Есiңiз дұрыс па? Мен сiздi танымаймын,-дедi ол.
- Танымасаңыз, танысайық, парақор қолыңызбен қол алысайық. Менiң
атым Ақкөңіл...
- Сендей қайыршымен дұшпан болмаймын.
- Не дедіңіз? Өй, əкеңнiң!-дедiм мен.
- Боқтамаңыз!
- Əне, сiз менiң дұшпаныма айналдыңыз!—деп қуанып кеттім!
Ол да менi қуып шықты. Ендi қайда барсам екен? Қазақстанда туылып,
қазақтарды жек көретін Ресей думасының депутаты Жириновскиге ме?
Əлде, одыраңдап жүрген Орал казактарына ма? «Казак атаманы» болған
облыс əкіміне ме? Жылағым келдi. Менi адам құрлы көрмейдi. Бəрiнiң
дұшпандары бар. Қандай анықтама болса да, ақша сұрайтын, сөйтiп
қыруар дүние құрайтын жер комитетіне барсам ба? о, таптым! Базар
бастығына барамын!
- Сəлеметсiз бе, менiң қадiрлi дұшпаным!-дедiм масаттанып, - Сiз салықты
өте аз төлейсiз! Қаланың бүкiл базары салықты аз төлейдi. Базарыңызда
тазалық жоқ! Бұрыш-бұрышы, лай, боқ...
- За то, көңiлiм тоқ!-дедi ол. - Сiз не үшiн келдiңiз?
- Құдай үшiн дұшпаным болыңызшы!
- Сенесiң бе, дұшпандарым жетедi. Салық инспекторы, өрт, прокурор, əкiм
дей ме, бiрi келiп, бiрi кетедi.
- Сiз менiң де дұшпаным болыңыз...
- Құры!
- Ұры!
- Кет!
- Быттиған бет!
- Жоғал!
- Халыққа обал...
Ол менiң желкемнен бүрiп ұстап, кабинетiнен қуып шықты. Қайда барсам
екен? Кiмнен, кiмдерден “өшiмдi” алсам екен Əлде, əлде, премьерминистрдiң дұшпаны болсам ба? Осы ойымды əйелiм Қатипашқа айтып
едiм:
- О, сорлы, премьер-министр сенiң не теңiң? Балалар аш-жалаңаш, одан да
ақша тап!-дедi. Əне, дұшпан iздеп жүрсем, жанымда жүр екен ғой,
Қуанғанымнан əйелiмдi құшақтай алдым. Əй, бiрақ, дұшпан iздеп не
керек? Дос арттырайық. Солай, мырзалар! Халықпен дос болыңыздар!
КЕҢКЕЛЕС КЕҢЕСТЕР
Таңданғанда таңдайым тақ, тістерім сақ ете қалады. Ауырсақ болды,
дəрiханаға жүгiремiз. «Самопал» дəрілер көбісі... Қазақша ем-дом жасауға
болады ғой. Мен соның бiрнешеуiн айтып берейiн.
АРҚАҢЫЗ СУЫҚТАҒАНДА
Шүберекке жүз грамм арақ құйып, арқаңызды алты минөт ысқылаңыз.
Сонда суық бiткен мас болып, арқаңыз алқаш атанып, терiңiз жиырылып,
“зəкөске“ сұрағандай дуылдап, жаныңыз кiредi.
ҚУЫҒЫҢЫЗ ҰСТАМАСА...
Суықтың жүрмейтiн жерi жоқ. Кіші дəретке жүгіре беретін болсаңыз,мүлде
су ішпеңіз! «Кепкен» су ішіңіз....
ТIСIҢIЗ АУЫРСА...
Ең жаман нəрсе - тiс ауруы. Тiсiңiз қақсағанда еңiреп жылай берiңiз.
Жылаған сайын тiсiңiздiң ауырғаны қояды. Ауырғанын ұмытып кетесiз.
БАСЫҢЫЗ АУЫРСА...
Бас - əңгелек. Бас - қарбыз. Бас ауырса, басыңызға тұз сеуiп, желкеңiзге
жетi минөт пияз сүйкелеңiз.
КIРПIГIҢIЗ СУЫҚТАСА...
Кейде кірпік те суықтайды. Түбi қышиды. Күн сайын көзiңiздi жылы суға
батырып, кiрпiктерiңiздi қимылдатыңыз. Болмаса кiрпiгiңiздi рентгенге
түсiрiңiз.
БЕТIҢIЗ РЕВМАТИЗМ БОЛСА...
Бет - адамның ажары. Бетке бəрi орналасқан. Мұрын, ауыз, көз дегендей...
Бет кейде суыққа шыдамайды. Ревматизм болады. Бетi қалың, ұялмайтын
шенеунiктердiң беттерi ревматизм бола қоймайды. Дегенмен, бетiңiздi
ыстық үтiкке басып, қақсаған жерлерiн таспен ұру керек.
ТІЗЕҢІЗГЕ САҚАЛ ШЫҚСА...
Мұндайда қорықпаңыз. Бұл экологиямыздың нашар болуынан деп
түсiнiңiз. Тізеңізге сақал шықса қуаныңыз, қыста тізелеріңіз жылы болады,
тоңып қалмайсыз...
ТIЛIҢIЗ ҚЫШЫСА...
Тiл де қышиды. Ыстығы көтерiлiп, ысиды. Тiлiңiз қышыса оны таза ауаға
шығарып, бір мезгіл жайып алыңыз, əбден кеуiп, қатырлақ болып қалғанда,
сiрке суына батырыңыз, бұрынғы қалпына келедi.
Айта берейiн бе? Менiң «ем-домым» өте көп. Қалағанын пайдаланыңыз.
Тегiн рецепт берiп отырмын. Шын айтамын!
ҚҰДАЙ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!
Несін сұрайсыз, бəрін білген соң, жылайсыз...Алла -тағала қазiргi адамдар
арасындағы адамгершiлiктiң жоқтығына, жер бетiндегi алапат соғыстарға ,
сыбайлас жемқорларға, парақорларға, əдiлетсiздiктерге, тағысын-тағыларға
нала болып, жер дүниенi қайта жаратты.
Алдымен жер, орман, су, өзен, көл, жан-жануарларды жаратып, сосын
жабайы адамдар пайда болды... Жабайылардың iшi пысты. Карта ойнап,
арақ iшкiсi келмейдi, оның не екенiн бiлмейдi. Бiр күнi бір жабайы
Құдайдан сұрады:
— О, Жаратқан ием, менiң iшiм пысты,—дедi.
— Əкiм боласың ба?-деп сұрады Құдай.
— Ол не?
—Облысқа лайық халық жасап беремін, сен соны басқарасың.
—Жоқ... Өзім жалаңашпын, халықты қалай басқарамын? (Қазір жалаңаш
əкім бар ма?)
— Онда министр боласың ба?
— Жоқ.
— Президент? Тұтас жағырапиялық орны бар елді басқарасың...
—Жоқ...
—Жарайсың, пендем, сенің мына жарық дүниеден пəк болып,
тақталастарға басыңды ауыртпай, жершілдікке, рушылдыққа басыңды
имей, тəкəппар болып өтуіңе қуанып тұрмын!
—Маған... Маған бірдеңе жетіспей тұрған сияқты...
—Саған ба? Саған сұлууу əйел жетіспей тұр.
—І-і-і, сұлу əйел жасап беріңізші! Мүсіні керемет болсын!
—Жарайды, саған сұлу əйел жасап берейiн,—дедi Құдай. Сөйтті де, табан
астында саз балшықтан бірнеше əйел жасап, оларға жан бітірді. Құдай
кетіп қалған соң, жабайы адам құрбыларынан шеттеу отырған əйелге
жақындап, қолынан ұстап еді, анау қолын тартып алды.
—Қолыңыз жыбырлап қалған екен... Ұялмайсыз ба?
—Тырдай болып алып, ұялған не теңіңіз?
—Өзіңізге қарасаңызшы...
Екеуі де теріс қарап, беттерін басты. Ол кезде ұят деген тегін еді ғой...
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.