Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 20

Total number of words is 3790
Total number of unique words is 2139
30.2 of words are in the 2000 most common words
43.6 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
—Татуйровка ғой. «Тəуелсіздік» деп жазылған.
—Саяси тұтқынсың ба не?
—Жоға, бір кезде осылай жазып жағымпаздансам, кешірімге шығамын
ба деп далбасалағанмын. Енді керегі жоқ...
—Қалай?
—Түрме бастығымен келісіп, түрменің ортасына жекеменшік казино
салдырып жатырмын.
—Жағдайың жақсы екен. Үйлендің бе?
—Прокурордың қызына үйленейін деп жатырмын. Құдай қаласа, күзде
тойымыз өтеді. Келсеңші, зек қыздармен танысасың.
—Сужұқпас, маған қарыз ақша бере тұршы...—деп қиылды Далабай.
—Базар жоқ. Мə.
—Бұл не?
—Геройн ұнтағы.
Ол жан-жағына қарап алып:
—Мұны қайтемін?—деп сұрады.
—Менттерге сатасың...
Қуанып кеткен ол бетімнен сүйіп, көшеде кетіп бара жатқан бір
ментті тоқтатты. Екеуі күбір-күбір, жыбыр-жыбыр сөйлесіп жатқан.
Бір кезде мент оның қолын қайыра бастады. Одан сытылып шыққан
сыныптасым менің арқама келіп тығылды.
—Қане, сатып алады дегенің? Адам емес екенсің ғой! «Ақша бер десем,
статья беремін» деп тұр мынауың!—дейді қалшылдап.
—Ештеңе етпейді,—дедім мен оның арқасынан қағып,— түрмедегі
тойымда асаба боласың!
Сыныптасымның қолына кісен салынды. Байғұс жыламсырап, рация
арқылы шақырылған менттердің арасында мүсəпір болып барады...
Күшік десе... Айтпақшы, бəріңізді түрмеде өтетін тойыма шақырамын!
ЖИРИНОВСКИДІҢ ЖЫНЫ КЕЛДІ!
Құдай-ау, күні кеше ғана күшене-күшене кеңірдегі тесіле жаздаған
«жынды» Жириновский, ия, ия Ресей думасы төрағасының
орынбасары Владимир Жындовский топан судың үстінде ағып
барады!
Мəскеуде жердің «қытығы» келіп, қатты түшкіріп салуының əсерінен
Ресей өзендері кемерінен асып, жер бетіне жайыла бастаған еді...
Жириновскии байғұс бөрененің үстінде шоқиып отыр. Сонадайдан
ағып келе жатқан бірдеңені көзі шалды. Жақындағанда байқады,
креслосымен ағып келе жатқан Ресей президенті Медведов екен.
—Дми-Дми... Дмитрий! Құтқара гөр мені!—деп айқайлады бұл.
—Атаңа нəлет десе!—деп тістенді президент.
—Өй, президент деген балағаттамайды...
—Иттің баласы десе! Нең бар еді, күліп?
—Күлеміз ғой, енді үрмейтін шығармыз?
—Сен күліп те, үріп те жүрсің!
—Не істеп қойдым соншама?
—Жапония елі жер сілкінісінен, цунамиден он мыңдаған адамынан
айырылып, қайғы жұтып отырғанда, «ойбай, сол керек өздеріне!
Куриль аралдарын түстеріңде көресіңдер енді! Өліңдер, қырылыңдар!»
деп теледидардан сөйлегенің не?
—Сөйлесе ше? Батыс Қазақстан Ресейдікі деп те жүрмін, онда тұрған
не бар?
—Естіп қойды...
—Кім?
—Құдай. Сөйтіп біздің елге топан су жіберіп отыр, есалаң!
Төбеден тікұшақ көрініп, президентті арқанмен тартып алып кетті.
Жындовский ұмтылып еді, Медведов тілін шығарып, мазақтаған
болды... Енді қайтті? Қарны да ашып барады... Қайран Қазақстанымай... Сонда туылдым, сонда өстім, бір үзім нан бере гөр... Сонадайдан
стол ағып келеді. Үстінде біреу отыр. Жəй отырған жоқ, бутерборд жеп
отыр. Жақындағанда барып таныды, Ресей премьер-министрі Путин
екен...
—Дай хлеб, кусок...—деп тамсанды бұл. Бөрене толқынмен ағып, оған
жақындады.
—Атауыңды же...—деді анау.
—Өй, сендерге не болған? Мен ұлы Ресей мүддесі үшін...
—Құдай қылығыңды кешірмеді... Сенің кесіріңнен кабинетімде
отырған күйі ағып келемін!
—Кешіріңіз...
—Не жынды емессің, не сау емессің!
—Біз қайда ағып барамыз өзі?
—Жапонияға!
—Өлə-ə...
—Бəлə-ə...
Тік ұшақ көрініп, Путинді де алып кетті. Жындовскидің жыны келді.
Ағысы қатты толқын мұны тұншықтыра жаздады. Сол аққан күйі
Жапония жаққа барып тоқтады. Аш. Əлі жоқ. Əшейінде əйелінен басқа
ешкімді құшақтамайтын ол бөренеге жатқан бойы құшақтап алыпты...
Жағаға келіп тіреліпті бөренесі. Жыртитып, көзін ашса, Жапония
премер-министрі Наото Кан қолын созып тұр екен... Мұның бар
айтқаны: «Братан, дай сто грамм...»
ОБАМА, О, ОБАМА!
(Саяси сатира)
Шəй, шəй ішсең, көңілің жай... Сайлауда жеңіске жеткен Елбасымыз
Америка президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий
Анатольевич Медведовті көк шəй ішіп кетуге шақырды.
Шынымды айтсам, Назарбаевтың күзетшісі болып жүріп, Обаманы тірідей
бірінші рет көруім. О, Обама, Обама! Қазақтың қара торы жігітіне ұқсайды
екен. Жүдə жайдары. Біреу табанынан қытықтап жатқандай, ыржалақтап
күле береді. Оның қасында Медведов бұғының сирағын жұтып қойғандай,
бұйығы отыр.
—Ыржалақтай бермей, тыныш отырыңызшы!—деп қалды Дмитрий
Анатольевич Обамаға жақтырмай қарап.
—Пардон, не болып қалды?
—Нұрекеңді құттықтамаймыз ба?
—А, ия, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза, құттықтаймын!
Керемет! Окэй!—деп бас бармағын шошайтты Обама. «Обаманы бір
көрейінші, Обаманы бір көрейінші!» деп қоймаған соң, «Аттан» қоғамдық
қозғалысының лидері Амантай қажы осы дастарханға қатысып отырған.
Шəйден бір ұрттай беріп, Обамаға ала көзімен бір атты да:
—Оңбаған бала екенсің!—деп қалды. Назарбаев ыңғайсызданып:
—Кешіріңіз, сізге тегін бата беріп жатыр,—деп жуып-шайды. Қазақшаны
шала-шарпы білетін Обама жымиып, қымыздан сіміріп салды.
—Əй, Обама!—деп дауыстады Амантай қажы тағы да,—сен
президенттікке сайланарда мен қалай тілектес болдым десеңші! Түнімен
ұйықтай алмай шықтым ғой! Біле білсең, сен менің арқамда президент
болып отырсың! Құдай тілегімді қабыл етпегенде, америкаңда арқаңды
тыр-тыр қасып, насыбай атып отырар ма едің? Бір шəйға шақырмадың ғой!
Кофе, кокакола бермедің ғой! Адам емес екенсің! Сендерде сұрқия саясат!
Назарбаев ым қағып еді, мен нөкерлеріме көзімді қыстым. Күзетшілер
Амантай қажыны орнынан көтеріп бара жатты. Сонда да сөйлеп болар
емес:
—Обама! Ақ Үйдің араласпайтын жері жоқ екен! «Атом бомбасын
іздейміз» деп Иракты «құшақтадыңдар». Ауғанстанды пышақтадыңдар!
Атаңа нəлет Каддафи өз халқына өзі оқ атты. Осыны желеулетіп, Ливияны
тұмсықтан ұрып жатырсыңдар! «Қой» дегенге қоймаған, «қой» дегенге зар
болады...
—Не деп жатыр? Бірін түсінсем, бірін түсінбедім?—деп сұрады Обама.
—Сізді осында келуіңізбен құттықтап жатыр,—деді Медведов.
—Ашулы ғой?
—Ол ашуланып құттықтайды. Стилі сондай,—деді Назарбаев. Ет желініп,
қымыз ішіліп болған соң, Обама балық аулағысы келді. Үшеуі қармақ
салып, Каспий теңізі жағалауында отыр. Депутат жағымпаздар су астында
жүзуге арналған киімдерін киіп, теңізге құлады да, президенттердің
қармақтарына балықтарды іліп отырды.
—О-о, бұл не? деп таңырқады,—Обама. Оның қармағына «балық іліккен»,
бірақ, балықтың басына кішігірім тақия кигізіп, оны шандып байлап
тастапты.
—Қазақы тақия,—деді елбасымыз.
—Мафия что ли?—деп қалды аң-таң болған Медведов те.
—Тақия. Тюбитейка...
—Қазақ қонағына өте кең пейілді. Балықтарымызға дейін ұлттық-дəстүрді
сақтайды...—дедім мен. Күзетші мұндай жерде тым-тырыс тұру керек еді,
шыдамадым. Жағымпаздар тым қызып кетсе керек, Медведов қармағын
тартып қалғанда, оған қақталған балық ілікті. Медведовтің көздері жерге
түсіп кете жаздады. Елбасыға қарады. Қашанда, жайдары жүзді Елбасымыз
масаттанып:
—Дмитрий Анатольевич, біздің қазақы балықтар бір мезгіл жағаға шығып,
күнге қыздырынып жатады. Мынау қатты қыздырынса керек, сыра ішкенде
жақсы,—деді. Медведов басын шайқап, балықтан бір тістеп, сыраны
басына төңкерді. Шымкент сырасын. Біздің президент те қармағын тартып
қалған. Балық орнына еліміздің көк байрағы ілініп шыға келді...
—Қазақстан Африкада да Қазақстан!—деп көтеріңкі дауыстады президент.
Жаса, Қазақстан!
ШƏЙ ІШІП ОТЫР ЕДІМ…
Түн. Негр түн. Айнала қап-қараңғы. Биік ағашқа өрмелей шықтым да,
қытай қорғанындай биік дуалға секіріп түстім, есекке отырғандай
жайғасып, жан-жағыма көздерімді қуалап жібердім.Сосын, ішке қарай
өзімді лақтырып жіберіп, доптай домалап, жерге топ ете қалып едім,
арсалаңдап, есектей иті кесектей тілін шығарып, ия, иті құрғыр жүгіріп
келеді екен. Аулада жарық самаладай, тұра қаштым. Өзі біртүрлі, жүз
жасаған шалдың əжім-əжім бетіндей берекелі пошымы бар ит мені
басып озды да, дəл алдыма шоқиып отыра кетті. Үрмейді. Соған
қарағанда, менен үрейі ұшып, тілі байланып қалды-ау деймін… Кері
бұрылып, ат шаптырым ауласы бар үйді айнала қаштым. Ит тағы да
мені басып озып, алдыма шоқиып отыра қалды… Не үрмейді, не
күлмейді… Қазір бас салса, ішек қарынымды сылп-сылп жұтып
жататыны көз алдыма елестеп, «Құдай-ай, байдың үйін тонауға неге
келдім екен?!» деп кері бұрыла қаштым. Сарай тұр, соның есігін
тартып едім, ашылмады, есіктің астында кішкентай тесік бар екен,
содан өтпек болып, басымды сұға қойдым. Сұққанымды қайтейін,
басым кептеліп, не ары, не бері өте алмайтынымды ұға қойдым… Енді
жетіп те қалған шығар? Қазір құйрығымның жартысын жейді…
Жүрегім тоқтап қала жаздады… Алдыма қарасам, иті құрғыр шоқиып
отыр… Тілін таза ауаға шығарып! Сөйтсем, сарайдың бергі беті
соғылыпты да, арғы беті əлі ашық дала екен!
–Кешіріңіз, бір
жыламсырап.
тойып
алайын
деп
келіп
едім…—дедім
мен
–Оқасы жоқ,–дегендей болды ит. Деді ме, солай елестеп кетті ме,
ойбайлай басымды суырып алдым да, тұра қаштым. Жүгірген бойы
есігі ашық тұрған коттедждің ішіне қойып кетіп, есігін жауып алдым.
Есікті тұтқасынан тартып тұрып, артыма қарасам, тура сондай есектей
ит шоқиып отыр! Беті біртүрлі… Адам қорқады… Қай жақтан кіріп
кетті екен? Есікті ашып қалсам, алғашқы көрген итім басын шұлғыды.
Бұтын көтеріп, зəр сындырды… Есікті тарс жаба қойдым. Төбе шашым
тікірейіп кетті. Шортик киіп шыққан болатынмын, бір кезде,
балтырым жылы-ы-ып сала берді. Көз қиығымды салсам, əлгі ит
балтырымды жалап жатыр! Тұра қашып, екінші қабатқа шықтым. Ит
артымнан қумады. Тентек иттер ме деймін. Екінші қабаттағы холы
керемет екен. Жарықты сөндірмепті. Ортада су бұрқақ, арқардың
мүсіні… Керемет енді… Қорыққаным басылайын деді. Жұп-жұпсақ
қоңыр теріден жасалған диванға отыра бергенмін, диван дегенім
қозғалып кетті де, мен ұшып тұрдым. Сөйтсем, дə-əу иттің үстіне отыра
кетіппін! Терісі қоңыр, аузын кере есінегенде, алтын тістері жарқ-жұрқ
ете қалды. Үрген жоқ… Өзімді қайрап, бетімді шапалақтап жібердім де,
тез есімді жидым. «Ашбек Жалаңашұлы! Есіңді жи! Сен өміріңде
тұңғыш рет миллионердің үйіне ұрлыққа түстің! Алтындарын ал да,
тайып тұр!» Аяғымды еппен басып, бір бөлмеге кірдім. Жарықты
жағып қалып едім, ойбай! Бір ит шоқиып отыр! Жүрегім зу ете қалды!
Осымен, төртінші ит! Пародасы бөлек иттер əйтеуір! Ұрғашы болса
керек, құлақтарына алтын сырға тағып қойыпты! Кеудесінде
бриллиант моншақ… Мүлəйімсіп келіп, аяғыма арқасын үйкеледі.
Тапжылмай тұрмын. Көзімді тарс жұмып алдым. «Құдай-ай, қайда тап
болдым өзім?» Тұра қаштым. Қашып бара жатып, асханасына кіріп
кетіппін… Тоңазытқышын ашып қалсам, ойбо-ой, мұнда не жоқ
десеңші! Бəрі бар ғой, бəрі бар! Дереу дастархан жайып жіберіп, терлептепшіп, шəй ішіп отырғанмын. Бірінші қабаттан əлдекімдердің даусын
естігендей болдым. Асханадан шығып, келесі бір бөлмеге кірдім де,
олардың жатын бөлмесі болса керек, жалпақ диванның астына жата
кеттім. Бір кезде ерлі –зайыптылар ішке кіріп, диван үстіне құлай
кетісті.
–Күзетшіні қуу керек, қыдырып кетіпті,–деді əйелі.
–Төрт ит тұрғанда, қандай ұры келсін? Ұры келсе қуанар едім!—деді
күйеуі.
–Неге?
–Абырой ғой!
–Швед иті он мың доллар, ағылшын пародасы сегіз мың доллар, өңшең
қымбат иттерді сатып алғанымызды туыстарымыз көре алмайды!
–Үндістаннан сатып алған итімізге құда түскен кəсіпкер Ырылбайды
білесің ғой. Бір кафеде құдайы берген боламыз да, ол ішіп отырған
қымызға у қосып беруді жоспарлау керек.
–Ия, у беріп өлтірейік. Сол кісі маған жақпайды.
–Мұнайды жасырын жалап, байып отырғанымызды білесің. Оның да
мұнай жалағысы келеді екен! Шетелге жасырын уран сатқаны аздай…
Мына сөзді естігенде, еңіреп жыладым. Танымасам да, Ырылбайға
жаным ашып кетті.
–Сыңсылап жылаған сен бе?—дер сұрады күйеуі.
–Ия. Шешем марқұм есіме түсіп кетті…—деді əйелі. Менімен
қабаттасып жылағаны қандай жақсы болды! Бір кезде күйеуі жатып
алып, темекі тарта бастады. Темекіні сорды да, саусағына қыстырған
күйі қолын төмен салбыратты. Мұрнымды құрт жеп бара жатқандай,
менің де темекі шеккім келім кетті. Саусақтар арасындағы темекіге
аузымды тосып, бір-екі сорып үлгердім. Бір кезде қымбат темекіге
қатты қызығып кетсем керек, қожайынның қолындағы темекісін емес,
саусағын сорып алыппын. Бəсе, түтін шықпайды… Қожайын атып
тұрды. Əйелі шыңғыра қашты.
–Əй, сен кімсің?–деп сұрады ол еңкейіп.
–Кешіріңіз, практикант ұры едім…–деп ақталдым мен.
–Танысқаныма қуаныштымын!—деген ол мені төсек астынан суырып
алып, бетімнен сүйді. Ұра жөнелетін шығар, немесе атып тастайтын
болды –ау деп ішімнен ойлап тұрғанымда, қашып кеткен əйеліне ертіп
апарып, мені таныстырды.
–Қатипаш, бұл біздің үйге алғаш түскен құрметті ұрымыз екен. Басына
ақ құйып шығарып салуымыз керек…
Мені үйіне кіріп кеткен жылан деп ойлады ма, əйелі басыма бір кесе
кефир құя салды…
–Ой, дура, шутит еткенді де прямой түсінесің. Қонаққа тамақ əкел…
Не керек, маған дастархан жайып, құрмет көрсетті. Аң-таң болсам да,
тамаққа тыңқиып тойып алдым. «Болды, рахмет…» десем де, үш
қайтара тамақ жегізді… Қарныма иненің ұшын сəл тигізсе, тырс етіп
жарылардай тойдым! Өмірімде бірінші рет… Қолыма он мың доллар
ұстатып, қожайын есік алдына дейін шығарып салды.
–Біздің үй осы, біз жоқта ұрлыққа келіп тұрыңыз,–деп əйелі де
жымиды. Жылағым келіп кетті. Не деген мейірімді жандар еді! Қимай
қоштастым… Қимай кетіп барамын… Не олар ноқалай, не мен
ноқалаймын…
БЕТІНЕ РҰХСАТСЫЗ ТҮКІРГЕНІҢІЗ ҚАЛАЙ?
(Саяси сатира)
Түтіп жегісі, жұтып, жалағысы келді. Бірақ жеуге де, жалауға да
болмайды. Адамжегіш емес. Ол Қазақстанның Германиядағы елшісі...
Алдында айбақ-сайбақ болып тұрған атташе Айранбай Көжебаевқа
ашқарақтана қарады.
—Айранбай Көжебаевич, абыройымызды, Қазақстанның абыройын
айрандай төктіңіз!
—Кешіріңіз...
—Кешіре алмаймын!—деп ашу деген айғырды ерттеп мініп алған елші
айқайлап берді,—Не деген таяз адам едіңіз! Сіз жұмыс істеген бір жыл
ішінде не істемедіңіз? Бір қарасам, неміс қыздарымен бірге сағыз
шайнап тұрсыз! Саясат санаңызға кірмейді! Енді бір қарасам, көшеде
талтаңдап барасыз! Аяқты жиыңқырап жүруге болады ғой, жарқыным!
Қатты талтаңдауға бола ма? Шалқайған Көкірековичтің баласы
екеніңізді мына Германия халқы біле ме? Əкеңізді құрметтеймін, бірақ
сіз бір жыл ішінде мені жындыханаға жатқызудың сəл алдында
тұрсыз! Машинаны құйындатып айдайды екенсіз! Көшеде бутерборд
жеп тұрған семіз əйелді қағып кете жаздағаныңызда, ол байғұс асығыс
жеймін деп саусақтарын да шайнап тастапты! Сосын бір неміс
азаматын тоқтатып алып: «айн, свайн, драйн, енеңді сенің ұрайын!»
деп мұрын астындағы мұртын жұлыпсыз... Ол қашып бара жатса да,
артынан қуып жетіп, «Сіз Гитлерден аумайды екенсіз!» деп
мазақтағаныңызды қалай түсінуге болады?
—Шынында ол Гитлер көкемізден аумайды екен,—деп міңгірледі
атташе.
—Гитлерге ұқсайды ма, Шиллерге, жоқ əлде, Эзопқа ұқсайды ма, онда
қандай шаруаңыз бар? Мемлекеттік қызмет этикасы деген болады,
жарқыным,—деген елші Елшібек Елібаев терезе тұсына келді де, кенет
кілт бұрылып:
—Сіз ішімдік ішіп алып, бір лауазымды қызметкердің бетіне рұқсатсыз
түкіргеніңіз қалай?—деп сұрады, бірақ жауап күтпестен, бокалдағы
апелсин шырынынан ұрттай салып:—кешірім сұраудың орнына
«жалғыздық Құдайға ғана жарасқан!» деп екінші мəрте түкіргеніңізді
қалай түсінеміз?—деген дегбірсіз ойын қосып қойды.
—Мен оңтүстік жаққа түкіргенмін, солтүстік жақтан жел тұрды да,
түкірігімді бұрып əкетіп, сол кісінің бетіне жабыстыра салды...
—Ерегіскендей, екінші мəрте түкіргеніңіз қалай?
—Сосын солтүстік жаққа қарай повторно түкіргенмін, ол кісі оңтүстік
жаққа шығып кеткен екен, батыстан «тайфун» тұрып... сосын құдай
ұрып...
—Саясатта түкіруге болмайтынын есіңізде ұстамаған екенсіз! Саясатта
сабырлы болып, келіп қалған түкірікті ішіңізге қарай «түкіре»
салуыңыз керек еді...
—Темекі шегіп тұрсам, түкіре беремін... Кешіріңіз...
Елшінің есі шығып кете жаздады. Ел не дейді? Елбасы не дейді?
Қазірдің өзінде батыс басылымдары жарыса жазып жатыр...
—Мəселе түкіруде емес, мəселе қалай түкіруде! Саясатпен түкіру керек
еді! Рұхсат сұрап барып түкіру керек еді! Неміс халқы кез-келген
нəрсеге алдымен рұхсат сұрап алады. Біздің қазекеңдер сияқты
кабинетке кіріп алып: «Кіруге рұхсат па екен?» деп тұрмайды! Ғафу
өтінемін, сіз осы қызметке келерде мемлекеттік қызмет этикасы
туралы тест тапсырдыңыз ғой?
—Ия.
—Он сұрақтың құрығанда сегізіне жауап берген боларсыз? Қандай
сұрақтар келіп еді?
—Айта берейін бе?
—Айтыңыз...
—«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» дегенді қалай түсінуге болады?
Қалауын тапса, қар жана ма, өшіп қала ма? Түнде суға түкірме дегенді
қалай түсінеміз? Əйел екі қабат кезінде қандай түстер көреді? Бит пен
сіркенің айырмашылығы... Тауық неге қыт-қыттайды?
—Жарайды, доғарыңыз! Сізге осындай сұрақтар қойылды ма?
—Ия. «Сұрақтар жеңіл болсын» деп пахан звондаған соң...
—Сізді əлдеқашан қызметтен қуып жіберуіме болар еді. Жас қой,
түсінер, ойланар дедім. Əкеңізді сыйладым. Бірақ сіз күні кеше ғана
елшіліктің балконында тұрып алып, бар даусыңызбен: «Сағындым,
əке, исіңді!» деп айқайлағаныңыз қалай? Құрметтім, өзіңіз ойлаңыз,
əкеңіз иісін қалай жібереді? Сіз, Айранбай Көжебаевич, жұртпен
мəдениетті амандасудың орнына, «Гутен тахты» əдейі бұрмалап:
«Көкем тах, апам тах!» дейтініңіз қалай?
Сіз шетелде жүрсіз,
қымбаттым, сізге қарап, қазақ елін бағалайды...
Ол сөзін аяқтап үлгерген жоқ, ұялы телефоны шырылдап қоя берді.
Атташенің əкесі, өзінің досымен сөйлесіп жатты. Сөйлесіп болды да,
шаршаған кейіпте былғары креслоға отыра кетті.
—Пахан не дейді?—деп сұрады атташе.
—Не деуші еді? Аса құрметпен «сволочым менің!» деп еміреніп отыр!
Елге қайтсын, «сволочымды сағындым» деп отыр, —деген елші
атташенің бетіне бір түкірді.
—Мұ-мұныңыз қалай?—деп сұрады анау.
—Əкеңіздің атынан түкіруге ресми рұхсат алдым... қайталайын ба?—
дегенде, Айранбай Көжебаевич елшіліктен қаша жөнелді...
Қашқанының өзі қызық, талтаңдай безіп барады...
КЕШІРІҢІЗ, ТАНЫМАЙ ҚАЛДЫМ...
Өзiммен-өзiм, көзiммен-көзiм, сөзiммен-сөзiм болып, көшеде күрсiнiп
келе жатқанмын. Бiреу жын қуғандай, тап бiр əйелi төрт баланы
“оптом” туғандай, жүгiрiп келдi де, арқама жұдырығымен қойып
қалды. Жанарыма жас келiп, жылай салатындай жас бала емеспiн.
Еңсерiле бұрылып, еркек мiнез таныта жалт қарадым.
– Ой... — дедi анау.
– Немене, “ой?”
– Кешiрiңiз, танымай қалдым... Мен сiздi облыс əкiмi екен деп қалдым...
– Ей, есектiң қодығы, облыс əкiмi осылай көшеде, жалғыз өзi
жынданып келе жата ма, не?
– Облыс əкiмiнен аумайды екенсiз...
– Облыс əкiмiнiң арқасынан ұратын сiз кiмсiз өзi?
– Жыным келiп... Кешiрiңiзшi... “Облыста сыбайлас жемқорлық жоқ”
деп есеп берiптi, бəрi өтiрiк! Соған жыным келiп...
– Жыныңыз таксимен келсе, ұшақпен қайтып кетсiн, мен облыс əкiмi
емеспiн!— деп ашуландым да, қалтамды қарадым. Құдайым-ау,
қалтамда не бəрi жиырма тиын ғана қалыпты! Соған пiсте сатып алып,
бiр-бiрлеп шағып келе жатқанмын. Бiреу артымнан қалмай сөйлеп
келедi..
– Аса құрметтi премьер-министр мырза, тоқтаңызшы... Тыңдаңызшы
менi... Бiздiң депутаттар неге төбелеспейдi? Мəселен, Украина
депутаттары төбелеседi. Ресей думасының депутаттары төбелеседi.
Күнi кеше Қырғыз депутаты Қамшыбек Тəшиев депутат Бақадүр
Сүлеймановты қуалап жүрiп... Тоқтаңызшы, бiр қараңызшы маған...
Премьер-министр мырза... Бiздiң депутаттар Елбасыға, Сiзге бас шұлғи
бередi... Айналаңызда жағымпаздар... Бiр-бiрiмен төбелессе, ширай ма
дегенiм ғой...
– Бəле дегенiм ғой! — деп жалт қарадым.
– Ой...
– Немене, ой?
– Кешiрiңiз, премьер-министрден аумайды екенсiз... Бiр қырыңыздан
тұрғанда...
– Əй, есектiң тайқары! Немене, премьер-министр ерiгiп жүр ме?
Премьер-министр пiсте шақпайды ғой...
– Кешiрiңiз...
Мына жұртқа не болған өзi? Қымбатшылықтан бастары айналып,
көздерiнiң алды тұманданып кеткен бе? Жыларман болып
тұрғанымда, бiр əйел келдi де, артымнан бiр тептi. Етпетiмнен құлап
түстiм. Əйелде ұят жоқ екен. Жұрттың көзiнше үстiме атқа мiнгендей,
отырып алды.
– Сiзге не керек өзi? — деп мiңгiрледiм еңбектей жылжып.
– Оңбаған! Қызыңдай жас қыздармен саунада болғаныңша, өлiп
кетпейсiң бе? Ажырасамын! Сендей кəсiпкерден, көшедегi қайыршы
артық!
– Айқайламаңызшы, өтiнемiн...Сiз... маған бiр қараңызшы...
– өлə... — дедi ол менiң бетiме үңiлiп.
– Немене, “өлə?”
– Артыңыздан қарағанда, менiң күйеуiмнен аумайды екенсiз...
Үстi-басымды қаққыштап, жұрт шатаспас үшiн, театрдағы досым
берген сақалды жабыстырып алдым. Бiр кезде сонадайдан екi полиция
инспекторы тұра жүгiрдi. “Əне, Бен Ладен! Бен Ладен тұр! Терроршы
Бен Ладен!”
Тұра қаштым. Олар артымнан қуып кеп бердi. Жексұрынға да,
жексұрын емеске де жан керек, сəн орталығына қойып кеттiм. Қызкелiншектер боянып жатыр екен. Бiр бөлмеге кiрдiм де, шешiнiп
жатқан қызды талдырып құлатып, киiмiн киiп, əзер құтылдым.
Ертеңiне... Ендi мен жындана бастадым. Көшеде кетiп бара жатқан бiр
жiгiт ағасының құлағына шертiп жiбердiм. Ол маған бұрылды.
– Ой... — дедiм өтiрiк.
– Немене, “ой?”
– Сатқын Рахат Əлиевтен аумайды екенсiз! Кешiрiңiз...
Бiр сап-сары, көк көз кiсiнiң бетiне шапалақпен салып жiберiп:
– Қашқын десе! Алматы қаласының жерiн сатып-сатып байып алдың
да, қашып кеттiң ə?—дедiм.
– Сiз не деп тұрсыз өзi? —дедi анау мəңгiрiп.
– Ой, кешiрiңiз... Сiз Алматы қаласының қашқын əкiмi Виктор
Храпуновтан аумайды екенсiз...
– Немене, Храпунов осылай перəшкi жеушi ме едi?
– Кешiрiңiз...
Ол менiң тұмсығыма қойып қалды. Шалқамнан түстiм. Құдай-ай, ешкiм
көмектеспедi. Ары-берi ағылған адамдар. Тұрғызбайды бiрi... Шамасы,
менi қайыршыға ұқсатып жатыр. Ерегiсiп мен жатырмын. Ерегiскенде
бiр жыл тұрмай қояйын ба, осы-а?..
ҚАБІРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАНБЫЗ!
Қалғып отырған хатшы қыз кенет есіктен ентелей кірген скелетті
көргенде, шашының арасында шайтан жүргендей шыңғырып салды
да, басы сылқ етіп талып қалды. Қарсы бөлмеден əкімнің көмекшісі
атып шығып:
—Сіз... сіз кімсіз?—деп сұрады. Жүрегі жыртыла жаздады...
—Қабірстан Республикасынанбыз!—деген скелет басымен оның
басын соғып қалғанда, анау
есінен танып, шалқасынан түсті.
Кабинетке сықырлай кіріп келгенде, əкімнің де зəресі бозторғайдай
ұшты... Сасқанынан:
—Сіз... сіз қатты азып кетіпсіз... Сықырлап, қу сүйегіңіз қалыпты...—
деді жаны ашыған сыңай танытып. Скелет орындыққа келіп отырды.
Қабырғаларының арасына қыстыра салған сигаретін алып, асықпай
тұтатты. Түтіні қабырғаларының, жақ сүйектерінің арасынан шығып
жатты...
—Апай...
—Қандай апай?
—Кешіріңіз ажырата алмай тұрғаным...
—Сендер нені ажырата аласыңдар өзі? Еркек скелетпін...
Кенет ақ жайма жамылған əйел кіріп келді.
—Біз Қабірстан республикасынанбыз!—деді əйел
бұрын кірген
скелеттің қасына отырып жатып,—кешіріңіз, мен кеше өлген əйелмін.
Қазақстанда ақшасы жоқ сырқаттар «оптом» өліп жатыр... қала
ауруханаларында ажал кезегінде тұрғандар көп.
—Хош ке-келдіңіздер... Ш-шаруаларыңызды айтыңыздар,—деді əкім
алдындағы графиннен су ішіп жатып. Көздері шығып барады.
—Мен мына скелеттің əйелімін. Атым— Қатипаш. Свежи өлікпін.
Күйеуімнің өлгеніне он жыл. Сіздер, өлгендерге маза бересіздер ме
осы?
—Не болып қалды, əруақ апай?
—Жер бетінен естіп жатырмыз, осыдан бір ай бұрын қайтыс болған
атақты əншінің қабірін бір тірілер даулап жүр дейді ме? Ол жер
келесіде өлетін туысыма тиесілі дейді ме...
—А... ия. Сондай бір арыз түскен...
—Тірілерге кеңсайдан жер учаскесі алдын-ала беріле ме не?—деп
қалды скелет. Сосын сықырлай орнынан тұрып, əкімнің иығына
сүйекті қолын салды. Əкімнің үстінен тер сел болып ақты.
—Ж-жоқ. Орынбасарым оңдырмай жүр...
—Не, проблема керек пе сендерге? Біз жаққа ертерек көшіп келгілерің
келе ме?
—О, не дегеніңіз, —деген əкім есін жиып алды,— скелет көке, коньяк
ішесіз бе? Əлде кофе?
—Немене, мені алқаш өлік деп ойлайсыз ба? Кофеңді көзіңнің ішіне
құй! Бізге шəй болса да жетеді...
Əкім столының бүйіріндегі түймені басты. Ішке төбе шаштары
қақиып қалған көмекшісі кірді.
—Шашыңызға не болған?
—«Прическам» ғой,—дей салды көмекшісі қалтырап.
—Мен хатшы қызды шақырдым...
—Ол басына шелек төңкеріп алып отыр.
—Кірсін...
Көмекші жігіт хатшы қыздың қолынан сүйреп, əрең кіргізді. Сонда да,
басындағы пластмасса шелекті алар емес.
—Басыңыздағы шелекті алыңыз,—деді əкім.
—Қойыңызшы, қорқам...
—Қонақтарға шəй əкеліңіз...
Хатшы қыз кетісімен « свежи» өлік:
—Өкпеміз қысылып, Кеңсай зираты күннен күнге тарылып барады.
Демек, халық арасында өлім-жітім көп.
Шенеуніктер аз өледі.
Жағдайлары жақсы,—деді.
—О не дегеніңіз, құдай қаласа өлеміз... Қайтыс боламыз...
—Сонда сіз жерленген қабірді ертеңіне біреу «менің жерім» деп даулап
жатса ше? Ол ол ма, Кеңсайдан қабір сатып, ақша табатын сұмырайлар
да бар дейді,—деді скелет ашуланып. Тіпті, орнынан тұрып кетті.
Ашуланғаны соншалық, сүйек басы жерге домалап түсті. Ішке
қалтырай шəй əкеле жатқан хатшы қыздың алдына қу бас домалай
барғанда, ана қыздың тілі байланып қалды. Сосын кабинеттен тұра
қашты.
—Қайда барасыз? Қонақтардан ұят болды-ау!—деген əкім де
кабинеттен қаша жөнелген, қарсы келе жатқан тағы бір скелетке
соқтығысып қалды.
—Кешіріңіз...
—Оқасы жоқ, əкім мырза. Мен— Менмін ғой. Бес жыл бұрын мені
тапсырыспен атып кеткен. Озық ойларымды ашық айтқаным үшін...
—Кабинетке кіре беріңіз, мен қазір...—деген əкім зуылдай қашып,
ғимараттан шыға берген... Есік алдында бір қора скелеттер тұр екен.
Шеруге шыққан сыңайлы... Қолдарында плакаттар, ұрандар. «Жасасын,
жарық дүние!» «Біз де сіздердей болғанбыз, сіздер де біздей
боласыздар!», «Мұнайлы ел, мұңаймаңдар!» «Қабіріміздің басындағы
көк тастарды қиратпаңдар!» деген жазуларды іштей оқыған əкімнің
көздері қарауытып, құлап бара жатты... Бір кезде бір көзін сығырайта
ашып: «Өлгім келмейді..» деді. Құдай сақтасын, өлмей-ақ қойсыншы...
ИНТЕРНЕТТЕГІ "ИТТЕР!"
Ақын болғым келеді. Бірақ ақын емес, қатын болдым...Сəл дөрекілеу
кеттім ғой деймін... Өзбектер "қатын" дей береді əйелдерін. Менің
атым— Пістегүл, фамилиям— Стақанова. Сонда бір стақан пісте
болады да...
Ақын болғым келеді. Бірақ жаза алмаймын. Сосын Мұқағали
ақынның бір өлеңін көшірдім де, "Бұл біз ғой" атты əдеби сайтқа салып
жібердім. Қуанғаным-ай! "Өлеңім" жарияланыпты! Мұқағали тірі
болғанда, екеуміз бірге қуанар едік! Ол кезде интернет болған жоқ
емес пе? "Өлеңімнің" соңындағы пікірлерді оқып, өріп қойған шашым
тарқатылып кетті. Шетінен данышпан! Шетінен ақыл айтқыш! Əрине,
тасада тұрып алып, шетінен батыр! Шетінен бəдік! Қатын менен
жаман! Сол пəтуəсіз пікірлерді назарларыңызға ұсынайын:
Бірінші пікір: Пістегүл! Өлеңің өлең емес! Сен одан да базарға барып,
пісте сат! Поэзиялық леп жоқ!
Сəлеммен, Ауф-ауф.
Екінші пікір: Атаңа нəлет-ау, басыңды асфалтқа мыжып тастау керек
сенің! Өлең жазғанша, күйеуіңнің қасында тыр-тыр қасынып
жатпайсың ба? Мынау не? Өлең бе? Тақпақ па? Бесінші сыныптың
оқушысы жазған шимай-шатпақ!
Көктөбет.
Үшінші пікір: Көктөбет, мен саған қосыламын. бұл қатынды атып
тастау керек. О, шешең...
Алыпсоқ.
Төртінші пікір: Не болып кетті
сыйламайсыңдар ма? Осылай дөрекі
балдары-ау, шошқа екенсіңдер ғой!
сендерге? Əйел ақынды
пікір жаза ма екен? Иттің
Ауф-ауф.
Бесінші пікір: Ауф-ауф, сен поэзияны нашар біледі екенсің ғой! Бұл
өлең керемет жазылыпты! Ұйқастары ұйып тұр!
Ыр-р-р...
Алтыншы пікір: Қай жері керемет! Жазған соң, Мақатаев сияқты жазу
керек қой!...Оның əр өлеңі классаика!
Күшкə-күшкə.
Жетінші пікір: Сен нашар өлең жазып қартаятын болдың, Пістегүл!
Ұйқастары қатты ұйқасып кеткен екен.
Итбас.
Сегізінші пікір: Жігіттер, темекілерің бар ма?
Шылымбек.
Тоғызыншы пікір: Қандай адамсың? Интернет арқылы темекі
сұрағаны несі?
Насыбайұлы.
Міне, "данышпандардың "пікірін" оқыдыңыздар, айтыңыздаршы,
көңілдеріңізге нені алып, нені тоқыдыңыздар? Біреуі Мұқағали өлеңін
танымады. Классикті мойындамай жатқандар, мені қалай
мойындасын!
Құрметпен: Пістегүл
СТАҚАНОВА.
СIЗ ƏЛI ОТЫРСЫЗ БА?
Сауаты - су, бiлiмi - бу, кəсiпкерлiктiң арқасында, танысымның тамырын
дөп басқан Мыжбан екеумiз əскерде бiрге болғалы құдай жапалақты да
жарылқаймын десе, демде ғой, күндердiң күнiнде күндей күркiреп, мiнезi
жаңбырдай сiркiреп, аудан əкiмi болып шыға келгенде, шапалақ ұрғандар аз
болды.
Ендi жаласа, жалп ете қалатындай қоржын тамда қашанғы отыра берейiн,
“однопалчанымнан” участкелiк жер, несие сұрайын деп, бiр күнi аудан
əкiмiне келдiм.
Мыжбан бiр қапшық цемент жұтқандай қақиып отыр екен, иiлмейдi, бiреу
аузына шланга тығып, үрiп тастағандай, столын тiреп тұр. Саусақтары
быртиған, маған “отыра бер” дегендей ишара еттi де, шыр еткен телефон
тұтқасын көтерiп, ə дегеннен ұрыса жөнелдi.
— Не деген адамсыз! Мен сiзге үш күнде бiтiрiңiз деп едiм ғой! Үш күн
босқа кеттi ме? Ауырып қалдым? Одан да өлiп қалмайсыз ба? Жылап
еңiреп баратын едiк қой! Сiзде ар-ұят жоқ екен. Жыламаңыз деймiн,
көңiлiм босап кетедi! Ертең облыс əкiмiне айтамын! Айналайын-ау, аудан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.