Latin Common Turkic

Обшым, адам емес екенміңдер! - 12

Total number of words is 3931
Total number of unique words is 1968
33.3 of words are in the 2000 most common words
48.3 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
—Қамыр да жая алмайсың! Зуалаға бір жұмыртқа араластырып илесең,
езілмей түсер еді...
—Атам қамырды жібімен қосып жеп қойыпты. Көздері нашар көреді
ғой, жіпті қойдың ішегі деп ойлапты...
— Атаңды ажалынан бұрын өлтіріп тынарсың, мына түріңмен! Мен
сияқты пысық болуың керек қой,—деген шешесі қасын кере сөйледі,—
баяғыда-а, келіншек кезімізде атаң марқұм жүдə ұмытшақ еді ғой.
Алжып қалып еді бейшара...
—Қызықтар болған шығар, мам?
—Бір күні үйге кіріп келе жатсам, мені тоқтатып: «Əй шырағым, өзіңді
бір жерден көрген сияқтымын...» дейді. «Ата, келініңізбін ғой,
балаңыздың əйелімін» десем: «а-а, о қызталақ қашан үйленіп жүр?» деп
қояды. Тағы бірде көстюмін теріс қаратып киіп алып: «Келін шырақ,
мынанынң түймелері түгел түсіп қалыпты ғой...» деп тұр. Қызық адам
еді, жарықтық...
—Менің атам да қызық адам...
—«Менің атам, менің атам» деп қақсай бермей үйіңе қайт! Болмаса,
үйге тұрған əр күніңе «квартплат» төле...
—Немене? Туған қызыңыздан ақша? Совесть есть мама? –деген қызы
асығыс жинала бастады,—Кетемін! Сол жақтан воовще келмеймін!
—Келме!
—Байыммен бірге өлемін!
—Бірге қартайыңдар...
—Сізден енем жақсы, басымды қасып тұратын...
—Келме, тастай батып, судай сіңіп кет!
—Кетемін! Енді воовще қашып келмеймін! Өкпеледім мама!—деген
қызы жындана жұлқынып, үйден шығып кетті.
—У-ух,—деді шешесі терең демін алып,—осылай демесем, əлі бір ай
жатпақ түрі бар... Қырыққа келген қызымның бір шайнам миы жоқ...
Миы болса, енесінің шайы орамалы мен кебісінн ұрлап маған əкеп бере
ме? Ойбуу, сол орамалы мен кебісі қалып кетіпті ғой! Əй, Қатипаш,
тоқта деймін!
ƏЛІ ҚАШЫП КЕЛЕМІН...
Мен аяғымды, сирағымды, балтырымды құрметтеймін! Осылар ғой,
мені құтқарып қалған. Аяғымның орнында қол, қолымның орнында аяғым
болып жаратылсам қайтер едім?
Қыздар, бірді айтып бірге кетіппін ғой, бəрін басынан бастайыншы.
Былтыр көктемде екінші курста оқитын құрбым ауылына қонаққа
шақырды. Құрбымның үйінде бешір болды. Ертеңіне ауыл жастары
жиналып, қырдан қызғалдақ теруге бардық. Қызғалдақ деген жерде өседі
екен ғой. Мен оны бір жеміс ағашы болады, гүлдегенде бұтақтары
қызғалтаққа толы болады деп жүрсем... Қалада өскен байғұс басым,
өмірімде бірінші рет сиыр көрдім. Емшегін іздеп, бұтына үңіліп жүрсем,
«мынаның емшектері жасырынып тұрады ма?» деп сұрасам, құрбым
байлаулы тұрған есекті құшақтап тұрып күледі. Сөйтсем, өгіз деген жануар
сиырдың как күйеуі болғандықтан, онда емшек болмайды екен...
Қыздар, содан бар ғой, қырда қызғалтақ теріп жүрміз. Дала қандай керемет,
Кинг-конг деген дə-əу маймыл бар ғой, кинодағы, сол жүгіріп келе жатып,
қолындағы қызыл бояуын төгіп алған сияқты... Қызғалтақ теріп жүріп,
темекі шегіп тұрған төрт жігіттің əңгімесіне қарасам, мені қазір алып
қашпақ көрінеді. Соған «беларусь» деген тракторлары келмей жатыр екен.
Зəрем қалмады.Ужас, менің Мыжбанчик деген жігітім бар қалада.
Екеуміздің жүргенімізге екі күн болды, ұят қой. Мен əлі не бəрі он
сегіздемін. Оқуымды бітіруім керек. Қорқып кеттім. Қызғалтақ терген
болып, олардан ұзадым да, құрбыма жақындап:
—Анау жігіттер мені алып қашпақ, не істейміз?—деп сұрадым.
—Өтірік жылаған болып, тракторға міне бер. Келесі ауылда тұратын менің
нағашы ағама тиесің ғой. Осы сценаридің авторы өзіммін...—дегенде
досым деп жүрген құрбымның бетіне түкіріп жіберіп, қаша жөнелдім! Ана
жігіттер қуып кеп берді. Қашып келемін, қашып келемін... Белден бел,
қырдан қыр асып келемін. Бір кезде алдымнан құрбымның жеңгелері болса
керек, он шақты əйел шыға келді. Қолдарында бір-бірден ақ орамал.
—Орамал сатып жүрсіздер ме? Қаншадан?—деп сұрадым алқынып.
—Біз саған тегін береміз, қане, басыңа орамал сала ғой,—деп бір жеңгесі
жақындап келе жатыр еді, орамалын тартып алып, өзінің басына жаптым
да, қаша жөнелдім. Бір қырдан асқанда, алдымда бір кемпір шалқасынан
жатыр. Айдалада. «Апа, сізге не болды? Ауырып жатырсыз ба?» деп
сұрадым. «Адам айдалада ауырып жатады ма екен? Өлігімді аттап кетсең,
жолың болмайды, біздің үйге келін боласың, шырағым,» дейді. Үстінен
ырғып өтіп бара жатыр едім, қарап жатпай, балтырымды оңдырмай
шымшып алды. Безіп келемін. Мектепте оқып жүргенде жаяу жарыстардан
бірінші орын алатынымның пайдасы тиді. Төрт жігіт те қиқулап келеді
екен, мен оларға түлкі сияқтымын. Тілімді шығарып мазақтадым да, қаша
жөнелдім. Бір қарасам, сол ауылдағы биік таудың ұшар басына шығып
кетіппін.
Етекте еңіреп тұрған төрт жігіт айқайлап жатыр, дауыстары жетпейді. Неге
айқайлайды? Сөйтсем, ары қарай өзбек шекарасы екен. Бір қадам аттап
едім, жан-жағымнан оқтар зуылдады дейсің. Төменде танктер тұр қаптап,
төбеден тік ұшақтар атқылай бастады. Қыз болып жаратылғаныма мың да
бір рахмет, өзбек өз ағам аямағанымен, оқтар тіке зуылдап келеді де, «қыз
баласы ғой, обал болады» дегендей, бұрылып кетеді. «Ұялады» мені
өлтіруге... Қыздар, қызық болды, төмен түсіп келе жатсам, етекте беташар
болып жатыр екен. Менің суретімді құрбым берсе керек, бір қурайдың
басына іліп, қурайды жерге қадап, суретіме орамал жауып, беташарды
қыздырып жатыр! Жүгіріп келіп, орамалды жұлып алдым да, терлеп кеткен
балтырымды сүрттім. Суретімді қолыма ұстай қаштым. Бір қырдан ассам,
мені келін еткісі келгендер бауырсақ пісіріп жатыр екен. Бауырсақтан дəм
ауыз тиіп, одан əрі қаштым. Тағы бір қыр ассам, бізге арнап төсек салып
қойыпты. Қырға. Айдалаға. Төсекке жатпастан, үстінен ырғи қаштым.
Безіп келемін. Тер деген кетті, тура екі шелек. Бір кезде алдымнан екі
қасқыр көрінді. Тістер ақсиып, маған қарсы шапты. Артыма қарасам, төрт
жігіт, он жеңгесі... алдымда екі қасқыр. Өлді деген осы шығар? Қасқырлар
жақындап қалғанда, соткамды лақтырып жібердім. Біреуі арс етіп, қағып
алды да, жұтып қойды. Жалмауыз десе. Қасқырлардан көз алмай тұрмын.
Қасқырлардың көздеріне тура қарап, көзіңді қыссаң, олар жемейді дегенді
естіген едім. Бір кезде ұялы телефоным шырылдай жөнелді. Жігітім ғой,
қасқырдың ішінен шырыл естілгенде, екінші қасқыр қаша жөнелді, оның
соңынан соткам кетті. Артыма қарасам, жігіттер жақындап қалған екен,
тілімді шығара мазақтап, қашып кеп бердім, қашып келе жатып: «Тие
салсам қайтеді? Ауылда ет көп. Қалада вермешельден ығыр болып
кеттім...» деп қоямын. «Əй, Қатипаш, мені ұмыттың ба? Мен ше? Мен,
мен?» деп құлағыма дауыстағандай болады жігітім. Артыма қарасам, төрт
жігіттің бірінің қолында қос ауыз мылтық! Қатар жүгіріп келе жатқан досы:
«Атпа деймін, келіншегіңнің терісі бүлінеді...» деп қояды. Алдыма қарасам,
бір қора кісілер келе жатыр. Қолдарында плакат, ұрандар жазылған. «Біз
болашақ келіннің қайнағаларымыз!» «Келін жасасын!» «Келін бізге сəлем
берсін!» деген ұрандарды оқып тұрғанымда, төрт жігіт те жетіп, мені
тірідей ұстап алды.
—Менің күйеуім қайсы?—деп сұрадым мен.
—Мен,—деді арық, бүгін не ертең өлетін бір жігіт. Ауылда ет көп, халқы
тоқ деп жүрсем, бұлар да жетісіп жүрген жоқ екен-ау.
—Атыңыз кім?
—Тыжбан,—деген ол қолын ұсынды. Қолы қолтырауынның терісі сияқты
екен. Қолын алып тұрып, ішіне тіземмен бір тептім де, қаша жөнелдім.
Қойшы, қаша беруден шаршадым, осы жерден тоқтай салайын ба, қыздар?
Тыңдап отырған қыздар, қатар құрбыларым қорқып кеткен екен,
үндемейді... Олар үндемеген соң, мен де қашуды жалғастырдым, безіп
келемін, əлі қашып келемін!
КІМНІҢ ҚҰЛАҒЫ?
Жағдайым жағадан, көңілім көлеңкемнен тартып, кеңкелес адамдай
кеңкілдеп күліп келе жатқанмын. Қашанғы «Жұмыс жоқ, бала-шағамды
қалай асыраймын?» деп қайғыра бермекпін?» Осылай ойлап, өзімнен-өзім
күліп келе жатқан бетім ғой. Бір кезде бір бай келіншек көше жиегінде
тұрған «Джипіне» отыра бергенде, оң құлағы түбінен сыпырылып түсіп
қалды! Сенбейін десем, жерде құлақ жатыр, сенейін десем, құлақ деген
қырық градус аязда да қырқылып түспейтін еді... «Джип» кетісімен аш
иттей жан-жағыма жалтақтай қарадым, құдайым-ау, мынау жатқан жəй
құлақ емес, қымба-а-ат алтын сырғасы жылтырап жатқан «женский» құлақ
қой!
Бір кемпір құлаққа қарай құлдыраңдап келе жатты. Алып қоятын болды-ау,
жалма-жан жүгіріп, құлақтың қасына келгенде, көк мұздан тайып
жығылғандай болдым да, құлақтың үстіне құлап түстім. Кемпір келіп,
қолымнан тартты.
—Осы ғой енді! Көшеге құм сеуіп қойса болады ғой! Кəрі де, жас та
жығылып жатыр! Қала əкімі қалтасын ойлағанша, осыны да ойласа еді! Əй
жүгермек, неғып жатырсың?—деген кемпірге рахметімді айтып, екі ортада
құлақты қалтаға сүңгітім жібердім де, былай шығып, құлақты қолыма
алдым. Жасанды құлақ екен. Миллионер əйелдің құлағын о баста ит жеп
қойған ба, немесе қарақшылар қырқып əкеткен бе? Пластикалық құлақты
бірінші көруім... Құлақ қуанышымды көтеріп, үйге келсем, əйелім
алдымнан айқайлап шықты: «Қайыршы болсаң да ақша тап, үйде жылан
жалайтындай май жоқ, шайтан ішетіндей шай жоқ!»—деді. «Қатын, менде
құлақ бар!» дедім жымыңдап. «Құлағы несі? Кімнің құлағы?» деп сұраған
əйеліме қалтамнан жасанды құлақты алып, алдына тастай салып едім,
қорыққанынан ыршып түсті... «Ойбай, біреудің құлағын ұрлап алғансың
ба?» деп жаны қалмады. Дегенмен, əйел заты емес пе, алтын сырғаны
көріп, жымың-жымың етті. «Ақыры ұрлаған екенсің, екінші құлағын да
түбімен жұлып алмадың ба?» деп қояды. «Жолдан тауып алдым» десем,
сенбейді ғой. «Алтын сырғаны сатып, бір байып қалатын болдық!» деп
тұрғанымда, облыстық теледидардан мана мен көрген миллионер əйел
сөйлеп отыр! Өзімнің құлағым түбінен қырқылып, түсіп қалғандай,
құлағымды тостым. «Құрметті құлақтары қалқайып, көңілдері марқайып,
аман есен жүрген қала тұрғындары! Кезінде қарақшылар құны бір миллион
теңге тұратын алтын сырғам үшін құлағымды түбінен қырқып əкетіп еді.
Бүгін түсте Германияда жасатқан алтын сырғалы жасанды құлағым түсіп
қалыпты, соны тауып алғандар болса, құлағымды
қайтарса екен,
сүйіншісіне еркек болса, өзіне тиіп аламын, əйел болса, үйіме қызметші
етіп, жұмысқа орналастырамын!» дегенде, алақанымды ысқылап, қуанып
кеттім. Əйелім басыма сыпырғысымен қойып қалды, «Неменеге мəз болып
отырсың? Немене, мені тастап, миллионер əйелдің үйіне кіріп алғың келеді
ме?»—деп көздерінің қарасын
бір-біріне өткізіп жібергенде, жүн
жұтқандай жым болдым. Не керек, əйелім жұмысқа орналасып еді, екі
күннен кейін жұмыстан шығарып жіберді. Əйелімнен сұрасам,
тоңазытқышын ашып, ішін қалай жалап-жұқтап қойғанын өзі де сезбей
қалған...
Əйелім айтты: «Қалай күн көреміз?» Мен далаға шығып, күнді көріп
келдім. Өз орнында екен. Бізде халық қалтасынан байып, күнді де сатып
алатындай миллиардерлер бар емес пе? Құдайға шүкір, күнімізді күнде
көріп жүрміз, бірақ аштан бұратылып, өліп жүрміз... Мекемелерге жұмыс
сұрап барсаң, «шляпа» сұрайды, ал менде тесік тақия да жоқ...
Бір күні көшеде кемсеңдеп келе жатқанмын... Бір миллионер шал қымбат
көлігінің қасында есінеп тұрған еді, аузындағы алынбалы салынбалы
тістері «оптом» түсіп қалды. Шал оны байқаған жоқ, есінеп-есінеп алды
да, машинасына отырып, кетіп қалды. Көздерім тістерді тіміскілеп еді,
құдай беремін десе аспаннан да алтын жаудырады, алтын тістер жарқырап
жатыр! Бір кемпір келе жатыр еді, жүгіре беріп, алтын тістердің үстіне
шалқамнан түскен болдым. Кемпір кеңкілдеп күлді: «Сен жүгермек, маған
қырындап жүрген жоқпысың өзі? Өткенде де осы жерде құлап едің?» —
деді де, кетік тістерін көрсетіп, кетіп қалды. Алтын тісерді қалтама
сүңгітіп, үйге зыттым. Əйелім алдымнан айқайлап шықты.
«Үйде ет жоқ, сенде бет жоқ, пісте майдан да бір қасық қалды, құмшекер
де, сабын, порошок та таусылды!» «Қатын, қапа болма, алтын тістер тауып
алдым!» дедім. «Осы сен-ақ, адамның дене мүшелерін тауып жүреді
екенсің...» деген əйелімнің алдына алтын тістерді лақтырып жібергенімде,
ол ыршып кетті. Əйел заты емес пе, алтын тістерді көріп, ыржиды. Мен де
ыржидым, осы кезде теледидардан миллионер шал сөйлеп кеп бергені!
«Тістері түгел қала тұрғындары! Жасанды алтын тістерім жоғалды,
салмағы сегіз килограмм... Сүйіншісіне кедей əйел болса, əйелдікке
аламын, кедей еркек болса да аламын...» деп бөсіп отыр. Əйелім қуанып
кетті. Басына сыпырғымен салып қалдым: «Немене, тиіп алғың келіп отыр
ма?» Содан өзім бардым. Алтын тісті иті бар екен. Ағылшын тұқымдысы
«жалғызсырайды» екен. Сол итінің қасында еңбектеп жүріп, үретін
жұмысқа қабылдандым. Айына екі жүз доллар! Күнде үруге барамын, үріп
қайтамын. Табан астында «ит» болып кеттім. Миллионердің үйіндегі иттен
айырмашылығым, менде алтын тістер жоқ, есесіне құрттаған тістерім көп.
Кейде, ауырып қалсам, менің орныма əйелім ұрғашы ит болып, үріп
қайтады, «мынауың блатной жұмыс екен» деп күліп қайтады... Е-е, ит өмірай десеңізші...
О, ДЕМОКРАТИЯ...
Маған бірдеңе жұқты. Кеше ақын болып кеттім. Төрт адам топталып
тұрса, қасына барып өлеңімді оқығым келеді де тұрады... Көшеде кеше
жазылған өлеңімді ішімнен оқып келе жатсам, қыбырлаған, жыбырлаған
адамдарды бірінші рет көруім, екі мыңдай адам митингіге шығыпты!
Полицейлер оларды екі қатар қоршап алған.
—Мұнда не болып жатыр өзі?—деп сұрадым полицейден əдейі.
—Жəй əшейін,—деді ол.
—Бойымның кішкентайын қарашы. Айтыңызшы, не болып жатыр?
—Жұмыссыздарға айлық беріп жатыр.
—Өтірік айтып тұрсыз. Ана бір кісіні неге қолын қайырып, автобусқа апара
жатыр?
—«Айлық алмаймын» дейді.
—Көке, мен сол жерге барып, «Жұмыссыздар жасасын!» деген өлең
оқиыншы.
—Мен саған көке емеспін, полицеймін. Ары тұр!—деген ол мұрнын
жыбырлатты. Іштен тынып, сағым сынып, арырек барып тұрдым. «О,
адамдар, жыламаңдар, биліктен ештеңе сұрамаңдар, бəрібір бермейді...»
деген өлең оқиыншы деп едім. Тақырыбы ұзақтау енді... Бір кезде иегі
«ламбадаға» билеп, кəрі кемпір келді.
—Шырағым, мұнда қандай той болып жатыр?—деп сұрады.
—Той емес, «Митинг» деген концерт.
—Көшеде де концерт болады екен-ау, мені жіберші, əн тыңдап қайтайын.
Тегін бе өзі?
—«Саяси əндерді» тыңдауға болмайды апа,—деген порлицей апаның
кеудесінен итерді.
—мен де ауылдың алты ауызын айта аламын! Былай тұршы,—деген кемпір
əндете бастады,—жаңбыр жауар себелеп, есіктің алды ебелек...
«Саяси кемпір» деген полицей ым қағып еді, екі полицей кемпірді
дырылдата сүйреп, автобусқа отырғызды. Сосын бір ертең өлетін шал
жанымыздан өте беріп, қайғыра күрсініп салған, оны да «саяси күрсініс»
деп алып кетті. Бір жігіт ысқырып еді, оны бір полицей дубинкамен басына
салып қалды. Ол байғұстың көздері аларып, талып қалды.
—Полицей көке, мені ішке жіберіңізші, өлең оқимын,—дедім мен.
—Полицей көке деме деймін!
—Көке емес көке...
—Не, не?
—Өлең оқиыншы.
—Ал, оқы!
—О, демократия,
Сені іздедім, қайдасың?
Жерде ме, əлде Айдасың?
Өлеңімді аятағанымша, сойылы басыма тиіп, есім ауып бара жатты.
Көзімді ашсам, мəйітханада «О дүниеде не жаңалық?» атты өлең оқып
жатыр екенмін... Өліктердің арасында...
ЕҢКІЛДЕЙСІЗ БЕ, СЕЛКІЛДЕЙСІЗ БЕ?
Дүниеде құтты қонақ, сосын жұтты қонақ бар... Жұтты қонақ жұтынып,
жалмауызданып, үйіңізде жеті күн жатып алады. «Қашан қайтасыз?» деп
айтуға ұят енді. Қонақжай қазақпыз ғой. Бір күні алыстан танитын, ауызы
апандай, өзі қабандай, шаштары сабандай, қолдары быртиғын, өзі ыржиған
ауылдағы ағайын келе қалды. Еңбек демалысына шыққан екен, біздің үйге
демалуға келіпті.
Бір ай өткенде əйелім:
—Бала–шағаңызды сағындыңыз-ау, түнімен жылап шықтыңыз...—деп
алыстан орағытты.
—Түнде түсімде өліп қалыппын. Соған өзімді жоқтап жылап жатыр
екенмін,—деді ағайыным.
—Демалысыңыз бітіп, бастығыңыз іздеп жатқан шығар?—деді біздің əйел.
Ұят болды-ау... Қуып жатқандай болдық-ау... Бір баламыздай болып жүре
берсін... Итке де тамақ береміз ғой...
—Жұмыстан шығып кеткенмін,—деді ол. Жұмыссыз жүрген адамның
көңіліне қаяу салдық-ау... Мəселен, мен де жұмыссызбын. Əйелім асырап
жүр, бұған да шүкір... Бəріміз шəй ішіп отырғанбыз. Бір кезде əйелім екі
жасар баламның құйрығынан əдейі шымшып жылатты да, дастарханға соза
берген қолын қағып жіберіп, ұрыса жөнелді:
—О, жүгермек! Осы дастархандағының бəрін «көп сериялы» қонақ жеп
кетеді деп пе едің? Қалады! Мыжбан ағайды жалмауыз деп ойлап отырсың
ба? Əне, кеше мүжіген жілігін аузына апара беріп, дастархан шетіне қоя
салды. Қазір саған береді. Ала ғой енді, көкеңнің қолын қайтарма... Көкең
саусағын сора тұрады. Ештеңе аяп жатқанымыз жоқ қонақтан. Жатып алып,
жапырып жатыр. Сен де əрдеңені сұрап... Ии-и балам, ұят дегенді
білмейсің ғой! Қайтпайтын қонақ та ұялмайды. Əне, сары майды нанның
бетіне жағудың орнына, бетіне жағып жатыр... Тура сен сияқты екен.
Былтырдан қалған колбасаны бір тістеді де қойды. Айраннан ұрттамайды.
Тек қылғытады... Сен сияқты талғамай іше береді дейсің бе?
Өй, жылама деймін! Жей береді дейсің бе, қалады қазір. Көкенің кешеден
бері іші өтіп жүр. Қой деймін, ұят болады... Көкеңнің қолағаштай мұрнын
кесіп, майға қуырып берейін бе? Қымбатшылық өкпемізді қысып, екі жыл
болды ет жемегелі, тісіміз қышып... Көкең соны түсінбейді дейсің бе? Əне
қарашы, «кə-кəй» етіп қойған жас баладай, түсі бұзылып барады.
Аузындағы нанды да шайнаған жоқ. Жұта алмай отыр. Кейде нанға зар
болып қалатынымызды білгендіктен жұта алмай отыр. Не дейсің? Бөжи...
Көке бөжи емес, көкең «Кокола!» Кетпейтін қонақ саған құбыжықтай
көрінген ғой. Аузыңды аш, таңдайыңды көтеріп қояйын. Шошып
қалыпсың... Қылқ-қылқ жұтып, сылп-сылп, жырп-жырп жеп жатқан
көкеңді көріп, көздерің атыздай болған екен-ау! Бір күні бізді де жеп қоярау... Қой, жылама, қашанғы жей береді дейсің? Кетеді үйіне, сен де көкең
сияқты жалмауыз болсаң, үлке-ен жалмауыз болып өсесің. Əшейінде
тамақты зорлап ішкізуші едім, «ананы жеймін, мынаны жеймін!» деп
мазаны аласың. Əне, көкеге қарашы, қалтасына тыққан кəмпиттерді
дастархан шетіне қойып жатыр! Жылама балам, қонақтан ұят болады, оның
орнына біз ұялайық! Əне, өріктен қайнатылған тосаптан бір қас-ық аузына
салды да, түйіліп қалды... Жөтеліп жатыр. Жөтелген сайын, аузынан бір
өрік сүйегі ытқып шығады! Əне, аңқиып отырған əкеңнің аузына бір өрік
кіріп кетті. Бар болып тұрса, несін аяймыз? Жалақым жыланның
жалағанына жетпейді. Əкең болса мүгедек. Айлығымыз коммуналдық
төлемдерден артылмайды. Əне қарашы, көкең кешеден қалған кеспе
көжені тауысып, табақтың ернеуін жалап жатыр. Жуғанға жақсы.
Байқамай, ағаш қасықтың жартысын жеп қойыпты. Ал сен жылайсың, «түк
қалмайды» деп. Қасықтың жартысы қалды ғой, сен жейсің...
Əне қаршы, көкең аузын сүртіп жатыр... Қазір орнынан тұрады да, аулына
қайтады. Сен сияқты баласы бар шығар? Сағынған болар? Əкесі-ау,
мынаған бірдеңе десеңші. Қонақтан ұят болды ғой! Қолыңды дастарханға
созба, əдепсіз! Қалады саған да! Сосын, отыра қалып, опырып, жата кетіп,
жапырып жесең де еркің. Бірақ неңді жер екенсің? Біздің дастарханда не
бар өзі?
Ойбуу, ұяттағы-ай! Қонағымыз орнынан тұрып барады... Құдайдың
мұнысына да шүкір...
Əйелімнің мына сөздеріне жаман ұялдым ғой. Жоқшылық қой, қайтейін,
дегенмен, əйелім əдемі айтты, ə? Сіз қалай ойлайсыз? Мына сөздерден
кейін етпетіңізден жатып еңкілдейсіз бе, əлде «сауап болыпты!» деп мырсмырс етіп, селкілдейсіз бе?
ƏЙЕЛІҢІЗДІ ШАҚЫРЫП ЖІБЕРІҢІЗШІ...
Əйелдер мерекесі күні кешке қарай есікті біреу сыртынан сипалады.
Қаққан жоқ, сипалады... Естіп тұрмын, құлағыма құмырысқа кіріп кеткен
жоқ.
Еңіретіп есікті ашсам, көршім Мыжбан екен. Қипақтап, қиылып тұр.
—Не болды?—деп сұрадым мен.
—Əйеліңізді шақырып жіберіңізші.
Мен есікті жауып, оны бұрышқа тықтым.
—Əйелімді қайтейін деп едің?
—Жұмысым бар...
—Ол қандай жұмыс?
—Құпия енді...
—Айт деймін, осы сен неге күн ара əйелімді іздейсің де жүресің?
—Қашан?
—Кеше?
—Кеше тұз сұрадым.
—Əйелің келіп сұраса, сырғасы түсіп қалады ма, не?
—Əйеліңіз əйеліме бермейді...
—Неге бермейді?
—Ұрысып қалған...
—Жоғалып қалшы! Жоқ болып кетші, а?
—Əйеліңіз керек еді...
—Сен жындымысың? Менің əйелімде не жұмысың бар деймін?
—Кешіріңіз, сіздің əйеліңізді аса құрметтеуші едім...
—Құрметтесең қайтейін?
—Жақсы əйел.
—Оны өзім де білемін.
—Біздің əйел сияқты емес.
—Құдая сенің əйеліңнің беті құрысын! Көкбет.
—Сосын ғой, сіздің əйеліңізге келіп тұрғаным...—деді ол. Жыным келіп
жағасынан ала түстім. Қызғаныштан өртеніп бара жатырмын. «Неге менің
əйелімді шақырып алмақ? Бірдеңелері бар ғой! Ұятсыз, мені жұмсап тұр
тағы да!»
—Мыжбан, айт шыныңды, менің əйеліммен кездесіп жүрсің бе?
—Ия. Көңілі қаласа бере салады...
Мен оның бетіне шапалақпен салып жібердім.
—Немене бере салады?—дедім мен қалшылдап.
—Неге ұрасыз?—деген ол артына жасырған қолын көрсеткісі келмей, кері
шегінді.
—Өлтіремін сені!
—Сіз бермейсіз ғой, апай кейде: «басым сынып тұр, бір «чекучкаға»
жетпей тұр, елу тиын...» десем, бере салады...
—Қазір неге келіп тұрсың, құрметті маскүнем?
—Біздің əйелді білесіз ғой, көк бет. Гүл сыйлап едім, бетіме лақтырып
жіберді. Сосын...
—Немене сосын?
—Апайды сегізінші наурыз мерекесімен құттықтай салайын деп...—деген
ол артына жасырған бір шоқ гүлін көрсетті... Қуанып кеттім. Жаңа ғана
əйеліме «Мерекеңмен!» деп гүл салатын ваза сыйлап едім, жақсы болды
ғой. Оның қолындағы гүлін жұлып алдым да, ашылып қалған аузына жүз
теңгелікті тастай салдым.
—Бар, басың сынып тұр ғой, жоғал!—дедім. Ол жүз теңгені көріп, қуанып
кетті. Құлағына сыбырлап: «Мына гүлге мен тапсырыс берген болайын, сен
айтып қойма!» дедім. «Аха» деп ол кетті. Əйелімді гүлмен құттықтап,
бөлме ішінде ыңылдап жүр едім, біздің есікті біреу жəймен тоқылдатып,
артынша сипалады.. Қоңырауы бұзылып қалған еді... Есікті жұлқып
ашсам, көршім қисалаңдап тұр.
—Не болды тағы?—деп сұрадым.
—Əйеліңізді шақырып жіберіңізші...
—Əй, саған не керек, а?
—Гүлімді қайтып алайын деп едім, біздің əйелді білесіз ғой, бетон бет.
Жаңа ғана: «Алмаймын, дені дұрыс адам əйеліне иіс су, алтын сырға
сыйлайды, сенде ондай ақша да жоқ!» деп қуып шыққан еді ғой.
—Енді?
—«Гүліңді қайда құрттың? Əкел деймін ойбай, мамама барып, құттықтап
келеміз!» дейді... Құдай үшін, əйеліңізді шақырып жіберіңізші, ол мені
түсінеді...
Мен оның бетіне быттиған қолымды жауып, итеріп жібердім. Мұндай
көршіні көрсем, көзім шықсын! Айқай- шуды естіп, əйелім есіктен басын
қылтитты. Қолында «мен сыйлаған» гүл шоғы. «Бəрін естідім. Мыжбан
көрші, гүліңді ала ғой...» деді де, маған ала көзімен зеңбірек атып, есікті
тарс жапты. Мыжбан болса, гүлін алып, айран асыр үйіне кіріп кетті. Мен
тұрмын подьезде пияз жегендей тыжырынып... Қазір «Ұлы Отан соғысы»
басталатын болды... Нем бар еді, көрші алқаштың гүліне құмартып?
Өмірімде əйеліме гүл сыйлап көрмеппін... Вазаны кабинетімнен ала шығып
едім... Есіктің сыртынан сипаладым... Үнім де əрең шықты: «Қатипаш,
хал... халықаралық əйелдер мерекесі құтты болсын!» «Əй, Ахмет,
ілтипатыңа рахмет!» деген əйелімнің даусы шықты іштен. Бірақ есікті
ашпады. Ойбай, неғып тұрмын? Қырғыз министрінің өзі, митингіге
шыққан əйелдерге гүл сыйлады емес пе? Гүл іздеуге кеттім! Айтпақшы,
мен танитын, танымайтын қыз-келіншектер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
ДАНЫШПАНМЫН ҒОЙ!
Мен сұмдық данышпанмын ғой! Ұлы данышпандар қандай сөздер
жазып кетті, бəрін жинап жүремін. Сол жинап-тергендерімді рұхсат
болса, оқып берейін:
1. Махаббат дегеніміз—əйелдер территориясына шабуылдау.
Адольф ГИТЛЕР.
2. Еркек үйдің есігі, əйел сол есіктің «глазнойы».
Аристотель.
3.Өмірге келдің бе? Кірпіш тауып алсаң, қалайтын жерді іздеп кет.
Абай ҚҰАНБАЕВ,
Негрдей қара сөздерінің
жарияланбағаны.
4.Барлық елдің есалаңдары, бірікпей қалыңдар!
В.И. ЛЕНИН.
5. Адам өлгеннен кейін тамақ жемейді...
Мыжбан КЕУЕКБАСҰЛЫ.
Өзім ғой.
6. Əйелің—тонаушың. Ол өмір бойы тонайды.
Шыңғысхан.
7. Ет-етке, сорпа-бетке, кəртөшке қай жерге?
Қабанбай БАТЫР.
8.
Сұлу қыз өсе келе сұлу қыз болады, одан əрі сұмырай кемпір
болуы мүмкін..
Мыстан КЕМПІР.
9. Спорт адам денсаулығына өте пайдалы. Үнемі жүгіру керек. Ол
үшін біреуге қарыз ақша берсең болды...
Əл-ФАРАБИ.
10.
Алғашқы адамдарда памперс болмаған.
ДАРВИН.
Көрдіңіздер ме? Керемет данышпанмын ғой! Егер осы сөздерді той
–томалақта, моншада отырғанда, өлейін деп жатқанда қолданар
болсаңыздар, маған сілтеме жасаңыздар! Авторлық құқым бар!
ШАЛҚАМНАН ТҮСТІМ!
Өмірімде бір рет өтірік айтып көрейінші а? Бірақ рет... Былай ғой, бір
күні шалқамнан жатып теледидерға телміріп, тесірейіп қарап отыр
едім, шалқамнан жатып, «шалқамнан» түстім ғой! Жарнамалық
жүгіртпе жолдарға көзім ж»жүгіріп» барып еді, мынадай жарнамаға
жаным кіріп қалды:
«Ауылдық əкімдердің орнына білімі бидай, тəжірибесі тарыдай, көңілі
кебектей адам немесе адам емес болса да, кез-келгенді қызметке
қабылдаймыз... Ақша алмаймыз. Тегін. Тек аудан əкімінің ұялы
телефонына алты мың долларға «еңіреген единица» салып жіберсе
болды...
Тағы да теледидарға телміріп, түріктің «Фатмагүлін» көріп, тірідей
өліп отырғанмын, астындағы қашып бара жатқан жарнамаларға
көзімді қуып келуге жұмсап жібергенім. Мынадай жарнамаға
шалқамнан жатып, шалқамнан түстім:
«Облыстық қаржы полициясының бастығы орнына байқау
жариялаймыз. Тамақ ішпейтін, жемейтін, жемеген соң дəретханаға да
бармайтын, аузы-мұрны бітеулер қызметке қабылданады.»
Келесі жынды жарнаманы да оқып үлгердім: «Елу жылдан кейін қала
əкімінің орны босайды. Соған шыдамы шытынамайтын, елу жылға
дейін тірі жүретіндігі туралы анықтамасы бар Қазақстан азаматтары
үміткер бола алдады.» Шалқамнан жатып, шалқамнан түстім! Қазір
жасым қырықта. Құдай қаласа, тоқсанжасымда, қалтыраған қақпас
шағымда, қала əкімі болып кетуім мүмкін ғой!
Тағы бір тентек жарнаманы кірпігіме іліп алдым: «Министрдің орны
бос. Бағана далаға шығып кеткен, қайтып келгенше орнына адам
сияқтыларды қабылдаймыз.» Шалқамнан жатып, шəй іше жаздадым.
Маған министр болу қайда-а?!
Келесі кеңкелес жүгіртпе жолды оқыдым: «Бір жерде бір бастықтың
орны босап қалады-ау... Құйрығы креслосына жабысып қалыпты.
Алынар емес... Соны жібіткенше, сол орынға байқау жариялаймыз.
Шалқамнан жатыр едім, етпетімнен түстім!
ЕСЕГІМЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТА АЛМАДЫМ...
Үзіліп кете жаздап, үнемдеп жүріп, нанның жартысын жеп, балашағаммен лəмпечкенің жартысын ғана жағып, жарты су ішіп,
жарытып тамақ ішпей жинап- терген теңгеме əрең дегенде, онда да
несиенің қамытын асынып барып, қала шетінен жер алып, екі бөлмелі
шап-шағын үй салып алған едім... Күндердің күнінде айналама біреу
егіп қойғандай, зəулім үйлер өсіп шыға келді де, менің шайналған
мейіздей
үйім
көрінбей
де
қалды.
Миллионерлер
мен
миллиардерлердің ықшам ауданы екенін қайдан білейін, бір күні
көршім көздерін сығырайтып тұрып:
—Мыжбан кө-кө-кее,—деді кекете сөйлеп,—үйіңіз байдан қайтып
келген баяғының қызы сияқты сүмірейіп тұр екен, көшіңіз бұл жерден!
—Сенің үйің ше? Үйінде отырып қалған екі қабат қыз сияқты...
Сол екен, ол менің жағамнан алды:
—Кім екі қабат? Осы тұрған жеріңде ата салайын ба?
—Үйіңіз екі қабатты деймін... Жібер деймін... Мен де ата аламын.
—Немен атасың, бейшара?
—Көзбен атамын! Міне, былай...—дедім көздерімді алартып. Сөйттім
де үйге кіріп кеттім. Осы көршіден көрдім көресіні. Ата салады. Бір ай
бұрын қымбат көлігімен жол шетіндегі қызды қағып өлтірді де,
құтылды, есірткі сатумен айналысты та ұсталды, құтылды... Өзі салық
комитетінің бастығы болып кетті қайта...
Ертеңіне əйелім ерте
айқайлап, қайтып келді.
тұрып, есік алдына шықты да, шыңғыра
—Не болды, үрейің шымшық сияқты ұшып кетіпті?—деп сұрадым мен.
—Дарбазаның алдында жатыр...
—Кім? Ит пе?
—Жоқ, адам...Өліп жатыр...
Дамбалшаң жүгіріп шықтым. Біреу біздің дарбазаның есігін ұстай
өліп жатыр екен! Артынша полицейлер жетіп келді. Көршім шықты
мысқылдай күліп.
—Танисыз ба?—деп сұрады полицей.
—Жоқ.
—Онда неге сіздің дарбазаның алдына келіп өлген?
—Жеткен жері осы шығар?
Полицей мені төрт күн тергеп, ақырында босатып жіберді. Сөйтсе,
өлген адам атақты кəсіпкер екен. Біреудің алдын кесіп өткен бе, қуалап
жүріп атып кетіпті. Ертеңіне туыстары жылап-еңіреп, менімен көрісті
де, қызық, мен де түсінбей жылай беріппін... Ия, менімен жылап еңіреп
көрісті де, дарбазамның алдына граниттен ескерткіш құлпытас
орнатып кетті. «Бұл жерде қоғам қайраткері болайын деп жүрген
кезінде, облыстық мəслихат депутаты болайын деп қалған
жасында, атақты кəсіпкер Итбай ЖЕКСҰРЫНҰЛЫ қайтыс болған.
1968-2012жж.» деп жазып та қойды. Айқайладым, шыңғырдым,
жалындым, көздеріне де қыстырмады. Амал жоқ, əйелім екеуміз
таңертең ескерткішке құран бағыштап шығатын болдық. Көршім
«Джипінен» аударылып түсіп жатып:
—Мына үйің нəстірениемді түсіріп жүр, үйіңді сат та, көш!—дейді.
—Көшпеймін! Осы жерде өлемін!—-деймін мен.
Ертеңіне əйелім жұмысына кетіп бара жатып, үйге артынан алты жүз
албасты қуып келе жатқандай ентігіп кірді.
—Есік алдында, есік алдында...—дей береді.
—Немене, есік алдында тағы біреу өліп қалыпты ма? Бəрі біздің үйдің
алдына келіп жан тапсырады екен де!
Əйеліммен бірге дарбазаның есігін ашсам, аяғымның астында екі
аяғы аспаннан келіп өліп жатыр екен! Артынша, қарсы беттегі қаржы
полициясы бастығының əйелі жүгіріп келіп, алып кетті. Сол күні
күйеуі дарбазамның алдына ескерткіш құлпытас орнатып үлгерді.
Əйелім екеумізді адам құрлы көрген жоқ. Биіктігі бір метр құлпытаста:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
  • Parts
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 01
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2246
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.7 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 02
    Total number of words is 3721
    Total number of unique words is 2041
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 03
    Total number of words is 3710
    Total number of unique words is 2154
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 04
    Total number of words is 3695
    Total number of unique words is 2014
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 05
    Total number of words is 3755
    Total number of unique words is 2076
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 06
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2120
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    36.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 07
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2089
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    31.6 of words are in the 5000 most common words
    37.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 08
    Total number of words is 3645
    Total number of unique words is 2102
    22.1 of words are in the 2000 most common words
    31.5 of words are in the 5000 most common words
    37.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 09
    Total number of words is 3855
    Total number of unique words is 1954
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 10
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 1809
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 11
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2079
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 12
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 1968
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 13
    Total number of words is 3637
    Total number of unique words is 2061
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 14
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2180
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    46.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 15
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2095
    22.6 of words are in the 2000 most common words
    34.1 of words are in the 5000 most common words
    39.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 16
    Total number of words is 3665
    Total number of unique words is 2166
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    37.7 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 17
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 1998
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    41.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 18
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2180
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    39.4 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 19
    Total number of words is 3655
    Total number of unique words is 2080
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 20
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2139
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 21
    Total number of words is 3783
    Total number of unique words is 2085
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 22
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 2101
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 23
    Total number of words is 3864
    Total number of unique words is 2140
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 24
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 2250
    29.6 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Обшым, адам емес екенміңдер! - 25
    Total number of words is 2696
    Total number of unique words is 1553
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.