Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 19

Total number of words is 4009
Total number of unique words is 2076
36.0 of words are in the 2000 most common words
52.3 of words are in the 5000 most common words
60.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Панферов кірпік астынан Купциановты бағып отыр. «Ə-ə сенің қандай
кілтпен ашылатының енді белгілі болды, — деп ойлады ол. — Батальонды
жоғалтқанға өкінуден гөрі, ажалдың аузындағы адамды табалауың
күштірек сияқты. Айызың қанып барады ғой».
– Соңғы жолы мен шегінуге əмір бергенде де орынсыз батырлық
істеймін деп кешігіп қалды. Жөнсіз батырлық қылмысқа ұрындырады ғой,
— деді Купцианов.
– Сіз бұйрықты ауыз-екі телефонмен бердіңіз бе?
Панферов басын көтеріп алып Купциановқа салмақпен зілдене қарады.
– Жоқ, кісі жібергенмін, — деді ол қысылыңқырап.
– Шабарманның бұйрықты уақытында апарғанына көзіңіз жетті ме?
Генералдың көзқарасы, сабырлы, бірақ зілді даусы бұлтартпады.
– Жағдай қиын болды ғой. Анығын біле алмадым.
Генералдың тіке көзінен жирену мен түңілу аралас бір ұшқын жылт ете
қалды.
Ол салмақпен орнынан тұрды да:
– Ал, іске кірісейік, майор. Уақыт күтпейді ғой, — деді.
11
Бас дəрігер Күлəнда мен Дəуренді госпитальдан келесі күні шығарды.
Бірақ бір шатағы оларға жолдаманы тура дивизияға емес, майдан
қарамағына берді. Еш нəрсені байқамай қолына берген қағазды алып,
дəрігерге алғыс айтып шығып бара жатқан Күлəнданы Дəурен тоқтатты. Ол
күбірлеп қағазды екі қайтара оқып шығып, дəрігерге қайтып берді.
– Жолдас майор, мына қағазыңыз бізге жарамайды.
– Неге жарамайды?
Бас дəрігер ашулана таңырқап, сақалын баурына тартып, көзілдірігінің
үстінен кекшие қарады. Желкесі күжірейіп, қабағының астынан сүзе қарап
Дəурен тұр.
Сүзісуге оқталған теке мен қошқардай одырайып, екеуі аз іркілді.
– Бізге жолдаманы тура дивизияға беріңіз.
– Жоқ, ол тілегіңізді енді орындай алмаймын. Майдан қарамағына
барғасын өз дивизияңызға сұранарсыз.
– Майдан штабы бізді кез келген топқа қосады да қалаған жеріне
жібереді. Санасып жататын біз бір үлкен командир емеспіз. Қатты өтінеміз,
жолдас майор, бізді өз бөлімімізге жолдаңыз.
ЬІлғи өктем келетін жігіттің жалынғанын сезіп қиналса да, дəрігер
амалсыздық кескінін білдіріп екі алақанын жайды:
– Қолымнан келмейді.
– Жолдас майор, тілегімізді орындаңызшы, қолыңыздан келеді ғой, —
деп сөзге Күлəнда араласты.
Дəрігер осы бір түрі өзге, таңқы танау қара қызды іш тартып қалып еді.
Күлəнданың сөзін қия алмады.
Күлəнда мен Дəуренге өз дивизияларын табу оңай жұмыс болған жоқ.
Алғашқы күні майданға оқ-дəрі алып бара жатқан машинаға ілесіп армия
штабының маңына жетіп қалып еді; бірақ ол армияның қарауында
бұлардың дивизиясы жоқ екен. Дəурен үлкенді-кішілі командирлерден
жағалай сұрастырып «олар оң жақ қанатта болар» дегеннен артық жауап
ала алмады. Белгілі бір қаланың, жердің атын ешкім дəл атай алмай
əрқайсысы əр жақты сілтеді. Дəурен ақыры қолын бір сілтеді де «не де
болса нар тəуекел» деп солтүстікке қарай беттеді. Бірақ көлік табу
алғашқыдан қиындай түсті. Көбісі шығысқа қарай шегініп барады. Бірде
машинаға, бірде арбаға ілесіп, бірде жаяу, үлкен қаладан адресін білмейтін
таныстарын іздеген ауыл қазақтары сияқты, Күлəнда мен Дəурен де сұрау
салып жүре берді.
Бүкіл майдан үздік-создық шегініп барады. Енді бір-екі күннен кейін
батысқа қарай беттеген арба-машиналар əбден сиреп, көлік атаулы
шығысқа қарай жосылды. Армия тылдары — киім-кешек, азық-түлік
қоймалары, штаб маңындағы бөлімдер алас-қапас тиеліп, асығыс кетіп
жатыр. Шегінген əскер бөлімдері де көрініп қалды. Майдан, алғы шеп
қайда деп сұраса алуан түрлі жауап береді: «Немістер жақындап қалды,
бүгін кешке, не түнде осы жерде болар», біздің бөлімдер неміс шабуылын
тоқтатыпты, қарсы шабуылға шығады деген сөз бар», ал кейбіреулері үнсіз
томсырап жауап қатпай өте береді.
Күлəнда жүк қапшығын арқасына таңып алып, Дəуреннің соңынан еріп
келеді. Жер бетін жапқан қар аязбен қатайып тығыздалған; сықырлап тұр.
Жол орман ішінен суырылып ашыққа шыққанда ызғарлы жел бетті қариды.
Ағаш ығында бұйығып, қажып келе жатқан Күлəнданың мең-зең күңгірт
ойын сергітетін осы суық жел.
Шегіну көріністері: қабақтары салбырап, тұнжырап өтіп жатқан
солдаттар, тар жолға кептеліп азан-қазан шу көтерген арбакештер,
виллиспен ызғытып келіп жолды бекіткен арбаларға тіреліп оқыс тоқталып,
машиналарынан қарғып түсіп пысықсып тез тəртіп орнатпақ болып арлыберлі жүгіріп əмір етіп, бірақ еш нəтиже шығара алмай қайтадан
машиналарына асығып мініп, ұйысқан обозды жолсызбен айналып өтетін
штаб офицерлері — барлық кейін лоқсыған ауыр толқын Күлəнданың
еңсесін басып жіберді. Оған ең ауыр тигені — осы аласапыранның ішінде
əр солдаттың, ең аяғы анау балағаттасып жатқан арбакештің де өз орны, өз
бөлімі, өз міндеті бар.
Ал, Күлəнда болса үйірінен адасып, осы көптің ішінде босқа сенделіп
жүр. Жұрт бірін-бірі іздеп, біреулер əмір беріп, қалып қойғанын қамшылап,
зекіп жатқанда бұлармен ешкімнің ісі болмайды. Ең мықтағанда «бұлар
қайдан жүрген жандар» дегендей ежірейіп қарайды да, қастарынан өте
шығады. Ендігі арқа сүйері Дəурен ғана.
Ол анда-санда біреулерден жөн сұрап алады да, маңдайымен ауаны сүзе
емпеңдеп тарта береді. Күлəндамен де көп сөйлеспейді.
Күлəнда одан:
– Осы біз адасып кеткен жоқпыз ба? – деп сұрады.
– Адасқан жоқпыз.
Күлəнда тым болмаса əңгімемен жол қысқартып, ойынан сергігісі келін
оны тағы да сөзге шақырып көрді, бірақ аузына көңіліндегі күдігі түсті.
– Осы аласапыранның ішінен өз дивизиямызды табу — əй қиын болар.
Тым болмаса тұрған жерін де білмейміз.
– Табамыз,— деп Дəурен қысқа қайырды.
Дəуреннің қалтқысыз қысқа жауабы, бүкіл тұлғасындағы мызғымас
сенімі Күлəнданы баурап алды. Оның дегеніне жетпей тынбайтынын біліп
Күлəнда не де болса Дəуреннің жетегіне ере беруге бекінді.
Кешке қарай бұлар үлкен бір деревняға келіп кірді. Қараңғыда əр жерде
шырпының қол фонарының оты жылтылдайды. Қымтауы жетпеген кейбір
терезелерден де сарғыш сəуле сығалайды. Деревня іші ығы-жығы арба
салдыры, машина гүрілі, дабырлаған дауыстар. Көлігі көп тыл бөлімінің
жаңадан орналасып жатқаны көше əбігерінен көрініп тұр. Күлəнда мен
Дəурен қай үйге бас сұқса да лық толы солдаттар мен командирлерді көрді.
Орын таба алмай біраз сенделгеннен кейін Дəурен ішіне шөп үйген бір
сарайды тауып алды. «Осыдан жайлы орын болмайды», — деді ол.
Пішеннің шетін үңгіп, орын ыңғайлап, Күлəнданы отырғызды да, өзі
шығып кетті.
Күлəнда кермек исі аңқыған шөптің үстінде жалғыз өзі аз отырды.
Көшенің шуы толастап келеді. Күні бойғы жүріс, суық өзін біраз қажытқан
сияқты. Бойы жылығасын маужырап ұйықтап кетіпті. Қанша уақыт
ұйықтағаны белгісіз, көзін ашқанда қараңғыдан өзге еш нəрсе көрмеді.
Мойнына, бетіне түскен шөптен жиіркеніп басын қалт көтеріп алды.
Қараңғыда күйбеңдеген Дəуреннің тұлғасын таныды. Ыстық борщтың тəтті
исі мұрнына келіп, жүрегі сазып қоя берді.
– Ұйқың қанған шығар, тұр енді, — деді Дəурен өз ісімен əлектеніп
жатып. Күлəнда орнынан тез тұрып мойнына түскен шөп қиқымын қақты.
Əлі де болса, жылы жерде бұйығып қалған денесі жазылмай тұр.
– Кəне, тамақ ішейік, — деп шақырды Дəурен.
Күні бойы тамақ ішпеген Күлəндаға сəл суына бастаған жылы борщ өте
тəтті көрінді; қара нанды мол асап, қарбытып тез ішті. Маңдайы тершіп
алғашқы аштығы басылғанда барып Дəуреннің жөндеп тамақ ішпей
отырғанын байқады.
– Неге ішпейсің? Борщ жақсы екен, ішсейші.
– Маған қарама, тойып ал, — деді Дəурен, қасығын қойып, қапшығын
ақтарып жатып. – Мінекей мына бір сүр майды жеп ал. – Ол қапшығынан
алған майды Күлəнданың алдына қойды. — Мен көрген аспазшының
ішіндегі бір мырзасы екен. Аспазшы атаулының бəрі сараң болады ғой
деуші едім.
Дəурен қанша тоқмейілсісе де Күлəндадан қалған борщты соғып алды.
Котелоктің түбін тесердей тықылдатуынан-ақ Күлəнда оның қатты ашығып
қалғанын білді. Дəурен қанша сыр бергісі келмесе де Күлəнда оның əр
қимылын қапысыз біліп отыратын. Жолға шыққалы Күлəнданы қолынан
келгенше əлпештеп-ақ келеді, өзінше онысын білдірмегенсиді.
– Ал, енді шай ішелік, менің бір котелок шайым да бар, – деді Дəурен
тамақ ішіп болғаннан кейін.
Енді Күлəнданың ұйқысы келмеді. Сырттағы ызғарды, соғыс қаһарын
ұмытып, шаршаған денесі бұйығып, ойсыз бір рақат халде қозғалмай жата
бергісі келді. Тек мойнына шөп қиқымы түспесін деп, айқара жамылған
шинелін жоғары тартып қымтана түседі. Жиі дем алып қасында Дəурен
жатыр. Ұйықтап кеткен сияқты. Күлəнда Дəуренді жақсы көріп кетті.
Ақырын бетінен сипады.
Дəурен кішкене қозғала түсті де, білегінен ұстап алды.
Оны ұйықтап жатыр деп ойлаған Күлəнда қапыда шошып селк етіп
қолын кейін тартып қалып еді, босата алмады. Енді бір сəтте Дəуреннің
қарулы құшағы өзін қаусыра қысып алғанын сезді. Жігіттің ыстық беті
жағын қыздырып, «Күлəнда, жаным, Күлəндаш!» деген сөздер жалын
лебімен құлағын шарпиды. Күлəнда біраз бұлқынып, темір құрсаудай
құшақтан шыға алмай əлі таусылды да, Дəуреннің төсіне бетін басып
солқылдап жылап жіберді.
Дəурен сасып қалды да құшағын тез босатып, аузына сөз түспей «қой,
Күлəнда, сен кейімеші... »деп епсіз қолымен қыздың шашынан сипады.
Аздан кейін əбден қысылып, түрегеліп кетті. Ол ұзақ уақыт қараңғы
сарайдың ішінде əрлі-берлі теңселіп жүрді.
Ертеңгісін оянғанда Күлəнда үстінде үйілген шөпті ашып жатқан
Дəуренді көрді. «Шамасы таңғы салқыннан қымтап тастаған ғой». Күлəнда
көзін ашып алғанда ол күйбеңдеп артына бұрылған болып жүзін тайдырып
əкетті.
– Тұр тезірек жүрейік.
Күлəнда орнынан тұрып үсті-басын қағып шинелін киді. Дəурен
бүкшеңдеп қапшығының аузын буып жатыр.
– Иə, сонда қайда барамыз? — деп сұрады Күлəнда. Осылай лағып жүре
береміз бе?
– Лақпаймыз. Өз дивизиямызға барамыз.
– Немене, таптың ба?
Дəурен алғашқы рет Күлəнданың жүзіне қабақ астынан қарады. Өзі сəл
жымиып тұр.
– Сүйінші. Таптым. Жаңа біздің дивизияның бір адамына жолықтым.
Бұрын бір-екі рет көрген адамым еді. Шырамытып, жармаса кеттім. Штаб
осы арадан он бес шақырымдай бір деревняда тұрған көрінеді. Жолын
анықтап біліп алдым.
Күлəнда қатты қуанды.
– Ой жақсы болған екен, — деп қапшығын арқасына аса беріп еді,
Дəурен оның қолынан алып, екі қапшықты өз арқасына міңгестіре теңдеді.
«Мұның не?» деген Күлəндаға, «тез жүру керек, біз жеткенше олар тағы
қозғалып кетер» деп жауап қайырды
Дəурен алға түсіп емпеңдеп тартып келеді. Артына қайрылмайды, кейде
Күлəнда бетіне қараса көзін тайдырып əкетеді. Оның құрысқан
жаурынынан-ақ кешегі қызулығынан ұялып, жерге кірердей болып келе
жатқанын таныды Күлəнда. Осындай кеуделі, шомбал жігіттің балаша
ұялғанын ол енді қызық көрді. Əйел затына тəн сезімталдықпен Дəуреннің
ішінде не болып жатқанын айқын көріп келеді. Айыбын мойындаған осы
қайратты өжет жігіт қыз не бұйырса да орындауға даяр, оны пілдей
қақпалап қалаған жағына жүргізе алады. Күлəнда өзі қыз болғалы алғашқы
рет жігітке əмірі жүргенін сезіп, марқайып қалды. Енді ол Дəуреннің
жүзіндегі құбылысты байқағысы келіп қатарласа жүрді. Дəурен
томсырайып қабағын түйіп, теріс айнала берді. Бір кезде барып оқыс тіл
қатты.
– Күлəнда, сен маған кейіме... Ренжіме... Өзім де жерге кіруге тесік
таппай келем.
Күлəнда Дəуреннің қиналғанын көріп, жігітті аяп іштей кешірім етсе де
не деп жауап беруге сөз таба алмады
– Мені бір бұзылған...жаман адам екен деп қор тұтпасаң болат та, — деді
аздан кейін даусы дірілдеп.
– Жоқ. — Дəурен дауыстап жіберді. — Сен емес, мен оңбағанмын. — Ол
іркіліп қалды. — Мен... мен сені жақсы көрем. Шын жақсы керем.
Күлəнда жүрегі лүпілдеп үндей алмады, төмен қарады.
Аздан кейін ақырын ғана Дəуреннің саусағын қысты. Еміренген көңілдің
бар ықыласы мен алғысы сыйды осы қимылға. Сол сəтте Дəуренге бар
бақыты мен үміті мынау жылы, нəзік саусақтың ұшында тұрғандай сезілді.
12
Орманның кішкентай үйінің іші лезде ысып кетті. Ауыр жол, суық,
үздіксіз төнген қауіп-қатер қажытқан жауынгерлер жылы жерде буындары
босап маужырап қалды. Қалың қарағай орманның азғана ақ қайың
көмкерген шетінде қарауытып тұрған кішкене ағаш аңдап басып, келе
жатқан солдаттарды көргенде орманшының кемпірі үркіп қалған-ды. Енді
жөн сұрасып ұғынысқаннан кейін күйбеңдеп бəйек болып жүр.
– Ай, қарақтарым-ай. Ойын дейсің бе? Жаурап қалған шығарсыңдар!
Бой жылытыңдар, — деп пеш жағып жіберді.
– Сіз əуре болмаңыз, бізге бола əбігерге түспеңіз, — деген Ержанның
сөзіне құлақ аспады.
– Орманның ішінде отырып отын аяймын ба сендерден.
Қазір сорпа істеп жіберейін. Қарындарың да ашқан шығар. Сендерге кім
тамақ берді дейсің. Ыстық ішпегендеріңе де көп болған шығар.
Бойы жылығасын денесі ауырлап, Ержанның орнынан қозғалғысы
келмеді. Орманшының сыланбаған ағаш бөрене үйінің іші ысталып,
қарауытқан. Көп жуылып қырылған едені де ысқаяқ қара, тек үлкен орыс
пеші ғана ақталған. Ержан енді байқады күңгірт бұрышта қола жалатқан
оюлы қаңылтыр рамадан əдемі дөңгелек сақалды жылтыр жүзді Айса аса
момын пішінмен елжіреп, телміре қарайды. Үшін бүрістіріп төсіне əкелген
сүйріктей қыз саусағының қимылы да ұяң. Бар көрінісімен денеңді
босатып, ашуыңды таратып, ұйытқысы келіп тұрғандай. «Өте бір жуас
құдай екен», — деп ойлады Ержан.
Кемпірдің шыжғырған майының исі танауды жыбырлатып, жүректі
саздырып барады. Тақтайларының арасы ажырасып кеткен кішкене
столдың қасында Раушан картоп аршысып отыр. Сүйегі кең, ат жақты ірі
жүзді сары кемпір пешке отын салып жіберіп стол басына қайтып келді. Ол
да үлкен қара пышақпен картопты дөңгелентіп тез арши бастады.
Сөйлегені сияқты қимылы да шапшаң. Ол аршылған картопты жуып,
қазанға салды.
Содан кейін Раушанға бұрылды:
– Жасың нешеде, қарағым?
– Он тоғызға қарадым.
Кемпірдің жүзінен аянышы көрініп тұр.
– Тіпті жас екенсің ғой, қарағым. Менің Лидам биыл жиырмаға шықты.
– Қызыңыз қайда? — Раушан Лиданы іздегендей жан-жағына бұрылып
қарады.
– Ленинградта оқуда. Ол да əкесінің жолын қуып, орман институтына
кетті. Орманда туып өстім, орманшы боламын дейді. Хат келмегелі де біраз
болды. Кемпір күрсініп қойды. — Аман болса болар еді байғұсым.
Заманның түрі мынау. Ол қаланы да бомбалап жатыр дейді ғой.
– Қапа болмаңыз, шеше, — деп жұбатты Раушан.
– Қайдан білейін. Əйтеуір уақыт қиын ғой, — деді кемпір. — Өзіңнің
шешең бар шығар?
– Бар.
– Байғұс-ай. Еркектерге еш нəрсе емес, қыз балаға қиын ғой. — Кемпір
ұйықтап жатқан солдаттарды шолып өтті. — Жатып дем алсайшы,
қарағым. Қажыған шығарсың, — деді ол Раушанға. — Көрдің бе,
мыналардың қорылдауын. Қыз балаға дем ал деп айтуды да білмейді. Əйел
байғұс ылғи осылардың қамын ойлайды. Бұлар есіркеуді де білмейді
өгіздер.
Ұйықтамай дел-сал болып, кемпірдің сөзін тыңдап жатқан Ержан басын
көтеріп алды. Тұрып Раушанға орын берді.
– Мінекей, ұяты бар біреуі табылды, қанша айтқанмен жас жігіт қой, —
деп күлді кемпір. Раушан жатқаннан кейін кемпір Ержанға жақындай түсіп
қуақы кескінмен ым қағып:
– Қалыңдығың ба?— деп сұрады.
Ержан басын шайқады, бірақ кемпірдің көзінен сенбей тұрғанын
таныды. Жас жігіттің өңін лезде мұң шалғанын көріп əккі кемпір екеуінің
арасының тегін емес екенін, бірақ араларынан мысық жүгіріп өткендей бір
нəрсе болғанын түсіне қойды. Ол Ержанның көзіне жылы шыраймен қарап:
– Жақсы қыз, — деп сыбырлады.
– Мен күзеттегі жауынгерлерді тексеріп келейін, — деп əдейі дауыстап
Ержан шығып кетті. Раушан орнынан дөңбекшіп түсті. Кемпір оның
ұйықтамағанын біліп:
– Командирлерің бе? — деп сұрады.
– Ия, — деді Раушан.
– Жақсы жігіт екен. Салмақты екені көрініп тұр, — деді кемпір майда
қоңыр дауыспен.
Раушан үндемеді. Ол кемпірдің бар қимылын көріп, Ержанға не деп
сыбырлағанын естіп жатқан. Көз алдына Уəли елестеді. Оның темекі исі
аңқыған ыстық демін қайтадан сезіп, күлімдей жылтыраған көзін көріп
бүкіл денесімен түршігіп қалды. Соған ілесе Уəлидің Коростылевқа:
«Жарайды, тоқтатам!» деп міңгірлеп жаутаңдап шегіншектеп бара жатқан
кейпі жалт етті. Осы көріністер денесіне сіңіп кеткен ластай, қанша
тырнаса да сыдырып алып тастай алмай-ақ қойды. Кемпір «жақсы қыз»
дегенде дөңбекшіп түсті. Кісінің сырты қандай алдамшы. Шешесі айтушы
еді: «Қарағым, кейбіреулердің түсі — іші шірік, сырты қызыл алмадай
алдамшы болады» деп...
Аз да болса уақыт өтті ме, əлде бұрын басына түспеген ауыр жағдай,
қоршаудағы взвод қамы ойын бөлді ме, Ержанның Раушаннан айрылған
ащы күйігі, ішін өртеген өкініші толастады. Қаны сорғалаған ыстық жара
енді бітеу жараға айналды. Ол Раушанмен екеуінің көңілі енді қайтып
жараспайтынын білді. Тіпті реті келіп қосылған күнде де — қанша
жамағанмен сынған көңіл бүтінделмейді. Оның үстіне Уəлиге басында
қатты ыза болып, оны жек көріп еді, енді бір түрлі ызасы басылды, бірақ
одан жиренетін болды. Раушанды көргенде Уəлиді есіне алмай, жəне тұра
алмайды. Ендеше Раушанмен екеуі бақытты да бола алмайды. Ал
Раушанды жек көріп, тым құрыса ұмытып кете ала ма? Жоқ, бітеу жара
жаңбыр алдында сырқырайтын құяңдай, реті келгенде сезілмей қалмайды.
Өміріне кетеді. Қандай жараның болмасын емшісі уақыт. Уақыт не дерін
кім білген. Бірақ Ержан ойының тірелген жері осы болды. Ол кемпір сөзі
қозғау салған осы ойдың сонарында Земцовтың қасына қалай келгенін
сезбеді.
– Таза ауаға шықтың ба, жолдас лейтенант? — деді Земцов, қолын
шекесіне апарып.
– Қалай, дұшпанның қимылы сезілмей ме? — деп сұрады Ержан ойынан
қалт сергіп.
– Əзір еш нəрсе байқамадық, — деді Земцов. Ол көзі жыпылықтап
жоғары қарап:— Əй, сен еш нəрсе көрмедің бе?— деп дауыстады.
Жоғарыда ағаш басында Кəкібай отыр, ол қозғалғанда ағаш бұтағынан
қылаулап қар түсті.
– Əзір еш нəрсе көрінбейді. Үлкен деревнялар тұрғанда немістер
орманшының лашығын қайтсін. Олардың тұмсығы да жылының исін
сезгіш қой.
– Ондай оймен қарауыл қарасаң, əрине еш нəрсені көрмейсің, — деді
Ержан Кəкібайға.
Аздан кейін орман ішіне көз жүгіртіп тұрған Земцов Ержанға ым қатты.
– Əне біреу келе жатыр.
– Кəне?
– Əне, əне бір ашық жерге қараңызшы, — деп Земцов қолымен нұсқап
көрсетті.
Бұлтты ертеңгілікте күңгірт тартқан орман ішінен əр ағашты сағалап
əккі келе жатқан жұпыны киімдіні Ержан əрең аңғарды. Кəкібай мен
Земцов мылтықтарын кезеді.
– Бұл неміс емес. Өзінде қару да жоқ, — деді Ержан өзімен өзі
кеңескендей. Оған кенет бір ой сап етті. — Ə, айтпақшы кемпір күйеуім
көрші хуторға кетіп еді қайтпады-ау деп отырған, осы біздің орманшы
шығар.
Ержанның жорамалы анықталды. Аяғына қалың қара байпақ, үстіне
қысқа қара тон киген, сабалақ жүнді құлақшынының құлағын қайырып
тастаған қаба сақалды кісі сақшыларды жақын келгенде барып көрді. Ол
үркіп оқыс тоқтап қалды да, Ержан мен Земцовты бастан аяқ шолып өтіп:
– Боже, не уж то свои! — деді ақырын, көзі адырая түсіп.
– Мы то свои, а вы чей будете? — деді Земцов суық қарап.
Шал бір сəтке тіксініп қалғандай болды да, бірақ лезде өңі жылыды.
Қалың бурыл қабағының астынан жылтыраған шегір көзі «бұлтарсаң да
біліп тұрмын» дегендей.
Ол енді жай басып жақындай берді.
– Немене, кемпірім мені үйге жіберме деп пе еді сендерге.
Ол тері қолқабын суырып Ержанға қолын ұсынды. Күсті ірі қолы жылы
екен. «Бұл қай ұлт, қай тұқым болды екен» дегендей қабақ астынан ұрлап
Ержанның жүзін шолып өтті. Қарттың салмақты ірі тұлғасы, байсалды
жылы жүзі қыбыр аңдып əккі тұрған күзетшілердің арқа басын кеңітіп
тастады.
– Қайтып оралдыңдар ма? — деп сұрады шал.
Ержан мен Земцов басын шайқады. Осыдан кейін шал ар жағын
қазбаламады. Шал мен екеуі үйге келе жатқандағы Ержанның алғашқы
сұрағы:
– Біздің əскер қашан өтті?
– Дəл біздің маңымызда соғыс болған жоқ, — деді шал. – Алдыңғы күні
зеңбірек даусын естідік. Ал, хутордағылардың айтуына қарағанда сол
алдыңғы күні өткен сияқты.
– Бұл маңда неміс əскерлерін көрмедіңіз бе? — деді Ержан.
– Өз көзіммен көргенім жоқ, — деді шал. Одан əрі ойланып мүдіре
сөйледі.— Кеше, оның алдыңғы күні үйден шыққаным жоқ. Бірақ біздің
əскерлердің шегініп бара жатқанын ішім сезіп жаттым. Жағдайды білейін
деп мана таң алдында көрші хуторға бардым. Олар да анық еш нəрсе
білмейді. Бірақ ар жағында колхоз орталығына немістер келгенін көріпті.
Кілең əйел, бала-шаға. Еркектер бұдан үш күн бұрын астықтарын тиеп,
малдарын айдап кетіпті. Ал өздеріңнің қалып қойған түрлерің бар ғой.
– Ия, қоршауда келе жатырмыз, — деді Ержан.
Шал онша көп сөзді кісі емес екен. Өзі де бұрын əскерде болып
көргендіктен бе, бұлардың жай-жапсарын, бет алысын қазып сұрамады, тек
өз жағдайын, өз білгенін ғана айтты. Ержан екеуі үйге кіргенде кемпірі,
қуанышын жасырып, ұрса қарсы алды.
– Діңкем құрыды. Осының жасында кісі үйде тыныш отырмас па!?
Уақыт болса мынау. Бұл таң атпай жортып жүр. Немістер ұстап алса
қайтесің? Қашан келгенше — сарылып біттім. Үш күн ауырып төсектен
тұрғаны кеше.
Басын көтерсе бұл үйде отыруды біле ме, қаңғырып үйренген. Енді
өзіміздің əскер қайтып келгенше осы үйден аттап шықпайсың. Жатасың.
Шал кемпіріне қарсы дау айтқан жоқ, «мінезің өзіме мəлім» дегендей
ыржиып күлді. Жауынгерлер кезектесіп кемпір қайнатқан ыстық сорпаны
ішіп болғанда барып ол Ержаннан жағдайын сұрады.
– Мен өзім бірінші герман соғысына қатысқан ескі солдатпын.
Солдаттың халін жақсы білем, — деп орағытып бастады ол. — Қоршауға
түсу деген оңай болмайды.
Ауыр жағдайға душар болған екенсіңдер. Оның өзі бір беймағлұм
жағдай ғой. Егер біздің қауқарымыздан келер көмек болса, айт, — деп ол
Ержанның бетіне қарап алды. — Солдаттардың сорпа ішуінен байқадым,
азық-түліктерің тапшы болар, — деп ол кемпірін шақырып алды, —
Василиса Ивановна, мына жігіттерге жол азыққа беретін нең бар?
Василиса Ивановна екі алақанын шарт еткізіп, бəйек болды:
– Қап, ет те жоқ. Азғана картоп бар. Ол не болады?!
Нан пісіріп беретін ұн да жоқ. Биыл бидайымызды да тарттыра алмадық.
Шал қатты ойланып қалды.
– Ендеше сіз, сол бидайды қуырыңыз, — деді Ержан шалға.
Шал түсінбей Ержанның бетіне бажырая қарады.
– Қуырған бидай өте жақсы тамақ, бала кезімде талай жегенмін, — деді
Ержан сəл жымиып. — Осындағы чугун, таба, кастрюльдің бəріне тез
қуырып алайық.
– Ай, рас-ау, — деп шал санын соғып қарқылдай күліп жіберді. — Рас,
ол жаман қорек болмас. Өзің жас та болсаң ойлы екенсің. Кəне, Василиса
Ивановна, ыдысыңды дайында. Ал, жолдас командир, сен біздің кемпірге
нұсқау беріп жібер, — деді ол Ержанға күле қарап.
Кемпір бидай қуырып жатқанда Ержан шалдан жол сұрады. Ол өз
шамасы келгенше əр түрлі орман, тоғайдың, өзен, бұлақтың,
деревнялардың аттарын атап, белгі, өзгешеліктерін сипаттап, жол
айрықтарын, соқпақтарды айтып ұзақ түсіндірді. Бірақ Ержанның көзінің
жыпылықтауынан-ақ оның өзі көрмеген ой-шұқыры көп жерді түсіне алмай
отырғанын таныды.
– Қалай, енді ұқтың ба?— деп сұрады шал ақыры Ержаннан.
– Ұққанымша ұқтым ғой, қалғанын жүре көрерміз, — деді Ержан.
Шал ұзақ уақыт ойланып үнсіз отырды. Бір кезде, «Василиса Ивановна,
бері келші» деп əйелін сыртқа шақырып əкетті. Кемпір үйге қайтып
келгенде өңі жүдеу тартып қалған екен. «Өзі жылаған-ау, неге ренжіді
екен» деп қойды Ержан. Кемпір мұрнын бір-екі тартып қойып, теріс
айналып күйбеңдеп қазанын қарай берді. Осыдан кейін шал да үйге бір-екі
рет кіріп шыққаны болмаса, Ержанмен сөйлеспей, көбіне қорасының
ішінде шаруасын істеді.
Кешке қарай Ержан жауынгерлерін жиыстырып, жолға шығуға
ыңғайланды.
– Ал, сый-құрметтеріңізге көп-көп рақмет! Өте ризамыз, — деді Ержан
алдымен жыламсырап тұрған кемпірдің, содан соң шалдың қолын алып.
Жауынгерлер де дабырласып алғысын айтысып жатыр.
– Жоқ, жолдас командир, — сен менімен қоштаспай қоя тұр, – деді шал
Ержанға. Қабағының астымен кемпіріне де бір қарап қойды. — Мен
өздеріңмен бір кетем.
Жол көрсетпесем сендерге қиын болар. Арғы бетке шығарып салайын.
Мұндай аспаннан түскен жақсылыққа таңырқап жауынгерлер де, Ержан
да аз үнсіз қалды.
– Ой, молодец, шал!
– Нағыз ер екен!— деген дауыстар естілді саптан.
– Сіздің бұл ниетіңіз өте жақсы. Рақмет сізге, — деді Ержан ойланып
барып. — Ол кемпірдің мана неге жылағанын, қазір де өксіп тұрған себебін
түсінді. — Бірақ қарт адамсыз... Оның үстіне ана үлкен кісіні қалай жалғыз
тастайсыз? Біздің жолымыз ауыр... Неғайбіл де.
Енді кемпірдің өзі жауап берді.
– Жоқ, шырағым. Менің жылағаныма қарама. Қатын дегеннің көз жасы
жақын тұрады. Мен бұл отын əкелуге кетсе де жылаймын. Серуенде
жүрген жоқсыңдар, жол білмеген қиын ғой. Біздің шал осы атыраптың əр
тесік, түкпірін біледі. Маған бола қайғырмаңдар. Хутордағы сіңліме барам
да отырам. Тек тезірек қайтып келіңдер!
Василиса Ивановна енді босаңсымай өзін берік ұстады. Қоштасарда
«сен аңғалсың, өзіңді сақтай гөр!» деді шалының құлағына сыбырлап.
Жауынгерлер ұзап орман ішіне сіңіп кеткенше қарауытқан кішкене ағаш
үйдің сыртында жалғыз əйел жағын таянып, телміре қарап ұзақ тұрды.
– Биыл қыс қатты болады, — деді Ерофей Максимович. — Жауыншашын лайсаңнан кейін бірден сығып əкетті. Аяздың шымшуын көрдің бе?
Ағаш та темірдей ызыңдайды.
Ержан қараңғыда шалдың жүзін көре алған жоқ, тек қырау шалып қара
мұнартқан сақалының қимылын көрді. Аспанды торлаған түнек ақ қардың
сəулесімен күлгін тартқан. Ерофей Максимович пен Ержан шашыраңқы
ағаштардың арасымен жүгірген жалғыз аяқ жолмен жауынгерлерді бастап
келеді.
– Биыл қыс қатты болады, бірден қысып əкетті ғой, — деді шал.
– Қыстың қатты болғаны жақсы. Нəзік немістер тез үсиді, — деді Ержан.
Ерофей Максимович Ержанның бетіне бұрылып қарады. Сақалының
қимылынан оның көз қысып иек қаққанын аңғарды Ержан.
– Аязға сенбе, өзіңе сен жігітім. Орыстың қысы немісті біраз жауратады.
Бірақ жауды аяз қуды дегенді ести алмадым. Ол бос жұбаныш.
Германдықтармен таныстығым бар. Бірінші жиһангерде шекісіп
байқағанмын. Тіске оңай сынатын жұмсақ жаңғақ емес. Соғысқа шебер ит.
Əділін айту керек. Ох, оңай тимейді. Техникасы да күшті. Олар өзі түрлі
машина ойлап тапқыш немелер ғой.
– Иə, техникасы бар,— деді Ержан.
– Танктері сұмдық деседі ғой, — деді Ерофей Максимович басын
шайқап.
Онсыз да жұрттың мойнына су кетіп келе жатқанда Ержан шалдың мына
сөзін жақтырмады.
– Сонда сіздіңше олар жеңуге тиіс пе? — деді ол, шалды ренжітіп алмас
үшін даусын жұмсартып.
– Жоқ, жігітім, мен ондай сөзді айтқаным жоқ, — деп қарсыласты
Ерофей Максимович. — Олардың күшті екені рас. Оның несін жасырып,
өзімізді жұбатамыз. Жұбаныш деген жақсы жəрдемші емес.
– Əрине.
– Солай ол, — деп қостады Ерофей Максимович. — Ал, менің сеніміме
келсек, оған қам жеме. Бір күнде ойлап, бір сəтте шешкенім жоқ. Неміс
бірден киіп-жарып, мінекей Москваның түбіне келіп қалды. Осындайда
ойланғанда басың даң болады. Орманшы деген ну жыныста жүрген аю
емес. Ол көп ойлайды. Оған уақыты жетеді.
Орманшыны жамандайтын нағыз оңбаған ұрылар. Біз оларға жайсаң
орманды отаттырмаймыз. Балғын ағаштарды баламыздай күтеміз. Жер
жаннатының сақшысымыз біздер, ұқтың ба, жігітім. Сіздің өлкеңізде орман
мол ма?
– Біздің Қазақстанда орман өте аз, — деді Ержан.
– Ендеше орман қадірін білуге тиіссің. — Ерофей Максимович
Ержанның бетіне қарап сəл бөгелді. — Ия. Мана сендерді көргенде маған
ой түсті. Қуанышты ой. Өзім хутордан көңілсіз қайтып едім. Бұл қай
тұқым, қай ұлт болды екен деп ойладым сендерді. Ана герман соғысында
біздің əскерден мен сіз түстес ағайындарды көре алмадым. Ал, қазір
мінекей, өзіңмен бірге келеміз.
– Ол соғыстың аяғына таман қазақтарды тыл жұмысына
мобилизациялаған. Бірақ халық патшаға қарсы көтеріліс жасады, — деп
түсіндірді Ержан.
– Ұқтың ба, жігіт, əңгіменің түбі қайда жатыр,— деді Ерофей
Максимович. — Енді мінекей жұрттың бəрі шықты. Бізді жапырып кете
алмайды. — Ол енді құлақшының құлағын түсіріп аз мүдірді де, Ержанға
үңіле қарады. Мен енді бір есептен сенің солдатың сияқтымын. Сондықтан
да сұрауға хақым бар шығар. Неғып қоршауға түсіп қалдыңыздар?
Ержан қоршауға түскен жағдайын қысқа баяндап берді.
– Шамасы кінə менен болса керек. Байқамай дұшпанды желкеге
шығарып алдым, — деп қорытты ол.
– Дұшпан қанша еді?
– Екі жүз адам шамасы.
– Соғыста əр нəрсе болады, — деп демеу айтты Ерофей Максимович. —
Оқасы жоқ, опық жеген адам ызалы болады.
Шалдың кең адымды салғырт жүрісі, байсалды үні, сабырлы, бейқам ірі
тұлғасы денені салқын судай тітіркендірген түн қаупін ұмыттырып жіберді.
Бір кезде барып Ерофей Максимович Ержанды тоқтатты.
– Кішкене сабыр ет, ақылдасып алайық, — деді ол сақалына тұрған боз
қырауды алақанымен сыпырып. — Оң жақ қапталымызда он шақты
шақырым шамасы — большак бар. Ол Волоколамскіге апарады. Алдымыз
он шақырымға тарта ашық. Жолда екі кішкене деревня бар. Бергісі жиырма
шақты үйлі Васильево, арғысы одан молырақ Татьянино болады. Бұл жолда
не бар, не жоғын, əрине мен білмеймін. Ал сол жақпен айналып
Николаевская деревнясын маңайлап өтсек, ол жақ ормандылау қаупі аз,
бірақ жолы ұзап кетеді. Таң жақындап қалды. Алдыңғы айтқан жолмен тура
тартсақ жарық түскенше орманға ілігер едік. Ал, осыны ақылыңа салып
өзің шеш. Ақырын жүрсең алысқа жетесің деген де мақал бар,—деп
ескертіп қойды Ерофей Максимович.
Қоршауға түскелі бейқамдықтан арылып, ашынған Ержан тез байламға
келді.
– Ол мақалыңыз соғыс үшін айтылмаған болар. Тура тартамыз.
– Соғыста да сақтық керек,— деді Ерофей Максимович.
– Сақтық керек болса, — Ержан сəл іркілді. — Земцов, Ахметуллин,
Бондаренко бері келіңдер. Сендер жүз елу метрдей алда жүріңдер. Ерофей
Максимович сіз де осылармен бірге болсаңыз.
– Бұйрық деген — заң, құп, жолдас командир, — деді шал қорбаңдап
қолын шекесіне апарып.
– Тек, тез жүріңдер! — деп əмір етті Ержан.
Əрбір асығыс істің бір шикісі болуы мүмкін. Ержан Васильеводан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 20
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.