Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 08

Total number of words is 4065
Total number of unique words is 2283
32.5 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
54.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Арыстанов ым қақса-ақ отқа түсуге дайын кейпін көрсетіп тұрған
Дошевский жылп еткізіп қолын шекесіне қойды:
– Құп, жолдас капитан! Қазір жөнелтейін де, өзім арт жақтан оқ-дəрі
əкеле қояйын.
Əмірім осы ғана деп теріс айнала берген Мұрат қайтадан жалт бұрылды:
– Тылға басқа кісі жібер. Өзің осында бол.
Дошевский алдыңғыдан бетер ықлас көрсетіп:
– Құп, жолдас капитан,– деді. Түріне қарағанда, дедектеп ұшып кетейін
деп тұрса да, орнынан қозғала қоймайды.– Сіз қанды қырғын ұрыстан
шаршадыңыз ғой. Қарныңыз да ашқан шығар.– Көзінде бір жылымшы
күлкі ойнап, Дошевский комбатқа аса жаны ашыған пішінмен қарайды.–
Сізге ыстық тамақ та ала келсем деп едім...
Мұрат ызалана бастады:
– Мен саған алдыңғы шепке бар дедім ғой.
– Құп, жолдас капитан. Бірақ сіздің қарныңыз...
– Жоғал!– деп ақырды терісіне сыймай кеткен Мұрат.
Дошевский бір жəшік патронды арқасына салып алып, өзі сияқты
патрон арқалаған арбакештерінің соңынан жүре берді. Комбатқа жалтаңжалтаң қарайды. Оның бұл көзқарасында ауыр сөз естіп ренжіген кескіннің
ізі де жоқ, қайта аса ырза болған жандай еміренген түрі бар.
Əмірі екі болмай, табанда орындалатынына дағдыланған командир
шынында да қатты ашуланды. Өзге жұрт болса бірден орындар еді, ал
мынау сынаптай сусып, уысында тұрмай, əбден зықысын шығарды.
Мұрат жаралы жауынгерлерге бұрылып, айыпты адамдай жымиып
күлді. Дошевскийдің мінезіне жауынгерлер де күліп отыр екен. Осыны
аңғарған командир жаңағы айқайды қалжыңмен жұмсартты.
– Жаңағы құрғырға кейимін деп, қыздарды қорқытып алдым ба,– деп
Раушанға қарады.
Шеткерілеу отырған, манағы сүзеген бұқа тəріздес шомбал жауынгер
комбаттың əзіліне орай жауап қатты:
– Комбаттың айқайынан қорықса, немістің қоқайына қалай шыдайды.
Еттері үйрене бергені жақсы.
– Анау-мынау жігітіңнен олқы соғатын қыздар емес.
– Кей жігітті орап алғандай,– деп жауынгерлер əр жерден көтеріп əкетті.
Мұрат жаралылардың жүздерін бағдарлап өтті. Екеу-үшеуі қозғалыссыз
жатыр. «Бұлар сірə ауыр жараланғандар болар; тезірек жөнелттіру керек
екен»,– деп ойлады ол. Үш-төрт жаралы төмен қарап сұлық отыр. Біреуі
бармақтай етіп ораған темекісін үсті-үстіне сорады. Бұлардың жұрт сөзімен
ісі жоқ, өз ойларымен əлек. Тек əне бір құлақшынының құлағын түсірген
ала көзқарасы ғана комбат сөзін құптағандай езу тартты. Онысы да
жалынышты бір нəрсе болып шықты. Өзгелері алғашқы ұрыс қызуынан
арылмай, іштегі əсерін шығаруға асығып, көздері жайнап күле қарап, əр
сөзге тұтанып-ақ тұр. Бұлар қайтып Мұраттың қол астына келе ме, əлде
тамшыдай шашырап үлкен майданға сіңіп кете ме?
– Ал, жігіттер, неміс деген қандай екен? Татып көрдіңдер ме?– деді
Мұрат.
Жауынгерлер дабырласып жамырай жауап қайырды:
– Зеңбірегі көп екен иттің.
– Біздің ротаны снарядпен соқты дейсің... Соқты дейсің... Кісінің есін
тандырып жібере жаздады.
– Біздің рота бір танкін өртеді... жақсы жанады екен.
Жұрт дабыры толастай бергенде бір жауынгер:
– Дəмін таттық-ау, соның өзі тəтті көрінбейді,– деді.
Ол ақырын айтса да, жұрт түгел естіді.
– Е, саған оны тəтті болады деп кім айтып еді,– деді оған күжірейген
шомбал солдат.– Бірақ сен екеуміз əлі ащысын татқан жоқпыз. Ине сұғып
алғандай ғана қан шығарып, қайқайып барамыз.
Оған Мұрат ерекше қызыға қарады. Жас та болса, сүйегі ірі, денесі
толық. Шүйделі мойны алға қарай еңкек біткен, сүзеген бұқадай қабағының
астынан қарайтыны да содан болар, əйтпесе көзқарасы зілді емес. Ісік
қабақты күж-күж кесек жүзіне жұмсақ май мұрын жалпия қонған. Қимылы
да денесіне сай ірі, оралымсыздау.
«Бұл өзі сезімге топас дүлей күш иесі ме екен, əлде мына палуан тұлғада
үлкен жан, ыстық сезім бар ма екен?» деп ойлады Мұрат.
– Қай взводтансың?
– Қайсаровтың.
– Атың кім?
– Дəурен.
– Ал жігіттер, жараларың шипалы болсын. Есебін тауып өз бөлімдеріңе
қайтып келіңдер.
Кетерде Мұрат көзі Раушанға түсті. Қыздың өңі қашқан түрін көріп,
«бəрінен де саған қиын шығар-ау» деп аяды. Раушан осы бір қысылшаңда
Айшаны еске салды. Соңғы кездескенінде ол да осындай сұлық, жүдеу
кескінде болатын. Мұраттың «қосылайық» деген қолқасына, бар дүниеден
үміт үзгендей, ерні ғана қыбырлап: «жоқ... жоқ... болмайды» дей беріп еді.
Мұрат оқыс бұрылып, жүріп кетті. Тағы да қаптап алға ұмтылған жаудың
сұсты көрінісі аяулы əйелдің нəзік бейнесін көз алдынан тез өшірді.
Немістер тағы да артиллерия атысын үдетіп барады. Екі дүркін атакасы
тұншығып қалғасын ыза кернеп өршелене түскен. Демінен от пен қою
түтіп атқан, жан шошытарлық алып хайуан көзге көрінбес берік қабырғаны
тұмсығымен бұзып өте алмай, жынға ұйлыққан егіздей өкіріп аласұрып
түтіп шудалы собалаң басымен үсті-үстіне төмпештейді. Жиі де мол
жарылған снаряд даусының жігі тұтасып басылмас ұзақ гүрілге айналған.
Қара бұйра шаң-түтін ауыр, жай теңселеді, теңселген сайын сыздап ісіне
түседі.
Раушан снаряд ойып кеткен шұқырдың ішінде жатыр. Санвзводтан осы
араға дейін жүгіріп келді де ар жағына ілгерілей алмады. Алғы шептен
келген бір жаралы окопта ауыр жарақаттылар көп, көмек керек деп еді.
Сонда Күлəнданың орнына өзі сұранып шықты. Ана жақта жұрт қызыл
қырғында жүргенде, тыныштық жерден орын таба алмады. Оның үстіне
Ержан да көңіліне орала берді. «Қайсаров взводынанмын» деген шомбал
жауынгерден Ержан амандығын сұрауға əлденеше оқталса да, əлденеге
батылы жетпей тартыншақтай берді. Дəурен кетіп қалғасын сұрамағанына
қатты өкінді. Бірақ кешігіп қалды. Өзіне-өзі мойындағысы келмесе де от
шебіне сұранып шығуының бір себебі Ержанды көру. Раушан бүгінгі
алғашқы соғыста жалғызсырап, жетімсіреп қалып еді себебін өзі ұғынып
жетпесе де осы қиырдағы ең жақыны, жанашыры санап Ержаннан
қамқорлық тілеп, еріксіз соған талпынды.
Бастапқы ет қызуымен іркілмей жүгіріп жарым ортадан ауды да
шұқырға түсті. Сəл аялдап қалғасын шұқырдан шығуы тіпті қиын болды.
Анау тұтаса жарылған қалың снарядтың астына кіре алмады. Бірақ бұл
арада ұзақ жатуға да дəті жетпеді. Ағаштан үзіліп түскен жалғыз
жапырақтай анда да жоқ, мұнда да жоқ, айдалада белгісіз халде жалғыз
қалу... Раушан тез басын көтеріп алға қарады. Қалың бұйра түтін селдіреп
барады. Əр жері жыртылып ар жағынан сүреңсіз қоқыр жазық көрінеді.
Күзгі солғын шөп реңкінде қыбырлаған адам денелері көзге шалынды. Бері
келе жатыр. Раушан түсіне алмай бір сəт таңырқай қарады. Өңінде: «Бұлар
кімдер? Неғып жүр?»– деген сұрақ тұр. «Ойбай-ау, бұлар немістер екен
ғой»,– деп шошынып, отырған күйі кейін қарай шалқая берді. Бірақ
орнынан тұра қашуға шамасы келмеді ме, қыбырлаған сұсты денелерден
көзін алмай қалшиып қалды. Осы кезде түтін əбден сейіліп еді. Кенет
беріректен тасырлай атылған мылтық даусы естілді. Раушан пулемет
өңешінен бұрқылдап шыққан түтінге дейін анық көрді. «Мыналар біздің
адамдар ғой» деген ой жалт етті. Иретіле созылып, жүгіре басып келе
жатқан немістер іркіс-тартыс қатары бұзылып, жата бастады. О жақтың да
пулеметі іске кіріссе керек, Раушанның құлақ түбінен зуылдап қаңғырма
оқтар ұшты. Мұндайда жалғыздық адамды шыдатпайды екен, анау атысып
жатқан көптің ішінен пана іздегендей Раушан тізесімен топырақты күрей
атып тұрды да жүгіре жөнелді.
Жиілей атылған оққа қарамастан екі өкпесі қабынып траншеяға жетіп
бір-ақ құлады. Окоптың жарына қатты соққан тізесінің ауырмағанына таң
қалып басын көтеріп алғанда сирек шегір мұртты егде жауынгер үстіне
үңіліп тұр екен.
– Жарақаттан амансың ба?– деп сұрады ол.
Раушан оны таныды, Қартбай екен.
– Аманмын.
Қартбай Раушанның бүкіл тұлғасын көзімен бір шарпып шолып өтті де,
тез өзінің қол пулеметіне бұрылды. Раушан содан кейін барып жүрелей
отырған Көжекті көрді. Мұрты салбырап, көзі адырайып о да Раушанға
қарай ұмсына берді:
– Апырай, шынымен амансың ба, əкетайым. Қатты құладың ғой, тегі.
Раушан Көжекті шын аяп кетті. Байғұста өң-түс қалмапты, сөйлегенде
ерні жуыспайды.
– Əй, тез оқ əкел,– деп жекіді Қартбай қайрыла беріп.
Көжек Раушанға алақтап қарады да, тізесі қалтырап орнынан тұрды.
– Атаңа нағлеттердің өлерменін қарашы. Шыдатар емес қой,– деді
Қартбай кіжініп.
Келген шаруасы енді ғана есіне түсіп Раушан түрегелді.
– Жараланған адамдар жоқ па?– деп сұрады ол Қартбайдан.
Қайрылуға мұршасы жоқ пулеметші жауап бермеді. Раушан қозғала
беріп, жау жаңқа көзі түсіп, тоқтап қалды. Манағы қарауытып қыбырлаған
денелердің жасыл шинельдерін, темір каскаларын анық көрді. Офицер
болар, біреудің шаңқылдаған командасын да естіді. Осы кезде неміс шебі
қайтадан көтеріліп еді. Жеңіліп беті қайтып көрмеген əскер қарсы атылған
оққа қарамастан тұтас көтеріліп, мығым басып келеді. Араларынан оқ
жұлып кеткендерін елең етпей, сөгілген қатарын тез жалғастырып алады.
Кеудеге тақап ұстаған автоматтарының аузынан түтін бұрқылдайды. Сопақ
темір каска, сірескен жасыл шинель, темір етік, солдаттардың шойыннан
құйғандай ауыр тұлғасы. Өкпесінен жалын шашып, төніп келе жатқан
темір тажал Раушанның кеудесін басып, тынысын тарылтып барады.
Раушан енді немістердің бозарған жүздерін керді. Қорқыныш пен жиреніш
аралас бір сезім билеп алды. Окоптан атылған оқ жиілей түсті. Құлақ
түбінде Қартбайдың пулеметі зіркілдейді. «Огонь! Огонь» деп біреу
айқайлап жүгіріп өтті. «Бұл бір тіпті таныс дауыс қой! Аһ, Ержан ғой,
даусы қандай ащы!» деп ойлады Раушан. Екі жақтың да шиеленіс шегіне
жетіп қалғанын сезді ол. Көзге көрінбес екі күш мынау жүз метр
аралықтағы əуеде түйісіп, бір-бірін алқымнан алып сығып, сіресіп тұр. Ал
ана келе жатқандар мен окоптағы мына атысып жатқандар сол екі күштің
сыртқы қауашағы ғана сияқты. Егер ана күш жеңсе бүкіл окоп бойын
ажалдың қара ұстарасымен бір-ақ тартып өтеді.
Раушанды окоптың жарына қысып біреу тұсынан өте берді. Раушан
еріксіз жалт қарады. Жауынгер санитарканы танып:
– Анда сержант ауыр жараланды. Тез жəрдем бер,– деді.
Раушан Байсаринді таныды. Біреу оны траншеяға сұлата шалқасынан
салыпты. Оң бастан тиіп, шашып, қырған тақыр шекесін, құлағын қан
жауып кетіпті. Раушан аяқ жағынан келген екен, тар траншеяда үстінен
аттап өте алмай тұрып қалды. Өз əрекетін сезбей сумкасынан бинт алды.
Енді байқаса Байсарин кірпігін қағып жатыр. Шекесіндегі қан да
қоймалжың тартып ағысы əлсіреп барады. Раушан марлісін тарқата түскен
күйі сіресіп қалған.
– Теперь уже поздно.
Мұны айтқан Зеленин. Оның ар жағында бөркін алып төмен қарап
Ержан тұр. Алғашқы рет ажалдың сұсты бейнесін – қатып қалған жансыз
суық денені көргенде Раушан жаман шошынды. Кеудесіне тығылып жылап
жібергісі келіп көзінде жас домалап Ержанға қарады. Бірақ оның өзі де
пана болар ығы жоқ жапандағы жалғыз ағаш сияқты жүдеп тұр екен.
– Держись, Держись!
Шегені қаққан балғадай саңқ еткен жалғыз сөз телефон кабельдерін
қуалап, сым таусылған жерде ауыздан ауызға ауысып, жоғарыдан төмен
қарай əлденеше жүгіріп өтіп жатыр. Дивизия командирі «держисьдержись!» деп полк командиріне айқайлады, іле осы өткір сөз Егоровтың
қарлыққан ащы даусымен келіп Мұрат құлағына саңқ етті. Мұрат та бұл
сөзді тістене айқайлап рота командирлерінің құлағына шегеледі.
Жау артиллериясы өңі қашқан, ескі тулақтай жүзгі жердің топырағын
қағып жатыр. «Қай жерің сау қалды окоп» дегендей біраз ойланып кідіріп
қалады да, əр жерден топырақты бұрқ-бұрқ еткізіп аспанға лақтырады.
Содан кейін «ə-ə, сен осында тығылған екесің ғой! Алмай қоймаспын!»
дегендей өршелене төмпештеп шаң-топырақ боранына көміп жібереді.
Құлақ тұндырған тарсыл-гүрсіл арасынан үзілгенше ширатып тартқан
темір шектің үні сияқты ащы зыңыл естілгендей болады. Бұл сыздап ауаға
тараған соғыс шиеленісі.
Алғашқы екпінмен ала алмаған жау енді машықты шабуылға көшіп,
ауыр салмағымен қысып барады. Түс қайта неміс атакалары тіпті үдеп
кетті. ЬІзадан жарылып кете жаздаған төбелескердей ентігін басып
үлгермей жатып еліріп қайта ұмтылады. Бұл жолы окопқа жетпей
шашырап, жата атысып, ұйлығып кейін шегінбейді. Қарсы атылған қалың
оқ кеудеден тіреп, қайта серпіп тастай алмай, немістер жапырылып окопқа
құлайды. Алыстан оқпен сайысқан солдаттар бетпе-бет түйіседі. Енді олар
бір-бірінің бет жүзін анық көріп, бірінен-бірі тажалдай жирене шошынып
тап беріседі. Найзамен түйрейді, мылтықтың дүмімен ұрады, кеңірдектен
алады. Неше түрлі тарғыл дауыс, жан ұшырған айқай арасында қан
топырағын араластырып, жентектеп, жаншып бір-бірін былш-былш
соғады.
Немістердің сəскеден түске дейін жасаған атакалары жеңіске жеткізбеді.
Олар дивизия шебін жарып өте алмады. Оң қанатта Карпов полкының бір
батальонының окобына жетіп жау пехотасы қолма-қол ұрыс салды. Бірақ
батальон резервтегі ротасын ұрысқа енгізіп, жау бетін тойтарды. Осы кезде
іле он шақты танк бастаған жаудың тың тобы лап берді. Немістер бекіністі
үзіп кетті. Сол бетімен екпіндеп енді қыза бастағанда кейінгі екінші
эшелонға соғып, жау шабуылы іркілді. Генерал Панферов осы бағытқа тың
күш, біраз зеңбірек қосты. Сағатқа жуық созылған қызу айқаста немістің
төрт танкісі жанып, шабуылы тұншығып қалды. Жау осы шабуылын екі
рет, қайталағаннан кейін, ақыры нəтиже шығара алмай, бұл арада үлкен
күш топталғанын анық сезіп, дивизияның окно тұсынан түйгіштеп байқап
көрді. Панферов бұрынырақта біраз соғысып көрген тəжірибелі генерал еді.
Бұл соғысқа алғаш қатысуы осы болғанмен, мағлұматтарды барынша
зерттеп, көп ойланған болатын. Ол бекіністі сиректеу жасап, əр полкта, кей
жерде батальонда резерв қалдыруды көздеген. Өз қарауында, қимылға
шапшаң күшті резерв қалдырған-ды. Кең майданды түгел жапырмай, жігін
тауып сыналап кіріп, қақыратып жарып өтуге құштар неміс
командованиесіне қарсы бұл бір жақсы тəсіл еді. Айлалы генерал енді сол
прорывтарға қарсы резервін тосып, тың күшпен неміс найзасының ұшын
қайырып тастап отырды. Сондықтан да жау қанша тін-тінектеп бекіністің
осал жерін іздеп көрсе де – бар жерде бұзылмас берік қамал тұрғандай
алдамшы əсер алды. Бірақ өздері үшін бұл шабуыл аса үлкен де, маңызды
да болғандықтан жау іркіліп тоқтай алмады. Фашист генералы офицерлері
мен солдаттарын жанықтырып, қайта-қайта ілгері қуалады.
Мұраттың команда пункты жебедей шошайып, суырыла ілгері шыққан
арша орманның алдындағы дөңесте. Иретіле тартылған қысқа траншея, үштөрт кең шұқыр, кейініректе ағаш арасында жер кепе. Батальон командирі
кішкентай штабын ықшамдап бақса да əр түрлі себеп, қызмет тауып біраз
жұрт осы маңды ықтап жүр. Шамасы мойын созған орман пұшпағын
кейіннен күш тартатын таса жол деп ұқса керек, дұшпан КП маңын
зеңбірек, минометтен көп атқылады. Мұрат өз қатесін сонда барып түсінді.
Үнемі оқ астында тұрған жерден соғысты басқару қиын болды. Өз қатесін
түзеуге мұршасы да, шарасы да болмай өкінген Мұратты бір жағынан
батальон комиссары Жақыпов та мазалады.
– Қап, қате жасаппыз. ЬІңғайсыз жерге орналасыппыз,– деп қояды ол
ауық-ауық.
Жақыпов елде, жайлы қызметте шыққан жұмыр əсем қарны əлі тартыла
қоймаған, қыр мұрынды, сары кісі. Оның əр мəселеге жаттап алған жауабы,
дайын тұрған шешімі болатын, оның үстіне өз қолындағы биліктің
салмағын ұғып, аса тəкаппар болмағанмен көңіліне бір аяқ ас артығымен
сыятын адам еді. Мұрат оның өзінен гөрі, қызмет орнын көбірек сыйлап
көңілін жықпайтын. Бүгін мұршасы жоқ Мұрат оның барын ұмытып
кеткендей. Оған Жақыповтың өзі де себепші: бұрын командирдің əр ісіне өз
пікірін қыстырып, комиссар барын ұмыттырмай жүретін Жақыпов бұл
жолы көзге түспеді. Мұрат Жақыповтың команда пунктіне наразылығын
алғаш айтқанында жəй қостай салып еді, сол сөзін кейін үшінші
қайталағанда барып оған назар аударды. Үнінен күйініші мен жалынышы
аралас естіліп еді. Байқаса Жақыпов əшейіндегідей емес, Мұратқа
жаутаңдай қарап қалған екен. «Е-е, осындай ма едің?!» дегендей болды
Мұраттың көзқарасы, «Аз да болса жүнін тірілтіп, қалпына келсін» деп
есебін тауып оны сыпайы ғана тылға жұмсап жіберді.
Ұрыс салмағы басқа жаққа ауысты ма, əлде жаңағы окопқа жете
тұншыққан атакасынан кейін дұшпан жарасын жалап жатыр ма, түс қайта
батальон майданы саябырлады. Кейінгі жақтан ентіге жүгіріп Маштай
келді. Қолындағы қақпақты, бүйірі қысыңқы екі котелокты окоптың
ернеуіне қойып, «уһ» деп маңдайын сүртті. Шаң-топырақ нығыздаған қарақошқыл бетінде қарасы кіші адырақ көзі ашпақ болып аларып Мұратқа
қарады.
– Жолдас капитан, тамақ ісіп алыңыз. Сволстар тағы тыныстық бермес.
Алғашқы соғыс, кісі өлімі бұған да ауыр əсер етсе керек, кеше кештен
бері нəр татпаса да, Мұраттың асқа зауқы болмады.
– Сен асты қоя тұр,– деді ол, котелогінің қақпағын ашып, қонышынан
қасығын суырған Маштайға.–Тез Дошевскийге бар. Дереу алғы шепке оқдəрі жеткізсін. Менің атымнан əмір етіп, өзің қадағала сол итті!
Мұрат алғы шепке көз жіберді. Не бəрі үш жүз метр жерде болмашы
орағыта иретіліп, көлбей созылып, сəл ғана қыртысы байқалып окоп жатыр.
Сол қыртыстың екі жағы қорасан шыққан адамның бетіндей шұбар. Ол жау
снарядының шұқыры. Əлгінде ғана астан-кестеңі шығып, теңіздей тулаған
күзгі жер тағы бір топалаңнан қорыққандай сұп-сұр болып өңі қашқан.
Жетімсіреп, жүдеу жатыр. Окоптан оқта-текте қарауытып солдат басы
көрінеді. Одан əрі жым-жырт. Мұрат енді байқады – деревнядан бергі
жазықта əлденелер қыбырлағандай болды. Ол қадала қарап жау
пехотасының əрі асып кетпей бекініп қалғанын ұқты. Тағы да шабуылға
шығар ма екен? «Бұл əскерді амалдармыз-ау, артында несі бар екен?» деп
ойлады Мұрат.
Өз окоптарына қайта көз жіберді. Траншея маңы електей шұрқ тесік.
«Жау артиллериясының мергендігі сұмдық екен. Ай, шығын көп болмаса
игі еді»,– деп қиналды. «Ах, дурак!– деді ол өзінің самайын алақанымен
соғып.– Алғашқы жойқын артподготовка кезінде батальонның негізгі күшін
неге кейінгі траншеяда ұстамадым!?»
Осы кезде неміс артиллериясы сөйлеп кетті. Жүзге жуық зеңбірек
аспанды опырып түсіргендей бар снарядын төртінші ротаның үстіне лақ
еткізіп ақтара салды. Мұрат қатты шошынды. Таң атқалы немістер дəл
осылай жойқын соғып көрген жоқ-ты. Түтін сейіле бергенде қырқадан бері
асып, қаптап келе жатқан жау əскерін көрді. Қатарын бұзбай екі лек қатты
аяңдап келеді. Каскалары мен автоматтары кештетіп қалған күннің қиғаш
сəулесіне шағылып жарқ-жұрқ етеді. Мұрат: «Паһ иттердің жүрісі-ай» деп
немістердің айбынды түріне сүйсініп те қалды. Бірақ лезде бойын
қорқыныш билеп кетті. Мына топ жолында асқар тау тұрса да жарып өтетін
сияқты. Дұшпанның мұнысы тегін емес. Ол тез полк командиріне телефон
соқты. Егоров жоқ екен, трубкадан Купциановтың қоңыр даусы естілді.
– Жау үлкен күш төкті. Тез көмек керек!– деп айқайлады Мұрат.
– Көмек бере алмаймыз. Өз күшіңмен амалда,– деп Купцианов қысқа
қайырды.
– Дұшпан жапырып барады! Майданды ұстап тура алмаймын! Тез
жəрдем етіңдер!
– Үрейіңіз ұшпасын, капитан!– деп зекіді Купцианов.– Сіздің бекінісіңіз
жақсы ғой. Шыдаңыз.
Мұраттың басына мұздай су құйып жібергендей болды. Трубканы
лақтырып тастап орнынан атып тұрды. Дереу резервтегі алтыншы ротаны
шақыртты. «Өлмей шегінбе!» деп рота командирлеріне əмір етті.
Купциановтың соңғы сөзінен есін жиған Мұрат жан-тəнімен соғыс
тынысына құлақ тікті. Дұшпан бұқпай, қатарын бұзбай, қалың легімен
қаптап келеді. Окоптан жапырыла мылтық атылды. Бір-екі жерде пулемет
дүрсілдеді. Бірақ немістер жақындаған сайын атыстың берекесі қаша
бастады. Бірде жиі бой жаппай атылса, бірде шашырап, тіпті қақалғандай
іркіліп те қалады. Мұрат шын қатердің төнгенін сезді: соғыстың бетін
бұратын бір батыл қимыл болмаса, окоптағылар дүрліге қашуы мүмкін. Ол
окоптан қарғып шығып деңгейіне келіп қалған төртінші ротаның алдына
түсті де:
– Ер соңымнан! Алға! Ура!-а!– деп айқай салып жүгіре жөнелді.
Өзіміздің окопқа дұшпаннан бұрын жету керек еді. Мұрат артына
бұрылған жоқ, аяқ топырынан ба, əлде басқа бір түпкі сезіммен бе, əйтеуір
жауынгерлердің өз соңынан жапа-тармағай жүгіріп келе жатқанын анық
білді. Мінекей екі солдат озып та барады. Құлақшынын қисайта киіп,
самозарядкасын кезей ұстап, рота командирі Волошин де ілгері шыға беріп
жалт қарады. Тісі ақсиып бір нəрсе айтқандай болды, бірақ Мұрат оның
сөзін ұқпады.
– Сен кейінірек қалғандарын қуала!– деді Мұрат қатарласа беріп.
Волошин жалт етіп кейін қалды. Мұрат іркіле беріп, екі жағын көзімен
шарпып «алға!» деп тағы да бір желпіді. Арттан келе жатқан көмекті сезіп
окоптағылар да сергіп, оқты жиілетті. Бірақ неміс шебі бөгелер емес, оқ
жыртып селдіреген қатарын қыса түсіп бората атып емпеңдеп келеді.
Мұраттың құлақ түбінен оқ зуылдады. Ол өз жауынгерлерін де дұшпан оғы
жұлып кетіп жатқанын сезді. Сондықтан да асыға түсу керек. Қарсы
ұмтылған екі жақтың арасы жақындап қалды. Мұрат немістердің бет-жүзін
де анық көрді. Бір рет қалың жауға тіке қарай алмай көзін тайдырып та
алды. Бір сəтте қара болат жарқылындай екі арада қуқыл сəуле тартылды.
Қарауға кісінің дəті шыдамайтын осы жиренішті қара жарқыл ұстараның
жүзіндей қылпылдайды. Бұл ажал нышаны. Тайсақтап, кібіртіктеп қалған
Мұрат бойындағы бар күшін жиып қайта жүгірді. Кенет ол окоптан ытқып
шыққан адамды көрді. Бойын түзеп кейін бұрыла бергенде, Мұрат оны
танып қалды – Кусков. Политрук шалқая, қолын кейіннен ілгері орай
сілтеп, саңқ етіп, ұран тастап, солдаттарды окоптан суырып алып, алға
лақтырды.
Не өлтірмей, не өлмей тынбайтын екі жақ қолма-қол айқасты.
4
Дивизия командирі генерал-майор Панферов бүгін үш рет алғы шепке,
ұрыстың шиеленіскен жеріне барды. Оң қанаттағы жау атакасы
тойтарылып дұшпан шабуылының қарқыны бəсеңдегесін бесін кезінде
өзінің команда пунктіне қайтып оралды. Кешеден бергі тынымсыз əбігер ет
қызуымен еленбеген алғашқы соғыстың ауыртпалығы қазір сезіліп,
қалжыраған кəрі дене ауырлап қалды. Алғы шепке орынсыз жүгіре берудің
керексіз екенін білсе де, қиын жерге өзі барып араласпаса бүлініп
қалатындай секемшілдік тауып, тағатсыздау болып кетті. Бірінші
дүниежүзілік соғыс пен азамат соғысына бірнеше жыл қатысып бір кезде
еті өліп кетсе де қатты тосырқап қалған екен. Оның үстіне мына соғыстың
араны тым кең. Тиісті жарлық етіп, телефон трубкаларына құлақ тоса
отырып, генерал өзінің бүгінгі əрекетінде олқысы барын сезіп, қомсына
берді. Рас, ұрыс оңай болған жоқ, жан алқымға тірелген жерлерде үш рет
өзі шапқылап барып, полк командирлерінің ісіне қолма-қол араласып,
сəтіне қарай бұрып жіберді. Ротадан астам жау бекіністі жарып өткенде
полк командирі күйгелек Карпов сасып қалды. Ол екінші эшелондағы
батальонға «жауды өткізбе!» деп үсті үстіне əмір беруден өзгеге дəрмен ете
алмады. Сасқаны болар ақсары жүзі қуқыл тартып, көзі жыпылықтап: «Бұл
жер қауіпті ғой! Сіз кейінірек барсаңыз қайтер еді, жолдас генерал?» – деп
жалынды. Панферов түсін суытып, екінші эшелондағы батальонды
бекінісінен дереу қарсы атакаға шығарып, алғы шептің жыртығын
бүтіндеуге əмір етті. Бұл ең дұрыс шешім еді. Сақтанып қалғанда жау
шептің жыртығын сыналап кеңітіп, қаңыратып кетер еді. Бірақ Панферов
көңілі əлденеге олқы. «Істейтінім бұл емес еді» дейді ол ішінен. Бүгін
жұрттың бəрі шыдамсыз болып кеткен. Иə, көбірек шыдам, сабыр керек
еді. Содан ба əлде басқа себеп болды ма, генерал минут сайын əр полктан
хабар алып тұрса да, бүкіл дивизияның аумағын түгел қарпып, бар
жағдайды көзіне елестете алмады. Өз дəрежесіне сай биіктен емес,
аласадан қарағандай, тұтас қимыл бөлшектеніп үзіліп, шашырап көрінеді.
Əр жерге бір тығындап қолындағы жап-жақсы резервтің де берекесін
қашырып алған түрі бар. Иə, соғыс бейбіт кездегі əскери ойын емес, күні
бұрын өлшеп-пішіп қойған жерден шықпайды. Жау қимылына орай əпсəтте əрекет ету керек. Бұл бокс те емес, кəдімгі өліспей тынбайтын
төбелес. Бірақ осы аласапыран, ұйқы-тұйқы ұрыстың тамырын басып,
тынысын сезіп, дүлей күшті өз ырқына көндіріп, өз дегеніне қарай
бұлтартпай бұрып жіберетін командирлік, əккі көрегендік, қайрат жігер
қайда?
Панферов сөніп қалған трубкасының мүштегін тістеп, төңіректегі
дүниені ұмытып, қатты ойланып қалды. Тотығып қызыл күреңіткен аққұба
өңі сұрланып, бетіндегі сирек əжімдері тереңдеп, маңдайдан төмен екі
сызық түскен. Қиғаш қалың қабағының астынан қарашығы қос ноқаттай
жылтырайды. Жауырыны бүкірейіп, кең иықты ықшам денесі
кішірейіңкіреп көрінеді. Шаршаған денеге қайратын кемірген ішкі
дəрменсіздік қосылып қажытқан түрі бар. Ие, ие, ол бүкіл дивизияны, мыңмыңдаған қарулы адамдарды өз жұмырығындай еркін қимылдатуға тиіс еді.
Бірақ сол жұмырығы қары талғандай ауырлап, сілтеген жерінен емес,
жеткен жерінен тиеді...
Таусылған күздің ала бұлтты, дымқыл ауасына сыз ене бастаған;
ылғалды сұрқай жер бусанып тұр, ауада солған шөп, жібіген қу шөпшек,
балшық исі аралас; кейде кермек татыған қарағай исін əкеледі. Жақындап
келе жатқан қыс қаһарын тосқан табиғат бір түрлі көңілсіз де, көріксіз де.
Төңіректің бəрі сұр. Суыққа тоңып ұйлыққан қоңсыз малдың жотасындай
бүкірейіп қырқа тасасынан, орман іргесінен шаруа үйлерінің шатырлары
қылтияды. Қабына ісініп, қанталап, бұлт астынан шыға келген кешкі күн
ағаш бастарын, қыраттарды сұйқылтым қан түстес қызыл жалқынға малды.
Манадан бері саябыр тартқан атыс, зеңбірек гүрсілі қампиып қайта
ұлғайып барады. Жаралы шеп қанын сүртіп үлгермей жатып соғыс қайта
қызды. Салмағы белді қайыстырып баратқан жау шабуылын бұл рубежде
тойтара алмайтынын білген біздің əскербасулар не де болса кешке шейін
шыдап, түн қараңғысымеи немістерден қарасын үзіп кетпек еді. Біздің
жақтың осы ойын дұшпан да ұғып, қайткенде де жарық кезінде бекіністі
жарып өтіп, өзінің танкілі, машиналы жүрдек əскерімен біздің күштерді
бөлшектеп, алдын орағытып кетуге барын салды. Бұл олардың сан рет
жеңіске жеткізген, жаны сүйген айнымас тактикасы еді. Жоғарыдан
берілген қатты бұйрық та анау-мынау шығынға қаратпады.
Панферов корпус командирімен жалғасып, жағдайды анықтады. Оң жақ
қанаттағы армияның дивизиялары шегініп барады екен. Мұның сол
жағындағы өз армиясының дивизиялары əзірге шыдап тұр. Бірақ
шегінгендері де бар көрінеді. Ржев бағытына қарай немістер үлкен күшпен
прорыв жасапты. Жаудың бұл шабуылының шама-шарқы əзірге белгісіз,
бірақ ашып айтпаса да армияның резервтегі күшін сол соққыға қарсы
тосқан сияқты. Панферов мынау ұзын майданның басқа бір жерінде бұдан
да қатты, өте қиын айқас болып жатқанын сезді. Карпов пен Егоров, полк
командирлері, екі жақтан безілдеп қоя берді. Екі полктың қанаттаса жатқан
екі батальонын жапырып, жау жарып өтіпті. Генералдың күні бойғы
қорқынышы іске асты. Жауды енді мықтап тойтара алмайтынын ол бірден
сезді. Резервтегі полктың екі батальонымен азғана артиллерияны прорывқа
қарсы қоюға дереу əмір берді. Бірақ мұның енді септігі шамалы екенін
түсінді. Бір ғажабы шарасы азайған кезде генерал ерекше сабыр тауып,
ширығып, жедел əрекетке көшті. Ол полк командирлеріне: «Бір қадам
шегінбе! Жəрдем берем»,– деп əмір етті де, тыл бөлімдерін тез кейін
көшіруге бұйырды. Бір пəленің болғанын сезіп команда пунктінің
маңындағылар да асығыс жиналып əбігерге түсті.
Генерал шегінбе деп бұйырса да байланыс командирлерін шақырып
алып, əp полктің шегінетін жолын, тоқтайтын пункттерін белгілеп берді.
Күн батуға жуықтағанда бүкіл дивизия шебі қозғалыста болды. Ең
алдымен арбалары салдырлап, машиналары малтыға гүрілдеп тыл
бөлімдері зыта бастады. Кейбір бөлімдер де шашырап, асығыс шегініп бара
жатты. Екі жақ сапырылысып араласа бастады. Дөңеске қаптап жаяу əскер
шыға келеді. Сүріне-қабына, жамырай жүгіріп, бірде ұзарып шұбатыла
созылып, бірде қысқарып көлденең жайылып, ағып-тамып барып орманға
кіреді. Іле неміс əскерлері көрінеді. Бір кезде анау батыс жақтағы тұтасқан
қара ормандардың тасасынан батып баратқан күн сəулесіне шағылып аң
кресі жарқ етіп үйір-үйір самолеттері шыға келеді. Құлдырай шүйіліп,
пыртылдатып атқылап қашып баратқан əскерлерді дүрліктіріп, орманға,
жыраға шұқыр-шұқанаққа қуып тығады. Қайтқан қаздай тізіліп ауыр
қалықтап аспан биігінде шығысқа қарай түнгі бомбардировщиктер кетіп
барады. Олардың маңында енесін айнала шапқан құлындай құлдырап
истребительдер жүйткиді. Əр тұстан атыс естіледі, кей жерде атыс
шырпыдай лап ете тұтанып, тез сөніп қалса, кей жерде тоқылдақтай талмай
кешкі ауаны ұзақ тықылдатады.
Дивизия жапырыла шегінгенмен, тосқауылға бекінген, кешеуілдеп
қалған бөлімдер жаумен жиі айқасып қалады. Қашып бара жатқан жаяу
əскерді жолдың етек жағына шашыратып үрей туғызып, сұсты свастикасы
жарқылдап танктер киіп кетеді. Кей бөлімшелер жаяу екпініне қарсы
тұруға жүрегі дауаламай тым-тырақай қашады, ал кейбіреулері ағашты,
бұтаны паналап, жата қалып атысып, тістесіп, қырқысып бағады.
Генералды шұқанақты жолмен теңселтіп ашық виллис келеді. Жол
орманға келіп кірді де, машинаның жүрісі бірден баяулап қалды.
Қараңғыда тұтас қарауытып, шұбатылып обоз көрінеді. Жыландай иретіле
созылып, қараңғы түнге, қара орманға кіріп барады. Шофер Федя ескі
əдетінше гудок беріп қалды да, тар жолда қапталдап өте алмайтынын сезіп
дəрменсіз пішінмен генералға қарады.
– Ілгері өтіп кете алмаймыз, жолдас генерал.
– Обоздың соңынан жүре бер. Көп ұзамай орман бітеді,– деді Панферов.
Бірақ обоздың жүрісі бəсеңдей берді, аздан кейін арбалар бірін-бірі
тертелерімен кимелей тоқтапты.
Айқай-шу, балағат естілді. Федя машинаны жол жиегіндегі шұқырға
сала қисайта азғана ілгерілеп еді кешікпей тоқтап қалды. Арбалар
қабаттасып жолды тас бітеп тастапты. Одан əрі опыр-топыр, үймелеген
жұрт, азан-қазан шу. Панферов машинадан түсіп солай қарай аяңдады.
– Арбаңды шегер!
– Қалай шегерем, доңғалағының иттей ілінісіп қалғанын көрмеймісің.
– Неге аңқиып тұрсың, тарт доңғалағынан.
– Жігіттер, жабылыңдар. Құлатыңдар арбаны!–деп айқайлады біреу.
– Неге құлатасың?! Үстінде зат бар емес пе! Тоқтай тұр,– деп
шарылдады бір кіреші.
– Немістер тоқтай тұра ма саған! Танктері келіп қалса!..
– Танк дей ме? Танк қайда?!–деп шошыды біреу кейінгі жақта.
– Танк! Қайда танк! Танк,– деген үрейлі дауыстар естілді.
– Тоқта!– деді Панферов қатты дауыстап. Ол шошына бастаған жұрттың
қасына келіп:– Арбада не бар еді?– деп сұрады.
– Азық-түлік, жолдас начальник,– деді қараңғыда генералды тани
алмаған арбакеш.
Арбаның алдыңғы доңғалағы қаусап, жер тірей қисайған.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 09
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.