Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 03

Total number of words is 4119
Total number of unique words is 2250
36.7 of words are in the 2000 most common words
52.7 of words are in the 5000 most common words
60.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Оқасы жоқ. Біз олармен қайтып келгесін сөйлесерміз. Біздің Отан
қорғаған еңбегіміз ескерусіз қалмас. Майданда қанын төккендер мен тылда
бұғып отырғандардың бағасы бір болмас. Тек аман сау қайтып келсек.
Бұл ой да Ержан көңілінің бір түкпірінде жатқан. Айырмасы тек бұл
ешкімге кіжінбейтін.
– Шынында да соғыс біткесін, майданда болған адамдарға ерекше
құрмет болу керек қой. Онсыз əділдік бола ма!?– деп құптады Ержан.
– Əрине. Тек аман қайтайық,– деді Уəли күрсініп. – Өзің білесің, Ержан,
уақыт қиын ғой. Мұндайда жұрт бір-біріне қарай бермейді. Менің де өзің
сияқты досым аз адаммын. Осындайда бір-бірімізге демеу болмасақ
болмайды. Сенің жайыңды Купциановқа айттым. Мұратпен де
сөйлесермін. Қиналма.
Ержан көп қиналмады. Жас тəнге түскен жара сияқты – жас көңілдің
реніші де тез айықты. Оның ендігі уайымы қалып қойған Көжектің жайы
болды.
Ұзын состав жазыла жүйткіп келеді. Адырлары алшақ жазық дала
поезға қарсы жүгіреді. Жол табанынан алыстаған сайын жүгірісі шабандай
түсіп, көз ұшындағы бір қыратқа тіреліп тоқтап қалады. Тау қапталынан
шыққан поезд даланы үңгіп тауыса алмай келе жатқалы екі күн болды.
Толқындары қыртыстанған алып мұхит сияқты шексіз, шетсіз дала жатыр.
Сəскеде алыс қырларды сұйық көгілдір мұнар шалып тұрады да, түске
таман сол мұнар сағым болып төгіледі. Ұшан даланы көкпеңбек су қаптап
кетеді. Сол əсем су дірілдей құбылып, асығыс ағып бара жатады. Əр жерде
арал болып төбелер көрінеді. Бір кезде ерке сағым су ойнақтап сол
төбелердің де басын жуып өтеді. Қалың селдің ортасынан зəулім ақ сарай
теңкиіп шыға келеді де, бір сəтте ап-аласа боп жерге жабысып қалады.
Теңіз ортасына биік бойын көкке созып хайуан шығады, ол суға қайтадан
сүңгіп бара жатқанда бір сəтке түйе бейнесіне түседі. Бүктетіліп, орғып,
жүйтки ағып бара жатқан сағым су түс қайта талықсығандай шабандай
береді де, бір сəтте ғайып болады. Бетінен көк жібек пердесі сыпырылып,
адырлы жалпақ дала ажарсыз жүзін көрсетеді.
Шетсіз-шексіз ұшан дала тұңғыш көрген жолаушының көңілін
елегізітіп, жалғызсыратар да, сиықсыз кеңдігімен езіп, тілсіз, алып
табиғатқа қарағанда оның дəрменсіздігін, кішкентайлығын айқын сездіріп
жанын жүдетер. Бірақ Ержанға ол басқаша əсер етті. Соңғы жылдары
оңтүстіктің асқар тауларына, Сібірдің ормандарына, үлкен қалаларға
үйреніп қалған жас жігіт даланы көргенде кəрі анасын көргендей іші
жылып қоя берді. Ол көңілді еліктіріп алысқа шақыратын дала кеңістігіне
сүйсіне қарайды. Дала өткенді еске салады. Ержан өмірі түйенің үстінде
басталды. Жазының үстіне қоршаулаған кішкене ұяда атанның майда
ырғақты аяңымен теңселе отырып айналасы қыратпен көмкерілген, үлкен
қара тегештей кең жазыққа, биік көк аспанға қарады. Ержанның ең алғаш
көргені осы, одан арғысы есінде жоқ. Ол «мынау айнала қоршаған
қыраттың ар жағында не бар екен?» деп ойлап-ойлап: «ешнəрсе де жоқ
шығар» деген қорытындыға келіп еді. Бірақ, содан кейін «ендеше біздің
ауыл қайда?» деп шəктенді. Бір кезде тұмсығын аяғының үстіне салып,
көлбең жатып алған қызыл төбет көрінді. Өзі тіпті үлкен. Жақындап
келгенде ол кəдімгі төбет болып шықты. Ылдида мөп-мөлдір бұлақ бар
екен. Қазір осы көріністер түсте көргендей үзіліп-үзіліп, бірақ ертегідей
əсем бейнесінде елестейді.
Ата-бабасы сияқты Ержанның көз ашып, алғаш көрген дүниесі осы дала
болды, оның ақ қағаздай дақ түспеген бала көңіліне алғаш жазылған да осы
дала сыры еді. Оның сазды ойпаңын құмай, қыратын жалаң аяқ шарлады.
Желмен толқыған бұйра боздың үстіне талай аунады. Сол боздың əрі
майда, əрі күсті алақанының ізін қазір де жанымен сезгендей болады.
Ертеңгісін киіз үйдің ішінде оянғанда ашық түндікте алыс аспанның
көкпеңбек бір бөлегі көрінетін. Жабыла шырылдаған бозторғай əні бір
үзілмейді. Бозторғайдың жұмырықтай денесіне көк əлемін балқытқан
соншама ағыл-тегіл қуаныш əн қалай сыйғанына қайран боласың. Ержан
əдемі көк аспанға, көз ұшында қара ноқат болып дірілдеген бозторғайға
қарап көкірегін қуаныш пен бақыт кернеп, біраз қозғалмай жатады.
Сырттан ат дүрсілі, мал қайырған дауыс естіледі. Біреу, «əй, кертөбелді
алып қалшы, Шалғынбай аулына барып қайтайын» деп дауыстайды. Жасан
мен Қуан да тұрыпты. «Əй, Жасан, өзенге дейін жарысайық» дейді ұзын
сирақ Қуан. «Сен озып кетесің ғой. Ержанды шақырсайшы, мен балағымды
түріп алайын» дейді Жасан. Осы кезде Ержан шыдай алмай үйден жүгіре
шығады. Дала ертеңгі салқынмен тыныстап тұр. Төңірек сондай айқын.
Сонау Жарөткелдегі алыс қыстауларға дейін ап-анық көрінеді. Түнде ылғал
тартқан көк шалғын аяққа жұмсақ тиеді. Бұлар өзенді қойып желіге дейін
жарысады. Əрине, ұзын сирақ Қуан озып келеді. «Менің аяғымды қияқ
тіліп кетіп, жүгіре алмай жүрмін» дейді Жасан. Жаман ағаң қалай екен?–
дейді Қуан кеудесін қағып.– Мен күрең құнанмен де жарысқанмын. Оһо!».
Балалар желіге құлын байлайды. Құлынды ұстар алдында үлкендерді
кейітіп, біраз қуалап ойнап алады. Өзенге барып балық аулайды. Алдымен
көк шөптің арасынан қуалап көк шегіртке ұстайды. Жазда үзіліп қалған
өзен суы тұп-тұнық. Түбіне дейін көрінеді. Тұрқы қысқа домалақ
жалпақтау келген тарғыл алабұға, күмістей ақ, ұзынша сопақ аққайран, су
бетінде ұсақ шабақ. Алабұға қармақты түрткілеп ұзақ ойнайды. «Алабұға,
аққайран, қармағыма қан қайран» дейді Ержан. «Алабұға дөнен сарт,
қармағымды төмен тарт» деп қояды Қуан.
Ержан қарапайым қазақтардың арасында өсті. Олар оны атқа мінгізіп,
мал қайтартып, жылқыға құрық салғызып үйретті. Өз білгенін, өз түйгенін
бұған да берді. Ғажайып ертектерін, хатқа түсірмей сақтаған жырларын
тыңдатты. Баланың елден тоқығанына ертерек келіп оқу жалғасты. Жыл
асқан сайын білімге тереңдей кіріп, дүние сыры кеңірек ашыла түсті. Бір
ғажабы кітаптан оқығаны төңіректегі елге келіп тұрмысқа сіңіп жатты.
Қазақ өмірінің өзі мектеп баласымен бірге оқып, үйреніп өсіп келе жатты.
Поезд бір ырғақпен теңселе дүрсілдеп келеді. Күздің бояуы оңған ақшыл
көк аспанының аясында сұлық жатқан далаға Ержан ұзақ қарады. Мінекей
көлбеп жатқан жусанды жазық еңкейіп барып, басын тік көтеріп алғандай
ұзын адырға ұласты. Баурын жел жалап, ала бұлттан түскен көлеңкелеп
теңбілденіп жатқан сол адыр Ержанға өте таныс сияқты. Ержан бұл
даланың күзін де сүйеді. Еркін ескен қоңыр жел, ақшыл бояуы оңған бұйра
боз, кермек исі аңқыған құрғақ жусан балалық шағының тəтті елестерін көз
алдына əкелді. Көңіліне сағыныштың самалын желпіп ынтықтырады, бір
кезде сəби көкірегіне өзі құйған үнсіз күйді оятады, соны қайта
толықсытады.
Осы күнге дейінгі бар өміріне жанды бейне, ішкі мағына берген туған
жермен қоштасу қиын екен. Ержан кенет үлкен бір сыр ашып, қуанды. Ол
өзі білген бар өмірді кеудесіне сыйғызып бірге алып бара жатыр екен.
Поезд бір разъезге келіп тоқтады. Неғайбыл сапарға бара жатқан əр
адамға таныс ой толқынына беріліп. Ержан составтың алдында ақырын
аяңдап жүре берді. Əрлі-берлі жүгірген солдаттарды да ескермеді. Кенет
əсем жұмсақ күлкі еркін төгілді. Ойға шомған Ержанның тұла бойы дір ете
қалды. Қозып, алысқа шырқап кеткен қиялы əсірелесе керек, осы ерке күлкі
соншалық таныс, назды сыр айтқандай құлағына жағып барады. Селт етіп
бұрылып артына қарады.
Он бес қадамдай жерде санитар вагонының алдында екі қыз сөйлесіп
тұр. Шашын келте қырыққан, сүйегі кең, аласа бойлы қыз қасындағы
талдырмаш, қызыл шырайлы қызды күлдіріп тұр. Қуақы жымиып,
қасындағы құрбысына теңселе жақындай беріп, шалқая шегініп күлдіргі
бір нəрсе айтып тұрған томпақ бет, келте мұрын қара қызбен Ержан таныс.
Ол батальонның санвзводындағы санитарка Күлəнда. Ал, екіншісі... Оны
да Ержан бір-екі рет көрген. Бірақ таныс емес. Өзі батальонға жақында
келсе керек. Əскер киімі қыздың талдырмаш денесіне үйлеспей-ақ тұр.
Аяғындағы кирза етіктің қонышы кең, белін қынап буған мол гимнастерка
да қорбиып қолпылдап тұр. Балаға əкесінің киімін кигізіп қойғандай бір
түрлі қызық. Тек қисайта киген пилотка ғана қызыл шырайлы жас өңіне
ойнақы еркелік беріп, жараса қалыпты.
Ержанды белгісіз бір күш солай қарай сүйрей берді. Ол қысылып
тартыншақтап тұрды да, «Күлəнданы таниды екем ғой, амандаспау ұят
болар» деген сылтау тауып, қыздың қасына келді. Бірақ «Сəламатсыздар
ма» деген сөз өңі қашып, аузынан əрең шықты. Күлəнда тез байсалды түрге
түсіп, сəл төмен қарап «амансыз ба, Ержан» деді. Əсем күлкінің иесі үлкен
қара көзін кең ашып, «қайда көрдім» дегендей Ержанның бетіне ұзағырақ
қарады. Екі қыздың тыйылып, үндемей қалғанына қарап Ержан «осылар
мені мазақтап күліп тұрмаса не ғылсын» деп қысылып қалды. Бірақ енді
шегінуге болмайды.
– Күлəнда, қызық əңгімеңді бөліп жібердім ғой. Айта бер.– Ержанның
бойында өзі күтпеген жерден батылдық пайда болды.– Неге тыйылып
қалдыңыз? Əлде мені жамандап тұр ма едіңдер?
– Жоқ, жоқ...– деді Күлəнда, бүкіл кеудесімен кейін қарай теңселе
шалқайып, құрбысын тасаланып.
– Əй, білем ғой. Екі қыздың басы қосылса жігіттерді мазақтайтын əдеті
емес не!
Ержан айтуын Күлəндаға айтса да, көзінің астымен бейтаныс қызды
бақылап тұрған. Ат жақты, қызыл шырайлы жұқа өңі күнге күйіп тотыққан,
үстіңгі ерні сəл түріңкілеу, кейде тік мінезі де болса керек. Жалпы бет
əлпетінде, балаша ашың, тура көзқарасында – дүниедегі бейтаныс нəрсенің
бəрін қызық көретін балалық ынтықтық бар. Орынсыз ұялып, қымсынбай,
бірақ жөнсіз де сұқтанбай Ержанды да бастан-аяқ шолып өтті.
– Сіз, ендеше ешнəрсені білмейді екенсіз,– деді бейтаныс қыз. Бұл сөз де
баланың үлкен кісіге айтқанындай, астарсыз, ашық айтылды. Ержан енді
бұл қызбен мектептес құрбысындай, еркін сөйлесе алатынын білді, бірақ
ондай сөздің қолқасы да, сыр тартатын астары да болмайды.
– Білмесем тіпті жақсы. Өзім де мазақ болғым кеп тұрғаным жоқ,– деді
Ержан көтеріле сөйлеп.– Жала жапқаным үшін кешірім өтінем.
– Кісі танымайтын адамды мазақтамайды ғой. Оның үстіне... сізді неге
мазақтаймыз?
– Ендеше танысып қоялық. Күлəнда таныстырғысы келмей тұр ғой.
– Ой, мен ұмытып кетіппін ғой. Таныс болыңыздар. Бұл біздің взводқа
жақында келді,– деді Күлəнда құрбысының тасасынан шығып.
Ержан əскери сəнмен бойын түзеп алып, қолын ұсынды.
– Ержан.
– Раушан.
Кейбір жас жігіттер кейде əшейіндегі қалпынан едəуір жоғары көтеріліп,
ысып кетеді де, сөзі мен қимылының тізгінін қолынан шығарып алады.
Ержан да осындай күйге түсті. Ол енді əдеттегіден көбірек сөйледі.
– Біздің батальонға келгеніңіз жақсы болған. Бірге соғысатын болдық.
Дивизия бойынша да біздің батальон жақсы саналады. Біздің командирлер
де, жауынгерлер де жақсы. Өзіңіз көрген шығарсыз? Күлəнда да айтқан
шығар?
– Əркімге үйренген жер жақсы ғой. Мұнда да үйреніп кетермін. Жаңадан
келдім ғой.
– Əрине үйреніп кетесіз. Айтпақшы мен сізді бұрын да бір-екі рет
көргенмін. Осы жүрердің алдында Ақсай жаққа тактикалық ойынға
шықтық қой. Сонда сізді Коростылевтың қасында көріп ем. Есіңізде жоқ
па? Бірақ басқа бір бөлімнен шығар деп ем. – Ержан сəл іркіліп қалды.– Ал,
жүріңіздер, былай қыдырайық.
– Жоқ, қазір жүріп кететін шығар,– деді Күлəнда.
Ержанға кенет бір жақсы идея сап ете қалды.
– Ендеше жүріңіздер. Біздің вагонға баралық. Жауынгерлермен
танысыңыздар. Жол көңілді болсын, əн салайық.
– Жоқ. Бізді командир іздейді ғой,– деп тартынды Раушан.
Сөйткенше жүруге сигнал да берілді. Тағы да белгісіз күш Ержанды
қыздардың вагонына сүйреп апарды. Ол екі ойлы болып тұрып, қыздардан
артта қалып, кейінірек кірді. Мұнысы əрине ыңғайсыздау болды. Бірақ
санвзводтың командирі еңгезердей, қайқы тұмсық, қара жігіт Коростылев
таныс еді. Ержан соны сылтау етті.
– Қалай жүріп жатырсың, қария. Амандығыңды білуге келдім, Иван
Федорович,– деді Ержан қолынан келгенше еркін, салғырт сөйлеуге
тырысып.
– Дəрігерлер өз амандығын өздері күтеді ғой. Жоғары шық, жас жігіт,–
деді Коростылев жуан дауыспен.
Онша жалпақтай қоймады жəне «жас жігіт» дегені – «несін жасырасың,
қыздарға келіп жүрсің ғой, шырақ» дегенді сыпайы танытқаны сияқты.
Ержан енді болмаса шығып кететін еді, құдай оңдап поезд жүріп кетті. Енді
тар вагонда көп адамның арасында қыздармен қалай сөйлесудің ретін таба
алмады, шала таныс өзгелерімен де шұрқырасып кетуді ыңғайсыз көрді.
Бірақ тəлтіректеп жіңішке бөрененің ортасына жеткен адам, қалталақтап
шетіне де шығады. Ержан жұрт көзінен қанша қысылса да станцияны,
жерді көруге көндіріп Раушанды есіктің алдына əкелді.
– Бүгін менің туған жерімнің тұсынан өттік.
– Сіз осы жерде туып па едіңіз?– деді Раушан Ержанның бетіне қарап.–
Əке-шешеңіз қоштасуға келді ме?
– Жоқ. Олар темір жолдан алыс. Хабарлауға болмады.– Ержан күрсіне
дем алды.– Бүгін туған жермен қоштастым. Ана қараңызшы, дала деген
тамаша емес пе? Көзі жаудырап қалып бара жатыр. Жеңіспен күт бізді,–
деп Ержан қолын бұлғады.
– Несі тамаша. Екі күн болды. Түк бұдыры жоқ, іш пыстырып жіберді,–
деді Раушан ұнатпай.
Ержан өзіне ұнағанның бəрі Раушанға ұнайды, өзін қуантқан оны да
қуантады деп ойлап қалса керек, мына сөз оған тура өз басын кемсіткендей
тиді.
– Жоқ, бұл темір жол бойы ғана осылай көңілсіз. Əрегіректе толып
жатқан əдемі жерлер бар. Қайыңды, Талды дейтін өзендер, таулар бар,–
деді ол бастапқы екпінінен қайтыңқырап.
Раушан да Ержанды ренжіткісі келмесе керек.
– Біздің жер де таулы, өзенді болушы еді. Біздің таулар Алматыдағы
таулардай нағыз биік емес те, бірақ одан сұлу.
– Сіз қай жерде тудыңыз?– деді Ержан.
Раушан Шығыс Қазақстанның бір кішкене қаласында өскен екен. Туған
жері Көкшетау жақ болса керек. Бірақ ол жерлер анық жадында қалмапты.
Əкесі бұдан он шақты жыл бұрын Шымкентте қызмет істепті. Раушанның
есінде қалғаны ол шаңы да, жасыл бағы да көп, ыстық қала екен. Содан
кейінгі тұрақтап мекен еткені Өскемен маңы. Содан онжылдықты биыл
бітіріп Алматыға оқуға келген. Қалада ағайының үйі болғасын ертерек
келіп оқу таңдап, дайындалмақ ойы бар екен. Бірақ жұрттың көбі майданға
аттанып, өзгелері Отан үшін жан аямай қызмет істеп жатқанда қарап
жүрген дені сау жас адам көшеге сыймайды екен. Раушан да ешнəрсені
сезбейтін, түсінбейтін баяғының қызы емес, талай кітап оқыған, киноларды
көрген. Азамат соғысында əйелдер сондай ерлік көрсеткенде, қазіргі совет
қыздары да олардан кем соқпауға тиіс қой. Ағасының кейитінін біліп, оған
айтпастан Раушан əскерге алуға сұранып арыз берген. Жеңгесі «ескішілдеу,
қазақы» əйел, бұның əскерге алынғанын естіп біраз жылапты. Осылай
аттанарда да Раушанды баяғының қызындай көріп: «Əйел жолы тар, қиын
болады-ау, еркешім» деп жылаған. Жеңгесі «осы күнгі қазақ қыздарының
еркек балалардан кем түспейтінін, олар ұстаған винтовканы бұлар да ұстай
алатынын» білмейді екен. Бірақ аздаған ескілігі болса да Сағила жеңешесі
өте ақкөңіл, мейірімді жақсы адам екен. Раушан апасы мен Сағиланы аздап
сағынып та қалыпты. Ержанның тағы бір білгені – қыздың түпкі ойы
санитаркалық емес, барлаушы, не болмаса снайпер болу екен. Бұл жөнінде
батальон командирі капитан Арыстановпен де сөйлескен екен. Ол басында
балалық көріп сеніңкіремепті де, ойлана келе Раушанның тілегін түбі
орындауға уəде беріпті. Тек «азғана соғысып жаттыққанша санитаркалық
қызметте бола тұр» деп ақыл айтыпты. Сонымен Раушан санвзводта
түпкілікті адам емес. Қыздың тағы бір тілегі осы күні жау өрекпіп келе
жатқан батыс майданға Москва бағытына жіберсе деп тілейді екен. Осы
араға келгенде оның сөзін Ержан да іліп əкетті. Жас командир
стратегиялық жағдайға тоқтала келіп, «біздің дивизияны Москва бағытына
салады» деген беделді пікірін айтты. Сөз кезегін алып Ержан да өз өмірінен
біраз ақпар беріп тастады.
Күлəнда бұларды домино ойнауға шақырды. Ойында Коростылев пен
Күлəнда бір жақ, Раушан мен Ержан бір жақ болды. Ашық əңгіме екі
жастың арасын, көптен бері таныс адамдай жақындастырып тастады. Қазір
ойын үстінде де Ержан Раушанға ұрлығы бір, сырлас адамдай құпия
пішінмен қарап қояды. «Мыналар отыра берсін, екеуміз білеміз ғой»
дегенді айтады – оның пішіні. Payшан қай тастан жүрерін білмей,
«шатастырып алсам қайтем» дегендей үлкен қара көзі жаудырап Ержанға
қарайды. Ол шыдай алмай ойын тəртібін бұзып, ымдап қояды. «Ну, ну сен
екеуің ымдаспай отырыңдар!» дейді Коростылев жуан даусымен. «Екеуің»
деген сөз Ержанның құлағына жағып, көңілі жыли түседі. «Раушан, өзіңнің
жігітіңе ие бол, кісінің қолына қарамасын» дейді бір кезде Күлəнда. «Жоқ,
жоқ, қарағаным жоқ. Тек алтылықтың дүплін ғана көрдім» ден күледі
Ержан, əлденеге мəз болып. Енді оған жұрттың бəрі мұның Раушанмен
танысқанына қуанып қалғандай көрінеді. Əрқайсысы жақсы ниетпен екеуін
телін жатыр. Ержан да Күлəндаға жаңағы ұнаған сөзі үшін жақсылық еткісі
келіп, «ал дүплиться ете ғой» деп, алтылықты баспай, өзін ойнап отырған
үштікті жапты.
Ержан өз вагонына жайдары қайтып, Добрушкинді кезексіз нарядтан
босатты. Кеште де жауынгерлермен қалжыңдасып, ұзақ сөйлесіп отырын,
жолға шыққалы бірінші түн тыныш ұйықтап кетті. Ертеңгісін оянғанда
вагон терезесінен қиғаш күн сəулесі түсіп тұр екен. Көлденең төрт қырлы
күміс баған тіреп қойғандай. Жауынгерлер де сергіп ояныпты. Ержан жаны
жай тауып, рақаттанып жатыр. Сонау бала кездегі ашық түндіктеп биік көк
аспанға қарап жатқанындай. Қазір келіп көңіліне құйылатын тағы бір
қуанышы бар сияқты. Кеше бір жақсылыққа жолыққан жоқ па еді?
Ержанның есіне Раушан түсті. Оның бойында бусанған ағаштың бұтағына
келіп қонып көктемді аңсатқан жыл құсындай жас жігіттің көңілін елегізіте
еліктірген күш бар. Ержан Раушанды көз алдына елестетіп, қозғалмай біраз
жатты. Бірақ бет əлпеті, тұлға пішіні бұлдырап кете берді. Анық бейнесінен
айрылып, мұнартып қана көрінеді. Тек домино ойнап отырғандағы бір
көзқарасы ғана есінде қалыпты.
Ержан орнынан тұрды. Кенет оны мастықтан айыққан адамның: «Кеше
бір нəрсе бүлдіріп қойған жоқ па екем?» деген қуысты күдігі биледі.
Расында да, өзін қыз алдында тым ебедейсіз ұстады. Тіпті көп сөйлеп кетті.
Өзінің де сондай бір оңбаған мінезі бар, кейде тығылып аузын аша
алмайды да, кейде мылжыңдап кетеді. Қыза сөйлегенде даусы да дарылдап
шығады. Сондай сүйкімсіз, иə, иə... Бір-екі рет Раушан сөзін бөлгенде де
тоқтамай қойды. Сонда қыз ұнатпай қалды ғой. Қыздардан қалып қойып
вагонға соң кіргенін айтсайшы. Жұрт мұның не себепті келгенін сезіп
ұнатпай қалғандай жəркелештеніп жымиып күлді-ау əлі. Сондағы
жексұрын кескінін Раушан көрмеді дейсің бе. Домино ойнағанда да бір
көрген адамның алдында орынсыз ыржалақтап кетті. Айтпақшы, кеше ол
қызды-қыздымен «мені бастықтардың жоғарылатпақ ойы бар» дегенді
айтып салды-ау. Осынысы есіне түскенде жерге кіріп кете жаздады. Таңғы
қуаныш улана келіп, енді ішін тырнай барады. Ержан өзін қасиетті, таза
нəрсенің алдында ластап алғандай керді. Сөз жоқ, енді көрсе Раушан одан
жиіркеніп теріс айналып кетпек.
Осы азабымен арпалысып жүріп, ол аялдамада Раушанды көріп қалды.
Жолығуға қанша жүрексінсе де шыдай алмады. Бірақ тура бара алмай
қасынан жанап өте берді. Раушан оны көріп жалт қарады да, жайнап, езу
тартып:
– Амансыз ба, Ержан,– деді.
– Сəламатсыз ба,– деді Ержан сенер-сенбесін білмей сұлық қана.
Өңінен күлкі сөніп, Раушан Ержанға үрпие қарады:
– Түріңіз жүдеу. Сырқаттанып қалдыңыз ба?
– Жоқ. Жəй, əшейін,– деді Ержан ыржиып. Жігіттің екі езуі құлағына
қарай созылып бара жатты.
4
Аттанарда, вокзалға келгенде Көжек қатты елегізіді. Қаншама жанжағына жалтақтап қараса да таныс ешкім көзге ілікпеді. «Апырмай,
Балқияның келе алмағаны-ау, Еркінжанды көре алмай аттанатын болдымау» деп налыды. Көжек бір мықтыдан қанша тілек тілесе де, «қырық жыл
қырғын болса да ажалды өледі» ден өзін жұбатса да, алдындағы соғыс
деген апатқа сене алмайтын. Өмірінде ауылдан алыс аттап шықпаған адам
енді ұшы-қиыры белгісіз соғыстың өзіне кетіп бара жатқанда қобалжымай
қайтсін. Қайтып оралғанша кім бар, кім жоқ. Балқияны көргенде, оның
Еркінді əкелгенін естігенде Көжек қуаныштан жарылып кете жаздады.
Осының өзін жақсылыққа жорып, «апырмай, жолым болар» деді ішінен.
Балқиялар мініп келген ескілеу, қалқансыз кішкене тарантас вокзалдың
алдындағы бақтың ішінде тұр екен. Көжек анадайдан-ақ арбаның үстіне
орап отырғызып қойған Еркінін танып: «Өй айналайын, құлыным» деп
емпеңдей жөнелді. Бірақ ілесе келе жатқан Балқия оның иығынан тартып:
«Ибай-ау, алдымен ана үлкен қайнағаға сəлем берсейші». деп, бетін бұрып
жіберді.
Кішілеу орақ мұрны шөгіңкіреп қалған, селдір ақ сақалды Жексен қарт
күйбеңдеп арбадан түсіп Көжекпен құшақтасып көрісті. Бұл шал,
«Екпінді» колхозына негіз болған Мазы руының қазіргі жасы үлкені
болатын. Сондықтан да Көжек Жексеннің құшағынан шыға беріп: «Бəсе,
мұндарың менің қадірімді білген екен ғой» деп қойды ішінен.
– Шырағым, Көжек,– деп бастады қарт дымқыл тартқан кəрі көзімен
Көжекті сынай шолып өтіп.– Аттанады деген хабарыңды естіп тыныш жата
алмадым. Дидарыңды көріп, өз қолымнан аттандырғалы келіп отырмын.
Сенің де маған бөтендігің жоқ. Өз үйірімде өскен баласың, жаттығың жоқ.
– Рақмет ақсақал, ықыласыңызға ризамын,– деді Көжек, қарияның
ниетіне жібіп.
– Жарықтық, Жекең деген ескінің көзі ғой. Алалығы жоқ аға, ақылгөй
ұстазым емес пе?– деп қошеметтеді Көжектің жақын ағайыны Бейсен.
Бейсен сөзінің астары: Көжектің əкесі Шөжебай ертеректе келіп Мазы
руына сіңіп кеткен «кірме» болатын. Оның мұндағы исі бір ағайыны
Бейсен ғана. Сондықтан да колхоздағы кəрілер: «Көжек маңымда ешкімім
жоқ, жалғыз екенмін ғой деп налып аттанбасын» деп іштеріндегі ең үлкені
Жексен шалды жіберген-ді.
Енді көңілін тежеп, бойын түзеп, Көжек үйреншікті амандық сұрасты.
– Ел аман. Бəрі де саған сəлем айтып жатыр, қарағым. Елдің тілегі
сендерде ғой. Мал-жандары аман. Əйтеуір тырбанып жатқан халық та,– деп
жауап қайтарды Жексен.
Көжектің алақтап баласына қарай бергенін сезіп ескерімді қария оған
рұқсат етті.
– Шырағым, ана жұбайың келіп тұр. Балаңды алып келді. Нəресте ғой,
бетінен сүй,– деді аз күйбеңдеп теріс айнала беріп.
Қария сөзінің аузынан шығуы-ақ мұң екен, Көжек əйелінің қолындағы
баласын құшақтай алды. Інісінің тым асығыстығы ерсілеу бола ма деген
Бейсен баласын сүйіп жатқан Көжек пен қарияға кезек қарап:
– Бала дегенді қойсайшы бұл, адамның бауыр еті ғой. Қайран,
артындағы тұяғы емес пе?– деді елжіреп.
Көжек момын, бауырмал адам болатын. Көп қазаққа ортақ бір қасиет –
бұл да аса балажан кісі. Оның себебі де бар. Жиырма жасқа шыққанда əкесі
бұғап осы Балқияны алып берді. Қой аузынан шөп алмайтын Көжектің
еркек жүзді, ер мінезді Балқияға шын көңілі кеткенінің қатар
құрбыларының ешқайсысы сезбеді де. Балқия көз тартар көрікті
болмағанмен, заманымыздағы қазақ қыздарының ішіндегі еркін мінездісі,
өткірі болды. Осы сирек мінезі оны өз құрбыларынан ерек көзге түсірді.
Оған көңілі кеткен жігіттер де аз болмады. Кейбіреулері қыздың мінезін
ұнатқан болар, ал көбісі-ақ қыздың жайдары, ашық еркіндігіне қарап жеңіл
тоят іздеп алуан түрлі сиқырлығының торына ілігіп емескі үмітпен желбуаз
болса керек, əйтеуір бұған назары түспеген жігіт сирек болды.
Көрші ауылға Көжек те келгіш болып кетті. Сылтау табылмаған кезде
жоқ іздеген болып Балқияның үйіне бір соғып кететін. Бірақ қызға сөз айту
тұрсын, қалжың айтуға да батылы барған емес. Ойын-сауықта қатар
отырып қалғанда ақырын сыр тартып көргісі келіп Көжек талай оқталды,
бірақ Балқияның сайқымазақ жігіттерді өткір қалжыңмен бетке ұрғандай
тойтарып, жұртты ду күлдіргенін көріп Көжектің көңілі су сепкендей
басылатын. Сөзге жүйрік шешен қыз Көжекті де кейде түйреп алатын.
Бірақ бір ғажабы сайқымазақ жігіттер Көжекті əжуалап, кеміте бастаса-ақ
тойтарып тастайтын. Өз меншігіндей өзгелердің сықағынан қамқорлықпен
қорғайтын. Ауыл жастары бас қосқан ойын-сауықта да көбіне Көжектің
қасына отырады. «Көрші алмастыру» ойнында қадалған жерден қан алатын
кенедей жабысқақ жігіттер қыздарды салып Көжекті қанша сұратса да əн
салып, өнерін көрсетіп, Балқия оны бермей қоятын. Сол жігіттер Көжектен
де Балқияны қадалып сұрайтын. Қыз ықыласына жаны риза Көжек оны
тіріде берер ме? Бірақ өнері жоқ адамға, ойын тəртібімен дүре соғылады.
Көжектің бар тапқаны ыржиып күліп арқасын тоса береді. Қазақ
жігіттерінің қалжыңы қандай қатты, іштеріндегі ең қарулысы – сулап
ширатып өрген түрме белбеумен керіліп, құлаштап тұрып соғады.
Бір күні жастардың бас қосқан сауығында Балқия тіпті өзгеріп кетті. Ол
бірінші сұрағанда-ақ Көжекті беріп жіберді де, Салмұрат деген жігіттің
қасына ұзақ отырды. Ол өзі бозбаланың ішіндегі көріктісі болатын.
Онымен жарысқа түсуге Көжекте дəрмен жоқ. Тек Балқия екеуінің кейде
сыбырға көшіп күле сөйлесіп отырғанын қабақ астынан бақылап, іштен
тынғаннан өзге шара қалмады. Ол екеуінің жүзі жадыраған сайын Көжек
жүзі түнере берді. Бұл халде ұзақ отыруға шамасы келмей, енді шығып
кетуге ыңғайланғанда, жастар шуласып алтыбақан ойнауға шықты. Көжек
те сүйретіліп алтыбақанға келді. Бірақ Балқия мен Салмұраттың жұрт көзін
ала беріп, оңаша кетіп бара жатқанын көріп, басы ауғандай аңырып
солардың соңынан ере берді. Бір кезде: «Жастық дəурен өтеді» деген
Салмұраттың сөзі құлағына шалынды. Одан əрі оның Балқияны иығын
орай қаусыра құшақтағанын көрді. Енді екеуінің басы түйісіп бірге кетіп
барады. Көжек Салмұратты тарпа бас салғысы келіп, ұмтыла беріп, тұрып
қалды. Өзінің ана жігітке əлі келмейтіні есіне түсіп, əбден ыза болды.
Ақыры «мейлі, қалағаны сол болса» деді де алтыбақан құрған жерге
қайтты. Мұны елеген адам болған жоқ. Көжек шеткерірек отыра кетті.
Шолпы сылдырын естіп жалт қарағанда ай сəулесімен қылаңдап жүгіре
басып келе жатқан Балқияны көрді. Көжек орнынан атып тұрды. Балқия
оған қараған да жоқ, бір құрбысын алды да үйіне қарай кете берді. «Балқия
алтыбақанға кел» деген біреуге, қайрылмастан «басым ауырып тұр» дей
салды. Не істерге білмей қалтиып тұрған Көжек Балқияның қасындағы
қыздың: «Ибай-ау, көйлегіңнің жеңін кім жыртқан» дегенін естіді. «Несін
сұрайсың, өз құнымның арзан екенін жаңа білдім ғой» деді Балқия күйініп.
Көрмеде байлаулы тұрған атқа қарай кетіп бара жатқан жігіттің
Салмұрат екенін Көжек білді. «Əй, қор болып-ақ біттім ғой, қолында
өлейін сол иттің» деп Көжек солай қарай жүгірді. Атының тізгінін шешіп
алып, үзеңгіге аяғын сала берген Салмұрат «саған не керек?» деп Көжекке
жалт қарады. Көзінің асты қарайып кетіпті. Көжек іркіліп қалды. Анау
атына мінді де, артына ұрлана бір қарап, жорта жөнелді.
Арада бір жұма өткесін Көжек жолы түсіп Балқияның жолының үстімен
жүрді. Күн ыссы, шөлдеп қалса керек, шеткі үйден сусын ішіп кеткісі келді.
Балқия үйде жалғыз екен. Көжекке онша жалпылдай қойған жоқ. Бір
уақытта үлкен тостағандағы қымызды тауыса алмай ұзақ ішіп отырған
Көжекке:
– Немене осы ауылға бос салпылдап келе бересің. Одан да құдалыққа
кісі жібермейсің бе? – деді əмір ете сөйлеп. Айттырып қойған жерім жоқ,
сенің де құда түсіп өткізіп қойған малың жоқ көрінеді. Маған күйеулікке
жарайтын сенен пысық жігіт көре алмай жүрмін,– деп қызара бөртіп, күліп
жіберді.
Мұнысы қыздың мазағы ма, шыны ма, Көжек оны айыра алмады. Тек
қысқа қоштасты да тура ауылына қайтты. Бірақ өзінше батыл байлам
жасады.
Əкесіне келіп:
– Бөкенбайдың қызына көңілім кетті. Қыздың өзі де кет əрі емес.. Құда
түскен жері жоқ көрінеді. Соған құдалыққа кісі жіберсеңіз,– деді.
«Осының өзі ынжық болмаса не ғылсын» деп жүрген əкесі баласының
сөзіне риза болып жəне «сол баланың өзін отты деуші еді, Көжектің де
жібін ширатар» деген ойға келіп, қолындағы үш-төрт тұяғының екеуін атап
құда түсті.
Осылай біреуді күлдірген, біреуді таңдантқан Көжек пен Балқия өмірі
басталды. Бір-екі жылдан кейін Көжектің əкесі қайтыс болды. Қолдағы бір
сиыр, бір ат өзге кəсіп болмағансын күн көріске мықты тірек бола алмады.
Балқия Көжекке «арланбай, жалға бар, еңбек етіп күнелткеннің айыбы
жоқ» деді. Сөйтіп Көжек жалданып мал бақты. Арада алты-жеті жыл
өткесін қазақ ауылы колхоз бола бастады. Конфискадан үлесіне мал тиіп
қоңданып қалған Көжек «арты қалай болар екен, ақысын аңдай тұрсақ
қайтер» деп еді, «қимайтын қайбір тасып бара жатқан дəулетің бар еді,
көппен бірге көрген ұлы той, біз сияқтылардың қолы осы» деп Балқия
колхозға кіргізді. Əрбір жаңа үлкен істің бастамасы сияқты колхоз өмірі де
азғана сықырлап барып арнасына түсті. Дау-далаба, билікке жоқ болғанмен
шаруаға құнтты, іске ұқыпты Көжекке колхоз өмірі ұнады. Келе-келе етене
үйреніп, басқаша өмір сүруге болады деп ойламады да, жұртты шулатып
көзге түспегенмен, кəдімгі жақсы малшы болды. Колхоздағы тиімді
еңбектің бірі осы еді. Еңбеккүні де өнімді, төлді аман өсіріп жыл сайын мал
да алады.
Көжектің кемеліне келген өмірін ойсыратып тұрған бір арман бар еді. Он
бес жыл отасқанда əйелінің өкшесі қанап көрмеді. Баланы от басының
қызығы дегеннен анағұрлым артық бағалайтын Көжектің бар тілегі бір
перзент болды. Балажан ол көршілердің балаларын маңдайынан иіскеп,
еркелеткенде көзіне жасы іркіліп те қалатын. Балаларын қарғап-сілеген
əйелдерді көргенде «тəйт əрі, жаман сөз айтпа сəбиге, тұқымың құрғыр
деген жаман сөз» деп қатты кейитін.
Алғашқы кезде өзінің осы ауыр уайымын əйеліне айтуға бата алмай
жүрді. Келе-келе ептеп сыр тартып:
– Біздің бір томпаңдаған баламыз болар ма еді. Шіркін, жас иіске не
жетсін,– дейтін болды.
Балқия онысын елемеген болып:
– Қойшы, тəйірі, қоянның баласы жасың жетіп қартайып отырмысың,
болат-тағы, несіне асығасың. Игіліктің ерте-кеші жоқ,– дейтін.
Бірақ бір перзенттің зарын молырақ тартқан Көжектің аузынан бір күні
«бедеу қатын» деген сөз де шығып кетті. Осы сөзді естігенде əшейінде
Көжекке əмірі үстем Балқия бір түрлі жүдеп, кішірейіп қалды. Кейінгі
кезде баланың зарын көп тарта бастаған Балқияға бұл сөз аса ауыр тиіп,
көзіне жас алды. Көжек өмірінде көзіне жас алмаған əйелін қатты аяп кетіп,
қолынан келгенше жұбатқан болды. Бірақ Балқия өксіп, жылап жіберді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 04
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.