Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 07

Total number of words is 4014
Total number of unique words is 2319
33.0 of words are in the 2000 most common words
48.2 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Коростылев бармақтай жуан оралған темекісін сорып, қайқы тұмсығын
жылтылдатып Ержанға қарап қойды.
– Қалжыңдаған боласың-ау, бала. Бірақ көңілінде күлкің жоқ. Ішіңнің
алай-дүлей болып жатқаны көрініп-ақ тұр.
– Оны қайдан білесің? – деді Ержан қараңғы да болса Коростылевтің
жүзінен көзін тайдырып əкетіп.
Коростылев қарқылдап күліп алды. Ержан күлген жоқ.
– Əнекей, мен күлгенде күлген жоқсың ғой.
– Күлетін түгі де жоқ,– деді Ержан мазақ болғанына ашуланып.
– Қой, ашуланба,– деп Коростылев Ержанның иығына қолын салды.
Ержан иығын тез босатып алып, ретін тапқансып қағытып өтті:
– Қолың аюдың табанындай ғой.
– Менің өзімнің аюдан кемдігім қайсы.– Коростылев байсалды, ойлы
пішінге ауысты.– Бірақ аю да болсам əр нəрсені сеземін.
– Менікі де қалжың ғой,– деді Ержан, түбі Коростылевпен араздасқанды
тиімді көрмей.
– Иə-ə, бүгін ойын-күлкінің күні емес,– деді Коростылев күрсінгендей
болып. – Мен фин соғысына бастап аяң қатыстым. Сонда да көңілім елегзи
береді. Алғашқыда, əрине, қиындау болады. Бірақ адам баласының
төзбеген нəрсесі жоқ. Бүгін ғой саған ас батпай жүр?
Ержан шынын айтты.
– Оның бəрі өкінішті. Əлі өліктің қасында қара нанды күйсеп отыратын
боласың. Ештеңе етпейді,– деді Коростылев.
Ержан қатты тіксініп, Коростылевқа жалт бұрылды.
– Сіз неткен қатал адамсыз.
– Мен бе?– Коростылев сабырлы қалпын өзгерткен жоқ. Тек темекісін
қаттырақ сорды.– Мүмкін. Əлі өліктің дорбасындағы нанды да алып жейтін
боласың. Есіңде болсын тірі қалған адамға тіршілік ету керек. Ал соғыс
деген қатал нəрсе. Шүйкесі нашар кісіге жұмсақ тимейді. Қаталға қатал
болмасқа шара жоқ.
Ержан көңіл түбінде мақұл көрмесе де, оның дəлеліне қарсы дау айта
алмады. Коростылев аз бөгеліп қайта сөйлегенде даусынан күрсініс
байқалды.
– Мен сені ренжітіп алдым-ау деймін. Бірақ сөйтпеске сенің де амалың
жоқ. Осы бастан бекініп, түйіне бер. Тас болып қат, ал бірақ адамға деген
рахымыңнан айрылма. Үміт, сенім, керек болса махаббат деген де адамды
ажалдан сақтайтын бойтұмар. Мен идеалист емеспін, бірақ сенім деген өте
қажет нəрсе.
– Жауды жеңетінімізге мен сенемін,– деді Ержан.
– Оған бəріміз де сенеміз. Əрине ол оңайға түспес те. Ал оның үстіне
жеке бір адамға сену керек.
– Сіз ғашықтықты айтасыз ба?
– Мейлі, тіпті ғашықтың болсын. Бірақ мен көз қысып, қабақ
қағысқанды айтпаймын. Нағыз ажалдан сүйреп шығатын махаббатты
айтамын. Өмірде сондай бір адам барын білесің, соған бар жаныңмен
сенесің... Сол үшін өліп кетсең де арманың жоқ. Ал ажалдан қорықпаған
кісі өле қоймайды.– Коростылев жуан қатқыл даусы жұмсарып еліге
сөйледі.– Жүрегіңдегі ең асылыңды шаң-тозаң жуытпай бір адамға
сақтайсың. Қанша қанды қырғын ұрыста жүрсе де сол асылын аяулы
адамына табыс етпей тұрып, бар сырын ақтармай тұрып кісі өлемін деген
ойға сенбейді. Соған жететініне сенеді. Солай, жас жігіт.
– Бұл өз басыңызда болған оқиға ма?
– Гəп онда емес,– деп Коростылев кенет ұйқыдан оянғандай даусы
өзгеріп.
– Сіз философ екенсіз.
– Иə, ондайым бар. Қой, Германия философтар отаны болғанмен,
фашистер философияны сүймейді,–деді Коростылев ойнақы үнмен, өзінің
аяқ астына ақтарыла салғанын жуып-шайғысы келіп.– Ең дұрысы іске
кіріселік.
Ержан жұмыс істеп жатқан адамдардың қасында көзге сүйел болып көп
тұра алмады. Ол қайтуға беттегенде «төртінші ротаға пакет таратып
келейін» деп Күлəнда да ере жүрді. «Неге келдім, не тындырдым, осы
менікі не жүріс» деген ой мазалап Ержан ісінің берекесі қашқан адамдай
аса бір ыңғайсыз халге түсті. Алыстағы əлсіз найзағайдай қараңғы түннің
жиегін желпіп снаряд оты жарқылдайды. Атыс даусы əлсіреп, жұмсақ
естіледі. Күндізгі қансоқта жеміне күпті болған жалмауыз – соғыс ыңырана
лоқсып ақырын төніп келеді. Ержанның есіне Коростылев сөзі түсті. Өзін
қорбиған жайдақ нəрсе ғой деп қана ойлаушы еді; оның ішінде де біраз сыр
бар сияқты. Алдыңғы тұрпайы сөзі Ержан жүрегіне тікендей қадалғанмен,
соңынан басқа жақтан келіп шықты. Əшейінде мұндай аяқ астынан
ақтарыла салған сыр, Ержан жүрегіне əсер етпей өте шығар еді, тіпті ерсі
де болар еді. Бірақ бүгін əр адамның жан жүйесі бір күйге бұралған көп
аспаптың шегіндей – бірі үн шығарса, өзгелері де қосыла Коростылевтің
айтқаны Ержанды көп толқытқан ой еді. Алғашқы оянған махаббат аңсары
соғысқа жақындағалы өрши түсті. Көп көрісіп үйренісе алмай сырттан
ынтыққан бала қиял Раушанды биікке, аспанға көтерді. Мінекей, тағы да
тілдесе алмай арманда келеді. Екеуі қол ұстасса, сонау қараңғы түнектен
жарқылдай төнген қаһарлы соғыс та қауіпті болмас еді. Бірін-бірі ажалға
бермес еді. Соңынан көлеңкедей еріп Күлəнда келеді.
– Жаңағы Ваня ағай жақсы айтты-ау,– деді Күлəнда қатарласа беріп. –
Өте жақсы айтты,– деді тағы да күбірлеп.
– Иə, өте дұрыс айтты.
Тағы біраз үнсіз жүріп, окопқа жақындағанда Күлəнда Ержанды бөгеп
қалды. Қыздың жас өңі əдеттегісіндей емес, түн қараңғысынан бұлдырап,
мұнартып əдемі көрінеді. Қиықтау қара көзі дөңгеленіп Ержанға телміре
қалыпты. Сүйгенін аңсап келе жатқан жас жігітке бұл Раушанның көзіндей
болып, ыстық тартып кетті. Ержан да іші жылып емірене қарады.
– Ержан,– деді Күлəнда даусы дір етіп. Жақындай ұмсынып, қолын
Ержанның иығына салды да, қайтадан тартып алды; жеңінің ұшынан
ұстады.– Ержан... өзіңді сақтай гөр... Мен тілектеспін
Ержан қарымен қапсыра орай Күлəнданың арқасынан қақты.
– Рақмет, Күлəнда! Өзің де аман бол.
2
«Өлім деген не? Ол адамның жоқтыққа айналуы. Айталық «өмір
жолының аяқталуы». Адам барлық ісінің аяқталғанын, тынғанын жақсы
көреді. Тек қана өмірдің аяқталғанын жек көреді. Жоқ болып кету өте
қорқынышты. Ал діншіл адамдар рухының мəңгі өлмейтініне сенеді.
Логика бойынша оларға өлім қорқынышты болмасқа тиіс. Өйткені о
дүниенің де рақаты бар деп біледі... Бірақ олар да өлімнен қорқады. Неге
олай? Құдайға сенбегендіктен менің өлімнен, яғни мəңгілік жоқ болып
кетуден қорқатыным дəлелді».– Ойы осы араға келіп тіреліп Купцианов
жан-жағына қарап алды. Шаруаның аласа төбелі төр бөлмесінің іші
тыныш. Батареядан қуат алған кішкене лампа үй ортасын дөңгеленте
жарқыратып қараңғылықты бұрыш-бұрышқа, жүк тасасына қуып тастаған.
Есікке таман құлағына трубасын байлап алып, мүлгіп телефонист солдат
отыр екен. Өзі мүлгіп кеткен бе, қалай? Əрине ол мен сияқты толғанбайды.
Оқыған, ойлы адамдар сезімтал болады. Өмірді де қатты бағалайды». Осы
арада көзіне жас кезіндегі бір оқиға елестеді. Бұл гимназияға баратын
көшеде қолын созып «подайте, христа ради» деп сыңсып бір қайыршы
тұратын. Вениамин оған анасының тапсыруымен күнде бақыр ақша тастап
кететін. Өмірге мəз бозбаланы оның əсіресе жирендіргені – сасық исі еді.
Жақындағанда қолқаны атып кететін. Оған соқпай кетейін десе анасының
тілін алмауға батылы жетпейтін. Бір күні ыза болып кеткен Вениамин
шалға: «Осы, сен, не үшін өмір сүресің»,– деді, «Шырағым-ау, ешкімнің де
өлгісі келмейді ғой»,– деп еді шал,–«рас, ешкімнің өлгісі келмейді.
Простейшая истина. Айтпақшы, тарихта талай солдаттардың өз денесін
оққа тосып командир өмірін сақтап қалғаны мəлім. Бұл неліктен?»
Купцианов солдатты ондай іске апаратын сезімдерді біраз талдап көріп еді,
бірақ бұған жауап таба алмады. Оның көзі хат жазып отырған Уəлиге түсті.
«Əйеліне жазып отырған болар,– деп түйді Купцианов.– Бірақ оның ойы да
қазір осы төңіректе жүргені анық. Ол ғой қазір ең алдымен өз өмірін ойлап
отыр. Хат жазу да өмірге деген үміттің бір түрі».
Бүгінгі күн тым қызу болды. Əр бөлімшеге өз орнын, артиллерияға атыс
позициясын картадан белгілеп беру онша қиын болмаса да, соларды жер
бетіне орналастыру оңайға соққан жоқ. Кəдімгі əуре-сарсаң.
Жəрдемшілерімен, өзге командирлерімен қоса бұған Купциановтың өзі де
көп араласты. Əшейінде көнбісті, «ие мақұл» деп тарта беретін үшінші
батальон командирі жалпақ бет қара қазаң Қонысбаевтың өзі бүгін мұны
біраз күйдірді. Бірақ онымен шарылдасқаны тез-ақ ұмыт болып еді, ұзақ
ашуландырып, кіжіндірген Арыстанов. Мұның əмірін керенаулау болса да
құп алып жүрген Мұрат барлығын дерлік қиқар істепті. Бүгінгі бекіністі
жасауға Купцианов бар өнерін салып еді. Алдын-ала картаға тесіле үңіліп,
көп қиялдап əдемі бекініс шебін сызған-ды. Оны өзінше біраз түзетті. Көп
үңілгесін сызықтың əр ирегіне дейін көңілінде жатталып, көзін жұмса да
қызыл қарындаштың ізі көрініп тұратын болды. Оған ішінен «благородная
линия» деп ат та қойып алды. Бағдарлауға шығып жерді көзбен көргенде де
негізінен осы сызық қалып еді. Тіпті полк командирі Егоровтың өзгеше
ойларына да сыпайы түрде дəлелді дау айтып, өз дегеніне иіп əкелген-ді.
Дивизияның штаб бастығына да арнайы барып мақұлдатып еді. Жəне бұл
жоспарды өзі жасағанын да сəті түсіп анық аңғартқан. Вениамин көңіл
түкпіріндегі ұштығы көрінген пиғылын – өзгеге арнаса да, өзі үшін
анықтап алатын. Он бес жылдан артық іштей түрткілеп маза бермей
жүретін бір ойы бар еді – ол үлкен қолбасы болу, даңқын шығару. Училище
бітіргенде қолбасы жұлдызы жарқырап жап-жақын тұр еді. Революциялық
елде жастай тез көтерілу тіпті қиын емес сияқты көрінген. Бірақ бұл бір
сатыны аттап өтпей ақырын жылжыды да, əлгі жап-жақын жұлдыз алыстай
берді, бұлдырап кетті. Купциановтың жастық арманы, жалыны сөніп, шоғы
өшіп қоламта тартты. Енді сол қоламта жел үрлегендей көкірегінде қайта
маздады. Алғашқы ұрыста-ақ өзін көрсету мақсаты мұны жас балаша
қызықтырып əкетті. Сəті түспей осы кезге дейін бүркеліп келген əскери
талантын ашпақ болды. Көрсін, ұқсын. Əшейіндегі бейжай қалпынан
сергіп, бар ынтасымен бекініс жоспарын жасады. Өзгесін айтпағанда
мұның диспозициясының аса ұтымды екі жағы бар – адам шығынын
азайту, жауды тойтару. Купцианов жау күшінің салмағын жақсы біледі. Не
жасыратыны бар, бұл рубежде жауды ұзақ ұстап тура алмайтынымыз анық,
сондықтан да ол шығынсыз шегіну жағып қатты ойлады. Ертең де соғысу
керек.
Купцианов қалың тұтасқан, кейде үзіліп, ұсақ шоғырланып ұзыннан ұзақ
созылған орманды жақсы пайдаланды. Батальондарды орманға арқа тірей
бекіндіріп, кейініректегі даландар мен дөңестерге артиллерия
позицияларын жасатпақ болған. Тіпті артиллерия позициялары белгіленген
нүктелерден айқыш-ұйқыш сүйір жебелі қызыл сызықтар тартып полк
майданын зеңбірек отымен түгел қамтығандай болып еді. Барлығы
есептелген-ді. Мұрат осы сызықтың шырқын бұзып батальонын ілгері
шығарып алып кетіпті. Орман алдындағы үш-төрт жүз метрдей жердегі
дөңестің ар жақ баурайын ала бекінген. Онысымен тұрмай өз қарауына
берілген артиллерия позициясын да ауыстырып, ілгерілеткен. Екінші
оралып соққанда Купцианов пен Арыстанов осы үшін қатты керісіп қалды.
Жағдайды көріп ашуға булыққан Купцианов, өзін əрең тежеп сыздана
кекетіп:
– Сіздің топографиядан хабарыңыз бар болар, жолдас капитан,– деді
Мұратқа. Содан кейін планшеткасын ашып картасын нұсқады.– Мынада
бекініс шебі анық белгіленген болатын.
Мұрат оның картасына қараған жоқ.
– Жер ыңғайына қарап сəл ойыстым,– дей салды.
– Ондай ойыса берсеңіз аз екен,– деп қағытты Купцианов.
– Əрине көп емес,– деп қостады Мұрат мұның кекесінін ұқпағандай.
– Аңғарсаңыз, жоғарғы командирдің бұйрығын бұздыңыз,– деді
Купцианов қатайып.
– Мен бе?– деді Мұрат ұзын бойымен жоғарыдан төмен Купциановқа
қарап.
Купцианов бекіністің бітуге жуықтағанын көрді, бірақ ызамен ерегіс
араласып өз əмірін өткізуге қыңырайды.
– Жолдас капитан, бекініс шебі сізге көрсетіліп берілген. Бұйрықты
орындаңыз.
Мұрат татулықты бұзбауға тырысып бекіністің алды еңіс, ұзақ жазық
екенін, жауға оқтың алыстан даритынын қысқа дəлелдеп берді. Бірақ
Купцианов бір езуімен мырс етіп қарсы дау айтты.
– Ол айтқаныңыз дұрыс, бірақ аңғарсаңыз сізден бұрын да көп жағдай
ойланған. Ұзақ ұрыста оқ-дəрімен қамтамасыз ету, егер керек болса шегіну
жағы да ескерілген. Сіз сыңар ойлапсыз.
– Мен ең алдымен жауды тоқтату жағын ойладым,– деді Мұрат даусы
қатайып.– Оқ-дəріні қамтамасыз етемін. Ал қашуға қалсақ зымырап
берерміз.– Қыңыр капитанның манадан бері жұмсақ болып тұрғаны содан
болар, мықты дəлелін кейінге сақтаған екен.– Генерал келіп еді, осы
позицияны ұнатып кетті,– деді ол жəй айта салғандай.
Капитанға өз орнын көрсетіп беру үшін қатты кетуге бел байлаған
Купциановтың енді лажы болмай қалды. Кегінің жартысын кейінге
қалдырып, əзірге тек артиллерия позициясын бұрынғы орнына кешіруге
əмір етті. Содан кейін-ақ қаншама іспен алаң болса да кешке дейін Мұрат
қылығы маза бермеді. Əшейіндегідей емес, самарқау кескін көз алдынан
кетпей ыза қылды. Бұрын Мұратты адуын, аңғалдау көруші еді, енді бақса
мынадайы да бар екен. Нағыз жалаңқабат емес сияқты. Ашық
мойындамаса да Купцианов Мұраттың күшті адам екенін түпкі бір
сезімімен аңғарды. Түбі жұлдыздары жараспайтыны айқын. Бұл оған жол
бере алмайды. Күні бойы, қалт еткенде – ол болашақ дұшпанымен өзін
салыстырып көрді. Мұрат қайратты, өжет жігіт, оның үстіне нахалдау. Бірақ
сол өр мінезінен, қызбалығынан əлі талай сүрінеді. Ал Купциановтың
артықшылығы – өзін шынықтырып жасап алған өз мінезі. Мұрат қызып
кеткенде өзін тежей білмесе, бұл қашан да байсалды қалыптан аумайды. Əр
қимылын, сөзін өлшеп-пішіп қойған, ең аяғы күлкісіне дейін өлшеулі.
Осының бəрі оны сыртқы ыстық, суықтан қорғайтын қабыршақ.
Жаңағы əзірде, штабқа қайтып келе жатқанда жалақтай жарқылдаған
соғыс отын көріп, күні бойы ықылықтап мазалаған осы ойдан арылды.
Есіне өлім түсті. «Екеумізден мықты тағы бір күш бар екен ғой,
таласымызды сол шешер-ау. Бірақ кімнің пайдасына?..» деп ойлап тіксініп
қалды. Содан штабқа келіп оңашаланғасын-ақ, осы ойға беріліп,
философияға ауысқан-ды. Енді өзі жасаған планның да, Мұратты жеңудің
де қызығы болмай қалған сияқты.
Купцианов тағы да Уəлиге қарады. Қолы сумаңдап дəптер бетінің
төменгі жағына барып қалыпты. Тым асыға жазуына қарағанда хатын
аяқтауға таянған сияқты.
Уəлидің қара сұр беті қорғасын реңденіп көкшіл тартқан. Əнекей өңіне
қан тепсінді. Енді көк пен қызылы араласып бетінде ызақор шаптықпа
адамның əлпеті пайда болды. Міне бет ұшындағы қою қызылы шымшымдап көкке сіңіп, қайта сұрланды. Жүрек дірілі мен сұсы аралас ерекше
кескін. Уəлидің өңіндегі құбылысты қызықтап Купцианов ауыр ойдан
серпілгендей болды. Ішті жегідей жеп, шешуін таптырмай тұйыққа тіреген
ойдан жеңіл жəйттерге ауысты. «Осы жігіттің маған несі ұнайды, несі
ұнамайды,– деді ол ішінен.– Осы екеуміздің арамыздағы достық па? Əлде
бастық пен бағыныштының арасындағы ресми қарым-қатынастан гөрі
жақындық па? Дұрысырақ айтқанда менің жақынырақ ұстайтын қарашым
ғана ма?» Купцианов бұл арасын тікелей анықтай алмады. Əйтеуір не де
болса екеуі ыңғайласа кетті. Ал егер Купциановтың осы полкта досы болса
ол, əрине Уəли болуға тиіс.
– Əйеліңе жаздың ба?– деп сұрады Купцианов хатты конвертке салып
жатқан Уəлиден.
– Жоқ, жолдастарыма,– деді Уəли ұрлығы шығып қалған адамдай
қипақтап.
«Əрбір тосын сауалдан қысылып қалады, өзінің бір шикілігі бар ма екен,
əлде табиғи ұялшақтығы, сыпайылығы ма екен» деп ойлады Купцианов.
– Əйелге де хат жазу керек. Ол байғұс, сарғайып хат күтіп отырған
шығар,– деді ол ақыл айтқан байсалды пішінмен.
– Оған кеше жазғанмын.
– Сен бүгін Арыстановты көрдің бе?– деді Купцианов ойда жоқта.
Уəли тағы да қыпылықтап қалды; өңі де қызғылт тартты.
– І-і, көрдім.
– Батальонының бекінісінде болдың ба?
Бастығы қазбалай бергенге ме, Уəли де елеңдеп əккі қалыпқа түсті.
Купцианов оның жүзіндегі құбылысты танып ойға қалды: «Екеуміздің
қайсымызды жақын көреді екен? Анаумен көбірек жолдас болған жəне
қанша айтқанмен өз ұлты. Бірақ...» «Бірақ» дейтін себебі – Мұрат мұны іш
тартпайтын сияқты, Уəлидің де Мұратқа деген сыпайы, жылы күлкісінің ар
жағынан сыздап шығып тұрған ызғар байқалып қалады – қызғанышы ма,
күйініші ме?
– Сенің ол туралы пікірің қалай?
Іштей дайындалып алды ма, Уəли бұл жолы Купциановқа жымия қарап,
байсалды жауап берді:
– Онша жоғары емес. Соқтықпа, бір күні басын жарып алады.
Купцианов өлшегендей азғана ақырын күліп алды. Содан кейін сəл
толыса бастаған сүйекті, əдемі денесін түгел көрсеткісі келгендей əрліберлі жүре бастады.
– Тауып айттың. Арыны қатты.
Купциановтың сөзін растағандай Мұрат есіктен ентелей кірді. Шаңтопырақтан кірлеген сұр шинелі, бет жүзі əлсіз лампаның солғын
жарығынан қарауытып түнере түскен. Ол саябыр тауып, жайбарақат
отырған адамдардың үстіне мына суыт түрімен əбігер ала кірді.
– Мен сізді əрең таптым,– деді ол штаб бастығына.
– Кімді айтса сол келеді деген. Кəне отырыңыз,– деді.
Купцианов өзі столдың басына келіп тыңдайтын рай білдірді.
Мұрат бөлмені бір шолып өтті де, орындық алып Купциановқа қарсы
отырды. Алғашқы екпіндеген қарқынынан тежеліп, штаб бастығының
ажарына көз тастады.
– Сол баяғы артиллерия позициясының дауымен келдім.
– Бар мəселені келісіп едік қой. Мен диспозицияны енді өзгерте
алмаймын.
– Маған берілген күшті өзімше пайдалануға рұқсат етіңізші.– Купцианов
түңілдіре жауап бергесін Мұрат та тіке кетті.
Купцианов даусын көтермесе де сөзін сыздап айтты:
– Сіз өз батальоныңызды жалаңаштап соққының астына тосқаныңызбен
тұрмай, өзге бөлімдерді де арандатпақсыз ба?
«Жасырынбақ ойнауға келген жоқпыз!» деген ащы соз көмейіне келіп
қалса да Мұрат өзін тежеп қалды. Бұлай іс бітпейді екен. Купциановтың
əдеттегі байыбынан шыға бастағанын сезіп, жараны ушықтырмауға
тырысты.
– Батальонның позициясы туралы келістік қой, оның несін айта
береміз,– деді Мұрат бəсеңсіп, ол позицияны Панферов ұнатқанын
қытығына тимей еппен ескертіп.– Енді сонымен сəйкес зеңбіректердің
алғашқы орнын да ауыстыру керек болып тұр ғой. Соны ақылдасқанымыз
қалай болар.
Мұрат Купциановтың сабасына қайта түсуін тосып темекі тартты.
«Бəрінен осы сен қиын болмасаң не ғылсын, шіреніп желкеден тартасың да
отырасың-ау» деді ішінен; Купцианов оң қабағын көтеріп, Мұратқа қарап,
сəл ойланып қалды. «Бірден басылып қалғаны ма? Əлде айласы ма?
Қырдың аңы əккі, қу да болушы еді». Кенет оған осы бір алғырт өжет
жанға өз көрегендігін аңғартып, майдан жағдайы туралы əріден сезгенін
айтып, ұғындырғысы келді. Оның арыны сонда басылмақ. Жалпы
Купцианов білетіндігін өзгеге аңғартуға құштарлау болатын. Енді ол
жайымен столға отырып темекі тартты. Папиросының күлін түсіріп,
шынашағының ұшына қарап ойланып алды да байсалды, жылы шыраймен
сөйледі.
– Ал, ақылдасайық. Сізбен керілдесіп жату маған да рахат емес,
қымбатты капитан. Біз əрегірек ойлауымыз керек. Немістер біраз іркілін,
күшін толыстырып, жуырда жаңа шабуыл бастады. Əзіргі жау екпіні қатты
– Мұратқа сөз мəнін ұқтырғысы келіп Купцианов аз бөгелді.– Аңғарсаңыз,
жауды біз бұл рубежде тоқтата алмаймыз. Біздің дивизияны селдіретіп, тым
көп жерге созуына қарағанда жоғарғы жаң та осы пікірде болса керек.
Аңғарсаңыз, біз жалпы майдандағы жағдайға сəйкес тактика қолдануға
тиіспіз. Жөнсіз арандайтын ретіміз жоқ.
Мұрат қарсы дау айтпай үнсіз тыңдады. Қарсыласқан адамына
ұқтырғанына, өз дəлелінің бұлтартпас дəлдігінен елігіп Купцианов ұзақ та,
ықласты да сөйледі. Мұрат оның шым-шымдап қайда əкеле жатқанын сезді.
«Мұның сенің, бұқпантайдың тактикасы екен» деп түйді ішінен. Əдемі
дəлелдеген ойдың астарын ұнатпаса да Купцианов сөзінің аяғын сабырмен
тосты. Бірақ дау десе делебесі қозатын қазақтың баласы өз пікірін де
айтпай кете алмады.
– Жауды тоқтататын ақырғы рубежге аз шығынмен жету əркімнің
арманы екені рас. Сол үшін жонымызды тосып бұға беру керек пе?– Мұрат
Купциановтың қарсы дау айтқысы келген ажарын танып, тез сөйлеп кетті.–
Сіздің айтып отырғаныңыз істің бір ғана жағы. Ал, біз үшін ең басты
міндет – қадам басқан сайын жауды қансырата беру. Сіз Кутузов
тактикасын айттыңыз. Негізінен ұқсастығы болғанмен біз оны айнытпай
қайталамаспыз. Біз тарихи спектакль қойып жүрген жоқпыз. Москваны да
бере алмаспыз.
Қысқасы төбелес екен – төбелес. Мұнда мұрным қанайды, басым
жарылады деп аянғанның енесі ұрылады.– Мұрат ауыр сөзін, қызарғанын
білдіргісі келмей жымия тыңдап отырған Купциановқа көз тастады да, тез
басылды. «Қабыршағыңның сыртына да қан тепсініпті-ау» деп іштей мырс
етті.– Біз стратегиялық айтысқа түсіп кетіппіз ғой. Одан да өз шаруамызға
келейік. Уақыт тығыз.
Мұрат картасын столға жайып əр дөңес, ылдиды, орманды көзге
көрсеткендей етіп сипаттап, əр зеңбіректің қай жерге түсетініне дейін
айтты. Қарындашпен сызып, қолымен нұсқап болашақ соғыс картинасын
саралап жеткізді.
Мұрат шығып кеткесін Купцианов көзін жұмып, біраз ойланып қалды.
Бейне бір желдей ұйтқып өткендей. Екпіндеп, елеуреп келді де, ақыры өз
дегенін істеп ғайып болды. «Неге соның дегеніне көніп қалдым. Əлі де
көне берер ме екем?» деп ойлады ол. Купциановтың өмір сапарында осы
сияқты адамдар кездесіп еді. Бұл олармен алысып, айқасып баққан. Бірақ
сол бір тауы шағылмаған аңғырт та алғыр, дарқан жандар мұның етегінен
алғанын елең қылмай көтеріліп жүре беретін. Ал Купцианов сол орында
қалып кейіннен ілгерілеп деңгейінен өтіп бара жатқан басқа біреуінің
шаужайынан алатын. Шынымен мына капитан да сөйтіп кетпек пе? Өзінің
тегеуріні қатты. Жоқ, жоқ, бұл жолы мұны ілгері өткізіп жібере алмас.
Адам өмірден бекерге үйреніп, бекерге шынықпайды ғой.
3
Ұрыс қатты болды. Смоленскіні алғаннан кейін біраз саябырлап күш
жинап алған дұшпан шабуылының қарқыны енді күшейіп келе жатыр еді.
Совет əскерлерінің аз уақытта жасаған бекіністерін бірнеше танк
группаларының, темір балғасымен қиратқан фашист армиясы аяққа оралғы
болып жолын бөгеген өзінен қаруы да, саны кеміс күштерді тапап өтіп,
стратегиялық кеңістікке шығып, еркін шырқап кетпекші болды. Осы
деммен Москваны алып бір-ақ тынбақ ойлары бар. Шығыс майданының
тағдырын шешеді деп аса үлкен үміт артқан осы Октябрь шабуылына неміс
командованиесі барын аямай өте мұқият дайындалды. Соғыстың барлық
аумалы-төкпелі жағдайлары, екі жақтың күштерінің ара салмағы мүлтіксіз
есепке алынды. Үш айдан артық шегініп, қатары бұзылып, қажыған əскерге
қарсы шойын салмақты, болат жебелі тұтас, жойқын күш лап берді. Совет
армиясы бұрынғысынша шегініп бара жатты. Бірақ соғыс мінезі өзгеріп еді.
Неміс əскерлері барған сайын қалыңға кіргендей. Шабуыл қарқыны
бұрынғыша қатты болғанмен, бұрынғыдай еркіндік жоқ, жеміріліп
ілгерілейді. Смоленскі мен Москва арасындағы орманды, даланың ойлықырлы орыстың кең алқабы, аласа ағаш үйлі қалың деревнялары, ұсақ
қалалары жаудың болат күшін кеміріп жеп, ақыры неміс армиясының темір
қанаты майрылып, тұмсығы тасқа соғылатынын жеңіс шарабына мас
болған фашист генералдары сезген жоқ-ты. Бірақ олардың төбесінен
мұздай су құйып есін жидыратын кезең жақындап келе жатыр еді.
Тосқауыл болған əскердің шебін бұзып лап берген жау сол екпінімен
келіп Панферов дивизиясына соқтықты. Алғашқы қарқынымен бұзып өте
алмай, немістер кейінгі күшін тартып шабуылын үдете берді. Екі жерден
жасалған танк атакасы жеңіске жеткізбеді. Оң қанатта жау танктері шепті
жарып өтіп бір-екі зеңбіректі тапап кетті. Бірақ ол жер тың резервпен
бітеліп кейінгі келе жатқан жаяу əскер бөгеліп қалды да, танктер тыл
бөлімдерін дүрліктіріп, өздері де біраз жұлмаланып кейін қайтты. Нағыз
қиян-кескі ұрыс осыдан басталды. Немістер енді зеңбірек оғын қардай
боратып, ұзақ артиллерия дайындығын жасады. Қаптай жарылған
снарядтардың шаң-түтінін тасаланып жасыл шинельді жаяу əскер ілгері
ұмтылды. Орман қалтарыстары мен дөңестердің артынан ырғалып танктер
шықты. Қолма-қол найзаласқан ұрыстар болды. Бұрын соғысқа жаттығып
шынықпаса да мұқалмаған қайрат, тың күш əзірге таусылмай төтеп беріп
тұр.
Соғыс кейде ағын су, долы толқынға ұқсайды. Жүйткіп ағып келе жатқан
су бар дəрменімен тоғанға соғады. Бірақ оны бұза алмай қайта лоқсиды.
Көбейе түсіп тағы соғады жəне шегінеді. Содан соң кейінгі ағынмен
толықсып тулаған толқынымен тоғанды үсті-үстіне сабалайды. Асып
төгіледі. Бір жерін жырып кетеді, оны бекітсе екінші шерін бұзады. Əлі
келсе тоғанды бұзып кесек тастарын ағызып қуалап кетеді, əлі келмесе
тулап-тулап басылады. Бірақ бұл сырттан қараған адамға солай, сырт əсер.
Соғыс өрті шарпыған Раушанға жау шабуылы басқаша əсер етті. Алғы
шептен асып санвзводқа жақын келіп жарылған алғашқы снаряд қатты
шошындырды. Ішін тартып булыға өкіріп төбеден құлап келе жатқан
ажалдан бұғып жерге кіріп кете жаздады. Жарылған темірдің ащы даусы
миын шаншып өтті. Өзінің өлі-тірісін білмей бір сəт ессіз қалды. Содан
кейін тағы-тағы снарядтар жарылды. Раушан бүрісіп, окоп түбіне жабыса
берді. Коростылев дауыстап шақырғанда барып басын көтерді. Взвод соя
баяғы орнында. Алдын қалқалай селдір жас ағаш өскен кішкене жыра. Əр
жерден қазылған шұқырлардың жас топырағы сембеген. Коростылев
арбадан бір үлкен түйіншекті түсіріп жатыр. Кешеден бері осы көзі
үйренген көрініс Раушанға соншалық жат болыпты. Ажал ызғарын шашып
азынаған суық төңірек. Жыраның ернеуіне тақай өскен жас қайың да ажал
демінен тітіреніп, қалшылдай теңселеді. Жұрт қыбырлап бір нəрсе істеп
жүр. Алдаберген дейтін санитар қалың ерні салбырап сумкасын ақтарып
жатыр. Өңі боп-боз. Мыналар не істеп жүр? Осының бəрі неге керек?
Раушан жұрт əрекетінің мағынасын түсіне алмады. Ойсыз, мең-зең халде
өрмелеп окоптан шықты.
– Мə, мыналарды шеш, бинттерді дайында,– деп Коростылев
Раушанның алдына бір теңді тастай берді.
Арбаның тасасынан Күлəнда шықты. Өңі қашып, көзі кіртиіп кеткен.
Даусы да сылбыр, əрең естілді.
– Кел, екеуміз шешелік.
– Аттарды
Алдабергенге.
шұқырға
түсір,
өлтіріп
тастар,–
деді
Коростылев
Раушан тертеге байлаулы сұлық тұрған екі атқа қарады. Снаряд жақын
жарылғанда бүкіл жотасы дір ете далады. «Аттарды өлтіріп тастар»,– деді
Раушан ішінен. Тағы да Күлəндаға көзі түсті. «Күлəнданы да өлтіруі
мүмкін». Кенет оған Күлəнда бұл дүниеде жоқ, жансыз жат дене бейнесінде
елестеп қатты шошынды.
Алғы шептен жаралылар келе бастады. Олар əзірге жау оғы дарымаған
санитарлық пунктке майданның қан исін əкелді. Жаралы солдаттар өлік
жатқан үйден шыққандай еңселері түсіп, ауыр қозғалады. Олардың шыққан
жері қоп-қою шаң-түтін. Өзгелермен бірге ынтығып алғы шепке көз
жібергенде Раушан көңілі қатты жүдеді. Ұзыннан-ұзаққа созылған
окоптағыларды дұшпан от темірімен үсті-үстіне тоқпақтап ұнтап жатыр, ал
мына жаралылар шетірек шашау шығып, от шарпуы ғана тигендер сияқты
елестейді. Кенет оған ана ажал астында Ержан да отыр ғой деген ой келді.
«Апырмай, аман болса игі еді» деп тіледі жүрегі алқынып. Енді ол келіп
жатқан жаралылардың арасынан Ержанды іздеп елегзи берді.
Раушан қарынан оқ тиген солдаттың жарасып қайта таңып бола бергенде
желке жағынан:
– Тезірек жəрдем етіңдер,– деген дауыс естілді.
Қапсағай ірі жауынгер бала сияқты кішкене біреуді қапсыра көтеріп,
қоярға орын таппағандай алақтап тұр екен. Қолындағы сұлық дене
кеудесінде жан барын сездіргендей ақырын ғана ыңырсиды. Раушан
жақындап келіп жаралының көндей жиырылған сұп-сұр бетін, тісіне
жабысқан кезерген ернін көрді.
– Сорлыны иықтан оңдырмай соқты,– деді əкелген жауынгер.– Мен оңай
құтылдым. Қоң етімнен қан шығарды да қойды.
Асығыста киімнің сыртынан таңылған марліге қан ұйыған. Раушан
жаралыны бір қырына жатқызып, Күлəнданың көмегімен қайта таңуға
кірісті. Марлінің астынан аққан қан омырауын жуып кеткен. Таңғышты
шешіп алғанда, Раушан шошып кетті. Бармақтай үлкен жарқыншақ
қолтықтан жоғары соғып, иықты дал-дұл етіп сындырған. Қыздың көз
алдында өзге дүниені тасалап ақсия сынған, сояу-сояу сүйек пен қыпқызыл қанға боялып боршасы шыққан ет тұрып алды. Тек соның ар
жағынан тұман перделегендей мұнартып кемсеңдей тістенген, ауыр азан
əжімі айғыздаған жаралының боп-боз жүзі көрінеді. Раушанның жүрегі
қалтырап кеудесіне сыймай қатты тітіркеніп қалды да, сəлден кейін басы
айналып кетті.
– Күлəнда... Күлəнда,– дей берді, жаралыны демеген қолының əлсіреп
бара жатқанын сезіп.
Мұндайға Күлəнда берік екен. Ол жалма-жан жаралыны қапсыра
құшақтады да, басын тізесімен сүйеп, қолындағы дайындап тұрған
марлісімен жарасын таңа бастады. Содан кейін сынған қолын мойнына
асып, шалқасынан салды. Раушан енді ғана есін жинағандай болып
арбамен жаралыны жөнелтуге əмір етті. Шан шыдамас ащы азаппен
алысып, тістеніп, сіресіп жатқан жауынгердің қиналғанына дəті шыдамады.
Оның бұл əрекетіне Күлəнда қарсы шықты:
– Кішкене жата тұрсын. Қазір тағы да ауыр жаралылар келсе, оларды
немен жөнелтеміз? Бір арбаға үш-төрт адам сыяды.
Күлəнданың мына сөзі, міз бақпаған жүзі ерекше қаталдықты, тас
бауырлықты танытқандай болды. Бірақ Раушан оған қарсы келе алмады.
– Иə... Иə... Солай-ақ болсын.
Жаралылар қамының əбігерлігі Раушанның алғашқы ауыр əсерін
ұмыттырайын деді. Енді дірілден тістеніп тұрса да, жараны таңуға шамасы
келетін болды. Сөйтіп тұрып кейде сірестіріп қатты да таңып жібереді.
Кейбіреулері ыңқылдап:
– Қысып жібердіңіз, босатыңқыра,– дейді.
Бір үлкен қара көзді жігіт, жаны ауырса да, қыздың бетіне тура қарап,
жымиып күлді:
– Қарындас, өзіңіз нəзік болсаңыз да, қолыңыз қатты екен, ə?
Оның қасында отырған жолдасы күжірейген шомбал жігіт кеңкілдеп
күліп жіберді:
– Ой, құдай атсын сені! Қыздың қолын ауырсынғаны иесі!
Бұл əзілге жаралылардың көбісі-ақ күлді. Жұрт қайда да болса дағдылы
мінезінен жаңылмайды екен. Сол мінез Раушанға да дарып, еңсесін басқан
зіл салмақтан арылып, төңіректегі дүние қайтадан өз қалпына түсті.
Қалт еткен бір саябырда санпунктке Мұрат келді. Ол келе оқ-дəрі тиеген
арбаның маңында қипалақтап жүрген Дошевскийге килікті.
– Неге бұл жерге тоқтадың? Соншама жерден жұрт оқ таси ма? Өзіңе
тасытып көрер ме еді.
Комбаттың сұсынан сескенген Дошевский жыпықтап, жалынышты
пішінмен:
– Жолдас капитан... Жолдас капитан...– дейді қайта-қайта.
– Неменеге капитан, капитан дейсің. Мен капитан болғалы екі ай,– деді
Мұрат төне түсіп.– Барлық оқ-дəріні анау бір топ қайыңның түбіндегі
шұқырға жеткіз.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 08
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.