Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 18

Total number of words is 3896
Total number of unique words is 2160
34.7 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
57.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Ағай, анда біздің хуторда немістер тұр,— деді.
Аңқау бала біздің əскерлер қазір тұра шауып, жауды хутордан қуып
шығады деп сеніп қалғаны ап-анық еді.
Солдаттар балаға жауап бере алмай қиналып қалды.
– Балам, берірек кел, сөйлесейік, — деп оны Бондаренко шақырып алды.
Баланың алғашқы лап еткен көңілі басылып, енді егде солдаттың жүзіне
маңызды құпия тыңдауға дайындалған ойлы пішінмен қарады.
– Сенің хуторыңдағы немістерді біз қазір қуып шықпаймыз: біз басқа
шаруада жүрген əскерміз. Ұқтың ба?
Бала көзі жыпылықтап басын изеді.
– Өзіңнің атың кім?
– Санька.
– Менің де Санька деген балам бар. Сенің бізге пайдаң тиетін түрің бар,
Санька. Өзің ақылды жігіт көрінесің.
– Сен немене сыбайласыңа қонаққа келіп пе ең?!
Езе бермей төтесінен келмейсің бе?! — деп кейіді Добрушкин.
Бала алақтап Добрушкинге бұрылды; сөзінің өктемдігіне қарап
командир екенін танып, айбынып қалды. Содан кейін барып əріректе
тұрған Бөрібайды көріп, орыстан бөлек бет пішініне сəл таңырқады.
– Сен жанықтырма, — деді Бондаренко саспай.
Бондаренконың жылы мейірімі, салмақты түрі бала ықласын қайта
бұрып алды.
– Біз жау тылында жүрген адамдармыз. Азығымызды таусып алдық. Ал
мұнда неміс жоқ деревня бар ма?
– Білмеймін. Ефремовода немістер бар. Калашниковода неміс танктері
тұр...— деп Санька мүдіріп, ойланып қалды. — Сіздерге нан керек пе?
– Иə.
– Ендеше мен хуторға жүгіріп барып алып шығайын.
– Сосын саған немістер ере келмек қой, — деп кейіп тастады
Добрушкин.
– Жоқ... жоқ. Мен немістерге айтпаймын, — деді бала жыламсырап.
– Сен айтпассын, олар өздері, сезеді ғой, — деп уатты Бондаренко. —
Арлы-берлі жүгіріп жүрсең... Одан да...
Қазір сен қайда барасың?
– Кирюхино деревнясына.
– Онда жақындарың бар ма?
– Тетя Настя бар, Михей атай бар.
– Ендеше сен сол деревняға бар да, үйіңе қайтқан болып бізге нан жəне
тамақтан өтетін ол-пұл əкел. Біз көппіз. Михей шал да еңбек етсін.
Санька қуанып кетті.
– Ой дұрыс! Михей атай, дегендей бізге келмек еді.
Сіздер осы арада боласыздар ма?
Бондаренко өз билігін асырып алғанын енді сезіп, Добрушкинге
жалынышты қарады.
– Сіз қалай ойлайсыз, жолдас сержант. Күтеміз бе?
– Солай-ақ болсын, — деді Добрушкин, содан кейін Санькаға таяу келіп
нығытып ақыл айтты. — Сен балалық істеме, əр қадамыңды аңдып, жанжағыңа қарап, сақ қимылда! Ұқтың ба?
– Ұқтым, жолдас командир,— деді Санька Добрушкинге зор құрметпен
қарап.
Он бір-он екі жасар бала бір сəтте ер жетіп қалғандай ойлы пішінге
түсіп, салмақпен кең адымдап кете берді.
Ұзай беріп, артына бұрылып:
– Мен тез келемін, ағайлар,— деді.
Қоршауға түскесін келесі күні батальоннан үзіліп қалған взвод — ат
төбеліндей бір топ жауынгерлер қалың селдей қаптаған неміс əскерлерінің
көзіне түспей үш күн бойы тұспалдап шығысқа қарай келе жатыр еді.
Жүрісі өнімсіз, тек қараңғыда ғана сипалап басып, азғана ілгерілейді де,
таң ата қалыңға тығылып, бұта паналап жан сақтайды. Кеше ертеңгілік
бұлар кішкене селдір орманнан шыға алмай қалды. Алда үлкен неміс күші
тұрды. Солдаттар əр бұтаның түбіне тығылып, кешке дейін қыбыр етпестен
жатты. Жүрелеп отырып, жатқан жерінде аунақшып бой жылытты. Қыстың
қысқа күні жалғыздықта өткізген жылдардай ұзаққа созылды. Қыбырсыз
күтіс, қапы жібермес қауіптен жұрт кешке қарай меңіреуленіп есі танып
қалғандай болды. Басына түскен ауыртпашылыққа бойы үйреніп, есін
жиып алған Ержан өлермен қыңырлықпен жай да болса мығым басып,
қалжыраған аш солдаттарын əйтеуір шығысқа қарай сүйреп барады. Бүгін
взводын көзден таса қалыңға жасырды. Əлсіреген аш жауынгерлер қар
үстіне еліктей сулай кеткенде қатты ойланып қалды. Бұдан бұрын қорқып,
деревняға жоламай жүретін. Енді жалғыз сақтықпен қоршаудан шыға
алмайтынын білді. Содан кейін үш солдатына өл-тіріл, азық таппай қайтпа
деп əмір етті.
Добрушкин өзіне жетерлік ақылы бар адам еді. Ол қоршауға түскелі
Ержанның өзгергенін түсінді. Бала бұрынғыдай бос емес, қыңыр
сержантты уысынан шығармайды. Жəне өзіне өте сенімсіз қарайды. Ох,
сол бір сенімсіз көзқарасты Максим Добрушкин қапысыз таниды. Талай
бастықтар ішінен, «əй сен қу нағыз ұрысың ғой», — деп дəл осылай
қарайтын. Ержан Максимге сенбей тұра оңаша орындайтын жеке тапсырма
берді. Қашып кетеді деп қауіптенбеген себебін де бұл жақсы ұқты.
– Біздің командиршиктің тісі шығып келеді, байқайсың ба? — деді
Максим Бондаренкоға.
Үшеуі жолдан аулақтау кетіп, бұтаны паналап отырған.
Бала қайтып оралғанша көп уақыт бар; мезгілді қысқарту керек.
– Оның тісі бұрыннан бар болатын.
– Бұрын көрінбейтін.
– Бұрын тек сенің қалың теріңе өтпейтін. Енді батып кетті білем, ə,—
деп күлді Бондаренко.
– Менің теріме батқан тіс, сенің жаныңды шығарар, — деді Добрушкин
қысылғаннан.
– Мен де оңай жаңғақ емеспін. Бірақ мені ешкім кемірмейді.
– Ол өзі менен қорқады. Сенбейді, — деді Добрушкин сəлден кейін.
– Саяси сенімің жоқ болғаны ғой.
Бондаренко бұл сөзді Максимді ренжітем деп айтқан жоқ еді. Бірақ анау
қабағын түйіп оқыс тұйықталып қалды. Содан кейін ойда жоқта ащы
ызамен түйрей сөйледі.
– Сендер саяси сенімдісіңдер. Бағып жүрсін деп басқа отделениеден сені
қосып берді, анау жан себілін желкеме жəне салып қойды. — Сонан соң бір
жаманат ойлағандай мырс етіп: — Көрерміз əлі!—деді.
Добрушкиннен нені болса да күтетін, бірақ дəл мұны күтпеген Бөрібай
қатты тіксініп, көңіліндегі бар реніш, наласын, жаман орысшасымен,
əсіресе бет құбылысы, дірілдеген күйінішті даусымен жеткізді:
– Кемедегінің жаны бір деп... Ажал аузында бір тілекпен жүргенімізде
сонша жаман сөз айтқаның не, заңғар!
Қалай дəтің жетті?!
Бондаренко үндеген жоқ. Ол соғысқа кіргелі, əсіресе соңғы кезде
Добрушкиннің өзгеріп кеткенін байқап жүретін. Бұрынғыдай қалжыңқой,
езбе қылжақ емес, кейде шатынап кетеді, кейде тылсым тұйық болып
қалады. Көзқарасында да жат бір нəрсе пайда болған. Бірақ Бондаренко
мұндай өмірден кісі хайуан болын кетпей ме деп оны соғыс
ауыртпалығына, қауіп-қатерге жори салып еді.
Енді бақса — тегін емес. «Мынау қасиетсіз болып шықты, пиғылы
жаман екен»,— деп түйіп біраз уақыт үйренісіп, жақын тартып қалған
адамын бірден жатсынып, қатты түңілді. «Ендеше көрерміз, сатып үлгіре
алмассың!» — деп ширықты да үндемей қалды.
Шынында да Добрушкин үлкен күйзеліс үстінде еді. Бұрынғы бейбіт
өмірде ыстық-суықтан сақтайтын сырт қабыршағын соғыс жыртып өтіп,
мұның да жүрегіне жетті. Енді ол төңіректегінің бəріне: күл болмаса, бүл
болсын деп қарай алмады. Өмірінде алғаш рет, өз тағдыры туралы қатты
ойланып қалды. Осы кезде көңіл түкпірінде жатқан бір жаман ой іштей
түрткілей бастады. Ол елден үлкен күш болып келген дивизияның жырымжырым болып кейін қарай қашып бара жатқанын көрді.
Жау батальонды бір кесіп тастады; оны бұтарлап, кішкене бұтақ
дəрменсіз взводты тағы жұлып алды. Қалғандарын не істеп жатқанын
құдай білсін. Максим шегініп келе жатқанда жау танктерінің тылға өтіп
кеткенін көрді. Взвод тұрсын батальон қару қыла алмай, қашып барып
орманға тығылды. Қара тажалдай тұтқиылдан соғып жайпай өте шыққан
танктердің артында жаншылып қалған жарты взводты көрді ол. Əлі күнге
дейін сол көзіне елестесе тітіркеніп қоя береді. Шинельмен аралас
боршаланып езілген қан-қан ет, жаншылған ми, қағаздай умаждалып
жыртылған құйқа тері. Добрушкин əлі келмейтін жаумен алысып
үйренбеген болатын. Оған əрқашан қандай істің болмасын жеңіл, пайдалы
жағына бейім тұратын сүйегіне сіңген дағдысы қосылып, осы мен не үшін
құрбан болам, Совет өкіметін қимайтын нем бар деген ойға əкелді. Бірақ
опасыздық жасау да оңай емес екен. Бірден кете алмады. Кете алмаған
себебін түсінбей, өз солқылдақтығына ыза болды. Қызыл сөз, ерлік, даңқ
дегендер Добрушкиннің құлағына кірмейтін. Бірақ ол басқа түскен салмақ
ауырлап, шарасыздық шегіне жеткен сайын азғана адамдардың бір-бірімен
біте қайнасып бара жатқанын, өліспей беріспес өжеттігі, ғажайып
қайсарлығы артып бара жатқанын сезбей қоймады. Мұны осы күнге дейін
жіпсіз байлап тұрған солардың құдіреті еді. Өзін осы топтан қанша бөлек
санаса да, бірден бөліне алмады. Кеше жұрт жымында қамалған қояндай
бір шоғыр ағашты паналап отырғанда — взвод халі мүшкіл деп ұғып, өз
ойына бекініп еді. Бүгін оңаша шығарда, əсіресе Ержанның сынай қадалған
сенімсіз көзқарасын кергенде: «осы жолы...» деп түйді ішінен.
Күн кешкіріп қалды. Баланы күткелі сағаттан асып кетті. Тоңған
солдаттар ағашқа тасаланып, теңселе басып бой жылытып алады. Жаңағы
көңіл түйіні тарап кетпесе босаңсып, үшеуі өзара тіл қатысып қояды.
– Апырмай əлгі бала кешікті-ау, — деді Бөрібай қиналғандай болып.
– Оңай шаруа деймісің. Келер əлі, — деп басалқы айтты Бондаренко.
– Асықпа, қазір немістерді ертіп келеді, — деді Добрушкин.
Бондаренко ұнатпай қабығының астынан қарады.
– Осы тірі жанға сенбейсің-ау, сен.
– Ақымақ балаға сенген біз ақымақ. Немістер оны тырп еткізбей ұстап
алады да, құйрықтан бір-екі шықпыртып жібереді. Содан бəрін былшылдап
айтып береді. Күте тұр!
Добрушкин табалағандай ащы мысқылмен сөйледі. Қуғын көрген аңдай
орманға тығылып, өздерінен өзге тірі жанмен тілдесе алмай, елсізде
құлазыған екі солдат баланы көргенде үй ішін, от басын көргендей іші
жылып қоя беріп еді. Басқа түскен бар пəленің өшін осылардан алғысы
келгендей, бүгін Добрушкин қажыған екі аш солдатты титықтатқысы
келген екен. «Бүгін осы тегін емес...» — деді тағы да Бондаренко. «Бала
шалалық істеп, қолға түсіп қалмаса игі еді» деген ой мұны да манадан бері
мазалауда еді. Кенет ол қылмыс ашқандай Добрушкинге жалт бұрылды.
– Сен неге мана «аяғыңды аңдып бас, алды-артына қарап жүр» деп
Санькаға қайта-қайта қақылдадың?
Добрушкин қапелімде сасып қалды.
– Сеніңше сақтанбау керек пе?
– Жоқ, сен əдейі, аңқау бала жан-жағына жалтақтап көзге түссін деп
айттың! Көретін болсақ, енді көреміз! — деп Бондаренко Добрушкинді
көзімен атып қалшиып тұрып қалды.
– Қойыңдар енді, жаумен емес, өзімізбен өзіміз қырқысатын болдық па!
— деп Бөрібай араға түсті.
Бұлардың ашуы басылмай жатып баланың да қарасы көрінді. Соңында
біреу бар. Бала солдаттармен кездескен жеріне келіп, аяғын қажады ма,
пимасын қайта шұлғанып жатып, ақырын ысқырып қойды. Бондаренко
ысқырып хабар берді. Бала мен үлкен асықпай бері қарай бұрылды.
Бұтаның тасасынан басын көтеріп алған Добрушкин өмірінде тұңғыш рет
үлкен іс тындырғанына қуанып жайнап келе жатқан Саньканың бет-əлпетін
көрді. Санька жүгіріп келіп Добрушкинді құшақтай алды. Максим осы
уақытқа дейін адамға адамның осыншалықты жақын болатынын білмеп
еді. Бала құшағын тез босатып, иығындағы қапшығын шешіп алып:
– Аға, алып келдік, — деп Добрушкинге ұсына берді.
Максим қолы қалтырап қапшықты жерге түсіріп алды.
10
Полктың штабы иретіле созылған сайдың шыға беріс жарқабағында,
жіңішке жас шыршаның арасында. Екі-үш тораптан келіп түйіскен
телефондар, кабель ораған катушкалар, рация. Тізеден келетін күртік қар
айғыздала тапталған. Кейін ылдиға таман екі-үш арба. Сол маңдағы
шытырлап жанған отқа келіп, аялдап тізе бүкпей, жұрт асығыс жылынып
кетеді. Купцианов жəшік үстінде, алдында жайылған айқұш-ұйқыш
сызықты картадан басын көтерді. Дұшпан атакасы тойтарылған болу керек.
Штаб маңындағылар елеңдемей, үлкен іс тындырғандай байсалды, сенімді
пішінмен көңілді дабырласады. Осы кезде Купциановты үшінші
батальонның командирі Қонысбаев телефонға шақырды.
– А-а! Қалай, қалай? Не дейсің?
– Ауыр жараланды деймін. Жарықшақ жанбасынан тиді. Жедел
санротаға жөнелттім,— деді Қонысбаевтың жуан қоңыр даусы.
Купцианов қабағын түйіп, бойын түзеп түрегелді. Содан кейін «не
болды» деп қасына келген полк комиссары Стрелковқа, аңтарылып қалған
көмекшілеріне қарап аз үнсіз тұрды да:
– Подполковник Егоров ауыр жараланған. Оны санротаға жөнелтіпті, —
деп хабарлады.
– Нағыз қысылшаңда жараланғанын қарашы, қап,— деді Стрелков
ренжіп. — Ал не тұрыс бар?! Команданы сіз қолға алуға тура келер, майор.
Мен барып Егоровтың халін біліп қайтайын.
– Подполковникке тез сауығуын тілейтінімді жəне сəлемімді жеткізіңіз,
жолдас комиссар, — деді Купцианов қайғылы реңмен.
Купциановты қарама-қарсы сезім биледі. Көңілі өсіп аңсағанына
жеткендай қуанады. Бірақ сол іріленіп марқайған көңілге жаңа жағдайын
жатырқаған күдік, аздап үрей араласып, толқиды. Əйтсе де тағдыр оны өз
дəрежесіне сай орынға қойды. Он минуттан кейін Вениамин Викторович
трубканы алып, батальон командирлеріне хабарлап жатты;
– Мен полкқа команда беруді қабылдаймын. Он минуттан кейін маған
жағдайды толық баяндаңыз.
Қапелімде басына түскен жауапкершілікті сезіп, полкқа бейне сырттан
келгендей Вениамин Викторович жарты сағат бойы өзіне белгілі бар
жағдайды қайта тексеріп, жаңадан жарлық, əмір беріп əлек болды. Жаңа
қызметіне еті үйреніп болмаған əрбір жоғарылаған адамға таныс сезім
бойын билеп, қызу, толқымалы халге түсті. Қанша салмақты, сұсты
болайын десе де даусынан қуаныш, мақтаныш сезіліп қала берді.
Трубкадан жауап бергендердің үндерінен де аздап жатырқағандықпен бірге
ептеген қошамет естілгендей болады. Штаб маңындағылар бұған күнде
көріп жүрген үйреншікті кісі емес, тыңнан келген адамдай жаңаша құрмет
етіп, бұрынғыдан артығырақ сыйлап, артығырақ бағынатын сияқты. Сəл
құрыстай бастап бойды қыздыратын безгектей жаңа қызмет əсері,
осындайда көбейіп кететін əбігер — телефон соғып Егоровтың халін білуді
де ұмыттырып жіберді. Тек Стрелков қайтып келгенде барып түсін суытып
қабағын көтеріп:
Қалай екен, Максим Федотович? — деп қысқа сұрады.
– Қатардан шығып қалды ғой деймін. Жарықшақ жамбасын уатыпты,—
деді Стрелков көңілсіз, ренішті пішінмен.
– Қалай, немістер мазаны алған жоқ па?
– Əзірге тыныш.
– Ендеше тілектестігімізді білдіріп, подполковниктің əйеліне хат жазып
жіберейін, — деп Стрелков бұрылып кете берді.
– Мен де қол қоямын, Максим Федотович, — деді Купцианов оған қуа
дауыстап.
Полк командирінің адъютанты ауыр жарақатты ескі бастығының
қамынан босай алмаған болар, əлі келген жоқ. Сондықтан Купцианов өз
жəрдемшілерінің біреуін ертіп, осындай саябырда батальондар жаққа
барып келуге шықты. Ол енді бойына қорғасын құйғандай өз салмағының
артып кеткенін сезді. Əрине, бұрын да жарлық беріп, əмір ететін, полктің
бар жағдайын қадағалап отыратын. Бірақ ендігі беретін əмір, жарлығының
мағынасы, күші бөлек те, жағдайды қадағалап білуінің маңызы ерекше
сияқты. Купцианов осы жасқа келгенше өз билігі өзіндегі, əмірі толық,
жеке дара қожа болып көрген жоқ-ты; ылғи бір көмекші, жəрдемші
орынбасар, əрі кеткенде үшінші бастық болатын. Штаб бастығының
қызметі қанша үлкен маңызды саналғанмен полк командирі, əрине бөлек
тұрады ғой. Аңсап жеткен биліктің қызуы өн бойын кернеп, астында
тепектеген тор төбел аттың белін қайыстырып бара жатқан тəрізді.
Таңертеңнен бұлттанып тұрған күн бір ашылмады. Түс қайта үскірік жел
соғып жаяу борасын тұрды.
Ойпаңдағы жалғыз маяның маңында қыбырлаған солдаттар көрінеді.
Жақындап келе бергенде артына қайрылып:
– Бұл қандай бөлімше екен? — деп сұрады көмекшісінен.
– Біздің бөлімшелердің бірі болар, — деді ол атын тебіне қатарласып.
Купцианов жолдан бұрылып атын омбылатып маяның қасына келді.
Солдаттар үйілген шөптің етегін шашып, үңгіп кіріп ықтапты. Бергі
шетінде бір төртбақ қара қазақ бейне шоңқиған иттей жүрелеп, желден
қаймықпай бозарып қатып қалған қара нанды аппақ тісімен опырып жеп
отыр. Ол келіп қалған аттыларға жалпақ бетін бұрмастан сығырайған
ноқаттай қара көзінің қиығымен қарап қойып, нанын кеміре берді.
Вениамин Викторович атының басын іркіп:
– Бұл қай бөлімше? Қайдан жүрсіңдер?— деп сұрады одан.
Қара қазақ түйіліп қалып, қос ноқаттай қара көзімен Купциановты
ұнатпай бір түйреп алды да, нанын шөптің үстіне тастай беріп, қорбаңдап
түрегелді.
– Фильчагиннің взводы, — деді ол түйіле жұтынып.
– Өзіңнің фамилияң кім?
– Қошқарбаев.
– Қайда бара жатырсыңдар?
Осы кезде тізгіні босап, ауыздығын сықырлатып шөптен бір-екі асаған
Купциановтың тор төбелі, ерні жыбырлап алдына түскен нанды иіскей
беріп еді. Қошқарбаев денесіне үйлеспейтін шапшаңдықпен шап беріп
аттың аузынан нанды жұлып алды.
– О жағын бастықтар біледі,— деді ол нанның ат опырып алған
бұрышына уайымдай қарап.
– Жолдас майор, взвод командирі Фильчагин, — деді талдырмаш шикіл
сары лейтенант шыға келіп. — Сіздің қарауыңызға бара жатырмыз.
– Қалай дейсіз?
– Штаб бастығының қарамағына баруға бұйрық болды, – деді Фильчагин
сасыңқырап қалып, көзі жыпылықтап.
– Сіздің алдыңызда полк командирі, — деді Купциановтың қатарында
тұрған көмекшісі.
Фильчагин таңырқай қарады.
– А-а, жолдас подполковник ше? — деді ол кенет үрейленіп.
– Жараланды. Қай рота, қай батальоннансың? — деп сұрады Вениамин
Викторович.
– Үшінші ротаданбыз, жолдас майор.
«Полк командирі» деген сөзді есітіп қалың киінген икемсіз солдаттар
кінəлі болып қалғандай қипақтап орындарынан тұра бастады.
Вениамин Викторович түсін суытып сыздана сөйледі:
– Ендеше, бұл не демалыс?!
– Кішкене аяқ суытайық деп ек, — деді Фильчагин қипақтап. – Мына
маясы құрғыр да осы суықта шақырып тұрғандай екен.
– Қонақасыға шақырмайтын шығар. Несіне жанығамыз, — деп
күңкілдеді Қошқарбаев.
– Бұйрықты бұлай орындамас болар. Қане, тез жөнеліңдер, — деп кейіді
Купцианов.
Солдаттар жылы шөптің астынан асықпай шығып, ақырындап келіп
строй сияқты бір нəрсеге тізіліп жатыр. Əне біреулері арқа қапшығын
иығына іле алмай əуре. Біреуі пулеметтің хоботын мойнына аса алмай
жолдасын шақырады. Тылда жүргенде «сапқа тұр» деп команда берілсе
ұршықтай иіріліп кеп сымдай тартылып тұра қалатын солдаттар емес,
ағып-тамып əлі жиналып болған жоқ.
– Тезірек, лейтенант! — деп зекіді Вениамин Викторович ат үстінде
шірене көтеріліп.
– Тез! Базарға баратын қатындардай шұбатылмай! — деп Фильчагин өз
жауынгерлеріне айқайлады.
Əне күртік қарды кешіп, жақ жүндері үрпиген қара сауыс солдаттар
кетіп барады. Арттарынан соққан үскірік шинель етегін сирақтарының
арасына тығып, құйрықтарын шөмпитіп арық аттай бүкірейе түседі.
Вениамин Викторович аяқтарын ауыр басып, көңілсіз кетіп бара жатқан
солдаттарға қарап күрсініп қойды. Бұл солдаттар айға жуық шегіністе
келеді. Бір ғажабы кейде дүркірей қашса да, көп жерлерде қайсарлық етіп,
тістесіп, қарысып қатып, ұрыса шегініп Москваға жапырыла құламақ
болған жау күшінің жойқын салмағын азайтып келе жатқан осылар. Соған
кейде Купцианов қайран болады.
Вениамин Викторович атын тебініп қозғала бергенде үшінші ротаға
Уəли Молдабаевтың командир болғаны есіне түсті. Взвод командирін
шақырып алып Уəлидің қалай жоғалғанын анықтағысы келіп бір оқталды
да, бірақ Қонысбаевтан сұрастырармын деп жүріп кетті.
Ойпаңнан шыға бере аттарын атқосшыға тастап жаяу жүрді. Анау сол
жақтағы сирек шашыраған қотан ағаштың ішінде Қонысбаевтың штабы
болу керек. Алда орта тұсы сəл қалқыңқы аппақ жазық көлбеген. Сол
қыртыстың арғы еңісі біздің окоптар болар. Өйткені сол маңға ауық-ауық
ысқырып келіп, снарядтар қулайды. Купцианов қосшысымен екеуі қарда
бой тасалайтын ақ халат киіп шыққан; сондықтан бұқпай келеді. Полктің
жаңа командирі оқта-текте дүрсілдеген пулемет, сирек жарылған снаряд,
мина даусына құлақ тігіп, қар жамылған суық даланы көзімен шолып ойға
кетті. Полк көп ортайып қалды. Генерал Панферов радиомен: «Команда
беруді сізге жүктеймін» дегенде қомақты дүниені қолына алғандай болып
еді, ойлап қараса мұның қолына полктің əшейін тамтығын ұстатыпты.
Күші азайған екі-ақ батальон. Сонымен бұл не бітіріп, не қиратпақ?
Мойындарына қар құйылып, бүрсеңдеп отырған қажыған анау
солдаттардың қаншаға шыдайтынын құдай білсін.
Олардың біразының жансыз денелері томардай сіресіп ақ қардың
бетінде қарауытып шашырап жатқанын көрген. Ал неміс шабуылы
бəсеңдейтін емес. Күші ортайып бара жатса сəл іркіліп қайта толысады.
Мына түрімен шыдатар ма екен?! Вениамин Викторовичтің манағы
қампиған көңілі біраз желі шыққандай солыңқырап қалды.
«Осы көтеретін емес, тезірек құлататын саты болмаса игі еді», деп
ойлады. Бұрын не болса да Егоровтың ығында еді, енді боранның өтіне өзі
шыққандай болады.
Мұрат қоршауға түскелі жетіден асқасын, Вениамин Викторович одан
күдер үзген. Шынында да алғашқы аласапыранда есебін тауып сытылып
шықпағасын тұтасқан қалың жауды жарып өту — нағыз бір бақытты
болмаса өте неғайбыл. Қазір де полкті сонша ойсыратқан Арыстановқа
қатты ыза болды. Немістер батпаққа малтығып екі-үш күн іркілгенде жау
болдырды деп ойлап, Соколовоға тұра ұмтылды. Тағы да Купциановтан
аттап өтіп, өзінің сол кесірлі ісін Егоровқа, одан Панферовқа мақұлдатты.
Енді отырсын сол жаны сүйген Соколовосында. Асығыс неме тезірек алға
шыққысы келеді; ал əнеки арындап барып арандады. Купциановты өту
оңайға түспес. Осылай кіжініп келе жатқанда Вениамин Викторовичтың
көз алдына бір үміт елестеп кетті. Батальоннан айрылып, шөкімдей жалбажұлба тобымен сүмірейіп Мұрат келіп тұрса. «Барыңыз капитан, взводты
қабылдаңыз, одан үлкен бөлімшені сізге сеніп тапсыра алмаймын» десе,
сонда бір айызы қанар еді.
Вениамин Викторович қиялға беріліп кеткенін байқап, ұйқысын
ашқандай ойын тежеп алды.
Батальон командирі капитан Қонысбаев орта бойлы, еменнің түбіріндей
жуан, мығым адам болатын. Шекесі тайқы, жалпақ басын жуан мойын
арқылы иығына мызғымастай етіп қондырған. Қара қайыстай қалың бет
терісі əр жерден қатпарлана бастаған. Күзеген аттың құйрығындай
сояуланып, тік өскен қара шашының астындағы аласа маңдайына үш қатар
терең сызық тартылған. Қалың ісік қабағының тасасынан өткір қара көзі
жылтырайды. Ол амандасқанда буылтық қысқа қолымен Вениамин
Викторовичтің сүйріктей саусақтарын сығыңқырап жіберді.
Вениамин Викторович
Қонысбаевқа көз тастап:
өзінің
жаңа
қызмет
бабының
биігінен
– Ал жағдайың қалай, — деді.
– Жағдай жаман емес. Жерге бір сүңгіп алса кісі амалдайды ғой
құрғырды. Кейде сол — тырнақ іліктіре алмай сорлаймыз ғой.
Подполковниктің халі қалай екен, білдіңіздер ме?
Купцианов түрткілеп сұрақ бере отырып, Қонысбаевтың жарылып
кеткен қалың ернінен гүжілдеп шыққан келте сөздерден батальон
жағдайын ұқты. Оның сақтап отырған бір сауалы Уəли жайлы еді. Соңғы
аласапыранда Вениамин Викторович Молдабаевты ұмыта бастаған-ды.
Бүгін Уəли есіне түсе берді. Бүгінгідей күні қасына ең керекті, лайықты
адамы сол Уəли сияқты. Қыбын тауып соны ротаға итере салған Мұратқа
да ызаланды.
Өзінің штабқа керек еді деп ара түсіп алып қалмағанына өкінді. Бірақ
генерал алдында алғы шепке барам деген адамға бөгет болу, əрине,
ыңғайсыз еді.
– Сіз Молдабаевты неғып жоғалтып алдыңыз? — деді Вениамин
Викторович қабағын көтеріп Қонысбаевқа бағдарлай қарап.
– Қазақта түйе деген мал болады, — деді Қонысбаев.
Купциановқа сүйкімсіз қысық көзін қадап. — Қалай адастырсаң да өз
жұртын табады.
– Түйені неменеге қыстырып отырсыз,— деді Купцианов жақтырмай.
– Жақсы адам жоғалмайды дегенім ғой.
– Дегенмен айтыңызшы. Сіз көбірек білесіз ғой. Оған не болды екен?
– Ротасының қашқанын білем. Оған қоса өзінің де қашқанын білем.
– Өзі қайда?
– Ротаның қалғанын жинап алдық. Өзін білмеймін.
– Мүмкін қаза тапқан шығар?
– Білмеймін.
Осы кезде Купциановты генерал шақырды; ол Қонысбаевтан Уəли
туралы дəйекті еш нəрсе біле алмай кейін қайтты.
Соколово деревнясының маңынан майданды сыналап жарған немістер
дивизияны қақ айырып кетті де, екі жаққа бытырай шегінген құраманы
тұтастырып алу Панферовқа өте қиын болды. Қолдағы бөлімдердің де халі
жақсы болмады: Бірі рота, бірі батальон жоғалтып, берекесі қашып
шашырай шегініп келе жатты. Бірақ көлденең қараған жұртқа генералдың
сырт түрі тым сабырлы көрінді. Ол бұрынғысынша тап-тұйнақтай
жинақты, таза киінеді, сақалы да өсіп көрген емес, мұртының жебесін
қағып мұнтаздай етіп қояды. Қолы босап кетсе штаб маңындағы солдатпен,
не командирмен жəй əңгімелесіп отырғанын көреді жұрт. Сол бұрынғы
əдеті бойынша өзі аз сөйлеп, түрткілеп отырып өзге біреудің əскерге
дейінгі тіршілік кəсібін, үй ішінің жағдайын шым-шымдап айтқызып
алады. Жасы үлкейсе де жады ғажап, бір сөйлескен адамын ұмытпайды.
Келесі жолы ескі танысша амандасады. Генералдың жақсы көретін əдеті
кісінің түсіне қарап, оның бұрынғы кəсіп, мамандығын аңғару болатын,
оған келгенде сирек қателеседі. Қолын артына ұстап, жылы шыраймен
сынай қарап:
– Байқаймын, өзің бұрын жылқышы болғансың ғой.
Аяғың маймақ, жəне ылғи түзде жүрген адамның өңі де бөлек болады,
— дейтін ол. Сонан кейін жылқы туралы əңгіме қозғалып кетеді.
Иə болмаса:
– Сен дəу де болса ұста шығарсың. Қимылыңнан танимын. Қолың да
күректей; шинеліңнің астынан бұлшық етінді көріп тұрғандаймын, —
дейді.
Маңындағы командирлер генералдың арқа-басы кең кезде үйір болған
осы бір əдетінен жаңылмағанын байқап қайран болады. Қиын-қыстауда
үлкен бастықтың көңіл-күйінің өзгелерге қалай даритынын Панферов өз
тəжірибесінен жақсы білетін. Ол осы бір қысылтаяңда қайда барса да
сабыр ала баратын. Кейде қарауытып, шеті күйіп кеткен трубкасын тісінен
шығармай бұрқылдата сорып, ұзақ ойланып қалады. Ол Карпов жоғалып
кетпес деген үмітте болды. Рас жас командир тым күйгелек — тез қуанып,
тез түңіледі. Бірақ оның бойынан нақ қиын кезде қайрат қыларлық бір
қасиет байқалғандай болып еді. Соның өзегі қуыс емес, бір болат
пружинасы бар сияқты.
Əйтсе де соңғы прорывтың алғашқы үш-төрт күні генералды қатты
қинады. Аласапыран айқындалып, жау мен біздің əскерлердің жігі ашылып
майдан сабасына түскенше оңай болған жоқ. Панферов енді немістердің
тактикасын жақсы түсінді. Жау əскерін тəжірибелі, əккі генералдар
басқарады. Олар бар салмақты түгел салып, бүкіл майданды ығыстырып
шегіндіруге құмар емес. Жау тактикасы оралымды. Əр жерден тілімдеп,
алды орап кеткенді жақсы көреді. Осыған орай қандай шара қолдануды көп
ойлап жуырда бір қорытындыға келді. Күшті тең тартып ұстаған майданды
бұзу немістерге қиын емес.
«Сынаны сынамен ұрып шығарады» дейді орыстар. Ендеше немістің
сынасына қарсы сына қағу керек. Көп ойланып генерал осындай аумалытөкпелі қорғаныс кезінде ар бөлімшені қандай халге түссе де жеке қайрат
қыла алатын күш етіп нығайтып, қолындағы артиллерияны таратып бөліп
берді. Батальонды артиллерия тобының командирлеріне қосымша күш етіп
бағындырды. Сөйтіп тəуекелмен уставта көрсетілмеген қимыл жасады.
Бүгін өзі қатысып Егоров полкында сондай екі жұдырық, екі группа
жасамақшы еді. Полк командирі жараланып кеткесін бұл мəселені соның
орнындағы Купциановпен ақылдасты.
Өзі келген Панферов Купцианов штабы дала болғасын, о ада аялдамай
жаңа командирді кейініректегі бір кішкене хутордан тосты.
– Жағдай жылынып отыруды көтермейді, далада жаурап жүрміз, — деді
Купцианов амандықтан кейін, тоңып келіп екі қолын уқалап. —
Подполковник Егоровқа қиын болды. Жарақаты ауыр.
– Кірдім. Жарақаты жеңіл емес,— деп Панферов қысқа ғана тіл қатты.
– Бізге қиын болды. Орынбасар да жоқ... Жалғыз өзім.
Генерал жайғасып отырып өзінің келген шаруасын, енгізіп жатқан
өзгерістерінің мəнін айтты. Майордың пікірін сұрады.
Купцианов қабағын көтеріп, сəл ойланып өз күдігін айтты.
– Мен сізді түсінемін, жолдас генерал. Бірақ бұл өзі ойланатын нəрсе
екен. Аңғарсаңыз... э-э... (Өзінен төменгілерге айтылатын «аңғарсаңыз»
аузынан байқаусыз шығып кетіп Вениамин Викторович қысылып қалды).
Менің айтқым келгені күшіміз бөлшектеніп кетпей ме?
– Егер шабуылда, не бекіністе болсақ мен бұлай істемес едім. Ал дəл
қазіргі жағдайымызда осы тиімді. Əр бөлімшеге көбірек билік те, күш те
берген дұрыс мұндайда.
– Бұл батыл іс екен. Бірден ұғыну да оңай емес, — деді Купцианов, бірақ
ішінен: «Шалдың жаңа бір ермегі ғой» деп ұнатпады.
Панферов Купциановты онша жақсы білмейтін. Қызмет бабымен тікелей
тығыз араласы болмағаны да рас жəне де ерекше назар аударып
байқамапты. Командирлер жиынында əдемі, сыпайы майорға алғашқы
бетте бір көз тастап, ішінен «əп-əдемі, тəп-тəуір, жинақы командир екен»
дейтін де, іле оны ұмытып кететін. Соғыс кезінде де оны Егоровтың
тасасынан байқай қоймапты. Енді қазір əңгіме үстінде дағдысы, бойынша
сəл төмен қарағансып, кірпік астынан бағып, сынап отыр. Бірақ біраз
əңгімелессе де «жаман, жақсы деп» айтарлықтай тиянақты бір түйінін
ұстай алмады. Байыпты, сыпайы, сырты бітеу, ашыла қоймайды.
– Полктің жағдайы өте қиын. Екі-ақ батальон. О да толық емес, — деп
мұңын шақты Купцианов.
– Арыстановтан хабар, белгі жоқ па, — деп сұрады Панферов.
– Жоқ, айрылдық қой деймін батальоннан.
Генерал мойындағандай аз уақыт үнсіз отырды. Содан кейін басын
көтеріп алып, ақырын ғана:
– Қалай айрылып қалдыңдар? — деп сұрады.
– Иə, біз айыптымыз, — деді мұңайып Вениамин Викторович. — Əрине,
жағдай да қиын болды.
– Неге екенін білмеймін. Бірақ мен сол батальоннан күдерімді үзбей
жүрмін.
– Мен де үмітімді үзбеймін, — Купцианов, ішінен: «сүйкімдіңді
жаманатқа қимайсың-ау əлі» деп ойлады. — Бірақ алдымен саралап қарасақ
— күдер үзбеске амал жоқ. Өте қиын.
– Ия, өте қиын, – деді Панферов күрсінгендей болып.
– Өзімен де қате болды. Оны енді түсіндім. Арыстанов жақсы командир
еді. Бірақ өте қызу. Ретті жерінде тежеп отыруым керек еді. Əрине, кейде
тыңдамай да кетеді.
– Ондайы да бар ма еді?!—деді генерал таңырқағандай.
– Бар болғанда қандай. Жарлық ойдағыдай орындалмаған жерде, білесіз
ғой, іс өрге баспайтынын. Əрине, ол бұйрықты орындаудан бас тартпайтын.
Бірақ ебін тауып ылғи қисық тартатын. Қыңыр еді.
– Солай ма еді?— деді Панферов Купциановқа илана қарап.
– Əрине, ол жаман жігіт емес. Бірақ білімінің кемшілігіне қиқарлығы,
менмендігі қосылған соң оңдыра ма? Соның бір арандайтынын сезуші едім.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 19
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.