Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 12

Total number of words is 4031
Total number of unique words is 2296
35.3 of words are in the 2000 most common words
49.9 of words are in the 5000 most common words
58.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
соғыс алаңымен көз жазып қалдым. Сау болса игі еді.
– Кім біліпті, соғыс қой.
Ержан шынында да қатты абыржыды. Ұрысқа өзімен бірге кірген
жолдасына көз қырын салмағаны былай тұрсын, тіпті оның тағдырын да
ұмытып кеткеніне назаланды. Ол тез Зеленинге бұрылды:
– Іздеуге кісі жібер. Біздің келген жолымызбен іздесін. Санвзводтан да
сұрасын, жараланбады ма екен?
– Мақұл,– деді Зеленин.
Екеуі сыртқа шықты. Осы кезде бұлардың үстінен зуылдап ұшып,
деревня ортасына барып екі-үш снаряд қатар жарылды. Тағы да үдей
зуылдаған снаряд үніне кулак, түріп, Зеленин:
– Немістер тынышталар емес-ау,– деді.
– Иə, иə. Бірақ сен тез кісі жібер.– Алға үңіле қарап тұрған Ержан кілт
тоқтай қалды.– Немістер Шабуылға шықты. Ах, сайтан-ай! По местам!
Жоғалып кеткен Уəли түс қайта өзі келді. Дұшпанның танк қатысқан
екінші атакасы тойтарылғаннан кейін Ержан «неше өлермен болсаң да,
бүгінге тынышталған шығарсың» деген оймен баяғы кірпіш үйдің
подвалына қайтып келген. Бұл үйдің снарядтан əбден сілімтігі шыққан,
тіпті подвалдың да бір мүйісі опырылған. Уəли келгенде Ержан мен
Зеленин батальон кухнясынан тамақ əкелуге кеткен Бөрібайды күтіп,
қисайып темекі тартып жатқан. Уəли үйге дабырлай кірді.
– О, батырлар, мында екенсіңдер ғой. Сендерді іздеп табанымнан
сарсылдым ғой.
Ержан басын көтеріп алды.
– Ау тірімісің, аман сау бармысың?– Ол қуанғанынан өзге сөз таппай,
Уəлиге қарап ыржия берді,– Біз сені жоғалтып алдық қой.
– Мені тіпті өлдіге санап қойғансыңдар ма сендер?– деді Уəли бетінде
күлкі жылтырап.– Жоқ, əзір тірімін. Немістерді қырып болғаным жоқ.
Сендер тіпті үйге қара қағаз жіберіп масқара қылған жоқсыңдар ма?!
Уəли қиқылдап күлді. Соғыс қызуы басылмаса керек, ол сұр жүзі
күреңітіп, кішкене көзі жылтырап, лыпылдап тұр.
– Қағаз жібере қойған жоқпыз. Бірақ енді жіберейік деп жатыр едік,– деп
Ержан қалжыңға орай жауап қайырды.– Шынында да біз сені көп
уайымдадық. Іздейік деп едік шабуыл басталып кеткені. Қайда болдың?
– Ой, менің болған жерімді сұрама. Сендерден адасып қалып, көмегім
басқаларға тиді.– Уəли беліндегі киіз қаптаған құтысын босатып алып,
шайқап-шайқап қойды.– Трофей. Кел, жаудан түсірген олжамнан ауыз ти.
Қорқатын еш нəрсесі жоқ, сыннан өткен.
Аш өзекке ішкен арақ қанға дарып, сүйекті бусандырды. Бірте-бірте қара
көлеңке, ұсқынсыз лас подвалдың ішіне өң кіріп, көңілге белгісіз бір үміт,
қуаныш ене бастады. Ержанға Зеленин де, Уəли де ыстық тартып барады.
Уəлидің сөз екпіні бұрынғыдан да үдей түсті.
– Мен ұрыс арасында есебін тауып штабқа да барып қайттым, деді ол.–
Майор Купциановпен əңгімелестім. Көп нəрселер айтты. Ол екеуміз
сырласпыз ғой. Командирлер біздің бүгінгі қимылымызға қатты риза болып
жатыр екен. Купциановқа біздің взводтың деревняға алдымен кіргенін,
атакаға да бұрын көтерілгенін айттым. Ержан сені Купцианов қатты
мақтады.
Соғысқа кіргелі ерлік, батырлық көрсетем деген ойды Ержан ұмыта
бастаған. Оның қиялындағы қанды қырғын соғыс өзі қатысып жүрген
ұрыстардан əлдеқайда қиын да, ерлер мұның тура əкесіндей көрінетін. Бір
кезде өзі қиялдаған тамаша ерліктерін іске асыра алмағанына өкінетін.
Əсіресе соңғы кезде өзгелерден кем жатқанын сезіп, өзін қамшылай
беретін. Өз көңілін босқа алдарқатпайтын жас жігіттің шын сыры осы еді.
Енді байқаса, өзі көзге көрініп, атаққа ілініп қалған сияқты. Ой түкпірінде
бұған біраз шəгі болса да Уəлидің сөзіне сене бергісі келеді. Ондай жақсы
жігіт бекер айтпайды ғой. Зеленин орнынан тұрып, сыртқа беттеді.
Осындай жайлы орыннан, жақсы компаниядан Зелениннің кеткенін
ұнатпай Ержан:
– Сен қайда кеттің?– деді.
– Жігіттерге барып келейін.
Зелениннің түріне қарап, «ұнатпай кетті ме, қалай?» – деп Ержан
қынжылып қалды. Қызып алған Уəли əңгімені қыз жағына аударды.
– Соғыстан орден тағып, аман қайтсақ талай нəркес көздердің басын
айналдырамыз ғой. Сен сияқты жап-жас орденді командирге қандай қыз
қызықпайды!
– Қайдағы орден?– деді Ержан.
– Ден сау болса, орден болады ғой. Ал бірақ соғыста да батырлар қарап
жүрмеуі керек. Менің санвзводта бір қызым бар. Сол арқылы сені де бір
қызбен таныстырайын,– деді Уəли жымыңдап.
Ержанның құлағы елең ете қалды.
– Ол кім?
– Сен оны білетін шығарсың Раушан дейтін қыз. Өзі былай тəп-тəуір.
Саған да бір сұлуды тауып берейін. Неге үндемейсің!
Төмен қарап отырған Ержан басын көтерместен:
– Жоқ, маған керегі жоқ,– деді.
Уəли Ержанның терісіне əзер сыйып, бірақ сабыр тұтып отырғанын
танымай, өз сөзінің екпінімен кете берді.
– Соғыста жүрген адамдармыз. Бүгін бар, ертең жоқ. Өмірдің қызығын
көріп қалу керек. Мұндағыларды бəрібір əйел етіп алмайсың.
Ержанның адал асына ит тигендей болды. Бірақ айыпты Раушанның өзі
емес пе? Сырты қызарып албырап тұрған алманың іші құрт болғаны ма?
Ауыр ойға булыққан Ержанға Уəли сөзінің ызыңы ғана жетеді. Өз ойымен
əлек болып, оның сөзін бөлмеді.
– Елге аман-есен барсақ, менің бір сұлу қарындасым бар, биыл
институтқа түсті, өзіңді соған үйлендірем.
– Үйленбеймін,– деді Ержан, əлденеден түңілгендей.
– Міне, қызық, Сенің өзің монах болғың келеді ғой деймін. Əрине,
жалпы асықпағаның жөн. Атақ-абыройың болса, қай қыз сенен қашады
дейсің.– Уəли енді қысыр қалжыңды қойып байсалды сөзге көшті.– Ержан,
сенімен ақылдасайын деген шаруам бар еді.
Өзі тойтарудың есебін таба алмай отырғанда, мына ұнамсыз əңгіменің
тез біткеніне бойы жеңілдеп, Ержан іле жауап қайырды.
– Иə, айтыңыз.
– Қазақтың ат төбеліндей оқыған жігіттері бір-бірімізге қамқор
болуымыз керек қой. Біріміздің абыройымызды біріміз арттыра жүргеніміз
жақсы. Мана мен де Купциановпен сөйлескенде, сенің мақтауыңды
келістірдім. Шамасы орденге ұсынатын түрі бар сияқты.– Уəли күбірлей
сөйледі. Даусы барған сайын бəсеңдеп, ұрланып ішке кіріп барады. Жүгіріп
тұратын кішкене көзі де бұл жолы дəйек тұтып, Ержанға көбірек қадалады.
– Əйтеуір, мен қолымнан келген жақсылығымды сенен аяп жатқаным жоқ.
Сенен бір өтінішім, бүгінгі менің істеген ерліктерімді реті келгенде ана
Арыстановтың, полк командирінің құлағына сал. Осында дивизия газетінің
тілшісі келеді, соған да айтарсың. Сосын Купциановтың атына осы
ерліктерімді суреттеп, қағаз жазып, қол қойып бере салшы.
Ержан Уəлидің сөзіне құлақ асса да ойы Раушанда отырған. Бірде
Раушанды айыптаса, бірде сол адал, пəк жанды мына отырған қара сұр
жігіт арамға, ласқа итермелеген сияқты көрінді. Енді бақса, бұл жігіт, өзін
де сондай бір лас, жиіркенішті іске бастап барады. Оның бетіндегі
емексіген жылымшы күлкісіне, жылтыраған кішкене көзіне қарап, тұла
бойы тыжырынып қалды.
– Жобасын мен жазып едім,– Уəли қалтасынан бүктеулі қағаз алды.–
Сен тек өз қолыңмен көшіріп, қол қоя сал.
Ержан түсіне қойды. «Бізді отқа итере салып, өзің осыны жазуға зытқан
екенсің ғой». Уəлидің қолынан алған қағазын ұсақтап жырта берді.
– Мұның қалай?– деді Уəли, жылан шағып алғандай.
Ержан ашуға булығып дірілдеп кетті.
– Жоғал!
– Мұның қалай?
– Солай!
– Əй, сен өзі көзіңді ашып қара!– Уəли кенет ашуға мініп, көкпеңбек
болып дірілдеп кетті.– Əкеңді танытармын мен сенің.
– Аман-есеніңде кет!
– Немене, ұрасың ба!– деп шап ете қалды Уəли.
– Ұрып та жіберем.
– Ал, ендеше, ұр, ұршы кəне!–деп Уəли бетін тоса қойды.
Ержан қолындағы умаждап тұрған қағаз жыртындысын Уəлидің бетіне
шашып жіберді,
– Атағы үлкен командирге қол жұмсадың! Əкеңді танытармын!–деп
бажылдап, Уəли үйден шыға жөнелді.
Ержан əлі де біраз уақыт ашуын баса алмай, тістеніп үйді кезіп жүрді.
– Рұқсат па, жолдас лейтенант?– деп есіктен Қартбай сығалады.– Патрон
алайын деп едім.
Қартбай ішке кіргесін, патрон салған жəшіктерді ұнатпаған базаршыдай,
əрлі-берлі қозғап-қозғап, тез кете қоймады. Содан кейін темекі тартуға
рұқсат сұрады.
Темекіні сора түсіп Ержанға көзінің астымен қарап қояды.
– Сіз ашулы сияқтысыз ғой, жолдас лейтенант,– деді ол бір кезде.
– Жəй, əшейін,– деді Ержан, сыр алдырғысы келмей.
– Шамасы, əлгі Уəлимен керісіп қалғансыз-ау,–ден болмады Қартбай.–
Əлгінде есік алдында дауыстарыңызды естідім де, батып кіре алмадым.
Тегі ондай адамнан бойды аулақ ұстаған жақсы. Өзі бір жымысқы жігіт.
Ержан командирлердің арасына түскені үшін тойтарып тастайын деп
жалт қарап еді, бірақ Қартбайдың жүзіндегі шын жанашырлық мейірін
көріп, үндемеді.
9
Мұрат кішкене далаңның орманға тірелген жерінде тамақ ішіп отыр.
Сыртының қара қошқыл сыры шатынап түсе бастаған сопақ котелоктан
танауды қытықтап майлы сорпаның буы бұрқырайды. Маштай көзі
адырайып, орынсыз ебелек қағып оған бірде нан, бірде тураған колбаса
ұсынады. Қолынан гөрі аузы көбірек қимылдап, тілін тістей салпылдап
сөйлеп отыр.
– Қарныңыз асқан сығар, золдас комбат. Мына біреу өзі майлы колбаса
екен. Досевскийдің арбасын тінтіп зүріп тауып алдым. Өзі бір оңбаған қу
сайтан. Қолымнан сап беріп ұстай алып еді, көнейін бе! Өзім зейді дейсің
бе, комбатқа апарам, дегенде зым болғаны. «Өзім де сол кісіге сақтап едім»
дейді, зүзі занбайды.
Маштайдың Дошевскиймен ылғи ұстасып жүретінін, ананың комбатқа
өзі əкелгісі келген «дəмдісін» бұрынырақ қағып кететінін, сөйтіп
Маштайдың Дошевскийді комбат ықыласынан ылғи кенде қалдырып
жүретінін Мұрат байқаушы еді. Енді мына Маштай сөзінен Дошевскийдің
қолындағы көзірінен айрылып қалғанда дызалақтап, күйіп-піскен кейпін
көзіне елестетті. Мырс етіп күлемін деп шашалып қалды.
– Оның айтқаны рас шығар,– деді ол жұтынып.
– Мұқа, ол не дегеніңіз. (Комбат көңілді болса, ол «Мұқа» деп еркіндеу
сөйлейтін). Ол ылғи өтірік залбақтайды.
– Иə, ондайы бар.
Маштай əлденеден секем алғандай, комбаттың қолындағы колбасаға көз
қырын салып қойды.
– Мұқа, осы колбаса тым семіз екен... Осының өзі ненің майы?
– Шошқаның майы ғой.
– Ойнап айтатын сығарсыз.
Маштай сенер-сенбесін білмей, колбасаға үрпие қарады. Содан кейін өз
қылығын оғаш көріп, еріксіз езу тартты.
Дедектей басып аға адъютант келе жатыр. Жақындағанда тіпті
шақырақтай жүгірді. Мұрат котелоктан басын көтеріп, оның ықшам
шымыр тұлғасын қысқа шолып өтті де, күлкі ұшқыны шашырап кеткелі
тұрған кішкене бұжыр жүзіне көз тоқтатты. Ол əдетінше иек астынан тіреу
қойғандай, басын бұра, шалқайта ұстап тұр. Мұрат та оған жымия қарады.
– Билеңіз, жолдас капитан!
Аға адъютант бір орында тұра алмай тықыршып, артына жасырған
қолын əрең ұстап тұр. Мұраттың жүзі жайнап сала берді.
– Музыка жоқ қой.
Мұрат жүзіндегі қуанышты көріп, оның өзінен бетер қуанған адъютант,
шыдай алмай бара жатса да, бұлдана түсті.
– Жоқ, оңай құтыла алмайсыз.– Бірақ бұдан əрі тежеуге өзінің де демі
жетпей, жып еткізіп хатты ұсына берді.
Хат сыртына үңілген Мұраттың жүзін бір сəтке кірбең шалып өтті. Бірақ
ол лезде жадырап, конверт шетін асыға жыртты.
Көк конверт ішінен шыға келген кішкене парақ қағаз сонау артта қалған
өмірдің көзіндей жалт етті. От басы, үй ішінің жылылығын əкелгендей,
ыстық тартып та кетті. Хат басындағы жаттанды аманшылықтан болса да
Шернияздың денсаулығын естіп қуанып қалып еді, бірақ хат ортасына
бармай жатып, жүзін көлеңке шалды, тіпті түнере де берді. Комбаттың
ыңғайын баққан аға адъютанттың да манадан бері бетінде жылтырап
тұрған күлкісі сөніп қалды; ол енді қуанышқа ортақ бола алмайтынын
сезіп, жылыстап тайып тұрды. Маштай да қапшығын буып-түйіп обоз
жаққа кетті.
Хат Хадишадан келген. Үйреншікті амандықтан кейін-ақ, əйелі
күйлерінің нашарлығын айтып зарлана бастапты. Базар қымбатшылық,
аттестатпен алатын ақшамыз жетпейді. Бізге қосымша паек бермейді.
Шернияздың да үсті тозды, жүдеу депті. Осы арада Мұрат жүрегі қысылып,
алқынып қалды. Қызметтен қайтқанда томпаңдаған алты жасар баласы
жүгіріп келіп, мойнына асылушы еді. Мойнынан құшақтап: «Папа, шоколад
əкелдің бе?»– деп, үйреншікті дағдысымен əкесінің қалтасына қолын
салатын. Иə, иə... жағдай қиын. Жау Москваға жақындап келеді. Кімге оңай
дейсің. Мұрат тітіркеніп қойды. Домалақ сергек қимылды кішкене
Шерниязын «шиыршық» атаған. «Өзінің қарқыны күшті, ылғи шиыршық
атып тұрады, шиыршық» деп күлетін. «Жүдеу дейді. Иə... иə... Тиісті
орындарға хат жазып жіберу керек. Көмек етсін».
Мұрат хатқа қайта үңілді. Енді ой тоқтатарлық ешнəрсе таба алмай
жүгірте оқыды. Əйелі күйеуін кіналай жазыпты. Тиісті орындарға арыз-хат
жазған, таныстарына қолқа айтқан əскердегі кейбір күйеулерді үлгі етіп,
тура айтпаса да, Мұраттың үй ішіне, əсіресе бір жанды жері баласына жаны
ашымайтынын аңғартқан. Мұрат тіксініп қалды. Қанды майданның
ызғарын жібітерлік жылы еш нəрсе жоқ екен бұл хатта. Біраз жыл бір ұяда
өмір сүрген ерлі-зайыпты адамның сағынышы болсайшы ең болмаса. Бұл
қайратты ер жүрек кəдімгі жанашырлық, жылы мейірімге де құштар еді.
Мұрат өзінің семьялық өмірін «сəтсіз», «бақытсыз» деп атап көрген жоқты. Бірақ ерлі-зайыптылардың арасының қиюы қашты да, келісімі,
жарастығы болмады. Хадишамен екеуінің арасындағы суынысудың қай
мезгілде басталғаны да Мұраттың есінде жоқ. Шамасы, қабақ шытыс, ұсақ
қақтығыстар ертерек басталса керек. Бірақ Мұрат ондай нəрсені кек тұта
қоймайтын. Елемеді. Екеуінің арасындағы алғашқы елеулі ренжісі
үйленгеннен екі-үш жылдан кейін басталды.
Мұрат əскерде төрт жыл қызмет етіп, командирлік атақ алған-ды. Содан
кейін военкомат қызметіне ауыстырылды. Алматыға келіп орналасты.
Басында біраз жыл шетте жүріп, елді сағынып, бұл қызметке шын
ризалығымен келіп еді. Бірақ бірер жыл тұрып, мауқы басылғаннан кейін,
военкоматтың қалпынан аумайтын бір сарынды қызметі, күнде белгілі бір
мезгілде келіп отыратын үйреншікті столы мен жазатын үйреншікті
қағаздардан əбден зерігіп, бойындағы жастық қайратын мол жұмсай алатын
əбігерлі жұмысты аңсады. Бұрын өзі көрмеген тосын жерлерге барғысы
келіп, алыс шекараларға ең болмаса əскери бөлімдерге жіберуді өтініп,
военкомға рапорт жазды. Өзінің осы əрекетін Хадишаға келіп айтты.
Өз ойына елігіп қызына сөйлеген Мұрат алғашқыда өз сөзінің Хадишаға
қалай əсер еткенін аңғармай қалды. Бастапқы қарқынмен ойын дамыта
берді.
– Сонау алысырақ шекараға жіберсе, тіпті жақсы болар еді. Ондағы өмір
қызық қой...
Хадишаның түнере қалғанын оқыс байқап, іркіліп қалды.
– Хадиша, саған не болған?
– Шекараңа өзің барарсың!
– Үй-ішін əкетуге рұқсат етеді ғой.
– Жоқ, мен ешқайда да бармаймын. Жолың ашық!
Мұрат аң-таң дағдарып далды. Əйелі мұның ой-арманына, үмітіне ортақ
болады дегенге ол шəк келтірмейтін. Мінекей күтпеген жерден басқа
жағынан келіп шықты. Енді аңғарса əйелінің беті безеріп, қатып қалған
екен. Сөзі емес, осы қатал, долы түрінен шошынды. Махаббат пен
жақындықтың ізі де қалмапты. Əйелінің бұл мінезі аяулы, көрікті гүл деп,
алақанына салып мəпелегені кенет ащы тікенегімен қарып алғандай
көрінді. Мұрат тіл қатпастан түнерген қалпы үйден шығып кетті.
Келесі күні Мұратты военком шақырды. Ол өзі ұзақ жылдар военкоматта
істеп келе жатқан, асықпайтын, саспайтын, əсіресе ақыл айтуға жаны құмар
адам еді. Хадиша бұған келіп күйеуімді ешқайда жібермесеңіз деп арыз
айтқан екен. Өзі де Мұратты қолынан шығарғысы келмеген военкомға əйел
сөзі өте дұрыс көрініпті. Ол совет семьясының татулығы жайында, ерлізайыптылар арасындағы ынтымақ жайында, олардың бір-бірімен
ақылдасып тұруы мақұл екені жайында ұзақ ақыл айтты. Содан кейін
«командир атаулы шекараға, əскер бөлімдеріне кетсе, мұндағы жұмысты
кім атқарады» деп Мұратты ұялта келіп, военкомат қызметінің маңызынан
да біраз мəліметтер беріп өтті.
Сөз саптауынан-ақ бұл уағыздың немен тынатынын сезген Мұрат оның
мазмұнына ой жүгіртпей, военкомның таусылмас арқандай шұбатылған
сөзінің аяғын бір-ақ тосып алды. Бастық ақылын сұлық қана құп алып,
шығып кетті.
Осыдан кейін-ақ əйелімен екеуінің арасында ілік-шалыс айқындала
түсті. Біріне ұнағаны біріне ұнамады да, бірінің қуанғанына бірі қуанбады.
Əйелінің барлық орынсыз көрінген қылықтары енді Мұрат көңілінде
қабаттасып жинала берді.
Көктемнің бір жақсы күні Мұрат əйелін ертіп, жолдастарымен бірге
тауға серуенге барды. Компания өте көңілді болды. Көктем күнінің жан
рақатын себелеп, бойды ұйытып, көңілді еліктіре түсетін шапағатты
шұғыласы, тау қойнауының қою құнарлы ауасы, шарап қызуы жұрттың
бəрін алаңсыз қуанышқа бөледі. Жас офицерлер мен балғын келіншектер
өрге қарсы жүгіріп ағашқа өрмелеп, ылдиға қарай құлдырап, асыр салысты.
Ұшқын шашқан шадыман күлкі үзілмеді. Тіпті байсалды, ақылды
военкомның өзі де шыдай алмай, бір рет ағашқа өрмелей жөнелді. Аздан
кейін қызыққа еліккен жұрт аспанға тік көтерілген найзадай сүйір шоқыға
өрмеледі. Басында шоқыға бəрі бірдей шықпақ болып ұмтылысып еді,
бірақ азғана тырмысып барғаннан кейін кебінің басы айналып, жүректері
дауаламады. Командирлер арасында альпинизм өнерінің жеткілікті қолға
алынбағанын, мұның өзі үлкен кемшілік екенін айтып, военком да жарым
жолдан қалып қойды. Қоңыр, қолаң шашты, жаудыраған бота көзді Лида
дейтін қыз жұрттың бəрінен мықты болды. Қалыңға кірген түлкідей, тау
бауырындағы ағаш арасына сүңгіп кетеді, таудың келесі бір мүйісіне
шығып, көтеріңкі кеудесін керіп, қолаң бұйра шашын бір сілкіп қойып,
елегізген еліктей төменге көз тастайды. Тырмысып келе жатқан
офицерлерді көріп, сыңғырлап күледі.
– Жауынгер командир болғандарыңа!– деп қағытады.
Демігіп қалған командирлер мүйіске иек арта бергенде, олардың ентігін
басуға мұрша бермей, шыңырай көтерілген биікке қарай қайтадан еліктіре
жөнеледі.
– Жігіттер, қайсың қуып жетесіңдер,– деп ерке назбен күліп, жұрттың
еркін билеп, өрге сүйреп барады.
Өзгелерден қымқа озық келе жатқан Мұрат Лиданың сергек əсем
қимылын қаны жібермей бағып келеді. Бірде тік баурайға дік-дік
шаншылған əсем, кішкене аяғын, бірде ағаш бұтағынан жалтарғанда толқи
серпілген қолаң шашын, майыса иілген қыпша белін көреді. Енді бірде
артына қайрыла берген Лиданың қасына жақындап қалғанда оның жүзін де
айқын көрді. Ойнақы күлкі ұшқындаған қоңыр көзі, үш жағы көтеріңкі,
жұқа танаулы «тентек» мұрны, маңдайының үстінде үрпие ширатылған бір
шоқ шашы, тіпті мықынын таянып, сəл шалқая қисайған тұрысы да жігіт
сезімін қытықтап, еркелей қағытып, еліктіре шақырып тұрғандай. Мұрат
қасына келіп, қолын соза бергенде, еліктің лағындай үркіп, жалт берді де,
өрге қарай дедектей жөнелді. Жарысқа қызған Мұрат енді намыстанып,
шоқының сүйір басына озып шықты да, қолын созып, қызды тартып алды.
Ертеден бері жұрттың бəрінен тың келе жатқан Лида кенет шаршап
қалғандай, шиыршық атқан қыз денесі сұлық тартып, ойнақы ажарын
жеңіл ғана мұң шалып тұр. Ұшқын шашқан қоңыр көзі де ұяң тартып,
мұнарлана дөңгеленген. Басы шалқая қисайып, нəзік ерні түріліп, Мұратқа
«шаршап қалдым ғой, неге сүйемейсің» деп тұрғандай. Мұрат қарымен
қапсыра орай, оның белінен сүйемелдеді. Құрық тимеген асаудың
жонындай қыз денесі дір ете қалды. Мұрат қаттырақ қыса, бергенде,
құшағынан сусып шығып төмен қарай құлдырай жөнелді. Арқан бойы
төмендегенде артына қарады. Шұғылалы көңілін бұлт шалғандай, сынық
реңмен жабырқай қарады.
Шоқыға шыққан жігіттер ентіге күлісіп, қалжың айтысты.
– Немене, уысыңнан шығарып алдың ба?!
– Сынаптай сусып, уыста тұрушы ма еді!?
– Құрық салғызатын нəрсе емес осының.
Жігіттер ентігін басып, темекі тартып алып, төмен түсті.
Қайтарда жолдағы демалыс үйіне соғып, шарап ішісті.
Жол бойы көңілсіздеу болған Лида кенет қайта көңілденіп, өзгеден ерек
көп күліп, ұшқалақтау болып кетті.
– Жігіттер, шампанское əкелмейсіңдер ме?– деп қағытты.
Мұрат төрт бутылка шампан шарабын алды. Бірақ Лида сықылықтап
күліп, өзі ішпей, өзгелерге ішкізді. Мұраттан ерек Хадишаға ықылас
корсетті.
Мұрат үйге келгесін де таудан алған əсерден арыла алмай, көктем күні
оятқан бұлдыр арманның жетегіне еріп, көңіл толқып, ыңылдап əндетумен
болды. Көбіне əлдеқандай мұңлы əуендер аузына түседі. Хадишаның көңіл
күйі үйге келгесін бірден бұзылды. Кешкі ас дайындамай, ас үйге кіріпшығып аяқ-табағын шалдырлатады. Бір ауық түксиіп диванға отырып
алады. Мұрат патефон ойнатып: «Кел, Хадиша, билейік» дегенде, əйелі
əбден шатынап қоя берді.
– Өзің билей бер, мен шегіртке емеспін, маған үйдің қамын ойлау керек.
– Оның не, Хадиша! Үйге немене болыпты. Үй орнында емес пе? –
Мұрат ақырып қалды. Бүгінгі тəтті қуанышына у құйып жібергендей, қатты
тіксінді.
– Ваза алам ба деген ақшамды араққа құрттың. Ана вазаға сыңар керек.
Мұрат бұрышта тұрған əдемі вазаға қарады.
– Келесі жалақыдан аламыз да.
– Оған трельяж аламын.
– Одан кейінгісінен-ақ алармыз.
– Оның да орны бар.
– Ендеше келер жылы алармыз,– деді ызаланып кеткен Мұрат.
– Келер жылы да ақшаны жұмсайтын жер табылады. Сенің мына
шашуыңмен осы үйге шыр жұға ма.
Мұрат ашуға булығып, осы бір келіссіз əңгімені тез тойтарғысы келіп:
– Жарайды, қойшы енді. Ата-анамыз осындайсыз да күн көрген,– деді.
– Мен олай тұра алмаймын. Менің ата-анам тəрбиелі адамдар. Шоқпыт
киіп өскен саған керек болмаса да, дүние маған керек.
Бұл сөз Мұраттың əбден шамына тиді. Ол лез жауап қатпай, сазарып
бұрышқа қарады. Жуырда ғана өзі сүйсініп ұнатып алған ваза жексұрын
нəрсенің айғағындай көрінді. Аяғын сіресе басып келіп, дөңгелек столдың
үстінде тұрған вазаны қос қолымен қысып көтеріп алды да, еденге қойып
қалды.
– Енді сыңарын сатып алудың керегі жоқ,– деді, əйеліне сұстана қарап.
Вазаны еденге емес, басына соғып уатқандай Хадиша шар ете қалды.
Айқайдан Шернияз шошып оянды. Бірақ Хадиша енді дыбыс шығармастан
безеріп отырды да қойды. Шырылдап жылаған баланың қасына бармады.
Баланы Мұрат қолына алып жұбатты. Бір кезде қарсы алдында сəл
қырындау отырған Хадишаға көзі түсіп, шіміркеніп қалды. Сонау жылдары
махаббат нұры ұялап тұратын көзінде қазір тек өшпенділік қана бар.
Əдеміше, жылтырап тұратын беті улы ыза сызаттап, көгеріп кеткен.
«Мен осыны бір кезде шынымен-ақ сүйдім бе екен?» деп те ойлап қалды
Мұрат. Өз үйі өзіне жат, қол-аяғын бұғаулаған тұтқын орын сияқты,
жылусыз азынаған дүниедей көрінді. «Бұл үйде енді өмір сүруге болмас,
өмірді қайта бастау керек» деп ойлады. Əкесінің жылы құшағында
жұбанып, ұйқысы ашылған Шернияз, енді оның төсіне өрмелеп, мұрнынан
тартқылады. Мұрат Шерниязды көтеріп бетінен сүйген кезде: «Бұған басқа
жат біреу əке болады-ау» деген ойдан шошып кетті. Сəбидің алдында үлкен
қылмысты болып, соны жасырғысы келгендей, баласын құшырланып,
мауқы басылмай сүйе берді.
Семьялық өмірдің осындай қақтығыстары болып тұрды. Бірақ арыны
басылмаған, ыстық жігіт ондайда көріне бұра тартатын да, айыпты боп
қала беретін. Дауыл өткенде ыңғайсыз жағдайды жуып-шаюға тырыспаса
да, өзін кінəлайтын. Алдымен татулық іздейтін Хадиша болушы еді.
Хадишаның жақсы қасиеттері жоқ емес-те. Оның айнымас адалдығын, бар
ойлағаны күйеуінің, баласының қамы екенін Мұрат білетін. Хадишаның
өмірге деген белгілі бір өлшемі болды, сол өлшемнен артық-кем өмірді ол
білмеді, одан тыс нəрсені жөнсіз көрді. Бірақ Мұрат ондай қалыпқа
сыймады, тарсынды.
Бірте-бірте Мұрат орынсыз қызбалықтан да арылды. Хадиша мінезінің
қыртысы да жазылғандай болды. Сырт қараған кісіге сəтімен үйлескен
бақытты адамдар сияқты көрінді бұлар. Бірақ өмірге шынайы сəн, мағына
беретін ішкі жарастық, ұғыныс болмады.
Мұрат хатты бүктеп қалтасына салды да, орман шетін кезіп кетті. Ойға
қалғанда қолын артына ұстап ақырын сенделіп жүре беретін əдеті бар-ды.
Майданға аттанарда Хадишамен қоштасқан кезі есіне түсті. Мұрат жүруге
ыңғайланып, бетіне қарағанда əйелі əбден мұңайып, жабығып тұр екен.
Аққұба жүзіндегі қаны қашып, өңі қуарып, шарасы қасіретке толы қара көзі
мөлдірей, күйеуіне телміре қарайды. Бүкіл келбетінде қимастық па, əлде ең
асылынан айрылып қалам деген қорқыныш па, бір үрей бар. Осы сəтте
Мұратты аяныш сезімі билеп еді. Осы өзіне əрі жақын, əрі жат əйелдің өзін
де, жақын жолдасын да, азапқа салған мəнсіз ұсақ өмірін аяды. Оны
жөндеп үлкен жарқын жолға шығара алмағанына екінді. Рас, қисығын
жөндеуге Хадиша көнбейтін. Июге келмей, сынып кететін. Tеpic болса да,
ұстанғанына кəміл сенетін адамды тəрбиелеу инемен құдық қазғаннан
қиын.
«Апырмау, сол шығарып салардағы ықласы, қимастығы қайда!– деп
ойлады Мұрат қарағайдың қылқанды бұтағына қарап тұрып.– Хадишаның
жақсы қасиеттері жоқ емес еді, бірақ жақсылығының бəрі өткінші болғаны
ма, əлде шырпыдай ғана жалыны бар да, өзгесінің бəрі бықсыған шала
болғаны да». Ел қайғысы, ажырасқан отбасының сағынышын, көпке ортақ
мұңдастық Хадишаның тар дүниесін кеңітіп, кішкене мақсатын үлкейтсе
керек еді. Мына хатына қарағанда, олай болмапты. Қатал, үлкен өмір лебін
кеудесіне жібермей, өзіндегі барын қымтап, кірпідей жиырылып алған. Рас,
Хадиша Шерниязды жүдетпейді. Баға біледі. Жеңіл жолға да түспейді. Оны
Мұрат жақсы біледі. Бірақ, неге екені белгісіз, Мұрат көңілі Хадишаға
қатты олқы. «Сірə екеуміз екі көлдің бақасы шығармыз». Мұрат мырс етті.
Сызды жел бетін қарып өткенде Мұрат тіксініп, ойынан сергіді. Күздің
шұғыласы аз, солғын күні аспан кеудесіне өрмелеп шығуға дəрмені жетпей,
енді төмендеп барады. Мұрат батальон орналасқан шепке қарай аяңдады.
Сеңдей қозғалып кеткен ауыр ойлар ағыны əлі тоқтай қойған жоқ. Иə,
мынау күздің солғын күніндей нұрсыз, жылусыз болды Мұрат өмірі.
Сондай бір жүдеу шақта көңілін көктемнің шапағатты мол шұғыласына
бөлеп, оның өміріне Айша еніп еді.
10
Уəли екі иінінен дем алып, жүгіре басып, штаб жаққа қарай дедектеп
келеді. Өрт ішінен шыққан адамдай. Ержанмен ұрысқаннан кейін
подвалдан жүгіре шыққан ол үстемелете атылған жау снарядының астында
қалды. Қапелімде қатты сасып, арлы-берлі жүгіріп аласұрды; ақыры, бір
үйдің подвалына түсіп, жан сақтады. Атыс тыйылғаннан кейін ол үйдің
астынан шығып, штабқа қарай жортты. Енді іштегі ыза күйдіріп барады.
Бірақ Уəли қанша долы болса да, ашу үстінде басын тасқа соғатын нағыз
аңғал адуын емес-ті. Ержан қылығы жанына батқан сайын, оған қарсы
жасар əрекеті де айқындала түсті. Ержан Уəлиге осы уақытқа дейін адам
баласы айтпаған сөз айтты. Бəрінен бататыны – қол жұмсамақ болды.
Жазып берген қағазын жыртып, бетіне лақтырды. (Сол сəтте сескеніп
қалғаны есіне түсіп, Уəли іштей тітіркеніп қойды). Онан да ұрғаны жақсы
еді; мықты дəлел болатын. Бірақ куə жоқ, ұрды деуге де болады. Уəли оны,
боқмұрын баланы, бүкіл полктан ала-бөле іш тартып жүргенде... Көрдің бе
өзін!.. Бұл күнді көп көрсе, сазайын тартсын бəлем.
Штаб орналасқан сельсоветтің үлкен үйінің кең бөлмесінде полк
комиссары Стрелков пен Купцианов қызу əңгімелесіп отыр екен. Екеуінің
аузында – бүгін таң алдында сəтімен аяқталған қарсы атака жағдайы. Уəли
кіріп келгенде Купцианов иегін бұра көтеріп, оған жылы шыраймен
қарады. Атағы кіші офицердің сəлеміне ризалықпен бас изеді де,
Стрелковқа бұрылды:
– Біздің штаб офицерлері де ұрысқа қолма-қол араласып кетті, Максим
Федотович,– деді.– Неміс майорын қолға түсірушілердің бірі осы.
Уəли қыпылықтап төмен қарады. Стрелков оның бұл құбылысын
«кішіпейілдігі болар» деп оңға жорыды. Осының алдында айтып келе
жатқан ойының ыңғайына дөп келсе керек, комиссар іле қызу сөйлеп кетті:
– Өте жақсы. Мінекей осындай қиын кезде командирдің жеке басының
үлгісі өте маңызды. Ол жауынгерлердің рухын көтеруге өте қажет.
– Дұрыс айтасыз, Максим Федотович,– деп қостады Купцианов. – Мен
лейтенант Молдабаевтың қимылына ризамын.
– Біз қанша айтқанмен, азамат соғысының тəжірибесін ұмытпауымыз
керек. Сіз қай ротада болдыңыз, лейтенант?
– Бірінші ротада, жолдас комиссар,– деп жауап қайырды Уəли.
– Ал жауынгерлердің көңіл күйі қалай?– деп сұрады Стрелков.
– Жақсы.
– Командирлер ше?
– Жаман емес.
Үлкен командирлердің қошаметіне көңілі жібіп, ашуы жұмсайын деген
Уəлиді соңғы сұрақ қамшылай жіберді.
– Жолдас комиссар, баяндауға рұқсат етіңіз. Жаман жағдай болды.
Купцианов пен Стрелков екеуі бірдей аңырып қалды.
– Лейтенант Қайсаров маған қорлық істеді.– Қайсаров атын атағаннан-ақ
сабасынан шыққан Уəли сөйлеген сайын өршелене түсті.– Өзі барып
тұрған бұзақы екен. Қол жұмсады маған, мені балағаттап қуып шықты.
Өзінен жоғары командирді қорлады.
– Не үшін?– деді дағдара түнерген Стрелков.
– Мен жолдас майордан рұқсат алып көмектесуге барғанмын. Ойымда
ештеңе жоқ. Взводын атакаға көтерді. Енді соғыс тынғасын кет, менің
атағыма ортақ болғың келеді деп боқтады. Маған оның атағының керегі
жоқ Менің жазығым жоқ тіпті.
Бір ұнатпаған адамына жіби қоймайтын, аз да болса ұнатқан адамынан
тез суынбайтын Стрелков алдында ғана Уəлиді іш тартып қалды да, оның
қуыстанып ақтала сөйлегенін аңғармады.
Комиссар түнере түсті. Алғашқы əсері – Молдабаев хабары жеңістің
тəтті шарабына у тамызғандай болды. Өз бойы сияқты, бүкіл полкты да
таза ұстағысы келетін еді Стрелков. Мұндай бықсықты тез өшіру керек.
Қайсаров...
Aha... Анада бір ұятқа қалдырып еді, айналдырған отыз солдатына ие
бола алмай...
Полктың партбюро мəжілісі ұзаққа созылмады. Жұрт сөз сұрап
қосарлана қол көтермей, тартынып та қалмай, байыпты, ызғарлы сөйледі.
Көптен ақталмай, іші қарауыта түскен кең бөлмеде темекі де жиі тартыла
қойған жоқ. Кеше Стрелковтың тапсыруы бойынша шатақтың мəн-жайын
тексерген батальон комиссары Жақыпов бюрода болған істі баяндап тұр.
Жұмырлана толысқан денесін тік ұстап, шүңірек көзін бір ноқатқа қадап,
алшақтау басып, жұрт алдында нығыз тұр. Сөзі де байсалды.
– Қайсаров командирлікке жат іс істеді. Ол ешбір дəлелсіз өзінен қызмет
дəрежесі жоғары офицерді балағаттап, оған қарсы қол жұмсағаны
анықталды. Не себепті балағаттап қол жұмсадың дегенде Қайсаров жөндеп
жауап бере алмады. Сондықтан да оны айыпты деп қарауымыз керек.
Мұндай тəртіпсіз командир жауынгерлер арасында саяси-тəрбие жұмысын
жүргізе ала ма? Жоқ, жүргізе алмайды.
Ержан Жақыповтың сөзін бөлгісі келіп бір оқталды да, бірақ үндемеді.
Жиналған жұрт салқын ызғармен үнсіз отыр. Дəл осындайда өзіне қошамет
таба алмайтынын іші сезді. Жəне бір қинағаны мəжілістің үстіне Панферов
келіп қалды. Оның көзі Панферовқа күбірлеп бір нəрсені айтып жатқан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 13
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.