Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 20

Total number of words is 4092
Total number of unique words is 2141
32.4 of words are in the 2000 most common words
45.8 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ыңсыз-шыңсыз өткесін Татьяниноны да алыстан орағытқысы келмеді. «Не
істейміз» деп кідірген дозорға деревняның дəл сыртын жанап өтетін
жалғыз аяқпен тарта беруге əмір етті. Шағын деревняның шаруа үйлері —
шаршап келіп қонған керуеннің шеккен түйелеріндей түн қараңғысымен
аласарып, қалжырай мүлгіп тұр. Тіпті сол деревнядағы ұйқылы
тыныштықтың өзі қауіп-қатерді ұмыттырып жылы төсекке, рақат тынысқа
шақырғандай еді. Кенет «Хальт!» деген ащы дауыс құлаққа тікендей
қадалды.
13
Батальон суыт жүріп келеді.
Ержан взводынан айрылғаннан кейін Мұрат дұшпанмен қанша
қақтығысқысы келмесе де қалың жаудың ортасынан жұқпай өтіп кете
алмады. Үш рет немістердің үлкенді-кішілі тобына соқтығысып арада ұрыс
болды. Бірде жауып бірде басылып қалыңдаған омбы қардан аяқтары
ауырлаған, үздіксіз төнген қауіп қажыта бастаған жауынгерлер жата қалып
атысып жаудың бетін қайтарып, қашып орманға тығылады. Оқ-дəрі де
кеміп барады. Мұрат немістерден түскен қаруды пайдалануға əмір берді.
Екінші күні түс қайта Мұрат немістердің бір колоннасына кездесті. Үлкен
жолмен кетіп бара жатыр екен. Соғысуға бата алмай жіңішке жолмен
қиғаштай тартып қарасын үзбек болды. Алғашқыда дұшпан да буларға
назар аудара қоймап еді, бірақ аздан кейін хабаршы жіберді. Мұрат
колоннасының жүрісін тездетіп шамадан келгенше алыстап бақты.
Хабаршыға тимеуге əмір етті. Екі неміс жақындап келіп бұларды танып
кейін қарай қашты. Ол екеуін атып түсіргенде, дұшпан бірден ұмтылар еді,
бірақ екі солдат қайта жүгіріп барып, ошарылып қалған колоннаға «Русь»
деп айқайлағанша Мұрат едəуір жер ұтты.
Неміс колоннасы тез ыдырап соғыс тəртібіне көшті. Күмістей
жылтыраған ақ қардың бетінде құмырсқадай жорғалаған қара денелер
шашырап жайылып барады. Əр жерден күнге шағылып қару-жарақ жалт
етіп қалады. Жол үстінде кішкене топ селтиіп тұрып қалды.
Олар да қыбырлап қозғала бастады.
Бірақ арт жақтан жау келеді. Оң жақтан, сол бүйірден, немесе алдыңғы
жақтан, тұтас айналаның қай мүйісінен тағы да қандай жау күші шыға
келетіні белгісіз.
Ызғарлы ала шарбы бұлт қабыршақ мұздай қатып қалаған ақшыл-көк
аспандағы кішкене күннің суық сəулесі істіктей қадалып бара жатқандай.
Алдағы биік арша орманның іші де ызғар шашып тұрғандай суық көрінеді.
Батальон тез ширығып жүгіре басып барады. Мұрат жол үстіне шығып
колоннаның артын тосып алды да Кусковты шақырды. Екеуі сап жанында
жүгіріп келе жатып сөйлесті.
– Анау орманға тырнағымыз іліккесін, екінші взводты алып тосқауылға
қал. Жауды тойтарып таста. Бірақ бізден қараңды үзіп қалма. Печальный
опыт есіңде болсын.
– Құп!—деді Василий тістеніп.
Комбаттың соңғы сөзін естігенде көз алдына сонау деревня сыртындағы
қырқа, қалың жаудың ортасында Ержан елестеп кетті.
Батальон орманға қарай жүгіріп барады. Жіңішке жолмен иретіле ұзақ
созылған колоннаның енді бас-аяғы тартылып, қысқарып, ені кеңи түсті.
Жауынгерлер шашырап жолдан шығып, аяқтарымен үгілмелі құрғақ қарды
күреп жамырай жүгіріп барады. Колоннаның алдына таман келе жатқан екі
арба мен екі кішкене зеңбірек кейіндеп қалды. Арбакештер қанша
қамшылағанмен арба доңғалағы қарды пышақтай тіліп терең батып,
болдырған аттар еркін желіске түсе алмай құйрықтарын көтеріп, екі
жағына теңселе бұлқынып, тыпыр аяңнан аса алмайды. Алдыңғы арбаның
жүрісі баяу тартып, артқы арба тертесімен кимелей түсті.
– Тез! Тезірек айдаңдар! — деп Мұрат жүгіріп келеді.
Алдыңғы арбаның үстінде байпақ киген икемсіз аяғын томардай
серейтіп, қалың сары тонның сыртынан сірескен брезент плащ киіп алған
қазақ жауынгер отыр.
Бет əлпеті де анық көрінбейді. Құлақшының көзіне түсіре киіп, аузын
жаба, мойнын күдірейте шарқат ораған, қомпитып қардан соғып үстіне
киім жауып қойған жансыз дене сияқты. Қысқа қолын əрең көтеріп
шыбыртқы сілтейді. Оның ұрғаны ат сауырын қышыта түсетін сияқты.
– Айда тезірек! — деп айқайлады. Мұрат арт жағынан жүгіріп келіп.
– Жануарлар болдырып қалыпты, — деді арбакеш оған бүкіл қорбиған
икемсіз денесімен əрең бұрылып.
– Түс арбадан!—деп ақырды Мұрат.
Арт жақтан қысылшаңда айтылатын сөздерді ағытып старшина да
жүгіріп келеді екен. Арбакеш əрең деп аяғын баурына жинап, еңкейіп
түсуге ыңғайлана бастады. Аттар іркіліп қалды. Мұрат оның қолынан делбе
мен шыбыртқыны жұлып алып, делбені қатты сілкіп, аттарды осып-осып
жіберді. Аттар артқы аяқтарымен шіреніп қалып, арбаны желе тартып
кеткенде арбакеш те қарға домалап түсті. Шерден сүйретіле тұрып, ұзын
плащтың етегіне оралып арбакеш Мұратты əрең қуып жетті. Ол делбеге
қолын соза бергенде Мұрат оны бастан-аяқ тез шолып, жекіп тастады.
– Шеш, үстіңдегіңді!
Ой, қазақ болмай кеткір! Базарға пішен апара жатқан- дай!
Арбакеш сыртқы плащын шешкенмен тонының өзі тым қалың көрінді.
– Тоныңды да шеш!— деді Мұрат.
Тонның ішінде жылы қалың телегрейке бар екен. Арбакеш едəуір
ықшамдалып қалды.
– Өзіңнің атың кім? — деп сұрады Мұрат.
– Қойшыбаймын ғой, — деп жауап қайырды арбакеш қолына шылбыр
мен шыбыртқысын алып жатып.
– Қойшыбай болсаң қуала!—деді де Мұрат ілгері қарай жүгірді.
Ізге түскен дұшпан тобы оқ ата бастады. Екі ара алғашқыдан едəуір
жуықтаса керек. Осы кезде батальонный алды барып орманға ілікті. Мұрат
ағаш арасына кіре бере аңтарылып тұрып қалды. Ағаштар селдіреп ар
жағынан ағараңдап кең алаң көрінеді. Орман деп арқа сүйегені шоғыр ағаш
екен. Осы сəтте оқтың өтінде жалаңаш тұрғандай қорқынышты сезім билеп
кетті. Осы бір денесін шіміркендірген жиренішті сезімді бойынан сілкіп
тастай алмады. Алдында өңкейіп ақ қар жамылған жазық жатыр. Одан əрі
тағы да орман. Əлде бұл да селдір ағаш па? Жоқ, тым биік көрінеді.
Дөңеске өрмелей өскен болар. Солға таман деревня үйлерінің төбесі
қылтияды. Бір-екі мұржадан бозғылт сұйық түтін шығады.
Ал, анау орманда кім бар? Мұрат алдыңғы шепке жақындап келе
жатқанын сезіп еді. Өз топшылауынша осы алдағы түнде арғы бетке өтуге
де тиіс. Сөз жоқ, алғы шепке жақындаған сайын дұшпан күші көбейе
түседі, үлкен жолдан жайылып, қанаттасып тұтаса да түспек.
Соғыс адамы үшін дұшпанның күші мен орнынан аз да болса хабардар
болмай қимыл жасау — көзді тас жұмып əрекет ету. Мұрат аса қиын
толқымалы халге ұшырады. Қайтпек? Мынау селдір шоғыр ағаш оған
бекініс бола алмайды. Соңынан қуып келе жатқан жауға осы арадан-ақ
төтеп берер еді. Ал, ұрыс дүбірін естіп желкеден, бүйірден жау күші
келмесіне кім кепіл? «Не де болса тəуекел!» Мұрат жағдайында тəуекелден
басқа шара да жоқ еді. Ол енді анау орманға да немістерді желкесіне
мінгізіп апарғысы келмей бір взводты тосқауылға қалдырып кетті.
Суырмалы құрғақ қарды күреп жауынгерлер ылдиға қарай шашырап
жүгіріп барады. Кейбіреулері тұмсығымен қарды сүзе қулап, тұра салып
қайта жүгіреді. Арт жақта атыс басталды. Шыжылдап қаңғырма оқтар түсе
бастады. Батальонның соңы желкеден төнген жаумен айқасып жатқанда,
алдан тағы да жау кездесті.
Мұрат орманға кіре бергенде зеңбірек гүрс ете қалды. Бұрын
артиллерист болған Мұрат «даусына қарағанда, 120 миллиметрлік
зеңбірексің-ау» деп топшылап қалды. Сəлден кейін тағы, оған ілесе тағы да
зеңбірек атылды. Снаряд ілгері қарай зулап барады. Сəлден кейін барып
гүрс етіп жарылған жұмсақ баяу дауыс естілді. «Бұл жау зеңбірегі!»
Мұраттың жүрегі дүрсілдеп қоя берді. Əнекей, құлақ естір жерде біздің
əскер! Иə, иə біздің адамдар. Қоршаудағы бес күннің ішінде бес жыл елсіз
аралда қалғандай сағындырған адамдар.
Мұраттың отыз жылдық өмірі, құмартқаны, қуанғаны, ыстығы,
аңсағаны, қысқасы, бар тірлігі — жарық дүние көз алдында жарқ етті.
ЬІғына көндіріп, бұқтырып əбден зығырданын қайнатқан қас дұшпанмен де
адам сияқты алысатыны да анау сол жер. Əбден берекесін кетіріп, өзіне-өзі
жеккөрінішті еткен шынжырсыз кісеннен де қол-аяғы, əне, сол жерде
босайды. «Біз мұндамыз! Бармыз! Тіріміз!» деп айқайлағысы келіп кетті
Мұраттың. Алқымына жас тірелді. Бірақ бір сəтке лап еткен қуаныш осы
сағыныштың ыстық сезімі оқыс өзгерді. Мұрат шошынып қалды. Алды
қалың жау. Өзінен сан есе күшті жау. Əбден зарықтырып барып ең
жақынын көзіне бір көрсетіп енді талпына бергенде алдынан темір қақпаны
тарс еткізіп жауып тастағандай. Қанша шыңғырсаң да үнің естілмейді.
Мұраттың көзінен екі тамшы жас ытқып шығып, қаулап өскен қара
сақалына қарай домалап барады. Көріп тұрып, қолың жетпеген жаман екен.
Қиын сағатта көңілдің босағанынан жаман нəрсе жоқ екенін жақсы білетін
Мұрат бір сəтке бойын билеп кеткен дəрменсіздік сезімінен тез арылды.
Əнекей, зеңбірек атысы жиілей түсті. Алғашқы залп та берілді. Тез, батыл
шешімге келу керек Батальон тағдыры қыл үстінде тұр.
«Атака! Тек қана алға! Басқа шара жоқ»,— деген ой жалт етті. Мұрат
орманға кіріп, іркіле бастаған роталарды тез шолып, «алға!» деген команда
берді.
Жарты километр жүрмей жатып-ақ, будақтаған көк түтін арасынан ауыр
зеңбіректер көрінді. Жер солқылдатқан тарсыл-гүрсілден құлағы біткен,
қызу атысқа еліккен неміс артиллеристері көгілдір тұман шалған ағаш
арасымен келе жатқан жауынгерлерді байқамады. Қалың күш жақындап
келіп лап бергенде ғана жан ұшырып алас ұрды. Ең бергі шеткі зеңбіректің
қасындағы снаряд тасушы жуантық сары неміс кейінгі жаққа жалт қарап,
аузын ашып ақырып қалды. Қолындағы снаряд жерге түсіп кетті. Бажылдап
айқай салып қаша жөнелді. Екі өкпесін қолына алып зытып бара жатқан
серігіне зеңбірек оқтаушы əлдене деп айқайлады да, секем алғандай артына
бұрылды. Иілген күйі көзі шарасынан шығып қатып қалды. Тағы да бір-екі
жерден шарылдаған айқай шықты. Осы кезде сасқалақтық бүкіл батареяға
тарады. Қолында биноклі, жəшіктің үстінде команда беріп тұрған сұлу,
сұңғақ бойлы офицер, не болып қалғанына түсінбей шаңқылдап бір-екі
дауыстады да, артына бұрылды. Тұрған жəшігінен қарғып түсіп, қаша
бастаған солдаттарына ащы дауыспен «Хальт! Хальт! Цюрих!» деп
айқайлады. Қапыда қайрат көрсетіп, қолына іліккен солдатын лезде атысқа
дайындады. Бірақ ол кешігіп қалды. Қашқаннан қалған неміс
зеңбірекшілері қаруын ыңғайланып оқ шығарғанша, «уралап» лап қойған
Мұрат батальоны жапырып та кетті.
– Тез зеңбіректердің құлпын алыңдар! Алға! – деп команда берді Мұрат.
Жауынгерлер ып-ыссы зеңбіректердің құлпына жармасып, біреуі ағытып
алудың тəсілін білмей əлек болып сасқанынан винтовканың дүмімен ұрды.
Мұрат жүгіріп келіп епті қолымен құлыпты зып еткізіп шығарып алып,
жауынгерге ұстата салды.
– Мə! Тастама!
Оң жақтан, сəл алға таман айқай-шу, атыс естілді.
Мұрат сол шамада бір батарея бар екенін байқағандай болып еді. «Құрту
керек!» Ол тез екінші ротаға əмір берді.
– Батареяны құртқаннан кейін, алға ұмтыл, бізге қосыл!
Тек қана алға! Алға! Батальон не қырылады, не болмаса осы екпінмен
жау шебін жарып өтеді. Нысананың жақындығы мен алдағы кедергінің
күштілігі жауынгерлерді əп-сəтте ширатты. Ағаш сиреп, алдан көлденең
созылған ұзын далаң ашылды. Одан əрі тағы да орыстың сансыз
орманының бірі. Оң жақта екінші рота немістермен айқасып қалды. Айқайшу, атыс күшейе түсті. Батальонный, алды орманға жуықтағанда ағаш
арасынан шашыраңқы атыс естілді. Мұрат берекесіз, сирек атысқа қарап
«не штаб, не тыл бөлімшесі боларсың» деп тез түйді. Ол Алға!» деген
тегеурінді сөзді екі-үш лақтырып жауынгерлерін тағы бір желпіп тастады.
Омбы қарға сүріншектеп, бөгеле түсіп оқ атып, солдаттар митыңдап
жүгіріп барады. Кейбіреулерін оқ жұлып кетіп жатыр.
Манағы неміс колоннасын бөгеуге қалған Кусковтан хабар жоқ. Жау
батареясын құртуға жұмсалған екінші рота кейіндеп қалды. Ол жақтан əлі
де атыс естіледі. Тозақ отынан алып ұшқан самұрық құсқа қоң етіп
боршалап берген ертегінің батыры сияқты Мұрат əр тосқауылға
батальонның жанды бөлшегінен бір кесіп беріп келеді. Үзіліп-үзіліп
азайған батальон кеудесін тосып, күші белгісіз жауға қарсы барады.
Осы кезде жаңағы бір əзірден бері əр жерден жүгірте атылған
зеңбіректер үні көбейе келе тұтасып, конанадаға айналды. Дыбыс жігі
ашылмаған ұзақ гүрсіл — ызаланып, демалмастан булыға өкірген алып бір
хайуанның үніндей. Тау төңкерілгендей үсті-үстіне жарыла құлаған, зіл
соққыдан жер кеудесі жаншылып, ауыр ыңыранады. Селдіреген ағаш
саңлауынан жай теңселген қою қара түтін көрінеді. Сол дозақ отының
астында адам түгіл, бір тал шөп аман қалмаған сияқты. Жолындағы азғана
немістерді тез ыдыратып, тіршілік үмітін содан іздегендей батальон анау
қалың өртке қарай жан ұшырып келеді.
Мұрат батальонының жолындағы үш-төрт батарея жойылды, өзгелеріне
«Русь қоршады» деген лақап жеткен болса керек, тұтаса гүрілдеген
артиллерия даусы қақ айрылып, екі жаққа қарай едəуір алыстады. Батальон
орманнан шыға бергенде алдарынан екі рота шамасы немістер кездесті.
Ирек арқандай созылып, сирек шеппен келеді. Бұл енді жаңағылардай
қапыда қалып аласұратын, қарсылыққа мұршасы келмей қаша жөнелетін
үріккен артиллеристер, кірешілер емес, белдесіп соғысатын күш. Дұшпан
есін жиып, штабтарға хабар жетіп, болған істі ұғып қалса керек.
Қоршаудағы батальонный қолындағы ең мықты қаруы — тұтқиыл, будай
тарқап жоқ болды.
Мұрат жағдайды өз көзімен көріп, тез əрекет ету үшін шептің алдында
келе жатқан. Оның алғашқы аңғарғаны: қайда, кімге қарсы келе жатқанын
біліп, өз күштеріне сенгендей дұшпан солдаттары сабырлы екен. Екпінмен
кең аяңдап келеді. Мұрат тез «жат!» деп команда берді. Алдымен біраз
сиретіп, құтын қашырып алып тиіскісі келді. Оның үстіне кейінірек қалған
екінші ротаны да тосу керек.
Шойындай ауыр етіктер аяз қатырған суырылмалы қарды күреп келеді.
Кейбіреулері сүрініп кетіп қонышымен қарды қауып қалады. Ана бір алға
таман келе жатқан жуан сары басын шұлғыған сайын көз əйнегі жалт етеді.
Шептің арт жағынан шаңқылдаған дауыс естілді.
Дауыспен қабат автомат оғы борап та кетті. Жау төніп келе жатқанда
қимылсыз жату — көңілді орнықтыра қоймайды. Бірақ Мұрат мұның соңғы
айқас емес екенін, тіпті санын да, салмағын да болжауға кісінің көңілі
дауаламайтын көп айқастың бастамасы екенін сезді. Өздеріндегі оқ
мөлшерін ойлағанда шошынып қалды.
Дұшпан оғы үдеп барады. Суға түскен темірдей шыжылдан ағашқа жиі
қадалады. Мұрат дұшпанынан көз алмай етпетінен жатыр. Ажалдың жүзі
суық. Мұрат немістердің кейпін, тұлғасын анықтап байқай алмады (ол
жұрттың қимыл, тұлғасын аңдағыш болатын). Əркімнің өзіндік мүсінін
жасырып бір жылтыр мұнар орап алған сияқты. Шыныдай шыңылтыр,
суық мұнар. Əр денеден шашыраған сол мұз мұнар тұтасып, енді ажалдың
ызғар лебі шарпып өткендей болды. Дұшпан жүзін тасалаған осы бір
көрінбес пердені сілкіп тастағысы келіп Мұрат көзін сүртті. Ендігі сəтте
немістердің ақ қағаздай қан-сөлсіз беттері тұтасып ұзын ақ жолаққа
айналды. «Мыналар өлік қой», — деп қалды Мұрат. Олардың кеудедегі
жанары, əлдеқайда ұшып кетіп, құр сүлделері ақ қардың үстіндегі қарайған
өлік болып сұлай кетуге келе жатқан секілді көрінді.
Мұрат «Огонь!» деп айқайлады. Орман шетін отқа қақтаған ескі
темірдей кермек дəрі исі алып кетті. Орманда жаудың бар-жоғын анық
білмей тек оқпен сүзіп өтпек болып аңғырт келе жатқан неміс солдаттары
көп шығынға ұшырады. Бірақ аяқ астынан лап еткен алғашқы залптан
неміс офицері саспады. Ол ашық жерде оқ астында кешеуілдеп қалғысы
келмей селдіреп сиреп бара жатқан шебін ілгері қарай қуды. Шаңқылдаған
ащы айқайымен жата бастағандарын қайта көтерді. Бірақ қардай бораған
оқтан кенет дұшпан тобы сиреп, селдіреп қалды. Енді орман шетіне
жақындап жүгіріп келе жатқандарынан қарайып қар үстінде шашылып
жатқан немістер екі есе көп сияқты. Осы кезде азайып, талмаусырап кеткен
топқа батальон қарсы лап беріп, жапырып кетті.
Мұрат асығып келеді. Енді дұшпан мұның сырын да, күшін де біліп
қалғаны анық. Манадан бері шет жағасындағы шашырандыларымен
алысып еді. Енді сөз жоқ, дұшпанның қалың ордасымен айқаспақ.
Батальонның алды-арты шұбатылыңқырап кетті. Кейінірек қалған арбалар
мен зеңбіректерді қуалауға кеткен Маштай келді. Ол екінші ротаның қуып
жеткенін айтып қуантты. Тосқауылда қалған Кусковтан əзір хабар жоқ. Тек
жаңағы бір əзірде арт жақтан атыс естігендей болды. Ол да тоғанды буған
долы өзендей қаптаған жауға азғана күшпен тығын бола алмай келе жатқан
шығар.
Қоршаудағы əскерді сергелдеңге салып титығына жететін де, шыдам
шегінен асырып ашындыратын да аса бір қиын ұрыс басталды. Мұрат жол
бойы кездесіп қарсылық еткен шағын топтарды тықсырып, ілгерілеп келе
жатқанда алдынан үлкен күш шықты. Екі жақтан кескілескен ұрыс
басталды. Батальон селдір жас қайың ескен аласа төбеге бекініп қарсылық
етті. Төбенің сол баурайын ықтай үш-төрт үйлі хутор орналасқан екен.
Арбалар мен зеңбіректер соны паналады. Жауынгерлер қардан ұра қазып,
тасаланып, қайыңдарды паналап атысып жатыр. Немістер екі рет бас
көтеріп ұмтылып еді, жөнді ілгерілей алмай тоқтап қалды. Дегенмен басым
күш оңайға соғар емес. Қысып барады. Оң жақ қанаттағы екінші ротаның
халі қиынға айналды. Мұрат солай қарай жүгірді. Бұл жақта жаудың күші
басым екен. Мұрат жүгіріп жеткенше олар тағы да атакаға көтерілді.
Жауынгерлер шыдай алмай біртіндеп шегіне бастады. Рота командирі
тоқтата алмай бəйек болып жүр. Мұрат шегінгендердің алдымен
деңгейлене беріп, қалт тоқтады да алға сілтей қолын көтерді. Комбатты
көрген солдаттар үрейді ұмытып, таңырқағандай кідіріп қалды. «Қайда
барасыңдар! Алға!» даланы басына көтере айқайлады Мұрат, үзілген шеп
қайта жалғанды.
Жүгіріп Дулат келді. Ол жауған оқтан онша тасаланбай жүресінен отыра
қалып:
– Жолдас капитан, сол жақтан немістер келеді, — деп хабарлады.
– Черт побери! — деді Мұрат тістеніп. Ол қасында жатқан Волошинге
қысқа əмір етті: — Осы арадан бір адамың қалғанша шегінбе, бір! Екінші,
бір взводты сол қанатқа, хуторға жібер. — Қарсылық айтқысы келген
Волошинге жекіп тастады. — Үрей туғызба! Бірақ тез қимылда!
Соғысып жатқан солдат айналасындағы аядай жерді ғана кереді. Одан
əріні болжай алмайды. Сондықтан бір взводтың кейін кетіп бара жатқанын
көріп өзгелері де толқуы əбден мүмкін еді. Мұрат өз əмірінің қаупін білді.
Бірақ өзге амалы болмады.
Сол. Қанаттан батальонның тылын орай жау колоннасы көрінді. Шыққан
ізі — əріректе жайылып жатқан анау үлкен деревня сияқты. Соғыс болып
жатқан жердің мөлшерін өлшеп алып, күні бұрын жұбын жазбай келеді.
Мұрат енді хутор тасасында іркіліп қалған қырық шақты жауынгері бар
бір ротасын солай тосты. Ол хутор шетіндегі бір ағаш сарайды тасаланып
арттан келе жатқан дұшпанға көз тігіп, болашақ əрекетін ойлап тұр.
Жау мойнына салған тұзағын қыса түсті. «Енді қоршауды жарып шығуға
мұрша жоқ. Ендігі зор мақсат осы алақандай жерде сіресіп, қарсыласып
бағуда. Мына күйімізбен қаншаға шыдармыз,— деген ой келді Мұратқа.
Бұл ойдан Мұрат шошынған жоқ ауыр налыды. Көз алдына Айша келіп
тұра қалды. Қызыл шырайлы дөңгелек жүзі толқып, қоңыр көзі мөлдірей
қарайды. Сұлулығы мен əйелдік жылы мейірімі аясымен жібекке орағандай
Мұратты жұмсартып барады. Мұрат ащы мырс етті. «Сенің орның бұл
емес. Оқ тиіп кетер»!
– Жолдас капитан!
Мұраттың қасына артиллерия взводының командирі келіп тұр екен.
– Анау нахальный фрицтерді аздап соғып жіберсем қайтеді?
– Қанша снарядың қалды?
– Отыз екі.
– Жоқ. Сабыр ет! Əлі керегі болады. Ұрыс жаңа басталып келеді. Нағыз
жан алқымға келіп қалмаса, менің бұйрығымсыз бір снаряд шығарма.
Немістер артиллериясы əлі атқан жоқ. Өз əскерлеріне тигізуден
қауіптенетін болар. Əзірге жаяу əскермен қысып барады. Тағы да қандай
күш жұмсары белгісіз. Мұраттың артқа сақтаған таудай құралы — от пен
судан аман алып келе жатқан осы екі кішкене зеңбірегі еді.
Үшінші рота жауынгерлері қарға сүңгіп соғысқа дайындалуда. Волошин
взводы əлі келген жоқ. Ол жақта Мұрат кеткесін немістер тағы да
атакалады. Қазір екі жағы қырқысып жатыр. Бір взводы кетсе əрең шыдап
тұрған шеп сөгіліп кететіні анық.
Хутордың кішкене көшесіне де оқ жиі түсіп жатыр. Бір үйге жақындай
беріп Мұрат есік алдында Коростылевты көрді. Ол ыңырсыған бір
жауынгерді қапсыра көтеріп үйге кіріп барады. Іле Мұрат та кірді. Қара
көлеңке аласа бөлменің бұрышынан ыңырсыған дауыстар естіледі.
Жылымшы қан исі шығады. Бір бұрышта ұйлығып төрт-бес жауынгер
отыр. Коростылев көтеріп əкелген адамын еденге жатқыза салып, оның
шинелін шеше бастады.
– Мылтық ұстауға жарайтындарың шығыңдар қазір! — деді Мұрат
ақырын, бірақ өктем үнмен.
Екі жауынгер жайлап мылтықтарына сүйеніп орындарынан тұрды.
Өзгелері де қыбырлап ауыр қозғалғандай болды. Сұлап жатқан бір
жауынгер шынтақтап басын көтерді:
– Мені терезеге жеткізіңдерші. Тым болмаса бір тесікті бағып жатайын.
Соғыс қыза түсті. Сол қанаттан келген колонна арт жақты орай
шабуылға шықты. Ортасынан қақ жарылып екі жаққа ыдырай жүгіріп
тарады да, қарға малтығып аяңдап ілгерілеп келеді. Екі жақ та əзірге оқ
шығарған жоқ. Мұрат жүгіріп шепті аралап, пулемет ұяларын тексеріп жүр.
Бір шетке хутордан жинап алған жаралыларын орналастырды. Немістердің
тың күші жақындасымен кідірмей атакаға көшті.
Екпіндеп малтыға жүгіріп келеді. Кезенген мылтық автоматтарынан
түтін бұрқылдап қоя берді.
Арт жақтан тағы да күш келіп батальонның қоршауға алынғанын сезіп
көңілі марқайған немістер алдыңғы жақтан, оң қанаттан шабуылын үдете
түсті. Кейде біртіндеп жүгіріп ілгерілесе, кейде лап қойып ұмтылады.
Майданның енді алды-арты жоқ, төңірек түгел атыс. Манадан бері
тыныштау жатқан қарсы беттегі бірінші рота, енді немістердің үсті-үстіне
өрекпіген тегеурінді атакасына əрең төтеп берерлік халде. Бір рет шебі
жыртылып кетін əрең жалғанды. Волошин бастаған екінші ротаның да халі
жеңілдемеді. Немістер оның оң қанатын тықсырып едəуір-шегеріп тастады.
Үздіксіз ұрыстан қалжыраған, жүздері түтігіп, көздері қызарып кеткен
жауынгерлер ең соңғы күшін жиып ышқынып атысып жатыр. Жаралылар
саптан шығуды қойды. Енді бас паналар, жарасын күтер тыл жоқ. Кейбір
жаралылар соңғы дəрменіне дейін атысып, қолынан винтовкасын
түсірместен, қаны таусылып талмаусырап мəңгі көз жұмады.
Қарсы алдындағы бірінші ротаның шебі тағы да үзілді. Он бес шақты
неміс солдаты ішке кіріп кетті. Мылтық атып хуторға қарай жүгіріп келеді.
Мұрат артиллеристер мен санитарларды жиып хуторда ішкі бекініс
жасады, оларды əрең жойды. Көп шығынға ұшырап, əбден əлсіреген
бірінші рота хуторға қарай шегінді. Волошин ротасы да бері қарай
майысып келеді. Мұраттың түрі жан шошығандай еді. Қара сақал қаулап
өскен жүзі қап-қара болып түтігіп, жағы суалып кеткен.
Үлкейген қара көзінің жарқылы кісінің өңменінен өткендей. Лac
шинельдің шалғайын екі-үш жерден оқ тесіп өткен. Ол енді оқтан жасқану
дегенді əбден қойып алған.
Саңқылдап айқайлаған даусы əр взводтан бір естіледі.
Əр қимылын өлшеп-пішіп жатуға Мұраттың мұршасы болмады. Онда
əлдеқандай бір секемшіл сезгіштік пайда болды. Бүкіл батальон өз денесі
сияқты, қай жеріне батып бара жатқанын айтқызбай-ақ сезе қояды.
Жапырып бара жатқан немістерге қарсы шарасы таусылып, əбден
қалжыраған солдаттар комбаттың таныс даусын естіп үлкен көмек
келгендей тыңайып қалады.
– Золдас капитан! Сіз зараланып қалдыңыз!
Маштай жүгіріп келе жатқан Мұраттың жеңінен тартты да, ол
қайрылмағасын аяғын тосып етпетінен құлатты.
Мұрат Маштайды көзімен ата жалт қарады. Бірақ ординарец одан
қаймықпай тез қалтасынан бинтін суырып алды. Мұраттың жеңінен қап
ағып тұр екен.
Маштай қолын таңып жатқанда Мұрат жау жақты шолып өтті.
– Немістерге тағы көмек келеді! Бірақ неге соншалық аз!— деп ол
таңырқап қалды.
Он бес шамалы солдат немістердің ту сыртына жақындап, атыса жүгіріп
келеді. Дұшпан ұйлығып, сасып қалды. Осы кезде Мұратқа «бұл Кусков
болар», — деген ой сап етті. Ол Маштай орап болмаған бинттің шетін
сүйреп орнынан атып тұрды.
– Встать! В атаку! Вперед!
– Взводтың жартысынан айрылдың, қолымнан келгеннің бəрін істедім!
— деді Кусков.
– Рақмет! — деді Мұрат оның қолын қысып. — Бір қоршаудан шығып,
екінші қоршауға түстік. Хал мынау.
– Халді өзім де сезіп келе жатыр едім. — Кусков ащы мырс етті.—
Көппен бірге көңілдірек болар. Қай жерге бекінуге бұйырасыз.
Күн кештетіп қалды. Қансырап, селдіреген батальонның қарсылығы əлі
тоқталған жоқ. Кейде талмаусырап сөніп бара жатады да, кейде ышқынып
қайта лап етеді. Мұрат Дошевскийдің арбасындағы соңғы патрон
жəшіктерін өз қолынан жөнелтті. Арбакештерімен қоса Дошевскийдің өзін
де алғы шепке қуды. Бірақ енді алғы шеп қайсы, тыл қайсы ажырату қиын
еді. Бекініс шеңбері əбден тарылып, батальон төбенің басында шоқшиып
қалды. Бip тірегі төрт-бес үйлі хутор ғана.
Біраз уақыт жаудың серпіні басылғандай болып еді.
Арт жақтан немістер қоршауды тастап кетіп жатыр деген хабар келді.
Мұрат алғашқыда немістердің бұл əрекетін түсіне алмады. Бір кезде сол
жақты орай маңдай алдына қарап ойысқан əскерлерді көрді.
– Немістер қазір тағы да атакаға шығады, — деді Мұраттың қасында
жатқан Кусков. — Темекі тартып алуға да мұрша берер емес.
– Олар топталып жатыр. Қоршауды босатып, бізді кейін қарай қумақ. —
Мұрат сəл ойланып қалды. Ол енді Кусковқа шынтақтай бұрылып иығына
қолын салды.— Бірақ арт жаққа да сақ болу керек. Шалған маневр
болмасын. Сен қазір арт жаққа бар да ротаны бері жөнелт!
Өзің азғана жауынгермен сонда бола тұр.
– Құп,— деп Кусков кетуге ыңғайланды.
Мұрат Василийдің өзгеріп кеткенін енді байқағандай.
Топ-толық кішкене бетінің еті қашып, жақ сүйегі сорайып қалыпты. Сəл
түріктеу қалың ерні жұқарып тісіне жабысқан. Бұрынғы жас əлпетін
сұстандырып езуінен төмен қарай сызық түскен. Ақшыл сары нұрлы өңінің
бояуы қашып қуқыл тартқан. Оның осы бет əлпеті, сорайған тұлғасы —
балғын жапырағынан айрылып қатты бұтақтары тікірейген еменді
Мұраттың есіне түсірді.
– Оқ-дəрі аз қалды. Кісі де азайды. Мына қалың күшті жарып өте
алмаспыз,— деді Мұрат ақырын ғана.
– Бірақ беріспеспіз,— деді Василий де жайымен.
Екеуі бір сəт үнсіз қарасты да, айрылысты.
Немістер бой тасаламай оқ жетпес жермен орағытып келеді. Жаңадан
əскер келмесе де, батальонды қоршап тұрған күшті бір бағытқа топтағанда
тым салмақты екен.
Мынау қалың тобыр лап бергенде азайып, əлсіреп қалған селдір топты
жаншып кететін түрі бар. Мыналардың əзіргі қарасының өзі құлайтын ауыр
салмақты сездіргендей тынысты тарылтып барады.
Неміс колоннасы жиі жайылып, баяу келеді. Бұрыннан жақынырақ келіп
жатқан немістер де қыбырлап қозғала бастады. Жуықтап қалған кейінгі
күшті тосып дайындалып жатса керек. Қаптап келе жатқан қалың жауға
жауынгерлер үнсіз көз тігіп, винтовкаларын қыса түседі. Ең соңғы жан-
дəрменді салатын жер келген сияқты. Одан əрі не боларын құдайдың өзі
білесін.
Мұрат жағдайдың нағыз қиынға айналғанын сезді. Мына күшке төтеп
беру қиын. Бірақ шегінуге де болмайды. Онда түгел қырылады. «Не де
болса шыдап бағайық. Тістесіп өлерміз!» Ол енді ең соңғы күшін салды.
Зеңбіректерін алғы шепке шығарып, неміс шебін тура көздеп атты. Қиын
ұрыстың ішіндегі ең қиыны басталды.
Азғана снаряд немістерді біраз үркітіп, екпінін бəсеңдеткенмен,
қаталағанда ауызға тамызған тамшы судай ғана болды. Немістер құлап,
ұйлығып аз бөгелді де, алға ұмтылды. Үні өшпеген екі пулемет қана жан
сақтап тұр. Кейбір жауынгерлер оғы таусылып, ызаланып, діңкесі құрып,
мылтығымен жерді ұрады. Серейіп жатқан жансыз денелер көп пе, мылтық
атып, тіршілік белгісін бергендер көп пе, айыру қиын. Айқайлай-айқайлай
Мұраттың даусы бітіп қалды. Ол енді өлген пулеметшінің орнын басты.
Кенет Мұрат пулеметтен басын көтеріп алды.
– Немістер неге қашты, — деді ол аң-таң болып. Қасында жатқан
Маштай да басын көтеріп алған.
Немістер тобы қақ жарылып екі жаққа серпілгенде жүгіріп келе жатқан
біздің жауынгерлер көрінді.
– Бармысыңдар! Тірімісіңдер! Бауырым!
Стрелков жүгіріп келген бойы пулеметтің қасында тұрған Мұратты
құшақтай алды.
– Сендер екендеріңді біліп едім!
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
1
Қаһарлы кезең таянып келе жатты.
Совет жеріне тереңдеп, ойсырата кірген неміс-фашистер Балтық
теңізінен Азов теңізіне дейін созылған ұзақ майданнан сығымдап алып,
артқа сақтаған резервімен қоса негізгі күшін Москва түбіне төкті.
Ұзыннан-ұзаққа созылған ирек майдан шебінің Москва тұсындағы орта
деңгейі суырылып алға шығып барады. Бұрыннан да сабырлы ақылға
кеміс, оның үстіне кəрі Европаға оңай тізе бүктіргесін тасып кеткен есірік
ефрейтор, жетінші ноябрьде Москвада парад қабылдамақ уəдесі зая
болғанына ызаланып, əскерін асықтырды. Өзгеге көңілдері соқыр боса да
соғыс тəсіліне жүйрік, қан исі мұрындарына сіңіп қалған генералдардың
əкелген жоспарларын қарап, қалшылдаған қолымен операция мерзіміне
крес тартып, шаңқылдақ ащы даусымен «жалқау өгіздер!» деп балағаттап,
ілгері қарай нұқыды. Дегені болып жаман үйренген есер төзімсіз де,
сəтсіздікке, бөгетке шыдамсыз, ызақор да болады. Европаны майдай тіліп
өткен темір күшінің енді тасқа тиіп мұқалып бара жатқанына күйіп-піседі.
Жеңіл жеңіске үйреніп, қатты қарсылықтан қажи бастаған, бір жағынан
орыс қысы қысқан неміс-фашист солдаттары да нысананың жақындығын
сезіп, аяз қарыған мұрындарына жылының исі келіп кимелей түседі.
Фашизмнің табанына түскен халықтар қара түн серпілер ме деп
шығысқа қарайды. Бірақ қалың түнек əлі шығысқа қарай жылжып барады,
үміт отындай жарқыраған жарық жұлдызға төніп келеді. Реңі суып, қар
жамылған Пиреней, Альпы, Карпат тауларында, Европа ормандарында,
есік, терезесі тас қымталған оңаша үйлерде қолына қару алып, фашизмге
қарсы шыққан жандар радио қабылдағыштың сырылдаған даусына құлақ
тосады. Көңілдері елегізіп Москва хабарын тыңдайды. Жау басып алған
жерден өре көтерілген совет партизандары да приемниктің құлағын бұрап,
əуені қармап Москва даусын іздейді. Ертеңгі сменаға асыққан
жұмысшылар завод қорасының қар басқан кең алаңынан өтіп бара жатып,
репродукторға құлақ тігеді. Суық хабар көңілді жылытпайды, қабақ
түнеріп, жұмырық түйіле түседі. Жүрекке қанжар таянды.
Одақтас, ниеттес елдің министрі Москваға келудің өзін көз жұмған
тəуекел, жүрек жұтқан ерлікке балады. Сонда да «əлдеқалай болып кетер»,
— деген күдікпен самолеттің қасында хабар тосты. Бірақ жаманат хабар
келмеді.
Москва берілмеді. Қала сыртында танкке қарсы орлар қазылып, сояу
темірлер қағылып, рельс рогаткалар қойылды, тікенекті сымдар тартылды.
«Жаман айтпай жақсы жоқ» — қаланың көшелерінде де бекініс жасалды.
Бейбіт қала темір құрсанған соғыс қамалына айналды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 21
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.